АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

    Электр станциялары тораптары мен  жүйелері кафедрасы  

 

 

ӨНДІРІСТІК МАШЫҚТАНУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

050718 – Электр энергетикасы мамандығының «Электр станциялары»,  «Электр тораптары мен жүйелері»  мамандығы бойынша оқитын барлық оқу түрінің  студенттеріне арналған бағдарлама

 

 

 

Алматы 2009

 

 

 ЌЎРАСТЫРЄАНДАР: Кузембаева Р.М., Оржанова Ж.К., В.Н. Сажин, Н.А. Генбач. 050718 – Электр энергетикасы мамандыєыныѕ «Электрстанциялары», «Электр тораптары мен жїйелері» мамандыєы бойынша оќитын барлыќ оќу тїрініѕ студенттеріне арналєан баєдарлама.-Алматы: АЭжБИ, 2009ж. – 14б.

Баєдарламада ґндірістік машыќтанудыѕ нўсќауы, ўйымдастырылуы, кїнделіктіѕ безендірілуі жјне есеп беруі, сонымен бірге мазмўны мен ќолданылатын јдебиеттер тізімі берілген.

 

Кіріспе 

         Студенттердің өндірістік машықтануы жоғары сатыдағы мамандарды дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл институтта алынған теориялық білімдерді бекіту және тереңдету үшін, кәсіби жобада практикалық білімге  және мамандығы бойынша тәжірбиеге ие болу үшін қажет.

         Өндірістік машықтану 3-ші курстар үшін ұзақтығы 3 аптаға созылатын теориялық сабақтар біткеннен кейін жүргізіледі; бұл машықтануға 3 кредит бөлінген.

 

1.     Электр станция мамандығы бойынша өндірістік машықтануды ұйымдастыру

 

1.1            Өндірістік машықтанудың мақсаты мен міндеті

 

Машықтанудың мақсаты - энерго кәсіпорынның техникалық құжаттылығымен, электрэнергия өндіруінің технологиялық процестерімен танысу, электр станцияларындағы және қосалқы станциялардағы жабдықтарды оқып үйрену.

Машықтанудың тапсырмалары болып:

-         Кәсіби жоспарда студенттердің үйренуі;

-         арнайы пәндерді оқып үйрену кезінде алынған теориялық білімдерді бекіту;

-         технологиялық процестердің реттеуі және басқаруымен танысу;

-         өнеркәсіп ұйымының сұрақтарымен танысу.

 

1.2. Машықтануды өтетін орны

 

Жоғары сапалы мамандарды дайындаудың негізгі бөлімі болып табылатын бұл машықтану электрстанцияларда және үлкен қосалқы станцияларда өтуілуі керек.

 

1.3. Машықтану барысын ұйымдастыру

 

Студенттер машықтануға оқу процесінің графигіне сәйкес институт ректорының жарлығы бойынша бағытталады.

Машықтану орнына келген студентте өзімен бірге жеке куәлігі, кіру үшін  суреттері және қауіпсіздік ережелерін (ҚЕ) тапсырғандығы туралы куәлігі болуы керек. Студенттер штаттағы ақылы жұмыс орнына алынуы мүмкін.

Машықтанудағы студенттер өнеркәсіптің ішкі ережелерін қатаң орындауы керек.

Студент машықтанушы машықтану бағдарламасында көрсетілген барлық сұрақтармен танысуы керек.

1.4 Машықтану өтуін бақылау

        

Студенттердің жалпы оқу-әдістемелік  басқарылуы кафедрадағы жетекші көмегімен іске асырылады, жетекші машықтану алдында ұйымдастырулы жиналыс өткізіп, студеттерді олардың тапсырмаларымен, мақсаттарымен, күнтізбелік жоспармен таныстырады және өнеркәсіптік машықтанудың толтырылған бағыты бар күнделіктерін береді.

