КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

«Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» кафедрасы

 

 

«БЕКІТЕМІН»

                                                                                 Оқу-әдістемелік жұмыс

                                                                                     жөніндегі проректор

   __________Э.А.Серіков

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКА БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМА

 

210340  «Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру» мамандығының 5 курс студенттері үшін

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

ОӘБ бастығы                                              Кафедра мәжілісінде қаралды

_________ О.З.Рутгайзер                           және құпталды____________

«_____»_________2006ж                           «__»________2006ж

                                                                         хаттама

 

Редакторы                                                    Кафедра меңгерушісі

_________Ж.А.Байбураева                         ____________М.В.Башкиров

«_____»_________2006ж                                 

 

                                          Құрастырушылар:

                                                                    ___________ М.В.Башкиров

                                                        ___________ Б.М.Мұхтар

 

 

 

 

 

Алматы 2006 ж.

 

 

 

 

                                                                                              АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

 

                                            Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау кафедрасы

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКА БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМА

 

210340  «Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру» мамандығының 5 курс студенттері үшін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Алматы 2006 ж.

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: М.В. Башкиров., Б.М.Мұхтар. Диплом алдындағы практика бойынша бағдарлама (210340 - Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру мамандығының 5 курс студенттері үшін).- Алматы: АЭжБИ, -2006.- 12 б.

 

 

 

 

 

Бесінші курс студенттерінің диплом алдындағы практикасы 210340  «Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда оқу үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Практиканың ұзақтығы- 6 апта, 9-семестрде өткізіледі.

 

Пікірші: техн. ғыл. канд., доцент С.А. Бұғыбаев.

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2006 жылғы қосымша жоспары бойынша басылған.

 

 

 

 

 

 

                © Алматы энергетика және байланыс институты, 2006ж.

 

   

Мазмұны

 

 Кіріспе……………………………………………………………….....4

1 Өндірістік практиканың мақсаты және міндеттері…….…………..4

2 Практиканы ұйымдастыру…………………………………………..5

2.1 Практиканың кафедрадағы жетекшісінің міндеттері……..5

2.2 Практиканың кәсіпорындағы жетекшісінің міндеттері .....6

2.3 Студент-практиканттың құқығы және міндеттері.………..6

3 Практика мазмұны...…………………………………………………7

4  Практиканы қорытындылау.……………………………………..…9

Әдебиеттер..……………………………………………………………10

 

 

 

   

 

 

 

Кіріспе.Практика өтуінің периоды мен мерзімдері

 

Бесінші курс студенттерінің диплом алдындағы практикасы 210340 – Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру мамандығы бойынша мамандарды дайындау кезіндегі дипломдық жобалаудың құраушы бөлімдерінің бірі болып табылады, практика кезінде дипломдық жобалауға материалдар жинау, теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, өндірістік ұжымда тәрбие жұмысы мен ұйымдастыру тәжірибесін алу болып табылады.

Практиканы өткізу үшін теориялық негізі келесі курстарды оқу болып табылады: релелік қорғаныс, электртехникалық теориялық негіздері, өтпелі кезеңдері, РҚА элементтері, энергетикалық жүйелер автоматикасы, электрлік машиналар, автоматтық басқару теориясы, ЭЖ жұмыс режимдері.

Практика студенттермен 10 семестр бойынша өткізіледі.

Практика ұзақтығы – 3 апта.

Өндірістік практика бойынша келісілген және бекітілген жұмыс бағдарламасы кафедра, кәсіпорын, студент – практикант үшін орындалуы міндетті құжат болып табылады.

 

 

1       Практиканың мақсаттары мен міндеттері

 

Практиканың мақсаты дипломдық жобалау үшін материалдарды жинау, теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, ұжымда ұйымдастыру және тәрбие жұмысы тәжірибесін алу, сонымен қатар «Релелік қорғаныс пен электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру» мамандығы бойынша инженер – электрик алғашқы қызметінде өздік жұмысқа тікелей практикалық дайындық болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес практиканың міндеттері арнайы курстарды оқып үйрену кезінде алынған теориялық білімдерді бекіту және толықтыру болып табылады, соның ішінде:

а) дипломдық жобалау үшін материалдарды жинау;

б) жобалық – конструкторлық жұмысты ұйымдастыруды, әзірлеу тәртібін, кәсіпорындарда техникалық және конструкторлық құжаттардың бекітілуі және өтуі;

в) энергетикалық нысан басқару жүйелерін жобалау және жетілдіру бойынша практикалық дағдыларды алу, сондай–ақ электрлік жүйелерді жобалау және пайдалану кезінде өнертапқыштық іс–әрекет пен патенттану, ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сұрақтарымен танысу;

г) энергетикалық нысан басқару жүйелерді жобалау және пайдалану кезінде инженерлік еңбекті ұйымдастыру мен инженерлік психология сұрақтарын оқып үйрену;

д) релелік қорғаныс пен автоматика пайдаланылатын көрсетілген мамандықтың инженер – электрик қызметінде кәсіби, ұйымдастыру және тәрбие жұмысы бойынша практикалық дағдыларды, білімдерді алу.

