Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ МАШЫҚТАНУ
5В073100 мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулықтар

Алматы 2014 ж.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Т.С. Санатова, Ж.М. Айтбаева, А.Ж. Амренова. Өндірістік және диплом алдындағы машықтану. 5В073100 мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулықтар. - Алматы: АЭжБУ, - 2014. - 14 б. 

 Бұл әдістемелік нұсқаулар ұйым туралы мәліметтерден, өндірістік және диплом алдындағы машықтану мазмұнынан, есеп беруді құрастыруы мен оның қорытындысынан тұрады. Әдістемелік нұсқау (5В073100 мамандығына арналған)

Әдебиет көрсет. – 19 атау.

Пікір беруші: техн. ғыл. канд., доцент К.О. Гали.

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2014 ж. қосымша жоспары бойынша басылған.

© Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2014 ж.

Кіріспе

5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі» мамандығына арналған өндірістік және диплом алдындағы машықтану әдістемелік нұсқаулар.

Өндірістік және диплом алдындағы машықтану оқу үдерістің құрамдас құрама бөлігімен және техникалық профильдегі студенттердің машықтану дайындығының құрамдас элементі болып табылады.

Осы мамандыққа байланысты өндірістік және диплом алдындағы машықтану ұзақтығы мен мөлшері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес анықталады. Онда оқу үдерісінде алынған теориялық білімін машықтану жүзінде қолдану мақсат болып табылады. Осы таңдаған мамандық бойынша өндіріс дағдыларын меңгеріп алып, өндірістік кәсіпорын қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтармен танысып, еңбек қорғаудағы техникалық шешімдерді қабылдау үдерісі мен экологиялық және төтенше жағдайларды бағалау мен талдау қолданылады.

Өндірістік және диплом алдындағы машықтану алған білімін тәжірибе арқылы студенттерді бағалауға көмектеседі, оларға өз білімі мен қабілетіне сенімділікті күшейтеді.

Өндірістік және диплом алдындағы машықтану мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарда жүргізіледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін әр түрлі коммерциялық құрылымдарда (ЖҰҚ, АҚ, холдингтер, т.б.) өтуге болады.

Машықтану кезеңінде студент бағдарлама бойынша барлық талаптар мен тапсырмаларды орындауға, машықтану туралы есеп жүргізуге қажетті  нақты материалдарды жинап, талдап және жинақтауы тиіс.

1 Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың мақсаты мен міндеттері

Машықтанудың мақсаты: кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау қызметінінің ұйымдастыруы және өндіру технологиясымен танысу, студенттердің оқу үдерісінде алынған теориялық білімдерін бекіту мен ұлғайту, таңдаған мамандықтары бойынша өндірістік икемдерін меңгеру, студенттерді өндірістік жағдайларда басқару, зерттеу, инженерлік-экологиялық қызметте басқа да тапсырмаларды шешуді үйрету, студенттерді арнаулы пәндерді терең үйретуге дайындау, сонымен қатар есеп беруді жазуға керек мәліметтерді жинау.

Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың міндеттері:

- кәсіпорындағы (ұйымдағы) еңбек және қоршаған ортаны қорғау қызметтері туралы жұмыстарды зерттеу;

- кәсіпорындағы, қауымдастықтағы, концерндағы, АҚ-дағы (студенттің машық өткен жеріне байланысты) ұйымдастыру құрылымдары мен функция қызметтерімен танысу;

- соңғы жылдардағы еңбек қауіпсіздік динамикасын нақты материалдарды өндірістік және экологиялық қызмет сипаттамалары бойынша  талдау;

- кәсіпорындағы (ұйымдағы) еңбек және қоршаған ортаны қорғау стратегиялық жобалау жұмыстарының тәжірибесімен танысу;

- қоршаған табиғи ортаға әсері мен өндірістік жарақаттанушылық деңгейін азайту жолдары мен әдістері;

- мемлекеттік есептілік құжаттарын құрастыру, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және ТЖ жұмыстарының қызметтері бойынша тәжірибені үйрену;

- ҚР-ның Экологиялық кодексімен танысу;

- қоршаған ортаны қорғау бөлімінің нормативтік құжаттарымен  танысу;

- атмосфераға жиналған көздерден зиянды заттардың шығарылумен танысу;

