Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Өнеркәсіп қондырғыларының электржетегі және автоматтандырылуы кафедрасы

ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРЫ
1.-бөлім
5В071800 – «Электр энергетикасы»
мамандығының студенттеріне
зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Алматы 2014

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Сагитов П.И., К.О.Гали, Шидерова Р.М. Электр машиналары. 1-бөлім. 5В071800 – «Электр энергетикасы» мамандығының студенттеріне зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБУ, 2013. – 35 бет.

Әдістемелік нұсқауда стендтерге қатысты техникалық мәліметтер, жұмысты орындау бағдарламасы, дайындалу әдісі, тәжірибе жүргізу және алынған нәтижелерді талдау және бақылау сұрақтары берілген.

Әдістемелік нұсқау 5В071800 – «Электр энергетикасы» мамандығының студенттеріне арналған.

Сурет - 7, кесте - 17, әдеб.көрсеткіші – 7.

Пікір беруші: Башкиров М.В.

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

Ó  «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж.

Мазмұны

1

Зертханалық жұмыс №1. Бір фазалы екі орамалы трансформаторды зерттеу

4

2

Зертханалық жұмыс №2. Тәуелсіз және параллель қоздырылатын ток генераторын зерттеу

6

3

Зертханалық жұмыс №3. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқышын зерттеу

12

4

Зертханалық жұмыс №4. Қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты зерттеу

21

5

Зертханалық жұмыс №5. Асинхронды машинаны асинхронды генератор режимінде зерттеу

27

А қосымшасы. Электр машиналарының паспорттық және есептік мәні

31

Б қосымшасы. ПЛ-072 У3 тұрақты ток машинасының  және  тәуелділігінің графиктері

32

В қосымшасы. Трансформатордың паспорттық және есептік мәліметтері

33

Әдебиеттер тізімі

34

Зертханалық жұмыс №1. Бір фазалы екі орамалы трансформаторды зерттеу

          Жұмыстың мақсаты: бір фазалы екі орамалы трансформаторды тәжірибе бойынша зерттеу.

          Жұмыстың бағдарламасы

                   Активті жүктеме кезіндегі трансформатордың шықпалық сипаттамасын түсіру және оны есептелген мәнімен салыстыру.

          Жұмысқа түсінік беру

         Зертханалық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:

-  стендті қоректендіруші модуль (МПС);

-  қоректендіруші модуль (МП);

-  бір фазалы трансформатордың модулі (ОдТр);

-  өлшеу модулі (МИ).

Жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіру

керек. Ол үшін стендті қоректендіретін QF1 автоматтық ажыратқыш ажыратулы тұрған кезде:

бір фазалы трансформатор модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «»

қою керек.

          Жұмыста екі орамалы бір фазалы трансформатор пайдаланылады, оның каталогтік мәліметтері қосымшада (В) келтірілген.

1.     Трансформатордың шықпалық сипаттамасы.

Шықпалық сипаттама трансформатордың екінші реттік кернеуінің жүктеме тогына тәуелділігін       көрсетеді, бұл кезде  ;  .

          Шықпалық сипаттаманы түсіруге  арналған схема 1.1 суретте көрсетілген.

     

         

1.1 сурет - Трансформатордың шықпалық сипаттамасын түсіруге арналған

                                                          схема

          Бір фазалы трансформатор МП модулінің реттелмейтін айнымалы ток көзіне «~220» қосылады. Жүктеме туғызу үшін трансформатордың екінші реттік тізбегіне реттелетін кедергі RP2 қосылады. Бірінші және екінші реттік орамалардың параметрлерін бақылау МН модулінің PV және  PA аспаптарының көмегімен іске асырылады.

         Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

         - МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматты ажыратқыштарын қосу керек, бұл кезде трансформатор бос жүріс режимінде жұмыс істейді, алынған нәтижені 1 кестеге жазу керек;

         - ОдТр модулінің SA2 ауыстырып қосқышымен екінші реттік ораманың тогын, бірінші реттік орама тогы   тең  болғанға  дейін  өзгерту  керек

                                               .

мұнда  - толық қуат ( В қосымшасы ), кВА;

             - екінші реттік номинал кернеу (Б қосымшасы), В.           

         SA2 ауыстырып қосқышты «0» қоймау керек                                   

         Тәжірибеден алынған мәліметтерді 1.1 кестеге жазыңыз.              

                                     

         1.1 кесте

     Тәжірибе мәліметтері

                     Есептелетін шамалар

В

А

А

          Тәжірибені орындап болған соң   SA2   «» қойып,  QF1 және QF2 автоматтарды ажырату керек.

          Тәжірибеден алынған мәліметтер бойынша трансформатордың шықпалық сипаттамасын тұрғызып, оның жүктемелік және трансформациялық коэффициенттерін есептеу керек.

          Трансформациялық коэффициент:

                                                 ,

мұнда ,- бос жүріс кезіндегі екінші және бірінші реттік орамалардың кернеулері.

          Екінші реттік орама тогы, А

                                                 .

          Жүктеме коэффициенті,

                                                .

          Бақылау сұрақтары

1.     Трансформатордың бос жүріс тогы неге өте аз болады және номинал

токтың бірнеше пайызын ғана құрайды?

2. Трансформатордың ПӘК негізінен есептеу арқылы анықтайтынын

қалай түсіндіруге болады?

3.Трансформаторда қандай шығындар болады?

4. Трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті қандай кезде максимал болады?

5. Қысқаша тұйықтау кернеуі деген не?

6. Трансформатордың бос жүріс сипаттамасы деген не?

7. Трансформатордың қысқаша тұйықтау сипаттамасы деген не?

8. Трансформатордың шықпалық сипаттамасы деген не?          

Зертханалық жұмыс №2. Тәуелсіз және параллель қоздырылатын тұрақты ток генераторын зерттеу

Жұмыстың мақсаты: тұрақты ток генераторының жұмыстық қасиеттерін тәжірибе арқылы сипаттамаларын түсіру жолымен зерттеу.

Жұмыстың бағдарламасы

1. Тұрақты ток генераторын (ТТГ) тәжірибе арқылы зерттеу үшін схеманы, жұмыс барысында пайдаланылатын модульдер құрамын және атқаратын жұмысын оқып білу.

2. Зертханада әрбір тәжірибені өткізу үшін қажетті схеманы жинап және

қосып байқаңыз.

3. Параллель (тәуелсіз) қоздырылатын ТТГ қоздырушы тізбектегі

реттемелік кедергі болған кездегі шықпалық сипаттамасын түсіріңіз .

4. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ бос жүріс сипаттамасын  түсіріңіз, бұл кезде  және .

5. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ қысқаша тұйықтау сипаттамасын түсіріңіз, бұл кезде  және .

6. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ шықпалық сипаттамасын тұрғызыңыз, бұл кезде .

7. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ реттемелік сипаттамасын тұрғызыңыз  бұл кезде .

8. Эксперимент нәтижесін өңдеңіз және жұмыс бойынша есеп беруге дайындалыңыз.

Жұмысқа түсінік беру

Зертханалық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:

- стендті қоректендіруші модуль (МПС);

- қоректендіруші модуль (МП);

- қосымша кедергілер модулі №1 (МДС1);

- қосымша кедергілер модулі №2 (МДС2);

- күштік модуль (СМ);

- өлшеу модулі (МИ).

Электр машиналық агрегат құрамына тұрақты ток  генераторы  (М2),

айнымалы токтың асинхронды машинасы (М1) және айналу жиілігінің импульстік датчигі (М3) кіреді.

1. Параллель қоздырылатын ТТГ шықпалық сипаттамасы.

Параллель қоздырылатын тұрақты ток генераторының шықпалық сипаттамасы тәуелділігін көрсетеді, бұл кезде  және  болады және оны кернеуді азайту арқылы түсіреді. Шықпалық сипаттаманы түсіру үшін қажетті схема 2.1 суретте көрсетілген.

                                                     

2.1 сурет - Параллель қоздырылатын ТТГ шықпалық сипаттамасын түсіру    

                                           үшін арналған схема

Жетектік қозғалтқыш ретінде үш фазалы кернеуден  қоректенетін, қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды электр қозғалтқышы М1 қолданылады.

Тұрақты тоқ генераторының якорь тізбегі МДС1 реттелетін кедергілеріне қосылады. Қоздырушы орама LM якорь тізбегіне параллель жалғанады.

Жетектік қозғалтқыштың статор тогын , жүктеме тогын  және генератордың кернеуін  бақылау үшін өлшеу модулінің  ~ А, =A, =Vтілдік аспаптары пайдаланылады.

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

- МДС1 модулінің SA1 ауыстырып  қосқышын «» қойыңыз;

- қоректендіруші   модульдің  QF1 және  QF2   автоматтарын  қосыңыз.

Генератор жүктеме ажыратулы тұрған кезде айналысқа келтіріледі. Генератордың қысқаштарындағы кернеуді бақылайды. Егер   кернеу болмаса, онда ол қоздырғыш орама тогын тудырған магнит ағынының, қалдық магнит ағынына қарсы бағытта болатынын білдіреді, сондықтан QF1 және QF2 автоматтары ажыратулы тұрған кезде тұрақты ток машинасының қоздырғыш орамасының полярлығын ауыстыру керек. Жүктеме тогы  болған кездегі генератордың кернеуін 1 кестеге жазады.

Бос жүріс мәнін  түсіргеннен  кейін МДС1 модулінің   SA1     ауыстырып қосқышымен кедергіні азайтып, жүктеме тогын өсіру керек. Жүктеме тогын 1,5 А дейін өзгертіп, тәжірибе мәндерін 2.1 кестеге жазу керек.

Ескерту! SA1 «0» қоймаңыз.

2.1 кесте

Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңыз.

2. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ бос жүріс сипаттамасы.

Бұл сипаттама ,  болған кездегі  тәуелдігін көрсетеді.

Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ бос жүріс сипаттамасын түсіру үшін құрылатын схема 2.2 суретте көрсетілген.

                          

2.2 сурет - Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ бос жүріс сипаттамасын түсіру үшін арналған схема

Жетектік қозғалтқыш ретінде үш фазалы кернеуден  қоректенетін, қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды электр қозғалтқышы М1 қолданылады.

Тұрақты ток машинасының қоздырғыш орамасы МДС2 модулімен тізбектеп жалғанған RP1 және RP2  кедергілері арқылы МП модулінің «=220» шықпасына қосылады. Тұрақты ток қозғалтқышының якорь тізбегіне МДС1 модулінің кедергілері қосылады.

QF1 және QF2 автоматтары ажыратулы тұрған кезде барлық модульдерді бастапқы қалпына қойыңыз:

- МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

- МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «0» қою керек.

Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

- МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын   қосыңыз.            

Тұрақты ток генераторы айналдырылады  және    болған    кездегі қалдық индукциядан пайда болған кернеуді өлшеу керек. 

Алынған мәліметтерді 2.2 кестеге жазыңыздар.

2.2 кесте

         Тәжірибені орындап болғаннан соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын бастапқы қалпына қойыңыздар,  QF2 және QF1 автоматтарын ажыратыңыздар.

         Есептелетін шамалар.

         Генератордың қоздырушы тогы, А

                                              .

         Тәжірибенің мәліметтері бойынша бос жүріс сипаттамасының графигін сызыңыздар және номинал ЭҚК кезіндегі ТТГ магнит тізбегінің қанығу дәрежесін анықтаңыздар.

                                              ,

мұнда = номинал кернеу;

           = якорь тізбегінің кедергісі ( Б қосымшасы ).

         Қанығу коэффициенті  АС-ың АВ-ға қатынасымен анықталады ( 2.3 суретті қара ),

                                               ,

мұнда АС- барлық магнит тізбегінің МҚК,

           АВ- ауа саңылауының МҚК.

                             

                               2.3 сурет - ТТГ бос жүріс сипаттамасы

          болғанда магнит тізбегі нашар қанығады, ...,1.35 болған кезде бір қалыпты қанығады және  болған кезде өте көп қанығады.

         3. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ қысқаша тұйықтау сипаттамасы.

          Бұл сипаттама  және  болған кездегі  тәуелділігін көрсетеді және генератордың якорь тізбегінің шықпалық қысқаштарын тұйықтаған кезде түсіріледі.

         Модульдерді бастапқы қалпына қою керек:

-  МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

-  МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

-  МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «1100» қою керек.

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

-  МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосу керек

бұл кезде жетектік қозғалтқыш жүргізіледі;

 -  болған кездегі  мәнін түсіріңіздер ( қалдық магнит ағынының

болу салдарынан якорь тогы нөлге тең болмауы мүмкін), алынған мәліметті 3 кестеге жазыңыздар;

          -  МДС2 модулінің SA1 және SA2 ауыстырып қосқыштарын қоздырғыш токты  болғанға дейін өсіріңіздер.

         Мәліметтерді 2.3 кестеге жазыңдар.

2.3 кесте

0

 

         Тәжірибені орындап болғаннан соң, модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын бастапқы қалпына қойыңыздар, QF2,QF1 автоматтарды ажыратыңыздар.

4. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ шықпалық сипаттамасы.

         Бұл сипаттаманы  қоздырушы ток   болған кезде кернеудің азаю бағытында түсіреді.

          Параллель және тәуелсіз қоздырылатын ТТГ шықпалық сипаттамаларын салыстыру үшін, олар бір нүктеден шығуы керек, яғни  болған кезде кернеулер бірдей болу керек.

          Модульдерді бастапқы қалпына қойыңдар:

- МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

- МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

- МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «1100» қою керек.

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

         - МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтық қосқыштарын қосыңыздар;

         - МДС2 модулінің  SA1 және SA2 ауыстырып қосқыштарымен, бұл кезде  параллель қоздырылатын генератордың  болған кездегі кернеуіне тең болатындай қоздырғыш ток орнату керек (2.1 кестені қара) және осы қоздырушы токтың мәнін өзгеріссіз ұстау керек;

- МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын өзгертіп жүктеме тогын

немесе генератордың тогын   дейін өсіру керек.

Ескерту!  SA1 «0» қоймаңыздар.

Мәліметтерді 2.4 кестеге жазыңдар.

2.4 кесте

          Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлық ауыстырып қосқыштарын бастапқы қалпына қойыңдар, QF2, QF1 автоматтарын ажыратыңдар.

          5. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ реттемелік сипаттамасы.

          Бұл сипаттама  және  болған кездегі  тәуелділігін көрсетеді.

         Модульдерді алғашқы қалпына келтіріңіздер; 

         - МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қойыңыздар;

- МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қойыңыздар;

- МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «1100» қойыңыздар. Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

- МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматты қосқыштарын

қосыңдар;

-         МДС2 модулінің  SA1 және SA2 ауыстырып     қосқыштарымен,     

қойыңдар, ол шықпалық сипаттаманы түсірген кезде  номинал ток кездегі кернеу (4 кестеге қара). Бұл мәндерді 5 кестеге жазыңыздар.

-         МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышының мәнін өзгертіп «»

азайтады, якорь тогы өседі, бұл кезде генератордың кернеуі тұрақты болу керек. Ол қоздырушы токты өсіру арқылы іске асырылады.          

         Ескерту! №2 қосымша кедергілер модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «0» қоймаңыздар.

         Тәжірибе мәліметтерін 2.5 кестеге жазыңыздар.

2.5 кесте

         Тәжірибені орындап болған соң, барлық модульдердің ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңыздар, QF2 және QF1 автоматтарды ажыратыңыздар.

          Бақылау сұрақтары.

1.     Параллель қоздырылатын ТТГ қандай шарт орындалғанда өздігінен

қоздырылады?

2.     Параллель қоздырылатын генератордың шықпалық сипаттамасы неге

өте жұмсақ, яғни генератордың шықпалық кернеуі жүктеме кезінде тәуелсіз қоздырылатын генератордың кернеуімен салыстырғанда айтарлықтай азаяды.

3.     Тәуелсіз қоздырылатын генератордың номинал тогына сәйкес келетін

кернеуі кезіндегі, ТТГ магнит тізбегінің қанығу коэффициентін анықтаңыздар.

Зертханалық  жұмыс №3. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқышын зерттеу  

                                                                      

         Жұмыстың мақсаты: тәуелсіз қоздырылатын қозғалтқышты жүргізу әдісімен танысу, қозғалтқыштың механикалық, жұмыстық және реттемелік қасиеттерін зерттеу.

         Жұмыстың бағдарламасы

         1.Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқышын (ТҚТТҚ)

эксперименттік зерттеу үшін керекті схеманы және жұмыста қолданылатын модульдердің жұмысын оқып үйрену.

2. ТҚТТҚ эксперименттік зерттеу үшін схема жинаңыздар.

3. Табиғи механикалық сипаттамасын түсіріңдер.

         4. Якорь тізбегіне кедергі қосқан, кездегі жасанды механикалық сипаттаманы түсіріңіздер.

5.  Магнит өрісі нашарлаған кездегі жасанды механикалық сипаттаманы

түсіріңіздер.

6. Якорь тізбегінің кернеуі азайған кездегі жасанды механикалық сипаттаманытүсіріңіздер.

7. ТҚТТҚ жұмыстық сипаттамаларын түсіріңдер.

8. Қозғалтқышқа берілетін кернеуді өзгерткен кездегі қозғалтқыштың реттемелік сипаттамасын түсіріңіздер.

9. Магнит өрісін азайтып, қозғалтқыштың реттемелік  сипаттамасын

түсіріңіздер.

10. Эксперимент нәтижесін өңдеңдер, есеп беруге дайындаңдар және

жұмыс бойынша қорытынды жасаңыздар.

          Жұмысқа түсінік беру

         Зертханалық  жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:

-         стендті қоректендіру модулі (МПС);

-         қоректендіру модулі (МП);

-         тиристорлық түрлендіргіш модулі (ТП);

-         күштік модулі (СМ);

-         қосымша кедергілер модулі №1 (МДС1);

-         қосымша кедергілер модулі №2 (МДС2);

-         өлшеу модулі (МИ).

          Зертханалық  жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіріңіздер.

         -ТП модулінің «Сеть» деген кнопкасын төмен түсіріп қойыңыздар, SA6

ауыстырып қосқышты да төменгі қалпына ауыстырыңыздар. ТП жылдамдықты реттейтін режімге ауыстырылуы керек;

- МДС 1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

- МДС 1 модулінің SA1, SA2 ауыстырып қосқыштарын «0» қою керек;

         Зерттелетін тұрақты ток машинасы электр машиналық агрегат құрамына кіреді, оған зерттелетін тұрақты ток машинасы М2, жүктемелік машина айнымалы ток машинасы М1 және жылдамдықтың импульстік датчигі М3 жатады.

         Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышын зерттеу үшін арналған схема 3.1 суретте көрсетілген.

          ТТҚ якорь тізбегі МДС2 модулінің қосымша кедергісі RP1 және ток датчигі мен кернеу көзі арқылы тиристорлық түрлендіргіштің шықпасына қосылады. Қоздырғыш орама МДС2 модулінің RP2 қосымша кедергісі арқылы ТП модулінің реттелмейтін тұрақты ток көзіне  қосылады.

          Асинхронды қозғалтқыш қосымша кедергі (МДС1) арқылы бірден желіге (МП) қосылады.

          Тұрақты ток қозғалтқышының параметрлерін бақылау ТП модулі арқылы іске асырылады.

          Статор тогы  MИ модулінің амперметрімен өлшенеді.

