Коммерциялық емес Акционерлік Қоғам 

Алматы Энергетика жӘне Байланыс УНИВЕРСИТЕТІ 

«ӨНДІРІСТІК кӘсіпорындарды электрмен жабдықтау» кафедрасы

 

 

5В071800 – Электр энергетика мамандығының студенттеріне арналған

өндірістік машықтану бағдарламасы

 

 

 

Алматы 2011   

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: М.В. Башкиров, Г.С.Жунусова. 5В071800 – «Электр энергетика» мамандығының студенттеріне арналған өндірістік машықтану бағдарламасы -2011.-21 б. 

           

5В071800 – “Электр энергетика” мамандығының 3 және 4 курс студенттеріне арналған өндірістік машықтану мамандарын дайындау кезеңіндегі оқу үрдісінің құрамдық бөлігі болып табылады 

 

         Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес 3 курс студенттері үшін машықтанудың ұзақтығы – 3 апта, бөлінген сағат көлемі -1 кредит, 6 семестрде өткізіледі.

         Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес 4 курс студенттері үшін машықтанудың ұзақтығы – 5 апта, бөлінген сағат көлемі -2 кредит, 8 семестрде өткізіледі.

 

 

Пікір беруші: техн. ғылым. канд., проф. С.А.Бугубаев.

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011ж.қосымша жоспары бойынша  басылды.

 

 

 

  © «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ 2011 ж.

 

Мазмұны

 

         Кіріспе

4

1

Өндірістік машықтанудың тапсырмасы мен  мақсаттары (3-курс студенттері үшін)

4

1.1

Өндірістік машықтануды ұйымдастыру

5

1.2

Кафедрадағы машықтану жетекшісінің міндеттері

5

1.3

Кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің міндеттері

6

1.4

Студент-практиканттардың құқықтары мен міндеттері

6

1.5

Өндірістік машықтанудың мазмұны

7

1.6

Өндірістік машықтанудың қорытындысын шығару

9

1.7

Өндірістік машықтану бойынша күнделікті дайындау

9

1.8

Өндірістік машықтанудың есеп беруін дайындау мен оларға қойылатын талаптар

 

10

2

Өндірістік машықтанудың тапсырмасы мен  мақсаттары (4-курс студенттері үшін)

11

2.1

Өндірістік машықтануды ұйымдастыру

11

2.2

Кафедрадағы машықтану жетекшісінің міндеттері

12

2.3

Кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің міндеттері

12

2.4

Студент-практиканттардың құқықтары мен міндеттері

13

2.5

Машықтану мазмұны

13

2.6

Машықтану қорытындысын шығару

15

 

Әдебиеттер тізімі

17

 

Кіріспе

 

5В071800 – “Электр энергетика” мамандығының 3 және 4 курс студенттеріне арналған өндірістік машықтану мамандарын дайындау кезеңіндегі оқу үрдісінің құрамдық бөлігі болып табылады

3-курс студенттеріне машықтануды жүргізу үшін теориялық негізде келесі курстарды үйрену керек: электротехниканың теориялық негіздері, автоматтық басқару теориясы, кернеуі 1000 В тан жоғары және төмен тарату құрылғыларының электр қондырғылары, электр жетегі, электрлік тораптар мен жүйелер, электр энергиясының жалпы өндірістік тұтынушыларын электрмен жабдықтау.  Машықтану студенттер 6 семестрді бітірген кезде жүргізіледі.

Машықтану оқу үрдісінің кестесіне сәйкес 3 апта мерзімінде жүргізіледі.

4-курс студенттері машықтану кезінде қорытынды жұмыс үшін материалдар жинау керек және оқудың барлық кезеңіндегі алынған теориялық білімдерді күшейту және тереңдету, өндірістік ұжымдағы ұйымдастырушылық және тәрбиелік әдістерін ала білуі қажет.  

Машықтануды жүргізу үшін теоретикалық негізде келесі курстарды үйрену керек: электротехниканың теоретикалық негіздері, электр энергетикадағы өтетін процестер, электрлік машиналар, автоматтық басқару теориясы, релелік қорғаудың элементтік базасы, электрэнергетикалық жүйелердің автоматизациясы және релелік қорғау, электрэнергетикалық жүйелердің релелік қорғанысты жобалау негіздері, микропроцессорлық реле және жоғарғы кернеуде электрлік желілерді қорғаудың қазіргі заманғы  жүйесі, жарықтандыру қондырғылары және жарық көздері, жарық техникалық қондырғылардың электрлік желісі, жарықтандыру желісін және электр жабдықтау жүйесін жобалау, сыртқы жарықтандыруды орнату және жарықтық аспаптар, электротехнологиялық процестер және орнатулар және т.б.

  Өндірістік машықтану студент-практикант, кәсіпорын және кафедра үшін келісілген және бекітілген оқу бағдарламасын орындауға міндетті құжат болып табылады.   

 

1 Өндірістік машықтанудың тапсырмасы мен  мақсаттары (3-курс студенттері үшін)

 

 Машықтану мақсаты ҚР МЖМБС 3.08.344-2006 сәйкес құрылғыларды және қондырғының релелік қорғаныс жүйесінің іске асыруын үйрену және энергожүйені автоматтандыру, релелік қорғаныс құрылғысында жоспарлық-профилактикалық жұмыстың кестесімен танысуды жүргізу, автоматика және оларды жүргізу арқылы практикалық әдістерін алу, ал сонымен бірге жарықтандыру желілерінің іске асуы мен құрылғысын, жарық көзі, жарықтандыру қондырғыларында жоспарлық-профилактикалық жұмыс кестесімен танысу және оларды жүргізуде практикалық әдістерін алуды үйрену.