- атмосфераға жиналмаған көздерден зиянды заттардың шығарылумен танысу;

- қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасымен танысу;

- қоршаған ортаға шекті-мөлшердің шығарылу жобасымен танысу;

- қоршаған ортаға шекті-мөлшердің тасталу жобасымен танысу;

- қалдықты үндеу нормативті жобалармен танысу;

- атмосфераға стационарлық және жылжытқыш көздерден зиянды заттардың шығарылудың есептеу әдістерімен танысу;

- атмосфераға қазандықтан зиянды заттардың шығарылудың есептеу әдістерімен танысу;

- өндірістегі экологиялық мониторингпен танысу;

- негізгі нормативті принциптармен, сонымен қатар ауадағы, судағы, жердегі зиянды заттардың концентрациясын анықтайтын әдістер және құралдармен танысу;

- «Атмосфера ластануын есептеу» (Эколог, ЭРА-УПРЗА) бағдарламасымен танысу;

- 2 ТП-ауа салық есеп берудің экологиялық төлемінің тоқсан сайын есептеуді дайындауға қатысу;

- экологиялық зардап туралы өтінішті ретімен толтыруды үйрену;

- эмиссияға рұқсат туралы өтінішті ретімен толтыруды үйрену;

- табиғатты пайдалану құжаттардың рәсімдеу ретін қарау;

- машықтануды өткен туралы есеп беруді жазу үшін қажетті материалдарды таңдап алу, оның ішінде айтылған ұйымның жұмыс тәжірибесі болу керек;

- өнеркәсіп өндірістіктегі еңбек қауіпсіздік жүйесін өңдеу;

- өнеркәсіп өндірістіктегі ағынды суларды тазалау;

- гидросфераның ластанбауының тиімді әдісін өңдеу;

- өнеркәсіп өндірістіктегі қалдықтармен ластанудан қорғау және негіздеу;

- ҚР-ның Еңбек кодексімен танысу;

- еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы нормативті құжаттармен танысу;

- қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама (алғашқы, бастапқы, жоспардан тыс) жүргізумен танысу;

- өрт қауіпсіздік туралы нормативті құжаттармен танысу;

- адам ағзасына зиянды заттардың әсерімен, нормалаудың негізгі принциптерімен, жұмыс зонасындағы газ тәрізді зиянды заттардың концентрациясын анықтайтын әдістер және құралдармен танысу;

- қоршаған ортадағы метеорологиялық шарттарды нормалаудың негізгі принциптерін үйрену және микроклимат параметрлерін бақылаудағы және зерттеудегі әдістер мен құралдармен танысу;

- жұмыс орындарын ӘБА (әкімшілік, басқару аппараты) жұмыскерлерімен тексерілетін жоспардан тыс тексеріске қатысу;

- жазатайым оқиғаны талдау мен  тергеу;

- өндірістік жарақаттылықты талдау;

- қауіпсіздік техника журналын жүргізу;

- ҚР-ның ТЖ туралы құжаттар мен нормативті актілермен танысу. АҚ пен ТЖ қызметінің басқару ұйымдары. ҚР-ның төтенше жағдай саласындағы негізгі заңнамалық акт пен нормативті құжаттар;

- табиғи апат пен төтенше жағдайлардың антропогендік апаттық мониторинг ұйымымен танысу кәсіпорындағы өндірістік декларация жобасының әзірлеуімен танысу;

- әр түрлі ТЖ кезіндегі қоғамдық жерлердегі адамның тәртіп ережелерімен, өрт, сел тасқыны қаупі, қар көшкіні, тасқұлама т.б. кезіндегі адам тәртібінің ережелерімен танысу.

2 Өндірістік және диплом алдындағы машықтануды ұйымдастыру

Студенттер машықтануды кәсіпорындар мен ұйымдарда өтеді, бірақ кафедраға сәйкес мамандық болу керек. Машықтану орындары кафедрада студенттердің өздерімен ұсынылуы мүмкін, сонымен қатар кәсіпорындар, ұйымдар, аудандық қалалық және облыстық әкімшілік, министрлік пен мекеме  сұранымы бойынша ұсынылуы мүмкін.

