ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

 

ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ

 

5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы

 

Алматы 2013

 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Ә.Ә. Торғаев. Электр қауіпсіздігі негіздері. 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБУ, 2013 - 41 б.

 

Дәрістер жинағында курстың бағдарламасына сәйкес материалдар жинақталған және студенттерге қысқа жазылған оның негізгі жоспарн оқып білуге мүмкіндік береді.

Дәрістер жинағы қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығында оқитын студенттер үшін арналған.

Cур. 4, кесте 3, әдебиет – 8 атал.

 

Пікір беруші: доцент С.А.Қалиева

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. жоспары бойынша басылады.

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2013 ж.

 

 

1 дәріс. Кіріспе. Негізгі ережелер

 

Жоспар:

Кіріспе.

1) Пәннің мақсаты мен міндеті.

2) Электр қауіпсіздігі бойынша мамандарға талаптар.

3) Электр қауіпсіздігі туралы ҚР заңнамасы, нормативтік құжаттар.

4) Терминдер және анықтамалар.

5) Дабыл түрлері және электр қауіпсіздігі белгілері.

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасында электрмен қамтамасыз ету электр қондырғыларды жасау мен енгізудің қазіргі заманғы жоғарғы нәтижелі электр машиналарын және аппараттарын, электр беретін желілерді, әртүрлі электротехникалық жабдықтарды, автоматика және телемеханиканы пайдалану арқылы дамып келеді.

Көптеген электр қабылдағыштарды қауіпсіз және авариясыз пайдалануда, оларады қолданатын және қызмет көрсететін жұмыскерлер алдына, еңбекті қорғау бойынша жан-жақты және күрделі міндеттерді қояды.

Электрленген өндірістік қондырғыларды пайдаланатын қызметкерлер мен жұмыскерлердің дұрыс және қауіпсіз еңбек жағдайы электр қондырғыларды пайдалануда ережелер мен нормаларды орындағанда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.

 

1 Пәннің мақсаты және міндеті

 

Пәннің мақсаты жұмыс сипатына қарай нақты кәсіпорындарда (ұйымдарда) еңбектің электр қауіпсіздігінің жағдайын жасау мәселесінде кәсіптік іскерлігі бар мамандарды дайындау болып табылады.

Пәннің міндеті: электр тогымен адамды соғу себептерін, электр тогының және атмосфералық электрдің әсер етуінен көлік жұмыскерлерін қорғау тәсілдері мен құралдарын зерттеу.

Пәнді оқып - үйреніп студент білуге тиісті:

- электр тогынан зақымданудың мүмкін көздерін және олардың қауіптілігін бағалауды;

- электрге байланысты жұмыстарды қамтамасыз ететін маңызды техникалық талаптарды;

- тиімді тәсілдерін таңдау негіздерін;

- адамның электр тогынан зақымдануының алдын алуды ұйымдастыру мен техникалық іс шараларды;

- электр қондырғыларда жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдарды;

- электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы мәселелерді;

- электр тогының адамға әсер етуінің сипаты мен салдарларының факторларын.

 

2 Электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша мамандарға талаптар

 

АЭжБУ түлегі өндірісте электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әр түрлі мәселелерді шешу үшін керекті білімді игеруі керек; еңбектің электрден қауіпсіз жағдайын ұйымдастыру әдістерін білуі керек; өндірісте электр қауіпсіздігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін саналы түрде есептеулерді орындау; электрмен зақымданудың алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыруы керек.

 

3 ҚР электр қауіпсіздігі туралы заңнамасы, нормативтік құжаттар

 

Жалпы еңбекті қорғаудың және электр қауіпсіздігі бойынша барлық құқықтық мәселелері ҚР Коституциясымен шешіледі. ҚР Конституциясында (1995ж., 24 - бап, 31 - бап) еңбек жағдайларының қауіпсіздік талаптарына жауап беретін біздің еліміздің азаматтарының құқығы бекітілген. Еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне Мемлекет басшылары, Заң ұйымдары үлкен көңіл бөледі. ҚР еңбекті қорғау бойынша заңнаманы регламенттейтін негізгі құжат болып  2007ж. «ҚР Еңбек кодексі» табылады.

Электр қауіпсіздігі бойынша бірыңғай ережелер болып әдетте «Электр қондырғылардың құрылысының ережелері» (ЭҚЕ), «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану ережелері» (ТПЕ), «Тұтынушылардың электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері (ҚТЕ). Бұл - іс жүзінде электр қауіпсіздігі бойынша Мемлекеттік стандарттар.

Электр қауіпсіздігінің нормалары МСТ 12.1.038-88 ЕҚСЖ «Электр қауіпсіздігі. Жанасу және токтар кернеулерінің шекті рұқсатты деңгейлері» стандартымен ұсынылады.

 

4 Терминдер мен анықтамалар

 

Электр қауіпсіздігіэлектр тогының, электр доғасының, электрлік магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық, ұйымдастырушылық техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.

Электрлік жарақат – электр тогының немесе электр доғасының әсер етуінен болған жарақат.

Аз кернеу – 42 В аспайтын электр тогының соғу қаупін азайту мақсатында қолданылатын аз кернеу.

Кернеу қадамы – бір– бірінің үстінде қадам қашықтығы 80 см болатын, оларда бір мезгілде адам тұрған, ток тізбегінің екі нүкте арасындағы кернеу Жерлендіру өткізгіш (электрод) немесе жермен түйістірілген бір-бірімен өзара металмен қосылған өткізгіштер (электродтар).

Қорғағыш жерлендіру – жермен немесе оның эквивалентімен кернеуде болуы мүмкін ток алып жүрмейтін металл бөліктерімен әдейі электрлік қосу. 

Табиғи жерлендіружерлендіру үшін пайдаланылатын (ғимараттардың металл құрастырмалары, темір-бетон құрастырмаларының арматурасы, электр кабельдерінің қорғасын қабығы) өндірістік немесе басқа мақсатқа арналған коммуникациялар, ғимараттар және құрылыстардың электр өткізгіш бөліктерінің жермен жанасып жатуы.

Жасанды жерлендіру – жерлендіру үшін арнайы орындалатын жерлендіргіш (жерге тік қойылған қабырғаларының қалыңдығы 3,5 мм аз емес, диаметрі 25-60 мм бұрышты болат, металл стерженьдер, горизонталь қойылған болат жолақтар).

Бір фазалы жанасу – кернеуде болатын электр қондырғысының бір фазасына жанасу.

 

5 Дабыл түстері және электр қауіпсіздігі белгілері

 

Дабылды жарықпен немесе дыбыспен орындайды. Сигнализацию выполняют световой или звуковой. Жарық дабылы үшін МЕСТ 12.2.007.0-75  сәйкес түстер пайдаланылады.

Қызыл – тыйым салатын және авариялық дабылдар үшін, сонымен бірге артық күшті, дұрыс емес іс-әрекетті, қауіпті, берілген бөліктің электр қондырғыларына және т. б. қауіпті кернеу берілгені туралы  ескерту үшін.

Сары көңілді аудару үшін (шекті мәнге жеткені, автоматты жұмысқа ауысу және т.б.туралы).

Жасыл қауіпсіздік дабылы үшін (дұрыс жұмыс режімі, істі бастауға рұқсат, электр қондырғының кернеуін алу туралы және т.б.).

Ақ ажыратқыштың қосулы жағдайын белгілеу үшін.

Көк арнайы жағдайларда, басқа түстер қолдануға мүмкін болмаған жағдайда.

Дабыл шамдары және басқа да жарық дабылды аппраттар белгілер немесе дабылдардың мағынасын көрсететін жазулар болуы керек (мысалы, «ҚОСУЛЫ», «АЖЫРАТУЛЫ»).

Қоңырау немесе шырыл және қызыл шам әдетте электр қондырғыларда қауіпті кернеудің пайда болуы туралы ескертеді.

Сонымен бірге сымдардың оқшаулағыштарының айрықша бояуы қолданылады.

Қара (күңгірт қоңыр)- күштік тізбектер.

Қызыл (қызғылт – сары, қызғылт) – басқару, дабыл, жергілікті жарықтандыру, ауыспалы ток тізбектері.

Жасыл-сары (жасыл)жерлендіру тізбегі.

Электр қондырғыларды қосуды орындайтын басқару органдары (қара, сұр немесе ақ түс). Бұл кезде электр қондырғылардың басқару органдарында  жазу болуы керек (қосу, ажырату, тежеу және т.б.).

Электр жарақатынан сақтандыру үшін қауіпсіздік белгілерін, сонымен бірге ескертетін плакаттарын қолданады. 

Сипаттамасы бойынша плакаттар тұрақты және алып жүретін болуы мүмкін.

Тұрақты плакаттар жұқа маталардан жасалады.

Алып жүретін, әдетте құрылыс жұмыстарын жүргізгенде пайдаланылатын плакаттарды оқшаулағыш немесе нашар өткізгіш материалдардан (пластикалық материалдар, фанера, қалың картон және т.б.).

Плакаттардың негізгі мәнісі:

- кернеуде болатын бөліктерге жақындаған кезде қауіпті ескерту;

- жұмыс үшін бөлінген жерге кернеу беруі мүмкін аспаптармен жұмыс істеуге тыйым салу;

- жұмыс істейтін жерді көрсету;

- қауіпсіздік шараларын қолданғаны туралы ескерту.

«Электр қондырғылардағы пайдаланылатын қорғаныс құралдарын қолдану және сынау ережелеріне» сәйкес белгілер мен плакаттар төрт топқа бөлінеді: алдын-ала сақтандыратын белгілер мен плакаттар, сонымен бірге тыйым салатын, рұқсат ететін және құлағдар ететін плакаттар. Электр қондырғылар үшін қауіпсіздік плакаттары мен белгілері 1-суретте келтірілген.

Плакаттар мен жазулар - кернеуде болатын ток жүретін бөліктерге абайсызда жанасуды ескерту ғана емес, қызметкердің қате іс - әрекетінің алдын алу, жұмысқа дайындалған орындарды жұмыс істеушілерге көрсету, қондырғының кернеудегі берілген бөлігін қосуға қолданылған қауіпсіздік шаралары мен тыйым салу үшін де ең бір керекті құрал.

Дабыл түстерін және электр қауіпсіздігі белгілерін пайдалану мен олардың талаптарын орындау көліктегі және құрылыстағы электр жарақаттарын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Электр жарақаты деген не?

2. Аз, нақты көрсетілген ... В - тан көп кернеу?

3. Электр қауіпсіздігі бойынша белгілер мен плакаттар неше топқа

бөлінеді?

 

2 дәріс. Адам ағзасына токтың әсері

 

Жоспар:

1) Электр тогымен соғудың пайда болу жағдайлары.

2) Электр тогымен соғудың пайда болуының себеп-салдарларының

байланысы.

3) Қауіпсіздік түрі бойынша электр жарақатының таралуын талдау.

4) Электр жарақатының негізгі себептері.

5) Электр тогымен адамды соғудың ерекшеліктері.

6) Электр тогының адамға әсер ету түрлері.

 

1 Электр тогымен соғудың пайда болу жағдайлары

 

Электр жарақаттары адам денесінен электр тогы өткен кезде немесе электр тогының доғасына түскенде пайда болады.

Іс жүзінде электр жарақатының пайда болу жағдайы – кернеудегі ток жүретін бөліктерге (жалаңаш сымдарға, шам патрондарының қысқышына және т.б.) жанасу; оқшаулағыштары жыртылғанда кернеуде болған электр жүйелерінің құрастырмалық бөліктеріне және электр жабдықтарына жанасу (мысалы, корпусқа түйіскен электр қозғалтқыштың корпусына жанасқанда және т.б.); жерге түйіскен орынға жақын болу (мысалы, жерге құлап түскен немесе жерге жанасатын үзілген сымға жақын болу); кездейсоқ кернеуде болған металл бұйымдарға жанасу (мысалы, кернеу пайда болған ваннаға немесе ғимараттың сулы қабырғасына) болып табылады.

 

2 Электр тогымен соғудың пайда болуының себеп - салдарларының байланысы

 

Электр тогымен зақымдану бір қатар оқиғалар бірге болған кезде мүмкін, соның ішінде қауіп көзінің пайда болуы, қызмет көрсететін қызметкерлердің осы көздің әсер аймағында болуы. Қызмет көрсететін жұмыскерлердің қауіп көзінің аймағында болуы кездейсоқтық немесе негізсіз тәуекелдік немесе абайсыздағы қателік болуы мүмкін.

Электр жарақаттарын ескерту үшін электр тогымен зақымдану қаупінің пайда болу себеп-салдарларын анықтау маңызды. Электр жарақатының пайда болуына тікелей немесе жанама әсер ететін келесі факторлардың төрт тобын айқын көрсетуге болады:

- электр қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нұсқауларды бұзу;

- қиын (ауыр) жұмыс жағдайлары;

- жұмыстардың технологиясы мен ұйымдастырудың жеткіліксіздігі (бұзылуы); 

- қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық құралдардың және құрастырмалық шешімдердің  жеткіліксіздігі.