Осы мақсаттарға сай, машықтану тапсырмалары мынандай болады:

а) студенттердің өндірістік жағдайда электр стансалар мен қосалқы стансалардың және электр желілерінің релелік қорғаныс және  автоматика құрылғысының іске асуы, мен жобалаудың принциптерін үйрену керек;

б) Студенттер РҚА құрылғысын модернизациялау, іске асыру кезіндегі электрлік жөндеу және тексеру жұмыстарды жүргізу кезіндегі жұмыстың әдістері мен амалдарын білуі қажет;

 в) төменгі вольтты электрлік аппараттарды жөндеуді жүзеге асыру және ревизиялау;

г) студенттер өндірістік жағдайда электрмен жабдықтау жүйесінің, электрлік жарықтандыру желісінің және жарықтандыру қондырғыларының және қазіргі заманғы коммутациялық қондырғыларды іске асыру кезіндегі жобалау принциптерінің шарттарын үйрену қажет;

д) студенттерге жарықтандыру желісін іске асыру кезіндегі электрлік жөндеу және тексеру жұмыстарын жүргізу кезіндегі жұмыс әдісі мен амалдарын үйрену;

е) жарықтандырғыш аспаптары және жарықтандырғыш желіні жөндеу мен ревизия жасау.

 

1.1 Өндірістік машықтануды ұйымдастыру

 

Машықтануға студенттер машықтануды жүргізу туралы ректордың бұйрығына сәйкес, машықтану базасы болып табылатын кәсіпорынмен ұжымды келісімшарт немесе жеке келісім шарттқа сәйкес жіберіледі. Университет жағынан әрбір студент үшін машықтану жетекшісі тағайындалады.

Машықтанудың жалпы жетекшісі, машықтанудан өтіп жатқан кәсіпорындағы жетекшімен жүзеге асырылады. Студенттердің машықтану жетекшілігін бұл кәсіпорынның жоғары мамандандырылған маманына береді. Студенттердің жұмыс орны жіберілген кафедрадағы жетекшісімен келісіліп, кәсіпорындағы машықтану жетекшісі анықтайды.

Өндірістік машықтану өндірістік кәсіпорындарда жүргізіледі. Студенттердің жұмыс орнын кафедрадағы жетекшісімен келісіліп, жіберілген кәсіпорындағы машықтану жетекшісі анықтайды. Машықтанудан өту кезінде студенттер машықтанудан өтіп жатқан жердегі жетекшінің үкімінде болады, машықтанудың өткізілу жоспарына сәйкес, міндеттерді орындайды.

Машықтанудан өту кезіндегі жеке тапсырманың орындалуын кафедра жетекшісі бақылап отырады. Студенттер машықтанудан өту процесінде өндірістік машықтану бойынша күнделік арнайды, күнделікті кәсіпорындағы жетекшісі тексеріп отырады және студенттің орындаған жұмысының сапасын бағалайды.  

Машықтануға дейін кафедра студенттерге жиналыс жасайды, онда машықтанудың құрамымен, мерзімімен, есеп беру талаптарымен, машықтану кезіндегі міндеттерімен, жетекшілік формасымен және бақылаумен танысады. Практиканттар қажетті құжаттарды алады (машықтануды жүргізу күнделігі). Әрбір студент, машықтанудың негізгі сұрақтарынан басқа, өндірістің жергілікті шарттарына байланысты терең өңдеу үшін жеке тапсырма алады.  

Студенттер осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін бекітілген ішкі күн тәртібіне сәйкес ережелермен және кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің кестесімен жұмыс жасайды. 

 

1.2 Кафедрадағы машықтану жетекшісінің міндеттері

        

- машықтану бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді, студенттердің машықтанудағы жетекшілігін жүзеге асырады;

- машықтану басталмас бұрын студенттерді қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді: машықтану бағдарламасы, күнделік.

Машықтануға шығар алдында студенттермен ұйымдастырушылық жиналыс жүргізеді;

- Студент-практиканттардың ішкі еңбек күн тәртібі ережелерінің орындалуына, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелеріне нұсқама жүргізілді, практика нысандарында студенттердің өтуіне бақылау жүргізеді.

- машықтану бойынша студенттердің күнделіктерін тексереді, олардың жұмыстары жайлы пікір айтады, машықтану бойынша есеп беруді қарайды, кафедра жетекшісіне машықтанудың жүргізілгендігі туралы және ескертулермен бірге жазбаша есеп береді.

 

1.3 Кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің міндеттері

 

Кәсіпорын машықтанудың бекітілген бағдарламасына сәйкесінше машықтанудың өтуін ұйымдастырады, студенттерге жобалық-конструкторлық жұмыс және ғылыми-зерттеулік ұйымдастыру, экономика, технология аймақтарындағы мамандықтар бойынша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасайды.  Мамандық бойынша курстық жоба үшін студенттерге қажетті әдебиетті, техникалық құжаттаманы қолдануға мүмкіндік береді. Студенттерге бұл кәсіпорында орнатылған ішкі еңбек күн тәртібінің ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді, сәйкес құжатаманы дайындауға, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі бойынша міндетті нұсқаманы жүргізеді. Қажет болған жағдайда, сөгіс жариялап, ЖОО-на хабарлайды.

Студенттердің машықтанудан өту кезеңіндегі қайғылы жағдайға ұшырауына, толығымен жауап береді. 

Кәсіпорындағы машықтану жетекшісі күнделіктің жүргізілуін, студент-практиканттардың есеп беруге дайындығын бақылайды және машықтанудың орындалуы туралы мәліметтер жасайды, оларға кәсіби мінездеме құрастырады. 

Машықтанудан өту келісім шартында кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің міндеттері көрсетіледі.

 

1.4 Студент-практиканттардың құқықтары мен міндеттері

 

Студент міндетті:

- студент өзі машықтанудан өтіп жатқан жеріндегі бөлімшенің немесе кәсіпорынның ішкі күн тәртібінің талаптарына бағынуға  міндетті;

- студент жұмыс орнында және кәсіпорын территориясындағы еңбек қорғауды және тіршілік қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға міндетті;

- орындалатын жұмысқа және оның нәтижелері штаттық қызметкерлермен тең дәрежеде болуына жауапты;

- ЖОО-дағы машықтану жетекшісіне жазбаша есеп ұсыну;

- машықтанудың есеп-беруін қорғау кезінде, машықтану күнделігін жүргізу және онда кәсіпорындағы жетекшінің қолымен бірге көрсету.

