АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ-1

5В0717 жылуэнегретика бағытындағы оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық материалдар

 

 

 

Алматы 2010 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Арыстанғалиева Д.М., Төлеубаева К.Т. ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 5В0717 жылуэнегретика бағытындағы оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық материалдар.  Алматы: - АЭжБИ, 2010.- 35 б.

Көрсеткіш жылуэнергетика бакалаврларының оқу бағдарламасына сәйкес орындалатын өздік жұмыстарға арналып құрастырылды.

Жылуэнергетика мамандықтарына қатысты жазбаша аударуға арналған мәтіндер және мәтін контексі бойынша қайталау, бекіту мақсатында грамматикалық тапсырмалар берілген.

          Көрсеткіш жылуэнергетика бағытында даярланатын студенттерге ұсынылады.

  

Алғы сөз

         Бұл дидактикалық материалдар жылуэнергетика бағытында оқитын студенттерге арналған. Осы бағыттың  мамандықтарына сәйкес ғылыми-техникалық түпнұсқалардан іріктеліп алынған мәтіндерді қазақ тілінде оқу барысында студенттер кәсіби лексикамен танысып, ғылыми стильдің ерекшеліктерімен, терминжасам, мәтінтүзім элементтерімен таныса бастайды. Сөздіктерді орынды пайдалану, жаңа сөздерді меңгеру мақсатында сөздік жасауға дағдыланады, аударма техникасының әліпбиімен танысады. Ол үшін  әр мәтін бойынша кемінде 5-6 тапсырма берілді. Бұл тапсырмаларды орындау барысында студент өзіне қажетті грамматикалық, лексикалық минимумдарды және техникалық терминдер мен сөз тіркестерін меңгере отырып, оларды өмірде іс жүзінде пайдалана білуге машықтанады.

  

1 Алматы энергетика және байланыс институты

 

1.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

         Алматы энергетика институты 1975 жылы политехникалық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрамынан бөлініп шықты. Сол кездегі 15  одақтас республика (қазіргі ТМД елдері)  ішінде бұл энергетика саласындағы үшінші (Москва, Иваново) жоғары оқу орны еді.

         1997 жылдың 3 мамырында институт Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) болып қайта құрылды. АЭжБИ -  Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны.

Бүгінгі АЭжБИ дегеніміз:

         * Институттың бес факультеті:

1. Электр энергетика факультеті;

2. Жылу энергетика факультеті;

         3. Радиотехника және байланыс  факультеті;

4. Институтқа дейінгі даярлық  факультеті;

5. Сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.

* 5000 студент, магистрант және аспирант;

* 340 оқытушы, оның 40 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары;

* 22 кафедра, оның ішінде Саутгемптон университетімен   (Ұлыбритания) бірігіп құрылған Би Джи Ғылыми табиғатпайдалану методологиясы кафедрасы;

* 8 ғылыми-зерттеу зертханасы;

* оқу корпустары;

* Компьютер сыныптарымен және оқу залдарымен жарақтандырылған 3 студенттер жатақханасы,

* 8 оқу залы бар кітапхана,

* «Энтельчик» студент жастар орталығы;

* ғылыми зертханалар корпусы;

* бірегей ғылыми және оқу жабдықтары;

         * Интернет желісіне қосылған заманауи дербес компьютерлер, оқу теледидары.

         Күндізгі бөлімнің студенттеріне энергетика және байланыс кәсіпорындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған. 

         Біздің студенттер бос уақыттарын көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорт секцияларына, интеллектуалдық ойындарға қатысып, көңілді өткізеді.

         1.2 Сөздерді меңгеріңіз.

         мәтін – текст

         мамандандырылған – специализированный

         бойынша – по

         заманауи – современный

         сала – область, сфера

         ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский

         сырттай оқу – заочное обучение

         кәсіпорын – предприятие

         бірегей – уникальное

         жабдық – оборудование

         1.3 а) Сингармонизм заңын еске түсіріп, мына сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз: жабдық, мүмкіндік, студент, дәптер, қалам, жатақхана, орындық, тақта, оқу құралы, оқулық, кәсіпорын, сызғыш, терезе, факультет.

ә) Бұларды қатыстырып сөйлем құраңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз.

         1.4 Мәтіндегі бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қызметіне назар аударыңыз.

         1.5 Өткен шақ есімшенің сөйлемдегі орнына қарай анықтауыш және баяндауыш болатындығына 2-3 сөйлем құраңыз.

         1.6 Мына мақалдардың мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

1. Бақыт белгісі – білім мен ақыл.

2. Оқу – инемен құдық қазғандай.

3. Білекті бірді жығады,

         Білімді мыңды жығады.

         1.7 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

          2 Мамандығым – жылуэнергетик

 

2.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Бұл мамандық шеңберінде білім беру мамандандырулары мынандай:

Жылуэлектр стансалары, су және отын технологиясы, жылу технология энергетикасы, өнеркәсіптік жылуэнергетикасы, шағын кәсіпорындар мен ұйымдардың энергия жабдығы және энергия шаруашылығы.

         Жылу энергетика студенттері жылу электр стансаларын, өнеркәсіптік және жылытушы қазандықтарды, жылутехнологияларын, өнеркәсіптік кәсіпорындары мен мекемелерді орталықтанған және жекеленген энергиямен жабдықтауды, жылу желілерін, су және отын дайындау жүйелерін, жылуэнергетика және жылутехнология нысандарын өңдеу және оңтайландыру әдістері мен құралдары туралы білім мен дағдыларды меңгереді.

         Жылуэнергетик мамандығы өте қызықты, кең ауқымды. Бұл мамандық иесі техникалық білімді, тиянақты және сауатты болу керек. Сонымен қатар техника қауіпсіздігінің негізгі талаптарын білгені жөн.

Түлектер энергияны түрлендіруші және таратушы компанияларда, “Алматы жылу желілері” АҚ-та, «Алматы электр стансалары» АҚ-та, басқарушы және сервис компанияларында, жобалау және ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші және мұнай мен газды тасымалдаушы  компанияларда, тау-кен өндіруші компанияларда, рудалар мен пайдалы қазбаларды өңдеумен айналысатын кәсіпорындарда жұмыс істей алады.

         2.2 Cөздерді меңгеріңіз.

Дағды – навык

Техника қауіпсіздігі – техника безопасности

Негізгі талаптар – основные требования

Түрлендіруші – преобразующий

Таратушы – распространяющий, передающий

Шағын кәсіпорын – малое предприятие

Жабдықтау – оборудовать

әдіс, тәсіл – метод

оңтайландыру – оптимизация

2.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

         Централизованного и автономного энергоснабжения промышленных предприятий, образовательные  специализации,  система подготовки топлива,

методы средства и оптимизаций, освоение навыков, должен быть грамотным,

могуть работать нефтегазодобывающих нефтеперерабатывающих компаниях, переработка полезных ископаемых.

2.4 Мәтіннен сын есімді тіркестерді жазып алыңыз, олармен өзгеше сөйлем құраңыз.

2.5 Мәтінге жоспар құрыңыз.

2.6 Осы жоспар негізінде мәтінді мазмұндаңыз.

 

3 Отын ылғалы

 

3.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Қатты отынның ылғалын сыртқы және ішкі деп екіге бөледі. Отынды өндірген кезде, тасығанда және сақтағанда оған жер асты суы, ауадан ылғал тиеді. Отын кесектерінің сыртқы беті ылғалданады. Кесектер кішірейген сайын отынның меншікті беті өседі және ол ұстайтын сыртқы ылғал мөлшері де өседі. Сыртқы ылғалға сонымен қатар түтікшелік (капилярная) ылғал да жатады, яғни уақ тесіктер мен саңылаулардың ішіндегі ылғал. Уақ тесіктер мен саңылаулар  шымтезек пен қоңыр көмірде күшті дамыған. Сыртқы ылғалды механикалық әдіспен және жылумен кептіру арқылы  кетіруге болады.

Ішкі ылғалға коллоид және гидрат ылғалын жатқызады. Коллоид (сіңірулік) ылғалы отынның құрама бөлігі болып табылады. Көмір бойында  ол өте біркелкі таралады. Отынның көмірлену дәрежесі өскен сайын сіңірулік  ылғалының мөлшері төмендейді.

 Шымтезек пен қоңыр көмірлерде сіңірулік  ылғал көп, ал тас көмірлер мен антрацитте аз болады. Гидрат суы кристалгидраттар құрамына кіреді, олар отынның арасан қоспаларының ішінде  болады. Гидрат суы жай кептіргенде кетпейді, ол жоғары ыстықтықта (t>150-200 0C) кетеді. Бастылары силикаттар (мысалы, Аl2O3·2SiO2·2H20; Fe2O3·2SiO2·2H2O) және сульфаттар (СаSO4·2H2O; MgSO4·2H2O). Гидрат ылғалына отындағы судың жалпы мөлшерінің тек бірнеше пайызы келеді.

3.2 Сөздерді меңгеріңіз.

ылғал – влага

деп бөледі – разделяет

меншікті беті-удельная поверхность

ылғалданады – становиться влажным

меншікті беті – удельная

өндіру – выработка

шымтезек – торф

тасу – переносить

сақтау – хранить

қоңыр көмір – бурый уголь

кептіру – сушить

біркелкі – одинаково

жер асты суы – подземные воды

3.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

При выработке топлива, увеличивается удельный слой топлива, капиллярная влага, к внутренней влаге относится  коллоид, является составной частью топлива, уменьшает теплоту горения.

3.4  Көп нүктенің орнына ілік септігі мен тәуелдік жалғауын жалғаңыз.

Отын...  ылғал.., кесектер... беті..., отын... бет..., су... мөлшер..., көмірлену... дәреже..., студент... өздік жұмыс..., маман... білім деңгей... .

3.5  Мәтінді мазмұндаңыз.

 

 4 Отын күлі

 

4.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Отынның жанбайтын бөлiгiнен ошақ қалдығы пайда болады, олар қазанның газ жолының әр жерлерiнде және сонымен қатар жағу жағдайларына байланысты күл не қож түрiнде болады.

