АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

Электр станциялары, тораптар және жүйелер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

ЭНЕРГОЖҮЙЕЛЕРДІ ДИСПЕТЧЕРЛІК БАСҚАРУДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ

 

Лабораториялық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар

(210240 – Электр энергетикалық жүйелер және тораптар мамандығы бойынша

барлық түрінде оқитын студенттер үшін)

 

 

 

 

Алматы 2006ж.

        

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:  Н.А. Генбач, К.К.Тохтибакиев.    

Энергожүйелерді диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі.  Зертханалық жұмыстарға арналѓан әдістемелік нұсқаулар (210240 – Электр энергетикалық жүйелер және тораптар мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін) – Алматы: АЭжБИ, 2005. - 16 б.

 

 

 

 

 

 

 

          Әдістемелік нұсқауда зертханалық жұмыстардың жалпы жағдайы, олардың орындалуына және бейнелеуіне нұсқаулар енгізілген.

          Зертханалық жұмыстың жазылуы жұмыстың аты, мақсаты, жүргізу әдістемесі және ЭЕМ де есептеулер нәтижесінде алынған есептік деректерді өңдеу әдістері көрсетілген.

          Зертханалық жұмысты орындаудың бастапқы деректері және де ЭЕМ де «Rastr» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу нұсқауы берілген

                Без. ,  кесте. 1, библиогр.- 7   атау.

 

 

 

 

Пікір жазушы:  техн. ғыл. канд., проф. В.Н. Борисов

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2005 ж. жоспары бойынша басылады.

                     © Алматы энергетика және байланыс институты, 2005 ж.

 

 

 

Кіріспе

 

Энергетикалық жүйелердің «Автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі» инженер – электриктерді дайындауда бірден – бір негізгі пән болып табылады.

Зертханалық жұмыстың маќсаты - энергетикалық жүйедегі орныққан режимдерді жоспарлау және басқару бойынша студенттің бұрыннан алған теориялық білімдерін бекіту.

Зертханалық жұмыстың міндеті - энергетикалық жүйелердіњ автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесінің НЭС РК негізіндегі ауыр конфегурациялы электр берілісіндегі орныққан режимдерді басқарудағы тәжірибелерді игеру болып табылады. Зертханалық жұмыстарда электр берілісі желісінің жұмыстық және апаттық режмдерін есептеуге және энергетикалық жүйені кеңістікте қаралатын координаттар ауданының орнықтылығын (бақыланатын қималар бойынша қуат ағындары) анықтау мақсатында қосалқы жүйелерге бөлуге үлкен назар аударылған.

 

Зертханалық жұмыстарға дайындық және оларды орындау тәртібі

 

Зертханалық жұмыстарға дайындалғанда міндетті түрде әдістемелік нұсқаулар мен ұсынылған әдебиеттерді оқу керек. Ұсынылған материалды қарастырылғаннан кейін, студент зертханалық жұмыстың мақсатын және оны орындау ретін толық меңгеру керек. Содан соң зерттелінетін тораптың математикалық моделін дайындайды, яғни:

-         электр берілісі желісінің немесе электр торабының алмастыру сұлбасын

жүйеаралық энергетикалық торап (ЖЭТ) ретінде құру;

-         алмастыру сұлбасының параметлерін анықтау;

-         берілген сұлбадан өзін зерттейтін тораптың аумағын анықтау;

-         пайдаланатын программа инструкциясына сәкес берілген формат бойынша ЭВМ-де есептеу үшін берілген мәліметті дайындау.

Есептеудің нәтижесін кесте және график түрінде дайындалады.

Егер студенттің алдын– ала есептеуі және теориялық білімі болса, әр зертханалық жұмысты орындауға рұқсат оқытушы арқылы беріледі.

 

Зертханалық жұмысты қорғау

 

Зертханалық жұмысты қорғауға лабораториялық жұмыстың барлық көлемін орындаған және есептеу нәтижесін дайындаған студент жіберіледі. Есептеу нәтижесі бірдей формадағы стандарт беттерде (А4 формат) орындалады. Есеп – қара сиямен, суреттер – қарындашпен орындалады. Есептеу нәтижесінде міндетті түрде келесілер көрсетілген.