          1. Қозғалтқыштың айналу бағытын анықтау.

          Тәжірибені орындамас бұрын қозғалтқыштың айналу бағытын анықтап алу керек:

-         МПС және МП модульдерінің QF1және QF2 автоматтарын қосыңдар;

                    

3.1 сурет - Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышын зерттеуге арналған схема

-         ТП жұмыс істеуіне рұқсат беріңдер және айналу бағытын таңдап RP1

потенциометрінің көмегімен 200 В кернеу беріңдер, қозғалтқыштың айналу бағытын естеріңізге сақтаңыздар;

-         ТП модулінің RP1 сағат   тіліне   қарсы   бағытта   ең   соңғы   орнына

қойыңыздар, ТП (SA6) жұмысына рұқсат етуді тоқтатыңыздар. Асинхронды қозғалтқыштың статор тізбегіндегі кедергілерді шығарыңыздар, қозғалтқышты жүргізіңіздер, айналу бағытын естеріңе сақтаңыздар. Ол ТТҚ айналу бағытына қарама- қарсы болу керек. Егер бұл жағдай орындалмаса, МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қалпына қойыңыздар, күштік модульдің «А» және «В» фазаларын ауыстырыңыздар және айналу бағытын тексеріңіздер.

         2. ТҚТТҚ табиғи механикалық сипаттамасы.

         Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының табиғи механикалық сипаттамасы қозғалтқыштың қысқаштарындағы кернеу тұрақты болған кездегі және якорь тізбегінде қосымша кедергі болмаған жағдайдағы жылдамдықтың жүктеме моментіне тәуелділігін көрсетеді:

, және  болған кездегі .

          Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

         - МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңыздар;

- ТП (SA6) жұмысына  рұқсат  беріп  және айналу  бағытын  беріп,  RP1

потенциометрдің көмегімен 200 В кернеу беру керек.

         - МДС 1 модулінің   SA1  ауыстырып  қосқышымен  кедергіні    қосады,

осылайша, ТТҚ якорь тогы 1,5 А немесе статор тогы  болғанға дейін жүктеме береді.

     Тәжірибеден алынған мәліметтерді 3.1 кестеге жазу керек.

         3.1 кесте

         Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы орындарына қойыңыздар.

          Есептейтін мәліметтер.

          Қозғалтқыштың білігіндегі момент,

                                              ,

                                              ,

мұнда -  ТТҚ номинал кернеуі (А қосымшасы);

          - ТТҚ синхронды айналу жиілігі (А қосымшасы).

          3.1- кестедегі мәліметтер бойынша , сипаттамаларын тұрғызыңыздар.

          3. Якорь тізбегіне кедергі қосқан кездегі ТҚТТҚ жасанды механикалық сипаттамасы.

          Тәуелсіз қоздырылатын қозғалтқыштың жасанды механикалық сипаттамасы қозғалтқыштың қысқыштарындағы кернеу тұрақты және якорь тізбегіне қосымша кедергі қосылған кездегі жылдамдықтың жүктеме моментіне тәуелділігін көрсетеді: , бұл кезде , .

          Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

-                     МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосу керек;

-         МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын нөлден басқа бір мәнге

қойып, бірінші мәнді өлшеңдер.

-         ТП (SA6) жұмысына рұқсат беріп және айналу бағытын беріп, RP1

потенциометрдің көмегімен 200 В кернеу беріңіздер;

-         МДС 1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен кедергілерді қосады,

осылайша, ТТҚ якорь тогы 1,5 А немесе статор тогы  болғанға дейін жүктеме беріңіздер.

         Тәжірибеден алынған мәліметтерді 3.2 кестеге жазу керек.

3.2 кесте

         Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлық ауыстырып қосқыштарын алғашқы орындарына қойыңдар.

          3.2 - кестедегі мәліметтер бойынша ,  сипаттамаларын тұрғызыңдар.

          4. Магнит ағыны нашарлаған кездегі ТҚТТҚ жасанды механикалық сипаттамасы.

          Тәуелсіз қоздырылатын қозғалтқыштың жасанды механикалық сипаттамасы қозғалтқыштың қысқаштарындағы кернеу тұрақты және якорь тізбегіне қосымша кедергі қосылған кездегі жылдамдықтың жүктеме моментіне тәуелділігін көрсетеді: бұл кезде , .

          Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

-         МПС және МП модулдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

-         ТП (SA6) жұмысына рұқсат беріп және, айналу бағытын беріп, RP1

потенциометрмен  200 В кернеу беріңіздер;

-         МДС2 модулнің SA2 ауыстырып қосқышын нөлден басқа бір мәнге

қойып, бірінші өлшеуді жүргізіңіздер;

-         МДС 1 модулнің SA1 ауыстырып қосқышымен кедергілерді қосады,

осылайша, ТТҚ якорь тогы 1,5 А немесе статор тогы  болғанға дейін жүктеме береді.

         Тәжірибеден алынған мәліметтерді 3.3 кестеге жазыңыздар.

3.3 кесте 

          Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлық ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңдар.

          3.3- кестедегі мәліметтер бойынша , сипаттамаларын тұрғызыңдар.

           5. Якорь тізбегіндегі кернеуді азайтқан кездегі жасанды сипаттама.

          Тәуелсіз қоздырылатын қозғалтқыштың жасанды механикалық сипаттамасы якорь тізбегінің кернеуі азайтылған және машинаның қоздыру өрісі номинал болған кезде түсіріледі: , бұл кезде , .

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

-         МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын

қосыңыздар;

-         ТП (SA6) жұмысына рұқсат беріп және айналу бағытын беріп, RP1

потенциометрмен оқытушының көрсетуі бойынша кернеу беріңіздер;

-         МДС 1  модулнің   SA1  ауыстырып    қосқышымен     кедергілерді

қосыңыздар  және якорь тізбегіндегі ток 1,5 А немесе статор тогы  болғанға дейін ТТҚ жүктеме беріңіздер.

         Тәжірибе мәліметтерін 3.4 кестеге жазыңыздар.

3.4 кесте

           Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңдар.

          3.4 - кестедегі мәліметтер бойынша , сипаттамаларын тұрғызыңдар.

          6. ТҚТТҚ жұмыстық сипаттамалары.

          Қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары қозғалтқыштың қысқаштарындағы кернеудің мәні тұрақты және  немесе  тұрақты болған кездегі айналу жиілігінің, электрмагниттік моментінің, якорь тогының және ПӘК қозғалтқыштың білігіндегі пайдалы қуатқа тәуелділігін көрсетеді;  ,

 бұл кезде , .

          Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

-         QF1, QF2 автоматтарды қосу керек;

-         ТП (SA6) жұмысына рұқсат беру керек және айналу бағытын беріп

RP1 потенциометр арқылы   кернеу беру керек;

         -        МДС 1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен кедергі қосу керек, осы жолмен  якорь тогы 1,5  немесе статор тогы  болғанға дейін ТТҚ жүктеме беру керек.

- Жүктемені өсірген кезде ТП модулінің RP1 потенциометрі арқылы

түрлендіргіштің шықпалық кернеуін берілген деңгейде ұстау керек.

         Тәжірибе мәліметтерін 3.5 кестеге жазу керек.

3.5 кесте

Тәжірибе мәліметтері

                                      Есептелетін шамалар

%

 

   

          Тәжірибені орындап болған соң, модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңыздар.                         

          Есептейтін шамалар.

          Қозғалтқыштың якоріне берілетін қуат,

                                                .

          Қоздырушы тізбектегі электрлік шығындар,

                                                 ,

   мұнда - қоздырушы ораманың кедергісі (А қосымшасы);

   - ТТҚ қоздырушы тогы, А.

                                                 .

          ТТҚ берілетін қуат,

                                                 

          Электрмагниттік момент,

                                                 ,

мұнда - бұрыштық айналу жиілігіне байланысты алынады (А қосымшасы).

          Қоздырғыштың бос жүріс моменті, механикалық шығын мен болаттағы шығынға пропорционал болады, ,

                                                 ,

 мұнда - бұрыштық айналу жиілігіне байланысты алынады (Б  қосымшасы).

          ТТҚ білігіндегі пайдалы момент,

                                                 .

          Қоздырғыштың білігіндегі пайдалы қуат,  

                                                 .

          ПӘК, %

                                                  .

          3.5 - кестедегі мәліметтер бойынша жұмыстық сипаттамалардың графиктерін тұрғызыңыздар.

          6. Қозғалтқыштың қысқыштарына берілетін кернеуді өзгерткен кездегі реттемелік сипаттамалары.

         Тұрақты  ток қозғалтқышының айналу жиілігі келесі өрнек бойынша анықталады.

                                                   .

      

           Қозғалтқыштың қысқыштарына берілетін кернеуді өзгерткен кездегі  реттемелік сипаттамаларды түсіру келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:

-         МПС және МП модулдерінің QF1 және QF2 автоматтарын

қосыңыздар; 

-         ТП (SA6) жұмысына рұқсат беріңдер және айналу жиілігін беріп, RP1

потенциометрмен  кернеу беріңіздер;

-         МДС 1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын өзгертіп ТТҚ якорь

тогы   жеткенге дейін өзгертіп ТТҚ жүктеме береді және ауыстырып қосқышты осы қалпында өзгеріссіз қалдырады, бұл болуына сәйкес келеді;

-                     ТП модулінің RP1тұтқасын, якорь қысқаштарындағы кернеу шамамен 0.5  болғанға дейін өзгертіңіздер.

           Алынған мәліметтерді 3.6 кестеге жазыңыздар.

3.6 кесте

Тәжірибе мәліметтері

                                         Есептелетін шамалар

%

  

           Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы орнына қойыңдар.

                 

           Есептейтін шамалар, жұмыстық сипаттамаларды түсірген кездегідей есептеледі.

           3.6 - кестедегі мәліметтер бойынша  және  тәуелділіктерінің графиктерін сызыңыздар.

           7. Магнит өрісі нашарлаған кездегі қозғалтқыштың реттемелік сипаттамасы.

           Магнит өрісі азайтылған кездегі реттемелік сипаттаманы түсіру якорь тізбегінде қосымша кедергі болмағанда және қозғалтқыштың қысқаштарындағы кернеу тұрақты болған кезде іске асырылады:  және .

           Тұрақты ток қозғалтқыштарының айналу жиілігі келесі өрнекпен анықталады:

                                                     .

           Магнит өрісі әлсіреген кездегі реттемелік сипаттаманы түсіру келесідей тәртіппен жүргізіледі:

-         МПС   және   МП  модульдерінің   QF1  және   QF2    автоматтарын

қосыңыздар;

- ТП (SA6) жұмысына рұқсат   етіп  және  айналу  бағытын  беріп,     RP1

потенциометрмен  кернеу қойыңыздар;

-                МДС 1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын өзгертіп ТТҚ якорь тогы шамамен   жеткенге дейін өзгертіп ТТҚ жүктеме береді және ауыстырып қосқышты осы қалпында өзгеріссіз қалдырады, бұл болуына сәйкес келеді;

-         МДС2 модулінің SA2 ауыстырып   қосқышымен   қоздырғыш   орама

тізбегіне кедергі кіргізіңіздер, осылай магнит ағынын әлсіретеді, бұл кезде айналу жиілігі  аспауы керек;

-         Егер тәжірибе жүргізілген кезде қоздырушы ток рұқсат етілетін ең  

аз мәннен азайып кетсе, тиристорлық түрлендіргіш ажырайды да жарық диоды  «Защита» жанады. Бұл жағдайда ТП қорек көзінен ажыратып, қоздырушы токты өсіру керек.

         Алынған мәліметтерді 3.7 кестеге жазыңыздар.

3.7 кесте

Тәжірибе мәліметтері

                                        Есептелетін шамалар

%

            Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы орнына қойыңыздар, QF2, QF1 автоматтарын ажыратыңыздар.

            Есептейтін шамалар.

            Қоздырушы ток, А

                                       .

         Қозғалтқышқа берілетін қуат,

                                      

         Қалаған шамалар жұмыстық сипаттамаларды түсірген кездегідей есептеледі.

          3.7 - кестедегі мәліметтер бойынша  және  тәуелділіктерінің графиктерін тұрғызады.

                          

         Бақылау сұрақтары. 

         1.ТТҚ айналу бағытын қалай өзгертеді?

2.ТТҚ білігіндегі жүктеме өскен кезде неге оның якорь тогы өседі?

3.Қоздырғыш ток азайған кезде неге ТТҚ айналу жиілігі өседі?

4.Қоздырғыш ток азайған кезде және қозғалтқыштың білігіндегі момент кедергісі тұрақты болғанда якорь тоғы  қалай өзгеру керек?

         5.Егер якорь тізбегіне қосымша кедергі кіргізсе, қозғалтқыштың механикалық сипаттамасының түрі қалай өзгереді?

            Зертханалық жұмыс №4. Қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты зерттеу

         Жұмыстың мақсаты: асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық қасиеттерін зерттеу.

