Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

 

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ

 

5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
мамандығының студенттері үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы 2013

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ф.Р. Жандаулетова, Ә.Ә. Торғаев, Н.Г. Приходько. Өрт қауіпсіздігі негіздері. 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының студенттері үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБУ, 2013 -  40 б.

 

5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының студенттері үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауларда қысқаша оқу материалдары жазылған.

Сур. 4, кесте. 10, сурет. 4, әдебиет - 18 атал.

 

Пікір беруші: доцент К.О. Гали

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. жоспары бойынша басылады.

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2013 ж.

 

1 Тапсырма

 

1.1 Есептеуге әдістемелік нұсқаулар

 

Есептеуді келтірілген әдістеме бойынша жүргізіңдер /1- 4, 9/.

 

1.2 Курстық жұмысқа тапсырма

 

1. 1 – кесте бойынша оқытушының тапсырмасы бойынша нұсқа нөмірін таңдау.

2. Өрттің негізгі себептерін анықтау.

3. Ғимараттың мен кабинетнің категориясын және дәрежесін анықтау.

4. Өрт кезінде көшіруның мүмкін болатын ұзақтығын есептеу.

5. Көшіру уақытын есептеу

6. Қорытынды және ұсыныстар жасау.

 

1.3 Курстық жұмыстың мазмұны

 

Курстық жұмыс өзіне мыналарды кіргізу керек:

1) Курстық жұмысқа тапсырма

2) Қысқаша кіріспе

3) Есептік бөлім

4) Қорытынды және ұсыныстар

 

1.4 Тапсырма шарты және бастапқы мәндер

 

Ғимаратта өрт пайда болған кезде кәсіпорын қызметкерлерінің кабинеттерінен көшіру уақытын анықтау керек. Әкімшілік ғимарат өрт туралы автоматты дабыл және хабарлау жүйесімен жабдықталмаған. Ғимарат Nn қабатты, жоспарда АxВ м өлшемі бар, оның ені 3 м дәлізінде өрт кезінде адамдарды көшіру сызбалары бар. Көлемі Vм3 кабинет бірінші қабатқа апаратын баспалдақ алаңына тікелей жақын екінші қабатта орналасқан. баспалдақ алаңының ені b м. және ұзындығы d м. Кабинетте М адам жұмыс істейді. Барлығы қабатта B адам жұмыс істейді. Бірінші қабатта C адам жұмыс істейді. Ғимараттан көшіру сызбасы оқытушымен беріледі.

 

1.1 кесте - Бастапқы мәндер

Бастапқы мәндер

Нұсқалар

00

01

02

03

04

05

06

07

08

09

Ғимарат қабаттылығы

2

3

2

3

2

3

2

3

2

3

Ғимарат типі

Панелді

Кір-пішті

Панелді

Кір-пішті

Панелді

Кір-пішті

Панелді

Кір-пішті

Панелді

Кір-пішті

Жоспардағы өлшемдері

12х32

12х36

9х24

15х32

15х36

24х48

18х36

12х32

18х42

9х32

Дәліз ені

3

4

5

4

3

4

3

4

3

4

Баспалдақ ала-ңының ені, м

1,5

2,0

2,5

3,0

3,3

2,7

1,8

3,5

2,7

1,6

Баспалдақ алаңының ұзындығы, L, м

10

12

15

18

20

10

12

15

18

10

Көшіру сызбасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Кабинетте, қабатта, I қабатта жұмыс іс-дер саны

7/98/76

8/80/  65

9/92/70

10/88/68

12/98/78

20/102/84

7/98/ 76

8/96/74

9/110/82

7/88/68

 

1.1 кестенің жалғасы

Бастапқы мәндер

Нұсқалар

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

Ғимарат қабаттылығы

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

Ғимарат типі

Панелді

Кір-пішті

Панелді

Кір-пішті

Панелді

Кір-пішті

Панелді

Кір-пішті

Панелді

Кір-пішті

Жоспардағы өлшемдері

15х32

15х36

9х24

12х32

12х36

12х48

18х36

24х32

9х321

8х42

Дәліз ені

3

4

5

4

3

4

3

4

3

4

Баспалдақ алаңының ені, м

2

1,5

1,3

2,5

2,7

3,5

3,2

2,3

2

1,7

Баспалдақ алаңының ұзындығы, L, м

12

15

18

10

12

10

12

15

10

12

Көшіру сызбасы

8

7

6

5

4

3

2

1

10

9

Кабинетте, қабатта, I қабатта жұмыс іс-дер саны

10/88/68

9/110/82

9/92/70

8/96/74

 

12/98/78

20/102/84

7/98/76

10/88/68

8/80/65

 

7/98/76

 


2 Өрт қауіпсіздігінің негізгі жағдайлары

 

ТЖ факторларынан қорғаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып дер кезіндегі көшіру және нысандар қызметкерлері мен халықты қауіпті аудандардан және зоналардан жинақтау болып табылады.

Көшіру – ТЖ зоналарынан немесе мүмкін болатын ТЖ нысандардың қызметкерлерін ұйымдастырылған шығарудың немесе тасудың кешенді іс-шаралары, сонымен бірге орналастыру аудандарында көшірілгендерді керекті заттармен қамтамасыз ету.

Ғимараттарды және құрылыстарды жобалаған кезде негізгі мәселенің бірі болып мүмкін болатын ТЖ кезінде адамның қозғалысы үшін өте қолайлы жағдай жасау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Еріксіз қозғалыс пайда болған қауіпке (өрт, апат және т.б.) байланысты кабинетні немесе ғимаратты тастап кету.

Тәжірибе көрсеткендей, еріксіз қозғалыстың өзінің өзгеше ерекшеліктері бар, оларды адамдардың денсаулықтарын және өмірлерін сақтау үшін ескеру керек. АҚШ – та жылына 11000 жуық адам өрттерде қаза табатыны анықталған. Адамдар құрбаны бар өте ірі апаттар соңғы жылдары осы АҚШ – та көп болды. Статистика көрсеткендей, құрбандардың өте көп саны адамдар көп шоғырланған ғимараттардағы өрттерге келеді.

Еріксіз көшірудің негізгі ерекшелегі мынада – өрт пайда болған бастапқы сатысында адамға жылу, толық және жартылай жанған өнімдердің, улы заттардың, құрастырмалардың қирауымен қоса жүретін жағдайлар нәтижелерінде адам денсаулығына немесе өміріне де қауіп төндіреді, сол себепті, ғимаратты жобалаған кезде көшіру үрдісі керекті уақытта бітетін шаралар қарастырылады.

Келесі ерекшелік мынада: адамдардың қозғалыс үрдісі оларға төнетін қауіптер күшіне байланысты бірмезетте бір бағытта шығу жаққа қарай, көшірілгендердің физикалық күштеулерінің белгілі көрінуімен түйсікті түрде басталады. Бұл адам ағындарының белгілі бір тығыздығы кезінде шығулардың адамдармен тез толып қалуына алып келеді. Ағындардың тығыздығының өсуімен қозғалыстың жылдамдығы ақырындайды да, белгілі анықталған ырғақты және қозғалыс үрдісінің оъбективтілігін тудырады. Егерде, көшіру үрдісі дұрыс қозғалыс кезінде еркін сипатты білдірсе (адам кез келген жылдамдықта, кез келген бағытта жүруге ерікті), еріксіз көшіру кезінде бұл мүмкін болмайды. Еріксіз көшіру үрдісінің тиімділік көрсеткіші ретінде толықтай жеке кабинеттерді және ғимаратты адамдардың тастап кету керектігі кезіндегі уақыт болып табылады.

