ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Алматы энергетика және байланыс институты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Г.Х. Хожин

 

ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ, МОНТАЖДАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ

 

Оқу құралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2005

          УДК 621,311.2

          Электр станциялардың жабдықтарын пайдалану монтаждау және реттеу:

          Оқу құралы Г.Х. Хожин;

                   АЭжБИ., Алматы, 2005.-       б.

 

 

 

          Электр станциялардың жабдықтарын монтаждау, реттеу және пайдалану мәселелері баяндалады.

          Электр жабдықтарын монтаждаудың жалпы сұрақтары, күштік трансформаторларды монтаждау және реттеу туралы қысқаша түсініктеме және күштік трансформаторларды пайдалану қарастырылған.

          Сонымен қатар, электр станциялардағы және қосалқы станциялардағы техникалық эксплуататцияны ұйымдастыру және оның міндеттері жалпы түрде жазылған.

Оқу құралы 210140 – «Электр станциялары», 210240 – «Электр энергетикалық жұйелер мен тораптар» мамандықтары бағыты бойынша оқитын студенттерге арналған.

Без.      , кесте      , библиогр. –         атау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазушы: АЭжБИ электр жетегі және өндірістік қондырғыларды автоматтандыру  кафедра профессоры, техн. ғыл.канд.,профессор                      Қ.Қ. Жұмағұлов.

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2004 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

ISBN

 

 

 

 

                                    © Алматы энергетика және байланыс институты, 2005ж.


Мазмұны

 

Кіріспе                       

1 Электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау

1.1   Электр жабдықтардың монтаждаудың жалпы сұрақтары Электр монтаждық ұйымдардың құрылымы және оның құрылысын ұйымдастыру туралы қысқаша мәлімет

1.2   Өндірістегі инженерлік дайындық

1.3   Электр монтаждық жұмыстардың өндірісінің техникалық құжаттары мен жалпы шарттары

1.4   Электр монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру

 

2            Күштік трансформаторларды монтаждау туралы қысқаша түсініктеме

2.1   Трансформаторларды монтаждау орнына жеткізу

2.2   Трансформаторлардың жекеленген бөлшектерін монтаждау

2.3   Трансформаторларды маймен толтыру және оны іске қосуға дайындау

 

3            Күштік трансформаторларды пайдалану

3.1   Трансформаторларды тексеру

3.2   Трансформаторлық майды пайдалану

3.3   Трансформаторлардың рұқсат етілмейтін жүктемелері

3.4   Трансформаторлардың газдық қорғанысын қолдану

3.5   Күштік трансформаторларды алдын-ала сынақтау және оларды жөндеу жұмыстары туралы түсінік

 

4            Электр станциялардағы және қосалқы станциялардағы электрлік жабдықтардың техникалық эксплуатациясын ұйымдастыру және оның міндеттері. Жалпы мәліметтер

4.1   Техникалық эксплуатацияның міндеттері

4.2   Техникалық эксплуатацияның ұйымдастырушылық құрылымы

4.3   Техникалық эксплуатацияның мазмұны

4.3.1    Оперативті жұмыстың мазмұны

4.3.2    Электр қондырғылары жөндеу

4.3.3    Электр жабдықтарды қабылдап алу, өткізу және профилактикалық сынау

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

     Кіріспе

 

     “Электр станциялардың жабдықтарын пайдалану, монтаждау және реттеу” пәнінен мемлекеттік тілде тұңғыш басылып шыққан бұл оқу құралы энергетика, электр энергетика жылу энергетика және су электр энергетика мамандықтарының студенттеріне арналып көп жылғы дәрістерді және тәжірибелік жұмыстардың негізінде жазылды.

     Бұл оқу құралының мазмұны жоғары оқу орнына арналған Мемлекеттік стандарт пен типтік бағдарламаға сәйкес жазылды.

     Осы оқу құралының құрамы төмендегідей болды:

     - электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау. Электр монтаждық ұйымдардың құрылымы және оның құрылысын ұйымдастыру туралы қысқаша мәлімет. Электрлік монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру;

     - күштік трансформаторларды монтаждау туралы қысқаша түсініктеме. Трансформаторларды монтаждау орнына жеткізу. Трансформаторлардың жекеленген бөлшектерін монтаждау. Трансформаторлардың жүктемелерін дұрыс есептеп, олардың оқшауламаларының жұмысын қамтамасыздандыру;

     - күштік трансформаторлардың режимін алдын-ала жүктеме графигімен анықтап, үнемді түрде пайдалану;

     - электр станцияларындағы және қосалқы станциялардағы электрлік жабдықтардың техникалық эксплуатациясын ұйымдастыру және оның міндеттері. Жалпы мәліметтер.

 

     Осы оқу құралының бағдарламасына байланысты қойылған сұрақтарға тағы да басқа мәселелер қарастырылды.

     Автор, АЭжБИ-дың оқу әдістемелік бөліміне, кадрлар ұжымдарына және студенттерге, көрсетілген ұсыныстары мен тілектері үшін алғысын айтады.

     Бұл оқу құралы жоғары оқу студенттеріне және жалпы оқырмандарға пайдалы болар деп ойлаймын.

     Оқырмандардан, өз пікірлеріңізді мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймын: 480013, Алматы қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 126 үй, Алматы энергетика және байланыс институты, Электр станциялары, тораптары және жүйелері кафедрасы.    

       

                                                                   Автор

 

 

 

 


1                            Электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау.

 

1.1 Электр жабдықтарын монтаждаудың  жалпы сұрақтары

Электр монтаждық ұйымдардың құрлымы және оның құрылысын ұйымдастыру туралы қысқаша мәлімет

 

   Жаңа ғимараттарды салу немесе жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңадан жарықтандыру барысында, жеке жұмыс істеу түрлеріне байланысты жалпы құрлыстық басқармадан басқа мамандандырылған монтаждық ұйымдар құрылады. Жалпы басподряд ұйымы (генподрядчик) болған кезде жұмыс негізін реттік әдіспен жұргізіледі, ал мамандандырылған ұйымдар, осы құрылыстық басқармамен келісім арқылы субподряд ұйымымен (субподрядчик) жұмыс жасайды. Субподрядтық келісімді жасау және оны орындау кезінде екі жақ “күрделі құрылыстық реттік келісім ережелері”, “ұйымдардың өзара қатынас жағдайлар” қолданылатын заңдарды және де субподрядтық келісімдердің бөлінбес бөлігі болып табылатын “айырықша жағдайлар” сияқты негіздер басшылыққа алынады. Бұл жағдайда, екі жақтық жекелеген субподрядтық келісімдерді жасау және оны орындау туралы нұсқаулар да көрсетілмеген, ара қатынастары анықталады.

    Субподряд ұйымы, босподряд ұйымымен бірге тапсырып берушіге, обьектінің өз уақытында тапсырылуларана жауапты болып табылады.

     Электр монтаждық ұйымдар, өнеркәсіп өндірістері және де электр монтаждық жұмыстарға аса керекті, өндіріс орындары дайындаиайтын  заттар мен құрылымдарды әзірлейтін электр монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру басқармаларымен біріктіріледі. Жоғарыда көрсетілген өндіріс орындарын бұл басқарма өзіне біріктіраді. Электр монтаждық басқармалар әдеттегідей территориялық белгілері бойынша ұйымдастырылады.

     Құрлыстық басқарманың құрамына монтаждық және іске қосуды реттеуші басқарма өз алдына бастаушы өндірістік бірлік  ретінде кіреді. Айрықша жағдайларда бұл құрлыстық басқармаға шаруашылық есептегі монтаждық бөлімдері, өндірістік технологиялық кешендері, механизациялау базалары, зертханалар және оқу пункттері кіру мүмкін. Монтаждық және қосуды реттеуші басқарма, өндірісті дайындау бөлімін, электр монтаждық дайындау шеберханаларын, кешендендіру бөлімдерін және де сметалық келісім бөлімдерін өзіне біріктіреді.

       Кейбір ірі өндіріс орындарында өндірісті кеңейту, оны жаңғырту және күрделі жөндеу (кішігірім жаңа цехтар салуға дейін) үшін, өзіндік электр монтаждық бөлімдер, электрлік цех және жалпы құрлыстық ұйымдар құрады. Бұл жағдайда жұмыс шаруашылық әдіспенен жүргізіледі, сол кезде тапсырыс беруші, бір мезгілде, подряд ұйымы болып табылады.

 

 

 

1.2    Өндірістегі инженерлік дайындық

 

       Электр монтаждық ұйымдар жұмысты көрсетілген уақытында, аз еңбек шығыны, обьектіні көрсетілген мерзімінде, немесе мерзімінен бұрын сапалы орындаған жұмыспен, өндірістік жұмысқа дайындықты жаңаша жүргізуді көздеп және де соның негізінде еңбекті ғылыми ұйымдастыру, монтаждық басқармаларда өндіріске инженерлік дайындық қызмет көрсету – жұмыстарын жүргізеді (1.1-сурет шартты түрде көрсетілген).

Монтаждау басқармасының бас инженері

Монтаждау басқармасының бастығының орынбасары

                

 

 

 

 

 

 

Электр монтаждық дайындау шеберханасы  (ЭДШ)

Сметалық келісім бөлімі (СКБ)

Өндірісті дайындау бөлімі (ӨДБ)

Өлшеушілер тобы       (ӨТ)

 

 

 

 

 

Өндірістегі маусымдық дайындау тобы (ӨМДТ)

Өндірістің болашақта дамуын дайындайтын топ        (ӨБДДТ)

Жинақтау, қоймаландыру және тасымалдау бөлімі (ЖҚТБ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


     1.1-сурет. Монтаждау басқармасының өндірісті дайындау қызметінің құрылымдық сұлбасы

    

     Өндірістік дайындау бөлімдеріне мыналар кіреді: өндірістің болашақта дамуын дайындайтын топ (ӨБДДТ) , есеп, жоба-сметалық құжаттарды сақтау, оны тексеру, кемшіліктерін анықтау, оларды жою және де жобалау ұйымдарымен бірлестікте керекті жағдайда өзгертулер енгізуді жүзеге асыру; бұл жағдайда, монтаждық тораптардың және блокңтардың жұмыстарының индустрализациясын, өндірістер мен электр монтаждық ұйымдарымен даындалатын электр монтаждық модульдерді қолданудың, монтаждаушыларға жұмыстың өндірісі үшін керекті құжаттарды дайындау көрсетілген унификациясы мен типизациясын ескереді. Сондай-ақ, сметалық-келісім шарттық бөлімімен бірігіп бүкіл жұмыс көлемінің сметалық құжаттарын тексереді, ондағы ақауларды (жобалау ұйымдарының көмегімен) анықтап, оларды жояды; маусымдық дайындау тобының қатысуымен жұмыс өндірісінің жобасын дайындауды іске асырады; келесі жылдарға арналған монтажды басқару жобасына енгізілген обьектілер бойынша жұмыс көлемдерін анықтайды; жұмысты орындауға арналған құрылғылар мен материалдардың, бұйымдардың тізімін жасайды, оларды зауытқа алып келу ретін, тапсырыс берушінің келісімі бойынша объектілердің құрылыс графиктерінің негізі бойынша анықтайды; ойластыратын объектілер және жұмыс түрлері бойынша электр монтаждық персоналдың  және оның мамандандырылуын, сондай-ақ, механизмдердің, әдістердің және құралдардың қажеттілігін анықтайды; СКБ-ның қатысуымен жұмыс көлемін, объектілердің пайдалануға беру мерзімін анықтайды.

     Монтаждық бөлімшелерден алынатын жұмыс жинағын алуды іске асыратын өндірістің маусымдық дайындау тобы (ӨМДТ), бұйымдарды және блоктарды (объектіде монтаждық жұмыс басталмай тұрып) жасалуын іске асыратын жұмыс жоспарын құрайды; бұл үшін, тораптар мен блоктарға арналған эскиздер мен сызбалар жасайды, тапсырыста көрсетілген бұйымға калькуляциясы бар сәйкес тапсырыстарды дайындайды және олардың орындалу сапасын қадағалауды іске асырады; объектілер және жұмыс циклдері бойынша монтаждық бөлім үшін материалдар мен құрылғылар лимитті карталар және комплектілеуші тізімдер жасайды; қабылдап алу-өткізу (өткізу) құжаттарын дайындайды; құрылыс объектілерінде авторлық қадағалауды іске асырады; эскиздер мен сызбаларды жасау орындарында қажетті өлшеулер мен шешулерді жүргізеді.

     Сметалық-келісім шарттық бөлімі (СКБ) генподряд ұйымымен, субподряд ұйымымен және монтаждық басқару жұмысының жоспарына енгізілген объектілермен субпорядттылық жоспары рәсімдеуді орындайды; сметалық құжаттардың, олардыңсатыларға және жұмыс кешендеріне бөлінуімен сәйкес келуін тексереді; орындалған жұмыстар үшін тапсырыс берушілермен есеп айырысуды қадағалайды; аванстардың көлемін анықтайды; тапсырыс берушілермен сметада  анықталған есеп айырысуды саты бойынша дайындайды.

     СКБ тапсырыс берушілермен және генподряд ұйымымен бірге келісілген міндеттерді бұзған жағдайда және орындалған жұмыстардың бақылаушы өлшеулерін жүргізу кезінде презентациялық жұмысқа қатысады.

     Электр монтаждық дайындау шеберханасы (ЭДШ) біріктірілген жоспарлық-графиктік жұмысымен келісімді түрде, берілген калькуляцияларға сәйкес эскиздер мен сызбалар бойынша ӨМДТ тапсырыстарын орындайды; ЭДШ (МЭЗ) тапсырыстарын орындауға қажетті материалдар мен құрылғылар лимитті-комплектілеуші тізімдерге сәйкес ЖҚТБ-дан алынады. Дайын бұйымдардың монтаждау зонасына жеткізілуі үшін ЖҚТБ-ға өткізеді.

     Жинақтаушы, қоймаландырушы және тасымалдаушы бөлімі (ЖҚТБ) материалдар мен құрылғыларды тапсырысшылардан және генподрядчиктен, зауыттардан және қолданыс ұйымдарынан алады. Ол құралдарды және икемделулерді, монтаждық басқаруды қамтамасыз етеді, қоймалық және контейнерлік шаруащылықты, материалдық құндылықтардың тізімделуін жүргізеді, материалдар мен құрылғыларды пакеттейді және оларды контейнерлермен монтаждау алаңдарына жеткізеді.

     Жұмысты ұйымдастыру жобасы (ЖҰЖ) құрылыс обьектілерініңтізімі көрсетілген қағаздан, жұмыстың физикалық көлемдерінен, олардың сметалық құнынан, жұмыс сиымдылығын есептеуден, адам ресурстарын пайдаланылуының есептелулерінен, ірілендірілген жұмыс графигінен, материалдық және құрылғылардың келіп түсуінен және обьектілерді монтаждауға жіберуден, монтаждық және құрылыс ұйымдарының өндірістік және тұрмыстық мекемелердің орналасу жоспарынан, сметалық-қаржылық есептеулерден, құрылыс алаңы ішіндегі жүк ағындары схемасынан, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша ұсыныстардан, алаңды сумен қамтамасыздандырудан және басқа да ұсыныстардан тұрады.

     Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) монтажды басқару есебінен монтаждық басқарудың желілік персоналының немесе жобалаушы ұйымның қатысуымен  құрылады. Ол желінің инженер-техникалық персонал басқаратын өндірістің инженерлік дайындықтың негізгі бөлімі болып табылады. ЖӨЖ-ға: электрқұрылғының, электрөткізгіштің тораптарының және екінші ретті тізбектің монтажына арналған технологиялық картасы; қажетті еңбек шығындары көрсетілген, жұмыс сызбаларымен нақтыланған жұмысының физикалық көлемдері бар іске қосу кешенінің жеке обьектілері бойынша өндірістің электрмонтаждық жұмыстарының күнтізбелік жоспары; электрмонтаждық басқармалар зауытында тапсырыс беруге және дайындауға жататын электр қондырғылық бұйымдардың, электр құрылымдардың және басқа монтаждық бұйымдардың тізімі; электр монтаждық дайындаулар зауытында жасалынатын стандартты емес және типтік емес электр құрылымдардың және бөлшектердің тізімі; ЖӨЖ-да алдын-ала блоктарға және түйіндерге ірілендіріп бекітулік жинауды талап ететін құрылғының элементтерінің, электр құрылымдардың, электр өткізгіштердің және монтаждық бөлгіштердің тізімі; барлық жұмысты орындауға қажетті электр техникалық құрылғылар мен көмекші материалдар тізімі  және құрылғылар мен материалдар жинақтарының тізімі; монтажды басқарудан, генподрядчиктен және тапсырыс берушіден алынатын материалдардың және монтаждық бұйымдардың әкеліну ретінің графигі; қажетті монтаждық машиналардың, механизмдердің, аппараттардың, икемделулер мен құралдардың тізімі; алдыңғы қатарлы монтаждық технологияны енгізу туралы ұсыныстар; қозғалмалы және алынып-салынатын құралдардың және инвентарлық құрылғылар мен икемделулердің тізімі; жұмысшылардың санының жетіспеуінің орнын жабу туралы ақпараттар көрсетілген мамандық және мамандандыру бойынша жұмыс күшінің қозғалысының күнтізбелік жоспар-графигі; ЖӨЖ-дың негізгі шешімдерінің қажетті негіздемелері және келесідей техника-экономикалық көрсеткіштері бар монтаждық машиналардың және икемделулердің түсіндірме жазбасы, электр монтаждық жұмыстардың орындалу ұзақтығы; бір жұмысшының электр монтаждық жұмыстарының негізгі түрлері бойынша физиқалық түрде орташа күндік өндірісі (жұмысы) және электр монтаждық бөлім бойынша қаржылай түрдегі орташа өндірісі; объектінің сатыға бөлінген бірінші реті үшін орындалуға тиіс электр монтаждық жұмыстардың қаржылай көлемі; қауіпсіздік техникасы нұсқаулары енеді.

     Технологиялық карталарда келесі сұрақтар қарастырылады: физиқалық сипаттағы орындалуға тиіс электр монтаждық жұмыстардың көлемі және олардың орындалу технологиялары; (БМжБ-ЕНиР бойынша) жұмысты орындауға қажетті еңбек шығындары және бригадалардың мамандандырылған құрылымы; қажетті машиналардың, механизмдердің икемделулердің және  құралдардың тізімі; ЭДШ-да орындалатын жұмыстардың және бұйымдардың тізімі; көмекші материалдардың тізімі; жұмыстарды орындаудың күнтізбелік графигі; жұмыс өндірісінің ретімен әдісі және еңбектің ұйымдастырылуы туралы негізгі нұсқаулар. Бұл карталар электр монтаждық  өндірісте еңбекті ұйымдастыру бойынша маңызды құжаттар болып табылады. Карталардың өңделуін орталықтандырылған ретпен әртүрлі министрліктер мен ведомстволар орындайды. Олар жергілікті және типтік болуы мүмкін.Оларды  толықтай технологиялық үрдістерге (комплектілі магистральды шинопроводтарды бекітілген блоктармен монтаждау) немесе жеке операцияларға (көпірлік-кранмен блокты монтажды электр жабдықтарын жобалық белгілерге көтергенге дейін) арнап жасайды.

     Үлкен емес монтаждау объектілері үшін ЖӨЖ-ың қысқартылған түрде жасап және оның ішіне жоғарыда көрсетілген элементердің бір бөлігін ғана қысқартылған түрде еңгізеді.

     Құрылыс жұмыстарында  жұмысты ұйымдастырудың автоматты жүйесі  (ЖҰАЖ) немесе жүйелік жоспарлау және басқару қолданылады (ЖЖБ). Бұл әдістің негізінде, жүйелік графикті өндірістік үрдістің шартты   экономика-математикалық мөділін өндеу жатыр. Графикте жұмыстың технологиялық орындалулары арасындағы қатынасы көрінеді  және берілген орындау мерзімі  тәуелді болатын жұмыстар анық көрсетілген. Жүйелік графикте жеке жұмыстардың ара қатынасы мен орындалуынан басқа обьектілердің құрылыстық бөлігін монтаждауға  беру, құрылғыларды, материалдарды, бұйымдарды және т.с.с. жеткізу мерзімдері щартталған. Жүйелік графиктерді көптеген ұйымдар қатысатын кешендердің құрылысы үшін, сондай-ақ құрылыста ЖЖБ енгізілген жағдайдың өзінде, тек монтаждық жұмыстарды орындау үшін (мысалы: электр энергиясын жеткізу желілерінің, қосалқы станцияларының және т.б монтажы ) тұрғызады.

     Локальді желілік график, тек дербес жеке бөлігі бойынша жұмысының бөлігін ғана қамтиды және кешенді желілік графиктің бір бөлігі болып табылады. 1.2-суретте жұмыстың масштабсыз бағыттарын және жағдайларын білдіретін дөңгелектер көрсетілген.

 

 

 

 

10

 

 


7

6

3

      

 

 

1

2

4

7

10

11

9

5

1

1

1

6

6

6

3

3

8

8

2

4

 

 

 

 

 


8

    

 

 

1.2-сурет. Желілік график

 

     Жұмыс деп кез-келген уақыт, еңбек және материалдық ресурстардың шығынымен, сондай-ақ күту және технологиялық тәуелділік процесімен байланысты еңбек процесін түсінеміз. Мысалы, электр монтаждық, кабельді төсеу алдындағы қызуын күту, электр жабдықтарды және т.с.с. электр құрылысын жеткізумен байланысты жұмыстарды.

     Жағдай деп белгілі қызмет көрсетудің (жұмыстың) нәтижесін, осы жағдайдан шығатын, келесі жұмысты бастауға мүмкіндік беретін, берілген жағдайға сәйкес бір немесе бірнеше жұмыстардың орындалуының соңын немесе аралық нәтижесін түсінеміз. Жағдайдың ұзақтығы болмайды, олар лезде болады, ал олардың аяқталуы келесі жұмыстарға арналған мүмкіндіктің ашылғандығын білдіреді; әр жағдайдың дөңгелек ішінде көрсетілген өз нөмірі бар (1.2-сурет шартты түрде көрсетілген).

     Уақыт және ресурстардың шығынымен байланысты жұмыстар, бағыты бар тұтас түзумен белгіленген. Күту және технологиялық тәуелділіктердің үрдістерін сипаттайтын жұмыстар, бағыты бар үзік сызықтармен белгіленген. Жұмысты білдіретін бағыттар, жұмысқа әкелетін жағдайдан шығып, келесі жағдайға кіреді. Сызықтардың тұсындағы сандар жұмыстардың күн бойынша ұзақтығын көрсетеді.

 

     1.3 Электр монтаждық жұмыстары өндірісінің техникалық құжаттары мен жалпы шарттары

 

     Электр монтаждық жұмыстардың өндірісі техникалық және директивті құжаттармен қамтамасыздандырылады.

     Негізгі техникалық құжаттың қызметін электр монтаждық жұмыстармен қатаң келісімділікпен орындалатын электр қондырғылардың жобасы атқарады. Жобамен қабылданған техникалық шешімднрді өзгертуге, тек олардың сипаттамалары принципиалды болған жағдайда, жобалау ұйымының – жоба авторының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Принципиалды емес сипаттаманы тапсырыс берушінің келісімі бойынша өзгертеді.

     Электр монтаждық жұмыстарды жүргізу барысындағы керекті талаптардың сөзсіз орындалуын қажет ететін негізгі директивті құжаттар болып күшіне енген, электр қондырғылардың орналастыру ережелері (ЭҚОЕ-ПУЭ) және құрылыс нормалары мен ережелері болып табылады (ҚНжЕ-СНиП).

     Монтаждау ұйымдары директивті құжаттар негізінде монтаждық нұсқаулар мен технологиялық карталар жасайды, ал электр жабдықтар мен материалдарды жеткізушілер электр монтаждық жұмыстарды орындаушылар үшін өндіріс өз жұмыстарында пайдаланылатын зауыттық нұсқауларды жасайды.

     Іс жүзінде бар монтаждық нұсқаулар, жұмыстың орындалу технологиясы, нормалар мен ережелер көрсетілген, қолданылатын материалдардың, икемделулердің, механизмдердің және т.б. келтірілген директивті құжат бола тұра, еңбектің максималды өнімділігін қамтамасыз ететін жоғарғы нәтижелі жұмыс амалдарын толықтай көрсете алмайды. Нұсқаулар белгілі бір технологиялық кешеннің  орындалуына қойылатын талаптарды көрсетеді, бірақ осы талаптардың орындалуына қажетті нақты амалдардың талдаулары (анализдері) көрсетілмейді.

     Сондықтан, еңбек үрдістерінің технологиялық карталары жасалынады. Бұл карталарда: жұмыс үрдісінің технологиялық реті; алдыңғы қатарлы амалдар мен еңбек әдістері; қолданылатын механизмдердің, икемделулердің және құралдардың тізімі, құрылғылар мен бұйымдарды монтаждық тораптарға бекіту бойынша нұсқаулар; нормативтік (шектеулік) материалдар – еңбек үрдісінің графигі, еңбек шығынының калькуляциясы, жұмыс орындарын ұйымдастырудың сұлбалары, бригаданың, звеноның сандық құрамы және олардың квалификациясы және т.б. анықталады. Технологиялық карталардың болуы монтаждау бригадаларына берілген уақытта қол жеткен деңгейде жұмыстарды орындауға және маусымдық бақылаудың дәрежесінің жоғары болуының қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді.

     ЭҚОЕ (ПУЭ) электр қондырғыларды және электр жабдықтарды жөндеу, қолдану жағдайындағы жоспарлық және профилактикалық сынауларды жүргізуді; қызмет көрсетуші персоналды оқыту, олардың техниканы пайдалану және қауіпсіздік техникасы туралы білімін тексеруді ескере отырып жасалынады.

     Электр қондырғыларды монтаждау кезінде қолданылатын машиналар, трансформаторлар, өлшеуіш құралдар, өткізгіштер, кабельдер, оқшауламалық майлар және басқа да материалдар мен электр жабдықтар, бекітілген ГОСТ-тарға, немесе техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы керек. Бұл жағдайда электр жабдықтары, олардың құрылысы, орындалу түрі, орналасу әдісі және оқшауламасы электр қондырғының номиналды кернеуіне, қоршаған ортаның жағдайына және ЭҚОЕ-нің бөлімдері мен тарауларына сәйкес келуі қажет.Монтаждалынатын электр құрылғылар мен материалдар өздерінің нормативті кепілдік және есептік сипаттамалары бойынша берілген тораптардың немесе қондырғының жұмыс шарттарына сәйкес келуі қажет. Оларды таңдау барысында қолдану және монтаждау тәжірибелік, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі техникаларының талаптарын ескереді. Электр жабдықтары мен электр тораптарының монтаждалуын ЭҚОЕ (ПУЭ) және ҚНжЕ (СНиП) талаптарына қатаң сәйкестікте орындайды.

     Құрылыс материалдары және құрылымдар (конструкциялар) өртке қарсы талаптарға сәйкес жану дәрежесі бойынша үш топқа бөлінеді:

     а) өрт немесе жоғары температура әсерінен өртенбейтін қиын жанатын материалдар жанбайды, тұтанып тұрып баяу жанып кетпейді және күл болып қалмайды;

     б) оттың және жоғары температураның әсерінен жанатын, қиын жанатын материалдар тұтанып баяу жанып кетеді немесе күл болып кетеді және от көзі бар кезінде жануы немесе тұтануы жалғаса береді;

     в) от немесе жоғары температура әсерінен жанатын материалдар тұтанады немесе жанып кетеді және отты өшіргеннен кейін де жана береді.

     Электр қондырғылардың құрылыстық бөлігін (мекемелер, құрылымдар және т.б.) ЭҚОЖ-ның қосымша талаптарының міндетті түрде орындалуы кезінде, күшіне енген құрылыс нормалары немесе ережелеріне сәйкес орындайды. Коррозиядан қорғау үшін электр жабдықтарды немесе электр қондырғылардың басқа да элементтерін қоршаған ортаның әсеріне шыдамды қорғаушы бояумен бояйды; бұл жағдайда бояу түсі қондырғының қажетті электрлік түсіне сәйекс келуі керек.

     Электр қондырғының оқшауланбаған тоқ өткізгіш бөліктеріне жақындау адам өміріне қауіпті, сондықтан электр қондырғыларында оқшауланбаған бөліктердің қарапайым және көрнекті сұлбалары, сәкес жазбалары, маркіленуі, түстері және қондырғылардың элементтерінің орналасулары қарастырылады. Электр қондырғыда бір аттас тоқ өткізгіш шиналардың бояуларын күшіне енген ЭҚОЕ талаптарына сәйкес таңдайды.

     Электр техникалық қондырғылар үшін, қондырғы элементтері үшін, қоршаған ортаның сипаты маңызды рөль атқарады – температура, ылғалдылық, шаңның, химиялық активті заттардың болуы және т.с.с. Сондықтан, қоршаған ортаға байланысты мекемелерді құрғақ, қалыпты орталы, ылғалды, дымқыл, ыстық, шаңды, химиялық активті ортамен, жарылысқа және өртке қауіпті деп бөледі. Жарылысқа қауіпті газдар, булар, сұйық және жанғыш заттар қолданылатын сырқы қондырғыларды сәйкесінше жарылысқа қауіпті немесе өртке қауіпті қондырғыларға жатқызады.

     Құрылыс обьектілеріндегі электр монтаждық жұмыстардың өндірісіне кірісу, тек техникалық құжаттардың (жобалар мен сметалар), жұмыс өндірісінің жобасы, обьектілер, крандық (көтеру) құрылғылары, басқа монтаждау механизациясын қамтамасыз ететін жүк көтергіш құрылғылар, сондай-ақ жұмыс өндірісінің келісімділік графигімен қарастырылған электр жабдықтардың, кабельдік өнімдердің және материалдардың бар болған жағдайында ғана рұқсат етіледі.

     Орындаушылардың ерекше дайындығын талап ететін арнайы жұмыстарды тек (сынаптық түзеткіштердің, аккумуляторлық батареялардың монтажы, дәнекерлеу жұмыстары, пиротехникалық құралдармен байланысты жұмыстар, такелажды жұмыстар және т.б.) жұмысты орындау технологиясы және қауіпсіздік технологиясының ережелері бойынша сәйкес дайындықтан өткен тұлғалар ғана орындауы тиіс. Мұндай жұмыстарды орындауға рұқсат алу үшін арнайы құжаттар беріледі.

     Сәтті монтаждау тек монтаждалған қондырғының жоғарғы сенімділігімен жақсы электрлік түрін қамтамасыз етумен ғана сипатталмайды. Эжұмыстар қысқа мерзімде еңбектің және материалдық ресурстардың минималды шығындармен орындалуы маңызды. Электр монтаждық өндірістің бұл бөлігін қамтамасыз ету ЖӨЖ-ға, сондай-ақ ЖҰАЖ-ға (АСОР) жүктелген.

     Барлық жобалау-техникалық құжаттарды тапсырыс беруші талдайды. Ол бұл құжаттарды монтаждау ұйымдарына беру алдында оларға “Жұмыстардың өндірісіне рұқсат етіледі” деген қол немесе таңба қоюға міндетті. Монтаждық басқаруда техникалық құжаттар және сметалар желілік инженер-техникалық жұмыскерлермен және дайындау тобымен бірлескен өндірістік бөлімнің персоналымен мұқият қарастырылады (монтаждау бөлімдерінің басшыларымен, жұмыс өндірушілермен, щеберлермен).

