Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

ОҚУ МАШЫҚТАНУЫ
5В073100 мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулықтар

Алматы 2014 ж.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Т.С. Санатова, Ж.М. Айтбаева, А.Ж. Амренова. Оқу машықтануы. 5В073100 мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулықтар.- Алматы: АЭжБУ, -2014 - 11 б. 

Бұл әдістемелік нұсқаулар ұйым туралы мәліметтерден, оқу тәжірибесінің мазмұнынан, есеп беруді құрастыруы мен оның қорытындысынан тұрады. Әдістемелік нұсқау (5В073100 мамандығына арналған)

Әдебиет көрсет. – 18 атау.

 Пікір беруші: техн. ғыл. канд., доцент К.О. Гали.

  «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2014 ж. жоспары бойынша басылған.

  © «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2014 ж.

Кіріспе

Оқу машықтануы. 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығына арналған әдістемелік нұсқаулар.

Оқу машықтануы оқу үдерістің құрамдас құрама бөлігімен және еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі облысындағы техникалық профильдегі студенттердің машықтану дайындығының құрамдас элементі болып табылады.

5В073100 – « Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығының студенттер-бакалаврлары үшін 1 апта бойы өтеді. Онда оқу үдерісінде алынған теориялық білімін машықтану жүзінде қолдану мақсат болып табылады, өндірістік кәсіпорын қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтармен танысу, еңбек қорғаудағы техникалық шешімдерді қабылдау үдерісі, экологиялық және төтенше жағдайларды бағалау мен талдау қолданылады.

Оқу машықтануы алған білімін машықтануда қолдану арқылы студенттерді бағалауға көмектеседі, оларға өз білімі мен қабілетіне сенімділікті күшейтеді.

Оқу машықтануы университетте жүргізіледі, сонымен қатар зертханаларға экскурсия ретінде, басқа кафедраларда да өткізіледі.

Машықтану кезеңінде студент бағдарлама бойынша барлық талаптар мен тапсырмаларды орындауға, машықтану туралы есеп жүргізуге қажетті  нақты материалдарды жинап, талдап және жинақтауы тиіс.

1 Оқу машықтанудың мақсаты мен міндеттері

Машықтанудың мақсаты

Студенттердің машықтану дайындықтарына алынған теориялық білімдерін бекіту мен (меншік түріне тәуелсіз) кәсіпорын деңгейіндегі аналитикалық жұмыстарға икемдету және басқа да шаруашылық ұйымдар мен мекемелерді басқару, сонымен қатар есеп жүргізуге қажетті мәліметтерді жинау жатады.

Машықтанудың міндеттері:

1) Оқу машықтанудың міндеттеріне жатады:

- кәсіпорындағы (ұйымдағы) еңбек және қоршаған ортаны қорғау қызметтері туралы жұмыстарды зерттеу;

- кәсіпорындағы, қауымдастықтағы, концерндағы, АҚ-дағы (студенттің машық өткен жеріне байланысты) ұйымдастыру құрылымдары мен функция қызметтерімен танысу;

- соңғы жылдардағы еңбек қауіпсіздік динамикасын нақты материалдарды өндірістік және экологиялық қызмет сипаттамалары бойынша  талдау;

- кәсіпорындағы (ұйымдағы) еңбек және қоршаған ортаны қорғау стратегиялық жобалау жұмыстарының тәжірибесімен танысу;

- қоршаған табиғи ортаға әсері мен өндірістік жарақаттанушылық деңгейін азайту жолдары мен әдістері;

- мемлекеттік есептілік құжаттарын құрастыру, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және ТЖ жұмыстарының қызметтері бойынша тәжірибені үйрену;

- осы ұйымның жұмыс тәжірибесі көрінетін машық өту жөніндегі есептілікке керекті материалдарды жинақтау.

2 .Оқу машықтануын ұйымдастыру

Машықтану өту алдында студент оқу тәжірибесінің бағдарламасымен, кафедраның ішкі ережелермен, сонымен қатар қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулықпен  танысуы керек.  

