Коммерциялық емес акционерлік қоғам 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ 

Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау кафедрасы 

 

 

ЕНБЕКТІ ҚОРҒАУ 

    Күндізгі-сырттай оқу түрінің барлық мамандықтар суденттері үшін  зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Бакалавриат 

 

Алматы 2008 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Т.С. Санатова, С.Е. Мананбаева, А.С. Бегимбетова.  Еңбекті қорғау. Күндізгі-сырттай оқу түрінің барлық мамандықтар суденттері үшін    зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- Алматы: АЭжБИ, 2008.-22 б.

  

         Бұл әдістемелік нұсқау зертханалық жұмысты  өткізуге даярлау үшін материалдар құрайды, онда әр зертханалық жұмыстың, эксперименттік қондырғыларының сипаты келтірілген, тәжірибелік деректерді өңдеудің және жүргізудің әдістері, ұсынылған әдебиеттер тізімі мен бақылау сұрақтары  берілген. Әдістемелік нұсқау күндізгі-сырттай оқу түрінің барлық мамандықтар студенттеріне арналған.

  

Мазмұны 

1 №1 зертханалық жұмыс ………………………………………………………4

1.1 Жұмыстың  мақсаты ..........................................................................................4

1.2 Теориялық мәліметтер ................................................................... ...................4

1.3 Тәжірибелік қондырғыны сипаттау...................................................................6

1.4 Тапсырманы  орындаудың реті .........................................................................7

1.4.1 Тапсырма  №1...................................................................................................7

1.4.1.1 Тапсырманың орындалу реті ......................................................................7

1.4.2  №2 тапсырма ..................................................................................................8

1.4.3  №3 тапсырма........... ................................................................... ...................9

1.4.4 Бақылау сұрақтары ................................................................... ……………14

2 №2 зертханалық жұмыс…………………………………………. …………..15

2.1 Жұмыстың мақсаты..........................................................................................15

2.2 Теориялық мәліметтер......................................................................................15

2.3 Атмосфералық қысымды анықтау..................................................................15

2.4 Ауа температурасын анықтау..........................................................................16

2.5 Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау...........................................16

2.6 Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау………………………………...18

2.7 Микроклиматты санитарлық-гигиеналық бағалау........................................18

2.8   Бақылау сұрақтары..........................................................................................19

А Қосымша..............................................................................................................20

Әдебиеттер тізімі ...................................................................................................21

  

1 №1 зертханалық жұмыс

 Жасанды өндірістік жарықтандырудың   сипаттамаларын зерттеу 

 1.1 Жұмыстың мақсаты: өндірістік жарықтандырудың нормалауымен және бақылауымен танысу, пайдалану коэффициент әдісі мен жасанды жарықтандырудың теориялық есебін жасау, сондай-ақ жасанды өндірістік жарықтандырудың сипаттамасын зерттеу .

 1.2 Теориялық мәліметтер

 Табиғи жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру қолданылады, қыздырмалық шам, жоғары және төмен қысымды газоразрядтық шамдар, жазық және саңылаулы жарықжолдар ретінде жарықтың осындай көздері іске асырылады.

Көздің шаршаған дәрежесі  заттарды көру әсерінен ілесетін процестердің кернеулігіне байланысты болады. Сондай процестерге көруге икемделу, үйлесу және бейімделу жатады.

Еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін өндірістік жарықтандыру келесі талаптарға тиісті жауап беру қажет:

- жұмыс орындағы жарықтық “Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жалпы талаптар” 2.04-05-2002 ҚР СНиП бойынша орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес болу қажет;

- жұмысшы беттердегі және қоршаған кеңістік шектеріндегі жарықтық мүмкіндігінше бірқалыпты таралу қажет;

жұмыс бетінде айқын көлеңкелер болмау қажет;

- түсті дұрыс тарату үшін қажетті жарықтың қажетті спектралдық құрамын жарықтандыру қамтамасыз ету қажет;

- жарықтандыру жүйесі басқа зиянды факторлардың (шуыл және т.б.) көзі болмау қажет, сондай-ақ  электрге және өртке қауіпсіз болу қажет.

Жасанды жарықтандыру түрлері:  жұмысшы, апаттық, қорғаныстық.

Жұмысшы жарықтандыру – ғимарат сыртында жұмыстардың өндіріс орындарында және бөлмелерінде нормаланған жарықтандыру жағдайларын (жарықталу, жарықталу сапасы) қамтамасыз ететін жарықтандыру.

Апаттық жарықтандыру қауіпсіздік және эвакуациялық жарықтандыру болып бөлінеді. Қауіпсіздік жарықтану жұмысшы жарықтандырудан 5% құрайды (бірақ ғимараттарда 2 лк кем емес және кәсіпорын аумақтарына арналған 1 лк) және егер жұмысшы жарықтандыруды сөндіргенде және сонымен байланысты жабдықтың қызмет етуі бұзылғанда  өрт, жарылыс, адамдардың улануы, технологиялық процесс ұзақ істен шыққанда және т. б. жағдайларда қарастырылады |1|.

