Коммерциялық емес акционерлік қоғамы 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ  

Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау  кафедрасы

 

 

ТІРШІЛІК  ҚАУІПСІЗДІГІ 

Барлық мамандықтардың бакалаврлары үшін бітіруші жұмыстағы

«Өндірістік жарықтануды есептеу» бөліміне арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы 2009

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Хакимжанов Т.Е.,  Абдимуратов Ж.С., Мананбаева С.Е. Тіршілік қауіпсіздігі. Барлық мамандықтардың бакалаврлары үшін бітіруші жұмыстағы «Өндірістік жарықтануды есептеу» бөліміне арналған әдістемелік нұсқаулар - Алматы: АЭжБИ, 2009.-23 б.

 

Бұл нұсқауда тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша  бітіруші жұмыстарды орындауға әдістемелік  нұсқаулар берілген. Әдістемелік нұсқаулар барлық мамандықтардың студенттеріне арналған.

 

Кіріспе 

Жарық беретін қондырғылардың жобалауы ҚР СНиП 2.04.-05.2002  (Табиғи және жасанды жарық. Құрылыс, қала құрылысы және архитектура саласындағы мемлекеттік нормативтері) нұсқаудағы қабылданған жалпы қағидаларға бағынады.

Жобаның жарық техника бөлімінде жарық сапасының көрсеткішін және жарықтандыру мағынасын, жүйесін, түрін және жарық әдістерін, жарық көздерімен жарық аспаптарын таңдауы орындалады.

Жарық аспаптарының түрі, қуаты және орналасуы жарық техникалық есептің нәтижесі бойынша таңдап алынады.

Жобалаудың тәжірибесінде жарық беретін қондырғылардың бірнеше нұсқауларын зерттеу қажет болады. Нұсқаулар бір-бірінен бөлек немесе жиынтық сипаттамасының өзгешелігі (әртүрлі жарық жүйесі, әртүрлі шамдар мен жарық көздерінің типтері, шамдарды орнатудың әртүрлі биіктігі) арқылы ерекшеленеді.

  

1.     Жасанды жарық түрлері

 

Жасанды жарықтың түрлері жұмыстық, апатты, қорғау және күзету болып бөлінеді.

Жарық қондырғылары нормалық режимде істеуіне  жұмыстық жарық қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Ол барлық бөлмелерде және ашық кеңістікте міндетті түрде қажет.

Қорғау жарығы  - жұмыстық жарықтың бір түрі, ол өндірістік кәсіпорын территориясының шекарасы бойынша орнатылады.

Апаттық жарық  қауіпсіз және эвакуациялық жарыққа бөлінеді.

СНиП [1] бойынша қауіпсіз жарық нормативтік жарықтың 5 % -ынан төмен болмауы керек, бірақ  бөлмеде 2 лк-тен кем емес, ал сыртта 1 лк-тен кем емес болуы керек. Егер  тиісті дәлел болса, онда люминициентті шамдар жарығын 30 лк-тен, ал қыздыру шамдар жарығын 10 лк-тен асыруға рұқсат беріледі.

Апаттық жағдайда жұмыстық жарық сөнген кезде адамдарды бөлмелерден және ашық кеңістіктен қауіпсіз көшіруге эвакуациялық жарық пайдаланылады. Эвакуациялық жарық бөлмелерде 0,5 лк-тен, ал сыртта 0,2 лк-тен кем  болмауы қажет.

Барлық жасанды көздері іс-әрекет бойынша екі топқа бөлінеді: температуралық және разрядты. Қыздыру шамдарының барлық түрлері температуралық жарық көздеріне жатады. Олардың сәуле таратуы вольфрам сымының электр тоғынан қызуы әсерінен пайда болады. Разрядты (люминициенттік) шамдардың сәуле тарауы берілген температурада плазманың қозуынан болады. Оның шыны түтігінің іш жағына люминофор қабаты жалатылған. Түтіктің ішіне сынап тамшысы және белгілі бір мөлшерде инертті газ (аргон, неон) ендіріледі. Люминициентті шамды айнымалы тоқ көзіне қосқанда, оның электродтарының арасында электр тоғы туып, сынап атомдарын жарқыратады.

ТМД елдерінде шығарылатын шамдардың маркировкасы төмендегідей: В - вакуумдық, Г - га­з толтырылған, Кч – криптонмен толтырылған, Б - биспиралды, МТ – шыны сауытымен, МО – жергілікті жарық.

Галогендік шамдар таңбаларының ішінде: бірінші әріп – шыны сауыттың материалы (кварц), екінші әріп - вид галоген қоспасының түрі (И - таза йод, Г – галогендік қоспалар), үшінші әріп қолдану саласы (О – сәуле түсіру), М - шағын, К – дене қыздыруын шоғырлау. Цифрдың бірінші тобы ваттпен өлшенген қуатты көрсетеді, соңғысы – бөлшектеудің нөмері. Негізінен құбырлы КГ типті шамдар пайдаланылады. Олардың қуаты 220 В кернеуде - 1; 1,5; 2; 2,5; 5 кВт.

Қыздыру шамдардың техникалық жетілуінің бағыты жарық беруді жоғарылату, пайдалану уақытын созу және әртүрлі форма мен түстері болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында жарық көздерін шығаратын бүкіл дүниежүзіне белгілі фирмалардың өнімдері кең тараған: Philips, Osram, General Elec­tric және тағы басқалар. Philips фирмасының кейбір шамдарының негізгі сипаттамалары 1-3 кестелерінде көрсетілген.

