АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ-1

 5В100200 - «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» бағыты студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар мен өзіндік тапсырмалар топтамасы

  

Алматы 2012

Құрастырушы: Әлмұхаметова Г.С., Ахметова Э.Т. ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 “Қазақ тілі-1 пәні. 5В100200 - «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» бағыты студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар мен өздік тапсырмалар топтамасы Алматы. - АЭжБУ, 2012.-  35 б. 

 

Бұл әдістемелік нұсқаудың мақсаты АҚЖ бағытытындағы студенттердің практикалық сабақтарды орындауға арналған тапсырмалар мен  мәтіндер жинағы. Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері бағыты  жаңадан ашылғандықтан әдістемелік нұсқау арнайы қарастырылған бағдарламаға сүйеніп, осы салада жарық көрген  материалдарды  іріктеу арқылы құрастырылды.

Бұл әдістемелік нұсқада негізгі қалыптасқан құрылымдарды ұсына отырып, студенттер ақпараттық қауіпсіздік жүйе саласында кездесетін ғылыми техникалық әдебиетті түсіне алып, ауызша және жазбаша кәсіби-іскери бағытта қолдана алады.

 Ұсынылған семестрлік жұмыс тапсырмаларын орындау нәтижесінде студенттер пайдалы мағлұматтар алып, оларды өмірде орынды пайдалана алады деп үміттенеміз.

        

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 жылғы жоспары бойынша басылады. 

 

           © “Алматы энергетика және байланыс университетінің ” КЕАҚ, 2012 ж. 2012 ж. жиынтық жоспары, реті 62

 

1 Алматы энергетика және байланыс университеті

 

Алматы энергетика институты 1975 жылы политехникалық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрамынан бөлініп шықты. Сол кездегі 15  одақтас республика (қазіргі ТМД елдері)  ішінде бұл энергетика саласындағы үшінші (Москва, Иваново) жоғары оқу орны еді.

         1997 жылдың 3 мамырында институт Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) болып қайта құрылды. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап

Алматы энергетика және байланыс университеті PhD магистрлері мен докторларын дайындау құқығы бар университет – Алматы энергетика және байланыс университеті мәртебесін алды. АЭжБУ -  Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны.

Бүгінгі АЭжБУ дегеніміз:

          Университеттің алты факультеті:

1) Электр энергетика факультеті.

2) Жылу энергетика факультеті.

         3) Радиотехника және байланыс  факультеті.

4) Институтқа дейінгі даярлық  факультеті.

     5) Сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.

     6) Ақпараттық технологиялар факультеті.

- 5000-нан астам студент, магистранттар мен аспиранттар;

- 340 оқытушы, оның 40 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары;

- 22 кафедра, оның ішінде Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірігіп құрылған Би Джи Ғылыми табиғатпайдалану методологиясы кафедрасы;

- 8 ғылыми-зерттеу зертханасы;

- оқу корпустары;

- компьютер сыныптарымен және оқу залдарымен жарақтандырылған 3 студенттер жатақханасы,

- кітапхана, оқу залдары;

- «Энтельчик» студент жастар орталығы;

- ғылыми зертханалар корпусы;

- бірегей ғылыми және оқу жабдықтары;

         - интернет желісіне қосылған заманауи дербес компьютерлер, оқу теледидары.

         Күндізгі бөлімнің студенттеріне энергетика және байланыс кәсіпорындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған. 

         Біздің студенттер бос уақыттарын көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорт секцияларына, интеллектуалдық ойындарға қатысып, көңілді өткізеді.  

 

Сөздік:

мәтін – текст

мамандандырылған – специализированный

бойынша – по

заманауи – современный

сала – область, сфера

ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский

сырттай оқу – заочное обучение

кәсіпорын – предприятие

бірегей – уникальное

жабдық -  оборудование

 

         1.1 Сингармонизм заңын еске түсіріп, мына сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз: жабдық, мүмкіндік, студент, дәптер, қалам, жатақхана, орындық, тақта, оқу құралы, оқулық, кәсіпорын, сызғыш, терезе, факультет.

ә) Бұларды қатыстырып сөйлем құраңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз.

 

         1.2 Қазақ тіліне аударыңыз.

 

Я учусь  в  энергетическом университете.  Университет готовит  специалистов  технического профиля. Я в будущем буду  программистом,  специалистом по вычеслительной технике. Наши выпускники  работают  во всех отраслях народного хозяйства, наше знания  необходимы и  в  повседневной жизни.

 

         1.3 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

2 Мамандығым ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

 

            Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы - әртүрлі бағдарламалар жасау саласында инженерлер дайындауды көздейді.

         Бұл мамандық бойынша заманауи ақпараттық қауіпсіздік жүйелерді пайдаланатын өндіріс орындарында, ғылым мен білім саласында, мәдениет, денсаулық, мемлекеттік басқару, ұлттық қауіпсіздік комитетінде, бизнестік құрылымдар мен әкімшілік-басқару мекемелерінде, әр түрлі жеке кәсіпорындар және ауыл шаруашылығында ақпаратық жүйе саласының техникалық құрылғыларымен байланысты қызметтер атқарады.

Ақпарат бар жерде оны сақтау да, қорғау да бар. Ақпарат қауіпсіздігін қорғау саласында да ақпараттық жүйенің маңыздылығы артуда. Бұл мамандықты бітірушілер бағдарламалармен қамтамасыз ететін әртүрлі кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, құқық қорғау органдарында  жұмыс істеуіне болады.

         Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері маманы қазіргі программалау тілдерін жақсы біліп, есептеу техникасын кеңінен пайдалана отырып, бағдарлама жасау  дағдыларын игеріп, оларды құрастырып, өндірісте кеңінен пайдалана білуі керек.

         Қазақстан үшін ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің дамуының зор маңызы бар.

IT аясында, жобалау жұмыстарында, технологияны өндіріске қосу, ақпаратты қорғау саласында, жоғары дәрежелі білікті мамандықтар қажет.

         Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер мамандығы - өте қызықты, кең ауқымды мамандық. Ол әлденеше сыбайлас мамандықтар түрлерін қамтиды. Олар: теледидар, радиохабар, аппаратура жасау және өндіру, пайдалану, арнаулы техниканы баптау.

         Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер маманы техникалық сауатты және ұқыпты болуы керек. Ол ақпараттың негізін құрайтын физиканың, химияның, математиканың негізгі заңдарын білуі керек. Ақпараттық қауіпсіздік жүйелердің тұрмыста да, өндірісте де, әрі адам өмірінде, жалпы қоғамда үлкен маңызы бар.

        

Сөздік

көздейді - предусматривает

дағды, әдет навык                                

ұлттық- национальный

қауіпсіздік- безопасность

ғылыми научный                                  

сақтау- хранить

қорғау- защищать                                             

кең ауқымды широкопрофильный, многопрофильный

баптау уход

негізгі талап основное требование

құрастыру коструировать

заманауи современный

тәжірибелі опытный

сауатты грамотный

қамтиды охватывает

тұрмыс быт

сыбайлас близкие

 

         2.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

Предусматривает подготовку инженеров; современная информационная система; в комитете национальной безопасности; научно-исследовательский и проектный институты; освоить навыки проектирования; специалист с высокой  степенью; требует высококвалифицированных специалистов; уход за специальной техникой; основные законы физики, математики; в сфере защиты информации; основные требования техники безопасности; технически грамотный.

2.2  Мәтін бойынша тапсырма: Екеуара сұхбатты оқыңыз, аударыңыз.

 

А- Сіз қандай мамандық түрлерін білесіз?

С- Өмірде мамандық түрлері өте көп. Мысалы : дәрігер, мұғалім, сәулетші, заңгер,  экономист, қаржыгер, энергетик және т.б.

А- Әке-шешеңіз қандай маман иелері?

С- Менің әкем-инженер, шешем-дәрігер

А- Бала кезіңізде кім болғыңыз келді?

С- Мен бала кезімде дәрігер болуды армандадым.

А- Ал қазір кім болғыңыз келеді?

С- Әкем сияқты инженер –бағдарламашы болғым келеді.

А- Сіз неге бұл мамандықты таңдадыңыз?

С-Себебі зауыттарға, фабрикаларға, шахталарға инженерлер, бағдарламашылар, энергетиктер, техниктер қажет.

А- Сіз оқитын оқу орнында қандай мамандарды даярлайды?

С- Мен оқитын оқу орнында энергетика, радиотехника, байланыс, жылуэнергетика саласының мамандарын дайындайды.

А- Жақсы маман болу үшін не істеу керек?

С- Жақсы маман болу үшін жақсы оқу керек, көп іздену керек

 

2.3 Көп нүктенің орнына ілік септік және тәуелдік жалғауын жалғаңыз.

 

Өндіріс... даму..., кәсіпорын... есеп..., ақпарат... негіз..., студент... уақыт..., қорғау саласы... маман..., құрылғы... жоба..., маман... білім деңгей..., заңдар... орындалу..., жоғары оқу орны... студент..., мемлекет... күш..., өнім... сапа..., тұрмыс... қиындық... . 

 

Ақпараттық қауіпсіздік

 

Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Ақпаратты қорғау  —  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.

Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.

Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар «Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды.

Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.

Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.

Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.

 

       3.1 Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.

3.2 Мәтінге сөздік жасаңыз.

3.3 Сөздіктің көмегімен мына сөздердің баламасын табыңыз:

ақпараттық үрдіс -

ақпараттық технологиялар саласы –

ақпаратты жинау –

ақпаратты жеткізу –

ақпаратты өңдеу –

ақпаратты қорғау –

ақпаратты пайдалану –

компьютер жадына енгізу – 

компьютерде бейнелеу –

 

3.4 Мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып, олармен тіркес ойлап табыңыз, аударыңыз.

 

3.5 Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Ақпарат дегеніміз не? Өз сөзіңізбен анықтама беріңіз.

2) Ақпарат қандай болуы тиіс?

3) Ақпараттың қоғамдағы ролі қандай?

4) Ақпаратты қайдан аламыз?

5) Ақпарат беруде қолданылатын негізгі амалдар қандай?

 

3.6 Берілген мәтінді аударыңыз.

Қазіргі замандағы  қоғам дамуының бір ерекшелігі – индустриалды қоғамнан ақпараттық қоғамға өту кезеңі. Бұл кезеңді қоғамды информацияландыру кезеңі деп атайды. Мұның негізгі себебі - ақпараттың қоғамдағы, өндіріс пен шаруашылықтағы маңызы мен ролінің артуына байланысты. Кез-келген ұйымның   немесе кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін материалдық ресурстардың (табиғи шикізат пен энергетика көздері, еңбек пен қаржы ресурстары және т.б.)  болуы жеткіліксіз екендігі дәлелденді.

 

4 Ақпаратты сақтау және  жад түрлері

 

Ақпарат сақталынып,  қажет кезде оны ешбір қиындықсыз пайдалана алатындай болуы   керек. Ол  міндеттерді орындайтын  компьютердің арнайы ақпаратты еске сақтайтын құрылғысы  - жады болады.

