ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАР

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Электр станциялары, тораптары және жүйелері кафедрасы

 

ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАР

№ 1 Есептеу – сызбалық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар
 (5В071800 – Электр энергетикасы және 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығы бойынша студенттеріне арналған)

 

Алматы 2013

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Хожин Г.Х, Кузембаева Р.М., Соколов С.Е №1 ЕСЖ-ға арналған әдістемелік нұсқаулар Алматы. – АЭжБУ, 2013 – 19 бет.

 

 

Бұл жұмыста күштік трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) түрі, саны және қуаты анықталынады және олардағы энергияның жылдық шығыны есептелінеді. Нәтижесінде электр станцияның құрылымдық сұлбасы таңдалынады.

№1 ЕСЖ-қа арналған әдістемелік нұсқаулар 5В071800 электр энергетикасы және 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамассыз ету мамандығы бойынша («Электр станциялары және қосалқы станциялар» пәні) оқитын студентерге арналған.

Без. 2, кесте 8, әдебиет көрсеткіші 11 атау.

 

 

Пікір беруші: техн.ғыл.канд., доцент Башкиров М.В

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің», коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. жиынтық баспа жоспары бойынша басылады. 

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті», КЕАҚ 2013 ж.

 

          «Электр станциялары және қосалқы станциялары» пәні бойынша студент №1 ЕСЖ орындаған кезде теориялық білімдерін пайдалана отырып техникалық және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар, электр станцияларды және қосалқы станцияларды жобалауда студент ЭЕМ (ЭВМ) – ды қолданып жобалау тәсілдерін және әдістемеліктерін үйренеді.

Бұл есептеу сызбалық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау студент өзі арнайы пәндердің жұмыстарын немесе дипломдық жобаларды орындағанда қажет. Күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды), құрылымдық сұлбаларды таңдағанда және техника-экономикалық есептерді орындағанда осы әдістемеліктегі нұсқауларға ерекше көңіл бөлінуі керек.

 

1    №1 ЕСЖ-тың мақсаты және есептері

 

№1 ЕСЖ-тың мақсаты студенттердің теориялық білімдерін нығайту және нақты есептерді өз бетімен шығаруды дамыту, сонымен қатар техникалық әдебиеттерді, нормативтік және техникалық шарттарды, және ЭЕМ (ЭВМ) құралдарын дұрыс пайдалануы бойынша тәжірбие алуы болып табылады.

 

№1 ЕСЖ-тың есебі:

1)   Күштік трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) түрін, санын және қуатын таңдау

2)   Трансформаторлардағы (автотрансформаторлардағы) электр энергияның жылдық шығынын есептеу

3)   Электр станцияның тиімді құрылымдық сұлбасын техника-экономикалық салыстыру арқылы таңдау

4)   Таңдалынып алынған құрылымдық сұлбаны сызу.

 

2    №1 ЕГЖ-ның мазмұны және көлемі

 

№1 ЕГЖ есептеу-түсініктеме хатынан және электр станцияның сұлбасының электрлік жалғануынан тұрады.

 

2.1 Берілген мәндері

 

№1 ЕГЖ-ты орындауға керекті мәндерді А1 – кестесінен аламыз.

 

Есептеме-түсініктеме хаты

 

Есептеме-түсініктеме хаты нақты 25-30 бет көлемінде және АУЭС стандартына сай (210 х 297) А4 форматы стандартты бетіне жинақты түрде жазылуы керек. Хатта барлық есептеу жұмысы толығымен болуы керек және барысында алынған негізгі параметрлер, сипаттамалар қысқаша көрсетіледі.

 

Есептеу - түсініктеме хатының мазмұны

 

1) Тарату құрылғыларын байланыстыратын күштік трансформаторлардың (автотр-дың) түрін, санын және қуатын таңдау.

2) Таңдап алынған трансформаторлардағы (автотрансформаторлардағы) электр энергияның жылдық шығынын есептеу.

3) Электр станцияның тиімді құрылымдық сұлбасын технико-экономикалық салыстыру арқылы таңдау.

4) Таңдап алынған құрылымдық сұлбаны АУЭС стандарты бойынша А4 форматты бетте сызу.

 

3 Электр станциялардағы күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдау

 

Электр станциялардың күштік трансформаторларын (автотрансформаторларын) таңдау олардың түрін, санын және қуатын анықтаумен аяқталады. Ол трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) көрсетілген параметрлері, солар арқылы өтетін қуат ағынының мөлшеріне және тұтынушылардың санатына (категориясына) байланысты [1-3].

Күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдау үшін ұсыныстар:

1) Бірінші және екінші категориялы тұтынушыларды генераторлық жинақтағыш шинадан қоректендіргенде кем дегенде екі күштік трансформаторлар (автотрансформаторлар) орнатылуы керек. Бұл №1 ЕСЖ-да барлық тұтынушылардың категориясы – I және II деп есептелінеді.

2) Электр станцияның тарату құрылғылары үш кернеуден болса /220/110/10 кВ, 500/220/10 кВ, 500/330/10 кВ, онда мүмкіндігінше автотрансформаторларды таңдау қажет (110 кВ-тан жоғары). Себебі автотрансформаторларды үш орамды күштік трансформаторлармен техника-экономикалық есептеу арқылы салыстырғанда, автотрансформаторлардың құндылығының басым екендігі белгілі.

3) Күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдағанда, оларды 40%-ды апаттық асқын жүктемемен жүктеуге болатындығы ескерілуі керек.

 

4) Генератор мен күштік трансформатор (автотрансформатор) блоктық байланыста болғанда, трансформатордың қуаты келесі формуламен анықталынады [1-3]:

 

(3.1)

 

мұнда  - блоктағы генератордың белгіленген қуаты, МВА;

 - генератордың өзіндік мұқтаждығының максималды қуаты, МВА.

Блоктағы автотрансформатордың қуаты келесі формуламен анықталынады:

 

(3.2)

 

мұнда - типтік қуаттың коэффициенті немесе автрансформаторлардың ұтымдылық коэфициенті.

Ұтымдылық коэфициенті келесі формуламен анықталынады:

 

 

(3.3)

мұнда  - жоғары кернеу мөлшері, кВ;

             - орта кернеу мөлшері, кВ.

 

5) Қалыпты режимде жылу электр орталығындағы (ЖЭО) трансформаторладың қосынды қуаты келесі өрнекпен анықталынады:

 

 

 

мұнда  - генераторлық кернеудегі жүктеменің (тұтынушылардың) минималды қуаты, МВА.

Бұл жағдайда генератордың , жергілікті жүктеменің  және өзіндік мұқтаждықтағы жүктемелердің  ескерілуі керек.

(3.3) формулада  генераторларда тұтынушыларға және өзіндік мұқтаждықтың жүктемелеріне бірдей деп алынған, яғни  

Апаттық асқын жүктемені ескергенде күштік трансформатордың номиналды қуаты келесі формуламен анықталынады [3]:

 

 

(3.4)

 

мұнда  - апаттық режим кезіндегі максималды жүктеменің қуаты,

 - апаттық асқын жүктеме коэффициенті, әдетте

ЖЭО-дағы генераторлық кернеудегі күштік байланыс трансформаторларының саны әдетте 3-ден аспайды. Ал болктық сұлбада күштік трансформаторларының саны генераторлардың санына тең.

6) Кернеуі 110 кВ және оданда жоғары кернеуі бар тарату құрылғыларды бір-бірімен әдетте автотрансформаторлар байланыстырады. Олардың қуаты ең ауыр режімде анықталынатын қуат ағынының мөлшерімен есептелінеді. Қуатты электр станциялардың электр энергиясы энергетикалық жүйеге екі, кейде үш жоғарлатылған кернеулер арқылы беріледі.

7) Күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдағанда бірнеше бағасы бірдей (бағалас) сұлбалардың нұсқаларын қарастыру керек. Бұл жағдайда күштік трансформаторлардың саны, қуаты және түрі әртүрлі болуы қажет.

 

4 Электр станциялардың құрылымдық сұлбаларын таңдау үшін техника-экономикалық салыстыру

 

Күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдағанда, кернеудің деңгейі (10; 35; 110; 220; 500 кВ) әртүрлі тарату құрылғылардың ең орынды (тиімді) сұлбаларын қарастыру керек.

Сұлбалардың экономикалық тиімділігі (ұтымдылығы) келтірілген минималды шығынмен анықталынады:

 

 

 

мұнда  - экономикалық тиімділіктің нормативтік каэффициенті;

            - электр қондырғының ғимаратын салуға жұмсалатын күрделі қаржы, ш.б;

           - жылдық пайдалану шығыны, ш.б./жыл;

          - электр энергия берілмегендіктің залалы, ш.б./жыл.

Бұл ЕСЖ-ды орындағанда шартты бірлік ретінде (ш.б.) [3,4] әдебиеттерде көрсетілген деректер пайдаланылады.

Электр энергия берілмегендіктің залалы (У) оқу-жобалау және әрбір нұсқаларды салыстырғанда ескерілмейді. Себебі (У) қоректендіру сенімділігіне, апаттық ажыратудың мүмкіндігіне және ұзақтығына байланысты. Бұл мәселелер арнайы әдебиеттерде қарастырылады.

Нұсқаларды техника-экономикалық салыстыруда тек қана айырмашылығы бар элементтерді қарастыру керек. Күштік трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) құнын келесі формуламен анықтауға болады [3]:

 

 

 

 

мұнда  - аппараттардың, шиналардың, кабельдердің, құрылыс материалдарының және монтаждаудың бағасын ескеретін коэффициент, 10.3 кесте [3].

Жылдық пайдалану шығыны келесі формуламен анықталынады:

 

(4.3)

 

мұнда  - амортизацияға және қызмет етуге кететін шығындар;

 және  - амортизацияға және қызмет етуге бөлінетін қаржы, % [(4.1 кесте), 3].

 - электр энергияның шығынына байланысты шығын.

Бұл шығын келесі формуламен анықталынады

 

 

мұнда  - 1 кВт·сағат электр энергияның құны, ш.б./кВт·сағат.

           - сұлбаның элементтеріндегі электр энергияның шығыны, кВт·сағат.

ЕСЖ-ны орындағанда  ш.б./кВт·сағат деп алуға болады [4,(401б)]. Күштік трансформаторлардағы (автотрансформаторлардағы) жылдық электр энергияның шығынын анықтау [4] 5 бөлімінде келтірілген.

