Алматы энергетика және байланыс институты

 

 

Электрлік станциялар, желілер мен жүйелер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН МОНТАЖДАУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

 

Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар

 

(210240-Электр энергетикалық жүйелер мен желілер мамандығы

 бойынша күндізгі және сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін)

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2005

 

ҚҰРАСТЫРУШАЛАР: Л.Б. Баймухаметова, В.Н.Сажин. Электрлік желілердің қондырғыларын монтаждау мен жөндеу. Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар. (210240 – Электр энергетикалық жүйелер мен желілер мамандығы бойынша күндізгі және сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін). - Алматы: АЭжБИ, 2005 –15 б.

 

 

 

 

 

Нұсқаулағыш әдістемелікте курстың жұмысты орындау үшін, ауа электр беріліс желісінің тіректерін жөндеу, сымдар мен найзағайдан қорғайтын арқан сымдарды жөндеу үшін, жалпы мәліметтер мен инженерлік құрылыстардан өтетін өтпелердің есептеулері бойынша нұсқаулар  берілген.

Кесте - 1, библиогр. – 8 атау.

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазушы: техн. ғыл. канд., профессор В.Н.Борисов.

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2005 жылғы жоспары бойынша басылады.                                                                                                        

 

 

 

 

         © Алматы энергетика және байланыс институты, 2005 ж.

 

 

 

Кiрiспе

 

Әдiстемелiк нұсқаудың мақсаты - Электр желi қондырғыларын жөндеу және монтаждау” курстық жұмысты орындау үшiн студентерге көмек ретiнде берiледi. Курстық жұмысты орындағанда студент негiзгi және аралас пәндердi оқығандағы бiлiмiн тереңдетедi және өзiндiк инженерлiк жұмыстың дағдысын дамытады. Курстық жұмыстың негiзгi мақсаты АБЖ ауа электр берiлiс желiсiн (жөндегенде және монтаждағанда) жөндеу және монтаждау бойынша қысқаша ұсынысты мазмұндау.

Нұсқауда АЖ тiректерiн монтаждау, сымдар мен найзағайдан қорғайтын арқан сымдарын монтаждау, монтаждық құрал мен такелаждық тәсiлдердi таңдау бойынша сұрақтар қарастырылады және инженерлiк құрылыстан өтетін өткелердің есептеулерi бойынша нұсқаулар берiлген. АЖ сөндірмей жөндеуді ұйымдастыру сұрақтары қарастырылған.

 

1      Алғы шарттар және жұмыстың мазмұны

 

Курстық жұмыстың негiзгi мақсаты кернеуi 35-500 кВ ауа желiсiн жөндеу және монтаждау болып табылады.

Тапсырманы оқытушы бередi және оның бастапқы берілгендері:

- электрлiк берiлiстiң номиналды кернеуi, тiзбек саны, сымның қимасы мен маркасы;

- тiрек материалы;

       - жердiң сипаты көрсетiлен құрылыстың ауданы, атмосфераның ластану дәрежесi;

- қиылысу мысалы (өтетін), оның өлшемдерi.

 

Жұмыста келесі тараулар қарастырылады:

- АЖ тiректерiнiң монтажы;

- монтаждық құралдар мен такелаждық тәсiлдер;

- сымдармен найзағайдан қорғайтын арқан сымдардың монтажы;

- инженерлiк құрылыстан;

- желілерді сөндірмей жөндеу.

 

2      Жұмысты орындағанда қойылатын талаптар

 

Курстық жұмысты 25-30 бетi болатын қолдан жазылған мәтінді есептi – түсiндiрмелiк жазба хат түрiнде орындайды. Жазбада титульдiк бет, жұмысты орындауға берiлген жеке тапсырма қажеттi есептеулер қолданылған әдебиеттiң тiзімі және мазмұны болуы керек.

Курстық жұмыс бiрнеше тараудан тұрады. Әрбiр тараудың басында алғы шарттары есептеу әдiстемесi болуы керек. Соңында орындалған жұмыстың нәтижесi бойынша қорытынды шығарылады. Түсiндiрме жазбада орындалған есептеулердiң формулалары есептiк пәндерге кiретiн шамалар, мiндеттi өлшемi көрсетiлетiн тұжырымды нәтиже болуы керек. Егер де тарауда бiр-бiрнеше ұқсас есептеулер болса, онда есептеулер бiр рет ғана орындалады да, нәтижелерiн кестеге келтiредi. Жұмыс ҚР ФС 10352-1910-У-Е-001-2002/101стандарттарының талаптарына сәйкес орындалады.

Студенттердiң жұмысы өзiндiк жұмысты орындау графигiмен бағдарламаға сәйкес орындалады.

 

3 АЖ тiректерiн монтаждау

 

3.1 Тiректердi орнату әдiстерi

 

Тiректердi орнату операциялары: тiректi көтеру оны тiгiнен орнату;

Жобаға сай тұрғызылған тiректi жұмысты қалпына келтiру;

Тiректi бекiту–есептелген жүктеме кезiнде тiрекке берiктiлiктi қамтамасыз ету; бүкiл такелаждық монтажы және басқа тiрекке көшу

3.1.1Тiректерді кранмен орнату

Тiректердi кранмен орнату әдiсi ең үнемдi және тиімдi, өйткенi такелажды дайындау жұмыстарының минимумын талап етедi және жоғарғы еңбек өнiмдiлiгi мен құрылыстың үлкен жылдамдығын қамтамасыз етедi.