     Жобаның барлық кемшіліктері туралы ескертулер жобаға келісімделген түзетулер мен толықтырулар енгізу үшін жобалау ұйымдарына жібереді. Егер құрылыс алаңында авторлық бақылау түрінде жобалау ұйымының өкілі болса, онда пайда болған сұрақтардың барлығы сол арқылы шешіледі. Осыдан кейін жоба мен сметаларды ЖӨЖ-ды құру үшін өндірістік басқару бөліміндегі, монтажды дайындау бөліміне немесе жобалаушы сметчиктер тобына береді.

     Жекеленген жағдайларда жобаны монтаждық ұйым аяқтайды. Ол, кейбір жабдықтар мен материалдарды ауыстыру, электр техникалық жобаның жеке тораптарының құрылыс және технологиялық құрылымдарға сәйкес келмеуімен байланысты, азғантай өзгерістерді енгізу, монтаждық ұйымдардың зауыттарының типтік электр құрылыстарын және монтаждық бұйымдарын енгізу, ірілендірілген монтаждық тораптар мен блоктар сондай-ақ, орналасуы бойынша жеке құрылыстар мен бірлесулер үшін қосымша сызбалар мен эскиздер жасау жұмысын орындайды.

    

1.3    Электр монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру

 

     Электр өткізгіштердің монтажын, өзге электр монтаждық жұмыстардың түрлері тәрізді екі сатыда орындайды. Бірінші сатыда электр монтаждық дайындаулар шеберханасындағы дайындау және міндетті түрде монтаждық обьектілердегі дайындық жұмыстары іске асырылады. Шеберханаларда (зонадан тыс және монтаждалушы обьектінің құрылысқа дайындығынан тәуелсіз) – шиналық, трубалық, жерге қосқыш құрылғысын, электр өткізгіштер, кабельдік желілер және т.с.с., ірілендірілген блоктарды дайындайды және жинайды. Тікелей монтаждау алаңында, құрылыс жұмыстарының белгілі дайындығында, келесі жұмыстарды атқарады: электр тораптарының және жерге қосқыш құрылғыларының жолдарының белгіленуін және дайындығын; бір мекемеден екіншісіне өту және сытқа шығу орындарында құбырларды ірге тасқа орналастыру және басқа да құрылыс негіздерін жүргізу; құрылысшылардың қондырғыларды бақылап тұруын ұйымдастырады; құрылыс үрдісінде электр жабдықтарды орнату және электр өткізгіштерді монтаждау үшін қажетті ойықтардың, кішкене тетіктердің, ұяшықтардың, бороздалардың жасалынуын қадағалауды іске асырады.

     Екінші сатысында монтаждық обьектінің өзіндегі монтаждау жұмыстарын орындайды. Бұл жұмыстарға дайындалған орындарға электр жабдықтарды және электр құрылыстарды орнату, дайындалған жолдарға электр өткізгіштің дайын элементтерін орналастыру, электр тораптарын электр жабдықтарға орнатылған аппараттар мен құралдарға қосу енеді.

     Электр жабдықтарды монтаждауға қабылдайтын мекемедегі құрылыс жұмыстары: электр монтаждық жұмыстарды, монтаждалушы құрылғыларды, кабельдік бұйымдарды және электрлік материалдардың атмосфералық жауын-шашыннан, тау сулары мен төмен температуралардан және шектес ұйымдармен жұмысты әрі қарай жалғастыру барысындағы кездейсоқ зақымданулар мен ластанулардан қорғауы, қалыпты және қалыпсыз жүргізілуін қамтамасыз ете алатындай болуы тиіс.

     Екінші сатыдағы жұмыстар басталмас бұрын электр техникалық мекемелердегі жинақтық-тарату қондырғыларындағы, қалқандардардағы, басқару станцияларындағы, трансформаторлардың камераларындағы, машина залдары және олардың төменгі бөлмелеріндегі құрылыс және өлдеу жұмыстары аяқталуы тиіс.

     Құрылыс обьектілерінде, күштік электр жабдықтарын монтаждау мерзімін қысқарту, еңбек өнімділігін өсіру, материалды-техникалық ресурстардың үнемді шығындалуы, электр монтаждау жұмыстарының сапасын өсіру және өзіндік құндылығын төмендету мақсатымен шаруашылық есептерін енгізеді.

     Мұндай есептерді бригадалық тәртіп әдісімен жұмыс жасайтын шаруашылық есептеуші бригадалар енгізеді. Бригадалық тәртіп материалдардың, құрылымдардың және шеберхана бұйымдарының кешендік алып келуін іске асыратын типтік обьектілер немесе өндірістік құрылыстың типтік обьектілердің электр жабдықтарының монтаждалуында қолданылады.

     Бригадаларды шаруашылық есептеулерге көшіру алдында, жұмыс өндірісінің инженерлік дайындығы, материалдар, күнтізбелік жүктелу графигі, құрылымдық және шеберхана бұйымдарының әкелінуі, т.с.с. сияқты жұмыстар атқарылады.

     Еңбек өнімділігінің артуының, монтаждаудың өзіндік құнының төмендеуі, жұмыстардың сапасының жоғарылауы және олардың орындалу мерзімдерінің қысқаруының негізгі көзі жұмысты индустрализациялау болып табылады. Электр монтаждық индустрализациясы деп, өндірістік немесе монтаждық ұйымдардың зауыттарында сондай-ақ, монтаждық-дайындау бөлімдерінің шеберханаларында құрылыс жұмыстары алаңынан тыс жұмыстардың мүмкін болатын көлемін орындауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың бірлестігін түсінеді. Электр монтаждық өндірістің қажетті механизациялану деңгейі және еңбек механизация құралдарының дұрыс қолданылуы ЖӨЖ-дың құрамына кіретін жұмыс механизациясының көмегімен анықталады.

     Жұмыс өндірісі барысында ірі машиналар және механизмдермен қатар әсіресе тікелей құрылыс алаңында және шеберханаларда іске асырылатын майда қолмен жасалынатын жұмыстар үшін шағын механизациялау құралдары, сонымен қатар, әртүрлі, оның ішінде рационализаторлар жасаған икемделулер қолданылады.

     Қазіргі уақытта электр монтаждық жұмыстардың көлемдік механизациялануын, тәжірибелі түрде шеберханада сұрыптық болат шиналар, болат құбырларды, өңдеу бойынша  технологиялық желілерде, электр өткізгіштер мен кабельді желілерді, қауырсын құбырларды ажыратушыларды дайындау қалқандарында сондай-ақ, жоғары механизацияланған саптарды (колонналарды) ұйымдастыру жолымен электр жеткізу желілерінің құрылысында іске асырады.

     Монтаждау бөлімшелерінің орталық базадан айтарлықтай қашықтықта екенін ескере отырып және жұмысты басқаруды сондай-ақ, ірі механизмді (крандар, гидрокөтергіштер, шұңқыр ойғыштар және т.б.) жақсы басқаруды оперативтендіру мақсатымен, бөлімшелері, арнайы механизмдері, механизациялау базалары т.с.с., радиобайланыс жүйелері кеңінен қолданылады.

     Әрине, қазіргі нарықтық электр энергетика жағдайында, электр жабдықтарын немесе электр қондырғыларын монтаждау жұмыстарын біркелкі өзгеше болуы мүмкін. Ол туралы керекті материалдар жиналуда. Ол материалдар, осы оқу құралының келесі басылымында ескеріліп, ескеріліп толық жазылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2         Күштік трансформаторларды монтаждау туралы қысқаша түсініктеме

 

2.1 Трансформаторларды монтаждау орнына жеткізу

 

Қуаты аз трансформаторларды мантаждау орнына түгелдей жинақталған

түрде, ал орташа қуатты трансформаторларды түгелдей жинақталған немесе кейбір бөлшектерін бөлек түрде (май кеңейткіштері, түтін мұржаларын және т.б.) жеткізеді.

Түйін А

Аралық скоба

Түйін А


 

Түйін А

Аралық скоба

Түйін А

 


1-темір жол платформасы, 2-трансформатор, 3-тіректік брусья, 4-көтергіш астындағы қапсырма, 5-аралық қапсыпма, 6-гидравликалық көтергіш, 7-болат тақта, 8-темір жол шпалы, 9-ағаш брус.

 

2.1-сурет. Күштік трансформаторын темір жол платформасына орнату сұлбасы

 

     Кернеуі 110 кВ-тан жоғары трансформатордың барлығы әдетте жартылай бөшектелген түрде жеткізіледі. Бұл жерде радиаторлар, жоғарғы вольтты кірістер (вводы), май кеңейткіштері, газды шығару мұржалары, үрлеу жүйесі жеке-жеке қораптарға салынады. Кіші және орташа трансформаторлар қондырылатын орынға автомобильдермен немесе басқа көліктермен, ал үлкен трансформаторларды арнайы әзірленген темір жол платформаларымен жеткізеді (2.1-сурет).

     Трансформаторларды көтергіш крандармен түсіру ыңғайлы және оңай. Жеңіл көліктерді, транспортерлерді немесе темір жол платформаларын көтергіш кран ілгегінің астына ыңғайлап қояды. Бұрын тасымалдауда пайдаланылған трос, сым темір қалдықтарын алып тастайды, одан кейін трансформаторды троспен белдеулеп, кранмен көтеріп, арнайы дайындалған түсіру алаңына қояды.

     Егер автомобль немесе транспорттардың биіктігі платформамен бірдей болған жағдайда, трансформаторды лебедтка арқылы троспен тартып түсіруге болады. Ал көліктердің биіктігі әртүрлі болған жағдайда трансформаторды арнайы темір жол шпалдарынан жасалған қапсырмамен бекітілген көлбеу сырғыш арқылы түсіруге болады.

 

Тракторға немесе электр лебедткаға

           


 


1-транспортер, 2-трансформатор, 3-тақтаның қиындысы, 4-көтергіш астындағы қапсыма, 5-шпалдар торы, 6-темір жол рельсі, 7-блок, 8-болат трос, 9-болат строп, 10-анкер, 11-темір жол шпалдары, 12-рельстер.

                                                             

2.2-сурет. Трансформаторды түсіру сұлбасы

 

     Трансформаторларды лебедткамен трос арқылы тартып орнын ауыстырған кезде, оның сырғымаларының астына темір жол рельстері не болмаса жалпақ болат табақшалары қойылуы керек.

     Трансформаторларды тордан сырғытып түсіру үшін темір жол шпалдарынан, бөренелерден немесе қалың тақтайлардан жасалынған көлбеу жазықтықтар пайдаланылады. Бәрінен оңайы, трансформаторды өз арбашасымен темір жол арқылы жеткізу.

 

2.2    Трансформаторлардың жекеленген бөлшектерін монтаждау

 

     Радиаторды монтаждау. Радиаторды монтаждау оның қысымын тексеру, жуу және оның трансформатор қабына орналастыру болып табылады.

     Қысымды тексеру, трансформатор трубаларында ақаудың барлығын тексеру үшін керек болады. Қысым, трубадағы май бағанасы арқылы жасалады, май трубасы радиатордың бір бөлігіне бекітіледі (2.3а-сурет).

     Май бағанасының биіктігін трансформатордың орнатылған радиаторының төменгі нүктесінен май кеңейткіштің жоғарғы нүктесіне дейін, содан кейін ол биіктікке 0,5м қосылады. Радиаторды тексеру кезінде анықталған ақауларын электр және газ темір пісіргіштер арқылы жөнге келтіреді.

     Радиатор, 2.3б-суретінде көрсетілгендей құрғақ таза трансформатор майымен жуылады. Радиатордың сыртқы ортамен байланысы, оның ішінде қалыптан жоғары қысым болмауы үшін қажет.

     Радиаторды орнату алдында, алдын ала трансформатор бактарының крандарының жабықтығы тексеріледі. Одан кейін, труба тесіктерін жауып тұрған радиаторларды қосатын тығындар алынады және оның май жүретін бөліктері мұқият тазаланады. Одан әрі қарай радиаторды скобаға іліп, оның жоғарғы бөлігін болттармен өзіне сәйкес келетін кранның бөлігіне қосады. Бөліктердің арасына қалыңдығы 10мм, майға төзімді рәзіңке салынады, оның тесігі кранның саңылауынан біршама үлкен болуы керек. Радиатордың төменгі бөліктері де осылай жалғанады, содан кейін жоғарғы және төменгі бөліктерді қосқан болттар бұралып тартылады.

     Егер трансформатор радиаторлық крансыз жасалынса онда оның қақпағындағы тығын алынады да, ондағы май жоғарғы радиатор бөлігінің деңгейіне дейін ағызылады, содан кейін оған радиаторды жалғастырады.

     Осыдан кейін майды төменгі радиатор фланцының деңгейіне дейін ағызады және радиаторларды бір жолата орнатады. Бұдан кейін трансформаторларға, дереу жоғарғы жармаға (ярмаға) дейін май құйылады.

 

 

 

 

 

 

 

 


             

 

 

 

 


а)

 

 


б)

1-насос, 2-фильтрпрес.

 

2.3-сурет. Радиаторды май бағанасының қысымымен сынау сұлбасы (а), радиаторды маймен жуу (б)

 

     Кірістерді (вводы) орнату. Қораптардан алынған кірістер алдымен оралған заттардан босатылып, кірден тазартылады, алдымен бензинге салынған шүперекпен, содан кейін трансформатор майын сіңірген шүберекпен сүртіледі.  Кірістерді сырттай тексеру кезінде, онда майдың жеткілікті екеніне көз жеткізіледі, және де фарфоры мен шынысының бүтіндігі тексеріледі. Егер де кірістен 10 % мөлшеріндей май ағып кеткен болса, орнату жұмыстарына дейін оның орны толтырылады, 110 кВ-тық кірісте 60 литр май болуы керек. Майды жоғарғы қақпақта орнатылған тесіктен құяды, оның деңгейі май көрсеткіштің ортасынан 20-30 мм-дей мөлшерден асып тұруы қажет.

     Егерде май 10 % -дай жетпейтін болса, онда трансформатор шығарушы зауыт ескертілуі қажет.

Ауа шығару қақпағы


2.4-сурет. Ауыспалы фланецті адапторлар

 


     Кірістерді орнату алдында, трансформатордағы майдың деңгейі жоғарғы жарма өзекшесіне теріс таңбамен 100 мм-ге түсірілуі керек
(жарманың оқшауламасы жалаңаштанбас үшін), сол үшін радиатор крандары ашылып, радиаторлар майымен толтырылады, егер де бұдан кейін трансформатордағы май деңгейі төмендесе, оны ыдысқа ағызып алу керек.

     Кірістерді орнату алдында бір-бірлеп тасымалдау кезінде бекітілген тұғыны   алынады, жаңадан майға төзімді рәзіңке прокладкалар  төселінеді, ал оған пісірілген ауыспалы фланцты адапторы қойылады. Фланцтар трансформатор қақпағына шырайнала бір тегіс тартылады. Болттарды тарту рәзіңке прокладка екі есе жұқарғанша жүргізіледі. Рәзіңке прокладкалар ауыспалы фланцтың жоғарғы жақтарына да орнатылады.

      Одан кейін газ релесі құрастырылады. Қалпақ пен кеңейткішті қосатын трубкадан буын алынады, оның орнына глифталды немесе бакалитті лак жағылған клингерлік прокладкадағы реле орнатылады. Бұл жерде реленің қарау әйнегінің дұрыс тұруы қадағалануы қажет. Одан әрі қарай қалтқылар  жүйелері құрастырылады. Ол стрелканың бағыты майдың кеңейткішке қарай қозғалуын көрсетіп тұратындай болуы қажет. Алдын-ала қалтқылардың астындағы тасымалдау кезінде бүлінбеу үшін қойылған жұмсақ қағаздар алынып тасталынады. Релені құрастыру кезінде, релені тығыздаушы қосылыстары бөлшектеуге жатпайтынын еске алу керек, оның май өткізбейтіндігі завод жағдайында тексеріледі.

     Трансформатор қақпағының астынан газдардың газ релесіне жақсы өтіп тұруы үшін трансформатор, май өткізгіш қосылысы жағынан 10 мм мөлшерінде көтеріліп тұруы керек, ал май өткізгіш өз жағынан 2%-дай көлбеу болуы керек.

