Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Өнеркәсіп қондырғыларының электржетегі және
автоматтандырылуы кафедрасы

ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРЫ
5В071800 – Электр энергетикасы
мамандығының студенттері үшін
зертханалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. 2 – бөлім.

Алматы 2014

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Сагитов П.И., К.О.Гали, Шидерова Р.М. Электр машиналары. 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. 2- бөлім. – Алматы: АЭжБУ, 2013. – 59 бет.

Әдістемелік нұсқауда стендтерге қатысты техникалық мәліметтер, жұмысты орындау бағдарламасы, дайындалу әдісі, тәжірибе жүргізу және алынған нәтижелерді талдау және бақылау сұрақтары берілген.

Әдістемелік нұсқау 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. 2- бөлім.

Сурет - 19, кесте - 30, әдеб.көрсеткіші – 7.

Пікір беруші: Башкиров М.В.

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

Ó  «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж.

Мазмұны

1.    Зертханалық жұмыс №1. Бір фазалы екі орамалы трансформаторды зерттеу.

2.    Зертханалық жұмыс №2. Тәуелсіз және параллель қоздырылатын ток генераторын зерттеу.

3.    Зертханалық жұмыс №3. Параллель қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқыштарын зерттеу.

4.    Зертханалық жұмыс №4. Қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты зерттеу.

5.    Зертханалық жұмыс №5. Фазалық роторлы асинхронды электр қозғалтқышын зерттеу.

6.    Зертханалық жұмыс №6. Асинхронды машинаны асинхронды генератор режімінде зерттеу.

7.    Зертханалық жұмыс №7. Үш фазалы синхронды генераторды зерттеу.

8.    Зертханалық жұмыс №8. Үш фазалы синхронды қозғалтқышты зерттеу.

9.    А қосымшасы. Электр машинасының құжаттық және есептік мәліметтері.

10.    Б қосымшасы. ПЛ-072УЗ тұрақты ток машинасының  және  тәуелділіктері.

11.    В қосымшасы. Трансформатордың құжаттық және есептік мәліметтері.

12.    Әдебиеттер тізімі.

Зертханалық жұмыс №1. Бір фазалы  екі орамалы трансформаторды зерттеу

Жұмыстың мақсаты: бос жүріс және қысқаша тұйықтау тәжірибелерін жүргізу және осы тәжірибелерден алынған мәліметтер бойынша орынбасу сұлбасының параметрлері мен трансформатордың жүктеме кезіндегі жұмысын сипаттайтын кейбір басқа да тәуелділіктерін есептеу, сондай-ақ екінші реттік орама кенеттен қысқаша тұйықталған кездегі трансформатордың жағдайын бақылау.

         Жұмыстың бағдарламасы.  

         Трансформаторды бос жүріс тәжірибесі режімінде зерттеу:

         - қысқаша тұйықтау кернеуін, активті және реактивті құрамдарын пайыздық қатынаста есептеу;

     - трансформаторды бос жүріс режімінде зерттеу;

     - трансформациялық коэффициентті анықтау;

         - номинал бірінші реттік кернеу кезіндегі бос жүріс тогы мен қуатының мәндерін анықтау;

         -  трансформатордың орынбасу сұлбасындағы магниттелуші контурдың параметрлерін есептеу;

         - активті жүктеме кезіндегі трансформатордың шықпалық сипаттамасын түсіру және оны есептікпен салыстыру;

         - трансформатордың ПӘК есептеу және ПӘК жүктеме коэффициентіне тәуелділігін есептеу.

            Жұмысқа түсініктеме.

         Зертханалық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:

     - стендті қоректендіруші модуль (МПС);

     - қоректендіруші модуль (МП);

     - қуат өлшеуші модуль (МИМ);

     - өлшеуші модуль (МИ);

     - автотрансформатор модулі (ЛАТР);

     - бір фазалы трансформатор модулі (ОдТр).

         Жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіру керек. Ол үшін стендті қоректендіруші модулінің автоматтық ажыратқышы QF1 ажыратулы тұрған кезде:

         - бір фазалы трансформатор модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

         - ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын төмен түсіріп, автотрансформатордың тұтқасын сағат тілінің айналу бағытына қарсы бағыттағы ең шеткі орынға қою керек.

         Жұмыста бір фазалы екі орамалы трансформатор қолданылады, оның каталогтік мәліметтері В қосымшада келтірілген.

         1. Қысқаша тұйықтау тәжірибесі.

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесін төмендетілген кернеу кезінде жүргізеді, бұл кезде трансформатордың бірінші реттік орамасындағы ток болуы керек.

         Трансформатордың қысқаша тұйықтау тәжірибесін жүргізуге арналған схема 1.1 суретте көрсетілген.

       

                                              

      1.1 сурет - Қысқаша тұйықтау тәжірибесін жүргізуге арналған схема

         Трансформатордың бірінші реттік орамасы МИМ арқылы ЛАТР модулінің реттелетін айнымалы ток көзіне қосылған.

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

         - Стендті қоректендіруші модульдің QF1 автоматты ажыратқышы мен қоректендіруші модульдің QF2 автоматты ажыратқышын тізбектеп қосады;

     - МИМ модулінің «Сеть» деген тұтқасын қосады;

         - ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын қосу керек және ЛАТР арқылы трансформатордың бірінші реттік орамасындағы ток шамамен номинал токқа тең болатындай кернеу беру керек.

                              .

         Тәжірибе мәліметтерін 1 кестеге жазады.

1.1 кесте

        Тәжірибе  

      мәліметтері

                 Есептелетін шамалар

U1k,В

 

I1k

Pk,Вт

cosφ1k

zk,Ом

rk ,Ом

Xk,Ом

Uk٪

Uka٪

Ukр٪

         Тәжірибені орындап болған соң модульдерді алғашқы орындарына қою керек.

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесі кезінде активті қуатты Pk  өлшеген кездегі қателіктен индуктивті кедергі  теріс болып шығуы мүмкін.

         Бұл кезде қысқаша тұйықтау шығыны трансформатор орамасының кедергісі арқылы анықталуы мүмкін

                                           

мұнда k – трансформатордың трансформациялық коэффициенті (В қосымшасы).

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесі бойынша табылатындар:

         - қысқаша тұйықтау тәжірибесі кезіндегі қуат коэффициенті

                                                          

          -    трансформатордың қысқаша тұйықтау тәжірибесі кезіндегі толық, активті және индуктивті кедергілерін (трансформатордың қысқаша тұйықтау параметрлерін) есептік жұмыстық температураға келтіреді

                                ,

                               

        қысқаша тұйықтау кернеуі және оның активті, реактивті құрамдары пайызбен

                       

          2. Бос жүріс тәжірибесі.

         Бос жүріс тәжірибесі бірінші реттік орамада номинал кернеу болғанда және трансформатордың екінші реттік орамасы ажыратулы тұрған кезде жүргізіледі.

          Бос жүріс тәжірибесін орындауға арналған сұлба 1.2 суретте көрсетілген.

          Трансформатордың бірінші реттік орамасы МИМ арқылы МП модулінің айнымалы кернеу желісіне қосылған.

         Трансформатордың екінші реттік орамасындағы кернеуді өлшеуші модульдің PV2 аспабымен өлшейді.

              

       

             1.2 сурет - Бос жүріс тәжірибесін орындауға арналған схема

        Бос жүріс тәжірибесін жүргізу үшін:

   - МИМ модулінің «Сеть» тұтқасын қосу керек.

        Тәжірибе мәліметтерін 1.2 кестеге жазады.

        1.2 кесте

     Тәжрибе мәліметтері

                Есептелетін шамалар  

U1,В

I1

P0,Вт

U2,В

  k

Cosφ0

zm,Ом

rm,Ом

xm,Ом

   I0*

Тәжірибені орындап болған соң QF1, QF2 автоматтарын ажыратып және модульдерді алғашқы қалпына қою керек.

Есептелетін шамалар.

         Трансформатордың трансформациялық коэффициенті

                                         

          Трансформатордың Т тәріздес орынбасу сұлбасындағы магниттеуші контурдың толық, активті және индуктивті кедергілері, Ом

                         

          Трансформатордың бос жүріс тәжірибесі кезіндегі қуат коэффициенті

                                              

          Трансформатордың бірінші реттік орамасындағы номинал токтың үлесіндегі трансформатордың бос жүріс тогы

                                         

мұнда   - трансформатордың бірінші реттік орамасындағы номинал ток, А

                                               ,

мұнда - трансформатордың номинал қуаты, ВА.

         3. Трансформатордың шықпалық сипаттамасы.     

          Шықпалық сипаттама трансформатордың екінші реттік кернеуінің  болған кездегі жүктеме тогына тәуелділігін көрсетеді. Берілген сипаттаманы түсіру үшін, 1.3 суретте көрсетілген сұлбаны жинайды.

          Бір фазалы трансформатор қоректендіру модулінің кернеуіне қосылады. Жүктеме беру үшін екінші реттік тізбекке реттелетін RP2 кедергі қосылады. Бірінші реттік орама параметрлерін бақылау, өлшеу модуліндегі вольтметрдің көмегімен іске асырылады.

    

                 

               1.3 сурет - Трансформатордың шықпалық сипаттамасын түсіру

                                          үшін арналған схема       

          Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

         - бір фазалы трансформатор модуліндегі RP2 кедергісінSA2 ауыстырып қосқышының көмегімен «» қою керек, бұл трансформатордың бос жүріс режіміне сәйкес келеді;

         - QF1(МПС) және QF2(МП) автоматты ажыратқыштарын бірінен соң бірін қосып трансформаторға айнымалы кернеу беру керек;

          - SA2 (ОдТр) ауыстырып қосқышының орнын өзгертіп екінші реттік орама тогын  мәнге дейін өзгертеді.

          Тәжірибе мәліметтерін 1.3 кестеге жазыңыздар.

       

1.3 кесте

     Тәжірибе мәліметтері

               Есептелетін шамалар

       

        

        

      

         

       

       

         

          Тәжірибені орындап болған соң QF2, QF1автоматтарын ажыратып, модульдерді алғашқы қалпына қояды.

          Есептік мәліметтер бойынша трансформатордың шықпалық сипаттамасының  және трансформатордың ПӘК жүктеме коэффициентіне  тәуелділігін тұрғызуға болады

                                                  .

          Трансформатордың тәжірибелік және есептік сипаттамаларын бір графикте көрсетіп, оларды зерттейді.

          Екінші реттік кернеудің жүктеме кезіндегі жүктеме коэффициентіне тәуелділігінің есептік мәнін келесі өрнектен табады

                                             

мұнда - трансформатордың бос жүріс кезіндегі екінші реттік кернеуі, В;

        , таза активті жүктеме үшін

          4. Трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті.

          Трансформатордың пайдалы әсер коэффициентін тек қана есептеу жолымен анықтайды:

                                   ,

мұнда - трансформатордың бірінші реттік орамасына номинал кернеу берген кезде болатын бос жүріс шығыны, Вт;

          - номинал ток кезіндегі қысқаша тұйықтау шығыны, Вт

                                               

          - трансформатордың номинал қуаты, Вт.

          5. Кенеттен болған қысқаша тұйықтау тогы.

          Қысқаша тұйықтау тәжірибесі және есептік жолмен табылған мәліметтер бойынша кенеттен болған қысқаша тұйықтау тогының қалыптасқан және соққылық мәні анықталуы мүмкін, А:

                                              

                                         .

          Бұл мәліметтер бойынша қосудың бастапқы фазасы  үшін  деп алып период аралығындағы кенеттен болған қысқаша тұйықтау тогының графигін сызуға болады.

