Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ 

Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

 

 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ  

050704- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 050719- Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін диплом жұмысына арналған әдістемелік нұсқау 

 

Алматы, 2009

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: М.К. Дюсебаев, Т.Е. Хакимжанов, А.С. Бегимбетова 050704- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 050719- Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін диплом жұмысына арналған әдістемелік нұсқау - Алматы: АЭжБИ, 2009.-9 б.

 

Әдістемелік нұсқауда 050704 - Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету, 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының диплом жұмысының «тіршілік қауіпсіздік» бөлігіне лайықты жалпы талаптар, тапсырманың тақырыптары берілген. Жұмыстың оңтайлы жағдайын жобалайтын немесе пайдаланатын жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайға алдын ала дайындалу немесе жою, технологиялық процестер мен техникалық құрылғылардың зиянсыздықтарын талдау мәселелері типтік тапсырмаларына кіреді.

1       Жалпы талаптар 

«Тіршілік қауіпсіздік» бөлімі диплом жұмысының ажыратылмас бөлігі болып табылады.

 

1.1 Технологиялық жабықтарды пайдалану кезінде еңбек жағдайын талдау: өндірістік персоналға зиянды және қауіпті факторлардың әсер етуі. Диплом жұмысының тақырыбына катысы бар нақты материалдар мен нормативті мәліметтер болуы қажет.

Өндірістік бөлмелердің еңбек жағдайын талдағанда негізгі жабдықты,  оның сипаттамасын, жұмыс істеуінен пайда болатын қауіптілік пен зияндықтарды жұмысында көрсету тиісті. Бұл қауіпті мен зиянды факторлардың адамға әсер ететіндігіне негізгі назарын аудару керек. Еңбек қауіпсіздік пен эргономика талаптарын ескеріп, жұмыс орнын алдын ала анықтап қарап, сурет пен эскиздерді жасау керек. Пайдаланатын жарық жүйелері (табиғи, жасанды) туралы жазып шығару. Ауа баптау (желдету). Шу көздерінің қысқа сипаттамасы және жұмысшыларға шу әсері туралы жазып беру.

Сейсмотұрақтылық, өрт-жарылыс қауіптілік және электр токтан зақымдану қауіп деңгейі бойынша өндірісті жіктеу талдауын келтіру қажет.

1.2 Қолданыстағы ережелерге, стандарттарға және басқа нормативтік құжаттарға, әдістемелік көрсеткіштерге сілтімелер жасай отырып, есептеу негізінде еңбек және жоюдың әртүрлі мәселелерінің техникалық шешімдері. Сызба, сұлба, графикті есепке қоса беру керек. 2.1-2.13 пункта есептердің тақырыптары берілген. Нақты шешімдердің орнына шаралар, ережелер, тыйымдар, міндеттерді көшіріп жазуға рұқсат етілмейді. «Болу керек», «Болуы тиіс» деген сөздерді қолданбау керек. Диплом бөлігінің жалпы көлемі компьютерлік текстпен 10 бетке дейін болу керек. Тіршілік қауіпсіздік мәселелері жұмыстарда зерттелмесе немесе жеткіліксіз зерттелсе, онда диплом жұмысын қорғауға рұқсат етілмейді.

«Тіршілік қауіпсіздік» бөлігінің тақырыбы бойынша мақұлдасуға студент консультантпен кесте бойынша кездесуі тиіс. Консультацияның кестесі «Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының алдында ілініп қойылған. Мұнан былайғы студенттің жұмысы консультанттың нұсқауымен істелінеді. Диплом жұмысының тақырыбына және студенттің мамандығына қарай консультант есептің санын тағаиындайды.

Диплом бөлігін орындап бітірген туралы түсініктемені хаттың титулдық парағында консультанттың қойылған қолы куәландырады. 

 

2 Зерттемелер (есептер), болжамды тақырыптары

 

2.1 Жұмыс орнын ұйымдастару, эргономика мен  техникалық эстетика

2.1.1Оператордың (багдарламашының, диспетчердің) жұмыс жағдайының сипаттамасы.

