Коммерциялық емес Акционерлік Қоғам

 Алматы Энергетика жӘне Байланыс УНИВЕРСИТЕТІ

 «ӨНДІРІСТІК кӘсіпорындарды электрмен жабдықтау» кафедрасы

  

 

5В071800 – Электр энергетика мамандығының студенттеріне арналған

оқу машықтану бағдарламасы

 

 

Алматы 2011  

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Р.Л.Ювашев.  5В071800 – «Электр энергетика» мамандығының студенттеріне арналған  оқу машықтану бағдарламасы – Алматы: АЭжБУ, 2011ж. 11 б.

 

Оқу машықтануының бағдарламасы 5В071800 –“Электр энергетика”  мамандығының оқу жоспарының негізінде құрастырылған.

Оқу машықтануы 2-курста өткізіледі. Машықтануға 3 кредит бөлінген, оның ішінде 15 сағат тікелей өтеді, студенттердің өзіндік жұмысы 30 сағат. Машықтану университеттің оқу зертханалары мен шеберханаларда жүргізіледі.

 

Пікір беруші: техн. ғылым. канд., доц. Г.А.Абсадыкова

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011ж. қосымша жоспары бойынша  басылды.

 

 

 © «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2011 ж.

 

1 Машықтанудың мақсаты мен міндеттері

 

Оқу машықтануының мақсаты студенттердің электр жабдықтарын тексеретін электромонтёр жұмыс мамандығын алу /2 разряд/ болып табылады.

Оқу машықтануының міндеті студенттердің электр жабдықтарын тексеретін электромонтёр жұмыс мамандығын алу /2 разряд/ кезінде білім алуы мен тәжірибе жүзінде үйренуі болып табылады.

«Жұмысшылар мамандығының және жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы» талаптарына сай электр жабдықтарын тексеретін 2- разрядтағы электромонтер білуі қажет:

- электр техникасының негіздерін;

- тұрақты және айнымалы тоқтағы генераторлар мен электр қозғалтқыштарының, трансформаторлардың, тарату құрылғыларының апппаратуралары мен электр аспаптарының жұмыс жасау принципі,

- электр техникалық материалдардың негізгі түрлері, олардың қасиетттері мен тағайындамасы, төмен кернеудегі сымдардың қосылуы мен жалғануының әдістері мен тәсілдері;

- электр қозғалтқыштарының қосылуы мен ажыратылуының ережелері мен тәртібі;

- электр тоғымен зақымдалған кездегі бірінші көрсетілетін көмек ережелері;

- қызмет жасалатын учаскідегі электр жабдықтарының орналасуы мен қоректену сұлбасы;

- реле түрлері мен релелік қорғаныстың жалпы мәліметтері; жарықтандыру арматураларын (қалыпты және шаңнан қорғалған қыздыру шамдарымен), және де электрлік қоңыраулар мен сигнал беретін басқа аспаптардың орнату мен зарядттау ережелері;

- қарапайым және орташа түрдегі бақылау-өлшеу аспаптарын, кең таралған әмбебап және арнайы құралдардың пайдаланылу шарты мен тағайындамасы.

 

Электр жабдықтарын тексеретін 2 разрядты электромонтёрдің орындайтын жұмыстарының сипаттамасы:

- қосылу сұлбасы қарапайым күштік және жарықтандыру электр құрылғыларын тексеру;

- трансформаторлық қосалқы стансалардағы, ведомствалық электр стансалырындағы күрделі емес жұмыстарды орындау, оларды жоғары біліктілігі бар электромонтердің бақылауында кернеуден толық ажырату.

- жұмыс жүріп жатқан объектіде немесе учаскіде электр қондырғыларын қосу, ажырату, қайта қосу;

- күштік және жарықтандыру тораптарындағы, қосып реттегіш аппаратуралардағы және электр қозғалтқыштарындағы зақымдалудың себебін анықтау және қарапайым зақымдалуды жою;

- кернеуі 1000 В дейінгі сымдарды ажырату, жалғау, оқшаулау;

- күрделі емес жарықтандыру арматураларын (қалыпты және шаңнан қорғалған қыздыру шамдарымен), ажыратқыштарды, штепсельді розеткаларды, қабырға патрондарын және өндірістік прожекторларды қондыру және зарядттау

- электр қозғалтқыштарының статор және роторының орауыштарын және тарату тораптарының оқшауламасының кедергісін мегомметрмен тексеру;

- сигнализациялардың электрлік аспаптарын реттеу және орналастыру.