Токтың қисығының теңдеуі:

                                 

        

         Бақылау сұрақтары.

1. Трансформатордың бос жүріс тогы неге өте аз болады және номинал токтың бірнеше пайызындай ғана болады?

         2. Қысқаша тұйықтау кезінде  болатынын қалай түсіндіруге болады?

         3. Трансформатордың ПӘК есептеу арқылы анықтайтынын қалай түсіндіруге болады?

         4. Трансформатордың бос жүріс режімі деген не және бос жүріс кезінде негізінен қандай шығын болады?

         5. Трансформатордың қысқаша тұйықтау тәжірибесі деген не және бұл тәжірибе кезінде негізінен қандай шығын анықталады?

         6. Қысқаша тұйықтау кернеуі деген не?

         7. Қандай жағдайда трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті максимал болады?

         8. Трансформатордың жүктемелік коэффициенті деген не?

         Зертханалық жұмыс №2. Тәуелсіз және параллель қоздырылатын тұрақты ток генераторларын зерттеу

Жұмыстың мақсаты: тәжірибе арқылы сипаттамаларды түсіру жолымен тұрақты ток генераторларының жұмыстық қасиеттерін зерттеу.

         Жұмыстың бағдарламасы.

         1. Тұрақты ток генераторын (ТТГ) эксперименттік зерттеу үшін берілген схеманы, жұмыс кезінде қолданылатын модулmдердің құрамын және жұмыстарын оқып үйрену.

         2. Зертханада әрбір тәжірибе үшін схема жинап және қосып жүргізіп көру керек.

         3. Қоздырушы тізбектегі реттелетін кедергі  болған кездегі параллель қоздырылатын ТТГ (өздігінен қоздырылатын) шықпалық сипаттамасын түсіру.

         4. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ бос жүріс сипаттамасын түсіру, бұл кезде  және .

         5. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ қысқаша тұйықтау сипаттамасын  түсіру, бұл кезде  және .

         6. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ шықпалық сипаттамасын , бұл кезде .

         7. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ реттемелік сипаттамасын   түсіру, бұл кезде .

         8. Эксперимент нәтижелерін  өңдеу және жұмыс бойынша есеп беруге  дайындалу.

            Жұмысқа түсінік беру.

         Зертханалық жұмыста келесідей модульдер пайдаланылады:

- стендті қоректендіру модулі (МПС);

- қоректендіру модулі (МП);

- қосымша кедергілер модулі №1 (МДС1);

- қосымша кедергілер модулі №2 (МДС2);

- күштік модулі (СМ);

- өлшеуіш модулі (МН).

         Тұрақты тоқ машинасы (М2), айнымалы токтың асинхронды машинасымен (М1), сондай-ақ айналу жиілігінің импульстік датчигімен бірге электр машиналық агрегаттың құрамына кіреді (М3).

1. Параллель қоздырылатын ТТГ шықпалық сипаттамасы.

         Шықпалық сипаттама  және болған кездегі  тәуелділігін көрсетеді және ол төмендетілген кернеуде түсіріледі. Сипаттаманы түсіруге арналған схема 2.1 суретте түсірілген.

    

           

2.1 сурет - Параллель қоздырылатын ТТГ шықпалық сипаттамасын түсіру     

                                           үшін арналған схема

         Жетектік қозғалтқыш ретінде, үш фазалы кернеумен  қоректенетін қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды электр қозғалтқышы қолданылады.

     Тұрақты тоқ генераторының якорь тізбегі МДС1 реттелетін кедергісіне

қосылады. Қоздырушы орама LM якорь тізбегіне параллель қосылады.

           Жетектік қозғалтқыштың статор тогын , жүктеме тогын  және генератордың кернеуін  бақылау үшін өлшеуші модульдің  ~ А, =A, =Vтілдік аспаптары пайдаланылады.

         Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

- МДС1 модулінің ауыстырып  SA1 қосқышын «» қою керек;

- Қоректендіруші модульдің QF1 және QF2 автоматтарын қосу керек. Генератор жүктеме берілмеген кезде айналдырылады. Генератордың

қысқаштарының арасындағы кернеу бақыланады. Егер   болмаса, онда ол қоздырғыш орама тогы тудыратын магнит ағыны, қалдық индукция ағынына қарсы бағытталғанын білдіреді, сондықтан бұл жағдайда QF1 және QF2 автоматтары ажыратулы болған кезде тұрақты ток машинасының қоздырушы орамасының полярлығын ауыстыру керек. Жүктеме тогы  болған кездегі генератордың кернеуін 2.1 кестеге жазады;

         - бос жүріс нүктесін түсірген соң МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен кедергіні азайтып, жүктеме тогын өсіреді. Жүктеме тогын 1,5 А дейін өзгертіп, алынған мәліметтерді 2.1 кестеге жазады. 

         SA1 «нөлге» қоюға болмайды.

2.1 кесте

         Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлық ауыстырып қосқыштарын алғашқы орнына қойыңдар.

     2. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ бос жүріс сипаттамасы.

         Бұл сипаттама  тәуелдігін көрсетеді, бұл кезде , .

         Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ бос жүріс сипаттамасын түсіру үшін қажетті схема 2.2 суретте көрсетілген.

                 

2.2 сурет - Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ сипаттамасын түсіруге арналған схема

          Жетектік қозғалтқыш ретінде, үш фазалы кернеумен  қоректенетін, қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды электр қозғалтқышы қолданылады.

         Тұрақты ток машинасының қоздырғыш орамасы МДС2 модулінің тізбектен жалғанған RP1 және RP2  кедергілері арқылы МП модулінің «=220» қосылады. Тұрақты ток қозғалтқышының якорь тізбегіне МДС1 модулінің кедергісі қосылады.

         QF1,QF2 автоматтары ажыратулы тұрған кезде барлық модульдерді алғашқы қалпына қою керек:

- МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

- МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

- МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «0» қою керек.

     

          Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі: МПС және МП модулдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар. Тұрақты ток генераторын жүргізіп және  болған кезде қалдық индукция ағынынан пайда болатын кернеуді өлшеңдер. Мәліметтерді 2.2 кестеге жазыңдар.

2.2 кесте

         Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңдар, QF2, QF1 автоматтарын ажыратыңдар.

         Есептелетін шамалар.

         Қоздырушы ток

                                        .

         Тәжірибеден алынған  мәліметтер бойынша бос жүріс сипаттамасын тұрғызыңдар және номинал ЭҚК кезіндегі ТТГ магнит тізбегінің қанығу дәрежесін анықтаңдар:

                                        ,

мұнда = номинал кернеу;

          = якорь тізбегінің кедергісі (Б қосымшасы).

         Қанығу коэффициенті  АС кесіндісінің АВ кесіндісіне  қатынасымен анықталады (2.3 суретті қараңыз),

                                             ;

мұнда АС- барлық магнит тізбегінің МҚК,

           АВ- ауа саңылауының МҚК.

                                

                                   2.3 сурет - ТҚТТГ бос жүріс сипаттамасы

          болғанда магнит тізбегі нашар қаныққан, .... болғанда қалыпты қанығады және  көп қаныққан.

3. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ қысқаша тұйықтау сипаттамасы.

         Бұл сипаттама  және  болған кездегі  тәуелділігін көрсетеді және генератордың якорь тізбегінің қысқаштары тұйықтаған кезде түсіріледі.

          Модульдерді алғашқы қалпына қою керек:

         - МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек:

         - МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек.

         - МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «1100» қою керек

         Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

-       МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар,  бұл кезде жетектік қозғалтқыш жүргізіледі;

         -  болған кездегі  мәнін түсіріп ( қалдық магнит ағынының болу себебінен якорь тогы нөлге тең болмауы мүмкін), бұл нүктенің мәнін 2.3 кестеге жазыңдар;

         - МДС2 модулінің SA1 және SA2 ауыстырып қосқыштарымен қоздыру тогын  болғанға дейін өсіріңдер.

Мәліметтерді 2.3 кестеге жазыңдар.

2.3 кесте

         Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлық ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойып, QF2,QF1 автоматтарды ажырату керек.

4. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ шықпалық сипаттамасы.

         Бұл сипаттама  қоздырушы ток тұрақты  болған кезде кернеуді азайту арқылы түсіріледі.

         Параллель және тәуелсіз қоздырылатын ТТГ шықпалық сипаттамаларын салыстыру үшін олар бір нүктеден шығулары керек, яғни  болғанда  кернеулер бірдей болуы керек.

         Модульдерді алғашқы қалпына қою:

-       МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

-       МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

-       МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «1100» қою керек.

         Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

         -   МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

         - МДС2 модулінің SA1 және SA2 ауыстырып қосқыштарымен, бұл кезде  параллель қоздырылатын генератордың  (2.1 кестені қара) кездегі кернеуіне тең болатындай қоздырушы ток қою керек және бұл қоздырушы токты өзгеріссіз ұстау қажет.

         - МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен кедергіні өзгертіп жүктеме тогын немесе генератор тогын  дейін өсіріңдер.

SA1 нөлге қоюға болмайды.

         Тәжірибе мәліметтерін 2.4 кестеге жазыңдар.

2.4 кесте

 

         Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойып, QF2, QF1 автоматтарын ажыратыңдар.

5. Тәуелсіз қоздырылатын ТТГ реттемелік сипаттамасы.

         Бұл сипаттама  және болған кездегі  тәуелсіздігін көрсетеді.

         Модульдерді алғашқы қалыпқа қою:

-       МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

-       МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

-       МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «1100» қою керек

         Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

         -   МПС және МП модулдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

         - МДС2 модулінің SA1 және SA2 ауыстырып қосқыштарымен шықпалық сипаттаманы түсірген (2.4 кестені қара) кездегідей, номинал ток  кезіндегі кернеу  қою керек.  

Бұл нүктені 2.5 кестеге жазыңдар.

2.5 кесте

        

Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойып, QF2,QF1 автоматтарын ажыратыңдар.

         Бақылау сұрақтары.

         1. Параллель қоздырылатын ТТГ өздігінен қоздырылуы қандай шарттар орындалғанда іске асырылады.

         2. Параллель қоздырылатын генератордың шықпалық сипаттамасы неге өте жұмсақ, яғни генератордың қысқаштарындағы кернеу жүктеме кезінде тәуелсіз қоздырылатын генератормен салыстырғанда айтарлықтай  азаяды?

         3. Тәуелсіз қоздырылатын генератордың номинал тогына сәйкес келетін кернеу кезіндегі ТТГ магниттік жүйесінің қанығу коэффициентін анықтаңдар.

         4. Қоздырудың қандай түрлері болады?

     5. Шықпалық сипаттама деген не?

     6. Бос жүріс сипаттамасы деген не?

     7. Реттемелік сипаттамасы деген не?

     8. Жүктемелік сипаттамасы деген не?   

         Зертханалық жұмыс №3. Параллель қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқыштарын зерттеу

         Жұмыстың мақсаты: параллель қоздырылатын қозғалтқышты жүргізу тәсілдерімен танысу, қозғалтқыштың механикалық, жұмыстық және реттемелік қасиеттерін осыларға сәйкес сипаттамаларын түсіру жолымен зерттеу.

         Жұмыстың бағдарламасы.

         1. Параллель қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқыштын (ПҚТТҚ) эксперименттік зерттеу схемасын, жұмыста пайдаланылатын модульдердің құрамы мен атқаратын жұмысын оқып үйрену.

2. ПҚТТҚ эксперименттік зерттеу үшін қажетті схеманы жинау.