 

3 Қауіпсіздік түрі бойынша электр жарақатының таралуын талдау

 

Өндірісте электр тогымен зақымдану себебі бойынша өндірістік жарақат жарақаттар түрлерінің ішінен алдыңғы орындардың бірін алады және жылжымалы құрамдардың адамдарды басуымен парапар.

Адамның электр тогымен зақымдануы электр доғасынан және басқа бірқатар қауіптерден болуы мүмкін.

2.1кестеде қауіптілік түрі бойынша теміржол көлігінің жұмыскерлерінің электр жарақатымен зақымдануын талдау нәтижесі келтірілген.

 

2.1 кесте Қауіптілік түрі бойынша 1000 В дейінгі электр жарақатын бөлу

Р.б.

Қауіптілік түрі

Электр жарақаттарының үлесі, %

1

Ток жүретін бөліктерге адамның тікелей жанасуы

70,3

2

Метал заттар арқылы ток жүретін бөліктерге жанасу

18,8

3

Электр доғасымен зақымдану

5,7

4

Жұмыс істеушілерге кернеудің берілуі

2,7

5

Қауіптің басқа түрлері (с.і.жерге тогысқан орынға жақын болу)

2,5

Барлығы

100

 

4 Электр жарақатының негізгі себептері

 

Электр жарақатын талдау нәтижесінде оның негізгі себептері болып табылатындар:

-электр қауіпсіздігі ережесінен жұмыскерлердің мәліметсіздігі;

- ЕҚЕ, ТПЕ, ТҚЕ ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын орындауда тұрақты бақылаудың жоқтығы;

- байқаусызда жанасудан электр қондырғылардың ток жүретін бөліктерінің қанағаттанарлықсыз қоршалуы;

- қауіпсіздік ережелерін сақтамай кернеудің астында жұмыс істеу;

- қауіпсіздік ережелерін сақтамай кернеуде болатын жоғарыдағы сымдарға жақын жүк көтеретін және құрылыс машиналарының жұмыс істеуі;

- электр жабдықтарының корпустарын сенімді жерлендірудің жоқтығы;

- жұмысты орындаудың қолайлы жағдайын жасауда бақылаудың жоқтығы;

- жұмыс орнындағы қанағаттанарлықсыз және дер кезіндегі емес нұсқау;

- 18 жастан кіші тұлғаны электр қондырғыларда жұмыс істеуге рұқсат ету;

- дәрігерлік қарама - қайшылық;

- еңбек тәртібін бұзу;

- электр шаруашылығына және т.б. жауапты тұлғаның жоқтығы.

 

5 Электр тогымен адамды соғудың ерекшеліктері

 

Электр тогымен зақымданудың мынандай ерекшеліктері бар:

-болатын қауіпті сезім органдарымен (көру, есту, сезу) адамның алдын ала білуге болатындай сыртқы нышанының білінбеуі;

- электр жарақаттарының нәтижесі көп жағдайларда ауыр (еңбекке қабілеттілігін жоғалту ұзақ болады, мүмкін қазаға алып келеді);

- адам ток жүретін бөліктерге жабысып қалғандықтан ток әсерінен өзінен өзі босай алмайды. (өндірістік жиілік мәні бар жоғы 6-10 мА ток бұлшық еттердің қарқынды тартылуын тудырады);

- механикалық жарақаттану мүмкін, мысалы токпен зақымдану нәтижесінде немесе жұлып алудың шұғыл қимылынан есінен танып биіктен құлауы.

 

6 Электр тогының адамға әсер ету түрлері

 

Тірі ағза арқылы өтетін электр тогының мынандай әсерлері бар:

- термикалық (күюлер, тамырлардың қызуы және жарақаттануы);

- электролиттік (қанның құрамының бұзылып ыдырауы; адам ағзасы құралатын ұлпалардың жыртылуы немесе ығысуы);

- биологиялық (ішкі биоэлектрлік үрдістердің бұзылуы, ағзадағы биоэлектрлік үрдістердің бұзылуына қарай өкпе мен жүрек бұлшық еттерінің еріксіз тартылуымен бірге жүретін тірі талшықтардың тітіркенуі және қозуы

- механикалық (талшықтар мен сүйектердің, қан тамырларының және жүйкенің үзілуі, қол аяқтарының шығуы).

Электр тогы зақымданудың екі түріне электрлік жарақатқа және электр соққысына алып келеді.

Жарақат көбінесе электр доғасы әсерінен болады.

Электр соққысы кернеуде болатын бөліктерге адамның жанасуынан болады.

Жүрек пен өкпенің токтауына алып келетін электр соққысы өте қауіпті.

Электр тогының әсерінен болған зақымдану ішкі және сыртқы, сонымен бірге жергілікті және жалпы болып бөлінеді.

Жергілікті электр жарақаты – электр өткізгішпен немесе электр доғасымен адамның тогысу жерінде болған жарақат.

Жалпы электр жарақаты бұл барлық ағзаның зақымдануы, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы.

Ішкіге жататындар: дем алудың салдануы, жүректің талшықтануы, электр соққысы, электрлік естен тану, ішкі органдардың зақымдануы.

Сыртқы электр жарақаттарының түрлері: электрлік күйік; электрлік белгі; терінің электрлік металдануы; электрлік офтальмия; сыртқы органдардың механикалық зақымданулары (құлаған кезде, терінің зақымдануы, соғып алулар).

Дем алудың салдануы электр соққысы кезінде ағзаның тірі тканьдарынан ток өткенде бұлшық еттердің еріксіз қысқарып тырысуымен қоса жүретін қозуы болады. Мұндай соққы өкпенің, жүректің, демнің жұмыстарын бұзып, тіпті толық токтауына алып келеді. Бұл кезде адам жергілікті сыртқы зақым, яғни электр жарақаттарын алмауы да мүмкін.

Жүректің талшықтануы – бұл ретсіз, бей-берекет жүрек бұлшық еттерінің талшықтарының қысқаруы.

Жүректің кардиоциклінің дұрыс ұзақтығы 0,75 – 1 с (минутына 60 – 80 рет соғу). Жүректің талшықтануы кезінде, жүрек қанды айдау үшін насос сияқты жұмыс істеуін токтатады.

Электрлік естен тану – электр тогымен қатты тітіркенуге байланысты жүйке жүйесінің реакциясы, қан айналымының бұзылуы, қан қысымының жоғарылауы. Естен тану жағдайы бірнеше ондаған минуттан тәулікке дейін созылуы мүмкін, одан кейін организм көмек көрсетілмесе өледі.

Органдардың ішкі механикалық зақымдануы токтың әсерінен (қан тамырларының және жүйкенің үзілуі, қол аяқтарының шығуы, сүйектердің сынуы) бұлшық еттердің шұғыл еріксіз қысқаруы кезінде пайда болады

Электрлік күйік – ток жүретін бөліктермен дененің түйісу жерінде (терінің қызаруы) токтың жылулық әсер ету нәтижесі немесе электр доғасының әсері (терінің өлуі немесе күйеленуі және тканьдардың жануы).

Электрлік белгі – бұл анық сызылған сұр немесе боздау-сары түсті. Зақымданған терінің бөліктері сүйел тәрізді қатаяды. Олар ауырмайды және тез қайтады.

Терінің электрлік металдануы – ток әсерінен металл бөлшектерінің шашырау салдарларынан оның теріге енуі

Уақыт өте келе металл тартылып зақымданған тері бөлігі қалпына келеді.

Бұл жарақат түрі көзге металл түскен кезде ғана қауіп тудырады.

Электрлік офтальмия - бұл электр доғасының ультракүлгін сәулелену әсері нәтижесінде(электрлік пісіру, қысқа тұйықталу кезінде) көздің қабынуы.

 

7 Токтың әсер етуінің, жанасу кернеуінің шекті-рұқсатты деңгейі. адамға әсер ету сипаттамасына қарай токтың жіктелімі

 

Электр қауіпсіздігінің нормалары МСТ-12.1.038-88 ЕҚҚЖ.

«Электр қауіпсіздігі. Жанасу кернеуінің және токтардың шекті рұқсатты деңгейі», стандарттарымен көрсетілген.

МСТ «Адамның жанасу кернеуінің рұқсатты мәні» сәйкес 3 тен 10 с дейін уақыт кезінде 36 В құрайды. Бірақта 3 тен 10 с дейінгі ұзақтық кезінде токпен зақымдану жағдайы бойынша өте қауіпті бөлмелерде ауыспалы токпен жанасу кернеуі 12 В аспауы керек.

Электр тогымен зақымданудың ең бір өте негізгі факторлары болып ток күші табылады.

Адамдарға әсер ету сипаты бойынша токтардың жіктелімі – және токтардың шекті рұқсатты деңгейі (жиілікгі 50Гц, кернеуі 220В ):

Сезілмейтін ток – бұл адамға ешбір әсер етпейтін шекті рұқсатты мән- 0,3мА;

Сезілетін ток – адам токты сезіне бастайды (жеңіл қышуды сезу, терінің жыбырлауы) – 0,6 – 1,5мА;

Жіберетін ток (қолдың білегінде токты сезу таралып, қолды еріксіз қимылдатады) – 2 мА.

Жібермейтін (Күшті ауырсынулар қол-аяқтың барлық жерлерінде тырысумен қоса күшейе түседі, қолының барлық жерінде иықтарын қоса алғанда қатты ауырсынулар мен тырысулар, қолдарды электродтардан алу қиын) – 10 – 15 мА.

Жүректің талшықтануы – 80 – 100 мА (2-3 с сайын).

Дем алудың салдануы – 100 мА және одан жоғары.

Токтың 200 – 300 мА және одан да жоғары мәндерінде 2 – 3 с жүректің талшықтануы болып, терең ішкі және сыртқы күюлер болады.

 

8 Электр желістері туралы жалпы мәліметтер

 

Адамның электрлік зақымдану қаупі оған берілген кернеу мен ток мәнімен анықталады, ол өз кезегінде адамның электр тізбегіне қосылу сызбасына, сонымен бірге электр желісіның жұмыс режімімен және шамасына тәуелді.

Тұрақты және ауыспалы электр желісі (бір фазалық және көп фазалық) болады

Өндірістік электр қондырғыларда ауыспалы токтың үш фазалық желі. Үш фазалық трансформатордың (генератордың) орамдарының бірігу нүктесі бейтарап деп аталады.

Қоректендіретін трансформатордың (генератордың) бейтараптарының режімі бойынша оқшауланған немесе тұйық жерленген үш фазалық желі деп айырады. Оқшауланған деп, жерлендіретін құрылғымен қосылмаған немесе оған үлкен кедергі арқылы (дабыл, өлшегіш, және қорғағыш приборлар, кернеу трансформаторлары және т.б.) қосылған бейтарапты айтады. Тұйық жерленген деп жерлендіретін құрылғымен тікелей немесе аз кедергілі аппараттар арқылы (мысалы, ток трансформаторлары) жалғанған бейтарапты айтады. 1000 В дейінгі кернеу кезінде бейтараптары оқшауланған үш сымды желілер және әсіресе бейтараптары жерленген 380/220 В кернеулі төрт сымды желілер кеңінен тарады.

Желілер 1000 – 35000 В кернеу кезінде оқшауланған бейтарапты, 35000 В жоғары болғанда-жерленген болады.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Жұмыс технологиясының жетіспеушілігіне байланысты электр тогымен зақымдану қауіптілігінің себептері?

2. Жұмыстың қиын жағдайына байланысты электр тогымен зақымдану қаупінің себептері? 

3. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жетіспеушілігіне байланысты электр тогымен зақымдану қаупінің  себептері?

 

3 дәріс. Электр тогымен адамның зақымдану дәрежесіне әсер ететін факторлар

 

Жоспар:

1) Ток күші.

2) Адам денесінің кедергісі.

3) Токтың әсер ету ұзақтығы.

4) Электр тогының тегі және жиілігі.

5) Адамның физиологиялық жағдайы.

6) Адам денесі арқылы токтың жолы.

7) Сыртқы ортаның жағдайы. Электр тогымен адамдардың зақымдану қаупінің дәрежесі бойынша бөлмелердің өндірістік жіктелімі.

8) Оқшауланған және жерленген бейтарапты желілерде ток жүретін бөліктерге жанасудың қауіптілігі. Кернеу қадамының қауіптілігі.

 

1 Ток күші

 

Адам денесі арқылы өтетін электр тогы организмнің жалпы тітіркенуін тудырады, оның түрі Ток күшіне тәуелді. Сәйкес тітіркенуді тудыратын токтың өте аз мәні бастапқы деп аталады (3.1 кестені қара). Адам 0,6 ... 1,5 мА деңгейде 50 … 60 Гц жиіліктегі ауыспалы токтың әсерін сезе бастайды, бұл – сезілетін бастапқы ток, ол кезде қол саусақтарының жеңіл дірілі байқалады. Бастапқы жібермейтін ток қолдың бұлшық еттерінің тырысып қысқаруының пайда болуымен сипатталады, онда сым қысулы, адам өзін-өзі басқару қабілеттілігінен айрылады және өз бетімен босай алмайды. Бастапқы фибрилляциялық ток кезінде жүректің фибрилляциясы басталады-ретсіз, бейберекет, жүрек бұлшық еттерінің талшықтарының қысқаруы байқалады. Жүректің біртұтастай қысқаруы тоқтап «насос» тәрізді қан айдау қызметі қабілетін жоғалтады, қан айналу тоқтап жүрек әлсірейді де тоқтайды.