Машықтану өтудегі жалпы бақылауды кафедра меңгерушісі, ал жеке негіздердегі студенттердің машықтануын тікелей басқаруды кафедрада бекітілген жетекші-оқытушы жүзеге асырады.

Студенттер жұмыстарын орындауда оқытушымен өткізілетін қысқа кіріспе сұхбат пен зертхана жұмысындағы машықтану әдістерді көрсету алдын ала жүргізіледі.

Студенттер кіріспе сұхбатында оқытылатын ақпараттық үдерістің мәні, компьютер құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету,  БҚ ЕО тағайындауы, әкімшілік жұмыстарын орындауда қолданылатын БҚ сапасына және ақпараттық үдерістің орындау нәтижесіне қойылатын талаптар туралы мәліметтер алады.

Барлық топтарға машықтану әдістерді көрсету арқылы ИТБО жұмыстарын ұйымдастыру жүргізіледі.

Студенттердің өзіндік жұмысы демонстрациялық сабақтарынан кейін жүреді. Осы үдеріс барысында студенттер оқытушыдан қажетті нұсқауларды алады. Есеп-қисап түріндегі жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыс орындарында олар нормативті құжаттармен танысуы тиіс.

Машықтану аяқталғаннан кейін студент кафедраға машық нәтижесі туралы жетекшінің қолы бар және кіру рұқсаты бар жазбаша есеп беруі тиіс.

Кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия мүшелеріне студенттің машықтану нәтижесі туралы есепті қорғауы керек.

Кафедрадан тағайындалған машықтану жетекшісі студенттердің машыққа уақытылы келуін ұйымдастыру, жүйелі түрде студенттерге кеңес беру, машық өтумен байланысты қателерді және жетіспеушіліктерді жөндеу, жеке тапсырмалардың уақытылы орындалуын және есептің сапалы болуын, дұрыс рәсімделуін қадағалап, машықтану аяқталғаннан кейін кафедраға машықты ұйымдастырудағы кемшіліктер мен осы жұмысты болашақта жетілдіру туралы өз ойларын баяндауы тиіс.

2.1 Кафедрадан тағайындалған машықтану жетекшісінің міндеттері

Кафедрадан тағайындалған машықтану жетекшісінің:

- машықтану бағдарламасын жүзеге асырады, студенттердің машықтану мазмұнын орындауын қадағалайды;

- машықтану басталмастан студенттерді қажетті құжаттармен: бағдарламамен, күнделіктермен қамтамасыз етеді;

- машықтануға бармас бұрын студенттермен ұйымдастыру жиналысын өткізеді;

- студентердің нысаналардағы машықтану жұмыстарын: қалыпты еңбек жағдайларының болуын, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаулықтардың өтуін, практиканттардың ішкі еңбек ережелерді орындауын қадағалайды;

- студенттердің машықтану өту туралы күнделіктерін тексереді, олардың жұмыстары туралы пікірлерін береді, машықтану туралы есеп беруімен танысады, машық өтудегі қателіктер мен жетілдіру туралы ұсыныстарды кафедра меңгерушісіне жазбаша түрде есеп береді.

2.2 Студент-практиканттың міндеттері мен құқықтары

Студент міндеті:

- университеттің және машықтану өтетін кафедраның ішкі ережелерін қатал түрде қадағалау;

- техника қауіпсіздігімен танысу және журналға қол қою;

- жұмыс орындары мен аудиторияларда техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау ережелірін бұлжытпай орындау;

- штаттық қызметкерлерімен қатар орындаған жұмыс пен оның нәтижесіне жауыпты болу;

- ЖОО машықтану жетекшісіне жазбаша есеп беру;

Студент құқылы:

- техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғаудағы бұзушылықпен байланысты, машықтану бағдарламасында көрсетілмеген жұмыстарға қатыспауға;

- машықтану кезеңінде мамандық бойынша төленетін жұмыс орындарға қабылдануына.

3 Оқу машықтанудың мазмұны

Оқу машықтануын өту барысында студенттер таңдаған мамандықтары бойынша пайда болған сұрақтарды қарастырып, талдауы қажет. Оқу машықтанудың өту барысында студенттерге келесі тақырыптарды қарастырып, талдауға ұсынады:

- Қазандар дайындап шығаратын және жылу станциялардың қоршаған ортаға әсерін бағалау.