 

                   1 К е с т е - Philips фирмасының  қыздыру шамдары   

Түрлері

Қуаты, Вт

Кернеуі, В

Жарық ағыны, лм

Сауыт түсі

STANDARD

25

230

195

ақ

STANDARD

40

230

370

ақ

STANDARD

60

230

630

ақ

STANDARD

75

230

840

ақ

STANDARD

100

230

1200

ақ

CANDLE

25

230

215

ашық

CANDLE

40

230

415

ашық

CANDLE

60

230

670

ашық

CANDLE

25

230

195.

ақ

CANDLE

40

230

365

ақ

LUSTRE

25

230

185

ақ

LUSTRE

40

230

350

ақ

LUSTRE

60

230

580

ақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         2  К е с т е - Philips фирмасының  ықшам люминициентті шамдары   

Түрлері

Қуаты, Вт

Кернеуі, В

Жарық ағыны, лм

Ambiance PRO 12000 сағ

6

230-240

250

Ambiance PRO 12000 сағ

23

230-240

1350

Ambiance 6 жыл

6

230-240

250

Ambiance 6 жыл

20

230-240

1200

Ambiance Globe

9

230-240

425

Ambiance Globe

20

230-240

1100

PLE-TPRO

11

230-240

600

PLE-TPRO

23

230-240

1500

PL С PRO

5

230-240

200

PL С PRO

18

230-240

1100

Economy 6 жыл

6

230-240

230

Economy 6 жыл

20

230-240

1200

 

            3  К е с т е - Philips фирмасының  ртутты шамдары   

Түрлері

Қуаты, Вт

Жарық беру индексі  R,,

Түстік температура, К

Жарық ағыны, лм

HPL-N

50

49

4200

3200

HPL-N

80

48

4300

3600

HPL-N

125

46

4100

6200

HPL-N

250

40

4100

12700

HPL-N

400

40

3900

22000

HPL-N

700

36

3900

38500

HPL-N

1000

33

3900

58500

HPL COMFORT PRO

50

57

3500

2000

HPL COMFORT PRO

80

57

3500

4000

HPL-COMFORTPRO

125

55

3400

6700

HPL COMFORT PRO

250

51

3300

14200

HPL COMFORT PRO

400

47

3500

24200

HPL-R

125

43

4100

5700

HPL-R

250

37

4100

12000

HPL-R

400

36

3900

20500

 

1.1  Жарық көздерін таңдау

 

Жарық көздерін таңдағанда келесі нұсқауларды еске алу қажет:

а) жалпы ішкі және сыртқы жарық беруге разрядты шамдарды пайдаланған жөн;

б) жарық сапасына нормативтік талаптарын орындау мүмкін болғанда көбіне бірлік қуаттағы шамдарды қолдану;

в) Техникалық қажеттілік немесе архитектуралық көркемдік түсінігі бойынша бір бөлменің ішінде разрядты және қыздыру шамдарды пайдалануға рұқсат етіледі;

г) разрядты шамдарды тұрақты тоқпен қамтамасыз етуге, сонымен қатар тоқ кернеуін номиналды деңгейден 90 % -ға төмендетуге рұқсат етілмейді.

Қыздыру шамдарын пайдалану ортасы:

-  бөлмелер ортасында ауыр жағдай және жарылысқа қауіпті зоналар болса және РЛ шамдары жоқ болса;

- адамдар уақытша болатын VI және VIII топтағы көру разрядты бөлмелерде, сонымен бірге техника-экономикалық мақсатқа сәйкес адамдар үнемі болатын бөлмелерде;

- 127 В және одан жоғары кернеуді қолдану рұқсат етілмеген кезде электр тоғынан жарақаттану қаупі жоғары бөлмелерде жалпы және жергілікті жарық беруге;

-  жарық ағыны немесе оның бағыты шоғырлану қажетінде, сонымен қатар ЛЛ шамдарын орналастыру құрылымдық мүмкін болмаса жергілікті жарық беруге;

- радиобөгетке жол бермейтін бөлмелерде (жұмысты дәлдік істегеніне тәуелсіз);

- апатты жарық беруге.

 

 

1.2  Жарық беру қондырғыларын есептеу әдістемесі

 

Өндірістік бөлмелерге жарық беру есебі кешенділік мақсат болып табылады. Есеп шығару барысында шамдарды орналастыру тәртібін, олардың санын, ілу биіктігін, шамдардың қуатын табу қажет. Шамдардың санын, қуатын және орналастыруын типтік шешімдер негізінде табады. Егерде типтік шешімдер болмаса, онда жарық техникалық есептерге негізделеді.

 

1.3  Шамдарды орналастыру

 

Жалпы жарық беру жүйесінде шамдарды біркелкі немесе шектеулі (локалды) орналастырады. Бөлменің барлық ауданына біркелкі жарық түсу үшін шамдарды симметриялық қатармен дұрыс орналастыру қажет. Локалды жарық беру үшін шамдар әрбір жұмыс орнына жеке орнатады және ол тек қана жұмыс орнын жарықтандырады.

Шамның іліну биіктігі көру шегі шарттары бойынша анықталады. Шамдарды орналастыру көбіне шаршы, тік үшбұрыш бұрыштары бойынша немесе шахматтық тәртіпте жүргізіледі. Жарық техникасында шамдар арасындағы салыстырмалы қашықтық ұғымы (L) пайдаланады. Дегенмен қанағаттандыратын энергетикалық көрсеткіштерде жарықтануды біркелкі беру үшін салыстырмалы қашықтықты таңдап алуға болады. Бұл ретте келесілер ескеріледі:

а) жылдық есептік шығындар бойынша үнемділік;

б) энергетикалық үнемділік;

в) жарық техникасы үнемділігі.

Шамдардың ара қашықтығы шамдардың түріне, жұмыс бетінен іліну биіктігіне, сонымен бірге архитектура және құрылыс жағдайларына байланысты болады.