5 А көп ток, әдетте фибрилляция тудырмайды, жүрек дереу токтап, дем алу да тоқтайды.

 

3.1 кесте - Токтың бастапқы мәні

Бастапқы ток

Ток күші, мА.

50 … 60 Гц жиіліктегі ауыспалы

Тұрақты

Сізілетін

Жібермейтін

Фибрилляциялық

0,6 … 1,5

10 … 15

80 … 100

5 …7

50 … 80

100 …300

 

 

2 Адам денесінің кедергісі

 

Ток күші берілген кернеуге және дене кедергісіне тәуелді. 0,05 … 0,2 мм (эпидерма) қалыңдықтағы тері қабатының беті өлі жасушалардан тұратын ұлпаның сүйелденген қатпарларынан тұрады. Сүйелденген қатпардың белсенді кедергісі тері жағдайына тәуелді және бірнеше килоомнан мегаомға дейін (құрғақ тері кезінде) құрайды. Егерде сүйелденген қатпарды алып тастаса, онда дене кедергісі 1 кОм-ға дейін азаяды. Бұлшық еттердің, май және сүйек ұлпаларының, жүйке талшықтарының, қанның кедергісі анағұрлым аз мәнге ие, түгелдей алғанда адамның ішкі ағзаларының кедергісі Rв=400 … 600 Ом құрайды.

Соныменен, сүйелденген қатпардың зақымдануы, соның ішінде тіліктер, жарықтар және басқада микро жарақаттар дене кедергісін төмендетіп, ішкі ағзалардың кедергісінің мәніне дейін жуықтатады. Осындай әсерді электр тогының жақсы өткізгіштері болып терінің сумен және әсіресе термен сулануы, сонымен бірге оның ток өткізгіш шаңдармен, металл бөлшектермен былғануы және т.б. көрсетеді.

Ток жүретін бөліктермен байланыс тығыздығын және ауданын үлкейту терінің белсенді кедергісін Rт төмендетеді. Бұл жағдайда ауыспалы токтың  кедергісі өте шұғыл төмендейді.

Кернеу 200…300 В жеткен кезде терінің жоғарғы қабатының электрлік тесілуі басталып, жалпы кедергі өзінің ең төменгі мәніне (Rв) жақындайды. 50 Гц ауыспалы ток кезінде есептік мән ретінде адам денесінің кедергісі 1000 Ом тең деп қабылдайды.

 

3 Токтың әсер ету ұзақтығы

 

Организмге электр тогының әсері ұзақ болған сайын, зақымдану нәтижесі ауыр болуы мүмкін. Бұны организмге ток әсері салдарлары жиынтығының байланыс орындарында терінің қызуы кезінде терінің кедергісінің төмендеуімен (тердің бөлінуінен) және әсіресе жүрек циклының қауіпті кезеңінде токтың өту ықтималдығының жоғарылауымен түсіндіреді.

12.1.038 - 82 МСТ және электр тогының адамға әсерінің ұзақтығынан фибрилляциялық (жіберетін) токтардың рұқсатты деңгейлері анықталған (2 кестені қара). Адам денесі арқылы өтетін ток мәнінің өте қауіпті (резонанстық) шамасы, ол токтың өту ұзақтығы кардиоцикл уақыты (0,75 - 1,0 с) тең немесе асып кетеді. Бұл кезде ток жүрек жұмысының барлық фазаларымен «кездеседі».

 

3.2 кесте - Адам денесі арқылы өтетін рұқсатты ток, мА

Ток түрі

Әсер ету ұзақтығы, с

0,01

0,08

0,1

0,2

0,3

0,4

0,5

0,6

0,7

0,8

0,9

1

Ауыспалы

(50 Гц)

650

500

250

165

125

100

85

70

65

55

50

Тұрақты

650

500

400

350

300

250

240

230

220

210

200

 

Бұл кестеден байқағандай, егерде организм арқылы өтетін токтың өту ұзақтығы 0,5 с аспайтын болса, онда ауыспалы токтың өте қауіпті мәні 100 мА рұқсатты болуы да мүмкін

 

4 Электр тогының түрі және жиілігі

 

Тұрақты ток өндірістік жиілікті ауыспалы токқа қарағанда аз қауіпті, оның бастапқы мәні 3-4 есе жоғары (1 кестені қара). Бірақта бұл 250...300 В дейінгі кішігірім кернеу үшін дұрыс, ол кезде терінің жоғарғы қатпарының электрлік тесілуі әлі басталмайды. 400…600 В диапазонында тұрақты және ауыспалы токтың қауіптілігі біршама бірдей. Кернеуді одан әрі үлкейткен сайын тұрақты токтың қауіптілігі өсе түседі, ол электрлік әсермен түсіндіруге болады.

10 нан 500 Гц дейінгі жиіліктегі токтар іс жүзінде бірдей қауіпті. 1…2 кГц жиілік кезінде токтың қауіптілігі біраз төмендейді, ал 400…500 кГц кезінде токтың биологиялық әсері тіпті байқалмайды. Бірақ та бұл жағдайларда электр доғасынан да, адам денесі арқылы өтетін токтан да, токтан күю қаупі сақталады.

 

5 Адамның физиологиялық жағдайы

 

Токтың әсер етуін ауру және әлсіз адамдарға қарағанда, дені сау және физикалық тұрғыдан мықты адамдар жеңіл қабылдайтындығы байқалған. Жүйке жүйесінің қозу, депрессия және мас жағдайында адамдар электр тогына өте сезімтал.

«Көңіл бөлу факторы» маңызды рөл атқарады. Егерде адам ток әсеріне дайын болса, онда қауіптілік дәрежесі біраз төмендейді.

 

6 Адам денесі арқылы токтың жолы

 

Өмірлік маңызды ағзалар - жүрек, өкпе, бас немесе жұлын миы арқылы ток өткенде зақымдану қаупі өте жоғары.

Егерде ток тікелей бұл органдар арқылы өтпесе, онда ол оларға рефлекторлы әсер етеді, яғни орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, ол аз қауіпті.

Көп жағдайларда адам денесі арқылы өтетін ток тізбегі «оң қол - аяқтар» жолы бойынша пайда болады. Мұндай Рк жол өте қауіпті: адам жүрегі арқылы жалпы токтың 6,7% өтетінін, «аяқ-аяқ» жолымен тек-0,4% өтетіні анықталған.

 

 

7 Сыртқы ортаның жағдайы

 

Электр тогымен адамдардың зақымдану қаупінің дәрежесі бойынша бөлмелердің өндірістік жіктелімі.

Терінің кедергісі, оның ток өткізетін заттармен ластанған кезінде де азаяды.

Жекеленген өндірістік бөлмелерде адам организміне шу және діріл, қысым және қоршаған ауаның құрамы кері әсер етеді. Нәтижесінде бұл факторлар жүйелік реакцияның тежеулеуін, қызметкерлердің әрекеттерінің қателігіне алып келу мүмкіндігін туғызатын көңілдің алаңдауын тудырады және сәтсіз оқиғалардың пайда болуына алып келеді.

Электр жабдықтарына қойылатын талаптар көбінесе ол орнатылған бөлмеге тәуелді. Адамдарды электр тогымен зақымдау қаупі бойынша өндірістік бөлмелер жоғарғы қауіпті, өте қауіпті және жоғарғы қауіпсіз бөлмелер болып бөлінеді.

Жоғарғы қауіпті бөлмелер деп салыстырмалы ылғалдылығы ұзақ уақыт 75% асатын немесе ток өткізетін полы немесе ток өткізетін шаңы бар немесе температурасы ұзақ уақыт бойы +30ºС асып тұратын, немесе жерлендірілген үлкен металл құрастырма орнатылған және бір жағынан бір мезетте адамның ғимараттардың, технологиялық аппараттардың, механизмдердің және т.б. жермен жанасқан металл құрастырмаларына, екінші жағынан электр жабдықтардың корпусына жанасатын бөлмелерді айтады. Мұндай бөлмелерге ұсталық, механикалық, шаберханалық өндірістік бөлімшелер және жеке бөліктер, жылытылмайтын қоймалық бөлмелер және т.б. жатады. Жоғарғы қауіпті бөлмелерде қолданылатын электр инструменттің және алып жүретін электр шамшырақтардың кернеуі 42 В аспауы керек.

Өте қауіпті бөлмелердің жоғарғы ылғалдылығы (өндірістік жағдай бойынша олардың ылғалдылығы 100% жуық) немесе оқшаулағышқа және ток жүретін бөлікке тұрақты немесе ұзақ уақыт бұза әсер ететін химиялық белсенді ортасы бар. Өндірістік бөлменің жоғарғы қауіптілік нышанын анықтайтын екі фактордың бір уақытта әсері де мүмкін. Өте қауіпті бөлмелер болып сіңдіретін, гальвандық, газдыгенераторлы бөлімшелер мен бөлімдер, жуынатын, кір жуатын жерлер және т.б. есептеледі. Оларда 42 В кернеуден аспайтын, міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын (Диэлектрлік қолғап, кілемше және т.б.) қолдана отырып электр аспаптармен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Жоғарғы қауіпсіз бөлмелер деп оларда бөлмелердің ерекше және жоғарғы қауіптілігін анықтайтын факторлар болмайтын барлық бөлмелер табылады. Бұлар қызметтік және тұрмыстық бөлмелер, жылытылатын қоймалар және т.б.

 

 

 

8 Оқшауланған және жерленген бейтарапты желілерде ток жүретін бөліктерге жанасудың қауіптілігі. Кернеу қадамының қауіптілігі

 

Адамдарды токпен соғу қаупі бірнеше факторларға тәуелді: адамның тізбекке қосылу сызбасы, желі кернеуі, желінің өзінің сызбасы, оның бейтарабының режіміне, жердің ток жүретін бөліктерін оқшаулау дәрежесіне, сонымен бірге жерге салыстырмалы ток жүретін бөліктердің көлеміне тәуелді.

Адамның екі фазаға қосылуы сирек болады, көбінесе бір фазаға қосылу жиі кездеседі.

3.1 сурет – Адамның екі фазалық электр желісіне қосылу сызбасы

 

Кернеуде болатын электр қондырғының бір фазасына қосылу кезінде, зақымдану дәрежесі қондырғы бейтарбы жерленген бе немесе жоқпа соған тәуелді.

Нөлдеу кезінде бір фазалық қосылыста (3.2 суретті қара) зардап шегуші фазалық кернеуде болады және бұл жағдайда адам арқылы өтетін ток тізбегі оның денесінің, еденнің, аяқ киімінің кедергісін және ток көзінің бейтарабының жерлендіруін қосады.

а - тұйық жерленген сызбада;       б - оқшауланған бейтарабымен

3.2 сурет - Бірполюсті жанасу сызбасы

 

Электр қондырғының ток жүретін бөліктеріне адамның жанасуының үш түрінің талдауы көрсеткендей өте қауіптісі қондырғының әртүрлі екі фазасына жанасу болып табылады. Бұл кезде адам толық сызықтық кернеу әсеріне ұшырайды, ал ток жүретін бөліктің оқшаулағышы қорғаныс шарасын көрсете алмайды. Нөлдеу кезінде аз қауіпті болып бір фазалық есептеледі. Адам бұл кезде толық кернеуден 1,73 есе аз фазалық кернеулі электр тогының әсеріне ұшырайды.

Адам үшін аз қауіпті болып оқшауланған бейтарапты қондырғыда бір фазаға қосылу табылады, өйткені бұл жағдайда жабдықтың ток жүретін бөлігінің оқшаулағышы қорғаныс шарасын көрсетеді.

Қадам кернеуінің қауіптілігі. Жерде болатын кез келген өткізгіштің айналасында Токтың таралу аймағы пайда болады. Мұндай аймақ жерге ток жүретін сымдарды оқшаулаған кезде де пайда болады. Токтың таралу аймағына болып қалған адам «қадам кернеуі» деп аталатын токқа, ол өткізгішке жанаспаса да түседі.

Қадамдық кернеу – бұл жер бетінде екі нүкте арасында бір бірінен қадам қашықтығында (80 см) пайда болатын кернеу және оларда бір мезгілде адам тұрады.

Бұл жерден қашықтаған сайын ток потенциалы азаяды және шамамен 20 м тең қашықтықта нөлге тең болуы мүмкін. Электр өткізгішті жермен қосу жерінен адамның қауіпсіз болатын қашықтығы 20 м тең.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Қадам кернеуі-бұл бір-бірінен қандай  қашықтықта болатын, олардың үстінде бір мезгілде адам тұрған ток тізбегінің екі нүктесі арасындағы кернеу?