-         зертханалық жұмыстың мақсаты;

-         жұмысқа дайындық процессі;

-         жұмыстыњ орындалу тәртібі;

-         алынған нәтижелер есеп түрінде ЭВМ-де;

-         есептеу нәтижесі бойынша анализ және қорытынды:

Зертханалық жұмыстар қорғалды деп есептеледі, егер студент оқытушының қойған сұрақтарына толық жауап берсе, теориялық бөлікті және жұмысты орындауды толық меңгерсе.

 

  1 кесте  - Жұмысты орындау үшін бастапқы деректер

Вар.

 

аудан  

 

ААЭТ аталуы

  1

  2

  3

  4

  5

  6

  7

  8

  9

 3          

 6

 4

 9

 2

 7

 5

 8

 1

    Алматы

    Орталық

    Шығыс-Қазақстан

    Акмола

    Шымкент

    Батыс

    Сол -түстік

    Сарбай

    Актөбе

 

 

№ 1 Зертханалық жұмыс. Жұйе аралық энергетикалық тораптың    110 – 220 кВ электр берілісі режимінің жұмысын зерттеу.

 

          1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты

          Бұл жұмыста энерго бірлестіктердің үлкен сұлбасындасында орныққан режимдер зерттеледі. Бөлек аудандардың қуат баланстары және ағындары талданады, сонымен қатар электр тораптарындағы жүктеме бойынша кернеу және кернеудің реактивті қуаттың, қуат шығындарының мөлшеріне әсерінің статикалық сипаттамалары зерттеледі. Орныққан режимдерді талдау және берілгендерді варияциялағанда режимдерді бағалау тәжербиесі меңгеріледі.

 

1.2 Зерттелетін электр берілісінің сұлбасы

АҚ  «KEGOC» филиалының электрлік торабының режимі зерттеледі. ЖЭТ сұлбасы «Rastr» программасының папкасындағы «Mf0300» файл ретінде көрсетілген.

Аудан және ЖЭТ сұлбасы оқытушы тағайындаған нұсқа бойынша 1-ші кестеден алынады.

         

1.3 Жұмысқа дайындық және жұмыстың мазмұны

 

1.3.1 Энергетикалық жүйелерді «Автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі» пәні бойынша қажет теориялық материалды оқу «Rastr» программасының жұмыс істеу инструкциясымен танысу.

1.3.2  Нұсқа бойынша 1 кестеде көрсетілген берілгендер бойынша зерттейтін электр берілісі үшін желіні және баланстаушы түйіндерді белгілеу.

        1.3.3  Өз нұсқаңды таңдап, есептегеннен кейін графикалық редакторға кіру керек, экранға барлық түйіндерді байланыстары бойынша шығару, «Rastr» программасының инструкциясына сәйкес барлық параметрлерді орналастыру.

          1.3.4 tgφ=0 кезіндегі активті жүктеме өзгергенде есептеу жүргізу, сонымен қатар tgφ2(Q2)-нің  қатар генераторлық және баланстаушы түйіндерде тұрақты кернеу жүктеменің тұрақты активті қуаты кезінде түйін кернеуіне әсерін анықтау.

         

          1.4 Жұмысты орындау тәртібі

 

          1.4.1 Өз нұсқаға сәйкес зерттелетін аудан сұлбасын белгілеу. Мысалы, ШҚО ЖЭТ  есептегенде осы ауданға кіретін барлық түйіндер белгіленеді. Жүктемелік генераторлық және баланстаушы түйіндер арасындағы байланыстар зерттеледі.     

1.4.2 Қалыпты режимде есеп жүргізу. Есеп нәтижесін алып, алдын- ала дайындаған Word документіне сақтау. Берілгендерді талдау.

1.4.3 Графикті іске қосып, өз ауданының графикалық сұлбасын құру. Электр торабының топологиясын анықтау, яғни әр түйін үшін тағы басқа түйіндермен байлынысып, тармақ типін (трансформатор, электр берілісі желісі, ажыратқыштар және т.б.), түйіндегі жүктемені, генерацияны, шунтты жерлестіруді анықтау.

1.4.4 Графикалық есептеу сұлбасындағы берілгендерді жедел коррекциялау туралы инструкцияны оқу. Жүктеменің активті қуатын өзгерткендегі және tgφ2=0 кезінде есептеу жүргізу (жүктеме қуатын 1.0 Р2; 0.8 Р2; 0.6 Р2; 0.4 Р2; аралықта өзгерту). Есептеу нәтижесін алып, алдын- ала дайындалған Word докуменнтіне сақтау (кестелік және графикалық түрде).