Еріксіз көшіру қауіпсіздігіне жететін оқиғалар, егерде жеке кабинетлерден немесе ғимараттардан адамдардың көшіруінің ұзақтығы толықтай өрттің жалғасуынан аз болса, өрт біткенше адамдар үшін әсер ететін қауіптер пайда болады.

Көшіру үрдісінің қысқа мерзімділігі құрастырмалық-жоспарлық және ұйымдастрыушылық шешімдермен жеткізіледі, олар сәйкес құрылыс нормаларымен және ережелерімен нормаланады.

Еріксіз көшіру кезінде әрбір есік, баспалдақ немесе өткел (бітеу дәліз, шығуы жоқ көрші кабинетке кіретін есік, терезе және т. б.) қысқа уақытта қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ете алмайды.

Көшіретін шығулар деп есік өткелдері, егерде олар кабинеттерден тікелей сыртқа шығаратын болса, тікелей сыртқа шығатын шығулары бар баспалдақ алаңдары немесе вестибюль арқылы, өткел немесе сыртқа немесе баспалдақ алаңына тікелей шығуы бар А, Б және В категориялы өрт қаупі бойынша III дәрежеліден төмен емес өртке төзімділікке ие, өндірістері жоқ, сол қабаттағы көрші кабинет дәлізі арқылы шығатын шығулар аталады.

Барлық өткелдер, соның ішінде есіктер жоғарыда көрсетілген белгілері болмаса көшірулық деп есептелмейді және есепке алынбайды.

Көшіру жолдарына белгілі бір уақыт ішінде көшіретін шығуларға алып келетін және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін жолдар жатады. Өте кең таралған көшірулық жолдар болып өткелдер, дәліздер, фойе және баспалдақтар табылады. Механикалық іске қосылатын (жедел саты, эскалаторлар) қатынас жолдары көшірулық жолдарға жатпайды, өйткені энергия көздеріне байланысқан барлық механикалық іске қосылатындар көшірулық жолдарға жатпайды, олар өрт немесе авария кезінде істен шығуы мүмкін.

Қосымша шығулар болып қалыпты қозғалыс кезінде пайдаланылмайтын, бірақ еріксіз көшіру кезінде пайдаланылуы мүмкін шығулар жатады. Адамдар әдетте еріксіз эавкуация кезінде кәдімгі қозғалыс кезінде пайдаланылатын шығуларды пайдаланылады. Сол себепті, адамдардың шоғырланған кабинетлерінде қосымша шығулар көшіру есептеуінде қабылданбайды [1].

Ғимараттар мен құрылыстардың көшіру үрдісін сипаттайтын негізгі шамалар болып табылатындар:

- адам ағынының тығыздығы (D);

- адам ағыны қозғалысының жылдамдығы (v);

- жолдың өткізушілік қабілеті (Q);

- қозғалыс қарқындылығы (q);

- жазықта, еңісте көшірулық жолдардың ұзындығы;

- көшірулық жолдардың ені.

Адам ағындарының тығыздығы. Адам ағындарының тығыздығын әртүрлі өлшемде өлшеуге болады. Мысалы, адам қадамының ұзындығын және оның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін бір адамға келетін көшірулық жол бөлігінің орташа ұзындығын білген дұрыс. Адам қадамының ұзындығы, баспалдақ ұзындығын ескермегенде адамға келетін, жол бөлігінің ұзындығына тең деп қабылданады (2.1 суретті қара).

 

2.1 сурет - Қадам ұзындығының және сызықтық тығыздықты анықтау сұлбасы

 

Өндірістік ғимараттарда немесе азғантай тұрғындары бар кабинетлерде тығыздық 1м/адамнан көп болуы мүмкін. Бір адамға келетін жол ұзындығымен өлшенетін тығыздықты сызықтық деп атайды және м/адам деп. қабылданады. Сызықтық тығыздық Д белгіленеді.

Адам ағындарының тығыздығын өлшейтін өте көрнекі бірлік болып көшірулық жолдардың бірлігіне жатқызылған тығыздық және адам/м2 өрнектелетін тығыздық табылады. Бұл тығыздық абсолюттік деп аталады және адамдар санын олар иеленген көшірулық жол ауданына бөлу жолымен алынады және Др деп белгіленеді. Бұл өлшем бірлігін пайдаланып көшірулық жолдар мен шығулардың өткізгіштік қабілетін анықтау ыңғайлы. Бұл тығыздық ересек адамдар үшін 1 ден 10–12 дейін адам/м2 ауытқуы мүмкін және оқушылар үшін 20–25 адам/м2.

Ағындар тығыздығын адамдар орналасқан өткелдер ауданының бөлігінің өткелдердің жалпы аудандарына қатынасы ретінде өлшейді. Бұл шама көшіруланатындардың көшірулық жолдардың толу дәрежесімен сипатталады. Адамдармен иеленген аудан бөлігін, әрбір адамның жазықтағы сүлбесінің аудандар қосындысы ретінде анықтайды (Е қосымша, Е.1 кестені қара). Бір адамның жазықтағы сүлбесінің ауданы жасқа, киім сипатына тәуелді және 0,04 тен 0,126 м2 дейінгі шектерде ауытқиды. Әрбір жеке оқиғада бір адамның сүлбесінің ауданы, эллипс ауданы ретінде анықталуы мүмкін:

 

,   

 

(2.1)

мұнда а – адам ені, м; с – оның қалыңдығы, м.

 

Ересек адамның иықтағы ені 0,38 ден 0,5 м дейін ауытқиды, ал қалыңдығы –0,25 ден 0,3 м дейін. Адамдардың әртүрлі бойын және киім есебінен ағынның кейбір сығылуларын ескере отырып, жеке оқиғаларда тығыздық 1м /адам асып түсуі мүмкін. Бұл тығыздық салыстырмалы деп аталады және Do белгіленеді.

Осыған байланысты, ағында әртүрлі жастағы, жыныстағы және әртүрлі көлемдегі адамдар кездеседі, ағындар тығыздығы туралы мәліметтер белгілі дәрежеде орташаландырылған мәндерді білдіреді.

Еріксіз көшіруның есептеулері үшін адамдар ағындарының есептік тығыздығы түсінігі енгізіледі. Адамдардың ағындарының есептік тығыздығы деп көшірулық жолдың қандайда бір бөлігінде қозғалыс кезінде болатын тығыздықтың өте үлкен мәні есептеледі. Максималды мүмкін болатын тығыздықтың мәні шекті деп аталады. Шекті деп тығыздықтың сондай мәнін айтады, одан асқан кезде адамның денесі механикалық зақымға немесе асфиксияға ұшырайды.

Керек кезде тығыздықтың бір өлшемінен басқасына өтуге болады. Бұл кезде келесі қатынастарды пайдалануға болады:

 

  и  ,              

 

(2.2)

мұнда f – бір адамның сүлбесінің ауданының орташа өлшемі, м /адам;

а – адам ені, м.

 

Адамдар ағынының массалылығы кезінде қадам ұзындығы шектеледі және ағындар тығыздығына тәуелді. Ересек адамның орташа қадам ұзындығын 70 см тең деп алсақ, ал баспалдақ ұзындығын –25 см тең десек, онда сызықтық тығыздықтың, ол кездегі қозғалысы қадамның берілген ұзындығымен есептеледі:

 

 = 0,7+ 0,25 = 0,95.

