Некомерческое акционерное общество

АЛМАТИНСКИЙ ИНСТИТУТ ЭНЕРГЕТИКИ И СВЯЗИ

Кафедра электрических станций, сетей и систем

 

Синхронды генераторлардың жұмыс режімдері

 

050718 - Электр энергетикасы  мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмысты орындауға  арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2009  

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Г.Х. Хожин, С.Е Соколов, Ю.Г. Черемисинов. Синхронды генераторлардың жұмыс режімдері. 050718  Электр энергетикасы мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмысты орындауға  арналған әдістемелік нұсқау -Алматы: АИЭС, 2009 - 40 бет. 

Зертханалық жұмыс «Синхронды генераторлардың жұмыс режімдері» курсы бойынша зертханалық жұмыстың сипатынан және оларға дайындықтың,  орындаудың, безендендірудің  талаптарынан тұрады.

Зертханалық жұмыста синхронды генераторларды іске қосу процесімен тәжірбиелі танысу үшін электр станцияны басқаруды әртүрлі әдістермен параллельді жұмысқа қосу  кезінде кернеу мен жиілікті реттеу тәсілдері бас қалқанның имитациялаушы стендінде орындалады.

Әдістемелік нұсқау 4 зертханалық жұмыстан құралады, әрқайсысы екі сағаттан өткізіледі.

 

Мазмұны 

Кіріспе........................................................................................................................5

1. № 1 зертханалық жұмыс. ЗЭС сипаттау  (зертханалық электр станция)........6

1.1 Жұмыстың мақсаты............................................................................................6

1.2  Жұмыстың бағдарламасы..................................................................................6

1.3  зертханалық электр станцияны суреттеу (баяндау)........................................6

1.4  Жұмыстың жүргізу реті...................................................................................11

1.5  Есептеме  мазмұны...........................................................................................12

Бақылау сұрақтары..................................................................................................12

№2 зертханалық жұмыс. Нақты синхронды тәсіл бойынша синхронды  генераторларды параллельді жұмысқа қолмен  қосу .........................................13

2.1 Жұмыстың мақсаты..........................................................................................13

2.2 Жұмыс бағдарламасы.......................................................................................13

2.3 Қысқаша теория................................................................................................13

2.3.1 Генераторларды параллельді жұмысқа қосу...............................................13

2.3.2 Нақты синхронизация тәсілі бойынша генераторды іске  қосу.................13

2.4 Қолмен істелінетін синхронизация.................................................................17

2.5 Жұмыс істеу реті...............................................................................................17

2.5.1 Жүйелерді қосу (институт торабы) ГТҚ (ГРУ) - машинасының

 1 секциясы (№1,2 генераторлар және жүктеме- сөндірулі)............................. 17

2.5.2 № 1 генераторды параллельді жұмыс жүйесімен қосу (№2 – генератор сөндірулі).................................................................................................................18

2.5.3  №2 генераторды ГТҚ (ГРУ)- шиналарының  2 секциясына қосу (№1 генератор және ГТҚ шиналарының 1 секциясына жүйе қосылған)..................19

2.5.4 Шинаға жүктеменің қосылуы.......................................................................20

2.5.5 Шинадағы жүктемені сөндіру..................... ................................................20

(№№1,2 генераторлар, жүйелер-қосылулы.).......................................................20

2.5.6  № 1 генератор шинаның  №1 секциясынан сөндірулі (жүйе, №2 генератор-қосулы)...................................................................................................21

2.5.7 №2 генератордың шинадан ажыратылуы (№1 генератор және жүктеме сөндірулі).................................................................................................................21

2.5.8 Электр қозғалтқыштың сөндірілуі...............................................................22

2.5.9 Жүйелердің сөндірілуі  (институт тораптары) ГРУ шиналарының 1 секциясынан бастап (№1,2 генератор және жүктеме – сөндірулі).....................22

2.6 Есептеме мазмұны ............................................................................................23

Бақылау сұрақтары .................................................................................................23

3 № 3 зертханалық жұмыс. Генераторларды параллельді жұмысқа өзін-өзі  синхрондау немесе жартылай автоматты синхрондау тәсілмен қосу................24

3.1 Жұмыстың    мақсаты.......................................................................................24

3.2 Жұмыс бағдарламасы.......................................................................................24

3.3  Қысқаша теория................................................................................................24

3.4 Электр торабы мен оған қосылатын генератордың жиілігі тең болғандағы, сол генераторды өзін-өзі синхрондаумен параллельді іске қосу мезгілін орындау....................................................................................................................26

3.5 Сұлбалардың  жұмысын  баяндау...................................................................27

3.6 Жұмыс істеу реті...............................................................................................28

3.6.1 №1 генераторды параллельді жұмысқа «Өзін-өзі синхрондау» тәсілі арқылы қосу (жүйе-қосулы; №1 генератор-сөндірулі)........................................28

3.6.2 №2 генераторды параллельді жұмысқа «Өзін-өзі синхрондау» тәсілі арқылы қосу (жүйе-қосулы; №2  генератор-сөндірулі).......................................28

3.6.3 Генераторларды автоматты түрде параллелді жұмысқа қосу...................28

3.7  Есептеме мазмұны............................................................................................30

Бақылау сұрақтары.................................................................................................31

4. №4 зертханалық жұмыс. Генераторлар арасындағы жүктемелерді қайтадан бөлу...........................................................................................................................32

4.1 Жұмыстың  мақсаты.........................................................................................32

4.2 Жұмыс бағдарламасы.......................................................................................32

4.3 Қысқаша теория................................................................................................32

4.3.1 Генератордың жүйемен параллельді жұмысы ...........................................32

4.3.2 Бірлік қуаты белгілі екі генераторлардың параллельдік жұмысы............33

4.4 Жұмысқа дайындық..........................................................................................34

4.5 Жұмыс жүргізу реті..........................................................................................34

4.6 Есептеме мазмұны............................................................................................36

Бақылау сұрақтары.................................................................................................36

Әдебиеттер тізімі....................................................................................................38

  

 

Кіріспе 

Электр станциясындағы синхронды генераторлардың қалыптасқан жұмыс істеу режімдерін  зерттеу осы пән бойынша зертханалық  зерттеу болып табылады.

         Студенттер (ЗЭС) зертханалық электр станцияның сипаттамасымен, синхронды генераторлардың сөнуі және қосылуы, генератордың параллельді жұмыс істеуі, генераторлар арасындағы жүктемені алдын ала  тарату (немесе қайта бөлу) және энергетикалық жүйедегі, сонымен қатар электр жабдықтарының бір-бірімен қарым-қатынасымен, аспаптармен және электр станция бөлшектеріндегі электрлік аспаптарымен танысады.

Зертханалық жұмыс студенттерге «Электр станциялар және қосалқы станциялар» пәні бойынша негізгі теориялық материалдарды  есте сақтауға әсер етеді.

Осы зертханалық жұмыстың көлемі үлкен болғандықтан, студент электр станциясының генераторларының фазировкасын, синхронизациясын және ауыстырып қосу мәселелерін өздері орындайды (аудитория  сыртында).

         Осы зертханалық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар, студенттерге синхронды генераторлардың параллельді жұмысқа қосылуы туралы, энергетикалық жүйемен генератордың параллельді жұмысы және ерекшеліктері туралы толық сипаттама  береді. 

 

1. №1 зертханалық жұмыс. ЗЭС-ті (зертханалық электр станциялар) сипаттау

 1.1            Жұмыстың  мақсаты

Электр станцияларының электр жабдықтарының жұмысын ЗЭС мысалдары бойынша зерттеу.

 1.2  Жұмыстың  бағдарламасы

1.2.1 Негізгі орналасқан күштік электр жабдықтарымен, басқару қалқандарымен, өлшеуіш аспаптармен және активті және реактивті қуат бойынша ЗЭС генераторының жүктемелерін бақылаушы аспаптармен танысу.

1.2.2 Синхронды генераторлардың Г1 және Г2 кезектеп сөнуі және жүктемені лақтыруы, қосылудың жүргізілуі, жүктеме жинағы.

 

1.3 Зертханалық электр станцияны суреттеу (баяндау)

Электр станцияның негізгі зертханалық жабдықтарының орналасуы 1.1 суретте көрсетілген:

1-генератор қозғалтқыштар блогы;

2- автотрансформатор-түзеткіш;

3- жүктеме блогы;

4-блоктар қозғалтқыштарының басқару панелі;

5- трансформатордың жүйемен байланысы;

6- 1 блоктың басқару пульті;

7- секциялық ажыратқышпен басқару пульті;

8-басқару пульті;

9- 1 ұяшық (ВМП-10 жүйесімен байланыс трансформаторлардың ажыратқышы);

10- 2 ұяшық (ВМГ-10 секциялық ажыратқыш);

11- 3 ұяшық (НТМИ);

12- 4 ұяшық (ӨМ тұтынушылардың қоректенуі фидер);

13- Зертханалық электр қоректі қалқаны;

14- Дистанциондық басқару жетегі;

15- металды қалқан;

Негізгі тарату құрылғы 4 ұяшықтан тұрады, (9-12) КСО-226.

Негізгі (ПДУ) басқару қалқаны үш пультті панелден тұрады, олар ЗЭС жұмысын бақылау және басқару үшін қажет. Пульт панелдерде мнемосұлба орналасқан, ол арқылы ЗЭС - тің негізгі сұлбасын бейнелейлі. 3 панелдің  оң жағында синхронизация колонкасы орналасқан, ол 3 панелмен топса жалғанған. Станцияның негізгі тарату құрылғыларында секциялық (ВС) ажыратқыш бар, бір секциялы шина жүйесі қолданылады. Қоректенушілер  электр энергиясын Л1,Л2 желілері арқылы станциядан алады, олар ГРУ- магниттік іске қосқыштар арқылы шиналарға қосылады, олар майлы ажыратқыштарды имитациялаушы. Жүйенің рөлін 0,4 кВ торап атқарады, олар байланыс трансформаторлар арқылы байланысады.