1.4.5 Электр берілісі режимінің есептеулерін жүргізу, жүктеменің реактивті қуатының өлшемін және сипатын өзгерткенде генераторлық және баланстаушы түйіндердегі тұрақты активті қуат және тұрақты кернеу кезінде (1.0 Q2; 0.8 Q2; 0.6 Q2; 0.4 Q2-0.0 Q2; -0.8 Q2; -0.4 Q2-ге аралықта өзгерту).

1.4.6 Есептеу нәтижелерін кестелік және графикалық түрде сақтау керек. Алынған нәтижелерді талдап, қорытынды шығару. Қорытындыда түйіндік кернеудің өзгеруін және реактивті қуаттың тармақ бойынша ағынын, энергия шығынын көрсету. Қосалқы станциядағы жүктеменің шекті мәнін анықтау.

Керек жағдайда компенсациялаушы құрылғы қосу немесе қосалқы станцияда немесе орталық қоректендіруде орналасқан трансформатордың трансформация коэффициентін өзгерту.

 

№2 Зертханалық жұмыс. Жұйеаралық энергетикалық тораптың  110-220 кВ электр берілісінің апаттан кейінгі режимін зерттеу

 

2.1 Жұмыстың мақсаты

Күрделі тұйықталған тораптың апаттан кейінгі режимдеріне зерттеу жүргізу.

Тораптың түйіндік нүктелеріндегі активті және реактивті қуаттардың және кернеу деңгейінің ағын таралуын анықтау. Екі бақылау қимасы бойынша қуаттар ағыны алынған параметрлер кеңістігінде орнықтылық аймағын тұрғызу.

 

2.2 Зерттелінетін тораптың жүйесі

Зерттеу үшін 1- зертханалық жұмыстағы таңдалынған және шамалап есептелген жүйе алынады. Желілердің параметрлері, қоректі көздер кернеулері және алынады. Желілердің параметрлері, қоректі көздер кернеулері және жүктеменің қуаты сол қалпында қалады

 

2.3 Алдын- ала дайындау және жұмыстың мазмұны

2.3.1 Қажетті теориялық материалды оқу.

2.3.2 Берілген нұсқадағы мәндерге сәйкес 1 кесте аймақтағы тораптың параметрлерін анықтау керек.

2.3.3 Күрделі тұйықталған тораптың алмастыру схемасы графикалық редакторлық Rastr программасында құру керек.

2.3.4 Авариялық режимнен кейінгі жүктеме түйіндердегі кернеудің деңгейін активті және реактивті қуаттардың тармақтар бойынша таралуын анықтау керек.

2.3.5 Бақыланатын қималарының қуат шектерін анықтау керек

 

2.4 Жұмыс істеу тәртібі

 

2.4.1 Дайындалған есептің берілгендерін ЭВМ-нің еске сақтау қорына енгізу керек.

2.4.2 Авариялық режимнен кейінгі есептеулер жүргізу керек:

- тораптың ең көп жүктелінген басты аумағын өшіріп тастау керек;

- сұлбаның әр түрлі бөлектерінде электр берілісінің желілерін өшіру керек;

- қорек көзінің біреуін өшіру керек.

2.4.3 Есептеу нәтижесін кестелік және графикалық түрде сақтау керек. Шыққан нәтижені анализдеу және қорытынды жасау. Шықпадағы түйіндік кернеудің өзгеруін көрсету керек, тармақтағы активті және реактивті қуаттардың ағынын, энергия шығынын көрсету керек. Қосалқы станциядағы шекті жүктеменің мәнін анықтау керек.

ЭБЖ, трасформатор, генераторды сөндіргеннен соң пайда болатын ауыр авариядан кейінгі режимдер туралы ақпаратты жұмыстың нәтижесінен алуға болады және олардың қалыпты режимнің орнатылуына рекомендация беріледі.

Бақылайтын координат аумағында орнықтылық облысын құру керек.

 

 

 

 

 

А қосымшасы

 

Rastr программасы көмегімен тораптың таңдалған нұсқасы жұмыс режимін есептеу.