Бұл әдiспен салмағы 10 т дейiн болатын тiректер орнатылады. Көтерiлетiн тiректiң салмағы құжат бойынша кранның жүк көтеруiне сәйкес болуы керек. Құжат бойынша кранның жүк көтеруінен артық болатын тiректердi бiр кранмен орнатуға тыйым салынады, өйткені кранның  жебесінің кетуі немесе оның аударылып, немесе тiректiң сынып кетуі мүмкiн;

3.1.2 Тiректерді кранмен және трактормен орнату

Егер тіректерді бiр кранмен орнатуға мүмкiндiк болмаса, онда тiректерді орнату үшiн кран мен трактор қолданылады. Кранның көтергіш iлмегiне келетiн тiректiң салмағы құжат бойынша кранның жүк көтеруiнен аспауы керек, бұл темiр бетонды тiректердi орнатқанда шұңқыр қазу үшiн қолданылады, ал металл тіректердiң салмағы 10 т және биiктiгi 40 м-ге дейін болуы  керек.

3.1.3 Тіректерді құламалы жебемен орнату

Бұл әдiс әмбебап болып келедi. Жоғарыда аталған екi әдiспен салыстырғанда қиынырақ аз үнемдi және такелаждық құралдармен механизмдердiң санының көп болғанын талап етедi.

3.1.4 Тiректердi ұзарту әдiсiмен орнату

Бұл әдiсте тiректерді орнату және жинау бiрге жүргiзiледi. Ол дегенiмiз, тiрек тiгiнен орналасатын бiр-бiрмен қосылған бөлiктерден орындалады. Бұл әдiс салмағы 130т және биiктiгi 100м асатын өтпелi тiректердi монтаждау үшiн қолданылады. Керектi ауданы жоқ болғандықтан тiректерді көлденең жағдайда жинау мүмкiн болмаған жағдайда, тiректерді көтеру үшiн бұл әдiс қолданылады. Күрделi жартасты жерлерде тiректердi көлденең құру күрделi орын құру және механизмдердi орналастыру үшiн таулы бекеттердi ауа желiлерiнің тiректерiн ұзарту әдiсi арқылы құрған дұрыс.

 

3.1.5 Тiректерді тiкұшақпен орнату

Тiректердi монтаждауда тiкұшақтарды пайдалану еңбек өнiмдiлiгiн арттырып, жерде подъездi жолдар салудың керексiздiгiнен еңбек шығыны азайады. Ұшудың үлкен жылдамдығы түрiнде бiлетiн еңбек өнiмдiлiгiн арттырып, жерде подъездi жолдарын құру керексiздiгiнен еңбек шығынын азайтады, транспорттың өтуiне қиыншылық туғызатынын айтады, кез келген жерлерде тiректердi монтаждауға мүмкiндiк туғызады, босаған механизмдердi басқа жұмыстарға пайдалануға мүмкiндiгiн туғызады, трассадағы қиын учаскелердегi жұмыс орындауынан шыққан механизмдердiң тозуы төмендейдi.

Сонымен бiрге тiкұшақтарды пайдалану, олардың эксплуатациясының құны жоғары болғандығымен салмақ көтеру шектелгендiктен, құрылысты ұйымдастыру және дайындалу деңгейiнiң жоғары болуының қажеттiлiгiмен, ауа райының тәуелдiлiгiмен, техникалық эксплуатацияның қатаң ережелерiн орындау мен байланысты.

Еңбек өнiмдiлiгiн арттыру жұмыс орындаудың құнын төмендету үшiн тiректердi орнатқанда, трассаға құрылыс тасумен айналысатын, тiк ұшақтың бос рейсiн қолдану; тiректердi орнатқанда тiк ұшаққа екi бригада тiркеу, ұзарту әдiсiнiң екi өтпелi тiректi бiр уақытта монтаждау сияқты шаралармен жүзеге асыруға болады.

Тiректi орнатқанда (МИ-6, МИ-8, МИ-10, МИ-20), сыртқы салпыншағы бар тiкұшақтар қолданылады. МИ-4 тiкұшағы фезюляждың iшiнде аз габаридтi жүктердi ұсақ бұйымдар, болаттар, этроптар, тетiктердi оперативтi жабдықтау азық-түлiк, адамдарды жеткiзу үшiн пайдаланылады. Сонымен бiрге МИ-26 қуатты тiк ұшақ және сыртқы салпыншағында 50кН жазуы бар К-32 жүк көтергiш тiк ұшақ қолданылады.