3. Табиғи механикалық сипаттаманы түсіру.

         4. Якорь тізбегіне кедергі кіргізген кездегі жасанды механикалық сипаттаманы түсіру.

         5. Магнит өрісі нашарлаған кездегі жасанды механикалықсипаттаманы түсіру.

6. ПҚТТҚ жұмыстық сипаттамаларын түсіру.

         7. Қозғалтқыштың қысқаштарына берілетін кернеу өзгерген кездегі қозғалтқыштың реттемелік сипаттамасын түсіру.

         8. Магнит өрісін әлсірету жолымен қозғалтқыштың реттемелік сипаттамаларын түсіру.

         9. Эксперимент мәліметтерін өңдеу, есептесуге дайындалу және жұмыс бойынша қорытынды жасау.

     Жұмысқа түсінік беру.

     Зертханалық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:

     - стендті қоректендіру модулі (МПС);

- қоректендіру модулі (МП);

- автотрансформатор модулі (ЛАТР);

- күштік модулі (СМ);

- қосымша кедергілер модулі №1 (МДС1);

- қосымша кедергілер модулі №2 (МДС2);

- өлшеу модулі (МН);

- қуат өлшеу модулі (МНМ).

     Зертханалық жұмысты орындамас бұрын барлық модульдерді алғашқы қалпына келтіреміз:

         - ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын төменгі қалпына қойыңдар, ал автотрансформатордың тұтқасын сағат тіліне қарсы бағыттағы ең шеткі қалыпқа қойыңдар;

- МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқыштарын «» қойыңдар;

- МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «0» қойыңдар;

- МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «0» қойыңдар;

         Зерттелетін тұрақты ток машинасы электр машиналық агрегат құрамына кіреді, бұл агрегатқа зерттелетін тұрақты ток машинасы М1 басқа, жүктемелік машина - айнымалы ток машинасы М1 және жылдамдықтың импульстік датчигі М3 кіреді.

         1. ПҚТТҚ табиғи механикалық сипаттамасы.

         Параллель қоздырылатын машинаның табиғи механикалық сипаттамасы қозғалтқыштың қысқаштарындағы кернеудің мәні тұрақты болғанда және якорь тізбегінде қосымша кедергі болмаған кездегі жылдамдықтың жүктеме моментіне тәуелділігін көрсетеді: , бұл кезде , және :

         Қозғалтқыштың табиғи механикалық сипаттамасын түсіру үшін арналған схема 3.1 суретте көрсетілген.

         Тұрақты ток қозғалтқышының якорь тізбегі МДС2 модулінің RP1 қосымша кедергісі арқылы және қоздырушы орамасы МДС2 модулінің RP2 қосымша кедергісі арқылы ЛАТР модулінің реттелетін тұрақты ток көзіне қосылады.

         Асинхронды қозғалтқыш қосымша кедергі (МДС1) арқылы бірден желіге (МП) қосылады (асинхронды машина асинхронды генератор режімінде жұмыс істейді).

         Якорь тогының , якорь кернеуінің  мәндерін өлшеу модулі аспаптарының көмегімен анықтауға болады. Статор тізбегінің параметрлерін қуат өлшейтін модульдің индикаторымен бақылайды.

Жылдамдықты күштік модульдің индикаторымен бақылайды.

         Тәжрибе келесідей ретпен жүргізіледі:

- МПС және МП модулдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

 

                       

         

          3.1 сурет - Табиғи механикалық сипаттаманы түсіруге арналған 

                                                        схема

         ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын жоғарғы жағдайына ауыстырып қойыңдар;

- Автотрансформатордың тұтқасымен  кернеу беріп, бірінші өлшеуді жүргізіңдер;

         - МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен, кедергі кіргізіп, оны якорь тогы  немесе статор тогы  болғанға дейін өзгертіп ТТҚ жүктеме беріңдер;

- ПҚТТҚ жылдамдығы өсіп кеткен кезде ТТҚ тоқтату керек, QF2 автоматты өшіріп және асинхронды генератордың айналу бағытын өзгерту керек («А» және «В» фазаларының орындарын ауыстырып).

         Тәжірибе мәліметтерін 3.1 кестеге жазыңдар.

3.1 кесте

         Тәжірибені орындап болған соң модулдерді алғашқы қалпына қойыңдар.

         2. Якорь тізбегіне кедергі кіргізген кездегі ПҚТТҚ жасанды механикалық сипаттамасы.

         Параллель қоздырылатын қозғалтқыштың жасанды механикалық сипаттамасы якорь тізбегіне қосымша кедергі кіргізген кезде қозғалтқыштың қысқаштарындағы кернеу тұрақты болғандағы жылдамдықтың жүктеме моментіне тәуелділігін көрсетеді: , бұл кезде ,.

          Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының жасанды механикалық сипаттамасын түсіруге арналған схема 3,1 суретте берілген

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

-                     МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

- ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын жоғары көтеріп қойыңдар;

         - Автотрансформатордың тұтқасымен номинал кернеу  қойыңдар;

-       МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын нөлден басқа мәнге қойыңдар, бірінші өлшеу жүргізіңдер;

         -  МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен  кедергілер қосып, кяорь тогы  немесе статор тогы  болғанға дейін ТТҚ жүктеме беріңдер;

-       ПҚТ жылдамдығы өскен кезде ТТҚ тоқтатып, QF2 автоматын ажыратып және асинхронды генератордың айналу бағытын өзгерту керек («А» және «В» фазаларының орындарын ауыстырып).

         Тәжірибе мәліметтерін 3.2 кестеге жазыңдар.

3.2 кесте

        

Тәжірибені орындап болған соң модульдерді алғашқы қалпына қойыңдар.

         3. Магнит өрісін төмендеткен кездегі ПҚТТҚ жасанды механикалық сипаттамасы.  

          Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының жасанды механикалық сипаттамасы ағын нашарлаған кездегі айналу жиілігінің жүктеме моментіне тәуелділігін көрсетеді, бұл кезде қоздырушы орама тізбегіне қосымша кедергі кіргізген кезде қозғалтқыштың қысқаштарындағы кернеу тұрақты болу керек: , бұл кезде , .

           Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының табиғи механикалық сипаттамасын түсіру үшін арналған схема 3.1 суретте көрсетілген.

           Тәжірибе келесідей тәртіппен жүргізіледі:

           -   МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

           -   ЛАТР модулнің SA1 ауыстырып қосқышын жоғары көтеріп қойыңдар;

           - Автотрансформатордың тұтқасымен номинал кернеу беріңдер ;

           - МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын нөлден басқа бір мәнге қойып, бірінші өлшеуді жүргізіңдер;

           - МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен  кедергі кіргізіп якорь тогы  немесе статор тогы  жеткенге дейін өсіріп ТТҚ жүктеме беріңдер;

           - ПҚТТҚ жылдамдығы өскен кезде ТТҚ тоқтатып, QF2 автоматты ажыратыңдар және асинхронды генератордың айналу бағытын өзгертіңдер («А» және «В» фазаларының орындарын ауыстырыңдар).

Тәжірибе мәліметтерін 3.3 кестеге жазыңдар.

3.3 кесте

         Тәжірибені жасап болған соң модульдерді алғашқы қалпына қойыңдар.

         4. ПҚТТҚ жұмыстық сипаттамалары.

         Қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары қозғалтқыштың қысқаштарындағы кернеу тұрақты болған кездегі айналу жиілігінің, электр магниттік моменттің, якорь тогының және ПӘК қозғалтқыштың білігіндегі пайдалы қуатқа тәуелділігін көрсетеді  бұл кезде

                                      , .

         Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының жұмыстық сипаттамасын түсіруге арналған схема 1 суретте көрсетілген.  

         Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

- QF1, QF2 автоматтарын қосу керек;

         - Автотрансформатор модуліндегі SA1 қосып  кернеу беріңдер және бірінші өлшеуді жүргізіңдер;

         - МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен  кедергі қосып, якорь тогы 1,5А немесе статор тогы 1,3А болғанға дейін ТТҚ жүктеме беріңдер;

         - ПҚТТҚ жылдамдығы өскен кезде ТТҚ тоқтату керек, QF2 автоматты ажыратыңдар және асинхронды генератордың айналу жиілігін өзгертіңдер («А» және «В» фазаларының орнын ауыстырыңдар).

         Тәжірибе мәліметтерін 3.4 кестеге жазыңдар.

         Тәжірибені орындап болған соң модульдерді алғашқы қалпына қойыңдар

 

3.4 кесте

Тәжірибе мәліметтері

                                           Есептелетін, шамалар

 

%

         Есептеу мәліметтері:

         Қозғалтқыштың якоріне берілетін қуат,

                                   .

         Қоздырушы тізбектегі электрлік шығындар,

                                   .

         ТТҚ қоздырушы тогы, А

                                     ;

мұнда rқоз- қоздырушы ораманың кедергісі (Б қосымшасы).

         ТТҚ берілетін қуат,

                                      .

         Электрмагниттік момент,

                                      .

         Механикалық шығын мен болаттағы шығынға пропорционал болатын, қозғалтқыштың бос жүріс моменті,

                                       ,

мұнда ,- бұрыштық айналу жиілігіне тәуелді қабылданды (В қосымшасы В).

         ТТҚ білігіндегі пайдалы момент,

                                     .

         Қозғалтқыштың білігіндегі пайдалы қуат,  

                                      .

         ПӘК, %

                                      .

         3.4  кестедегі мәліметтер бойынша жұмыстық сипаттамалардың графиктерін тұрғызыңдар.

     5. Қозғалтқыштың қысқаштарына берілетін кернеу өзгерген кездегі  қозғалтқыштың реттемелік сипаттамасы.

         Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының реттемелік сипаттамасын түсіру үшін арналған схема 1 суретте көрсетілген.

         Тұрақты ток қозғалтқышының айналу жиілігі төмендегі формула арқылы анықталады:

                                          .

         Қозғалтқыштың қысқыштарына берілетін кернеу өзгерген кездегі  реттемелік сипаттаманы түсіру келесідей ретпен жүргізіледі:

-  QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

-       Автотрансформатор модуліндегі SA1 қосыңдар және тұтқамен    кернеу беріңдер;

         - МДС 1 ауыстырып қосқышын SA1 мәнін өзгертіп ТТҚ якорь тогы шамамен   жеткенге дейін ТТҚ жүктеме береді және ауыстырып қосқышты осы өзгертпей қалдырады,  бұл  сәйкес келеді;

         - Автотрансформатордың тұтқасын бұрап, якорь тізбегінің қысқаштарындағы кернеу шамамен 0,5  тең болғанға дейін азайтыңдар.

         Алынған мәліметтерді 3.5 кестеге жазыңдар.

3.5 кесте

Тәжрибе мәліметтері

                                           Есептелетін, шамалар

%

         Тәжірибені орындап болған соң модулдерді алғашқы қалпына қойыңдар.    

         Есептелетін шамалар,

                                         .

         Қалған есептелетін шамалар, жұмыстық сипаттамаларды түсірген кездегідей есептеледі.

         3.5 кестедегі мәліметтер бойынша  және  тәуелділіктерін тұрғызады.

         6. Магнит өрісіне азайтқан кездегі қозғалтқыштың реттемелік   сипаттамасы.

         Магнит өрісін азайтқан кездегі реттегіш сипаттаманы якорь тізбегінде қосымша кедергі болмаған кезде және қозғалтқыштың қысқаштарындағы кернеу тұрақты болған кезде түсіреді:   және .

         Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының реттемелік сипаттамасын түсіру үшін арналған схема 1 суретте көрсетілген.