         ТҚ ұяшығында орналасқан жабдықтар 6-10кВ кернеумен орындалады, сол уақытта барлық станция 380/220В жұмыс істейді, сондықтан 1.2 суретте келтірілгендей  негізгі сұлбада жабдықтар шын мәнінде орнатылған.

 

 

1.1 Сурет -Негізгі жабдықтың орналасуы

 

 

1.2  Сурет – ЗЭС бір тізбекті сұлбасы

 

    ЗЭС турбинаның рөлін тұрақты тоқтың қозғалтқышы атқарады, оның  аралас қоздыру қуаты 4,5 кВт. Қозғалтқыштарды басқару үшін 2 аралас іске қосу реттеу құрылғылары орналасқан. 13- суретте көрсетілгендей, параллельді ораммен тізбектегі реттеу реостаты қосылған.

Реостат қоздырушы орамның параллельді қосылмаған жағдайында, магнит ағыны жоғарғы мәнді көрсетеді және қозғалтқыш жылдамдығы ең төмен дәрежеге дейін төмендейді.

Параллельді тізбек реостаты орамындағы қоздыру кедергісін жоғарылату арқылы қоздыру тоғын азайтамыз және соған сәйкес магнит ағыны, қозғалтқыш жылдамдығы жоғарылайды.

 

 

1.3  Сурет - Генератордың қоздыру тоғын реттеу

 

 

     Генераторлар магниттік іске қосқыштар арқылы ГРУ шиналарына қосылады, олар майлы ажыратқыштарды  имитациялайды. Шапшаң ауыстырып қосқыш ПМОВ кілті көмегімен іске қосылады. Бұл кілттер магнитті іске қосқыштың блок-контакттерімен байланысы бар. Сондықтан, магнитті іске қосқышты қосқан кезде басқару кілтінің жанында қызыл шам, сөндірген кезде жасыл шам жанады. Сабының  басқару кілті сәйкес келмеген жағдайда, магнитті іске қосқыш жағдайы пульсі парлы жұмыс істей бастайды және қызыл немесе жасыл шамдардың жанып-сөнуі байқалады.

Кілттер  алты қалыпты болады: «сөндіру», «алдын ала сөндірулі», «сөндірулі», «қосу», «алдын ала қосылған», «қосулы». Олардың екеуі белгіленген және төртеуі белгіленбеген. «Алдын ала қосулы» немесе «алдын ала сөндірулі» қалпынан сабты жібергеннен кейін кілт пружина әрекеті арқылы белгіленген «қосулы» немесе «сөндірулі» қалпына қайтып келеді.

         ЗЭС генераторын қоздыру, ВК-100 түзеткіші арқылы іске асады, олар төмендеткіш трансформаторлары 220/12 арқылы тораптардан қоректенеді.

         Тоқ қоздыруын реттеу үшін ШРГ реостат көмегімен іске асады, ол генератордың қоздыру орамымен тізбектей қосылған. Реостатты қоздыру тізбегіне шығару арқылы  қоздыру тоғын  көбейтуге болады және соған сәйкес генераторлар қыспағындағы кернеуді де жоғарылатуға болады. ШРГ- басқару пультінің төменгі панелінде орналасқан.

         Синхронды генераторлар және электрлік қозғалтқыштар Прокопьевск машина заводында жасалған. Олардың техникалық көрсеткіштері  төменде көрсетілген.

Синхронды генераторлардың техникалық көрсеткіштері:

фаза саны............................................3;

толық қуаты,кВА.............................. 6,25

активтік қуаты,кВт............................5;

айналу жылдамдығы,ай/мин............1500;

кернеу,В..............................................230;

тоқ, А.............................   ...................5,7;

ПӘК,%.................................................80.

 

        ГД жүйесінің электр қозғалтқыштарының  техникалық көрсеткіштері:

типі......................................................П-61

тоқ тегі................................................ тұрақты

номиналдық қуаты,кВт..................... 4,5

номиналдық кернеу,В........................220

якордің номиналдық тоғы,А..............25

айналу жылдамдығы айн/жылд.........1500

ПӘК,%..................................................86,8.

 

         1,2 генераторлар тізбектерінде УТТ-5 15/5 типті тоқ трансформаторларында орналасқан, дәлдік класы 0,2. Фидер тоқ трансформаторының тізбегінде ТПЛУ-10 40/5, 0,5/0,5.Секциялы ажыратқыштар тізбегінде және трансформаторлар тізбегінде жүйемен байланысты тоқ трансформаторлары бар ТИЛ-10 50/5 (5 типті, дәлдік класы 0,5).

         Барлық жалғанымдар және электрлік байланыстар кабельмен және монтаждық сымдармен жалғанған. Бірлік тізбектердегі аспаптарды басқару, оперативтік сигнализация және электрлік шаманы өлшеу электр станциясының зертханасында басқару қалқаны арқылы іске асады. Негізгі басқару қалқанында басқару аспаптары, өлшеуіш аспаптарды, шамды сигнализация және әр генераторға сәйкес синхронизацияның кілттері орналасады (1.4 суретті қарңыз).

 

1.4 Сурет -  ЗЭС-ң  негізгі басқару қалқаны

 

(НБЩ) Негізгі басқару қалқаны 3 пультті панельден құралады: олар генераторды және секциялық ажыратқыштарды   басқару үшін қызмет етеді.

1 панель-генератор панелі. 2 панель-секциялық  ажыратқыштар панелі. 3 панель – 2 генератор панелі. Пульт панелінде мнемосұлба іске қосылған, басқару аспаптары орнатылған, өлшеуіш аспаптар, сигнализацияның шамдық  тақтасы және барлық генераторлар үшін синхрондау кілтіне сәйкес. 1 және 3 төменгі қабырға бетіндегі панелінде шунтты қоздыру реостаты және тұрақты тоқ қозғалтқыштың шунтты реостаттары орналасқан. 1 генераторлар панелінде бір вольтметр орнатылған, сонымен статор кедергісін өлшейді -VC, үш амперметр АС- фаза бойынша тоқ статорын өлшеу үшін  бір амперметр ротор орамындағы кернеуді өлшеу үшін-Vр, бір амперметр ротор орамындағы тоқты өлшеу үшін-Ар, екі киловатметр активті қуат-kW, амперметр және фидер счетчигі, оқшауламаны бақылауға арналған вольтметрлер, генераторлардың айналымын өлшеу үшін 2 шкалалы тахометр, (КС) синхрондау колонкасы, генератор синхронизациясы және  2 вольтметрден тұратын синхронды генератордың кернеулерін салыстыру үшін қолданылады, генератордың жиілігін өлшеу үшін екі жиілік өлшеуіш және генераторлардың параллельді жұмысқа қосу моментін анықтауға арналған синхроскоптар. Сонымен қатар 1 және  2 генераторлардың пульт-панелдерінде иммитрлі байланыста болатын «ДИС – машинист құбыры» құрылғылары орнатылған.

2 генератордың панелі 1 генератор панеліне ұқсас болып орнатылған. Секциялы ажыратқыштар панелінде (СВМ) бір амперметр орналасқан, ал бір секциядан екінші секцияға кернеу ағымымен өлшеу үшін СВМ-А, I секциядағы кернеуді бақылау үшін бір вольтметр – V1C, II секциядағы кернеуді бақылау үшін бір вольтметр – V2C, әр фазадағы кернеуді өлшеу үшін үш вольтметр орналасқан –V0. Басқару пульт-панелдерінің иілген жерінде (ЗЭС) коммутациялық аспаптар  басқару кілттері және шамды сигнализация орналасқан.

 

1.4 Жұмысты  жүргізу реті

 

1.4.1 ЗЭС-ті жұмысқа дайындау.

Ол үшін:

а)  зертханадағы электр қорек қалқанында түзеткіштің қорек автоматын қосу керек.

б) электр зертхананың қорек қалқанында 380 В айнымалы тоғын және 220 В тұрақты ток автоматын қосу қажет.

в) шиналы және тізбекті айырғыштарды өшу қалпына әкелу және олардың жағдайын тексеріп тұру керек (көзбен шолу).

г) №1 генеротор пультінің батырмасына сәйкес басып тұру және №2 сұлбаның жанып -сөнген сұлбасын қарастыру (батырма - КОМ) керек (КСМ- батырма) жанып-сөнген шаманың сигнализацияның апаттық сұлбасы (КОА- батырмасы);

д) басқару кілтінің қалпына сәйкес тексеру және күштік ажыратқыштар қалпы сигналды шамдарды тексеру. Егер жасыл түсті шамдар жанып-сөнсе, сәйкестенген кілтті тізбектей қалыпқа ауыстыру қажет, содан соң сағат тіліне қарсы шегіне дейін бұрау  керек.

         Егер қызыл түсті шамдар сөніп-жанса, сәйкестенген кілтті тік қалпына ауыстыру керек, ал содан соң сағат тілімен шегіне дейін бұрау қажет.

 

1.4.2 Генератор қоздыруын және іске қосуын жүргізу керек. Ол үшін келесі жағдайды жасау қажет:

а ) Қозғалтқыштарды басқару панеліндегі қозғалтқыштың автоматты ажыратқышын АП-50 қосу қажет;

б) Басқару пультіндегі «генераторды іске қосу» батырмасын қосу. Екі-үш секунттан кейін тахометр 7000 айн/мин;

в) Шунтты реостаттың қозғалтқыш сабын сағат тіліне қарама-қарсы бұрай  отырып, тахометрдің номиналды айналуын 1500айн/мин орнату керек.

г ) Қоздыру генераторының кілтін КУ-2 АГП №1 қосу керек.

