АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Электр станциялары, тораптары мен жүйелер кафедрасы

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАЛАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

Алматы 2002 

ҚҰРАСТЫРУШЫ Ж.С. Абдимуратов,  Э.К.Кожамкулов,  Г.Х. Хожин..2102 – электр энергетикалық жүйелер мен тораптар мамандығы үшін дипломдық жобаны (жұмысты) орындауға әдістемелік нұсқаулар.

 

Осы әдістемелік нұсқауларда 2102 – электр энергетикалық жүйелер мен тораптар мамандығы бойынша дипломдық жобалауды жүргізу және ұйымдастыру бойынша негізгі мағлуматтар берілген. Сонымен бірге дипломдық жобаның қысқа мазмұны көрсетілген.

 

Кіріспе 

          Бұл әдістемелік нұсқау 2102- электр энергетикалық жүйелер мен тораптар мамандығы бойынша барлық оқу түрінде оқитын диплом жазушы студенттерге, дипломдық жобалаудың жетекшілеріне, дипломдық жобаға (жұмысқа) кеңес берушілерге, пікір жазушыларға және дипломдық жобалауды ұйымдастыру мен өткізушілерге қатысты басқа да адамдарға арналған.

          Әдістемелік құрал дипломдық жобалау бойынша нұсқаулық нормаларға, «Мемлекеттік  квалификация комиссиялары туралы Ережелерге» және ТМД елдерінің алдыңғы қатарындағы ЖОО- ның оқу әдістемелік құралдарына сәйкес құрастырылған.

          Әдістемелік нұсқаудың мақсаты - диплом жазушы студенттерге өздерінің дипломдық жобаларын (жұмыстарын) орындаған, баяндаған және қорғаған кезде, сонымен бірге дипломдық жобаның (жұмыстың) жетекшілері және оған кеңес берушілер, пікір жазушылар және МКК мүшелері дипломдық жобаларға (жұмыстарға) бірыңғай нұсқаулық талаптар жасап бағалаған кезде көмек беру болып табылады.

 

1             Дипломдық жобалаудың міндеті

 

Дипломдық жоба (жұмыс), студенттің инженерлік қызметке дайындығын дәлелдеу мақсатындағы дербес инженерлік жұмысы болып табылады.

Дипломдық жобаның жас маманды қалыптастыруда маңызды мәні бар. Ол студенттің ЖОО-да оқуын қорытындылайтын кезеңі болып табылады. Бұл кезеңдегі процесте төмендегілер көзделеді:

-         теориялық білімдерін тереңдету мен кеңейту;

-                     техникалық әдебиетпен және де өндірістік нұсқаулар және нормалар мен танысу және оларды қолдана білуді үйрену;

-                     инженерлік есептерді шешудің теориялық, есептік, тәжірибелік, графикалық және басқа тәсілдерін үйрену және оларды өз бетімен дәлелдеуді игеру;

-                     дипломдық жобада (жұмыста) қабылданған шешімнің экономикалық тиімділігін бағалай білуге үйрету;

-                     тақырып бойынша жинаған материалдарды сауатты түрде баяндай білуді үйрену;

-                      студенттердің нарықтық қатынастар жағдайында өз алдына жұмыс істеуге дайындығын анықтау.

Мемлекеттік квалификация комиссиясы дипломшының орындаған дипломдық жобасы (жұмысы) үшін инженер квалификациясын беретін квалификациялық материал болып табылады. Сондықтанда, әрбір дипломдық жобада (жұмыста) автордың инженер сапасында ашқан шығармашылық бөлімі болуы керек.

Әрбір студент дипломдық жоба (жұмыс) тақырыбына сәйкес дипломдық жобалауды (жұмысты) орындау процесінде жобалық немесе зерттеулік есептерді оқу процесінде алған білімдерін пайдалана отыра өз бетінше шешуге міндетті.

Дипломдық жобалауда осы облыстағы еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі талаптары орындалған және ғылым мен техниканың жаңаша экономикалық деңгейіне негізделген инженерлік шешімдері болуы керек.

Диплом жазушы студент дипломдық жобада (жұмыста) қабылданған шешімдерге, сызбалардың, сұлбалардың, плакаттардың және түсіндірме жазбаның дұрыстығына, барлық есептеулердің сапасына, жалпы және техникалық  сауаттылығына өзі жауап береді.

Дипломдық жобаның (жұмыстың) жетекшісі, студентпен бірге, жұмыстың уақытында орындалуына және Мемлекеттік квалификациялық комиссияда (МКК) табысты қорғалуына жауап береді.

Егер біреудің орындап кеткен жұмысына өзінің жетілдіріп өңделген жұмысын енгізбесе ол жұмысты қайталауға болмайды.

Дипломдық жоба (жұмыс) тақырыптары қандайда бір себептермен ғылым, техника мен өндірісте кең дамымаған бағыттарда іздеушілік сипат  алса дұрыс болар еді.