         Тұрақты ток қозғалтқышының айналу жиілігі келесі өрнекпен анықталады:

                                              .

         Магнит өрісін азайтқан кездегі реттемелік сипаттаманы түсіру келесідей ретпен түсіріледі:

-       QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

         - Автотрансформатор модуліндегі SA1 қосыңдар және тұтқамен    кернеу беріңдер;

         - МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын өзгертіп ТТҚ якорь тогы шамамен   тең болғанға дейін ТТҚ жүктеме беріп және ауыстырып қосқыштың осы жағдайын өзгертпеңдер, бұл  сәйкес келеді;

-  МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышымен қоздырғыш орама тізбегіне кедергі кіргізіп, магнит ағынын азайтады, бұл кезде айналу жиілігі 1800 айн/мин көп болмауы керек.

         Алынған мәліметтерді 3.6 кестеге жазыңдар.

3.6 кесте

Тәжірибе мәліметтері

                                           Есептелетін, шамалар

%

         Тәжірибені орындап болған соң модульдерді алғашқы қалпына қойыңдар.

        Есептелетін шамалар:

         Қозғалтқышқа берілетін қуат,

                                     .

         Қалаған есептелетін  шамалар, жұмыстық сипаттамаларды түсіргендегідей есептеледі.

         3.6 кестенің мәліметтері бойынша және  тәуелділіктерін тұрғызады.

         Бақылау сұрақтары.

     1. ТТҚ айналу бағытын қалай өзгертеді?

2. ТТҚ білігіндегі жүктемені өсірген кезде, оның якорь тогы неге өседі?

3. Қоздырушы токты  азайтқан  кезде  ТТҚ айналу жиілігі  неге  өседі?

4. Қозғалтқыштың білігіндегі кедергі моменті тұрақты болған кезде қоздырушы токты азайтса якорь тогы  қалай өзгеруі керек?

         5.Егер якорь тізбегіне реттелгіш  қосса, қозғалтқыштың механикалық сипаттамасының түрі қалай өзгереді?

         Зертханалық жұмыс  №4. Қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды электр қозғалтқышын зерттеу

         Жұмыстың мақсаты: үш фазалы асинхронды электр қозғалтқышының тиісті тәжірибелік сипаттамаларын түсіру арқылы оның жұмыстық сипаттамаларын зерттеу.

         Жұмыстың бағдарламасы.

         1. Қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды электр қозғалтқышын зерттеуге арналған схеманы оқып үйрену.

2. Қозғалтқышты қысқаша тұйықтау режімінде зерттеу.

3. Қозғалтқышты бос жүріс режімінде зерттеу.

     4. Қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамасын бірден жүктеме беру арқылы зерттеу.

5. Бос жүріс және қысқаша тұйықтау тәжірибелері бойынша қозғалтқыштың параметрлерін есептеу, орынбасу схемасын тұрғызу.

         6. Эксперименттік мәліметтерге өңдеу жүргізу және жұмыс бойынша қорытынды жасау. 

 

         Жұмысқа түсініктеме.

         Зертханалық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:

-       стендті қоректендіру модулі  (МПС);

-       қоректендіру модулі (МП);

-       қуат өлшеу модулі (МНМ);

-       қосымша кедергілер модулі №1 (МДС1);

-       қосымша кедергілер модулі №2 (МДС2);

-       күштік модуль (СМ);

-       жиілік түрлендіргіш модулі (ПЧ);

-       өлшеу модулі (МН);

         Зертханалық жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіру керек:

-       МДС №1 модульдегі SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

-       МДС №2 модульдегі SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

         Зерттелетін асинхронды қозғалтқыш электр машиналық агрегат құрамына кіреді, оған зерттелетін қозғалтқыш М1, жүктемелік генератор - тұрақты ток машинасы М2, жылдамдықтың импульстік датчигі М3 жатады.

1.     Асинхронды қозғалтқыштың қысқаша тұйықтау тәжірибесі.

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесі ротор қозғалмай ( тежеулі ) тұрған кезде және төмендетілген кернеумен жүргізіледі, бұл кезде статор тогы шамамен статордың номинал тогына тең болады .

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесін жүргізуге арналған схема 4.1 суретте көрсетілген.

         Қозғалтқышты тежеу металдан жасалған стерженьді жартылай муфтадағы тесікке қою арқылы іске асырылады.

 

                      

   4.1 сурет - Қысқаша тұйықтау және бос жүріс тәжірибелерін жүргізуге   

                                             арналған  схема

         Кернеуді төмендету статор тізбегіне қосымша кедергі қосу арқылы орындалады.

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

-       МПС және МП модульдерінің әрқайсысына сәйкес QF1 және QF2 ауыстырып қосқыштарын қосу керек;

         - МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен статор тогы шамамен статордың номинал тогына тең болғанға дейін кедергі қосу керек.

         Мәліметтерді 4.1 кестеге жазыңдар.

         Тәжірибені барынша тез жүргізу керек.

4.1 кесте

Тәжірибе мәліметтері

                                      Есептелетін шамалар

         Тәжірибені орындап болған соң QF1, QF2 автоматтарын ажыратыңдар, модульдерді алғашқы қалпына қойыңдар, электр машина агрегатындагы стерженьді шығарыңдар.

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесіндегі мәліметтер бойынша  болған кездегі жүргізу тогын, жүргізу моментін анықтаңдар.

         Есептелетін шамалар.

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесі кезіндегі үш фазалы активті қуат,

                                       .

          Статор тізбегіндегі электрлік шығындар,

                                      ,

мұнда - статор орамасының фазалар саны;

           - статор фазасының кедергісі (Б қосымшасы ),

           кернеу кезіндегі болаттағы шығындар,

                                       ,

мұнда  -  номинал  кернеу     кезіндегі     болаттағы     шығындар,   .  

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесі кезіндегі электр магниттік   қуат,    .

                                        ;  

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесі кезіндегі электрмагниттік момент,

                                        ,

мұнда  -  электр   қозғалтқышының     синхронды   айналу    жиілігі,   .

         Номинал кернеу кезіндегі электрмагниттік момент,

                                        .

         Жүргізуші момент еселігі,

                                             .

         Электр қозғалтқышының номинал моменті,

                                             ,

мұнда - біліктегі номинал қуат, ;

          - номинал бұрыштық айналу жиілігі (Б қосымшасы), .    

         Жүргізуші ток еселігі

                                           .

2.     Асинхронды қозғалтқыштың бос жүріс тәжірибесі.

         Қозғалтқыштың бос жүріс режимін зерттеу номинал кернеуге тең болатын кернеудің бір мәні үшін жүргізіледі және ол бос жүріс тогының шамасын, сондай - ақ номинал кернеу кезіндегі болаттағы шығынды білуге мүмкіндік береді.

         Бос жүріс тәжірибесін өткізу үшін арналған схема 4.1 суретте көрсетілген.

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

             -  МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар;

-       МДС 1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» жағдайдан «0» қалпына қою керек, бұл кезде кернеудің мәні номиналға тең болады, асинхронды қозғалтқыш жүргізіледі.

         Тәжірибе мәліметтерін 4.2 кестеге жазыңдар.

4.2 кесте

Тәжрибе мәліметтері

                                      Есептелетін шамалар

        

Тәжірибені орындап болған соң модульдердің автоматты QF1, QF2 ажыратқыштарын алғашқы қалпына қойыңдар.

         Есептелетін шамалар:

         Қуат коэффициенті,

                                           .

         Үш фазаның активті қуаты,

                                             .

          Номинал кернеу кезіндегі статор өзекшесіндегі болаттағы шығындар,

                                 ,

мұнда - статор фазасының активті кедергісі ( Б қосымшасы), ;

         - асинхронды қозғалтқыштың механикалық шығындары (Б қосымшасы ), ;

         - тұрақты ток қозғалтқышының механикалық шығындары (Б қосымшасы), .

         Статор өзекшесіндегі болаттағы шығындар кез-келген басқа кернеу үшін кернеудің квадраты арқылы есептелуі мүмкін ,

                                          .

         Бос жүріс тогының мәні салыстырмалы бірлікте ,

                                           .

3.     Жұмыстық сипаттаманы түсіру.

         Жұмыстық сипаттаманы түсіруге арналған схема 4.2 суретте көрсетілген.

                   

       

4.2 сурет -  Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамасын түсіруге арналған схема

         Асинхронды қозғалтқыш бірден жиілік түрлендіргішіне қосылады.

         Тұрақты ток қозғалтқышының (ТТҚ) қоздырушы орамасы қоректендіруші модульдің «=220В» қысқаштарынан қоректендіріледі.

         Тұрақты ток машинасының якор тізбегі МДС2-дегі RP1 кедергіге қосылады.

         Токты, статордағы шықпалық кернеудің жиілігін, қозғалтқыштың қуатын және асинхронды қозғалтқыштың моментін өлшеу үшін жиілік түрлендіргіші қолданылады.

         Якорьдегі токты және якорь кернеуін өлшеу МН аспаптарының көмегімен іске асырылады.

         Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

         - МПС және МП модулдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосу керек;

         - Жиілік түрлендіргіші ПЧ модулінің SA1 ауыстырып қосқышын ең шеткі қалпына қойып, асинхронды қозғалтқышты жүргізіңдер. Кернеудің жиілігін 50 Гц қойыңдар.

         - МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен кедергіні азайтып ТТГ жүктемесін ТТГ якорь тогы номинал мәнге (1,3А) жеткенге дейін өсіріңдер. Бұл мәннен артық жүктеме беруге болмайды.

SA1 «0» қоймаңдар.

         Асинхронды қозғалтқыш жағындағы, сондай- ақ генератор жағындағы тәжірибе мәліметтерін 4.3 және 4.4 кестеге жазыңдар.

4.3 кесте

                                           Асинхронды қозғалтқыш жағынан

 

          Тәжірибе

       мәліметтері

                                      Есептелетін шамалар

 

     

 

 

4.4 кесте

                                                          ТТГ жағынан

   Тәжірибе           мәліметтері

                                      Есептелетін шамалар

    

   

         Тәжірибені орындап болған соң QF1, QF2 автоматтарды ажыратыңдар, модульдерді алғашқы қалпына қойыңдар.   

         Асинхронды қозғалтқыш жағынан есептелетін шамалар.

         Статордағы желілік кернеу,

                                        .

         Асинхронды қозғалтқыштың статорындағы электрлік шығындар,

                                          ,

мұнда - статор фазасының активті кедергісі ( А қосымшасы );

          кернеу кезіндегі болаттағы шығындар,

                                       .

         Электрмагниттік қуат,

                                       .

         Сырғанау

                                    немесе .

         Ротор орамасындағы электр шығыны,

                                            .

         Қозғалтқыштың толық шығыны,

                                     .

         Асинхронды қозғалтқыштың электрмагниттік моменті,

                                                 ,

мұнда - синхронды бұрыштық жиілік, .

         Қозғалтқыштың білігіндегі пайдалы момент,

                                             .

         Қозғалтқыштың білігіндегі пайдалы қуат,

                                                .

         Пайдалы әсер коэффициенті,

                                                 .

         Қуат коэффициенті (есептік):

                                               .

          Тұрақты ток машинасы жағындағы есептік мәліметтер.

         ТТГ Электрмагниттік моменті, ,

                                                ,

мұнда - графиктен алынады (Б қосымшасы).

         ТТГ бос жүріс моменті,

                                                ,

мұнда - тұрақты ток машинасының графигінен алынады (Қосымша Б), .

         ТТГ білігіндегі толық момент, 

                                              .