Студенттің құқықтары:

- машықтану бағдарламасында қарастырылмаған, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің бұзылуымен байланысты жұмыстарға қатыспау;

- машықтану кезеңінде бос орын болған жағдайда, мамандық бойынша төленетін қызметке қабылдануы керек.

 

1.5 Өндірістік машықтанудың мазмұны

 

Студенттер машықтануда өндірістік шарттарда  мүмкіндік бойынша кезекші электромонтердің қызметін меңгереді. (жөндеу бойынша және қондырғыне тексеру бойынша).

Студенттер машықтанудан өту кезінде келесі сұрақтарды үйреніп және қарастыруға міндетті:

- энергетикалық нысанның негізгі технологиясын үйрену. Қолданылатын технологияны бүгінгі күнгімен бағалау, жақсы әлемдік үлгілермен салыстыру, технологияны жақсартудың мүмкіндіктері мен жолдары;

- негізгі электр техникалық қондырғыларды үйрену. Қондырғы құрамы. Қондырғылар сипаттамасы. Қондырғыларды жинақтау. Қолданылатын қондырғының артықшылықтары мен кемшіліктері;

- негізгі электр қондырғылардың жұмыс режимін үйрену. Рұқсат етілген және жұмыс режимі. Электр энергиясының сапасын жоғарылату бойынша шара жүргізу. Апаттық режимдер.

Студенттер өздерінің мамандықтары бойынша бағытталған және өндірістің сипаттамасына сәйкес, келтірілген тізімнен үштен беске дейінгі тақырыптарды үйренеді:  

- энергетикалық нысанның өзіндік қажеттіліктері. Қызметі мен құрамы. Өзіндік қажеттілікті қоректендіру. Өзіндік қажеттілік шығындарын төмендету бойынша іс-шаралар өткізу;

- энергетикалық нысандарды оперативтік басқару.

Басқару жүйесінің функционалдық құрамы. Ақпараттық-өлшенетін ішкі жүйелер. Кернеу мен тоқты өзгертудің біріншілік түрлендіргіштері.  Басқару жүйесін жетілдіру үшін ЭЕМ-ді ендіру;

- негізгі электр қондырғының релелік қорғауы. Қалыпты емес және зақымдалу режимдерінен қорғау. Қолданылатын сызықтық аппаратура. Оперативті ток. Орнатылған релелік аппаратураның артықшылықтары мен кемшіліктері. Модернизация бойынша тұжырымдар;

- энергетикалық нысанның автоматтандырылған режимдері. Қалыпты режимнің автоматикасы. Апатқа қарсы автоматика. Жарықтандыру деңгейі және техникалық жетістігі, құрамы, аппаратурасы;

- автоматтандыру құралдарының іске асырылуы. Қайта қалпына келтіруді және тексерулерді ұйымдастыру. Іске асыру қызметтерінің құрылымы, құрамы, қызметкердің біліктілігінің қажет деңгейі;

- жарықтандыру желілерін оперативтік басқару; басқару жүйесінің функционалдық құрамы; ақпараттық-өлшеуіш жүйесі; Кернеу мен тоқты өзгертудің біріншілік түрлендіргіштері; телемеханизация жүйесінің бар болуы;  басқару жүйесінің жетістіктері үшін ЭЕМ- ді ендіру;

- жарықтандыру желісінің релелік қорғанысы; қалыпты емес және зақымдалған режимдерді қорғау; модернизация бойынша тұжырымдар;

- жарықтандыру аспаптары және электрлік желілерді іске асыру; Қайта қалпына келтіруді және тексерулерді ұйымдастыру. Іске асыру қызметтерінің құрылымы, құрамы, қызметкердің біліктілігінің қажет деңгейі;

- қоршаған ортаны қорғау. Энерго нысанның экологиялық әсерінің деңгейі. Қолданылатын жоғарғы кернеудің өсімдік және жануарлар әлеміне, газдар, шаңдар, шум деңгейі, діріл, электромагинттік және радиоактивтік сәуле шығаруға әсері;

- экономикалық көрсеткіштер. Энергияның өзіндік құнын анықтау әдістемесімен танысу. Жөндеулерді жоспарлау. Автоматизация құралын кететін уақыттық, еңбек, материалдық шығындарына бағалау. Ескірген қондырғының модернизациясы және жаңартылуы үшін шығындарға смета    құрастыру. Басқарудың қазіргі заманғы құралын қолданудағы экономикалық тиімділікке баға беру;

- қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру. Автоматтандыру құралын іске асыру үшін қауіпсіз жұмыстарды ендіру ережелерін мен нұсқамаларын, нормаларын, өртке қарсы профилактикалар мен тіршілік қауіпсіздігін үйрену.

Студенттер машықтанудың өткізілуі нәтижесінде 1000 в жоғары және төмен ТҚ жабдықтарын және электрлік аппараттар құрылымын өздерінің жеке тапсырмаларына сәйкес, сонымен бірге төменде көрсетілген бөлімдердің бірін білуі қажет:

а) электрлік құрылғылардың аналогтық және сандық элементтік қоры мен схематехника негіздері және электроэнергетикалық жүйенің автоматикасы мен релелік қорғау құрылғысындағы микропроцессорларды қолдану әдістерін;

б) электрлік аппараттардың реттеп отыратын аппаратурасы, төмен кернеудегі электрлік желісі мен жарықтандыру аспаптарының конструкциясын;

в) ғимараттар мен салынулардың жарықтандыру есебінің  негізгі әдістері мен фотометрияның жарық техникасының негіздерін;

г) электрлік жарықтандыруды автоматты түрде басқару әдістері мен құралдарын;

 д) жұмысты жүргізу кезіндегі тіршілік қауіпсіздік негіздері және жарық техникалық қондырғының техникалық іске асыру ережесін;

          е) электроэнергетикалық жүйелерді автоматтық басқару әдістері және құралдарын;

ж) электр стансалары және қосалқы сатнсаларындағы электр техникалық қондырғыларын пайдаланудың ережесін және жұмыстарды жүргізу кезіндегі және тіршілік қауіпсіздік негіздерін.