Жұмыстық мамандық алуға қажетті негізгі теориялық мәліметтерді студенттер «Электротехниканың теориялық негіздері», «Электрлік машиналар», «Электроника», «Ақпараттық-өлшем техникасы». курсын оқу барысында алады. Оқу практикасы кезінде өндірістегі электр жөндеу жұмыстарын игеруге көп көңіл бөлінеді.

  

2 Машықтануды ұйымдастыру

 

Оқу-өндірістік машықтану ректордың машықтануды жүргізу жайлы бұйрығына сай университете өткізіледі. Машықтану сабақ түрінде өтеді: теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар, және де ӨКЭЖ кафедрасының шеберханаларындағы және оқу зертханаларындағы студенттердің өзіндік жұмысы. Электроэнергетика факультетінің 5В071800 –“Электроэнергетика” мамандығының 2-курс студенттері қосалқы топқа бөлінеді, ары қарай оқу машықтануының сабақтары кестеге сай жүргізіледі. Машықтану кезінде студенттер сабақтан қалмауы тиіс, машықтануды жүргізуші оқытушы сабаққа қатысуды журналға енгізіп отырады. Теорияға және кіріспе нұсқауларға қатысты сабақта оқытушылар тараулар бойынша дәріс оқиды, сонымен қатар электр жөндеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдері оқу стендтерінде түсіндіріледі. Өзіндік жұмыс уақытында студенттер өтілген тарауларды практикалық әдіспен бекітуі тиіс. Оқу машықтануы біткен соң студенттер электр жабдықтарын жөндейтін 2-разрядты электромонтер жұмыстық мамандығын алу үшін біліктілік емтиханын тапсырады. Емтихан екі бөлімнен тұрады: машықтану кезінде алған теориялық мәліметтерді және жұмыстың практикалық әдісін тексеру (тапсырма бойынша электрлік сұлбаны жинау). Біліктілік куәлігі емтиханды сәтті тапсырған жағдайда беріледі. 

 

3 Оқу машықтануының мазмұны

 

3.1 Кіріспе

 

Теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар.

Машықтанудың мақсаты мен міндеттері. Пәннің мамұны. Техникалық қауіпсіздік жайлы жалпы мәліметтер. Ішкі тәртіп ережелері және оқу зертханаларындағы жұмыс режимдерімен танысу, құралдарды алу және өткізу тәртібі. Пән бойынша әдебиеттер.

Студенттердің оқу шеберханасындағы өзіндік жұмысы:

- техникалық қауіпсіздік негіздері және алғашқы жәрдем көрсету.

 

3.2 Шеберхана құралдары мен жабдықтары

 

Теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар.

Жөндеу шеберханасының негізгі жабдықтарының тағайындамасы (электрлік бұрғылар, шин майыстырғыш, қармауыштар және т.б.).

Бақылау-өлшеу аспаптары.

Жабдықтар мен саймандармен жұмыс жасау кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері.

Студенттердің оқу шеберханасындағы өзіндік жұмысы:

- жұмысты электр жөндеу жабдықтары мен саймандар арқылы жасау;

- өлшеу аспаптарымен жұмыс жасау.

 

3.3  Жөндеуде және электрлік жөндеу бұйымдарында қолданылатын материалдар жайлы қысқаша мәліметтер

 

Теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар.

Электр оқшаулағыш материалдар, электрлік қасиеттері. Органикалық және органикалық емес диэлектриктер. Қатты, сұйық және газ тәріздес диэлектриктер. Смолалар, пластмассалар, эпоксидті компаунд, лак бояғыш материалдар. Әйнек, керамика.

Өткізгіш материалдар, олардың негізгі электрлік және физико-химиялық қаситеттері. Меншікті кедергісі жоғары және жоғары өткізгішті материалдар. Күштік тораптарда, жарықтандыру құрылғыларында және екінішілік коммутация тізбектерінде қолданылатын қалыпты кабілдер, сымдар және баулар, олардың қимасы, маркасы және құрылымы.

Цементтегіш және жабыстырғыш материалдар.

Профильді және сызықты болаттың түрлері.