Нормативтік жарықтандыруды апаттық сөндіргенде бөлмеден адамдарды көшіру үшін эвакуациялық жарықтандыру қарастырылады. Ол адамдардың өтуіне арналған қауіпті орындарда, сатылы торларда орналастырылады. Өту жолдарындағы жарық ғимараттарда 0,5 лк кем емес және сыртында 0,2 лк болуы тиіс |1|.

Қорғаныстық жарықтандыру түн мезгілінде шекараның бойында қорғалатын аумақтарында ескеріледі.

Жарықтандырудың келесі жүйелерін айырып тануға болады:

- жалпы жарықтандыру бөлмені немесе оның бір бөлігін бірқалыпты жарықтандыру үшін  арналған;

- жергілікті жарықтандыру – стационарлық немесе тасымал - тек жұмысшы беттерді жарықтандыруға арналған;

- қиыстырылған жарықтандыру – жергілікті және жалпы жарықтандыру жиынтығы.

Тек жергілікті жарықтандыруды қолдануға тиым салынады. Жұмыс істейтін орын мен қоршаған кеңістік арасындағы үлкен жарық айқындарды болдырмау үшін жалпы жарықтандыру үлесі қиыстырылғанда 10% кем емес болуы керек.

Жасанды жарықтандыруды нормалау ҚР СНиП 2.04-05-2002 “Табиғи және жасанды жарықтандыру жалпы талаптарға” сәйкес жүргізіледі, жұмыс орындардағы жарықтандыру көзбен орындайтын жұмыстарға, жарық көзінің және жарықтандыру жүйесінің түріне байланысты нормаланады.

Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары келесі параметрлермен анықталады:

- айыру объектісінің мөлшері – жұмысты жүргізген кезде бөлуді қажет ететін ең аз мөлшер.

- фон – айыру объектісіне тікелей жататын бет, ол анықтап қаралады.  Беттің түсі мен фактурасына байланысты жарықтану коэффициентімен (ρ) сипатталынады. Фон ρ>0,4 жарық болып, 0,2<ρ<0,4 орта және ρ<0,2 күңгірт болып есептелінеді;

- объектінің (К) фонымен айқындылығы – абсолюттік шама бойынша объекті мен фонның шағылысу коэффициенті айырымының фонның шағылысу коэффициентіне қатынасымен сипатталынады. Айқындылық К<0,2 аз деп; 0,2< К<0,5 – орта деп; К>0,5 – үлкен деп есептелінеді.

Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары фонның жарықтығын көтергенде жақсарады, ол бөлменің (қабырға,төбе, еден) және өндірістік жабдықтың беттерінің шағылысу  коэффициентін көтерумен жетеді.  

Жарықтанудың абсолюттік мәнінен басқа, жарықталудың сапалы  сипаттары: өте жарықтық көрсеткіші және жарықталудың толықсыма коэффициенті нормаланады.

Жасанды жарықтану есептемесі келесі тапсырмалармен қорытындыланады: жарық жүйесін таңдау, жарық көзінің түрін, шамды орналастыру, жарықтехникалық есептеуді орындау және жарық қондырғыларының қуатын анықтау /2,3/.

Жарықтың техникалық есептемесі:

      - пайдалану коэффициенті әдісімен;

      - нүктелік әдіспен;

     - меншікті қуат әдісімен орындалуы мүмкін.

Пайдалану коэффициенті есептік бетке түсетін жарық ағынының жарықтандыру аспабының толық ағыны қатынасына тең коэффициент мәнін анықтаумен бекітіледі. Одан кейін берілген жарықты құру үшін қажетті сәуле көзінің жарық ағыны анықталады. 

Меншікті қуат әдісі бойынша жарықтандыруды есептеудің маңызы, шамның типі мен оны орнату орнынан, жұмыс бетіне ілудің ұзындығынан, көлденең беті мен  ғимарат көлемінің жарықтылығына байланысты меншікті қуаттың мәнін анықтаудан тұрады.

Нүктелі әдіс шырақтың жарық таратуынан және оның геометриялық өлшемдеріне байланысты берілген шартты жарықтандыруда жарық ағынын анықтауды болжайды, бұл мән кеңістіктік изолюкстің графиктері бойынша алынады.

 

1.3 Тәжірибелік қондырғыны сипаттау

Ю-16 фотоэлектрлі люксметрдің көмегімен тәжірибе жүргізіледі (1.1сурет)

Ю-16 люксметр – фототоктың өзгеріс принціпіне негізделген аспап. Жарық ағынының сезімтал қабатына берілетін  селен фотоэлементінің және соған гальванометр арқылы қосылған тізбекте  ток пайда болады. Гальванометр бағдаршасының ауытқуы жарықтылыққа пропорционал. Бұл аспап люксметрлерде әлшенген және оның үш шкаласы 25,100,500 лк болады.  