Дипломдық жоба (жұмыс) уақытында орындалмаса немесе қорғау нәтижесі қанағаттанарлықсыз деп табылған жағдайларда, студент сол жұмыстың комиссия анықтаған жерлерін жетілдіріп қайта қорғауға жіберілеме немесе маман дайындаушы кафедра белгілеген жаңа тақырыппен жұмыс істеуге міндетті ме, оны МКК анықтайды.

Дипломдық жобаны (жұмыс) қорғаған кезде қанағаттанарлықсыз баға алған студент, ЖОО-дан шығарылады және жас мамандарға қойылатын тәртіппен жұмысқа жіберіледі. Бұл жағдайда, студентке, тапсырған  пәндері көрсетілген куәлік беріледі.

Дипломдық жобаны әр түрлі себептермен уақытында қорғамаған студент,  оқуды бітіргеннен кейінгі  3 жылдың ішінде, кафедра ұсынысы бойынша ректор бекіткен мерзімде қайта қорғауға жіберіледі. Бірақ  ол жұмыс орнынан (егер өз мамандығы бойынша жұмыс істесе) жақсы мінездеме алып келуі керек.

  

2  Дипломдық жобаларды (жұмыстарды) дайындау және қорғау тәртібі

 

          Дипломдық жобалаудың алғашқы күндері студент, декан қол қойған факультет өкімімен бекітілген жетекшісімен бірігіп, жобалаудың күнтізбелік графигін құрастырады. Дипломдық жобалау мерзімінде, жетекшінің хабарлауы бойынша, бітіртуші кафедра жобаның орындалуына бақылау жүргізеді. Жобалаудың орындалу пайыздары “студенттердің жұмыс графигі” тақтасына жазылып отырады.

Дипломдық жоба жетекшісінің ұсынысы бойынша кафедраға, қажет болған жағдайда, дипломдық жобаның жеке бөлімдері бойынша кеңесшілерін шақыруға болады.

«Адам өмірінің қауіпсіздігі» және «экономика» бөлімдері бойынша АЭжБИ дің сәйкес кафедраларындағы оқытушылары тағайындалады. Бұл бөлімдердің кеңесшілері сәйкес бөлімдердің орындалуын тексереді және титулдық параққа және тапсырмаға өз қолдарын қояды.

Кеңесшілер мен студенттің қолдары қойылып толығымен аяқталған дипломдық жоба (жұмыс) кафедра қарауына беріледі. Алдын-ала қорғау деп аталатын процессте диплом жазушы студент кафедра оқытушыларынан тұратын комиссияға өз жобасының мазмұнын баяндап, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. Кафедра, кейбір жағдайларда жетекші шешіміне қарап, студентті алдын-ала тыңдамай қорғауға жіберуіне болады.

Алдын-ала қараудың нәтижелері бойынша студенттерді МКК алдында жобаларды (жұмыстарды) қорғауға жіберу (жібермеу) мүмкіндігі  туралы  кафедра шешім шығарады.

Орындалуы аяқталған, яғни жетекшінің, кеңесшілердің және нормалық бақылауды жүргізген оқытушының қолдары қойылған дипломдық жоба (жұмыс) кафедра меңгерушісіне ұсынылады, ол қорғауға жіберу мәселесін түпкілікті шешеді.

Бітіртуші кафедраның меңгерушісі қолын қойып,  қорғауға жіберілген дипломдық жоба деканға рецензияға жіберіледі.

Дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау үшін Мемлекеттік квалификациялық комиссия тағайындалады. МКК құрамы және дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау күндері институттың бұйрығымен бекітіледі және МКК хатшысы арқылы студенттер мен комиссия мүшелеріне хабарланады. Дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау бұқаралық болып табылады. МКК отырысына институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, энергожүйелер өкілдері, студенттер және басқа да келуге тілек білдірушілер шақырылады.

Дипломдық жобаларын (жұмыстарын) қорғаушы дипломшылар МКК басталмай 10-15 минут бұрын келу керек және хатшыға түсіндірме қағаздарды, жетекшінің сын-пікірі мен пікір жазушылардың рецензиясын тапсыру керек, сонымен бірге сызбаларды немесе басқа көрсету материалдарын дайындау керек.

Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға төмендегілер кіреді:

а) студенттің баяндамасы;

б) жетекшінің сын пікірін тыңдау;

в) жобаға жазылған рецензияны тыңдау;

г) рецензияда көрсетілген ескертулерге студенттің жауабы;

д) МКК мүшелерінің және қорғауға қатысушы адамдардың сұрақтарына студенттің жауабы. Бұл кезде,  студентке, жоба бойынша немесе одан тыс теориялық және практикалық сипаттағы кез-келген сұрақтар қойылуы мүмкін.

Дипломшының баяндамасы 10-15 минутқа есептелуі керек. Баяндамада жеке деталдарға және принциптік емес мәселелерге тоқталудың қажеті жоқ.

Осыған орай, дипломшы өз баяндамасын жетекшімен келісе отырып, нақты тақырыптарға қысқаша түрде құрастыруы керек.

