АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ-1

5В0719 радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының 1 курс студенттері үшін 3 семестрлік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар.

 

 

 

Алматы 2010

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Телгожаева Қ.С. Қазақ тілі. 5В0719 радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының 1 курс студенттері үшін 3 семестрлік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар.  Алматы: АЭжБИ, 2010.- 39 б. 

Әдістемелік көрсеткіш радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының бакалаврларының оқу бағдарламасына сәйкес орындалатын өздік жұмыстарға арналып құрастырылды.

         Көрсеткіште мамандықтарына қатысты екі тілдегі  жазбаша аударуға арналған мәтіндер және мәтін контексі бойынша қайталау, бекіту мақсатында грамматикалық тапсырмалар берілген.

         Көрсеткіш радиотехника, электроника және телекоммуникация бағытында даярланатын студенттерге ұсынылады.

 

 Сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін бақылау жұмыстары:

 

№3 бақылау жұмысын орындау тәртібі:

·        №3 СӨЖ бойынша берілген тапсырмаларды толық орындау;

·        нұсқа сынақ кітапшасының соңғы  санына сәйкес  таңдап алынады; 

 

№3СӨЖ     (Жазбаша)

Жұмыстың мерзімі: 1 ай.

 

Тапсырмалары:

1.          Мәтінді толық оқып шығып, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестеріне сөздік (30)  жазыңыз және оларды алфавит ретімен қойып аударыңыз.

2.          Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, оларды сын есімнің шырай формасына (10 мысал) келтіріңіз.

3.          Мәтінде кездесетін термин сөздермен терминдік тіркестер (10 мысал) құрастырыңыз. (радиотелефон: радиотелефон желісі, радиотелефон ауқымы)

4.          Берілген сұрау есімдіктері мен шылауларды қатыстырып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз: қандай? қалай? қанша? неге? ма, ме,ба, бе, па, пе.

5.          Мына сөздерді тәуелдік жалғауының үшінші жағына қойып, олармен ғылыми стильде шағын мәтін құраңыз: жылдамдық, мүмкіншілік, сенімділік, қажеттілік, бұйрық, қабілеттілік, өнімділік, тиімділік, ұзындық жиілік,

6.          Мәтіннің әр абзацына түрлендіріп бірнеше сұрақ қойыңыз (5 мысал).

7.      Мәтінді жазбаша аударыңыз.

8.     Мәтін соңында берілген сөйлемдерді аударыңыз

                              

Қойылатын талаптар:

·        жұмысты  А 4 форматында  14 шрифтпен басу;

·        берілген нұсқаның  түпнұсқасы толық жазылуы керек;

·        жұмыстың мазмұнын, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету;

·        берілген тапсырмалар толық орындалуы керек;

·        жұмыстың беттері міндетті түрде көрсетілуі керек;

·        жұмыс мерзімінде өткізілуі керек; 

 

1-нұсқа

Радиобайланыс жүйесінің түрлері және радиобөгеуілдерге қатысты терминдер

 

Жалпы қолданыстағы радиотелефон жүйесі автоматты телефон желісімен әсерлесетін және автоматты қосылу мен дуплексті байланысқа (АТС абоненттері мен жылжымалы немесе станционарлы радиоабоненттер арасында, радиоабоненттерімен ведомстволы диспетчер, сонымен қатар ведомстволы телефонды желі абоненттер арасында) арналған радиобайланыс жүйесі. Сонымен бірге радиотелеграфты алмасу мен мәліметтер таратуды орындауға мүмкіндік береді.   Жалпы қолданыстағы радиотелефон жүйесі құрылғы сипаттамаларымен, жұмыс жиіліктері ауқымымен өлшемі анықталатын бағытқа немесе белгілі аймаққа қызмет көрсетеді.

ТМД-да жалпы қолданыстағы радиотелефон жүйесінің 150-300 МГц ауқымы қолданылады, олардың бір немесе бірнеше стволы болады және абоненттік радиостанса мен станционарлы коммутациялық қондырғылардың радиоорталықтарынан тұрады.

Ведомстволы диспетчерлік радиожүйелер - өндірісті оперативті басқаруды жүзеге асыратын диспетчерлік қызметті жабдықтауға арналған радиобайланыстың жергілікті  жүйесі.  Ведомстволы диспетчерлік радиожүйелер үшін қысқа:1,5-8МГц және метрлік: 30-174Мгц толқындар қолданылады.

   Кез келген радио құрылғыларға бөгеулер кері әсер етеді. Радиобөгеуілдерге қатысты терминдер радиотехника саласында көптеп кездеседі, олардың бастыларына тоқталып өтер болсақ.

Электромагниттік шуыл – ешқандай сигналға сәйкес келмейтін әдетте импульсті және кездейсоқ, кейде периодты сипаттағы электромагниттік құбылыс. Электромагниттік бөгеуіл – пайдалы сигналға қосылуы мүмкін электромагниттік шуыл.

Радиобөгеуіл – электромагниттік бөгеуіл. Мысалы: кейбір жүйелерде импульсті дискретті түрде таратқан кезде пайда болады. Электромагниттік үйлесімділік – берілген электромагниттік жағдайдағы радиоэлектронды жабдықтардың сапа көрсеткіштерін нашарлатпай жұмыс істеу қасиеті. Сонымен қатар олар өзге радиоэлектронды жабдықтарға жайсыз әсер етпеуі керек және оның әсеріне қарсы тұруы қажет. Электрлік желіден бөгеуілді тасымалдау коэффиценті – желідегі кедергі келтіретін электрлік құрылғының жоғарыжиілікті жылдамдығының қабылдағыш антеннасының жоғарыжиілікті кернеуіне қатынасы.

Радиобөгеуілдер болжамы - өлшеу нәтижесінде алынған радиобөгеуілдер сипаттамасы мен олардың өзгерісі туралы мәліметтер. Бөгеуілдер нормасы – халықаралық электротехникалық сөздіктің ұсыныстарында регламенттелген бөгеуілдердің жоғарғы  шамасы.   

            В основе конфигурационной коммутации лежит нахождение соответствия между конкретным портом коммутатора и определенным сегментом сети. Это соответствие может программно настраиваться при подключении или перемещении пользователей в сети.

        

2-нұсқа

         Байланыстың ұялы жүйесі

 

Ұялы жүйенің тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 40 жылдарының аяғында Bell Sistem компаниясының жобасында пайда болды. Ол жылжымалы  байланыс үшін  жаңа үлгіні әкелді. Үлкен алаңда  сигналды тарататын «радиохабар тарату үлгісінің» орнына, жаңа  қуаты кемдеу  таратқыштарды керек етеді, олардың әрқайсысы тек шағын аумақтарға қызмет көрсету үшін арнайы арналған, оны ұялы (cell) деп атаймыз.

Мысалы, үлкен  қалада жылжымалы  байланыс  жүйесінің бір қуатты таратқышын  бірнеше  түрлі ұяларға бөлуге болады. Абоненттер арасындағы өзара бөгеуілдердің әсері шамалы болу үшін бір-бірінен қашық болуы жеткілікті болады, сол жиіліктер (арналар) әртүрлі ұяларда  қайталанып пайдаланылады.

         Ұялы желі қасиеті, ұялар арасындағы қашықтықтың толық мәндері радиобөгеуілдермен байланысты болмай, сол жиілікпен және ұяның  радиусымен ұялар арасындағы қашықтықпен анықталады. Ұяның радиусы  таратқыштың  қуатымен және сонда орнатылған антеннаның биіктігімен анықталады. Осы радиус жүйелік инженермен бақыланады. Сондықтан жүйелік инженердің енгізуімен  жиіліктерді қайта пайдаланудың арқасында  қанша  радиоарналарды немесе «тізбектерді» құруға  болатыны шешілді.

         Ұялы жүйенің басты қасиеті ұяларды ұсақтау болып табылады. Үлкен өлшемді ұяларды  ұсақтаудың арқасында  уақытша кіші радиусты ұяларды түрлендіруге болады.

         Ұялық архитектураның негізгі қасиеттері мынадай:

-         шағын қуатты таратқыштар және қаптаудың ықшам аумақтары;

-         жиіліктерді қайталап пайдалану;

-         сыйымдылықты үлкейту үшін ұяларды ұсақтау;

Сонымен ұялы радиобайланыс өзінен радиотелефондық желіні құрудың әдісін іске асыруды білдіреді. Ұялы байланыс бұрынғы технологияны ұйымдастыру үшін оның жаңа  өзегі болып табылады.

         Ұялы жылжымалы байланыстың коммерциялық пайдаланылуы 1983 ж. енгізілген.  Ұялы радиобайланыс AMPS (Advanced Mobil Phone Service) үшін АҚШ  аналогты  стандарт HCMTS шықты.

При коммутации кадров используются кадров сетей Ethernet, Token Ring и т.д. Кадр при поступлении в сеть обрабатывается первым коммутатором на его пути. Под термином обработка понимается вся совокупность действий, производимых коммутатором для определения своего выходного порта, на который необходимо направить данный кадр. После обработки он передается далее по сети следующему коммутатору или непосредственно получателю.

 

3-нұсқа

         INTERNET-пен байланысу

  

INTERNET-тің бар мүмкіндігін, мұнда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

INTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNETке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

-         тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);

-         қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

-         пошталық байланыстар.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс-мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/Internet Protocol – тасымалдауды басқару хаттамасы/интержелі хаттамасы) түрде болады, бұл INTERNET-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұрады. Мұндай байланыс белгіленген немесе тұрақты тікелей байланыс түрі деп аталады.

Белгіленген немесе тұрақты байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер компания осындай мекемеде маршрутизатор орнатып, маршрутизаторды INTERNET-ке қызмет ететін компьютермен қосатын телефон арнасын жалдап алады. Телефон арнасы мен INTERNET арасындағы байланыс тұрақты, сондықтан провайдер компанияның компьютерімен байланысу үшін  телефон шалу қажет емес, жалпы желіге әрбір адам өз компьютерінен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET арқылы мәлімет жібере алады.

Пошталық байланыс. Internet-пен қосыла алатын бірнеше пошталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып келген компьютерлер бірден Internet-пен пошталық байланысқа кіре алады. Олар өз поштасын Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде пошта адресі алдына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әртүрлі тақырыптардағы пікір-сайысқа қатысу үшін LISTSERVE жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді пошталық байланыстар желілік шлюздер деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

Электрондық пошта жүйесі:

қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;

·        тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;

·        жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.

Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиыны.

Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.

         Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін бағдарламалар тобы. Поштаны нақты тұлға қолданады.

 

Коммутационный элемент является основной частью коммутатора. На порту информация поступившей ячейки анализируется, и ячейка затем направляется на определенный выход. Обычно коммутационный элемент состоит из взаимосвязной сети, выходного контроллера (IC) для каждой входящей линии и выходного контроллера (ОС) для каждой исходящей линии

 

         4-нұсқа

Gigabit Ethernet технологиясының өріс алуы

 

Жұмыс стансаларының өсуіне байланысты, пайдаланушыларға қолайлы және жаңа форматтарда қолданатын мультимедия, бейне, intranets және Internet  секілді қосымшаларына енуі үшін үлкен өткізу жылдамдығы қажет болды. Желіде пайдаланушылардың өсіп келе жатқандығы және олардың  қажеттіліктерін қамтамасыз етуде «жеткілікті өткізу мүмкіндігі» ортақ мәселе болып отыр.