Студенттерді машықтану кезінде бақылау өнеркәсіптегі жетекшіге жүктеледі. Машықтанудың өнеркәсіптегі жетекшісі студенттерді ҚЕ және еңбекті қорғау ережелерімен (ЕҚ), негізгі жабдықтармен, технологиялық процестермен және өнеркәсіп ұйымының сұрақтарымен таныстырады. Сонымен қатар, ол пәнді қадағалайды, студент жұмысының сапасын бақылайды, машықтану бойынша есеп беруге арналған материалдарды жинақтауға көмектеседі, әңгіме, экскурсия және консультация ұйымдастырады, үнемі белгілеп отыратын күнделіктің толтырылуын қадағалайды. Машықтану соңында жетекші студент жұмысы туралы күнделікке пікір жазады.

 

1.5 Машықтану бойынша күнделік

 

Студенттің машықтануға бағытталуы кезінде оған деканның қолы мен мөрі бар белгілі формадағы күнделік беріледі. Күнделікте машықтануға бағыт, машықтануға келген студент туралы хабарлама, машықтануды өту бойынша инструкция, күнделікті орындалған жұмыстарды жазуға арналған кесте, жинақталған материалдардың тізімі, машықтану аяқталуы бойынша студенттің қорытындысы және оның ұсынысы, өнеркәсіптегі жетекшінің пікірі болады.

 

1.     Өндірістік машықтану бағдарламасы

 

1.1  Өнеркәсіптің технологиялық процесі

 

Өнеркәсіптің құрылысы және бөлімшелердің функционалдық

міндеттері.

Технологиялық процестің сұлбасы. Негізгі және қосымша жабдықтары, олардың параметрлері. Электр қосылулардың негізгі сұлбалары және өзіндік мұқтаждық сұлбалары. Релелік қорғаныс және электр станциядағы апатқа қарсы автоматика. Жерлендіретін қондырғылардың конструкциясы және жұмысы, аса кернеуліктен қорғаныс.

 

1.2  Электр жабдықтарды эксплуатациялауының жалпы сұрақтары

 

Эксплуатациялық жұмыстардың классификациясы. Эксплуатациялық шаралардың жобалау жүйесі. Оперативті жұмыстарды ұйымдастыру. Негізгі профилактикалық жұмыстардың көлемі және уақыты. Жөндеудің сызықты, желілі графиктері және жабдықтардың техникалық қызмет көрсетуі. Оперативті және жөндеу бригадалар жұмысын ұйымдастыру. Электр станция сұлбаларындағы  оперативтік қосылуы. Жұмыс уақытының құрылуы және экспуатациондық жұмысшылардың жұмысқа жіберілуі. Жабдықтың жөндеуден немесе резервтен шығарылуының және жұмысқа қосылуының жалпы тәртібі. Эксплуатационды қызметте қолданылатын транспорттық материалдар, жабдықтар, механизмдер және инструменттер. Техникалық құжаттарды безендіру.

 

1.3  Электр станциясының электрлік цехі

              

Электр цехінің ұйымдастырылған құрылысы. Техникалық қызмет

көрсету, синхронды генераторларда, күштік трансформаторларда және автотрансформаторларда жөндеу жұмысын жүргізу. Трансформаторлар және автотрансформаторлардың кернеуін реттеу. Жоғарғы вольтті ажыратқыштардың эксплуатациясының ерекшеліктері. Жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау. Электр станцияның басты  щит басқармасы. (БЩБ). Станциядағы кезекті ұйымдастыру. РҚ және А қызметін ұйымдастыру. КРУ, ЗРУ және ОРУ техникалық қызмет көрсету. Өзіндік мұқтаж жүйесіндегі электр жабдықтардың техникалық қызмет көрсетуі.