         ТТГ білігіндегі пайдалы қуат,

                                                  .

         Жұмыстық сипаттамалар статор тогының, желіден тұтанатын активті қуаттың, айналу жиілігінің, сырғанаудың, электрмагниттік моменттің, ПӘК және қуат коэффициентінің қозғалтқыш білігіндегі пайдалы қуатқа тәуелділігін көрсетеді:

            бұл кезде  және .

4.                Асинхронды қозғалтқыштың параметрлерін есептеу. Орынбасу схемасын құру.

         Бос жүріс және қысқаша тұйықтау тәжірибелері асинхронды қозғалтқыштың параметрлерін есептеуге және орынбасу схемасын тұрғызуға мүмкіндік береді.

         Бос жүріс тәжірибесінен.

         Магниттелуші тізбектің активті кедергісі,

                                         .

         Магниттелуші тізбектің толық кедергісі,

                                  .

         Магниттелуші тізбектің индуктивті кедергісі,

                                     .

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесінен,

                                         .

         Активті кедергі

                                         ,

                                           .                 

         Индуктивті кедергі,

                                         ,

                                          .

         Асинхронды қозғалтқыштың «Т» тәріздес орынбасу схемасы 4.3 суретте көрсетілген.

                      

                                   4.3 сурет – «Т» тәріздес орынбасу схема 

         Бақылау сұрақтары.

  1. Асинхронды қозғалтқыштың айналу бағытын қалай өзгертеді?

      2. Қоректендіруші желінің кернеуі төмендеген кезде асинхронды қозғалтқыштың моменті қалай өзгереді?

  3. Асинхронды қозғалтқыш синхронды айналу жиілігінде момент туғыза ала ма, яғни ол синхронды айналу жиілігімен айнала ала ма?

      4. Кернеу өскенде және қозғалтқыштың білігіндегі жүктеме өзгермеген кезде қозғалтқыштың статор тогы қалай өзгереді?

  5.  тәуелділігінің физикалық мағынасын түсіндіріңдер?

         Зертханалық жұмыс  №5.  Фазалық роторлы асинхронды электр қозғалтқышын   зерттеу

                                        

         Жұмыстың мақсаты: электр қозғалтқышының жұмыстық қасиеттеріне сәйкес тәжірибелік сипаттамалар түсіру жолымен олардың жұмыстық қасиеттерін зерттеу.

         Жұмыстың бағдарламасы.

1. Фазалық роторлы асинхронды электр қозғалтқышын зерттеуге арналған схеманы оқып үйрену.

2. Қозғалтқышты қысқаша тұйықтау режімінде зерттеу.

3. Қозғалтқышты бос жүріс режімінде зерттеу.

         4. Бос жүріс және қысқаша тұйықтау тәжірибелері бойынша қозғалтқыштың параметрлерін есептеу, орынбасу схеманы құру.

5. Ротор тізбегіне кедергі кіргізген кезде бірден жүктеме беру әдісі бойынша қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамасын түсіру.

6. Эксперимент мәліметтерін өңдеу және жұмыс бойынша қорытынды жасау.

         Жұмысқа түсініктеме

- стендті қоректендіру модулі (МПС);

- қоректендіру модулі (МП);

- күштік модуль (СМ);

- қуат өлшеу модулі (МНМ);

- қосымша кедергілер модулі №1 (МДС1);

- қосымша кедергілер модулі №2 (МДС2);

- өлшеу модулі (МН);

         Зертханалық жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіру керек:

- МДС №1 модульдегі SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

- МДС №2 модульдегі SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек;

          Зерттелетін асинхронды қозғалтқыш электр машиналық агрегат құрамына кіреді, оған зерттелетін М1 қозғалтқыш, жүктемелік генератор - тұрақты ток машинасы М2, жылдамдық өлшейтін импульстік датчигі М3 жатады.

     1. Қысқаша тұйықтау тәжірибесі.

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесі ротор айналмай тұрған  кезде және бұл кезде статор тогы шамамен статордың номинал тогына  тең болатын төмендетілген кернеу мен жүргізіледі.

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесін жүргізуге арналған схема 5.1 суретте көрсетілген.

                              

               5.1 сурет -  Қысқаша тұйықтау тәжірибесі жүргізілетін схема

         Асинхронды электр қозғалтқышы МДС1 модулінің қуат өлшеуіші арқылы бірден МП модуліне қосылады.

         Қозғалтқышты тежеу жарты муфтаның тесігіне қойылатын металл стерженнің көмегімен іске асырылады.

         Кернеуді статор тізбегіне қосымша кедергі қосу арқылы төмендетеді.

         Статор тогы статор кернеуі, электр қозғалтқышының қуаты және қуат коэффициенті МИМ модулімен өлшенеді.

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

-       МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматты ажыратқыштарын

қосыңдар;

-       МДС1 №1  модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен статор тізбегіне, статор

тогы шамамен номиналға тең болғанға дейін кедергі кіргізу керек.          

Мәліметтерді 5.1 кестеге жазыңдар.

5.1 кесте

Тәжірибе мәліметтері

                                      Есептелетін шамалар

Вт

Нм

Ом

Ом

Ом

         Тәжірибені орындап болған соң QF1, QF2 автоматты ажыратқыштарды ажыратыңдар, модульдерді алғашқы қалпына қойыңдар.

Металл стерженьді электр машина агрегатынан шығарыңдар.

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесінің мәліметтері бойынша  болған кездегі жүргізуші токты және жүргізуші моментті анықтаңдар.

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесі кезіндегі үш фазалы активті қуат,

                                         .

         Статор тізбегіндегі электрлік шығын,

                                        .

          кернеу кезіндегі болаттағы шығындар,

                                         ,

мұнда - номинал кернеу кезіндегі болат шығыны, .

         Қысқаша тұйықтау тәжрибесі кезіндегі электр магниттік қуат,

                                         .

Қысқаша тұйықтау тәжірибесі кезіндегі электр магниттік момент,

                                 немесе ,

мұнда - синхронды айналу жиілігі ;

           - синхронды бұрыштық айналу жиілігі, .

                                        ,

мұнда - жұпталған полюстер саны (Б қосымшасы ).

         Номинал кернеу кезіндегі электр магниттік момент,

                                       .

         Жүргізуші моменттің еселігі

                                       

                                       ,

мұнда  және - біліктегі номинал қуат және номинал бұрыштық айналу жиілігі (Б қосымшасы).

         Жүргізуші токтың еселігі

                                        .

1. Бос жүріс тәжірибесі.

         Қозғалтқышты бос жүріс режімінде зерттеу кернеудің номинал кернеуге тең бір мәні үшін жүргізіледі және ол бос жүріс тогының шамасын, сондай- ақ номинал кернеу кезіндегі болаттағы шығынды бағалауға мүмкіндік береді.   

         Бос жүріс тәжірибесін өткізетін схема 5.2 суретте берілген.

                     

         5.2 сурет - Бос жүріс тәжірибесін өткізу үшін арналған схема.

         Статор тогы, статор кернеуі, электр қозғалтқышының қуаты және қуат коэффициенті МНМ модулімен өлшенеді.

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

-       МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтық ажыратқыштарын қосыңдар;

         - МДС1 №1  модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» жағдайдан «0» жағдайға қою керек, кернеу номинал мәнге тең мән қабылдайды, асинхронды қозғалтқыш жүргізіледі.

         Тәжірибе мәліметтерін  5.2 кестеге жазыңдар.

5.2 кесте

Тәжірибе мәліметтері

                                      Есептелетін шамалар

     

  

         Тәжірибені орындап болғаннан кейін QF2, QF1 автоматты ажыратқыштарды ажыратыңдар, модульдерді алғашқы қалпына қойыңдар.

   

         Есептік мәліметтер.

         Қуат коэффициенті :

                                          ,

мұнда - үш фазаның активті қуаты,

                                           .

         Статор тізбегіндегі электрлік шығындар,

                                           .

         Номинал кернеу кезіндегі статор өзекшесіндегі болат шығындары,

                                 ,

мұнда - статор фазасының активті кедергісі,  (Б қосымшасы);

            - асинхронды қозғалтқыштың механикалық шығындары,  (Б қосымшасы);

           - тұрақты ток машинасының механикалық шығындары,

(Б қосымшасы).

         Статор өзекшесіндегі болат шығындары кез-келген басқа кернеу үшін кернеудің квадраты арқылы есептеледі

                                         ,

мұнда  кернеудің кез келген мәні кезіндегі болат шығыны.  

         Салыстырмалы бірліктегі бос жүріс тогы:

                                                

3. Асинхронды қозғалтқыштың параметрлерін есептеу.

         Бос жүріс және қысқаша тұйықтау тәжірибелері асинхронды қозғалтқыштың параметрлерін есептеуге және орынбасу схемасын құруға мүмкіндік береді.

         Бос жүріс тәжірибесінен:

         - магниттелуші тізбектің активті кедергісі ;

         - магниттелуші тізбектің толық кедергісі ;

- магниттелуші тізбектің индуктивті кедергісі .

         Қысқаша тұйықтау тәжірибесінен:

         - толық кедергі  ;

         - активті кедергі ; ;

- индуктивті кедергі .

         Асинхронды қозғалтқыштың «Т» тәріздес схемасы 5.3 суретте көрсетілген.

                                              

                              5.3 сурет -  «Т» тәріздес орынбасу схемасы

 

4. Жұмыстық сипаттаманы түсіру.

         Жұмыстық сипаттамаларды түсіру үшін арналған схема 5.4 суретте көрсетілген.

                                

                   5.4 сурет - Жұмыстық сипаттаманы түсіруге арналған схема

         Асинхронды қозғалтқыш бірден жиілік түрлендіргішіне қосылады.

         Электр қозғалтқышының роторы «жұлдызша» схема бойынша МДС1 №1  кедергілері арқылы қосылады.

         Тұрақты ток қозғалтқышының қоздырушы орамасын қоректендіру МДС2 модулінің RP2 кедергісі арқылы  МП модулінің «220В» шықпасымен іске асырылады.

         Тұрақты ток машинасының якорь тізбегі МДС2 модулінің RP1 кедергісіне қосылады.

         Асинхронды қозғалтқыштың тогын, статор шықпасындағы кернеудің жиілігін, қозғалтқыштың қуатын және қуат коэффициентін өлшеу үшін МНМ модулі қолданылады.

          Якорь тогының ,  якорь кернеуінің  мәндері өлшейтін аспаптардың көмегімен бақыланады.

         Ротор тогын өлшеу МН модулі аспабының көмегімен іске асырылады.

         Агрегаттың ағымдағы айналу жиілігінің мәнін де СМ индикаторымен бақылауға болады.

         Жұмыстық сипаттамалар ротор тізбегіндегі кедергінің бірнеше мәні үшін түсіріледі ( кердергісінің мәндері 50,,,200  болғаны дұрыс)

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

-            МДС1 модулінің SA1 ауыстырып  қосқышымен кедергі қосылады

(мәнін оқытушы береді);

-                     МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар, асинхронды қозғалтқыш жүргізіледі;

- ТТГ жүктеме міндетін МДС2 модулінің RP1 кедергісі атқарады.

         - МДС2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен кедергіні ТТГ якорь тогы () тең болғанға дейін азайтып, ТТГ жүктемесін өсіріңдер. Бұдан артық жүктеме беруге болмайды! SA1 «0» қоюға болмайды!

- Ротор тізбегіндегі кедергіні өзгертіп, тәжірибені қайталаңдар.   

         Асинхронды қозғалтқыш, сондай-ақ генератор жағындағы тәжірибе мәліметтерін 5.3 кестеге жазыңдар.