 

 

Іс-жүзінде, 0,7 м қадам ұзындығы сақталады және сызықтық тығыздық кезінде 0,8 тең деп алынады. Бұл массалық ағындар кезінде адам аяғын алдында жүретіндер арасына салады да қадам ұзындығын сақтауға себеп болады.

Қозғалыс жылдамдығы. Шекті тығыздықтар кезінде қозғалыстар жылдамдықтарын зерттегенде, жолдың жазық бөліктерінде ең аз жылдамдықтар 15 тен 17 м/мин. дейін ауытқиды. Адамдардың көп болуымен болатын нормалармен заңдалған кабинетлер үшін қозғалыстың есептік жылдамдығы 16 м/мин. тең деп қабылданады.

Көшірулық жолдардың бөлімдерінде немесе ғимараттарда, ағындардың тығыздығынан басқа еріксіз қозғалыс кезінде шекті мәндер аз болады, қозғалыс жылдамдықтары да сәйкес үлкен болады. Бұл жағдайда еріксіз қозғалыс жылдамдығын анықтаған кезде адам қадамының ұзындығы және жиілігі алынады. Іс жүзіндегі есептеулер үшін қозғалыс жылдамдығын мына теңдеу бойынша анықтауға болады:

 

,

(2.3)

 

мұнда п – 100 тең минуттағы қадам саны.

 

Шектелген тығыздық кезінде қозғалыс жылдамдығы төмен баспалдақ бойынша 10 м/мин., ал жоғары қарай баспалдақ бойынша – 8 м/мин.

Шығулардың өткізгіштік мүмкіндігі. Шығулардың меншікті өткізгіштік мүмкіндігі деп 1 минутта ені 1 м шығу арқылы өтетін адамдар санын айтады.

Берілген тығыздық кезінде тәжірибе жолымен алынған меншікті өткізгіштік мүмкіндігінің ең аз мәні, есептік меншікті өткізгіштік мүмкіндігі деп аталады. Шығулардың меншікті өткізгіштік мүмкіндігі шығулардың еніне, адамдар ағындарының тығыздығына және шығу еніне адамдар ағыны енінің қатынасына тәуелді.

Ені 1,5 м есіктердің өткізгіштік мүмкіндігі нормалармен анықталған, ол 50 адам/минутына, ал ені 1,5 м артық болған жағдайда 60 адам/минутына тең (шекті тығыздықтар үшін).

Көшіретін шығулардың өлшемі. Көшірулық жолдардың және шығулардың өлшемдерінен басқа, адамдардың ұйымдастырылған және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін нормалар олардың құрастырмалық-жоспарлық шешімдерін реттейді.

Өнеркәсіптік ғимараттарда өндірістік процестердің өртке қауіптілігі өндірісте пайда болатын заттардың физикалық-химиялық қасиеттерімен сипатталады. А және Б категориялы өндірістер, оларда болатын газдар мен сұйықтықтар ғимараттардың жануының және түтінденуінің тез таралу мүмкіндігіне қарай өрт кезінде ерекше қауіп төндіреді, сол себепті, олар үшін жолдардың қашықтығы өте аз болып табылады. В категориялы өндірістерде, оларда қатты заттармен жұмыс істейтіндіктен, А және Б  категориялы өндірістерге қарағанда, жанудың таралу жылдамдығы азайып, пайдалану мерзімі бірнеше есе артуы мүмкін, ал көшіру жолының ұзақтығы үлкен болады. Өртке төзімділігі I және II дәрежелі ғимараттарда Г және Д категориялы өндірістерде, көшіру жолдарының ұзақтығы шектелмейді (ғимараттар категорияларын анықтау үшін А қосымшаны қара).

Нормалаған кезде көшіру жолдарының, шығулардың саны және олардың өлшемдері бір уақытта төрт жағдайларды қанағаттандыру керектігі ескерілді:

1) өте жақын көшірулық шығуға дейін бос өткелдердің сызығы бойынша адамдардың мүмкін болатын орындарынан немесе өте алыс кабинетлердің есігінен 1ф өте ұзақ нақты қашықтық норма бойынша талап етілетіннен 1тр аз немесе тең болуы керек:

 

;

(2.4)

2)      жобамен қарастырылған, дф көшірулық шығулар мен баспалдақтардың қосынды ені норма бойынша талап етілетіннен үлкен немесе тең болуы керек:

 

;

 

3)   қауіпсіздік тұрғысынан көшірулық шығулар мен баспалдақтар саны, әдетте ереже бойынша екіден кем болмауы керек;

4)  көшірулық шығулар мен баспалдақтар ені нормалармен қарастырылған мәннен аз немесе көп болмауы керек [3].

Әдетте өндірістік ғимараттарда көшіру жолдарының созылуын өте алыс жұмыс орнынан жақын көшірулық шығуларға дейін өлшейді. Барлығынан жиірек бұл қашықтықтар көшіруның бірінші кезеңі шектерінде нормаланады. Бұл кезде ғимараттан түгелдей адамдарды көшірудың жалпы ұзақтығы жанама үлкейеді. Көп қабатты ғимараттарда кабинетлерден көшіру жолдарының ұзақтығы бір қабаттыдан аз болады. Бұл мінсіз дұрыс жағдай нормаларда берілген.

Ғимараттың өртке төзімділік дәрежесі де көшірулық жолдардың созылуына әсер етеді, себебі ол құрастырмалар бойынша жанудың таралуының жылдамдығын анықтайды. Өртке төзімділігі I және II дәрежелі ғимараттарда көшіру жолдарының созылуы, басқа тең жағдайлар кезінде, өртке төзімділігі III, IV және V дәрежелі ғимараттарға қарағанда үлкен болады.

Ғимараттың өртке төзімділік дәрежесі құрылыс құрастырмасының минималды өртке төзімділік шектерімен және осы құрастырмалар бойынша өрттің максималды таралу шектерімен анықталады, өртке төзімділік дәрежесін анықтаған кезде Б қосымшасын пайдалану керек.

Қоғамдық және тұрғын ғимараттар үшін көшіру жолдарының созылуы өте алыс кабинетнің есіктерінен сыртқа шығуға дейінгі немесе тікелей сыртқа шығуы бар баспалдақ алаңына дейінгі қашықтық ретінде қарастырылады. Әдетте шектелген қашықтықтың мәнін нақтылаған кезде ғимараттың арналуы және өртке төзімділік дәрежесі ескеріледі. ҚН және Е П - Л.2 – 62 «Қоғамдық ғимараттар» сәйкес баспалдақ алаңына шығуға дейін көшіру жолдарының созылуы азғантай және қауіпсіздік талаптарын қанағаттандырады.

 

3 Өрт кезінде көшіруның рұқсат етілген ұзақтығын есептеу

 

Өрт пайда болған кезде адам үшін қауіпті жоғары температуралар, кабинет ауасындағы оттегінің мөлшерінің аздығы және ғимараттың түтіндеу салдарынан көру мүмкіндігінің жоғалуы құрайды.

Өртте адам үшін дағдарыстық температураға және оттегі құрамына жету уақыты өрттің дағдарыстық ұзақтығы деп аталады және  белгіленеді [1].