Жобаны қорғағаннан кейін МКК жабық отырыста нәтижелерді талқылайды. Қорғалған жобаның бағасын және дипломшы –студентке инженер-электрик квалификациясын тапсыруды МКК мүшелерінің көпшілігі дауыс беруі  арқылы  шешеді. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Қорғау нәтижелері “өте жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық” және “қанағаттанарлықсыз” бағаларымен бағаланады.

Оқу жоспарының 75 %  тен кем емес пәндері бойынша емтихандар мен курстық жұмыстарды “өте жақсы” деген бағаға тапсырып, дипломдық жобаны (жұмысты)  “өте жақсы” бағасымен қорғаған студентке ерекше үздік диплом беріледі, бұл туралы МКК протоколына жазылады.

Ғылыми жұмыстарға ерекше қабілеттілігін көрсеткен студентке МКК магистратураға, аспирантураға түсуіне ұсынуы мүмкін, бұл туралы да МКК протоколына жазылады.

МКК төрағасы шешімдер нәтижесін МКК ның ашық отырысында жариялайды, оған дипломды қорғағандар және басқа да адамдар қатысуына болады.

 

3        Дипломдық жобалардың (жұмыстардың) тақырыптары және мазмұны

 

Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын кафедра, сонымен бірге электр тораптары мен жүйелері кәсіпорындары, конструкторлық және технологиялық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу институттары ұсынады. Студенттердің таңдауы бойынша алынған тақырыптар, кафедра басшылығы және декан қол қойған факультет бойынша өкіммен бекітіледі.

Дипломдық жоба тақырабына келесі талаптар қойылады:

- жоба (жүмыс) міндетті түрде өзекті және нақты мәселені шешуге бағытталуы керек. Алынған нәтижелер энергожүйеге тікелей енгізуге жарамды болғаны жөн;

- жоба жаңалықтарға ие болу керек және электроэнергетикадағы электротехникалық құрылғылардың немесе технологиялық процесстердің жаңадан жасалуын, бұрынғы құрылғылардың (немесе жобаланып жатқан құрылғылардың) модернизациясын немесе жетілдіруін қамту керек;

- жоба міндетті түрде белгіленген уақытта орындалуы керек;

- жоба студентке инженер-электрик квалификациясын беру міндетіне сәйкес болу керек. Сондықтан жоба тақырыбы, дипломшыдан жақсы теориялық дайындықты, салмақты есептік (оның ішінде ЭЕМ-ді қолдана білу), конструкторлық, тәжірибелік қабілеттілікті және энергетикадағы технологиялық процесстерді білуін талап ететіндей, жеткілікті түрде кең болуы керек;

- жобаның тақырыбын қалыптастырған кезде дипломшыны қажетті тәжірибелік қондырғылар және есептеу техникасымен қамтамасыз етуді ескерген жөн.

Дипломдық жобаның дипломдық жұмыстан айырмашылығы мынада, дипломдық жобада нақты құрылғына дайындауға құжаттамалар нәтижесі болады. Дипломдық жұмыс, ғылымға жаңа ақпарат беру нәтижесі болып табылатын, электротехникалық құрылғыны зерттеу (теориялық, есептік немесе тәжірибелік) мәселесін шешеді. Дипломдық жүмысты (дипломдық жоба орнына) орындауға, институтта оқу мерзімінде орташа баллы 4 тен  төмен емес және ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан студенттерге рұқсат етіледі. Ол үшін, дипломдық жұмыс тақырыбы факультет кеңесінде бекітіліп, факультет деканының ұсынысы бойынша ректордың рұқсаты болуы керек. Дипломдық жұмысты орындаған кезде міндетті түрде компьютерді қолдану керек.

Төменде 2102 мамандығының студенттері орындайтын дипломдық жобалардың кейбір тақырыптары келтірілген. 

 

3.1   Энергожүйенің  негізгі электр тораптарын дамыту жобасы

  

Жобаға бастапқы берілгендер:

а) Энергожүйедегі  кернеуі 110 кВ және жоғары болған электр тораптарының карта-схемасы;

б) Энергожүйедегі электр тораптарының, электр станциялары мен қосалқы станциялары элементтерінің негізгі параметрлері көрсетілген электр тораптарының принципиалдық схемасы;

в) Сапа көрсеткіштері, қуат ағындары өзгерісінің рұқсат етілетін деңгейлері,  схема сенімділігі, қуат шығынының деңгейлері;

г) Бұрыннан бар және қайта енгізілетін қоректендіру көздерінің сипаттамасы;

д) Ауданның климаттық жағдайы туралы мағлуматтар.