         Жұмыстың бағдарламасы

     Қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты (келешекте

АҚ деп белгілейміз) зерттеу үшін қажетті схеманы оқып үйрену.

    1.Табиғи механикалық сипаттаманы түсіру.

    2.Бірден жүктеме беру әдісі бойынша қозғалтқыштың жұмыстық

сипаттамаларын түсіру.

3.Эксперимент мәліметтерін өңдеу, есеп беруге дайындау және жұмыс

бойынша қорытынды жасау.

         Жұмысқа түсінік беру

         Зертханалық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:

-         стендті қоректендіру модулі  (МПС);

-         қоректендіру модулі (МП);

-         күштік модуль (СМ);

-         жиілік түрлендіргіш модулі (ПЧ);

-         тиристорлық түрлендіргіш модулі (ТП);

-         өлшеу модулі (МИ).

   

         Зертханалық жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіріңіздер:

-         МДС 1 модулінің SA1  ауыстырып  қосқышын  «»   қойыңыздар;

-         ТП модулінің «Сеть» деген тұтқасын төменгі  қалыпқа қойыңыздар,  

SA6 ауыстырып қосқышында төменгі қалыпқа қойыңыздар. ТП момент бойынша реттеу режіміне ауысуы керек.

          Зерттелетін асинхронды қозғалтқыш, электрмашиналық агрегаттың құрамына кіреді, ол осы сабақта зерттелетін М1 қозғалтқыштан, жүктемелік генератордан тұрақты ток машинасы  және жылдамдықтың импульстік датчигі М3 тұрады.

          Асинхронды қозғалтқышты зерттеу үшін арналған схема 4.1 суретте көрсетілген.

          Асинхронды қозғалтқыш бірден ПЧ қосылады.

                   Тұрақты ток қозғалтқышының якорь тізбегі ТП модулінің реттелмейтін тұрақты ток көзіне  қосылады.

         Тұрақты ток қозғалтқышының қоздырушы орамасы ТП модулінің реттелмейтін тұрақты ток көзіне  қосылады.

                  

       4.1 сурет - Асинхронды қозғалтқышты зерттеу үшін арналған схема

          Статор кернеуінің жиілігін, қозғалтқыштың қуатын және асинхронды қозғалтқыштың моментін өлшеу үшін жиілік түрлендіргіші пайдаланылады.

          Статор тогын, якорь тогын және якорьдегі кернеуді өлшеу ТП модулімен іске асырылады.

           Агрегаттың айналу жиілігін СМ индикаторы арқылы бақылайды.

          1. АҚ табиғи механикалық сипаттамасы.

                   Асинхронды электр қозғалтқышының табиғи механикалық сипаттамасы кернеу мен жиіліктің номинал мәндері кезіндегі жылдамдықтың жүктеме моментіне тәуелділігін көрсетеді: , бұл кезде , .

          Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

-         МПС және МП модульдерінің QF1, QF2 автоматты ажыратқыштарын

қосыңыздар;

-         ПЧ жылдамдық реттейтін режімге қойыңыздар;

-         ПЧ  модулінің S A1  тумблерімен  қозғалтқыштың  айналу  жиілігін

таңдаңыздар;

-         RP1   потенциометрімен   50 Гц  номинал   жиілік  беріп,   өлшеудің

алғашқы нәтижесін 4.1 кестеге жазыңыздар;

-             ТП    жұмысына   рұқсат  беріңіздер,  қажетті   айналу    бағытын

табыңыздар;

-            Модульдің  RP1  потенциометрімен  жүктеме  моментін  беріңіздер,

көрсетуін 1 кестеге жазып қою керек. Статор тогының мәнін ПЧ экранымен бақылаңыздар.

         Тәжірибе жасап болған соң жүктемені түсіріңіздер (ТП модулінің RP1 тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта ең соңғы қалпына қойыңыздар, SA6 төменгі қалыпқа қойыңыздар) ПЧ модулінің SA1 тумблерін орташа қалыпқа қойыңыздар.

 

4.1 кесте

,

,

,

,

,

,

          Есептелетін шамалар.

          ТТГ электрмагниттік моменті,   

                                                   ,

         - бос жүріс тогы  ( тұрақты ток машинасының Б қосымшада берілген графиктен анықталады және ТТ механикалық шығындары мен болаттағы шығындарына пропорционал болады).

          Электр қозғалтқышының білігіндегі момент,

                                                   .

           Бұрыштық айналу жиілігі, рад/с

                                                   .

           Сырғанау,

                                                   ,

мұнда - синхронды бұрыштық айналу жиілігі

                                                   ,

мұнда - синхронды айналу жиілігі. 

         4.1- кестедегі мәліметтер бойынша ,  сипаттамаларын тұрғызыңыздар.

         2. Статор кернеуі өзгерген кездегі АҚ жасанды механикалық сипаттамасы             

          Асинхронды электр қозғалтқышының жасанды механикалық сипаттамасы статор кернеуінің номинал  мәніндегі және номинал жиілік кезіндегі жылдамдықтың жүктеме моментіне тәуелділігін көрсетеді: , бұл кезде , .

           50 Гц жиілік кезінде статор кернеуін өзгерту үшін ПЧ Е1-05 параметріне 220 В мән қою керек.

           Тәжірибе табиғи механикалық сипаттаманы түсірген кездегідей ретпен өткізіледі. Тәжірибе мәліметтері 4.1 кестеге ұқсас кестеге жазылады.

           3. Жұмыстық сипаттамаларды түсіру.

           Жұмыстық сипаттамалар статор тогының желіден тұтынатын активті қуатының, айналу жиілігінің, сырғанаудың, электромагниттік моменттің, ПӘК және қуат коэффициентінің қозғалтқыштың білігіндегі пайдалы қуатқа график түрінде бейнеленген тәуелділігін көрсетеді:

                                         .

                   Тәжірибе осының алдындағы орындалған ретпен  жүргізіледі. Статорға 380В кернеу беру керек.

                   Асинхронды қозғалтқыш жағындағы сондай-ақ, генератор жағындағы тәжірибе мәліметтерін 4.2 және 4.3 кестелерге жазыңыздар.

                   Статордағы желілік кернеуді 380 В тең деп алыңыздар.

4.2 кесте - ТТҚ жағындағы мәліметтер

,

,

,

,

,

4.3 кесте - Асинхронды қозғалтқыш жағындағы мәліметтер

,

,

,

           Тұрақты ток машинасы жағындағы есептелетін мәліметтер.

           ТТГ электрмагниттік моменті,

                                               ,

мұнда , графигінен алынады (Б қосымшасы).