Rastr программасы жүйесі ПЭВМ IBM PC-дегі электр жүйесі және сонымен байланысты қалыптасқан режимдерді анализдеу және есептеу үшін арналған. Rastr эквиваленттелінген және қиындатылған режимдерді есептеуге мүмкіндік береді, экрандық енгізу берілгендерді коррекциялау, жүйенің түйіндері және тармақтарын тез арада сөндіру ықпалдықтарымен қамтамасыз етеді. Тораптарды аудандандыру ықпалдығы, жүйенің графикалық көрсеткіші немесе олардың практикалық кез-келген есептеу және берілу параметрлері бар бөлек фрагменттері.

 

А.1 Rastr –ды жіберу (запуск)

 

rastr- жүктеуі бар соңғы жүйе

rastr- <аты>- жүктеуі бар файл <аты>;

rastr- жұмыс файлының қалыптасуымен бірге.

 

А.2 Басты меню

 

Rastr- ды жүктегеннен кейін Сіз негізгі командалар берілген басты менюге кіресіз. Меню бойынша орын ауыстыру үшін:

а) курсордың орын ауыстыру батырмасы, <Enter> берілген командаға кіру, <Esc> шығу;

б) функционалдық батырма – сіз қай жерде болмасаңыз, Alt батырмасымен горизонталды менюдің түсті әріппен ерекшеленуімен бірге басу бұл команданы іске асыруына әкеледі. (орысша (!) кирилица және тіркеуге тәуелсіз әріптері берілген батырманы қолданыңыз). Мысалы, Alt Д/В/У- программаның кез-келген жерінен «түйін» кестесіне әкеледі. F1-F10 батырмасы менюге кірмейтін командаларды орындау үшін қолданылады. Олардың анықтамасы экранның соңғы жолында көрсетілген, ал Alt F1-F10 батырманың анықтамасын Alt батырмасын басу арқылы көруге болады;

в) тышқан – инверсивті курсоры бар түспен ерекшелінген орын екі кнопкалы тышқан қолданылады, тышқанның сол жақтағы батырмасын басу программалық курсорды берілген орынға орын ауыстыруға әкеледі, ол сол жақ батырманы («клик») тез екі рет бассаңыз, берілген команданы орындауға әкеледі. (Enter-ге ұқсас).

Экранның соңғы жолындағы сол батырманы басу арқылы тиісті команданы орындауға бара аласыз (Alt кнопкасын басудан тәуелді). Тышқанның оң батырманы Esc батырмасы сияқты қолданылады.

«Скрыть» - файлға басқа парольмен кіруге болмайды. «Нормально» - барлық қолданушыларға оқу және жазып алуға рұқсат етілген. Атрибуттарды орнату DOC-файл атрибуттарына әсерін тигізбейді.

F10 – Rastr жұмысын аяқтау.

Alt F10 – кеңейтілген протоколды көрсету. 

 

F2, F3 –командаларын орындаған кезде файлдың аты MS DOC ережелеріне тиісті кеңейтусіз енгізіледі (бірден сегіз символға дейін). Файлдың аты маска түрінде болуы мүмкін (символдар * ?), бұл кезде жұмыс каталогындағы және таңдалған маскаға тиісті экранда режимді файлдар туралы ақпарат пайда болады. Курсорды басқара отырып қажеттіні таңдап алуға және жүктеу (Enter) немесе жоюға (Del) болады. Жүктелген файлдың сипаттамасы экранның бірінші жолында көрсетіледі және келесі ақпараттардан тұрады: файлдың аты, жүйенің аты, түйіндер, тармақтар, аудандар сандары, килобайттағы мөлшер, құрылған күні және уақыты.

Жүктелген файлды жұмыс каталогында сақтау үшін F2-басу керек және қажет болса атын өзгертуге болады. Кеңейтілген протокол (Alt + F10) программаның кез-келген жерінен орындалады және орындалған команданың нәтижелері туралы толық ақпарат алуға болады.

 

А.3 «Берілгендер» командасы

 

Берілгендер көмегі барлық операцияларды орындауға мүмкіндік береді.

 

А.3.1 <<Енгізу/кор>> қосалқы командасы

 

Экранды енгізу, коррекция, берілгендердің бейнесін шығарады.