 

1.1 сурет

 

Ауқымдардың қайта қосқышы құрылғы корпусында  орналасқан. Егер  жарықтану   лк болса, онда селенді фотоэлементте коэффициентті жұтқыш орналастырылады. Жұтқышты қолданған  кезде құрылғы шкаласының өзгеру шегі 2500, 10000, 50000 лк тең  болады. Өзгерген  кезде фотоэлемент жарықталудың  анықтауын қажет ететін беттің жоғарғы жағында сезімтал  қабатқа  орналастырылады.

 1.4 Тапсырманы  орындаудың реті

1.4.1 №1 тапсырма 

Жалпы  жарықтанудың үлесін  анықтай  отырып, құрама жарықтануды зерттеу. Өлшенген  жарықтану бойынша берілген жарықтандырудың жұмысы  сипаттамасын анықтау керек.

         Жалпы  жарықтанулар жоғарыда қосылған  шамдармен, құрама жарықтану бір  уақытта жоғарыда  қосылған және қалған  шамдардың  бірімен еліктіріледі.

 1.4.1.1 Тапсырманың орындалу реті:

а) жоғарғы шамдардың бірін қосу, 0,10,20,30,40,50 нүктелеріне люксметрді көлденең қойып, жарықтықты өлшеңіз;

б) жоғарыдағыға қосымша  20, 40, 60, 80 см биіктікке  рет-ретімен орналасқан шамдарды  қосыңыз және 0,10, 20, 30, 40, 50 горизонтал нүктелерінде жарықтануға өлшеуді  жүргізіңіз;

в) әрбір  жағдайда жалпы жарықтанудың бөлігін  %-бен   формула бойынша анықтаңыз  және оның  жеткіліктілігі  туралы қорытынды  жасањыз;

г) алынған  мәндерді  1.1-кестеге  енгізіңіз;

д) оқытушы  берген жергілікті жарықтандыру  шамының  іліну  биіктігінде көлденең  беттің нүктелерінің  бірінде  жарықтануды  анықтап және 1.8-кестедегі  мәндерді  қолданып, берілген  жарықтануда  жүргізуге  болатын жұмыстың  сипаттамасы  туралы  қорытынды  жасаңыз, алынған  мәндерді  1.1-кестеге  енгізіңіз.

 

1.1 К е с т е - Өлшем нәтижелері (№1 тапсырма)

Шамның іліну ұзындығы, см

Атауы

Көлденең  қашықтығы

0

10

20

30

40

50

100

Еобщ

 

 

 

 

 

 

20

Екомб

 

 

 

 

 

 

D, %

 

 

 

 

 

 

40

Екомб

 

 

 

 

 

 

D, %

 

 

 

 

 

 

60

Екомб

 

 

 

 

 

 

D, %

 

 

 

 

 

 

80

Екомб

 

 

 

 

 

 

D, %

 

 

 

 

 

 

 1.2 К е с т е  – Орындалған жұмыс сипаттамаларының нәтижесі

Н=        см іліндіру биіктігіндегі нүктенің жарықтануы

Берілген жарықтанудағы орындалатын жұмыс сипаттамасы

Көрермен жұмысының сипаттамасы

Көрермен жұмысының разряды

Көрермен жұмысының подразряды

Фоны бар

объектінің контрастысы

 

Фон сипат-тама-сы

Е=              лк

 

 

 

 

 

 1.4.2  №2 тапсырма

Жергілікті жарықтандыру шырағы үшін горизонтал жарықталуларға тең

 (қисық изолюкс) қисық сызу және шырақ ілгілерінің ең пайдалы биіктігін таңдау.

Ол үшін мыналар қажетті:

а) жергілікті жарықтандыру шамын 20 см биікте көлденеңінен  қосу;

б) 0, 10, 20, 30, 40, 50, 60 нүктелерінде көлденең бетте жарықтануды өлшеу;

в) аналогиялық көлденең жарықтануды 40, 60, 80, 100см ұзындықта ілінген жергілікті шаммен өлшеу.

Алынған мәндерді 1.3 кестеге енгізу керек және осы өлшемдермен көлденең жарықтануға тура етіп, график тұрғызу керек. Ордината - шамның іліну ұзындығын қарастырады, абсцисса – 1.2 суреттің көлденең ара қашықтығын көрсетеді. 1.3 кестеден алынған өлшемдерге қарап, жарықтанудың  тең  мәндері алынады  және өзара иілмелі қисықпен қосылады, олардың  әрқайсысының  қарсысына жарықтану  мәні жазылады.

Неғұрлым  пайдалы шамның іліну  биіктігі келесідей  анықталады: абсцисса  осінде максимал  жарықтықты  табуға  тиіс берілген қашықтыққа сәйкесті нүктені  табады. Көлденең бойымен осы  нүктеден жарықтану  неғұрлым  көп  болатын келесі  нүктеге  дейін  көтеріледі; неғұрлым  пайдалы шамның іліну  биіктігі осы  нүктенің  ординатасымен  анықталады. Горизонтал қашықтық  оқытушының  нұсқауы бойынша  алынады.