2. Адамның ішкі ағзасының кедергісі   толығымен құрайды?

3. 50 Гц ауыспалы ток кезінде есептік мән ретінде адам денесінің кедергісін ... тең деп алады?

4. 100 мА ауыспалы электр тогының адамға қауіпсіз әсер ету ұзақтығы?

 

4 дәріс. Электр тогымен зақымданудан қорғау

 

Жоспар:

1) Қорғаныс шараларының жіктелімі.

2) Электр тогымен зақымданудан қорғанудың негізгі техникалық құралдары.

 

1 Қорғаныс шараларының жіктелімі. Қорғаныс түрлері

 

Электр қондырғыларға қызмет көрсеткенде және жұмысының тұрақтылығы кезінде, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электр қондырғыларға қызмет етуде техникалық ережелерді дәл сақтау және электр жарақаттарынан қорғану бойынша іс-шараларды өткізу керек.

Қорғаныс құралдары ток жүретін бөліктермен адам денесі арқылы өтетін токты азайту үшін немесе керек кезінде жұмыстағы кернеуде болғанда істеуге арналған. Бұл азайуға екі тәсілдің біреуімен жетуге болады: жанасу кернеуі қауіпсіз мәнге дейін азаяды немесе нөлге тең болады.

 

 

2 Электр тогымен зақымданудан қорғанудың техникалық құралдары

 

Қазіргі кезде келесі құралдар өте кеңінен тараған: қорғағыш жерлендіру; нөлдеу; қорғағыш ажырату; желілерді бөліп қорғау; аз кернеуді қолдану; оқшаулағышты қолдану; кездейсоқ жанасудан қорғау; оқшаулайтын қорғағыш құралдар.

Электр қондырғыларды пайдалану кезінде сол немесе басқа техникалық құралдардың нақты түрін пайдалану керектігі электр қондырғылардың құрылымдарының ережелерінде және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану ережелерінде көрсетілген.

 

2.1 Қорғағыш жерлендіру-бұл кернеуде болып қалуы мүмкін ток жүрмейтін металл бөліктерді жермен әдейілеп қосу

 

Ол электр қондырғының корпусқа түйісу салдарынан кернеуде болып қалатын корпусқа және басқада металл ток жүрмейтін бөліктерге жанасу жағдайында электр тогынан қорғайды. Электр машиналарының және трансформаторлардың, аппараттардың және басқару шкафтардың, шамшырақтардың, каркастардың, бөлгіш щиттердің корпустары, кабель құрастырмалар және қосқыш муфталар, трубалар, электр сымдар және т.б. жерлендіруге жатады. Қорғағыш жерлендірудің мағынасы барлық осы металл құрастырмалар адам денесінің кедергісінен бірнеше есе аз кедергі арқылы жермен қосылады да, токтың негізгі бөлігі жер арқылы өтіп, ал жанасу кернеуі қауіпсіз мәнге дейін төмендейді.

Егерде корпус жерленген болса, онда адам денесі және жерлендіргіш жалпы ток үшін I0 жерге тогыстырылған Rч және Rз кедергілі тармақтар параллель қосылған болады (4.1,б суретті қара). Оқшаулағыштың белсенді кедергісімен жалпы ток I0 толық анықталады. Ол, олардың кедергілеріне кері пропорционал екі параллель тармақтар бойынша таралады, 4.2 - суретте көрініп тұрғандай, жерлендіргіш құрылғы үш элементтен жерлендіргіштен, жерлендіргіш магистралдан және жерлендіргіш сымдардан тұрады.

 

         

а – жанасу сызбасы; б – эквивалентті сызба.              1 –жерлендіргіштер;

                                                                                      2 жерлендіру магистралы;

                                                                                    3 – жерлендіргіш өткізгіштер.

   4.1 сурет - Қорғағыш жерлендіру                 4.2 сурет - Жерлендіргіш құрылғы

 

Жерлендіру ток жүрмейтін бөліктердің жерлендіргіштермен жерлендіргіш өткізгіштер көмегімен іске асады. Жерлендіргіштің және жерлендіргіш сымдардың жиынтығы жерлендіргіш құрылғы деп аталады. Жерлендіргіштер табиғи және жасанды болады.

Табиғи жерлендіргіштер ретінде мыналар пайдаланылады:

-жерге жүргізілген, жануға және жарылуға қауіптілерден басқа, су құбырлары мен әр түрлі сұйықтықтар мен газдардың металл трубалары;

-ғимараттар мен үйлердің жермен жанасып жатқан темір-бетон құрастырмалары;

-жермен жүргізілген кабельдердің қорғасын қабыршақтары;

-электрленбеген темір жол магистральдарының рельс жолдары, дәліз жолдары және т.б.

Жасанды жерлендіргіштер үшін әдетте тік және жазық электродтар қолданылады. Тік электродтар (жерлендіргіштер) ретінде болат трубалар және шыбықтар, сонымен бірге ұзындығы 2,5...3м кем емес бұрышты болат пайдаланылады. Жерге енгізілген тік электродтардың жоғарғы ұштарын болат жолақтармен пісіргіштің көмегімен қосады: жерлендіргіш контур деп аталатын контур пайда болады. Жасанды жерлендіргіштер үшін қолданылатын болат трубалардың диаметрі 25-60 мм, ұзындығы 2,5-3,0 м, қабырғаларының ең аз қалыңдығы 3,5мм болуы керек, 1000В дейінгі кернеудегі оқшауланған және жерленген бейтарапты ауыспалы токты электр қондырғыларда жерлендіргіш құрылғының кедергісі 4 Ом аспауы керек, 1000В жоғары кернеулі оқшауланған бейтарапты желістерде жерлендіргіш құрылғының кедергісі 10 Ом аспауы керек, 1000В жоғары кернеулі және жерленген бейтарапты желістерде жерлендіргіш құрылғының кедергісі 0,5 Ом аспауы керек.

Өндірістік бөлмелерде екі немесе одан да тармақты жерлендіргіш өткізгіштер жерлендіру магистралын құрайды. Жерлендіру магистралына жерлендіргіш жабдықты қосу жеке сымдармен жүргізіледі. Жерлендірілетін корпустарды тізбектей қосу рұқсат етілмейді (4.3 суретті қара).

                    а – дұрыс;                                         б – дұрыс емес.

4.3 сурет - Жерлендіру магистралына жерлендіретін жабдықты қосу

 

2.2 Нөлдеу

 

Жерленген бейтарапты желістерде қорғағыш жерге қосу жерге тұйықталу кезінде жанасу кернеуінің тиімді төмендеуін қамтамасыз ете алмайды.

Сол себепті, апат қаупін қауіпті кернеудің жанасуының – токтың өту уақытының болу ұзақтығын қысқарту жолымен төмендетеді. Осы мақсатта нөлдеуді орналастырады – кернеуде болып қалуы мүмкін нөлдік қорғағыш өткізгіш металл ток жүрмейтін бөліктермен әдейі электрлік қосу (5 суретті қара). Нөлдік қорғағыш өткізгіш ток көзінің орамасының (қоректендіретін трансформатор) тұйық жерлендірілген бейтарап нүктесімен нөлденетін бөлікті жалғастырады. Мұндай жүйеде корпусқа тұйықталу тогы негізінен фаза тізбегі – нөл («түйін» фаза нөл): трансформатор орамасы – фазалық сым – нөлдік сым – трансформатор бейтарабы (Н нүктесі) деп аталатын жүйе бойынша өтеді. Қанша дегенмен бұл тізбекте кедергі аз, корпусқа тұйықталу ең жоғарғы қорғаныстың іске қосылуын және желіден зақымданған электр қондырғының тез автоматты түрде ажыратылуын тудыратын бір фазалы қысқа тұйықталуға айналады.

Ең жоғарғы токтан қорғану ретінде балқығыш сақтандырғыштар, магниттік қосқыштар және жылулық релелі контакторлар, сонымен бірге жылулық элементі бар электромагниттік немесе қосарланған расцепительді (кескішті) автоматты қосқыштар қолданылады.

 

2.3 Аз кернеуді пайдалану

 

Бұл терминмен, электр тогымен зақымдану қаупін азайту үшін қолданылатын 42 В кем емес нақты көрсетілген кернеу анықталады.

Электрленген қол аспап пен алып жүретін шамдарды қоректендіру үшін аз кернеулер пайдаланылады, себебі адам онымен жұмыс істегенде ұзақ уақыт осы жабдықтың корпусымен байланыста болады және оқшаулағышы зақымданған жағдайда электр тогымен зақымданудың жоғарғы қаупіне ұшырайды. Өндірістік жағдайда 12 и 36 (42) В аз кернеулерді пайдалану қарастырылған. Мысалы, 12 В кернеу және адам денесінің кедергісі 4кОм кезінде ол арқылы өтетін ток 12:4=3 мА аспайды, бастапқы жібермейтін токтан біршама төмен.

Өте қауіпті жұмыс жағдайында (қараңғылық, ылғалдылық, жерлендірілген металл құрастырмалармен жанасу мүмкіндігі) өте қауіпті бөлмелерде (металл сыйымдылықтарда, кабель құдығында, ток өткізетін еденде отырып немесе жатып жұмыс істегенде және т.б.) алып жүретін қол шамдарын 12 В аспайтын кернеумен қоректендіруі керек.

 

2.4 Оқшаулау

 

Электрлік оқшаулау кернеуде дұрыс тұрмаған жеке сымдардың өзара немесе металл бөліктермен (жабдықтардың корпустары, «жер») түйісуін болдырмау үшін арналған. Оқшаулаудың бұзылуы («тесілу») электр жабдықтың апатына алып келеді және адамдарға төтенше қауіп туғызады. Оқшаулағыштың дұрыстығы – бұл электр қондырғылардағы қауіпсіз жұмыстың негізгі жағдайы.

 

 

2.5 Кездейсоқ жанасудан қорғау

 

Ток жүретін бөліктерге кездейсоқ жанасуды болдырмауда, оларды биікте орналастырады немесе қоршауларды, бөгеттерді, дабылдарды қолданады. Ток жүретін бөліктерді оқшаулау және қоршау мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімді болмаса оларды қауіпсіз биіктікте орналастырады. Ғимараттардан тыс аспандағы желілерде жалаң сымдар қолданылады, 1000В дейінгі кернеудегі желі үшін биіктігі 6 м кем емес, 110 кВ дейін – 7 м және 110 кВ жоғары желі үшін – 8 м. Егерде ЖЖ елсіз жерден немесе адамдарға жетпейтін жерде өтсе, іліну биіктігі кішірейтілуі мүмкін. Өндірістік үйлердің ішінде қоршалмаған ток жүретін бөліктер (тролдар, байланыс желілер) еденнен 3,5 м биіктіктен кем емес биікте төселеді. Білікті маманға рұқсат етілген электротехникалық бөлмелерде, кернеуге байланысты ең аз іліну биіктігі 2,5 м ден 3,4 м дейін болады.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Табиғи жерлендіру бұл ....?

2. Жасанды жерлендіру бұл ....?

3. Жасанды жерлендіруде қолданылатын тік электродтардың ұзындығы?

4. Жасанды жерлендіруде қолданылатын болат трубалардың диаметрі?

 

5 дәріс. Электр қондырғыларды қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру

 

Жоспар:

1) Негізгі анықтамалар.

2) Істегі электр қондырғылардағы жұмыс істейтін қызметкерлерге

қойылатын талаптар.

3) Істегі электр қондырғылардағы жұмыс категориялары.

4) Ұйымдастыру іс – шаралары.

5) Техникалық іс – шаралар.

6) Көліктік құрылыс машиналарының электр жабдықтарына қызмет

 көрсеткен кездегі техника қауіпсіздігі.

 

1 Негізгі анықтамалар

 

Электр қондырғылар деп электр энергиясын өндіру, түрлендіру, беру және бөлу үшін арналған электр машиналарының, аппараттарының және желілердің жиынтығын айтады.

Электр қауіпсіздігі жағдайы бойынша олар 1кВ дейін және жоғары болып бөлінеді. Атмосфераның әсерінен ғимараттармен қорғалмаған электр қондырғылар ашық немесе сыртқы деп аталады. Оларға тек қана жапқыштармен, торлы қоршаулармен және т.б. қорғалған электр қондырғылар жатады.

Істегі электр қондырғылар деп кернеудегі ғана емес кез келген уақытта қандайда бір аппараттан (ажыратқыштан, қосқыштан, сақтандырғыштан және б.) кернеу берілуі мүмкін басқаларда есептеледі.

Істегі емес электр қондырғылар деп, егерде олар істегіден шиналар, сымдар немесе аппараттар жоқ бөлікпен бөлінгенде есептеледі.

 

2 Істегі электр қондырғылардағы жұмыс істейтін қызметкерлерге қойылатын талаптар

 

Электр қондырғыларды қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру негізі болып, оларды жоғарғы білікті қызметкер қызмет көрсетуін қамтамасыз ету табылады.

Электр қауіпсіздігі (ЭҚ) бойынша бес квалификациялық топ орнатылған.