 

1.4  Электр станцияның диспетчерлік қызметі

 

Диспетчерлік басқарманың иерархиялық  құрылысы және электр станциялар мен қосалқы станциялардағы кезекші жұмысшылардың жұмысын ұйымдастыру. Апатты жағдайлар кезінде жұмысшылардың іс-әрекеті. Электр станцияның жұмыс режимінің тиімділігі. Жиілік пен активті қуатты реттеу, станциялар жүктемелерінің тәуліктік графиктері және олардың пайда болуы. Электр станциядағы режим параметрлері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау. Есептеуіш техниканы қолдану.

 

1.5  Жеке тапсырма тізімінің үлгісі

 

Жеке тапсырма жетекшінің келісімі бойынша берілген сұрақтардың қарастырылуын қамтиды.

Жұмысты тереңдету үшін сұрақтар тізімінің үлгісі:

1.     Генератор кернеуін реттеу, АРВ жүйесі.

2.     Станция жүктемесінің графиктері және олардың құрылысы мен талдауы.

3.     Кезекшілікті ұйымдастыру.

4.     Электр станциялардағы жиілікті және активтік қуатты реттеу.

5.     Диспетчерлік басқарманың ұйымдастырылуы және құрылысы.

6.     Жаңа коммутациялық аппараттар түрінің қолдану болашағы.

7.     Электр станциялар және қосалқы станциялардың технологиялық процестерінде есептеуіш техниканың пайдалануы.

8.     Электр станциялар мен қосалқы станцияларындағы синхронды машиналарды монтаждау, және оның ерекшеліктері.

9.     Кернеуді автоматтық реттегіш құрылғылар көмегімен реттеу ( РПН түрлері және оларды пайдалану ерекшеліктері).

10.  Трансформаторлардың экономикалық жұмыс режимдері.

11.  Синхронды генераторлардың қозу жүйесі.

12.  Турбогенераторлардың салқындату жүйесі.

13.  Жылу электр станцияларының өзіндік мұқтаж жүйесінің экономикалығын және сенімділігін арттыру.

14.  Электр станцияларындағы турбогенераторлар жұмысының сенімділігін арттыру.

 

1.6   Машықтануды өтудің тәртібі

 

Жоғарыда көрсетілген машықтану бағдарламасы электр энергетика үшін мамандарды дайындауына байланысты сұрақтарды қамтиды және осы машықтануды әртүрлі өнеркәсіпте және қызметте өтуіне мүмкіндік береді. Сондықтан ондағы барлық сұрақтарды қарастырудың қажеті жоқ. Алайда, олардың кейбіреулерінің қарастырылуы қажет және машықтану өтетін жеріне сәйкес болуы керек.

Ең бірінші, өнеркәсіп құрылысымен танысу керек, өндіру жүйесіндегі  электр энергиясын тарату жерін анықтау және барлық қызметтер мен бөлімшелердің функционалды міндеттерін қарастыру керек. Содан, машықтанудың өту орнына және күнделікке сәйкес орындалатын жұмыстарға байланысты қажетті теориялық мәліметтер жинау, орындау жұмысының технологиясын сипаттау, жұмыс жүргізу құжаттарымен танысу және орындалған жұмыстың қорытындысын талдау керек.

Осыдан кейін, теориялық көзқарас бойынша, технологиялық және өнеркәсіп жұмысының ұйымдастырылуы бойынша сұрақтарды тереңдету үшін керекті матеиалдарды келтіру.

 

1.7  Машықтану бойынша есеп беру

 

Машықтану бойынша есеп беруді әрбір студент жеке құрастырады. Ол машықтану бағдарламасына және өту тәртібіне сәйкес орындалуы керек, яғни өндіріс құрылысы бойынша барлық материалдарды барлық өнеркәсіптік бөлімшелердің функционалдық міндеттері бойынша уақытша жұмысшы ретінде қатысқан машықтанушы барлық жұмыстардың теориялық және практикалық мазмұнын, сонымен қатар өнеркәсіптің технологиялық жұмыстарына байланысты жеке тапсырмасын қарастырады.