           ТТГ бос жүріс моменті,

                                               ,

мұнда  бос жүріс тогы; тұрақты ток машинасының графигінен алынады (Б қосымшасы) және ТТГ механикалық шыгындары мен болаттағы шығындарына пропорционал болады, А.

           ТТГ білігіндегі толық момент,

                                              ,

           ТТГ білігіндегі пайдалы қуат, ,

                                              .

           Асинхронды қозғалтқыш жағындағы есептелетін моменттер.

           Асинхронды қозғалтқыштың білігіндегі пайдалы қуат ТТГ білігіндегі қуатқа тең болады:

                                               .

           Асинхронды қозғалтқыштың электромагниттік қуаты, ,

                                               ,

мұнда - асинхронды қозғалтқыштың механикалық шығындары (А қосымшасы);

           Асинхронды қозғалтқыштың статор орамасындағы электрлік шығындар, ,

                                               ,

мұнда - статор фазаларының активті кедергісі (А қосымшасы); Ом

           кернеу кезіндегі болаттағы шығындар, ,

                                               ,

мұнда - номинал кернеу кезіндегі статор өзекшесіндегі болат шығындары (А қосымшасы), ;

                   - номинал фазалық кернеу, В;

          - электр қозғалтқышының фазалық кернеуі,

                                               .

          Жиілік түрлендіргішінің шықпалық қуаты (қозғалтқыш тұтынатын қуат), :

                                              .

          Сырғанау 

                                               немесе ,

мұнда - бұрыштық айналу жиілігі, рад/с;

            - айналу жиілігі, айн/мин;

            - синхронды бұрыштық айналу жиілігі, рад/с;

            - синхронды айналу жиілігі, айн/мин.

          - қозғалтқыштағы шығындар қосындысы,

                                          .

          Асинхронды қозғалтқыштың электро магниттік моменті,

                                           , немесе .

           Қозғалтқыштың білігіндегі пайдалы момент,

                                           .

           Қозғалтқыштың білігіндегі пайдалы қуат,

                                            .

           Пайдалы әсер коэффициенті, %

                                           .

           Қуат коэффициенті,

                                           .

          2 - кестедегі мәліметтер бойынша сипаттамалардың графиктерін тұрғызыңыздар:

            бұл кезде  және .

  

          Бақылау сұрақтары.

1. Асинхронды  қозғалтқыштың  айналу  бағыты      қалай     өзгереді?

2. Қоректендіруші желінің кернеуі  төмендеген кезде   қозғалтқыштың

моменті қалай өзгереді?

3. Асинхронды қозғалтқыш синхронды айналу жиілігі кезінде  момент

туғыза алады ма, яғни ол синхронды жиілікпен айнала ала ма?

4.Кернеуді өсіргенде және қозғалтқыштың білігіндегі жүктеме өзгермеген кезде  қозғалтқыштың статор тогы қалай өзгереді?

5.   тәуелділігінің  физикалық  мағынасын  түсіндіріңіздер.

Зертханалық жұмыс №5. Асинхронды машинаны асинхронды генератор режимінде зерттеу  

         Жұмыстың мақсаты: генератор режімінде жұмыс істеу үшін асинхронды машиналарды қосу әдістерін оқып үйрену. Асинхронды генератордың жұмыстық қасиеттерін зерттеу.

         Жұмыстың бағдарламасы

         1.Асинхронды генераторды тәжірибелік зерттеу үшін қажетті схеманы оқып үйрену.

2.Асинхронды қозғалтқыш пен тұрақты ток қозғалтқышын жүргізіп

көру.

3.Асинхронды қозғалтқышты асинхронды генератор режімінде зерттеу.

         4.Эксперименттік мәліметтерді өңдеу, есептесуге дайындалу және жұмыс бойынша қорытынды жасау.

         Жұмысқа түсінік беру

         Зертханалық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:

-         стендті қоректендіру модулі (МПС);

-         қоректендіру модулі (МП);

-         тиристорлік түрлендіргіш (ТП);

-         үштік модуль (СМ);

-         өлшеу модулі (МИ);

          Жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіру керек:

-                     ТП модулінің «Сеть» кнопкасын төменгі  қалыпқа қою керек, SA6 ауыстырыпқосқышын төменгі қалыпқа қою керек, ТП моментті реттейтін режімге ауысуы керек.

         Зерттелетін асинхронды машина электр машина агрегатының құрамына кіреді, оған зерттелетін М1 генератор, жетектік қозғалтқыш- тұрақты ток машинасы М2 және жылдамдықтың импульстік дачигі М3 кіреді.

         Асинхронды генератордың жұмыстық сипаттамаларын түсіру үшін арналған схема 5.1 суретте көрсетілген.

                                

5.1 сурет - Асинхронды генератордың жұмыстық сипаттамаларын түсіруге

                                                арналған схема

           Тұрақты ток қозғалтқышы тиристорлық түрлендіргішке қосылады. Якорь тізбегі реттелетін кернеу көзінің  шықпасына, қоздырғыш орама  шықпасына қосылады.

                   Айналу жиілігінің мәнін  күштік модульдің индикаторымен бақылаңыздар.

          Якорь тогының , якорь кернеуінің  мәндерін ТП индикаторымен бақылаңдар, статор тогы  және статор кернеуі МН модулінің аспаптарымен өлшенеді.

         1. Жұмыстық сипаттамаларды түсіру.

   Жұмыстық сипаттамалар асинхронды генераторға берілетін қуаттың ,      фазалық тоқтың , ПӘК , сырғанаудың  асинхронды қозғалтқыштың желіге беретін толық активті қуатына   тәуелділігін көрсетеді: ,,,,.

    Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі.

-         МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосу керек,

асинхронды қозғалтқыш жүргізіледі;

-         «Сеть»  кнопкасын   қосу  керек,  тиристорлық  түрлендіргішке ТП

кернеу беріледі;

-         ТП (SA6) жұмысына рұқсат беру керек және айналу бағытын таңдау

керек (SA5)

-         ТП   модулінің   RP1  потенциометрімен   жүктеме  моментін  беріп,

агрегаттың айналу жиілігін бақылау керек. Егер ол азаятын болса, момент беру бағытын ауыстыру керек;

-          ТП  момент  беруін өсіріп, агрегаттың  жылдамдығын  өсіру керек.

         Тәжірибені жүргізген кезде ТТҚ якорь тогын бақылау керек. Ол 1,5 А

аспауы керек.

         Тәжірибе мәліметтерін 5.1 және 5.2 кестеге жазыңдар.