Жалпы жарық беру шамдарын орнату биіктігі көптеген факторларға негізделген: бөлменің биіктігіне және бөлменің жоғары зонасында кейбір өндірістік құрылғылардың, инженерлік коммуникацияның орналасуына, өндірістік құрылғылардың биіктігі және орналасуына, сонымен бірге жарықты талап ететін жұмыс зонасының және басқа орындардың орналасуына. 

 

2.  Жасанды жарықтану есебі

 

Жасанды жарықтану есебін жүргізу негізінен жарықтанудың қалыпты мәнін қамтамасыз ету үшін шамдардың санын және қуатын анықтау  болып табылады.

Жасанды жарықтану есебін төмендегі үш әдіспен жүргізуге болады: жарық ағынының пайдалану коэффициенті бойынша, нүктелік және меншікті қуат әдістері бойынша.

Есептеу барысында жалпы жарықтың біркелкі түсуін анықтауда негізінен қабырға, төбе және еденнің шағылысуын ескере отыра жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісі қолданылады.

Есептеу шамдардың түрлерін таңдаудан басталады. Ол жұмыс бөлмесінің өртке, жарылысқа қауіптілігі класына және ортаның жағдайына байланысты қабылданады.

 

 

2.1  Жарықтануды жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісімен есептеу

 

Жұмыс бөлмесі үшін көлденең беттің жалпы біркелкі жарықтануын қарастырғанда жарықтану жарық ағынын пайдалану коэффициенті әдісімен есептеледі.

Бұл әдіспен көлденең беттегі есептік жарықтануды шамдардан шығатын жарық ағынының қабырғаға, төбеге шағылысып жұмыс бетіне түсуін ескере отырып анықтайды. Өйткені бұл әдіс жарық ағынына шағылысып құрылған жарықтану құрамын ескереді. Бұл әдісті жарық ағыны маңызды рөл ойнайтын бөлмелер үшін (қабырғалары және төбелері ашық түсті)  қолданады.

Бөлмеде орнатылған шамдардың сәулеленуіндегі барлық жарық ағынына  есептік бетке түсетін жарық ағынының қатынасы жарық қондырғыларындағы жарық ағынының пайдалану коэффициенті деп аталады

                     ,                                        (1 )

         мұнда  - шамдардан тікелей жарықтану бетіне түсетін жарық ағыны, лм;

Фотрсол жарықтану бетіне түсетін шағылысу жарық ағыны, лм;

Фл - әрбір лампаның жарық ағыны, лм;

п жарықтану бөлмесіндегі шамдардың саны.

Пайдалану коэффициентінің мәні бірден кіші болады, өйткені пФл мәні әрқашан да мәнінен үлкен болады. Оның себебі жарық ағынының кейбір бөліктері қабырғаға, төбеге және жарық арматурасына сіңеді.

Пайдалану коэффициентінің мәніне төмендегі факторлар әсер етеді:

- шамның түрі және ПӘК-і (КПД). Таңдалған шам қаншалықты жарық ағынын жарықтану бетіне бағыттаса, соншалықты пайдалану коэффициенті көп болып, оның шығыны сонша аз болады;

- бөлменің геометриялық өлшемі. Шағылысуға салыстырғанда жарықтану беті қаншалықты көп болса, сонша пайдалану коэффициенті көп болады, өйткені өседі ;

- жарық беру бетінен шамдардың ілінуіне дейінгі биіктік. Жарық беру бетінен шамдардың ілінуі қанша жоғары болса, жарық ағынының төбе және қабырғаға сіңуі көп болады, нәтижесінде пайдалану коэффициенті азаяды;

қабырға мен төбенің боялу түсі. Қабырға мен төбенің боялу түсі қаншалықты ашық болса, сонша шағылысу коэффициенті көп болып, Фотр өседі, соның нәтижесінде пайдалану коэффициенті өседі.

Бөлменің ауданына, пішініне және биіктігіне η тәуелділігін кешенді сипатта – бөлменің индексі арқылы ескеруге болады.

 Бөлменің индексі төмендегідей табылады

                                             ,                                               (2)

мұнда А, В, S бөлменің ұзындығы, ені және ауданы.

Егер шамдардың түрі, олардың саны және орналасуы анықталған болса, онда жарық көзінің есептік ағынын шамның қуатына жақын стандартты мәні арқылы алынады.

Жарықтанудың қалаған есебі бойынша анықталған жарық ағыны бойынша  нормативтік жарықтану беретін стандартты шамды таңдағанда есептелген жарық ағынының мәні дәл келмесе, онда оны +20 % -дан -10 % -ға дейін ауытқуда  алуға болады.

Жарық көзінің есептік ағыны төмендегі теңдеу арқылы есептеледі

 

                                      ,                                         (3 )

мұнда N – жарық көзінің саны;

К – запас коэффициенті;

z минималды жарықтану коэффициенті (орташа және минималды жарықтанулардың қатынасы).

Есептеулерде z коэффициенті төмендегідей қабылданады: төбелері тік бұрышты орналасқан шамдар үшін - 1,15; қатар орналасқан ЛЛ шамдары үшін - 1,1; қыздыру шамдары үшін - 1,2.

Егер шамдардың түрі және қуаты берілген болса, онда шамдардың саны төмендегі теңдеу арқылы табылады

 

                               .                                       (4)

Нормаланған жарықтануды қанағаттандыратын шамдардың қуатын және санын тапқаннан кейін  жарықтанудың төмендегі сапалық көрсеткіштері бойынша тексеру жүргізіледі: бөлмедегі орнатылған шамдар қызмет көрсетуші адамдардың көру қабілетіне кері әсерін тигізбеуі және жарық көзі ретінде газразрядты шамдарды пайдаланғандағы жарық пульсациясы. 

 

2. 2  Меншікті қуат әдісімен жарықтануды есептеу

 

Жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісінің бір бөлігі меншікті қуат әдісі бойынша есептеу болып табылады.