I топ негізінен электротехникалық қызметтегі тұлғаға беріледі, мысалы, электротехнологиялық қондырғыларға (электр пештері, жоғарғы жиілікті қондырғылар) қызмет көрсететіндерге, электр аспаптармен жұмыс істейтіндерге, автомашиналар жүргізушілерге, көмекші және құрылыс жұмысшыларына, краншыларға, жүк көтеретін механизмдермен жұмыс істейтіндерге.

Бірақ ешқандай төлқұжат берілмейді. Бұл топтың тұлғалары электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету ережелерін білуі тиіс.

Жұмыс орнымен таныстырып және білімі тексеріліп, жұмыс орнында кіріспе нұсқаудан кейін I – топ беріледі. Бұл жөнінде тексерушінің қолымен жұрналда белгі жасалады.

II топ. Бұл топтың тұлғалары қондырғымен қарапайым техникалық таныс болуы керек, ток жүретін бөліктерге жақындағанда электр тогымен зақымданудың қауіптілігін айқын білуі, электр қондырғыларда жұмыс кезінде қауіпсіздіктің негізгі шараларын білу, алғашқы көмек көрсетуді игеруі керек.

Арнайы орташа және жоғары техникалық білімді тұлғалар үшін, сонымен бірге институттар, колледждер практиканттарына жұмыс стажы нормаланбайды, ал орта білімді және олсыз да, бірақ арнайы оқудан өткен электр қондырғыларда ең аз жұмыс стажы 1 айдан кем емес, электр техникалық қызметкерлер үшін II топ арнайы квалификациялық комиссиямен беріледі.

III топ. Бұл топ тұлғалары электр қондырғылардың құрылымын білуі керек және оларға қызмет көрсете алатындай болу, электр қондырғыларда жұмыс кезінде қауіптілігін айқындай, жалпы техникалық қауіпсіздік ережелерін, 1000 В дейінгі кернеудегі электр қондырғыларда жұмысқа рұсат ету ережелерін , кейбір жұмыс түрлері бойынша істейтін тұлғаның міндетіне кіретін техника қауіпсіздігінің арнайы ережелерін, электр қондырғыларда жұмыс істейтіндерге бақылау жасай, сонымен бірге алғашқы көмек көрсете білуі керек.

Арнайы квалификациялық комиссиямен 4 – 5 разрядты электр монтерлерге және электр слесарларға, электр монтажниктерге, техник – наладчиктерге беріледі.

IVтоп. Бұл топтың тұлғалары білуге тиісті: электр қондырғыларда жұмыс істеген кезде қауіптілікті толық айқындай алу, ПТЕ және ҚТЕ толық білу, қондырғыны жетік білу арқылы жұмыс өндірісі үшін қандай элементтер қосылу керек екенін анықтау, барлық элементтерді толық табу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша керекті шаралардың орындалуын тексеру, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша керекті шаралардың орындалуын тексеру, жұмыстың қауіпсіз өтуін ұйымдастыра білу және 1000 В дейінгі кернеудегі электр қондырғыларда оларға бақылау жүргізу; өз бөлімшесінің жабдығы мен сызбасын білу, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсете білу.

Жұмыс стажы білімі мен арнайы оқуына байланысты 2 ден 12 айға дейін. Арнайы квалификациялық комиссиямен беріледі.

V топ ЭҚ бойынша жұмыскерден өте толық және нақты білімді, сонымен бірге өз бөлімшесінің жабдығы мен сызбасын білуді талап етеді.

Бұл тобы бар шеберлер, жұмыс өндірушілер, білікті инженерлер – наладчиктер, өздері керекті білім мен біліктілікті игеріп қана қоймай, сонымен қатар қауіпсіз жұмыс өндірісін ұйымдастыра білу, ТҚ ережелеріне басқа топ қызметкерлерін үйрету.

18 жасқа толмаған тұлғалар электр қондырғыларда жұмыс істеуге рұқсат етілмейтінін атап кету керек. Дәрігерлік куәландырудан өтпеген тұлғалар олар да электр қондырғыларда қызмет көрсетуге рұқсат етілмейді.

 

3 Істегі электр қондырғылардағы жұмыс категориялары

 

Істегі электр қондырғылардағы жұмыстарды электр қауіпсіздігі шаралары бойынша төрт категорияға бөледі. Бұл жұмыстар кернеуді толық алған кезде; жартылай алған кезде; кернеуде болатын жақын жерде және ток жүретін бөліктерде кернеуді алмай ақ; кернеуде болатын ток жүретін бөліктерден қашықта кернеуді алмай ақ жүргізіледі.

Толық кернеу алынған кездегі жұмыстар деп электр қондырғыларда (немесе олардың бөліктерінде), олардың барлық ток жүретін бөліктерінде кернеу толық алынған жұмыстарды есепетейді.

Жартылай кернеуі алынған жұмыстарға ашық электр қондырғыларда немесе жеке бөлмелерде орналасқан электр қондырғыларда кернеуді тек жұмыс жүргізіліп жатқан қосылыстарда немесе олардың бөліктерінде орындалатын жұмыстар жатады.

Кернеуде болатын жақын жерде және ток жүретін бөліктерде кернеуді алмай ақ жүргізілетін жұмыстар болып табылатын жұмыстарды жүргізген кезде ток жүретін бөліктерге 1 м кем қашықтықта жұмыс істейтін адамдардың жақындауын және құрал-жабдықтар мен аспаптарды, олардың пайдалануында техникалық және ұйымдастыру шаралары керек.

Машиналар, механизмдер, стропалар, жүктерден 1000 В дейінгі кернеуде болатын ток жүретін бөліктерге дейінгі рұқсатты қашықтық 1м кем болмауы керек.

Кернеуде болатын ток жүретін бөліктерден қашықта кернеуді алмай ақ жүргізілетін жұмыстар деп жұмыс істейтін адамдардың байқаусызда жақындауы және олар құрал-жабдықтар мен аспаптарды ток жүретін бөліктерде қауіпті қашықтықта пайдалануға болмайды және осындай жақындаудың алдын алу үшін техникалық немесе  ұйымдастыру шаралары керек емес.

 

4 Ұйымдастыру іс - шаралары

 

Электр қондырғылардағы қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін міндетті ұйымдастыру шараларына жататындар: жұмысты толтыру, жұмысқа рұқсат, жұмыс кезінде бақылау, жұмыстағы үзілісті, басқа орынға ауысуды және жұмыстың аяқталғанын толтыру. Жұмыстардың қауіпсіз орындалуына жауапты болып табылатын: наряд, жарлық беруші; жіберуші; жұмыстардың жауапты басшысы; жұмыстарды жасаушы; бақылаушы; бригада мүшелері.

Жұмысты толтыру. Электр қондырғыларда жұмыстар жазбаша немесе ауызша түрде жүргізіледі.

Жұмыстың категориясын және сипатын, оның орны мен уақытын, бригаданың квалификациялық құрамын, қауіпсіз орындау жағдайын, жауапты жұмыскерлерді (жұмыс бастығы немесе беруші және бақылаушы) анықтайтын жазбаша жарлық - наряд бойынша анықтайтын кернеуді толық немесе жартылай кернеуді алып, сонымен бірге алыс жерде кернеуде болатын ток жүретін бөліктерде кернеуді алмай ақ кейбір жұмыстар орындалады. Ауызша жарлық бойынша тек қана апаттық оқиғада жұмыстар орындалады, сонымен бірге кернеуде болатын ток жүретін бөліктерден алыста кернеуді алмай ақ орындалатын жұмыстар.

Наряд – бұл берілген формада арнайы бланкте орындалған жұмыс істеуге берілетін жазбаша тапсырма. Наряд кернеуде болатын жақын жерде және ток жүретін бөліктерде, онымен жұмыс орындалатын құқықтық құжат болып табылады.

Жарлықтың нарядтан айырмашылығы, ауызша – тікелей немесе байланыс көмегімен беріліп, соңынан жедел журналда жазылады.

Наряд екі данада жазылады, оның біреуі тіркелгеннен кейін жұмыс берушіде қалады, ал екіншісі – рұқсат берушіде болады. Наряд он бес календарлық күннен аспайтын мерзімге беріледі және бір рет сол мерзімге ұзартылады. Кәсіпорында жұмыстан кейін 30 тәуліктен кем емес сақталады. Наряд алдын-ала емес, тікелей жұмыс орындарын дайындау алдында жасалады.

Наряд, жарлық беруші жұмыстың орындалуына, қауіпсіздік шараларының жеткілікті және дұрыс екеніне, берілген жұмысқа жауапты тұлғаларды тағайындауға және олардың квалификациясының сәйкестігіне жауап береді. Наряд пен жарлықты беру құқығы электр қауіпсіздігі бойынша V топты әкімшілік- техникалық қызметкерлерге беріледі.

Жарлықтың бір реттік сипатты бар, оның мерзімі орындаушының жұмыс күнінің ұзақтығымен шектелген

Жұмысқа рұқсат. Жұмысқа бригаданы жіберуді бригада және бастық қатысуымен  арнайы жұмыскер орындайды.

Жұмыс басшысы қауіпсіздік шараларының орындалуына, бригаданың нұсқаудан өтуіне және жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін ұйымдастырылуына жауапты; V топтағы ИТЖ ішінен сайланады. Нұсқау бригаданы жұмысқа жіберер алдында өткізіледі.

Басшы орындалатын жұмыс болатын жердің шекарасын анықтайды, жұмыс категориясын көрсетеді, жерленетін штангының орнатылатын жерін және жұмыс орнын қоршауын анықтайды, бригада мүшелері арасындағы міндеттерді бөледі.

Жұмыс беруші жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына, наряд нұсқауына сәйкес жұмыстың өткізілуіне және барлық бригада мүшелерінің қауіпсіздік ережелерін сақтауына жауап береді.

Жұмыс кезіндегі бақылау. Бақылауды әдетте, жұмысқа қатысуға құқығы жоқ басшы жүргізеді. Керек кезінде, ол жұмыскер ретінде жоғарғы квалификациялы топпен бірге өзі өте қиын жұмысты орындайды, бұл кезде орындаушыларға бақылауды бригада мүшелерінен арнайы таңдап алынған қадағалаушы жүргізеді.

Бригадир жұмыс технологиясына байланысты қауіпсіздікке, әрбір бригада мүшесі – олардың жекелей қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауап береді.

Бригада құрамында екі адамнан кем болмауы керек. Басшыны немесе жұмыс берушіні ауыстырған кезде, сонымен бірге бригада құрамы жартысынан аса өзгергенде наряд жаңадан жазылады.

Жұмыста үзілісті, басқа жұмыс орнына ауысуын және жұмыстың аяқталуын толтыру. Жұмысты орындау үрдісінде бригадаға дем алу мен тамақ ішу үшін, сонымен бірге бір жұмыс категориясынан екінші жұмыс категориясына ауысқан кезде үзіліс беріледі. Үзіліс басталар алдында басшы жұмыстың аяқталғаны туралы бұйрық береді, барлық жұмыскерлер оны біткендеріне, аспаптар мен бейімдегіштерді алғанына, ал ажыратқыш пен жерлегіште жұмыс істеген кезде жерлендергіш штангыларды алғанына көзін жеткізеді.

 

5 Техникалық іс - шаралар

 

Істегі қондырғыларда жұмыс кезінде қызмет көрсететін қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық іс - шаралар болып: ажыратқышты жасау; ескертетін плакаттарды ілу; жұмыс орнын қоршау; кернеудің жоқтығын тексеру; жерлендіруді орнату табылады.

Ажыратқышты жасау. Толық және жартылай кернеуде жұмыс істегенде ток жүретін бөліктерді ажыратып тастайды.

Бұл үшін аппараттарды ажыратып, жұмыс орнына кернеу берілуі мүмкін сақтандырғыштарды барлық жағынан  алады. Ажырату, электр қондырғыны барлық жағынан кернеуде болатын ток жүретін бөліктен бөлектендіру арқылы жүргізіледі.

Ескертетін плакаттарды ілу, жұмыс орнын қоршау. Плакаттарды қызмет көрсететін қызметкерлердің қате іс-қимылының алдын алу және жұмыс істеушілерге байқаусызда кернеу беруден сақтау мақсатында ілінеді. Жұмыс кезінде жөндеуші қызметкерлер ескерту плакаттарын ауыстырып қою немесе алып тастай алмайды, сонымен бірге қоршалған аймаққа кіре алмайды.

Кернеудің жоқтығын тексеру. Мұндай тексеру кернеуді ала отырып барлық жұмыс түрлерінің басталуы алдында жүргізіледі. Ажыратылған 110 кВ дейінгі электр қондырғыларда кернеудің жоқтығын жұмысқа жіберуші кернеу көрсеткішінің көмегімен анықтайды. Тексеруді диэлектрлік қолғаппен жүргізеді.

Жерлендіруді орнату. Уақытша ауыстырмалы жерлендіруді ток жүретін бөліктерге, тікелей олардағы кернеудің жоқтығын тексергеннен кейін орнату орындалады.