Өрттің дағдарыстық ұзақтығы көптеген ауыспалыларға тәуелді:

 

 

(3.1)

 

мұнда  – қарастырылатын ғимараттағы немесе кабинеттегі ауа көлемі, м3;

с – газдың меншікті изобаралық жылу сыйымдылығы, кДж/кг-град;

tKpадам үшін дағдарыстық температура, 70°С тең;

tHауаның бастапқы температурасы, °С;

құрастырма және қоршайтын бұйымдардың қызуынан шығатын жылуды сипаттайтын коэффициент, орташа 0,5 тең;

Qзаттардың жанып біту жылуы, кДж/кг, (В қосымша);

f – жану бетінің ауданы, м2;

п – жанудың салмақтық жылдамдығы, кг/м2-мин (В қосымша);

vжанатын заттардың беттері бойынша өрттің сызықтық таралу жылдамдығы, м/мин (Г қосымша).

 

Жеңілтұтанатын және жанатын сұйықтықтарды қолданатын өндірістік ғимараттарда температура бойынша өрттің дағдарыстық ұзақтығын анықтау үшін жылулық баланс теңдеуінің негізінде алынған теңдеуны пайдалануға болады:

 

(3.2)

 

Кабинеттің бос көлемі геометриялық көлеммен және жабдықтың немесе бұйымның көлемі арсындағы айырмашылықтарға сәйкес. Егерде бос көлемді есептеу мүмкін болмаса оны геометриялық көлемнің 80%  тең деп алу рұқсат етілген.

Атмосфералық қысым 760 мм. с.б. кезінде құрғақ ауаның меншікті жылусыйымдылығы кесте мәліметтеріне сәйкес [5] температураның 60°С ден 120°С дейінгі кезінде 1005 кДж/кг - град құрайды және температураның 120°С нен 180°С дейінгі кезінде 1009 кДж/кг - град құрайды.

Қатты жанғыш заттарды өндірістік және азаматтық ғимараттарға қолданылатын өрттің дағдарыстық ұзақтығы теңдеу бойынша анықталады:

 

(3.3)

Кабинеттің ауасындағы оттегінің қоспасын төмендету бойынша өрттің дағдарыстық ұзақтығы мына теңдеумен анықталады:

 

(3.4)

 

мұнда W02 –1 кг жанғыш заттардың жануына кететін оттегі, м/кг, теориялық есепке сәйкес  минутына 4,76 айналымды құрайды [5].

Өрт кезінде оттың сызықтық таралу жылдамдығы, 0,33–6,0 м/мин. құрайды, әртүрлі материалдар үшін өте дәл мәліметтер Г қосымшада келтірілген.

Көрудің жоғалуы бойынша және жанудың әрбір газ тәріздес уытты өнімдері бойынша өрттің дағдарыстық ұзақтығы алдыңғы жоғарыда аталғандардан көп болғандықтан есепке алынбайды.

Өрттің дағдарыстық ұзақтығының мәндерін есептеу нәтижелерінде алынған мәліметтерден ең азы таңдалады:

 

(3.5)

 

Көшіруның рұқсат етілген ұзақтығы теңдеу бойынша анықталады:

 

(3.6)

 

мұнда  және  – сәйкес көшіруның рұқсат етілген ұзақтығы және көшіру кезіндегі өрттің дағдарыстық ұзақтығы, мин,

mғимараттың өртке қарсы қорғаныс дәрежесіне тәуелді, оның сайлануы және өндіріс кезінде пайда болатын жанғыш заттардың қасиеттері немесе кабинетнің жағдайының немесе оның өңделуінің бұйымы болып табылатын қауіпсіздік коэффициенті.

m  коэффициентінің мәнін қаралатын ғимараттың өртке қарсы қорғаныс құралдарының сенімділік дәрежесіне байланысты қою ұсынылады [3].

Өртке қарсы қабырғамен және өртке қарсы шымылдықпен көрермендер залынан бөлінген ойын – сауық қойылым сақынасы үшін, сақынадағы жанғыш заттарды өрттен қорғайтын өңдеу кезінде өрт сөндірудің автоматты және стационарлық құралдары және өрт туралы хабарлағыш құралдары бар кезде m = 1,25. Ойын – сауық қойылым үшін сақына (кинотеатрлар, цирктер және б. )  жоқ кезде m = 1,25. Эстрадалық ойын – сауық қойылым үшін концерттер қойылымы үшін т =1,0. Дөңгелек сақынасы бар ойын – сауық қойылым үшін өртке қарсы шымылдық және автоматты өрт сөндіру құралдары және өрт туралы хабарлағыштары жоқ кезде т = 0,5.

Өндірістік ғимараттарда өрт туралы автоматты сөндіру құралдары және хабарлау құралдары болған кезде т = 2,0. Өндірістік ғимараттарда өрт туралы автоматты сөндіру құралдары және хабарлау құралдары жоқ кезде т= 1,0.

Өртке төзімділігі III дәрежелі ғимараттарда өндірістік және басқа процестерді орналастарған кезде т = 0,65–0,7.

Жалпы ғимарат үшін өрттің дағдарыстық ұзақтығы ғимараттан шығуға дейін орналастырылатын коммуникациялық кабинетлерде жану өнімдерінің ену және көрудің жоғалуы мүмкін болатын уақытына тәуелділігінен қойылады.

Ағашты жағу бойынша жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, уақыт өткеннен кейінгі көрудің жоғалуы, кабинетнің көлемінен, заттардың жануының салмақтық жылдамдығынан, заттар беттері бойынша жалынның таралу жылдамдығына және жану толықтығына тәуелді. Көрудің жоғалуы, қатты заттарды жаққаннан кейін, кабинетде адам үшін дағдарыстық температура пайда болғанда басталды. Өте көп түтіннің пайда болуы бықсу фазасында басталады, ол талшықты материалдарға тән.

Қопсытылған жағдайдағы талшықты заттардың жануы кезінде 1 – 2 мин. Ішінде беттің қарқынды жануы орын алады, одан кейін қатты бықсу басталады. Ағаш негізіндегі қатты бұйымдар жанған кезде түтіннің пайда болуы және жану өнімінің таралуы жапсарлас кабинетлерде 5 – 6 минуттан кейін байқалады.

Көшіруның басында өрттің дағдарыстық ұзақтығын анықтау үшін шешуші фактор болып адам организміне жылудың әсер етуі немесе оттегінің құрамының азаюы болып табылады. Бұл кезде болар болмас түтіндеу ескеріледі, ол кезде қанағаттандырарлық көріну сақталады да көшіруланатындарға кері психикалық әсер етуі мүмкін.

Соңында өрттің дағдарыстық ұзақтығын бағалай келе ғимараттардан адамдарды көшіру үшін жалпы алғанда келесідей айтуға болады:

Азаматтық және өндірістік ғимараттарда өрт кезінде, онда негізгі жанғыш материал болып целлюлоздық материалдар (соның ішінде ағаш) табылады, өрттің дағдарыстық ұзақтығы 5 – 6 мин. тең деп қабылданған. Қопсытылған жағдайдағы талшықты материалдармен жұмыс істейтін ғимараттарда өрт кезінде, сонымен бірге жанғыш және жеңіл тұтанатын сұйықтықтарда – 1,5 тен 2 мин. дейін.

Рұқсат етілген көшірудің ұзақтығын өртке төзімділігі II дәрежелі ғимараттарда сәйкес 2,8 және 3 мин., IV және V дәрежелі ғимараттарда 1минут деп қабылдау ұсынылған. Көрсетілген уақыт ішінде көшіру қамтамасыз етілуі мүмкін болмайтын ғимараттарда, түтіндемейтін көшірулық жолдар жасау бойынша шаралар қабылдануы керек.