 1.3 К е с т е - Өлшем нәтижелері (№2 тапсырма)

Шамның іліну ұзындығы, см

Көлденең нүктелердегі жарықтану l, см 

0

10

20

30

40

50

20

 

 

 

 

 

 

40

 

 

 

 

 

 

60

 

 

 

 

 

 

80

 

 

 

 

 

 

100

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды: Нормалық жарықтануды шамның қолайлы іліну ара қашықтығын Е=     лк  , көлденең бетте l =      см   қолданады.

 

 

 

 

 

 

 1.2 Сурет 

1.4.3  №3 тапсырма

Жасанды жарықтануды өндірістік ғимараттарда пайдалану коэффициенті әдісімен есептейді.

Бұл әдіспен анықтауда шамның жарық ағыны мына теңдеумен анықталады.

 

,

 (1)

 

мұндағы     E - жарықтанудың ең аз берілгендері, лк;

K - қор коэффициенті

S - жарықтану алаңы, м2;

Z - біркелкі емес жарықтану коэффициенті;

N - шам саны, шт; 

 - жарық ағынының пайдалану коэффициенті, т.с.с.  ағын қатынасы, есептелген бетке берілуі барлық шам ағынының қосындысына; ғимарат индекс ұзындығы (i) қабырға мен төбеге шағылу коэффициентінен тәуелді.

Ғимарат индексі мына теңдеумен анықталады  

,

(2)

 мұндағы        - жұмыс орнынан шамның іліну ұзындығы, м;

А, В - ғимараттың ені мен ұзындығы, м.

Шағылу коэффициенті өндіріс ғимаратының қалпына тәуелді болып таңдалады.

1.4 кестедегі берілген тапсырмаларды пайдаланып есептеу теориясымен жүргізіледі.

Есептеу реті:

а) 1.4 кестеден мұғалімнің берген нұсқауы;

б) 1.4 кестенің мәліметтері бойынша ғимараттың жарықтану ауданы S, м2,  ғимарат индексі  i (2) теңдеумен шығарылады;

в) 1.6 кестесі бойынша пайдалану коэффицентінің мәнін табу;

г) 1.7 кестеден көрермен жұмысының дәрежесін ескере отырып, жарық көзінің түрін және жарықтану жүйесінің жарықтану Е, лк мәнімен таңдау;

д) 1.8 кестеден қор коэффициентінің мәнін алып, өндірістік ғимаратты сипаттау;  

е) (1) теңдеу мәні бойынша, жарық ағынын F, лм есептеу;

ж) алынған жарық ағыны бойынша F шамды таңдау, 1.9 кестені пайдаланып, есептелген жарық ағынының таңдалған жарық ағынынан өзгерісі  болуы керек.

     Алынған мәндерді 1.5 кестеге жазу керек.

 1.4 К е с т е – Жасанды жарықтануды  есептеу үшін берілгендер (№3 тапсырма)

 

Параметрлер

Нұсқау нөмірі

Алынатын шамдар

I

II

III

IV

V

НГ

ППД

НГ

ЛД

ДРЛ

Ғимарат ұзындығы А, м                        

10

12

18

20

40

Ғимарат ені В,м               

8

10

10

14

25

Шамның іліну ұзындығы, h, м   

2,5               

2,5               

3

4,2

5,5

Шамның жалпы саны, N, шт   

10

15

25

30

60

Көрермен жұмыс дәрежесі

III, а

 IV, б

V, а

III, б

IV, а

Төбеге шағылысу коэффициенті, ρпот, %

50

30

70

30

30

Қабырғаға шағылысу ρстен, %

30

10

50

10

10

Біркелкі емес коэффициенті, Z       

1,2

1,1

1,2

1,1

1,2

Өндіріс ғимаратының сипаттамасы

Шаңы аз бөлінетін ғимарат

1.5 К е с т е Жасанды жарықтану есептелуінің  нәтижесі (№3 тапсырма)

Нұсқау нөмері

S, м2

i

η, %

K

N, шт

E, лк

F, лм

Шығарлама

Шам түрі

Қуат, Вт

Жарық ағыны,

лм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

1.6 К е с т е - Жарық ағынының пайдалану коэффициент мәні

Нұсқау

I

II

III

IV

V

 

ρпот, %

30

50

70

30

50

70

30

50

70

30

50

70

30

50

70

ρс, %

10

30

50

10

30

50

10

30

50

10

30

50

10

30

50

ғимарат индексі

 

пайдалану  коэффициенті

 