Студенттің өндіріспен тереңірек танысуға мүмкіндік алуы және әр түрлі өндірістік әдістерді игеру үшін студенттер жұмысын кәсіпорындағы күнтізбелік жоспар бойынша мүмкіндік бойынша түрлі орындарда ұйымдастыру тиімдірек болады. Бұл жоспар бойынша машықтанудың өтілуі әрбір нақты жағдайда түзетіледі және анықталады.                                                                                                                                                                                                                                      

Машықтану кезіндегі оқылатын сұрақтар практикадан өткен жеріне сәйкес құрастырылады.

 

1.6  Өндірістік машықтанудың қорытындысын шығару

 

Өндірістік машықтанудың өтуін бақылауды ендіру мақсатымен, сонымен бірге студенттің қызметінің тиімділігінің қорытынды бағасы келесі ұйымдастырушылық құжаттар негізінде болуы қажет:  

а) өндірістік машықтану бойынша күнделік;

б) өндірістік машықтану бойынша  есеп беру.

 

1.7 Өндірістік машықтану бойынша күнделікті дайындау

 

Өндірістік машықтану бойынша күнделік есеп беруге қосылады және іс-тәжірибенің өткізілу мерзімі мен орны, әрбір студенттің фамилиясы, аты, әкесінің аты жазылып, әрбір студентке жеке дайындалады. Күнделікке ЖОО-ның мөрі мен машықтану жетекшісінің, факультет деканының қолы қойылады.

Кафедрадағы машықтану жетекшісі күнделікке студенттің жеке  тапсырмасын ендіреді. Машықтанудың өткізілуі кезінде күнделікке орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны, түрі бойынша ақпарат ендіріледі, жұмыстың орындалған уақыты мен машықтану жетекшісінің қолы қойылады.

Машықтанудың аяғында кәсіпорындағы машықтану жетекшісі күнделікке машықтану кезіндегі ескертулерін, машықтанудан өткен студентке мінездемесін жазады. 

Күнделікке кәсіпорындағы жетекшінің қолы мен мөрі қойылады. Студенттер ЖОО-нда есеп беруді қорғағаннан кейін, ЖОО-дағы машықтану жетекшісі студенттің есеп беруінің жетістіктері мен қателіктерін, қорытынды бағасын күнделікке енгізеді. Баға қойылғаннан кейін, пікір жетекші қолымен қойылып қорғау күнін көрсетіледі.

 

1.8 Өндірістік машықтанудың есеп беруін дайындау мен оларға қойылатын талаптар

 

Есеп беруді дайындау өндірістік машықтанудың қорытынды кезеңі болып табылады. Есеп берудің негізі болып студенттердің кәсіпорындағы саяхаттар мен кеңестер, жұмыс орнында машықтану жұмыстарын жүргізу барысында алынған мәліметтері болуы қажет. 

Есеп беру машықтанудың барлық бөлімдерінен тұру керек. Жеке тапсырма толығымен және егжей-тегжейлі көрсетлуі қажет. Есеп берудің СТ НАО 103521910-03-2007 ұжымдық стандартының талаптарына сәйкес, сызбалары, кестелері эскизі болуы керек және сауатты техникалық тілмен жазылуы қажет. Студент машықтанудың барлық кезеңінде есеп берумен жұмыс жасау керек.

Есеп беру стандарттық А-4 форматты парағында орындалады. Есеп берудің көлемі 15-20 беттен, суреттерден, сызбалардан тұрады.

Студент жоғарыдағы талаптарға сай жасалған есеп беруді кафедра өкімімен бекітілген, тағайындалған коммисия алдында қорғайды. Комиссия кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің бағасымен келісіп дифференциалды сынақ қояды. 

 


2 Өндірістік машықтанудың тапсырмасы мен  мақсаттары (4-курс студенттері үшін)

 

Машықтану мақсаты: бітіруші жұмыс үшін материалдар жинау, теоретикалық білімдерді тереңдету, өндірістік ұжымда ұйымдастырушылық жұмыс әдістерін алу. Сонымен қатар 5В071800 - «Электроэнергетика» ҚР МЖМБС 3.08.344-2006 мамандығы бойынша электроэнергетика бакалавры қызметін біліктілігіне сәйкес қызметтерде өзіндік жұмысқа дайындықты жүзеге асыру. 

Осы мақсаттардың сәйкесінше, машықтану тапсырмалары мынандай болады:

а) дипломдық жобалау үшін материалдар жинау;

б) өндірістегі техникалық және конструкторлық құжаттардың өткізілуі және бекітілуін, дайындалу ережесін, конструкторлық-жобалық жұмысты ұйымдастыруды үйрену; 

в) ішкі және сыртқы электрмен жабдықтау сұлбаларының жарықтандыру тораптарын жобалау бойынша практикалық әдісін үйрену;

г) РҚА схемасын жобалаудағы практикалық әдісін үйрену;

д) машықтанудан өту орны бойынша энергетикалық нысандардың басқару жүйесінің іске асырылуы және жобалауы кезінде тапсырмаларды орындау да коллективтің ұйымдастыруы бойынша әдісін үйрену.  

 

2.1 Өндірістік машықтануды ұйымдастыру

 

Машықтануға студенттер машықтануды жүргізу туралы ректордың бұйрығына сәйкес, машықтану базасы болып табылатын кәсіпорынмен коллективті келісімшарт немесе жеке келісім шарттқа сәйкес жіберіледі. Институт жағынан әрбір студент үшін машықтану жетекшісі тағайындалады.

Машықтанудың жалпы жетекшісі, машықтанудан өтіп жатқан кәсіпорындағы жетекшімен жүзеге асырылады. Студенттердің машықтануға жетекшілігін бұл кәсіпорынның жоғары мамандандырылған маманына береді. 