Жоғарғы қабатты ғимараттарды жобалауға байланысты түтіндемейтін баспалдақтар деп аталатындар кеңінен қолданыла бастады. Өте әйгілі болып ауалы зона деп аталатын баспалдақ алаңы арқылы шығуы бар нұсқа табылады. Ауалы зона ретінде балкондар, лоджиялар және галереялар пайдаланылады (3.1, а, б суретті қара).

 

а – балкон арқылы баспалдақ алаңына шығу; б – галерея арқылы баспалдақ алаңына шығу.

 

3.1 сурет - Түтіндемейтін баспалдақтар

 

4 Көшіру уақытын есептеу

 

Ғимараттан сыртқа шығуға дейін адамдарды көшіру ұзақтығын көшіру жолдарының созылмалылығы және есіктер мен баспалдақтардың өткізу қабілеттері бойынша анықтайды. Есептеу ағындар тығыздығының біргелкілігі және максималды мәніне жетуі жағдайы үшін жүргізіледі.

МСТ 12.1.004 – 91, адамдарды көшірудың жалпы уақыты «өрттің басталуынан адамдарды көшірудың басталуына дейінгі» тн э, аралықтан және көшіруның есептік уақытынан, tp, құралады, ол көшіруның басталу кезінен бастап, оның маршрутының жеке бөліктері бойынша адамдардың тұрған орындарынан кабинетден, қабаттан, ғимараттан көшірулық шығуларға дейінгі адам ағынының қозғалыс уақытының қосындысын (t,) білдіреді.

Біздің елде алғаш рет көшіруның басталу уақытын есепке алу керектігі МСТ 12.1.004 – 91 орнатылған [6]. Әр елдерде жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, өрт туралы хабар алған кезде адам жағдайды зерттеп, өрт туралы хабарлап, өртпен күресуге тырысып, заттарын жинауға, көмек көрсетуге және т.б. істеуге кіріседі. Көшіруді бастауды созу уақытының (хабарлау жүйесі болған кезде) орташа мәні үлкен болмауы мүмкін, бірақ кейде үлкен мәнге жетуі мүмкін. Мысалы, тұрғынүй ғимаратында жаттығу көшірусын жүргізген кезде 8,6 минут мәні, 1993 жылы өрт кезінде Бүкіл әлемдік Сауда Орталағында 25,6 минут тіркелген [7].

Сонымен бірге, бұл кезеңнің ұзақтығы жалпы көшіру уақытына едәуір әсерін білдіреді, қандай факторлар (осы факторлардың көбі барлық көшіру үрдісіне әсер ететінін ескеру керек) оның мәнін анықтайтынын білген өте маңызды. Осы тұрғыдан бар жұмыстарға сүйене отырып келесілерді атап көрсетуге болады:

-  адам жағдайы: тұрақты факторлар (сезім органдарының шектелуі, физикалық шектеу, уақытша факторлар (ұйқы/сергектік), шаршау, ширығу, сонымен бірге маскүнемдік);

-  хабарлау жүйесі;

-  қызметшілердің әрекеттері;

-  адамның әлеуметтік және туыстық байланыстары;

-  өртке қарсы тренинг және оқу;

-  ғимарат түрі.

Көшіруді бастаудың созылу уақыты Д қосымшасына сәйкес алынады.

Адамдарды көшірудің есептік уақытын (tP) жолдың жеке бөліктері бойынша адам ағыны қозғалысының қосынды уақыты ретінде анықтау керек tf:

 

,

   (4.1)

 

мұнда  – көшіруді бастаудың созылу уақыты;

t1 – бірінші бөліктегі адам ағынының қозғалыс уақыты, мин.;

t2, t3, ti – біріншіден кейінгі келесі әрбір жол бөліктеріндегі адам ағыны қозғалысының уақыты, мин.

Есептеу кезінде адам ағыны қозғалысының барлық жолы бөліктерге (өткел, дәліз, есік аралығы, баспалдақ басқышы, тамбур) ұзындығы, l, және ені, bj болып бөлінеді. Бастапқы бөліктер болып жұмыс орындары арасындағы өткелдер, жабдықтар және т.б. жатады.

Есептік уақытты анықтаған кезде көшіру жолының әрбір бөлігінің ұзындығы мен ені жоба бойынша қабылданады. Баспалдақ сатысы бойынша, сонымен бірге пандус бойынша жол ұзындығы саты ұзындығы бойынша өлшенеді. Есік аралығындағы жол ұзындығы нөлге тең деп қабылданады. Қалыңдығы 0,7 м қабырғада орналасқан аралықты, сонымен қатар тамбурды ұзындығы жоқ жазық жолдың жеке бөлігі деп санау керек.

Адам ағынының қозғалыс уақыты (t;), мин бірінші бөлік жолы бойынша мына теңдеумен есептеледі:

 

   (4.2)

 

мұнда  – бірінші бөлік жолының ұзындығы, м;

 – бірінші бөлікте жазық жол бойынша адам ағыны қозғалысының жылдамдығының мәні D, м22, салыстырмалы тығыздыққа байланысты анықталады.

Бірінші бөліктегі адам ағынының тығыздығы (D), м /м, теңдеу бойынша анықталады:

 

,

   (4.3)

 

мұнда  – бірінші бөліктегі адамдар саны, адам;

f –адамның жазық сүлбесінің орташа ауданы, Е, м2/адам, 1 қосымшаның Е кестесі бойынша қабылданады;

 және жолдың бірінші бөлігінің ұзындығы және ені, м.

Біріншіден кейінгі жол бөліктеріндегі адам ағынының жылдамдығы V/ Е қосымшасының Е.2 кестесі бойынша жолдың осы бөліктерінің әрбірі бойынша адам ағынының қозғалыс қарқындығының мәндеріне байланысты қабылданады, оларды жолдың барлық бөліктері үшін, соның ішінде есік аралықтары үшін де теңдеу бойынша есептеледі:

 

,

   (4.4)

 

мұнда ,  – қарастырылатын i‑ және одан кейінгі жол бөліктерінің ені, м;

,  – қарастырылатын i‑ және одан кейінгі жол бөліктері бойынша адам ағынының қарқындылығының мәні, м/мин.

Егерде (4.4) теңдеу бойынша анықталатын , мәні qmax, мәнінен аз немесе тең болса, онда минутына жол бөлігі бойынша қозғалыс уақыты (): бұл кезде qmax, мәнін 4.1 - кесте бойынша қабылдау керек.

 

 

4.1 кесте - Адам ағыны қозғалысының қарқындығы

Жол түрі

Қозғалыс қарқындығы, м/мин

жазық

16,5

есік аралығы

19,6

баспалдақ төмен

16

Баспалдақ жоғары

11

 

Егерде (4.4) теңдеу бойынша анықталатын qh мәні qmax, үлкен болса, онда жолдың берілген бөлігінің енін bj белгілі бір мәнге дейін жоғарлатады, ол кезде мына жағдай сақталады:

 

 ,

   (4.5)

 

(4.5) жағдайының орындалмайтын кезінде жолдың i бөлігіндегі адам ағыны қозғалысының қарқындығы және жылдамдығы Е қосымшасының Е.2 кестесі бойынша D = 0,9 және жоғары мәндері кезінде анықталады. Бұл кезде пайда болған кептелістен адамдар қозғалыстарының кідіру уақыты есептелу керек.