3.1.6 Тiректi орнату әдiсiн таңдау

Тiректердi орнату әдiсiн таңдау тiректердi көтергеннен кейiн жобадан таңдалған әдiстi бекiтумен оларды рельефтi және гидрологиялық шартты жерлерде орнату; көтерiлетiн тiректердiң құрылысы мен биiктiлiгiне салмағы тәуелдi. Тiректердi орнатқанда арқан сыммен, адам күшiн, такелаждық құралдармен механизмдердiң аз қолданылуын қамтамасыз ететiн ең үнемдi әдiс қолданылады.

 

3.2 Тіректерді көтергенде күш салуды  анықтау

 

Тіректерді орнатқанда такелаж бен механизмдерді дұрыс таңдау өте маңызды. Механизмдер мен такелажды құрылыстардың салмақ көтеру күші, оларға әсер етуші күштен аз болуы, тіректердің сынуы  мен қатерлі жағдайлар тууы мүмкін.

Механизмдер мен такелажды құрылыстардың жүк көтеруі оларға әсер етуші күштен жоғары болуы тіректерді сенімді (берік) көтеруін қамтамасыз етеді, бірақ бұл кезде тіректерді құру процесі қиындайды, арқан сымдардың шығыны көтеріледі, ал нәтижесінде жұмыс (жөнсіз) қымбаттап, еңбек өнімділігі төмендейді.

Механизмдер мен такелажды құрылыстарды оларға әсер етуші күшке сәйкес таңдайды. Күштерді анықтаудың екі әдісі бар – аналитикалық және графикалық. Графикалық әдіс жеңіл және көп қолданбалы болады. Бұл әдіс толығымен 2.3- те қарастырылады.

 

4 Монтажды құрылыстар мен такелажды әдістер

 

4.1 Арқан сымдар мен арқандар

 

Монтажды жұмыстар үшін кендірден, капроннан және болаттан жасалған арқандар қолданылады. Дұрыс таңылған және күрілген арқандар такелажды және монтажды жұмыстардың ойдағыдай орындалуын қамтамасыз етіп, олардың көп еңбек сіңіруді төмендетеді және желі құрылысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дұрыс таңдалған такелаж еңбек өнімділігі мен құрылыстың тездетуіне ықпал етеді. Такелажды құрылыстар мен арқандарды нәтижелі және ұтымды пайдалану үшін оларды үйлестіруге ұмтылу керек.

Кендірден жасалған арқан сымдар тірекке блоктармен саймандарды көтеру, тіректерді шұңқырларға және фундаменттің анкерлі блоктарына келтіру, арту-түсіру т.с.с. жұмыстары үшін қолданылады.

Болат арқан сымдар диаметрі 0,22-2 мм болат сымнан жасалынады. Такелажды жұмыстарда қолданылатын болат сымды арқандардың сым беріктігінің шегі 1300-1800 МПа.

Арқан сымдардың бұрымдары мен сымдар бұрымдарының өру бағыты бір-біріне қарама-қарсы болғанда, арқан сымдар крест тәрізді өріледі, және бұрымдардағы өрім бағыты бойынша сәйкес келгенде, арқан сым бір жақты өрілген болады. Крест тәрізді өрілген арқан сымдар бір жақты арқан сымдарға қарағанда бұратылып қалуға беріктеу болып келеді.

Такелажды жұмыстарда қолданылатын арқан сымдар, монтажды түйіндерді жеңіл  алу үшін, иілгіш және майыстыруларға аз сезімталды, сонымен бірге бұратылып қалмауына берік болуы қажет.

 

4.2 Арқандарды таңдау және олардың есептеу

 

Арқанның диаметрін немесе келтірілетін жүктемені анықтау үшін үзілу күшін (арқан үзілгенде шекті жүктеме) жүк көтеру сұлбасына  тәуелді арқанға әсер етіп көтерілетін жүктің дәл салмағын немесе дәл  күшін білу керек. Арқан сымды таңдау үшін бұл екі мән жеткіліксіз. Такелажды жұмыстарда қолданылатын әр бір арқан, жұмыстың шартына тәуелді болатын арқанда пайда болатын, кернеудің компенсациясына керек болатын, белгілі бір беріктілікпен таңдалуы керек.

Беріктілік қорының коэффициент саны – арқанға түсіп тұрған жүктеме, оның үзілу күшінен қанша аз екенін көрсетеді. Беріктілік қорының коэффициенті арқанға байланысты. Мысалы, скобалардың, крюктердің көмегімен ілінетін жүгіне қарағанда арқанға оратылып ілінген жүктің беріктілік қорының коэффициенті басым болуы керек, өйткені екінші жағдайдағы арқанның жұмыс шарты ауырлау. Көтеру сұлбасына сәйкес арқанға әсер етуші күштің немесе көтерілетін жүктің дәл салмағын біліп, арқанның беріктілік қорының коэффициентін таңдап, арқанның диаметрін анықтайды.

Формула бойынша таңдалған беріктілік қорының есебімен арқанға әсер етіп тұратын шын күшке сәйкес үзілу күші табылады:

 

Qр = Pк

 

мұндағы,  Р – арқанға түсетін есептік күш;

                   К - беріктілік қорының коэффициенті.

