АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ-1

5В50719-радиотехника, электроника және телекоммуникация    бағытындағы оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық материалдар

 

 

Алматы 2010 

          ҚҰРАСТЫРУШЫ: Тілембекова А. Ы. ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 5В50719-радиотехника, электроника және телекоммуникация бағытындағы оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық материалдар - Алматы. - АЭжБИ, 2010.- 41 б. 

Бұл жұмыстың мақсаты - радиотехника, электроника және телекоммуникация бағытында оқитын студенттерді осы салалар бойынша жазылған мәтіндерді қазақ тілінен орыс тіліне ұғынып аударуға машықтандыру. Ол үшін әр мәтін бойынша тапсырмалар жинақталып берілген.

 

Алғы сөз

         Бұл дидактикалық материалдар радиотехника, электроника және телекоммуникация бағытында оқитын студенттерге арналған. Осы бағыттың  мамандықтарына сәйкес ғылыми-техникалық түпнұсқалардан іріктеліп алынған мәтіндерді қазақ тілінде оқу барысында студенттер кәсіби лексикамен танысып, ғылыми стильдің ерекшеліктерімен, терминжасам, мәтінтүзім элементтерімен таныса бастайды. Сөздіктерді орынды пайдалану, жаңа сөздерді меңгеру мақсатында сөздік жасауға дағдыланады, аударма техникасының әліпбиімен таныса бастайды. Ол үшін  әр мәтін бойынша кемінде 5-6 тапсырма берілді. Бұл тапсырмаларды орындау барысында студент өзіне қажетті грамматикалық, лексикалық минимумдарды және техникалық терминдер мен сөз тіркестерін меңгере отырып, өмірде іс жүзінде пайдалана білуге машықтанады.

 

1 Алматы энергетика және байланыс институты

 

         Алматы энергетика институты 1975 жылы политехникалық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрамынан бөлініп шықты. Сол кездегі 15  одақтас республика (қазіргі ТМД елдері)  ішінде бұл энергетика саласындағы үшінші (Москва, Иваново) жоғары оқу орны еді.

         1997 жылдың 3 мамырында институт Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) болып қайта құрылды. АЭжБИ -  Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны.

Бүгінгі АЭжБИ дегеніміз:

*   Институттың бес факультеті:

1. Электр энергетика факультеті;

2. Жылу энергетика факультеті;

3. Радиотехника және байланыс  факультеті;

4. Институтқа дейінгі даярлық  факультеті;

5. Сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.

* 5000 студент, магистрант және аспирант;

* 340 оқытушы, оның 40 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары;

* 22 кафедра, оның ішінде Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірігіп құрылған Би Джи Ғылыми табиғатпайдалану методологиясы кафедрасы;

* 8 ғылыми-зерттеу зертханасы;

* оқу корпустары;

* Компьютер сыныптарымен және оқу залдарымен жарақтандырылған 3 студенттер жатақханасы,

* 8 оқу залы бар кітапхана,

* «Энтельчик» студент жастар орталығы;

* ғылыми зертханалар корпусы;

* бірегей ғылыми және оқу жабдықтары;

* Интернет желісіне қосылған заманауи дербес компьютерлер, оқу теледидары.

         Күндізгі бөлімнің студенттеріне энергетика және байланыс кәсіпорындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған. 

         Біздің студенттер бос уақыттарын көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорт секцияларына, интеллектуалдық ойындарға қатысып, көңілді өткізеді.

 

Сөздік

Мәтін – текст

Мамандандырылған – специализированный

Бойынша – по

Заманауи – современный

Сала – область, сфера

Ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский

Сырттай оқу – заочное обучение

Кәсіпорын – предприятие

Бірегей – уникальное

Жабдық -  оборудование

         1.1 а) Сингармонизм заңын еске түсіріп, мына сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз: жабдық, мүмкіндік, студент, дәптер, қалам, жатақхана, орындық, тақта, оқу құралы, оқулық, кәсіпорын, сызғыш, терезе, факультет.

ә) Бұларды қатыстырып сөйлем құраңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз.

         1.2 Мәтіндегі бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қызметіне назар аударыңыз.

         1.3 Өткен шақ есімшенің сөйлемдегі орнына қарай анықтауыш және баяндауыш болатындығына 2-3 сөйлем құраңыз.

         1.4 Мына мақалдардың мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

1. Бақыт белгісі – білім мен ақыл.

2. Оқу – инемен құдық қазғандай.

3. Білекті бірді жығады,

         Білімді мыңды жығады.

         1.5 Мәтінді мазмұндаңыз

 

 2 Мамандығым радиотехник

 

         Радиотехника мамандығы - әртүрлі радиоэлектронды құрылғыларды жасау және өндіру саласында инженерлер дайындауды көздейді.

         Бұл мамандықты бітірушілер қазіргі радиоэлектрондық аппараттарды жобалайтын және өндіретін әртүрлі кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында жұмыс істейді.

         Радиоинженер радиоөнеркәсібінің қазіргі элементтерінің базасын жақсы біліп, есептеу техникасын кеңінен пайдалана отырып, радиотехникалық жобалау дағдыларын игеріп, оларды құрастырып, өндірісте кеңінен пайдалана білуі керек.

         Қазақстан үшін радиоэлектрондық өндірістің дамуының зор маңызы бар.

         Жаңа технология жасау, микроэлектроника және микропроцессорлардың дамуы жоғары дәрежелі, тәжірибелі мамандарды қажет етеді.

         Радиотехник - өте қызықты, кең ауқымды мамандық. Ол әлденеше сыбайлас мамандықтар түрлерін қамтиды. Олар: теледидар, радиохабар, аппаратура жасау және өндіру, пайдалану, арнаулы техниканы баптау.

         Радиотехник техникалық сауатты және ұқыпты болуы керек. Ол радиотехниканың негізін құрайтын физиканың, химияның, математиканың негізгі заңдарын білуі керек. Радитехник төменгі және жоғарғы кернеулермен жұмыс істейді. Сондықтан техник-инженер техника қауіпсіздігінің  негізгі талаптарын білгені жөн.

         Радиоэлектроника тұрмыста, өндірісте кең қолданылады, әрі адам өмірінде, жалпы қоғамда үлкен маңызы бар.

         Қазіргі уақытта Қазақстанның радиоэлектроника өндірісі жаңа инвистицияларды қажет етеді. Егер солай болса, радиоэлектроника өндірісі қажетті деңгейге көтерілер еді және Қазақстан техникалық сауатты әрі тәуелсіз елге айналар еді.

 

Сөздік

көздейді - предусматривает

дағды, әдет навык                                

өнеркәсіп промышленность

ғылыми научный                                 

жобалау проектный

даму развитие                                      

кең ауқымды широкопрофильный, многопрофильный

қауіпсіздік техникасы техника безопасности

баптау уход

негізгі талап основное требование

құрастыру коструировать

қазіргі современный

зерттеу исследовать

есептеу вычислительный

тәжірибелі опытный

сауатты грамотный

қамтиды охватывает

тұрмыс быт

сыбайлас близкие

кернеу напряжение

 

2.1 Мына зат есімдермен анықтауыштық тіркес жасаңыз.

Маңыз, өндіріс, технология, маман, оқу орны, заң, талап, инвестиция, деңгей, ел.

2.2 Сөз тіркестерін аударыңыз

Предусматривает подготовку инженеров; проектирование современной радиоэлектронной аппаратуры; предприятие, производящее радиоэлектронную аппаратуру; научно-исследовательский и проектный институты; освоить навыки проектирования; разработка новых технологий; требует высококвалифицированных специалистов; уход за специальной техникой; основные законы физики, математики; работа с высоким напряжением; основные требования техники безопасности; технически грамотный.

2.3 Мәтіндегі -лы,-лі,-ды, -ді, -ты,-ті жұрнақтарының көмегімен жасалған сын есімдерден –сыз,-сіз тұлғалы сын есім жасаңыз, олармен сөйлем құрастырыңыз.

 

2.4 Қоғам, тұрмыс, адам, өмір, деңгей, қажетті, төменгі, заң, негізгі, талап, ұқыпты, өндіріс, уақыт, кәсіпорын, дағды сөздерінің әрқайсысымен 3 тіркестен құраңыз.

2.5 Көп нүктенің орнына ілік септік және тәуелдік жалғауын жалғаңыз.

Өндіріс... даму..., кәсіпорын... есеп..., радиотехника... негіз..., студент... уақыт..., байланыс саласы... маман..., құрылғы... жоба..., маман... білім деңгей..., заңдар... орындалу..., жоғары оқу орны... студент..., мемлекет... күш..., өнім... сапа..., тұрмыс... қиындық..., кернеу... түр.... 

 

3 Радио

        

Радио (лат. Сәуле таратамын, шығарамын деген сөз) – алыс қашықтыққа сымсыз таратылатын жоғары жиілікті электрмагниттік тербелістерді пайдалануға негізделген техника саласы.

         Попов Александр Степанович (1859-1906) орыс физигі, радиобайланыс негізін қалаған өнертапқыш. Ол  1882 жылы Петербург университетін бітірген. А.С. Попов неміс физигі Г. Герц жасаған электрмагниттік толқын таратқыш вибраторды қашықтан сымсыз сигнал беру ісінде пайдалану жөнінде көп еңбектенді.

         Ол француз физигі Э.Бранли ұсынған радиокондукторды (когерер) пайдаланып, оны жетілдірді. Бұл прибор- екі электроды бар шыны түтік. Түтік ішінде ұсақ металл үгінділері салынған. Бұл прибордың қызметі электр разрядтарының металл ұнтаққа тигізетін әсеріне негізделген. Кәдімгі жағдайда когерердің кедергісі үлкен болады, өйткені үгінділердің бір-біріне тиісуі нашар. Келген электрмагниттік толқын когерер ішінде жиілігі жоғары айнымалы ток туғызады. Үгінділер арасында ұсақ ұшқындар шығады да, үгінділерді пісіріп тастайды. Нәтижесінде когерердің кедергісі күрт төмендейді.

         Приборды сілкіп қалса, ол бұрынғы үлкен кедергісіне қайта ие болады. Сымсыз байланысты іске асыруда автоматты қабылдауды қамтамасыз ету үшін А.С.Попов сигналды қабылдағаннан кейін когерерді сілкіп қалып тұратын қоңыраулы құрылғыны пайдаланды.

         Аппараттың сезгіштігін арттыру үшін А.С.Попов когерердің  бір ұшын жерлестірді, ал екіншісін жоғары шаншылған сымға қосты осылайша ол тұңғыш  қабылдаушы антенна жасады. Сөйтіп, жерлестіру Жердің өткізгіш бетін ашық тербелмелі контурдың бір бөлігіне айналдырады да, осыдан қабылдау қашықтығы артады.

         1900 жылы Поповқа Парижде өткен 4 Дүниежүзілік электртехниктер конгресінде осы еңбегі үшін Құрмет дипломы мен Алтын медаль берілді.

         1945 жылдан бастап 7 мамыр радио күні деп аталады.

         Радио таратқыш жүйе (антенна) арқылы электрмагниттік энергияны жан-жақты тарату және оны қашықтан радиоқабылдағыштың антеннасымен қабылдау мәселелерін іске асырды.

         Электрондық лампалардың шығуы радионың дамуына түбегейлі бетбұрыс жасады. Қысқа мерзім ішінде радио арқылы сөз бен әнді алысқа тарату радиохабар тарату мәселесі іске асырылды. Радионың кемелденуі арқасында радионавигация, радиолокация, телевизия т.б. жаңа салалар бөлініп шықты.

 

Сөздік

 

сәуле луч                                                 тарату – распространять, передавать

шығару излучить, выделять                  жиілік частота

сымсыз беспроволочный                     қабылдағыш приемник

жетілдіру совершенствовать                 мәжіліс заседание

ұсынған предложенный                        қашықтық расстояние

тербеліс колебание                                өнертапқыш изобретатель

мәселе задача                                        мерзім время            

бетбұрыс поворот, перестройка             кемелдену – совершенствоваться

 

3.1 Мәтіннен үшін, арқылы, арқасында, кейін, ішінде сөздері бар сөйлемдерді табыңыз, олардың сөйлемге қандай мағына үстейтінін айтып беріңіз.

3.2 Кейінді ықпалды ескеріп, мына сөздерді тәуелдеңіз:

Оқулық, мүмкіндік, орындық, мамандық, кәсіп, жабдық, кітап, қонақ, ұнтақ, түтік, топ, қажеттілік.