Электрлік жөндеу және қондырғылық бұйымдар.

Студенттердің оқу шеберханасындағы өзіндік жұмысы:

- электрлік қондырғы бұйымдарын жөндеу.

 

3.4 Электрлік сұлбалардың түрлері

 

Теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар.

Электрлік сұлбалардың түрлері: принципиалды, прнципиалды-жөндеу, жөндеу. Электр техникалық сызбалардағы және ЕСКД шартына сәйкес сұлбалардағы шартты белгіленулер.

Жарықтандырудың жергілікті және қашықтықтағы басқару сұлбалары.

Екіншілік коммутацияның жеңіл сұлбалары (электр жабдықтарының тізбегін басқару, сигнал беру және т.б.)

Студенттердің оқу шеберханасындағы өзіндік жұмысы:

- дайын сұлбаларды оқу және жеңіл сұлбалар құрастыруды үйрену.

 

3.5 Кәбілдер мен сымдарды қосу және ұштау

 

Теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар.

Кәбілдер мен шиналардың, мыс және алюминий сымдардың қосылу әдістері және ұштау. Қосылу түрлері мен ұштаудың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Қосу мен ұштауда қосылатын арнайы саймандар мен механизмдер (сымдарды суық дәнекерлеу және сығымдауға арналған қармауыштар, электрлік дәнекерлеуіш, біріктіргіш трансформаторлар және т.б.).

Электрлік жөндеу қосылуларын дәнекерлеу. Дәнекерлер, флюстар, дәнекерлеуіштер, дәнекерлеу және қалайылау технологиялары.

Қауіпсіздік техникасының іс-шаралары.

Студенттердің оқу шеберханасындағы өзіндік жұмысы:

- бұрау арқылы сымдарды қосу;

- электрлік дәнекерлеуіш арқылы электр жөндеудегі қосуды дәнекерлеу;

- сымдар мен кабілдерді механикалық қысқыштар мен бұрандалар арқылы қосу, тарамдау және ұштаудың әдістері;

- сымдар мен кабілдерді сығымдау арқылы қосу және ұштаудың әдістері;

- бақылау кабілдерін тексеру, маркілеу және қысқыш қатардағы сымдарға жалғау арқылы ұштау.

 

3.6 Кәбілдер мен сымдарды салудың әдістері

 

Теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар.

Электр тартылымдарын жөндеудің қазіргі заманғы индустриалды әдістері. Тесу жұмыстарын қол және механикаландырылған түрде жасау. тесіктер, ұялар, кірпіш, бетон және басқа да негіздерді тесуге арналған қол электрлік және пневматикалық құралдар. Осы жұмыстарды жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Құралым мен бекіту бұйымдарын құрудың әдістері.

Ашық  электр тартылымдары, оған қойылатын жалпы талаптар. Сымдар мен кабілдердің тартылымдары мен бекіту әдістері, оларды ток қабылдағыштарына қосу.

Жасырын электр тартылымдары, оған қойылатын жалпы талаптар. Сымдар мен кәбілдердің тартылымдары мен бекіту әдістері, оларды ток қабылдағыштарына қосу.

Құбырлардағы электр тартылымдары (болат, пластмасса, жинақталған). Құбырларды дайындау, өңдеу, қосу және бекітудің әдістері. Құбырлардағы сымдар мен кабілдерді жүргізу.

Кабілді каналдардағы, қораптардағы және лотоктардағы электр тартылымдары.

Сыртқы тартылымдар.

Студенттердің оқу шеберханасындағы өзіндік жұмысы:

- ашық электр тартылымын жөндеу;

- құбырлардағы электр тартылымын жөндеу;

- кәбілді каналдардағы электр тартылымын жөндеу.

 

3.7 Электрлік санауыштар

 

Теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар.

Санауыштардың жұмыс жасау принципі.

Бір фазалы, үш фазалы электрлік санауыштардың құрылысы

Өлшеуіш ток трансформаторлары.

Электрлік санауыштардың қосылу сұлбалары (тікелей және трансформаторлар арқылы қосылуы). Жөндеу ережелері.

Студенттердің оқу шеберханасындағы өзіндік жұмысы:

- бір фазалы электрлік санауыштарды қосу;

- үш фазалы электрлік санауыштарды қосу;

- электрлік санауыштарды трансформатор арқылы қосу.