 

4.1 – кесте. Болат арқандардың (арқан сымд.) беріктілік қорының коэффициенті

 

Арқанның белгіленуі

Арқан жұмысының сипаты

Арқанның беріктілік қорының коэффициентінің мүмкін болатын ең аз мәні

Арқан диаметрінің блок диаметрімен лебедка барабанының диаметріне қатысты мүмкін ең аз мәні

Көтергіш крандар, лебедкалар, полиспастар мен басқа да көтергіш және тартқыш механизмдер үшін

Қолды жетекпен

Машиналы жетекпен

4,5

 

6

1:16

 

1:20

Шылбырлы (строповочный)

Жүкті ілмек, скобалардың көмегімен ілу

Жүкті байлау

6

 

 

 

10

-

 

 

 

-

Тартып керу және тартып созу үшін

-

4

-

 

Үзілудегі уақытша кедергі бойынша маркаланған топты таңдап, Qр үзілу күшінің есебімен 2.3 кестелермен арқанның диаметрін анықтаймыз.

Арқанға түсетін мүмкін күш Рдоп мына формуламен анықталады:

 

Рдоп =  Qр / К

 

4.3 Блоктар

 

Болат арқандар үшін блоктар қайтымды  (отводные) және полиспастты болып бөлінеді. Қайтымды  блоктар арқанның бағытын өзгерту үшін, ал полиспастты – жүктің тігінен немесе көлденең орын ауыстыруы үшін қолданылады. Аударылмалы жақ немесе сырғанау үйкелісті тіректегі жылжымайтын блок және сырғанау үйкелісті тіректер мен ілмек немесе ілмекті қозғалмалы блоктар такелажды жұмыстарда ең қолайлы болып келеді. Полиспасты блоктар 0,5-80 т жүккөтергішті және доңғалақшалар саны 1-8 болып жасалынады. Блок доңғалақшалар саны мен жүк көтергіштігі бойынша таңдалынады. Жүк көтеру бірдей болғанда, салмағы аз блоктар қолданылады. Блоктағы доңғалақша науашасының диаметрі арқаннан 1-3 мм артық болуы керек, ал арқан мен доңғалақша диаметрлерінің қатынасы 16 мм болмауы керек. Блоктардың ілмектері дұрыс формада болып, қақталған және штампталған болуы керек.

 

4.4 Полиспасттар

 

 Полиспасттар –  арқанмен қосылған қозғалмайтын және қозғалмалы блоктардан тұратын құрылғы. Арқан бір шетімен бір блоктың құлақшасына бекітіледі де, блоктан өтетін, басқа шетімен екі блоктың доңғалақшаларын тізбектей айнала өтіп, тартпалы лебедканың барабанына немесе жылжымалы тартқыш механизмге бекітіледі.

 

4.5 Монтажды жебелер

 

 Жебелер қозғалмайтын және құламалы деп бөлінеді. Құламалы жебелер топсада орнатылады. Жебенің үсті тіректі қанша көтерсе тірекпен бірге орын ауысады, ал көтерудің соңында жебе толығымен жұмыстан шығады. Қозғалмайтын жебелер тіктеуіш кермелерде бекітіледі де, жұмыстың барлық уақытында және жұмыс аяқталғанға  дейін толық жүктелген болады.

Тіректерді орнатқанда кеңінен А-түрлі құраманы жебелер, ал  кейбір жағдайларда қозғалмайтын жебелер қолданылады . Жебелер ағаштан немесе болаттан жасалынады. Ағаш жебелер көп қолданылмайды. Тіректерді орнатқанда биіктігі мен салмағына тәуелді жүк көтеруі 20 т, биіктігі 17 м және жүк көтеруі 35 т., биіктігі 22 м металдан жасалған жебелер қолданылады.

 

4.6 Топсалар

 

Фундамент пен тіректердің астын топса арқылы қосу шарты бар болғанда метал тіректерді көтеру құламалы жебенің көмегімен орындалады, бұл дегеніміз әрбір жағдайда  тіректі көтергенде, ол айна алатындай етіп өс (кіндік) құру керек. Тіректердің құрылысына байланысты құламалы жебенің көмегімен көтеру кезінде мұндай өсті әр түрлі әдістермен  орындауға болады. Тіректерді металды баспалдаққа орнатқанда тіректің айналуы, тіректің табанымен үстіңгі баспалдақ пластинадағы тесіктен өткізілген, майысқан болттардың көмегімен орындалады. Тіректер темір бетонды баспалдаққа немесе фундаментті бетонды анкерлі бетондарға орнатылғанда, ауыспалы кебістерге ие, тіректердің кебістері фундаменттегі анкерлі болттарға берік жалғанады. Тіректі көтергеннен соң топсалы болттарды тұрақты монтажды болттарға ауыстырады.

 

4.7 Якорьлар

 

Полиспасттардың жылжымайтын блоктарын, бұрылмалы блоктар, лебедкаларды және қосуларды бекітетін анкерлерді якорьлар деп атайды. Күш түсіру аз болған кезде, үшкір шеттерімен жерге қағылған метал бұрыштар түрінде болып келетін, бір немесе бірнеше анкерлер саны қолданылады. Күш түсіру үлкен болғанда якорь ретінде жерге қағылған ағаш немесе темір бетонды балкалар (төрт қырлы бөрене) қолданылады.