Оның шешімі айдан анық: желілік инфрақұрылымның өнімділігі өсіп келе жатқан жұмыс стансалардың мүмкіндіктеріне эквивалентті болу керек. Осыған байланысты, трафиктің қиындай түскен  шиелінісін азайту және тар жерлерді жою үшін жоғары жылдамдықты қосуларды жетілдіру арқылы есептеуші желілерді пайдаланатын адамдардың өнімділігін жоғарлату мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, жаңа шешімдер, желілік инфрақұрылымның инвеститцияларын сақтап қалу үшін олар қазіргі кезде пайдаланып жүрген технологиялармен байланысты болуы керек. Осыған және басқада себептерге байланысты жоғары жылдамдықты жергілікті  есептеуші желілер үшін өндірістік стандарт ретінде Gigabit Ethernet өмірге келді.

Өзінің өніміне байланысты Intel корпорациясының стратегиясы тұтынушыларға фокусталған: пайдаланушыларды жақсы, өте жылдам, аса өнімді ақпараттық ресурстар енімімен қамтамасыз етеді. Gigabit Ethernet  технологиясына қатысты жаңа өнімдер шығаруды Intel корпорациясы өз мойнына алды, ол желінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Intel корпорациясы желілік технология саласында өз үлесін қосуда және де желілік инфрақұрылым үшін көлемі және сапасы бойынша керекті өнімдерді жетілдіруде.

Gigabit Ethernet толығымен Ethernet және Fast Ethernet – пен байланысты. Бастапқы Ethernet  спецификациясы фрейм форматын және SCMA/CD хаттамасын қолдаушы, ағындарды басқарушы және нысандарды басқарушы тотолық дуплекс ретінде IEEE 802.3 стандартпен анықталған болатын. Gigabit Ethernet -  те осы спецификациялардың бәрін қолдайды.

 

Развитие экономики требует непрерывного ускорения научно-технического прогресса во всех отраслях хозяйства, повышения производительности труда, совершенствования методов управления хозяйством, дальнейшего повышения образовательного и культурного уровня. Решение этих задач немыслимо без разветвленных и технически совершенных систем передачи информации (СПИ).

 

5-нұсқа

         Телефон желілеріне қойылатын талаптар

 

         Телефондық желіге қойылатын талаптар бір жағынан ТБЛ мен КТТ-ға қойылатын негізгі талаптармен анықталады. Оның үстіне телефондық желі жер бетінің белгілі бір бөлігін қамтитынын еске алсақ, онда осы ауданда болатын ТБЛ мен КТТ саны да біршама болатынын ескеру қажет. Міне осындай жағдайларды және телефондық электробайланысындағы желіге қойылатын талаптарды арқау ете отырып, телефондық желілерге мынадай талаптар қойылады:

1.     Қамтитын территорияда тек керекті ТБЛ уақытша жалғастыру.

2.     Қамтитын территорияда керекті ТБЛ-ын аз уақытша жалғастыру.

3.     Қамтитын территорияда құрылатын телефондық беру тізбегінің телефондық сигналдарға жалғастырғыш, жалғасу сигналдарына енгізетін бұрмалануларының аз өшуінің болуы.

4.     Белгілі бір мөлшердегі уақыт ішінде ақаусыз жұмыс істеу.

5.     Қамтитын территорияда құрылатын телефондық тізбекті немесе телефондық беру тізбегін аз шығынмен құру.

         Әрине, қойылған талаптар іс жүзінде әртүрлі деңгейде орындалады. Сол себептен техникада, оған қойылатын талаптардың орындалу деңгейін сипаттайтын басты терминдер бар. Олар мыналар:

1. Телефондық желінің сапасы – телефондық желі қамтитын жері көлемінде құрылатын телефондық тізбектің, яғни көлемінде құрылатын телефондық тізбекті сигналдарға (телефондық жалғастырушы, жалғасу) енгізілетін бұрмаланды сипаттайтын термин.

1.     Телефондық желінің беріктігі – берілген сапалы телефондық желінің белгілі бір мөлшердегі уақыт ішінде ақаусыз жұмыс істеуін сипаттайтын термин.

2.     Телефондық желінің шығындылығы – берілген сапалы, беріктікті телефондық желіні ойластыруға, түзуге, жобалауға, құрауға кететін шығындар деңгейін сипаттайтын термин.

         Телефондық желінің сапасы мен беріктігі неғұрлым жоғары болып, шығындылығы неғұрлым төмен болған сайын, соғұрлым телефондық желі тиімді болады. Қазіргі кезде Қазақстан жерінде қолданылатын телефондық желілердің иелері әртүрлі. Әлбетте, телефондық желінің әрбір иесі өз қажеттіліктерін өтеуін немесе талаптарының орындалуын әртүрлі деңгейде орындайды. Осыған орай жоғарыда келтірілген үш термин әртүрлі атаумен  аталады  немесе жазылады. Мысалы, жоғары сапалы, орта сапалы, сапасы төмен тағы с.с. Осы терминдер арқылы біз әрбір нақты телефон желісіне сөздік, яғни сапалық баға береміз. Әрбір сапалы баға, сәйкес сандық бағамен анықталады.

Велика роль систем передачи информации в научных исследованиях, в частности, в изучении и освоении космического пространства. Радиотехническая СПИ является одной из основных в любом космическом аппарате. Она служит для передачи команд управления, телеметрической информации, визуальной информации из космоса и т.п.

 

         6-нұсқа

Телекамуникация тораптарын қорғау

 

Кәбілдік\шексымдық және әуе байланысы, сондай-ақ радиоландыру желілерінің трассаларында мынандай қорғау аумақтары белгіленеді:

-         жер асты кәбілі\шексымы және әуе байланысы, сондай-ақ радиоландыру желілері үшін – жер асты кәбіл/шексым трассасының және әуе байланысы желісінің шекті сымдарының әрбір жағынан 2 метр қашықтықта жүргізілетін оларға параллель сызықтармен шектелетін жер учаскісі ретінде;

-         кәбілдік\шексымдық байланыс желілерін күтілмейтін жер асты және жер үсті күшейткіш пунктері үшін – күшейткіш пунктерінен немесе олардың төмпешіктерінің және олардың жабдықтарын  жерге қосу контур учаскаларының шекараларынан 3 м қашықтықты қамтып қоршалатын тұйық сызық ретінде;

-         қалалардан тыс жерлерде жер асты байланыс кәбілі\шексымы желілерінің трассасының бағдар көрсеткіші болып табылатын өлшеу бағаларына қойылады. Қалалар ішінде жер асты байланыс кәбілі/шексым желілерінің трассасы техникалық құжаттар бойынша анықталады.

-         Теңіз асты кәбіл\шексым желілері үшін – трассаның екі жағынан 0,4 км арқылы теңіз табаны мен оның айдынының беті аралығында тұрғызылатын параллель жазықтықтар аралығындағы кеңестік ретінде; (кемелер жүретін сал жүргізілетін өзендер, көлдер, су қоймалары)

-         арналар арқылы өткізілетін байланыс кәбілдері\шексымдары үшін – трассаның әрбір жағынан 100 м қашықтықта тұрғызылатын паралель жазықтықтармен шектелетін кеңестік ретінде;

-         Теңіздер кеме жүретін және сал жүргізетін өзендер, көлдер, су қоймалары және арналары арқылы жүргізілетін кәбілдік\шексымдық байланыс желілері трассаларының қорғау аймағы ретінде кәбілдердің\шексымдардың енгізілетін \шығарылатын жағалауларында сигналдық белгілер арқылы көрсетіледі.

 

Теоретические основы радиосвязи были разработаны английским ученым Д. К. Максвеллом. В 1873 г. он опубликовал двухтомный труд «Трактат об электричестве и магнетизме», где сформулировал свои выводы в виде 12 уравнений. Из этих уравнений следовало, что любой проводник с переменным током излучает в пространство электромагнитные волны, которые распространяются со скоростью света.

 

7-нұсқа

EDACS жүйесіндегі шақырулар 

 

Топтық шақыру – жүйедегі шақырудың негізгі түрі. Топтық шақыру толық ұйым немесе филиал деңгейінде іске асырылады. Жүйе абонентінің топтық шақырулары тек өзі мүше болатын топпен байланысу үшін қолданылады. Сонымен бірге, абонентке бірнеше басқа топтардағы  (15-ке дейін) шақыруларды тыңдау мүмкіндігі, оның ішінде филиал немесе ұйымнан тысқары берілуі мүмкін. Сол арқылы көпдеңгейлі немесе параллелді шақырулар қамтамасыз етіледі. Шақыруды жіберу үшін абонентке тангентаны басу жеткілікті. Диспетчер пультінен осы пульт арқылы  басқарылатын кез келген топты шақыруға болдады. Диспетчердің қызмет етілетін топтардағы алмасуды тыңдау мүмкіндігі бар.

Жеке шақыру – жеке сөйлесуді қамтамасыз ететін шақырудың артық түрлері. Бұл шақыру байланысатын  абоненттер кіретін топ мүшелерімен де, диспетчермен де тыңдалмайды.  Жеке шақыру “әрқайсысы әрқайсысымен” сұлбасы бойынша байланысуды қарастырады. Ол санды пернетақтамен жабдықталған радиостансадан шақырушы абоненттің идентификациялық нөмірін теру арқылы жіберілуі мүмкін. Көпзоналы\көпаймақты жүйеде автоматты шақырудың маршрутталуы атқарушы абоненттің нөмірін теру қажет емес, тек онымен байланысу үшін тангентаны басып, оны шақыру түскеннен кейін бірнеше уақыт басып тұру керек.

Жедел шақыру–жоғары басымдықты топтық шақыру. Мұндай шақыруды кез келген абонент жіберуі мүмкін, тек бұл үшін радиостансада арнайы кнопканы басу қажет. Жедел шақыру жүйе бос болмаған кезде де берілуі мүмкін, сонда шақырушы абонентке қатысты топтың ағынды сөйлесулерін үзеді.

Бірнеше топтармен  біруақытылы байланысу (Simulselect) – тек диспетчер жүзеге асыратын шақыру түрі. Бір жиілікті арнаны қолдану арқылы бірнеше абоненттер тобына біруақытылы хабарламаны беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл кезде топ мүшелерінің жауаптары тек өздерінің топтары шегінде естіледі. Бұл шақыру түрі екі және одан жоғары деңгей жүйелерінде қарастырылған.

Мәртебелі шақыру – тривиалды сөздік алмасуды алмастыратын санды формаланған хабарламаларды абоненттен диспетчерге беру үшін арналған. (“Сізді түсіндім”, “қайталаңыз” және т.б.) хабарламаның ақпаратты мазмұны график арналарының ретрансляторларын жүктемей, басқару арнасымен шақырушы пакет құрамында беріледі. Мәртебелі шақыруды жіберу үшін абонент радиостансадағы алдын-ала бағдарламаланған  кнопканы басу керек. Бұл шақыру түрі үш және одан жоғары деңгейлі жүйелерде қарастырылған.

    

В 1887 г. немецкий физик Г. Герц экспериментально показал существование электромагнитных волн. Прошло еще восемь лет, и электромагнитные волны были поставлены на службу человеку. Это сделали А. С. Попов и Г. Маркони. Следующим этапом в развитии радиосвязи является переход от радиотелеграфии к радиотелефонии. Бурное развитие радиотелефонии началось с появлением электронной вакуумной лампы. С ее изобретением появилась возможность генерировать и усиливать высокочастотные электрические колебания.