 Жобаның  мазмүны және шамаман қарастырылатын бөлімдер тізбегі:

1) Энергожүйедегі тораптардың жүктелуі, кернеудің  реттелу шарттары, «осал» орындарының табылуы және т.б. тұрғыдан қарап талдау жасау және жаңа ЭЖЖ мен қосалқы станциялардың қажетті құрылыстарын негіздеу;

2) Таңдалған вариантты техника-экономикалық негіздеу мен сандық және сапалық болжамын жасай отыра бизнес- жоспарды құру;

3) Энергожүйедегі электр тораптарының дамуына таңдалған варианты үшін қалыптасқан жұмыс режимдерінің электрлік есептеулері;

4) Реактивтік қуаттың балансын құру және тораптың түйіндік нүктелеріндегі кернеуді реттеу шарттарын шығару, реактивтік қуат көздерінің орналасу мақсаттылығын негіздеу;

5) Жобаланған тораптың түйіндік нүктелеріндегі қысқа тұйықталу токтарын есептеу, қосалқы станциялардың біреуіне негізгі жабдықтар мен коммутациялық аппаратураны таңдау (ереже бойынша энергожүйенің түйіндік қосалқы станциясына);

6) Энергожүйе торабында апаттан кейінгі жұмыс режимдерінің статикалық орнықтылығын есептеулеріне тексеру жүргізу;

7)  Дипломдық жобаның арнайы бөлімі;

8) Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.

  

3.2 Энергожүйенің орнықтылығын зерттеу және апатқа қарсы автоматиканы таңдау

 

          Жобаға бастапқы берілгендер:

а) Қарастырылатын энергожүйенің карта-схемасы;

б) Энергожүйедегі электрлік қосылыстар схемасы;

в) Істеп тұрған қосалқы станциялардың сипаттамасы және негізгі құрылғыларының параметрлері (генераторлардың, трансформаторлардың электр тораптарының түрлері, қуаттары);

г) Кешендік жүктемелер түйіндерінің сипаттамалары ( қозғалтқыш-тардың түрлері, күштік және жарықтық-тұрмысты жүктемелер арасындағы  қатыныстар, асинхронды және синхронды қозғалтқыштар параметрлері және олардың пайыздық қатыныстары);

д) Апатқа қарсы істеп тұрған автоматиканың  сипаттамасы.

 

Жобаның шамамен мазмұны

 

1) Даму болашағы ескерілген энергожүйе сипаттамасы.

2) Істеп тұрған және даму болашағы ескерілген тораптың орынбасу схемасын құру.

3) Қалыпты және жөндеу режимдеріндегі тораптың жүмыс режимдерін есептеу.

4) АҚА әсері ескерілмеген энергожүйедегі электромеханикалық өтпелі процесстерді есептеу.

5) Істеп тұрған және таңдалған алынған тораптарда АҚА әсерін ескерген кездегі электромеханикалық өтпелі процесстерді есептеу.

6) Статикалық орнықтылықты және апаттан кейінгі режимдерді есептеу.

7) Алынған нәтижелерді талдау мен қорытындылау.

          8) Дипломдық жобаның арнайы бөлімі.

9) Дипломдық жобаның экономикалық бөлімі.

10) Адам өмірі  қауіпсіздігінің сұрақтары.

 

Әдістемелік кұсқаулар

Генерациялаушы немесе таратушы ЭЭС немесе ОЭС электроэнергетикалық объектілерінің қысқа тұйықталу немесе кездейсоқ ажыратылу түріндегі кенеттен интенсивті ұйтқуларының әсер етуінде қиындатылған немесе апаттың режимге өтеді (3).

Апаттық режим қиындатылған немесе тікелей интенсивті ұйтқу әсер етуінен кейін өрістейді. Апаттық режимдегі автоматты басқарудың негізгі міндеттері: ұйтқудың әсер етуін анықтау және мүмкін болса оны жою; апаттық жағдайдың ары қарай дамуын жою; қалыпты режимді қайта келтіру.

          Қиындатылған және апаттық режимдердегі автоматты басқару апатқа қарсы басқарудың (АҚБ) автоматты құрылғыларымен жүргізіледі. АҚБ нәтижесінде апаттан кейінгі режим басталады немесе қалыпты жүмыс режимі қалпына келеді. Апаттан кейінгі режимдегі автоматты басқарудың міндеті қалыпты режимді жылдам қайта қалпына келтіру болып табылады.

Ұйтқу әсер етулері электр жеткізу желілері бойымен берілетін қуаттардың кенеттен секірмелі өзгеруін және ЭТЖ жұмысының режимдік параметрлерінің үлкен шамада интенсивтік өзгеруін тудырады. Қиындық дәрежесі бойынша ұйтқу әсер етулері үш категорияға немесе топтарға бөлінеді (4,5).

Бірінші топқа кернеуі 500 кВ және одан төмен желілерде бір фазалық ҚТ кезіндегі БАҚҚ жұмысының табысты немесе табыссыз болуы немесе күшейтілген БАҚҚ кезіндегі өте жоғары кернеулі желілердегі ажыратулар және ОЭС тегі бір генератор-трансформатор блогының ажыратылуы жатады.

Екінші топқа кез-келген кернеудегі ЭЖЖ де жерге екі фазалық ҚТ кезіндегі ҮАҚҚ тың табысты немесе табыссыз жұмысы, аса қуатты синхронды генератордың ажыратылуы және екі тізбектің немесе желінің бір уақытта ажыратылуы жатады.