Қож - жоғары ыстықтықта қыздырылған, соның нәтижесiнде балқу немесе жентектелу арқылы әжептәуiр берiктiкке ие болған күлдiң бөлiгi.

Күл - ұнтақ тәрiздi отын қалдығы. Ұшпа күл және түсiндi (провал) деп екiге бөлiнедi. Ұшпа күл - тозаң түрiндегi бөлiгi түтiн газдарымен бiрге қазан ошағынан шығып кетедi, не оның ағындық (конвективный) газ арнасында шөгедi. Түсiндi - күлдiң iрiлеу бөлiкшелерi (фракция) ошақтың салқын төменгi жағына түсiп кетедi.

Ошақ қалдығының негiзгi құраушысы тотықтар SiO2, Al2O3, FeO, Fe2O3, CaO, MgO, едәуiр аз үлесi сульфаттарға CaSO4, MgSO4, FeSO4 тиедi, одан да аз мөлшерде фосфаттар, сiлтi метал тотықтары K2O, Na2O және басқа да көп қосылыстар болады.

Отынды жаққанда қожды ошақтан сұйық не қатты күйде аластайды.

Күлдiң маңызды қасиеттерi оның түрпiлiгi (абразивность) және балқығыштығы.

Ұшпа күл бөлшектерi келе жатып қазанның жылу беттерiмен соқтығысып, оларды тоздырады. Бұл құбылысты күлден тозу (золовой износ) дейдi. Күлден тозу қарқыны күлдiң орташа жылдамдығының текшесiне (кубiне) сәйкес.

Қазақстан көмiрлерiнiң iшiнде Екiбастұз көмiр күлiнiң түрпiлiгi өте жоғары.

4.2 Сөздерді меңгеріңіз.

жанбайтын бөлік – несгораемая часть

ошақ қалдығы – остаток горения

қатар жағу – одновременное сжигание

қож – шлак

ұнтақ тәрізді – порошкообразный

тотықтар – окись

балқығыштық – плавность

тозаң түрінде – в форме пыли

ағындық газ – поточный газ

бөлікшелер – фракция

құраушысы – составляющие

күй – состояние

сілті – гидрат

4.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Появление остатка горения, бывает в виде золы и шлака, в результате плавления, при сжигания топлива, важные свойства золы, нижняя сторона топки.

4.4 Жалғаулардың мағыналарын ескере отырып, тіркестерді аударыңыз.

из несгораемой части –

жоғары ыстықтықта –

в результате этого –

в прохладную нижнюю часть –

его абразивность –

его плавность –

4.5  Мәтінді мазмұндаңыз.

 

Мәтінді оқып, түсініңіз.

Знаете ли вы?

         ..., что японские учёные разработали новый тип топливных элементов, в которых водород образуется из глюкозы под действием солнечного света.

         Для получения глюкозы ученые предлагают использовать такие сложные органические молекулы, как крахмал, целлюлоза, сахароза и лактоза. В ходе простых, не требующих больших энергетических затрат процессов ферментаций, эти молекулы могут быть преобразованы в глюкозы, из которой затем можно выделить водород с помощью соответствующих ферментов.

         Топливные элементы состоят из прозрачного электрода, на которой сверху нанесено покрытие, способное поглощать солнечную энергию и выделять ее на другом химическом слое электрода. Это система соединяется с платиновым электродом и помещается в раствор глюкозы.

         Когда солнечное излучение попадает на светочуствительный электрод, ферменты из химического слоя, начинають взаимодействовать молекулами глюкозы, выделяя ионы водорода. Образующиеся в растворе ионы притягивают электроны из платииного электрода, генерируя электрический ток напрежением в несколько сотен милливальт.

          (По материалам журнала «Альтернативная энергетика и экология».)

 

           5 Күлқож шығару

 

5. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Қазіргі кезде ЭС-тың көбінде күл мен қож сумен күл төгіндісіне (золоотвал) шығарылады. Осы күл, қож, су қоспасын қоймалжың (пульпа) деп атайды. Күл қоймалжыңын жіберетін сорғыны лайлық (шлаковые) деп атайды. Ал қож немесе күл жіберетін сорғыны қоймалжыңдық (багерный) деп атайды.

Күлқож шығаруда мына жұмыстар жасалады: қожды ошақ астынан шығару және оны ұсақтау; күлді күлұстағыш астынан әкету; қозғаушы саптамалардан (побудительные сопла) жіберілетін судың көмегімен қоймалжыңды сорғыға жеткізу; қоймалжыңды одан әрі құбыр арқылы күлтөгіндісіне шығару; суды тұндырғыш тоғанға (отстойный пруд) тұндыру. Тұндырғыш тоғаннан су қайтадан ЭС-қа қайтарылады.

Ошақ қалдықтары көп құраушылардан тұратын жүйе болғандықтан  белгiлi бiр балқу ыстықтығы болмайды. Олардың қатты күйден сұйық күйге және керi өтуi бiраз ыстықтық аралығында болады.

Қазанның қождануы (шлакование) оның ошағында және газ арнасындағы ошақ қалдық шөгінділерінің  үдемелі жиналуы, сонымен қоса ол шөгінділердің балқудан және жентектелуден беріктенуі.

Қождану қарқындылығы, бір жағынан, қазанның құрылма өзгешелігіне және пайдалану ретіне және басқа жағынан, жағылған отынның минерал бөлігінің құрамына және оның өзгешелік қасиеттеріне байланысты.

Отынды жағудың екі тәсілі бар: күлді (қожды) ошақтан қатты немесе сұйық күйінде шығарып жағу.

Отынды жаққанда көп жағдайда отынның минерал бөлігін балқыған күйге жеткізіп және пайда болған қожды ошақтың төменгі жағындағы тесік арқылы үзбей шығарған тиімді болады. Ошақ қалдықтарын шығарудың бұл тәсілін сұйық қож шығару деп атайды.

5.2 Сөздерді меңгеріңіз.

Күлқож – золошлак

Күл төгіндісі – золоотвал

Қоймалжың – пульпа

Лайлық сорғы – шлаковый насос

Күлұстағыш – золодержаталь

Саптамалар – сопла

Тұндырғыш тоған – отстойный пруд

Қасиет – свойства

Сұйық күй – жидкое состояние

5.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Золонаправляющий фильтр, отправлять через трубы, система состоящая из нескольких составных частей, прогрессирующий сбор осадков, связано со свойствами,  бывает эффективным,  во многих случаях, темп шлакования, вода возвращается в ЭС, төменгі жағындағы тесік арқылы- с помощью нижнего отверствие, ошақ қалдықтарын шығару –выход остатков топки.

5.4 Ырықсыз етісті еске түсіріп, мына тіркестерді аударыңыз.

күл төгіндісіне шығарылады –

коймалжың деп аталады –

қож әкетіледі –

су қайтарылады –

5.5 Мәтіннің әр абзацына сұрақ қойыңыз.

5.6 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

6 Атомдық электр стансалары

 

            6. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Атом электр стансасы ауыр элементтерді ыдыратқанда туатын энергияны алады. Ауыр элемент ретінде уран - 235 атауға болады.

Атомдық электр стансалары (АЭС) букүштілік қондырғылар сияқты жұмыс істейді және ядролық отын (табиғи U-238, байытылған U-235) уран ыдырағанда өте көп мөлшерде жылу бөлінеді.

 Ядролық отынның ыдырауы атомдық реакторда жүреді (негізінен жылулық нейтрондар көмегімен). Келешегі мол болып тез нейтрондармен жұмыс жасайтын реакторлар (реактор - көбейткіш) саналады, онда белсендіге U-238-ші Рu-239-ға, торий (Th-232) U-233-ке айналады. Екіншілік Рu-239 және U-233 әрі қарай отын ретінде жылу реакторларында қолданыс табады.

Атом ыдыраған кезде реакторда, органикалық отынды жаққанмен салыстырғанда,   2,5*106 есе көп жылу бөлінеді. Сондықтан АЭС-те ядролық отын ЖЭС-ке қарағанда аз жұмсалады. Мысалы, МАЭС-400 сағатына 200 тонна отын жақса, АЭС бір жылда тек 200 тонна отынды қажет етеді. Алайда атом ыдыраған кезде,  тек қана жылу бөлініп қоймай, γ – сәулелер де бөлінеді, олар тірі организмдер үшін өте қауіпті, өткір рентген сәулелері болып саналады.

Осыған байланысты АЭС-та биологиялық қорғаныс мәселелерін шешуге және алыстан басқару жүйелерін енгізуге тура келеді.

АЭС-те жұмыс заты болып қанығуға жақын су буы саналады. Бу реакторларда немесе арнайы бу генераторларында өндіріледі. Реакторлар сумен су жылу алмасатын тұрқы түрінде (су реакцияны баяулатушы ретінде ғана қолданылмай жылу тасығыш рөлін де атқарады) немесе көмір графиті баяулатушы рөлін атқаратын каналдар түрінде жасалынады (жылуды бөлетін элементтерді  ЖБЭЛ салқындату үшін тағы да су қолданылады).

Реакторда өндірілген бу кәдімгі бу турбиналы электр стансаларына ұқсас турбинаға жіберіледі.

Бірінші атомдық электр стансасы 1954 жылы Обнинск қаласында құрылды. Қазіргі кезде бүкіл әлемде әр типті АЭС-тер қолданылады :

         - бір контурлы;

         - екі контурлы;

         - үш контурлы.

        Атом электр стансасының мынандай ерекшеліктері бар: ол кез келген жерде салынады, дербес жұмыс істейді, отынды аз пайдаланады, энергияны көп береді, қоршаған ортаны аз ластайды, бірақ өте қауіпті.