2.1.2 Жұмыс зонасына, жұмыс орнына эргономикалық талаптар.

2.1.3 Жұмыс орнын жоспарлау. Жұмыс бетінің мөлшері, қосымша материалдарды орналастыру.

2.1.4 Жұмыс орынны және интерьерді әсем безендіру.

 

2.2 Зертханалық зерттеу үшін стенд пен жұмыс орнының жасалымы

2.2.1 Еңбек жағдайы мен орындалатын жұмыстың сипаттамасы, зерттеудін мақсаты.

2.2.2 Стенд, оны аспаптармен жабдықтау. Аспаптарды жұмыс орнында орналастыру, пайдалану бойынша жіктеу.

2.2.3 Алдын ала дайындалатын жұмыстар, жөндеу, нормалық режім уақытында электр токпен зақымдаудың потенциалдық қаупі.

2.2.4 Электр токтан зақымдау жүйесін таңдау, дәлелдеу және есептеу.

 

2.3 Дисплей мен жұмыс істегендегі еңбек қауіпсіздігі

2.3.1 Дисплей сипаттамасы, оператордың жұмыс жағдайы.

2.3.2 Көзбен байқау зоналары: дистанция және бақылау бұрышы, кереғарлық, жарықтылық.

2.3.3 Жұмыс орнының санитарлы-гигиеналық сипаттамасы (температура, ылғалдылық, шу, діріл).

2.3.4 Оператор жұмыс орнының жарықтылығын есептеу.

 

2.4 Зиянды заттар немесе жылу шығатын бөлмелердің желдету жүйесін жобалау

2.4.1 Жылу шығу немесе ластану талдауын келтіру, олардың адам ағзасына әсері.

2.4.2 Бөлмедегі ауа алмастыру қажеттілігін анықтау, ауа өткізгіш жүйенің сипаттамасын келтіру.

2.4.3 Вентиляциялық шығарылымдарды атмосфераға шығару алдындағы тазарту шараларды тағайындау.

 

2.5 Өндірістік бөлмелерде жарықтандырғыш қондырғыларды жобалау

2.5.1 Бөлменің еңбек жағдайының сипаттамасын, көзбен байқау жұмысының разрядын  және өндірістік жарықтандыруға талаптарды келтіру.

2.5.2 Экономикалық талаптарына және жұмыс жағдайына сәйкес жарықтандыру жүйесін таңдау.

2.5.3 Жарықталуын нормалау арқылы жарық ағынының есебін жасау және жарық көзінің типтерін таңдау.

2.5.4 Жарықтандырғыш қондырғылардың өрт және электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды ескеру.

 

2.6 Өндіріс бөлмелерде табиғи жарық жүйесінің жасалымы

2.6.1 Көз байқауға сәйкес істейтін жұмысты талдау, табиғи жарық жүйесін ұйымдастыру туралы ұсыным беру.

2.6.2 Көзбен байқау жұмыстың берілген разрядына қарай табиғи жарықтың есебін жасау, нормалық мәліметтермен дәлелдеу.

2.6.3 Жарық ойығының қажетті ауданын есептеу, ойықты орналастыру туралы ұсыным беру.

 

2.7 Жұмыс орнында шу денгейін төмендету шараларының жасалымы

2.7.1 Шу көздерінің қысқа сипаттамасын беру, олардың жұмыс істеушілерге әсері.

2.7.2 Шу көздерінің орналастыру сұлбасын көрсету және деңгейін есептейтін есептелген нүктені көрсету.

2.7.3 Сегіз ортагеометриялық жиілікте есептелген нүктедегі дыбыс қысымның деңгейін анықтау және оны гигиеналық нормамен салыстыру.

2.7.4 Адам әрекетін есепке алып, шудан қорғау шараларын таңдау.

 

2.8 Электр магнитті өрістер әрекетінен қорғау шаралары

2.8.1 Электр магнитті өрістер көздерінің сипаттамасы, олардың адамға әсері.

2.8.2 Персонал қысқа және ұзақ уақытта ЭМӨ сәулелену нормасына сәйкес қауіпсіздік аралықты есептеу.