Үшінші аса қиын категорияға ажыратқыштардың бірі істен шыққан кездегі кез-келген кернеулі желідегі немесе  шиналардағы бір фазалық ҚТ ға негізделген ұйтқу әсер етулері және ажыратқыштардың істен шығуын резервтеу құрылғысының зақымдалмаған элементтің ажыралуына әсері және шиналардың бір жүйесіндегі (бір секциясындағы) немесе қорытынды қуаты электр станция қуатының жартысын құрайтын бір ТҚ дағы СГ ажаратылуы жатады.

Ұйтқу әсер етулері ЭЭЖ нің  апаттық режимінде динамикалық немесе апаттан кейінгі режимінде статикалық орнықтылықтың бұзылуына қауіп төндіреді.

Бойлық немесе көлденең симметриясыздықты моделдеу барысында тура тізбектіліктің орынбасу схемасымен бірге, кері тізбектілік  орынбасу схемасын және қажет болса нөлдік тізбектілік схемасын құрастыру керек. Есептеулер ӘЕМ-де жүргізілетіндіктен,  нөлдік және кері тізбектілік схемаларын симметриясыздықтың пайда болуына байланысты сәйкес нұсқада  (параллель немесе тізбектей)  қосады.

Динамикалық орнықтылықтың бұзылуын жою үшін жылдам әсер етуші, интенсивті, бірақ қысқауақытты УВ қажет.

Әсер етудің АҚБ динамикалық орнықтылығының бұзылуын жою үшін мыналар орындалады:

а) қоздыруды бағдарламалық еселеу (ҚЕ) электр станция шиналарындағы кернеудің жоғарылауы және таратылатын электр жеткізу қуатының шегімен шарттасатын, генераторлардың ЭҚК-н термиялық төзімділігі мүмкін болғанша жылдам түрде қысқа мерзімді көбейту;

б) бу турбиналарымен өрістейтін қуаты интенсивті қысқа мерзімді азайту – ИРТ турбоагрегаттарын импульсті жеңілдету;

в) жасанды резисторлық жүктемені, әдетте таратушы бөліктің ГГ-на, жылдам түрде қысқа мерзімді қосу – ЭТ гидроагрегатын электрлік тежеу.

г) Тиристорлық түрлендіргіштерді қабылдаушы бөлімдегі электроэнергия жинақтаушыларының инверторлық режиміне жылдам аудару – оларды  ФНЭЭ жүктемесіне энергия беруге еселеу.

  

4       Дипломдық жобаға қойылатын негізгі талаптар

 

4.1            Түсіндірме жазбаны орындау

 

4.1.1  Түсіндірме жазба  ГОСТ 2.301-68   11 форматты стандарт парақтарда (яғни, 297*210 мм өлшемді) орындалады және қорғауға кітапша түрінде ұсынылады.

4.1.2    Түсіндірме жазба әдетте, қолмен жазылған 100-120 бет көлемінде болады және ол төмендегілерден тұрады:

-         титулдық парақ (А қосымшасы);

-         жобалауға тапсырма (В қосымшасы);

-         мазмұны;

-         кіріспе;

-         түсіндірме жазба бөлімдері:

а) негізгі бөлім;

б) экономикалық бөлім;

в) арнайы бөлім;

г) адам өмірінің қауіпсіздігі.

-         қорытынды;

-         әдебиеттер тізімі.

4.1.3                Түсіндірме жазба қойылатын талаптарға сәйкес құрастырылады /6/.

4.1.4     Түсіндірме жазба айқын, анық, технологиялық және стилистикалық сауатты құрастырылуы керек. Қағаз мәтінін қолмен жазуға да, ДЭЕМ принтерінде басып шығаруға да болады.

4.1.5     Мәтін және суреттер  астындағы жазуларды қысқартып жазуға рұқсат етілмейді.

4.1.6     Мәтін айналасында жиектер болуы керек. Олар:  солдан 25 мм ден кем емес, оңнан 10 мм ден кем емес, жоғарыдан 20, төменнен 20 мм ден кем емес.

4.1.7     Жазу мәтіні , суреттер, кестелер және тағы басқалар  қағаздың бір жағына орналастырылады. Суреттер мен кестелерді басында аталған мәтін беттерінің бөлек парақтарына қойған жөн.

4.1.8     Парақтар үшінші беттен бастап тікелей нөмірленеді. Бірінші бет титулдық парақ, ал екінші бет жобаның тапсырмасы жазылатын парақ болып табылады және бұл беттер нөмірленбейді. Үшінші бетте, нөмірлер және бет нөмірлері көрсетіліп бөлімдер мен бөлімшелер аттары жазылған «Мазмұны» бөлімі болып табылады. Бет нөмерлері парақтың төменгі жағының ортасында нүктесіз араб цифрымен қойылады.

4.1.9    Жазу мәтіні бөлімдер және бөлімшелерге бөлінеді. Бөлімдердің нүктесіз араб цифрымен белгіленген реттік нөмері болуы керек. Бөлімшенің нөмері нүктемен бөлінген бөліммен бөлімше нөмерінен тұрады.  Бөлімдерде бөлімшелер сияқты, бір немесе бірнеше пункттерден тұруы мүмкін, мысалы:

4   Бөлім аты

          4.1  Бөлімшенің аты

          4.1.1  Мәтін

          4.1.2  Мәтін

                Бөлім және бөлімшелердің атаулары болады. Атаудың соңына нүкте қойылмайды. Атаулардағы сөздерді тасымалдау рұқсат етілмейді. Әрбір бөлімді қағаздың жаңа парағынан бастаған дұрыс.