         6.2 Cөздерді меңгеріңіз.

ыдырату – расщепление

ауыр элемент – тяжелый элемент

ұқсайды – похожий

ерекшелік – различия, разница

ластайды – загрязняет

тұщыландырады – опресняет

өте қауіпті – очень опасно

белсенді элемент – активный элемент

қажет ету – нуждается

енгізу – внедрить

салыстыру – сравнивать

6.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Расщепление тяжелых элементов, тепло выделяется в большом объеме,   очень опасен для живых организмов, необходимо внедрить систему управления, өткір рентген сәулелері – пронзающие рентген лучи, жылу тасығыш рөлін атқарады – выполняет роль носителя тепла, отынды аз пайдаланады- мало использовает топливо.

6.4 Мәтіннің әр абзацына сұрақ қойыңыз.

6.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

          7 Отынның құрамы мен негізгі сипаттамалары

 

         7. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Отын деп әдейілеп жаққан кезде көп мөлшерде жылу беретін жанғыш затты атайды.  Өзінің күйіне қарай отындар қатты, сұйық және газ тәрізді, ал өндірілуіне қарай – табиғи және жасанды болып бөлінеді.

Қазбалы қатты отындар (тақтатастан басқа) өсімдіктердің органикалық шіруі арқасында пайда болады. Олардың ішіндегі ең «жасы кішісі» - шымтезек батпақты өсімдіктердің шіріген қалдықтарынан пайда болады. Одан кейінгі «жасы үлкені» қоңыр көмір – біртекті қара масса, ауада көп тұрғанда тотықтанып, күлге айналып кетеді. Сонан соң тас көмір келеді, оның беріктігі үлкен де, кеуектігі аз болады. Ең ұзақ сақталған органикалық масса - антрацит - көптеген өзгерістерге ұшыраған және 93%-ы сутегіден турады. Аталған қатты отындардың барлығы жаңарылмайды.

Жаңарылатын қатты отын түріне ағаш жатады. Бірақ оның энергетикалық баланстағы үлесі өте аз, тек қана кейбір шеткі аудандарда ғана отын ретінде қолданылады. Жанғыш зат отынның қасиеті кебу күлсіз күйімен анықталады. Оның құрамына органикалық масса және колчеданды күкірт енеді. Отынның химиялық құрамы күрделі болғандықтан, элементарлық талдау әдісіне сүйене отырып, оны құрайтын элементтердің массалық құрамы арқылы сипаттайды.

Органикалық отындағы жанғыш заттарға сутегі, көміртегі және күкірт жатады. Отынның жасының ұлғайғанына қарай ондағы көміртегі құрамы арта түседі. Оттегі және басқа элементтер күрделі органикалық құрамалар ретінде сақталынады. Отынның құрамында оттегі көп болған сайын сутегі мен көміртегінің құрамы азайып, жылу беру қуаты кемиді. Оттегінің құрамы отынның жасы ұлғайған сайын азаяды, мысалы ағашта ол 42% болса, антрацитте – 2% шамасында. Көміртегі толық жанғанда зияны аз көміртегі диоксиді CO2 түзіліп, 1 кг көміртегіне шаққанда 32,8 МДж жылу мөлшері бөлініп шығады. Жану процесін дұрыс ұйымдастырмаған жағдайда (ауаның мөлшері жетпеген кезде), жану өнімі ретінде аса улы көміртегі оксиді CO пайда болып, бөлінген жылу мөлшері 9,2 МДж ғана болады. Күкірт жанғанда улы күкірт тектес ангидрид SO2 және одан да улы күкіртті ангидрид SO3 түзіледі. Жану өнімдерімен олардың сыртқа шығарылуы қоршаған ортаны ластайды. Отынның органикалық күкірт құрамы S0saf көмірдің жасына байланысты болмайды және әртүрлі өндірілетін орнына байланысты түрліше болады.

7.2 Сөздерді меңгеріңіз.

Отын – топливо

Тотығу – окисление

Табиғи – природный

Жасанды – искусственный

Талдау әдісі – способ (метод ) анализа

Қоршаған орта – окружающая среда

Азаяды –  уменьшается

Беріктік – прочность

7.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

По виду и по обработке, появляется в результате органического разложения, окисляется под воздействием воздуха, сложный химический состав, характеризуется с помощью состава элементов, относительно углерода, загрязняет окружающую среду,  различные производящие места,    связано с местом производства.

7.4 Сөйлем мүшелеріне ыңғайына қарай қалай және қандай деген сұрақтар қойыңыз.

Үлгі: а) Қазбалы қатты (қандай?) отындар өсімдіктердің органикалық (қандай?) шіруі арқасында пайда болады.

7.5 Мәтінге жоспар құрып, мазмұндаңыз.

 

8 Сұйық отынның құрамы және негізгі сипаттамалары

 

8. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Сұйық отындардың барлығы дерлік мұнайды өндегеннен алынады. Ол үшін шикі мұнайды 300-3700C-ға дейін қыздырып, алынған буды әртүрлі температураларда сұйылатын фракцияларға бөледі: сұйытылған газ (шығымы 1%), бензин (15%, tk=30-1800C), керосин (17%, 120-3150C), дизель отыны (18%, 180-3500C).

Қайнау температурасы 330-3500C-дағы сұйық қалдықты мазут деп атайды. Аталған фракциялар жағармай алынатын және іштей жанатын қозғағыштарға қажетті отындар – бензин, керосин және дизельді отын алынатын шикізат болып табылады. Мазутты фракция ары қарай өңдеуге жіберіліп, крекинг арқылы таза мұнай өнімдерін, сондай-ақ химиялық өндіріске шикізат алуға болады.

Сондықтан қазіргі кезде мазутты отын ретінде қолдану шектелінген. Оны кейбір жағдайларда қозғағыш отыны ретінде де пайдалануға болады, себебі құрамы негізінен көміртегі (С'^84-86%) және сутегіден (№=10-12%) тұрады. Кейбір қазба орындарындағы мұнайдан алынған мазуттың құрамында өте үлкен шамада (4,3% -ға дейін) күкірт кездеседі. Сондықтан оны жаққан кезде қондырғылар мен қоршаған ортаны сақтау қиынға түседі. Мазуттың күлділігі 0,14% -дан аспау керек, ал құрамындағы су мөлшері 1,5%-дан үлкен болмауы қажет. Күлдің құрамында ваннадий, никель, темір жөне басқа металдар бар, сондықтан оны ваннадий немесе басқа металл алуға шикізат ретінде жиі пайдаланады. Соңғы кезде көмірден сұйық отын алу мәселесі өзекті болып отыр, бірақ ол табиғи сұйық отынға қарағанда қымбатқа түседі.

8.2   Сөздерді меңгеріңіз

өңдеу – обработка

қайнау температурасы – температура кипения

шектеу – ограничивать

қарағанда – несмотря

өзекті – актуальный

күл – зола

8.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

С помощью нефтепродуктов,  запрещено использовать  как топливо, сера встречается в большом обьеме, часто используется при получении, по сравнению с жидким топливом обходится дорожеметалла, получить из угля жидкое топливо.

8.4 Мұнай, мазут, дизель сөздерін түсіндірме сөздіктен қарап, анықтамасын беріңіз.

8.5  Мәтінге сұрақ қойыңыз.

8.6  Мәтінді  мазмұндаңыз.

        

 9 Табиғи газ

 

         9. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

          Қазіргі уақытта табиғи газ ең арзан, ең қуатты энергетикалық отын көзі болып табылады. Негізгі көміртектерден тұратын табиғи газ, сонымен бірге өндіріс салалары мен кәсіпорындары үшін бағалы шикізат. Мысалы, мұнай мен газдан синтетикалық каучуктар алынып, олардан көлік дөңгелектері, өндіріске қажетті резина бұйымдары жасалады, ал Москвич жеңіл көлігінің дөңгелегіне 24 кг каучук, қазіргі алып БелАЗ көлігінің дөңгелегіне 2 тонна каучук кетеді.

Газ тәрізді отынға негізінен табиғи газ жатады. Оның табиғаттағы қоры 0& мол. Табиғи газдың негізгі компонентіне метан СШ жатады, ал кейбір жерлердің газында аз мелшерде азот N2, жоғары көмірсутегілер С,Нт және диоксидті көміртегі СО2 кездеседі. Мұнайды өндіру кезінде ілеспе газ деп аталатын, құрамында метаны аздау, бірақ жоғары көмірсутегі көп, жанған кезде мол жылу шығаратын газ алынады.

Күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланып жүрген ыстық пен суыққа төзімді, әрі жеңіл, тоттанбайтын, сынбайтын, әрі иілгіш бұйымдар негізі де мұнай мен газ өнімі – пластмасса. Қазіргі кезде пластмасса материалдары ұшақ, тіпті (зымыран) ракета жасауға да кеңінен пайдалануда. Олардан алынатын синтетикалық талшықтыр әрі төзімді, әрі сәнді капрон, нейлон, лапсан сияқты синтетикалық заттар өндіріс пен техникада кеңінен қолдау табуда. Синтетикалық заттардың болашағы зор.

 Мұндай газды пайдалану қазіргі кезде өте өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Бірқатар елдерде ілеспе газ бен электр стансалары жұмыс істейді. Егер табиғи газ жүретін құбыр жақын болса, онда ілеспе газды соған апарып қосқан абзал.

Өндіріс пен тұрмыста өте кең тараған сұйытылған газ қолданылады. Ол мұнайды және оның  ілеспе газдарын өндеу арқылы алынады. Оның құрамында техникалық пропан (93% СзН83Н6), техникалық бутан (93% С<Ню+С4Н8) және олардың қоспалары бар. Пропанның сұйылу температурасы атмосфералық қысымда -44,5°С-ға, ал бутандікі +5°С-ға тең. Соған сәйкес 20 °С-да пропанның қысымы 0,8, ал бутандікі 0,2 МПа болады. Сондықтан бұл газдар  сұйық күйінде азғантай қысымда (2 МПа-дан кіші) шағын баллондарда тасымалданады. Металлургиялық зауыттарда ілеспе өнім ретінде коксты және донналық газдар алынады. Аталған екеуі де осы зауыттардағы пештер мен технологиялық аппараттарды жылытуға арналады. Олардың біраз бөлігі тұрмыстық газбен жабдықтауда қолданылуы мүмкін, бірақ құрамында СО-ның көптігінен (5-10%) оның қолданылуы шектелінеді де, негізінен зауыттың электр стансаларындағы ошақтарда жағылады.