Бұл қосалқы команданы енгізгеннен кейін Сізге қажетті объекттердіњ «түйіндер», «аудандар», «тармақтар», «полиномдар» типтерін таңдау және Enter –ді басу керек. Содан кейін сіз тиісті кестеге кіресіз.

TAB-келесі бағана;

Shift TAB-өткен бағана;

PGDN-алдыңғы парақ;

PGUP-артқы парақ;

Ctrl PGUP-кестеніњ басы;

Ctrl PGDN-кестеніњ соңы;

Кестеде тышқанның сол кнопкасы керекті позицияға курсорды орын ауыстыру үшін қолданылады, экранның бір аумағынан сол батырманы ұзақ басу экранды жоғары, төмен, оңға солға орын ауыстыруға мүмкіндік береді. Оң батырманың жұмысы менюге тиісті (Alt F7) беруге болады.

 

А.3.2 Функционалдық батырмалар

 

Alt F7- келесі кестені басып шығару. Мұнда қатарлар ғана шығарылады (меню F3) басып шығаруда берілген максимал ені қолданылады;

Alt F8- кестедегі жолды жою;

Alt F9- тышқанның оң батырмасына келесі орындалатын функцияны бергенде меню шығады, одан керекті функцияны таңдап алсақ болады: іздеу, қосып/өшіру, белгілеу/белгіні өшіру, жолды белгілеу;

Alt F10- кеңейтілген протоколды көрсету.

Esc- менюден шығу.

 

А.3.3 Берілген форматы:

 

а) «Түйін»

Район-районның нөмірі, оған келесі түйін жатады [1-255];

Нөмір- түйін нөмірі [1-255];

N- статикалық мінездеме нөмірі [0-32000];

О- берілмеген, 1,2-стандартты;

3-32000 – «Полиномы» кестесіне қолданушының өзі береді;

Аты-түйін аты [0-12 символдар];

Uном- номинал кернеу;

Pнаг, Qнаг-қуат жүктемесі;

Pген, Qген-генерация қуаты;

Qmin, Qmax- реактив қуатының генерация ауқымы, ол түйінде модульданады, егер Qmin< Qmax.

Gшунт, Bшунт- шунттың жерге өтімділігі (мк Сим)

V,Delta – кернеу бұрышы және моделі.

Xг – генератор кедергісі;

 

б) «Тармақ»

Nнач, Nкон- түйін нөмірі.

          Nп- параллелді нөмір;

          R,X – кедергі;

          GB - өткізгіштік (мк Сим) ЭБЖ – үшін толық шунт өткізгіші П-түрлі схема (В<0)

Kт/в, Kт/m- заттың және жалған бөлігінің трансформация коэфициенті.

Тармақ кедергісі Uнач кернеуіне, ал трансформация коэффициенті Uкон/ Uнач анықталады. Нөлдік кедергісі бар тармақ берілген кезде ажыратқыш ретінде қабылданады;

 

в) «Райондар»

Нөмір-район нөмірі

Аты-аты (0-12 символдар)

dPн, dQн, dPг – коэффициент, бұған райондардың қуаты көбейтіледі;

г) "Полиномдар"

СХН-СХН нөмірі

P0,P1,P2,P3 –актив қуатының жүктемедегі полином коэффициенті.

Q0,Q1,Q2,Q3 –реактив қуатының жүктемедегі полином коэффициенті.

Полиномдар – полиномдық коэффициенттер төртінші дәрежеде беріледі.

СХН түрлі стандартты полиномдар мынандай болады:

N=1,2       P0=0,83         P1=0,3        P2=0,47

N=1         Q0=3,7          Q1=7          Q2=4,3

0815<U/Uном<1,2

N=1,2       Q0=1,49                       егер U/Uном>1,2

N=1         Q0=0,721       Q1=0,158  егер U/Uном<0,815

N=2         Q0=0,657       Q1=0,158   егер U/Uном<0,815

 

А.3.4 «Бақылау» қосалқы командасы

Базамен байланыспаған түйіндердің, түйіндерсіз байланыстың және байланыссыз түйіндердің сұлбасында бар болуын тексеру. Мұндай объектілердің барлығы сөндіріледі. Түйіндердің номиналдық кернеуімен трансформаторлық коэффициентінің сәйкестенуі бақыланады. Керекті жаѓдайда баќылау есептеулерде автоматты т‰рде орындалады. Бақылау нәтижелері туралы ақпарат кеңейтілген протоколға енгізіледі, оны әр уақытта Alt10 батырмасын басу арқылы қарауға болады.