2.8.3 Қорғау құралды таңдау. Экранды, келісіп алған сәулелену салмағын және басқа қорғау құралдарды есептеу.

2.8.4 ЭМӨ көздермен жұмыс істегенде қауіпсіз ұйымдастыру шаралар (биіктікте жұмыс істеу, электр токтан зақымдану және т.б.).

 

2.9 Байланыс жүйелерде жұмыс істеушілерге қауіпсіздіқ қамтамасыз ету

2.9.1 Ауа кабельдік байланыс желісінде, радиоландыру және радио байланыс жұмысында қауіпті факторлар.

2.9.2 Қауіпсіздік ұйымдастыру шаралары (жұмыс істеуге рұқсат, биіктікте жұмыс істеу, жер қазу жұмыстары).

2.9.3 Электр қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралар. 

 

2.10 Электр қауіпсіздік

2.10.1 Берілген өндірістік бөлмеде электр токтан зақымданудың себептері.

2.10.2 Жабдықтаудың ток өтетін оқшауламаған бөлшектерге қол жетпестігін қамтамасыз ететін шараларды беру.

2.10.3 Жабдықтау орналастыратын бөлмелерде электр токтан зақымдануы кауіптілік болуы туралы бөлмелерге сипаттама беру.

2.10.4 Элетрден қорғау кұралдары және жалпы мен жеке шаралар қолдануын дәлелдеу.

2.10.5 Жерлендіру құрылғының сұлбасын келтіру.

2.10.6 Электр есептеу машиналардын (ЭЕМ) сипаттамасы, ЭЕМ нормалық мен авариялық режімінде электр тоқтан зақымдану қауіптілігі.

2.10.7 Элетр ток зақымданудан қорғауын таңдау.

 

2.11 Кәсіпорындарда өрт қауіпсіздік

2.11.1 Өрт қауіпті өндіріс категорияларын беру. Өрт себептері.

2.11.2 Кәсіпорындағы өрт қауіптілігін сипаттау. Өрт себептері.

2.11.3 Жұмыс істейтін бөлмедегі өрт пен жарылыс қауіпті көздердің және өрт қауіпті заттардың сипаттамасы.

2.11.4 Өрт профилактикасының ұйымдастыру және техникалық шаралары.

2.11.5 Өрт сөндіру әдістері мен құралдарын таңдау. Бөлмелердегі өрт сөндіргіштер қажетті санын есептеу.

2.11.6 Өрт сөндіру құралдары мен әдістерін таңдауын дәлелдеу.

2.11.7 Кәсіпорындардың бөлмелерде өрттің алдын алуына профилактика шараларды жасау.

2.11.8 Өрт уақытында адамдарды эвакуациялау жолдарын есептеу, эвакуацияның жоспарын көрсету.

 

2.12 Технологиялық жабдықтау мен процестерде қызмет етудің қауіпсіздігі

2.12.1 Зиянды газ, бу, шаң ауа құрамынан шектеу, тазарту және шығару қамтамасыз ететін құралдар жасалымы.

2.12.2 Сақтандыратын қақпаша, қауіпсіз жүк көтерімділігі мен жылжымады шектеуші құралдар мен аспаптар жасалымы.

2.12.3 Өндірістік бөлмелерде ауа шаңдығын төмендету бойынша шаралар беру (технологиялық процестерді жетілдіру, жабдықтауды бітеу, сумен шаң басу, желдету).

2.12.4 Технологиялық процесті қауіпсіздік қамтамасыз ету, жобалайтын жабдықтауды пайдалану қауіпсіз зонаның шегін анықтау.

2.12.5 Еңбек өнімділігі, шаршағыштық, қауіпсіздік жағдай бойынша технологиялық процестің жасалымын бағалау.

2.12.6 Жобалайтын обьекте монтаж және құрастыратын жұмыстарда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету бойынша шараларды дәңелдеу және таңдау.

2.12.7 Технологиялық процестер мен өндірістік жабдықтарды қауіпсіз қызмет ету бойынша экспертиза жүргізу.