         Тәжірибені орындап болған соң модульдердің барлығының ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңдар, QF2, QF1 автоматты ажыратқыштарды ажыратыңдар.

         Электр қозғалтқышының айналу жиілігі,

                                              .

         Асинхронды қозғалтқыштың статор орамасындағы электр шығындары,

                                           ,

мұнда - статор фазасының активті кедергісі, қозғалтқыштың төл құжаттық мәліметтерінде келтіріледі (Б қосымшасы ), .

         Номинал кернеу кезіндегі статор өзекшесіндегі болат шығыны,

                                ,

- тұрақты ток қозғалтқышының механикалық шығыны,  (Б қосымшасы);

- асинхронды қозғалтқыштың механикалық шығындары, (Б қосымшасы).

           кернеу кезіндегі болаттағы шығындар,

                                     .

         Электрмагниттік қуат,

                                    .

         Сырғанау

                                     немесе .

         Ротор орамасындағы электр шығындары

                                   .

        Ротордағы қосымша кедергілердегі электр шығындары,

                                 .

         Қозғалтқыштың толық шығыны,

                                  .

        Қозғалтқыштың білігіндегі пайдалы момент,

                                  .

        Қозғалтқыштың электрмагниттік  моменті,

                                  ,

мұнда - электр қозғалтқышының синхронды бұрыштық айналу жиілігі, .

5.3 кесте

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

,

         Пайдалы әсер коэффициенті,

.

          Қуат коэффициенті (есептік):

.

         Тұрақты ток генераторының электрмагниттік моменті,

,

мұнда - графиктен алынады (В қосымшасы).

         ТТГ бос жүріс моменті,

,

мұнда - бос жүріс тогы, тұрақты ток машинасының графигінен алынады В қосымшасы) және ол ТТГ механикалық шығыны мен болаттағы шығынға пропорционал болады, .

          ТТГ біліктегі толық моменті,  

.

          ТТГ біліктегі пайдалы қуаты,

.

          Жұмыстық сипаттамалар график түрінде бейнеленген статор тогының, желіден тұтынатын активті қуаттың, айналу жиілігінің, сырғанаудың, электрмагниттік моменттің, ПӘК және қуат коэффициентінің қозғалтқыш білігіндегі пайдалы қуатқа тәуелділігін көрсетеді:

            бұл кезде  және .

         Тәжірибе мәліметтері бойынша механикалық  және электрмеханикалық сипаттамаларды тұрғызыңдар.

         Бақылау сұрақтары.

         1. Асинхронды қозғалтқыштың айналу бағытын қалай өзгертуге болады?

         2. Қоректендіруші желінің кернеуі төмендеген кезде асинхронды қозғалтқыштың моменті қалай өзгереді?

         3. Синхронды  айналу жиілігі кезінде асинхронды қозғалтқыш момент туғыза ала ма, яғни ол синхронды жиілікпен айнала ала ма?

         4. Кернеуді өзгергенде және қозғалтқыштың білігіндегі жүктеме өзгермеген кезде қозғалтқыштың статор тогы қалай өзгереді?

  5.   тәуелділігінің   физикалық   мағынасын   түсіндіріңдер?

         6. Ротор тізбегіндегі қосымша кедергінің мәні моменттің шамасына қалай әсер етеді?

  7. Ротор тізбегіндегі қосымша кедергінің мәні механикалық сипаттаманың қатаңдығына қалай әсер етеді?

Зертханалық жұмыс   №6. Асинхронды машинаны асинхронды генератор режімінде зерттеу

         Жұмыстың мақсаты: асинхронды машинаны генератор режіміндегі жұмысы үшін қосу әдісін оқып үйрену. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық қасиеттерін зерттеу.                      

         Жұмыс бағдарламасы.

         1. Асинхронды генераторды эксперимент арқылы зерттеу үшін схеманы оқып үйрену.

2. Асинхронды қозғалтқыш пен тұрақты ток қозғалтқышын жүргізіп көру.

         3. Асинхронды қозғалтқышты асинхронды генератор режімінде зерттеу.

4. Эксперимент мәліметтерін өңдеу және жұмыс бойынша қорытынды жасап, есеп беруге дайындалу

Жұмысқа түсініктеме.

         Зертханалық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:

         - стендті қоректендіретін модуль (МПС);

         - қоректендіруші модуль (МП);

         - автотрансформатор модулі (ЛАТР);

         - күштік модуль (СМ);

- қосымша кедергілер модулі №2 (МДС2);

- қуат өлшейтін модуль (МНМ);

- өлшеу модулі (МН).

         Зертханалық жұмысты жүргізбес бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіру керек:

-       ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын төменгі қалыпқа қойыңдар, автотрансформатордың тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұрап ең шеткі қалпына қойыңдар;

- МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «1100» қойыңдар.

         Зерттелетін асинхронды машина электр машина агрегатына кіреді, оған зерттелетін генератор М1 жетектік қозғалтқыш - тұрақты ток машинасы М2 және жылдамдықтың импульстік датчигі М3 кіреді.

         1. Жұмыстық сипаттамаларды түсіру.

         Жұмыстық сипаттама асинхронды генераторға берілетін қуаттың Р1, фазалық токтың  ПӘК , сырғанаудың S асинхронды қозғалтқыш желіге беретін толық активті қуатына  тәуелділігін көрсетеді.

         Асинхронды машинаны айнымалы ток желісіне асинхронды генераторды желіге бірден қосу жолымен қосу үшін 6.1 суретте көрсетілген схеманы жинайды.

         Тұрақты ток қозғалтқышының қоздырушы орамасын қоректендіру қоректендіруші модульдің «220В» шықпасымен іске асырылады. Қоздырушы орамаға тізбектен МДС2 модулінің RP2 қосымша кедергісі қосылады.

   ТТҚ якорь тізбегін қоректендіру үшін автотрансформатор модулі қосылады.

         Жылдамдықтың мәнін күштік модульдің индикаторы арқылы бақылау керек.

         Якорь тогының , якорь кернеуінің  мәнін өлшеуші модульдің аспаптарының көмегі арқылы анықтауға болады. Статор тізбегінің параметрлерін бақылау үшін асинхронды электр қозғалтқышына тізбектеп қуат өлшеуіші (МНМ) қосылады.

       2. Жүргізіп көру.

         QF1 және QF2 автоматтарын біртіндеп қосып асинхронды қозғалтқышты жүргізіп көру керек. Сонымен бірге ТТҚ якорь тогын бақылау керек. Егер якорь тогының мәні 1 А көп болса, онда QF2 және QF1 автоматтарын қосып және ТТГ қоздырушы орамасының полярлығын ауыстыру керек. МДС2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «0» ауыстырып қою керек.

   3. Жұмыстық сипаттамаларды түсіру.

         Жұмыстық сипаттамалар статор тогының, біліктегі қуаттың, ПӘК және желіге берілетін активті қуатқа тәуелділігін көрсетеді.

         Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

-       QF1 және QF2 автоматтарын қосыңдар - асинхронды қозғалтқыш жүргізіледі.

-        Автотрансформатордың SA1 ауыстырып қосқышын жоғарғы қалыпқа ауыстырып қосыңдар.

 

                     

6.1 сурет - Асинхронды генераторды зерттейтін схема

-       Якорьдегі кернеуді өзгертіп ТТҚ жылдамдығын асинхронды машина синхронды бос жүріс жылдамдығына жеткенге дейін өсіріңдер;

-       Якорь кернеуін әрі қарай өсіру немесе қоздырушы ораманың тогын азайту асинхронды машинаның асинхронды генератор режіміне өтуіне және желіге активті қуат беруіне әкеледі. Асинхронды генераторды ТТҚ якорь тогы номинал токқа (1,3 А) тең болғанға дейін жүктеу керек.

         Тәжірибе мәліметтері 6.1 кестеге жазылады.

6.1 кесте

                                           Асинхронды генератор жағынан

         Тәжірибе мәліметтері

                  Есептелетін шамалар

                                                        ТТҚ жағынан

Тәжірибе мәліметтері

                            Есептелетін шамалар

         Тәжірибені орындап болғаннан кейін барлық модульдерді алғашқы қалпына келтіріңдер.

         Асинхронды қозғалтқыш жағынан есептелетін мәліметтер.

         Асинхронды генератор айнымалы ток жүйесіне беретін толық активті қуат,

                                      ,

мұнда  - асинхронды машинаның бос жүріс шығыны (Б қосымшасы), .

         Статор орамасындағы шығындар,

,

мұнда - статор орамасының кедергісі (Б қосымшасы).

         Асинхронды генератордың қуат коэффициенті:

 .

         Асинхронды генератордың сырғанауы:

 .

         Асинхронды генератордың ПӘК

.

         Асинхронды генератордан тұрақты ток қозғалтқышына берілетін қуат (осы қозғалтқыштың есептік мәліметтері бойынша анықталады),

 .

         Тұрақты ток қозғалтқышының білігіндегі пайдалы момент,

.

         Тұрақты ток қозғалтқышы тудыратын, электрмагниттік момент,

.

         Тұрақты ток қозғалтқышының бос жүріс моменті,

,

 коэффициенті және  бұрыштық айналу жиілігіне байланысты қоздырушы токты ескере отырып В қосымшадағы графиктен алынады.

         Есептелген мәліметтер бойынша асинхронды генератордың жұмыстық сипаттамаларын тұрғызу керек:

,,,, бұл кезде ;.

                                

Бақылау сұрақтары.

1. Асинхронды генератордың синхронды генератормен салыстырғандағы құндылығы мен артықшылығы неде?

2. Асинхронды генератордың кемшіліктерін көрсетіңдер.

3. Айнымалы ток желісінсіз асинхронды генератор істей ала ма?

4. Асинхронды генераторда магнит өрісі қалай құрылады?

5. Асинхронды генераторды пайдаланатын аймақтар.

         6. Асинхронды генератор режімінде сырғанау қандай аралықта өзгереді?

         7. Асинхронды генератор режімінде ротордың айналу жиілігі қалай өзгереді?

         Зертханалық жұмыс  №7. Үш фазалы синхронды генераторды зерттеу

         Жұмыстың мақсаты: үш фазалы синхронды генератордың жұмыстық сипаттамаларын тәжірибелік сипаттамаларын түсіру және құру жолымен зерттеу.

         Жұмыстың бағдарламасы. 

         1. Синхронды генератордың сипаттамаларын түсіру үшін схеманы оқып үйрену;

2. Генератордың бос жүріс сипаттамасын түсіру;

3. Генератордың үш фазалы қысқаша тұйықтау сипаттамасын түсіру;

4. Генератордың шықпалық сипаттамасын түсіру;

5. Генератордың реттемелік сипаттамасын түсіру;

6. СГ синхронды индуктивті кедергісін анықтау.

        Жұмысқа түсініктеме.

         Берілген зертханалық жұмыста келесі модульдер дайындалады:

- стендті қоректендіру модулі (МПС);

- қоректендіру модулі (МП);

- автотрансформатор модулі (ЛАТР);

- қосымша кедергілер модулі №1 (МДС №1);

- қосымша кедергілер модулі №2 (МДС №2);

- өлшеу модулі (МН);

- күштік модулі (СМ);

         Зерттелетін синхронды генератор (М1) электр машиналық агрегат құрамына кіреді, ол сондай- ақ тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток машинасынан (М2) және айналу жиілігінің импульстік дачигінен (М3) тұрады.  

         Жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына қою керек:

-       ЛАТР модулінің тұтқасын алынатын кернеудің минимум мәніне қою керек (сағат тіліне қарсы ең шеткі қалпы);

-       ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын төменгі қалпына ауыстырыңдар;

-       МДС №1 және МДС №2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қойыңдар;

- МДС №2 модулінің SA2 ауыстырып қосқышын «1100» қою керек.

1. Синхронды генератордың бос жүріс сипаттамасы.

         СГ бос жүріс сипаттамасы статор орамасындағы ЭҚК ротордың айналу жиілігі тұрақты және жүктеме болмаған кездегі қоздырушы токқа тәуелділігін көрсетеді:

                                      , , .

 

         Тәжірибені жүргізуге арналған схема 7.1 суретте берілген.

                                 

                        7.1 сурет - Бос жүріс тәжірибесі үшін берілген схема

         Жетектік қозғалтқыш ретінде қолданылатын тұрақты ток қозғалтқышының якорь тізбегі ЛАТР модуліне қосылады, ал қоздырушы орама реттелмейтін тұрақты кернеу көзіне  қосылады.

         Синхронды генератордың қоздырушы тогын реттеу үшін қоздырушы орама тізбегіне МДС №1 модулінің реттелетін кедергісі қосылады.

         Генератордың қоздырушы тогы мен кернеуін өлшеуіші ретінде өлшеу модулінің РА1 амперметр және сандық мультиметр қолданылады.

     Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:

-       барлық модульдердің ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойыңдар;

-       стендті қоректендіруші модуьлдердің QF1 және QF2 автоматты ажыратқыштарын қосып ЛАТР-ға кернеу беру керек;

- ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын жоғары қаратып қойып және осы модульдің тұтқасын бұрау арқылы, бұл кезде электр қозғалтқышының айналу жиілігі 1500 айн/мин болатындай кернеу беру керек; 

-       МДС №1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышының тұтқасын бұрап, генератордың шықпалық кернеуін  бақылай отырып, синхронды генератордың қоздырушы тогын өсіру керек. Қоздырушы токты, статор кернеуі 380В тең болғанға дейін өсіру керек.

         Тәжірибе нәтижесін 7.1 кестеге жазыңдар.

7.1 кесте

          

 Тәжірибені орындап болған соң МДС №1 модулінің SA ауыстырып қосқышын «» қойып, тұрақты ток қозғалтқышын тоқтатып, QF2,QF1 автоматтарын ажыратыңдар.

         2.Үш фазалы қысқаша тұйықтау тәжірибесі.

         Бұл тәжірибе қалыптасқан үш фазалы қысқаша тұйықтау сипаттамаларын алу үшін жүргізіледі, ол статор орамасындағы  тоқтың генератор тұрақты жиілікпен айналып тұрған кездегі СГ қоздырушы тогына тәуелділігін көрсетеді.

, , .

         Тәжірибе жүргізу үшін арналған схема 7.2 суретте берілген.

         Тәжірибені орындау тәртібі:

-  барлық модульдердің ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойып, сонан соң МДС №1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын        0 Ом кедергіге қою керек;

         - стендті қоректендіруші QF1 және QF2 автоматты ажыратқыштарын қосып ЛАТР-ға кернеу беріңдер;

-       ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын жоғары қаратып қойып және осы модульдің тұтқасын бұрап, бұл кезде электр қозғалтқышының айналу жиілігі 1500 айн/мин тең болатындай кернеу беру керек;

-       МДС №2 модулінің RP1 және RP2 резисторының көмегімен генератордың қоздырушы тогын өзгертіп генератордың статор орамасындағы тогын бақылау керек, нәтижелерін 7.2 кестеге жазыңдар. Статор тогы генератордың номинал тогынан аспауы керек. Қоздырушы токты бірқалыпты реттеу үшін МДС №2 модулінің RP2 кедергісінің бір мәні үшін RP1 кедергісін өзгерту керек;

         - тәжірибені орындап болған соң тұрақты токтың электр қозғалтқышын тоқтатып, QF2, QF1 автоматтарын ажырату керек.

7.2 кесте

,

,

 

3. СГ шықпалық сипаттамасы.

         Генератордың шықпалық сипаттамасы генератордың қысқаштарындағы кернеудің СГ қоздырушы тогы, қуат коэффициенті және айналу жиілігі тұрақты болған кездегі жүктеме тогына тәуелділігін көрсетеді:

, , , .

 

                     

 7.2 сурет - Үш фазалы қысқаша тұйықтау тәжірибесі үшін арналған схема

         Шықпалық сипаттаманы таза активті жүктеме үшін кернеуді төмендетіп түсіреді, яғни бос жүріс кезінде кернеу мен СГ қоздырушы тогы қойылады және олар бұл кезде өзгеріссіз ұсталыптұрады.

         Тәжірибе жүргізу үшін арналған схема 2 суретте келтірген.

         Тәжірибені жүргізу реті:

         - барлық модульдердің ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойып, сонан соң МДС №2 модулінің RP1 кедергісін 160 Ом қою керек;

-       стендті қоректендіруші және қоректендіруші модульдердің QF1 және QF2 автоматты ажыратқыштарды қосып ЛАТР-ға кернеу беру керек;

-       ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын жоғары қаратып қойып және осы модульдің тұтқасын бұрау арқылы, бұл кезде электр қозғалтқышының айналу жиілігі 1500 айн/мин болатындай кернеу беру керек;

-       МДС №2 модулінің SA1 және SA2 ауыстырып қосқышымен, бұл кезде генератордың шықпалық кернеуі 380 В тең болатындай генераторға қоздырушы ток беру керек. Егер қоздырушы ток  болса МДС №2 модулінің RP2 кедергісінің «0» қойып, қоздырушы токты МДС №2 модулінің RP1 кедергісімен реттеу керек. Қоздырушы ток 1 А аспау.

МДС №1 модулінің RP1 кедергісін өзгертіп,  тогын және  кернеуін бақылап отырып, генераторға жүктеме беру керек. Статор тогы 1 А аспауы керек. Нәтижелерін 7.3 кестеге жазу керек;

-       тәжірибені орындап болған соң МДС №1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қойып, тұрақты ток қозғалтқышын тоқтатады, QF2,QF1 автоматтарды ажыратады.

7.3 кесте

,

,

,

4. Синхронды генератордың реттемелік сипаттамасы.

         Генератордың бұл сипаттамасын статор орамасының қысқаштарындағы кернеу, қуат коэффициенті және айналу жиілігі тұрақты болған кездегі СГ қоздырушы тогының жүктеме тогына тәуелділігін көрсетеді

                  бұл кезде , , .

         Тәжірибені орындауға арналған схема 7.2 суретте көрсетілген.

         Тәжірибе келесідей ретпен жүргізіледі:

-       барлық модульдердің ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қойып, сонан соң МДС №2 модулінің RP1 кедергісін 160Ом қою керек;

-       стендті қоректендіруші және қоректендіруші модульдердің QF1 және QF2 автоматты ажыратқыштарды қосып ЛАТР-ға кернеу беру керек;

-       ЛАТР модулінің ауыстырып қосқышын жоғары қаратып қойып және осы модульдің тұтқасын бұрау арқылы, бұл кезде электр қозғалтқышының айналу жиілігі 1500 айн/мин болатындай кернеу беру керек;

-       МДС №2 модулінің RP1 және RP2 кедергілерін өзгертіп, бұл кезде генератордың шықпалық кернеуі 200,,,,220В тең  болатындай генераторға қоздырушы ток беру керек;

-       МДС №1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен генераторға жүктеме беру керек, ал генератордың қоздырушы тогын өзгертіп генератордың шықпалық кернеуінің өзгермеуіне қол жеткізу керек. Нәтижелерін  7.4 кестеге жазыңдар. Статор тогы 1 А көп болмауы керек. МДС  №1 модулінің SA1ауыстырып қосқышын «0» қоймау керек;

-       тәжірибені орындап болған соң МДС №1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қойып, тұрақты ток қозғалтқышын тоқтату керек,  содан соң QF2,QF1 автоматтарын ажыратыңдар.

7.4 кесте

5. СГ синхронды индуктивті кедергісін анықтау.

         Тәжірибенің бос жүріс және үш фазалы қысқаша тұйықтау сипаттамалары бойынша синхронды индуктивті кедергілердің қанықпаған мәндерін анықтау керек , себебі ротор айқындалмаған полюсті.

         ОА түзуі  - түзетілген қанықпаған бос жүріс сипаттамасы. Қоздырушы токтың бір мәні үшін үш фазалы қысқаша тұйықтау сипаттамасы бойынша  токтың және түзетілген қанықпаған бос жүріс сипаттамасы бойынша Е мәндерін анықтаймыз.

                          

                   7.3 сурет - Синхронды индуктивті кедергіні анықтау

                                           

         Бұл кедергіні салыстырмалы бірлікте көрсетсек

.

          Бақылау сұрақтары.

         1. СГ бос жүріс сипаттамасының түзу сызықты болмауын  немен түсіндіруге болады?

2. СГ жүктеме кезінде кернеуінің азаюын немен түсіндіруге болады?

3. Берілген СГ не себептен синхронды индуктивті кедергілер  шамамен бір - біріне тең болады?

         4. Синхронды машинаның якорь реакциясы деген не?

         5. СГ бос жүріс сипаттамасы деген не?

         6. СГ қысқаша тұйықтау сипаттамасы деген не?

         7. СГ шықпалық сипаттамасы деген не?

         8. СГ реттемелік сипаттамасы деген не?

         9. Синхронды машинада қандай шығындар болады?

            Зертханалық жұмыс №8. Үш фазалы синхронды қозғалтқышты зерттеу

                   Жұмыстың мақсаты: үш фазалы синхронды қозғалтқышты (СҚ) асинхронды жүргізумен танысу және оның жұмыстық қасиеттерін тәжрибелік сипаттамаларын түсіру жолымен зерттеу.

         Жұмыстың бағдарламасы.

         1. Синхронды қозғалтқышты (келешекте СҚ) эксперименттік зерттеу үшін арналған схеманы және жұмыс барысында пайдаланылатын модульдердің құрамы мен атқаратын міндеттерін оқып үйрену.

2. Асинхронды жүргізуді іске асыру.

3. СҚ жұмыстық сипаттамаларын түсіру.

4. СҚ - тәріздес сипаттамасын түсіру.

5. Эксперимент мәліметтерін өңдеу, есеп беруге дайындалу және жұмыс бойынша қорытынды жасау.  

              

         Жұмысқа түсініктеме беру.

         Зертханалық жұмыста келесідей модульдер дайындалады:

- стендті қоректендіру модулі (МПС);

- қоректендіру модулі (МП);

- автотрансформатор модулі (ЛАТР);

- күштік модулі (СМ);

- қосымша кедергілер модулі №2 (МДС №2);

- қуат өлшеу модулі (МНМ);

- өлшеу модулі (МН).

         Зертханалық жұмысты жүргізбес бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіру керек:

         - ЛАТР модулнің SA1 ауыстырып қосқышын төмен түсіріп, автотрансформатордың тұтқасын сол жақтағы ең шеткі қалпына қою керек;

-         МДС №1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «» қою керек.

         Зерттелетін синхронды қозғалтқыш электр машина агрегатының құрамына кіреді, оған зерттелетін қозғалтқыш М1, жүктемелік генератор - тұрақты ток машинасы М2, жылдамдықтың импульстік датчигі М3 кіреді.

         1. Синхронды қозғалтқышты асинхронды жүргізу.

         Синхронды қозғалтқышты асинхронды жүргізуге арналған схема 8.1 суретте берілген.