Бөліктің басында i екі және одан көп адамдар ағындарының қосылуы кезінде (4.1 суретті қара) қозғалыс қарқындығы (}, м/мин. теңдеу бойынша есептеледі:

 

,

   (4.6)

 

мұнда  - бөліктің басында қосылатын адам ағыны қозғалысының қарқындығы, м/мин;

iқосылу жолы бөлігінің ені, м;

 – қарастырылатын жол бөлігінің ені, м.

 

Егерде (4.6) теңдеу бойынша анықталатын берілген жол бөлігінің  мәні qmax мәнінен үлкен болса, онда - енін (4.5) жағдайы сақталу үшін белгілі бір шамаға дейін үлкейту керек. Бұл жағдайда i бөлігі бойынша қозғалыс уақыты (4.4) теңдеуі бойынша анықталады.

Ені 1,6 м – ден кем есік аралығындағы қозғалыс қарқындылығы теңдеу бойынша анықталады:

 

,

   (4.7)

 

мұнда b – аралық ені.

Аралық арқылы қозғалыс уақыты аралықтың өткізгіш қабілетіне ағындағы адам санының жеке бөлігі ретінде анықталады:

 

   (4.8)

 

 

4.1 сурет - Адам ағындарының қосылуы

 

5 Есептеуді жүргізу тәртібі

 

1.    Ғимараттың және кабинеттің санатын және дәрежесін анықтаңдар.

2.    (3.2) немесе (3.3) теңдеу бойынша өрттің дағдарыстық ұзақтығын есептеңдер.

3.    (3.4) теңдеу бойынша өрттің дағдарыстық ұзақтығын оттегінің құрамының азаюы бойынша есептеңдер.

4.    Өрттің есептелген дағдарыстық ұзақтығынан ең азын таңдау және сол бойынша (3.6) теңдеумен рұқсат етілген көшіру ұзақтығын есептеңдер.

5.    (4.1) теңдеуді пайдаланып өрт кезінде адамдарды көшірудың есептік уақытын анықтаңдар.

6.    Есептік және рұқсат етілген көшіру уақытын салыстырыңдар және қорытынды жасаңдар.

 

6 Есептеу мысалы

 

Ғимаратта өрт пайда болған кезде «Обус» кәсіпорны кабинетінен қызметкерлерді көшіру уақытын анықтау керек. Әкімшілік ғимарат панелді типті, өрт туралы автоматты дабыл және хабарлағыш жүйесімен жабдықталмаған. Ғимарат екі қабатты, жоспардағы өлшемі 12x32 м, оның дәліздерінде ені 3м өрт кезінде адамдарды көшірулайтын сызбалары бар. Көлемі 126 м3 кабинет екінші қабатта бірінші қабатқа апаратын баспалдақ алаңына тікелей жақын орналасқан. Баспалдақ алаңының ені 1,5 м және ұзындығы 10 м. Кабинетте 7 адам жұмыс істейді. Барлығы қабатта 98 адам жұмыс істейді. Бірінші қабатта 76 адам жұмыс істейді. Адамдарды ғимараттан көшіру сызбасы 4-суретте келтірілген.

 

        мұнда 1,2,3,4 –көшіру кезеңдері.

6.1 сурет - «Обус» кәсіпорнынан қызметкерлерді көшіру сызбасы

 

6.1 Көшіру уақытын есептеу

 

6.1.1 Кабинет категориясы бойынша Д тобына және өртке төзімділігі қарай II дәрежеліге жатады.

6.1.2 Температурасы бойынша өрттің дағдарыстық ұзақтығы (3.3) теңдеу бойынша кабинеттегі жиһазды ескере отырып есептеледі:

 

 

6.1.3 Оттегі құрамы бойынша өрттің дағдарыстық ұзақтығы (3.4) теңдеу бойынша есептеледі:

 

 

6.1.4 Температура бойынша өрттің минималды ұзақтығы 5,05минут. Берілген кабинет үшін рұқсат етілген көшіру ұзақтығы:

 

минут.

 

6.1.5 Көшірудің басталуының бөгелу уақыты Д қосымшасының Д.1 кестесі бойынша 4,1 минут деп, өрт туралы автоматты дабылы және хабарлағыш жүйелері жоғы ескеріліп қабылданады.

6.1.6 Кабинеттің 6x7 м көлемді шамаларын ескере отырып бірінші бөлік бойынша адамдардың қозғалыс уақытын анықтау үшін, (4.3) теңдеу бойынша бірінші бөліктегі адам ағыны қозғалысының тығыздығы анықталады:

 

 .

 

Қозғалыс жылдамдығы Е қосымшаның Е.2 кестесі бойынша 100 м/минутты, қозғалыс қарқындылығы 1 м/минут, сонымен бірінші бөлік бойынша қозғалыс уақыты:

 

 

6.1.7 Есік аралағының ұзындығы нөлге тең деп қабылданады. Дұрыс жағдайларда аралықта қозғалыс қарқындылығының мүмкін болатын өте үлкен мәні gmffic=19,6 м/минут, ені 1.1м аралықта қозғалыс қарқындылығы (4.7) теңдеу бойынша есептеледі:

 

qd = 2,5 + 3,75 • b=2,5 + 3,75 • 1,1 = 6,62 м/минут.

 

qd сол себепті аралық арқылы қозғалыс бөгеліссіз өтеді.

Аралықтағы қозғалыс уақыты (4.8) теңдеу бойынша анықталады:

 

 

6.1.8 Себебі екінші қабатта 98 адам жұмыс істейді, екінші қабаттағы адам ағынының тығыздығы мынаны құрайды:

 

 

Е қосымшаның Е.2 кестесі бойынша қозғалыс жылдамдығы 80 м/минут, қозғалыс қарқындылығы 8м/минут, сонымен екінші бөлік (баспалдаққа дәлізден) бойынша қозғалыс уақыты:

 

 

6.1.9 Баспалдақ бойынша қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін (4.4) теңдеу бойынша үшінші бөлікте қозғалыс қарқындылығы есептеледі:

 

Бұл баспалдақта адам ағынының жылдамдығы 40 м/минутқа дейін төмендейтінін көрсетеді. Баспалдақ бойынша төмен (3-бөлік) қозғалыс уақыты:

 

 

6.1.10 Бірінші қабатқа өтер кезде бірінші қабат бойынша қозғалыстағы адамдар ағынымен қосылуы жүреді. Бірінші қабат үшін адам ағынының тығыздығы:

 

 

бұл кезде қозғалыс қарқындылығы 8м/минутқа жуықты құрайды.

 

6.1.11. 4-бөлікке өткен кезде адамдардың ағындарының қосылуы жүреді, сол себепті қозғалыс қарқындылығы (4.6) теңдеу бойынша анықталады:

 

 

Е қосымшаның Е.2 кестесі бойынша қозғалыс жылдамдығы 40м/минутқа тең, сол себепті қозғалыс жылдамдығы бірінші қабат дәлізі бойынша:

6.1.12 Тамбур көшеге шығу кезіндегі ұзындығы 5 метр болады, бұл бөлікте адам ағынының максималды тығыздығы пайда болады, сол себепті қосымша мәліметтеріне сәйкес жылдамдық 15м/минутқа дейін төмендейді, ал  тамбур бойынша қозғалыс уақыты (4.2) теңдеу бойынша мынаны құрайды:

 

 

6.1.13 Көшеге ені 1,6 м аса есік аралығы арқылы адам ағынының максималды тығыздығы кезіндегі қозғалыс қарқындылығы – 8,5 м/минут, ол арқылы қозғалыс уақыты:

 

 

6.1.14 Көшіруның есептік уақыты (4.1) теңдеу бойынша есептеледі:

 

 мин.