 

2.13 Төтенше жағдайдың зардабын жою және профилактикасы

2.13.1 Жылы және энергия жабдықтау жүйесінде авария және өрт болғанда жедел қалпына келтіру, құтқарушы жұмыстарды ұйымдастыру, халықты қорғау әдістері.

2.13.2 Өртке қарсы рационалдық техниканы таңдау және өрт қаупі болуынын көздерін талдау.

2.13.3 Жарылыс қаупі мен өртке қауіпті класстар және өртке қауіпті өндіріс категорияларын анықтау.

2.13.4 Есеп жолымен және СНиП бойынша өртке қарсы аралықты анықтау.

2.13.5 Есеп жолымен және нормалық мәліметтер бойынша ғимараттар құрылыстық құрылымдардың от қаупінің шындық шегін анықтау.

2.13.6 Құрылыс пен ғимараттың найзағайдан қорғанну жобалауын жасау. Найзағайдан қорғаныс негізгі параметрлерін есептеу, қорғаныс зонасын сызып көрсету.

2.13.7 Жарылыс қысымының мөлшерін есепке ала отырып жеңіл тасталатын құрылымдардын, терезе әйнектердің талап ететін ауданын анықтау.

2.13.8 Өрт қауіпсіздігі бойынша шешімнің сенімдігін бағалау.

2.13.9 Радиоактивті заттармен және рентген көздер мен жұмыс істеген жабдықтар жағдайын дозиметрлік тергеуді өткізу және профилактикалық шаралар жасалымын беру.  

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Долин П.А. Справочник по технике безопасности. М.: Энергоиздат, 1984. - 783 с.

2. Долин П.А. Основы техники безопасности в электроустановках. М.: Энергоатомиздат, 1984. - 448 с.

3. Кноринг Г.М. Справочная книга для проектирования электрического освещения. Л.: Энергия, 1986 - 346 с.

4. Баклашов Н.И., Китаева Н.Ж.Терехов Б.Д. охрана труда на предприятиях связи и охрана окружающей среды. - М.: Радио и связь, 1989. - 288 с.

5. Омаров А.Д., Целиков В.В., Зальцман М.Д. и др. Инженерные решения по безопасности труда на транспорте: Справочник. Алматы: Из-во «Бастау». 2002г. – 460с.

6. Медеу А.А. Управление риском в инвестиционной деятельности в  нефтегазовой   отрасли экономики. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002г. -224с.

7. Гарин В.М., Кленова И.А., Колесников В.И. Экология для  технических вузов. Под ред.  В.М. Гарина. Ростов н/Д: Феникс, 2003г. -384с.

8. Раздорожный А.А Безопасность производственной  деятельности. Учеб. пособ. –М: Инфра – М., 2003г. – 208с.

9. Дюсебаев М.К. Безопасность жизнедеятельности. Методические указания к выполнению раздела в дипломных проектах для студентов всех форм обучения. –Алматы: АИЭС, 2003г. -27с.

10. Кузнецов К.Б.,  Мишарин А.С. Электробезопасность   в электроустановках  железнодорожного  транспорта: Учеб. пособ. для вузов ж.д. транспорта/ Под. ред. К.Б. Кузнецова. – М.: Маршрут, 2002г. – 456с.

11. Основы организации охраны и  безопасности труда в Республике     Казахстан / Сост. В.И. Скала, Н.В. Скала. Алматы, ТОО «Издательство LEM»,  2005г. -340с.

12. Хакон Скистад (редактор), Элизабет Мундт, Питер Нильсен и др. Вытесняющая вентиляция  в непроизводственных зданиях / Пер. с англ. М.: АВОК-ПРЕСС., 2006г. – 104с.

13. Хакимжанов Т.Е. Сборник задач по охране труда  и безопасности жизнедеятельности: Учеб. пособие для вузов, Алматы: Эверо, 2007г. -88с. 

14. Хакимжанов Т.Е. Охрана труда. Учеб. пособ. для вузов, Алматы: Эверо, 2006г. -262 с.

15. Хакімжанов Т.Е. Еңбек қорғау. Оқу қуралы. Алматы, Эверо, 2008 ж, 196 бет.