Меншікті қуат әдісі бойынша есептеулерді жүргізу келесі жағдайларда қолданылады: жарық қондырғысына орнатылған қуатты алдын ала анықтау үшін; жарық техникалық есептің дұрыс жүргізілуін жуықтап бағалау үшін; дәлдік жұмысты талап етпейтін орташа және кіші бөлмелердің жарықтануын жобалаған кезде жүргізіледі.

Жобалау үшін бөлменің ауданы, биіктігі, таңдалған шамның түрі және минималды жарықтануы бастапқы деректерде беріледі. Анықтамаларда әр- түрлі нормаланған жарықтану, бөлменің ауданы және биіктігі үшін w мәні келтірілген. Шамдардың санын алдын ала алып, анықтаманың кестесі бойынша қуатты w анықтаймыз, содан соң шамның қуаты төмендегі теңдеу бойынша анықталады

                                                                      .                                            (5)

 

Табылған шамның қуатының мәні стандартты мәнге жуықтап алынады.

 

        

 

 

2. 3  Нүктелік әдісіпен жарықтануды есептеу

Жарықтануды нүктелік көзден анықтау. 1-суретте көрсетілгендей  көлденең беттегі А нүктесіндегі жарықтануды анықтау талап етілсін.

          

1 Сурет Нүктелік әдіспен есептеу сұлбасы

 

Q жарық көзі Q көлденең бетіне жарық түсіреді. Жарық көзінен R қашықтықта орналасқан А нүктесіндегі Ег жарықтануды анықтау талап етіледі. (1-суретке қараңыз).

Жарықтану мен жарық күші арасындағы белгілі қатынасы негізінде  А нүктесіндегі жарықтануды төмендегі теңдеу арқылы анықтаймыз

 

                           ,                                                            (6)

 

мұнда Iα- қарастырылған нүкте бағытындағы жарық күші;

kззапас коэффициенті.

R ара қашықтығын  hp  есептік биіктіктен шамның іліну биіктігі арқылы көрсетуге болады

                                   .                                                                    (7)

Соған байланысты, А нүктесіндегі бір шамның беретін көлденең жарығы төмендегі теңдеу арқылы

                                   .                                                   (8)

 

         Көлденең жарықтану есебі төмендегі тәртіпте жүргізіледі:

1)     Берілген шамның іліну биіктігі бойынша tgα  мәнін анықтаймыз

                            ,                                         (9)

мұнда d – шамның осі проекциясы бетінен есептік нүктеге дейінгі ара қашықтық (d  мәні жоспар бойынша өлшенеді), м;

2) табылған α бұрышының тангенсі бойынша α бұрышын және  cos3α  мәні тригонометриялық кесте бойынша анықталады;

3) таңдалған шам түрі бойынша  жарық күшінің бұрышқа салыстырғандағы мәні светотехникалық анықтамаларда келтірілген;

4) есептік теңдеу бойынша Е/АГ  көлденең жарықтануы (1000 лм -дегі шам үшін) анықталады;

5) (8) теңдеу бойынша алынған жарықтану шамда орналасқан ағынды ескере отыра қайта есептеледі

 

                                  ,                                        (10)

 

мұнда  FлМемСТ бойынша шамның жарық ағыны.

Егер А нүктесі  Q бетінде бірнеше шамдармен жарықтанатын болса, онда А нүктесіндегі нақты жарықтануды анықтау үшін төмендегі теңдеу қолданылады 

                                 ,                                                (11)

мұнда μ – алыстағы шамдардың жарығын және жарық ағынының қабырғаға, төбеге және есептік бетке шағылысуын ескеретін коэффициент. Бұл коэффициент шамдардың қуатын өсірмей, түзету үшін алынған.

         Сыртқы қабаты эмалданған шамдар үшін  μ=1,1-1,2. Айналық шамдар үшін μ=1,0. Тік  жарығы көбірек шамдар үшін μ=1,3-1,6. 

 

 

3.  Табиғи жарықтану есебі

 

Күнделікті адамдардың кіріп шығатын бөлмесінде міндетті түрде табиғи жарықтану қарастырылу қажет.

Жаңа бөлмені жобалауда немесе ескісін қайта жөндеп қарастырғанда табиғи жарық түсетін ауданды («Табиғи және жасанды жарықтану. Жобалау нормалары» ҚР СНиП 2.04-05-2002  талаптарына сәйкес)  ТЖК нормаланған мәнін қамтамасыз ететіндей етіп анықтау қажет. 

Есепті жүргізу  төбеден және қабырғадан түсетін жарықтың ауданын алдын ала анықтау болып табылады. Оларды төмендегі теңдеулермен анықтаймыз

қабырғадан түсетін жарыққа

                                         ,                                         (12)

төбеден түсетін жарыққа

                                        ,                                                 (13)

мұнда:   Sо  - бөлмеге жарық түсетін аудан , м2;

S-  бөлме еденінің ауданы, м2;

енТЖК -нің нормаланған мәні;

Кз –3.12  кестеден алынатын запас коэффициенті;

hо - 3.2  кесте бойынша қабылданатын терезелердің жарық сипаттамасы;

tо жалпы жарық өткізу коэффициенті, ол төмендегі теңдеу арқылы анықталады

 

                                tоt1 t2 t3 t4 t5,                                                 (14)

 

мұнда   t1материалдың жарық өткізу коэффициенті, 3.3 кесте бойынша қабылданады;

         t2  - жарық өтетін өткелдерде жарықтың шығынын ескеретін коэффициент, 3.4 кесте бойынша қабылданады;

         t3ұстап тұратын конструкцияда жарықтың шығынын ескеретін коэффициент, ол қабырғадан жарық беруде бірге тең, ал төбеден жарық бергенде 3.5 кестесі бойынша алынады;

         t4 – күннен қорғайтын құрылғылардағы жарық шығынын ескеретін коэффициент, 3.6 кесте бойынша қабылданады;

         t5 – фонардың астына орналасқан қорғаныс торындағы жарық шығынын ескеретін коэффициент, ол 0,9 тең деп алынады;

         r1 – қабырғадан жарық беруде ТЖК -нің өсуін ескеретін коэффициент, 3.9 кесте бойынша қабылданады;