          4.1.10 Егер жазбада басқа әдебиеттен алынған материалдар көрсетілген болса, онда оған сәйкес дерек көзіне (әдебиеттер тізімі кіргізілген) сілтеме берілуі керек, мысалы /5/.

          4.1.11  Жазбада берілген теңдеулер жеке жолда жазылуы керек. Теңдеуді нөмірлеу (дөңгелек жақшада), нүктемен бөлінген араб цифрларымен көрсетіледі. Оның біріншісі – бөлім нөмері, ал екіншісі осы тараудағы теңдеудің реттік нөмері жазылады, мысалы  (3.1), яғни ол, үшінші тараудың бірінші теңдеуін білдіреді. Теңдеулердегі символдар ретінде ГОСТ бойынша бекітілген белгілеулерді қолданған дұрыс болады. Теңдеуде жазылған символдар мен сандық коэффициенттер теңдеудің астына жазылып түсіндіріледі. Әрбір символды түсіндіру, теңдеуде жазылған тізбекте, жаңа жолдан жазылып көрсетілуі керек. Түсіндірудің бірінші жолы қос нүктесіз «мұнда» сөзінен басталады, мысалы:

 

S =U*I     ,                                                       (1)

 

мұнда  S толық қуат, МВА;

       U кернеу, кВ;

        I тоқ, кА.

Бір теңдеуде машина және қолмен жазылған символдарды қолдануға рұқсат етілмейді.

4.1.12                        Бірліктерді қысқартып белгілеу тек, шаманың сандық мәнінен кейін ғана болады.

4.1.13                       Мәтінді толықтырушы материалдар тек ғана қосымшада жазылады.    Әрбір қосымша, беттің жоғарғы ортасында, қосымша сөзі және белгіленуі көрсетілген жаңа беттен басталады. Қосымшада, мәтінге симметриялы түрде бөлек жолда жазба әріппен жазылған тақырыптама болуы керек.

          Қосымшалар  А әріпінен бастап, Ә, Қ, Ғ, Ү, Ұ, Ң, З, Й, О, Ч, Ь, Ъ, Ы әріптерінен басқа бас әріптермен белгіленеді.

 

4.2  Сызба  материалдарды орындау

 

Формат бойынша сызбалар, шартты белгілеулер, шрифттар және масштабтар ҚР ТШ немесе МСТ (ГОСТ) талаптарына қатаң түрде сәйкес болуы керек.

Сызбалар, негізгі жазуы (бұрыштық штамп) парақтың үлкен жағына параллель орналастырылған А1 (594*841) мм  лік формат парақтарында немесе кафедрада болса Пелилюкс-2, проекторын қолданып пленкада орындалады. Сызбалар көрнекті және түгел бетті алып тұруы керек.

Әдетте, сызбалардың саны 6-8 болуы мүмкін, ол жобаның (жұмыстың) нақты тақырыбына байланысты болады.

Сызбалар мен схемалар барлық ережелерге, тағайындалған ЕСКД стандарттарына сәйкес орындалуы керек, олар: ГОСТ 2.104-68 [СТ СЭВ 104-74, СЭВ 365-76]  «Негізгі жазулар»; ГОСТ 2.109-73 [СТ СЭВ 858-78, СЭВ 1182-76]  «Сызбаларға қойылатын негізгі талаптар»;  ГОСТ 2.301-68 [СТ СЭВ 1181-78] «Форматтар». Сызбалар тущьпен немесе қарындашпен және де түсті фломастерлермен орындалады.

Электрлік схемалар  ГОСТ 2.701-84 [СТ СЭВ 651-77], ГОСТ 2.705-70 бойынша, ал электр схемаларын графикалық таңбалау ГОСТ 2.721-74, ГОСТ 2.748-68 [СТ СЭВ 1634-79], ГОСТ 2.750-68, ГОСТ 2.755-74 бойынша орындалады.

Электр схемаларындағы әрбір элементтің тұсына,  ГОСТ 2.702-75 талаптарына сәйкес, әріптік немесе әріпті –цифрлық позициялы таңбалануы және номинал мәні жазылады.

Схемалар, аз қиылысулармен ықшам түрде орындалуы керек.