Техника-экономикалық есептеуді кесте түрінде орындаған тиімді деп есептелінеді.

Күрделі қаржыны анықтауға 4.1 кесте ұсынылады.

 

4.1 к е с т е – Күрделі қаржыны анықтау

Элементтердің атаулары

Есептелінген құны, ш.б.

1 нұсқа

2 нұсқа

саны

соммасы ш.б.

саны

соммасы ш.б.

1

2

3

4

5

6

1. Трансформатор

(автотрансформатор)

2. ТҚ-ның ұяшығы (ячейкасы) ажыратқышпен

 

 

 

 

 

Барлығы

 

 

 

 

 

Құрылымдық сұлбаның соңғы нұсқасын (тиімдісін) келесі кесте 4.2 бойынша таңдау керек.

 

4.2 к е с т е – Құрылымдық сұлбаның соңғы (тиімді) нұсқасы

Шығындар

1 нұсқа

2 нұсқа

1

2

3

1. Есептелінген күрделі қаржы, К., ш.б.

2. Амортизацияға және қызмет етуге кететін (бөлінетін) шығын , ш.б.

3. Электр энергия шығынының құны, , ш.б.

4. Келтірілген минималды шығын, З, ш.б.

 

 

 

5 Жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылымдық сұлбасын таңдауға керекті техника-экономикалық есептеудің мысалы

 

Бұл мәселені орындау үшін «Электр энергетикасы» пәнінің (Электр станциялар бөлімі) ЕСЖ-да есептелінген деректерді аламыз. Сол деректердің негізінде екі нұсқа үшін күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдаймыз.

 

5.1 Бірінші нұсқа үшін күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдау.

 

5.5.1 Бірінші құсқа үшін трансформаторларды таңдау [1-3].

Т1 және Т2 трансформаторларының әрбірінің қуаты 4.1 кестеде келтірілген. Оны ескере отырып [«Электроэнергетика» пәні («Электр станциялар» бөлімі) ЕСЖ-ы] олардың мүмкіндіктері (қабілеттіліктері) келесідей режимдермен анықталынады:

1)      Қалыпты режим

 

 

2)      Г1, Г2 генераторларының 10 кВ-тық ТҚ-ның жинақтағыш шинасына ең көп қуатты беретін кезеңі (мезгілі):

 

немесе

 немесе

 немесе

 

3) Апаттық режимді есептегенде, 40%-ды асқын жүктеме мүмкіншілігі ескеріледі:

 

 

[2. 2011, 371.,3.87.144] оқулықтарында жоғары кернеулі 35 кВ-тық [одан қуаты үлкен (көп) 35/10 кВ-тық трансформатор жоқ] екі орамды трансформаторлардың максималды қуаты 16 МВА-ге тең. Сондықтан ТРДНС-63000-36,75/11/11 кВ трансформаторы таңдап алынады және салыстыру үшін 5.1 суреттегі сұлба қолданылады. 5.1 суретте бір Т1 трансформатор көрсетілген.

Енді, осы ТРДНС-63000-36,75/10,5/10,5 трансформаторын қалыпты және апаттық режимдерге тексеруіміз керек. Қалыпты режимдегі қуат балансы қабылданған сұлба үшін сақталады (бірнеше Т-1, Т-2 трансформаторларының орнына бір Т-1 алынады).

Болуы мүмкін апаттық режімдерді қарастырамызда, тексереміз:

а) қысқы максимумда Т1-дың ажыратылуы. Бұл жағдайда Г-1 және Г-2 генераторлары 10 кВ-тық тарату құрылғыдан 70 МВт-тық жүктемені және өзіндік мұқтаждықтың жүктемелерін қамтамасыздандырады.

Ал Т-3 және Т-4-тің 35 кВ-тық орамдары 48:2=24 МВт жүктелетін болады;

б) қысқы максимумда Г-1-дің ажыратылуы. Бұл жағдайда 10 кВ-тық тарату құрылғысындағы тұтынушыларға жетіспейтін қуат Т1 арқылы беріледі

 

 

Т-3 және Т-4-тің 35 кВ-тық орамдары төмендегідей жүктелетін болады

 

 

Сонымен, барлық режімдердегі, яғни қалыпты және апаттық режимдерді ескергенде ТРДНС-63000-36,75/11/11 кВ трансформаторы жұмыс сызбасын              қамтамасыздандырады.

ТРДНС-63000-36,75/11/11 кВ трансформаторының техникалық деректері 5.1 кестеде келтіріледі. [2., 2011, 371, 4.,87.614].

 

5.1 к е с т е – ТРДНС-63000-36,75/11/11 кВ трансформаторының техникалық деректері

Шығын, кВт

Заводтық құны, мың рубл.

(теңгемен есептеу керек)

[2., 2011, 384. 3.,89.550].

Рб.ж

Рқ.т.т

ЖК-ТК

 

50

250

12,7

107

 

Т-3, Т-4 трансформаторларының қуаты қалыпты және апаттық режимдер шартынан және G3, G4 генераторлары жылдың қай мезгілінде (кезеңінде) қуатты энергетикалық жүйеге көбірек бере алатын режимдерімен анықталынады

а) Қалыпты режим:

б) Апаттық режим Г3-Т3 блогы ажыратылған (немесе Г4-Т4):

 

 

 

в) G3, G4 генераторларының энергетикалық жүйеге көбірек қуат беру режимі (1 нұсқа үшін) G3, G4 генераторларының (әрбірінің) энергетикалық жүйеге бере алатын ең көп қуаты қыста – 57,08 МВт, ал жазда – 57,85 МВт [4.1 кесте, «Электроэнергетика (Электр станциялар бөлімі)», ЕСЖ-ы].