0,5

0,19

0,21

0,25

0,21

0,24

0,28

0,14

0,17

0,21

0,18

0,21

0,28

0,20

0,23

0,30

0,7

0,29

0,31

0,34

0,32

0,35

0,38

0,23

0,26

0,28

0,26

0,30

0,38

0,31

0,33

0,42

0,9

0,34

0,36

0,39

0,38

0,40

0,44

0,28

0,30

0,34

0,32

0,37

0,46

0,37

0,40

0,47

1,0

0,36

0,38

0,40

0,40

0,42

0,45

0,30

0,32

0,35

0,35

0,40

0,49

0,40

0,41

0,48

1,25

0,38

0,41

0,43

0,44

0,46

0,48

0,33

0,35

0,37

0,40

0,45

0,55

0,44

0,47

0,55

1,5

0,41

0,43

0,46

0,46

0,48

0,51

0,35

0,36

0,40

0,45

0,49

0,60

0,48

0,50

0,59

2

0,44

0,46

0,49

0,50

0,52

0,55

0,39

0,40

0,43

0,51

0,55

0,65

0,53

0,56

0,67

2,5

0,48

0,49

0,52

0,54

0,55

0,59

0,42

0,44

0,46

0,55

0,58

0,70

0,57

0,59

0,71

3

0,49

0,51

0,53

0,55

0,57

0,60

0,43

0,45

0,47

0,58

0,61

0,73

0,58

0,60

0,73

4,0

0,51

0,52

0,55

0,57

0,59

0,62

0,45

0,47

0,49

0,61

0,64

0,77

0,61

0,63

0,77

5,0

0,52

0,54

0,57

0,58

0,60

0,63

0,46

0,48

0,51

0,65

0,67

0,80

0,63

0,66

0,79

  

1.7 К е с т е –Жасанды жарықтықтың жарықтық нормасы (ҚР СНиП 2.04-05-2002-дан «Табиғи және жасанды жарықтану. Жалпы талабы» )

Көрермен жұмысының сипаттамасы

Объектінің аз немесе эквивалентті өлшемі, мм

Көрермен жұмысының дәрежесі

Көрермен жұмысының қосалқы разряды

Объектінің фонмен қарама қарсылығы

Фонның сипаттамасы

Жарықтық, Е, лк

Комбинациялық жарықтық жүйесінде

Жалпы жарық-тану жүйе-

сінде

Барлы-ғы

Соның ішінде жалпы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Үлкен дәлділік

  0,3-тен 0,5-ке дейін

III

а

Аз

Қараңғы

2000

200

500

б

Аз

 

Орташа

Қараңғы

1000

750

200

300

300

300

в

Аз Орташа

Үлкен

Жарық

Орташа

Қараңғы

750

 

600

200

 

200

200

 

200

г

Орташа

Үлкен Үлкен

Жарық Жарық Орташа

400

200

200

Орташа дәлділік

0,5-тен 1-дейін

IV

а

Аз

Қараңғы

750

200

300

б

Аз Орташа

Орташа

Қараңғы

500

200

200

в

Аз Орташа Үлкен

Жарық Орташа Қараңғы

400

200

200

г

Орташа Үлкен Үлкен

Жарық Жарық Орташа

-

-

200

Аз дәлділік

1-ден    5-дейін

V

а

Аз

Қараңғы

400

200

300

б

Аз Орташа

Орташа Қараңғы

-

-

200

в

Аз Орташа Үлкен

Жарық Орташа Қараңғы

-

-

200

г

Орташа Үлкен Үлкен

Жарық Жарық Орташа

-

-

200

Қатты    (Өте аз дәлділік)

Аз 0,5

VI

 

Фон мен объектінің контрастылы-ғынан және фон сипаттамасынан тәуелсіз

-

-

200

 

 

 

 

 

1.8 К е с т е – Қор коэффициентінің мәні Кқ

Ғимарат сипаттамасы

Қор коэффициенті Кқ

Көлденең шам

Қыздыру шамдары

Шаң, түтін көп бөлінетін ғимарат

2,0

1,7

Шаң, түтін орташа бөлінетін ғимарат

1,8

1,5

 

Шаң, түтін аз бөлінетін ғимарат

1,5

1,3

 

 

1.9 К е с т е –Қыздыру және газоразрядты шамдардың  U=220 В кезіндегі жарық ағыны мен қуаты

Қыздыру шамдары

Газоразрядты шамдар

Шам түрі

Қуаты, Вт

Жарық ағыны,

лм

Шам түрі

Қуаты, Вт

Жарық ағыны, лм

НВ-23

15

105

ЛД

15

590

НВ-24

25

220

20

920

НВ-25

40

400

30

1640

НГ-27

60

715

40

2340

НГ-48

100

1450

65

3570

НГ-49

150

2000

80

4070

НГ-50

200

2800

ДРЛ

80

3200

НГ-51

300

4600

125

5600

НГ-53

500

8300

250

13000

НГ-54

750

13100

400

19000

НГ-55

1000

18600

700

35000

 

1.4.4 Бақылау сұрақтары

 1.4.4.1 Адам  ағзасына  жарықтың  әсері. Еңбектің дұрыс  жағдайын  құруда  жарықтың  маңызы.

1.4.4.2 Негізгі  жарықтехникалық  бірліктер.

1.4.4.3 Жасанды  жарықтану  жүйелері  мен  түрлері.