Есеп беруде дәлелді  соғұрлым көп болуы керек. Есеп беруде сұлбалар, суреттер, сызбалар, графиктер, кестелер, технологиялық картиналар болуы керек.

Машықтану бойынша есеп беру 20-25 бет көлемінде стандартқа сәйкес безендендірілуі керек.

Есеп беруді қорғау сол жылдың 20 қыркүйегіне дейін машықтану кезінде практикалық және теориялық білімдер алу есебімен қойылған бағамен қорғалуы керек. Алынған баға студенттердің үлгерімін сипаттайтын теориялық курс бойынша емтихандықя баға деңгейінде қарастырылуы керек.

Қанағаттандырылмаған баға алу, есеп беруді көрсетпеу, сонымен қатар практика өту графигін бұзу студенттің институттан шығарылуы туралы сұрақтың негізі болып табылады.

 

           3. Электр тораптары мен жүйелері мамандығы бойынша машықтануды ұйымдастыру

 

3.1            Өнеркәсіптік машықтанудың мақсаты мен тапсырмалары

 

          Машықтанудың мақсаты энергомекеменің техникалық құжаттамаларды, электр тораптары мен жүйелеріндегі технологиялық процестерді, электр торабының негізгі жабдықтарының конструкциясын оқып-үйрену және техникалық эксплуатация ережелерімен танысу болып табылады.

          Машықтану  тапсырмалары:

          - студенттерді профессионалдық тұрғыдан үйрету;

          - арнайы пәндерді оқу кезінде алынған теориялық білімдерді бекіту;

          - технологиялық процестердің басқару және реттеумен танысу;

          - өнеркәсіп ұйымдарының негізгі сұрақтарымен танысу.

 

3.2            Машықтанудың өтетін жері

 

          Жоғарғы сатылы мамандарды дайындаудың маңызды бөлімі болып табылатын машықтану аймақтық электр желілік компанияларда (РЭК), электр желілерін бақылайтын «KEGOC» компаниясының филиалдарында, сондай-ақ таратушы электр тораптарында (РЭС) өтілуі керек.

          Сонымен қатар мекемелердің тапсырысы бойынша машықтанудың жекеше өтуі де қарастырылған.

 

3.3            Машықтану  процесін ұйымдастыру

 

          Студенттер машықтануға оқу процесінің графигіне сәйкес институт ректорының жарлығы бойынша бағытталады.

          Машықтанудан  өтетін орынға келген студенттің өзімен бірге жеке куәлігі,  фотосуреттері және ҚЕ тапрсырғандығы туралы куәлігі болуы керек. Студенттер ақша төленетін қызметтер тізіміне енуі мүмкін.

          Машықтану  кезінде студенттер өнеркәсіптің ішкі тәртіптерін және ережелерін қатаң орындауы тиіс.

          Студент-машықтанушы машықтану бағдарламасында көрсетілген барлық сұрақтарды оқып үйренуі тиіс.

 

3.4            Машықтану  өтуін бақылау

 

  Студенттердің жалпы оқу-әдістемелік жетектеу ісі кафедрасындағы жетекшіге жүктеледі, кафедрадағы машықтану жетекшісі машықтану алдында ұйымдастырылған жиналыс өткізеді, студенттерді машықтану мақсатымен және тапсырмасымен таныстырады, студенттерге толтырылған бағыттары бар күнделіктер беріледі.

         Студенттерді жетектеу жұмысы өнеркәсіптегі жетекшіге жүктеледі. Өнеркәсіптегі машықтану жетекшісі студенттерді ҚТ және ЕҚ ережелерімен, негізгі жабдықтармен, технологиялық процестермен және өнеркәсіп ұйымының сұрақтарымен таныстырады. Сонымен қатар ол пәннің өтуін қадағалап, студент жұмысының сапасын бақылайды, студенттерге бітіру жұмысын орындау үшін материалдарды жинауға көмектеседі, экскурсия, консультация және отырыстар ұйымдастырады. Машықтанудың соңында жетекші күнделікке студент жұмысы туралы пікір жазады.