Орнатуға түрі ТДТН-80000-115/38,8/11 кВ күштік трансформаторларын таңдаймыз. [2., 2011, 374]. Ол трансформатордың техникалық деректері 5.2 кестеде көрсетілген.

 

5.2 к е с т е – ТДТН-80000-115/38,8/11 кВ трансформаторлардың техникалық деректері

Шығын, кВт

Заводтық құны, мың рубл.

(теңгемен есептеу керек)

[2., 2011, 384. 3.,89.550].

Рб.ж

Рқ.т.т

ЖК-ТК

ЖК-ОК

ОК-ТК

 

64

365

11

18,5

7

137

 

5.1 сурет – Бірінші нұсқаның құрылымдық сұлбасы

 

 

 

5.2 сурет – Екінші нұсқаның құрылымдық сұлбасы

 

5.2 Екінші нұсқа үшін трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдау

 

Т1, Т2 күштік трансформаторларының қуатын келесідей шарттармен анықтаймыз. Ол үшін 4.2 кестені [11] ескереміз.

Қалыпты режим. Т1, Т2 – трансформаторларының әрбірінің қуаты:

 

 

Апаттық режим. Бұл жағдайда 40%-ды асқын жүктеме мүмкіншілігі ескеріледі. Т1 (немесе Т2) күштік трансформаторлары ажыратылуда.

 

 

Г1, Г2 генераторларының 10 кВ-тық тарату құрылғысының жинақтағыш шинасына бере алатын ең көп қуаты:

Қыста               

Жазда               

Есептеудің нәтижесінде Т1; Т2 трансформаторлары үшін, орнатуға ТДТН-63000/115/38,5/11 трансформаторларын қабылдаймыз [3.89.152б, 2.2011, 374].

 

5.3 к е с т е – ТДТН-63000/115/38,5/11 кВ трансформаторының техникалық деректері

Шығын, кВт

Заводтық құны, мың рубл.

(теңгемен есептеу керек)

[2. 2011, 384., 3.89.550].

Рб.ж

Рқ.т.т

ЖК-ТК

ЖК-ОК

ОК-ТК

 

53

290

10,5

18,0

7

126

 

Екінші варианттың Т3 және Т4 күштік трансформаторлары ретінде түрі [11] әдістемелік нұсқауларды ескере отырып ТДН-80000/110/10,5 кВ [3.89.148., 2.2011,372] трансформаторлар қабылданады.

 

 

 

 

 

5.4 к е с т е - ТДН-80000/110/10,5 кВ күштік трансформатордың техникалық деректері

Шығын, кВт

Заводтық құны, мың рубл.

(теңгемен есептеу керек)

[2. 2011, 384., 3.89.550].

Рб.ж

Рқ.т.т

58

310

10,5

65,5

 

5.3 Күштік трансформаторлардағы электр энергияның жылдық шығынын есептеу.

 

Станцияның географиялық орналасу ауданы – Орталық Қазақстан: қыс - 200 тәулік (Қ.ұ.), жаз – 165 тәулік (Ж.ұ.), жылдық балама температурасы +10°С. Энергия шығынының меншікті құны шартты түрде 0,0115 ш.б./кВт·сағ-деп қабылдаймыз.

 

1-ші нұсқа (5.1 сурет) үшін жылдық энергия шығыны.

Трансформатор ТР-ТРДНС-63000/36,75/11/11 кВ.

Болаттағы энергияның жылдық шығыны [4]

 

 

Трансформатордың ТК-дегі тармақталған мыс орамындағы энергияның жылдық шығыны екі орамды трансформаторындағыдай ТК-дегі орамдары бірдей жүктелуі шарт деп есептелініп, төмендегі өрнек бойынша анықталынады

 

Тәулік ішіндегі жүктеменің мәні 4.1 кестеден алынады [11].

Т-3 және Т-4 трансформаторлары ТДТН-80000/110/10 кВ.

Бір трансформатордың болатындағы энергияның жылдық шығыны

 

 

Үш орамды трансформатордың мыс орамындағы энергияның жылдық шығыны ТК, ОК, ЖК, әрбірінің орамдарының жүктелуіне сәйкес 4.1 кесте бойынша анықталады.

Анықтамалық мәліметтен [3, 3.6 кесте]

 

 

 

 

 

 

2-ші нұсқа (5.2 сурет) үшін жылдық энергия шығыны

ТДТН 63000/110/10 кВ түрдегі Т-1 және Т-2 трансформаторларындағы энергияның жылдық шығыны [3] тен бұл трансформаторлар үшін Рб=53 кВт Рқ=290 кВт – деп қабылдаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

Түрі ТДН 80000/110/10кВ Т-3 және Т-4 трансформаторларындағы энергияның шығыны келесідей өрнекпен анықталынады. [3] әдебиеттен бұл трансформаторлар үшін Рхх=58 кВт, Ркз=310 кВт – деп қабылдаймыз.