Көмір   шахталары   орналасқан   аудандарда  өзіндік   "отын"   ретінде   қабаттарды желдету кезінде бөлініп шығатын метан қолданылуы мүмкін. Оның ауадағы шоғырлануы 2,5 тен 40% -ға дейін болу қаупі бар. "Метан-ауалы" қоспаның    жарылыс    қаупі    5-15%    шоғырлану    аралығында болғандықтан, аталған шоғырлану мөлшері будан тыс шектерде жату керек. Соңғы кездерде біраз жерлерде органикалық қалдықтардың анаэробты ферментациясының өнімі - биогаз қолданыс тауып жүр. Ол органикалық қалдықтардың  шіруінен   пайда  болады.   Шетелдерде   (Қытай,   Жапония) биогаз   көзі   ретінде   алдын   ала   ерекшеленген   тұрмыстық   қоқыс қолданылады. Қалдықтарды анаэробты шіріту-қоршаған ортаны ластаудан қорғау мәселесін шешетін бірден бір жол.

9.2 Cөздерді меңгеріңіз.

Табиғи газ – природный газ

Ілеспе газ – попутный газ

Қолдану, пайдалану – использовать, применять

Тасымалдау – транспортировать

Пайда болу – появление

Биогаз көзі ретінде – в качестве источника биогаза

Қоршаған орта, қоршаған айнала – окружающая среда

         9.3 Сөз тіркестерін аударыңыз               

         Мощное топливо, состоящий из углеводородов, легкие, легкосгибаемые, нержавеющие, неломкие изделия, одним из актуальных  проблем,  оборудование бытовым газом, разложение органических остатков,  предварительный особенный  бытовой отход.

9.4 Мына сөздерді құрамына қарай талдаңыз.

Желдету кезінде, энергетикалық, көміртектерден, салалары, кәсіпорындарды, дөңгелектері, машинасының, күнделікті, бұйымдар, ерекшелінген.

9.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

         10 Отын қорлары

         

         10.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Дүниежүзі бойынша уранның дәлденген қоры 3400х103 т. Қазақстанда уранның қоры дүниежүзіліктің 29 %-ын құрайды. Қазіргі қарқынмен дәлелденген органикалық отын қорын өндірсе, дүниежүзінде газ бен мұнай 70 жылға жетпей таусылады. Көмір қоры 200 жылдан артық уақытқа жетеді. Бұл деректер жуықша мәнмен екенін естен шығармау керек.

Қазақстан қазіргі кезде және болашақта біріншілік қайрат қорымен өзін-өзі қамдап, сыртқа сатуға шығара алатын елдердің қатарына жатады, ондай елдер дүниежүзінде көп емес. Жердің құрғақ аумағының 1.8%-ын алып жатқан біздің елде дүниежүзілік отын қорының 0.5% –дайы шоғырланған, 30 млр.т.ш.о. құрайды. Одан көмір үлесіне 80%, мұнай мен газ шығынына 13%, табиғи және ілеспе газға 7%   келеді.

Отын энергетикалық қорлар Қазақстан жерінде орналасуы бірқалыпты емес. Көмірдің негізгі қорлары елдің Солтүстік пен Орталық бөлігінде шоғырланған. Батыс алқап мұнай мен газдың айтарлықтай қорына ие, Оңтүстік Қазақстанда өте ірі төменгі Іле көмір кені мен бірнеше ұсақ газ және көмір кендері бар.

Негізгі суқайраттық қорлар Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шоғырланған.

Қазақстан көмірсутек шикізатының жалпы барланған қоры бойынша дүниежүзінде бірінші ондыққа кіреді. Бірақ Қазақстан кен орындарынан мұнай өндіру қиын. Сондықтан мұнай шығарудың меншікті шығындары жоғары болады. Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты бар: Павлодарда, Шымкентте, Атырауда.

         10.2 Cөздерді меңгеріңіз.

         дәлденген қор – точный (конкретный) запас

         дүниежүзілік отын қоры – всемирный запас топлива

         шоғырлану – интегрировать

         ашық тәсіл – открытый способ

         дерек – данные

         шикізат – сырье

         өндіру – добывать, производить, вырабатывать

                   10.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Точный запас урана по всему миру, производить органический запас топлива, ряд стран экспортируют на продажу, интегрирование  водно-энергетических запасов.  

         10.4 Мына тіркестерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

       Органикалық отын, кен  орындары, мұнай өндіру, меншікті шығын, отын қоры.

        10.5 Мәтінге жоспар құрып, мазмұндаңыз.

     

       Мәтінді оқып, түсініңіз.

       Известно ли вам?

       ..., что Казахстан обладает высоким потенциалом альтернативной энергетики. Первое место отводится гидроэлектростанциям. На втором месте располагается геотермальная энергетика, а третье место занимает ветроэнергетика. Помимо проекта строительства ветроэлектростанции в Джунгарских воротах Алматинской области одним из интересных районов с этой точки зрения является побережье Каспия и конкретно порт Шевченко. Ещё один интересный альтернативный источник энергии, по которому уже ведется работа в стране, - термоэнергетика. В Казахстане имеются значительные запасы термальных вод, которые оцениваются в 97 миллиардов  тонн условного топлива. В республике выявлено уже 169 таких источников, большинство из которых находится на юге страны. Их развитие позволит решить вопрос энергообеспечения южной части Казахстана.

       (По материалам журнала “Промышленность Казахстана”.)

              

11     Көмір

 

       11.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

        Көмір – ең арзан энергия көзі. Адамзат көмірді ұзақ жылдар бойы тек отын есебінде ғана пайдаланды, ал қазіргі кезде көмір энергетикада технологиялық әрі химиялық шикізат ретінде кең қолданылады.

       Физикалық, химиялық және биологиялық өзгерістердің нәтижесінде жер қойнауында көмірдің бірнеше түрі (лигниттер, қоңыр және тас көмірлер)

пайда болған. Олардың энергетикалық сапасы әртүрлі болады. Төменгі сапалы қоңыр көмір негізінен отын, энергия көзі ретінде пайдаланылса, жоғары сапалы тас көмір металлургия және химия өндірістерінде шикізат ретінде қолданылады. Металлургия өндірісінде көмірден жартылай кокс алу технологиясы игерілген. Көмірді ауасыз ортада 500-600 С-ға дейін қыздыру арқылы кокс, қара май, т.б. шикізаттар өндіреді.

          Қазақстанда көмірдің дүниежүзілік өнеркәсіптік  қорының 3%–ы шоғырланған. Қазақстанның барлық көмірлерін екі түрге бөлуге болады: тас және қоңыр көмір. Тас көмір Қарағанды, Екібастұз, Қушекі кен орындарында  шоғырланған. Кокстенетін көмір тек Қарағанды кен орнында ғана шығарылады және оның үлесі алап (бассейн) бойынша өндірілетін көмірдің 55% –ын құрайды.

          Қоңыр көмірлер көбінесе Солтүстік Қазақстанда негізінде Торғай мен Майкөбе алаптарында шоғырланған.

         Республикада ашық тәсілмен шығаруға жарайтын өнеркәсіптік қор 21 млр.т және Екібастұз (51%), Торғай (26.4% ), Майкөбе (8.8% ), Шұбаркөл (7%) көмір алқаптарында шоғырланған.  Қазіргі ашық тәсілмен шығарылатын көмір деңгейіне есептесе, бұл қор Қазақстанға 200 жылдан артық уақытқа жетеді. Көмірді ашық тәсілмен шығару жер астынан шығарумен салыстырғанда  3-5есе арзан.

         Қазіргі кезде химия өндірісінде көмірді өңдеу арқылы 350-ден астам зат алынады. Олардың ішінде синтетикалық бензин, май түрлері, әртүрлі бояулар, пластмассалар, дәрі-дәрмектер т.б. алынады. Аспирин, сульфидин, новокаин, стрептоцид сияқты дәрілермен емделетін адамдар, олардың тас көмірден алынатынын білмейтін болар.

                   11.2 Сөздерді меңгеріңіз

         алап – бассейн

         ашық тәсіл – открытый способ

         өзгерістер нәтижесі – результат изменений 

         жер қойнауы – недра земли

         шоғырлану – интеграция

         өнеркәсіптік қор – промышленный запас (фонд)

         салыстырғанда – по сравнению

         химиялық шикізат – химическое сырье

          11.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

На протяжении долгих лет,  в результате изменений, в недрах земли, уровень угля, открытый способ добычи уровня угля.

         11.4  Мәтіннің әр абзацына сұрақ қойыңыз.

11.5 Осы сұрақтар бойынша түсінгеніңізді айтыңыз.

 

12 Жылу электр стансаларын жіктеу

 

12. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

         Жылу электр стансаларын (ЖЭС) әртүрлі нышандар бойынша жіктеуге болады:

          1. ЖЭС-тар беретін қайрат түріне байланысты шықтық (конденсациялық) электр стансалары (ШЭС) және жылу электр орталығы (ЖЭО) деп бөлінеді. ШЭС сыртқы тұтынушыларға тек электр қайратын, ал ЖЭО – электр және жылу қайратын (ыстық су және бутүрінде) береді.

         2. Жағатын отын бойынша ЖЭС-тер былай бөлінеді:

         - қатты отын (көмір, шымтезек, тақтатас) жағатындар;

         - сұйық отын (мазут, өңделмеген мұнай, дизель отыны) жағатындар;

         - газ (табиғи газ, жасанды газ) жағатындар;

         - аралас отын жағатындар (мысалы, газ және мазут)

         3. Электрөндіргіш жетегі үшін қолданылатын шығырлардың түрі бойынша ЖЭС-тер:

         - бу шығырлы;

         - газ шығырлы болып бөлінеді.