Машықты өту кезіндегі студенттердің жұмыс орны мен оның жүргізілуіне жауапты жетекші-консультант сол ұйымның басшысымен анықталады.

Машықтану өтудегі жалпы бақылауды кафедра меңгерушісі, ал жеке негіздердегі студенттердің машықтануын тікелей басқаруды кафедрада бекітілген жетекші-оқытушы жүзеге асырады.

Машықтану өту алдында студент оқу тәжірибесінің бағдарламасымен, машықтану базасына жолдама мен күнделік алады. Машықтануды өту алдында студенттерге оқу тәжірибесінің нақты машық ұсыныстары беріледі, сонымен қатар машықтану кезеңінде студент құжаттар тізімімен, жұмыс түрлерімен танысуы тиіс.    

Машықтану өтетін жерге студент жолдамада көрсетілгендей тура уақытысында келуі тиіс. Машықтану кезеңінде студент өндірістің (ұйымның) қызметтерлеріне қойылған ішкі ережелерін орындау керек.

Машықтану аяқталғаннан кейін студент кафедраға өндіріс басшысының  жетекшінің және кафедра жетекшісінің қолы қойылған қорғауға кіру рұқсаты бар машық нәтижесі туралы жазбаша есеп беру тиіс.

Кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия мүшелеріне студенттің машықтану нәтижесі туралы есепті қорғауы керек.

Студенттер өндірістің (ұйымның) басшыларының рұқсатымен архивті, ақпараттық қызмет пен өндірістің техникалық кітапханасымен қолдануы мүмкін. Машықтану кезінде студент күнделікті толтыру тиіс, оның ішінде қай күні, қандай жұмыс істелінгенін жазу керек.

Машықтану өтетін ұйымдардың басшыларына студенттерді қосымша жұмыс істетуге, машықтану тапсырмасы мен мақсатына қатысты емес іс-сапарларға жіберуге рұқсат берілмейді.

Кәсіпорындағы машықтану жетекшісі қалауы бойынша комиссия мүшесімен студенттің машықтану нәтижесі туралы есепті қорғауына қатысуға болады.

Кафедрадан тағайындалған машықтану жетекшісі студенттердің машыққа уақытылы келуін ұйымдастыру, жүйелі түрде студенттерге кеңес беру, машық өтумен байланысты қателерді және жетіспеушіліктерді жөндеу, жеке тапсырмалардың уақытылы орындалуын және есептің сапалы болуын, дұрыс рәсімделуін қадағалап, машықтану аяқталғаннан кейін кафедраға машықты ұйымдастырудағы кемшіліктер мен осы жұмысты болашақта жетілдіру туралы өз ойларын баяндауы тиіс.

2.1 Кафедрадан тағайындалған машықтану жетекшісінің міндеттері

Кафедрадан тағайындалған машықтану жетекшісінің:

- машықтану бағдарламасын жүзеге асырады, студенттердің машықтану мазмұнын орындауын қадағалайды;

- машықтану басталмастан студенттерді қажетті құжаттармен: бағдарламамен, күнделіктермен қамтамасыз етеді;

- машықтануға бармас бұрын студенттермен ұйымдастыру жиналысын өткізеді;

- студентердің нысаналардағы машықтану жұмыстарын: қалыпты еңбек жағдайларының болуын, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаулықтардың өтуін, практиканттардың ішкі еңбек ережелерді орындауын қадағалайды;

- студенттердің машықтану өту туралы күнделіктерін тексереді, олардың жұмыстары туралы пікірлерін береді, машықтану туралы есеп беруімен танысады, машық өтудегі қателіктер мен жетілдіру туралы ұсыныстарды кафедра меңгерушісіне жазбаша түрде есеп береді.

2.2 Кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің міндеттері

Кәсіпорын бекітілген тәжірибе бағдарламасына сәйкес машықтану өтуді ұйымдастырады, студенттердің технология,  жобалауды ұйымдастыру және өндірісті басқару, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу мен құрылымдық-жоба жұмыстарын ұйымдастыру салалары жөніндегі болашақ мамандықтары бойынша білім алуға керекті жағдайлар жасайды. Студенттердің диссертациялық жұмысты жазуға арналған материалдарды жинақтауға көмек көрсетіп, қолда бар әдебиеттермен, техникалық құжаттармен қолдануға мүмкіндік береді. Студенттердің кәсіпорындағы бекітілген ішкі еңбек ережелерін ұстауын қамтамассыз етеді, тиісті құжаттарды рәсімдеу арқылы қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқаулар өткізеді. Керек болған жағдайда  жазаға тартып, ол туралы университетке хабарлайды.