3.3 Есімшені қолдану орнына қатысты бірде анықтауыш, бірде баяндауыш қызметінде жұмсалатындай етіп 3 сөйлем құраңыз.

Үлгі: 1. А.С.Попов радиобайланыс негізін қалаған.

         2. А.С.Попов -  радиобайланыс негізін қалаған өнертапқыш.

3.4 Мына сөздердің антонимдерін жазып, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңыз:

Жоғары –                                                  ашық –

Сирек –                                                     таратқыш -

Терең –                                                     бұрын -

Күндіз –                                                    ішінде -

бай –                                                                   үлкен -

қосу -                                                        айнымалы –

 

4 Радиотехника

 

Радиотехника – радио диапазонындағы электрмагниттік тербелістер мен толқындарды генерациялау және күшейту, тарату, қабылдау тәсілдері мен оларды пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым. Электрмагниттік тербелістер мен радио диапазонындағы  толқындарды радиобайланыста, теледидарда, радиолокация мен радионавигацияда, сондай-ақ технологиялық процестерді бақылау мен басқаруда т.б. ғылыми зерттеулерде пайдаланатын техника саласы да радиотехника деп аталады. Радио диапазонына толқын ұзындығы ондаған шақырымнан мм-дің ондаған бөліктеріне дейінгі электрмагниттік толқындар (ЭМ) жатады. 

Радиотехниканың дамуына М.Фарадей, Дж.К.Максвелл, Г.Герц, А.С.Попов, А.Мейснер т.б. зор үлес қосты. Орыс ғалымы В.П.Вологдин жасаған жоғары жиілікті индукторлық машина негізінде 1925 жылы Москва мен Нью-Йорк арасында тікелей радиобайланыс орнатылды. ХХ ғасырдың орта кезінде телевизия пайда болды.

Радиотехника негізінде кез келген қашықтықта радиотелефон байланысын орнату, кескін, сызба, газет материалдарын тарату, тезәрекетті телеграфтық радиобайланыс орнату мүмкін болды. Радиотехника тәсілдері автоматты басқару, реттеу және ақпаратты өңдеу жүйелерінің негізін құрайды. Радиотехника жетістіктері электронды есептеуіш машиналарды (ЭЕМ) жетілдіруге мүмкіндік берді.

Радиотехника өнеркәсіп пен халық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Жоғары жиілікті қыздыру қондырғылары аса таза металдар алуда, болат бұйымдардың беттік қабатын шынықтыруда, ағаш, керамика, астық өнімдерін кептіруде, тамақ өнеркәсібінде, медицинада т.б. қолданылады.

 

Сөздік

          жетістік – достижение

басқару – управлять

шынықтыру – закаливать

кептіру - сушить

зерттеу – изучать

өңдеу – обрабатывать, обработка

кескін – очертание

сызба – чертеж

тезәрекетті – быстродействующий

реттеу – регулировать

беттік қабат – лицевой слой

жетістік – достижение

басқару – управлять

шынықтыру – закаливать

кептіру – сушить

 

4.1 Мәтіннің әр абзацын оқып, сұрақ қойыңыз және оған жауап беріңіз.

Үлгі: Радиотехника қандай ғылым?

4.2 1-абзацта радиотехникаға берілген анықтамаларды жинақтап, бір анықтама беруге тырысыңыз

4.3 Мәтіннен жатыс септігіндегі сөздерді теріп жазып, орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі:тамақ өнеркәсібі-нде – в пищевой промышленности

4.4 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Электромагнитные волны и колебания радиодиапазона; способы приема, усиления, передачи; контролировать технологические процессы; передача изображения, чертежей, газетного материала; устанавливать быстродействующую радиосвязь; составляет основу систем информационной обработки; высокочастотные нагревательные установки, закаливать лицевой слой стальных изделий; сушить изделия из дерева; используется в пищевой промышленности.

4.5 Жай сөйлемдерді себебі, сондықтан, өйткені, сол себепті жалғаулықтарын пайдаланып, құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.

Биыл сессияны жақсы тапсырдық. Сабақты жібермей, тапсырмаларды уақытында орындап жүрдік. Жиналыс уақытынан кеш басталды. Адамдар жиналып болмады. Мен сабақты жақсы оқимын. Болашақта білікті маман боламын деп ойлаймын. Бүгін бізге ауданнан комиссия келді. Үйге кеш қайттым. Әлия – тыңғылықты хатшы. Оны барлық қызметкерлер сыйлайды. Менің әріптесім ылғи да алдына қойған мақсатына жетеді. Ол еңбекқор, өз уақытын ұйымдастыра біледі.     

 

5 Радиолокация

 

         Радиолокация (радио... және lokatio – орналасу) әртүрлі объектілер мен нысаналарды радиотехникалық тәсілдер арқылы бақылау (іздеп табу, ажырату, координаттарын өлшеу т.б.) мәселелерімен шұғылданатын ғылым мен техниканың саласы. Радиотолқындардың шағылу құбылысын 1886-1889 жылдары неміс физигі Г.Герц ашты. Ал А.С.Попов 1897жылы   радиосигналдар бағытын қиып өткен корабльдің сигнал күшіне әсер ететінін байқады. Шағылған радиотолқындарды тіркеу негізінде корабльдің орнын табу тәсілін тұңғыш рет 1904 жылы неміс инженері К.Хюльсмайер ұсынды. Таратқыштан шыққан және жүзіп бара жатқан кемеден шағылған радиотолқындардың интерференциясын алғаш рет 1922 жылы америкалық инженерлер А.Тейлор мен Л.Юнг байқады.

         Таратқыш пен қабылдағыш линиясын ұшақ  қиып өткен кезде байқалатын радиотолқындардың соғу құбылысына негізделген алғашқы радиолокациялық станса          (РЛС) Д.С.Стоговтың басқаруымен 1938 жылы жасалып, іске қосылды. Импульстік радиолокация тәсілі Ю.Б.Кобзаревтің басшылығымен 1937 жылы жасалды. Одан кейінгі жылдары радиолокацияның дамуына аса жоғары жиілік диапазонының меңгерілуі,

радиолокация тәсілдерінің жетілдірілуі, есептеу техникасы т.б. ғылымдардың жетістіктерін пайдалану зор ықпал жасады. Радиолокациялық өлшеуіш құрылғылар жасалып, зениттік және корабльдік артиллерия дами бастады. Сонымен бірге, радиолокацияға қарсы құрылғылар (пассивті және активті бөгеуілдер, қорғауыш қабаттар т.б.) жасалып,  радиолокация халық шаруашылығының барлық салаларында (соғыс ісін қоса) кеңінен тарала бастады.

Радиолокация тәсілдерімен объектіге дейінгі қашықтық, шағылып келген сигналдардың бағыты (пеленг), объект қозғалысының радиалдық және бұрыштық жылдамдықтары т.б. өлшенеді. Сонымен қатар, радиолокациялық бақылау          объектілердің көптеген сипаттамаларын (мысалы, су бетіндегі мұз қабатының параметрлерін, атмосфера ылғалдылығын,  объектілердің өлшемдері мен пішінін т.б.) анықтауға мүмкіндік береді.

РЛС (радиолокатор, радар) көмегімен жылжымалы және жылжымайтын  объектілерді бақылауға болады.

 

Сөздік

нысана 1. цель 2. прицел, мишень

тәсіл прием, способ

ажырату – отделение, отделять

өлшеу – измерение, измерять

шағылу – отражение

қиып өту – пересекать

басқару – управлять, руководить

тарату – распространять

 

         5.1 Мәтіндегі өткен шақтағы етістіктерді теріп жазып, орыс тіліне аударыңыз.      

         5.2 Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.     Радиолокация ғылымның қандай саласы?

2.     Хюльсмайер қандай тәсілді ұсынды?

3.     Герц қандай құбылысты ашты?

4.     Алғашқы РЛС қашан жасалды?

        5.3 Мәтіндегі зат есімдерді теріп жазып, жалғауларын ажыратыңыз.

Үлгі: толқын+дар+ды (дар – көптік жалғау, ды – табыс септігі).

         5.4 Сөз тіркестерін аударыңыз

         Наблюдение за различными целями и объектами; измерение координатов; явление отражения радиоволн; корабль, пересекший направление радиосигналов; способ обнаружения; линия передатчика и приемника; первая радиолокационная станция; под руководством Д.С.Стогова; используя научные достижения; разработаны  радиолокационные измерительные приборы; развивалась зенитная и корабельная артиллерия; противорадиолокационные устройства; пассивные и активные помехи; защитные слои; во всех отраслях народного хозяйста.

         5.5 Көп нүктенің орнына етістіктің болымсыз мағына беретін жұрнағын және шақ көрсеткіштерін жалғаңыз.

         Радиотолқындардың шағылу құбылысын А.С. Попов аш..... Алғашқы радиолокациялық станция 1936 жылы іске қосыл.... Радиолокацияға қарсы құрылғылар халық шаруашылығының барлық салаларында қолданыл..... Кеменің орнын табу тәсілін К.Хюльсмайер ұсын.... Радиолокация радиотолқындарды тарату мәселесімен айналыс.... Зениттік және корабльдік артиллерия дамы....

         5.6 Тәуелдік категориялы тіркестерді аударыңыз.

Устав предприятия; достижения науки; явления отражения; способ обнаружения; качество товара; начальник отдела; отдел информаций; руководитель предприятия; специальность радиотехники; народное хозяйство; линия передатчика; место работы; проект вышки; количество кадров; изображение объекта.

         5.7 Жақшаны ашыңыз, оның ішіндегі сөздерге қалау рай жасайтын формаларды жалғаңыз.

         Сашаның экономист мамандығына (оқы). Сенің пейджер (сатып ал). Біздің жақсы маман (бол). Олардың байланыс кәсіпорындарын басқару туралы (білім ал). Оның маркетингпен (айланыс). Менің өз жобамды (ұсын). Сендердің практикаға (бар). Сіздің ағылшын тілінде (еркін сөйле). Студенттердің сессияны тез (тапсыр). Менің әріптесімнің оқу бітірген соң шетел фирмасында жұмыс (істе). Ғалымдардың барлығының жаңалық (аш). 

 

6 Дыбыс

 

Айналаны қоршаған ортадағы құбылыстар, адамдардың сөздері, дауыстары, құстардың сайрағаны, музыка аспаптарының дыбысы, ағаштардың, жапырақтардың сыбдыры, күннің күркіреуі, машинаның гүрілі т.б. күнделікті кездесетін әсерлер адам өмірі үшін қажетті заттардан шығады. Дыбыс – ауа тербелісі, толқын. Ол естіледі және белгілі бір көзден шығып, келесі бір межеге жетеді.

         Дыбыстың  таралуына қарай түрлі өлшемдерге жіктеуге болады. Мысалы, адам сөйлеп тұрған кезде шығатын дыбыстың естілуін  50 дб. деп алса, онда қаттырақ сөйлегені 60 дб. немесе 100 дб. деп есептеуге болады. Децибелл (дб)  - дыбыстың естілуін, таралуын есептейтін бірлік. Аса жақсы акустикалық бөлмеде дыбыстың естілу шамасы 0 дб. Ал, тыныш бөлмеде 30 дб. болады. Ауада таралатын толқындар қума толқын болып табылады. Ауаның дыбыс өткізгіш екенін 1660 жылы ғалым Р.Баиль тәжірибе жасап, дәлелдеген. Ауаның дыбыс өткізу қасиетіне арналған қарапайым тәжірибе: егер ішіне электр қоңырауы орнатылған шыны қораптың ішіндегі ауа шығарылып тасталса, онда қоңыраудың дыбысы естілмейді, өйткені өткізгіш ауа жоқ. Дыбыс сұйық ортада да, қатты ортада да тарала алады. Мысалы, су астындағы адам кеменің есу тетіктерінің дыбысын, тастың тасқа соғылған дыбысын жақсы ести алады.

         Айналаны қоршаған ауқымдағы  жиіліктегі дыбыстардың ішінен адам құлағы 16 гц-тен 20 гц-ке дейінгі дыбыстарды ести алады. Адамның есту қабілетінен, яғни 16 гц-тен төмен болатын дыбыстарды  инфрадыбыс деп, ал 20 гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды. Адамға естілмейтін дыбыстарды кейбір жануарлар (жарғанат, дельфин т.б.) ести алады. Аталған екі дыбыс та өндірісте, медицинада, қорғаныс ісінде қолданылады. 20-дан 20000 гц-ке дейінгі дыбыстың кез келген түрін қазіргі дыбыс жазу аппараттары қайталай алады.