Жад дегеніміз деректерді қабылдап, болашақта қажетке жаратуға мүмкіндік беретін компьютердің құрылғысы.

Ақпарат өңдеуші компьютерлік жүйелерде келесі негізгі жад түрлері қолданылады:

-         регистрлік жад;

-         негізгі жад;

-         кэш-жад (сache);

-         сыртқы жадылар.

Бұлардан бөлек жадылардың болуы мүмкін, мысалы,  бейнежад.

Регистрлік жад процессордың құрамында орналасқан, оның көлемі үлкен болмайды; ондағы информация есептеулерде немесе енгізу-шығару амалдарында тікелей қолданылады.

Негізгі жад өңдеу үрдісіне немесе деректер алмасуда тікелей қолданылатын информацияны оперативті (жедел) түрде сақтауға арналған. Ол интегралдық схема күйінде құрастырылып, екі түрге бөлінеді:

- тұрақты еске сақтау құрылғысы (ROM – Read Only Memory – оқуға ғана арналған жад) өзгермейтін (тұрақты) программалар мен анықтама информацияны сақтау үшін қолданылады;

- оперативті  (жедел) еске сақтау құрылғысы (RAM – Random Access Memory – еркін қол жететін жад) ағымдағы мерзімде орындалатын информациялық – есептеу үрдісіне қатысатын программалар мен деректерді сақтауға арналған.

Жадының сапасын анықтайтын қасиеттері мен көрсеткіштері бар. Олардың негізгілері мыналар:

-         ақпараттың  сыйымдылығы  - сақталынатын ақпараттың көлемінің максимумы (байтпен есептеледі);

-         қол жеткізу уақыты – процессор адрестік шинаға қажетті ұяшықтың адресін берген уақыттан бастап, онымен байланыс орнатылғанға дейінгі мерзім;

-         жазу уақыты – деректер шинасындағы ақпаратты оған байланысқан ұяшыққа жазуға жұмсалынатын уақыт;

-         құрылымы – жадыдағы ұяшықтардың саны мен әрбір ұяшықтың разрядын көрсетеді.

Бұлардан бөлек басқа да жады көрсеткіштері қолданылады, мысалы, бір бит құны, пайдаланатын электр қуаты, статикалық немесе динамикалық типке жатуы және т.б.

Кэш-жад ағымдағы ақпарат алмасу амалдарында қолданылатын ақпараттың көшірмесін сақтауға арналған. Ол өте жылдам орындалатын, көлемі  кішігірім жад. Ол көбінесе жылдамдықтары әртүрлі микропроцессор мен оперативтік жад арасында ақпарат алмасу үшін қолданылады.

Сыртқы жадылар үлкен көлемді ақпаратты ұзақ мерзімге сақтауға арналған; оларға келесі жадыларды жатқызуға болады:

- қатты магниттік дискілер (винчестер);

- майысқақ магниттік дискілер (дискеталар);

- оптикалық дискілер;

- магнитоптикалық информация тасымалдаушылары;

- ленталар (стримерлер).

 

4.1 Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.

 

         4.2 Мәтінге сөздік жасаңыз

 

4.3 Мәтін бойынша тапсырмалар:

 

4.4. Сөздіктің көмегімен берілген сөз тіркестерін аударыңыз.

 

Ақпартты еске сақтайтын құрылғы, ақпаратты жедел түрде сақтау, ақпарат алмасу,  сыртқы жадылар, ұзақ мерзімге сақтау, жадының сапасы,  сақталынатын ақпараттың көлемі, ақпараттың сыйымдылығы, жады көрсеткіштері,  қолданылатын ақпарат.

 

4.5 Мәтінді толық аударыңыз.

 

4.6 Мәтіннің мазмұнын ашатын бірнеше сұрақтар қойып, оған мәтін бойынша жауап беріңіз.

 

         4.7 Сөздікті пайдаланып. Қазақ тіліне аударыңыз.

 

Для нормальной и эффективной работы любого предприятия или  любой организации  необходима информационная система.  Информационные системы бывают разные в зависисмости от  области применения.  Они отличаются от стандартных прикладных программ и систем, предназначенных для выполнения математических расчетов. Информационная система  предназначена для сбора, обработки и хранения информации с целью достижения определенной цели.  При создании информационной системы  необходимо учесть следующий фактор: пользователи информационной системы, как правило, не владеют в достаточной мере навыками работы с вычислительной техникой, и использовать информационную технологию.

 

5       Ақпаратты қорғау және бақылау

 

Ақпараттық жүйенің тиімділігі ондағы өңделінетін ақпараттың қауіпсіздігімен (қорғалғандығымен) байланысты. Себебі кез келген мемлекеттік органның, кәсіпорынның, мекеменің, жеке адамның қызметінде жасыратын құпия мәліметтері немесе деректері болады. Олардың жария болуы мемлекет қауіпсіздігіне, кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы-экономикалық жағдайына,  жеке адамдардың жұмысына кері әсерін  тигізетіні сөзсіз. Әрбір мемлекеттің ақпаратты қорғау туралы заңдары қабылданған. Мысалы, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңының жаңа редакциясы 2007 жылдың қаңтар айының 11- жұлдызында қабылданған. Ақпараттың қауіпсіздігі дегеніміз оған амалдар орындалғанда немесе оны қабылдағанда, өңдегенде, сақтағанда, беріліс кезінде  және пайдаланғанда әртүрлі қауіп-қатерден қорғалғандығы.