 

8-нұсқа

ТОТЖ-де DWDМ технологияларын пайдалану

 

Талшықты-оптикалық тарату жүйесінде DWDМ технологияларын пайдалану тарихы 1966 жылдан басталады. Алғашында спектралді тығыздау қосымша кәбілді\шексымды тартусыз өткізу қабілетін арттыру қажеттілігінен туған жергілікті желілердің бөлек ірі фрагменттерін байланыстыратын ұзын қашықтықта ТОБЖ-де пайдаланылды. Кейін ақпаратты қызмет көрсету саласындағы сұраныстардың өсуімен және осыған байланысты жергілікті желілердегі ақаулықтардың пайда болуымен DWDМ технологиялары жергілікті  желілердің басқа деңгейлерінде де қолданыла бастады. Нақты айтқанда, қазіргі кезде шетелде DWDМ технологиялары қала ішіндегі жергілікті желілерде кең қолданыла бастады. Intemet Protocol пайдаланатын мәліметті таратуды іске асыратын талшықты-оптикалық желілерде DWDМ технологияларын пайдаланудың үлкен болашағы бар. Қазіргі белгілі оптикалық ажырап-қосқыштарға байланысты жұмыстармен қатар DWDМ технологияларын байланыс саласына енгізу ақпарат алмасуды арзандатты және мәлімет таратудың толық оптикалық желілерін, сонымен қатар Internet желілерін жасауға мүмкіндік берді. Пайдаланушы үшін бағаның арзандауы ақырында бұл үрдістің тиімділігін арттырды. Бүгінгі таңда DWDМ технологиялары жылдам және баға тұрғысынан алғанда талшықты-оптикалық тарату жүйесінің өткізу қабілетін арттырудың ең тиімді амалы болып табылады.

Алайда, кең жолақты оптикалық желілерді жасаудың неғұрлым тиімді әдісі бұл – бір уақытта уақыттық және спектрлік тығыздау. Осы жағдайда ТDМ технологиясын қолдану бөлек спектралді сигналдарды тасымалдауды оптимизацияласа, WDМ технологиясы осы арналарды өткізу жолағында тиімді таратуды қамтамасыз етеді. DWDМ сияқты технологиялардың дамуы тағы екі мәселені шешуді талап етеді. Біріншіден, осындай жүйелердің сипаттамаларын өлшеу және бақылау тәсілдерін ойластыру қажет, сондай-ақ осы өлшеулерді жүргізуге керекті құралдарды жасау керек. Қазіргі уақытта осындай өлшеулерді жүргізетін құрал ретінде берілген толқын ұзындығында жұмыс істейтін - 1,3 мкм немесе 1,5 мкм, ауыспалы блокқа тәуелді рефлектометр пайдаланылады. Бұл құрылғы ТDМ мультиплексирлеуді пайдаланатын ТОБЖ-да және жергілікті желілерде өлшеудің көптеген есептерін шешеді. Алайда, спектралді арна бір-бірінен жақын орналасатын (не шамалас) көп арналы DWDМ жүйелерін жасағанда параметрлерді бақылау қиынға түседі. Зондтаудың толқын ұзындығын өзгертуге болатын жаңа рефлектометрлерді ойлап табу қажет немесе DWDМ жүйелерінің спектралді интервалда сигналдардың өтуін зерттеудің жаңа әдістерін пайдалану керек. Осыдан басқа, сәйкесті оптикалық ажыратып - қосқыштарды, маршрутизаторларды, мультиплексорларды, күшейткіштерді кіріс-шығыс құрылғыларын бақылау құралдары қажет.

         Передача сообщений осуществляется с помощью проводных, кабельных, волноводных линий или в свободном пространстве. Естественно, что для передачи сигналов целесообразно использовать те физические процессы, которые имеют свойство пере­мещаться. К числу таких процессов относятся применяемые в радиотехнике электромагнитные колебания — радиоволны

 

9-нұсқа

Көпарналы байланыс жүйесі

 

1915 жылдан бастап көпарналы байланыс жүйесі  қарқынды дамып келеді.

         1922 ж. Бологое  қаласында бірінші телефонды транслятор жүйесі Петроград пен Мәскеу арасында қосылды. Осы жылы қашықтықты өсіре отырып, магистралды телефонды үлкен қашықтықтағы Мәскеу-Тблиси, Мәскеу-Магнитогорск т.б. арасында жүйелі байланыс орнатылды.

         1930 ж. өзіміздің отандық үш арналы аппарат пайдалануға берілді.

         1940 ж. 12 арналы беру жүйесі қолдануға беріле бастады. Ол түрлі-түсті металдан жасалынған, әуе арқылы жұмыс жасайды.

         Ұлы Отан соғысынан кейін байланыс техникасы өте жоғары қарқынмен өсе бастады. Сол жылдары симметриялы кәбілмен\шексыммен жұмыс  жасайтын отандық  К-12, К-24, К-24-2, К-60 аппараттары жасалынып шыға бастады, Коаксиалды кәбілмен\шексыммен жұмыс жасайтын аппараттар да сол жылдары шығарылды. Олар: К-120,  К-300, К-1920, К-3600, К-5400, К-10800 аппараттары.

         1960ж. арнаны уақытпен бөлу аппараттары  ойластырылып түзіле бастады (ЦСП с ВРК) 1970ж. Талшықты-оптикалық тарату жүйесінің ТОТЖ жобасы түзіліп ойластырылды. 1980жылы бірінші  ТОТЖ (ВОСП) пайда болды.

         Қазіргі кезде жергілікті (қалалық) байланыстарды ТОБЖ ИКМ-120-4/5, ИКМ-480-5 (Сопка 2),  ал магистралдық және аймақтық желілерде  “Сопка 2“ 3,4,5 және “Соната” аппараттары қолданылады.

Байланыстың автоматтандырылған желісі екіге бөлінеді: бірінші дәрежелі автоматтандырылған байланыс желісі, екінші дәрежелі автоматтандырылған байланыс желісі

Бірінші дәрежелі автоматтандырылған  байланыс желісі төмендегідей жиынтықты қамтиды:

- желілік түйіндер шоғыры;

- стансалар;

- типтік арналар желісі, трактілер.

         Екінші дәрежелі автоматтандырылған байланыс  желісі – бұл ақпараттың нақты жүйелер желісі (АК, дискретті ақпараттарды тарату, желі және жүйелер т.с.с.). Бірінші дәрежедегі желі өз кезегінде, магистралдық және халықаралық болып екіге бөлінеді.

Магистралды желі қашықтығы 12500 км ұзындықты қамтамасыз етеді, ал зоналық 600 км және жергілікті (ауылдық) желі ұзындығы 100 км-ге дейін жетеді. Бірінші дәрежелі желі үшін бағыттауыш жүйелер ретінде байланыстың симметриялық және коаксиалдық кәбілдері\шексымдары, оптикалық кәбіл, әуелік және радиорелелі линия РРЛ кең қолданылады. Қазіргі кезде магистралды желілерде арналарды жиілікпен бөлу үшін ыңғайлы көпарналы жүйелер қолданылады. Қазір осы жүйелердің арналарын уақытпен бөлінетін цифрлы тарату жүйелері ығыстыра бастады.

         Жергілікті және аймақ ішіндік желілерде арнаны уақытпен бөлу жүйелері басым, ал магистралды желілерде әзірше арнаны жиілікпен бөлуде аналогты аппараттар қолданылады, себебі арнаны уақытпен бөлу аппараттары жиіліктердің кең ауқымын қажет етеді.

        

         Любой физический процесс, используемый в качестве агента (посредника, переносчика) для передачи информации должен обладать свойством, принимать всю совокупность состояний, по которым можно было бы однозначно установить соответствующее состояние объекта или процесса, являющегося источником информации. Для этого радиоволны подвергают модуляции. Процесс модуляции заключается в том, что высокочастотное колебание, способное распространяться на большие расстояния, наделяется признака­ми, характеризующими полезное сообщение.

 

10- нұсқа

Технологиялық радиожелі

        

Технологиялық радиожелі – өндірістік операциялар мен технологиялық процестерді басқаруға арналған қарапайым және мамандандырылған радиокомплекстер, олар өздері қызмет көрсететін өндіріс орнының жеке меншігі болып табылады. Технологиялық радиожелі күрделі және қауіпті операцияларды орындауда, қатерлі ортамен, денсаулыққа қауіпті электромагниттік өрістермен, кернеулермен жұмыс істеу кезінде адамдарды алмастыруда қолданылады. Технологиялық радиожелі мысалы: бұрғылау қондырғылары, порттағы жүктеушілердің механикаландырылған бригадалары т.с.с.

Жеке радиошақыру жүйелері қозғалыстағы абоненттерге радиошақыру сигналдарын тарату үшін пайдаланылады. Радиотелефон арнаны қоспағанда бір жақты әсер ететін жүйе. Радиобайланыстың әдетті жабдықтарына қатысты жеке радиошақыру жүйелерінің артықшылықтары:

а) хабардың қысқа уақыттылығының (шақыру ұзақтығы бірнеше секунд) әсерінен радиожиілікті спектрдің тиімді қолданылуы;

ә) шақыру сигналының бір жақты таралуы;

б) үлкен аймақтағы жоғары тиімді антенналы жүйе мен ДУ әсерінен аз қуатты базалық таратқыштың жүзеге асырылуы;

в) абоненттік шақыру құрылығысының аз өлшемді, салмақты, қорек етуі бойынша үнемді болуы;

г) абоненттік шақыру құрылғысы өткізу жолағының тарлығы мен жоғарғы сенімділігі, сонымен қатар құрылымы мен сұлбасының қарапайымдылығы әсерінен электрлік және акустикалық бөгеуілдірге қатысты жоғарғы бөгеуілді шыдамдылыққа ие болды.                                        Кемшіліктері: жүйенің ақпаратты арнасының болмауы, шақырылатын және шақырушы абоненттер арасында хабар алмасуда басқа жүйелердегі кез келген арнаның қолданылуы.                                                                                            Апаттық радиобайланыс жүйелері – апат сигналын радиотелефондар, радиотелеграфтар арқылы немесе автоматты таратуға арналған жалпы қолданыстағы радиожелі немесе арнайы телекомплекстер

         Мәліметті таратудағы радиожелілер - әртүрлі радиоабоненттерге дискретті ақпаратты таратуға арнайы радиокомплекстер немесе дискретті ақпаратпен қатар басқа түрдегі ақпаратты таратуға арналған комбинацияланған радиокомплекстер. Арнайы радиокомплекстер ауқымы-қысқа толқындар. 

Гектометровые волны получили широкое применение в радиовещании. Основным преимуществом связи на этих волнах является устойчивость приема, недостатком— трудность обеспечения большой дальности действия. Поэтому на таких волнах осуществляется преимущественно местное радиовещание в зоне с радиусом в несколько сотен километров. Лишь небольшое число сверхмощных гектометровых радиостанций обслуживает большие районы. В странах СНГ, имевших огромную территорию, существовали наиболее мощные в мире радиовещательные станции этого диапазона.

 

11- нұсқа

Аймақтық – таратылатын желілер. Интернет

 

Аймақтық – таратылатын желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында  атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе  жоғары  жылдамдықты цифрлы  желі  арналарын  ортақ пайдалануға арналған кешендік  қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын  байланыстың телефон арналары қолданылады.

Модем немесе  алыста  орналасқан сервер көмегімен  жүзеге асатын  аймақтық – тармақталған желілер  функциясын  жергілікті  желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация  технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

-         электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

-         интернетпен байланысу.