         Ғылымда дыбыс толқындарының қасиеттерін, олардың қолданылуын зерттейтін ғылым саласы – акустика деп аталады. Ол гректің «akustikas» сөзінен шыққан «еститін, тыңдайтын» деген мағынаны білдіреді.

         Акустикалық тәсілдер ғылым мен техниканың сан алуан мәселелерін шешуге қолданылады. Дыбыстың түрлі ортада таралу қасиеттеріне негізделіп жасалған құралдың көмегімен теңіздер мен мұнай ұңғымаларының тереңдігі де дәл анықталады. Ультрадыбыс қатты заттарды ұнтақтайды,  өсімдіктердің өсуін тездетеді, бағалы материалды өңдейді. Ультрадыбыстың көмегімен әртүрлі бөлшектердегі ақаулар анықталады, ауруларға диагноздар қойылады және т.б. өндіріс салаларында пайдаланылады.

 

6.1 Сөздікті пайдаланып, мына сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. 

қоршаған орта -

өлшемдерге жіктеуге болады - 

қума толқын -

қасиет -

ұңғыма -

өңдеу -

ақау -

жарғанат -

қорғаныс -

қарапайым тәжірибе –

6.2 Ауыспалы осы шақта  тұрған етістіктіктерді теріп жазып, біреуін  жіктеңіз.

6.3  Мәтінде берілген анықтамаларды тауып, жаттап алыңыз.

6.4  Мәтінді толық аударыңыз.

6.5  Мәтінге жоспар жасап, мазмұнын айтып беріңіз.

6.6  Мектепте алған білімдеріңізді еске түсіріп, физика тақырыбына арналған чайнвордты ( ағылшын тілінде «тізбекті сөз» - тізбектелген, жалғанған сөздерден құрастырылатын жұмбақ-ойын)  шешіңіздер. 

 

 

1. Заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым. 2. Ток күшінің халықаралық өлшеу бірлігі. 3.Белгілі совет физигі. 4. Пленкаға түсірілген сурет.5. Электр кернеуінің бірлігі. 6. Физикалық прибор. 8. Жерді қоршап тұрған газ қабық. 9. Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математик-физигі. 10. Сәуле энергиясының шамасы. 11. Элементтің кіші бөлігі. 12. Оптикалық прибор. 13. Радионы ойлап тапқан атақты орыс физигі. 14. Әбу Насыр әл-Фарабидің елеулі еңбектерінің бірі. 15. Темір рудасының түрі. 16. Байланыс аппараты. 17. Ағылшынның ұлы физигі әрі математигі.       

 

7 Радиобайланыс

 

Радиобайланыс -  радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланысы. Бұл үшін хабар беретін пунктте радиотаратқыш пен таратқыш антеннадан тұратын қондырғы, қабылдау пунктінде радиоқабылдағыш пен қабылдағыш антеннадан тұратын қондырғылар орнатылады.

1920 жылға дейін байланыс радиобайланыста толқын ұзындығы жүз метрден ондаған шақырым арасындағы, ал 1922 жылдан түзу сызықпен таралатын дециметрлік және сантиметрлік толқындар алқабы игерілді. Қысқа толқындар негізінде көпарналы байланыс орнатылып, телефон, радио, теледидар байланыстары арқылы өте көп ақпарат қабылдау - тарату мүмкіндігі туды. Ретрансляция немесе байланыс жерсеріктері көмегімен радиобайланыс  қашықтығын күрт арттыру мүмкін болды. Байланыс жерсеріктері арқылы кез келген қашықтыққа бір мезгілде мыңдаған телефон байланысы мен ондаған теледидар бағдарламаларын орнатуға болады. 

         Халықаралық комитет радиотолқындарды бірнеше диапазонға бөліп, жіктеген:

1. Шеткі төменгі жиілік немесе декаметрлік толқын – 3гц. – 30 гц. Толқын ұзындығы 100 000 – 10000 шақырым. Ол тек ғылыми зерттеулер мен астрономияда қолданылады.

2. Шамадан тыс төмен жиілік, мегометр деп аталады. 30 – 300 гц. аралығы, 10 мыңнан 1 шақырымға жетеді. Ол су астындағы қайықтармен морзе әліппесі арқылы байланысу үшін қолданылады.

3. Инфратөмен – 300гц. – 3000гц., яғни 1000 – 100 шақырым аралығы.

4. Өте төменгі жиілік 3 кгц тен 30 кгц-ті метрлік деп атайды. Бұл жиілікте жұмыс істеу үшін үлкен антенна, жоғары қуаттылық қажет және ауа райы бірқалыпты болуы керек.

Радиобайланыста қолданылатын толқындар анықтамасы:

         Ұзын толқын – шақырымдық, ұзындығы – 1 – 20 шақырым, жиілігі – 148 – 408 кгц. Қалалы, таулы жерлерде қолдануға ыңғайлы.

         Орта толқын – гектометрлік, ұзындығы – 575 – 187 метр,  жиілігі –535 – 1605 кгц. Бұл толқын күндізгіге қарағанда түнде жақсы таралады, яғни алыс қашықтықтарға радиобайланыс көбінесе түнде таралады.

         Қысқа толқын  - декаметрлік, толқын жиілігі –3,95 – 26,1 кгц. Көбінесе шетелдерге хабар тарату үшін қолданылады. Космостық байланысқа жарамайды.

Ультрақысқа толқын – (УКВ – 1, УКВ – 2, FM) метрлік,  ұзындығы – 4,6 – 2,8 метр,  жиілігі – 65,9 – 108 мгц.

 

7.1 Сөз тіркестерін аударыңыз:

Принимающий пункт; установка, состощая из радиопередатчика и передающей антенны; длина волны; освоен диапазон дециметровых и сантиметровых волн; установилась многоканальная сязь; появилась возможность передачи и приема большого объема информации; с помощью спутников связи; резкое увеличение расстояния радиосвязи; на любое расстояние одновременно; можно установить десятки телевизионных программ.

7.2 Берілген сөздерге тәуелділіктің 3 жақ және барыс септігінің жалғауларын қосып, олармен сөз тіркестерін құраңыз:

Қондырғы, антенна, радиоқабылдағыш, толқын, арна, сызық, байланыс, телефон, радио, қашықтық, мезгіл, таратқыш, арттыру.

7.3 Жақшаны ашыңыз, оның ішіндегі тұйық етістіктерге тиісті септік жалғауларын жалғаңыз.

Радио -  жоғары жиілікті электрмагниттік тербелістерді (пайдалану) негізделген техника саласы. Инвестициялар радиоэлектрониканың (даму) ықпал етер еді. Институт түлектері телекоммуникация жабдықтарын (орнату) айналысатын фирмаларда жұмыс істей алады. Мамандар компьютерлік құрылғыларды (жобалау) басқарады. Завод бұл құрылғыларды (жасау) бас тартты. Байланыс кәсіпорындары коммуникация желілерін (пайдалану) ең тиімді тәсілдерін қолданады.

 

         8 Қазақстандағы радиохабар    

        

Алғашқы радиостанция 1912 жылы Форт-Александровскіде (Форт-Шевченко) құрылды.

         1922 жылы қаңтарда  5 таратқыш-қабылдағыш радиостанция (Орынбор, Семей, Гурьев, Форт-Александровск, орал) және 8 хабар қабылдағыш радиостанция (Қостанай, Ырғыз, Ойыл, Орда, Ақмола, Петропавл, Өскемен, Павлодар) жұмыс істейді. 1925 жылы бұған Алматы, Жаркент, Әулиеата, Төрткөл радиостанциясы қосылды.

         1937 жылы 1 мамырда Алматыда республикадағы хабар беретін тұңғыш радиостанция іске қосылды. 4 мамырда тұңғыш қазақ тіліндегі «Еңбекші қазақ» радиогазеті эфирге жолдама алды.

Алғашқы кезде Қазақстан жеріндегі радиолар негізінен әскери бөлімшелер арасын байланыстырушы қызметін атқарды.

«Қазақ АКСР Халық комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы 29 қыркүйектегі шешімінің республикалық радионың дүниеге келуіне тікелей әсері болды. Онда Орынбордағы радиостанция арқылы күн сайын 1600 сөзден тұратын өздері дайындаған радиобюллетеньді республикаға таратуға құқық берілді. Бұл республика әуе толқыны арқылы көпшілікке арналып берілген алғашқы радио хабарлары еді», - деп түсініктеме берілген Қазақ радиосының 80 жылдығына арналған «Әуе толқынында – Қазақ радиосы» деген еңбекте.

 

         8.1 Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

Үлгі: бір мың тоғыз жүз он бесінші

         8.2 Мәтіндегі  аталған қалалардың қазіргі атауларын жазыңыз.

         8.3 Сөздікті пайдаланып, орыс тіліне аударыңыз.

         Радиобөгеулер - әртүрлі электр және  радио құрылғылардың, аспаптардың жұмысы кезінде радиоқабылдағыш тізбегіне әсер етіп, радиоқабылдауға кедергі келтіретін элекртмагниттік ұйытқулар.

         Сөздік

         кедергі – резистор, сопротивление

ұйытқу – вихрь

тізбек – цепь

бөгеу - помеха

         8.4  Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1.     Қазақстандағы алғашқы радиостанция қашан және қайда пайда болды?

2.     Алматыдағы радиостанция қашан іске қосылды?

3.     Қазір Қазақстанда қандай радиостанциялар жұмыс істейді?

Осы сұрақтарды негізге ала отырып, бір-біріңізбен сұхбаттасыңыз.

 

9 Алыстан көрсетудің алғашқы жобалары

 

Табиғат құбылыстарын тануда көзбен көрудің артықшылығына ешкім күмән келтірмейді. Сондықтан әр елдің ой иелері алыстан көруді арман етті. 1873 жылы орыс оқымыстысы А.Н.Лодыгин кәдімгі қыздыру лампыларын ойлап тапты. 1875 жылы Америка өнертапқышы Керл кескінді алысқа жеткізудің алғашқы жобасын ұсынды. Бұл жобаның жұмыс істеу әдісін түсіну үшін мысал ретінде кәдімгі шахмат тақтасын лайық. Ол тақтаның әр торы (клеткасы) селен элементінен тұрады екен делік. Егер осындай тақтаға кескінді линза арқылы проекцияласақ, жарық көбірек түскен селен элементтері өздерінің электр кедергісін азайтады. Ал жарық түспеген элементтердің кедергісі өзгеріссіз қалады. Бұл жоба, кемшіліктері бола тұра, телевизияның дамуына түрткі болды. Яғни, кескінді жеке элементтер арқылы алысқа беру идеясы өте құнды болып, телевизияда тұрақты орын алды.

Арада үш жыл өткен соң, 1878 жылы Португалия өнертапқышы де Пайва селен элементінен тұратын тақта мен таблоны қосатын көптеген сымдардың орнына бір ғана сымды пайдалануды ұсынды. 1880 жылы орыс ғалымы П.И.Бахметьев өзінің «Телефотограф» деп аталатын кескінді алысқа беру жобасын ұсынды.

Де Пайва мен П.И.Бахметьевтің  жобаларының маңыздылығы -  кескінді жеке элементтерге жіктеп, кезекті түрде қайталап беру әдісінде. Бұл бүгінгі телевизияның негізгі әдісі.

Кескінді оның жеке элементтері арқылы тізбектеп беруді кескінді жаймалау деп атайды. Оның әртүрлі әдістері бар.

1884 жылы поляк инженері П.Нипков кескінді дөңгелек (диск) арқылы жаймалауды ұсынды. Диск бір айналғанда кескіннің толық көрінуі кадр деп аталады, кадрдың бір секунд ішінде көріну санын кадр жиілігі деп атайды.

Бұл жобамен кескінді алысқа жеткізуді тек 1925 жылы Англияда Бэрд және Америкада Дженкинс  жүзеге асырды.

 

Сөздік

күмән келтіру – сомневаться

ой иелері – мыслители

қыздыру лампысы – лампа накаливания

кескін - изображение

тізбек – цепь, последовательность

құбылыс – явление

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

9.1 Сөз тіркестерін аударыңыз:

Первые проекты дальнего видения; природные явления; мечтали видеть; проволока, соединяющая доску и табло; основной способ; метод последовательного повторения; развертка изображения с помощью диска, полная видимость; состоящий из элемента селен, важность проектов, количество кадров за одну екунду; отдельные элементы; частота кадров

9.2 Сөздікпен аударыңыз.