 

 3.5  Машықтану бойынша күнделік

 

         Студентті машықтануға бағыттау кезінде оған белгілі формадағы күнделіктер беріледі. Күнделікте факультет деканының қолы және декан мөрі, машықтануға бағыттама, студенттің келуі туралы хабарлама, күнделікті орындалған жұмыстардың жазылған кестесі, жиналған материалдардың тізімі, студенттің машықтануды  өтуінің сипаттамасы болуы керек.

         Күнделік машықтану бойынша есеп беруге бекітілуі керек.

 

          4  Электржелілік өндірістердегі (РЭК), (МЭС) өнеркәсіптік машықтанудың бағдарламасы

 

4.1 Электр тарату желілерінің қызметі

 

ЭТЖ ұйымы және құрылысы. Кернеуді өшіру және өшірусіз жүргізілетін профилактикалық жөндеу жұмыстары. Олардың мерзімі мен қайталануы. Оперативті шығу бригадалардың ұйымдастырылуы. Сызықты-эксплуатационды байланыс. Жоғарғы кернеулі желілерді қорғау. Техникалық құжаттамаларды жүргізу. Желідегі жөндеу жұмыстарын жоспарлау. Желілерді қарау және олардың трассаларын: периодты, кезектен тыс, арнайы, инженерлі-техникалық, жоғарғы. Жоғарғы ревизиялар және тексерістер, олардың көлемдері мен қайталанулары. Фундаменттерді қарау. Жерлендіруші құрылғыларды қарау.

 

4.2            Қосалқы станциялардың қызметі

 

ҚС қызметінің ұйымы мен құрылысы. Күштік және өлшеуіш трансформаторлардың профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу. Трансформатор және автотрансформатор жағдайын бақылау және қарау тәртібі. Майды тазалау. Май регенерациясы үшін аппараттардың трансформаторға қосылу сұлбасы. Трансформатор және автотрансформатордың РПН және ПБВ қосу көмегімен кернеуді реттеу. Жоғарғы кернеулі ажыратқыштардың құрылысы мен түрлері, олардың эксплуатацияларының ерекшеліктері. Айырғыштардың құрылысы мен түрлері. Ажыратқыштардың профилактикалық жөндеу жұмыстары. Олардың көлемі және орындау мерзімі.

Жабық (ЗРУ) және ашық (ОРУ) тарату құрылғыларының құрылысы.

 

4.3 Диспетчерлік қызмет

 

         Диспетчерлік басқарудың құрылысы және оның энергомекемедегі ұйымдастырылуы. Апатты жағдайлар кезіндегі диспетчер қызметкерлерінің әрекеті.

         Ақпарат тарауының құралдары. Байланыс каналдары және телемеханикалар.

         Энергожүйедегі жұмыс режимдерінің оптимизациясы. Электр желідегі кернеуді реттеу. ЭЭЖ қалыпты, ауыспалы және апаттан кейінгі режимдерінің  есептеулері. Активті қуаттың жиілігі мен асқын токтарын реттеу. Энергожүйедегі режим параметрлері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау. Диспетчерлік басқарудың автоматикалық жүйесі. Оның негізгі функциясы. Есептеуіш техникасын пайдалану.

 

         4.4 Релелік қорғаныс пен автоматиканың қызметі

 

РҚ және А қызметінің ұйымы. Энергожүйеде қолданылатын қорғаныстар түрлері. Асинхрон жүрісінің тоқталу автоматикасы (АПАХ). Жүктеменің автоматты өшу жүйесі (САОН). ЭТЖ бойынша активті қуаттың асқын токтарын шектеу принциптері. Автоматты жиіліктік жүксіздендіру (АЧР), оның жұмыс істеу принципі. Автоматты резерв қосылу (АВР). Автоматты қайтадан қосылудың түрлері.