         4. Тәсілдемелік (технологиялық) құрылымы бойынша барлық ЖЭС-тарды:

         - құрамалық;

         - құрамалық емес.

         Құрамалық ЖЭС, әдетте, үлкен қуатты.

         12. 2 Сөздерді меңгеріңіз

         жіктеу – классифицировать

         кұрамалық – блочные

         қайратият – энергетика

         сұйық отын – жидкое топливо

         бу шығырлы – паровая турбина

         газшығырлы – газотурбина

         тұтынушы – потребитель

          12.3 Көмір, табиғи газ, жасанды газ, шымтезек, тақтатас сөздерін түсіндірме сөздіктен қарап, анықтамасын беріңіз.

12.4 Мәтіннен техника саласына жататын сөздерді теріп жазып, олармен сөйлем құраңыз.

12.5  Мәтінді мазмұндаңыз.  

 

13 Жел электр стансасы ( ЖелЭС)

 

13.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

          Жел энергетикасының (қайратиятының ) жақсы жақтары:

         - Жел қайраты таусылмайды және тегін;

         - ЖелЭС электр өндіргенде зиянды заттар мен парниктік газдар (СО2) шығармайды;

         - ЖелЭС-ті салу тез және тұтынушыға жақын орналасады: электр шығыны азаяды және электр жеткізу желішесін салу құны төмен болады;

         - ЖелЭС Жер климатын сақтауда басты рөл атқарады және органикалық өнім үнемделеді;

          - ЖелЭС өндірген электр қайраты басқа ЭС-тар өндірген электр қайратымен бәсеке бола алады;

          -  Жел шығырларының өзін өтеу уақыты аз (шамамен 6 айдай).

Жел қайратиятының кемшіліктері:

          - Уақыт бойынша бірқалыпсыздығы;

          - Көп қондырғыларды орнатқанда бірталай жер ауданын алады. Жер қондырғыларын орналастыру үшін ыңғайлы теңіз не мұхит жағалауы;

          - Дәстүрлі пейзажды бұзады;

          - Шу шығарады.

          - Электрмагниттік толқындардың таралуына кедергі жасайды.

          Жел қондырғысы жұмыс істей бастауы үшін минимал жел жылдамдығы 3-5 м/с болуы керек. Әсіресе болашақта Жоңғар қақпасы, Ерейментау, Қордай және т.б. Бірақ осыған қарамай біздің елде жел қайраты қолданылмайды. Тек тәжірибелік жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан жерінде жел энергия қоры үлкен. Ал дүниежүзінде бұл мәселеге жақсы көңіл бөлінуде. Қондырылған қуат бойынша алдыңғы қатардағы елдер: Германия, Испания, АҚШ, Индия және Дания. Ең үлкен ЖЭС-сы Испанияда қондырылуда. Оның құны 2*10 евро, қалақтарының ұзындығы 54 м 500 қондырғыдан тұрады, ол 2,5 млн. тұрғыны бар қаланы электр қайратымен қамтамасыз етеді. Бұл ЖелЭС Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан.

                   13.2 Cөздерді меңгеріңіз.

Тұтынушы – потребитель

Электр жеткізу желішесі – электродоставляющая линия

Бәсекелесу – конкуренция

Көңіл бөлу – уделить внимание

Қамтамасыз ету – обеспечивать

Зиянды заттар – вредные вещества

13.3 Жалқы есімдерді теріп жазып, әрқайсысына қысқаша мәлімет беріңіз.

13.4 Мәтінге жоспар құрыңыз.

13.5 Мәтінді мазмұндаңыз. 

 

14 Дизель электр стансасы

 

14. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Дизель электр стансалары сұйық мұнай отынымен жұмыс істейді. Оның басты элементі – дизель-генератор. Оның қуаты 40-650 квт-қа жетеді.

Дизель-генератор екі жабдықтан тұрады.  Олар дизель және айнымалы ток генераторы. Дизель мазутпен жұмыс істейді. Дизель мазутқа генераторлық білік арқылы қосылған.

Осы білік арқылы генератор жұмыс істейді. Осы білік айналғанда генератор орамында электр тоғы пайда болады. Пайда болған ток кәбіл (сым) арқылы электр тарататын құрылғыға беріледі де, тұтынушыларға жіберіледі.

Дизель электр стансаларын бір жерден екінші жерге ауыстыру оңай. Сондықтан дизель электр стансаларын шағын шаруашылықтарда пайдалану өте тиімді.

14.2 Сөздерді меңгеріңіз

жетеді – доходит

айнымалы ток – переменный доход

білік – вал

орам – обмотка

құрылғы – устройство

бір жерден –  с одного места

ауыстыру –  передвижение

оңай – легко

14.3 Сұрақтарға жауап беріңіз

Дизель электр стансасы қандай отын жағады?

Оның басты элементі не?

ДЭС-тің қуаты қанша?

ДЭС генераторы қандай жабдықтан тұрады?

Электр тогы қайдан пайда болады?

14.4 Дұрыс жауабын таңдаңыз

Дизель электр стансасы мазут жағады

Дизель электр стансасы көмір жағады

Дизель электр стансасы уран жағады

Дизель электр стансасы ток жағады

Электр тогы сымсыз беріледі.

 

15 Атом электр стансалары

 

15.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Атом электр стансасы ауыр элементтерді ыдыратқанда туатын энергияны алады. Ауыр элемент ретінде уран – 235 атауға болады. Сондай-ақ атом электр стансасы термоядролық реакция энергиясын пайдаланады. Ядро бөлінгенде кинетикалық энергия пайда болады. Кинетикалық энергиядан жылу энергиясы алынады. Бұл жағынан атом электр стансасы жылу энергиясы алынады. Бұл жағынан атом элетр стансасы жылу энергетика стансасына ұқсайды. Бірақ ядроэнергиясы жылуды өте көп береді.

Қазір дүние жүзінде көптеген АЭС бар. Олардың қуаты өте жоғары. Мысалы: Ресейдегі Курск АЭС қуаты 4000 мВт. Қазақстанда Ақтау қаласында АЭС жұмыс істеді. Ол Каспий теңізінен ащы суды тұщыландырады.

Атом электр стансасының мынандай ерекшеліктері бар: ол кез келген жерде салынады, дербес жұмыс істейді, отынды аз пайдаланады, энергияны көп береді, қоршаған ортаны аз ластайды, бірақ өте қауіпті.

15.2 Сөздікті игеріңіз.

ыдырату – расщепление

ауыр элемент – тяжелый элемент

ұқсайды – похожий

ерекшеліктері – различия

ластайды – загрязняет

тұщыландырады – опресняет

өте қауіпті – очень опасно

15.3 Мына сөздерді септеңіз.

Уран, электр стансасы, кинетикалық энергия, ядро энергиясы.

15.4 Дұрыс жауабын табыңыз.

АЭС – жылу электр стансасы;

Уран 235 – жеңіл элемент;

Ядро бөлінбейді;

Ақтауда АЭС жоқ;

АЭС кез келген жерде салынады.

 

16 Су электр стансалары

 

16.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Мәтінді көшіріп, аударыңыздар. Бірнеше рет қайталап оқыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.

Су электр стансалары су тасқынын электр энергиясына айналдырады. Яғни, механикалық энергиядан электр қуатын алады.

Су электр стансалары таудан аққан өзен күшін пайдаланады. Немесе ағынды өзенге бөгет жасайды. Содан қысылып аққан су күшін пайдаланады.

Қазақстандағы ең ірі ГЭС – Бұқтырма ГЭС-і. Бұқтырма ГЭС-і 1960 ж. салынады. Оның қуаты – 675 мВт.

Ал айдың әсерінен теңіздерде судың тасуы және қайтуы болып тұрады. Бұл әсер әр жерде әртүрлі. Мысалы, Атлантика мұхитының Канада жағалауында толқынның биіктігі 18 м, ал Ла-Маншта – 15 м, Охот теңізінде – 13 м, Ақ теңізінде – 10 м.

Теңіз электр стансаларын салу үшін толқын 10 м-ден кем болмауы керек. Мұндай мүмкіндік жер жүзінде 30-ға таяу. Әрине, бұл өте аз.

Осы себепті мұндай стансалар салынады. Оның қуаты – 240 мВт.

1968 жылы Баренц теңізінде Кислогуб стансасы салынады. Оның қуаты – 800 кВт.

16.1 Сөздерді меңгеріп, жаттап алыңыздар.

айналуы – вращение

су тасқыны – водяной напор

таудан аққан өзен – с гор падающая река

орталықтан тепкіш күш – центробежная сила

ағынды өзен – река с течением

су күші – сила воды

әсер етеді – влияет

судың тасуы – прилив воды

теңіз толқыны – морская волна

жағалау – берег

16.2 Сөйлемді аяқтандар.

Су электр стансалары судың күшін  .... . Су электр стансалары.... салынады.  ......    ГЭС-і 1960 жылы пайдалануға берілді. Бұқтырманың  ..... 675 мВт. Теңіз электр стансаларын салу үшін толқын  .....   кем болмауы керек.

16.3 Тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.

Теңіз асқыны –

Теңіз қайтуы –

Теңіз толқыны –

Теңіз беті –

Мұхит толқыны –

 16.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

17 Биоотын

 

17.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

         Өсімдіктерден немесе жануарлардан алынған органикалық заттарды биомаңыз (биомасса) дейді. Оларды электр қайратын, жылу немесе техникалық ыңғайлы отын түрін (биоотын: биогаз, биодизель, биоэтаноль) алу үшін қолдануға болады. Бұл үшін термохимиялық немесе биологиялық конверсия қолданылады.

         Өсімдік майы негізінде өндірілген биодизель отынын дүниежүзінде тұтыну соңғы 2 жылда 2,5 есе – 2003 жылы 2 млрд.л-ден 2005 жылы шамамен 5 млрд.л-ге дейін жетуі мүмкін.