Теле (грек.  tele – алыс) – алыстықты, сондай-ақ алыс қашықтыққа әсер етуді сипаттайтын біріккен сөздердің алғашқы бөлігі (мысалы, телевизия, телеграф).

Телевизия (теле және лат. video – көремін) объектінің кескіні мен дыбысын радио немесе өткізгіш сымдармен таралатын электрсигналдар арқылы алысқа тарату және дыбысын естірту мәселесімен шұғылданатын радиотехника саласы.

9.3 Ешкім, ешнәрсе, ештеме, ешқашан, ешқандай, ешбір, ешқайсы болымсыз есімдіктерімен сөйлемдер құраңыз.

9.4 Жақшаны ашып, оның ішіндегі сөздерге табыс септік жалғауын жалғаңыз, оның тағы қандай қосымшамен тұлғалас екендігіне назар аударыңыз.

Адам баласы қай кезде де табиғат (құбылыстар) тануға талпынған. (Кескін) жаймалау үшін диск қолданылады. Тақта мен (табло) сым арқылы қосады. 1880 жылы П.И.Бахметьев өз (жоба) ұсынды. Біз дүйсенбіге дейін бұл (тапсырма) орындаймыз. Институт заманауи (жабдықтар) түгел сатып алды. Студенттер (баяндама) көңіл қойып тыңдады. (Кәсіпорын) тіркеу үшін көп құжаттар керек.

 

10 Телевизия мұнаралары

 

Телевизия мұнаралары – ұшар басына телевизия, радиохабартарату, радиограф пен радиореле байланыстарының антенналары орнатылған биік мұнара.

Мұнараларды биік етіп жасау – техникалық қажетті жағдай.

Мұнара неғұрлым биік болса, соғұрлым теледидар хабары қолданылатын қашықтық ұлғая береді. Осыны ескерген әр елдің инженер –конструкторлары көптеген мұнара жобаларын жүзеге асырды. Мысалы, Мюнхендегі мұнара биіктігі  - 265 метр. Радио дүниеге келмей тұрған кезде тек әсемдік ретінде салынған Париждегі Эйфель мұнарасы – 300 метр. Қазір ол радио мен телевизияда теңдесі жоқ орын алып отыр.

Телевизияның дамуымен қатар мұнара биіктігі де арта түсуде. Осылайша Ленинградта – 330 метрлік, Берлинде – 360 метрлік  мұнаралар салынды.

1967 жылы Москвада Останкино ауданында салынған  телевизия мұнарасының биіктігі – 533 метр. Оның бірінші қабатында кинозал, 63 метрлік биіктікке дейінгі 15 қабатта УҚТ (УКВ) станциясы, метеостанция, асханалар бар. 147 метрлік биіктікте қала көрінісін тамашалайтын 200 адам сыятын алаң бар. Бұл ерекше    мұнараның  жобасын жасаушы – көрнекті инженер Николай Васильевич Никитин. Осы еңбегі үшін оған техника ғылымдарының докторы атағы мен Лениндік сыйлық берілді. Бұл  мұнараның салмағы – 32 мың тонна, диаметрі – 74 метр.

 

Сөздік

мұнара – башня, вышка

ұлғаю – увеличиваться

ескеру – обратить внимание, принять во внимание, иметь в виду

салмақ – вес, масса

сыю – вмещаться

көрініс – вид

тамашалау – любоваться

теңдесі жоқ – не имеющий равного

неғұрлым – поскольку, настолько, чем

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

10.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Высокая вышка, технически необходимое условие, чем выше вышка; увеличивается расстояние телевизионной связи; принимая это во внимание; осуществили проекты многих башен; высота вышки; в качестве красоты; с развитием телевидения; любоваться видом города; площадка, вмещающая 200 человек; особая башня; доктор наук.

10.2 Мәтіннен ілік септік + тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз, өзіңіз осы типті 10 тіркес ойлап табыңыз.

Үлгі: теледидар хабары, оқырман билеті, мұнара жобасы.

 

11 Алматы теледидар мұнарасы

 

Алматы теледидар мұнарасы (АТМ) – радио-теледидар хабарларын тарататын станса кешені. 1975-1984 жылдары Алматы қаласының маңындағы теңіз деңгейінен 1000 м биік Көктөбе беткейіне тұрғызылған. Бұл мұнараның архитекторлары – Н.Г.Терзиев, А.Н.Савченко; конструкторлары – Н.К.Акимов, Б.В.Остроумов. Мұнараның биіктігі – 372м, онда екі жерден лифт және арнаулы жүк көтергіш тетік жұмыс істейді. Темір-құйматасты іргетасы (көлемі 15 мың метр2 – биіктігі 20м үш қабатты секциялы подвалдан және биіктігі 20м екі қабатты  техникалық үйден тұратын біртұтас қорапты құрылым. Діңгегінің металл бөлігі 18,5м профильді анодталған алюминий панельдермен қапталып, кейбір тұстары шыны витражбен бөлінген. 146м биіктігінде қала көркін тамашалауға арналған алаң бар. Ал 252м биіктікте антенналық-фидерлік жүйелерді техникалық қадағалау қызметі бөлімі орналасқан. Мұнара биіктігі 114м секциялы металл антенна этажеркасымен бітеді. Әр секцияда теледидар мен радио хабарын таратуға арналған антенналар бар. Ол антенна арқылы 80-190 шақырым радиуста 5 арнада телехабар және 4 арнада радиохабар толқындары таратылады. Техникалық қызметке арналған үйдің 1-қабатында телерадио хабар стансасы, байланыс аппараттары мен гидроқызметті қадағалайтын басқару құралдарымен жабдықталған кабинеттер бар. 2-қабатта мұнараның көру алаңынан қаланы тамашалағысы келетіндерді қабылдап, оларды алаңға жеткізуді ұйымдастырушыларға арналған бөлмелер орналасқан. Алматы теледидар мұнарасы -  сейсмикалығы (10 балл) жоғары таулы ауданда бой көтерген бірегей кешен.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

11.1 Мәтінді толық оқып шығып, білмейтін сөз, сөз тіркестеріңізден  сөздік жасаңыз.

11.2 Жақшаны ашып, оның ішіндегі сөздерге өткен шақ есімшенің -ған,-ген, -қан, -кен және -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының тиістісін жалғап, сөйлемдерді оқыңыз, аударыңыз.

Алматыда Көктөбеде қала көрінісін (тамашала) алаң бар. Ленинградта (салын)  мұнараның биіктігі– 330 метр.  Н.В. Никитин – Останкино мұнарасының жобасын (жаса) инженер.  Останкино мұнарасында оның биік қабаттарына (көтер) лифт бар. Телевизия мұнараларын (сал) кезде қауіпсіздік техникасын (сақта) жөн. Мұнара биіктеген сайын хабар (таратыл) қашықтық ұлғая береді.

11.3 Көп нүктенің орнына ырықсыз етіс жұрнақтарын жалғап, көшіріңіз.

Н.В.Никитинге Останкино мұнарасын жобалағаны үшін Лениндік сыйлық бер.... Алматыдағы мұнара Көктөбенің басына сал.... Көптеген мұнара жобалары жаса.... Кескінді алысқа жеткізу мақсаты көзде.... Антенналар орнат.... Көптеген тиімді құрылыс тәсілдері қолдан.... Зертханаларға жаңа жабдықтар жеткіз.... Жобалау институтында өлшеуіш құрылғылардың жаңа жобалары жаса....

11.4 Мына сұрақтарға жауап беріңіз. 

1.Телевизия мұнараларының басына не орнатылады?

2. Эйфель мұнарасы қашан, қандай мақсатта салынған?

3. Дүние жүзіндегі биік мұнараларды айтыңыз.

4. Останкино мұнарасын толық сипаттап беріңіз.

5. Қазақстандағы ең ірі мұнара туралы әңгімелеңіз.

 

11.5 Екі мәтінді жинақтап мазмұндаңыз.

 

Теледидар тақырыбына құрастырылған чайнвордты шешіңіздер.

1. Радиоактивтілікті зерттеген атақты француз ғалымы. 2. Аппараттың ақауын бақылайтын телеқондырғы.  3. Басқару жүйесі. 4. Дыбыстың сапасы. 5. Электрмагниттік тербелістерді пайдалануға негізделген аппарат. 6. Москвадағы әйгілі телемұнара. 7. Электр кедергісінің бірлігі. 8.Радио программасы. 9. Теледидар бөлшегі. 10.Радионың «атасы», орыс физигі. 11.Электр кернеуін өлшейтін бірлік. 12. Кескін көрсететін радиотехникалық аппарат. 13. Хабарды жалғастыратын жүйе. 14.Токтың күшін және ағысын реттейтін аспап. 15. Ток ауыстырғыш аппарат. 16. Электр нүктесі. 17. Телетолқындар өрісін қабылдайтын құрал. 18. Зарядталған электрод. 19. Толқындар жиынтығы. 20.Пленкадағы бейне. 21. Теледидар программасы. 22. Телетолқындар жолы. 23. Кинескоп жасайтын завод. 24. Белгілі совет ғалымы, аэродинамик. 25. Радио маркасы. 26.Электр тогының шамасын өлшейтін аспап. 

 

 

12  Информация және оны таратудың халық шаруашылығындағы орны    

 

         Соңғы жылдарда информация, оны өңдеп, сұрыптау және тарату туралы көптеген еңбектер жазылған. Оның себебі шаруашылықты басқару саласындағы информацияның алатын орнының ерекшелігінде болып отыр. Өйткені, ғылыми-техникалық революция ғылымда және басқа салаларда, оның ішінде халық шаруашылығын басқару информация тасқынының күрт өсуін талап етіп отыр. Оны «информациялық жарылыс» деп атайды. Информациялық жарылыстың негізі тек қана информацияның көлемінің көбеюінде ғана емес, оны өңдеп, сұрыптаудың және таратып жеткізудің күрделілігінде болып отыр.

         Өзімізді қоршаған айналаны сезу түрі мен олардың өзіміздің санамызда сақтау белгілерін информация деп атаймыз. Өмірде іс жүзінде кездесетін информация материалдық  ортаның жағдайы, оның қасиеті, өркендеу заңы, қоғамның және оның мүшелерінің мақсаты мен соған жету әдістері туралы хабар ретінде кездеседі. Информация, оларды түрлендіру, өңдеу, бір жерден екінші жерге жеткізудің қоғам өндірісіндегі еңбек тиімділігін арттырудағы маңызы өте зор. Информацияны түрлендіру, өңдеу және тарату көлемінің өсу қарқыны өндірістің өсу қарқынынан артық болмайынша, ғылыми техникалық прогресс болуы мүмкін емес.

         Егер осы уақытқа дейінгі елдің күші оның әскери күшімен, алтын қорымен, электр энергия күшімен өлшенсе, қазіргі уақыттағы мықты көрсеткіштің бірі ретінде информация өндірісі көтеріліп отыр.

 

Сөздік

Сұрыптау сортировать, сортировка             

ерекшелік особенность

тасқынпоток

өркендеу процветать

орта среда

себеп причина

нәтиже результат

жарылыс взрыв

сезу чувствовать

қарқын темп

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

12.1 Ерекшелік, айырмашылық, себеп сөздерін жазбаша тәуелдеңіз.

12.2 Мәтіннен бірыңғай мүшелі 3 сөйлемді көшіріп жазып, оның қызметін анықтаңыз.

12.3 Мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып, біреуін есімдерше түрлендіріңіз.

12.4 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Обработка, сортировка, передача информации; роль информации в отрасли управления народным хозяйством; резкий рост потока  информации; сложность доставки, обработки, передачи; способы достижения цели; темп роста объема передачи, преобразования; увеличение эффективности труда в общественном производстве; один из мощных показателей.

12.5 Мына сөздер мен  тіркестерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айтып жаттығыңыз, өздеріңіз өткен мәтіндер бойынша мысалдар келтіріңіз.

Болып отыр; талап етіп отыр; деп атаймыз; елдің күші; көтеріліп отыр;

көлем; көбею.

 

13 Информациялық  процестердің классификациялануы

 

         Информациялық  процестер мазмұны және қолданылатын орнына қарай классификацияланады.

         Информациялық  жұмыстың мазмұны негізгі, қосалқы, қызметші жұмыстардан құралады.