Тіректерді орнату жағдайына және көтеру схемасына қарай жүк көтергіштігі 3 т-дан 30т-ға дейін және оданда артық болатын якорьлар қолданылады.

 

5 Сымдар мен найзағайдан қорғайтын арқан сымдарды монтаждау

 

Қалыпты шарттарда, жақсы тура трасса бойымен орналасқан АЖ-ң сымдары мен арқан сымдарын монтаждау мына түрде орындалады:

-       дайындық және транспорттық жұмыстар;

-       оқшаулағыштардың тіркелерін жинау;

-       сымдар мен арқан сымдарды қосып және илеп оларды тіректерге көтеру;

-       сымдар мен арқан сымдарды қажетті салбырауға шейін тартып, екінші анкерлі тірекке тартып бекіту;

-       сымдарды домаланатын доңғалақшалардан қыспақтарға ауыстыру;

-       анкерлі тіректердің шлейфтеріндегі сымдарды қосу;

-       дірілбақышты орнату. |1,2,3|.

 

5.1 Сымдар мен арқан сымдарды домалату

 

5.1.1 Дайындық жұмыстары

Сымдар мен арқан сымдарды домалатудың алдында сымдарды монтаждау тау үшін желі трассасын көру керек.

Трассаны көріп, рұқсат хатты алғаннан кейін, теміржолдар мен автомобиль жолдарында, байланыс желілеріне сызықтарсыз құрылатын АЖ қиылысатын жерлерінде уақытша қорғау құрылғыларын құру; трасса бойынша шыңдау және сымдар, арқансымдар, оқшаулағыштар, арматураларды тосын тарату монтажды жолақты тазалау сияқты жұмыстарынан тұратын дайындау және монтаждау жұмыстарына кіріседі.

Сымдар, оқшаулағыштар, арматураларды желі трассасымен арнайы алдын-ала құрылған сұлба бойынша тасып таратады.

Сымы бар барабандар трассаға апарып  әрбір барабан мүмкіндігінше толығымен қолданылатындай етіп жеткізеді. Ол үшін барабаны бар сымдардың ұзындықтарын бірдей етіп, оларды топтастырады. Барабаны бар арқан сымдарды трасса бойымен біреуден немесе екеуден жеткізеді. (АЖ найзағайдан қорғайтын арқан сымдардың санына байланысты).

Трассаны тазалау, барабанды жеткізу жұмыстарымен бірге темір және автомобиль жолдарында, байланыс желілерінде, АПС қиылысында уақытша қорғауды құрайды. Мұнда қорғау құрылғыларын құрған кезде трассадағы құрылыс материалдарының, кезінде қалған (және т.б) қалдықтарды қолданады.

5.1.2 Оқшаулағыштар тіркесін жинау

Әдетте оқшаулағыштардың тіркестерін монтаж орнында жинайды. Әрбір тіректегі оқшаулатқыш пен арматура комплектін жинап оларды АЖ трассасы бойымен тасиды. Кейде оқшаулағыштарды тіркестіріп жинап, дайын түрде контейнерлермен трассаға жеткізеді.

Жинаудың алдында оқшаулағыштарды және арматуларды екінші рет қарап, оның ластауын тазартады. Оқшаулағыштарда жарық немесе сынық байқалса, онда ол жарамсыз болады. Оқшаулағыштарды бензинге немесе суға малынған жұмсақ шүберекпен тазалайды, ал қатып қалған бөлшектерді (цемент, балшық, т.б) ағаш құралдармен тазалайды (бұл мақсатта металл саймандарды қолдануға тыйым салынады).

Тексеруден кейін оқшаулағыштарды тіркестерге жинайды. Ұстаушы тіркестерді тіректің астында траверстердің шетіне 5-10м қашықтықта орналастырады, ұштарын тіректің көтерілу бағытына жоғары қаратып жинайды.

Керме тіркестерін дәл солай жинайды, сонымен бірге монтаждың барысында анкертірегін 15-20м қашықтықта орналастырады. 220 кВ және одан жоғары  АЖ керме және ұстаушы тіркестердің саны бірдей болады, ал 110 кВ және одан төмен АЖ ұстаушылармен салыстырғанда оқшаулағыш артық болады.

5.1.3 Сымдарды домалату

Трассаны монтаждауға арналған дайындық және қайта қарау орындалғаннан кейін сымдарды домалату жұмыстарына кіріседі. Домалатуды екі әдіспен өткізеді: монтаждалатын бөліктің басында орналасқан қозғалмайтын домалату (сүйрету тәсілі) қондырғысы немесе тартқыш механизіммен орын ауыстырылатын (барабанмен төсеу әдісі) қозғалмалы домалату қондырғылар көмегімен.

Сүйрету әдісі арнайы жылжымалы қондырғыларды талап етпейді (тележкалар, транспартерлер), кез келген жер бедерінде қолданылады, сымды домалатқанда тіректің ішіне кіргізгенде тартылған портальді тіренбелерде, сымды домалатқанда тіректің ішіне кіргізу керек болғанда, бұл әдіс өте қолайлы. Бірақ, жердің бетімен сүйреткенде болат сымның және арқан сымның және алюминий сымдарының үстінгі орау беті бұзылуы мүмкін.