   Интернет  дегеніміз – дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір – бірімен байланыстыратын мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең  ауқымды байланыс түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде  күннен күнге  елеулі рөл атқарып келеді.

    Қазіргі кезде Интернеттің  ең негізгі функцияларына  электрондық пошта қызметі мен  мамандықтары бір немесе  ортақ мәселемен айналысатын топтардың  немесе  зерттеушілердің бір – бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.

     Интернет күннен күнге қуатты екпін алып, оған көптеген  компаниялар мен  фирмалар  және қарапайым  тұтынушылар  үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың  жабдықтаушылары және тұтынушылары  арасындағы  байланыс дәнекері  рөлін атқаратын осы  Интернет желісі  болып табылады. Қазіргі кезде  мекемелер және  әрбір жеке отбасы үшін  атқарылатын қашықтан оқыту  жүйелері, қашықтан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді  мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты алыстан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылып отыр.

         Кез келген  компьютерлік желі жұмысы  топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

 

         Главные преимущества декаметровых волн — возможность обеспечения большой дальности действия при относительно малой мощности передатчика и возможность осуществления направленного излучения. Основным недостатком связи на этих волнах является колебание уровня принимаемого сигнала (замирание), часто сопровождающееся сильными искажениями передачи при сложной структуре сигнала, состоящего из большого числа компонентов с различными частотами.

 

12- нұсқа

DWDМ жабдықтаудың негізгі түйіндері. CWDM технологиясы

 

Трафик көлемінің байланыс операторларына қарағанда жылдам ұлғаюына байланысты қалалық көліктік желілердің модернизациялануы туралы мәселе де өзекті болуда. Талшықты-оптикалық желілердің өткізу қабілеттілігін екі негізгі әдіспен ұлғайтуға болады: SТМ сигналының деңгейін көтеру арқылы немесе тығыз толқын өткізгішті мультеплексирлеу технологиясын енгізу арқылы (Dense Wavelength Division Mиltiplexing - DWDM). Бұл технология талшықтың жіберу жолағын спектралді түрде бірнеше оптикалық арнаға бөлуге негізделген. Сонымен бір жұп талшықта параллелді түрде тәуелсіз бірнеше арналар таралады (әрқайсысы өзінің толқын ұзындығында), ал бұл тарату жүйесінің өткізу қабілеттілігін арттырады. Көптеген алдыңғы қатарлы өндірушілерде DWDМ-жабдықтауы бар, ал ол С-ауқымында (1530-1565 нм) 40 оптикалық арнаға дейін мультеплексирлеуге мүмкіндік береді. Мұндағы бір арнаның ені 100 ГГц немесе 50 ГГц ені кезінде 80 оптикалық арнаға дейін барады. Мұндай жағдайда бір арнаның жоғарғы сыйымдылығы 10 Гбит/с-ке тең (STM-64 деңгейі). L диапазонында\ауқымында (1570-1605 нм) оптикалық арналардың жоғарғы саны ені 50 ГГц кезінде 160-қа дейін жетеді.

Қазіргі таңда нарықта принципиалды жаңа солитонды DWDМ-жүйелері пайда болды, олар арналардың өткізу қабілеттілігін және тарату қашықтығын елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Оптикалық солитонның негізгі қасиеті – оптикалық импульсті дисперсиялық жайылусыз тарату мүмкіндігі.

Солитон – бұл қарқындылығы (интенсивтілігі) бойынша модуляцияланған оптикалық импульс, ол спектралді құрамалар арасындағы сызықсыз өзара әрекеттесу нәтижесінде оптикалық сигналдың талшық бойымен таралуына қарай пішінін өзгеріссіз сақтайды. Сызықты орталарда спектралді құрамалар өзара әрекеттеспейді, ал бұл сигналдың дисперсиялық жайылуына әкеледі. Энергияның қайта бөлінуінің сызықсыз әсерін есепке алсақ, сигналдың дисперсиялық жайылуын болдырмауға болады. Бұл технология STM-256 (40 Гбит/с) сигналын үлкен қашықтыққа тарату үшін аса перспективті. Алайда солитондық технологиялар оптикалық кәбілдерге\шексымдарға белгілі бір талаптар жүктейді, ал бұл олардың қазіргі желілерде толығымен ауыстырылуына әкелуі мүмкін.

DWDM жабдықтауының төрт негізгі түйінін бөліп көрсетуге болады: оптикалық терминалдық мультиплексор (Optical Terminal Mu1tiplexer­ОТМ), регенератор (Regenerator - REG), оптикалық күшейткіш (Optical Line Amplifier - OLA), оптикалық кіріс-шығыс мультиплексоры (Optical Add Drop Multiplexer ­OADM).     

Большой экспериментальный материал по распространению декаметровых волн позволил установить оптимальные длины волн для различных часов суток и времени года, что открыло путь широкому развитию коротковолнового радиовещания. В настоящее время декаметровые волны широко применяются также в радиотелеграфии на магистральных линиях связи, в морской и авиационной радионавигации.

 

13-нұсқа

WORLD WIDE WEB

 

         Internet ішінен керекті мәліметті іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өтейік.

         World Wide Web (WWW не Web), яғни «дүниежүзілік өрмек» информация іздеп, бүкіл дүние жүзіне «электрондық саяхат» жасайтын гипертексттік жүйе болып табылады. WWW қазіргі кездегі әртүрлі мәлімет алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде есептелінеді. Интернеттің  қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.

          Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер арқылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты ақпаратты қарап шығасыз, сол ақпарат ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып көре бересіз, бірақ, қажет болса, кейін оралуыңыз қиын емес.

         WWW  жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гипертекст деген не? Егер сізWindows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипертекст мысалы бола алады. Гипертекстік құжат бір ұғымнан екінші ұғымға текстік байланыс арқылы (мазмұн арқылы) тез көшуді қамтамассыз етеді (links). Бір мәтінді бастан аяқ оқудан гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып, сонан кейін сол бөлікпен байланысты басқа ұғымдарға жылдам көше аласыз. Бұлай жылжу белгіленген мәтін фрагментіне курсорды алып барып тінтуірді сырт еткізу арқылы орындалып отырады.

Web  жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін компания жасап қойған арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысатын жол бар. Оны іске қосу үшін www немесе  lynx сөздерін енгізу керек.

Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипртекстік файлдарда мәлімет іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer-мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-біріне ұқсас болады.

Сонымен FTP-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз, желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті мәліметтер тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз. Internet Explorer немесе Navigator іске қосылса, браузер автоматты түрде, сіз араласпай-ақ, «өз» серверімен байланыс орната береді. Ал, егер де Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз, онда бірден Microsoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыныңыз есіңізде болсын, оған мынадай мәлімет енгізілсе,

   http://www.home.microsoft.com/int/ru Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрізді жасалып, олар «Спорт», «Компьютерлер», «Ойындар» сияқты айдарларға жіктелген. Каталогтан өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Web-тегі түйінді сөздер тізімінен іздеуді бастауға болады.

 

Преобразование исходного сообщения в электрический сигнал и кодирование. При передаче речи и музыки такое преобразование осуществляется с помощью микрофона, при передаче изображений (телевидение) — с помощью передающих трубок (например, суперортикона). При передаче письменного сообщения (радиотелеграфия) сначала осуществляют кодирование, заключающееся в том , что каждая буква текста заменяется комбинацией стандартных символов (например, точек, тире и пауз в коде Морзе), которые затем преобразуют в стандартные электрические сигналы (например, импуль­сы разной длительности или разной полярности).

 

14-нұсқа

Байқоңыр ғарыш айлағының қоршаған ортамызға келтіретін зардабы

        

         Ғарышты игеру кезеңі болған соңғы 50 жылдың ішінде Байқоңырдан көнелеу  «Востоктан» бастап, буырқанған «Боранға» дейінгі мыңдаған зымырандар ұшырылды. Кез келген ғарыш көлігін орбитаға шығаруға ең кемі екі қозғалтқыш пайдаланылады. Ғарыштық техника тілінде оларды сәре қозғалтқышы (стартовый двигатель), жөңку қозғалтқышы (маршевый двигатель) немесе 1-ші саты, 2-ші саты  деп атайды. Жердің тарту күшін жеңіп беретін осы бірінші сатының қуаты ядролық жарылыстан кем түспейді, пайдаланатын отынның құрамы  да күрделі. Өз міндетін атқарғаннан кейін сәре қозғалтқыштары ғарыш кемесінен бөлініп, жерге құлайды.

         Зымырантасығыш сынақтары тек бір ғана Қызылорда емес, сонымен қатар Қостанай, Қарағанды, Астана, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аймақтарына түсіп жатқаны белгілі. 4 млн. 14 мың 570 га жерді қамтитын аймақ тұрғындарының денсаулығы соңғы кезде күрт нашарлай бастаған. Кеңестер Одағында екі бірдей зымыран ұшыру айлағы (Плисецк, Капустин Яр) бар болса, тағы бірі 1955 жылы құрылған Байқоңыр екі жылдан кейін, яғни 1957 жылдың 4 қарашасында жердің жасанды жерсерігін ғарышқа аттандырды. Содан бері Байқоңыр ғарыш айлағынан 1200 зымырантасығыш ұшырылыпты. Соның арқасында 1300 ге жуық аппарат ғарышқа шығарылған. Жалпы Байқоңыр әлемдегі ең мүмкіндігі мол ғарыш айлағы болып есептеледі. Оның ғарышқа жүк жөнелту қуаты жылына 1500 тонна болса, АҚШ-тың Канавералының шамасы бар- жоғы 653 тоннаға жетеді екен.

Соңғы жылдардағы Ресей зымырандарының жарылысқа ұшырауы экологиялық мәселені бірінші кезекке шығарып отыр. Бұған дейін де 70-ке тарта зымыран тасығыштардың апатқа ұшырағаны анықталды. Өкінішке орай, оның қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізіп отырған орасан зор зияны толық дәлелденесе де, оған қарсы нәтижелі шаралар қолданылып жатқан жоқ. Қазақстан тарапынан халық қалаулыларының гептилмен ұшыратылатын зымыранға тиым салу ұсыныстары «Росавиакосмос» кәсіпорны тарапынан қарсылыққа ұшырады.

         Ал ҚазҰУ-нің физикалық-химиялық орталағының ғылыми жетекшісі, профессор, техника ғылымдарының доктары Михаил Наурызбаевтың дәйектеріне қарағанда, Ресейдің Плисецк және Капустин Яр ғарыш айлақтырынан ұшырылған зымырандардан 250 тонна гептил төгілсе, Байқоңырдан 1957 жылдан бері ұшырылған 2000 зымыраннан төгілген 2000 тоннаға дейін гептилдің топырақ құрамында барлығы анықталды. Ғарыш кемелерінің негізгі отыны болып табылатын гептил (химиялық атауы нитрозодиметиламин) – айрықша сасық иісті, түссіз сұйық. Ол ауадағы оттегімен жылдам реакцияға түседі де, суда шексіз еритін тотықтардың түр-түрі пайда болады. Айналаға тез тарайды, жер бетінде де, топыраққа сіңгенде де өз қасиеттерін жоймай, ұзақ сақталады. Қауіптілігі жағынан бірінші дәрежелі ұлы заттардың қатарына жатады. Сондықтан адамға қатері орасан зор. Ойламаған жерден есіріп кету, тыныс тарылу, бұлшық еттердің тартылуы, орталық жүйке жүйесіндегі және қан қысымындағы ауытқулар, бауыр мен бүйректің бұзылуы сияқты аурулар гептилмен уланудың клиникалық белгілері болып табылады. Сол сияқты  нитрозодиметиламин ұрықты жатырда жатқанда – ақ ауруға шалдықтырады, адамдардың ұрпақ әкелу қабілетін төмендетеді. Қатерлі ісіктердің пайда болуына және жедел өсуіне әсерін тигізеді.  Мысалы, 1990 жылы Аманкелді ауылының тұрғыны Шаманова деген азаматшаның нәрестесі дүниеге аман-есен келгенімен, көп ұзамай көз жұмған. Сәби денесін тексере келгенде, оның жүрегінде 0,8-0,5 см-лік саңылаудың бар екендігі анықталған. Қарапайым адам жоғарыда келтірілген  ғалымның зерттеулерін ескере отырып, гептилдің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін есептей алады.