         Негізгісіне жататындар: информацияны жинап алу мен оны түрлендіру. Информацияны жинап алу қоршаған айнала мен басқарылатын объектілердің жағдайын сезу қабілеттігіне негізделген. Егер оларды жинайтын адам болса, онда оның сезім мүшелері, ал егер механикаландырылған болса, онда әртүрлі микрофон, фототетіктер, телекөрсеткіштер т.б информация қабылдап, беруші аспаптар болады. Сол көптеген хабарлардың түрлері адамдардың миында немесе есептеу техникаларында қолданылуға оңай біркелкі сигналдарға айналдырады.

         Информацияны жинау және түрлендіру әртүрлі уақыттарда әртүрлі кеңістікте болатындықтан, олар қосалқы жұмыстарда қажет болады.

         Қосалқы жұмысқа жататындар: а) информацияны белгілі бір түрде, бір уақытта байқап көру (таблода, есептеуші көрсеткішінде, дыбыс сигналы арқылы т.б);  б) информацияны сақтап қою (әртүрлі сақтағыштарда);  в) информацияны тасымалдау (бір жерден екінші жерге көшіру); г) информацияны мультипликациялау (өсіріп, көбейтіп, қайталап, күшейтіп т.б); д) информацияны сұрыптау (түрлеріне қарай классификациалау); е) информацияны іздеу (сақталған орнын белгілеу т.б) жатады.

Қызметші жұмыстарға информацияны жинап алу,  оны түрлендіру және тарату жұмыстарына жағдай жасаушы жұмыстар (электр энергиясымен т.б. жабдықтау, жарық беру, құралдармен қамтамасыз ету) жатады.

 Қолданылатын орнына қарай информация басқару, жобалау және реттеу жұмыстарында пайдаланылатын болып бөлінеді.

 

Сөздік

өсіру – увеличение

қосалқы – вспомогательный

кеңістік – пространство

қабілет – способность

сақтау – хранить, сохранять

сезім мүшелері – органы осязания

тасымалдау – транспортировка, передача

сақтағыш – носитель

белгілеу – обозначить

міндет – задача, обязательство, функция

ми – мозг

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

13.1 Сөз тіркестерін аударыңыздар.

По содержанию и по месту использования; к основному относитсяс сбор и преобразование информации; способность чувствовать состояние объектов; приборы, собирающие информацию; в разное время и разном пространстве; обозначение места хранения; классифицировать по видам.

13.2 Мәтіннен Не неден тұрады/құралады үлгісіндегі құрамды білдіретін конструкцияларды теріп жазыңыз, өзіңіз мәтіннен бөлек 2-3 мысал келтіріңіз.

Мәтіннен Негізгісіне жататындар немесе мыналар жатады типті санамалау конструкцияларына мысалдар табыңыз, өзіңіз мәтіннен бөлек 2-3 мысал келтіріңіз.

13.3 Етістікті тіркестермен қалау рай тұлғалы сөйлемдер құраңыз.

Үлгі: кітап оқы – Демалыс күндері менің қызық кітап оқығым келеді.

Жақсы аяқта-; білім ал-;  жұмыс істе-;  шетелге бар-; мәжіліске қатыс-; сенім білдір-; жобалауға пайдалан-; реферат жаз-; орынды жұмса-;  тауда демал-.

13.4 Кеңістік, уақыт, көрсеткіш, қоршаған орта, жинау, сақтау тасымалдау, қайталау, сезу, дыбыс   сөздерімен кез келген тақырыпқа сөйлемдер құраңыз.

 

14  Байланыс арнасы туралы жалпы түсінік және олардың

классификациясы

 

Бұдан бұрын айтылғандай, байланыс арнасына хабарлар мен сигналдарды бір жерден екінші жерге жеткізіп беруге арналған құралдар жиынтығы жатады. Оған техникалық құрылғылар және байланыс жолдары кіреді. Инженерлік тұрғыдан айтқанда, «арна» деп бір хабардың жүретін жолын айтады.  Егер жүйе көп хабар көзіне арналған болса, оны «көпарналы жүйе» деп атайды.

Арнаны әртүрлі міндет атқаратын құрылғылардың тізбектей қосылған жиынтығы деп қарауға болады. Керек болған жағдайда олардың әрқайсысын жеке-жеке талдап, сараптауға болады.

Атқаратын міндеттеріне қарай арналар телефон, телеграф, теледидар, фототелеграф, дыбыс хабарын тарату, мәліметтер тарату, телебасқару, және т.б. арналарға бөлінеді. Сигналдарды жеткізіп беретін жолдардың түрлеріне қарай арналар: радиобайланыс (әуе байланыс жолы), кәбілді байланыс жолы, оптикалық талшықты  байланыс жолы  болып  бөлінеді.

Электр байланыс арналары көбінесе оларда пайдаланылатын жиіліктер ауқымына қарай бөлінеді. Мысалы, қазіргі симметриялы кәбілді байланыс жолдарымен берілетін сигналдардың жиілігі бірнеше жүздеген килогерц болады. Қосымша шаралар қолдану арқылы берілетін сигналдың жиілігін мың килогерцке дейін өсіруге болады.

 

Сөздік

хабар көзі – источник информации

тізбектей қосылған – последовательное соединение

атқаратын міндеті – выполняющая  функция/задача

жиынтық – набор, совокупность

оптикалық талшықты - оптоволоконный

14.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Доставка с одного места на другое; многоканальная система; выполняющие различные задачи;  последовательно соединенный; передача звуковой информации; доставка сигналов, воздушная линия связи; каналы электрической связи; диапазон частот; применяя дополнительные меры.

         14.2 Мына тіркестерді қатыстырып сөйлем құраңыз. Оларды орыс тіліне аударыңыз.

         Электр байланысы, қабылдау пункті, көпарналы байланыс, толқын ұзындығы, телефон байланысы, байланыс жерсеріктері, теледидар бағдарламасы.

14.3 Жақшаны ашып, оның ішіндегі сөздерге тәуелділіктің 3 жағы мен табыс септігі қосымшаларын жалғаңыз.

Асхат Алматы энергетика және байланыс (институт) бітірген. Әр маман өз жұмыс (орын)  таза ұстауы керек. 2011 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толу (мереке) тойлаймыз. Менің досым бөлім бастығының (қызмет) атқарады. Біз өзіміз тұратын Алматы (қала) жақсы көреміз. Сен конференцияда Мараттың (әке) көрдің бе? Курстасым маған физика (оқулық) берді. А.С.Попов  - радиобайланыс (негіз) салған өнертапқыш. Біз соғыс (ардагерлер) қадір тұтамыз.

14.4 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді оқыңыз, аударыңыз, олардың қалай жасалып тұрғанына назар аударыңыз.

Студенттер сынақ тапсырып болған соң, емтихан тапсырады. Кәсіпорынға түйіндемеңізді тапсырып болған соң, біраз уақыт күтуіңіз керек. Аслан құжаттарын дайындап болғанша, оның орнына басқа адамды алып қойыпты. Сабақ аяқталған соң, екеуміз стадионға барайық. Көзді ашып-жұмғанша, тағы бір жыл өтіп кетіпті. 

 

15  Байланыс және телекоммуникациялар желілері

 

Телекоммуникациялар нарықтық тетіктер қызметін ақпарат алуды кеңейту мен олардың берілуін жүзеге асыру арқылы қуаттап отырады.

Телефондар, факстар, электрондық пошта – осы заманғы бизнесті дамытудың өмірлік маңызды әрі объективті тұрғыдан қажетті шарты.

Ақпараттық технологиялар, оның басқа түрлерімен салыстырғанда, өз мәнісі жағынан неғұрлым «көпшіл» әрі икемді бола отырып, бизнесті, экспорттық қызметті дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша жәрдемдеседі. Олар ұлттық экономиканы шоғырландырады және аймақтық ауқымын кеңейте отырып, әлемдік экономикалық байланыстарды нығайтады.

Сонымен қатар  телекоммуникациялар жаңа жұмыс орындарын бере отырып, ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық көші-қонды азайта отырып, әлеуметтік салалардағы келеңсіз құбылыстарды азайтуға барынша жағдай жасай алады. Ақпараттық технологиялардың денсаулық сақтау мен білім беру салалары үшін, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсарту үшін маңызына баға жеткісіз.

Баршаның пайдалануына ортақ әрі толығымен іске қосылған телекоммуникациялық жүйенің келесі бір жақсы жағы – жолдың ауырлығына, жекелеген аймақтардың алыстығына және жолаушы тасымалы бағасының қымбаттығына қарамастан, күллі жұртқа ақпарат алуға мүмкіндік беретін кепілдігінде жатыр.

Біздің Үкіметіміз шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға, ең кемі байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беретін болады. Айталық, балалар мен жастарға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын таратып отырады. Мұның өзіндік құны өте арзан, әрі алдағы уақытта едәуір пайда келтіреді.

 Бүгінгі таңда  Қазақстан Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта әлемнің дамыған елдерінің осындай инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті, дербес, тәуелсіз және тиімді телекоммуникациялық  қызмет көрсету жүйесін құру міндеті тұр.  Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жай-күйі басқа елдермен салыстырғанда, өз желілерінің тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып отыр.

 

Сөздік

аймақ – регион

әлеуметтік – социальный

кепілдік – гарантия

құн – стоимость

нарықтық тетік – рыночный механизм

шарт – условие

келеңсіз – негативный

дербес – автономный, самостоятельный, персональный

тиімді – эффективный

 

15.1 Анықтауыштық тіркестерді теріп жазыңыз, аударыңыз.

Үлгі: әлуметтік сала – социальная сфера

15.2 Мәтіннен екі тұйық етістікті алып септеңіз.

15.3 Мына тіркестерді орыс тіліне аударыңыз, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз.

Өмірлік маңызы; жұмыс орындары; әлсіз дамыған аудан; денсаулық сақтау саласы; экономикалық көші-қон.

15.4 Сөз тіркестерін аударыңыз.

По своей сути; децентрализация экономики; интегрирует национальную экономику; расширяет региональные рамки; предоставляя новые рабочие места; негативные явления в социальной сфере; уменьшить экономическую миграцию; между сельскими и городскими регионами; несмотря на отдаленность; дороговизна пассажирских перевозок; себестоимость; конкурировать с инфраструктурами развитых стран мира; достаточная плотность сетей; система оказания эффективных телекоммуникационных услуг; по сравнению с другими странами.

15.5 Көп нүктенің орнына алды, арты, сырты, арасы, іші, асты, үсті, ортасы, қасы, соңы, басы деген көмекші есімдердің бірін қойып, сөйлемдерді оқып, аударыңыз.

Телекоммуникациялар ауылдық және қалалық аймақтардың ... экономикалық көші-қонды азайтады. Қысқа мерзім ... радио арқылы сөз бен әнді алысқа тарату мәселесі қолға алынды. Телевизия мұнараларының ... әртүрлі антенналар орнатылады. Институттың ... жануарлар емханасы бар. Самат Ұлттық кітапхананың ... жолдасын ұзақ күтті. Қаланың ... егіс далалары бар. Семестрдің ... студенттер аттестация тапсырады. Оқу мерзімінің ... студенттер диплом жұмысын қорғайды. Қаланың ... қалың бұлт қаптап тұр. Алматы қаласының ... метро құрылысы жүріп жатыр.

15.6 Салалас құрмалас сөйлемдерді оқып, аударыңыз.

Бұл өнімге сұраныс төмендеп кетті, сондықтан нарық сұранымына сәйкес басқа тауар шығару керек. Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі көп, бірақ жоспарланған жұмысты жүзеге асыруға ұмтылыс жоғары. Семинарға екі қызметкер жібереміз деп жоспарлағанбыз, бірақ бір қызметкер ғана жібере алдық. Шет елдермен байланыс ұлғайып барады,  сондықтан шет тілдерін меңгеру керек. Біз жексенбіде Медеуге барамыз деп келіскен едік, алайда жексенбі күні таңертеңнен бастап жаңбыр жауды.

 

16 Телефон

   

Ғалымдар мен инженерлердің ендігі мақсаты адамдарды сым арқылы қашықтықтан сөйлестіру болды. Бұл мәселенің шешімін тапқан тағы да инженер емес, Американың Бостон қаласындағы мылқаулар мектебінің мұғалімі – Александр Грэхем Белл (1847 жылы Шотландияның Эдинбург қаласында дүниеге келген) болды. Айта кетейік, дыбысты электр тогы арқылы кез келген қашықтыққа жеткізуге болатынын іс жүзінде дәлелдеп, «телефон» деген атауды 1861 жылы алғаш ұсынған неміс ғалымы Филипп Рейс болатын.