 Студенттердің жұмыс орны жіберілген кафедрадағы жетекшісімен келісіліп, кәсіпорындағы машықтану жетекшісі анықтайды.

Студенттер өндірістік машықтану кезінде жобалау, монтаж, іске асыру, автоматика, релелік қорғаныс жүйесін зерттеу, жарықтехникалық қондырғылар және электроқондырғылар жүйесі аймақтарында жұмыс істей алады. Студенттер машықтанудан өту кезінде, машықтанудың өту жоспарына сәйкесінше міндеттерді орындап, жетекшінің бақылауында болады.  

Машықтанудан өту кезіндегі жеке тапсырманың орындалуын кафедра жетекшісі бақылап отырады. Студенттер машықтанудан өту процесінде өндірістік машықтану бойынша күнделік арнайды, күнделікті кәсіпорындағы жетекшісі тексеріп отырады және студенттің орындаған жұмысының сапасын бағалайды. Кафедра машықтанудың басында студенттерге жиналыс жасайды, онда машықтанудың құрамымен, мерзімімен, есеп беру талаптарымен, машықтану кезіндегі міндеттерімен, жетекшілік формасымен және бақылаумен танысады. Практиканттар қажетті құжаттарды алады (машықтануды жүргізу күнделігі).  

Әрбір студент, машықтанудың негізгі сұрақтарынан басқа, терең өңдеу үшін жеке тапсырма алады.  

Студенттер осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін бекітілген ішкі күн тәртібіне сәйкес ережелермен және кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің кестесімен жұмыс жасайды. 

 

2.2 Кафедрадағы машықтану жетекшісінің міндеттері

        

         Кафедрадағы машықтану жетекшісі:

-                   Олардың машықтану бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді, студенттердің машықтанудағы жетекшілігін жүзеге асырады.

-                   Машықтану басталмас бұрын студенттерді қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді: машықтану бағдарламасы, күнделік, машықтану бойынша жеке тапсырма және бітіруші жұмыс тақырыбы.

-                   Машықтануға шығар алдында студенттермен ұйымдастырушылық жиналыс жүргізеді.

-                   Студент-практиканттардың ішкі еңбек күн тәртібі ережелерінің орындалуына, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелеріне нұсқама жүргізілді, машықтану нысандарында студенттердің өтуіне бақылау жүргізеді.

-                   Машықтану бойынша студенттердің күнделіктерін тексереді, олардың жұмыстары жайлы пікір айтады, машықтану бойынша есеп беруді қарайды, кафедра жетекшісіне машықтанудың жүргізілгендігі туралы және ескертулермен бірге жазбаша есеп береді.

-                   Машықтану бойынша сынақты қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады, машықтану қорытындысы бойынша студенттік конференциялар дайындайды және жүргізеді.

 

2.3 Кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің міндеттері

 

Кәсіпорын машықтанудың бекітілген бағдарламасына сәйкесінше машықтанудың өтуін ұйымдастырады, студенттерге жобалық-конструкторлық жұмыс және ғылыми-зерттеулік ұйымдастыру, экономика, технология аймақтарындағы мамандықтар бойынша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасайды.  Студенттерге дипломдық жоба үшін, қажетті әдебиетті, техникалық құжаттаманы қолдануға мүмкіндік береді. Студенттерге бұл кәсіпорында орнатылған ішкі еңбек күн тәртібінің ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді, сәйкес құжатаманы дайындауға, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі бойынша міндетті нұсқаманы жүргізеді.

Қажет болған жағдайда, ескерту жасап, ЖОО-на хабарлайды.  Студенттердің машықтанудан өту кезеңіндегі қайғылы жағдайға ұшырауына, толығымен жауап береді. 

Кәсіпорындағы машықтану жетекшісі күнделіктің жүргізілуін, студент-практиканттардың есеп беруге дайындығын бақылайды және машықтанудың орындалуы туралы мәліметтер жасайды, оларға кәсіби мінездеме құрастырады. 

Машықтанудан өту келісім шартында кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің міндеттері көрсетіледі.

 

2.4 Студент-практиканттардың құқықтары мен міндеттері

 

Студент міндеттері:

- студент өзі машықтанудан өтіп жатқан жеріндегі бөлімшенің немесе кәсіпорынның ішкі күн тәртібінің талаптарына бағынуға  міндетті;

- студент жұмыс орнында және кәсіпорын территориясындағы еңбекті қорғауды және тіршілік қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға міндетті;

- оның нәтижелері штаттық қызметкерлермен тең дәрежеде болу және орындалатын жұмысқа жауапты болу;

- ЖОО-дағы машықтану жетекшісіне жазбаша есеп беру дайындау;

- машықтанудың есеп-беруін қорғау кезінде, машықтану күнделігін жүргізу және онда кәсіпорындағы жетекшінің қолымен бірге көрсету.

Студенттің құқықтары:

- машықтану бағдарламасында қарастырылмаған, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің бұзылуымен байланысты жұмыстарға қатыспау;

- машықтану кезеңінде бос орын болған жағдайда, мамандық бойынша төленетін қызметке қабылдануы керек.