Машықтану кезінде студенттермен болған жазатайым оқиғаларға  кәсіпорын толық жауапкершілік алады.

Кәсіпорындағы машықтану жетекшісі күнделіктерді жүргізуді,  практиканттардың есеп беруді дайындауын қадағалайды, оларға машықтану бағдарламасы мен жеке жұмыстардың орындалуы туралы мәліметтер бар кәсіпқой мінездемелер құрайды.

Кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің міндеттері машықтану өту жөніндегі келісім шартта көрсетіледі.

2.3 Студент-практиканттың міндеттері мен құқықтары

Студент міндеті:

- машықтану өтетін өндірістегі және оның бөлімдерінде ішкі ережелерін қатал түрде қадағалау;

- жұмыс орны мен өндіріс территориясында еңбек қорғау және қауіпсіздік техника ережелерін бұлжытпай орындау;

- штаттық қызметкерлерімен қатар орындаған жұмыс пен оның нәтижесіне жауыпты болу;

- ЖОО машықтану жетекшісіне жазбаша есеп беру;

- аптасына бір рет машық күнделігінде жазбалар жүргізу және 0-ден 100%-ға дейін бағаланған күнделікті көрсету, машықтану кезіндегі есеп беруді қорғауда кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің қолы мен расталған мөрі болуы керек;

- тиісті талаптарға сәйкес машықты өту жөнінде есеп беруді құру және бекітілген кафедра кестесі бойынша оны қорғау.

Студент құқылы:

- қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғаудағы бұзушылықпен байланысты, машықтану бағдарламасында көрсетілмеген жұмыстарға қатыспауға;

- машықтану кезеңінде мамандық бойынша төленетін жұмыс орындарға қабылдануына.

3 Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың мазмұны

Оқу машықтануын өту барысында студенттер дипломдық жобаның тақырыбы мен таңдаған бағытта пайда болған сұрақтарды қарастырып, талдауы қажет.  

Оқу машықтанудың өту барысында студенттерге таңдаған мамандық бойынша келесі тақырыптарды қарастырып, талдауға ұсынады:

Инженер-эколог, жобалаушы:

- ҚР-ның Экологиялық кодексімен танысу;

- қоршаған ортаны қорғау бөлімінің нормативтік құжаттарымен  танысу;

- атмосфераға жиналған көздерден зиянды заттардың шығарылумен танысу;

- қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасымен танысу;

- қоршаған ортаға шекті-мөлшердің шығарылу жобасымен танысу;

- қоршаған ортаға шекті-мөлшердің тасталу жобасымен танысу;

- бу газдарының атмосфераға тасталуының есеп беру инвентаризациясымен танысу; 

- экологиялық зардап туралы өтінішті ретімен толтыруды үйрену;

- эмиссияға рұқсат туралы өтінішті ретімен толтыруды үйрену;

- бу газдарының атмосфераға тасталуының есептеу әдісінің инвентаризациясымен танысу;

- атмосфераға стационарлық және жылжытқыш көздерден зиянды заттардың шығарылудың есептеу әдістерімен танысу;

- өндірістегі экологиялық мониторингпен танысу;

- негізгі нормативті принциптармен, сонымен қатар ауадағы, судағы, жердегі зиянды заттардың концентрациясын анықтайтын әдістер және құралдармен танысу;

- «Атмосфера ластануын есептеу» (Эколог, ЭРА-УПРЗА) бағдарламасымен танысу;

- 2 ТП-ауа салық есеп берудің экологиялық төлемінің тоқсан сайын есептеуді дайындауға қатысу;

- табиғатты пайдалану құжаттардың рәсімдеу ретін қарау.