А.Белл Ф.Рейстің еңбектерімен мұқият танысып, 1876 жылы 14 ақпанда   телефон құрылғысын ойлап шығарғанын жария етіп, 7 наурызда №174465 АҚШ патентін алады.

А.Беллден кейін екі сағатқа кешігіп, Американың Чикаго қаласының өнертапқыш-электртехнигі Элиш Грей  телефон құрылғысын дайындауға мәлімдеме жасап, Беллдің өнертабысына наразылық білдіреді. Бұл кезде А.Белл ағылшын азаматы болатын, ал Американың заңына сәйкес Э.Грей

Американың азаматы болғандықтан, мұндай наразылыққа құқы бар көрінеді. Бірақ патенттік бюро Э.Грейдің наразылығын қабылдамайды. Беллдің ұтқан екі сағаты оның атын әлемге әйгілі етті.

         Телефондық техника адамзатқа 1878 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Телефондық техникаға қойылатын басты талаптар:

1.Телефондық техника  телефондық хабарлардың керекті адамға ғана берілуін қамтамасыз етуі керек;

2. Хабарлардың дәл берілуін қамтамасыз ету;

3. Хабарлардың өз уақытысында берілуін, яғни екі адамның қалыпты сөйлесуін қамтамасыз ету;

4.  Хабарлардың аз қаражатпен берілуін қамтамасыз ету;

5. Телефондық техниканың қолдану бейімділігі, яғни   телефондық техниканың нақты түрінің іс жүзінде әртүрлі жағдайларда қолданылуы. Бұл талаптардың орындалуы түбінде телефондық техниканың, телефондық хабарлардың аз шығынмен берілуін  қамтамасыз етеді;

 6. Телефондық техниканың сыртқы түрінің сүйкімді болуы. Оның сыртқы әсемдігі түсі мен жасалуына байланысты;

7. Телефондық техниканың адамдар өміріне қауіпсіз болуы.

Іс жүзінде телефондық техника  бұл талаптарды белгілі бір деңгейде орындайды. Оның негізгі себебі – қойылатын талаптардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы.

 

Сөздік

Деңгей – уровень

Қаражат – средства, финансы

Қалыпты – нормально

Сүйкімді – эстетично, привлекательно

Яғни – то есть

16.1 Етістіктің тұйық райымен тіркесетін керек, қажет, тиіс деген міндеттілік мағынасын беретін модаль сөздермен  5 -6 сөйлем құраңыз.

16.2 Көп нүктенің орнына үнемді, білікті, әділетті, кезекті, сүйкімді, қауіпсіз, ресми, қалыпты, белгілі сын есімдерін қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Телефондық техниканың сыртқы түрі  ...  болуы керек. Телефондық техника ...   сөйлесуді қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кәсіпорындарға ... мамандар керек. Заңгерлер ... болса, мемлекетте тәртіп болады. Менің  ... хат жіберуім керек. Сізден ... демалысқа шығуға рұқсат сұраймын.

16.3 Сөздікті пайдаланып, мына мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

         Морзенің мамандығы – суретші

XIX ғасыр электртехника ғылымында ашылған ғылыми жаңалықтарға, электр байланысының дамуына және қалыптасуына тікелей әсер етті.

Электртехника саласындағы жетістіктерді пайдалана отырып, Американың белгілі суретшісі, Ұлттық сурет академиясының тұңғыш президенті С.Морзе 1838 жылы 24 қаңтарда ойлап шығарған электрмагнитті телеграф аспабымен 15 шақырым қашықтыққа сым арқылы алғаш телеграф сигналын жеткізді.

Телеграфтың дүниеге келуі адамзатқа Жер шарының кез келген нүктесіне жылдам хабар беріп, хабар алуына нақты мүмкіншілік тудырды. 1844-1866 жылдар ішінде Америкада 80 мың, Азияда 20,8 мың шақырымдық телеграф байланысы іске қосылды. Бірақ барлық жүргізілген кәбілдер теңіз бен мұхит жағасына келіп тоқтап қалды.

16.4 Сөздікті пайдаланып, мына мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Знаменитый изобретатель Александр Белл изобрел устройство, названное фотофоном, которое содержало сделанную из отражающего материала мембрану. Когда звук заставлял мембрану вибрировать, она модулировала падающий на нее световой пучок и отражала его вдаль. Отраженный свет мог быть затем демодулирован с использованием другого фотофона. Используя этот метод, Белл смог установить связь на расстоянии вплоть до 213 м.

 

17 Жалғау жүйелері

 

Мәтін алды тапсырмалар

17.1 Мына сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, оларды қатыстырып бірнеше сөйлем құраңыз:

Пайдаланушы, автоматтандырылған, ойлап шығарылғаннан кейін, жан-жақты зерттеу нәтижесінде, жылға дейін, күні бүгінге дейін, телефон желісі, қалааралық байланыс.

         17.2 Талап, мүмкіншілік, жетістік сөздерін жазбаша тәуелдеңіз.

 

Жалғау жүйелері

Телефон ойлап шығарылғаннан кейін пайдаланушыларды бір-бірімен жалғау мәселесі қолға алынды. 1889 жылы Америка ғалымы А.Б.Стоуджер ондық қадамды автоматтандырылған телефон станциясын (АТС) ойлап тапты.

Бұл станцияның құрылымы жеңіл және арзан болғанмен, атқаратын қызметі шектеулі және мүмкіншілігі өте төмен болды. Абоненттерді бір-бірімен жалғау үшін жылжымалы түйіспе пайдаланылып, тікелей басқарылды. Ондық қадамды АТС (бірінші буын) 1950 жылға дейін қалалық телефон мен телеграф желісінде қолданылып келді, кей жерлерде күні бүгінге дейін әлі пайдаланылуда.

Ғалымдар мен инженерлердің ізденістерінің арқасында 1906-1914 жылдар аралығында тіркеуішпен (регистр) басқарылып, бірнеше дүркін жалғанатын координаттық АТС-тер іске қосылды.

Үшінші буынның АТС-терін жобалап дайындау 1950 жылдары басталды. Бұл уақытта электроника біраз дамыған еді. Электронды шам және шала өткізгіш  (транзистор, тиристор, диод т.с.с.) негізінде әртүрлі электрондық құрылғылар жасалынып, өндірісте кеңінен пайдаланыла бастады. Жан-жақты зерттеулердің нәтижесінде 1964 жылы Америкада программамен басқарылатын квазиэлектронды АТС (ESS №1), 1975 жылы Францияда тұңғыш цифрлы АТС – Е10 іске қосылды.

Қазіргі кезге дейін АТС-тердің дамуы электроника саласындағы жетістіктермен тікелей байланысты. Бүгінгі күні телекоммуникация желілерінде өте үлкен жинақты сұлбалар (БИС, СБИС т.с.с.), микропроцессорлар, есептеу техникасы кеңінен пайдаланылып, АТС-тің жұмыс істеу ауқымы кеңейіп келеді.

Бүгінгі күннің байланыс немесе телекоммуникация желісі таратушы, қабылдаушы, хабар жалғаушы, ажыратушы, қателерін табу, түзеу т.с.с. қызметтік ақпараттан тұрады.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

17.3 Мәтінді оқып шығып, оған сөздік жасаңыз.

17.4 Мәтіндегі термин сөздер мен сөз тіркестерінен мәтіндегіден бөлек сөйлем құраңыз.

17.5 Мәтіндегі аббревиатуралардың толық түрін жазыңыз.

17.6 Мәтінге бірнеше сұрақ қойып, соларға жауап беру негізінде мәтінді мазмұндаңыз.

 

 18  Цифрлық тарату жүйелері

 

18.1 Мәтін алды тапсырма

Байланыс туралы «Қазақтың шақырымы қайдан шыққан?» деген танымдық мәнді әңгімені оқу.

 Байланыстың батыл қадамдары

Қазақтың «шақырымы» қайдан шыққан?

Алыстан тез хабар беріп, хабар алу мәселесінде адамзат ерте дәуірден-ақ бар мүмкіншіліктерді кеңінен пайдаланғаны белгілі. Ғылым мен техника дамымаған кездің өзінде дауыстары зор адамдарды пайдаланғаны, Африкада там-там (барабан, дауылпаз) қағып, от жағып хабарласқандары және құбыр, сым немесе жіңішке жіп, қағаз қорапты пайдаланып 300 метрлік қашықтықтан сөйлесу мүмкіншіліктері болғаны тарихи әдебиеттерден белгілі. Бұған мысалды алыстан іздемей-ақ қазақтардың бүгінге дейін «шақырым» деген сөзді пайдаланатыны айғақ.

Сигнал деген ұғым ағылшын тілінің sign деген сөзімен түбірлес, мағынасы – белгі, белгілеу деген түсінік береді. Жазылған сөз белгілі бір ұғым береді, ендеше ол да -  сигнал. Сонымен дауыс шығару, дыбыс беру, от жағу, там-там қағу, жарық беру т.с.с. сигналдарға жатады. Ал сигналдарды электр түрінде берудің көп тиімді қасиеттері бар. Олар:

1.Тарау жылдамдығы сәуленің жылдамдығына жуық.

2.Электр сигналдарын өңдеу, түрлендіру және салыстыру жылдамдығы өте жоғары электрондық құрылғылар арқылы орындалады.

 

18.2 Берілген изафет тіркестерді аударып, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңыз:

Байланыс желісі –

Телеграф сигналы –

Дауыс сигналы –

Адамның даусы –

Байланыс жолы –

Дыбыс деңгейі –

Морзе әліппесі –

Телефон байланысы –

Электрониканың өркендеуі –

 

Цифрлық тарату жүйелері

Байланыс  (телекоммуникация)  желісі ақпарат таратушы және жалғаушы (АТС) жүйелерден тұрады.

Таратылатын сигналдар аналогты (мағынасы үздіксіз) және дискретті (мағынасы үзік-үзік) болып екіге бөлінеді.

Телеграф сигналы дискретті, ал дауыс сигналы аналогты болып келеді. Дискретті сигналды цифрлық сигнал деп атайды.

Адам сөйлегенде даусының жиілігі 80 Гц-тен 12000 Гц, ал есту мүмкіншілігі 16 Гц-тен 20000 ГЦ аясында болады. Дауыс сигналын байланыс жолымен тарату үшін оның жиілік аясы 300 Гц-тен 34000 Гц-ке дейін болған кезде, сөйлеген дыбыс деңгейінің 90% , ал сөздің естілу анықтығы 99% табиғи үнін сақтайды.

Телеграф алғашқы күннен бастап цифрмен істеді. Алғашқы телеграфта пайдаланылған  Морзе әліппесінде «нүкте» мен «сызықша» белгілері кейіннен екі цифрлы «0» мен «1»-ге ауысты. Телефонмен байланыс көпке дейін аналогты болып келді. Аналогты жүйенің уақыт сұранысын қанағаттандыра алмауы жаңа цифрлық технологияның өркендеуіне жол ашты.

Телефон байланысында сөйлеу сапасын сақтау дауыс сигналы  300 Гц-тен 34000 Гц-ке дейінгі жиілік аясында таратылса, цифрлық  дауыс сигналы 64 Кбит/сек (1 секундта 64000 бит) жылдамдықпен таратылады. Бұл арна  негізгі цифрлық арна деп аталады және ЕО деп белгіленеді. Өйткені, бұл арна  - бір телефон жолының сыйымдылығы.

Аналогты дауыс сигналын цифрлық  сигналға түрлендіру импульсті кодалық модуляция (ИКМ) деп аталады. Дауыс сигналын тарату үшін ИКМ жүйесін пайдалану мүмкіншілігін 1937 жылы француз инженері А.Ризе ұсынған болатын. ИКМ жүйесі 1940 жылдары радиолокация саласында қарқынды дамыды. Алайда, цифрлық технологияның баяу даму салдарынан оны бұқаралық байланыс саласында пайдалану мүмкіншілігі шектеулі болды. 1950 жылдардағы электрониканың өркендеуі ИКМ жүйесін АТС арасында кеңінен пайдалануға жол ашты. Оны алғаш 1957 жылы қолданысқа енгізген Американың Bell System компаниясы болды.

Мәтін бойынша тапсырмалар

18.3 Мәтінді түгел оқып шығып, түсініксіз сөз және сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.