Бұл әдіс қысқа желілерде монтаждағанда қолданылады. Барабанмен төсеу әдісінде сымның бір шеті трасса басында бекітіледі, ал барабан қозғалмалы домалатқыш арбаның үстіне орналастырылады.

 Тартқыш механизм (әдетте трактор барабаны) бар арбаны трасса бойымен тартқанда сым, жер бетінен тартылмай, барабаннан ақырын оратылады, ал бұл сымның бұзылмауына кепіл болады. Сымдарды тіректерге көтермей домалатып орындауға болады, бұл жағдай механизмдері толығымен қолдануға мүмкіндік береді. Сымдарды монтаждағанда жоғары өнімділігі және жақсы техникалық көрсеткіштер бұл әдістің кеңінен қолдануына мүмкіндік тудырады.

Күрделі жағдайларда, сымдарды әдеттегі әдістермен домалату ыңғайсыз болғанда арнайы әдістер қолданады. Бұл – тікұшақпен (вертолетпен) домалату, тартып домалату лебетка мен немесе қолмен тарту.

 

5.2 Сымдар мен арқан сымдарды қосу және жөндеу

 

Домалату жұмыстарымен бірге сымдар мен арқан сымдарды қосу жұмыстары және бұзылған желілерді жөндеу жұмыстары орындалады.

Монтажды жұмыстарда ең жауапты болып қосу және монтаждау жұмыстары табылады, өйткені құрылатын АЖ эксплуатациялық көрсеткіштері олардың орындалу сапасына тәуелді.

5.2.1 Сымдарды қосуға дайындау

Сымдарды қосудың алдында қосу аппаратурасы мен құрылғылары мұқият тексерілуі керек. Сызуларға сәйкес сопақша келген қосылыстардың материалы және өлшемдері болу керек, ал термитті патрондар және қосылыстардың, сымның маркасы мен қимасына сәйкес, маркировкасы болуы керек.

Электрлік және механикалык қосылу берік болу үшін, сымдағы алюминий жол сымдарын жақсылап тазалап, қосулардағы алюминий бөлігіндегі ішкі  жағын үлкен электрлік кедергіге ие болатын, алюминий тотығының  жұқа қабатын тазалау керек. Сымдар мен қосуларды алюминидің тез тотығатынын ескере отырып дайындайды да, сымдарды ЗЭС майы немесе техникалық вазелиннің қабаты астында қосады.

5.2.2 Сымдарды қосу әдістері

Сымдарды келесі тәсілдермен қосады:

а) анкерлік және бұрыштық ілмектерінде:

1) қимасы 240 мм2 дейін болат алюминилі және қимасы 95 мм2 дейін алюминилі сымдар – термитті дәнекерлеу;

2) қимасы 300 мм2 және артық болатын болат алюминилі сымдар – қосулармен пресстеу;

3) маркалары әр түрлі сымдар (мысалы алюминий мен болат алюминий немесе қимасы үлкен сым мен қимасы аз сым), сонымен қатар ажыратылатын қосылу орындарын да талап ететін орындарда – болтты қысқыштар;

б) АЖ тіректері арасындағы аралықта:

1) қимасы 95 мм2 дейінгі алюминий сымдары, қимасы 185 мм2 болат алюминий сымдары және қимасы 50 мм2 дейінгі болат сымдары бұрумен монтаждалатын сопақша қосулар;

2) қимасы 120-185 мм2 алюминий сымдары және қимасы 70-95 мм2 болат сымдар – ұштарын қосымша пісіру мен қосу немесе орап қосумен орындалатын сопақша қосулар;

3) қимасы 240 мм2 және артық болатын алюминий және болат алюминий сымдар – тұтас қысумен орындалатын қосқыш қосулар.

5.2.3 Қосуларға қойылатын талаптар

Қосу және тарту қысқыштарындағы сымдар мен арқан сымдардағы бекітудің беріктігі сым мен арқан сымдардың беріктік шегінен 90 % кем болмауы керек, ал геометриялық өлшемдері  монтаж бойынша инструкция талаптарына сәйкес болуы керек. Қосқыштың немесе қосудың бетінде жарқын, миханикалық бұзылу және айтарлықтай тотығудың орындары болуы керек. Қосылған қысқыштың қисықтағы оның ұзындығынан 3% аспау керек. Бұл талаптарға сай келмейтін қосқыштар жарамсыз. Қосылудың электірлік кедергісі ұзындығы сондай сымның кедергісінен 20% аспауы керек.

5.2.4 Сымдарды жөндеу

Сымдарды тасығанда және монтаждағанда шаралар қолданылғанымен АЖ құру барысында сымдардың жөндеуін талап ететін, әр түрлі оқаулар пайда болады. Сымдардың үзілуі түрінде байқалған ақаулар ғана емес, сонымен бірге қабыстыру, қатты бұрау, тартқанда пайда болатын ілмек, майысқан жерлер немесе грунт және басқа да қатты бедерден сүйреткенде пайда болатын сызықтар да жөндеуді талап етеді.