        Кзд – карама-қарсы тұрған ғимараттың терезелерді қараңғылауын ескеретін коэффициент, 3.8 кесте бойынша қабылданады;        

     Sф – төбеден түсетін жарық ауданы, м2;

        hф – фонардың жарықтық сипаттамасы, 3.10 кестесінен алынады;

         r2 - қабырғадан жарық беруде ТЖК -нің өсуін ескеретін коэффициент, 3.11 кесте бойынша қабылданады;

        Кф- фонардың түрін ескеретін коэффициент, 3.7 кесте бойынша қабылданады.

  

12 және 13 - теңдеулер бойынша жобаланатын бөлме үшін жарық түсу ауданына қажетті есептер жүргізіледі.

Әртүрлі аудандарда орналасқан ғимараттар үшін ТЖК -нің нормалық мәні төмендегі теңдеу арқылы анықталады:  

 

еN  = eн . mN                                              (15)

 

мұнда  Nтабиғи жарықпен қамтамасыз етілетін топтың нөмері  (3.1 кесте);

eн - 3.13  кесте  бойынша алынатын ТЖК мәні;

m - 3.1 кесте бойынша жарық түсу климатының коэффициенті.

        

          3.1  Кесте - Жарық климатының коэффициенті, m

 

 

 

Жарықтың түсу ойығы

 

 

 

 

Әлем бағдары бойынша жарық ойығының бағыты

Жарық климатының коэффициенті, m

Басты аудандар тобының нөмері

1

2

3

4

 

СҚО Кокшетау Қостанай

 

Актөбе Орал

Торгай Астана

Атырау Мангыстау

Қарағанды Павлодар

Семей

ШҚО Талдықорган Жезқазған

 

Шымкент Қызыл-орда Алматы

Ғимараттың сыртқы қабырғасында

С

1

0,9

0,75

0,75

СШ, СБ

1

0,9

0,75

0,7

Б, Ш

0,9

0,8

0,7

0,65

ОШ, ОБ

0,9

0,8

0,7

0,65

О

0,9

0,8

0,7

0,65

Тік бұрышты және трапеция-лық фонарларда

С-О

0,9

0,9

0,8

0,8

СШ-ОБ

ОШБ

0,9

0,85

0,8

0,75

Ш-Б

0,85

0,8

0,75

0,7

 «Шед» фонар-ларында

С

0,9

0,9

0,8

0,8

Тас төбедегі (зениттегі) фонарларда

С

0,8

0,8

0,75

0,7

 

 

3.2 Кесте – Қабырғадан жарық бергенде терезе  жарықтық сипаттамасының мөлшері, hо

Бөлменің ұзындығының еніне қатынасы

Бөлменің ені жұмыс бетінен әйнектің жоғарғы шегіне дейінгі биіктікке қатынасында жарық сипаттамасының мөлшері, hо 

 

1

1,5

2

3

4

5

7,5

10

4 және одан көп

6

7

7,5

8

9

10

11

12,5

3

7,5

8

8,5

9,6

10

11

12,5

14

2

8,5

9

9,5

10,5

11,5

13

15

17

1,5

9,5

10,5

13

15

17

19

21

23

1

11

15

16

18

21

23

26,5

29

0,5

18

23

31

37

45

54

66

-

 

3.3  Кесте  -  t1  коэффициентінің мөлшері

 

Жарық өткізетін материалдың түрі

 

 

t1

 

Әйнектің шыны табағы:                                       

бір қабатты

екі қабатты

үш қабатты

 

0,9

0,8

0,75

 

Қалыңдығы  6-8 мм витриндық шыны

 

 

0,8

 

Арматуралық табақты шыны

 

 

0,6

 

Өрнекті табақты шыны

 

0,65

 

Арнайы қасиеті бар табақты шыны:  

күн көзінен қорғайтын

кереғарлы

 

 

0,65

0,75

Органикалық шыны:                                                       

мөлдір

ақ түсті

 

0,9

0,6

Іші бос шыны блоктар:                                 

жарық тарататын

жарық өткізетін

 

0,5

0,55

 

Шыны пакет

 

0,8

3.4  Кесте  - t2  коэффициентінің мөлшері

Өндірістік ғимараттардағы терезелер үшін  өткелдер түрлері

t2

 

Ағаш өткелдері :                    

бір қабатты

жалаң қабатты

жеке екі қабатты

 

 

0,75

0,7

0,6

Болат өткелдері:                        

бір қабатты, ашылатын

бір қабатты, жабық

екі қабатты, ашылатын

екі қабатты, жабық

 

 

0,75

0,9

0,6

0,8

 

3.5  Кесте  - t3  коэффициентінің мөлшері

 

Жабынды көтергіш құрылғылар

 

t3

 

Болаттан жасалған ферма

0,9

Темір-бетоннан және ағаштан жасалған ферма және арка

0,8

Тұтас арқалық және қаңқа тіреудің көлденең қимасының биіктігі бойынша:                

50 см және одан жоғары

50 см ден төмен

 

 

0,8

0,9

 

3.6  Кесте  - t4   коэффициентінің мөлшері

 

Күн көзінен қорғайтын құрылғы, өнім және материалдар

 

 

t4

Реттеліп жиналатын жалюзалар және перделер (шыны аралық, ішкі, сыртқы)