 

2.5 Машықтану мазмұны

 

Студенттер машықтануда өндірістік шарттарда  мүмкіндік бойынша кезекші электромонтердің қызметін меңгереді. Машықтанудың жүруі кезінде жобалық және монтаждық ұйымдарда таңдалған мамандық бағытына сәйкес, студенттер келтірілген тізімнен үштен беске дейінгі тақырыпты үйренуі және қарастыруы міндетті:  

- энергетикалық нысанның технология негіздері. Технологияны жақсарту үшін мүмкіндіктер мен жолдар, жақсы әлемдік үлгілермен салыстырып, бүгінгі күнгі технологияға баға беру;

- негізгі электротехникалық жабдықтар. Қондырғылар құрамы. Қондырғылар мінездемесі. Қондырғылар жинақтамасы. Қолданылатын қондырғылардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қондырғыларды модернизациялау мүмкіндіктері;

- негізгі электроқондырғылардың жұмысының режимі. Рұқсат етілген және жұмыс режимдері. Электроэнергия сапасын жоғарылату бойынша шара өткізу. Апаттық режимдер;

- энергетикалық нысанның жеке қажеттіліктері. Құрамы мен қызметі. Өзіндік қажеттілігімен қоректену. Өзіндік қажеттіліктермен жұмсауды төмендету бойынша шара өткізу;

- энергетикалық нысандарды оперативті басқару. Басқару жүйесінің функционалдық құрамы. Ақпараттық-өлшенетін ішкі жүйелер. Телемеханизация жүйесінің барлығы. Басқару жүйесінің жақсы болуы үшін ЭЕМ ді ендіру;

- негізгі электр жабдықтаудың релелік қорғанысы. Қалыпты емес және бұзылған режимдерден қорғану. Қолданылатын сызықтық аппаратура. Оперативті ток. Орнатылған релелік аппаратураның артықшылықтары мен кемшіліктері.  Модернизация бойынша пікір;

- энергетикалық нысанның режимдерін автоматтандыру. Қалыпты режимнің автоматтандырылуы. Апатқа қарсы автоматттандыру. Жарықтандыру деңгейі және техникалық жетістік, құрамы, аппаратура;

- автоматтандыру амалының іске асырылуы. Қайта қалпына келтіру жөндеулері және тексерулер ұйымы. Қызметкердің біліктілігін қажет ететін деңгейі, құрамы, іске асыру қызметтерінің құрылымы;

- жарықтандыру желілерін оперативтік басқару; басқару жүйесінің функционалдық құрамы; ақпараттық-өлшеуіш ішкі жүйесі; токтың және кернеудің алғашқы өлшегішінің өзгерістері; телемеханизация жүйесінің бар болуы;  басқару жүйесінің жетістіктері үшін ЭЕМ- ді ендіру;

- қалыпты емес және бұзылған режимдерді қорғау; модернизация бойынша пікір;

- жарықтандыру приборлары және электрлік желілерді іске асыру; қайта қалпына келтіру жөндеулері және тексерулер ұйымы; қызметкердің біліктілігін қажет ететін деңгейі, құрамы, іске асыру қызметтерінің құрылымы;

- қоршаған ортаны қорғау. Энергия нысандағы экологиялық әрекеттің деңгейі. Қолданылатын жоғарғы кернеудің өсімдік және жануарлар әлеміне, газдар, шаңдар, шум деңгейі, діріл, электромагинттік және радиоактивтік сәуле шығаруға әсері;

- экономикалық көрсеткіштер. Энергияның тұру бағасын анықтау әдістемесімен танысу. Жөндеулерді жоспарлау. Автоматтандыру құралын құрауға уақыттық, еңбек, материалдық шығындарына баға. Ескірген жабдықтың модернизациясы және жаңартылуы үшін шығындарға смета    құрастыру. Басқарудың қазіргі заманғы құралын қолданудан экономикалық тиімділікке баға беру;

- қауіпсіз еңбек ұйымы. Автоматтандыру құралын іске асыру үшін қауіпсіз жұмыстарды ендіру ережелері мен нұсқамалары, нормалары, өртке қарсы профилактикалар мен тіршілік қауіпсіздігін үйрену.

Студенттер жобалық, монтаждық  машықтанудың өткізілуі нәтижесінде өздерінің жеке тапсырмаларына сәйкес 1000 в жоғары және төмен ТҚ жабдықтарын және электрлік аппараттар конструкциясын білуі қажет, ал сонымен бірге төменде көрсетілген бөлімдердің бірін:

а) кәсіпорында қолданылатын электроэнергетикалық жүйелердің релелік қорғаныс құралдарын автоматтандыру,  микропроцессорды қолдану әдістері және аналогтық және сандық электрондық құрылғылардың элементтік базасы мен  схематехника негізі;

          б) электроэнергетикалық жүйелерді автоматтық басқару әдістері және құралдары;

в) жұмыстарды жүргізу кезіндегі ішкі станция және тіршілік қауіпсіздік негізі, электрлік станцияның электротехникалық қондырғының техникалық жабдық ережесі;

г) электрлік аппараттарды реттеп отыратын аппаратурасы, төмен кернеудегі электрлік желісі, жарықтандыру приборларының конструкциясы;

д) сырттың және мекеменің жарықтандыру есебінің  негізгі әдістері мен фотометрия жарық техникасының негіздері;

е) электрлік жарықтандыруды автоматты түрде басқару;

ж) жұмысты жүргізу кезіндегі тіршілік қауіпсіздік негіздері және жарық техникалық қондырғының техникалық іске асыру ережесі.

 

Студенттің міндеттері:

- Жобалық ұйымдарда машықтанудан өту кезінде электрлік схеманы технико-экономикалық салыстыру варианттары станцияның және ішкі станцияның басты схемасында электрлік біріктіруде электроқондырғыларды таңдау.

- Релелік қорғаныс қызметі  мен релелік қорғанысты есептеу кезіндегі автоматика ғылыми-зерттеулік институттардың өндірістік бағдарламасын қолдану.

- Синхронды генераторлардың қоздыру жүйесін қондыру және параметрлерді таңдау жасау.

- Электрлік схема варианттарын технико-экономикалық салыстыру, олардың жарықтандыру желісін және кәсіпорынның электрлік жалғасудың негізгі схемасында электр қондырғыларды таңдау жасау.

- Табиғи және жасанды жарықтандыру есеп бойынша ғылыми-зерттеулік институттар мен фирмалардың өндірістік бағдарламасын қолдану.

- Жарықтандыру приборларының типтері мен схемаларының параметрлеріне таңдау жасау.

- Студент машықтанудың аяғында дипломдық жобалау үшін барлық қажетті мәліметтерді жинауға міндетті.

- Машықтану кезіндегі оқылатын сұрақтар машықтанудан өткен жеріне сәйкес құрастырылады. 