5.1 кесте

                                           Асинхронды генератор жағынан

       Тәжірибе мәліметтері

                                 Есептелетін шамалар

   

   

    

   

 

    

   

   

 

   

   

  

   

5.2 кесте

                                            Асинхронды генератор жағынан

      Тәжірибе мәліметтері

                        Есептелетін шамалар

      

        

  

   

   

    

    

      

       

 

   

 

 

   

          Жұмысты орындап болған соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңдар.              

          Есептелетін шамалар.

          Тұрақты ток қозғалтқышы тудыратын электро магниттік момент,

                                               ,

мұнда  графигінен алынады (Б қосымшасы).

          Тұрақты ток қозғалтқышының бос жүріс моменті,

                                               ,

мұнда - бос жүріс тогы; тұрақты ток машинасының графигінен алынады (Б қосымшасы).

          Тұрақты ток қозғалтқышының білігіндегі пайдалы момент,

                                              .

          Тұрақты ток қозғалтқышынан асинхронды генераторға берілетін қуат, осы қозғалтқыштың есептік мәліметтері бойынша анықталады:

                                             ,

          Статор орамасындағы шығындар,

                                             ,

мұнда - статор орамасының кедергісі (А қосымшасы).

          Асинхронды генератордың айнымалы ток желісіне беретін толық активті қуаты, :

                                           ,

мұнда - асинхронды машинаның механикалық шығыны (қосымша А). .

          Асинхронды генератордың қуат коэффициенті:

                                            .

          Асинхронды генератордың сырғанауы:

                                            ,

 мұнда - асинхронды айналу жиілігі, айн/мин.

          Асинхронды генератордың ПӘК, %

                                             .

           Есептеу мәліметтері бойынша асинхронды генератордың жұмыстық сипаттамаларын тұрғызу керек:

               ,,,, бұл кезде  және .

         Бақылау сұрақтары.

         1.Асинхронды генератордың синхронды генератормен салыстырғандағы құндылығы мен артықшылығы неде?

2.Асинхронды қозғалтқыштың кемшіліктерін көрсетіңдер.

3.Асинхронды генератор айнымалы ток желісінсіз жұмыс істей алады ма?

4.Асинхронды генераторда магнит өрісі қалай пайда болады?

5.Асинхронды генератор қолданылатын аймақтар.

     6.Асинхронды генераторда s қандай аралықта өзгереді?

     7.Асинхронды генераторда электромагниттік момент қалай өзгереді.

А қосымшасы

Электр машиналарының паспорттық және есептік мәні

А.1 кесте  - Тұрақты  ток машинасының паспорттық мәліметтері

                         Параметрдің атауы

Мәндері

Типі

      

Қуаты,

          

Якорь орамасын қоректендіретін номинал кернеу,

          

Қоздырғыш ораманы қоректендіретін номинал кернеу,

          

Номинал айналу жиілігі, айн/мин

         

Номинал якорь тогы,

           

ПӘК

          

Массасы,

          

Якорь орамасының кедергісі  (есептік мәні),

          

Қоздырғыш орама кедергісі (есептік мәні),

          

Механикалық шығындар, ,

           

         А.2 кесте - Фазалық / қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың паспорттық және есептік мәліметтері

                             Параметрдің атауы

      Мәндері

Типі

  

Қуаты,

       

Статор орамасын қоректендіретін номинал кернеу,

       

Номинал айналу жиілігі, айн/мин

   

Статор фазасының номинал тогы,

     

        

Номинал моменті,

        

Статордың активті кедергісі

        

Механикалық шығындар,

         

Бос жүріс моменті,

       

Номинал кернеу кернеу кезіндегі статор өзекшесіндегі болаттың шығындары,

       

          Ескерту: табиғи сондай- ақ, жасанды механикалық сипаттамаларды төмендетілген кернеу кезінде түсірген дұрыс, кейін момент келесідей өрнек бойынша қайталанып есептелінеді.

                         

А.3 кесте  - Импульстік жылдамдық датчигінің паспорттық мәліметтері

                             Параметрдің атауы

          Мәндері

Типі

   

Қоректендіру кернеуі,

             

Рұқсат беру қабілеттілігі, имп/айн

           

Б қосымшасы

                   ПЛ-072 УЗ тұрақты ток машинасының  және  тәуелділігінің графиктері

   

В қосымшасы

Трансформатордың паспорттық және есептік мәліметтері

В.1 кесте

                        Параметрдің атауы

             Мәндері

Типі

    

Қуаты,

             

Трансформатордың бірінші реттік орамасындағы номинал кернеу,

             

Трансформатордың екінші реттік орамасындағы номинал кернеу,

             

Трансформатордың бірінші реттік орамасының активті кедергісі ,  кезіндегі,

              

Трансформатордың екінші реттік орамасының активті кедергісі,  кезіндегі,

              

Әдебиеттер тізімі

1.Копылов И.П. Электрические машины.- М.: Высшая школа.-Логос.-2000.-607 с.

2.Иванов-Смоленский А.В. Электрические машины. В двух томах. 3-е издание.-М.: Издательский дом МЭИ.-2006.-652(656) с.

3.Кацман М.М. Электрические машины. 5-е издание, переработанное и дополненное.-М.: Издательский центр «Академия». 2003.-496 с.

4.Беспалов В.Я., Котеленец Н.Ф. Электрические машины.-М.: Издательский дом МЭИ. 2006.-320 с.

5.Брускин Д.Э., Зорохович А.Е., Хвостов В.С. Электрические машины.-ч.2 Машины переменного тока.-Л.: Энергия, 1973.-412 с.

6.Пиотровский Л.М., Васютинский С.Б., Несговоров Е.Д. Испытания электрических машин.-ч.1.-М., Л.:Госэнергоиздат, 1960.-181 с.

7.Кацман М.М. Руководство к лабораторным работам по электрическим машинам и электроприводу.-М.: Высшая школа, 1983.-215 с.

2013 ж. жиынтық жоспары, реті 18

Сагитов Пулат Исмаилович
Гали Какимжан Оралович
Шидерова Раушан Манаповна

ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРЫ
1- бөлім
5В071800 – «Электр энергетикасы»
мамандығының студенттеріне
зертханалық жұмыс орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Редактор А.А. Дуйсебаева
Стандарттау бойынша маман Молдабекова Н.Қ.

__.__.___ басуға қол қойылды
Пішіні 60х84  1/16
Таралымы 500 дана.
№1 баспа қағаз
Көлемі 2,3 оқу.-бас. ә.
Тапсырыс ____. Бағасы  1150 тг.   __

«Алматы энергетика және байланыс университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі – көбейткіш бюросы
050013, Байтұрсынұлы көшесі, 126