д ) Сағат тіліне қарсы генератор (ШРГ) шунттық реостаттың сабын жаймен бұрау  арқылы  генераторды номиналды кернеуге дейін қоздыру керек (волтметрдегі қызыл сызықтар статор орамындағы);

е) 1  генератор шинасына жүктемені (кедергіні) қосу;

ж) 1 кестеге аспап көрсеткіштерін түсіру;

з) 1 генераторды тоқтату және өшіру, барлық операцияларды қарсы ретпен жүргізу.

         2 генератор үшін ұқсастық операциялар жүргізу және сол аспап көрсеткіштерін 1- кестеге енгізу керек.

 

1 К е с т е - Синхронды генераторлардың аспаптар  көрсеткіштері

Генератор №

Рг, кВт

Qг, кВар

Iг, А

Uг, кВ

Pнагр, кВт

Qнагр,кВар

 1- кестенің жалғасы

1 генератор

 

 

 

 

 

 

 2 генератор

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5  Есептеме мазмұны

 

ЗЭС негізгі жабдықтардың орналасуын сипаттау. Пульт панелінде орнатылған барлық аспаппен ЗЭС - тің негізгі басқару қалқанын сипаттау.

         Синхронды генератордың тоқтауын және тиелуін, іске қосу операциясының тізбектелуін сипаттау және жұмыс қорытындысын беру (мәндерін 1- кестеге түсіру).

 

Бақылау сұрақтары

 

1.     ЗЭС- те қандай жабдықтар орналасқан?

2.     ЗЭС- тің  негізгі басқару қалқаны  неден тұрады?

3.     Генератор панелінде қандай аспаптар орнатылған?

4.     Секциялық  ажыратқыштар панелінде  қандай аспаптар орналастырылған?

5.     Синхронды генераторлардың қосылу және тоқтау реті қандай?

6.     Генераторлардың  қоздыру тоғы қалай реттеледі?

7.     Синхронды генераторлардың жылдамдығы қалай реттеледі?

 

№2 зертханалық жұмыс. Нақты синхронды тәсіл бойынша синхронды  генераторларды параллельді жұмысқа қолмен  қосу 

     2.1 Жұмыстың мақсаты 

Студенттердің синхронды генераторларының кернеуін және практикалық дағдыдағы жылдамдығын реттеуді үйрену, сонымен қатар оларды параллельді жұмысқа нақты синхрондау тәсілімен қосуды үйрету.

 

 2.2 Жұмыс бағдарламасы 

 2.2.1 Синхрондауға қоздырылмаған генератор процесінің тартылуымен

 танысу.

 2.2.2 Динамикалық әсер ету және синхрондауға қоздырылған генератордың процесінің тартылуымен танысу.

 2.2.3 Нақты синхрондау тәсілі бойынша генератордың параллельді жұмысқа қосылу сұлбасын жинау.

 2.2.4 Нақты синхрондау тәсілі бойынша генераторды параллельді жұмысқа қосу.

 

      2.3 Қысқаша теория   

 2.3.1 Генераторларды параллельді жұмысқа қосу  

      Көбінесе эксплуатацияда салыстырмалы түрде агрегаттарды жөндеуге шығару немесе олардың жұмысының эксплуатациялық графиктеріне негізделген кезекті сөндірулерден кейін, синхронды генераторды параллельді жұмысқа бекіту қажеттілігі туып тұрады.

      Дайындалу процесін және генераторларды параллельді жұмысқа қосылуын синхрондау деп айтамыз. Эксплуатация тәжірибесінде екі синхрондау тәсілі қолданылады: нақты синхрондау тәсілі және өзін-өзі синхрондау.

     Кейбір жағдайларда параллельді жұмысқа энергия жүйесінің екі

 бөлігінің синхронды емес қосылуына болады. Мысалы, қазіргі жағдайда жүйелер реті бойынша синхронды емес желілердің автоматты қайта қосылуы пайдаланады, олар жүйе бөлшектерімен байланыстырады.

     Максималды теңестіруші тоқтары осы уақытта пайда болуы мүмкін,

олар генераторға рұқсат етілген мәндерден жоғары болмау керек.

 

2.3.2 Нақты синхронизация тәсілі бойынша генераторды іске  қосу

 

     Нақты  синхрондау  кезінде  генератор  қозады  және  синхронизм

талаптары келесі дәрежелерге жеткенде торап көзін қосады:

-         кернеу шамалары тең болғанда;

-         фаза бойынша кернеулердің сәйкес келуі;

-         тораптар және генератор жиілігінің теңдігі.

Егер генераторларды осы талаптарды орындамай қосқан жағдайда, генераторлар  бұзылуы  мүмкін.

     Мысалы, Г генераторын С  жүйенің параллельді жұмысына қосу керек (2.1,а суретті қараңыз).

 

 

2.1 Сурет - Нақты синхрондау тәсілі бойынша генераторды торапқа қосу

 

а- бастапқы берілген сұлба; б-кернеудің Uф.г ≠Uф.с векторлық диаграммасы; в-сол сияқты  0; г- кернеудің ұрылу осциллограммасы fг ≠f с.

 

Мысалы, жүйе жоғарғы қуатты болса, Uс жүйесі шинадағы кернеу барлық режімдерде бірдей болып қала береді. Жинақталған қондырғыға дейін  жүйе кедергісін  х0- деп белгілейміз.

          Генератордың қосылу моментіндегі  мүмкін  болатын үш режім:

1.     Генератодың Uг  кернеу фазасының векторы және  Uс жүйелер

 мөлшері  бойынша тең емес, бірақ фаза бойынша сәйкес келетін және бірдей жиілікте сағаттың өзгеруі.

 

 

2.     Фазалы кернеу векторларының фаза бойынша түрлі бұрыштарға

бөлінуі.

 

 

3.  Генераторлар әрқалай бұрыштық  жылдамдықтармен айналады.

В-1 Ажыратқышының қосылу кезінде контурда  Iу – теңдеулік тоғы пайда болады, бастапқы мәні келесі теңдеумен анықталады

 

 

мұндағы, Е11ф және Х11d –  жоғарғы өтпелі электр қозғаушы күш  және генератор кедергісі.

Iу -тоғы кернеуден Uф- дан бір бұрышқа қалады, 900-қа жақын, өйткені генератордың активтік кедергісі және жүйелері көп емес.

         Бірінші қарастырылған жағдайларда, қарастырылған теңдеулік тоқ индуктивтік болады (2.1,б суретті қараңыз) және машиналар үшін елеулі қауіп төнбейді. Сондықтан машинаны қосқанда кернеу айырмасын 5-10% -ға дейін жеткізу керек.

         Екінші жағдайда (2.1,е суретті қараңыз) теңдеулік тоқ активті құрастырушы мәнге ие болады. Uф.г-генератор кернеу векторы қалады, сондықтан Iа.г -активтік құрастырушы ротордың жылдамдығына бағытталған теңдеулік тоғы тез пайда болады.

Егер, Uф.г кернеу векторы Uф.с векторынан озса, онда оның тоғының активті құрастырушысынан роторды тоқтату моменті пайда болады. Осы екі жағдайларда жүктеменің валына баршама итерілімдермен генератордың қосылуы жүргізіледі, агрегаттық бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Синхрондалған кернеу көзінің вектор бұрышы айырылыспауы үшін қосылған сәтте 10эл. град-тан аспау қажет.

         Келесі, үшінші жағдайда генератор кернеуі мен жүйе бұрышы әрдайым өзгеріп отырады, сол кезде Uф кернеу мөлшерінің айырмасы үздіксіз өзгереді, оны соғу кернеуі деп атайды. Соғу кернеуі жиілік сағаты бойынша өзгереді, синхронды көздің жиілігінің жартылай бағасына тең, ал амплитуда 0-2 Uф.м, аралығында тербеледі, 2.1 суретте көрсетілгендей.

Сондықтан, егер жиілік тең болмаған жағдайда, кернеу векторының айырылысуы кезінде  дұрыс емес моментінде қосылу қауіпті болуы мүмкін.

         Сонымен қатар, жиіліктер көрсетілгендей айырылысқанда, машина синхрондалуға кіруі мүмкін емес.

         Осының барлығы, 0,1% мөлшерде қосылу кезінде жиілік айырылуынан шектетеді. Ең үлкен теңдеу тоғы қосылу моменті ψ = 1800 болғанда пайда болады. Егер, генератор параллельді жұмысқа (хс= 0) жүйе қуаты қосылса, онда

теңдеулік тоқ үш фазалы қысқа тұйықталу генератор қыспағындағы жоғары өтпелі тоқтан үлкен, ал максималдық теңдеулік тоқтың тез мәні i (3)ұ  ұрылу тоқтың мәнінен екі есе үлкен.

Сонымен, электр динамикалық күштермен үлкен теңдеулік тоқтардан және ескертілген күшті механикалық итерілімдерден кернеудің және жиіліктің еркін қатынасы кезіндегі қозған генератордың басқа генераторлармен қосылуы машинаға ауыр зақым тигізуі мүмкін.

Синхрондау процесі кернеуді реттеуден тұрады және синхрондау шартымен сәйкес генераторларға қосылған жиіліктер және генераторлық ажыратқыштарды дұрыс таңдалған моментте қосу. Синхрондау кезінде өлшеуіш аспаптар жинағын қолданады (2.2 суретті қараңыз), екі жиілік өлшеуіш және екі вольтметр, жиілікті сәйкесінше бақылау, синхрондалған генератор қыспағындағы кернеу мен тораптар (жүйелер) және синхронскоп S-аспап кернеуінің синхрондау көзінің векторының өзара ауысуы туралы пікірлеуге болады.

         Барлығы осы аспаптарды синхрондаудың бір колонкасында жөндетіледі.