2 Практиканы ұйымдастыру

 

Студенттер практикаға жүргізілетін жұмыстар ерекшеліктерімен анықталатын құрамда топтармен, практиканы өткізу туралы ректордың бұйрығына сәйкес, бітіртетін кафедра оқытушысы жетекшілігімен бағытталады.

Практика өтетін орында жалпы жетекшілік кәсіпорыннан жетекшімен атқарылады. Кәсіпорында студенттердің практикасымен жетекшілік осы кәсіпорынның жоғары білікті маманына жүктеледі.

Диплом алдындағы практика Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында өткізіледі. Студенттердің жұмыс орындары бітіртетін кафедрадан практика жетекшісімен келісе отырып кәсіпорыннан практика жетекшісімен анықталады.

Диплом алдындағы практика барысында студенттер релелік қорғаныс пен автоматика жүйелерін зерттеумен, жобалаумен, монтаждау және пайдаланумен байланысқан қызметтерде жұмыс істей алады. Диплом алдындағы практикадан тиімді өтуді қамтамасыз ету үшін сырғыма график бойынша студенттер екіден кем емес жұмыс орындарында кезек–кезек істеулері керек. Студенттер практика мерзімінің негізгі бөлігін болашақ инженер–электрик біліктілігіне сай келетін ИТЖ стажерлардың жұмыс орындарында жұмыс істеулері керек. Жұмыс орындары және практикадан өтудің күнтізбелік кестесі шығаратын кафедра мен кәсіпорын жетекшілерімен ойластырылады және құрылады.

Мамандану кафедрасында практикадан өту кафедрадағы практика жетекшісімен құрылған жеке кесте бойынша атқарылады.

Практикадан өту уақытында студенттер практика өту орыны бойынша жетекшінің қарамағында болып табылады, практика өту жоспарымен сәйкес міндеттерді орындайды.

Практикадан өту уақытында жеке тапсырманы орындау кафедрадағы жетекшімен бақыланады.

Практикадан өту кезеңінде студенттер практика бойынша күнделік жүргізеді. Ол кафедра және кәсіпорыннан жетекшілермен мерзімді түрде тексеріледі және студентпен орындалған жұмыс сапасы бағаланады.

Практика басталғанға дейін кафедра студенттермен жиналыс өткізеді, онда олар практика орындары бойынша таратумен, практиканың мерзімдерімен және оның мазмұнымен, есеп берулерге талаптармен және практика мерзіміндегі міндеттермен, жетекшілік және бақылау түрлерімен танысады. Практиканттар қажетті құжаттарды алады (жолдама, практикадан өту күнделігін). Әрбір студент практиканың негізгі сұрақтарынан басқа тереңірек оқып – үйрену үшін жеке тапсырма алады, ол жергілікті шарттар есебімен кәсіпорында таңдалынуы мүмкін.

Студенттер кәсіпорын жұмысшылары үшін бекітілген ішкі тәртіп ережелеріне, жұмыс кестесіне толығымен бағына отырып, өндірістік бригадаларға бөлінеді.

 

 

2.1 Кафедрадан практика жетекшісінің міндеттері:

– студенттер практикасы жетекшілігін атқарады, олармен практика бағдарламасын орындауды қамтамасыз етеді;

– практика басталғанға дейін студенттерді сәйкесті құжаттармен қамтамасыз етеді;

– практикаға шығар алдында студенттермен ұйымдастыру жиналысын өткізеді;

– практика нысандарында студенттердің практикадан өтуін бақылауды атқарады, кәсіпорындармен қалыпты еңбек шарттарын қамтамасыз етуді, қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау бойынша нұсқауларды өткізуді, студент практиканттармен ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындауды атқарады;

– студенттер практикасы бойынша күнделіктерді тексереді, олардың жұмысы туралы сын – пікірлер береді, практика бойынша есеп берулерді қарайды, кафедра меңгерушісіне практиканы өткізу туралы, оны жетілдіру бойынша ескертулер мен ұсыныстары бар жазбаша есеп беруді ұсынады;

– практика бойынша сынақтарды қабылдау, практика жиынтығы бойынша студенттік конференцияларды дайындау және өткізу бойынша комиссия жұмысына қатысады.