  

5 Электр тарату желілеріндегі (РЭС) машықтанудың бағдарламасы

 

5.1 Кабелді желілердің құрылысы, монтажы және технологиялық жөндеу жұмыстары

 

Күштік кабелдердің түрлері және құрылысы. Кабельдердің қорғаныс  

беті. Кабельдік муфтаның,  воронкаларының түрлері мен құрылысы. Кабелдерді орналастыру тәсілдері. Кабелді желілерді эксплуатациялау кезінде профилактикалық және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Кабелді желілерді орналастыру және жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын механизация құралдары, инстументтер, материалдар, негізгі және қосымша жабдықтар және олардың жөндеу кезінде қолдануы. Кабельді желілердің сипаттамалық бүлінуі. Кабельді желі бүлінуін табу және жою. Кабелдің жөндеу жұмыстары үшін жұмыс орнын дайындау. Кабельді муфталар мен воронкалары орнатулы кабелдердің жөндеу жұмысының технологиясы. Кабельді желілерді пайдалануда тәжірибе жасау.

 

6  Жеке тапсырмалар

 

Жеке тапсырма жетекшінің келісімі бойынша бір сұрақтың толық қарастырылуын қамтиды.

Сұрақтардың үлгілі тізімі:

1. Электр энергетикалық тораптар мен желілердің даму тенденциясы.

2. Жоғарғы және аса жоғарғы кернеулі АЖ жөндеу жұмысының және монтажының ерекшеліктері.

3. ОРУ- дың мүмкіндігінше  конструктивті шешілуі.

4. Электр энергия сапасын талдау.

5. Автоматикалық реттегіш құралдардың көмегімен кернеуді реттеу.

6. Ауалық желілердегі мұздаққа қарсы шаралар.

7. Электр желілік мекемелердегі жоспарлық жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру.

8. Трансформаторлардың экономикалық тиімді жұмыс режимдері.

9. Жоғарғы кернеулі электр жабдықтарына тәжірибе жасау.

10. ЭВМ көмегімен электр жүйелерінің қалыпты және апаттан кейінгі режимдерінің есептерін орындау.

 

7 Машықтануды өтудің тәртібі

 

Жоғарыда көрсетілген машықтану бағдарламасы, электр энергетикасы үшін мамандар дайындаумен байланысты барлық сұрақтарды қамтиды және машықтанудың әртүрлі мекемелерде өтуіне мүмкіндік береді. Сондықтан бұл бағдарламада барлық сұрақтарды қарастырудың қажеті жоқ. Алайда, олардың кейбіреулерін міндетті түрде қарастыру қажет және ол машықтану өту орнына сәйкес келуі керек.

Ең бірінші, мекеменің құрылысымен танысу керек, электроэнергияны өндіру және тарату жүйесінде оның орнын дәлдеу керек және барлық бөлімдердегі функционалды міндеттерін қарастыруы керек.

Содан, машықтану өту орнына және күнделіктегі орындалатын жұмысқа сәйкес керекті теориялық құралдарды жинау, жұмыс орындауының технологиясын суреттеу және жұмыс кезінде құжаттамаларды қарастыру керек сонымен бірге орындалған жұмыстың қорытындыларын талдау керек.

Осыдан кейін,  бір сұрақ бойынша, теориялық көзқарас тұрғысынан және мекемелердегі жұмысты ұйымдастыру технологиясының көзқарас тұрғысынан керекті құралдарды көрсету керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

 

8 Машықтану бойынша есеп беру

 

Машықтану бойынша есеп беруді әрбір студент жеке құрастырады. Ол машықтану бағдарламасына және өту тәртібіне сәйкес орындалуы керек, яғни өндіріс құрылысы бойынша барлық материалдарды барлық өнеркәсіптік бөлімшелердің функционалдық міндеттері бойынша уақытша жұмысшы ретінде қатысқан машықтанушы барлық жұмыстардың теориялық және машықтану мазмұнын, сонымен қатар өнеркәсіптің технологиялық жұмыстарына байланысты жеке тапсырмасын қарастырады.