 

6.1.15 Сонымен, «Обус» кәсіпорны кабинеттерінен көшірудың есептік уақыты рұқсат етілгеннен көп. Сол себепті, кәсіпорын орналасқан ғимаратты өрт туралы хабарлау жүйесімен, автоматты дабыл құралдарымен жабдықтау керек.


А қосымша

 

А.1 кесте - Өрт қауіптілігі бойынша кабинет категориялары

Кабинет категориясы

Кабинетдегі бар заттар мен материалдардың сипаттамалары

1

2

А Жарылысқа өртке қауіпті

Жанғыш газдар, жарқ ету температурасы 28 С жоғары емес жеңілтұтанатын сұйықтықтар, сондай бір көлемде жарылысқа қауіпті булыгаздыауалы қоспалар түзіп, олар тұтанған кезде кабинетде 5 кПа асатын жарылыстың есептік артық қысымы дамиды Сумен, ауадағы оттегімен немесе бір-бірімен белгілі бір мөлшерде өзара әсерлескен кезде жарылуға және жануға қабілетті заттар мен материалдар, ол кабинетдегі жарылыстың есептік артық қысымы 5 кПа асып кетеді

Б

Жарылысқа өртке қауіпті

Жанатын шаңдар немесе талшықтар, жарқ ету температурасы 28 С жоғары емес жеңілтұтанатын сұйықтықтар, сондай бір көлемде жарылысқа қауіпті шаңдыауалы немесе булыгаздыауалы қоспалар түзіп, олар тұтанған кезде кабинетде 5 кПа асатын жарылыстың есептік артық қысымы дамиды

В1‑В4 Өртке қауіпті

Жанатын және қиынжанатын сұйықтықтар, қатты жанғыш және қиынжанатын заттар мен материалдар (соның ішінде шаңдар және талшықтар), сумен немесе бір-бірімен өзара әсерлескен кезде, олар бар немесе айналыста болатын кабинет А және Б категорияларына жатпайтын жағдайда, тек қана жанады

Г

Ыстық, қызған немесе балқыған жағдайдағы жанбайтын заттар мен материалдар, оларды өңдеу үрдісінде сәулелік жылу, ұшқын және жалын бөлінумен қоса жүреді; жанғыш газдар, сұйықтықтар және қатты заттар, олар отын түрінде жағылады немесе үтілделеді

Д

Суық жағдайдағы жанбайтын заттар мен материалдар

 


Б қосымша

 

Б.1 кесте - Әртүрлі ғимарат үшін өртке төзімділік дәрежесі

Өртке төзімділік дәрежесі

Құрастырмалық сипатамалары

I

Табиғи немесе жасанды тас материалдардан, қаңылтыр және плиталы жанбайтын материалы бар бетоннан немесе темірбетоннан негізі және қоршайтын құрастармалары бар ғимарат

II

Бұл да I дей. Ғимараттың жабуында қорғалмаған болат құрастармалар пайдалану рұқсат етіледі

III

Табиғи немесе жасанды тас материалдардан, бетоннан немесе темірбетоннан негізі және қоршайтын құрастармалары бар ғимарат Жабу үшін сылақпен немесе әрең жанатын қаңылтырмен, сонымен бірге плиталы материалдармен қорғалған ағаш құрастармаларды пайдалану рұқсат етіледі Жабу элементтеріне өртке төзімділік шегі және өрттің таралу шегі бойынша талаптар қойылмайды, бұл кезде ағаштан жасалған шатырдың жабынды элементері өрттен қорғалатын өңдеуге түседі

Ша

Каркас құрастармалы сызбасы басым ғимараттар. Каркас элементтері – болат қорғалмаған құрастармалар. Қоршайтын құрастармалар –профилденген қаңылтыр болаттан немесе әрең жанатын жылулағышы бар басқа жанбайтын қатпар материалдардан тұрады

Шб

Каркас құрастырмалы сызбасы басым көпшілігі бірқабатты ғимараттар. Каркас элементтері – өрттің таралуына талап етілетін шекті қамтамасыз ететін өртке қарсы өңделген бүтін немесе клейленген ағаштар. Қоршайтын құрастармалар –панелдерден немесе элементтері бойынша жиналатын, ағашты немесе соның негізіндегі материалдардан пайдаланып орындалған жинамалар. Қоршайтын құрастырмалардың ағаш және басқа жанғыш материалдары өртке қарсы өңделуі керек немесе өрттің және жоғарғы температураның әсер етуінен қорғалуы керек, өйткені өрттің таралуының талап етілетін шегін қамтамасыз ету керек

IV

Өрттің және жоғарғы температураның әсер етуінен сылақпен немесе басқа да қатпар немесе плиталы материалдармен қорғалған бүтін немесе клейленген ағаштан және басқа жанғыш немесе әрең жанатын материалдардан негізі және қоршайтын құрастырмалары бар ғимараттар. Жабу элементтеріне өртке төзімділік шегі және өрттің таралу шегі бойынша талаптар қойылмайды, ағаштан жасалған шатыр элементтері өртке қарсы өңдеуге түседі

IVa

Каркас құрастармалы сызбалы басым көпшілігі бірқабатты ғимараттар. Каркас элементтері – болаттан қорғалмаған құрастармалар. Қоршайтын құрастармалар– профилденген қаңылтыр болаттан немесе әрең жанатын жылулағышы бар басқа жанбайтын материалдардан тұрады

V

Негізіне және қоршайтын құрастрымаларына өртке төзімділік шектері және өрттің таралу шектері бойынша талаптар қойылмайтын ғимараттар

 


В қосымша

 

В.1 кесте - Заттар мен материалдардың жанып біту және жану жылуының орташа жылдамдығы

Заттар мен материалдар

Жанудың салмақтық жылдамдығы, • 103кг•м-2•мин-1

Жану жылуы, кДж•кг-1

Бензин

61,7

41870

Ацетон

44,0

28890

Диэтилді спирт

60,0

33500

Бензол

73,3

38520

Дизелді отын

42,0

48870

Керосин

48,3

43540

Мазут

34,7

39770

Мұнай

28,3

41870

Этилді спирт

33,0

27200

Турбиналық май (ТП‑22)

30,0

41870

Изопропилді спирт

31,3

30145

Изопентан

10,3

45220

Толуол

48,3

41030

Металлды натрий

17,5

10900

Ағаш (брустар) 13,7%

39,3

13800

Ағаш (тұрғын және әкімшілік

 

 

ғимараттардағы жиһаз 8–10%)

14,0

13800

Қопсытылған қағаз

8,0

13400

Қағаз (кітаптар, журналдар)

4,2

13400

Ағаш стеллаждардағы кітаптар

16,7

13400

Триацетатты кинопленка

9,0

18800

Карболитті бұйымдар

9,5

26900

Каучук СКС

13,0

43890

Табиғи каучук

19,0

44725

Органикалық әйнек

16,1

27670

Полистирол

14,4

39000

Резеңке

11,2

33520

Текстолит

6,7

20900

Пенополиуретан

2,8

24300

Штапелді талшық

6,7

13800

Киптердегі штапелді талшық

22,5

13800

40x40x40 см

 

 

Полиэтилен

10,3

47140

Полипропилен

14,5

45670

Теңдегі мақта 190 кг х м»