Сымның бұзылуы дәрежесіне байланысты, сымды бондаж,  жөндеу іліспесі немесе арнайы созылған РАС жөндеу қосқышы орнатылады.

 

5.3 Сымдарды көтеру және тарту

 

Сымдардың аралық тіректерге көтеру, домалатудың кезінде немесе одан кейін жасалынады. Тіркесті оқшаулағыштары бар сымдарды олардың сайманына байланысты автомобиль, трактор немесе басқа механизмнің көмегімен көтергені жөн, жеңіл тіркестерді қолмен көтеруге рұқсат етіледі.

Көтеру жұмыстарынан кейін аралық сымдар мен арқан сымдар бос болып, тіректердің арасында жерге дейін жетіп тұрады сондықтан да оларды тартып, анкерлік тіректерге бекіту керек.

Сымдар мен арқан сымдарды тарту және бекіту жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Басында сымдар мен арқан сымдарды бірінші анкерлік тірекке бекітеді, ол үшін сымдардың ұштарында тартпалы қысқыштар бекітіледі де, оларды оқшаулағыштар тіркестерімен қосады, тіректерге көтереді де ,дайындалып қойылған бекіту түйіндеріне қосады. Содан келесі анкерлік тірекке көшеді, визирование немесе динамометрмен сәйкес бақыланалатын, белгілі бір сымның салбырауына дейін сымды тартады. Тартылған сымдарының тарту қысқыштарының орнын анықтап, сымдарды жерге дейін түсіреді. Олардың үстіне тарту қысқыштардың және оқшаулағыштар біркестіріп бекітіп, сымды қайтадан тартып анкерлік тірекке мықтап бекітеді.

 

6 Инженерлік құрылыстардан өтулерді есептеу

 

Инженерлік құрылыстан өтулер дегеніміз құрылатын желілердің темір және тас жолдарымен, электрлік желілермен, сигнализация және байланыс желілерімен қиылысуы деп түсінеміз. Есептің негізгі мақсаты болып сым желілерінің қиылысатын объектіге дейінгі қашықтықты анықтап, оларды рұқсат етілген мәндермен салыстыру.

Апаттық режимі үшін мұз бен жел жоқ болғанда, жылдық орташа температура сымның салбырауын анықтайды. Апаттық режимдегі өтуді есептеу үшін есептік сұлбасын  дұрыс таңдау керек. Ең үлкен сымдық салбырауын табу үшін, қиылысатын аралықпен көршілес орналасқан аралықта сымның үзілуі бар, есептік сұлбаны қолдану керек. Егер де өту анкерлік тіректен есептегенде бесінші аралықта немесе одан да алыс орналасса, онда бес бұзылмаған тіректен тұратын есептік сұлбаны алуға болады. Егер анкерлік тірекке дейін аралықтың саны аз болса, онда есептік схема аралықтардың шын санымен алынады.

Егер де бір аралық бірнеше инженерлік құрылыстармен қиылысатын болса, онда габариттердің әр қайсысы тексерілуі керек.

Тіректердің таңдап алынған биіктігінде құрылатын тіректердің қиылысатын құрылыстарға дейінгі қашықтық, рұқсат етілгеннен аз болып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларға сәйкес шаралар орындалуы керек, ал соның салдарынан инженерлік құрылыстардағы сымның салбырауы азаяды. Кейбір жағдайларда жер асты кабельдерін қайта салып, тіректердің санын азайту арқылы қиылысатын байланыс желілері мен қайта құруға мүмкіндік беріледі және кейде қиылысу орындарында биіктетілген тіректерді қолдануға болады.

 

7 Ауа желілерін сөндірмей жөндеу

 

7.1 Кернеулі жұмыстарды жүргізудің негізгі шарттары

 

Кернеу астындағы желі элементтеріне жанасатын жұмыстар мына шарттарда орындалады:

- монтер мен тірек бөлігіне дейінгі немесе жұмыстың орындалуына қауіп төндіретін басқа потенциялы бар құралға дейінгі қашықтықты сақтау;

- жұмыстың орындалу кезіндегі атмосфералық шарттардың бар болуы;

- АЖ автоматты қайта қосу құрылғыларын жұмыстан шығару; кернеу астындағы жұмыстары үшін құралдардың жарамдылық жағдайын қарастыруды қосатын ұйымдық техникалық шаралардың қажеттілігі;

- тіректегі жұмыстың орындалуы мен көршілес тіректердегі ақаулы оқшаулағыштардың саны рұқсат етілгеннен аспайтын арнайы талаптарға сай, жұмыс орындалатын АЖ сәйкестігі.

Кернеу астындағы электрондар мен АЖ элементтері немесе потенциалы бар құралдардың ара қашықтығы келесі өрнекпен анқталады

                             

Р = a+bИ,

 

мұндағы а-жұмысының (абайсыздан болған әрекетін) мүмкін еріксіз қимылын ескеретін қашықтық;

      b - қауіпсіздікті қамтамасыз ететін коэффициент;

      И - желідегі мүмкін болатын асқынкернеулікті ескеретін оқшаулану қашықтығы.