 

2.2   Сурет - Синхрондау колонкасының өлшеуіш аспаптарының қосылу

сұлбасы

 

 

Кернеудің теңдігін синхронды генератордың қозуының өзгеруі бойынша алады. Генераторға қосылған бірлік қозғалтқышқа іске қосқыш жұмыстық заттарының (пардың, судың, отынның)  сервометрін өзгерте отырып, жиілікті реттейді.

         Синхрондаушы генераторлар және тораптардағы жиіліктің тұрақты теңдігін нақты жағдайларда алу мүмкін емес. Синхрондалған генераторының кернеу векторы кернеу тораптарының векторына жаймен келген кезде генератор ажыратқыштарын қосу керек. Қосылу шағын синхронскоп тілі бойынша қағып алады, ол бұрыштық сырғу жылдамдығымен айналады.

        

 

Аспап  шкаласында сызық сызылған, ол фаза бойынша кернеуге сай келеді.

         Дистанциондық басқаруда ажыратқыштарды синхронскоп тілі сызыққа дейін жетпеген шақта қосу керек, өйткені ажыратқыштардың дистанциондық қосылу сағатын есепке алу керек. Нақты синхрондау әдісінің кемшіліктері:

қиындық және процесс ұзақтылығы, әсіресе жүйелердің апаттар режім шарттарында  кернеудің және жиіліктің тербелуімен шығарып салуы, қызмет көрсетуші персоналдың квалификациясы жоғары болу керек, автоматтандыру процесінің қиындығы, синхрондау талаптарының бұзылған жағдайдағы ауыр апаттардың болуы.

 

2.4 Қолмен істелетін синхронизация

 

Осы синхрондау әдісінде параметрлерді бақылау және синхрондау процесі синхроскоптың 2 вольтметр және 2 частотометр өлшеуіш аспаптары көмегімен жүзеге асырылады.

         Бұл аспаптар синхрондау колонкасында жинақталып орналасқан панельдің оң жағында пультінің тіреуіштерінде  орнатылған.

Генератор синхрондалатын жүйелерге және генератор тізбектеріне аспаптар кілттерінің көмегімен жалғанады. 

 

2.5 Жұмыс істеу реті  

2.5.1 Жүйелерді қосу (институт торабы) ГТҚ (ГРУ)-машинасының 1 секциясы (№1,2 генераторлар және жүктеме  сөндірулі)

 

1 ГРУ, ұяшық Ф1;

ШР-қосу;

ЛР-қосу;

ВМ-6кВ-дұрыс қосулы;

2 ГРУ, ұяшық  НТМИ-6кВт:

ШРС-2-қосу;

3 ГРУ, СВМ ұяшық:

ШРС-1-қосу;

СВМ-дұрыс қосулы.

4 Тарату қалқаны 380В-РП-14.

5 Автоматтар:

            2 АВ - қосу;

3АВ - қосу;

4АВ- қосу;

5АВ- қосу.

6        ПСХ    генераторының    сабтары   №1,2   және  СВМ-ға  сәйкес

пульттерінен  алынады.

7        Қалған ауысып қосу жағдайы генераторларды басқару пультіндегі кілттер  №1,2 және СВМ- еркін.

8        КУ-5 кілтінің көлденең жағдайынан тік жағдайға ауысқанда қосылу жүргізіледі (оның алдында жасыл шамы жанып-сөнеді) содан кейін сағат тілімен шегіне дейін бұрау.

Осыған байланысты:

КУ-5 кілті бойынша қызыл шам жанады; СВМ kV1 пультінде 1 шина  жүйесінің кернеуін көрсетеді, ал kV пультінде  А,В,С-шина жүйесінің фаза кернеулерін көрсетеді.

 

2.5.2 №1 генераторды параллельді жұмыс жүйесімен қосу (№2 – генератор сөндірулі)

 

1  №1 генератор пультінде ауысып қосу жағдайына орнату:

ППС-көлденең қолмен істейтін синхрондау;

ПРС- тік-нақты синхрондау;

ПСХ 1G- көлденең қосылған;

ПБ- тік қосылған (ЛС-жанулы –синхрондау бақылауы шығарылған);

«В» фаза- көлденең -сөндірулі.

2 №1 Электр қозғалтқыштың қосылуы. Реостаттарды (№1 генератор пультінің сол есігі) шеткі жаққа орнату.

№1 генераторлар пультінде «ПУСК» батырмасымен №1 электр қозғалтқыштың қосылуын жүргізу.

Реостатпен (№1 генераторлар пультінің сол есігінде) тахометр бойынша (СВМ-пульт, L-типі)-1400айн/мин үлгілі айналымды қою.

3  №1 генераторлардың қозып қосылуы.

3.1  КУ2 кілтінің көлденең жағдайдан тік жағдайға ауысуы арқылы қосылу жүргізіледі (сонымен қатар кілт алдында жасыл шам жанып-сөнеді), содан кейін сағат тілі бойынша шегіне дейін бұралады;

Сонымен қатар КУ2 кілт алдында қызыл шам жанады.

3.2 Реостатпен (№1 генератор пультінің оң есігі) генератор статордың кернеуін үлгілі 6,3 кВ-қа қою.

Сонымен қатар қозу кернеуі 30 - 40В, қозу тоғы 4-5А.

4 №1  шинадағы  генераторды қосу;

4.1 КУ-1 кілтінің қосылуы көлденең шамасынан тік шамасына ауысуы бойынша жүргізіледі (сонымен қатар кілт алдында жасыл шам жанып-сөнеді), содан сағат тіліне қарай  шегіне дейін бұралады;

Сонымен қатар:

КУ1 кілт алдында қызыл шам жанады;

СВМ kV1-пультінде – 1 шина жүйесінің кернеуін көрсетеді, ал kV

фазаның А,В,С-1 фаза кернеуінің шина жүйесін;

Синхрондау колонкасында V және HZ кернеуді және 1-жилікті көрсетеді және сәйкесінше 2 шина жүйесі.

4.2 №1 генератор пультінде ауысып-қосқышты мына мәнге қоямыз:

ПСХ 1G- тік  сөндірулі;

ПРС-көлденең- сөндірулі;

Қалған ауысып- қосқыштар жағдайы, №1,2 генераторлардың басқару пультіндегі кілттер және СВМ- еркін.

 

2.5.3  №2 генераторды ГТҚ (ГРУ)- шиналарының  2 секциясына қосу (№1 генератор және ГТҚ шиналарының 1 секциясына жүйе қосылған).

 

1 ГРУ,  НТМИ ұяшығы -6кВт:

ШРС-2-қосу;

2ГРУ, СВМ ұяшығы:

ШРС-1- қосулы;

СВМ-дұрыс қосылған.

3 Тарату қалқаны 380В-РП-14.

4 Автоматтар:

2АВ-қосу;

3АВ-қосу;

4АВ-қосу;

5АВ-қосу;

5 №2 Электр қозғалтқышпен басқару қалқаны.

АВ-қосу.

6. №1 генераторының және СВМ сәйкестенген пульттегі  ПСХ жүйесінің сабтары алынған.

7. Қалған ауысып -қосқыш басқару пультіндегі кілттер жағдайлары-еркін.

8. №1 генератор пультіндегі ауысып -қосқышты мына жағдайға қою:

ПСС-көлденең –қолмен істеген-синхрондау;

ПРС-тік –нақты синхрондау;

ПСХ 1G- тік –сөндірулі;

ПБ- тік –қосулы (ЛС- жанып тұр -синхрондау бақылаудан шығарылған);

«В» фазасы-көлденең –сөндірулі.

9. №2 генераторлар пультінде ауысып-қосқышты мына жағдайға қосу;

ПСХ2G – тік– сөндірулі.

10. №2 Электр қозғалтқыштың қосылуы. Реостаттарды (№2 генератор пультінің сол есігі) шеткі оң жағдайға орналастыру.

№2 генератор пультінде «ПУСК» батырмасымен №2 электр қозғалтқыштардың қосылуын жүргізу.

Реостаттармен (№2 генератор пультінің сол есігі) тахометр бойынша (СВМ-пульті,L-тілі)-айналымын үлгілі 1400 айн/мин) қою.

11. №2 генератордың қоздыруын қосу.

11.1 Қосылу, КУ2 кілтінің көлденең жағдайынан тік жағдайға ауысуы бойынша жүргізіледі, (сонымен кілт алдындағы жасыл шам жанып-сөнеді), содан кейін сағат тілінің шегіне дейін бұралады, сонымен қатар КУ2 кілтінің алдындағы қызыл шам жанады.

Генератор статорындағы кернеуді реостатпен (№2-ші генераторының пультінің оң есігі) үлгілі 6,3 кВ қою.

Сонымен қатар қозу кернеуі = 30-40В, қозу тоғы = 4-5А.

12 №2-ші генераторды шинаға қосу.

12.1 Қосылу, КУ  кілтінің көлденең жағдайынан тік жағдайға ауысуы бойынша жүргізіледі (сонымен кілт алдындағы жасыл шам жанып-сөнеді), содан кейін сағат тілінің шегіне дейін бұралады;

Сонымен қатар:

КУ1 кілтінің алдындағы қызыл шам жанады;

СВМ kV2 пультінде 2  шина жүйесінің кернеуін көрсетеді, ал kV фазаның А,В,С -2 шина жүйесінің кернеу фазасы;

Сәйкесінше 1 және 2 шина жүйесінің V және Hz синхрондау колонкасында кернеуді және жиілікті көрсетеді.

13. №2 генератор пультіндегі ауыстырып-қосқышты мына жағдайға қою:

ПСХ 2G-көлденең –сөндірулі.

14. №1 генератор пультіндегі ауыстырып қосқышты мына жағдайға қою:

ПРС- көлденең сөндірулі.

Қалған ауыстырып қосқыштар, №1,2 генератордың басқару пультіндегі кілттері және СВМ – жағдайлары -  еркін.