 

Высокочастотный генератор является источником колебаний несущей частоты. В зависимости от назначения радиоканала связи мощность колебаний изменяется от тысячных долей до миллионов ватт. Естественно, что конструктивные формы и размеры этих генераторов различны — от простейшего малогабаритного элемента до грандиозного технического сооружения.

                  

15-нұсқа

Интегралдық сұлбалар

        

Интегралдық сұлба-кремний кристалында бірден жинақталып жасалынатын көптеген электрондық аспаптардың жиынтығы. Негізгі мақсаты-электрондық сұлбалардың жұмыс сенімділігін арттыру.

         Электрондық құрылғылар небір күрделі қызметтер  атқара бастаған сайын оның элементтерінің саны да арта түсіп, олар ондап, мыңдап, тіпті миллиондап санала бастайды. Мысалы, соңғы шыққан P5 (Pentium) микропроцессордың «кеудесінде» 3,1 миллион транзистор бар екен! Күнделікті көріп отырған теледидарымызды небәрі жүздеген элемент бар десек, миллион элементі бар құрылғыны қалай орналастырып, қалай жасаймыз? Алатын орны, аумағы, салмағы қандай болады? Қанша энергия шығындалады, бағасы қанша? Осы мәселені қалай шешуге болады?...... Әрине оны азайтуға болады? Осыдан барып электрониканың жаңа бір саласы микроэлектроника туса  керек. Дегенмен, микроэлектрониканың, оның бір тармағы интегралдық сұлбаның алдына қойылған, бірінші кезекте шешіліп отырған негізі басқада! Оны төменде келтірілген мысалдың көмегімен түсіндіріп көрейік.

Айға ұшып барып қайтқан «Ай-16» әуе кемесінің бортында миллионға жуық радиоэлементтер болады. Жекеленген элементтің жұмыс атқару сенімділігі 106 сағатқа (шамамен 100 жылдан артық) жуық деп алсақ (яғни, әр элемент 100 жыл ішінде істен шықпай жұмыс атқара алады деп сенім білдірсек), 106 сағат сенімділігі дегеніміз миллион элементтің барлығы бірдей 106сағаттан кейін ғана істен шығады деген сөз емес. Ықтималдық сипаттама бойынша олардың біреуі ерте, біреуі кеш істен шығуы мүмкін. Сондықтан да электрондық жүйенің сенімділігін толығымен бағалау үшін (қарапайым түрде), әр элементтің сенімділігі бар элементтер санына бөлуіміз керек. Сонда алатынымыз 1 сағат. Бұл «Ай-16» кемесінің радиоэлектрондық жүйесінің жұмыс атқару сенімділігі 1 сағатқа тең деген сөз, яғни жеке дара транзисторлар мен диодтардан жинақталған электрондық қондырғы айға ұшып барып, қайтып келмек түгілі, жерден көтерілген соң 1 сағаттан кейін ақ істен шығуы мүмкін! Ал енді марс, шолпан жұлдыздарына сапар шегіп, Галлей кометасын айналып өтіп, оны суретке түсіріп жүрген «Венера», «Вега» кемелерінің қондырғылары қалай жұмыс істеп жүр? Олар одан да күрделі емес пе? Олардың бортында 107-108 элементтер болса ше? Олардың жұмыс атқару сенімділігі минуттар мен секунттарға түспей ме?

Айтылған ойды қорытындылай келгенде, үлкен электрондық жүйелерді жеке дара электрондық аспаптардан жинақтайтын болсақ, онда олардың жұмыс атқару қабілетілігі  күрт төмендеуі, тіпті жойылуы да мүмкін.  Жоғарыда айтылған әуе кемелерінің ғарыш кеңістігінде айлап-жылдап ұшып жүргені бәрімізге белгілі. Оның себебі микроэлектрониканың, интегралдық схеманың қасиетіне байланысты.

 

Антенна является необходимым элементом любого радиопередающего и радиоприемного устройства. Антенна радиопередатчика (передающая антенна) предназначена для преобразования тока высокой частоты в энергию излучаемых ею электромагнитных волн. Антенна радиоприемника (приемная антенна) предназначена для преобразования принятых ею электромагнитных волн в энергию тока высокой частоты. Характер процессов, происходящих в передающей и приемной антеннах, определяет обратимость их использования.

 

Тапсырмалары:

1. Мәтінді толық оқып шығып, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестеріне сөздік (30)  жазыңыз және оларды алфавит ретімен қойып аударыңыз.

2. Мәтінде кездесетін хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге ауыстырыңыз (10 мысал). (Телефондық желі дамуының негізгі кезеңдерін былайша топтастыруға болады. Сұраулы сөйлем-Телефондық желі дамуының негізгі кезеңдерін қалай  топтастыруға болады?)

3.    Мәтіннен термин сөздерді теріп,  олармен термин тіркестерін (10 мысал) құрастырыңыз. (радиотелефон: радиотелефон желісі, радиотелефон ауқымы)

4.      Мағынасына қарай мәтінді 3-4 бөлікке бөліңіз, олардың әрқайсысына мазмұнына сай ат қойыңыз.

5.      Мәтіндегі туынды сөздерді теріп жазып (10-мысал) аудырыңыз (түзет-кіш, магистраль-ды, оқшау-лап), олармен мәтіннен өзгеше ғылыми стильде шағын мәтін құрастырыңыз.

6.      Мәтіннің әр абзацына түрлендіріп бірнеше сұрақ қойыңыз (5 мысал).

7.      Мәтінді жазбаша аударыңыз.

8.      Мәтін соңында берілген сөйлемдерді аударыңыз

 

16-нұсқа

Телефон желісінің топтастырылуы

 

         Телефондық желі дегеніміз-белгілі бір жер көлемінде телефондық электробайланысын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін телефондық техника түрлерінің жиынтығы. Телефондық желі белгілі бір территорияны қамтиды, онда шеткі телефондық торап пен  қосқыш телефондық тораптар белгілі бір тәртіппен  жергілікті телефон тораптарына  қосылады.

Телефондық желі дамуының негізгі кезеңдерін былайша топтастыруға болады.

1878 жылы АҚШтың Нью-Хевен қаласында алғашқы жалпылай пайданылатын қалалық, кодтық, торапсыз телефондық желі пайданыла бастады.

1880 жылы Ресейдің Уфа губерниясының бірнеше заводтарында қолдық, кәсіпорындық, қалалық телефон желілері қолданыла бастады. 1882 жылы Ресейде жалпылай пайданылатын қалалық қолдық телефондық желі пайдалана бастады.

1883 жылы Ресейдегі теміржол транспортында бірінші ведомствалық телефон желісі пайданыла бастады.

1898 жылдан бастап  Ресейде магистралдық телефон желісі (Мәскеу-Петербор арасында)    пайда болды. Ал 1917 жылдың қарсаңында  магистралдық телефон желісіне  тағы да алты қала (Харьков, Төменгі Новгород, Дондағы Ростов, Новороссийск, Тибилиси, Баку) қосылды.

1899 жылы аудандық, 1910 жылы Аймақішілік  телефон желісі пайда болды.

1913 жылы Қазақстанда магистралдық телефон желісі пайданыла бастады.

1920 жылы Қазақстанда магистралдық телефон желісі қолданысқа берілді.

1949 жылы Ресейде алғашқы жартылай автоматтық магистралдық телефон желісі пайда болды. Бұл кездегі телефон желілері қолмен коммутацияланатын.

         Міне осылай біртіндеп телефондық желілер автоматтандырыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстандағы телефондық желілердің 90 пайызы толығымен автоматтандырылған.

         Телефония саласындағы ең жаңа технологияларды қолдану және заманауи телефон стансаларын пайдалану жоғары сапалы жергілікті, қалааралық, халықаралық байланысты және бір қатар қосымша қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.

 

         Обратимость антенн находит выражение не только в принципиальной возможности использования одной и той же антенны в качестве передающей или приемной, но и в том, что основные параметры антенны сохраняются при использовании ее как для передачи, так и для приема. Это имеет большое практическое значение. Так, многие передвижные радиостанции, радиостанции, предназначенные для связи, имеют общую антенну для передачи и для приема.

 

17-нұсқа

Порттарды топтастыру

 

         Қазіргі кезде байланыс арналарының жоғарғы сенімділігі мен өнімділігін арттыру үшін бірнеше хаттамалар мен функциялар орындалады. Соның ішінде көп тарғаны екі технология негізінде құралған коммутаторлар аралығындағы резервті байланыс.

         Порттарды топтастыру (Port Trunking) – бұл бірнеше физикалық арналарды бір логикалық магистралға топтастыру. Жоғарғы жылдамдықты арнада мәліметтерді беру үшін бірнеше порттарды топтастыру  қажет.

         STP хаттамасына қарағанда  (Spanning Tree-протокол покрыващего дерева) физикалық арналарды топтастыруды барлық артық байланыстар жұмыс жағдайында болады, ал жүктемені бөлу үшін олардың арасындағы трафик бірдей бөлінеді. Ол логикалық арнадағы бір байланыс желісі істен шықса, онда трафик қалған арналарға бірдей бөлініп беріледі.

         Топтастырылған арналарға қосылған порттар топ мүшесі болып саналады. Топтағы бір  порт «байланысшы» ретінде қызмет атқарады. Топтастырылған арнадағы барлық топ мүшелері бірдей режімде жұмыс істеулері қажет. Сондықтан топтағы порттарды реттеу үшін тек «байланысшы» портты ғана реттеу керек. Егер бір сеанста берілетін пакеттер топтасқан арнаның әртүрлі портында берілсе, онда жоғарғы деңгейдегі OSI хаттамасында қиындықтар пайда болуы мүмкін. Мысалы бір сеанстағы екі немесе одан да көп кадрлар топтасқан арнаның әртүрлі портында берілсе, онда берілу ұзындықтарының әртүрлі болуынан және олардың буферлерінде бірқалыпсыз кідірістің пайда болу салдарынан соңғы кадр алдыңғы кадрлардан озып кетуі мүмкін. Сондықтан арналарды топтастыруда кадрларды порттарға таратудың динамикалық емес статикалық әдісі қолданылады, яғни екі түйін арасындағы топтастырлған арнаға нақты бір сеанстың кадр ағындары ғана беріледі.

        

Условия распространения неодинаковы для различных составляющих спектра сигнала. Это явление, называемое избирательным замиранием, приводит к временным выпадениям из спектра сигнала отдельных составляющих или, наоборот, к увеличению их амплитуд. Таким образом, в точке приема нарушается правильное соотношение между отдельными спектральными компонентами сигнала, в результате чего искажаются его тембр и чистота. Так как явление избирательного замирания проявляется тем сильнее, чем шире спектр сигнала, то на декаметровых волнах осуществлять передачу таких сложных сигналов, как, например, телевизион ные, практически невозможно.