Еңбек қорғау инженері:

- ҚР-ның Еңбек кодексімен танысу;

- еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы нормативті құжаттармен танысу;

- қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама (алғашқы, бастапқы, жоспардан тыс) жүргізумен танысу;

- өрт қауіпсіздік туралы нормативті құжаттармен танысу;

- адам ағзасына зиянды заттардың әсерімен, нормалаудың негізгі принциптерімен, жұмыс зонасындағы газ тәрізді зиянды заттардың концентрациясын анықтайтын әдістер және құралдармен танысу;

- қоршаған ортадағы метеорологиялық шарттарды нормалаудың негізгі принциптерін үйрену және микроклимат параметрлерін бақылаудағы және зерттеудегі әдістер мен құралдармен танысу;

- жұмыс орындарын ӘБА (әкімшілік, басқару аппараты) жұмыскерлерімен тексерілетін жоспардан тыс тексеріске қатысу;

- жазатайым оқиғаны талдау мен  тергеу;

- өндірістік жарақаттылықтың анализы;

- қауіпсіздік техника журналын жүргізу.

Төтенше жағдайлар бойынша маман:

мемлекеттік есептілік құжаттарын құрастыру, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және ТЖ жұмыстарының қызметтері бойынша тәжірибені үйрену;

- ҚР-ның ТЖ туралы құжаттар мен нормативті актілермен танысу. АҚ пен ТЖ қызметінің басқару ұйымдары. ҚР-ның төтенше жағдай саласындағы негізгі заңнамалық акт пен нормативті құжаттар;

- табиғи апат пен төтенше жағдайлардың антропогендік апаттық мониторинг ұйымымен танысу;

- табиғи және өндірістік апаттың мүмкін болатын салдарын ескертетін теориялық шараларын талдаумен танысу;

- кәсіпорындағы өндірістік декларация жобасының әзірлеуімен танысу;

- әр түрлі ТЖ кезіндегі қоғамдық жерлердегі адамның тәртіп ережелерімен, өрт, сел тасқыны қаупі, қар көшкіні, тасқұлама т.б. кезіндегі адам тәртібінің ережелерімен танысу және т.б.

Есеп беру - өндірістік машықтануды өту кезіндегі жеке тапсырмалардың орындалуын сипаттайтын негізгі құжат болып табылады.

Кіріспеде кәсіпорынның (ұйымның) қысқаша сипаттамасы беріледі, машықтануда берілген жеке тапсырмалар негізінде тәжірибе міндеттері анықталады. Есеп берудің негізгі бөлімінде жинақталған нақты материалдар ұсынылуы тиіс, әдістеме, схема, статистикалық мәліметтер мен олардың диаграмма, график түріндегі талдауы келтіріледі. Қорытындыда машықтануды өту нәтижесінде пайда болған негізгі түйіндер тұжырымдалады және кәсіпорындағы табиғатты қорғау қызметін дамыту бағыттары ұсынылады.  Әдебиеттер тізімі есеп беруді құрастыруда және машықтануды өту кезінде қолданған мәліметтер көзінен тұруы керек. Техникалық сызбалар, кәсіпорынның статистикалық есептілігі, зертханалық зерттеулердің нәтижесі және т.б. мәліметтер қосымша ретінде есеп берудің ішінде болуы мүмкін. Қосымша есеп берудің соңында қойылады.

Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың өтуін бақылау мақсатында, сонымен қатар студент қызметінің тиімділігін қорытынды бағалау үшін келесі ұйымдық құжаттамалар рәсімделуі тиіс:

а) өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың күнделігі;

б) өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың есеп беруі.

4 Өндірістік және диплом алдындағы машықтануды қорытындылау

Жеке әр студент машықтану барысында жиналған материалдарды қолданып есеп беруді құрастырады. Осы үшін студент машықтануды аяқтайтын есеппен бірге негізгі құжат болып табылатын журналды жүргізеді.  Есеп беру стандарт бойынша жазылып, ұқыпты, суреттермен, сұлбалармен, кестелермен өнделеді.

Есеп беру келесі элементтерден тұру керек:

1) Титул парағы. А4 парағында орындалады.

2) Тапсырма.

3) Мазмұны. Парақ нөмері, бөлім және бөлімшенің тақырыптары, сонымен қатар тапсырма, кіріспе, қорытынды, пайдалынған әдебиеттер және қосымшаның парақ бетінің нөмері болуы керек.

4) Кіріспе. Машықтанудың мақсаты мен міндеттерін көрсетеді, ұсынылған материалдарға жалпы сипаттама береді.