 

2.5.4 Шинаға жүктеменің қосылуы

 

Жүктемені қосу үшін  келесі талаптарды орындау керек: (Жүйе, №№1,2 генераторлар-қосулы):

1. Ауыстырып-қосқыштар, №№1,2 генераторларды басқару пультіндегі кілттер және СВМ жағдайлары - еркін.

2. №1 генератор пультіндегі ауыстырып  қосқышты мына жағдайға қою:

ПН-жүктемені шеткі оң жаққа ауыстырып қосқыш.

3. Шиналарға жүктемені қосу.

4. Ажырату, КУ-3 кілтінің көлденең жағдайынан тік жағдайға ауысуы бойынша жүргізіледі (кілт алдындағы жасыл шам жанып-сөнеді), содан кейін сағат тілінің шегіне дейін бұралады.

Сонымен қатар:

КУ-3 кілтінің алдындағы қызыл шам жанады.

5. Шинадағы жүктеменің өзгеруі.

ПН-жағдайын өзгерте отырып (сағат тіліне қарсы-жүктеменің өсуі, сағат тілімен-жүктеменің азаюы), шинадағы жүктемені өзгертіп отырамыз, сонымен қатар №№1,2 электр қозғалтқыштың айналуын қадағалап отыру қажет (үлгілі 1500 айн/мин).

 

2.5.5 Шинадағы жүктемені сөндіру

 

         (жүйе, №№1,2 генераторлар қосулы):

1. Ауыстырып қосқыштар,  №№1,2 генераторларды басқару пультіндегі кілттер және СВМ жағдайлары - еркін.

2. №1 генератор пультінде ауыстырып қосқышты мына жағдайға қою:

ПН-жүктеме ауыстырып қосқышты-шеткі оң жағдайға қою:

3. Шиналардан жүкткмені ажырату.

4. Ажырату, КУ-3 кілтінің тік жағдайынан көлденең жағдайға ауысуы бойынша жүргізіледі. (кілт алдындағы қызыл  шам жанып-сөнеді), содан кейін сағат тілінің шегіне дейін бұралады.

 

         Сонымен қатар:

КУ-3 кілтінің алдындағы жасыл шам жанады.

 

2.5.6  № 1 генератор шинаның  №1 секциясынан сөндірулі (жүйе, №2 генератор-қосулы).

 

1. Шиналардан №1  генераторды ажырату.

2. Ажырату, КУ-1 кілтінің тік жағдайынан көлденең жағдайға ауысуы бойынша жүргізіледі (кілт алдындағы қызыл  шам жанып-сөнеді), содан кейін сағат тілінің шегіне дейін бұралады.

         Сонымен қатар:

КУ-1 кілтінің алдындағы жасыл шам жанады;

СВМ kV1 пультінде - 1 шина жүйесінде  кернеудің жоқтығын  көрсетеді, ал kV фазаның А,В,С -1  шина жүйесінің фазасындағы кернеудің жоқтығы;

V және Hz синхрондау колонкасында 1 және 2  сәйкесінше шина жүйелерінің жиілік кернеуінің жоқтығын  көрсетеді.

3. №1 генераторының қозуын ажырату.

4. Ажырату, КУ-2 кілтінің тік жағдайынан көлденең жағдайға ауысуы бойынша жүргізіледі (кілт алдындағы қызыл  шам жанып-сөнеді), содан кейін сағат тілінің шегіне дейін бұралады.

Сонымен қатар:

КУ-2 кілтінің алдындағы жасыл шам жанады.

Осы операцияларды орындау кезінде №1 электр қозғалтқыш айналымын қадағалау қажет; (үлгілі 1400 айн/мин).

5. ГРУ,СВМ ұяшығы;

          СВМ- дұрыс қосулы;

          шрс-1-сөндіру;

          6 ГРУ, НТМИ ұяшығы 6 кВт;

ШРС-2-сөндірулі.

 

2.5.7 №2 генератордың шинадан ажыратылуы (№1 генератор және жүктеме сөндірулі).

 

1. Шинадан №2  генераторды ажырату.

2. Ажырату КУ-1 кілтінің тік жағдайынан көлденең жағдайға ауысуы бойынша жүргізіледі (кілт алдындағы қызыл  шам жанып-сөнеді), содан кейін сағат тілінің шегіне дейін бұралады.

Сонымен қатар:

КУ-1 кілтінің алдындағы жасыл шам жанады;

СВМ Kv2 пультінде -2  шина жүйесінде  кернеудің жоқтығын  көрсетеді, ал kV фазаның А,В,С -2 шина жүйесінің фазасындағы кернеудің жоқтығы;

V және Hz синхрондау колонкасында 1 және 2  сәйкесінше шина жүйелерінің жиілік кернеуінің жоқтығын  көрсетеді.

3.  №2  генераторының қозуын сөндіру.

3.1 Ажырату, КУ-2 кілтінің тік жағдайынан көлденең жағдайға ауысуы бойынша жүргізіледі (кілт алдындағы қызыл  шам жанып-сөнеді), содан кейін сағат тілінің шегіне дейін.

Сонымен қатар КУ-2 кілтінің алдындағы жасыл шам жанады;

Осы операцияларды орындау кезінде №2 электр қозғалтқыш айналымын қадағалау қажет;

(үлгілі 1400 айн/мин).

4. ГРУ, СВМ-ұяшығы;

СВМ-дұрыс қосулы;

ШРС-1-сөндіру.

5. ГРУ,НТМИ-6кВт ұяшығы;

ШРС-2-сөндіру.

 

2.5.8 Электр қозғалтқыштың сөндірілуі

 

1. №1(№2) Электр қозғалтқышты ажырату.

Реостатпен (№2 генератор пультінің сол есігі) тахометр бойынша (СВМ-пульті, L-тілі)-минималды айналуын үлгілі 1000 айн/мин қою.

№1 (№2) генератор пультінде электр қозғалтқыштың №1 (№2) тоқтауын «ТОҚТА» батырмасымен жүргізу.

2. №1 (№2) электр қозғалтқышты басқару шинасы:

АВ-ажырату;

 

2.5.9 Жүйелердің сөндірулі (институт тораптары) ГРУ шиналарының 1 секциясынан бастап (№1,2 генератор және жүктеме – сөндірулі).

 

1. Ажырату КУ-5 кілтінің тік жағдайынан көлденең жағдайға ауысуы бойынша жүргізіледі (кілт алдындағы қызыл  шам жанып-сөнеді), содан кейін сағат тілінің шегіне дейін бұралады.

Сонымен қатар КУ-5 кілтінің алдындағы жасыл шам жанады;

СВМ Kv1 пультінде -1 шина жүйесінде  кернеудің жоқтығын  көрсетеді, ал kV фазаның А,В,С -2  шина жүйесінің фазасындағы кернеудің жоқтығы;

2ГРУ, Ф1 ұяшық:

ВМ -6кВ-дұрыс қосулы;

ЛР-сөндіру;

ШР-сөндіру;

3ГРУ,СВМ ұяшығы;

СВМ-дұрыс қосулы;

ШРС-1-ажырату.

4 ГРУ, НТМИ-6кВт ұяшығы;

ШРС-2-сөндіру.

5.Тарату қалқаны 380В –РП-14.

6. Автоматтар.

2АВ- ажырату;

3АВ-ажырату;

4АВ-ажырату;

5АВ-ажырату;

 

2.6 Есептеме мазмұны

 

Есептеме мыналардан құралу керек:

- жұмыс бағдарламасы;

- қысқаша теориясы;

- жұмыстың жасалу реті;

- бақылау сұрақтарына арналған жауаптар.

Есептеме бөлек дәптерде орындалады. Барлық сұлбаларды қарандашпен және таза орындау керек.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Синхрондауға кірген қозбаған генератордың созылу процесі қалай жүргізіледі?

2.  Автоматтық синхрондау процесін түсіндіру.

3.  Қолмен синхрондау процесін түсіндіру.

4.  Сұлбаның жұмыс ретін түсіндіру. 

 

№3 зертханалық жұмыс. Генераторлардың параллельді жұмысқа өзін синхрондау немесе жартылай автоматты синхрондау тәсілмен қосу 

3.1 Жұмыстың мақсаты 

Курс бойынша студенттердің білімдерін бекіту: Синхронды генератордың параллельді жұмысқа қосылу сұлбасын құру. 

3.2 Жұмыс бағдарламасы 

3.2.1 Өзін-өзі синхрондау тәсілі бойынша генератордың параллельді жұмысқа қосылу сұлбасын құру.

3.2.2 Өзін-өзі синхрондау тәсілі бойынша генераторды параллельді жұмысқа қосу.

3.2.3 Жартылай автоматтық синхрондау тәсілі бойынша генераторды параллельді жұмысқа қосу.

 

3.3 Қысқаша теория 

Генератор өзін-өзі синхрондау кезінде торапқа қозусыз қосылады. Статордың торапқа қосылуынан кейін ротор тізбегіне қозу тоғы беріледі, содан ротор синхрондалуға тартылады. Өзін-өзі синхрондау тәсілі бойынша синхронды генератордың параллельді жұмысқа қосылу кезінде келесі шарттар орындалуы қажет:

а) АГП-ң ажыратылған шамасына сәйкес келетін торапқа жалғанған генератор қоздырылуы қажет.

б) Шунтты реостат бос жүріс кезіндегі номиналдық кернеуге сәйкес болуы керек;

в) Қосылу кезінде генераторға жалғанған жиілік айырмасы және тораптар 3-5% - дан аспау керек.

г) Генератордың қосылу кезінде ротордың айналу жылдамдығы 0,5-1 Герц-сек-тан аспау керек.