Есептеу техникасында  қауіпсіздік туралы сөз болғанда алдымен келесі мәселелер қарастырылады:

-         компьютер мен оның құрылғыларының жұмысының сенімділігі;

-         құнды ақпараттың бұзылмай сақталынуы;

-         ақпаратқа рұқсатсыз өзгерістер енгізілмеуі;

-         электрондық  байланыс кезінде құпияның сақталынуы.

Қауіп-қатердің пайда болу себептері адамдардың әрекеттеріне, автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын аппараттық және программалық құралдарға, сонымен қатар сыртқы факторларға байланысты болуы мүмкін. Аталынған себептерден туатын қауіп-қатерді екі сыныпқа бөлуге болады:

-         қасақана емес;

-         қасақана.

 Қасақана емес қатер көбінесе табиғи апаттан және зіл-заладан, техникалық құралдардың жұмысындағы ақаулық пен  олардың істен шығып қалуынан, алгоритмдер мен программалардың кешендерінде жіберілген қателерден, сонымен бірге  пайдаланушылар мен қызмет етуші адамдардың қатесінен болуы мүмкін. Табиғи апат пен аварияға өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б. жатады. Осылардың себептерінің нәтижесінде  ақпарат сақтаушы құрылғылардың бұзылуына немесе жойылуына келтіріледі. Техникалық құралдардың жұмысындағы ақаулықтар немесе кейде олардың  мүлдем жұмыс істемей қалуы ЭЕМ-нің аппараттық құралдарының бұзылуы мен жаңылуынан, электр тогының немесе кәбелдің үзілуінен және т.б. себептерден болуы мүмкін. Осындай себептер программалар мен деректердің жойылуына, құрылғылардың жұмыс істеу алгоритмдерінің бұзылуына, сонымен бірге ақпараттың құпия  болмауына (конфиденциалдығының бұзылғандығына) келтіреді. Алгоритмдер мен программаларда жіберілген қателер де осыған келтіруі мүмкін. Ал қауіпсіздікке ең көп нұқсан келтіретін себептер – пайдаланушылар мен қызмет етуші адамдардың жіберетін қателері.

Қасақана емес қатерлердің алдын алу үшін қазіргі кездегі аппараттық және программалық  құралдар мен автоматтандырылған жүйелерді тиімді пайдалану, ақпараттың көшірмелерін жасау сияқты іс-шаралар қолданылады.

 

5.1 Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.

 

5.2 Мәтіндегі түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.

 

5.3 Сөздіктің көмегімен мәтінді аударыңыз.

 

5. 4 Сөз тіркестерінің қосымшаларын анықтаңыз, аударыңыз.

 

Ақпараттық жүйенің тиімділігі, ақпараттың қауіпсіздігі, құпия мәліметтер, ақпаратты қорғау туралы заңдары, қауіпсіздігін сақтауға қажетті, есептеу техникасында, құрылғылар жұмысының сенімділігі, автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын құрал, автоматтандырылған жүйелерді тиімді пайдалану, ақпараттың көшірмелерін жасау.

 

5.5  Есімшенің –атын, -етін, -йтын жұрнағы арқылы жасалған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін құраңыз.

 

5.6  Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Ақпараттық жүйенің тиімділігі неде?

2) Ақпартты қорғау дегенді қалай түсінесіз?

3) Ақпарат қауіпсіздігінің пайда болу себептері қандай?

4) Қателердің алдын алу шаралары туралы не білесіз?

5.7 Берілген сұрақтар негізінде мәтін сөйлемдеріне өзіңіз сұрақ қойыңыз, соған сүйеніп мәтінді мазмұндаңыз.

 

5.8   Сөздікті пайдаланып, қазақ тіліне аударыңыз.

 

Информационная система – это программная система, предназначенная для сбора, хранения, поиска, обработки и других действий над  текстовой, фактографической и другой информацией. Информационная система  работает с пользователем в диалоговом режиме.

Основными причинами  появления и широкого применения на практике информационных систем являются:

1) развитие  методов  управления предприятиями;

2)  рост возможностей и производительности компьютерной техники;

3) развитие технической и программной.

 

6 Ақпараттық қауіпсіздік саясаты

 

Қауіпсіздік саясаты -  мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.

Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.

Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.

Сенімді есептеу базасы (СЕБ)  - компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті - қатынасым мониторының міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау болатындығын бақылау.

Қатынасым мониторы - пайдалынушының программаларға немесе деректерге әрбір қатынасының мүмкін болатын іс - әрекеттер тізімімен келісімдігі екендігін тексеретін монитор. Қатынасым мониторынан үш қасиеттің орындалуы талап етіледі:

- оңашаландық. Монитор өзінің жұмысы кезінде аңдудан қорғалуға тиісті;

-   толықтық. Монитор әрбір қатынасу кезінде шақырылады. Бұл кезде оны орай өтуге мүмкіндік болмау керек;

-   иландырылатындық. Мониторды талдауға және тестілеуге мүмкін болу үшін ол жинақы болуы керек.

 

          Сөздік

          Сұрыптау сортировать, сортировка             

          ерекшелік особенность

          тасқынпоток

          өркендеу процветать

          орта среда

          себеп причина

          нәтиже результат

          жарылыс взрыв

          сезу чувствовать

          қарқын темп

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

6.1 Ерекшелік, айырмашылық, себеп сөздерін жазбаша тәуелдеңіз.

 

6.2 Мәтіннен бірыңғай мүшелі 3 сөйлемді көшіріп жазып, оның қызметін анықтаңыз.