1

Тілімдердің терезе бетіне 900 бұрыш бойынша орналасқан стационарлық жалюза және экранның қорғау бұрышы 450 -тан жоғары емес:                                                          

көлденең

тік

 

 

 

0,65

0,75

Көлденең күнқағар:                    

қорғау бұрышы 300 –тан жоғары емес

қорғау бұрышы 15 тен 450 -қа дейін (көп сатылық)

 

0,8

0,9-0,6

 

 

 

3.7  Кесте  - Кф коэффициентінің мөлшері

 

Фонардың түрі

 

 

Кф

Жабын бетіндегі жарық ойығы, ленталық

1

Жабын бетіндегі жарық ойығы, жекеленген

1,1

Қос қабат әйнектелген көлбеулік фонарлар (трапециялық)

1,15

Қос қабат әйнектелген тік фонарлар (тік бұрышты)

1,2

Жалаң қабат әйнектелген көлбеулік фонарлар (шед)

1,3

Жалаң қабат әйнектелген тік фонарлар (шед)

1,4

 

3.8  Кесте  - Кзд  коэффициентінің мөлшері

 

Р/Нзд

 

0,5

 

1

 

1,5

 

2

3 және одан жоғары

Кзд

1,7

1,4

1,2

1,1

1

 

Ескертпе:  Кзд, коэффициентінің мөлшері қарастырылып отырған ғимараттың  терезесіне қарама-қарсы тұрған ғимараттың қараңғалауын ескереді.

 

 

        3 .8 .1  К е с т е Дентаплюс стомотологиясындағы шамдардың сипаттамасы   

Түрлері

Қуаты, Вт

 

Көлемі,     мм 

Түстік температура, К

Флуоре-сценттік құбыр,Вт

DENTA T5628EL

168

1355х700х55

6500, 4000

6х28

DENTA MAXI T5628EL

224

1355х872х55

6500, 4000

8х28

DENTA PLUS T5654ELD

324

1355х700х55

6500, 4000

6х54

DENTA UT5U654EL

324

1640х1355х55

6500, 4000

6х54

 

       3.9  Кесте  -  r1 коэффициентінің мөлшері

 

Бөлме енінің жұмыс биіктігі деңгейіне және терезе төбесіне қатынасы

Сыртқы қабырға-дан бөлме еніне дейінгі есептік нүкте ара-қашықтығының қатынасы

Қабырғадан түсетін жарықтағы r1  мөлшері

Қос қабырғадан түсетін жарықтағы  r1  мөлшері

Төбе, қабырға және еденнен шағылысатын орташа алынған коэффициенті

0,5

0,4

0,3

0,5

0,4

0,3

Бөлме ұзындығының оның еніне қатынасы

0,5

1

2 және жоға-ры

0,5

1

2  

және жоға-ры

0,5

1

2

және жоға-ры

0,5

1

2 және жоға-ры

0,5

1

2 және жоға-ры

0,5

1

2

және жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

1 -ден 1,5 -ке  дейін

0,1

1,05

1,05

1,05

1,05

1,05

1

1,05

1

1

1,0

1,0

1,05

1,0

1,05

1

1,05

1

1

0,5

1,4

1,3

1,2

1,2

1,15

1,1

1,2

1,1

1,1

1,3

1,2

1,15

1,1

1,1

1,1

1,1

1,1

1,1

1

2,1

1,9

1,5

1,8

1,6

1,3

1,4

1,3

1,2

1,6

1,4

1,25

1,4

1,3

1,5

1,2

1,1

1,1

1,5 -тен 2,5 –ке дейін

0

1,05

1,05

1,05

1,05

1,05

1,0

1,05

1

1

1,0

1,0

1,05

1,0

1,05

1,0

1,0

1

1

0,3

1,3

1,2

1,1

1,2

1,15

1,1

1,15

1,1

1,05

1,3

1,2

1,1

1,2

1,15

1,1

1,1

1,1

1,0

0,5

1,85

1,6

1,3

1,5

1,35

1,2

1,3

1,2

1,1

1,8

1,4

1,25

1,4

1,35

1,1

1,2

1,1

1,1

0,7

2,25

2

1,7

1,7

1,6

1,3

1,55

1,35

1,2

2,1

1,7

1,5

1,7

7,45

1,2

1,3

1,2

1,2

1

3,8

3,3

2,4

2,8

2,4

1,8

2

1,8

1,5

2,3

2

1,6

1,9

1,6

1,5

1,5

1,3

1,2

 

 

2,5 -тен  3,5 –ке  дейін

 

 

0,1

1,1

1,05

1,05

1,05

1

1

1

1

1

1,1

1,0

1,05

1,0

1

1

1

1

1

0,2

1,15

1,1

1,05

1,1

1,1

1,0

1

1,05

1,05

1,1

1,1

1,05

1,1

1,1

1,0

1,0

1,0

1,0

0,4

1,35

1,25

1,2

1,2

1,15

1,1

1

1

1,1

1,3

1,2

1,2

1,1

1,1

1,1

1,1

1,1

1,1

0,6

2

1,75

1,45

1,6

1,45

1,3

1,6

1,8

1,6

1,3

1,5

1,35

1,5

1,35

1,2

1,3

1,2

1,15

0,8

3,6

3,1

2,1

2,4

2,2

1,5

1,9

1,7

1,4

2,8

2,4

1,9

1,9

1,6

1,3

1,6

1,5

1,25

1

7,2

5,4

4,3

3,6

3,1

2,4

2,6

2,2

1,7

4,4

3,3

2,65

2,4

2,1

1,6

2

1,7

1,4

 

 