     Май өткізгіште бұрылатын буын немесе қарсы көлбеу болмауы керек. Бұл газ өтетін жерлерде газ көпіршіктерінің жиналмауы үшін қажет.

     Кеңейткішті орнату кезінде майдың төменгі деңгейі оған орнатылған май өлшегіш әйнек көрсеткеніндей газ релесінің жоғарғы кранынан биіктеу болғанын қарастыру керек, сондан кейін газ релесін орнатып, май өткізгішті бекітеді, кеңейткішті бір жолата қамыттармен қысып бекітеді.

     Газ  трубасын орнату. Трансформатор қақпағындағы керекті тығындар алдын-ала алынады, сонымен қатар жоғарғы және төменгі фланцтардың газ шығару трубаларының тығындары алынады.

     Трубаны тазалап, маймен жуады, одан кейін оның жоғарғы фланцына шыны дөңгелек бекітіледі. Трансформатор қақпағына майға төзімді рәзіңке прокладка төселеді де, оған трубаны орнатады да, бекітетін планка кеңейткішпен қосады, сонымен бір мезгілде газ шығатын трубаның тығынының ауа шығаруға қабілеттілігін тексереді. Монтаждық эскиздің көрсетуімен термометр орнатылады, ол сынапты немесе сынапты-түйіспелі, серіппелік-аралық, серіппелік-қалқандық болуы мүмкін. Бұл үшін адын ала трансформатор қақпағындағы тығын бұралып алынады да, оның орнына термометр бұралып кіргізіледі. Трансформатор қақпағындағы бұралып алған аралық гильзі сынапты-түйіспелі немесе сынапты-термометр болған жағдайда маймен толтырылады.

 

     2.3 Трансформаторларды маймен толтыру және оны іске қосуға дайындау.

 

     Құрастырылған жерде трансформаторға құйылған, толтырылған майлар ГОСТ-тың  көрсеткіштеріне сәйкес болуы керек.

     Май люк арқылы құйылады да, соңында майға төзімді резина прокладка салынып болттармен тартылып жабылып тасталады. Кей кездерде алдымен люкті жауып тастап майды трансформатор қақпағындағы 2-кран арқылы құюға да болады. Майдың электрлық беріктігі  35 кВ-тан төмен болмауы керек.  Жәнеде оның температурасы бұрынғы құйылған майдың температурасынан айырмашылығы  5 С0-тан аспауы керек.

     Құйылған май қақпаққа дейін көтерілген соң оны бір жолата май кеңейткіш арқылы құйып толтырады. Бұл кезде қақпақпен май кеңейткішінің арасын жалғайтын кран, май ақырындап ағатындай ашық болуы керек. Сонда қақпақ астына артық ауа кірмейтіндей болады.

     Бір жолата толтырылар алдында барлық май толтырылатын кірістердің тығындары ішіндегі ауаны шығару үшін бұрап ашылады, ал кірістерге толтырылғаннан кейін (ауа шығарылатын  тесіктерден май көрінгенге дейін ) тығындарды, қорғасыннан жасалған шайбыларды салып орнына орнатады. Май толтыру уақытында ауаны шығару үшін,  газды шығару трубасындағы және де пісірілген фланцтағы, жоғарғы кернеулі кірістегі тығындар ашылады, сонымен қатар,  газ релесіндегі жоғарғы кранды, одан қашан май көрінгенше ашып отыру керек. Құйылған майдың деңгейі май көрсеткіштің бақылау сызығынан  30-40 мм көтерілген кезде май құю доғарылады.

     Жоғарыда айтылғандай трансформатор  май кеңейткіш жағынан көтеріңкі болуы керек. Ол газ релесінің дұрыс жұмыс істелуі үшін қажет. Бұл үшін трансформатор арбашасының  жылжытқышының  астынан, тиісті жағынан, болат пластиналар қойылады. Кейбір жағдайда, керекті көлбеулік фундамент орнатқан кезде ескеріледі.

     Орнату жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде құрастырушы жұмысшылардың басы артық саймандарды пайдаланбауын қатты қадағалау керек, жәнеде олардың жұмыс киімдерінің қалтасында ештеңе болмауы керек.

     Трансформаторды құрастырып біткен кезде, немесе құрастырып жатқан кезде оған газ релесімен термометірден сигнал шынжырын әкеп бекітеді. Егерде трансформатор үйдің ішінде болса, электрлендіру маркасы-ПР өткізгіші арқылы болат трубаның ішімен жеткізеді. Бокстан сырт жерге орнатылатын трансформатор үшін, әдетегідей СРГ немесе КСРГ кабельдері  қолданылады. Ол кабельдерде труба арқылы жүргізіледі. Кабельдердің ең кіші қимасы 1,5 мм2 болуы керек. Трансформаторды құрастыру жұмысын аяқтаған соң оған барлық керекті сынақ жұмыстары жұргізіледі. Трансформаторды жұмысқа қосуға дайындайды, ол үшін қақпақпен май кеңейткіш арасындағы кранның ашықтығы тексеріледі. Жәнеде радиатордың жоғарғы төменгі крандары тексеріледі. Майды соңғы, ақырғы сынауға алады, оқшаулау кедергісін өлшейді.

     Барлық көрсеткіштер дұрыс болған жағдайда, жүйелік және қосалқы станция трансформаторлары толық тоқ көздеріне дүмпітіп (толчком) қосылады. Ірі және станциялық байланыс трансформаторлары әдеттегідей генераторлар арқылы , тоқтың күшін нөлден бастап көтеру арқылы байқалады. Бұл арқылы трансформатордың орамдық оқшауы сыналады. Бұл үшін кернеуді 130%-ға дейін көтереді. Кернеуді көтеру кезінде және де, дүмпітіп  қосып сынағанда трансформаторды мұқият тыңдайды. Оның дауысы бір қалыпты гуілдеп тұруы керек. Басқадай оқыс дауыстар естілмеуі керек.  Трансформаторды кернеумен байқағаннан, кейін оны біраз уақытқа тоқ көзіне жүксіз қосу кейінге қалдырылады. Бұл кезекші мен құрастырушы жұмысшылар трансформатордың және оның қосылысқан түйіндерінің қалай істеп түрғанын көру үшін қажет. Бұдан кейін дифференцалды қорғаныстың жұмысын бақылай отырып, трансформаторды бос жүріс кезінде қосып ажыратады, өйткені ол (трансформатор) магниттеуші тоғының көбею кезінде жұмысқа өздігінен жалған түрде қосылып кетуі мүмкін.

     Бұдан кейін трансформаторды екінші реттік жағынан қосады, бұл жағдайда ол жүктеме алады. Трансформаторды жүктемеге бірінші рет қосу алдында барлық релелік қорғаныстардың лездік уақыт ұстанымы өшіру режиміне қойылады.

     3 Күштік трансформаторларды пайдалану

 

     Трансформатор өзінің құрылысы бойынша жұмысы сенімді және қызымет көрсетуі ыңғайлы электр жабдығы болып табылады.

     Трансформаторларды пайдаланудың негізі- оның жұмысын мезгілді түрде қадағалау, маусымдық және күрделі жөндеуді сондай-ақ, қажетті профилактикалық сынақтарды, температуралық режимдерді дұрыс жүргізу және рұқсат етілетін жүктеулерді сақтау болып табылады.

 

     3.1 Трансформаторларды тексеру

    

     Трансформаторларды дұрыс пайдалану кезінде және оларды тексеру мен тексеру кезіндегі ақауларды уақытында анықтау маңызды орын алады.

     Негізгі трансформаторларды және өз мұқтаждығына арналған трансформаторды сөндірмей тексеруді тәулігіне бір рет жүгізу керек, ал қалғандарын- тұрақты кезекші персоналы бар және кезекшіліктері үйден атқарылаты қондырғыларды 5 тәулікте бір рет, кезекшілік тұрақты атқарылмайтын қондырғыларда- бір айда бір реттен сирек емес, және де трансформаторлық орталықтарда 6 айда бір реттен кем емес жүргізу қажет.

     Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін, кезекші қызметкерлер  күштік трансформаторларын камера табалдырығының алдында тұрып тексеруі тиіс. Қоршаудан өту жолы болуы үшін, трансформатор қақпағындағы оқшауламаның төменгі фланцтары еденнен 2 метр биіктіктен кем болмаған жағдайда, ал 35 кВ-та өту жолының үстіндегі өткізгіш бөліктері еденнен 2,75 метрден кем емес биікте және 110 кВ-тық кернеуде 3,5 метр болған жағдайларда рұқсат етілуі мүмкін.

     Трансформаторларды төтенше тексеруді ауа температурасы күрт өзгерген кезде сондай-ақ, трансформаторларды қорғаныс арқылы және газ релесінен сигнал пайда болған жағдайларда жүргізеді.

     Күштік трансформаторларын байқау кезінде мына жағдайларды тексереді:

а) қосалқы станцияға келетін кіре беріс пен таяу жолдардың күйін;

б) қақпа,  қоршаулардың, есіктердің, терезе және желдету ойықтарының бүтіндігін және дұрыстығын, барлық ғимараттық күйі және шатырдан су ағуының жоқтығын;

в) трансформаторлардың сыртқы қаптарының күйін және шатыр фланцтарын, сонымен қатар түсіру крандары арқылы майдың ағуының болмауын, кеңейткіштегі майдың деңгейінің температуралық көрсеткішіне сәйкес келуін және май толтырылған кірістерде майдың болуын;

г) май жинағыш құрылғылардың күйін;

д) термометр және манометрлік трмосигнализатор бойынша трансформатордағы майдың температурасын. Салқындатылуы, жасанды трансформаторларда салқындату жүйесін тексереді: су және майдың айналымы болуын және үрлегіштердің жұмысын;

е) оқшауламалардың және зиянсыздандырғыштардың күйін, олардың үстілерінің және қабықтарының шаң басуын және ластануын;

ж) шинаның және кабельдердің күйін, түйіспелерде қызудың болмауын;

з) жарықтанудың, сигнализацияның және тесіп өту сақтандырғыштардың дұрыстығын; 

и) жерге тұйықталу жүйесінің  күйін және өртке қарсы құрылғылардың дұрыстығын;

к) кеңейткіштің түбінде ылғал мен қоқыстың жиналып қалуының болуын;

л) майдың үздіксіз жаңартылуын, майтазалағыш құрылғылардың термосифондық сүзгіштер және ылғал жұтқыш оқтарының (силикогенді) күйін;

    Трансформаторларды тексеру барысында анықталған бұзылуларды бірінші мүмкін болған жағдайда алдын ала түзетеді, ал апаттық және оқыс жағдайларында аппаратты дереу сөндіреді.

    Күштік трансформаторлардың жұмысын тоқтатып, тез сөндіреді, егерде:

а) күшті қалыпсыз шу және трансформатордың ішінде жарықтар пайда болса;

б) номиналды жүктеме және салқындату кезінде трансформатор қалыпсыз және әрдайым ұлғайып қызса;

в) кеңейткіштегі май лақтырылса (выброс) және түтін мұржасы диафрагмалары жарылса;

г) май өлшегіш шыныдағы майдың ағып кетуі салдарынан оның деңгейі төмендесе;

д) май түсі күрт өзгерсе (бірнеше балға);

е) оқшауламалардағы ойықтар және жарықтар, сырғымалы разрядтар немесе олардың жабылуларының іздері байқалса;

ж) май құрамында көмір, су, көп мөлерде механикалық қоспалар болса, майдың  қышқылдық реакциясы, тесіп өту кернеуінің төмендеуі және алдыңғы сынақтарға қарсы майдың жарқырауының температурасы 5 С-қа төмендесе сондай-ақ, оқшауламаның кедергісі алғашқы мәнімен немесе зауыт мәліметерімен салыстырғанда 50 пайызға төмендесе.

 

 

     3.2 Трансформаторлық майды пайдалану

 

     Трансформаторларды пайдаланғанда майдың күйін бақылау ерекше орын алады. Трансформаторлардағы май оқшауламаны, сондай-ақ орамаларын салқындату үшін қажет және одан трансформаторлардың сенімді жұмыс істеуі тәуелді.

     Трансформаторларды пайдалану кезінде май ескіреді және өзінің алғашқыдағы қасиеттерін жоғалтады. Майдың ескіру салдарынан, трансформаторлардың қасиеттерінің өзгеруі байқалынады. Мысал: жергілікті қызуларда магнит өзекшесінің пластинкалары арасындағы оқшаулама бұзылғанда немесе трансформатор қақпағының астындағы орамалардың шығыстарында түіспенің нашар болуы және орамалардағы орамдар арасындағы тұйықталу кезінде майдың ыдырауы болады.

    Трансформатор майының күйін және сапасын, оның химиялық, механикалық қоспалары өлшенілген көмірдің болуы, жарықтану тұтқырлығының температурасы және тесіп өту кернеуі бойынша анықтайды.

М а й д ы ң   қ ы ш қ ы л д ы ғ ы н ы ң  ж о ғ а р л а у ы трансформатор орамасының оқшауламасына жойқын әсер етеді, оның химиялық жойылуына алып келеді.

С у  қ ұ р а м ы н ы ң   ұ л ғ а ю ы  майдың оқшаулағыш қасиеттерін нашарлатады және де орама оқшауламасының ылғалдануына әкеліп соғады.

М е х а н и к а л ы қ  қ о с п а л а р д ы ң  б о л у ы трансформатордың салқындатылуын нашарлатады, ораманы ластайды сондай-ақ, оқшауламаның жабылуына алып келуі мүмкін, өйткені тоқ өткізгіш көпірлер пайда болады.

М а й д ы ң   т ұ т қ ы р л ы ғ ы н ы ң   ж о ғ а р л а у ы трансфораторың салқындатылуын нашарлатады, өйткені майдың айналымының жылдамдығы азаяды  және осының салдарынан оның температурасы өседі және қалыптан тыс қызады.

М а й д ы ң   т е с і п  ө т у  к е р н е у і н і ң  а з а ю ы  орама оқшауламаның тесілуіне және трансформатордың істен шығуына әкелуі мүмкін. Тесіп өту кернеуінің төмендеуі майдың ескіруінен, онда органикалық қышқылдардың бөлінуі салдарынан пайда болатын судың болуын көрсетеді.

Ж а р ы қ т а н у   т е м п е р а т у р а с ы н ы ң  а з а ю ы  жергілікті қызулардың салдарынан майдың ыдырауын көрсетеді, өйткені май ескіргенде жарықтану температурасы аз төмендейді, керсінше жоғарлайды.

    Трансформатор майының күйі жаңа қолданыста болған сондай-ақ, қолданылуға арналған деген  белгілі нормалар стандартпен бекітілген (3.1-кестеде). Нормаларда сондай-ақ, трансформатордағы және басқада май толтырылған аппарттардағы майдың көрсеткіштерін таңдау мерзімдері анықталған. Бұл нормаларды қолдануды сауатты жүргізу үшін білу өте қажет.

 

3.1-кесте. Трансформаторлық оқшауламалық майдың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Май көрсеткіштерінің мөлшері

қолданыста болмаған

эксплуатациялық

Аппараттарды тесіп өту кернеуі:

10 кВ-қа дейін………..

11 кВ>>35>>…………

>>35>>220>>………..

>>220>>500>>………

Су, механикалық қоспалар және өлшенген көмір……….

Жарықтану температурасы…..

 

 

 

Тұншықтырғыш улы калидің (КОН) қышқыл саны, 1кг майда осы мәннен жоғары болмауы қажет……………..

Май тұтқырлығы меншікті Э бірліктен аспауы қажет:

>>20С……………….

>>50C……………….

 

35 кВ-тан кем емес

>>      >> 35 >>

>>      >> 40 >>

>>      >> 50 >>

 

Болмайды

135С-тан кем емес

 

 

 

 

 

 

0,05 мг

 

 

4,2

1,8

 

20 кВ-тан кем емес

>>      >> 25 >>

>>      >> 35 >>

>>      >> 45 >>

 

Болиайды

Температурасының

құлауы алғашқыдан 5 С-ке  жоғаруы аспауы керек.