Бұл жерлендіргіштерді кернеудің қате қосылуы жағдайында электр тогымен зақымданудан жұмыс істеушілерді қорғау үшін қолданады.

 

6 Көліктік құрылыс машиналарының электр жабдықтарына қызмет көрсеткен кездегі техника қауіпсіздігі

 

Электр қондырғыға қызмет көрсеткен кезде қызмет көрсететін қызметкер электр сызбаны, машинаның электр қондырғысын пайдаланудың ережесін және осы жабдықтармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасының ережесін жақсы білуі керек.

Электр қозғалтқыштарының сенімді құрылысы және оның жеке қорғанысы токтардың қысқа тұықталуынан және күш түсуден электр қозғалтқыштардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді. Ашық электр қозғалтқыштары мен олардың басқару аппараттарының ток жүретін бөліктеріне байқаусызда жанасуын болдырмау үшін қоршау керек. Барлық ток жүретін бөліктер жанасу мүмкіндігінен сенімді оқшаулануы немесе қорғалуы керек.

Ажыратылған қондырғыны жерлендіру адамды токпен соғу мүмкіндігін болдырмайды. Жұмыс алдында электр қондырғыларда ажыратқыштар мен үзгіштерді шатастырып қосылуына кедергі келтіретін шаралар (келтіргіштердің ұстағыштарын алу, оларды құлпылап қою және т.б.) қолданылуы керек.

Жөнді электр аспапты тексергеннен кейін, тек қана пайдалану ережесін және техника қауіпсіздігін білетін тұлғаға беру керек. Ток әсері сезілген жағдайда дереу токтатып бұл жайында басшыға хабарлау керек. Аспаппен жұмыс істеу тек ақауы жөнделгеннен және оқшаулағышы тексерілгеннен кейін рұқсат етіледі.

Барлық жұмыскерлер электр тогынан зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету ережесін білулері керек.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Кернеуде болатын жақын және ток жүретін бөліктерде жұмыс

 жүргізуге болатын заңды құжатты ата?

2. Қандай электр қондырғылар «ашық» деп аталады?

3. Қандай электр қондырғылар сыртқы деп есептеледі?

4. Электр қауіпсіздігі бойынша неше квалификациялық топ бар?

 

6 дәріс. Электр қауіпсіздігі бойынша үйренуді және нұсқауды ұйымдастыру

 

Жоспар:

1) Электр қауіпсіздігі бойынша нұсқаудың түрлері.

2) Еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін үйретуді ұйымдастыру.

3) Еңбек қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.

4) Кәсіпорындағы электр қауіпсіздігіне және электр қауіпсіздігі бойынша ережелерді бұзуға жауапкершілік.

 

1 Электр қауіпсіздігі бойынша нұсқаудың түрлері

 

Электр қондырғыларға қызмет көрсетуге жіберілетін тұлғалар дендері сау және жұмысты қауіпсіз істеуге кедергі келтірмейтіндей зақымдары болмауы керек.

Электр қондырғыларға қызмет көрсетуге денсаулық тұрғысынан жарамдылығы жұмысқа қабылданған кезде әдіскерлік құжаттау жолымен анықталады.

Егерде жұмысқа кірушіде тізімде көрсетілмеген ауру немесе физикалық жеткіліксіздігі анықталса, онда ондай жағдайлар кәсіби талаптарға байланысты жеке қарастырылады. Дәрігерлік қайта құжаттау екі жылда бір рет қайталанып тұрулары керек. Жоғарғы зиянды жағдайларда жұмыс істейтін адамдар, мысалы, сынапты түзеткіштермен жұмыс істейтіндер қойылған мерзімде жиі қайта құжаттаудан өтеді.

Жұмысқа кірер кезіндегі дәрігерлік құжаттау, сонымен бірге келесі дәрігерлік қайта құжаттау нәтижелері жеке карточаларына жазылады.

Электр қондырғыларға қызмет көрсетуге жарамдылығы туралы дәрігердің қорытындысы жұмысшының жеке ісінде сақталады.

Электр қондырғыларға немесе оларды жөндеу-жинау жұмыстарына қызмет көрсетуге жіберілетін тұлғалар тиісті техникалық дайындығы және орындайтын жұмысы мен қызметіне сәйкес квалификациялық тобы болуы керек.

Электр қондырғыларға қызмет көрсетуге жіберілетін тұлғалар кернеуге түсіп қалғандарды босату тәсілдеріне, жасанды дем алдыру, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелеріне және электр қондырғылардағы өртті сөндіру ережелеріне үйретілуі керек.

Әрбір жұмысшы және инженерлік-техникалық жұмыскерге квалификациялық топ, олардың теориялық дайындығына және квалификациялық комиссияда қойылған талаптарға сәйкес, олардың қауіпсіздік ережелерін біліулерін тексергеннен кейін анықталады.

 

2 Еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін үйретуді ұйымдастыру

 

2.1 Негізгі мәліметтер

 

1. Еңбек қауіпсіздігі туралы оқыту мен нұсқау үздіксіз көп деңгейлі сипат алады және өндірістік кәсіпорындарда, көліктерде, байланыстарда, құрылыстарда, жалпы білім беру және кәсіби оқыту орындарында, мектептен тыс мекемелерде, сонымен бірге еңбек қызметінің процестерінде білімді жетілдіруде өткізіледі.

2. Кәсіпорындар мен оқыту орындарында дер кезіндегі сапалы оқыту мен білімділікті тексеруді ұйымдастыру жауапкершілігі түгелдей басшыларға, ал бөлімшелерінде–бөлім бастығына жүктеледі.

3. Кәсіпорын жұмыскерлеріне немесе оқыту орындарында еңбек қауіпсіздігін дер кезінде оқытуда кәсіпорын бастығының бұйрығымен жүктелген бұл міндеттерді еңбекті қорғау бөлімі (инженер) немесе инженер-техник жұмыскер бақылайды.

4. Еңбекті қорғау қызметін кәсіпорын және оқыту орындарының басшылары лайықты (сәйкес) мамандармен толықтыруды және олардың жүйелі түрде білімділігін жоғарылатуды кемінде 5 жылда жүргізуді қамтамасыз етеді.

5. Еңбекті қорғау жөніндегі инженер қызметін ауыстыруға, еңбекті қорғау туралы мамандығы берілген дипломы бар инженер немесе жұмыс стажы бір жылдан кем емес тұлға жіберіледі.

 

2.2 Жұмысшыларды дайарлауда, қайта дайындауда және екінші мамандыққа оқытуда еңбек қауіпсіздігін оқыту

1. Тікелей кәсіпорындарда жұмысшыларды дайындауда, қайта дайындауда, басқа мамандық алуда, мамандығын жоғарылатуда, еңбек қауіпсіздігін оқытуды, кәсіпорын немесе басқада ұйымдардың бөлімдері мен қызметтерінің керекті мамандарын тарту арқылы, кадрларды дайындау бөлімдерінің немесе техникалық оқытудың жұмыскерлері ұйымдастырады.

2. Еңбек қауіпсіздігі туралы оқыту бағдарламалары теориялық және өндірістік оқытуды қарастыру керек.

3. Еңбек қауіпсіздігі сұрақтары технологиямен, құрал-жабдықтардың құрастыруларымен байланысты басқада оқыту пәндеріне қосылуы тиіс.

4. Еңбек қауіпсіздігі әдістері мен тәсілдерін өндірістік оқыту оқу орындарының оқу зертханаларында оқытушының, немесе жоғарғы білікті жұмысшының басшылығымен өткізіледі.

5. Еңбек қауіпсіздігін оқыту мамандарды халық шаруашылығының кадрларын кәсіпқой және экономикалық үздіксіз оқыту түрлерінің оқиғасына байланысты өңделген түрлер бағдарламасы негізінде құрастырылған оқу бағдарламасымен өткізу керек және сапалық кәсіподақ ұйымдармен қосымша еңбек қауіпсіздігін талап ететін жұмыстарды мемлекеттік қадағалау ұйымдарының қадағалауымен келісіледі.

6. Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне оқытуда, оларға қосымша еңбек қауіпсіздігі талап етілетін мамандарды дайындауда, еңбек қауіпсіздігінен емтихан алудан аяқталады.

 

3 Электр қауіпсіздігі бойынша нұсқаудың түрлері

 

Жұмыскерлерді дайындаған, қайта дайындаған, басқа мамандықты алған квалификациясын тікелей кәсіпорындарда жоғарылатқан кезде немесе техникалық еңбек қауіпсіздігіне оқытуды мамандарды дайындау бөлімінің немесе кәсіпорынның бөлімдері мен қызметкердің керекті мамандарын тарту немесе басқа ұйымдардың техникалық оқылуы.

Еңбек қауіпсіздігі бойынша оқу бағдарламалары теориялық және өндірістік оқылуды қарастыру керек.

Еңбек қауіпсіздігі мәселелері басқа жабдықтық оқу пәндеріне технологиялық құрастырмасына және т.б. байланысты енгізілуі керек.

Еңбек қауіпсіздік әдістері мен әдістемелеріне өндірістік оқыту оқытушының немесе жоғарғы квалификация жұмыскерлердің басшылығымен жүргізеді.

Еңбек қауіпсіздігін оқытуды, халық шаруашылығының кадарларын үсдіксіз кәсіби және экономикалық оқытуды, типтік жағдайға сәйкес жасалған типтік бағдарламалар негізінде құралған  бағдарламалары бойынша өткізулері керек және салалық кәсіподақ ұйымдарымен еңбек қауіпсіздігіне қосымша талаптар қойылатындарға сәйкес мемлекеттік бақылау органдарымен келіседі.

Еңбек қауіпсіздігін оқыту, еңбек қауіпсіздігіне қосымша талаптар қойылатын мамандықтар бойынша жұмысшыларды дайындау кезінде еңбек қауіпсіздігі бойынша емтиханмен аяқталады.

Өткізу сипаты мен уақытына қарай нұсқау былай бөлінеді: кіріспе, жұмыс орнындағы бастапқы, қайталанатын, жоспарсыз, мақсатты.

 

4 Кәсіпорындағы электр қауіпсіздігіне және электр қауіпсіздігі бойынша ережелерді бұзуға жауапкершілік

 

4.1 Өндірістік кәсіпорындағы электр қауіпсіздігіне жауапкершілік

 

Кәсіпорындағы электр шаруашылығы қауіпсіздігіне және құрылғыны, электр қондырғыны техникалық пайдалануда және қауіпсіз қызмет көрсетуде істегі ережелерін орындау бас инженерге, бас энергетикке (бас механикке), электр цехтың бастығына, цех энергетиктеріне және кәсіпорынның кез келген бөлімін басқарушыға жүктеледі.

Кәсіпорынның бас энергетигі электр жабдыққа дер кезінде тексеруді, ағымдық және жоспарлық жөндеуді, жарықтағыш аппаратураны және жарық шағылыстыратын беттерді тазалауды, дер кезінде электр жабдықтардың тозуынан және ақаулығынан электр жарақаттарды дер кезінде алдын алуды; электр жабдықтарға қызмет көрсететін тұлғалардың білімін тексеруді; қызметкерлерді нұсқаулармен қамтамасыз етуді, электр қауіпсіздігі бойынша арнайы іс-шаралар өткізуді (қорғағыш құралдарды сынауды, оқшаулау және т.б.); жерлендіру жағдайын тексеруді; дер кезінде паркті электр қондырғыға керекті қосымша бөлшектермен толықтыруға; электр қондырғылардың тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуіне себеп болатын жаңа техниканы енгізуге міндетті.

 

4.2 Электр қауіпсіздігі бойынша ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік

 

Қауіпсіздік ережелерін, соның ішінде электр қауіпсіздігі ережелерін бұзғанға еңбекті қорғау туралы заңнама жауапкершіліктердің келесі  түрлерін қарастырады: әкімшілік, тәртіптік, материалдық және қылмыстық.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Электр қондырғыларда қызмет көрсететін тұлғаларды дәрігерлік құжаттау кезеңі?

2. Кернеуде қалып қойған жұмыскерді босату ережелеріне үйретілмеген тұлғаға электр қондырғыларда қызмет көрсетуге рұқсат бермейді?

3. Жасанды дем алдыруға үйретілмеген тұлғаға электр қондырғыларда қызмет көрсетуге рұқсат бермейді?

4. Электрден зақымдану кезінде алғашқы көмек көрсету ережелеріне үйретілмеген тұлғаға электр қондырғыларда қызмет көрсетуге рұқсат бермейді?

 

7 дәріс. Статикалық электрдің қауіпті және зиянды байқалуының алдын алудың негізгі іс - шаралары

 

Жоспар:

1) Статикалық электрдің әсерінен пайда болатын жарылыс пен өрттің пайда болу себебін болдырмау.

2) Статикалық электрдің зиянды әсерін өндірістік технологияны жаңалау жолымен алдын алу.

3) Статикалық электрдің адамға әсері. Статикалық электрден адамды қорғау бойынша іс - шаралар.