3,5 -тен жоғары

0,1

1,2

1,15

1,1

1,1

1,1

1,0

1,05

1,05

1

1,2

1,1

1,1

1,1

1,1

1,0

1,0

1,0

1

0,2

1,4

1,3

1,2

1,2

1,15

1,1

1,1

1,05

1,05

1,4

1,8

1,2

1,2

1,15

1,1

1,1

1,0

1,05

0,4

2,4

2,1

1,8

1,6

1,4

1,3

1,4

1,3

1,2

2,3

2

1,75

1,6

1,4

1,3

1,3

1,2

1,15

0,6

4,6

3,8

3,1

2,4

2,1

1,8

2

1,8

1,5

4,2

3,5

2,85

2,2

2

1,7

1,9

1,7

1,4

0,8

7,4

5,8

4,7

3,4

2,9

2,4

2,6

2,3

1,9

5,8

4,5

3,6

2,8

2,4

1,9

2,2

2

1,6

1

10

7,3

5,7

5

4,1

3,5

3,5

3

2,5

6,3

5

4

3,5

2,9

2,4

2,6

2,2

1,9

  

         3.10  Кесте - Фонардың жарықтық сипаттамасының мөлшері, hф (тікбұрышты, трапециялық және шед)

 

Фонардың түрлері

 

Өткел саны

Фонардың жарықтық сипаттамасының мөлшері

Бөлме ұзындығының өткел еніне қатынасы

1 -ден 2 -ге дейін

2 -ден 4-ке дейін

4 -тен жоғары

Бөлме биіктігінің өткел еніне қатынасы

0,2 - 0,4

 0,4 - 0,7

0,7 - 1

 0,2 - 0,4

 0,4 - 0,7

0,7 - 1

 0,2 - 0,4

 0,4 - 0,7

0,7 - 1

 

Тігіне екі тараптан әйнектелген

(тік бұрышты,   М-тәрізді)

 

Бір

 

 

5,8

 

9,4

 

16

 

4,6

 

6,8

 

10,5

 

4,4

 

6,4

 

9,1

 

Екі

 

5,2

 

7,5

 

12,8

 

4

 

5,1

 

7,8

 

3,7

 

6,4

 

6,5

Үш және жоғары

 

4,3

 

6,7

 

11,4

 

3,8

 

4,5

 

6,9

 

3,4

 

4

 

5,6

 

            3.11  Кесте - r2 коэффициентінің мөлшері

 

Жұмыс бетінен әйнек салынған төменгі шегіне дейінгі бөлме биіктігінің өткел еніне қатынасы

r2  коэффициентінің мөлшері

Төбе, қабырға және еденнен шағылысатын орташа алынған коэффициенті

rср = 0,5

rср = 0,4

rср = 0,3

Өткелдер саны

1

2

3 және одан көп

1

2

3 және одан көп

1

2

3 және одан көп

2

1,7

1,5

1,15

1,6

1,4

1,1

1,4

1,1

1,05

1

1,5

1,4

1,15

1,4

1,3

1,1

1,3

1,1

1,05

0,75

1,45

1,35

1,15

1,35

1,25

1,1

1,25

1,1

1,05

0,5

1,4

1,3

1,15

1,3

1,2

1,1

1,2

1,1

1,05

0,25

1,35

1,25

1,15

1,25

1,15

1,1

1,15

1,1

1,05

 

                        3.12  Кесте - Запас коэффициентінің мөлшері                                                                                                                        

 

 

 

Бөлме және алаң

 

 

 

Жұмыс бөлмелерінің түрлері

Запас коэффициенті,  Кз

Табиғи жарықтануда және жарық өткізетін материалдардың келесі орналасуында

 

Жасанды

жарықтануда

Тігіне

Ауыт-қып

Көлденең

Газ раз-рядты шамдар

Қыздыру шамдары

                                         1

                                            2

   3

   4

      5

         6

      7

1. Жұмыс зонасындағы ауа ортасында төмендегілерден тұратын өндіріс бөлмелері:

а)  5мг/м3 көп шаң, түтін, күл;

б) 1 ден 5 мг/ м3 дейін шаң, түтін, күл;

 в) 1 мг/м3 төмен шаң, түтін, күл;

 

г) ылғалмен араласқанда әлсіз қышқыл қоспасын туғызатын будың, қышқылдың, газдың аз шамадағы концентрациясы.

Агломерациондық фабрикалар, цемент зауыттары, құю цехтарының құрылғылары.

Темір бетон жинайтын, балқытатын, құятын цехтар.

Механикалық, механикалық құрастыру, тігу цехтары.

Қышқылдарды, улы химиялық реактивтерді, улы химикаттарды өңдейтін цехтар. Галваникалық жабу және гальванопластикалық цехтар.

 

 

  1,5

 

  1,4

 

  1,3

 

 

  1,5

 

 

  1,7

 

  1,5

 

  1,4

 

 

  1,7

 

 

      2

 

   1,8

 

    1,5

 

   

      2

 

 

        2

 

       1,8

 

       1,5

 

     

      1,8

 

 

    1,7

 

    1,5

 

    1,3

 

   

    1,5

2. Ауаның тазалығы бойынша ерекше режимдегі бөлмелер:

а) техникалық қабат

б) бөлменің астында

 

 

 

     -

     -

 

 

    -

    -

 

 

      -

      -

 

 

    1,3

    1,4

 

 

  1,16

   1,2

3. Қоғамдық және тұрғылықты ғимараттардың  бөлмелері

Кабинеттер, оқу бөлмелері, лабораториялар, сауда залы және т.б.