 

А.4 «Нәтижелер» командасы

 

А.4.1 «Түйіндер» қосалқы командасы

ПЕЧ Р КУРСа сияқты есептелінеді. PGUP, PG DN батырмаларын басу арқылы кестені көре аласыз; кестелерді парақтау үшін, бір түйінде орын ауыстыру үшін. Түйіндік байланыстардың барлығы экранда көрсетіледі. Сізге керекті түйінге тікелей өту үшін, оның нөмірін жазып Enter-ді басу керек, егер мұндай нөмірлі түйін жоқ болса, орын ауыстыру мүмкін емес. Кестенің басына өту үшін Ctrl^PGUP батырмасын, ал аяғына өту үшін Ctrl^PGDN батырмасын басу керек. Аудан өрісіне ауданның нөмірін енгізгенде тек қана сол ауданға кіретін түйіндер белгіленеді, жүйеаралық желілер басқа түспен бейнеленеді, түйінді іздеу берілген ауданда ғана орындалады. Көру режиміне өту үшін аудан нөмірін өшіріп Enter-ді басу керек. Белгіленген түйіндерді көру үшін F9 батырмасын басу керек, қайталап басқанда барлық сұлба көрінеді:

Бір түйіннен екінші түйінге тез өту үшін тышқанның оң батырмасын қолданамыз, түйіндердің нөмірі бар жолды басқан кезде экрандағы байланысы бар түйіндердің пайда болуына әкеледі.

а) басып шығару функциясы:

F7- бір түйіндегі ақпаратты басып шығару (түйін нөмірі, экрандағы белгіленген бірінші жол).

F8- таңдап басып шығару. F8 басқаннан кейін таңдалған түйіндердің тізімінің мұқтажы басып шығарылады. Тізімді енгізгеннен кейін бұйрық орындалу үшін Enter-ді басу керек, ал одан бас тарту үшін Esc батырмасын басу керек. Енгізілген тізім келесі жұмыста сақталады. Оны стандарт кілттер арқылы коррекциялауға болады. Режимді қиындату қолданғанда бұл тізім  түйін тізімімен сәйкес келетінін ескеру керек;

б) қосымша функциялар.

F3- аудандар кестесіне көшу;

F4- шығын кестесіне көшу.

 

А.4.2 «Шығын» қосалқы командасы

 

Бұл қосалқы команда берілген аудан немесе барлық торап бойынша актив және реактив қуат шығындарын структуралық талдауға арналған.

Кестені басып шығару үшін – F8.

Қосымша функциялар: F2- түйін кестесіне көшу;

                                      F3- райондар кестесіне көшу.

 

А.5 Сұлбаны аудандастыру

 

Энергоқұрылымдардың үлкен сұлбасының режимін есептеуде бөлек аудандар және олардың арасындағы ағындардың қуат баланстарын талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, осы МЭС-ке кіретін тораптағы түйіндерді шығыс МЭС-тің режимдерін есептеген кезде бөлу керек.

ЭС-тің әрбір түйінін аудан өрісі арқылы RASTR программасына белгілі ауданға жатқызуға болады. Нөмір ауданы – бұл диапазондағы тұтас сан -1-255, алаңды тез және ауданды толтыру үшін мына топтарды қолдану керек. Курсорды колонкадағы ауданға орналастырып және Alt+F1 командасын орындаймыз. Мысалы түйінді апару үшін 1-ден 200, 400-ден 500 сонымен бірге 30 және 66 түйіндерін бірінші ауданға алу керек.

1-200,400-500,30,66-1.

Тең таңбасынан кейін өзіне керек ауданның нөмірі көрсетіледі.

Ввод/Кор менюінде Аудан кестесі орналасқан, соған келесі информацияларды енгізуге болады:

Нөмір-аудан нөмірі;

Аты-аудан аты (0-12 символдар).