 

3.8 Жарықтандыру аспаптары

 

Теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар.

Жарық көздерінің, шамдардың және орнату бұйымдарының классификациясы.

Әртүрлі жарық көздерінің құрылысы, жұмыс жасау принципі, олардың қосылу сұлбасы.

Студенттердің оқу шеберханасындағы өзіндік жұмысы:

- қыздыру шамының сұлбасын жөндеу;

- люминисцентті шамның сұлбасын жөндеу;

- әртүрлі типтегі қосып реттегіш аппаратуралар.

 

3.9 Электр жабдықтарын жөндеу

 

Теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар.

Екіншілік басқару тізбектерінің құрылысы және жөндеу ережелері (басқару батырмасы, сигнал беру, реле, магнитті қосқыштар, контакторлер).

Автоматты ажыратқыштардың, сақтандырғыштардың, жылу релелерінің құрылысы және жөндеу ережелері. Ұстанымын таңдау.

Ажыратқыштар, айырғыштар, топтық қалқандардың құрылысы және жөндеу ережелері.

Электр қабылдағыштарын нөлдеу және жерлендіру.

Тұрғын және коммуналдық ғимараттарды электрмен жабдықтаудың сұлбалары.

Студенттердің оқу шеберханасындағы өзіндік жұмысы:

- екіншілік басқару тізбектері (басқару батырмасы, сигнал беру, реле, магнитті қосқыштар);

- автоматты ажыратқыштар, сақтандырғыштар, ұстанымын таңдау;

- ажыратқыштар, айырғыштар, топтық қалқандар;

- электр қабылдағыштарын нөлдеу және жерлендіру;

- электрмен жабдықтау сұлбаларын жөндеу.

 

3.10 Асинхронды электр қозғалтқыштар, олардың қосылу сұлбасы

 

Теориялық мәліметтер және кіріспе нұсқаулар.

Электр қозғалтқыштардың жұмыс жасау принципі.

Асинхронды электр қозғалтқыштардың құрылысы.

Электр қозғалтқыштарын қорғау және басқару.

Үш фазалы асинхронды электр қозғалтқышты бір фазалы электр торабына қосу.

Электр қозғалтқыштарын профилактикалық сынау.

Студенттердің оқу шеберханасындағы өзіндік жұмысы:

- роторы қысқа тұйықталған үш фазалы асинхронды электр қозғалтқыштың құрылысымен танысу;

- электр қозғалтқышты реверстеу және қосу әдістерімен танысу;

- роторы қысқа тұйықталған үш фазалы асинхронды электр қозғалтқышты бір фазалы торапқа қосу.


Әдебиеттер тізімі 

1. Единый тарифно-квалификационный справочник работ и профессий рабочих, выпуск 1, раздел: профессии рабочих, общие для всех отраслей народного хозяйства. – Алматы, издательство Lem, 2003.

2. Правило устройства электроустановок. – М.: Энергоатомиздат, 1985.

3. Антонов М.В. Эксплуатация и ремонт электрических машин. – М.: В.Ш., 1989.

4. Кожемякин В.А. Монтаж силового электрооборудования промышленных предприятий. – М.: Энергоатомиздат, 1987.

5. Ктиторов А.Ф. Практическое руководство по монтажу электрического освещения. Практ. пособие для ПТУ. - М.:В.Ш.,1990.

6. Ктиторов А.Ф. Практическое руководство по монтажу электрических сетей. - М.: В.Ш., 1987.

7. Лурье М.Г. и др. Устройство. Монтаж и эксплуатация осветительных установок. - М., 1976.

8. Маршак Е.Л. Ремонт и модернизация асинхронных двигателей. – М.: Энергия, 1976.

9. Сибикин Ю.Д., Сибикин М.Ю. Технология электромонтажных работ. – М.: 1999.

10. Слоним Н.М. Испытание асинхронных двигателей при ремонте. – М.: Энергия, 1980.

11. Соколов Б.А., Соколова Н.Б. Монтаж электрических установок. - М: Энергоатомиздат, 1991. 

 

 

Мазмұны

 

1

Машықтанудың мақсаты мен міндеттері

4

2

Машықтануды ұйымдастыру

5

3

Оқу машықтануының мазмұны

5

4

Әдебиеттер тізімі

9


Жиынтық жоспар 2011 ж. реті___