 

 

 

0.4 мг

 

 

4,2

1.8

 

   

Трансформаторлық майды зертханалық сынақтардан келесі мерзімдерде өткізу қажет:

а) кернеуі 10 кВ-қа дейін трансформаторлар мен аппараттарды қысқартылған анализін қосып - 3 жылда бір реттен кем емес, ал кернеуі 10 кв-тан 35 кв-қа дейін электрлік төзімділігіне тексеруді қосып жылына бір рет және қысқартылған анализге - үш жылда бір реттен кем емес;

б)  кернеу 35  кВ-тан жоғары трансформаторда және аппараттарда электрлік төзімділікке немесе қысқартылған анализге – жылына бір рет;

в)  бектілген трансформаторда электрлік төзімділікке екі жылда бір рет;

г) май толтырылған кірістерде қысқартылған анализге – жылына бір рет;

д) трансформаторлардың және аппараттардың күрделі жөндеуден өткеннен кейін – қысқартылған  анализге.

     Қысқа тұйықталудан май толтырылған ажыратқышты сөндіргеннен кейін өлшенген көмір құрамына тексеру үшін майдың көрсеткішін алу керек.

     Оқшаулама майын электрлік төзімділікке сынауға тесіп өту кернеуін және май құрамындағы өлшенілген көмірдің және механикалық қоспалардың болуын анықтау кіреді.

     Оқшауламалық майдың қысқартылған анализінің көлеміне: жарықтану температурасын, электрлік төзімділікті, қышқыл санының температурасын, өлшенілген көмірдің механикалық қосындысының және судың барлығының сапасын анықтау кіреді.

     Майдың ескіруін азайту үшін және оның оқшаулағыш қасиеттерін демеу үшін, қуаты 100 кВа-дан жоғары трансформатордағы майды жаңғыртуға жіберу қажет, яғни оның қасиеттерін термосифондық сүзгілер арқылы немесе абсорберлер көмегімен қалпына келтіру керек. Термосифонды сүзгілерді немесе абсорберлерді майдан оның ескіру өнімдерін таңдамалы түрде жүргізу қасиеттері бар сорбенттермен толтырады (силикоген немесе алюминий қышқылымен).

     Майдың сапасының көрсеткішінің төмендеу өлшемі бойынша оны мезгілді түрде сүзгілердің және абсорберлердің көмегімен тазалап отырады.

     Трансформатордағы майдың ескіруі оның қызуы кезінде тез жүреді. Трансфориатордағы майдың қызмет ету мерзімі оның қалыптан тыс 10 С-тан жоғарыласа екі есе қысқарады, трансформаторларды пайдаланғанда, қоршаған ортаның температурасы 35 С болғанда майдың жоғарғы қабаттардағы шекті температурасы 95 С-қа дейін рұқсат етіледі, бірақ трансформатор майының қызмет ету мерзімі ұзағырақ болуы үшін, майдың жоғарғы қабаттарының температурасы 85 С-тан аспауы керек. Бұл мәнге, әдетте үлкен трансформаторларда температуралық сигнализациялар орнатылады.

 

     3.3 Трансформаторлардың рұқсат етілетін жүктемелері

     Тәулік бойы және жылдың әр мезгілінде трансформатордың жүктемелері тұрақты болып қалмайды, ал бұл өз кезегінде трансформатордың жұмысының температуралық режиміне әсер етеді.

     Орама температурасы салқындату температурасынан 60 С-тан асып, кейбір аз мән арасында ауытқып тұрады. Ал бұл орама оқшауламасының ескіруін азайтады және трансформатордың қызмет ету мерзімін ұзартады. Сондықтан, трансформаторды пайдаланғанда оның қызмет ету мерзімі 20-25 жыл болатындай етіп жүктеу рұқсат етіледі. Трансформатордың жүктелуін қалыпты және апаттық деп екіге бөледі.

     Күштік трансформаторларының барлық түрлерін ұзақ пайдалану жүктелулері, жүктеме коэффициентіне байланысты, ол 3.2-кестеде көрсетілген мөлшерде рұқсат етіледі.

 

3.2-кесте. Трансформаторды жүктеудің рұқсат етілген мөлшері

Жүктеме коэффициенті (тәуліктік график бойынша анықталады)

Трансформаторды жүктеудің рұқсат етілген мөлшерлері,%, жүктеудің ұзақтығы кезіндегі, сағат.

2

4

6

8

10

12

 

0,5

0,6

0,7

0,75

0,8

0,85

0,9

 

 

28

23

17,5

14

11,5

8

4

 

 

24

20

15

12

10

7

3

 

 

20

17

12,5

10

8,5

6

2

 

 

16

14

10

8

7

4,5

-

 

12

10

7,5

6

5,5

3

-

 

7

6

5

4

3

2

-

             

*Жүктеме коэффициенті деп трансформатордың тәуліктік орташа жіктелуін, оның номиналды қуатына қатынасын айтады.

 

     Трансформатордың рұқсат етілген жүктелуін, оның жазғы мезгілде кем жүктелуі есебінен анықтау үшін келесі ережені орнатады: егер жаздық айлардағы максималды жүктеменің орташа тәуліктік графигі трансформатордың номиналды қуатынан аз болса, онда қыстық айларда трансформаторды асқын жүктеу 1 % мөлшерінде рұқсат етіледі, бірақ жалпы алғанда номиналды жүктеме 15%-дан жоғары болмауы керек. Трансформатордың жалпы рұқсат етілген жүктелуі жүктеме коэффициенті немесе жаздық мезгілде шамадан кем жүктелуін есепке ала отырып септелінеді, бірақ ол номиналды 30-50%-дан аспауы керек.

     Бұдан басқа пайдалану үрдісінде резервті қосуға керекті уақытта табиғи маймен салқындатылатын күштік трансформаторының барлық түрінің жүктелуі, алдынғы жүктеменің мөлшеріне және қоршаған орта температурасынан немесе трансформатордың орнатылған орнына тәуелді (3.3-кесте).

 

3.3-кесте. Трансформатордың жүктелуі және рұқсат етілетін ұзақтығы

Трансформатордың номиналды қуатының %, жүктемесі

130

160

175

200

300

Жүктеудің рұқсат етілген ұзақтығы, мин.

120

45

20

10

1

 

     Құрғақ трансформаторлардың апаттық жүктелулері келесі өлшемдер мен ұзақтықтарға рұқсат етіледі (4.4-кесте).

 

3.4-кесте. Құрғақ трансформатордың жүктелуі және оның ұзақтығы

Трансформатордың номиналды қуатының %, жүктемесі

110

120

130

140

150

160

Жүктелу ұзақтығы, мин.

75

60

48

35

20

5

 

 

     3.4 Трансформатордың газдық қорғанысын қолдану

 

     Трансформаторлардың ішкі бүлінулерін анықтау үшін сигналға немесе сөндіруге жұмыс істейтін сезімтал қорғаныс г а з д ы қ  қ о р ғ а н ы с ы н қояды. Газдық қорғаныстың дұрыс жұмысын трансформатордың арнайы қондырғыларын енгізу арқылы қамтамасыз етеді, оларды қақпақ газ релесі бағытына қарай кем дегенде трансформатор биіктігінен 1-1,5 %-ға көтеріле алуы тиіс, ал май жеткізгіш биіктігі трансформатордан кеңейткішке 2 %-дан кем емес. Газдық қорғаныс трансфоматорға ауа кірген жағдайда температураның төмендеуі немесе майдың ағып кету салдарынан май деңгейінің баяулап түсу жағдайында, сондай-ақ азғантай мөлшерде газ бөлінетін трансформатордың зақымдалуы кезіндегі сигналдарға жұмыс істейді. Трансформатордың іші бүлінген кезде көп газ бөлінеді, сол жағдайда газдық қорғаныс сөндіруге жұмыс істейді.

     Сондай-ақ, газ релесі арқылы, майдың толқуымен аяқталатын қысқа тұйықталу жағдайында, немесе газ релесімен  қосылған жерлері әдетте маймен желініп кететін екінші ретті тізбектердің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан, газ релесі жұмысқа ретсіз қосылып кетуі мүмскін. Бұндай құбылысты болдырмау үшін, екіші ретті тізбектер үшін майға шыдамды оқшаулама қолданады.

     Станция мен қосалқы станцияның пайдалану персоналы, трансформаторлардағы зақымданулардың сипатын және газ қорғанысының жұмыс істеу себептерін, газ релесіндегі газдың анализі бойынша анықтай алады (3.5-кесте).

 

3.5-кесте. Ирансформаторлардағы зақымдану сипатын сондай-ақ, газдың түсі арқылы анықтау.

Газдың түсі

Зақымдану

Ақшыл-сұр

Сары

Қара

Қағаз немесе электрокартон

Ағаш

Май

 

     Егер реледегі газ түссіз, иіссіз және жанбайтын болса, онда бұл трансформатор ішінде ауаның бар екендігін білдіреді. Егер газ жанатын болса, онда бұл трансформатор ішінде зақымданудың болғанын білдіреді, мұндай жағдайда трансформаторды жөндеуге шығарады.

     Трансформатордағы зақымдану сипатын, газдың түсі арқылы анықтауға болады (3.5-кесте).

     Газды жаққанда, отты кранның саңылауынан шамалы жоғарғы жағынан ұстау керек. Газ жарылысын болдырмау үшін, отты трансформатордың және кеңейткіштің ашық тұрған саңылауына алып келуге болмайды.

     Газ қорғанысы сигналға жұмыс істегенде және резервті трансформатор бар болса, соңғысын жұмысқа қосып, одан кейін газдық қорғанысының жұмыс істеу себептерін анықтау үшін, трансформаторды тексереді.

     Егер трансформатор майынан мезгіл-мезгілмен жанбайтын газдар бөлініп тұрса, онда олардың құрамында сутегі мен метанның барлығы тексеріледі. Бұл газдардың құрамы баяулап көбейген жағдайда трансформаторды жөндеуге шығару керек, баяулап көбейген жағдайда майдың доға әсерінен ыдырауына әкеледі. Май деңгейінің төмендеуі кезінде, трансформаторға майды қайта толтырып құяды. Газдық қорғаныстың ретсіз жұмыс істеуін болдырмау үшін майды толтырып құю кезінде оны ажыратады және сигналды қосулы түрде, майдан ауа бөлініп шығуы процесі тоқтағанша қалдырады.

     Газдық қорғанысы жұмысқа қосылған кезде, оның трансформаторда ауа пайда болу салдарынан жұмыс істемегені анықталса, майдың жарықтану температурасын анықтау қажет.

     Егер трансформаторды, газдық өорғаныс арқылы сөндіру кезінде, оның трансформатордың ішінде зақымданулары бар екені туралы сигналдың дұрыстығы аныталса, онда ол трансформаторды тексерусіз және алынбалы бөлігін сынаусыз іске қосуға болмайды.

 

     3.5 Күштік трансформаторларды алдын-ала сынақтау және оларды жөндеу жұмыстары туралы түсінік

 

     Күштік трансформаторлардың м а у с ы м д ы қ  ж ө н д е у і н (өзекшесінен ажыратпай) пайдалану жағдайына байланысты нұсқауларға сәйкес жылына бір реттен кем болмайтындай етіп жүргізеді.

    Күштік трансформаторлардың к ү р д е л і  ж ө н д е у жұмыстарын өзекшелері ажыратылған күйде 5 жыл пайдаланғаннан кейін жүргізеді. Одан әрі қажетті болған жағдайда оларды өлшеу және тексеру қорытындыларына байланыста жүргізеді.

     Трансформаторды маусымдық жөндеу бұл – оқшауламаны, қақпақты тазалау; барлық түйіспелі қосылыстарды, кеңейткішті, түтін мұржасын тексеру; газдық қорғанысын тексеру және т.с.с. Жөндеу жұмысының ұзақтығы 6-8 сағаттан аспайды.

     Күрделі жөндеу трансформаторлардың өзекшесінің ажыратылулы күйінде, тарнсформатордың ішін тексеру арқылы жүргізіледі. Бұл жөндеу жұмысы кезінде, магнит өткізгішті мұқият қарайды, тартулы тұрған болттардың қаттылығын, ораманы, түйіспелі қосылыстарды, оқшауламаны тексереді; бакті, кеңіткішті тазалайды; барлық төсеніштерді ауыстырады; барлық қажетті тексеру сынақтарын нормаға сәйкес іске асырады және т.с.с. Күрделі жөдеу мерзімі трансформаторлардың қуатына байланысты тағайындалып, бір тәуліктен 10 тәулікке дейін созылады.

     Күрделі жөндеу кезінде немесе жаңа трансформаторды монтаждау кезінде оны «Электр жабдықтарын сынау көлемі мен нормаларына» сәйкес сынайды, сондай-ақ жергілікті нұсқаулармен, бекітілген мерзімде күрделі жөндеулер арасында алдын-ала жұмыс сынақтары жүргізіледі.

     Сынау барысында орама оқшауламасының кедергісін, диэлектрлік шығындар бұрышының тангенсін өлшейді және абсобция коэффициентін анықтайды. Егер сынау қорытындылары оқшауламаның ылғалдылығын көрсетсе, онда трансформаторды кептіреді. Қол жететін тартқыш болттардың және жармалық тіреулердің оқшауламасын 1 кВ-ты айнымалы кернеумен 1 мин уақыт ішінде сынайды. Бұл элементтердің оқшауламасының бүлінуі пайдалануға қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін, үйткені бұл жағдайда магнит өткізгіште тұйықталған контур және болаттың «өртенуі» болады.

     Трансформатордың орамаларының кедергісін өлшей отырып, осал түйіспелер мен орамалардағы үзіктерді табуға, сондай-ақ ораманың шығыстарын ауыстырып-қосқышқа қосылуының дұрыстығын тексеруге болады.

     Трансформатордың барлық тармақтарындағы трансформациялау коэффициенттерін тура осы мақсатты көдейді. Бір тармақтан екінші тармаққа өткендне орама кедергісі және трансформациялау коэффициенті әр кезде бірдей мәнге өзгеріп отыруы керек.

     Трансформатордың бос жүріс тоғының  өзгеру орамалардағы орам арасындағы тұйықталуды және магнит өткізгіштің зақымдануын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бос жүріс тоғы өседі.

     Жаңадан қөосу кезінде, сондай-ақ трансформатордың қосылу тоғын тексеріп және оның фазаларын анықтау керек.

     Трансформатордағы майды және оның май толтырылған кірістерін сынау міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Кірістердің күйін, диэлектрлік шығындар бұрышының тангенсін өлшеу арқылы анықтайды.

     Маусымдық жөндеулер кезінде, трансформаторды жергілікті нұсқаулармен бекітілген көлемдерде сынайды.

 

 

4 Электр станциялардағы және қосалқы станциялардағы электрлік жабдықтардың техникалық эксплуатациясын ұйымдастыру және оның міндеттері. Жалпы мәліметтер

      

     4.1 Техникалық эксплуатацияның міндеттері

 

     Электр станциялар, қосалқы станциялар және электр жеткізу желілері тұтынушыларды қоректендіру үшін электр энергиясын өндіруге, таратуға және жеткізуге арналған.

     Мұндай тапсырмаларды тек берілген режимде барлық жабдықтардың тоқтамсыз жұмыс істеуі қамтамасыз етілген кезде ғана орындауға болады. Бұл үшін жабдықтарды дұрыс пайдаланып, жұмыс режимін бақылап, бұзылған жерлерін жөндеп, қажетті жұмыс режимін беру және ұстап тұру қажет, т.с.с.

     Электр станцияларды, қосалқы станцияларды және электр жеткізу тораптарын және оларға қызмет көрсететін жүйелі шаралармен  қамтамасыз етілген электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу жұмыстары, т е х н и к а л ы қ  э к с п л у а т а ц и я деп аталады.

     Электр станцияларды, қосалқы станцияларды және электр жеткізу желілерін міндеттеріне, басқа да өндіру кәсіпорындарының эксплуатация міндеттері сияқты, электр энергияны өндіру мемлекеттік жоспарын орындау, жабдықтардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жоғары сапалы электр энергияны өндіру және электр қондырғылардың үнемді жұмысын қамтамасыз ету кіреді. бірақта, электр энергияны өндіруде, электр станциясына, қосалқы станцияға және электр жеткізу желілерге жоғарылатылған талаптарды қажет ететін ерекшеліктері бар.