 

18-нұсқа

Сәуле шығаратын аспаптар

 

         Өзімізге белгілі ең қарапайым сәуле шығарғыш аспаптарға үйдегі электр жарық шамы мен олардың шағын түрлері: қыздыру және неон шамдары жатады. Бірақ оптоэлектроникада жиі қолданылып жүрген сәуле шығарғыштар люминесценция негізінде жұмыс істейтін сәуле шығарғыштар болып отыр. Люминесценция құбылысының негізгі ерекшелігі - бөлініп шыққан сәуленің сақталу уақытының, толқындарының өз кезеңінен әлдеқайда артық болуы. Яғни сәуленің шығуына себеп болған процестер біткеннен кейін де, сәуле өз жарығын біразға дейін шығара береді. Оның үстіне ол жылу процесіне қатыссыз болады.

         Люминесценция-белгілі бір энергияның берілуіне байланысты атомдардың қосып немесе тыйым салынған зоналарға уақытша шығып, кейін қайтып оралғанда рекомбинацияға түсіп, алғашқы қабылданған энергиясын сәуле ретінде кері бөліп шығаруына байланысты.

         Энергияның берілу түріне қарай люминесценция электрлік люминесценция, катодтық люминесценция, фотолюминесценция, хемилюминесценция болып бөлінеді. Энергияны қабылдау мен қайта бөлу белгілі бір уақыт аралығында өтетіндіктен, сәуле шығару энергия қабылдау тоқтағаннан кейін де жалғаса беруі мүмкін. Рекомбинацияға қайта түсу мен сәуле шығару процесі өздігінен жүруіне байланысты, мұндай сәуле шығару өзіндік немесе спонтандық деп аталады. Сәуленің ықтималдық, кездейсоқтық жағдайда шығуына байланысты (әртүрлі уақытта, энергетикалық деңгейлерде т.с.с.), мұндайда шығатын сәуленің спектрі әртүрлі немесе біртұтас (көптеген спектр қосындысы), бірқалыпты болады.

         Сәуле өзіндік шығуымен қатар еріксіз, индукциялық түрде шығады. Бұл жағдайда электронның рекомбинацияға түсуі сыртқы электромагниттік толқындармен басқарылады және рекомбинация жиілігі электромагниттік толқын жиілігіне сәйкес келеді. Мұнда бір толқыннан сәуле алу мүмкіндігі туады да, мұндай сәулелер когерентті сәулелердің немесе лазер сәулелерінің негізін құрайды.

Лазерлік аспаптар когеренттілікке өте жоғарғы талаптар қойылғанда пайдалынады.

 

С Байконура летают практически все типы носителей, которыми располагает Россия. Но начинался всемерно известный космодром в другом качестве - его первые сооружения и сам «генплан» проек­тировались в рамках создания полигона для лётных испытаний знаменитой королевской «семёрки». Тогда выбор пал на Казахстан; но, если бы специалисты из НИИ-4 пришли к иным решениям, полигон оказаться мог совсем в другом месте. И кто знает, как в этом случае выглядела бы сегодня инфраструктура отечественной космонавтики.

19-нұсқа

Жартылай өткізгіштер

 

Жартылай өткізгіштік электрондық аспаптарының кремний бетінде жасалынатынын, олардың өзіндік аумағы өте аз. Осындай ине жүзіндей аспаптар жеке корпустарға орналасқанда, олар аумақты да жеке электрондық аспап болып шыға келеді. Ол ол ма, сұлбаларда олар бір-бірімен қайта жалғанып, жүйелерге айналады. Сонымен, жалғану сандары электрондық аспап сандарынан әлдеқайда асып түсіп, электрондық жүйенің сенімділігін жоғарыда айтқандай, күрт төмен түсіреді. Олай болса, жалғануларды электрондық аспаптармен бірге кристалл ішінде неге бірге жасап жібермеске? Осы ойдың тізгініне еріп көптеген аспаптарды бір-бірімен бірден жинақтап, жалғануларды кристалл ішінде бірден орналастырсақ, интегралдық сұлбаға келеміз. Осы тұрғыдан қарағанда «микроэлектроника» терминінен гөрі «интегралдық электроника» термині ұтымдырақ келеді. Дегенмен, тарихи өсу жолының дамуына байланысты «микроэлектроника» термині ерте тарап кеткен.

Интегралдық сұлбаның сенімділігі жеке транзистор немесе диод сенімділігінен кем түспейді. Өйткені олардың бәрі бірге бір технологиялық әдіспен, бір кристалл бетінде бірден, арнайы жеке жалғанусыз жасалып отыр. Енді әр ИС-ның құрамында мысал ретінде  103 элемент бар десек, онда «Ай-16» кемесінің электрондық жүйесінің сенімділігі 103 сағатқа артар еді. Ал егер де бар жүйені құрамында 106  элементі бар бір ғана ИС –дан жасасақ ше? Онда оның  сенімділігі орасан зор артпай ма? Аумағы, салмағы қалай азаяр еді? Бір ИС-тың бағасын 106 элементтің бағасымен салыстыруға бола ма? .... Міне, ИС-тың негізгі мақсаты – жұмыс атқару сенімділігін артыру болғанымен жол-жөнекей салмақ, аймақ және баға мәселесі де шешіледі. Микроэлектрониканың, ИС-тардың құдіретті күші,  міне, осында.

 

1953 г в ОКБ-1 главного конструктора С.П. Королёва и смежных организациях развернулись широкие опытно-конструкторские работы по практическому созданию межконтинентальной ракеты Р-7 К этому времени облик ракеты и её систем был в достаточной степени определён: таким образом, появилась и острая необходимость и техническая возможность проектирования испытательного полигона для этой ракеты.

 

20-нұсқа

Айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіру

 

Айнымалы ток шамасын трансформаттор  арқылы реттейді. Ол жүктеме мен электр жүйесін бір-бірінен оқшаулап, оның қауіпсіздігін арттырады. Айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіру-түзеткіштің міндеті. Түзетілген токты толықсуын тегістегіш тегістеп, оның орта шамадан ауытқуын тұрақтандырады.

Күнделікті пайдаланылып жүрген радиоқұрылғылардың көпшілігі тұрақты токпен жұмыс істейді. Сырт көзге айнымалы токпен жұмыс істейтіндей көрінгенімен олардың көпшілігі электр жүйесіндегі айнымалы кернеуді  (220В, 50Гц) құрылғы ішінде тұрақты айналдырып алып отырады. Бірақ, электр жүйесіндегі токты түзеткіш арқылы бірден тұрақты токқа айналдыратын болсақ, онда шамадан тыс үлкен кернеу  (250-350В) аламыз да, оны төмен мәнді кернеулермен жұмыс істейтін радиоқұрылғыға бірден бере алмаймыз. Сондықтан, алдымен айнымалы ток деңгейін трансформатор арқылы қажет деңгейге дейін өзгертіп, тек содан кейін  ғана түзеткішке беру керек.

Трансформатордың тағы бір атқаратын рөлі, оның электр жүйесінің жүктемесін электр жүйесінің өзінен оқшаулай отырып, оның қауіпсіздік жағдайын арттыруы. Қарапайым тілмен айтқанда электр жүйесінің екі сымының бірінде потенциал бар да (фазасы), екіншісінде жоқ (нөл-жер). Біріншісін қолмен ұстасақ ток соғады да, ал екіншісінде соқпайды. Көпшілік жағдайда осы екі сымның бірі (жері) аппарат корпусына керек те, екіншісі (фазасы) потенциал иесі болуы керек. Бірақ, екеуінің қайсысы жер, қайсысы фаза екенін тез айыра қою оңайға түспейді. Енді осы электр желісінің жүйесіне трансформаторды қоссақ, қойылған сұрақтарымыздың бәріне жауап аламыз: трансформатордың шығар сымдарының кез келгенін «жерге» қосып, екіншісін потенциал нүктесі ретінде пайдалануға болады.

 

Сетью телефонной связи называется совокупность узлов коммутации, оконечных абонентских телефонных устройств и со­единяющих их линий связи. В зависимости от уровня иерархии ВСС РФ различают следующие виды телефонных сетей: международная, междугородная, внутризоновые и местные телефонные сети. Город­ские, сельские и учрежденческо-производ-ственные телефонные сети объединяются общим названием - местные телефонные сети.

 

21-нұсқа.

Бүкіләлемдік желінің даму тарихы

 

Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:

І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға  пайдаланылды. Бірақ оның деректерді жіберу арнасының  дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.

ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық арналар немесе байланысты жерсеріктік арналар арқылы  жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс хаттамалары жетілдірілді.

ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болды.  90 жылдардың орта шенінде бейнеконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде, оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызмет арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.

ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.

         Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off  line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезеңі басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін online режімі пайда болды.

         Қазіргі таңда интернет байланыс көптеген мемлекеттерде  үлкен сұранысқа ие. Еліміздегі  қала мен аудандық жерлерде орналасқан әрбір шағын   фирмалар мен мекемелер толықтай интернетке қосылған. Бұл қазіргі кездегі интернет жүйесінің дамып жетілгендігін көрсетеді.

1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желілер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әртүрлі компьютерлердің бір – бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамаларының көмегімен жүргізіледі.  

Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әртүрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.

 

Профессиональные системы подвижной радиосвязи - PMR (Professional Mobile Radio) создаются и развиваются в интересах государственных организаций и учреждений, коммерческих струк­тур, скорой помощи, милиции и т. п.; Сигналы маршрутизации (регистровые сигналы) предоставляют адресную информацию для маршрутизации вызовов к месту назначения. К ним относятся информация о номере вызываемого абонента, информация о категории и номере вызывающего абонента. Совокупность сигналов маршрутизации и способов их передачи образует регистровую сигнализацию.

          

22-нұсқа

3 ұрпақ жүйелерінің қызметтері 

 

3 ұрпақ технологияларының алдыңғы технологиялардан қағидалы ерекшелігі – қазіргі қызмет түрлерінің барлық спектрін (сөзді тарату, арналар коммутациясы және пакеттер коммутациясы режімінде жұмыс істеу, Internet қосымшасымен әсерлесу, ақпаратты жоғары байланыс сапасымен симметриялы және ассимметриялы тарату) қамтамасыз ету мүмкіндігі және сонымен қатар өзге жүйелермен сәйкестену кепілдігі. 3 ұрпақ жүйелерінде қызметтерді екі топқа бөлуге болады: мультимедиялық емес (сөзді таржолақты тарату, мәліметтерді төмен жылдамдықпен тарату, коммутациялы желілер трафигі) және мультимедиялық (ассиметриялы және интерактивті). Осы жүйелердің жаңа қасиеті - олар компания-операторларға өз бетінше белгілі аймақ және қызмет түрлеріне деген сұраныстың өсуіне байланысты қосымшаларды, функцияларды және қызметтерді шығаруға мүмкіндік беруі. Мультимедиялық жылжымалы байланыстың даму тенденциясын зерттеу оны пайдаланушылар санының артуын болжауға мүмкіндік береді. UMTS – форумының мәліметтері бойынша 200 млн. Еуропа абоненттерінің ішінде 2005 ж. 3 ұрпақтың байланыс қызметтерін пайдаланушылар саны 16 %-ды құрайды (32 млн). Мультимедиялық трафик көлеміне келетін болсақ, ол 2005 ж. 60 %-дан асады да, тариф трафикке қарағанда айтарлықтай аз өседі.                                          Бейнеконференц - байланыс облысындағы соңғы жетістіктері. Оның дамуы 3 ұрпақ жүйелерінде кең таралатынын болжауға мүмкіндік береді.