                                     

          7.2 Қолданылатын құралдар және қондырғылар

 

Тоқ өткізу бөліктерімен жанасатын кернеу мен жұмыстарды орындау үшін келесі техникалық қауіпсіздік құралдар және техникалық құралдар  қолданылады:

- оқшауланған штангалар мен тартулар;

- монтердің жұмыс орнына өтуі үшін арнайы оқшауланған құрылғылар (оқшауланған, гидрокөтергіштер, сатылар, арқан көтергіштер және т.б);

- жүктемені көтеретін және АЖ элементтерін ауыстыратын тартқыш және басқа да құрылғылар;

- құралдар;

- монтерлерді сымдардың бойымен жылжытатын арбалар;

- қосымша жабдықтар – блоктар, негізгі құрылыстарды тіректер мен сымдарға бекітетін құралдар, созғыштар және т.б;

- оқшаулатқыш шарбақтар;

- рұқсат етілген мәнінен асатын электрлік өріс пен потенциялы бар сымдар мен жұмыс істегенде экранирленген киімдер.

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

 

1. Гордон С.В. Сооружение линий электропередачи.-М.: Энергоатомиздат, 1984.

2.                 Технология сооружения линий электропередачи /Под ред. М.А. Реута.-М.: Энергоатомиздат, 1983.

3. Виноградов Д. Е. Монтаж опор линий электропередачи 110 – 750 кВ. – Л.: Энергоатомиздат, 1988.

3. Крюков К.П., Новгородцев Б.П. Конструкция и механический расчет линий электропередачи. Изд. 2-е – Л.: Энергия, 1979.

4. Пособие для изучения правил технической эксплуатации электрических станций и сетей. – М.: НЦ ЭНАС, 2000.

5. Типовая инструкция по эксплуатации воздушных линий напряжением 35 – 800 кВ. – М.: СПО ОРГРЭС, 1996.

6. Барг И.Г., Эдельман В.И. Воздушные линии электропередачи: Вопросы эксплуатации и надежности. – М.: Энергоатомиздат, 1985.

7. Барг И.Г. и др. Ремонт воздушных линий электропередачи под напряжением. – М.: Энергоатомиздат, 1989.

8. Электрические системы и сети в примерах и иллюстрациях: Учеб. пос. для электроэнерг. спец. /Под ред. В.А.Строева. – М.: Высшая школа, 1999.

 

 

 

 

                                                Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  .  .3

1 Алғы шарттар мен жұмыстың  мазмұны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  .   3

2 Жұмысты орындау үшін қойылатын талаптар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  .  3

3 АЖ тіректерін жөндеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 4

3.1 Тіректерді орындау әдісі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . .4

3.2 Тіректерді көтергендегі күшті анықтау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..  5

4 Жөндеу құралдары мен әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..  6

5 Сымдар мен найзағайдан қорғайтын сымдарды жөндеу. . . . . . . . . . . . . . .. .9

5.1 Сымдар мен арқан сымдарды домалату . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..  9

5.2 Сымдарды қосу және жөндеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 11

5.3 Сымдарды көтеру және созу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  12

6 Инженерлік құрылыстардан өтулерді есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13

7 Сөндірудің ауа желілерін жөндеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13

7.1 Кернеу астындағы жұмыстарды өткізудің негізгі шарттары . . . . . .13

7.2 Қолданылатын құралдар мен қондырғылар . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14   

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15

 

              

 

 

                               2005 ж. жиын жоспары, реті 45

 

 

 

 

 

Баймухаметова Латифа Букенбаевна

Сажин Владимир Николаевич

 

 

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН МОНТАЖДАУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар

 

(210240-Электр энергетикалық жүйелер мен желілер мамандығы бойынша күндізгі және сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін)

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы  Ж.А.Байбураева

 

 

Басылымға қол қойылды                       Көлемі 1,0 оқу-баспа табақ                                                 

Қалпы 60х84 1/16                                  Тапсырыс

Таралымы 50 дана                                           №1 типография қағазы

Бағасы 32 теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013 Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126 үй

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Электр станциялары, тораптары және жүйелері кафедрасы

 

 

                           БЕКІТЕМІН

                                                     Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі

                                                     проректор

                                                     ________________Э.А. Сериков

                                                                  «_____»___________2005 ж.

 

 

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН МОНТАЖДАУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

 

Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар

 

(210240-электр энергетикалық жүйелер мен желілер мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттерге арналған)

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                                      Кафедра мәжілісінде қаралды

ОӨБ бастығы                                                   және құпталды____________

_           _____О.З. Рутгайзер                          «___»_____2005 ж №____ хаттама

«____»_____2005 ж.                                       Каф.меңгерушісі:

                                                                  Соколов С.Е. _____________

                                                                                                  

Редакторы

_____Ж.А.Байбураева

«___» ________2005 ж.

                                                                   Құрастырушы:

                                                                   Баймухаметова Л.Б.____________

                                                Сажин В.Н. ____________

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2005 ж.