5) Негізгі бөлім.

Негізгі бөлім оқу жұмысының, сонымен қатар қоғамдық машықтанудың бағдарламасы және  жеке тапсырмаларының  нәтижесін көрсетеді.

6) Қорытынды (Тұжырым).

Оқу машықтануы біткеннен кейін студент оқу машықтануына арналған конференцияда, кафедра оқытушыларынан құралған комиссияның алдында есеп беруді қорғап, баға алады.  

4.1 Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың күнделігін рәсімдеу және оған қойылатын талаптар

Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың күнделігі есеп берумен қоса тіркеледі және әр студенттің аты-жөнін, машықтанудың өту орны мен уақытын көрсету арқылы жеке рәсімделеді. Күнделік факультет деканының, машықтану меңгерушісінің қолымен және факультет мөрімен расталады.

Кафедраның машықтану жетекшісі күнделікке студенттің жеке тапсырмаларын енгізеді. Машықтану өту кезінде күнделікке жұмыстың орындалу уақытын көрсетіп, қысқаша мазмұны мен түрі бойынша ақпаратқа және кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің қолы енгізеді.           

Өндірістік және диплом алдындағы машықтану аяқталғаннан кейін кәсіпорын басшысы күнделікке машық өту кезіндегі кемшіліктер мен студентке мінездеме жазып, оның қорытынды бағасын 0-ден 100 %-ға дейінгі бағалайды.

Күнделік кәсіпорындағы машық жетекшісінің қолымен және кәсіпорын мөрімен расталады. Студент өндірістік машықтануды өткеннен кейін есеп беруді ЖОО-нда қорғап, ЖОО-ң машықтану жетекшісі күнделікке есеп беру туралы пікірін, кемшілігі мен жақсы тұстарын және қорытынды бағасын енгізеді. Баға қойылғаннан кейін пікірді есеп беру жетекшісінің қолы мен қорғау мерзімімен растайды. Нормативтік құжаттар бойынша ЖОО-ның машықтану жетекшісі кәсіпорындағы бағасына сәйкес студентке қорытынды баға қояды.

Өндірістік және диплом алдындағы машықтану аяқталғаннан кейін студент есеп беруді өндірістік машықтануға арналған конференцияда, кафедра оқытушылардан тұратын комиссия алдында қорғап, бағаланады. Студент жұмысын қорытындылай келгенде, кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің берген мінездемесі есепке алынады.

4.2 Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың есеп беруді рәсімдеу және оған қойылатын талаптар

Есеп беруді рәсімдеу өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың соңғы нәтижесі болып табылады.

Өндірістік және диплом алдындағы машықтануда студенттің жұмыс орындағы тәжірибе мен кәсіпорындағы экскурсияда, консультацияда, өзінің бақылауын жүргізу кезінде алынған мағлұматтар  есеп беруді құрастырудағы қорытынды мәліметтер болып табылады.

Есеп беру машықтану бағдарламаның барлық бөлімдерін қамту керек. Жеке тапсырмалар толық және егжей-тегжей болуы тиіс.

АЭжБУ талаптарына сай есеп беру техникалық сауатты тілмен жазылып, қажетті суреттер, сызбалар, графиктер, эскиздерден тұру керек. Оқу машықтану кезінде есеп беру жұмысы жүргізілу тиіс.

Есеп беру А-4 форматты парақтарда орындалып, 15-20 парақтағы  машинамен басылған мәтін мен суреттен және сұлбадан тұру керек.

Әдебиеттер тізімі

1. ҚР Экологиялық кодексі.

2. ҚР Еңбек кодексі.

3. Охрана труда в условиях повышенной опасности. Справочник – Днепропетровск. Техника. 1983.

4. Баклашов Н.И., Китаева Н.Ж.  Охрана труда на предприятиях и охрана окружающей среды. – М.: 1989.

5. Инженерная экология и экологический менеджмент: Учебник для вузов/ М.В. Буторина, Л.Ф. Дроздова, Н.И. Иванов и др.; Под ред. Н.И. Иванова.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Логос, 2006.- 520 с.

6. Степановских А.С. Прикладная экология: охрана окружающей среды: Учебник для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 751 с.