 

6.3 Мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып, біреуін есімдерше түрлендіріңіз.

 

6.4 Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

Обработка, сортировка, передача информации; роль информации в отрасли управления народным хозяйством; резкий рост потока  информации; сложность доставки, обработки, передачи; способы достижения цели; темп роста объема передачи, преобразования; увеличение эффективности труда в общественном производстве; один из мощных показателей.

 

6.5 Мына сөздер мен  тіркестерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айтып жаттығыңыз, өздеріңіз өткен мәтіндер бойынша мысалдар келтіріңіз.

Болып отыр; талап етіп отыр; деп атаймыз; елдің күші; көтеріліп отыр;

көлем; көбею.

 

6.6     Сөздіктің көмегімен аударыңыз.

 

       От элементов системы  к управляющим  устройствам  поступает информация о состоянии элементов. Кроме того, средства управления могут получить информацию в виде управляющих  команд от вышестоящих органов  управления или воздействий  внешней среды. Управляющие устройства перерабатвают  поступающую информацию. В результате этой переработки  синтезируются управляющие команды, которые  изменяют состояния и режимы функционирования элементов системы.

 

7 Ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз ету жұмыстары

 

Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз етуге арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Осы аталған кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады.

Даярлық кезең. Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске қатысушылардың өзара қарым - қатынастарын анықтау үшін қажет. Даярлық кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің ақпараттың міндеттері анықталады.

Ақпараттық қорларды түгендеу. Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар, деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.

Қатерді талдау. Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың қорғанылу күй - жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады. Қатерді талдау мыналардан тұрады: талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; қатерді бағалау әдіснамасын таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; қатерлерді бағалау; қорғаныш шараларын талдау; таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру; қалдық қатерді бағалау.

Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және, екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау - бағалаудан тұрады.

Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп - қатерлер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай - ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Қорғаныш жоспарын құрастыру. Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.

Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйе,сінің функционалдық сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып жүйеге қойылатын талаптар талқыланады.

Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Бұл кезеңде қорғаныш жоспарында келтірілген шаралармен қоса жабдықтаушылармен келісім - шарттар жасасу жабдықтарды орнату және баптау, қажетті құжаттарды әзірлеу және т.б. осы сияқты шаралар іске асырылады.

 

Сөздік

өсіру – увеличение

қосалқы – вспомогательный

кеңістік – пространство

қабілет – способность

сақтау – хранить, сохранять

сезім мүшелері – органы осязания

тасымалдау – транспортировка, передача

сақтағыш – носитель

белгілеу – обозначить

міндет – задача, обязательство, функция

ми – мозг

 

Мәтін бойынша тапсырмалар

7.1 Сөз тіркестерін аударыңыздар.

 

По содержанию и по месту использования; к основному относится  сбор и преобразование информации; способность чувствовать состояние объектов; приборы, собирающие информацию; в разное время и разном пространсве; обозначение место хранения; классифицировать по видам.

 

7.2 Мәтіннен Не неден тұрады/құралады үлгісіндегі құрамды білдіретін конструкцияларды теріп жазыңыз, өзіңіз мәтіннен бөлек 2-3 мысал келтіріңіз.

Мәтіннен Негізгісіне жататындар немесе мыналар жатады типті санамалау конструкцияларына мысалдар табыңыз, өзіңіз мәтіннен бөлек 2-3 мысал келтіріңіз.

 

7.3 Етістікті тіркестермен қалау рай тұлғалы сөйлемдер құраңыз.

 

Үлгі: кітап оқы – Демалыс күндері менің қызық кітап оқығым келеді.

Жақсы аяқта-; білім ал-;  жұмыс істе-;  шетелге бар-; мәжіліске қатыс-; сенім білдір-; жобалауға пайдалан-; реферат жаз-; орынды жұмса-;  тауда демал-.

 

7.4 Кеңістік, уақыт, көрсеткіш, қоршаған орта, жинау, сақтау тасымалдау, қайталау, сезу, дыбыс   сөздерімен кез келген тақырыпқа сөйлемдер құраңыз.

 

7.5 Сөздікті пайдаланып, қазақ тіліне аударыңыз.

 

Последние годы характеризуются широким применением информационных систем во многих областях человеческой деятельности. В частности, в производственных предприятиях и организациях, энергетических и коммуникационных комплексах, государственных  органах управления и во многих других сбор информации, ее обработка, поиск и другие виды деятельности являются оновными разделами в системах управления.  Перед тем, как дать определение информационной системы, и определить ее роль в развитии общества  необходимо привести общее  понятие о системах.

 

Аралық бақылауға  арналған тест сұрақтары:

 

І – нұсқа

1) « Информационный взрыв» тіркесін аударыңыз.

А) ақпараттың көлемі             

В) ақпараттық жарылыс         

С) ақпаратты тарату                      

Д) ақпараттың мазмұны

 

2) Сөйлемді аяқтаңыз.

Өзімізді қоршаған айналаны сезу түрі мен сол ақпаратты өзіміздің санамызда сақтау белгілерін информация ...

А) деп атаймыз             

В) болып отыр         

С) талап етіп отыр                     

Д) болуы мүмкін

 

3) Барыс септігінде  тұрған  тіркесті табыңыз.  

А) университетке түсті                                

В) университетті бітірді                                    

С)  университеттен келді                      

Д)  университетте оқиды

 

4) Керекті сөзді қойыңыз.

Қазіргі кезең информациялық технологиялар  ............... деп аталады.

А) кезеңі            

В) жүйесі           

С) пайда болуы              

Д)   тарату

 

5) Қайда? сұрағына жауап беретін сөзді көрсетіңіз.