     Электр энергиясын өндірудің ерекшелігі, оның өндірілуінің, жеткізілуінің және таратылуының бір уақытта болуы сонымен қатар, осы процестің үзілісіздігі.

     Электр станциясы белгіленген уақытта тұтынушыларға қанша энергия қажет, сонша энергияны өндіруі тиіс, ал тораптары оны жеткізуі керек. Электр энергияны тұтыну тәулік бойында, сондай-ақ жыл бойы қатты өзгеріп отырады. Тәулік бойы жүктеменің өзгеруін, үлгілі түрде 4.1-суретте көсетілгендей, тәуліктік жүктеме графигінің көмегімен көрсетеді. Тәулік бойындағы жүктеменің ең үлкен мәні тәуліктік жүктеме максимумы, ал сол максимум жүктемеге сәйкес уақытты – максимум сағаттары деп атайды. Тура осылай кез-келген уақыт аралығы жүктеме максимумын анықтайды, мысалы: жылдық максимум және т.с.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Уақыт, сағат

Жүктеме

Wмакс

   0        3        6         9        12     15      18       21     24  

                                                              Максималды

                                                    жүктеме

                                                    сағаты 

                                                       

                                      ñà¹àòû

                                                                  

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4.1-сурет. Тәуліктік жүктеме графигі

 

     Электр станциясына және электр тораптарына электр энергиясын көлем бойынша өндірудің жоспарын орындау жеткіліксіз. Сонымен қатар, олар берілген жүктеме графигін уақыт бойынша үстап түру және максималды жүктемені жабуды қамтамасыз етулері қажет. Сондықтан, электр станцияның және электр жеткізу желілерінің барлық қондырғылары максималды  жүктемеге есептелуі қажет және осы кезеңде тоқтаусыз жұмыс істеуі керек.

     Электр энергиясын өндірудің,          жеткізудің,        таратудың         б а с қ а  е р е к ш е л і г і, электр станциялар және қосалқы станциялар көп жағдайда бөлек емес, керсінше бір-бірімен біріктіріліп және бүкіл экономикалық ауданның тұтынушыларына қызмет көрсете алатын ортақ энергетикалық жүйемен байланыстырылғандығы болып табылады. Сондықтан тораптың бір жерінде немесе бір электр станциясында болған кез келген бүліну бүкіл жүйенің жұмыс режиміне ауыр әсер етеді және тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандырудың тоқтатылуына әкеп соғуы мүмкін. Ал электр энергиясымен қоректендірудегі аз үзілістің өзі өндіріс кәсіпорындарында, электрлендірілген көліктерде және қалалық шаруашылықта өте үлкен зиянға алып келеді. Өндіріс кәсіп өрындарында өндірісте тоқталып қана қоймай техналогиялық процесстің бұзылу салдарынан шығарылып отырған өнемнің, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардың өздеріде зақымдалуы мүмкін.

     Электр энергиясын тұтынушылар, тек электрмен қоректенудің үзілісіне ғана емес, электр энергиясының төмендеуіне, кернеу мәні мен тораптағы жиіліктің қауіпті ауытқуына да сезімтал. Егер кернеу төмендесе, электр қозғалтқыштардың мәндері кенеттен төмендейді, электр термиялық қондырғылардың, электронды көрсеткіштердің, радио қабылдағыштардың, телеарналардың жұмысы бұзылады. Жиілік төмендеген кезде электр қозғалтқыштардың айналу саны өзгереді, бұл өз кезегінде машиналар мен станоктардың өнімділігін азайтады, көп жағдайларда техналогиялық процестің бұзылуына және кемшіліктердің пайда болуына әкеп соғады. Сол себептен, электр қондырғыларының қандай да болса бір бөлігінің зақымдануы, не болмаса бүлінуі кезінде, апатты жағдайдың зиянын азайту үшін оны тораптан тез арада ажырату керек.

     Э к с п л у а т а ц и я н ы ң   м а ң ы з д ы  т а п с ы р м а л а р ы н ы ң бірі – электр станциялары мен топраптарының жұмысының үнемділігін жоғарылату болып табылады. Ол үшін электр энергиясының өзіндік құндылығын төмендету, отынды өндіруге кететін меншікті шығынды, өзіндік мұқтаждыққа кететін электр энергиясының шығынын, тораптағы шығынды азайту, қондырғылардың қызмет көрсету мерзімін ұзарту керек. Электр станциялары оқшауланған болып емес, жеке емес энергетикалық жүйеде жұмыс жасйтындықтан, тек қана электр станциялары және жеткізу желілері ғана емес, сондай-ақ бүкіл жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Бұл үшін электр станциялары және агрегаттардың арасындағы жүктемелерді дұрыс ұстап тұру, обьектідегі жабдықтардың жөндеу жұмыстарын дұрыстап жасау керек.

     Жоғарыда жазылғандай, электр станциялар мен қосалқы станциялар және электр энергиясын жеткізу желілерінің техникалық эксплуатациясы, жалпы энергетикалық жүйе аймағында үйымдастырылуы қажет және келесі тапсырмаларды шешуі керек деп қорытынды жасауға болады:

     а) электр энергиясын өндірудің мемлекеттік жоспарын жасау, электр энергиясын берілген жүктеме графигіне сәикес беру, тарату және жүктеме максимумын қамтамасыз ету;

     б) барлық жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етужәне электр энергиясымен тұтынушыларды  тоқтаусыз қамтамасыз ету;

     в) жіберілетін электр энергисының жоғары сапасын ұстап, қалыпты кернеуді және электр тоғының жиілігін ұстап тұру;

     г) энергиялық жүйенің жұмыс режимін максималды үнемділікпен орындау.

 

     4.2 Техникалық эксплуатацияның ұйымдастырылушылық құрылымы

 

     Алдынғы тарауда атап өткендей электр энергиясын өндірудің ерекшеліктері, барлық энергетикалық жүйенің эксплуатациялық қызметкерлерінің жұмысының келісімді болуын, жоғарғы талаптарды және жүйенің ұйымдастырушылық құрылымын анықтайды.

     Электр станцияның және электр тораптарды өндіруші қызметкерлері екі үлкен топқа бөлінеді: о п е р а т и в т і және ж ө н д е у.

     Оперативті қызметкерлердің міндеттеріне: жұмыс істеп тұрған жабдықтарды бақылау және күтімдеу, сұлбаларды алмастыруды орындау, жабдықтарды жөндеуге, резервке шығару, олардың жұмыс режимін реттеу, бүлінулерді тез арада жою және апатты ликвидациялау, сонымен қатар жұмыс режимдерінің жазбаларын жүргізу.

     Жөндеуші қызметкерлер жабдықтардың күнделікті және күрделі жөндеу жұмыстарын, сонымен қатар олардың алдын-ала (профилактикалық) сынақтарын жүргізеді.

     Электр станцияның бақылау құрылымы 3.2-суретте (шартты түрде) жақсы бейнеленген. Келтірілген сұлбадан электр станцияны директор басқаратындығын және оған б а с т ы  и н ж е н е р, к е з е к ш і  и н ж е н е р және б а р ы л ы қ  ц е х т а р мен б ө л і м ш е л е р бағынатындығын көреміз. Кезекші инэженер оперативті жұмысына байланысты тікелей э н е р г е т и к а- л ы қ  ж ү й е н і ң  д и с п е т ч е р і н е  де бағынады.

     Энергетикалық жүйенің кезекші диспетчері барлық электр станцияның және тораптарының жұмысын келістіреді (үйлестіреді), жүйенің станциялары мен қосалқы станциялардағы барлық оперативті жұмыстарын басқарады. Оған электр станцияның кезекші инженерінен басқа жүйенің кезекші диспетчері, қосалқы станциядағы техниктер мен монтерлар бағынады және олар арқылы барлық кезекші қызметкерлер бағынышты. Осылайша әр кезекші оперативті тұрғыда жоғары тұрған кезекшіге, ал басқару техникалық тұрғыда өзінің тікелей бастығына бағынышты. Бұл екі жақты басқару келіспеушілікке әкеліп соқпайды, өйткені міндеттер арасына шектеулер қойылған. Оперативті персонал жабдықтарды жөндеуде қызмет көрсету бойынша, басқару-техниктің инструкциялары мен тапсырмасын қатаң сақтауы керек. Сондай-ақ, басқару-техникалық персонал күнделікті оперативті жұмыс жөнінде жоғары тұрған кезекшінің жұмысына араласпауы керек. Барлық цехтардын электр жабдықтарының техникалық қолданылуын станцияның электр цехі орындайды.

     Мұнда қызмет көрсетілетін құрылғылардың бір бөлігі: тарату құрылғыларының жабдықтары, трансформаторлар, басқару қалқаны электрлік цехтің құрамына кіреді.

Ал басқа екінші бөлігі, оның ішінде әр түрліцехтардың электр қозғалтқыштары, электрлік цехқа жатпайды, бірақ оларға электр цехы қызмет көрсетеді.

     Электрлік цехтің қызметкерлері электр станцияның негізгі агрегатының электрлік бөлігі турбогенераторды бақылап басқарады, ал оның механикалық бөлігінің барлық бақылауын турбиналық цех жүзеге асырады.

 

 

Жұмысқа қабылдау және шығу, арнайы бөлім, әскерлендірілген өрт күзеті

Жоспарлау экономикалық бөлімі

Аудандық басқару

Қамтамасыздан-дыру, бухгалтерлік, тұрғын үй коммуналдық бөлімшелері

Станция директоры

Кезекші диспетчер

Бас инженер

Құры-лыс-тық цех

КИП цехы

 

Жылу-лық күштік цехы

Химия-лық цехы

Электр техника-лық цехы

Күрделі құрылыс бөлімі

Кезекші инженер

Отын- көлік цехы

Жөн-деу цехы

Өндірістік-техникалық бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4.2-сурет. Электрлік станцияны басқаруды ұйымдастырудың құрылымдық          сұлбасы

     Электрлік цехтың оперативтік жұмысын к е з е к т і  а у ы с у  б а с т ы ғ ы басқарады. Оның қарамағына басқару қалқаны бойынша кезекші мен өзіндік шығын жөніндегі кезекші монтер кіреді.

     Кезекті ауысу бастығы өзінің кезеңінде қызмет көрсетілетін жабдықтарының жұмысына толық жауап береді. Оның басқарумен қондырғыда пайда болатын қалыпсыз режимдер мен апаттарын жояды. Ол электр цехқа кіретін электрлік жабдықтарды өзі қайталап нақты түрде қадағалап отырады.

     Ауысу құрамына кіретін б а с қ а р у  қ а л қ а н ы  б о й ы н ш а  к е з е к ш і станция генераторының жұмысын, жүктемесін реттей отырып жоғары тұрған оперативті кезекшінің бұйрығы бойынша, режимді үздіксіз бақылап отырады. Басқару қалқаны бойынша кезекшінің бақылауына күштік транформаторы, электрді жеткізу жүйесі кіреді. Сондай-ақ ол аккумуляторлық батареяларды зарядтау агрегаттарының жұмысын қадағалайды.

     К е з е к ш і  м о н т е р электр қозғалтқыштары мен жарықтандыру тораптарындағы және т.б. пайда болған бүлінулерді жоя отырып, станция цехтарын жиі тексеріп отырады.

     Қосалқы станцияға қ ы з м е т  к ө р с е т у  ф о р м а л а р ы олардың орнымен, энергетикалық жүйедегі маңызымен және автоматтандырылу дәрежесімен анықталады. Үлкен көлемді түіндік қосалқы станцияларда, электр станцияларындағы сияқты кезекші қызметкерлердің үнемі кезекшілік жұмысы ұйымдастырылады. Әдетте кезекшілікті екі адам атқарады: басқарушы және кезекші монтер. Телемеханмка құралдары мен жабдықталмаған кішкентай қосалқы станцияларда, әдетте кезекші қызметкерлердің санынң аз болуын талап ететін кезекшілікті үйден атқару ұйымдастырылады. Автоматтандырылған және телемеханика құралдарымен жабдықталған қосалқы станциясындағы қызмет көрсету орталықтандырылған, оларда үнемі қызмет көрсететін қызметкерлер жоқ. Оларға кезеңмен немесе қажеттілігіне байланысты, қызмет көрсету аумағына бірнеше қосалқы станция бекітілген, тораптық аудан қызметкерлері қызмет көрсетеді.

    

 

     4.3 Техникалық эксплуатацияның мазмұны

 

     4.3.1 Оперативті жұмыстың мазмұны.

 

     Электр станциядағы және электр тораптары барлық оперативті жұмыстарды а л м а с т ы у  қ ы з м е т к е р л е р і жүргізеді. Әр оперативті кезекші өз бөлімінде, өзінің кезекшілік уақытында қондырғылардың күнделікті жұмысына толық жауап береді. Кезекшілік үзіліссіз, алдыңғы кезекшілердің ауысуын келесе кезекшілерге өткізу арқылы жүргізіледі. Әр кезекші кезек басында қондырғылар қандай жағдайда тұрғанын білу керек. Сондықтан к е з е к т і  ө т к і з у және қ а б ы л д а у өте маңызды және жауапты операция, оның негізі келесідей:

а) кезекші кезекті қабылдау алдында жабдықтардың күйімен, сұлбасымен және жұмыс режимімен танысып алуы қажет. Әсіресе, ең маңызды және жауапкершілігі жоғары агрегаттарды, оның ішінде генераторларды, күштік трансформаторларын, үкен қуатты электр қозғалтқыштарды мұқият тексеруден өткізу қажет.

     Бір мезгілде оперативті журналдың жазбалары бойынша келесі кезектегі кезекші оның соңғы кезегіндегінен кейінгі уақытта электр қондырғы режимдерінде қандай бүлінулер және сұлбасында қандай өзгерістер болғанын анықтау және жоғары тұрған оперативті кезекшінің бұйрықтарынмен танысу қажет.

     Кезекті қабылдап алушы кілттерді, құрал жабдықтарды, нұсқау материалдарды және кезекшілікті өткізу туралы жазбалар жазылған оперативті журналды қабылдап алады.

     Кезекті қабылдап алған соң, кезекші жоғары тұрған оперативті кезекшіге, кезекті қабылдап алу барысында табылған барлық бүлінулер туралы мәлімет береді. Кезекті өткізуші, өзінің бастығына кезекті өткізу барысында қондырғылар қандай күйде болғандығын баяндайды.

     Апатты жою кезінде, оперативті ауыстыру, ауыстырып қосуды, қондырғыны қосуды немесе сөндіруді кезекті өткізуші өзі аяқтауы керек. Бұл оның кезегі кезінде қызметкерлердің жауапкершілігін көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, апатты жою кезінде кезекті өткізу қалыпты жұмыс уақытын ұзартуы мүмкін, өйткені, жаңадан келген кезекші, жұмыс барысын бірден түсінбеуі мүмкін;

б) барлық оперативті қызметкерлердің ең маңызды міндеті өзінің аумағындағы жұмыс істеп тұрған қондырғыларды күту және қадағалау болып табылады. Бұл үшін кезекші өзіне қарасты қондырғыларды нақты түрде тексеріп отырады. Бұл тексерулер пайда болған зақымданулады аз уақытында анықтап, оларды жою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Көп жағдайларда зақымданулар бірден пайда болмайды, олар біртіндеп өседі және кезекшінің мұқият бақылауының арқасында, бақылау кезінде өсу сатысының басында көзге түседі. Мысал үшін, подшипниктің зақымдануы пайда болғанда, электр қозғалтқыштың дірілі пайда болады немесе подшипник қатты қызады. Түйіспелі қосылыстардың тығыздығының бұзылуына әкеп соғады және түйіскен жерден ток өтетін бөліктерге жабыстырылған термопленкалардың түсінің өзгеруімен анықталады. Температура жоғарылаған кезде термопленка өзінің ашық қызыл түсін, қара қызыл түске өзгертеді, одан кейін шиенің түсіне соңынан қара түске өзгереді. Түстің өзгеруін кезекші оңай тез арада байқайды, ол өз кезегінде жоғары қызуды тудырған ақауды жоюға мүмкіндік береді.