 

2.6  Машықтану қорытындысын шығару

 

Есеп беруді дайындау өндірістік машықтанудың қорытынды кезеңі болып табылады. Студенттердің кәсіпорындағы саяхаттар мен кеңестер, жұмыс орнында машықтанудың жұмыстарын жүргізу барысында алынған мәліметтері есеп беруді құрастыруда ағымдық мәліметтер болуы қажет. 

Есеп беру машықтанудың барлық бөлімдерінен тұру керек. Дипломдық жобалауда қолдану үшін машықтануда жиналған графикалық материалды қосу қажет. Жеке тапсырма толығымен және егжей-тегжейлі көрсетілуі қажет.    Есеп беру СТ НАО 103521910-03-2007 ұжымдық стандартының талаптарына сәйкес, сызбалары, кестелері эскизі болуы керек және сауатты техникалық тілмен жазылуы қажет. Студент машықтанудың барлық кезеңінде есеп беру мен жұмыс жасау керек. Студентке техникалық дайындыққа және есеп беруді қорғауға машықтану біткеннен кейін бір апта уақыт береді. Есеп беру стандарттық А-4 форматты парағында орындалады. Есеп берудің көлемі 15-20 беттен тұрады. Машықтану күнделігіне кәсіпорын мөрі мен кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің қолы қойылады.

Студент жоғарғы талаптарға сәйкес, есеп беруді кафедра бойынша тағайындалған коммисиямен тапсырады. Комиссия кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің бағасымен келісіп дифференциалды сынақ қояды. 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Гуторов М.М. Основы светотехники и источники света. - М.: Энергоатомиздат, 1983.    

2. Мирошников М.М. Теоретические основы оптико-электронных приборов. - Л.: Машиностроение, 1983.    

3. Применение ксеноновых  ламп воздушного охлаждения в теплицах/ М.А. Перлов, С.П. Соловьев, А.С. Ковалев и др. – Новосибирск: Сибирское отделение  ВАСХНИЛ, 1983.

4. Новицкий Л.А., Степанов Б.М. Фотометрия быстропротекающих процессов: Справочник. - М.: Машиностроение,  1983.

5. Гуревич М.М. Фотометрия (теория, методы, приборы).-Л.: Энергоатомиздат, 1983.

6. Кунгс Я.А., Фаермарк М.А. Экономия электроэнергии в осветительных установках. - М.: Энергоатомиздат, 1984.

7. Тищенко Г.А. Осветительные установки. - М.: Высшая  школа,  1984.

8. Ктиторов А.Ф. Производственное обучение электромонтажников по освещению, осветительным и силовым сетям и электрооборудованию. - М.: Высшая школа,  1984.    

9. Глебов В.Н., Грибанов А.И., Забережный Д.Т. Светотехника: Проектирование и технология производства световых приборов в судостроении: Справочник. - Л.: Судостроение, 1984.     

10. Живов М.С. Монтаж осветительных электроустановок. - М.: Высшая школа, 1984.    

11. Лесман Е.А. Освещение административных зданий и помещений. - Л.: Энергоатомиздат, 1985.

12. Пикман И.Я. Электрическое освещение взрывоопасных и пожароопасных зон. - М.: Энергоатомиздат, 1985.

13. Фаермарк М.А., Семенова Н.В. Местное освещение. - М.: Энергоатомиздат, 1985.    

14. Блохин В.И., Баканов Е.А., Богатырев В.Т. Основы, авиационной техники  и оборудования  аэродромов. - М.:  Транспорт, 1985.

15. Щепина Н.С. Основы светотехники. - М.: Энергоатомиздат, 1985.    

16. Пособие по расчету и проектированию естественного, искусственного и совмещенного освещения (к СНиП  11-4-89)/ НИИСФ. - М.: Стройиздат, 1985.    

17. Афанасьева Е.И., Скобелев В.М. Источники света и пускорегулирующая аппаратура. - М.: Энергоатомиздат, 1986.     

18. Галеев Б.М., Зорин С.М., Сайфуллин Р.Ф. Светомузыкальные инструменты. - М.: Радио и связь, 1987.

19. Электросветосигнальное оборудование аэродромов/ Ю.В. Фрид, Ю.К. Величко, В.Д. Козлов и др. - М.: Транспорт, 1988.

20. Мешков В.В., Матвеев А.Б. Основы светотехники: Учеб. пособие для вузов в 2-х частях. ч. 2. - Физиологическая оптика и колориметрия, 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Энергоатомиздат, 1989.    

21. Электролюминесцентные источники света / Под ред. И.К. Верещагина. - М.: Энергоатомиздат, 1990.

22. Дормакович П.А., Петров А.В., Поволоцкая Т.А., Щепанский О.Ю. Газосветная реклама. - М.: Энергоатомиздат, 1990.    

23. Ктиторов А.Ф. Практическое руководство по монтажу электрического освещения. - М.: Высшая школа,  1990.    

24. Трембач В.В. Световые приборы (теория и расчет). - М.: Высшая школа,  1991.

25. Рохлин Г. Н. Разрядные источники света. - М.: Энергоатомиздат, 1991.

26. Кроль Ц.Е., Мясоедова Е.И., Терешкевич С.Г. Качество промышленного освещения. - М.: Энергоатомиздат, 1991.    

27. Справочная книга по светотехнике / Под ред. Ю.Б. Айзенберга – 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Энергоатомиздат, 1995.

28. Айзенберг Ю.Б. Проблема энергосбережения в осветительных установках // Светотехника, 1998. - № 6. - С. 11-18.

29.Энергосбережение в освещении / Под ред. Ю.Б. Айзенберга /, изд. Дом Света. - М.: «Знак», 1999.

30. Айзенберг Ю.Б. Основы конструирования световых приборов: Учебное пособие для вузов. - М.: Энергоатомиздат, 1996. - 704 с.

31. Овчинников В.В. Защита электрических сетей 0,4-35кВ. Ч.1,Ч.2. –М.: Издательство редакции журнала “Энергетик” , 2002.

32. Федосеев А.М. Релейная защита электрических систем: - М.: Энергия, 1992. - 560 с.