д) Генераторды торапқа қосқаннан кейін сол сәтте қоздыру қажет. Қозбаған генераторларды торапқа қосқан сәтте теңдеулік тоқ тербеледі, ол периодтық құрастырушы мәніне әсер етеді  және  былай анықталады

 

                                                                                    .                                                      (1)

 

Генератордың өзін-өзі синхрондау тәсілімен қосылуы мына шамамен белгіленеді Jyp.

Егер  генератордың номиналды тоғы 3,5-кратты шамасынан аспаса, онда өзін-өзі синхрондау тәсілін қолдануына шектеу қойылмайды.

Қосылу кезіндегі қосу тоқ мәні, қысқа тұйықталу кезіндегі қозған генератордың қыспағындағы тоқтың мәнінен ешқашан аспайды. Апаттық жағдайда генераторды өзін-өзі синхрондау әдісімен қосуға болады, оның қуат типі мен қосарланған сұлбасына байланысты         емес.
          Өзін-өзі синхрондау тәсілі бойынша генератордың қосылуы әрдайым генератордың және тізбектегі кернеудің төмендеуімен жүргізіледі. Олар синхрондау генераторын тораппен жалғайды.

Синхрондау генераторының қыспағындағы кернеу мына формуламен анықталады

                                                       немесе                      (2)

 

Генераторды синхрондауға тартылуы арқылы кернеу тез қалпына келеді, бір жағынан генератордың кедергісі өсу үшін, екінші жағынан кернеуді реттеу және құрылғы жұмысын тездету үшін

Қозуды бергеннен кейін генератордың синхрондалуға тартылуын нәтижеленген іс моментімен анықтайды

а) Март - артық момент, момент ортасындағы айырмасына тең. Мт- айналу жылдамдығы арқылы Мк- кедергі моменті арқылы турбинамен жетілдіреді. Артық момент агрегет үдеуін  ескертеді.

б ) Статор алаңы мен қозу тоғы арқылы пайда болған өзара ротор алаңының нәтижесіндегі генератормен  Мсинх - синхронды моментті жетілдіру

 

                                                                                                                  (3)

 

мұндағы Edуст  - ротор тоғының орныққан мәніндегі генератордың электр қозғаушы күші;

б - вектор ортасындағы бұрыш Edуст  және қалқан кернеуінің векторы Uш;

в) реактивті момент былай анықталады

 

                                                                           .                                     (4)

 

         Ротордың анық көрсетілген полюстерімен, статордың айналу алаңының әсері кезіндегі реактивтік моментті ротормен жетілдіреді;

Реактивті моменттердің әсері арқылы тораптар мен генератор кернеу векторы сәйкес келгенде генератор синхрондауға кіріседі. Сонымен қатар олардың 1800 градус айырмашылығы бар, өйткені кейбір өзін-өзі синхрондау кезінде сырғуы оң шама болады және генератор синхрондауға кіріскен кезде қозу беріледі;

г) Асинхронды режімдегі генератордың жетілуі Мор.ас - орташа асинхронды момент.

Генератордың орташа асинхронды моменті статор қыспағындағы кернеудің квадратына пропорционал және сырғу мәніне тәуелді. Асинхронды момент іс-әрекеті әрқашан генераторды синхрондауға кірісуге бағыттайды. Генераторды синхрондауға кірісу процесі келесідегідей орындалады.

Синхрондыға қарағанда, генератордың айналу жылдамдық сырғуы үлкен мәнге жеткенде генератор қозуы қосылады және синхронды момент пайда болады, ол генераторларды бірнеше тербелуінен кейін синхрондауға кірісуін қамтамасыз етеді.

 

           3.4 Электр торабы мен оған қосылатын генератордың жиілігі тең болғандағы, сол генераторды өзін-өзі синхрондаумен параллельді іске қосу мезгілін орындау

 

Өзін-өзі синхрондау тәсілі арқылы генераторды автоматты түрде қосу сұлбаларында жиілік айырмасын бақылау әрқашан  ИРЧ-01 цилиндрлік ротор типті төрт полюсті индуктивті реле көмегімен жүзеге асырады.

Осы реле екі орамды жүйеден тұрады, оның бірі ТН торапқа қосылады (кернеу орамы), екіншісі (тоқ орамы) - ТН  генераторына қосылады. Қосылу кедергісі RД орамға тізбектей жалғанады, оның шамасы мына түрде анықталады

 

                                                                                                                                               (5)

 

мұндағы: Uуст- генератордағы қалған кернеу;

Jp- реле орамындағы тоқтың номиналды тоғы.

Жилік айырмасы 1-1,5Гц болғанда  реле контакттың нақты тұйықталуын қамтамасыз етеді. Реле ортасына келген кернеу тербелу шамасы +50% жоғары болу керек, осы кезде реттеу жүргізіледі.

Кернеудің катушкада өзгеруі және тоқ катушкасындағы тағайыншаманың өз еркімен іске қосылуы (1,8-0,35Гц) аралығында өзгереді, бұл ИРЧ-0,1 релесінің конструкциясының кемшілігі болып табылады.

         Генератор синхрондалуын автоматты және қолмен синхрондауға   болады. Қолмен синхрондағанда генератордың торапқа қосылу іс-әрекеттері қолмен жасалады. Ал автоматтық синхрондауда барлық іс-әрекеттер автоматты түрде орындалады. Кейбір кезде жартылай – автоматты синхрондау болады, ол жағдайда жарты операция қолмен жартысы автоматты түрде жүргізіледі.

         Негізінде бұл жұмыста  жартылай-автоматты синхрондалу, жиілік айырмасы релесін қолданып  қарастырамыз. 

 

3.5 Сұлбалардың жұмысын баяндау

 

Төрт полюсті индуктивтік реле жиілік айырмасын ИРЧ-0,1 қолдану арқылы автоматты түрде генератордың өзін-өзі синхрондау үшін мына сұлба тағайындалған. (3.1 суретті қараңыз).

 

      3.1 Сурет - Жартылай автоматты синхрондау сұлбасы

 

         Стендте екі автоматты ажыратқыштар орналасқан 1АВ және 2АВ (1АВ автоматты ажыратқышпен торапқа (түрбинаға) тұрақты тоқты қозғалтқышқа қосылу жүргізіледі, ал екінші 2АВ-автоматты ажыратқышпен тұрақты тоқ қозғалтқыш (2 турбина синхронды генераторға) қосылу жүргізіледі;

ИРЧ-0,1 жиілік айырма релесі екі орамнан тұрады: кернеу және тоқ; РН-54 кернеу релесі көмегімен синхрондалған генератордың шығу клемміндегі кернеуі бақыланады;

Тоқ релесі синхрондалған генератордың шығысында орналасқан және синхрондау уақытын анықтайтын секундамер болып табылады. Екі магниттік іске қосқыштар 1МП және 2МП майлы ажыратқыштарды имитациялайды, соған байланысты құрылымды шинадағы генератордың қосылуын қолданады; өтпелі релелер 1РП және 2РП; 1КУ басқару кілті, соның көмегімен реле айырмасы жиілікке қосылуын қамтамасыз етеді және келесі генератордың өзін-өзі синхрондауға, КУ2 кілт көмегімен бірінші контакттің құрылымдық шинада қосылуын жүргізеді.

Сұлба келесідегідей жұмыс істейді.

Генератордың жартылай автоматтық өзін-өзі синхрондауы арқылы мына сұлбада ең алдымен қозғалтқышты және қолмен істелетін генераторды іске қосу керек және кернеуді 220В-қа тең ұстау керек; бірінші генератордың жиілігі f=50Гц синхрондалуының жиілігі 47-48 Гц деп алып, 2КУ басқару кілтін қайтару керек.

         Cонымен қатар, бірінші генератор жүйені имитрациялаушы құрылымдық шинаға 1МП-магниттік іске қосқыш арқылы қосылған. 1 КУ кілтін 45 градус оңға бұрағанда тоқ және кернеу орамының жартылай-автоматтық өзін-өзі синхрондау шамасы және тоқтың жиілік айырмасының релесі қоректенеді. Реле контакттердің сенімді тұйықталуын қамтамасыз етеді, жүйе генераторының жиілігінің айырмасы және синхрондау генератордың жиілігі 1-1,5Гц тең болады. Жиілік айырмасының релесі жұмысқа кіріскеннен кейін 1РП өтпелі реле жұмысқа кіріседі және өзін-өзі алып жүре бастайды. Басқа дұрыс-жабық контактісімен жиілік айырмасындағы реле тоқ орамының қоректі тізбегін үзіп тастайды. 2РП тұйықталған реле контактісі арқылы екінші дұрыс - ашық контактісін 2МП магниттік іске қосқыштың орамын қоректендіреді. 2МП іске қосқыш жұмысқа кіріседі және синхронды генераторды құрылымдық шинаға қосады. 2РП реле контакттері тұйықталған, егер синхрондау генератордың шығысында кернеу бар болса, олар кернеу релесімен РН-54 бақыланады.

 

3.6 Жұмыс істеу реті

 

3.6.1  №1 генераторды параллельді жұмысқа «Өзін-өзі синхрондау» тәсілі арқылы қосу (жүйе-қосулы; №1 генератор-сөндірулі)

1 №1 Электр қозғалтқыштың басқару қалқаны АВ-сөндіру.

2 ПСХ жүйенің сабтары, №2 генераторлар және СВМ сәйкестенген пульттерден   алынып тасталған.

3 Қалған ауыстырып қосқыштардың шамалары  №2  генератордың басқару пультіндегі кілттер және СВМ – еркін.

4 №1  генератор пультіндегі ауыстырып-қосқыштарды және кілттерді мына шамаға қою керек:

ПСС- тік –сөндірулі;

(4ЛС- шамы жанып тұр, өзін-өзі синхрондау қосулы);

ПРС-тік –нақты синхрондау;

ПСХ 1G- көлденең –қосулы;

ПБ-тік-қосулы (ЛС- шамы жанып тұр, синхрондау бақылауы

шығарылған);

КУ1- көлденең -сөндірулі;

КУ2- көлденең -сөндірулі;

5 №1 электр қозғалтқышты қосу.