 

 А.6 График

 

RASTR программасында түйіндерді көлденең немесе түзу сызықтармен оларды символдық фигура түрінде, батарея конденсаторлар түрінде көрсетуге болады. Шина түйіндегі секцияға бөлінеді, олардың әрқайсысына жалғасқан тармақтарды немесе фигураларды қосуға болады. Әрбір секцияға екіден кем емес жалғауларды қосуға талпынды, мысалы көлделең ориентация кезінде шина жоғары немесе төмен, көлденең орналасқан және әр түрлі секцияға қосылуы.

Әрбір тармақта өзінің бастапқы және соңғы нөмірі болады, осы нөмірлер Ввод командасы арқылы экранға автоматты түрде шығады.

Сұлбаны шығарып алу үшін оған арнайы элементтер орындалады.

Түстер аудандарды, белгілеп алған түйіндерді және сызықты, сонымен қатар дайындалған МЭС түйіндер схемасын бөлуге қолданылады;

қалыңдығы орташа кернеуді бөлуге қолданылады;

тұтас немесе үзік – үзік сызықтар қосылған немесе өшірілген элементтерді бөлуге қолданылады.

Текст алаңы информациямен толтырылған, түйін тармағымен немесе қойылған жазуды байланыстыру.

Графикті қосу алдында с±лба мен графикті  бейне түрінде компьютер экранына құрастыру. Программамен жұмыс істеуге рұќсат үлгісін мұғалімнен алу керек.

Тышқан редактор тақтасымен жұмыс жасаудың және нәтиже аларда өз ерекшелігі болады.

Экранның бірінші тармағына қате туралы хаттама орналасады және алдын – ала ескертпе шығады, егер ол болса. Анықтаманың түрлері:

<kod> - <v> - <текст> (Y/N),

kod – модульдің аты, берілген хаттама;

v –хаттама түрі;

W – ескерту;

E – қате;

F – фатальдық қате.

Хаттама пайда болысымен міндетті түрде Y жүргізу, егер сіз келіссеңіз, немесе басқа жағдайда оны кез – келген батырмамен аяқтау.

F1 – ді міндетті түрде активтендіру үшін бағдарламаның баллық жағдайында контексттік жүйесі іске асады, нұсқау мазмұнын шығару үшін F1 міндетті түрде қатарынан басу қажет.

Сізден бірнеше команданы орындау үшін қосымша анықтама орындауды қажет етеді (файылдың аты, тізбе), сіз барлық жағдайда барлық батырманы орындау курсорының шығу көмегімен басқара аласыз, және

Ins – пробел қою,

Del – курсор үстінде символды өшіру,

Bsкурсор алдында символды өшіру,

Ctrl^Bs – барлық тексті өшіру,

Home – курсор басында,

End – курсор соңында.

 

а) бас менюдің функционалдық батырмасы:

F1 – HELP, қайталау – мазмұн  HELP,

F2 – режимдік файлды сақтау,

F3 –  режимдік файлды жүктеу,

F4 – өтпелі дискті өзгерту,

F5 – өтпелі тізбекті өзгерту,

F6 – видеорежимді өзгерткенде ол стандарт видеорежимін (экранның  25 тармағын) EGA (43 - тармақ), режиміне VGA (50 тармақ) және керісінше ауыстырып қоса алады.

F7 – өтпелі сызбаның (схема) атын таңдау,

F8 – файлға жіберілетін жиынтық ушін пароль таңдау,

F9 – өтпелі сызбаның салаларын орнату (оның салалары өзгергеннен кейін оны сақтау қажет) оның салалары тек парольмен жұмыс істегенде ғана маңызды.

 

F2 – ауыстырып қосу режимі коррекция / қарап шығу, көру режимінде барлық мүмкіндіктер коррекцияға кілттенген;

F3 – менюдегі салалардың бағаналар ауысуы, бұл менюде Ins көмегі бойынша әр түрлі алаңдарды экранда ауыстыру, ал Del әрбір бағананы экранда жауып тастауға қолданылады. Enter – калонка мен бейнеленген сандардың ара қашықтықты өзгерту. Esc – менюден шығу;

F4 – түйін немесе тармақты іздеу;

F5 – базалық түйінді таңдау / алып тастау;

F6 – таңдаған түйінді немесе тармақты қосу / өшіру;

F7 – белгілеу / белгіні алу / тармақ;

F8 – бас тармақты қосу;

F9 – тармақты қайталау;

F10 – кестеден шығу.