     Тексеру кезінде,оқшаулардағы ұсақ жарықтардың пайда болуына жеке бөлшектердегі қалыпсыз дірілдерге, бөтен шуылдарға, аздап қызуларға, ұшқындануға, ток өткізетін бөліктердің қалыпсыз электр тәжісіне т.с.с кез-келген, тіпті елеусіз өзгерістерге көңіл бөлу қажет. Бұл ауқымды ақаулардың пайда болуының алдын алу үшін қажет.

     Қондырғыларды және өндіріс мекемелерін күтімдеу, өндіріс нұсқауларын қатаң түрде орындау маңызды мәселелердің бірі. Өндіріс орнын таза ұстау керек, өйткені оқшауламаның шаң басуы оның тез ескіруіне әкеп соғады, шаң-тозаң айналмалы механизмдердің ішіне кіріп, олардың жұмыс істеу жағдайын нашарлатады.

     Подшипниктердің майлану жағдайын, генераторлардың, трансформаторлардың, электр қозғалтқыштардың және ажыратқыштардың салқындату жүйелерінің жұмысын қадағалау өте маңызды. Салқындату жүйелерінің жұмысының нашарлауы, сәйкес агрегаттардың дереу қызуына алып келеді, бұл олардың қызмет көрсету уақытын қысқартады. Рұқсат етілетін температуралардың жоғарлауы әсіресе электр машиналары мен аппараттардың оқшауларына ауыр әсер етеді, өйткені олар тез ескіре бастайды және қатты қызу кезінде оқшауламаның бүлінуі немесе тесілуі мүмкін. Алынбалы түйіспелі қосылыстардың температурасының жоғарылауы түйіспелердің қышқылдануының ұлғаюына, олардың ауыспалы кедергісінің өсуіне және одан әры қызуына әкеп соғады.

     Жоғары қызулар тек салқындату нашарлаған кезде ғана емес, сонымен қатар, сәйкес аппараттар мен машиналардың асқын жүктелген кездерінде де пайда болуы мүмкін. Барлық қондырғылардың д ұ р ы с  ж ұ м ы с  р е ж и м і н ұстап тұру да оперативті кезекшінің міндетіне кіреді.

     Қондырғының жұмыс режимі берілген жүктеме графигіне, жоғары тұрған кезекшінің бұйрығына, эксплуатациялық нұсқаулардың талаптарына және қондырғылардың режимдік картасына сәйкес келуі қажет. Сонымен қатар ол сенімді және үнемді болуы қажет.

     Қондырғының үнемді жұмыс істеуіне, қатар (параллель) жұмыс істейтінагрегаттардың арасында жүктемені дұрыс тарату, қатар жұмыс істейтін агрегаттардың саны, торап сұлбасы және т.б факторлар әсер етеді. Егер жүктеме азайса, атрегаттардың аз саны жұмыс істегені дұрыс, өйткені мұндай жағдайда олардағы электр энергиясының шығыны азаяды.

     Бірақ, жұмыс істейтін трансформатордың санын таңдау барысында қоректендіру схемасының сенімділігін де ескеру қажет. Сондықтан, мысал үшін, электр станциясының өзіндік мұқтаждықтарын қоректендіретін трансформатордың санын экономикалық талаптар бойынша емес, үздіксіз қоректедіруді қамтамасыздандыруды іске асыру талаптары бойынша таңдайды.

     Электр қондырғылардың  жұмысының үнемділігін және сенімділігін, сонымен қатар электр энергиясының сапасын жоғарылатуда автоматтандырылу және телемеханикалық қондырғылар маңызы роль атқарады. Сондықтан да, олар әрдайым жұмысқа қосулы болуы қажет. Олардың ролі апатты жағдайларда және басқа да электр қондырғылардың жұмыс режимдеріндегі күтпеген өзгерістер кезінде арта түседі.

    Қондырғының дұрыс жұмыс режимін ұстап тұруға, қалыпты режимдердің бүлінуін ескеретін және кезекшілердің байланысын қамтамасыздандыруға арналған дамыған с и г н а л и з а ц и я  ж ү й е с і көмектеседі. Сигнализацияның бүлінбегендігіне сенімді болу үшін кезекші қызметкер жүйелі түрде барлық сигнализациялық қондырғылардың жұмыс әрекеттерін тексеруге міндетті. Сигнализациялық қондырғыларын тексеруден өткізудің кезеңі жергілікті нұсқаулармен анықталады. Әдетте тексеруден өткізуді кезекті қабылдаумен бірге жүргізеді.

     Ең қиын және жауапкершілікті әкекет, кезекші қызметкерлердің құрылғылардың зақымдануы және апатқа ұшырауы салдарынан болатын қондырғылардың жұмыс режимінің бұзылуын жою кезіндегі әрекеті болып табылады. Режимнің мұндай бүлінулері күтпеген жерден болады және кезекшінің тез және баяулатусыз әрекет етуін талап етеді.

     Апат пайда болған жағдайда кезекші алдымен не болғанын анықтау керек. Мұндай жағдайда кезекшіге, ескерту және апаттық сигнализациялары және оған бағынышты кезекшілердің мәліметтері көмектеседі. Жағдайды анықтағаннан кейін, тез арада, саспастан апатқа қарсы нұсқауда көрсетілген апатты жоюдың барлық әрекеттерін жасауға және болған жағдайды, қабылданған шараларды жоғары тұрған кезекшіге баяндауға міндетті.

     Апатты жоюдың табысты шарты, кезекшінің барлық құрылғылардың жұмыс режимін және сұлбаларын, сонымен қатар нұсқауларды жақсы білуі болып табылады.

     Кезенкші қызметкерге апатты жою амалдарын оқыту үшін, әдетте әр кезекшінің әрекетін жеке анықтаумен жалғасатын, апатқа қарсы жаттығулар үнемі жүргізіліп отырады.

     Апатты тез арада және қателіксіз жоюдың ең тиімді жолы, қондырғыларды жоғарыда көрсетілген апатқа қарсы, автоматтандырылған құрылғылармен кеңінен жабдықтау және осы қондырғылардың сенімді жұмыс істеуі. Желіні қайта қосу автоматтарын және резервтегі агрегаттарды қосу, жиілік төмендегендегі автоматты түрде форсировка жасауды енгізу, электр тұүтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін жоғарылатты және оперативті қызметкерлердің апатты жою жұмыстарын жеңілдетті.

     Апатқа әкеп соқтырған қондырғыны қолданудағы барлық кемшіліктерді анықтау үшін әр апатты мұқият зерттейді. Сонымен қатар апатты жағдайды жою кезінде кезекшілер дұрыс әрекет етті ме және олардың дайындықтары қандай дәрежеде екені де анықталады. Апатты тексеру негізінде жабдықтарды қолдануда анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар белгіленеді.

     Көрсетілгендерден басқа оперативті қызметкердің міндеттеріне электр қондырғыларының жұмыс сұлбаларындағы ауыстырып қосуларды іске асыру кіреді. Бұл маңызды сұрақ басқа тарауда анықтап жазылған.

    

     4.3.2 Электрлік қондырғыларды жөндеу

 

     Электр жабдықтардың жұмыс істеу барысында біртіндеп оның жұмыс элементтерінің, бөлшектерінің ескіруі, оқшауламасының ескіруі және сапасының төмендеуі, түйіспелі қосылыстардың нашарлауы мүмкін. Электрлік станцияларының, қосалқы станциялардың және жеткізу желілерінің құрылғыларының бүлінбеген күйінде сақтап қалу үшін, нақты түрде алдын-ала ескерту, жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұру керек.

     Қондырғыларда, жоспарды алдын-ала ескерту жүйесі жұмыс істеп тұрғанда, зақымдану салдарынан құрылғының жұмыс істеуге жарамсыз болып қалуын күтіп тұрмайды, оның орнына алдын-ала басшылық бекіткен кесте бойынша жекеленген аппараттарды, машиналарды немесе түрлі қосылыстарды жұмыстан шығарады. Жұмыстан шығарылған құрылғыны оның жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін қарап шығады, тексереді және сынайды. Құрылғының ескірген бөлшектері мен бөліктерін ауыстырып салады немесе жөндеп қайта орнына қояды.

     Жоспарлау, алдын-ала ескерту жұмыстарын күнделікті және күрделі деп екіге бөледі.

     Маусымдық жөндеу жұмыстарының мақсаты жабдықтарды жұмысқа жарамды күйде ұстап тұру. Бұл үшін жабдықтарды таза ұстап, тексеру барысында анықталған елеусіз ұсақ ақауларын жою, подшипниктерді уақытында майлау, май толтырылған аппараттардың майын керекті мөлшерде толтырып тұру қажет. Күнделікті жөндеу жұмыстарын әдетте жабдықтардың ішін ашпай-ақ жүргізуге болады.

     Жабдықтардың ескірген бөліктерін ауыстырып салу үшін және оның жұмыс істеу қабілетінің уақытын ұзартуды қамтамасыз ету үшін күрделі жөндеуді жүргізу жұмыстары жүргізіледі. Күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары кезінде, аппараттар мен машиналардың ішін ашу және бөлшектеу, барлық тараулар мен бөлшектерінің жағдайын тексере отырып сырттай және іштей қарап шығу, тараулар мен бөлшектердің шаң тозаңнан мұқият тазарту, зақымданған немесе ескірген бөлшектерін ауыстыру не жөндеу, оқшауламаны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

     Сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенде эксплуатациялау кезінде анықталған зауыттан шыққандағы кемшіліктері жойылады, жабдықтарды модернизациялау, жетілдіру, қондырғы жұмысының үнемділігін және сенімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін жеке тарамдарының құрылымын өзгерту жиі орын алады. Осылардың арқасында күрделі жұмыс өткізілгеннен кейін құрылғы зауыттан келіп түскен құрылғымен салыстырғанда тек жаңартылған емес сонымен қатар жұмыс жасау қабілеті жоғарылатылған болып табылады.

     Жабдықтардың тұрып қалу уақытын қысқарту үшін күрделі жұмыс жасау жұмыстарына мұқият дайындалу керек. Алдымен жұмыс барысында анықталған ақауларды ескере отырып, күрделі жөндеу кезінде жұмыс көлемі туралы тізім толтырылады және оларды орындау графиктері тұрғызылады. Жөндеу жұмысын жүргізуге арналған барлық керекті материалдар мен бөлшектер, құрал жабдықтар мен икемдендіру және көтеру транспорттық құрылғылар дайындалады, сондай-ақ жұмыс орнын жабдықтайды. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге тағайындалған топты мұқият мамандандырып, барлық сызбалармен, зауыттық нұсқаулармен және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жоспарымен таныстырылады.

     Жұмыс орны қажетті заттармен көтеру-транспорттық және такелажды құралдармен жабдықталуы тиіс. Жұмыс орнында тазалық сақтап, ұйымдастырған жөн. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған орындарда қысылған ауаның, ацетиленнің, оттегінің айырылыстырылу орындалуы, дәнекерлеу тораптары жүргізілуі қажет.

     Қарастырылып өткен барлық шаралардың барлығы жөндеу жұмыстарын жүргізудегі жұмыс өнімділігін және жөндеу жұмыстарының сапасын арттырады. Өз кезегінде жөндеу жұмыстарының сапасының жоғары болуы жабдықтардың жұмыс істеуінің сенімділігін арттырады және жөнлеулер арасындағы уақыт аралығын ұзартады. Жөндеулердің сапасына мұқият бақылау орнату, жөндеуден торап бойынша қабылдауды орындау және қажетті сынақтар жүргізу қажет. Орындалған жөндеу жұмыстары бойынша бекітілген формадағы құжаттар рәсімделеді.

     Электр станцияларында және электр тораптарында ұйымдастыру және жөндеу жұмыстарының екі формасы қолданылады. Бірінші жағдайда бұл жұмысты обьектінің жөндеу қызметкерлері орындайды, ал екінші жағдайда обьектіні жөндеуші қызметкері минимумға келтірілген немесе мүлде жоқ болған жағдайда, ол жөндеулер орталықтандырылған жөдеу қызметкерлерімен жүргізіледі. Жабдықтарды жөндеу орталықтандырылған жағдайда, электр станциялардың және тораптардың қызметкерлерінің саны айтарлықтай қысқарады.

     Қосалқы станцияларда және жеткізу желілерінде орталықтандырылған жөндеу жүйелерін қолдану тиімді, өйткені көптеген қосалқы станцияларда қызметкерлер мүлде жоқ немесе кезекшілік үйден атқарылады. Электр станцияларында маусымдық жөндеуді электр станцияның өз қызметкерлері, ал күрделі жөндеуді орталықтандырылған жөндеу қызметінің қызметкерлері орындайтын жөндеу жұмыстарының аралас түрі кеңінен тараған.

    

     4.3.3 Электр жабдықтарды қабылдап алу-өткізу және профилактикалық сынау

 

     Жинақталған электр жабдықтарын қабылдау кезінде оның жөндеуден өткеніне және жұмысқа жарамды екеніне көз жеткізу үшін, оны қабылдау-өткізу сынағынан өткізеді. Күрделі жөндеуден өткізу үрдісі кезінде және одан кейін, сондай-ақ маусымдық жөндеу және жөндеу арасындағы уақыт аралығында электр жабдықтардың профилактикалық сынақтардың көлемін, нормаларымен жүргізу мерзімін “электр жабдықтарын сынаудың көлемі мен нормаларына” және эксплуатациялық нұсқауларына сәйкес қабылдайды.

     Профилактикалық сынаулардың, электр қондырғының эксплуатациясының сенімділігін және үнемділігін артырудағы маңызы зор. Профилактикалық сынақтар жүргізу барысында, электр жабдықтарының әлсіреген бөліктерін дер кезінде анықтауға және жөндеуге мүмкіндік туады. Профилактикалық сынақтарды әрдайым жүргізіп отыру көптеген зақымданулардың пайда болуын ескеріп, электр жабдықтарының электрмен үнемі жабдықталуының бұзылуына жол бермейді. Профилактикалық сынақтарды енгізудің арқасында апаттық жағдайлар күрт азаяды.

     Электр қондырғыны тексеру және жөндеу барысында көп жағдайларда, сыртқы сипаты жоқ жасырын ақаулардың және пайда болған зақымданулардың барлығы байқалмай қалуы мүмкін. Профилактикалық сынақтардың көмегімен электр жабдықтарының және оның негізгі элементтерінің, механикалық бөлшегінің, ток өткізу бөліктерінің және оның түйіспелері қосылыстары мен оқшауламаларының күйін толығырақ тексеруге болады.

     Тексеруге қолайлы механикалық бөліктерді сынау, қозғалмалы бөліктердің, ауа саңылауларының, ажыратқыштардың қосылу және ажырату уақыттарының, сыртқы қаптың (корпус) және подшипниктердің дірілінің жүрісінің өзгеруіне алып келеді. Бұл өлшеулердің барлығы құрылғылар мен машиналардың механикалық бөліктерінің құрастырылуының және реттелуінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Механикалық бөлікті тексерудің басты элементі, механизм жұмысын әртүрлі ауырлатылған режимде, ажыратқыштардың төмендетілген және жоғарылатылған кернеуде ажырату және қосу, ауаның төмендетілген қысымда механизм жұмысын байқаудан өткізу болып табылады.

     Газ және май толтырылған аппараттар мен машиналардың копусының тығыздығын және бекітілгендігін (герметикалықтығын) тексеру ерекше орында тұр.

     Тексеру барысында анықталған м а г н и т т і к  ж ү й е н і ң негізгі зақымдануы бұл – трансформаторлардың және электр машиналардың өзекшелеріндегі оқшауланған болат пластиналар арасындағы және орамаларындағы қысқа тұйықталу. Магниттік жүйенің жұмысының дұрыстығын тексеру үшін бос жүріс тоғының сипаттамасын алады. Егер магниттік жүйе дұрыс жұмыс істемесе, дәл сол кернеуде бос жүріс тоғын көбейтеміз.