 

 

1 Статикалық электр әсерінен пайда болатын жарылыс пен өрт себептерін болдырмау

 

Статикалық электрдің пайда болуына себеп болатын бір фактордың өзін шеттетудің өте тиімді болуын  ескере отырып, статикалық электрдің зиянды және қауіпті байқалуынан профилактикалық жұмыс пен қорғауды мынандай факторларды болдырмау әдістерімен орындаған дұрыс. Бұл үшін, ең бірінші газдың, булардың, ауа мен шаңның жарылғыш қоспаларының  пайда болу мүмкіндігінің бастапқы қаупін болдырмау шараларын қолдану керек.

Өңделетін немесе пайдаланылатын материалдарда, өнімдерде, бұйымдарда, адамдарда тікелей жұмыс үрдісі кезінде электрленетін электростатикалық зарядтардың жиналуын, жылжыйтын материалдарды, өнімдерді және олармен бірге, бір – бірімен салыстырмалы түрде жылжыйтын бөлшектерді сәйкес өңдеу электростатикалық жерлендіру құрылғысымен; түйісетін материалдар мен жабындарды таңдау әдісін қолдану арқылы; жалпы ауа ылғалдылығын жоғарылату арқылы; ауаны иондау арқылы алдын алады.

Жерлендіру. Электростатикалық зарядтарды бұру үшін жерлендіру жеткілікті деп саналады, егерде жерлендірілген зат пен жер арасындағы кедергі Ом аспайтын болса. Егерде жерлендіру кедергісі Ом аз болса, онда электростатикалық зарядтарды бұру бойынша ерекше шаралар қажет болмайды.

Егерде электр қондырғылар немесе олардың бөлшектері электрленетін материалдарды орнатуға байланысты 50 Гц өндірістік жиіліктегі кернеудің немесе найзағайдан қорғаудың қауіпті ауысуынан өздерінің қорғағыш жерлендірулері бар болса, онда статикалық зарядтарды бұру үшін арнайы жерлендіру қажет емес.

Ауаны ылғалдау. Ауаның салыстырмалы ылғалдығын 70% пайызға дейін жоғарылату әр түрлі денелердің бетінде сулы қабат жасайды, олар электростатикалық зарядтардың беткі өткізгіштігіне ие.

Ауаның ылғалдылығын жоғарылату үшін ауаны тазартқыш қондырғылар, шашыратқыш соплалар, ілінген ылғалды орамалдар бола алады. Ауаның электр өткізгіштігі төмендемейді, бірақ та оның ылғалдылығын күнделікті гигрометр көмегімен бақылау керек. 

Ионизациялау. Электро өткізгіш материалдардан зарядтарды алуда тиімді тәсілдердің бірі ауаны иондау және электрленген материалға жақын жеткілікті электрлік өріс тудыру.

Иондаушылар болып: газ жалыны, ультракүлгін, рентген сәулелері және б. табылады, әр түрлі приборлар және қондырғылар қолданылады.

 

2 Статикалық электрленудің зиянды әсерін өндіру технологиясын жаңалау жолымен жою

 

Таспалы және ленталы тасымалдаулар. Статикалық электрленуден қорғау түгелдей алғанда электростатикалық өткізетін материалдан шкивті құру және қондырғының өткізгіш элементтерін жақсы жерлендіру; шкивтен таспаның шығатын жерлерінде орнатылатын жерлендірілген жұмсақ металл щетканың көмегімен зарядтарды тікелей алу; таспаны өткізетін қоспамен жабу; ауаны жалпы ылғалдау арқылы жасалады

Шаң. Өндірістік шаңның электрлену қаупін ескерту үшін келесі шараларды қолданады: аэрозольдар пайда болуы мүмкін болатын шаңды сүзгілеу, елеу, ұсақтау, сепарациялау, жылжыту, тасымалдау үрдістері жүретін құбырларды, машиналардың, аппараттардың, сүзгілердің, елегіштердің кожуқтарын жерлендіру; майлы қабыршықпен подшипниктен оқшаулануы мүмкін (бұл кезде әсіресе валмен түйісуді тыянақты орындау талап етіледі) машина валын немесе трансмиссиясын щеткалық түйісу жолымен жерлендіру; шаң тасымалданатын құбырларды жерлендіру; құбырларда шаң өзінің зарядтарын беретін металл жерлендіргештер (торлар) орнату керек; ауаны максимумға дейін(80%) ылғалдау, егерде бұл өндірістік жағдайлар бойынша мүмкін болса.

Мұнай өнімдері. Мұнай өнімдері құбырлармен және әртүрлі сыйымдылықтармен (резервуар, цистерна) өте отырып, төменгі электр өткізгіштігінің салдарынан күшті электрленеді. Статикалық электрленудің қауіпті байқалуын болдырмау мен қорғанудағы іс-шараларды мұнай өнімдерінің физикалық-механикалық қасиеттерін, олардың жарылғыштығын және температураларын, электрлену және электр зарядтарын жинау қабілетін, өндірістік үрдістің сипатын есепке ала отырып нақты таңдау керек. Бұл кезде мынаны ескеру керек, көптеген көмірсутектер дұрыс атмосфералық қысымда және температурада олардың булардағы құрамы көлем бойынша 0,7 ден 8% -дейінгі шектерде болғанда жарылады.

Статикалық электрлену және оның қауіпті байқалуын болдырмау үшін жерлендіру жасайды.

Мұнай өнімдерінің берілу жылдамдығы мұнай өнімдерінің статикалық электрленуіне тікелей әсер ететін фактор болып табылады.

Құбырлардағы, шлангілердегі және жабдықтардағы зарядтардың генерленуінің әлсіреуі мұнай өнімдерінің ағын жылдамдығының  1 – 2 м/сек дейін төмендеуімен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бірақ жылдамдықты шектеу технологиялық үрдістердің қарқынды болуына кедергі келтіреді. Сол себепті зарядтардың жинақталуын болдырмаудағы бұл тәсіл қазіргі замандағы мұнай өнімдерінің өндірісі мен тұтыну масштабында тиімді деп есептелмейді. Өте тиімді болып тікелей сыйымдылық алдында орнатылатын тыныштандыру бөлімінің немесе релаксациялық сыйымдылықтың құрылғысы табылады.

Статикалық электрленуді болдырмау немесе қауіпті байқалуын әлсірету бойынша іс-шаралардың барлығының ішінен өте тиімдісі болып мұнай өнімдерінің электр өткізгіштігін жоғарылату табылады. Бұған мұнай өнімінің құрамына антистатикалық қоспаларды (заттарды) енгізу жолымен жетеді, олардың ішіндегі ең жақсысы хромның және кобальттың олеаты мен нефтепаты (хромның олеаты бензиннің Б-70 электр өткізгіштігін 1,2·104 есе жоғарлатады).

 

3 Статикалық электрдің адамға әсер етуі

 

Адамдардың статикалық электрмен электрленуі қазіргі кезде өте көп тараған құбылыс.

Өндірістік кәсіпорындарда жұмыс үрдісі кезінде адам электр статикалық разрядтардың әсер етуінен жағымсыз сезімді сезеді, тепе-теңдігін жоғалтады. Сонымен бірге кабель желілерін пайдаланған кезде кабельдердің сыйымдылық зарядтары 6 кВ және оданда жоғары разрядты токтардан ауыр зақымдану және тіпті өлім жағдайлары болған кездер белгілі.

 

3.1 Статикалық электрден адамдарды қорғау бойынша іс-шаралар

 

Электрленуден болатын салдарлар адам организміне қауіпті және зиянды әсер ететін статикалық электрдің алдын алу бойынша іс-шараларды жасау кректігін көрсетіп отыр.

Тұрмыста адам жоғарғы диэлектрлік қасиеттері бар материалдардан жасалған әртүрлі бұйымдармен түйіскен кезде ұзақ электрлену үрдісіне ұшырауы мүмкін. Электрленудің мұндай көздер санына жататындар: синтетикалық және басқада электр өткізбейтін материалдардан жасалған едендер төсеніш кілемдер; жоғарғы кедергісі бар рәзеңке, каучук, тері алмастырғыш  табанды электр өтізбейтін аяқ киім; жасанды елтіріден жасалған киім; жоғарғы оқшаулағыш қасиеттері бар материалдардан және маталардан жасалған киім және іш киім; электр өткізбейтін материалдардан жасалған жиқаз. 

Адамдар болатын және әсіресе арнайы арналған ғимараттардың (бала-бақшалардың, мектептердің, балалар сарайының, ауруханалардың, дем алыс орындарының және т.б.) барлық бөлмелерінің едендері электр өткізетін болулары керек.

Едендерге төсеу үшін арналған плиталар материалы былай таңдалып алынуы керек, бір плиталар оң электрленсе, басқалары теріс электрленуі керек.

Белгілі бір тәртіппен плиталарды орналастырған кезде адам аяғы бір мезгілде қос-қостан плиталарды басып тұратындай болғанда, еденмен жүрген кезде пайда болатын элетрленуді біршама дәрежеге төмендетуге болады.

Кілем, төсеніш кілемшелерді, жиқаз үшін жабулар және т.б. материалдарын таңдағанда, оларды әртүрлі белгілі (біреулері-оң, басқалары-теріс) электрленетін талшықты және басқада материалдардан орындағанда осы әдісті пайдалануға болады.

Өндірістік бөлмелерде электр өткізетін еден үшін мастиканы пайдалануға болады. Мастика, еденнің немесе басқада электр өткізетін төсеніштердің электр өткізгіштігін жоғарлата отырып адам организміне статикалық электрдің биологиялық әсерін төмендетеді.

Адамдардағы аяқ киім, электрлену мүмкін болатын жағдайларда, электр өткізетін табандары теріден немесе жасанды материалдардан жасалған электр өткізгіш болулары керек.

Жиқаз оның мықтылығына жауап беретін мықты және электрленбейтін кез-келген материалдардан жасалуы мүмкін.

Адам денесінің терісімен жанасқанда маталардың электрленуін болдырмау үшін киім, іш киім, төсеніш және арнайы арналған киімдер үшін маталар дайындалатын бастапқы материалдарды (материалдарды таңдау әдісімен) араластыру келесі түрде ұсынылады: барлық гигиеналық материалдар, яғни адам денесімен үйкелген кезде оң электрленетін материалдарды бір-бірімен кез келген қатынаста және қалауда араластыруға болады; адам терісімен үйкелген кезде оң өріс алатын материалдарды сондай жағдайдаларда теріс өріс алатын материалдармен араластыру тең мөлшерде жүргізіледі. 14.1-кестеде  материалдардың электр статикалық қатарлары келтірілген, оларды адам денесінің терісімен жанасқанда электрленетін және адамның өзін электрлендіретін киім және арнайы іш киім таңдағанда ескеру керек.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Статикалық электрдің пада болуын азайтатын іс-шараларды ата?

2. Статикалық электрдің пада болу мүмкіндігін жоғарлататын факторларды ата?

3. Құбырлардағы мұнай өнімдерінің қандай ең аз жылдамдығы кезінде статикалық электрдің зарядтарының пайда болуының әлсіреуі қамтамасыз етіледі?

4. Өндірістік шаңның электрлену қаупін ескерту үшін қандай шараларды қолданады?

 

8 дәріс. Электромагниттік өрістерден қорғау

 

Жоспар:

1) Электр магниттік өрістердің сипаттамалары және көздері.

2) Адам организміне электромагниттің әсер етуі.

3) Электр магниттік өрістерді нормалау. Электр магниттік өрістердің шамаларын өлшеуге арналған приборлар.

4) Электр магниттік өрістердің әсер етулерінен қорғау әдістері мен құралдары.

 

1 Электр магниттік өрістердің сипаттамалары және көздері

 

Электр магниттік өріс (ЭМӨ) материяның ерекше формасын ұсынады. Электр магниттік өріспен бірыңғай бүтін құрайтын кезкелген электрлі зарядталған бөлшек электр магниттік өріспен қоршалған. Бірақ электр магниттік өріс зарядталған бөлшектерден бөлінген еркін жағдайда да - м/с жылдамдықта фотондар немесе осы жылдамдықпен жүретін сәулеленген электр магниттік өріс (электр магниттік толқын немесе электр магниттік сәулелену ЭМС) түрінде өмір сүре алады.

Қозғалатын ЭМӨ, ЭМӨ күштік қасиеттерін көрсететін электрлік Е (В/м) және магниттік Н (А/м) өрістердің кернеулік векторларымен сипатталады.

Электр магниттік толқында Е және Н векторлары әрқашанда өзара перпендикуляр. Вакуум мен ауада Е - 377 Н. Толқын ұзындығының , тербеліс жиілігінің f және электр магниттік толқынның ауада таралу жылдамдығы с = f қатынасына байланысты. Мысалы, өндірістік жиілік үшін f = 50 Гц толқын ұзындығы = / 50 = 6000 км, f = Гц жиілік үшін толқын ұзындығы 1 м тең.