18.4 Мәтіндегі терминдердің жасалуына назар аударыңыз. «Терминнің бәрі – сөз, сөздің бәрі термин емес» деген тұжырымды қалай түсінесіз, мысалмен дәлелдеңіз.

18.5ИКМ-ге берілген  анықтаманы түрлендіріп айтуға тырысыңыз. 

18.6   Мәтінді толық аударып, мазмұнын түсініп алыңыз. Енді мәтінді өз сөзіңізбен баяндауға лайықтап өзгертіңіз (трансформация).

18.7   Мәтіннің әр абзацына сұрақ қойып, жауап беріңіз. Оларға берген жауаптарыңызға сүйеніп, мәтінді мазмұндап беріңіз.

 

19 Плезиохронды цифрлық иерархия

 

Мәтін алды тапсырмалар

 

19.1 Мына біріккен сөздерді аударыңыз, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңыз:

Қалааралық –

Мемлекетаралық –

Халықаралық –

Телекоммуникация –

Радиоқабылдағыш –

Жерсеріктік –

19.2 Жұмыс істейді; деп аталады; еніп келеді; іске қосылды; қолданыла бастады деген тіркестерді күрделі баяндауыш қызметінде жұмсап, сөйлемдер құраңыз.

 

Плезиохронды цифрлық иерархия

Цифрлық ағын қалааралық, мемлекетаралық магистральдарда топталып таратылады.

Еуропалық стандарт бойынша Еуропа және ТМД елдеріне цифрлық байланыс жүйесі төмендегідей топталу тәртібімен жұмыс істейді.

 

 

6-сурет. Цифрлық жүйені топтау

Бұл жерде ИКМ-30 дегеніміз – бірінші иерархия. Оған әрбіреуі 64 Кбитпен 30 телефон арнасы келіп тоғысады. ИКМ-120 – екінші иерархия, ол төрт ИКМ-30-дың немесе 120 телефон арнасының басын біріктіреді. Сол сияқты ИКМ-480, ол – үшінші иерархия, ол өз кезегінде төрт ИКМ-120-ны, ал төртінші  иерархия ИКМ-1920 төрт ИКМ-480 байланыс арналарын біріктіреді. Әрбір иерархия арасындағы цифрлар ағыны немесе арнасы рет-ретімен Е0, Е1, Е2, Е3, Е4 деп аталады.

Мұндай топтау технологиясы плезиохронды цифрлық иерархия (ПЦИ) (мағынасы – цифрлық ағынның сатылап тарамдалуы) деп аталады.

Ақпаратты цифрлап тарату цифрлық АТС-тердің пайда болуына ықпал етіп, тарату және жалғау процестерін біріктірді.

Цифрлық тарату жүйесі (ЦТЖ) алғашқы кезде жалғаушы станциялардың арасында, кейіннен қалааралық байланыс желісінде қолданыла бастады. Экономикасы дамыған елдерде цифрлық желілер 1970 жылдан бастап іске қосылды. 1980 жылдардан байланыс жолында оптикалық талшық техникасы қолданысқа кеңінен еніп келеді.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

 

19.3 Сөздіктерді пайдаланып, мәтінді оқып, аударыңыз.

19.4 6-сурет бойынша цифрлық байланыстың жұмыс тәртібімен танысып, әңгімелеп беріңіз.

19.5 Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, біреуін септеңіз.

 

20  Синхронды цифрлық иерархия

 

Мәтін алды тапсырмалар

20.1 Мына қысқарған сөздерді толық түрде жазып, қазақшаға аударыңыз.

ЭДС, АТС, МТС, ИКМ, ПЦИ, СЦИ.

20.2 Бөлшек сан есімдерді еске түсіріп, мына сандарды сөзбен жазыңыз:4,2; 5,6; 7,9; 3,15; 2,27; 8,75; 21,38; 39,48; 155,26; 622,08; 2285,32; 9953, 28. 

 

Синхронды цифрлық иерархия

Уақыт талабы ПЦИ жүйесін түпкілікті жаңартуды қажет етті. ПЦИ жүйесінің кемшіліктерін жою мақсатында Америкада  синхронды оптикалық желі (SONET), Еуропа және ТМД мемлекеттерінде еуропалық  синхронды цифрлық иерархия (СЦИ, ағылшынша SDN) қолданысқа келді. Бұл жүйенің басты ерекшелігі, айталық, ЦПИ жүйесінің Е4 иерархиясында тұрып Е1 иерархиясындағы ақпаратты алу үшін Е3,Е2 иерархиялары арқылы бару қажет болатын, ал ЦСИ жүйесінде ақпаратты тікелей алу мүмкіндігі туды. Сосын, ПЦИ жүйесінде АТС-терді бір-бірімен тікелей және тарамдап жалғау топологиясы қолданылса, ал СЦИ жүйесінде шеңберлік топологияға қол жеткізілді.

Байланыс жүйелерін дамытудың басты мақсаты – қолданыстағы жүйені жойып жібермей, жаңа жүйенің мүмкіншіліктерін біртіндеп өзара тоғыстыру болмақ. Мұны телекоммуникацияның конвергенциясы деп атайды.

Сондықтан   СЦИ жүйесін құрудағы талпыныс – оны ПЦИ жүйесімен қатар қолдану болды.

СЦИ иерархиясы (STM-1, STM-4, STM-16, STM-64) деп аталатын синхронды тасымалдаушы модульдерден (СТМ) тұрады. СЦИ жүйесінің Е1-і цифрлық ағынның 63-ін қабылдап, оларды бір арнамен тарата алады. Басқаша айтатын болсақ, бұл дегеніміз 63*30=1890 телефон байланысын қамтамасыз етеді. Жалпы  STM-1 модулі Е1, Е2, Е3, Е4 ағындарының қай-қайсысын да қабылдап, таратушыға жеткізе алады. Осы ақпарат көлемін  STM-16 он алты есе көбейтілген жылдамдықпен тарата алады. Бұл жағдай кәсіптік қолданыста мынадай мәліметтермен өрнектеледі.  СЦИ жүйесінің иерархиясының бірінші деңгейін құрушы    STM-1 сигналын 155,52 Мбит/сек, үшінші деңгейі ( STM-16) 2488,32 Мбит/сек, төртінші деңгейі (STM-64) 9953,28 Мбит/сек жылдамдықпен таратылады.

Бүгінгі ЦТЖ-нің аппараттық жабдықтары СЦИ негізінде телекоммуникация желісінің қазіргі күн талабына сай  топологияларын құруға мүмкіншілік тудырады.

СЦИ технологиясымен ақпарат тарату жылдамдығын бұдан әрі жоғарылату мақсатында оптикалық талшықты байланыс жолын таратылатын сигнал толқындарының ұзындығы бойынша тығыздауға болады. ( DWDM-Dens Wavelength Division Multiplexing– толқын ұзындығымен мультиплексорлап тығыздау). Көпшілік сараптаушы мамандардың жобалауы бойынша жуық арада мультисервистік желілердің архитектурасы көпқабатты IP `` АТМ SDN WDM технологияларын қиыстырумен іске аспақ.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

20.3 Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.

20.4 Мына тіркестердің баламаларын мәтіннен тауып жазыңыз:

Главная особенность этой системы; в целях устранения недостатков; для получения информации; попытка создания системы СЦИ; иначе говоря; дальнейшее повышение скорости; по проектированию специалистов; архитектура мультисервисных сетей.

20.5 Сөйлем мүшелеріне ыңғайына қарай қалай және қандай деген сұрақтар қойыңыз.

Үлгі: а) Уақыт талабы ПЦИ жүйесін түпкілікті (қалай?) жаңартуды талап етті.

ә) Байланыс жүйелерін дамытудың басты (қандай?) мақсаты – қолданыстағы (қандай?) жүйені жойып жібермей, жаңа (қандай?) жүйенің мүмкіншіліктерін біртіндеп (қалай?) өзара тоғыстыру болмақ.

20.6 Мәтінді толық жазбаша аударыңыз. Қысқаша мазмұндаңыз.

20.7  Сөздікті пайдаланып, мәтінді қазақ тіліне аударыңыз

Оптоволокно

Оптоволоконные кабели обеспечивают полную гальваническую развязку между обоми концами кабеля. Непроводимость волокон делает кабели нечувствительными к скачкам напряжения. Это устраняет электромагнитные и эфирные помехи, которые могут быть вызваны контурами заземления, синфазными напряжениями, а также смещениями  и короткими замыканиями потенциала земли.  Оптоволоконный кабель действует как длинный изолятор. Поскольку оптические волокна не излучают волны и не подвержены помехам, еще одним их преимуществом является отсутсвие взаимного влияния кабелей (то есть воздействие излучения одного кабеля связи на другой, проложенный рядом с ним).

 

21 Интернет протокол

 

Мәтін алды тапсырмалар

21.1 Ырықсыз етістің жасалуы мен мағынасын еске түсіріп, мына тіркестерді аударыңыз, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңыз:

Іске қосудан басталды; протокол деп аталды, қызметі анықталды; хабар таратылады; мәлімет сақталады, ақпарат өңделеді; таблода көрсетіледі; мәселе қарастырылды; стандарт ұсынылды; қате түзетілді, тасымалдаушы желі пайдаланылады; сигнал ұзындықтары бөлінеді; сурет жақсы көрінеді, ережеге негізделеді.

21.2 Берілген етістіктерді болымсыз түрге өзгертіңіз, орыс тіліне аударыңыз, біреуін жазбаша жіктеңіз:

Қаржыландырады, тоқтайды, пайдаланады, ұсынады, анықтайды, дайындайды, тексереді, басқарады, қарастырады, реттейді, түзетеді, айтады.

 

 Интернет протокол

 

 Интернет – бірнеше  протоколдарды қамтитын әлемдегі компьютерлер мен   желілерді біріктіріп, олардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуші желі.

Интернет жүйесі 1969 жылы 2 қыркүйекте төрт есептеу орталығын біріктіріп, компьютер желісін іске қосудан басталды. Желі құруды қаржыландырған АҚШ Қорғаныс министрлігінің перспективті жобаларды зерттеу агенттігі Advanced Research Project Agency болғандықтан, желі алғашында ARPANET  деп аталды. Жобалаушыларға қойылған басты талап – желінің беріктігі өте жоғары болуы шарт, мысалы, соғыс кезінде бомбылағанда да қызметін тоқтатпауы керек. ARPANET желісінде дерек тарату үшін датаграмма әдісі деп аталған қаттамаларды (пакеттерді) жалғау әдісін пайдаланып, ал оның жұмыс істеу ережесін Интернет протокол (Internet Protokol - IP) деп атады. Интернет (Inter+net)  (Интер+желі) деп аталуы осымен байланысты.

Желімен дерек қаттамаланып (пакеттелініп)  таратылады. Датаграмма әдісі деп аталған қаттама әдісін 1960 жылдың орта кезінде АҚШ ғалымы П.Берн ұсынған.

Желілердің дерек тарату қызметі  протоколмен анықталады. Протокол

дегеніміз – пайдаланушылардың желіге енуін және бір желі мен екінші желінің ақпаратпен алмасуын қамтамасыз ететін ереже. Протокол электронды құрылғымен оқылып, өңделеді. Кез келген байланыс белгілі бір ережеге немесе протоколға негізделеді.

         Желі протоколын сипаттау логикалық және процедуралық (орындау тәртібі) деп екіге бөлінеді. Логикалық сипаттамасында протоколдың құрылымдық бөліктерін білдіретін мағынасы көрсетіледі. Желімен дерек тарату бірнеше   қаттамалар арқылы іске асырылады, олар: пайдаланушының құрылғысын желі арнасына қосу және ажырату, дерек тарату, ақпарат ағынын басқару және т.б. қызметтік  қаттамалар.   Процедуралық  сипаттамасы протокол   ережесі бойынша  қаттама қызметтерінің орындалу тәртібін көрсетеді, оларды қандай жағдайда, қай кезде қайсысын пайдалану керектігін көрсетеді.

         IP протоколының басқа желілер технологияларымен салыстырғандағы ұтымды жағы - оның қаттаманы бағыттай алуы. Бағыттаудың жалғаудан айырмашылығы желі торабында қабылданған қаттаманың қай байланыс жолымен таратылатынын сол сәтте желінің өзі анықтайды, ал жалғау әдістерінде тораптағы  қаттаманың таратылатын жолын алдын-ала дайындап тұрады.