А)  информация жүйесінде

В)  информация көмегімен

С)  информацияның орны

Д)  информациялық жүйелермен

 

6) Техникалық терминдерді көрсетіңіз:

А) көп арналы жүйе, радиобайланыс                                 

В) Қазақстан, аймақ  

С)  кәсіпорын, мекеме

Д) көші-қон, үкімет                                                               

 

7) Аудармасын көрсетіңіз: тізбектей қосылған.

А) последовательное соединение 

В) технические устройства 

С) набор средств                             

Д) источник информации

 

8) « Многоканальная система» тіркесін аударыңыз.

А) көп арналы жүйе                         

В) байланыс арнасы      

С) хабар көзі              

Д) көп хабар көзі

 

9) Тиісті сөзді таңдаңыз.

Мұнда 3000-нан астам студент энергетика және телекоммуникацияның 23 мамандығы бойынша ...  

А) білім алуда                                            

В) еңбек етеді                                   

С) жұмыс істейді                                            

Д) тыңдайды

 

10) «Жүзеге асыру » сөзінің синонимін табыңыз.

А)  іске асыру                        

В)  сақтау               

С)  пайдалану

Д)  көмектесу

 

11) “Основа информационного взрыва” тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.

А) информациялық жарылыстың негізі

В) информациялық жарылыс түрі  

С) информациялық жарылыс тасқыны

Д) информациялық жарылыстың маңызы

 

12) Мына тіркестерге қандай сұрақ қоюға болады ?

Ақпараттық кеңістікте, жоғары оқу орнында, ақпараттық жүйелер мамандығында

А) қайда?                        

В) қай?                        

С) қайдан?                 

Д) қандай?

 

13) Передача информации тіркесінің аудармасын табыңыз.

А) информацияны тарату                              

В) информацияны өңдеу

С) информацияны түрлендіру                    

Д) информацияны сұрыптау

 

14) Увеличение объема информациитіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.

А) информацияның көлемінің көбеюі

В) информацияның көлемінің өсуі

С) информацияның көлемінің түрленуі

Д) информацияның көлемінің сұрыпталуы

 

15) Көп нүктенің орнына есімшенің тиісті жұрнағын қойыңыз.

Қолданыл ... орнына қарай информация басқару, жобалау және реттеу жұмыстарында пайдаланыл ... болып бөлінеді.

А) – атын                           

В) – етін                        

С) – йтын                         

Д) – ған

 

16) Поиск  информации  тіркесін аударыңыз.

А) информацияны сақтап қою                               

В) информацияны реттеу

С) информацияны іздеу                    

Д) информацияны сұрыптау

 

ІІ – нұсқа

1) Тиісті қосымшаны қойыңыз.

Алматы энергетика және байланыс университеті Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырыл.... жоғары оқу орны.

А) -ған

В) - атын

С) -да

Д) -кен                                                                                     

 

2) Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз.

 Қолданылатын орнына қарай информация басқару, жобалау және реттеу жұмыстары... пайдаланылады.

А)–нда                         

В) -мен                             

С) –да                         

Д) –ға

 

3) Хранение информации  тіркесін аударыңыз.

А)  информацияны сақтап қою                               

В) информацияны реттеу

С) информация мазмұны                      

Д) информацияны сұрыптау

 

4) Жатыс септігі жалғанған тіркесті табыңыз.

A) басқару саласында                                     

B) кездесетін информация

C) жарылыстың негізі                                       

D) қабілеттілігіне негізделген 

 

5) «Резкий рост потока информации» тіркесінің аудармасын табыңыз.

А)  информация тасқынының күрт өсуі

В)   информация көлемінің артуы

С) информацияның өсу жолдары        

Д) информация тасқынының пайда болуы

 

6) “Пайдалану ” сөзінің синонимін белгілеңіз.

А) қолдану    

В) қамтамасыз ету        

С) жүзеге асыру              

Д) басқару

 

7) Тәуелді тіркесті табыңыз.

А) ақпарат көзі                 

В) жүзеге асырады

С) ақпаратты іздеу

Д) басқару

 

8) Тиісті жұрнақты қойыңыз.

Шаруашылықты басқаруда информацияның ал ... орны ерекше.

А) –атын                

В) – етін                 

С) -йтын                       

Д) – ған

 

9) Информациялық процесстер қалай классификацияланады?

А) мазмұны мен қолданылатын орнына қарай                     

В) түріне қарай

С) сұрыптау бойынша           

Д) тасымалдауға байланысты

 

10) Изафет тіркестерді көрсетіңіз:

А) басқару саласы, информация көлемі

В) мамандық бойынша, дайындайды

С) институтта оқиды, мамандар дайындайды

Д) Алматы қаласында, сырттай оқу

 

11) Өзімізді қоршаған ортаны сезу және оларды санамызда сақтау белгілерін .........  деп атаймыз.

 

А) информация        

В) техника         

С) электроника            

Д) сала

 

12) «Современная информационная система» тіркесін аударыңыз

А) қазіргі жүйе       

В) заманауи ақпараттық жүйе         

С) ақпаратты өңдеу           

Д) ақпараттың көлемі

 

13) «Информатизация»  сөзінің баламасын табыңыз

А) ақпараттандыру       

В) заманауи ақпараттық жүйе         

С) ақпаратты өңдеу 

Д) ақпарат саласында 

 

14) Тәуелді тіркесті көрсетіңіз.