 

 

 

6 Өзіндік мұқтаждығына керекті трансформаторларды таңдау (техника-экономикалық салыстыру үшін)

 

Өзіндік мұқтаждығындағы жұмыс трансформаторларының саны және берілген сұлбада генераторлар саны 4-ке тең. Салыстыруға арналған бірінші нұсқада қолданылған Г-1 және Г-2 генераторлары, өзіндік мұқтаждық жұмыс трансформаторлары 10 кВ-тық жинақтаушы шинаға ажыратқыш арқылы қосылады, ал Г3 (Г4) генератор-трансформатор блоктық сұлбаның өзіндік мұқтаждықтың жұмыс трансформаторлары аралық шықпалар арқылы қосылады. Ажыратқыштардың болуы үш орамды трансформаторлары қолдануға мүмкіндік береді (генераторларды ажырату кезінде 35 кВ және 110 кВ-тық ТҚ-ы байланыстырады).

ТР трансформаторы ТК-дегі тармақталған орамы 10 кВ шиналардың әртүрлі секцияларына екі ажыратқыш арқылы қосылған. Секциялар арасында секциялық ажыратқыш бар. Осылайша 1-ші нұсқада генераторлық кернеу ұяшықтар саны – 7, мұнда өзіндік мұқтаждық ажыратқыш есепке алынбайды, өйткені екі сұлбада да олардың саны бірдей.

2-ші нұсқада блоктық қосылыстарды ажыратқышсыз орнатуға болады, өйткені генераторды ажырату блокты ажыратуға әкеп соғады.

Генераторлық кернеу ұяшықтарының саны – 5. Өзіндік мұқтаждық трансформаторларын техника-экономикалық салыстыруға енгізбейміз, себебі олардың саны мен қуаты салыстырылатын нұсқаларда бірдей.

 

7 1-ші және 2-ші нұсқаларды технико-экономикалық салыстыру

 

Нұсқалардағы есепті жеңілдету үшін  қайталанатын бөліктер есепке алынбайды. Салыстыруды кесте түрінде жүргіземіз (7.1 кестені қара).              

Ол үшін алдымен экономикалық орындылығын (целесобразность) анықтайтын келтірілген минималды шығынның формуласын талдаймыз:

 

 

 

мұнда  - экономикалық тиімділіктің нормативтік коэффициенті;

 - электр қондырғыға күрделі қаржы салымы, мың теңге;

 - жылдық пайдалану шығыны, мың теңге/жыл;

 - электр энергияны бермегендіктен келетін залал (зиян), мың теңге/жыл.

 

7.1 к е с т е – Күрделі қаржы салымын анықтаймыз, яғни . (Хож.2011,384;406.,НК89.550.,РиК87.638.)

Бөліктердің атауы

Бірліктің есептік құны, ш.б.

1 – нұсқа

2 – нұсқа

бір. саны, дана

қосындысы ш.б.

бір. саны, дана

қосындысы ш.б.

1. Трансформатор ТРДНС - 63000/35

107·ɑ

1

171,2

-

-

2. Трансформатор

ТДТН – 80000/110

137·ɑ

2

411

-

-

3. АТҚ ұяшығы 35 кВ

10

1

10

-

-

4. ЖТҚ ұяшығы 10 кВ

20

2

40

-

-

5. Трансформатор

ТДТН – 63000/110

126·ɑ

 

 

2

378

6. Трансформатор

ТДН – 800000/110

137·ɑ

 

 

2

411

7. АТҚ ұяшығы 110 кВ

30

 

 

2

60

Барлығы

 

 

632,2

 

849

 

Қуаты >16 МВА 35 кВ трансформаторлар үшін  ал қуаты >32 МВА 110 кВ трансформаторлар үшін  [2. 2011.384.,3.89.550].

 

*[3]-10.2 кестеден: , ал [4]-тен  деп шартты түрде аламыз.

 Энергия шығынын анықтап, ол деректерді 7.2 кестеге енгіземіз.  

 

1 – ші құсқа үшін

 

 

 

 

2 - нұсқа үшін

 

 

 

 

7.2 к е с т е – Келтірілген минималды шығынды анықтау кестесі

Шығындар

1 нұсқа

2 нұсқа

1. Есептік күрделі қаржы салымы, к.ш.б.

632,2

849,0

2. *Амортизацияға шығару  ш.б.

3. **Энергия шығынының құны, , ш.б.

4. Минималды шығынды есептеу , ш.б.

 

1-ші және 2-ші нұсқалардың шығындарының арасындағы айырмашылығы төмендегі өрнекпен анықталынады

 

 

1-ші нұсқаның тиімділігі жоғары болғандықтан, оны қабылдауға болады.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Неклепаев Б.Н. Электрическая часть электростанции и подстанций: Учебник для вузов.-2 изд.,-М.:Энергоатомиздат, 1986.-640 с.

2. Хожин Г. Электрэнергетика («Электр станциялары бөлімі»): Оқулық. Алматы: ЖШС РПБҚ «Дәуір», 2011-416 бет.

3. Неклепаев Б.Н., Крючков И.П. Электрическая часть электростанции и подстанций: Справочные материалы для курсового и дипломного проектирования: Учебное пособие для вузов. – 2 изд., - М.: Энергоатомиздат, 1989.-608 с.

4. Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудования электростанции и подстанций: Учебник для техникумов. - 3 изд., - М.: Энергоатомиздат, 1987.-648 с.

5. Хожин Г.Х. Электрическая часть электростанции: Учебное пособие. – Алматы АИЭС, 1996.-75 с.

6. Нормы технологического проектирования тепловых электрических станций. – 2 изд., - М.: Минэнерго СССР, 1981-122 с. 4.

7. Г.Хожин Электр станциялар мен қосалқы станциялар, Оқулық.-Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002, 312-б.

8. Г.Х.Хожин, Р.М.Кузембаева, С.Е. Соколов Электрэнергетика. Есептеу-графикалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (5В071800 – Электрэнергетика мамандығының студенттері үшін) – Алматы, АЭжБИ, 2006, - 15 б.

9. Хожин Г.Х., Леньков Ю.А. Русско-казахский словарь по специальности «Электроэнергетика». «Электроэнергетика» мамандығы бойынша орысша-қазақша сөздік. Оқу құралы., - Алматы, 2009.-297 б.

10. Хожин Г.Х., Соколов С.Е., Кузембаева Р.М. Электрические станции и подстанции. Методические указания к выполнению расчетно-графических работ №1 для студентов всех форм обучения специальности 5В071800-Электроэнергетика. - Алматы, АИЭС, 2009, - 18 с.

11. С.Е.Соколов., Г.Х.Хожин, Р.М.Кузембаева. Электроэнергетка. Методические указания к выполнению РГР (для студентов всех форм обучения специальности 5В071800 – Электроэнергетика), Алматы: АИЭС, 2006. – 15 с.  

 

А қосымшасы

А.1 кесте - Есептік – сызбалық жұмысты орындауға керекті нұсқаулар тапсырмалары

 

Жылу электр орталыҒы

№ нұсқа

лар

 

 

Отын түрі

 