         Биоэтанолды қазіргі кезде көлік (автомобиль) отыны ретінде пайдалану дүниежүзінде 2   құрайды. Бірақ 2025 жылы оның үлесі 30  -ға жетуі мүмкін. Биоэтанол өндіру Бразилияда дамуда. Қазақстанда биоэтанолды ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарынан, техникалық өсімдіктерден және т.б. өндіреді. Осы үшін Солтүстік Қазақстан облысында «Тайынша» ауылында «Биохим» зауыты салынған.

         Көп елдерде электр қайратын және жылу алу үшін қоқыс жағылады. Қоқыс жағатын зауыттар Қазақстанның ірі қалаларында салынуда.

          17.2 Cөздерді меңгеріңіз.

            Биомаңыз – биомасса

            Отын – топливо

            Тұтыну – потребление

            Ауылшаруашылық – сельскохозяйственный

           17.3 Мәтіннен біріккен сөздерді жазып алып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

           17.4 Мәтінді мазмұндаңыз.

       

         Мәтінді оқып, түсіңіз.

         Знаете ли вы?

         ..., что в Великобритании будет построена крупнейшая в мире электростанция, вырабатывающая электричество из материалов на основе биомассы. Проектная мощность составит 350 мВт, стоимость создания – 560 млн.евро.

         На сегодня биомасса – шестой по запасам из доступных на настоящей момент источников энергии после горючих сланцев, урана, угля, нефти  и природного газа. Основная часть топливной массы (до 80%). и это прежде всего древесина, употребляется для обогрева жилищ и приготовления пищи в развивающихся странах. Кроме того, биомасса – пятый по производительности возобновляемый источник энергии после прямой солнечной, ветровой, гидро- и геотермальной энергии.

         Ученые отмечают, что биомасса также является крупнейшим по использованию в мировом хозяйстве возобновляемым ресурсом.

          (По материалам журнала «Альтернативная энергетика и экология».)

          

          18 Мұнай көздері

 

         18. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

         Жер қойнауындағы химиялық элементтердің сан алуан қосындыларынан пайда болған сұйық-каустобиолиттер. Негізінен алғанда көмірсутектерінен тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді, және  хош иісті (ароматты ) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр, қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзербайжанның Сурахана алаңында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65 – 0,95 г/см.

         Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада айырушы (изолятор) ретінде қолданылады.

         Қазақ жерінде алғашқы мұнай көздері өткен ғасырдың (XIXғ.) аяғына қарай белгілі болды, бірақ өндірістік жолмен алғашқы мұнай 1911 жылы Доссор мен Ембіден, ал 1965 жылы Мақат кен орындарынан алынған еді. Жан-жақты жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Маңғыстау түбегінен Жетібай, Өзен, Қаламқас, Бозашы, Теңге, Тасболат сияқты ірі-ірі мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан ірі мұнайлы аймаққа айналды.

         Қазіргі белгілі Орал-Ембі мұнайлы алқабы Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жерлерін қамтиды, оның жалпы аумағы 500 мың шарша км-дан асады. Ақтөбе облысында таралған Жаңажол, Шұбарқұмдық, Жақсымай кен орындарының болашағы зор, Каспий ойпатынан ашылған Кеңқияқ, Прорва кен көздері қазірдің өзінде едәуір көлемде мұнай беріп отыр. Шу-Іле және Балқаш-Алакөл аймақтары да мол мұнайлы аудандар қатарына қосылуда. Мұнай Торғай мен Жезқазған жерлерінде  де табылуда. Сондай-ақ Қызылорда облысының жазықтары да мамандардың болжауынша  мұнайлы аудандардың қатарына жатады.

         18.2 Cөздерді меңгеріңіз.

         жер қойнауы – недра земли

         өткізбеу – не пропускать

         жалпы аумағы – общая площадь

          18.3 Берілген сөйлемдерді аударыңыз.

Мұнай – байлық. Мұнай – мақтаныш. Екінің бірінің пешенесіне жазылмаған “қара алтын” байлығының арқасында күллі әлем қазақ елін таныды. Бүгінде ол өмірлік маңызды мәселеге айналды.

Мұнайың болса – сырттан келетін инвестиция да, несие де мол. Онсыз қирап жатқан экономиканы, тоқтап тұрған кәсіпорындарды қозғалту мүмкін емес. Соның бәріне де мұнай үлкен кепілдік болып табылады. Елдің еңсесін көтеріп, жұмыс істеуіне де жол ашылады.

Мұнай – ақша. Тек соның көзін тауып, қажетті мұқтаждықтарға жұмсап, жергілікті халық оның игілігін көруі керек.

          18.4 Берілген түбір етістіктерден өткен шақ тұлғаларын жасаңыз.

          Кездес, қолдан, қамты, қосыл, қыздыр, булан, апар.

          18.5 Мәтінді оқып, түсініңіз.

Қытайлар мұнай жетіспеушілігін шешудің жаңа жолын тапқан сыңайлы. Бейжінде өтіп жатқан 8-халықаралық ғылыми-техникалық жәрменкеде қытай көмір өнеркәсібі қоғамы төрағасының орынбасары Пу Хунцзю мұнай өнімдерінің орнына көмір мен судың ыстық қоспасы – “сұйық көмірді” пайдалану туралы ұсыныс жасады.

Энергетика стратегиясына арналған форумда Пу Хунцзю 2010 жылы Қытайда мұнай жетіспеушілігі 40 пайызды құрайтынын, ал 2020 жылы – 60 пайызға жететінін мәлім етті. Бұл – ел энергетикасын халықаралық нарық пен импортқа тікелей тәуелді етеді. Статистика бойынша, 2004 жылы Қытайдың мұнайға деген сұранысы 292 миллион тоннаны құрап, мұның 123 миллион тоннасы импорт есебінен қамтамасыз етілген. Қытайдың мұнай импортына деген тәуелділігін барынша азайту мақсатында Пу Хунцзю көмірдің отандық бай қорын пайдаланып, “сұйық отын” жасау технологиясын енгізуді жеделдетуді ұсынып отыр.

 

           

19  Бу қазандары

 

         19.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

         Дағыралы және тік  ағынды бу қазандарының негізгі бөліктері бірдей болады. Сондықтан дағыралы бу қазанның құрылымын қарастырайық.

         Қазанның негізгі бөлігі – ошақ және соған қатысты оттықтар. Оттықтар арқылы ошаққа ауа, отын кіріледі. Ошақтың беті (қалқаны) тығыз құрастырған құбырлардан жасалған. Құбырлардың ішінде қорек су ағады. Дағырадан ылғалды бу аса қыздырғыштарға қысымның әсерімен апарылады, олар перделі, ағынды (конвекциялық) қыздырғыштар. Аса қыздырылған су-буы құбырға апарылады. Дағыраға түсетін су қыздырғыштан өтеді. Мұндай қыздыру бу қазанның тиімділігін көтереді.

         Ошақтар оттықтар арқылы берілетін ауа қыздырғыштан өтеді. Ауаны қазанға үрлегіш жеткізеді. Ауа жану өнімдерінің ыстықтығымен қыздырылады. Қыздырылған ауа бу қазанының тиімділігін жоғарылатады және отынның толық жануына әсер етеді. Мысалы, Екібастұз көмірін жаққанда ауа 350-400 С шейін қыздырылады. Қазанның шыққан жану өнімдері (мұны кейде түтін газдар дейді) түтін сорғышпен түтін мұнараға (биіктігі 100:140 м) апарылады. Шыққан түтін газдардың температурасы 100:140 С болады. Бу қазанның құрылымына жатпайтын бірақ оның жұмысына керек көмекші жабдықтар қолданылыдаы. Олар ауа үрлегіштер, түтін шығарылатын мұнаралар, су насостар, электрқұрылымдар және басқа құралдар.

         19.2 Сөздерді меңгеріңіз.

бу қазаны – паровой котел

құрылым – конструкция

отын кіріледі – заносится топливо

қысым – давление 

қыздырғыш – нагреватель

жану өнімдері – продукты горения

         19.3 Мына сөздерге көптік жалғауын жалғаңдар.

         бөлім – бөлімдер                                заң – заңдар

         техника - ...                                         энергетика - ...

         жұмыс -  ...                                          жүйе - ...

19.4 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Барабанный паровой котел, прямоточный паровой котел, рассмотрим конструкцию,  под влиянием давления, повышает эффективность,  одинаковые основные части, сделаны из плотно стоящих труб, доходит под воздействим давления, воздух, выходящий вследствие топки, горение горючих веществ, полное горение топлива, дымовым насосом отправляется к дымовой вышке, вспомогательные  оборудования  для  работы.

         19.5 Отын, су сөздерін септеңдер және тәуелдеңдер.

         19.6 Мәтінге жоспар құрып, мазмұндаңыз.

 

Мәтінді оқып, түсініңіз.

Это надо знать!

         Еще до того, как была изобретена паровая машина, энергия ветра занимала лидирующее положение в ряду других видов энергии, используемых человеком. За счет энергии возвоздушных потоков передвигался военный и торговый флот, работали мельницы.

         Известно, что еще за 3 тыс. Лет до нашей эры в Александрии существовали ветряные колеса, а в ХҮІ веке экономисеский рацвет Голландии был вызван именно развитием ветроэнергетики. Первоначально голландцы использовали ветряки для осушения низких приморских земель, затем приспособили для привода лесопилок и других небольших производств. В І888 г. В США выпервые была построена большая ветряная мельница для производства электричества. В России до революции насчитывалось около 250 тысяч ветряков.

         С изобретением паровых машин, в последствии двигателей внутреннего сгорания и электрических машин, ветродвигатели были вытеснены более мощными способами получения энергии.

         Однако уже в середине ХХ века по ряду причин ( из которых на первом плане – экологическая безопасность и ограниченность природных ресурсов Земли) и наиболее развитых странах были приняты государственные программы  поддержки ветроэнергетики.

         Как это не удивительно, в свое время лидером по использованию энергии ветра была наша страна. В бывшем Советском Союзе первая ветроэлектростанция (ВЭС), построенная в Крыму в 1932г., имела мощность 100 кВт.