 

1

3

2

4

 

 

 

 

 

 


4.3-сурет. Түйіспелі қосылыс кедергісін амперметрлік – вольтметрлік әдіспен өлшеу сұлбасы:

а) түйіспелі қосылыс, б) ретелген реостат, в) сөдіртіш, г) аккумуляторлық батерея

 

     Тоқ өткізгіш бөліктердің осал жері түйіспелі қосылыстар болып табылады. Түйіспелердің нашарлауын түйіскен жердегі ауыспалы кедергіні өлшеу арқылы анықтайды, бұл жағдайда ол артады. Сондай-ақ, түйіспелердің нашарлауын олардың қатты қызуымен анықтауға болады. Түйіспелі қосылыстардың қызуын анықтау үшін, жоғарыда көрсетілгендей, термопленка түріндегі индикаторлар қолданылады.

     Кедергіні 4.3-суретте берілген сұлба бойынша, амперметрлік және вольтметрлік немесе өлшеуші көпірлердің көмегімен өлшенеді. Нақты нәтиже, соңғы әдістен алынады. Кедергіні өлшеу барысында сұлбаны жинау үшін қолданылатын барлық сымдарды винттік қысқыштар арқылы қосқан жөн. Егер өлшеулерде амперметр мен вольтметр қолданылса, онда тізбек сөндіргіш арқылы тұйықталғаннан кейін өлшеуші құралдардың көрсеткіштерін санайды және кернеудің мәнін токтың мәніне бөле отырып кедергіні анықтайды. Өлшеуші көпірлер арқылы өлшеулер жүргізген кезде кедергінің айнымалыларын өзгерте отырып, оның иықтарын теңестіруге тырысады және алынған кедергі мәндерін санаудан өткізеді.

     Егер түйіспе жарамды болса, онда қосылыс орындағы кедергі мәні шинаның барлық ауданының ұзындығына тең кедергіден 1,2 еседен асып кетпеуі тиіс.

     Электр жабдықтардың зақымдалуға ең жиі ұшырайтын бөлшегі оқшаулама. Электр жабдықтардың жұмысы барысында, олардың оқшауламалары механикалық, жылулық және электрлік әсерге ұшырайды және біртіндеп төзімділігін және оқшаулағыш қасиеттерін жоғалтады. Бұл процесс оқшаламаның ескіруі деп аталады. Қызукезінде оқшауламада оның ескіруіне алып келетін химиялық әрекеттер жылдамдайды. Электр машиналарының орамаларының стержіндерінің жылу әсерінен кеңейтуі оқшоуламаға механикалық әсер туғызады. Механикалық әсерлер діріл кезінде де байқалады. Оқшауламаға түсетін электрлік кернеу және оның ескіруіне, әсіресе қалыпты мәннен асып кеткенде оған кері әсер етеді және оның ескіруіне мүмкіндік береді.

     Оқшауламаға ылғалдану мен ластану өте зиян. Ылғал оқшауламаның қуыстарын және саңылауларын толтырып, сондай-ақ оның біртіндеп механикалық қирауына әкеліп соғатын оқшаулама ішіндегі ионизацияны күшейтеді. Оқшауламаның ылғандануы және ескіруін, тексеру барысында анықтау мүмкін емес, ол үшін оқшауламаны сынау қажет.

 

 

 

 


а) қос көпірлі МД6; б) көпілі Р316; Rх-өлшенілетін кедергі. Г-галванометр.

 


4.4-сурет. Түйіспелі қосылыстың кедергісін өлшеу сұлбасы

     Оқшауламаның негізгі сынау жолдары, оның кедергісін, абсорбция коэффициентін, диэлектриктік шығындарын өлшеу және жоғарлатылған кенеумен сынау болып табылады.

     Оқшауламаның кедергісін өлшеу дегеніміз – оның күйін бақылаудың ең қарапайым және кең тараған тәсілі. Оқшауламаның кедергісінің мәнін, алдынғы өлшенген мәндерімен немесе бір тиіпті аппараттардың оқшауламаларының кедергілерінің мәнімен салыстырады. Егер оқшаулама зақымданған болса, онда кедергінің мәні күрт азаяды. Кедергі оқшаулама ылғанданған және ласталған кезде де төмендейді.

     Оқшаулама кедергісін өлшеу үшін арнайы құрал – мегомметрді қолданады (3.5-сурет).

     Мегомметр өзара электрлік байланысқан кернеуі 500, 1000 немесе 2500 В тұрақты ток генераторынан, қос рамалы магнит электрлік логометрден және тұрақты қоспалық кедергілерден тұрады. Тұтқаны айналдырғанда генератор тудырған ток тармақтады және логометрдің екі рамкасынан да (оның қозғалмалы бөлігін құрайтын) қоспалық кедергі және оқшауламаның өлшенілініп отырған кедергісі арқылы өтеді. Ток өткенде пайда болатын рамкалардың магнит өрісі тұрақты магнитпен әсерлеседі.

 

Қорабы


                                      Ораманың

                                      тексеілетін

                                      орамасы

                                                       

      

                                                                  

                                               

 


Қорабы (корпусы) тексеріліп отырған оқшаулама орамы.

а)-логометрдің тізбектің орамасы б)-логаметрдің параллельдік орамасы            Г-тұрақты ток генераторы, 1000-2500 В r1,r2-шешуші кедергілер.

Л-желілік қысқыш.

З-жермен тұйықтағыш құрылғыны қорабымен қосатын қысқыш.

Э-экранды қосатын қысқыш.

 

4.5-сурет. Мегомметрдің принципиялдық сұлбасы

 

     Логометрдің қозғалмайтын бөлігінің ауытқуы рамкалар арқылы ағатын токтардың қатынасына тәуелді. Өлшеніліп отырған кедергіні логометрдің рамкаларының біреуінің тізбегіне қосады. Генератор кернеуінің мәнін тұрақты мәнінде, осы тізбек арқылы өтетін токтын мәні өлшелініп отырған кедергінің мөлшеріне тәуелді, осы кезде екінші рамканың параллельді тізбегіндегі ток кедергіге тәуелсіз.

     Өлшеуіш құралдарының, генератордың тұтқасының қалыпты жылдамдығын өзгерту салдарынан пайда болған, қателіктерінің көрсеткіштері шкала бойынша 1%-дан аспайды. Оқшаулама кедергісін мегомметрмен тек аппараттар немесе тарату құрылғыларының және қосалқы станцияларының жұмыс кернеуі өшірілгеннен кейін ғана өлшеуге болатындығын есте сақтау қажет.

     Өлшеу алдында тексерілетін аппаратты 2-3 минутқа жермен қосатын тізбекпен қосып мұқият залалсыздандыру қажет. Мегомметрдің жоғары кернеуге есептелінген магнит типті оқшаулануы бар сым арқылы қосады.

     Сымдардың аяқ жақтарында оқшауламалық материалдан жасалған щуптары болуы тиіс. Өлшеулер кезінде сымды З-қысқышынан қорапқа, ол қысқышынан өлшенуші обьектіге жүргізеді, содан кейін тұтқаның көмегімен генераторды айналымға келтіреді және өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін жазып алады.

     Электр машиналарының және трансформаторлардың орамаларының оқшауламасының ылғалдануының деңгейін анықтау үшін абсорбция коэффицентін өлшейді. Бұл үшін оқшауламаның кедергісі, мегомметрмен өлшеу барысында, өлшенілетін орамаға мегомметрден кернеу беріле бастаған кезден бастап, өлшеуші құралдардың тілі бойынша 15 және 60 секундтан кейін анықталады. 60 және 15 секундтан кейін алынған оқшаулама кедергісінің мәндерінің қатынасы абсорбция коэффициенті деп аталады.

     Кедергіні мегомметрмен өлшеген кезде, өлшеуші құралдың тілі белгілі бір мәнге тоқтамайынша алғашқы кезден кенет нөлге қарай, содан кейін баяулап оңға қарай жылжи бастайды. Тілдің бірінші ауытқуы, орамның сиымдылық заряд тоғының өтуімен, содан кейін тілдің қозғалысы абсорбция тоғының біртіндеп төмендеуімен түсіндіріледі. Абсорбция оқшауламаның алдыңғы қабаттарының кедергісі арқылы ішкі қабаттарының сыйымдылығы зарядтаған кезінде пайда болады. Оқшауламаның ылғалдылығы жоғарылаған сайын, оның қатпарлануы азаяды және абсобция тоғы түседі. Құрғақ оқшауламада ішкі сыйымдылығызарядталуы және абсорбция тоғының төмендеуі баяу жүреді. Сондықтан абсорбция коэффиценті құрғақ оқшаулама кезінде 1,5-2 және одан жоғары, ол қатты ылғалдануларда 1-ге тең.

     Май және мастик толтырылған, сондай-ақ бакелитті оқшауламалардың кірістерінің жалпы жағдайын диэлектрлік шығындардың мөлшерімен бағалайды. Бірақ кірістердің оқшауламаларының күйінің ортаща деңгейін көрсететін қолайлы көрсеткіш, оқшауламаның көлеміне тәуелді болатын шығындар емес, активті токтың шығындар бұрышының тангенсі болып табылады:

 

     Бұл шамаларды арнайы құралдар - өлшеуіш көпірлерімен өлшейді. Диэлектрлік шығындар бұрышының тангенсін өлшеу күрделі оқшауламаның ескерту үрдісін бақылап тұруға мүмкіндік береді. Күрделі оқшаулама уақыт өтуімен қатпарлана бастайды, оның ішінің ығалдануына жағдай жасайтын ауа қабаттары пайда болады. Осы және басқа да өзгерістер күрделі оқшауламаның сапасын төмендетеді, диэлектрлік шығындарды ұлғайтады. Барлық бакелитті, май және мастик толтырылған оқшауламаларды, сондай-ақ трансформаторлардың оқшауламалар күйінің орташа деңгейін міндетті түрде диэлектрлік шығындар бұрышының тангенсін анықтау әдісімен бақылау керек.

     Оқшауламалардың барлық түрін міндетті түрде жоғарлатылған кернеумен тұрақты немесе айнымалы ток кешенімен сынау жатады. Сондай-ақ барлық сынау құрылғылардың түгелінің кернеуі және сынақтарының қайталануы, оқшаулама жұмыс жасайтын кернеуге және оның түрлері мен жұмыс жағдаына тәуелді. Тұрақты токта қолдану ең үздік қорытынды береді, өйткені бұл жағдайда оқшауламалардағы кернеу нақты жұмыс шарттарына келтіріледі. Кернеуді келтіру уақытының ұзақтығы 1 минут.

 

     4.6-сурет. Оқшауламаны айнымалы токта жоғарылатылған кернеумен сынау                сұлбасы

 

     Жоғарылатылған кернеумен сынау сұлбасы өте қарапайым және қосалқы станциялардың барлық жабдықтары үшін бірдей. Трансформатордың негізгі оқшауламасының айнымалы токта жоғарылатылған кернеу сұлбасы 4.6-суретте көрсетілген. Әр ораманы кезекпен сынайды және бұл кезде қорғау үшін разрядник қолданылады. Аспалы және тіреуіш оқшауламалардың күйін анықтау үшін, арнайы штангінің көмегімен, жұмыс жағдайында оқшауламалар кернеудің таралуын өлшейді (4.7-сурет). Оқшауламаның біреуі зақымданған жағдайда кернеудің таралуы өзгереді. Зақымдалған оқшауламаның кернеуі азаяды, ал зақымдалмаған оқшауламада сәйкесінше  өседі (4.8-сурет).

     Егер оқшауламаға келетін кернеудің төмендеуі 1,5-2 еседен аз болмаса онда оқшауламаны ауыстыру қажет.

 

 

 

     4.7-сурет. Штангінің көмегімен аспалы оқшауламаны сынау сұлбасы

 

4.8-сурет.  110 кВ-тық оқшаулатқыштар тіркесінің зақымданғаны (I) және төртінші оқшаулатқыштың зақымдануы (II) кезіндег кернеудің таратылу қисықтары

 

       

 

     Қорытынды

 

     Бұл оқу құралы электр энергетика, соның ішінде 210140-“Электр станциялары”, 210240-“Электр энергетикалық жүйелері мен тораптар” мамандарына арналып жазылды.

     Электр станциялардың, қосалқы станциялардың жабдықтарын монтаждау, реттеу, содан кейін оларды пайдалану үлкен жауапты мәселе. Электр станциялардың жабдықтарын жобалаудан бастап, оларды қойылатын орнына жеткізу, монтаждау, реттеу және пайдалану күрделі технологиялық процес. Сондықтан бұл проблема жүйелі түрде шешілуі керек.

     Осы оқу құралында, қарастырылған сұрақтардың негізі және оларды орындау принциптері келтірілген. Мысалы: электр монтаждық ұйымдардың құрылымы және оның құрылысын ұйымдастыру туралы қысқаша мәлімет берілген; Күштік трансформаторларды монтаждау және пайдалану; Электр станциялардағы электрлік жабдықтардың техникалық эксплуатациясын ұйымдастыру және т.б. мәсәлелер жазылған.

     Осы тұрғыдан қарағанда, тұңғышү қазақ тілінде ашық баспа сөзге жарияланып отырған оқу құралы, басқа да электр энергетика мамандықтарына пайдалы болар деп есептелінуде.

     Сонымен қатар айта кететін бір маңызды мәселе, ол қазіргі нарықты электр энергетика жағдайына байланысты осы қарастырылып отырған мәселелер туралы керекті материалдар жиналуда. Ол материалдар келесі басылымда баспа  сөзге жарияланады деп жоспарлануда.

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

     1. Пособие для изучения Правил технической эксплуатации электрических станций и сетей (Электрическое оборудование) /Под общ. ред. Ф.Л. Когана. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000.-356 с.: ил.

     2. Хожин Г.Х. Электр станциялары мен қосалқы станциялар. Оқулық. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі. Оқулық ретінде ұсынылған. – Алматы: “Ғылым” ғылыми баспа орталығы, 2002. – 312 б.: ил.

     3. Васильев А.А., Крючков И.П., Наяшкова Е.Ф., Околович М.Н. Электрическая часть станций и подстанций: Учебник для вузов. – М.: Энергоатомиздат, 1990. – 575 с.: ил.

     4. Неклепаев Б.Н. Электрическая часть станций и подстанций: Учебник для вузов. – М.: Энергоатомиздат, 1986. – 640 с. ил.

     5. Зюкин А.Ф., Поконов Н.З., Антонов М.В. Монтаж, эксплуатация и ремонт электрооборудования промышленных предприятий и установок. – М.: Высшая школа, 1986, - 415 с.: ил.

     6. Правила устройства электроустановок. – 7-е изд. перераб. и доп. с изм. – М.: Главэнергонадзор, 1999.

     7. Правила техники безопасности при эксплуатации электроустановок. – М.: Главэнергонадзор, 1993.

     8. Хожин Г.Х. Жылу электр станцияларының электр жабдықтары. Оқу құралы. Алматы: АИЭС, 2000. 57-б.: ил.

     9. Нормы технологического проектирования тепловых электрических станций. – М.: Минэнерго России, 2000.

     10. Обьем и нормы испытаний электрооборудования. – 6-е изд. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000.

 

 

 

Гамиль Хожаұлы Хожин

 

 

 

 

ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ, МОНТАЖДАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ

 

Оқу құралы

 

 

Редакторы Ж.А. Байбураева

2004ж. Жин.тақ.жоспары, реті 2

 

 

 

 

 

 

 

 

Теруге берілген күні 15.01.2004

Пішімі 60х84 1/16

Типография қағазы №2

Оқу баспа таб. – 37. Таралымы 100 дана. Тапсырыс, Бағасы 118 тенге.

Басчуға 2005ж. қол қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

480013 Алматы, А. Байтұрсынұлы көшесі, 126 үй