Генератор

лардың саны және қуаты,

МВт

Генераторлық кернеудегі желілердің саны, жүктеменің қуаты, МВт

¤.М. шығыны,

%

ОҚТҚ номиналды кернеуі, кВ

ОҚТҚ желілерінің саны, жүктеменің қуаты, МВт

Жүктеменің ұзақтығы

қыс/жаз

Жүйемен байланысты желілердің номиналды кернеуі, кВ

Желілер саны және ұзындығы, км

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Газ

2/32

10/3

5

35

2/8

150/215

110

2/25

2

Көмір

3/32

6/4

11

35

5/7

160/205

110

2/60

3

Мазут

3/32

10/3

7

35

2/10

140/225

110

2/55

4

Көмір

3/60

12/3; 10/2

8

35

2/18

150/215

110

2/40

5

Газ

3/60

20/4

6

35

2/15

175/190

110

2/65

6

Газ

3/63

15/5

5

35

3/16

170/195

110

2/55

7

Көмір

3/63

20/4

10

35

4/10

160/205

110

2/96

8

Мазут

3/63

15/3

7

35

4/15

140/225

110

2/60

9

Көмір

3/63

 12/3

12

35

2/20

150/215

110

2/50

10

Мазут

3/60

18/4

7

35

2/20

180/185

110

2/40

11

Көмір

3/60

14/5

13

35

2/25

160/205

110

2/80

12

Мазут

4/32

10/5

6

35

3/12

150/215

110

2/50

13

Көмір

4/32

15/3

12

35

2/16

180/185

110

2/50

14

Көмір

4/60

10/1,5 8/5

12

35

4/15

160/205

110

2/45

15

Көмір

4/60

16/4

13

35

4/10

145/220

110

2/65

16

Мазут

4/63

18/4

6

35

2/16

165/200

110

2/60

17

Мазут

4/63

15/5

7

35

2/12

185/180

110

2/75

18

Газ

4/32

8/2

5

35

2/5

170/195

110

2/30

19

Көмір

4/32

10/1,5

9

35

2/7

190/175

110

2/40

20

Мазут

3/12

8/1,5

7

35

1/6

180/185

110

2/55

21

Газ

3/12

6/2

6

35

2/5

190/175

110

2/90

22

Газ

4/12

5/4

6

35

2/10

165/200

110

2/20


А.1 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

23

Мазут

4/12

10/3

5

35

2/12

170/195

110

2/45

24

Газ

5/32

10/4;5/3

5

35

2/15

175/190

110

2/70

25

Көмір

5/32

15/3;10/2

11

35

2/13

190/175

110

2/85

26

Мазут

5/60

12/4; 8/3

5

35

4/20

180/185

110

2/110

27

Көмір

5/60

20/4;20/3

12

35

2/25

165/200

110

2/75

28

Мазут

5/63

15/6

7

35

2/45

160/205

110

2/90

29

Газ

5/63

24/4

6

35

4/18

195/170

110

2/115

30

Көмір

5/ 32

20/2

14

35

4/10

190/175

110

2/80

31

Мазут

 5/60

15/6

5

35

4/15

180/185

110

2/110

32

Мазут

 5/63

20/5

6

35

4/25

165/200

110

2/90

33

Көмір

2/12; 1/32

10/2

11

35

1/6

160/205

110

2/40

34

Мазут

2/12; 1/32

10/1,5; 5/2

6

35

1/12

195/170

110

2/20

35

Газ

2/32; 1/60

15/2; 8/4

5

35

1/15

175/190

110

2/45

36

Көмір

2/32; 1/60

14/3; 12/4

10

35

1/20

150/215

110

2/80

37

Көмір

2/60; 1/100

16/5

10

35

3/20

140/225

110

2/70

38

Мазут

2/60; 1/110

14/4

7

35

2/15

155/210

110

2/65

39

Көмір

2/63; 1/120

15/6

12

110

4/20

150/215

220

2/90

40

Газ

2/63; 1/120

12/5

5

110

3/15

195/170

220

2/95

41

Газ

2/63; 1/120

20/4

6

35

4/12

140/225

220

2/82

42

Көмір

3/3; 1/60

24/3

10

35

2/25

155/210

110

2/54

43

Газ

3/32; 1/60

14/2

6

35

2/14

150/215

110

2/64

44

Газ

3/60; 1/100

14/6

5

35

4/40

155/210

110

2/20

45

Газ

3/60; 1/100

24/4

5

110

4/25

140/225

220

2/70

46

Көмір

3/63; 1/120

30/4

10

110

2/30

155/210

220

2/115

47

Газ

3/63; 1/120

10/3; 22/4

6

110

3/24

175/190

220

2/80

48

Газ

3/12; 1/32

10/1,5; 5/1,0

6

35

2/10

170/195

110

2/40

49

Көмір

3/12; 1/32

14/2

9

35

1/14

175/190

110

2/60

50

Газ

4/60; 1/100

10/5

7

110

4/20

150/215

220

2/150

 

А.1 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

51

Көмір

4/32; 1/63

8/4; 10/2

11

35

6/15

170/195

110

2/70

52

Газ

2/12; 2/32

6/5

7

35

3/12

160/205

110

2/65

53

Көмір

2/12; 2/32

11/3

12

35

2/13

150/215

110

2/80

54

Газ

2/32; 2/60

22/3

7

110

2/26

180/185

220

2/90

55

Газ

2/32; 2/60

24/2

6

35

2/15

160/205

110

2/55

56

Көмір

2/60; 2/100

20/4; 10/2

10

110

2/25

185/180

220

2/80

57

Мазут

2/60; 2/100

20/5

7

110

4/30

165/200

220

2/150

58

Мазут

4/12; 1/32

10/1,5; 8/3

6

35

2/10

150/215

110

2/40

59

Газ

4/12; 1/32

12/2

5

35

4/8

150/215

110

2/60

60

Көмір

4/32; 1/63

22/4

10

110

4/10

180/185

220

2/80

61

Мазут

4/32; 1/63

16/3

7

110

2/14

160/205

220

2/70

62

Көмір

4/63; 1/100

18/3

11

110

4/13

185/180

220

2/50

63

Мазут

4/63; 1/100

24/3

7

110

2/17

165/200

220

2/80

64

Газ

3/32; 2/60

10/3; 6/2

5

35

4/12

161/205

110

2/30

65

Газ

3/32; 2/60

4/5; 14/4

6

35

4/10

150/215

110

2/65

66

Газ

3/32; 1/120

8/2; 10/3

7

35

2/18

185/180

110

2/80

67

Көмір

2/60; 2/110

10/3; 10/4

10

110

4/20

165/200

220

2/110

68

Көмір

4/12; 1/63

14/3

11

35

2/18

150/215

110

2/40

69

Газ

4/12; 1/63

6/4

6

35

2/11

180/185

110

2/60

70

Көмір

4/32; 1/120

18/4

13

110

2/21

160/205

220

2/80

71

Мазут

3/12; 1/63

15/3

5

35

2/10

180/185

110

2/60

72

Мазут

4/32; 1/100

6/5; 8/4

6

110

5/13

160/205

220

2/120

73

Мазут

3/60; 1/120

15/6

7

110

4/15

170/195

220

2/150

74

Көмір

2/32; 1/100

10/4

8

35

4/15

181/185

110

2/30

75

Мазут

3/32; 1/100

10/5

6

35

6/10

180/185

110

2/70

76

Газ

4/60; 1/120

12/4; 10/5

5

110

4/15

165/200

220

2/80

77

Газ

2/32

15/3

6

35

2/8

150/215

110

2/25

79

Көмір

3/32

20/3

14

35

5/7

160/205

110

2/60

80

Мазут

3/32

15/5

6

35

2/10

140/225

110

2/55

81

Көмір

3/60

30/4

10

35

2/18

150/215

110

2/40

82

Газ

3/60

40/3

5

35

2/15

175/190

110

2/65

83

Газ

3/63

35/5

6

35

3/16

170/195

110

2/55

84

Көмір

3/63

40/4

9

35

4/10

160/205

110

2/96

 

 