         СҚ жүргізудің ерекшелігі, асинхронды жүргізген кезде СҚ роторын синхрондығы аз жақын жылдамдыққа дейін айналдыру керек және қоздырушы ток  алу үшін қоздырушы ораманы (роторды) тұрақты токтың кернеу көзіне қосу керек.

                            

8.1 сурет - СҚ асинхронды жүргізу және жұмыстық сипаттамаларын

түсіруге арналған схема

         Берілген жұмыста синхронды қозғалтқыштың ролін фазалық роторлы асинхронды М1 қозғалтқышы атқарады, оның ротор тізбегі автотрансформатордың реттелетін тұрақты ток көзіне қосылған. Ротор тізбегіндегі тұрақты ток  ЛАТР модулінің РА амперметрімен өлшенеді.     Ротор тізбегін қосу автотрансформатор модулінің SA1 ауыстырып қосқышы арқылы іске асырылады.

         АҚ статор орамасы қуат өлшейтін модуль арқылы бірден желіге қосылады.

         СҚ жүктеме ретінде жүктемелік машина режімінде жұмыс істейтін тұрақты ток қозғалтқышы (ТТҚ) М2 қолданылады. Тұрақты ток машинасының якорь тізбегі МДС №2 кедергісіне қосылады.

         Тұрақты ток қозғалтқышының қоздырушы орамасын қоректендіру қоректендіруші модульдің «=220В» қысқаштарымен іске асырылады.

         Якорь тогын өлшеу, өлшеу модулінің РА1 аспабының көмегімен іске асырылады.

         Агрегаттың ағымдағы айналу жиілігінің мәнін СМ модуліндегі индикатормен бақылайды.

         Асинхронды жүргізу келесідей ретпен жүргізіледі:

-       МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосу керек, синхронды машина синхрондыға жақын жылдамдықпен айналады;

         - ЛАТР модулінің SA1 ауыстырып қосқышын жоғары көтеріп қойып, автотрансформатордың тұтқасын өзгертіп, РА аспабы бойынша ротор тогының өзгеруін және СҚ синхрондылыққа кіруін бақылау керек. СҚ синхронды айналғаннан соң, оның жұмыстық сипаттамаларын түсіруге болады.

2. Синхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары.  

Жұмыстық сипаттама  және  болған кезде , ,  және  тәуелділіктерін көрсетеді. Жұмыстық сипаттамаларды түсіруге арналған схема 8.1 суретте көрсетілген.

Жұмыстық сипаттамаларды түсіру келесідей ретпен жүргізіледі:

-  СҚ қоздырушы тогын  қою керек, кернеу диодпен түзетілгеннен кейін шықпалық кернеуден  өзгеше болатынын ескеру керек.

;    

-  МДС №2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен ТТГ жүктемесін синхронды қозғалтқыш синхрондықтан шыққанға дейін немесе ТТГ якорь тогы номинал мәнге  жеткенге дейін өсіру керек. Қозғалтқышқа осы мәннен үлкен  жүктеме беруге болмайды! (SA1 нөлге қоюға болмайды!).

         Тәжірибені орындап болған соң модульдерді алғашқы қалпына қойып,QF1 және QF2 автоматтарын ажыратыңдар.

           Есептелетін шамалар.

- СҚ берілетін толық активті қуат, ;

.

8.1 кесте

                                        Синхронды қозғалтқыш жағынан

Тәжірибе мәліметтері

                            Есептелетін шамалар

8.2 кесте

                                        Тұрақты ток генератор жағынан

Тәжірибе мәліметтері

                            Есептелетін шамалар

         - СҚ қуат коэффициенті:

  ,

         - статор орамасындағы электрлік шығындар;

                                                  

- Б қосымшадан, ал болаттағы шығындар асинхронды қозғалтқышты зерттеген кездегі алынған мәліметтерден алынады;

         - СҚ электрмагниттік қуаты;

;

         - электр қозғалтқышының синхронды бұрыштық айналу жиілігі, рас/с:

                                                       ;

         - СҚ дамытатын, электромагниттік (толық) момент:

                                                      ;

         - СҚ бос жүріс моменті;

;

- Б қосымшадан алынады және асинхронды қозғалтқыштың механикалық шығындарына  тең;

          - СҚ пайдалы моменті;

.

         - СҚ білігіндегі пайдалы қуат,

 .

         - синхронды қозғалтқыштың ПӘК:

                                                   .

         СҚ білігіндегі пайдалы қуатты, сондай-ақ ТТГ жағынанда анықтауға болады:

         - ТТГ электрмагниттік моментті, :

                                                     .

          - ТТГ бос жүріс моменті, :

                                                     .

 - ТТГ қоздырушы тогы мен айналу жиілігіне сәйкес Б қосымшадан алынады;

          - СҚ пайдалы моменті;

                                                      .

         - СҚ білігіндегі пайдалы қуат, ;

                                                     .

         Тәжірибе мен есептік мәліметтер бойынша СҚ жұмыстық сипаттамаларының тәуелділіктерін тұрғызады:   және .

 

         3. СҚ   - тәріздес сипаттамалары.

          - тәріздес сипаттама жүктеме моменті  болған кездегі статор тогының  және  қоздырушы токқа  тәуелділігін көрсетеді:

                                                  ,.

         СҚ   - тәріздес сипаттамаларын түсіру үшін арналған схема 8.1 суретте көрсетілген.

         СҚ   - тәріздес сипаттамаларының сыртқы түрі 8.2 суретте көрсетілген.

                                

                   8.2 сурет - СҚ   - тәріздес сипаттамасының сыртқы пішіні

СҚ   - тәріздес сипаттамасын түсіру келесідей ретпен жүргізіледі:

- СҚ асинхронды жүргізуді іске асыру;

- СҚ қоздырушы тогын  қою керек;

         - МДС №2 модулінің SA1 ауыстырып қосқышымен жүктеме тогын  қою керек, ол  сәйкес келеді;

-         Автотрансформатордың тұтқасымен қоздырушы токты өсіру керек.

8.3 кесте

,

,

,

,

,

 

        Жүктеме тогын  дейін өсіріп тәжірибені қайталау керек.

         Тәжірибе мәліметтерін 3 кестеге жазыңдар.

         Тәжірибені орындап болған соң модульдерді алғашқы қалпына қойып және QF1 және QF2 автоматтарын ажырату керек.

         8.3 кестенің мәліметтері бойынша - тәріздес сипаттамаларды тұрғызыңдар.

          Бақылау сұрақтары.

         1. Қозғалтқыштың синхронды айналысқа келгенін қандай белгілер бойынша анықтауға болады?

         2. Кернеуді тиристорлық реттегіштің SA3 ауыстырып қосқышымен қандай белгілер бойынша СҚ қоздырушы тогын қосады?

3. СҚ идеал бос жүріс режімде жұмыс істеп тұрғанын қандай аспап бойынша анықтауға болады?

4. Қоздырушы токты реттеген кезде СҚ статор тогы неге өзгереді?

         5. Жүктеме өзгерген кезде  және   қоздырушы токқа  тәуелділігінің сипаты қалай өзгереді?

6. СҚ синхрондылықтан шығу деген не, қандай жағдайда және синхрондылықтан шығудың сыртқы белгілері қандай?

         7. Қандай жағдайда СҚ қалатын, ал қандай жағдайда озатын статор тогымен жұмыс істейді?

8. Статор тогы мен  қоздырушы токқа қалай тәуелді болады?

А  қосымшасы

Электр машинасының құжаттық және есептік мәліметтері

А.1 кесте - Тұрақты ток машинасының құжаттық мәліметтері

           Параметрлердің атауы

                        Мәндері

Типі

ПЛ-072

Қуаты,

180

Якорь орамасын қоректендіретін номинал кернеу,

220

Қоздырушы ораманы қоректендіретін номинал кернеу,

200

Номинал айналу жиілігі,

1500

Якорьдің номинал тогы,

1,3

ПӘК

0,63

Массасы, кг

7,65

Якорь орамасының кедергісі  (есептік шамасы),

17,5

Қоздырушы ораманың кедергісі  (есептік шамасы),

820

Механикалық шығындар, ,

15

А.2 кесте - фазалық/ қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың құжаттық және есептік мәліметтері

           Параметрлердің атауы

                        Мәндері

Типі

Қуаты,

370

Статор орамасын қоректендіретін номинал кернеу,

380

Номинал айналу жиілігі,

1320/1370

Статор фазасының номинал тогы,

1,18/1,37

0,7

Номинал момент,

1,4

Статордың активті кедергісі ,

19

Механикалық шығындар, ,

11

Бос жүріс моменті, ,

0,07

Номинал кернеу кезіндегі статор өзекшесіндегі шығындары, ,

4,75

Ескерту! Табиғи, сондай-ақ жасанды механикалық шығындарды, төмендетілген кернеу кезінде түсірген дұрыс, сонан соң формула бойынша моментті қайта есептеу керек

, .

А.3 кесте - Импульстік жылдамдық датчигінің құжаттық мәліметтері

           Параметрлердің атауы

                 Мәндері

Типі

Қоректендіру кернеуі,

5

Рұқсат етуші қабілеті,

4,75

                                       Б қосымшасы

ПЛ-072УЗ тұрақты ток машинасының  және  тәуелділіктері.

                               

В қосымшасы

Трансформатордың құжаттық және есептік мәліметтері

В.1 кесте

           Параметрлердің атауы

                 Мәндері

Типі

ОСМ-0,16. УЗ

Қуаты,

160

Трансформатордың бірінші реттік орамасының номинал кернеуі,

220

Трансформатордың екінші реттік орамасының номинал кернеуі,

42

 кезіндегі трансформатордың бірінші реттік орамасының активті кедергісі, ,

5,7

 трансформатордың екінші реттік орамасының активті кедергісі, ,

1,2

Әдебиеттер тізімі

1.Алиев И.И. Электрические машины. Учебно-справочное пособие.-М.: «ИП РадиоСофт», 2011

2. Мальц  Э.Л. Электротехника и электрические машины.-СПб.: «Корона Век»,2010.

3. Жумагулов К.К. Электр машинасы.- Дәрістер жинағы. Алматы: АИЭС,2008.

4. Вольдек А.И. Электрические машины. Электрические машины переменного тока.-СПб.: Питер, 2008.-352с.

5. Набиев Ф.М. Электрические машины.-М.,2009

6. Вольдек А.И. Электрические машины. Введение в электромеханику. Машины постоянного тока и трансформаторы.- СПб.: Питер, 2007.-320с.

7. Иванов-Смоленский А.В. Электрические машины. М.: Высшая школа, 2006.

8. Беспалов В.Я. Электрические машины.М.: «Академия» , 2010.

9. Иванов-Смоленский А.В. Электричсекие машины. Т.1.-М.,2006.

10.Сылкин М.И. Электрические машины.-А.,2005

2013 ж. жиынтық жоспары, реті 20

Сагитов Пулат Исмаилович
Гали Какимжан Оралович
Шидерова Раушан Манаповна

ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРЫ
5В071800 – Электр энергетикасы
мамандығының студенттері үшін
зертханалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. 2- бөлім.

Редактор А.А. Дуйсебаева
Стандарттау бойынша маман Молдабекова Н.Қ.

__.__.___ басуға қол қойылды
Пішіні 60х84  1/16
Таралымы 500 дана.
№1 баспа қағаз
Көлемі 3,8 оқу.-бас. ә.
Тапсырыс ___. Бағасы  1900 тг.  

«Алматы энергетика және байланыс университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі – көбейткіш бюросы
050013, Байтұрсынұлы көшесі, 126