         В настоящее время Германия является мировым лидером в области ветроэнергетики.

         Лидирующая десятка стран по ветроэнергетике выглядит следующим образом:

         І. Германия                ( 12001 мВт)

         2 Испания                  ( 4830 мВт)

         3 Дания                      ( 2880 мВт)

         4 Индия                      (1702 мВт)

         5 Италия                     (   785 мВт)

         6 Нидерланды            ( 688 мВт)

         7 Великобритания     (522 мВт)

         8  Китай                      (468 мВт)

         9  Япония                    (415 мВт)

         10 Швеция                  (328 мВт)

         Современным ветроэнергетическим установкам не требуется ни какого топлива, что исключает выбросы вредных веществ а атмосферу. В отличие от тепловых электростанций, они совершенно не требует воды.

         ВЭУ не нуждаются в значительном отчуждении земель. Кроме того, современные ВЭУ польностью автоматизированы.

         В нашей стране ветроэнергетика только начинает возрождаться.

          (Из журнала «Энергетика и транспорт Казахстана».)   

 

20 Ағаш отын

 

         20.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

         Ағаш отынға ағаштың әртүрлері жатады. Өздерің білетін ағаштар: қарағай, қайың, үйеңкі, терек, тал, қарағаш, емен және т.б.

         Аталған ағаштардың органикалық құрамы бірдей, көп айырмасы жоқ.

         Ағаш отынның құрамында 50 % көміртек, 6 % сутек және 44 % оттек бар. Кепкен отын жанғанда 4500 ккал жылу шығарады. Отын неғұрлым құрғақ болса, соғұрлым жақсы жылу береді. Мысалы: дымқылдығы 50 % ағаштың әрбір киллограммы небәрі 20000 ккал. ғана жылу береді. Жаңадан кесілген ағаш құрамында 60 % су болады. Осы ағашты екі жыл кептіргеннен кейін де су мөлшері 15 % -тен кем болмайды. Оның күлі 1%-дан аспайды.

         Қазақстанның орман алқабында көлемінде 22 млн/гектарға жуық ағаш бар. Бұл өте аз, жан басына шаққанда, 1 гектардан сәл ғана асады. Соңғы деректерге қарағанда, еліміздің орман алқаптары азайып барады.

         Орман алқабын отын ретінде пайдалану зиянды. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған көк шыбық  100-150 жылда ғана биік бәйтерек болып өседі екен. Бұл аз уақыт емес. Сондықтан орман алқабын сақтау керек. Әсіресе, отқа сақ болу керек. Орманды өрттен қорғау қажет.

         20.2 Cөздерді меңгеріңіз. 

ағаш – дрова

әбден кепкен – сильно высушенные

неғұрлым құрғақ – насколько суше

соғұрлым – настолько

дымқыл – сырость

кесілген – распиленные

орман алқабы – лесные массивы

көк шыбық – зеленые ветви

биік бәйтерек – высокий исполин

20.3 Сұрауларға жауап беріп, әңгімелеу мәтінін құраңыз.

1) Ағаш отынға нелер жатады?

2) Қандай ағаштарды білесіңдер?

3) Ағаш отын құрамында не бар?

4)     Кепкен 1 кг ағаш қанша жылу береді?

5)     Дымқыл 1 кг ағаш қанша жылу береді?

6)     Қазақстанда орман алқабы қанша?

7)     Егілген шыбық неше жылда бәйтерек болады?

8)     Орманды неден қорғау керек?

         20.4 Сөз тіркестерін аударыңыз.

единый органический состав, нет различий, использовать в виде топлива.

         20.5 Мәтіннен отынға қатысты сын есімді тіркестерді теріп жазыңыз.

         20.6 Мына етістіктермен сөйлем құраңыз. Жану, кептіру, өсу, сақтау, отырғызу, кесу, пайдалану.

         20.7 Септік жалғауындағы тіркестерді аударыңыз.

         Ағаштың килограммы; 4500 ккал-ға дейін; Қазақстанның орман алқабы; 22 млн.гектарға жуық; бір гектардан асады; орман алқабын; әсер ететінін; ғылыми деректерге қарағанда; алқапты сақтау; отқа сақ болу; орманды қорғау.

 

Мәтінді оқып, түсініңіз.

Известно ли вам ?

..., Что в Сузакском районе Южно-Казахстанской области на участке «Западный» месторождения «Мынкудук» открылся новый рудник подземного выщелачивания. Это первый рудник, введенный в промышленную эксплуатацию в рамках казахстанско-японского сотрудничества в области атомной энергетики. Добыча урана на участке ведется методом подземного скважинного выщелачивания. Международное агенство  по атомной энергии (МАГАТЭ) признает данную технологию как самый экологический чистый и безопасной способ обработки месторождений.

           (По материалам журнала «Промышленность Казахстана»).

 

          21 Жылу қондырғылары

 

         21. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

         Бушығырлы (бутурбиналы) ЖЭС-ның негізгі жылу қондырғылары бу қазаны және бу шығыры. Бу қазаны деп оған үздіксіз келіп тұратын судан, оның ошақ құтысында ауамен қосылып жағылатын отынның жылуын пайдаланып, бу өндіретін қыздыру беттерінен тұратын қондырғыны айтады. Отын жанғанда жану өнімдері: жылу тасығыш түзіледі.

         Бұл қыздыру өнімдері қыздыру беттерінен кейін салыстырмалы төмен ыстықтыққа (температура) бу қазаннан мұржа арқылы ауаға шығарылады. Қатты отын жанғанда күл және қож қалады, олар да қазаннан шығарылады. Қазандағы аса қызған бу электр өндіргіштің білігін айналдыратын шығырға келеді.

         21.2 Сөздерді меңгеріңіз

         бу қазаны – паровой котел

         бу шығыры – паровая турбина

ошақ құтысы – камера топки

жағылатын отын – сгораемое топливо

жану – сгорание

жылутасығыш – теплоноситель

мұржа – труба

күл – зола

қож – шлак

         білік – вал

         21.3 Сұрауларды аудар және оларға жауап бер, диалог құра, екеуара сөйлесіңдер.

- Жылу қондырғыларына не жатады?

- .... .

- Қатты отын жанғанда не қалады?

- ... .

- Қызған бу қайда барады?

- ... .

- Бу нені айналдырады?

- ... .

21.4 Сөз тіркестерін аударыңыз.

бесперебойно поступающая, паротурбинные теплоэлектростанции, вал выработки электроэнергии, теплоустановки, пластины нагревания, выработка нагревания огня в печи совместно с воздухом.

         21.5 Мәтіннен балама тіркестерді жазыңыз.

пластины нагревания –

продукты горения –

теплоустановки –

продукты нагревания –

         21.6 Мәтінге жоспар құрып, мазмұндаңыз.

 

         22 Табиғатты сақтайық

 

         22. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

         Жылу электр стансаларында отын ретінде негізінен көмір, газ, мазут, торф пайдаланылады. Бұл отындар жанған кезде қоршаған ортаға түтінмен бірге күл, күкірт, азот тотықтары, көмір қышқыл газы, ваннадийдің және басқа да металдардың қосылыстары қоса шығып тарайды. Ал отын энергиясының 46%-нан астамы толық пайдаланылмай, ыстық газдар мен бу түрінде атмосфераға беріледі.

         Белгілі мәліметтерге қарағанда, электр стансаларының қоршаған ортаны ластауы, еліміздегі табиғатқа зиянды әсер ететін барлық «ластау көздерінің» зиянды шығындарының төрттен бір бөлігінен асып түседі. 

Жылу электр стансасы қалыпты тәртіпте жұмыс істегенде мынадай улы зиян заттар шығарады: күкірт тотықтары, азот тотықтары, радиациялық заттар.

         Сенімді жұмыс жасайтын атом электр стансаларында атом энергиясын электр энергиясын өндіруге пайдалану, органикалық отынға қарағанда қоршаған ортамен материалдық алмасуды  азайтып, оны химиялық ластаудан сақтайды.

         Елімізде атмосфералық ауа тазалығы бекітілген тазалық сақтау – гигиеналық нормалар негізінде анықталады. Бұл нормалар қоршаған ортаны жақсарту мақсатымен қайта қаралып отырады. Қазіргі уақытта әрбір өндіріс орындары шығаратын, атмосфераны ластайтын заттардың мөлшерінің нормалары белгіленіп, олардың физикалық зиянды әсерінің шамасын анықтау талабы қойылған.

         Дамыған елдерде (Германия, АҚШ, Жапония) әр стансада күкірт ұстағыш, күл ұстағыш жабдықтар орнатылған. Біздің электр стансаларда мұндай жабдықтар жоқ. Себебі олардың қымбаттылығы станса құнының жартысына жетеді. Азот тотықтары – зиянды заттардың ең улысы. Бұл исі жоқ түссіз газ. Осы газдан құтқару тәсілдері әлі толық шешілмеген.

         Күл ұстағыш техника жағынан шешілмеген мәселе. Мысалы, жаңа күл ұстағыштардың тиімділігі 99,5 пайызға жетеді. Осындай жабдықтар барлық стансаларда пайдалану қажет.

         22.2 Cөздерді меңгеріңіз.

зиян – вред

күкірт тотықтары – серные окисления

улы заттар – ядовитые вещества

күл ұстағыш – золоуловитель

күкірт ұстағыш – сероуловиттель

құн – цена, стоимость

құтқару тәсілдері – способы спасения

         22.3 Сұрауларға жауап беріңіздер.

1)     Жылу электр стансаларында қандай отын пайдаланылады?

2)     Отын жанғанда қандай зиян заттар бөлінеді?

3)     Қандай елдерде экология мәселесі шешілген?

4)      Күл ұстағыш не үшін қажет?

5)      Азот тотықтарыныңзияны қандай?

22.4 Сөз тіркестерін аударыңыз.

неразрешенная проблема, загрязнять окружающую среду, рассматривать с целью улучшения, самые ядовитые вещества, определение влияния  физических сил.