А) ақпарат көзі                               

В)  институтта оқиды                                  

С) сабақ оқу                                          

Д)  сегіз  аймақ

 

15) « Получить информацию» тіркесін аударыңыз.

А) ақпарат көзі                               

В)  ақпарат алу                                  

С) жаңа ақпарат

Д)  ақпараттың көлемі

 

16) « Переподготовка специалистов» тіркесін аударыңыз.

А) менің мамандығым                               

В)  білімді мамандар                                  

С) мамандарды қайта даярлау                                         

Д)  жұмыс істейді

 

8  Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері

 

Қауіпсіздік саясаты (ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда) есептеу және қатынас қорларын пайдалану тәсілін, сондай - ақ, қауіпсіздік режимін бұзудың алдын алу және мән беру процедураларын дұрыс анықтайды. Қауіпсіздік саясатын қалыптастыру іс - әрекетін келесі кезеңдер түрінде қарастыруға болады:

Ұйымдастыру мәселелерін шешу. Бұл кезеңде ақпараттық қауіпсіздік қызметі құралады, ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда пайдаланушылардың санаттары, пайдаланушылардың барлық санаттарының жауаптылық деңгейлері, құқықтары және міндеттері анықталады.

Қатерге талдау жасау. Қатерді  талдау үрдісі нені қорғау керек, неден қорғау керек және қалай қорғау (істеу) керек деген сияқты сұрақтардың жауабын анықтайды. Мүмкін болатын қатерлердің бәрін қарастырып шығу керек және оларды келтіретін зиянының ықтимал мөлшеріне байланысты жіктеу керек. Қорғанышқа жұмсалатын қаржы қорғалынатын объектінің құнынан аспауға тиісті.

Жеңілдіктерді анықтау. Қорларды пайдалану құқықтары, қорларды қолдану ережелері, әкімшілік жеңілдіктер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, жүйелік әкімшілердің құқықтар мен міндеттері, жасырын ақпаратпен жұмыс істеу тіртіптері және тағы басқа анықталады.

Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау. Қауіпсіздік режимін бұзушыларды табуға және жауапкершілікке тартылуға бағытталған әрекеттер, сонымен қатар, ақпаратты бұрынғы қалпына келтіру және бұзулардың зардаптарын жою шаралары анықталады.

Ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарды дайындау. Қауіпсіздік саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және өкімдерде келтіріледі.

Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы әрекет жасауға бағатталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық (құқықтық) шаралардың, программалық-техникалық құралдар және процедуралық шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.

 

8.1 Мәтінді мұқият оқып шығып, білмейтін сөз, сөз тіркестеріңізден сөздік жасаңыз.

 

8.2 Сөздіктің көмегімен берілген сөз тіркестерін аударыңыз.

 

Ақпарат бүгінде демократияландыру үрдісінің басты өлшемдерінің біріне де айналды. Нейдер деген американ заңгерінің «Информация – основная валюта демократии» деген сөзін осы жерде еске алуға болады [2]. Сондай-ақ, ақпарат дегеніміз қоғамдық мәніне сай жаңа мағлұмат, білім. Қазіргі таңда әрбір елдің ең негізгі ұлттық құндылығы – білім екендігіне ешкім күмән келтірмесе керек.

 

8.3 Мәтіннен ілік септік + тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, осы типті 10 тіркес ойлап табыңыз.

Үлгі: ақпарат жүйесі, жүйенің жұмысы, жұмыстың жиыны.

 

8.4  Мәтінді толық аударыңыз.

 

8.5 Мәтіннің мазмұнын ашатын бірнеше сұрақтар қойып, оған мәтін бойынша жауап беріңіз.

         Мәтінді мазмұндап беріңіз.

 

9 Ақпарат қауіпсіздігінің ұйымдастыру шаралары

 

Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, ұйымдастыра-өкімгерлік құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сонай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.

Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргізу ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге және қауіпсіздік режимін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға мүмкіндік береді.Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.

Ұйымдастыру мәселелерін шешілгеннен кейін программалық-техникалық проблемалардың кезегі келеді - таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны атқаратын міндеті және сапасы жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар. Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу күрделі мәселелердің бірі болып саналады.

Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құрудың мәжбүрлі басқару.

Қатынас құрудың ерікті басқару - жеке субъект немесе құрамына осы сцубъект кіретін топтың тұлғасын ескеру негізінде жасалған объектілерге қатынас құруды шектеу. Ерікті басқару - белгілі бір тұлға (әдетте, объектінің иесі) өзінің қарауынша басқа субъектілерге өзінің шешімі бойынша объектігі қатынас құру құқығын бере алады.

Қатынас құрудың ағымдағы жағдайы ерікті басқару кезінде матрица түрінде көрсетіледі. Қатарларында - субектілер, бағандарында - объектілер, ал матрицаның түйіндерінде қатынас құру құқығының (оқу, жазу, орындау және т.б.) кодасы көрсетіледі.

Операциялық жүйелердің және дерекқор басқару жүйелерінің көпшілігі осы ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымды жағы - икемділігі, ал негізгі кемшіліктері - басқарудың бытырыңқылығы және орталықтандырылған тексерудің күрделілігі, сондай-ақ, қатынас құру құқығының деректерден бөлек қарастырылуы (қаскүнемдер осыны пайдалана отырып құпия ақпараттарды жалпы қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы мүмкін).

 

9.1 Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.

 

9.2 Сөздіктің көмегімен мәтінді аударыңыз.

ақпаратты жинау-
ақпаратты өңдеу-

әрекетті элементтер-

бағыныңқы жүйе-

ерекшелену-

қолданбалы-

қадағалау-

кеңес беру-

мағыналы мәндер-

 

9.3 Мәтіндегі түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.