Internet пайдаланушыларының қарқынды өсуі және жедел байланыс дамуын осы екі технологиялардың бірігуі туралы болжауға мүмкіндік береді. Бүгінде бейнекоференц-байланысқа сұраныс артуда. Жедел терминалдан Internet желісіне жоғары сапалы рұқсат алу мүмкіндігіне байланысты бірқатар мәселелерге қарамастан, уақыт өткен сайын бұл қызмет негізгілердің бірі болады деп болжауға мүмкіндік береді. ХЭО қалыптастырған трафик таралу тенденциясының сараптамасы  бойынша 3 ұрпақтың спутниктік жүйелер қызметтерінің көлемінің ең көп өсуі Оңтүстік және Солтүстік Америкада, Жапонияда және Азияда байқалады. Еуропаға келетін болсақ, мұнда жерсеріктік байланыс қызметтерінің көлемі артады.

3 ұрпақ қызметтері виртуальды үй ортасы технологиясы VHE (Virtual Home Environment) ұсынатын қызметті қосады. Оның негізгі идеасы – жеке қызмет жиынын бір желі шегіден бір терминалдан 2сіне ауыстыруда. Бұл қызметтерді тек фиксирленген байланыс технологиясы қамтамасыз ете алатын еді. Пайдаланушы сол мүмкіндіктерді, интерфейстерді және қызметтерді осы мезетте қандай желіні пайдалануына тәуелсіз қолдана алады. 3G көмегімен нақты уақыт режімінде бейнелер мен мультимедиялық мәліметтерді тарату мүмкін болды. 3 ұрпақ жедел желілері қазіргі кезде GSM, TDMA, cdmaOne және  PDC желілерінің көмегімен таралатын мультимедиялық емес қызметтер спектрінің кеңеюін қамтамасыз етті. 3G жүйесі құрылуының болашағы 2G жүйесіне қарағанда зор. 2G жүйесінің әлемдік нарықта енуі аз уақытта және өзге ескі технологияларды олармен сәйкестендірмей-ақ “ығыстыру” жолымен дамыды.

Мобильная радиосвязь означает радиосвязь между подвижными объектами (ПО), один из которых или оба движутся либо занимают относительно друг друга случайное положение, при этом один из объектов может являться базовой станцией. Системы мобильной радиосвязи разделяют на профессиональ­ные (частные) системы подвижной связи, системы персонального вызова, системы беспроводных телефонов и системы сотовой связи общего пользования;

23-нұсқа

Интернет байланыстағы физикалық принцип.

 

Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кәбіл құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен  интернет – провайдер арқылы байланысады.

         Интернет – провайдер  – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әртүрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен  қосуға мүмкіншілік жасайды.         Сондықтан клиент  компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.

Кез келген компьютерді Интернетке қосып,  электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігінің көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады. Провайдермен қосу үшін модем арқылы байланыс түрі болады. Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады. Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады. Қарапайым модемге қарағанда ADSL  модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы (провайдерден қолданушыға дейін)  7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с).

Административная система обеспечивает контроль состояния ИВС и управление ее работой в изменяющихся условиях. Данная система включает специализированные ЭВМ, терминальное обору­дование и программные средства. Линейные сигналы используются между станциями для взаимного информирования о состоянии линии в процессе обслуживания вызова. К ним относятся сигналы занятия, подтверждения занятия, ответ вызываемого абонента, а также сигналы отбоя вызываемого и вызывающего абонента. Эти сигналы отмечают основные этапы установления соединения (исходное состояние, занятие, ответ, разъединение и др).

24-нұсқа

Талшықты-оптикалық желілер және DWDM технологиясы

 

DWDM технологиясы – болашақтың оптикалық желілерінің терабитті коммуникацияларлық негізі. Талшықты-оптикалық байланыс жүйесі өзінің кезекті даму сатысында тұр. Бұл телекоммуникация саласында қайта бағалау процесінің жүруіне байланысты.

Байланыста ақпарат таратудың жылдамдығының өсуіне және жаңа аудандарды қамтуына деген сұраныстар жаңа талшықты-оптикалық байланыс технологияларына, нақты айтқанда арналарды спектралді мультиплексирлеу технологиясына әкелді. Бұл технология WDM және  DWDМ – деген аттарға ие болды. WDM (wavelength division multiplexing) толқын ұзындығы бойынша мультиплексирлеу дегенді білдіреді, DWDМ толқын ұзындығы бойынша тығыздалған мультиплексирлеуді білдіреді. Бұл технологиялар талшықты-оптикалық байланыс арналарының өткізу қабілетін жүз есе көбейтуге мүмкіндік берді, олардың уақыттық тығыздау технологиясымен (TDM) біріктірілуі бір оптикалық талшық арқылы ақпарат таратудың террабиттік жылдамдығына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Өткізілген кәбілде оптикалық талшықтың өткізу қабілетін арттырудың екі тәсілі бар: неғұрлым жылдам уақыттық тығыздау технологиясын қолдану арқылы жылдамдықты арттыру немесе WDM технологияларды пайдалану көмегімен бір талшық арқылы ақпарат тарататын спектралді арналардың санын көбейту. WDM пайдаланатын жүйелер оптикалық талшықтың бір уақытта оптикалық сәулеленудің кең  жолағын немесе бір-бірімен интерференцияланбайтын және әсерлеспейтін көп толқындарды өткізу қабілетіне негізделген. Осы спектрдің әр толқыны немесе толқындар ауқымы дербес оптикалық арна ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта мұндай арналарды біріктіру және ажырату технологиялары жасалған. Бұлар әр арнаның идентификациясын қамтамасыз етеді. Мұнда мультиплексирлеу технологиясының жетіктігі соншалықты, толқын ұзындығы бойынша бөлу нанометр бөлшегіне дейінгі дәлдікпен іске асырылады. Мұндай технологиялардың дамуы соңғы уақытта бір талшықта дуплексті режімде жұмыс істей алатын (бір уақытта екі бағытта) жүзге дейін оптикалық арнаны іске асыратын коммерциялы қол жетімді талшықты-оптикалық жүйелерді және желілерді жасауға мүмкіндік береді.

Терминальная сеть - совокупность терминалов и терминальных сетей ПД. Под терминалом понимаются устройства, с помощью которых абоненты осуществляют ввод/вывод данных. В качестве терминалов могут использоваться интеллектуальные терминалы (ПЭВМ) и АП (абонентские пункты). Для подключения терминалов к сети ЭВМ, кроме, естественно, каналов связи, применяются терми­нальные ЭВМ (ТВМ), УМПД (удаленные мультиплексоры ПД), ПТД (процессоры телеобработки данных).

25-нұсқа

Желілік бағдарламалық қамсыздандыру

 

Желідегі компьютерлер жұмысын бағдарлама басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араластырмай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тіл мен – ортақ ереже мен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже  желілік хаттама деп аталады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі тұтынушыға әртүрлі қызмет көрсететін бір пайдаланушыға арналған жұмыс стансаларын серверлермен байланыстыруға есептелген. Интернет сөзі әдетте, желінің физикалық деңгейін білдіреді, яғни бұл сөзбен компьютерлерден, кәбілдерден\шексымдардан және де мәліметтерді тасымалдайтын басқа құрылғылардан тұратын аппараттық жабдықтамалар жиынын атайды. Желімен жұмыс жасағанда компьютер екі рөл атқаруы мүмкін:

Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі  компьютермен байланысса, онда бұндай компьютер жұмыс стансасы деп аталады.

Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе, онда ол сервер деп аталады.

Серверлер  әртүрлі қызмет  көрсетеді:

·        Файлды сақтау және беру ( файлды сервер);

·        Баспадан шығару (баспа сервері);

·        Факс мәліметтерін беру және алу (факс – сервер);

·        Электронды поштаны алу, сақтау және беру  (пошта сервері);

·        Сайттарды орналастыру (web - сервер);

Серверлер көрсеткен жұмысты қызмет деп атайды. Бір серверде бірден бірнеше қызмет атқарылуы мүмкін. Сервер белгілі бір қызмет атқару үшін ОЖ –гі  сервер құрамындағы бағдарламаны қосу қажет.

Сервер қызметіне қатынау үшін жұмыс стансасынан клиент деп аталатын бағдарламаны  қосу қажет.

Сервері бар, қызмет көрсететін және клиент компьютерлері бар жергілікті желі «клиент – сервер» технологиясында құрылған желі деп аталады. Желідегі әрбір компьютермен осы функцияларды атқаруға болады, бұндай компьютерлер тең қызмет атқарады. Бұндай компьютерлерді бір ранголы деп атайды.

Сеть ЭВМ - совокупность ЭВМ, объединенных базовой сетью ПД. Сеть ЭВМ включает в себя главные ЭВМ (ГВМ), банки данных (БД), вычислительные центры коллективного использования (ВЦКП), а также терминальные ЭВМ (ТВМ). Основная задача ТВМ - сопряжение терминалов с базовой сетью ПД. Эту функцию могут выполнять также ПТД (процессоры телеобработки данных) и УМПД. Кроме того, терминалы могут подключаться даже к главным ЭВМ.

26-нұсқа

Ауқымды компьютерлік желі.

 

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады. Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:

·   Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);

·   Серверлер, әртүрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);

·   Мәліметтерді беру желілері.

Ауқымды компьютерлік желі  әртүрлі хаттамалармен жұмыс істей алады. Қазіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет  (Internet) баршаға белгілі. Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық.

DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлер бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріліп орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда ол қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлі бағдарламаларды жіберуді, электрондық хабарламаларды жіберуді және жүйеге ену құқықтарын қолдануды жүзеге асыра алады.

Ал, 70-жылдары  ARPANet қағидасы басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік  желілер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 – жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы хаттамалары қамтамасыз етілді. Компьютер желіге қосылғаннан кейін (бірнеше рет іске қосылғанда) операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol)  серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді анықтай алатын режімге ауысады.

Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

Аумақтық  (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet. Аумақтық (кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады. Әртүрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.

Корпаративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.

 

Разновидностью абонентского телеграфа является международ­ный абонентский телеграф «Телекс». Он предназначен для обес­печения документальной связью посольств, торгпредставительств, иностранных корреспондентов и иных абонентов, передающих сообщения в другие страны. Эта сеть объединяет до 100 стран. Набор номера абонента обычно осуществляется с клавиатуры телеграфного аппарата. При этом телеграфный аппарат вызываю­щего абонента включается сразу же после сигнала вызова.