Есеп беруде дәлелді материалдар  көп болуы керек. Есеп беруде сұлбалар, суреттер, сызбалар, графиктер, кестелер, технологиялық суреттер болуы керек.

Машықтану  бойынша есеп беру 20-25 бет көлемінде стандартқа сәйкес безендендірілуі қажет.

Есеп беруді қорғау сол жылдың 20 қыркүйегіне дейін машықтану кезінде машықтану және теориялық білімдер алу есебімен қойылған бағамен қорғалуы керек. Алынған баға студенттердің үлгерімін сипаттайтын теориялық курс бойынша экзаменациялық баға деңгейінде қарастырылуы керек.

  

Әдебиеттер тізімі 

         1. Мадрыкин С.А., Филатов А.А. Эксплуатация и ремонт электрооборудования станций и сетей. – М.: Энергоавтомиздат, 1983. – 344 с.

         2. Мотыгина С.А. Эксплуатация электрической части тепловых электростанций. – М.: Энергия,  1979. – 568 с.

         3. Мусаэлян Э.С. Наладка и испытание электрооборудования электростанций и подстанций. – М.: Энергоавтомиздат, 1986. – 504 с.

         4.  Дорошев К.И. Эксплуатация комплектных распределительных устройств 6-220 кВ. – М.: Энергоавтомиздат, 1987. – 336 с.

         5.  Цирель Я.Н., Поляков В.С. Эксплуатация силовых трансформаторов на электростанциях и в электросетях. – М.: Энергоавтомиздат, 1985. – 264 с.

         6. Неклепаев Б.Н. Электрическая часть электростанций и подстанций. Учебник для вузов. 2-изд. – М.: Энергоавтомиздат, 1986.

         7. Электрическая часть электростануций. Учебник для вузов. 2-изд. –

Л.: Энергоавтомиздат, 1987.

         8. Электрическая часть станций и подстанций. / Под ред. Васильева А.В. Учебник для вузов. 2-изд. – М.: Энергоавтомиздат, 1990.

         9. Электротехнический справочник. / Под ред. Орлова И.Н. и др. 7-изд –

т 3, кн1. – М.: Энергоавтомиздат, 1988.

         10. Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудование станций и подстанций. – М.: Энергоавтомиздат,  1987.

         11. Двоскин Л.И. Схемы и конструкции распределительных устройств. – М.: Энергоавтомиздат, 1985.

         12. Нормы техзнологического проектирования тепловых электрических станций. – М.: Энергоавтомиздат, 1986.

         13. Обьем и нормы испытания электрооборудования. – 6-2 изд. – М.: Издательство НЦ ЭНАС, 2000. – 254 с.

         14. Сборник методических пособий по контролю состояния электрооборудования. – М.: ОРГРЕС, 1998. – 610 с.

         15. Хожин Г.Х. Электр станциялары мен қосалқы станциялар (оқулық) – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002. – 312 б.

         16. Соколов С.Е., Сажин В.Н. Эксплуатация и ремонт силовых трансформаторов: Учебное пособие. – Алматы, 2005.

         17. Соколов С.Е., Кузембаева Р.М. Тепловые электрические станции: Учебное пособие. – Алматы: Мектеп, 1980.   

18. Правила устройства и безопасной эксплуатации электроустановок Республики Казахстан: По сост. на 15 июля 2006 г. – Новосибирск: Сиб. унив. изд-во, 2006.

         19. Акимов Н.А. и др. Монтаж, техническая эксплуатация и ремонт электрического и электромеханического оборудования: Учеб. пособие. – М.: академия, 2005.

         20. Алиев И.И. Справочник по электротехнике и электрооборудованию: Учеб. пособие для вузов. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2003.