 

 

2.2 Кәсіпорыннан практика жетекшісінің міндеттері

Кәсіпорын бекітілген практика бағдарламасына сәйкес практикадан өтуді ұйымдастырады, ғылыми–зерттеу және жобалық – құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті жоспарлау және басқаруды ұйымдастыру, экономика–технология аймағында мамандық бойынша студенттермен білім алу үшін қажетті жағдай жасайды. Студенттерге бар әдебиеттерді техникалық құжаттарды, көбейту техникасын пайдалану мүмкіндігін ұсынады, курстық және дипломдық жобалау үшін материалдарды жинауда көмек көрсетеді. Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау бойынша, сәйкес құжаттарды рәсімдеу бойынша міндетті нұсқауларды өткізеді, осы кәсіпорында бекітілген ішкі еңбек тәртібі ережелерін студенттермен сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті жағдайда ескертулер береді және осы туралы ЖОО-ға мәлімдейді.

Кәсіпорын практикадан өту мерзімінде студенттермен болған бақытсыз жағдайлар үшін толық жауапкершілік алады.

Кәсіпорынан практика жетекшісі күнделіктерді жүргізуді, студент практиканттармен есеп берулерді дайындауды бақылайды және оларға практика бағдарламасы мен жеке тапсырмалардың орындалуы туралы мәліметтерден тұратын кәсіби сипаттамаларды құрайды.

Кәсіпорыннан практика жетекшісі міндеттері практикадан өту келісімінде жазылады.

Оқу – өндірістік шеберханалар мен ПМУ нысандарында практикадан өту кезінде студенттер практикасына жетекшілік практика өтіп жатқан нысандардағы үлескі немесе басқа бөлімше бастығы мен кафедра жетекшісімен бірігіп атқарылады.

 

 

2.3 Студент – практиканттардың міндеттері мен құқығы

Студент міндетті:

– студент практикадан өтетін кәсіпорын мен бөлімшенің ішкі тәртібі талаптарына қатаң бағынуға;

– студент кәсіпорын территориясында және жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау ережесін қатаң сақтауға;

– орындалатын жұмыс және оның нәтижелері үшін штаттағы қызметкерлермен тең жауапкершілікте болуға;

       ЖОО-дан практика жетекшісіне жазбаша есеп беруді ұсынуға;

                   күн сайын практика күнделігін жүргізуге және оны кәсіпорынның жетекшісінің қолымен практика бойынша есеп беруді қорғау кезінде ұсынуға.

Студенттің құқығы бар:

                   практиканың бағдарламасымен қарастырылмаған, қауіпсіздік                     техникасы және еңбек қорғау техникасын бұзумен байланысқан жұмыстарға қатыспауға;

                   практика мерзімінде бос орын болған кезде мамандық бойынша ақы төленетін қызметке қабылдануға.

 

 

3  Практиканың мазмұны

 

Студенттер практикада өндірістік жағдайларда мүмкіндік бойынша кезекші электромонтердің практикалық іс – әрекетін алады (жабдықты жөндеу және монтаждау бойынша электромонтер).

Практикадан өту уақытында студенттер келесі сұрақтарды қарастыруы және оқып үйренулері керек:

- энергетикалық нысанның негізгі технологиясын оқып үйрену;

-электртехникалық негізгі жабдықтарды оқып үйрену. Жабдық құрамы. Жабдық сипаттамалары. Жабдық орналасуы. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Жабдықтарды жетілдіру үшін мүмкіншіліктер;

- негізгі электржабдықтар жұмыс режимдерін оқып үйрену. Рұқсат етілген және жұмыс режимдері. Электр энергия сапасын көтеру бойынша шаралар. Апаттық режимдер;

- энергетикалық нысанның өзіндік қажеттері. Өзіндік қажетті қоректендіру. Өзіндік қажетке шығынды кеміту бойынша шаралар;

- энергетикалық нысанды шапшаң басқару. Ақпараттық – өлшеуіш қосалқы жүйе. Телемеханизация жүйелерінің болуы. Басқару жүйесін жетілдіру үшін ЭЕМ енгізу;

- негізгі электржабдықтың релелік қорғанысы. Зақымданулар мен қалыпты емес режимдерден қорғаныс;

- энергетикалық нысан режимдерін автоматтандыру. Қалыпты режим автоматикасы. Апатқа қарсы автоматика;

- автоматтандыру құралдарын пайдалану. Тексерулер мен қалпына келтіру жөндеулерін ұйымдастыру;

- қоршаған ортаны қорғау. Энергетикалық нысаннан экологиялық әсері деңгейі;

- экономикалық көрсеткіштерді оқып үйрену. Энергияның өзіндік құнын анықтау әдістемесімен танысу. Жөндеулерді жоспарлау. Қазіргі заманғы басқару құралдарын пайдаланудан келетін экономикалық тиімді бағалау;

- қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру. Өндіріс жағдайларында еңбек заңын, өнеркәсіптік санитария, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы профилактика, нормалар, автоматтандыру құралдарын пайдалану кезіндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулар мен ережелерді оқып үйрену.