 

27-нұсқа

Толқын ұзындықтары бойынша бөлуі бар оптикалық мультиплексирлеу

Толқын ұзындықтары бойынша бөлуі бар оптикалық мультиплексирлеу ТҰБМ (WDM) – 1970-1980 жылдары пайда болған оптикалық тығыздаудың (немесе спектралды) жаңа технологиясы. Бүгін аналогты ақпарат тарату жүйелері үшін FDM қандай рөл атқарса, оптикалық синхронды жүйелер үшін WDM де сондай рөл атқарады. Осыған байланысты WDM жүйелерін жиі жиіліктік бөлінуі бар оптикалық мультиплексирлеу жүйелері деп те атайды (OFDM). Бірақ бұл технологиялардың (OFDM және WDM) бір-бірінен айырмашылықтары бар. Олардың айырмашылығы тек оптикалық (OFDM) немесе электр (FDM) сигналдарын қолдануында емес. FDM кезінде ТЖ стандарты арналар жиынтығымен берілгендіктен, модуляциялайтын сигнал құрылымы бірдей болатын спектрьдің бір жақ құраушысы және таңдалған тасушылар асты (поднесущие) жүйесі бар АМ модуляцияның механизмі қолданылады. OFDM кезінде тасушыларды ығыстыруға FDM-да қажетті модуляция механизмі мүлдем қолданылмайды, тасушылар жеке сигнал көздерінен (лазер) генерацияланады. Олардың сигналдары мультиплексормен көп жиілікті сигналға біріктіріледі. Бұның әр құраушысы (тасушы) әртүрлі синхронды технологиялар заңдарымен түзілген сигналдардың ағынын таси алады. Мысалы, бір тасушы формалді түрде АТМ трафикті бере алады, басқасы SDH, үшіншісі PDH және т. б. Ол үшін тасушы сигналдар берілетін трафикке байланысты цифрлық сигналмен модуляцияланады. Бізге белгілі, WDM типті алғашқы мультиплексорлар екі тасушыны мультиплексирлеу үшін пайдаланылған: 1310 нм және 1550 нм. Олардың арақашықтығы 240 нм үлкен болғаны соншалықты, оны іске асыруда арнайы сүзгілердің қажеті болған жоқ. Дәстүрлі дискретті оптиканы пайдалану арқылы сүзгілердің жиілікті бөліп алу қабілетін арттыруға бағытталған кейінгі талпыныстар келесі нәтижелерден аса алмады:

-   арна ауытқуы – 20-30 нм,

-   арналар арасындағы өтпелі өшулер – 20 дБ,

-   енгізілетін шығындар деңгейі.

Қазіргі уақытта арналарды бөліп алудың (демультиплексирлеу) бір-бірімен бәсекелес негізгі үш технологиясы қолданылады. Оның екеуі интегралды оптиканың негізінде: біреуі толқын бағыттағыш массивінде дифракциялық торды пайдалану арқасында тасушыларды бөліп алуда пайдаланады - AWG (Arrayed Waveguide Grating), екіншісі бөліп алуда майыстырылған дифрациялық торды пайдалану көмегімен іске асырылады - CG (Concave Grating). Үшінші технологияда үш өлшемді оптикалық мультиплексирлеу - 3DO (3-D Optics WDM) технологиясы көмегімен арналарды бөлуде пайдаланатын дәстүрлі дискретті оптика (технологияның жаңа деңгейінде) пайдаланылады.

В 1978 г. в Международной организации по стандартизации (МОС) был создан подкомитет SC16, задачей которого являлась разработка международных стан­дартов для взаимосвязи откры­тых систем. От­крытой она является тогда, когда соответ­ствует эталонной модели взаимосвязи от­крытых систем (ВОС). Эталонная модель ВОС - наиболее общее описание структуры построения стандартов. Она определяет принципы взаимосвязи между отдельными стандартами и представляет собой основу для обеспечения возможности параллель­ной разработки множества стандартов, ко­торые требуются для ВОС.

28-нұсқа

         Ұялы байланыс арқылы Интернетке шығу технологиясы.

 

ҰЯЛЫ қатынау. Бұл байланыс көп жағдайда жалпыға ортақ орындарда (аэропорт, қонақ үйі, сауда орындары, офистер, клубтар) қолданылады. Интернетпен жұмыс кезінде ірі компаниялардың, фирмалардың қызметшілері бір орыннан екінші орынға ауысып отыруына байланысты оларға байланыстың озық технологиясы аса қажет. Интернеттің көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең танымал:

·        Электронды пошта (e-mail) – Электронды хатты алу және жіберу;

·        Алыс компьютерден файлдарға қатынау қызметі (ҒТР);

·         Әлемдік тор (WWW)

·        Интернет арқылы хабарласу (ІР –телефон, немесе VoIP);

·        Электронды коммерция және банктегі есептеу шотын басқару;

·        Ақпаратты іздеу (web – бет, файлдар, қолданушылар және т.б.)

·        (STRIM – TM) Сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу;

·        Қолданушылар арасында файлдармен алмасу («пирингті желілер») және т.б.

·        таратылу тізімдеріне, файлға, бағдарламаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін.

Жұлдыз тәрізді топология – мұнда орталықтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс стансасының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жіберілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс стансаларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс стансасының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Шиналық топология – мұнда жұмыс стансалары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кәбілге\шексымға) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші стансадан жұмыс стансаларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс стансасы қабылдайды.

По числу абонентов системы мобильной связи уже можно судить об уровне и качестве жизни в данной стране. В этом смысле темпы роста абонентов мо­бильной связи в Казахстане (почти 200 % в год) являются показателем роста благосостояния общества. Для стран с развитой экономикой развитие телекоммуни­каций уже в настоящий момент характеризуется следующими показа­телями: телефонная плотность - 40-60, плотность мобильной свя­зи - 25-40 %, плотность пользователей Интернета - 20-30 %.

29-нұсқа

ASTEL компаниясы

 

1993 жылы құрылған ASTEL компаниясы осы күнгі телекоммуникация нарығында көшбасшы орында. Компанияның айналысатын басты қызметі заманауи технологиялар базасында мәліметтер мен дауыстарды жіберудің корпоративті желілерін құру болып табылады. Әлемнің жетекші өндірушілерінің жабдықтарын пайдалана отырып, ASTEL өз клиенттеріне жоғары сапалы қызметтердің кең ауқымын ұсынады, олардың қатарына: жерсерікті коммуникациялар мен сымсыз ену, телерадиотарату және телефония, ғаламторға ену, сонымен қатар кез келген күрделі жобаларды даярлау және оны жүзеге асыру кіреді.

Компания жұмысының негізгі нәтижелері Қазақстандағы ең қуатты мәліметтерді жіберудің магистралды желілерінің бірі KazNet-ті құру болып табылады. Осы желі базасында компания қызметтерінің кешені ұйымдастырылған, ал аймақтық техникалық тораптары және тәулік бойылық қолдау қызметі олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2006 жылы наурыз айында KASE қазақстандық қор биржасында ASTEL компаниясы В тізіміне енгізілді.

         Республикалық және халықаралық марапаттаулар мен сертификаттардың иегері ASTEL компаниясы өз клиенттеріне байланыстың сапалы және заманауи шешімдерін ұсына отырып, үнемі даму үстінде.

ASTEL компаниясының миссиясы: ASTEL өз клиенттерінің бизнестік мақсаттарына табысты қол жеткізу үшін оларды интелектуальды шешімдермен және жоғары сапалы техникалық сараптамалармен қамтамасыз ете отырып, септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда, "Arna Sprint Data Communications" заңды мирасқоры - "ASTEL" АҚ Қазақстандағы мемлекеттік емес ірі байланыс операторы болып табылады. Серпінді дамып келе жатқан компания активінде бүгінгі таңда:

Республикадағы ең қуатты магистралды желілердің бірі KazNet®-ті иелену және операторлық басқару;

-ұсынылып отырған телекоммуникациялық қызметтер мен жабдықтардың кең ауқымы;

-бүкіл Қазақстан бойынша аймақтық өкілдіктер мен сату бөлімдерінің жайылған тармақтарын басқару және қолдау;

-барлық телекоммуникациялық қызметтердің тәулік бойы және тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайдаланушыларды қолдаудың жоғары біліктілікті қызметі. ASTEL компаниясының негізгі даму кезеңдері:

1993ж. Алматыда KazNet®,

1994ж. KazMail® электронды пошта жүйесі пайдаланыла бастады,

1995ж. KazNet® желісін басқару орталығы іске қосылды,

1996ж. Internet қызметтері ұсыныла басталды,

1997ж. Frame Relay, TCP/IP хаттамаларын қолданылып, деректер беру қызметтері ұсыныла бастады,

1999ж. Қазақстанның ірі 14 қаласын қамтитын KazNet® мультисервистік жоғары жылдамдықты желі құрылды. Халықаралық телефон байланысы қызметтері ұсыныла бастады,

2000ж. Алматы қаласында Орталық басқарушы стансасы бар (HUB) FaraWay VSAT және DialAway IP жеке меншік жерсеріктік байланыс желілері коммерциялық пайдалануға енгізілді,

2002ж. ASTEL компаниясы "Қазақстандағы 2002 жылғы №1 байланыс" номинациясында "CHOICE OF THE YEAR (ҚАЗАҚТАНДАҒЫ ЖЫЛ ТАҢДАУЫ) халықаралық фестиваль-конкурсында жеңімпаз атанды,

2003ж. Астана-Мәскеу жаңа магистралдық арнасын пайдалану енгізілді,

2004ж. Талдықорған қаласында бірінші жерсеріктік телетаратылым стансасы іске қосылды. NSS-6 жерсеріктік байланыс ресурстарын пайдалануға желінің бір бөлігі аударылды,

2005ж. Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсынуға лицензия алды. Жергілікті, қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін ұсыну үшін жеке меншік республикалық телефон желісі құрыла бастады,

2006ж. Қазақстан қор биржасының "В" листингіне шықты. Сапа менеджменті жүйесі сертификатын алды (ISO9001:2000). KazSat ұлттық жерсерікте жерсеріктік сыйымдылықты жалға алды, бірінші қазақстандық байланыс жерсерігіне жабдықтардың бір бөлігін аударды.
Озық технологиялары
мен мол тәжірибесі ASTEL компаниясына 2006 жылдан бастап, SomonTel телекоммуникациялық қызметтер шеңберін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Даму бағдарламасының шеңберінде Тәжікстан аумағында бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылды

 

Успешно развивается казахстанский сегмент сети Интернет. Растет количество наименований русско  и казахскоязычных ресурсов в сети. За последние два года казахстанская аудитория сети Интернет выросла в 2,9 раза. Число пользователей элек­тронной почтой за этот же период выросло в 3 раза. Однако по-прежнему основное количество пользователей сосредоточено в крупных и сред­них городах. Количество людей, пользующихся мобильными телефонами в мире, приближается к 600 млн.

 

Јдебиеттер тізімі 

1.     С.В. Коньшин, Г.С. Казиева.Транкингті радиобайланыс жүйелері.  АЭЖБИ, Алматы, 2005.- 80 б.

2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Радиотехника, электроника және байланыс, 6-том. Алматы,2000.

3. А.Ы. Тілембекова Қазақ тілі. Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік көрсеткіштер (радиотехника және байланыс факультетінің студенттері үшін) – Алматы: АЭжБИ, 2003.-38б.

4.   Г.С. Казиева. Электрбайланысының бағыттаушы жүйелері. АЭжБИ. Алматы, 2004.- 80 б.

5.  С.В.Коньшин, Г.С.Казиева. Радиотарату құрылғылары-Алматы:АЭжБИ 2004.

6. С.В.Коньшин, Б.Б. Ағатаева. Радиобайланыс және теледидар негіздері-Алматы: 2006.-80б.

7. Б.Б Агатаева.  Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер. Алматы:        АЭжБИ 2005 – 79 бет.

8. Ағатаева Б.Б., Елизарова Е.Ю., Шахматова Г.А. Телекоммуникациядағы оптикалық байланыс жүйелері.  Алматы: АЭжБИ, 2009.-  55б.