         21. Макаров Е. обслуживание и ремонт электрооборудования электростанций и сетей. - М.: академия, 2003.

         22. Объем и нормы испытаний электрооборудования: РД 34.45-51.300-97.-6-е изд., с измен. и доп. - М: НЦ ЭНАС, 2000.

         23. Сибикин Ю.Д., Сибикин М.Ю. Справочник по эксплуатации электроустановок промышленных предприятий. – 5-е изд. - М.: Высш. шк., 2002.

         24. Блок В.М. Электрические сети и системы. - М.: Высшая школа, 1986.

         25. Идельчик В.И. электрические системы и сети: Учебник для вузов. - М.: Энергоатомиздат, 1989.

         26. Электрические системы: Электрические сети / Под ред В.А. Веникова. – М.: Высшая школа, 1997.

         27. Электрические системы и сети в примерах и иллюстрациях: Учеб. пособие для электроэнергетич.  спец/ Под ред. В.А. Строева.- М.: Высш. шк., 1999.

         28. Евдокунин Г.А. Электрические системы и сети: Учебное пособие для электроэнергетических спец. вузов. – СПб.: Издательство Сизова М.П., 2001.

         29. Герасименко А.А. Передача и распределение электрической энергии: учеб. пособие. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2006.

         30. Соколов С.Е., Сажин В.Н. Эксплуатация и ремонт силовых трансформаторов. – Алматы: АИЭС, 2005.

         31. Соколов С.Е., Сажин В.Н. Эксплуатация и ремонт воздушных и кабельных линий. – Алматы: АИЭС, 2006.

 

Мазмұны 

Кіріспе........................................................................................................................3

1 Машықтануды ұйымдастыру................................................................................3

1.1 Өндірістік машықтанудың мақсаты мен міндеті.............................................3

1.2 Машықтанудың өтетін орны..............................................................................3

1.3 Машықтану барысын ұйымдастыру..................................................................3

1.4 Машықтанудың өтуін бақылау..........................................................................4

1.5 Машықтану бойынша күнделік.........................................................................4

2 Өндірістік машықтану бағдарламасы..................................................................4

2.1 Өнеркәсіптің технологиялық процесі...............................................................4

2.2 Электр жабдықтарды эксплуатациялауының жалпы сұрақтары....................4

2.3 Электрстанцияның электірлік цехі...................................................................5

2.4 Электр станцияның диспетчерлік қызметі.......................................................5

2.5 Жеке тапсырма тізімінің үлгісі..........................................................................5

2.6 Машықтануды өтудің тәртібі.............................................................................6

2.7 Машықтану бойынша есеп беру........................................................................6

3 Машықтануды ұйымдастыру................................................................................7

3.1 Өнеркәсіптік машықтанудың мақсаты мен тапсырмалары............................7

3.2 Машықтанудың өтетін жері...............................................................................7

3.3 Машықтану процесін ұйымдастыру..................................................................7

3.4 Машықтанудың өтуін бақылау..........................................................................8

3.5 Машықтану бойынша күнделік.........................................................................8

4 Электр желілік өндірістердегі (РЭК), (МЭС) өнеркәсіптік машықтанудың бағдарламасы...8

4.1 Электр тарату желілерінің қызметі...................................................................8

4.2 Қосалқы станциялардың қызметі......................................................................9

4.3 Диспетчерлік қызмет..........................................................................................9

4.4 Релелік қорғаныс пен автоматиканың қызметі................................................9

5 Электр тарату желілеріндегі (РЭС) машықтанудың бағдарламасы................10

5.1 Кабелді желілердің құрлысы, монтажы және технологиялық жөндеу жұмыстары...............................................................................................................10

6 Жеке тапсырмалар...............................................................................................10

7 Машықтануды өтудің тәртібі..............................................................................10

8 Машықтану бойынша есеп беру.........................................................................11

Әдебиеттер тізімі....................................................................................................12