7. Калыгин В.Г. Промышленная экология : учеб. пособие для студ. Высш. учеб. заведений / В.Г. Калыгин. - 2-е изд., стер. - М.: Издательский центр «Академия», 2006. - 432 с.

8. Протасов В.Ф. Экология, охрана природы. Законы, кодексы, платежи, показатели, нормативы, ГОСТы, Экологическая доктрина, Киотский протокол, термины и понятия, экологическое право: Учеб. пособие для вузов/ В.Ф. Протасов.- 2-е изд., перераб. и доп..- М.: Финансы и статистика, 2006. – 380 с.

9. Ветошкин А.Г. Процессы и аппараты защиты окружающей среды: Учеб. пособие для вузов/ А.Г. Ветошкин.- М.: Высш. шк., 2008.- 639 с.

10. Техника и технология защиты воздушной среды: Учеб. пособие для вузов/ В.В. Юшин, В.М. Попов, П.П. Кукин и др.- 2-е изд., доп.- М.: Высш. шк., 2008.- 399 с.

11. Ветошкин А.Г. Теоретические основы защиты окружающей среды: Учеб. пособие для вузов/ А.Г. Ветошкин.- М.: Высш. шк., 2008.- 397 с.

12. Родионов А.И. Защита биосферы от промышленных выбросов. Основы проектирования технологических процессов: Учеб. пособие для вузов/ А.И. Родионов, Ю.П. Кузнецов, Г.С. Соловьев.- М.: Химия, КолосС, 2005.- 392 с.

13. Экология, охрана природы и экологическая безопасность: Учебное пособие для системы повышения квалификации и переподготовки государственных служащих/ Под общ. редакцией проф. В.И. Данилова-Данильяна. – М.: Изд.-во МНЭПУ, 1997. – 744 с.

14. Гриневич В.И., Куприяновская А.П., Никифоров А.Ю. Охрана окружающей среды и рациональное использование природных ресурсов: Текст лекций /Под общ. ред. Кострова В.В. - Иваново: ИГХТА, 1995. -288 с.

15. Контроль химических и биологических параметров окружающей среды /Под ред. Исаева Л.К. - СПб.: Эколого-аналитический центр “Союз”. 1998, -896 с.

16. Лебедева А.Н., Лаврик О.Л. Природоохранное законодательство развитых стран. - В 2 ч. - Новосибирск: -1992. -360 с.

17. Шаприцкий В.Н. Разработка нормативов ПДВ для защиты атмосферы. - М.: Металлургия, 1990. - 416 с.

18. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий. ОНД-86. -Л.: Гидрометеоиздат, 1987. -94 с.

Мазмұны

Кіріспе

3

1 Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың мақсаты мен міндеттері                                                                          

4

2 Өндірістік және диплом алдындағы машықтануды ұйымдастыру  

5

2.1 Кафедрадан тағайындалған машықтану жетекшісінің міндеттері

6

2.2 Кәсіпорындағы машықтану жетекшісінің міндеттері                                

7

2.3 Студент-практиканттың міндеттері мен құқықтары                                

7

3 Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың мазмұны         

8

4 Өндірістік және диплом алдындағы машықтануды қорытындылау        

10

4.1 Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың күнделігін рәсімдеу және оған қойылатын талаптар                                                          

10

4.2 Өндірістік және диплом алдындағы машықтанудың есеп беруді рәсімдеу және оған қойылатын талаптар                  

11

Әдебиеттер тізімі                                                                                                 

12

 

 

2014 ж. қосымша жоспары, реті 3

Санатова Тоты Сабировна
Айтбаева Жанаргуль Матжановна
Амренова Айгуль Жанузаковна

ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ МАШЫҚТАНУ
5В073100 мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқаулықтар

Редактор Б.С. Қасымжанова
Стандарттау маманы бойынша Н.Қ. Молдабекова

Теруге берілді ___.___.___.
Таралымы 50 дана
Көлемі 0,9 есеп баспа таб.
Пішіні 60х84 1/16
№1 баспаналық қағаз
Тапсырыс __. Бағасы 450 тг.

 «Алматы энергетика және байланыс университетінің»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі-көбейткіш бюросы
050013, Алматы, А.Байтұрсынұлы көшесі, 126