 А.1 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

85

Мазут

3/63

30/3

8

35

4/15

140/225

110

2/60

86

Көмір

3/63

35/3

12

35

2/20

150/215

110

2/50

87

Мазут

3/60

32/4

8

35

2/20

180/185

110

2/40

88

Көмір

3/60

28/5

12

35

2/25

160/205

110

2/80

89

Мазут

4/32

20/5

8

35

3/12

150/215

110

2/50

90

Көмір

4/32

30/3

11

35

2/16

180/185

110

2/50

91

Көмір

4/60

35/3

13

35

4/15

160/205

110

2/45

92

Көмір

4/60

32/4

15

35

4/10

145/220

110

2/65

93

Мазут

4/63

36/4

7

35

2/16

165/200

110

2/60

94

Мазут

4/63

29/5

8

35

2/12

185/180

110

2/75

95

Газ

4/32

16/2

5

35

2/5

170/195

110

2/30

96

Көмір

4/32

15/1,5

9

35

2/7

190/175

110

2/40

97

Мазут

3/12

9/2

6

35

1/6

180/185

110

2/55

98

Мазут

4/12

8/3

6

35

2/12

170/195

110

2/45

99

Газ

5/32

20/4

6

35

2/15

175/190

110

2/70

100

Мазут

5/60

40/4

6

35

4/20

180/185

110

2/110

101

Көмір

5/60

30/5

14

35

2/25

165/200

110

2/75

102

Мазут

5/63

30/6

8

35

2/45

160/205

110

2/90

103

Газ

5/63

30/5

5

35

4/18

195/170

110

2/115

104

Көмір

5/ 32

40/2

13

35

4/10

190/175

110

2/80

105

Мазут

 5/60

40/5

6

35

4/15

180/185

110

2/110

106

Мазут

 5/63

42/4

7

35

4/25

165/200

110

2/90

107

Көмір

2/12; 1/32

20/2

13

35

1/6

160/205

110

2/40

108

Мазут

2/12; 1/32

20/2

5

35

1/12

195/170

110

2/20

109

Көмір

2/60; 1/100

32/5

11

35

3/20

140/225

110

2/70

110

Мазут

2/60; 1/110

28/5

8

35

2/15

155/210

110

2/65

111

Көмір

2/63; 1/120

30/5

13

110

4/20

150/215

220

2/90

112

Газ

2/63; 1/120

24/5

6

110

3/15

195/170

220

2/95

113

Газ

2/63; 1/120

40/4

7

35

4/12

140/225

220

2/82

114

Көмір

3/32; 1/60

40/3

9

35

2/25

155/210

110

2/54

115

Газ

3/32; 1/60

28/2

5

35

2/14

150/215

 

 

А.1- кестенің соңы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

116

Газ

3/60; 1/100

28/5

6

35

4/40

155/210

110

2/20

117

Газ

3/60; 1/100

30/5

6

110

4/25

140/225

220

2/70

118

Көмір

3/63; 1/120

40/4

11

110

2/30

155/210

220

2/115

119

Газ

3/63; 1/120

10/3; 22/4

8

110

3/24

175/190

220

2/80

120

Газ

3/12; 1/32

10/1,5; 5/1,0

7

35

2/10

170/195

110

2/40

121

Көмір

3/12; 1/32

8/2

10

35

1/14

175/190

110

2/60

122

Газ

4/60; 1/100

40/5

6

110

4/20

150/215

220

2/150

123

Газ

2/12; 2/32

12/5

8

35

3/12

160/205

110

2/65

124

Көмір

2/12; 2/32

12/3

11

35

2/13

150/215

110

2/80

125

Газ

2/32; 2/60

40/3

8

110

2/26

180/185

220

2/90

126

Газ

2/32; 2/60

40/2

7

35

2/15

160/205

110

2/55

127

Мазут

2/60; 2/100

40/4

8

110

4/30

165/200

220

2/150

128

Газ

4/12; 1/32

24/2

6

35

4/8

150/215

110

2/60

129

Көмір

4/32; 1/63

40/2

11

110

4/10

180/185

220

2/80

130

Мазут

4/32; 1/63

32/3

8

110

2/14

160/205

220

2/70

131

Көмір

4/63; 1/100

35/3

10

110

4/13

185/180

220

2/50

132

Мазут

4/63; 1/100

40/3

10

110

2/17

165/200

220

2/80

133

Көмір

4/12; 1/63

20/3

10

35

2/18

150/215

110

2/40

134

Газ

4/12; 1/63

30/2

5

35

2/11

180/185

110

2/60

135

Көмір

4/32; 1/120

36/3

11

110

2/21

160/205

220

2/80

136

Мазут

3/12; 1/63

30/2

6

35

2/10

180/185

110

2/60

 

Мазмұны

 

Кіріспе

3

№1 Есептеу-сызбалық жұмыстың мақсаты және есептері

3

2 №1 Есептеу-сызбалық жұмыстың мазмұны және көлемі

2.1 Берілген мәндері

2.2 Есептеме-түсініктеме хаты

3

3 Электр станциялардағы және қосалқы станциялардағы күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдау

4

4 Электр станциялардың және қосалқы станциялардың құрылымдық сұлбаларын таңдау үшін технико-экономикалық салыстыру

6

5 Жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылымдық сұлбасын таңдауға керекті технико-экономикалық есептеудің мысалы

8

5.1 Бірінші нұсқа үшін күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдау

8

5.2 Екінші нұсқа үшін күштік трансформаторларды (автотрансформаторларды) таңдау

12

5.3 Күштік трансформаторлардағы (автотрансформаторлардағы) энергияның жылдық шығынын есептеу

13

6 Өзіндік мұқтаждығына керекті трансформаторларды таңдау (технико-экономикалық салыстыру үшін)

15

7 Нұсқаларды технико-экономикалық салыстыру

15

 А қосымшасы

Әдебиеттер тізімі                                                                                                   

18

23

 

2013ж. жиынтық жоспары, реті  7