 

Практикадан өту нәтижесінде студенттер білуі керек:

а) релелік қорғаныс пен автоматика сұлбаларын тұрғызу үшін қолданылатын электрлік аппараттар, релелер құрылысын;

б) аналогтың және сандық электронды құрылғылардың элементтік базасы мен схематехника негіздерін және электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы пен автоматикасы құрылғыларында микропроцессорларды пайдалану тәсілдері,

в) электр энергетикалық жүйелерді автоматты түрде басқару құралдары мен әдістері;

г) электрлік станциялар мен қосалқы станциялардың электртехникалық жабдықтарын техникалық пайдалану ережелері және жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері.

Студенттер істей алулары керек:

         – электрлік станциялар мен қосалқы станциялардың басты                   сұлбаларында электржабдықты таңдау, техника–экономикалық талдау негізінде электрлік сұлбалар нұсқаларын салыстыруды;

         – релелік қорғаныс пен автоматика тағайыншамаларын есептеулер кезінде релелік қорғаныс пен энергетикалық жүйелер автоматикасы қызметтері мен ғылыми–зерттеу институттарымен пайдаланылатын өнеркәсіптік бағдарламаларды пайдалану;

         – автоматты түрде реттеу жүйелерін есептеу мен жетілдіру кезінде ЭЕМ пайдалану;

         – синхронды генераторлардың қоздыру жүйелері параметрлерін және тағайыншамаларын таңдауды, баптаушы сипаттамалардың есептеуін өткізуді;

         – қорғаныс және автоматика сұлбаларын монтаждау үшін технологиялық тізбектілікті құру;

       дипломдық жобалау үшін барлық қажетті мәліметтерді жинау;

       релелік қорғаныс пен автоматика жүйелерін жетілдіруге

бағытталған кейбір ғылыми зерттеулерді өткізу.

Диплом алдындағы практикадан өту нәтижесінде студенттер келесі дағдыларға ие болуы керек:

а) энергетикалық нысан басқару жүйелерін жобалау бойынша және оларды пайдалану;

б) реленің негізгі түрлері жайында, олардың параметрлері, сипаттамалары, жұмыс режимдері жайында ақпарат жинау бойынша;

в) күштік жабдық және энергетикалық нысан басқару жүйелері мен автоматтандыру, автоматика мен қорғаныстардың электрлік сұлбаларын оқу және құру бойынша;

г) ТҚЕ мен ТПЕ сәйкес электрқондырғыларда жұмыстарды өткізу;

д) энергетикалық нысан басқару жүйелерін жобалау сұрақтарында есептеуін техникасын қолдану бойынша;

е) өндірістік ұжымды ұйымдастыру бойынша.

         Кәсіпорыннан практика жетекшісі күнделікті мерзімді түрде тексереді және студентпен орындалатын жұмыс сапасын бағалайды.

Оқу–өндірістік практиканың уақыт бюджеті келесі түрде пайдаланылады (шамамен):

 

1

Кәсіпорында орналасу, алғашқы сұхбат, ҚЕ бойынша нұсқаулар

 1 күн

2

Кәсіпорын жұмысы технологиясын оқып үйрену

 3 күн

3

Кәсіпорын қызметтерімен танысу

2 күн

4

Қызметкерлердің қызметтік міндеттерін оқып үйрену

3 күн

5

Жабдық сұлбаларын оқып үйрену

3 күн

6

Электрлік аппараттармен танысу

  14 күн

7

Арнайы сұрақпен жұмыс

 10 күн

 

Жиыны: жұмыс күндері

36 күн

 

Практикадан өту уақытында оқып үйренуге жататын сұрақтар практикадан өту орнына келісті құрылады.

 

 

4 Практика қортындысын шығару

 

Диплом алдындағы практикадан өтуді бақылауды жүргізу, сондай – ақ студент іс–әрекетінің тиімділігін қорытынды бағалау мақсатымен диплом алдындағы практика бойынша есеп беру рәсімделуі керек.

Диплом алдындағы практика бойынша жазбаша есеп беру практика жетекшісінен алынған, тапсырмамен сәйкес практика барысында студентпен жинақталған барлық материалдарды қосуы керек.