Электромагниттік өрістердің табиғи көздері мен сәулелену болып, ең бірінші: атмосфералық электр, күннің және галактикалардың радиосәулеленулері, Жердің электрлік және магниттік өрісі. Барлық өндірістік және тұрмыстық электр және радио қондырғы жасанды өрістер мен сәулелену (әртүрлі қарқындағы) көздерін көрсетеді.

Электр статикалық өріс жеңіл электрленетін материалдармен және бұйымдармен жұмыс кезінде, тұрақты токтың жоғарғы вольтты қондырғыларын пайдаланғанда пайда болады.

Магниттік өрістің тұрақты көздері: тұрақты токты электромагниттер және тұздықтар, электр машиналарындағы және аппараттардағы магниттік сымдар; радиотехникада пайдаланылатын құйылған және метал керамикалық магниттер; түсті металдардардың электролиз цехтарындағы шинопроводтар және т.б.

Өндірістік жиіліктегі (50 Гц) электрлік өрістердің көздері: электр беретін желілар және ашық бөлгіш құрылғылар (коммутациялық аппараттар, қорғау және автоматика құрылғылары, өлшегіш приборлар, жинағыш, қосқыш шиналар, көмекші құрылғылар), сонымен бірге өндірістік жиілікті барлық жоғарғы вольтты қондырғылары.

Өндірістік жиіліктің магниттік өрісі кез келген өндірістік жиіліктегі қондырғылардың және ток өткізгіштердің төңірегінде пайда болады. Ток мәні көп болған сайын магнит өрісінің қарқындылығы жоғары болады.

Радио жиіліктердің электромагниттік сәулелену көздері: қуатты радио стансалар, антенналар, өте жоғарғы жиіліктердің генераторлары, индукциялық және диэлектрлік қыздыру қондырғылары, радарлар, өлшегіш және бақылағыш құрылғылар, зерттеу қондырғылары және медицинадағы және тұрмыстағы жоғарғы жиілікті приборлар мен құрылғылар.

Кең диапазонды жиіліктердің (аса және инфрат өмен жиіліктердегі, радиожиіліктердегі, инфрақызыл, көрінетін, ультракүлгін, рентген диапозандарда) электр статикалық көздері болып өндірісте де, ғылыми зерттеулерде де және тұрмыста да пайдаланылатын электронды сәулелік трубкалы жеке электронды есептеуіш машиналар (ЖЭЕМ) және бейнедисплейлі терминалдар (БДТ) табылады. Пайдаланушылар үшін басты қауіпті монитордың 5 Гц тен 400 кГц дейінгі электромагниттік сәулеленуі және экранда пайда болатын статикалық электр заряды тудырады.

Тұрмыста жоғарғы қауіпті тудыратын электромагниттік сәулеленудің көзі болып, сонымен бірге микротолқынды пештер, кез келген модификациялық теледидарлар, ұялы телфондар табылады. Қазіргі кезде өндірістік жиіліктегі магниттік өрістердің зиянды әсер етулері туралы соңғы мәліметтерге байланысты қауіптің көздері ретінде электрсымды электр пештер, электр грильдер, үтіктер, тоңазытқыштар (жұмыс істеп тұрған компрессорда) және басқада тұрмыстық электр приборлар есептеледі.

Жердің электромагниттік өрісі-адам өмірінің керекті жағдайы. Біздің планетадағы өмір элекромагниттік сәулеленулермен және барлығынан бұрын Жердің электромагниттік өрісімен өзара әсер етуден пайда болды. Жердің электромагниттік сферасы негізінен планетаның өзінің электрлік (Е= 120...150 В/м) және магниттік (Н= 24...40 А/м) өрістерімен, сонымен бірге атмосфералық электрмен, күннің және галактикалардың радио сәулеленулерімен, жасанды көздердің (қуатты радио стансалардың, өндірістік электр термиялық жабдықтың, зерттеу қондырғыларының, өлшегіш және бақылағыш құрылғылардың және т.б.) өрістерімен анықталады.

 

2 Адам организміне электромагниттің әсер етуі

 

Табиғи өрістердің әсеріне қатысты келесілерді атап өту керек: күн күркіреу алдында және жаңбыр кезінде электрлік өрістің күшейуі адам көңіл күйге қолайсыздық тудырады, ал күннің активтілікке байланысты магниттік дауылдар тек әлсіреген және қарт адамдардың көңіл күйіне қолайсыздық тудырып қана қоймай, кейде автожолдардағы және басқада авариялардың себептерінің бірі болады.

Электромагниттік өрістердің биологиялық нысандарға әсер ету механизмі өте күрделі және әліде толық зерттелмеген. Бірақта қарапайым түрде бұл әсер етуді келесідей көруге болады: тұрақты электрлік өрісте адам денесі тұратын молекулалар өріс бағытына қарай өрістеледі. Сұйықтықтарда (әдетте қанда) электрлік әсер етуден иондар және осының салдарынан электр тогы пайда болады.

Ауыспалы өріс диэлектриктердің ауыспалы өрістелуі есебінен де және өткізгіштік токтардың пайда болу есебінен де адам ұлпаларының қызуын тудырады. Электромагниттік өрістің энергиясын сіңіру салдары болып жылулық тиімділік табылады. Жоғарғы жиіліктерде, әсіресе (105…1011 Гц) радиожиілік диапазондарында организмге енетін өрістің энергиясы көп есе шағылысады, ұлпалардың әртүрлі қалыңдықтарының көп қабатты струкрураларында сынады. Осының салдарынан электромагниттік өрістің энергиясы организмнің әртүрлі бөліктерінде сіңіріледі, салдарынан әртүрлі ұлпаларға әсер ету бірдей болмайды.

Электромагниттік өрістің кері әсер етуі организмдегі өзгерістерге алып келеді, олар қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкін. Өзгерістерге кіретіндер: рефлекстердің тежелуі, қан қысымының төмендеуі (гипотония), жүректің қысқаруының ақырындауы (брадикардия), қанның құрамының өзгеруі (эритроциттердің азайып, лейкоциттер санына қарай өзгеруі, көз қарашығының бұлдырлануы (катаракта).

Электромагниттік өрістің кері әсер етуін субъективті бағалау-бас ауруының пайда болуы, жоғарғы қажу, күйгелектік, ұйқының бұзылуының пайда болуы, демігу, көздің нашарлауы, дененің температурасының пайда болуы.

Соңғы кезде әдебиетте, қатерлі аурулардың пайда болуына қарқынсыз магниттік өрістің әсерінің мүмкіндігі туралы басылымдар пайда болды. Электр беру желіларға (ЭБЛ) жақын тұратын 15 дейінгі жастағы балалар (ЭБЛ) алыс тұратын балаларға қарағанда лейкемиямен 2,7- 3,8 есе жиі ауырады.

 

3 Электромагниттік өрістерді нормалау

 

Радио жиіліктердің әсер етуіне байланысты аурулардың алдын алу үшін жұмыс орнында (жұмыс істейтін қызметкерлерге және тұрғындар үшін) кернеуліктің және энергия ағыны тығыздығының (ЭАТ) шекті рұқсатты мәндері қойылған.

МСТ 12.1.006.-84 сәйкес, жұмыс күні уақытында қызметкердің жұмыс орындарында 60 кГц ден 300 МГц дейінгі диапазонда электромагниттік өрістің кернеулігі қойылған шекті рұқсатты деңгейден (ШРД) аспауы керек:

- электрлік құрам бойынша (В/м):

60 кГц тен 3 МГц дейінгі жиіліктер үшін                                          50;

3 тен жоғары 30 МГц дейінгі жиіліктер үшін                                     20;

30 дан жоғары 50 МГц дейінгі жиіліктер үшін                                 10;

50 ден жоғарыжәне 300 МГц дейінгі жиіліктер үшін                         5;

- магниттік құрам бойынша (А/м):

60 кГц тен 1,5 МГц дейінгі жиіліктер үшін                                         5;

30 дан 50 МГц дейінгі жиіліктер үшін                                              0.3.

 

Қазіргі кезде СЭВ 5801-86 стандартына сәйкес, сонымен бірге санитарлық ережелер және нормалар 2.2.4/2.1.8.055-96 сәйкес, шекті рұқсатты деңгейді (ШРД) энергетикалық ауырлыққа қарай 60 кГц тен 300 МГц дейінгі жиіліктер диапазонында анықтайды.

Электромагниттік өрістердің параметрлерін өлшеу үшін арналған приборлар.

Кеңістікте электростатикалық өрістің (ЭСӨ) кернеулігін өлшеу үшін өлшеу диапазаоны 0,2...2500 кВ/м ие ИНЭП-1, ИЭСП-1, ИНЭП-20Д приборларын, жер бетінде (ЭСӨ) өлшеу үшін өлшеу мәндерінің шегі 4...500 кВ/м болатын ИЭЗ-П приборын пайдалану ұсынылады.

Тұрақты магниттік өрістің кернеулігін өлшеу үшін өлшеу диапазаоны 0...1600 кА/М болатын Ш1-8 и Ф4355 приборларын пайдаланады. Өндірістік жиіліктегі магниттік өрістің кернеулігін өлшеу үшін өндіріс 0,02...20 кГц диапазонында өлшеу диапазоны 0...15 кА/м болатын Г-79 приборын шығарды.

 

4 Электромагниттік өрістерден қорғану әдістері және жеке қорғаныс құралдары

 

Жиіліктердің жұмыс диапазонына, орындалатын жұмыстардың сипаттамасына, сәулелену деңгейіне және қажетті тиімді қорғанысқа байланысты нормалардың талаптарына сол немесе басқа параметрлердің сәйкессіздігі кезінде келесі тәсілдерді және қорғаныс құралдарын (немесе олардың комбинацияларын) қолданады: уақытпен және қашықтықпен қорғану; тікелей сәулелену көзінде сәулеленудің параметрлерін азайту; сәулелену көзін экрандау; жұмыс орнын экрандау; жұмыс бөлмелерінде қондырғыларды рациональды орналастыру; қондырғыларды пайдаланудың және қызмет көрсететін персоналдың жұмысының рациональды режімдерін орнату; алдын ала ескертетін дабыл құралдарын қолдану (жарықтық, дыбыстық және т. б.); сәулелену зонасын анықтау; жеке қорғаныс құралдарын қорғану.

Электромагниттік сәулелену зонасында жұмыс істейтіндерді өте нақты қорғайтын қорғаныс құралдары болып жеке қорғаныс құралдары табылады.

Жеке қорғаныс құралдары.

Жұмыстардың кейбір түрлерін жүргізген кезде (мысалы, аппаратураны келтіргенде және дұрыстағанда) операторға электромагниттік сәулелену зонасында болуға тура келеді-кейде қуаттың үлкен тығыз ағынында болады. Бұл жағдайларда, торлы экран принципі бойынша адам организмін қорғауды жүргізетін жеке қорғаныс құралдарына жататын, металлданған маталардан жасалған комбинезондар мен халаттарды қолдану керек.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Электромагниттік өрістердің табиғи көздерін атаңдар?

2. Электромагниттік өрістердің жасанды көздерін атаңдар?

3. Электромагниттік өрістерден қорғану әдістерін ата?

4. Адам организміне электромагниттің әсер етуі.

 


Әдебиеттер тізімі

 

1. ҚР Конституциясы - Астана, Алматы 30.08.95

2. Торғаев Ә.Ә., Целиков В.В. Электр қауіпсіздігі және найзағайдан қорғау. – Алматы, ҚазККА. 2009.

3. Тихомиров О.И., Зальцман Г.К., Пронин А.П. Инженерные решения по охране труда. Электробезопасность. – Москва: «Маршрут», 2005.

4. Иванов Е.А., Галка В.Л., Малаян К.Р. Безопасность электроустановок и систем автоматики. – Санкт-Петербург: «Люмор», 2009.

5. Омаров А.Д., Целиков В.В., Зальцман М.Д., Матушевская Е.С., Каспакбаев К.С. Инженерные решения по безопасности труда на транспорте. – Алматы: «Бастау», 2002.

6. Михнюк Т.Ф. Охрана труда и экологическая безопасность. – Минск: «ДизайнПро», 2004.

7. Раздорожный А.А.Безопасность производственной деятельности. –Москва: «Инфро-М», 2003.

8. Долин П.А., Медведев В.Т., Корочков В.В. Электробезопасность. – Москва: «Гардарики», 2003.

 

Мазмұны

 

1 дәріс. Кіріспе. Негізгі ережелер                                                                                      3

2 дәріс. Адам ағзасына токтың әсері                                                                                6

3 дәріс. Электр тогымен адамның зақымдану дәрежесіне әсер ететін                 12

4 дәріс. Электр тогымен зақымданудан қорғау                                                           17

5 дәріс. Электр қондырғыларды қауіпсіз пайдалануды                                                21

6 дәріс. Электр қауіпсіздігі бойынша үйренуді және нұсқауды                           27

7 дәріс. Статикалық электрдің қауіпті және зиянды байқалуының алдын

алудың негізгі іс - шаралары                                                                                            30

8 дәріс. Электромагниттік өрістерден қорғау                                                              34

Әдебиеттер тізімі                                                                                                       39