1.4.4.4 Жасанды  жарықтану  көзінің  түрлері (артықшылығы  мен  кемшіліктері).

1.4.4.5 Жасанды  жарықтануды  нормалау  қағидалары.

1.4.4.6 Жарық техникалық  есептеу  әдістері.

1.4.4.7 Люксметр құрылғысы және жұмыс  істеу  қағидасы.

1.4.4.8 Көру  жұмысы  шартын анықтайтын  параметрлер.

 2 №2 зертханалық жұмыс

Өндіріс ғимаратындығы метрологиялық жағдайларды зерттеу

 2.1 Жұмыстың мақсаты: Жұмыс аймағындағы микроклимат параметрлерін анықтау және алынған мәндерді МЕСТ 12.005–88 оптималды нормалармен салыстыру.

 2.2 Теориялық мәліметтер

Өндіріс ғимаратындағы микроклиматты қадағалау жұмыс аймағындағы микроклимат параметрлерін келесі приборлармен өлшеу арқылы жүргізіледі.

Ауа температурасын анықтау үшін термометрлер (сынапты және спитртті), термографтар, термоанемометрлер қолданылады. Жұлулық сәлелену кезінде екі термометрден тұратын булық термометрлер қолданылады. Термометрдің бірінде резервуар беті қараға боялған, ал екіншісі күміспен жалатылған.

Ылғалдылықты анықтау үшін вентиляторлы (Ассман) немесе вентиляторсыз (Август) психрометрлер қолданылады. Екі  жағдайда да психрометр екі термометрден – құрғақ және ылғалды термометрлерден тұрады. Термометрді ылғалдандыру термометрлердің бірін матамен қапталған шарикті сумен сулау арқылы жүзеге асады. Ассманның аспирационды психрометріндегі термометрлер металды негізге орнатылған, жылулық сәулелену кезінде өлшеулер алу үшін термометрлердің  шарлары екі қабатты гильзаларға орнатылған, ал вентилятор басқа ауа ағындарының әсерін болдырмайды. Екі термометрдің көрсетуі негізінде эмпирикалық формула арқылы біріншіден ауаның абсолютті, содан соң салыстырмалы ылғалдылығы есептеледі. Салыстырмалы ылғалдылықты  құрғақ және ылғалды термометрлердің көрсетулері бойынша  және номограммалар арқылы анықтауға болады.

Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін ауа ағыны энаргиясы әсерінен айналатын айналманың (вертушка) айналу санын санау негізінде жұмыс істейтін анимометрлер қолданылады. Ауа қозғалысының жылдамдығы  1–10м/с болғанда қанатты анемометр, 10–30м/с дейін табақты анемометрлер қолданылады. Ауа қозғалысының жылдамдығы 1м/с төмен болғанда кататермометр қолданылады (немесе термоанемометр), өйткені қарапайым анемометрлердің механизмдерінің инерттілігі салдарынан үлкен ауытқулар пайда болады.

Атмосфералық қысым микроклиматтың нормаланбайтын параметрі, алайда салыстырмалы және абсолютті ылғалдылықты есептеу үшін оның мәнін білу қажет. Атмосфералық қысымды өлшеу  үшін барометр–анеройдтардың әртүрлі модельдері қолданылады.

 2.3 Атмосфералық қысымды анықтау

Атмосфералық қысымды барометр–анеройд ВАМИ арқылы анықтаңыз, оның цифреблатасында доға тәрізді сынапты термометр орнатылған, бұл термометрдің көрсетуі бойынша қоршаған орта температурасына түзетулер енгізіледі. Прибордың көрсетуін жазып алмас бұрын, оның ішіндегі механизмдердің әсерін болдырмау мақсатында көрсетулерді жазып алғаннан соң, корпусына соғып қойыңыз. Үш түзетуді ескеру керек: шкалалық, температуралық және қосымша, яғни  

Р=Рпршкқостемп            (2.1) 

Прибордың шкаласына түзету 2.1 кестесінде келтірілген. 

К е с т е 2.1– Прибордың шкаласына түзету

Шкаланың көрсетуі

710

700

690

680

670

660

650

Түзету

-1,2

-1,2

-1,1

-1,0

-1,1

-1,1

-0,9

 Температуралық түзету келесі формуламен анықталады 

Pтемп=ΔP*t                  (2.2)
мұндағы
ΔP– 1оС –ге келетін температуралық түзету (ΔP=0,06мм. сын. бағ.); t–градустың оннан бір бөлігі дәлдігімен алынатын барометр термометрінің температурасы.

Прибордың жөндеу куәлігі бойынша қосымша түзету–13мм.сын.бағ.

Мысал: Барометр–анероид бойынша Рпр=685 мм.сын.бағ. және температура 21,5оС өлшеніп алынған. 2.1 кестесіне сәйкес шкалалық түзету –1,05 мм.сын.бағ. құрайды, температуралық түзету Ртемп=0,06*21,5=1,29 мм.сын.бағ., қосымша түзету  Рқос=13 мм.сын.бағ. Сонда                                  Р=685–1,05+1,29+13=698,24 мм.сын.бағ. Егер мм.сын.бағ/сын Па келтіру керек болса, онда 1 мм.сын.бағ.=133,322 Па екенін ескеру керек. Есептелген атмосфералық қысымның мәнін зерттеу протоколын 2.2 кестесіне енгізіңіз.