6 №1 электр пультіндегі ауыстырып қосқыштарды мына шамаға қою;

фаза «В» -  тік -қосулы.

Сонымен қатар:

Шиналарға №1 генератордың қосылуы біраз уақыт өткеннен кейін қосылады.

ЛК-генератордың және қозудың  жанып-сөнуі.

7 №1 генератор пультінде КУ1 кілті (кілті сағат тілі бойынша шегіне дейін бұрау) арқылы қалпына келтіру:

КУ генератор кілті –тік -қосулы;

8  №1 генератор пультінде КУ2 кілтті (кілтті сағат тілімен шегіне дейін бұрау) арқылы қалпына келтіру:

КУ2 қозу кілті-тік-қосулы;

9  КУ1 және КУ2  кілтінің жоғарғы жағында  қызыл шам жанады.

10 №1 генератор пультіндегі ауыстырып қосқыштарды мына шамаға қою:

ПСХ 1G- тік –сөндірулі;

«В» фазасы  -  көлденең-сөндірулі;

ПРС- көлденең -сөндірулі;

Қалған ауыстырып қосқыштардың шамалары №1-2 генераторлармен СВМ басқару пультіндегі кілттер-еркін.

 

3.6.2 №2 генераторды параллельді жұмысқа «Өзін-өзі синхрондау» тәсілі арқылы қосу (жүйе-қосулы; №2  генератор-сөндірулі).

         Басқару қалқандағы турбинамен келесі операцияларды жасау: (№2 ЗЭС-электр қозғалтқыш):

1. АВ-қосу.

2. ПСХ  жүйесінің  сабтарын  №1  генераторының  және  СВМ  пультіне

 сәйкес алынып тасталған.

3. Қалған ауыстырып қосқыштардың шамалары №1 генератордың және

СВМ - нің басқару пультіндегі кілттер-еркін.

4. №1 генератор пультіндегі ауыстырып қосқыштар және кілттерді

мына шамаға қою:

5. ППС- тік –сөндірулі (4ЛС- шамы жанып тұр, өзін-өзі синхрондау

 қосулы);

6. ПРС-тік-нақты синхрондау.

7. ПСХ 1G- тік  –сөндірулі;

8. ПБ- тік -қосулы (ЛС- шамы жанып тұр, синхронды бақылаудан

 шығарылған).

9. №2 генератор пультіндегы ауыстырып қосқышты және кілттерді мына шамаға қою:

ПСХ 2G- тік-қосулы;

КУ1 - көлденең- сөндірулі;

КУ2 - көлденең - сөндірулі;

         10.  №2 электр қозғалтқышты қосу.

         11.  №1 генератор пультіндегі ауыстырып қосқышты осы шамаға қою:

 «В» фазасы  - тік -қосулы;

Сонымен қатар:

 №2 генераторды шинаға қосу бірнеше уақыттан кейін жүргізіледі;

ЛК- генератор және қозу  жанып-сөнеді:

         11. №2 генератордың пультіндегі КУ1 кілтті (сағат тілі бойынша шегіне дейін бұрау) арқылы қалпына келтіру:

КУ1 генератор кілтін- тік қосу;

12. №2  генератор пультіндегі  КУ2  кілтті  (сағат  тілі  бойынша  шегіне

дейін бұрау) арқылы қалпына келтіру:

КУ2 қозу кілтін- тік -қосу.

Сонымен қатар КУ1,КУ2 кілтінің алдында қызыл шам жанады.

13. №1 генератор пультіндегі ауыстырып қосқышты мына шамаға қою:

«В» фазасы   көлденең- сөндірулі;

14. №2 генератор пультінің ауыстырып қосқышы мына шамаға  қою:

ПСХ 2G - көлденең - сөндірулі;

15. №1 генератор пультіндегі ауыстырып қосқышты мына шамаға қою:

ПРС- көлденең - сөндірулі.

Қалған ауыстырып қосқыштарды, №№1-2 және СВМ генераторының басқару пультіндегі кілттер шамасы- еркін.

 

3.6.3 Генераторларды автоматты түрде параллелді жұмысқа қосу

        

1. 1 сурет бойынша сұлбаны құру, жұмыс принціпін үйрену және жеке элементтердің қолданылуы.

         2. 1 АВ және 2 АВ автоматты ажыратқыштарды қосу.

          3. Аспаптың көрсетуі бойынша қозғалтқыштар жылдамдығын және 1 генератордың қозу реттеуші кернеуін U=220В тең деп, ал  жиілігін f =50 Гц деп аламыз.

4. Аспаптың көрсетуі бойынша қозғалтқыштар жылдамдығын және 1 генератордың қозу реттеуші кернеуін U=220В тең деп, ал  жиілігін f =48-50 Гц деп аламыз.

         5. 2КУ басқару кілтін бұрау арқылы қосарланған шинаға бірінші генераторды қосу.

         6. ИРЧ-01, РП, 2МП релелері сәйкесінше жұмысқа кіріскеннен кейін 2КУ басқару кілтін оңға қарай бұрайды, синхрондалған генератор қосарланған шинаға қосылады және синхрондалуға тартылады.

         7. Екі генератордың да мәіндері бірдей болуы үшін  U=220В, f =50Гц деп алып, қажет болса қозудың форсировкасы кезіндегі синхрондалған генератордың қозуын реттеу  қолмен жүргізіледі.

         8. 1КУ басқару кілтін нейтралды жағдайға қою. Ең алдымен генератордың қозуын түсіріп, содан кейін қозғалтқыштарды тоқтатып, 2КУ басқару кілтін нейтралды жағдайларға қойып, автоматты ажыратқыштарды сөндіру керек.

 

         3.7 Есептеме мазмұны

 

         1 Жұмыс бағдарламасы.

         2 Қысқаша теория.

         3 Жұмыс сұлбасын сипаттау.

         4 Бақылау сұрақтарына жауаптар.

Есептеме жеке дәптерде орындалады. Барлық сұлбалар қарандашпен тиянақты орындалуы қажет.

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1.  Жұмыс сұлбасын және әр элементтің қолданылуын айтып беру.

2. Өзін-өзі синхрондау тәсілі арқылы генератордың параллельді жұмысқа қосылуының негізгі ерекшеліктерін айтыңыз?

3. Синхронды генератордың жиілік айырмасын бақылау үшін қандай аспаптар қолданылады?

4.  Өзін-өзі синхрондау тәсілінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Өзін-өзі синхрондау кезіндегі жиілік айырмасын бақылауға  арналған қандай әдістер бар?

5. Өзін-өзі синхрондау сұлбаларында жүргізу бөлшегін қоректендіру үшін қандай қорек көзінің кернеуін қолдануға болады?

6. Қызмет көрсету персоналының қате іс-әрекеттері үшін торапқа қозу генератордың қосылуына қарсы өзін-өзі синхрондау сұлбасында қандай блокировкаларды қолдануға болады?

7. ИРЧ-01 жиілік айырмасының реле жұмыс принципін айтып беріңіз?

8. Өзін-өзі синхрондауға қозудың қосылуы кешіксе қалай әсер етеді?

9. Жалпы  шиналарға  жұмыс   істейтін   өзін-өзі   синхрондайтын турбогенераторлар тәсілі бойынша нормалды шарттағы жүйелерді қосуға неге тыиым салынады? 

 

№4 зертханалық жұмыс. Генераторлар арасындағы жүктемелерді қайтадан бөлу 

4.1 Жұмыстың  мақсаты

Электр станция генераторларымен оқшауланған жұмыс істегенде және күшті энергия жүйесімен параллельді жұмыс кезінде синхронды генераторлардың жұмыс режімдерін реттеу студенттердің практикалық дағдыларды алуы болып табылады. 

4.2 Жұмыс бағдарламасы

1. Толық электр станциясының генераторының жұмыс режімдерін реттеу сұлбаларымен танысу.

2. Энергия жүйесі және электр станция генераторының реактивті қуаты және активті қуаттарын реттеу принциптерімен танысу.

3. Электр станцияның шиналарында әр генератордың кернеуін реттеу принципін оқып үйрену.

4. Генератордың параллельді жұмыста күшті энергия жүйемен жұмыс режімдерінің артықшылықтарын оқып үйрену. 

4.3 Қысқаша теория 

Активті және реактивті жүктеменің өзгеруіне қарамастан күшті энергия жүйемен параллельді жұмысты станциядағы жиілік және кернеу тұрақты болып тұрады, өйткені барлық тербелістерді күшті энергия  жүйе қабылдайды. Зертхананың шарттарында мұндай күшті энергия жүйесі 220В коректену торабы болып табылады.

     Жүйедегі станция генераторларының оқшауланған жұмысы кезінде, жүктеме өзгерген кезде, арнайы амалдар қолданылмаса кернеу мен жиілік өзгереді. 

         4.3.1 Генератордың жүйемен параллельді жұмысы 

Турбинаны реттеу статикалық мінездемесі  (біздің жағдайда тұрақты тоқтың  қозғалтқышы) активті  қуатты турбинаның айналу жылдамдығына тәуелді болады (4.1 суретті қараңыз).

 

 

4.1 Сурет - Турбинаны реттеу статикалық мінездемесі

 

1- қисық –бос жүріс режімі

3- қисық- жүктеменің номиналды режімі

 

Жүйемен параллельді жұмыста генератор жүктемесі синхронды жылдамдыққа сәйкес қисықты реттеу мінездемесі арқылы анықталады.

Қозу орамына тізбекті параллельді қосылған реостат көмегімен  тұрақты тоқ қозғалтқыштың қозу тоғының мәнін  өзгерте отырып, мінездеме ауытқуын қолмен жүргізеді.