     22.5 Мына сөздерді көпше түрлендіріңіздер.

Көмір, мазут, газ, күкірт, күл, қышқыл, тотық, жабдық.

     22. 6 Мына сөздерді септеңіздер.

Күл ұстағыш, азот тотығы, зиянды зат.

     22.7 Мәтінге жоспар құрып, мазмұндаңыз.

 

23  Көмірлердің кеуектігі

        

23.1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Көмір кесегінің бетінде және ішінде құрылымы өте күрделі ұсақ тесіктер мен саңылаулар, тұйық қуыстар көп болады. Олар органикалық қатты отынның кеуекті болуының себебі. Уақ тесіктер мен саңылаулардың өлшемі және пішіні әртүрлі болады. Көмірдегі уақ тесіктердің баламалық (эквиваленттік) диаметрі 50-100 мкм аралығында жатады.

         Қатты отынның кеуектігі оның меншікті бетін арттырады. Көмір кесегінің меншікті беті дегеніміз көмірдің 1 г-на қатынасты бет, ол кесектің сыртқы және ішкі беттерінен тұрады. Кесектің ішкі тетігі дегеніміз уақ тесіктер мен саңылаудың жалпы беті.

         Көмірдің кеуектігі оның түріне байланысты болады.

          23.2 Сөздерді меңгеріңіз.

көмір кесегі – кусок угля

уақ тесіктер – мелкие дыры

өлшемі – объем

пішіні – форма

аралығында – между

кеуектік – пористость

меншікті бет – собственная поверхность

ішкі бет – внутреняя поверхность

тұйық қуыс – замкнутая щель

213.3 Мына  тіркестерді аударыңыз.

көмір кесегінің беті–

құрылымы өте күрделі–

қатты отынның кеуектігі–

көмір кесегінің ішкі беті –

көмір кесегінің сыртқы беті –

уақ тесіктер болады –

саңылаулар болады –

тұйық қуыстар болады –

жалпы беті –

         23.4 Мәтінге сұрақтар даярлаңыз.

         23.5 Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

         24 Ұшпа заттардың шығуы

 

         24. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

         Көмірді қыздырғанда ұшпа заттар V: жанатын газ және булар қоспасы шығады. Ал қалған қатты қалдықтың (кокстің) қасиеттері бастапқы отынның қасиеттерінен басқаша болады. Отыннан ұшпа заттар неғұрлым көп шықса, ол соғұрлым жылдам тұтанады және жанады. Бұл жағдай ошақ қондырғыларын жобалағанда есепке алынады.

         Қатты отынның шығу тегіне және көмірлену дәрежесіне қызулық ыдыраудың баталуы ыстықтығы және ұшпа заттардың шығымы тәуелді. Ұшпа заттардың қатты отындардан шығуы 110-1100º ыстықтық аралығында өтеді. Ұшпа заттардың 95% 800 ыстықтыққа дейін шығады.

         Көмірленуі аз отыннан (шымтезек, қоңыр көмір) ұшпа заттардың шығуы 100-160 ºС ыстық аралығында басталады және олардан ұшпа заттар ең көп шығады. Шымтезек үшін ұшпа заттардың шығымы жанар маңызға келтірсе 70% болады, қоңыр көмір үшін – 35-50%, тас көмір үшін – 12-45%, антрацит үшін – 4-7%. Отынның жасы өскен сайын, отындағы ұшпа заттардың мөлшері азаяды.

         Ұшпа заттардың шығуын анықтау үшін 1 г отын сынамасын 850 ºС ыстықтықта 7 мин қыздырады.

         24.2 Cөздерді меңгеріңіз.

          қыздыру –нагревать, сжигать

          жанатын газ – горючий газ

          қатты қалдық – твердый остаток, кокс, шлак

          бастапқы - первоначальный

қасиеттері – свойства

көмірлену – углеобразованность

неғұрлым – настолько

соғұрлым – насколько

тұтанады – возгорает

ошақ қондырғысы – печные устройства

есепке алынады – берется в расчет

шығады – выходит

24.3 Терминдерді игеріңіз.

Ұшпа зат – жанатын газ Yжан

Ошақ қондырғылары – установки печи

Көмірлену дәрежесі – уровень углеобразности

Ұшпа заттар шығымы – вывод улетучивающихся веществ

24.4 Мына тіркестердің етістіктерін болымсыздық түрге айналдырыңыз.

Бу қоспасы шығады, отын жанады, отын тұтанады, есепке алынады, аралығында өтеді, қыздырады.

24.5 Мәтінді толық жазбаша аударып, мазмұндаңыз.

 

25 Шымтезек

 

25. 1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Адамдар шымтезекті отын ретінде ерте кезде-ақ пайдаланған. Оның құрамы барлық кен орындарында бірдей емес. Шымтезек кендері негізінде көлдер мен су қоймаларында сулар тартылғаннан кейін, оларда мол жиналған өсімдік қалдықтарының құрғауынан пайда болады. Бұл әрине, ұзақ уақыт жүретін күрделі табиғи процесс. Ғылыми болжамдарға қарағанда, қалыңдығы бір метр шымтезек кені кемінде 30-50 жылда түзіледі.

Шымтезектің кептірілген түрлерінде орта есеппен 60% көміртек, 6%сутек, 32% оттек, 2% азот болады. Оның жылу бергіштігі ағашқа қарағанда жоғары, көмірге қарағанда төмен болғанымен, құрамында күкірттің болмауы және күл қалдықтарының аздығы оларды энергетикалық ірі өндіріс орталықтарында, сондай-ақ ауылдық жерлерде тұратын үйлерді жылытуға тиімді арзан отын ретінде пайдалануға мол мүмкіндігін туғызады.

Қазақстанда шымтезек Қостанайда, Көкшетауда және Солтүстік Қазақстан облыстарының жазық далаларында көп кездеседі. Қостанай өңірінде кездесетін шымтезек сапасы жоғары, жанғанда 3500-4200 калорияға дейін жылу бөледі. Осы аймақтың ең ірі шымтезек кендері Тобыл мен Тоғызақ өзендерінің алқаптарындағы Қайыңдыкөл, Шәкірай, Өтегенкөл, Шайтомар, Аюкөл, Ащыөзек атты жерлерде және Меңдіқара ауданының көлтомарларында орналасқан. Іле Алатауының жазықтарынан да Ақтөбе облыстарынан да шымтезектің қорлары табылады.

25.2 Cөздерді меңгеріңіз.

отын ретінде –  в виде топлива

су қоймалары – водохранилища

сапасы жоғары –высокого качества

шымтезек қорлары –торфяные залежи

25.3 Сөз тіркестерін аударыңыз.

         Давно использовали,  по научным прогнозам,  во всех месторождениях, высушивание отходов растений, после испарения воды, устье реки,  центр огромной энергетической промышленности, дешевое топливо для нагревания.

25.4 Ырықсыз етістің жасалуы мен мағынасын еске түсіріп, мына тіркестерді аударыңыз, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңыз:

Қалдықтар құрғауынан пайда болады, 30-50 жылда түзіледі, мол мүмкіндігін туғызады, далаларында көп кездеседі, жылу бөледі, шымтезектің қорлары табылады.

25.5 Берілген етістіктерді болымсыз түрге өзгертіңіз, орыс тіліне аударыңыз, біреуін жазбаша жіктеңіз: пайдаланады, түзіледі, кездеседі, туғызады, бөледі, орналасады, табылады.

25.6 Мәтінді толық жазбаша аударып, мазмұндаңыз.

  

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1  И.Б. Бақытжанов. Жылуландыру және жылулық желілері. -Алматы, 2008

2  Л.Р.Жүнісова. Жылу энергетикалық жүйелердегі суды бақылау және сулы-химиялық режимдер. -Алматы, 2008. 6-11; 27-33 б.

3  Х.Суербаев. Мұнай-газ ісінің негіздері. -Астана,2008. 24-39,124-353 б.

4  Аққошқаров Е. Физика терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1974.

5  Құрманбайұлы Ш., Сапина С. Орысша-қазақша, қазақша-орысша терминдер мен атаулар сөздігі. – Алматы: “Сөздік-Словарь”, 2004.

6  Е.Нұрекен, Д.Темірбаев, Б.Алияров. Жылу қайраттық атаулардың қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігі. -Алматы, 2009.

7  Е.Нұрекен. Оқу құралы. Жылу  энергетикалық жүйелер және энергия пайдалану. -Алматы, 2010.

8  А.И.Тілембекова. Қазақ тілі. Жылу энергетика факультеті мамандықтары бойынша мәтіндер материалдары негізінде сөйлеу біліктілігін дамытуға арналған әдістемелік нұсқаулар мен практикалық тапсырмалар.-Алматы: АЭжБИ, 2001.

9  М.Ө.Әділбеков. Оқу құралы. Жылутехника. – Алматы, 2005.

 

 

Мазмұны

 

1.

Алғы сөз

3

2.

Алматы энергетика және байланыс институты

4

3.

Мамандығым – жылуэнергетик

5

4.

Отын ылғалы

6

5.

Отын күлі

7

6.

Күлқож шығару

9

7.

Атомдық электр стансалары

10

8.

Отынның құрамы мен негізгі сипаттамалары

11

9.

Сұйық отынның құрамы және негізгі сипаттамалары

13

10.

Табиғи газ

14

11.

Отын қорлары

15

12.

Көмір

17

13.

Жылу электр стансаларын жіктеу

18

14.

Жел электр стансасы (ЖелЭС)

19

15.

Дизель электр стансасы

20

16.

Атом электр стансалары

20

17.

Су электр стансалары

21

18.

Биоотын

22

19.

Мұнай көздері

23

20.

Бу қазандары

25

21.

Ағаш отын

27

22.

Жылу қондырғылары

28

23.

Табиғатты сақтайық

29

24.

Көмірлердің кеуектігі

30

25.

Ұшпа заттардың шығуы

31

26.

Шымтезек

32

27.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

34

28.

Мазмұны

35