  

5 Дипломдық жобалау (жұмыс) жетекшісінің міндеттері және дипломдық жобаны (жұмысты) рецензиялау

 

5.1  Дипломдық жобалау (жұмыс) жетекшісінің міндеттері

 

          5.1.1  Дипломдық жобалаудың жетекшісі етіп, кафедра оқытушыларының ішінен немесе 2102 мамандығына байланысты жобалау, конструкторлық және технологиялық кәсіпорындардың жетекші мамандары қатарынан тағайындалады. Жетекшінің функциясына төмендегілер кіреді:

 

-         дипломдық жобалаудың тақырыбын тұжырымдау және дипломшы осы тақырып бойынша жұмыс істеу барысында негізгі сұрақтарды түсіндіретін қысқаша аңдатпа (аннотация) құру;

-         дипломдық жобалауға тапсырма құру;

-         дипломшының жұмыс бағдарламасын құруына көмектесу (жұмыстың әрбір кезеңі орындалуының күнтізбелік графигін қоса);

-         студенттің жұмысына күнделікті жетекшілік:

а) дипломшыға мезгілдік кеңес беру және жобалау жүрісін бақылауға нақты күндер мен сағаттар белгілеген дұрыс;

б) дипломшының толық дербестігін сақтай отыра, оның жұмысын бағыттау;

-         дипломдық жобаның орындалу жүрісі туралы ақпарат беру (белгіленген мерзімге дейін, % те);

-         жобаға түсіндірме жазуда дипломшыға көмек көрсету;

-         дипломшының орындаған жұмысы туралы пікір құру.

5.1.2 Жетекшінің пікірі төмендегілерден тұрады:

-         дипломшыға қойылған мәселенің қысқаша сипаттамасы, оның өзектілігі;

-         орындаушы ретінде дипломшының айқын мінездемесін, оның жалпы, техникалық және арнайы дайындығының дәрежесін, инженерлік жұмысты тәжірибелеуге және алынған нәтижелерді талдауға қабілеттілігін, математикалық аппараттарды игеруін, ынтасын, дербестігін, еңбек сүйгіштігін және орындаушылығын атап көрсету керек;

-         Қорытындылай отыра өз пікірін айқын айту: дипломшы инженер-электрик квалификациясын алуға лайықпа немесе лайық емеспе, және оның жұмысы қандай бағамен бағаланады.

5.1.3  Жетекшінің қолы қойылған пікір қорғау кезінде жазбаша түрінде беріледі. 

 

5.2            Дипломдық жобаны (жұмысты) рецензиялау

 

Дипломшының орындаған жұмыс сапасын бағалау үшін бітіртуші кафедра энергетикалық кәсіпорындардың, ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық ұйымдардың жетекші мамандардың қатарынан рецензенттерді тағайындайды. Рецензенттер институт бойынша ректордың қолы қойылған бұйрықпен бекітіледі. Әдетте рецензияның көлемі машинамен жазылған бір парақтан тұрады.

Рецензияның басында дипломшының толық аты-жөні және дипломдық жобаның нақты аты көрсетіліп жазылады. Есептеу –түсіндірме жазбаның (бет) және графикалық бөлімнің (парақтар саны) көлемі, бекітілген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі көрсетілу керек.

Дипломдық жоба мазмұны, ұсынылған шешімдерден алынған нәтижелер және т.б. лардың қысқаша сипаттамасы беріледі.

Рецензияда төмендегілер міндетті түрде белгіленуі керек:

-         тақырыптың өзектілігі, оның практикалық немесе теориялық мәні;

-         қарастырлған сұрақтарға толық жауап беруі, ашқан жаңалығы және оның шешімінің бірнұсқалығы;

-         дипломшы алған білімін практикада қолдана отырып, өз ойын инженерлік тұрғыда айта білуі;

-         шешімдердің экономикалық мінездемесі;

-         есептеу техникалық құралдарды қолдануы;

-         еңбек пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің қарастырылуы;

-         рецензенттің пікірі бойынша  басқа да ескертулер;

-         жазбалар сызбалардың орындалу сапасы.

Рецензия соңында дипломдық жобаның (жұмыстың) жалпы бағасы және дипломшыға тиісті мамандық бойынша инженер квалификациясын беру мүмкіндігі туралы қорытынды жазылуы керек. Дипломшы қойылған міндетті қалай меңгере алды, қандай сапалар көрсетті және де алынған нәтижелердің құндылығы (бірнұсқалығы) және т.б. лар  жалпы баға қойған кезде ескеріледі.

Рецензент МКК-ға төрт балдық жүйе бойынша бағалау ұсынысын бере алады.

Рецензент, жоғары сапасымен ерекшеленетін дипломдық жобаларды (жұмыстарды) студенттік жұмыстар байқауына ұсына алады.

Рецензент қолын қойған кезде жұмыс орны және атқаратын қызметін көрсетуі керек.

Рецензияда жоғарыда айтылған сипаттамалар көрсетілмеген болса, онда дипломдық жұмысқа қайтадан рецензия жүргізуге институттың құқысы бар.

 

Әдебиеттер тізімі 

1.        Пособие к курсовому и дипломному проектированию для электроэнергетических специальностей; В. Н. Блок, Г. К. Обушев, и др. – М: Высшая школа, 1981. –304 с.

2.        Справочник по проектированию электроэнергетических систем Под.ред. С.С.Рокотяна и И.М.Шапиро.–М: Энергоатомиздат,1985. – 305с.   