 2.4 Ауа температурасын анықтау

Зертханада Ассман психрометрінің құрғақ термометрін (сол жағындағы термометр) қолдана отырып ауа температурасын анықтау. Термометр көрсетуін зерттеу протоколдарын 2.2, 2.4 кестелеріне жазыңыз.

2.5                 Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау

Аспирационды Ассман психрометрін қолдана отырып, зертханадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылық мәнін есептеу. Ол үшін құрғақ және ылғалды термометрлер көрсетулерін алмастан 3–4 мин бұрын, ылғалды термометр резервуарындағы матаны стендтың 2 жайындағы пипетканы алып, суды астынан бере отырып сулау керек. 3 мин-тан кейін вентиляторды сөндіріп, ылғалды және құрғақ термометрлерінің көрсетулерін протоколдың 2.2 кестесіне жазып алыңыз. Содан соң абсолютті ылғалдылықты (А) есептеңіз, яғни салмақтық бірліктермен (г/м) немесе мм.сын.бағ. су буының қысымы түрінде сипатталған зерттеу мезетіндегі ауаның су буы құрамын анықтаңыз. 

А=Fвл–0,5(tctвл)*Р/755                   (2.3) 

Мұндағы Fвл–ылғалды термометр көрсетіп тұрған температура кезіндегі қаныққан су буы қысымы, мм.сын.бағ. (кесте–1,А қосымшасы).

0,5–тұрақты психрометрлік  коэффициент

tc–tвл––құрғақ және ылғалды термометр көрсетулерінің айырмасы

Р–2.1 тапсырмасында есептеліп табылған атмосфералық қысым, мм.сын.бағ.

Одан соң процентпен сипатталған, абсолютті ылғалдылықтың максималды (М) (берілген температура кезінде ауадағы су буы саннының ең үлкен мәні ) ылғалдылыққа қатынасы түрінде салыстырмалы (В) ылғалдылықты есептеңіз.

B=A/M*100,  %

немесе

B=A/Fc*100,  %

мұндағы Fc–құрғақ термометр көрсетіп тұрған температура кезіндегі қаныққан су буы қысымы, мм.сын.бағ. (кестк–1,А қосымшасы).

Алынған мәліметтерді протоколдың 2.2, 2.3 кестесіне енгізіңіз. Содан соң үстелде көрсетілген психрометрлік  график – номограмма арқылы салыстырмалы ылғалдылықты табыңыз. Графиктегі тік сызықтар құрғақ термометр көрсетуіне сәйкес, ал қиғаш сызықтар ылғалды термометр көрсеткішіне сәйкес. Салыстырмалы ылғалдылық ылғалды және құрғақ термометрлерінің көрсетуіне сәйкес тік және қиғаш сызықтардың қиылысу нүктесі алынады. Алынған мәндерді 2.2 кестеге енгізіп, есептелген В мәндермен салыстырыңыз. Ауытқуларды процентпен сипаттайды, ол 5% аспау керек.

  К е с т е 2.2 - Зерттеу протоколы                                                     

Аталуы

Параметрлер мәні

1 Өлшеу орны

 

2 Құрғақ термометр көрсетуі, 0С

 

3 Ылғалды термометр көрсетуі, 0С

 

4 Атмосфералық қысым Р, мм.сын.бағ.

 

5 Ылғалды термометр көрсетіп тұрған температура кезіндегі қаныққан су буы қысымы Fвл, мм.сын.бағ.

 

6 Құрғақ термометр көрсетіп тұрған температура кезіндегі қаныққан су буы қысымы Fс, мм.сын.бағ.

 

7 Абсолютті ылғалдылықтың шамасы А, мм.сын.бағ.

 

8 Салыстырмалы ылғалдылықтың шамасы В,%

 

9 Номограмма бойынша салыстырмалы ылғалдылықтың шамасы,%

 

10 Алынған шамалардың айырмасы,%

 

 2.6 Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау

Ауаны дауылдату кезінде ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау. Ол анеометрдің цифреблатасының екі отчет нүктелерін – тәжірибиеге дейін және тәжірибиеден кейін мәндерін  салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұл айырымды тәжірибе жүргізуге кеткен уақытқа бөліп, тариривтік график бойынша ауа қозғалыс жылдамдығының нақты мәнін табамыз. Анеометр стендте айродинамикалық құбырда орналасқан, ондағы ауа ағынын вентилятор тудырады. Оны қосу үшін стендтегі ауыстырып-қосқышты 1 қалпына бұрау керек. Бастапқы есептік нүктені бекіте отырып, прибор стрелкалары мен секундомерді қосыңыз, 100сек өткеннен соң прибор стрелкалары мен секундомерді тоқтатыңыз, екінші есептік нүктені бекітіңіз. Дәл нәтижелерді алу үшін әдетте үш өлшеу жүргізіледі, счетчик көрсетулерінің айырмасын анықтап, нәтижелерді қосып, жүгізілген үш өлшеудің уақытына бөліңіз. Одан соң тариривті график бойынша 1сек ішіндегі бөлінудің орташа мәнін, м/с–пен өлшенетін  жылдамдыққа келтіреді. Алынған мәндерді  протоколдың 2.3 және 2.4 кестелеріне жазыңыз.