Есеп беру нобайлармен, графиктермен және қажетті кестелік материалмен қамтамасыз етілуі және бейнеленуі керек. Нобайларда МЕмСТ және КПБС талаптарына сәйкес негізгі өлшемдер қөрсетілуі керек. Мәтін тараулар мен қосымша тарауларға бөлінуі керек. Кестелер, нобайлар мен сұлбалар мәтіндік материалда оларға сілтенуімен нөмірленуі керек. Есеп беру аяғына қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылады. Есеп беру практика бағдарламасының барлық тарауларынан және ең толық және айқын жеке тапсырма бейнеленуі керек.

Есеп беру А–4 форматының стандартты беттерінде орындалады және «Оқу және оқу–әдістемелік құжаттарды рәсімдеу бойынша талаптар мен ұсынымдар» 2078620–101–88 СТП талаптарымен сәйкес келуі керек. Есеп беруге автор қол қоюы, кәсіпорыннан практика жетекшісімен тексерілуі және мөрмен расталуы керек. Есеп беру көлемі 10-15 бет.

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

1.   Басс Э.И., Дорогунцев В.Г.  Релейная защита электроэнергетических систем./ Под ред. А.Ф. Дьякова.- М. :Изд. МЭИ, 2002.- 295 с.

2. Чернобровов Н.В., Семенов В.А. Релейная защита энергетических систем: Учебное пособие для техникумов.- М., Энргоатомиздат, 1998.

3.  Овчаренко Н.И.   Автоматика электрических станций и электроэнергетических систем.-Москва: Издательство НЦ ЭНАС, 2000.-503с.

4. Шабад М.А. Сто лет релейной защите. Сборник материалов.- СПб.: ПЭИпк, 2001.-65с.

5.  Шабад М.А. Расчеты РЗ и А распределительных сетей: Монография.- СПб.: ПЭИПК,2003.- 350с.

6. Овчинников В.В. Защита электрических сетей 0,4-35кВ..1.,ч.2. –М.: Издательство редакции журнала “Энергетик” , 2002.

7. Федосеев А.М. Релейная защита электрических систем: - М.: Энергия, 1992. - 560 с.

8. Справочник по наладке вторичных цепей электростанций и подстанций / Под ред. Э.С. Мусаэляна. - М.: Энергоатомиздат, 1989.

9 . Гловацкий В.Г., Пономарев И.В. Современные средства релейной защиты и автоматики электросетей. –Киев.:Компания электромашин, 2004.- 600с.

10  . Дьяков А.Ф., Овчаренко Н.И. Микропроцессорная релейная защита и автоматика электроэнергетических систем: Учебное пособие для студентов вузов. — М.: Издательство МЭИ, 2000. -199 с.

11  . Техническое обслуживание релейной защиты и автоматики электростанций и электрических сетей / Сост. Ф. Д. Кузнецов, А. К. Белотелов; Под ред. Б. А. Алексеева. — ч. 1: Электромеханические реле. — М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000. — 96 с.

12  . Техническое обслуживание релейной защиты и автоматики электростанций и электрических сетей / Сост. Ф. Д. Кузнецов, А. К. Белотелов; Под ред. Б. А. Алексеева. — ч. 2: Реле дифференциальных, направленных и фильтровых защит. — М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000. — 88 с.

13  . Техническое обслуживание релейной защиты и автоматики электростанций и электрических сетей / Сост. Ф.Д. Кузнецов, А.К. Белотелов; Под ред. Б.А. Алексеева. - ч. 3: Статические реле. - М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000. -92 с.

14  . Техническое обслуживание релейной защиты и автоматики электростанций и электрических сетей/ Сост. Ф.Д. Кузнецов, А.К. Белотелов; Под ред. Б.А. Алексеева. - ч.4: Электроавтоматика. - М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2001. - 72 с.

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Қос  жоспар 2006 ж.,поз. №38

 

                                                                

 

 

Башкиров Михаил Владимирович

Мұхтар Бахыт

 

 

ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКА БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМА

 

(210340 - Релелік қорғаныс және энергетикалық жүйелерді автоматтандыру мамандығының 5 курс студенттері үшін)

 

 

 

Редакторы  Ж.А. Байбураева                      

 

 

 

Басуға  қол қойылды                                         Пішімі 60х84 1/16

Тиражы___100____дана                                   №1 типографиялық қағазы 

Көлемі___0,8_____ оқу-басп.т.                        Тапсырыс___Бағасы_42_тг

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының  көшірмелі-көбейткіш  бюросы

 

050013 Алматы, Байтұрсынұлы, 126