33. Справочник по наладке вторичных цепей электростанций и подстанций / Под ред. Э.С. Мусаэляна. - М.: Энергоатомиздат, 1989.

34. Гловацкий В.Г., Пономарев И.В. Современные средства релейной защиты и автоматики электросетей. –Киев.:Компания электромашвин, – 2004.- 600 с.

35. Дьяков А.Ф., Овчаренко Н.И. Микропроцессорная релейная защита и автоматика электроэнергетических систем: Учебное пособие для студентов вузов. — М.: Издательство МЭИ, 2000. -199 с.

36. Ф. Д. Кузнецов, А. К. Белотелов; Под ред. Б. А. Алексеева. Техническое обслуживание релейной защиты и автоматики электростанций и электрических сетей. - Ч. 1: Электромеханические реле. - М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000. — 96 с.

37. Ф. Д. Кузнецов, А. К. Белотелов; Под ред. Б. А. Алексеева. Техническое обслуживание релейной защиты и автоматики электростанций и электрических сетей. - Ч. 2: Реле дифференциальных, направленных и фильтровых защит. - М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000. — 88 с.

38. Ф.Д. Кузнецов, А.К. Белотелов. Под ред. Б.А. Алексеева. Техническое обслуживание релейной защиты и автоматики электростанций и электрических сетей. - Ч. 3: Статические реле. - М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000. -92 с.

39. Ф.Д. Кузнецов, А.К. Белотелов; Под ред. Б.А. Алексеева. Техническое обслуживание релейной защиты и автоматики электростанций и электрических сетей. - Ч.4: Электроавтоматика. - М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2001. - 72 с.

40. Басс Э.И., Дорогунцев В.Г.  Релейная защита электроэнергетических систем./ Под ред. А.Ф. Дьякова.- М. :Изд. МЭИ, 2002.- 295 с.

41. Чернобровов Н.В., Семенов В.А. Релейная защита энергетических систем: Учебное пособие для техникумов.- М., Энргоатомиздат, 1998.

42. Овчаренко Н.И.   Автоматика электрических станций и электроэнергети-ческих систем. - М.: Издательство НЦ ЭНАС, 2000.-503 с.

43. Шабад М.А. Сто лет релейной защите. Сборник материалов.- СПб.: ПЭИпк, 2001.-65 с.

44.  Шабад М.А. Расчеты РЗ и А распределительных сетей: Монография.- СПб.: ПЭИПК,2003.- 350с.

 

Кеңес етілетін МЖМБС, басқару құжаттары және басқалар

 

1.        ГОСТ 16703-79. Приборы и комплексы световые. Термины и определения.   

2.        ГОСТ 26695-85. Светильники. Общие технические требования.   

3.        ГОСТ 17677-82. Светильники. Общие технические условия.   

4.        ГОСТ 26092-84. Приборы световые. Установочные и присоединительные размеры.   

5.        ГОСТ 15597-82. Светильники для производственных зданий. Общие технические условия.   

6.        ГОСТ 8607-82. Светильники для освещения жилых и общественных помещений. Общие технические условия.   

7.        ГОСТ 8045-82. Светильники для наружного освещения. Общие технические условия.   

8.        ГОСТ  7110-82. Светильники ручные. Общие технические условия.    

9.        ГОСТ 6047-90. Прожекторы общего назначения. Общие технические условия.  

10.   ГОСТ 4677-82. Фонари. Общие технические условия.  

11.   ГОСТ 24786-81. Приборы световые рудничные взрывозащищенные. Общие технические условия.   

12.   ГОСТ 21177-82. Радиопомехи индустриальные от светильников с люминесцентными  лампами.   

13.   ГОСТ 27900-88. Светильники для аварийного освещения. Технические требования.   

14.   РД 16242-85. Светильники. Метод расчета срока службы.   

15.   РТМ 16800820-75. Инженерные методы расчета температуры элементов  светильников с лампами накаливания и ДРЛ.   

16.   РТМ 16.800.478-77. Оптические системы промышленных светильников с газоразрядными лампами высокого давления и лампами накаливания.   

17.   МЭК 598-1. Световые приборы. Общие требования и методы испытаний (Ч. 1).   

18.   МЭК 598-2. Световые приборы. Частные требования и методы испытаний (Ч. 2).   

19.   МЭК 570. Шинопроводы осветительные.   

20.   ГОСТ 19190-84. Лампы накаливания электрические. Общие технические условия.   

21.   ГОСТ 15049-81. Лампы электрические. Термины и определения.   

22.   ГОСТ 2239-79. Лампы накаливания электрические  общего назначения. Технические условия.   

23.   ГОСТ 6825-74. Лампы люминесцентные  ртутные  низкого давления.   

24.   ГОСТ 16809-88. Аппараты пускорегулирующие для разрядных ламп. Общие  технические требования.

25.   МЭК 920/921. Балласты для трубчатых люминесцентных ламп.   

26.   МЭК 926/927. Пусковые устройства.

27.   МЭК 924/925. Электронные балласты для люминесцентных  ламп, ра­ботающие  на постоянном токе.   

28.   МЭК 928/929. То же, работающие на переменном токе.   

29.   МЭК 1048. Конденсаторы.   

30.   ГОСТ 2746-90. Патроны резьбовые для электрических ламп. Общие технические условия.   

31.   ГОСТ 9806-90. Патроны для люминесцентных ламп и стартеров. Общие технические условия.   

32.   ГОСТ 18396-88. Патроны для люминесцентных ламп и стартеров. Технические условия. Срок действия до 01.01.93.   

33.   ГОСТ 10036-75. Рассеиватели, защитные и декоративные стекла из силикатного стекла для светильников. Общие технические условия.   

34.   ГОСТ 9503-86. Рассеиватели и защитные  стекла для светильников. Присоединительные  размеры. Срок действия до 01.01.93.   

35.   ГОСТ 7132-78. Стекло листовое термически полированное. Технические условия.

 

Жиынтық жоспар 2011 ж. реті___