 2.7              Микроклиматты санитарлық-гигиеналық бағалау

Зертхана микроклиматын  санитарлық-гигиеналық бағалау. Ол үшін жұмыс күшіндегі МЕСТ–12.1.005-88 – нен берілген жұмыс категориясы үшін микроклиматтың оптималды параметрлерін, жыл периодын және жұмыс кезінде анықталған нақты мәндерін протоколдың 2.4 кестесіне енгізіңіз. Кестедегі мәліметтерді салыстыру негізінде жағымды микроклимат құрудың қосымшасын және қорытынды шығарылады.

 К е с т е  2.3 - Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау

Прибордың көрсетуі

Көрсетулердің айырмасы

Тәжірибе ұзақтығы

Айналу жиілігі

Ауа қозғалыс орташа жылдамдығы, м/с

басы

аяғы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 К е с т е - 2.4 Алынған мәндерді МЕСТ–12.1.005–88 мен салыстыру

Өлшеу орны

Өндіріс ғимара-тының сипат-тамасы

Жұмыс катего-риясы

Жыл пе-риоды

Ауа темпе-ратурасы

Салыстыр-малы ылғалды-лық

Ауа қозғалысы жылдамдығы

факт

опт

факт

опт

факт

опт

         2.8   Бақылау сұрақтары

2.8.1 Өндірістегі негізгі метрологиялық параметрлер

2.8.2 Ауаның температура ылғалдылығы адамның жұмысы мен денсаулығына қалай әсер етеді?

2.8.3      Комфортты метрологиялық жағдай дегеніміз не?

2.8.4      Жұмыс орны микроклиматын нормалаудың қандай әдістері бар?

2.8.5      Вентиляцияның мақсаты және оның түрлері

2.8.6      Ауаның метереологиялық жағдайын қандай приборлармен қадағалауға болады?

     

А Қосымша 

К е с т е 1 – Кебу және ылғалдық термометр бойынша температурамен қойылған бу қысымының тәуелдігі

Кебу және ылғалды термометрі бойынша температурасы

Қойылған су буларының қысымының, мм рт. Ст.

15

12,79

16

13,68

17

14,63

18

15,46

19

16,43

20

17,53

21

18,63

22

19,83

23

21,07

24

22,38

25

23,76

26

25,21

27

26,74

28

28,35

29

30,04

30

31,84

31

33,70

 

К е с т е 2 – Жұмыстың түріне байланысты микроклиматтың оңтайлы және рұқсат берілген нормалары

Жыл мерзімі

Жұмыс түрі

Температура, ْС

 

Салыстырмалы ылғалдылығы, %

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с

опт.

рұқсат

етілетін

опт.

рұқсат етілетін

опт.

рұқсат етілетін

Суық

Женіл

Жеңіл

 

Орта

 

Ауыр

Ауыр

22-24

21-23

 

18-20

 

17-19

16-18

18-26

17-25

 

15-24

 

13-23

12-20

40-60

40-60

 

40-60

 

40-60

40-60

75

75

 

75

 

75

75

0,1

0,1

 

0,1

 

0,1

0,1

0,1

0,2

 

0,3

 

0,4

0,5

Жылы

Жеңіл

Жеңіл

 

  Орта

 

  Ауыр

Ауыр

23-25

22-24

 

21-23

 

20-22

18-20

20-30

19-30

 

17-23

 

15-23

13-28

40-60

40-60

 

40-60

 

40-60

40-60

55

75

 

65

 

70

75

0,1

0,2

 

0,3

 

0,3

0,4

0,1-0,2

0,1-0,3

 

0,2-0,4

 

0,2-0,5

0,2-0,6

 

Әдебиеттер тізімі

  1.     СНиП РК 2.04-05-2002. Естественное и искусственное освещение.Общие требования. – М.: 2002 г.

2.     Князевский Б.А. Охрана труда в электроустановках – М.: Высшаяшкола, 1984.

3. Айзенберг Ю.Б. Справочная книга по светотехнике. - М.: Энергоатомиздат, 1983.

4. Белов С.В. Безопасность жизнедеятельности. М.: Высшая школа, 1999.

5. ГОСТ 12.1.005-88 ССБТ. Воздух рабочей зоны. Общие требования.

6. Метрологическое обеспечение безопасности труда: справочник./Под ред. Сологяна И.Х. Том 2. -М.: Изд-во стандартов, 1989.