3.        Овчаренко Н.И. Автоматика электрических станций и электроэнергетических систем. – М: Издательсво НЦ ЭНАС, 2000. – 503 с.

4.        Расчеты устойчивости и противоаварийной автоматики в энергосистемах. (Ю.Е.Гуревич, Л.Е.Либова, А.А.Окин). – М: Энергоатомиздат, 1990. – 392с.

5.        Совалов С.А., Семенов В.А. Противоаварийное управление в энергосистемах. – М: Энергоатомиздат, 1988. – 431 с.

6.        Стандарт предприятия. СТП-768-01-07-97. – Алматы.: АИЭиС, 1997. – 30 с.

7.        Фирменный стандарт. Работы учебные. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию. ФС РК 10352-1910-У-е-001-2002. –Алматы.: АИЭиС, 2002. –34 с.

 

 

А  қосымшасы

 

ҚАЗАҚСТАН     РЕСПУБЛИКАСЫ

 

АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА  ЖӘНЕ  БАЙЛАНЫС  ИНСТИТУТЫ

 

Электр станциялар, тораптар және жүйелер кафедрасы

 

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

                  Кафедра меңгерушісі

 ______________________________________________

(ғылыми атағы,дәрежесі)

         ____________________________________  А.Ж. Тегі

                                                          «______»________________ 200__ ж.

 

Дипломдық жобаға (жұмысқа)

ТҮСІНДІРМЕ  ЖАЗБА

 

Тақырып:   _________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Кеңесшілер:                                                 Жетекші:

Экономикалық бөлім бойынша:

___________________________________                   ___________________________________

(ғылыми атағы,дәрежесі)                                                                  (ғылыми атағы,дәрежесі)

__________________ А.Ж. Тегі                           __________________ А.Ж. Тегі

«____ » __________________  200__ ж.         

 

Адам өмірінің қауіпсіздігі бойынша:

___________________________                  Студент:

(ғылыми атағы,дәрежесі)                                                                 

__________________ А.Ж. Тегі                           _________________ А.Ж. Тегі

«____ » __________________  200__ ж.                   ________________  тобы

 Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды                                   _________________   мамандығы

 жүргізу  бойынша:

_________________________________         

(ғылыми атағы,дәрежесі)                                                                 

__________________ А.Ж. Тегі

«____ » __________________  200__ ж.

Норма бақылаушы:

__________________________________                

(ғылыми атағы,дәрежесі)                                                                 

_______________________ А.Ж. Тегі

«____ » __________________  200__ ж.

Рецензент:

__________________________________________                

(ғылыми атағы,дәрежесі)                                                                  

_______________________ А.Ж. Тегі

«____ » __________________  200__ ж.

 

Алматы 200__ г.


В қосымшасы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

_____________________________________________________________________

_______________________________________________________  факультеті

_____________________________________________________________________

_______________________________________________________  мамандығы

_____________________________________________________________________

_______________________________________________________  кафедрасы

 

 

Дипломдық жобаның (жұмыстың) орындалуына

Т А П С Ы Р М А

                                                  

Студент ______________________________________________________________

                                                (фамилиясы, аты-жөні)

Жобаның (жұмыстың) тақырыбы _________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

 

 «___»_____________________   № _____ факультет өкімімен бекітілген

 

Біткен жобаның (жұмыстың) тапсырылу мерзімі    «___» _____________________

 

Жобаның (жұмыстың) бастапқы деректері (объекттің бастапқы деректері және жоба (зерттеулер) талап ететін нәтижелердің параметрлері) __________________

_________________________________________________________________________

Дипломдық жобада қарастырылатын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны:

________________________________________________________________________

В қосымшасының жалғасы

______________________________________________________________________

________________________________________________________________________ 

Сызба материалдарының тізімі (міндетті сызбаларды нақты атап көрсету керек) ______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер   _________________________________________

_______________________________________________________________________

 

 Жоба (жұмыс) бойынша бөлімдердің кеңесшілері

Бөлім
Кеңесші
Мерзімі
Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

МАЗМҰНЫ

                                                         

      Кіріспе   _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  3

Дипломдық жобалаудың міндеті    _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4

Дипломдық жобаларды дайындау және қорғау тәртібі   _ _ _ _ _ _ _ _ _  5

Дипломдық жобалардың тақырыптары және мазмұны _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7

3.1  Энергожүйенің негізгі электр тораптарын дамыту жобасы __ _ _ _ _ _ 8

3.2     Энергожүйенің орнықтылығын зерттеу және апатқа қарсы автома-

       тиканы таңдау  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _  9

Дипломдық жобаға қойылатын негізгі талаптар  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _11

4.1 Түсіндірме жазбаны орындау  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  11

4.2  Сызба материалдарды орындау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13

5    Дипломдық жобалау жетекшісінің міндеттері және дипломдық

      жобаны рецензиялау  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  14

5.1 Дипломдық жобалау жетекшісінің міндеттері  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  14

5.2 Дипломдық жобаны (жұмысты) рецензиялау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15

     Әдебиеттер тізімі  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16

     А қосымшасы  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  17

     В қосымшасы  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  18