-  Құрылыс индустрия кәсіпорындарының қоршаған ортаға әсерін бағалау.

- Мұнай-газ кәсіпорындарының және өнеркәсіп индустриясының қоршаған ортаға әсерін бағалау.

-  Темір-жол көлік кәсіпорындарының қоршаған ортаға әсерін бағалау.

-  Жылжымалы көздердің қоршаған ортаға әсерін бағалау.

-  Нормативті эмиссия жобаларының қоршаған ортаға әсері.

-  Кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының жобасы.

-  Атмосфераға бу газдарының шығуын инвентаризациялау.

-  Қалдықтарды айналдыру нормативтік жобасы.

-  Кәсіпорындардағы электр қауіпсіздігінің шарттарын зерттеу.

-  Кәсіпорындардағы өндірістік объектілерді аттестациялау.

- Жәбірленген адамға алғашқы көмек көрсетуді үйрену (қолдан дем алдыру, жүрекке сыртқы массаж).

-  Өндірістік белмедегі метеорологиялық шарттарды зерттеу.

-  Өндірістік шу параметрлерін өлшеу.

-  Ауаның шаңдануын зерттеу.

-  Өндірістік діріл мен дірілоқшаулағыш тиімділігін зерттеу.

-  Адам денесінің электр тоғына қарсылығын зерттеу.

-  Өндірістік бөлмедегі ауаның зиянды газдардың (бу) мөлшерін анықтау.

-  Нөлдендірулердің тиімділігін зерттеу.

-  Электр жабдықтардың изоляциясын қадағалау.

-  Электр қондырғысының жерге қосу қорғанысын зерттеу.

-  ГАНГ-4 аспабымен танысу және жұмыс істеу принципі.

-  Каскад Н аспабымен танысу және жұмыс істеу принципі.

4 Оқу машықтануды қорытындылау

Жеке әр студент машықтану барысында жиналған материалдарды қолданып есеп беруді құрастырады. Осы үшін студент машықтануды аяқтайтын есеппен бірге негізгі құжат болып табылатын журналды жүргізеді. Есеп беру стандарт бойынша жазылып, ұқыпты, суреттермен, схемалармен, кестелермен өнделеді.

Есеп беру келесі элементтерден тұру керек:

1) Титул парағы. А4 парағында орындалады.

2) Тапсырма.

3) Мазмұны. Парақ нөмері, бөлім және бөлімшенің тақырыптары, сонымен қатар тапсырма, кіріспе, қорытынды, пайдалынған әдебиеттер және қосымшаның парақ бетінің нөмері болуы керек.

4) Кіріспе. Машықтанудың мақсаты мен міндеттерін көрсетеді, ұсынылған материалдарға жалпы сипаттама береді.

5) Негізгі бөлім.

Негізгі бөлім оқу жұмысының, сонымен қатар қоғамдық машықтанудың бағдарламасы және  жеке тапсырмаларының  нәтижесін көрсетеді.

6) Қорынды (Тұжырым).

Оқу машықтануы біткеннен кейін студент оқу машықтануына арналған конференцияда, кафедра оқытушыларынан құралған комиссияның алдында есеп беруді қорғап, баға алады.  

4.1 Оқу машықтанудың есеп беруді рәсімдеу және оған қойылатын талаптар

Есеп беруді рәсімдеу оқу машықтанудың соңғы нәтижесі болып табылады.

Оқу машықтануында студенттің кафедрада және зертханадағы экскурсияда, консультацияда, өзінің бақылауын жүргізу кезінде алынған мағлұматтар  есеп беруді құрастырудағы қорытынды мәліметтер болып табылады.

Есеп беру машықтану бағдарламаның барлық бөлімдерін қамту керек. Жеке тапсырмалар толық және егжей-тегжей болуы тиіс.

АЭжБУ талаптарына сай есеп беру техникалық сауатты тілмен жазылып, қажетті суреттер, сызбалар, графиктер, эскиздерден тұру керек. Оқу машықтану кезінде есеп беру жұмысы жүргізілу тиіс.