Егер активті қуатты өзгерткен кезде қозу тоғы реттелмесе онда генератордың активті  жүктемемен бірге реактивті жүктемесі де өзгереді, (генератордың электр қозғаушы күші ортасындағы бұрышы және жүйе кернеуі де өзгереді). Сондықтан  реактивті жүктемені сақтап қалу үшін  қозу тоғын реттеу қажет.

  

         4.3.2 Бірлік қуатты белгілі екі генераторлардың параллельдік жұмысы 

Осы режімде жүктемені өзгерткен кезде 1 генератор тораптарында жиілік өзгереді.

Станция генераторлар арасындағы жүктемені тарату турбинаның статикалық мінездемесінің иілуіне байланысты жүргізіледі.

Генератордың және  жүктемелердің номиналды жиілігінің жұмыс кезінде  мен  және олардың мінездемесі анықталады.

Өзгермейтін жалпы жүктеме кезінде генераторлар мен жүктеме ортасындағы алдын ала таратуы генераторлардың реттеушісіне әсер етеді, мысалы, 1 генератор мінездемесі 1-шамаға ауысады  және ол мына жүктемені қабылдайды -( В-нүктесі), ал екінші генератор (нүктесінен -ке дейін жиілік көбейеді).(4.2 суретті қараңыз).

Жиілікті ең аз шамаға жеткізу үшін  екінші генератор мінездемесіне әсер ету керек және оны екі шамаға ауыстыру керек (және  нүктелері).

 

4.2  Сурет

 

Жүктемені өзгерткен кезде шинадағы кернеу де өзгереді. Оны тұрақты етіп ұстау үшін генератордың қозу тоғын өзгерту керек. 

4.4 Жұмысқа дайындық 

1 Зертханалық электр станция турбинасын алмастыратын тұрақты тоқ қозғалтқышына кернеу беру.

2  реостатты шығара отырып, қозғалтқыштың (турбинаның) ауысуын жүргізу.

3  Қозғалтқышты  (турбинаны) 1500 айн/мин дейін жеткізу.

4 С.Г роторына, қозу беру және С.Г қозу тоғын көтере отырып, кернеулерін номиналды мәнге дейін жеткізу.

5 С.Г жүктемесін қосу.

6 Қозу арасындағы тоқты көтере отырып, генераторлардың реактивті қуатын номиналды жағдайға жеткізу.

7 Турбинаның тұрақты тоқ қозғалтқыш валындағы моменті өскен сайын тұрақты тоқ генераторының активтік қуатын номиналды мәнге жеткізу. 

4.5 Жұмыс жүргізу реті 

1. Агрегат қалқанында жалпы тұрақты тоқ автоматын қосу.

2. Агрегатты   стендтінде   автоматты   қалқанындағы   АП-50 қозғалтқыштарды қосу.

3. Зертханада «220В» тұрақты «380В» айнымалы тоқ автоматын қосу. Соның алдында басқару пультіндегі жасыл шамдар жану керек.

4. Командалық аспапты, оның батырмаларын баса отырып  тексеру.

5. СВМ пультінің сәйкес келуші батырмаларын баса отырып, жанып-сөну шамының құрылғыларын және апаттық сигнализациясын тексеру.

6 ШРД және ШРГ (қозғалтқыштың және генератордың шунтты реостаттарын) шеткі оң шамаға   орнату. 

Генератордың қосылуы

1. 2 генератордың «пуск» батырмасын  қосу. 2-3 секундтан  кейін СВМ  панеліндегі тахометр  орташа 700 айн/мин көрсетеді.

2. ШРД сабын сағат тіліне қарсы жаймен бұрай отырып, тахометрді  1500 айн/мин номиналды мәніне қою.

3. Генератордың АГП -сын екі 2КУ АГП кілттерімен қосу.

4. ШРГ сабын сағат тіліне қарсы жаймен бұрай отырып, генераторларды номиналды кернеуге дейін қоздыру (статор вольтметрдегі қызыл сызық).

5. Синхронды емес шиналарға генераторды қосу.

- 1 генератордың ПСХ кілті қосылады:

- ППС кілтін «ТС» шамасына ауыстырады, «ПБ» кілтін (синхронды емес ажыратқыштардың блокировкасы) «В» шамасына ауысады, ПРС кілті ТС шамасына ауысады;

-IКУ-кілтімен 1 генератордың майлы ажыратқыштары қосылады;

-ПСХ  кілті сөндіріледі;

-ПБ кілті «О» шамасына ауысады, оның алдында «синхронды емес қосылулардың блокировка» таблосы жанады;

-ПРС кілті «О» шамасына айналады;

- ПСС кілті СС шамаларына қою.

6. 1 генераторға сәйкес 2  генератор қосылады.

          Генераторлардың 2-секциялы параллельді жұмысқа  қосылуы, СВМ немесе ВМ генераторының келесі тәсілдері арқылы жүргізіледі:

-         синхронды емес қосылулар;

-         синхронскоп бақылауы бойынша қолмен синхрондалу;

-         қолмен жасалатын нақты синхрондау;

-         автоматты синхрондау.

(Генераторлардың), секциялардың активтік жүктемесі 2-3 фидер болып табылады.

Оларға қызмет ететіндер, 3-фазалы баспалдақты  реттеуші реостаттар (8-

баспалдақты). болғанда, статор тоғы әр келесі баспалдаққа Iа-ға өзгереді (I бас. мин =0,5 бас. мах =7,5), ал жүктелген реостаттар нихромнан жасалған спираль түрінде орындалған, олар трансформаторлық майы бар бакқа салынған абсолюттік панельдерде құрастырылған.

Баспалдақтардың ауысып - қосылуы  фидерге сәйкес панельдерде

орнатылған ауыстырып-қосқыштармен жүргізіледі.

Жүктеме қуатын және активті қуатты реттеу.

1.     1 және 2 фидерді қосу.

2.     Генератордың ШРД  сабын жаймен бұрай отырып, генератордың жартылай жүктемесін алу.

Сонымен қатар, екі генератордың статорының амперметр көрсеткіштері тең болу қажет. Егер  генераторлар тораппен параллельді жұмыс жасаса, онда осы операциядан кейін қозғалтқыштар соған сәйкес жиіліктің мәні жоғарылайды.

Екі генераторды да ШРД сабтары мен номиналды жиілікке қою үшін  бір уақытта айналуын номиналды мәнге дейін төмендету керек (ШРД сабын сағат тіліне қарай бұрау арқылы). Генераторлардың кернеуін бір уақытта түзету.

Қуат құйылуын (приток) алу үшін 1 генератордың активтік қуатын 0,2 Рн дейін төмендету қажет. Ары қарай жүктеменің төмендеуі генераторларды синхрондаудан шығаруға әкеліп соқтыруы мүмкін.

2 генератормен толық қуатты алу қажет және 1 генераторды ажырату керек.

Жүктемені төмендету 1 генераторының ШРД сабын сағат тілімен жаймен бұрау арқылы жүргізіледі. 1 генераторларды ажырату үшін қажет:

-   генератордың ВМ  IКУ кілтімен сөндіру;

- генератордан қозуды алып тастау және АПП мен 2КУАГП-ны ажырату;

-  генератордың ШРД сабын келесі шамаға жаймен қою;

- «тоқта» батырмасын басып, сол арқылы біріншілік қозғалтқышын ажырату.

2 генератор  1 генератордың сөнгеннен кейін айналуын, жиілігін және кернеуін төмендетеді. Жиілікті және айналуын номиналды мәнге қою үшін ШРД сабымен қозғалтқыштың жылдамдығын жоғарылату керек. ШРД сабы көмегімен кернеуді түзету керек.

 

          4.6 Есептеме мазмұны 

Есептемеде  болу  керек:

-генератор ортасындағы қуат шығынының және 1  электр станцияның генератормен 2 электр станцияның генератор ортасындағы, сонымен қатар энергетикалық жүйемен электр станцияның ортасындағы қуат ағынының процестерінің сипаты;

- энергетикалық жүйе мен электр станция ортасындағы активті және реактивті қуат ағын процестерін реттеу тәсілдері;

- синхронды емес қосылулардан шығарған блокировка жұмыстары бойынша, өзін-өзі синхрондау тәсілі және қолмен нақты синхрондау тәсілі бойынша генераторды синхрондау, сонымен қатар электр станцияның және генератордың активті және реактивті қуатын реттеу бойынша қортындылар .

 

Бақылау сұрақтары 

1. Электр станцияларының және генераторлардың жұмыс режімдерін реттеу сұлбасын түсіндіріңіз?

2. Энергия жүйенің және электр станцияның, генератордың активті және реактивті қуаттарын реттеу принциптерін түсіндіріңіз?

3. Электр станцияның шинасындағы әр генератордың кернеуін реттеу принциптерін түсіндіріңіз?

4. Генератордың күшті энергетикалық жүйемен параллельді жұмыс істегенде  жұмыс режімінің артықшылықтары туралы айтып беріңіз?

 

Әдебиеттер тізімі 

1. А.А. Васильев, И.П. Крючков, Е.Ф. Наяшкова и др. Электрическая часть станций и подстанций: Учебник  для  ВУЗов / под ред. А.А. Васильева.- М: Энергия, 1980.

         2. Б.Н. Неклепаев. Электрическая часть электростанций и подстанций: Учебник  для ВУЗов – 2-е изд. перераб. и доп. – М: Энергоатомиздат 1986.

         3. Л.Д. Рожкова, В.С. Козулин. Электрооборудование станций и подстанций. – М: Энергоатомиздат, 1987.

4. С.В. Усов. Электрическая часть электростанций. – М: Энергия, 1977.

5. Г.Х. Хожин. Электрические станции и подстанции (учебник на государственном языке). – Алматы: Гылым, 2002.