IP протоколының  басты ерекшелігі ол таратушы мен қабылдаушының арасында байланыс құру және қаттаманың ақпараттық бөліміндегі деректің толықтығын тексеруді қарастырмайды. Сондықтан, дерек тарату үшін желіге қосылған компьютерлерді бір-бірімен жалғау, бірнеше дерек ағынын басқару және қатесін түзету, ретсіз келген  қаттамаларды реттеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында 1974 жылы АҚШ ғалымдары В.Серфа мен Б.Кан тасымалдаушы TCP ( Transmission Control Protokol)   протоколын дайындап бітірді.

         Бұрын IP /`Internet Protokol протоколының  мақсаты желіге қосылған  компьютерлер арасына  қаттамалар немесе датаграммалар тарату болса, TCM протоколы  IP протоколының қатесіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен, интернет қорын пайдалану протоколы TCM/IP протоколы деп аталды.

         Желі торабында қаттаманы өңдеу процесін жеңілдету мақсатымен АТМ (Asinhronous Transfer Mode – асинхронды тәртіппен жеткізу) стандарты ұсынылды. АТМ технологиясының ерекшелігі  IР қаттамасы болсын немесе цифрлық дауыс сигналы болсын, кез келген   цифрлық сигнал ұзындықтары қысқа ұяшыққа бөлінеді. Бағытталған ұяшықтың қай жаққа жіберілетіні транзиттік тораптарда стандартталып анықталады.

АТМ стандарты оптикалық талшықты байланыс жолын пайдаланады. АТМ ұяшықтарын тарату үшін СЦИ тасымалдаушы желісі пайдаланылады

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

21.3 Мәтінді оқып, оған сөздік жасаңыз.

21.4 Мәтінді 5-6 бөлікке бөліп, оларға тақырыпат (загловок) қойыңыз.

21.5 Мәтінді толық оқып, аударыңыз.

21.6  Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1.     Интернет жүйесі дегеніміз не?

2.     Интернет жүйесі қашан басталды?

3.     Датаграмма әдісін кім және қашан ұсынды?

4.     Протокол дегеніміз не?

5.     Желі протоколы қалай бөлінеді?

6.     Тасымалдаушы протокол қашан жасалды?

7.     АТМ технологиясының ерекшелігі қандай?

21.7 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

22 Интернет телефон

 

Адамдар бір-бірімен телефонмен сөйлескен кезде жалғанған арнаның біраз уақыты сөз және сөйлем арасындағы табиғи тыныс пен үзіліске бөлінеді. Жалғанған арналардың барлық бөлігінде, абоненттер сөйлессе де, сөйлеспесе де таратушы қуат қоры сақталады.

Бұқаралық телефон желісіне (БТЖ) қосылған бір топ абоненттерге саны шектеулі бірнеше телефон жолы бөлінеді (мысалы, бір мекемедегі 100 телефонға қалаға шығатын 5-6 байланыс жолы бөлінеді, бір уақытта 5-6 адам сөйлесе алады). Егер осы бөлінген байланыс жолдарымен аналогты емес, цифрлық дауыс сигналын берсек, бір уақытта сөйлесе алатын адамдардың саны 3-4 есе көбейеді.

Соңғы кездерде Интернет технологиясымен дауыс сигналын тарату мәселесі жиі талқылануда. IP протоколын  пайдаланып,  цифрлық  дауыс сигналын нақты уақыт өлшемінде таратуды IP телефон деп атайды. (VoIP деп те аталады). Шлюз (geantway) аналогты цифрға түрлендіруші және VoIP  - шақыру мен тарату үлгілерін басқарушы құрылғы.

IP желісі арқылы дауыс сигналын таратуды әртүрлі әдіспен іске асыруға болады.:

а) «Компьютер - компьютер» технологиясымен. Мұнда бұқаралық телефон желісін (БТЖ)  пайдаланбайды, байланыс дерек тарату желісі арқылы арнайы жабдықтар мен программалар арқылы орындалады.

ә) «телефон -  телефон»  технологиясы. Байланыс БТЖ мен IP желісіне қосылған шлюз арқылы жүзеге асады.

б)  «Компьютер -  телефон»  технологиясы. Компьютерден шлюзге дейінгі байланыс корпоративтік желі көмегімен орнатылады.

Интернет арқылы дауыс сигналын тарату жаңалық емес. Дауыс сигналын  бір компьютерден екінші  компьютерге  («компьютер - компьютер» ) тарататын программалар 1995 жылдан бері пайдаланыста бар.

Бұл программаны пайдалану үшін әрбір абоненттің дербес компьютерлері мультимедиямен толық жабдықталуы тиіс және дауыс тарататын  программалардың бірдей болуы шарт. Мұндай  программамен әуесқойларды қамтамасыз ету қиын емес, бірақ кәсіптік коммуникацияға жарамайды. Сондықтан IP телефонның күн тәртібіне қоятын басты мәселесі әдеттегі телефон желісімен бірлестіру («телефон -  телефон»,  «телефон -  компьютер») болмақ.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

22.1 Мәтіннің әр абзацын оқып, аударыңыз, жаңа сөздермен сөздік түзіңіз

22.2 Мағынасына қарай мәтінді 3-4 бөлікке бөліп, олардың әрқайсысына мазмұнына сай ат қойыңыз.

22.3 Мәтіндегі термин сөздер мен сөз тіркестерімен мәтіндегіден өзгеше сөйлемдер құрастырыңыз.

Үлгі: «Компьютер -  телефон»  технологиясы – байланыс саласындағы соңғы жетістіктердің бірі.

22.4 Мәтінді толық түрде жазбаша аударыңыз.

22.5 Мәтіннің түпнұсқалық мағынасын сақтай отырып, өз сөзіңізбен мазмұндап беріңіз.

 

23  Жартылай өткізгіштің электр тогын өткізу қабілеті. Зоналық  

теория негіздері

 

Мәтін алды тапсырмалар

23.1 Сілтеу есімдіктерін еске түсіріп, біреуін берілген үлгі бойынша септеңіз: ол, оның, оған, оны, онда , онан (одан), онымен.

23.2 Мынадай тіркестерді баяндауыш қызметінде жұмсап, сөйлемдер құраңыз, аударыңыз:

Пайдалану керек, енгізу қажет, өмір сүруі тиіс; өмір сүре алады, баға беруге болады, сәйкес келді екен, белгілеу керек, жүгінуге болады, бағалай алмайды, бөлініп шығады.

 

Жартылай өткізгіштің электр тогын өткізу қабілеті. Зоналық теория негіздері

Жартылай өткізгіштер өткізгіштік жағынан диэлектриктер мен металдар арасында орналасқан. Олар өзара меншікті және қоспалы болып, ал соңғысы p және n текті болып екіге бөлінеді.

Жартылай өткізгіштерге негізінен Менделеев кестесінің  IV тобының элементтері Si (кремний), Ce (гелий) жатады. Олардың өте қатты денелер қатарына жататынын білеміз.  

Жартылай өткізгіштердің электр тогын өткізу қасиетін зоналық теория тұрғысынан айқындап, дәлелдеген жөн. Бұл теория бойынша әрбір атомның құрылысында бірнеше электрондық қабаттар, яғни энергетикалық деңгейлер болады. Тұрған деңгейіне байланысты әрбір электронға өзіндік орбита сәйкес келеді. Электронның осы энергетикалық деңгейін сипаттау үшін  физикада 4 кванттық сан енгізілген: 1 – «бас» кванттық сан; 2 – «орбиталық» кванттық сан; 3 -  «орбиталық-магниттік» кванттық сан; 4 – магнит спині.

Осы қабылданған сандардың физикалық мәндерін түсіну үшін мынадай физикалық ұқсастыққа жүгінуге болады. Мәселен, өз алдына жеке-дара алынған атом жер шарына ұқсас делік. Онда атом орбитасында айналып жүрген электрондардың, былайша айтқанда жерсеріктерінің күйін сипаттау үшін қандай анықтамалық көрсеткіштер енгізуіміз керек? Біріншіден, жерсерігінің орбитасының ең алыс (апогей), ең жақын (перигей) шектерін белгілеуіміз керек. Осы шамаларға атом құрылысындағы бас және орбиталық квант сандары сәйкес келеді екен, яғни олар электронның атом құрылысындағы орбитасының апогейі мен перигейін көрсетеді.

Айтылған екі шама тек орбита көрсеткіштері болып қалады да, электронның өз жағдайын толық бағалай алмайды. Ондай анықтаманы алу үшін қосымша тағы екі шама енгізуіміз қажет.

а) электрон орбитасының кеңістік бойынша бағдарлануы - орбиталық-магниттік кванттық сан;

ә) электронның өз қозғалысының  орбита кеңістігіне бағдарлануы немесе  өз осі бойынша оңға немесе солға бұрылуы.

Осы аталған төрт сан арқылы электронның энергетикалық деңгейіне толық баға беруге болады.

Бор постулаттары бойынша электрон шексіз өмір сүру үшін тек белгілі бір рұқсат етілген орбитада ғана (кванттық сандарына сәйкес) айналуы керек, яғни тек белгілі энергетикалық деңгейде өмір сүруі тиіс. Тек осындай жағдайда ғана электронның энергиясы шығындалмай, ол шексіз өмір сүре береді. Егер электрон тыйым салынған деңгейге (орбитаға) өтетін болса, онда оның энергиясы бірте-бірте шығындала келіп, ол түбінде ядроға құлап түскен болар еді. Сондықтан әрбір атомның электрондары тек белгілі бір рұқсат етілген энергетикалық деңгейлерде ғана  өмір сүреді де, ал бір деңгейден екінші деңгейге (рұқсат етілген) шығарумен ұштасады. Мысалы, электрон жоғарғы орбитадан төменгі орбитаға ауысты делік. Бұл электронның жоғарғы энергетикалық деңгейден төменгі  энергетикалық деңгейге ауысуымен сәйкес келеді де, артық энергия сыртқа жылу немесе сәуле ретінде бөлініп шығады. Ал электронның төменгі деңгейінен жоғарғы деңгейге шығуы  электронның сырттан қосымша энергия алуына байланысты.  

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

23.1 Мәтіннен мына сөздер мен сөз тіркестерінің баламаларын тауып жазыңыз.

энергетический уровень –

полупроводник –

твердое тело –

разрешенная орбита –

дополнительная энергия –

удельное сопротивление –

запрещенная зона –

можно оценить –

вращение налево –

23.2 Мәтінді толық оқып шығып, сөздік жасаңыз.

23.3 Мәтінде жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып, статистикасын көрсетіңіз.

23.4  3-ші абзацтағы «аталған элементтер» тіркесі қандай элементтерге қатысты екенін тауып айтыңыз.

Осы әдіспен мәтіндегі кездесетін «олар», «соңғысы», «қабылданған сандар», «айтылған екі шама», «төрт кванттық сан», «екі шама енгізуіміз қажет» деген тіркестерді айқындайтын тіркестер мен сөйлемдерді жазбаша қатарластырып жазыңыз.

23.5 Мәтінді толық аударыңыз.

23.6 Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, ат қойыңыз.

23.7 Әр бөліктің мазмұнына сай бірнеше сұрақ қойып, оларға жауап беру арқылы мәтінді өз сөзіңізбен баяндауға тырысыңыз.

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі 

1.     Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Радиотехника, электроника және байланыс, 6-том. Алматы, 2000.

2.     М.М.Төлеуп. Қазақ тілі.  Радиотехника факультеті мамандықтары бойынша  мәтіндер материалдары негізінде сөйлеу біліктілігін дамытуға арналған әдістемелік нұсқаулар мен практикалық тапсырмалар  (Әдістем. көрсеткіш), Алматы: АЭжБИ, 2001

3.     М.М.Төлеуп, С.Х.Дүкенбай, А.Ы.Тілембекова. Қазақ тілі. Оқу құралы. Энергетика және байланыс мамандары үшін қазақ тілі, Алматы: АИЭС, 2001

          4. А.Ы.Тілембекова. Қазақ тілі. Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік көрсеткіштер (радиотехника және байланыс факультетінің студенттері үшін) – Алматы: АЭжБИ, 2003.-38б.

         5. Ж. Елшібеков. Зерек. Танымдық ойындар әлемінде – Алматы: Өнер, 1991.-512 б.

         6. Т. Бектібаев.   Байланыстың   батыл қадамдары: Зерде – 2002 № 4.

         7. Ә. Берікұлы “Техникалық электроника” Алматы. “Білім” 1995.

         8. Н.Омашев. Радиожурналистика: Оқулық, А: 2005.

         9. Ниеталин. Электр байланыс теориясы. А: 1994.