Есеп беру А-4 форматты парақтарда орындалып, 15-20 парақтағы  машинамен басылған мәтін мен суреттен және сұлбадан тұру керек.

Әдебиеттер тізімі

1. ҚР Экологиялық кодексі.

2. ҚР Еңбек кодексі.

3. Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы: ҚР Заңы № 314. – Астана, 2002ж.

4. ГОСТ 17.2.3.02-78 «Охрана природы. Атмосфера. Правила установления допустимых выбросов вредных веществ промышленными предприятиями».

5. РНД 211.2.02.01-97 «Инструкция по нормированию выбросов загрязняющих веществ в атмосферу » Алматы, 1997 г

6. Инженерная экология и экологический менеджмент: Учебник для вузов/ М.В. Буторина, Л.Ф. Дроздова, Н.И. Иванов и др.; Под ред. Н.И. Иванова.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Логос, 2006.- 520 с.

7. Степановских А.С. Прикладная экология: охрана окружающей среды: Учебник для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 751 с.

8. Ветошкин А.Г. Процессы и аппараты защиты окружающей среды: Учеб. пособие для вузов/ А.Г. Ветошкин.- М.: Высш. шк., 2008.- 639 с.

9. Техника и технология защиты воздушной среды: Учеб. пособие для вузов/ В.В. Юшин, В.М. Попов, П.П. Кукин и др..- 2-е изд., доп.- М.: Высш. шк., 2008.- 399 с.

10. Ветошкин А.Г. Теоретические основы защиты окружающей среды: Учеб. пособие для вузов/ А.Г. Ветошкин.- М.: Высш. шк., 2008.- 397 с.

11. Денисенко Г.Ф. Охрана труда. – М.: Высшая школа, 1991. – 320 с.

12. Определение вредных веществ в воздухе производственных помещениях. Под ред. Беликова А.А. – М.: Высшая школа, 1995. – 52 с.

13. Беккер А.А., Агаев Т.Б. Охрана и контроль загрязнения природной среды. Ленинград: Гидрометеоиздат, - 1989. – 280 с.

14. Аранович Г.И.  Справочник по физико-химическим методам иссле-дования окружающей среды. –Ленинград: Судостроение, - 1979. – 329 с.

15. Шишкин И.Ф. Теоретическая метрология. – М.: Издательство стандартов, 1991. – 492 с.

16. Иванов Э.А. и др. Методы и средства электрорадиоизмерений. – Алматы, 2012. - 490 с.

17. Типовой табель приборов и оборудования для производства стандартных гидрометеорологических наблюдений и контроля загрязнений природной среды. - Ленинград: Гидрометеоиздат, 1986. - 47 с.

Мазмұны

Кіріспе 

3

1 Оқу машықтанудың мақсаты мен міндеттері

4

2 Оқу машықтануын ұйымдастыру

5

2.1 Кафедрадан тағайындалған машықтану жетекшісінің міндеттері

5

2.2 Студент-практиканттың міндеттері мен құқықтары

6

3 Оқу машықтанудың мазмұны

7

4  Оқу машықтануды қорытындылау

8

4.1 Оқу машықтанудың есеп беруді рәсімдеу және оған қойылатын талаптар

8

Әдебиеттер тізімі

9

2014 ж. жиын жоспары, реті 57

Санатова Тоты Сабировна
Айтбаева Жанаргуль Матжановна
Амренова Айгуль Жанузаковна

ОҚУ МАШЫҚТАНУЫ
5В073100 мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулықтар

Редактор Б.С. Қасымжанова
Стандарттау маманы бойынша Н.Қ. Молдабекова

Теруге берілді ___.___.___.
Таралымы 50 дана
Көлемі 0,7 есеп баспа таб.
Пішіні 60х84 1/16
№1 баспаналық қағаз
Тапсырыс ___. Бағасы 350 тг.

«Алматы энергетика және байланыс университетінің»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі-көбейткіш бюросы
050013, Алматы, А.Байтұрсынұлы көшесі, 126