Alt F1 – түйіндер мен тармақтардың топталу тапсырмасы, маркер сол бағанада орналасу керек, элементтерді корректорды қажет етеді. Тармаққа кіру мына түрмен кіруді қажет етеді:

<таңдау> =[белгі]<мән>,

таңдау деген жерде – нөмір немесе диапазон түйін нөмірлер, нөмірлер үтір арқылы, ал диапазон – дефис арқылы айырылады.

Белгі + - алдыңғы параметрге қосылу;

* - параметрге көбейту;

\ - қайтымды бөлу;

/ - параметрді бөлу.

Параметрде белгінің болмауы, тапсырмада қойылады.

Мысалы: 10, 20, 100, 200, 56=100 түйін параметрлері 10, 20, 56 мен диапазонда 100- ден 200- ге, 100- ге тең қойылған.

10, 20, 100 – 200 =*1.2 параметрлер 1,2 түйіндерінде көбейтіледі.

Тармақпен жұмыс істер алдында, тармақ облыс коррекцияға, бір түйіннің байланысуы таңдауға түсу керек.

Alt F2 – топтық коммутациялы немесе түйіндер мен тармақтарды белгілеу меню байланысуы шығады, керек коммутацияны таңдап алып, содан меню таңдауын, қажет еткен таңдауды белгілеу.

Alt F3 – қажет еткен түстер редакторын таңдап қою. Таңдаған кезде барлық түстер файлмен бірге сақталады.

Alt F5 – меню коммутациясы түйіндер мен тармақтардың күрделі коммутацияны жасап шығарады.

Түйіндерге байланысты шунттарды жерге өшіруге, генерация мен жүктемені өшіру, реттеуді Q өшіру, түйіннің барлық қажетті байланысын өшіру, сонымен қатар кез – келген орынды өшіру.

        Тармаққа байланысты тармақты басында өшіру, соңында толық тармақтың өшуі.      

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

 

1.Автоматизация диспетчерского управления в электроэнергетике. В.А. Баринов, А.З. Гамм, Ю.Н. Кучеров и др.: под ред. Ю.Н. Руденко и В.А. Семенова. -  М.: Издательство МЭИ, 2000.

2.Электрические системы: Автоматизированные системы управления режимами энергосистем. Богданов В.А., Веников В.А., Лучинский Я.Н. и др.: под ред. Веникова В.А. - М.: Высш. школа 1979 .

3.Автоматизация управления энергосистемами. Горчуков В.В.,  Горнштейн В.Н. и др.; под ред. Совалова С.А. - М.: Энергия, 1979 .

4.Управление энергосистемами для обеспечения устойчивости. Портной М.Г., Робинович А.В, - М.: Энергия, 1978.

5. Блок В.М. Электрические сети и системы. – М.: Высшая школа, 1986.

6. Идельчик В.И. Электрические системы и  сети: Учебник для вузов. – М.: Энергоатомиздат, 1989.

7. Электрические системы и сети в примерах и иллюстрациях: Учеб. пособие для электроэнергетич. спец./ Под ред. В.А. Строева.- М.: Высш. шк., 1999.

8. Евдокунин Г.А. Электрические системы и сети: Учебное пособие для студентов электроэнергетических спец. вузов. – СПб.: Издательство Сизова М.П., 2001.

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

№1 Зертханалық жұмыс  ………….………………………………………........4

№2 Зертханалық жұмыс ....…………………………………………..................6

А қосымшасы ........………………………………...............................................8

Әдебиеттер тізімі   ………….................................................................................16

 

 

 

 

                                                              

                                                    

Жин. жоспар 2006ж., поз. 43

 

 

 

Наталья Алексеевна Генбач

Кармель Кемилович Тохтибакиев

 

 

 

ЭНЕРГОЖҮЙЕЛЕРДІ ДИСПЕТЧЕРЛІК БАСҚАРУДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ

Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар

(210240 – Электр энергетикалық жүйелер және тораптар мамандығы бойынша

барлық түрінде оқитын студенттер үшін)

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы  Ж.А. Байбураева                                     Пішімі60х84 1/16

Басуға қол қойылды __________                              №1типография қағазы

Тиражы 50 дана.                                                          Тапсырыс №

Көлемі 1,8 оқу – басп.т.                                              Бағасы 58 тенге

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс

институтының көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013, Байтурсынұлы к-сі, 126