 

1,2

 

1,4

 

1,5

 

1,5

 

1,3

           

 

      3.13  Кесте  - Табиғи және жасанды жарықтану нормалары (ҚР СНиП 2.04-05-2002 «Табиғи және жасанды  жарықтану. Жалпы талаптар»)

Көру жұмысының сипаттамасы

Өте кіші немесе эквивалентті объект, мм

Көру жұмы-сының разря-ды

Көру жұмы-сының бөлігі

Объектің фондық контрасты

Фон сипатта-масы

Жасанды жарықтану

Табиғи жарықтану

Аралас жарықтану

Жарықтану, лк

Көрмей қалу көрсеткіші-нің  норм. мөлшері және пульсация коэффициенті

ТЖК, еН, %

Аралас жарықтану жүйесінде

Жалпы жарық-тану жүйе-

сінде

Төбе-ден немесе аралас жарық

Қа-быр-ғадан түсе-тін жа-рық

Төбеден неме-се ара-лас жа-рық

Қабырғадан түсе-тін жарық

барлығы

Со-ның ішін-де жал-пы

ρ

Кп, %

Аса жоғары дәлдікте

0,15 төмен

I

а

Кіші

Қараңғы

5000

4500

500

500

-

-

20

10

10

10

 

 

 

 

б

Кіші

Орташа

Орташа Қараңғы

4000

3500

400

400

1250

1000

20

10

10

10

-

-

6,0

2,0

в

Кіші

Орташа Үлкен

Жарық Орташа

Қараңғы

2500

 

2000

300

 

200

750

 

600

20 

 

10

10

 

10

 

 

 

 

г

Орташа Үлкен

Жарық

Орташа

 

2500

2000

300

200

750

600

20

10

10

10

 

 

 

 

Өте жоғары дәлдікте

0,15 тен 0,3 дейін

II

а

Кіші

 

Қараңғы

4000

3500

400

400

-

-

20

10

10

10

 

 

 

 

б

Кіші

Орташа

Орташа Қараңғы

3000

2500

300

300

750

600

20

10

10

10

 

 

 

 

в

Кіші

Орташа Үлкен

Жарық Орташа

Қараңғы

2000

 

1500

200

 

200

500

 

400

20

 

10

10

 

10

-

-

4,2

1,5

г

Орташа Үлкен

Жарық

Орташа

1000

 

750

200

 

200

300

 

200

20

 

10

10

 

10

 

 

 

 

                 3.13-кестесінің жалғасы

Көру жұмысының сипаттамасы

Өте кіші немесе эквивалент-ті объект, мм

Көру жұмысы-ның разряды

Көру жұмы-сының бөлігі

Объектің фондық контрасты

Фон сипатта-масы

Жасанды жарықтану

Табиғи жарықтану

Аралас жарықтану

Жарықтану, лк

Көрмей қалу көрсеткіші-нің  норм. мөлшері және пульсация коэффициенті

КЕО, еН, %

Аралас жарықтану жүйесінде

Жал-пы жарық-тану жүйе-

сінде

Төбе-ден неме-се ара-лас жа-рық

Қа-быр-ғадан түсе-тін жа-рық

Төбе-ден немесе аралас жа-рық

Қа-быр-ғадан түсе-тін жа-рық

барлығы

С.і.. жал-пы

ρ

Кп, %

Жоғары дәлдікте

3,0 -ден 0,5 –ке дейін

III

а

Кіші

Қараңғы

2000

1500

200

200

500

400

40

20

15

15

 

 

 

 

б

Кіші

Орташа

Орташа Қараңғы

1000

750

200

200

300

200

4020

15

15

 

 

3,0

1,2

в

Кіші

Орташа Үлкен

Жарық Орташа

Қараңғы

750

 

600

200

 

200

300

 

200

40

 

20

15

 

15

 

 

 

 

г

Орташа Үлкен

Жарық

Орташа

 

400

200

200

40

15

 

 

 

 

Орташа дәлдікте

0,5 -тен 1,0 -ге дейін

IV

а

Кіші

Қараңғы

750

200

300

40

20

 

 

 

 

б

Кіші

Орташа

Орташа Қараңғы

500

200

200

40

20

4

1,5

2,4

0,9

в

Кіші

Орташа Үлкен

Жарық Орташа

Қараңғы

 

400

 

200

 

200

 

40

 

20

 

 

 

 

г

Орташа Үлкен

Жарық

Орташа

 

 

-

 

-

 

200

 

40

 

20

 

 

 

 

Кіші дәлдікте

1 -ден 5-ке дейін

V

а

Кіші

Қараңғы

400

200

300

40

20

 

 

 

 

б

Кіші

Орташа

Орташа Қараңғы

-

-

200

40

20

3

1

1,8

0,6

г

Орташа Үлкен

Жарық

Орташа

 

-

 

-

 

200

 

40

 

20

 

 

 

 


Мазмұны 

 

Кіріспе     

1  Жасанды жарық түрлері  

2   Жасанды жарықтану есебі 

Әдебиеттер тізімі     

 

Әдебиеттер тізімі

1. СНиП РК 2.04.-05.2002 Естественное и искусственное освещение. Государственные нормативы в области архитектуры, градостраительства и строительства.

2.     Справочная книга для проектирования электрического освещения / Под.ред. Г.М. Кнорринга. – Л. : Энергия, 1976.

3. Справочная книга по светотехнике/ Под. ред. М.Б. Айзенберга. – М.: Энергоатомиздат, 1983.

4. Лесман Е.А. Освещение административных зданий и помещений. – Л.: Энергоатомиздат, 1985.

5. Пособие по расчету и проектированию естественного, искусственного и совмещенного освещения (к СНиП 11-4-79)/ НИИСФ. – М.: Стройиздат, 1985.

6. Никитин В.Д. Расчет освещения точечным методом. – Томск.: Изд. ТПИ им С.М. Кирова, 1985.

7. Анчарова Т.В. Проектирование промышленных осветительных установок. Методическое пособие. – М.: Изд. МЭИ, 2003.

8. Абдимуратов Ж.С., Мананбаева С.Е. Безопасность жизнедеятельности. Методические указания к выполнению раздела «Расчет производственного освещения» в выпускных работах для всех специальности бакалавриат. – Алматы,2009.