2,4

16750

Қопсытылған мақта

21,3

15700

Қопсытылған зығыр

21,3

15700

Мақта +капрон (3:1)

12,5

16200

 


Г қосымша

 

Г.1 кесте - Материалдар беттеріндегі жалынның таралуының сызықтық жылдамдығы

Материал

Беттердегі жалынның таралуының сызықтық жылдамдығы, 102 м·с-1

Қопсытылған жағдайдағы тоқыма өндірісіндегі улылық

 

10

Штабелдегі ағаш ылғалдылығы, % - кеде

 

8–12 %

6,7

16–18 %

3,8

18–20 %

2,7

20–30 %

2,0

более 30 %

1,7

Ағаш (тұрғын және әкімшілік ғимараттардағы жиһаз 8–10%)

 

0,36

Ілінген маталар

6,7–10

100 кг/м2 тиеу кезіндегі жабық қоймадағы тоқыма бұымдар

 

0,6


140 кг/м тиеу кезіндегі жабық қоймадағы рулондағы қағаз

 

0,5

230 кг/м тиеу кезіндегі жабық қоймадағы синтетикалық каучук

 

0,7

Ауданы үлкен цехтардың ағаш жабындылары, ағашты – талшықты плиталармен әрленген ағаш қабырғалар

 

 

2,8–5,3

Пешті қорғайтын ППУ құйылған жылылағыштары бар құрастырмалар

 

7,5–10

Сабанды және қамысты бұйымдар

6,7


Маталар (кенеп, мамық түкті мата, бөз):

 

жазық бойынша

1,3

тік бағытта

30

Қатпарлы ППУ

5,0

Резңкетехникалықштабелдердегі бұйымдар

1,7–2

Синтетикалық жабын «Скортон» Т=180 С кезінде

 

0,07

Штабелдердегі торфоплиталар

1,7

Кабель АШв1х120; АПВГЭЗх35+1х25;

0,3

АВВГЗх35+1х25:

 

Д қосымша

 

Д. 1 кесте - Көшірудің басталуының бөгелу уақыты

Ғимараттың түрі және сипатамасы

Көшіруның басталуының бөгелу уақыты, мин, хабарлау жүйелерінің түрі кезінде

 

W1

W2

W3

W4

Әкімшілік, сауда және өндірістік ғимараттар (ғимарат жоспарымен және көшіру ретімен таныс келушілер сергек жағдайда болады)

<1

3

>4

<4

Магазиндер, көрмелер, көпшілікке арналған мұражайлар, сауықтыру және басқада ғимараттар, (ғимарат жоспарымен және көшіру ретімен таныс болушылар сергек жағдайда болады)

<2

3

>6

<6

Жатақханалар, интернаттар (ғимарат жоспарымен және көшіру ретімен таныс, бірақ болушылар ұйқы жағдайында болады)

<2

4

>5

<5

Қонақүйлер және пансионаттар (ғимарат жоспарымен және көшіру ретімен таныс болмауы, бірақ болушылар ұйқы жағдайында болуы мүмкін)

<2

4

>6

<5

Госпиталдар, кәрілер үйі және басқада мекемелер, (болушылардың едәуір көбі көмекке мұқтаж болуы мүмкін)

<3

5

>8

<8

Ескерту: Хабарлау жүйесінің сипаттамасы

W1 –хабарлау және оператормен көшірумен басқару;

W2 – алдын ала жазылған типтік тіркес және ақпараттық тақтайша;

W3 – өрт дабылының дыбысы;

W4 – хабарлаусыз.

 


Е қосымша

 

Е.1 кесте - Адам сүлбесінің ауданы

Қозғалыстағы адамның сипатамасы

Мән, м2/адам

Үй киіміндегі ересек адам

0,1

Қысқы киіміндегі ересек адам

0,125

Қолында баласы бар ересек адам

0,26

Сумкасы бар ересек адам

0,16

Чемоданы бар ересек адам

0,35

Боз бала

0,07

Е.2 кесте - Адам ағынының тығыздығынан қозғалыс жылдамдығы мен қарқындылығының тәуелділігі

Ағын тығыздығы D, м22

Жазық жол

Есік аралығы

Баспалдақ төмен

Баспалдақ жоғары

 

V,

м/мин.

q>

м/мин.

q,

м/мин.

V,

м/мин.

q,

м/мин.

V,

м/мин.

q,

м/мин.

0,01

100

1,0

1,0

100

1,0

60

0,6

0,05

100

5,0

5,0

100

5,0

60

3,0

0,1

80

8,0

8,7

95

9,5

53

5,3

0,2

60

12,0

13,4

68

13,6

40

8,0

0,3

47

14,1

15,6

52

16,6

32

9,6

0,4

40

16,0

18,4

40

16,0

26

10,4

0,5

33

16,5

19,6

31

15,6

22

11,0

0,6

27

16,2

19,0

24

14,4

18

10,6

0,7

23

16,1

18,5

18

12,6

15

10,5

0,8

19

15,2

17,3

13

10,4

10

10,0

0,9 және жоғары

15

13,5

8,5

10

7,2

8

9,9

Ескерту. Есік аралығындағы қозғалыс қарқындылығының кестелік мәні ағын тығыздығы 0,9 және жоғары кезінде 8,5 м/мин. тең, ені 1,6 м және жоғары есік аралығы үшін орнатылған.

 


Әдебиеттер тізімі

 

1. Пожарная безопасность. Взрывобезопасность. Справочник//А.Н.Баратов, Е.Н. Иванов, А.Я. Корольченко и др. - М.: Химия, 1987 – 272 с.

2. Лебедев В.С., Самойлов Д.Б. др. Справочник инженера пожарной охраны. – М.: Инфра - Инженерия, 2005 – 768 с.

3. Фетисов, П.А. Справочник по пожарной безопасности. – М.: Энергоиздат, 1994 – 262 с.

4. Баратов А.Н., Пчелинцев В.А. Пожарная безопасность. – М.: Издательство АСВ, 1997-176 с.

5. Шрайбер, Г. Огнетушащие средства. Физико-химические процессы при горении и тушении. Пер. с нем. – М.: Стройиздат, 1985. – 240 с.

6. ГОСТ 12.1.004–91. ССБТ. Пожарная безопасность. Общие требования. - Введ. с 01.07.1992. – М.: Изд-во стандартов, 1992. -78 с.

7. Дмитриченко А.С. Новый подход к расчету вынужденной эвакуации людей при пожарах.//А.С. Дмитриченко, С.А. Соболевский, С.А. Татарников//Пожаровзрывобезопасность, №6. – М., 2002. – С.25–32.

8. Пчелинцев В.А., Коптев Д.В., Орлов Г.Г. Охрана труда в строительстве. – М.: Высшая школа, 1991 – 272 с.

9. Безопасность труда в строительстве (Инженерные расчеты по дисциплине «Безопасность жизнедеятельности»): Учебное пособие//Д.В. Коптев и др. – М.: Изд-во АСВ, 2003. – 352 с.

 

Мазмұны

 

 

 

1 Тапсырма

3

2 Өрт қауіпсіздігінің негізгі жағдайлары

5

3 Өрт кезінде көшіруның рұқсат етілген ұзақтығын есептеу

4 Көшіру уақытын есептеу

11

14

5 Есептеуді жүргізу тәртібі

6 Есептеу мысалы

А қосымша

Б қосымша

18

19

23

24

В қосымша

26

Г қосымша

28

Д қосымша

29

Е қосымша

30

Әдебиеттер тізімі

31