 

9.4 Анықтауыштық тіркестерді теріп жазып, аударыңыз.

Үлгі: автоматтандырылған жүйе- автоматизированная система

 

9.5  Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

9.6     Сөздікті пайдаланып, құрмалас сөйлемдерді аударыңыз.

 

Адамдардың тіршілік етуі үшін ауа мен су қандай қажет болса, бұл күні ақпараттың да рөлі сондай артып отыр. Әр адам тіпті ертеңгі күннің райы қалай болатынынан, өзінің көшесіндегі, тұратын жеріндегі жаңалықтардан бастап, доллар бағамы қандай, ауыл тұрғындары үшін – ауылдағы ауыз су мен жол қатынасын жөндеу, қала халқы үшін – тұрғын үй мәселесі шешіле ме, зейнетақы мен жалақы мөлшері көтеріле ме деген әлеуметтік маңызы бар хабарлардан, мемлекеттік, әлемдік, глобальдық деңгейдегі ақпараттан хабардар болып отырғысы келеді.

 

10 Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі

 

Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады.
          1) Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз- құжаттамалар жүйесінің ұйымда циркуляцияланатын ақпараттық ағымдардың сызбасы жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу әдістемесі. Құжаттамалардың унифисирленген жүйесі мемлекеттік, республикалық, салалық және аймақтық деңгейде құрылады. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті-қоғамдық өндірістің әртүрлі саласындағы басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру. Осындай мақсатта құжаттаудың унифисирленген жүйелеріне қойылатын талаптар орнатылған стандарттар әзіленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қозғаушы маршрутын және алғашқы ақпараттың пайда болуымен нәтижелік ақпаратта қолданылатын орнын бейнелейді.

2) Техникалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің жұмыс жасауы үшін арналған техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенін: кез келген модельдегі компьютерлер , ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс желілері, ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплотацияық материалдар және тағы басқалар құрайды.

3) Математикалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің мақсаттарымен міндеттерін жүзеге асыруға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы, сонымен қатар техникалық құралдар кешенін қалыпты функциялауға жағдай жасайды. Математикалық қамтамасыз ету құралдарына:

- басқару үрдістерін модельдеу құралдары;

- басқарудың типтік есептері;

- математикалық бағдарламалау, математикалық статистика,массалық қызмет көрсету теориялары және тағы басқалар жатады.

4) Бағдарламалық қамтамасыз ету- есептеу техникасын қолдау арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын бағдарламалар жиыны. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге- ақпаратты өндеудің типтік есептерін шешу үшін арналған және қолданушыға бағытталған бағдарламалар кешені жатады. Олар ақпаратты өңдеудің үрдістерін басқару және бақылау, компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған.

 

Сөздік

қамтамасыз ету- обеспечить

ағым- поток

мәліметтер қоры- база данных

кешен- комплекс

жиынтық- совокупность

өңдеу- обработка

үрдіс- процесс

құжат  - документ

 

10.1 Сөз тіркестерін аударыңыздар:

 

Для принятия управляющих решений, дать  точную информацию, метод установления базы данных, устоновленные требования, маршрут движения информации, комплекс технических установок, сбор и обработка информации, осуществление  целей и  задач в информационной системе.

 

10.2 Құрамалас сөйлемдерді аударыңыз

 

Ақпарат – материя, энергия секілді ежелгі әрі іргелі ұғымдардың бірі дегенмен келісуге әбден болады. Сондықтан оған дәлме-дәл анықтама берудің өзі мүмкін емес. Дегенмен басты сипаттарын анықтауға болады:

а) Ақпарат – оны қабылдаудан бұрын мүлде беймәлім болған жаңа мағлұмат.

ә) Ақпарат өзі материалдық зат емес. Дегенмен әрбір арнайы белгілер, сигналдар секілді материалдық тасымалдаушылар арқылы көрініс табады.

б) Белгілер жеке дара және көптеген жиынтықтары арқылы да ақпаратты сақтай алады.

в) Қандай бір белгі және сигнал – тек оның мәнін ұғатын, түсінуге қабілеті жететін қабылдаушыға ғана ақпарат жеткізе алады.

 

10.3 Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, біреуін септеңіз.

 

10.4 Мәтінге бірнеше сұрақ қойып, мазмұндаңыз.

         

 

11 Ақпараттық желілер 

Ақпараттық желі  –  генерациялау, өңдеу, сақтау және пайдалану өнімі  информация болатын коммуникациялық желі. Ақпараттық желілердің мысалы ретінде  телефон, телеграф, теледидар және т.б. желілерді қарастыруға болады.

Ақпараттық желінің екі пунктінің арасында  ақпарат алмасу беріліс арналарын  кезекпен пайдаланатын болса, ондай  берілісті  деректерді коммутациялау деп атайды.

Коммутация белгілі бір  абоненттерге бекітілген  коммутацияланбайтын арналар арқылы байланыстан өзгеше болады. Деректерді коммутациялаудың келесі тәсілдері  болады:

- арналарды коммутациялау (circuit switching-коммутация каналов);

- дестелерді коммутациялау (packet switching- коммутация пакетов);

- хабарламаларды коммутациялау  (message switching- коммутация сообщений).

Арналарды коммутациялау – желінің жеке учаскелерін тізбек бойынша жалғау арқылы үзіліссіз физикалық арна құрастыру.  Информация көзі мен адресат (қабылдаушы)  арасында байланыс орнату жіберу пунктінен сигнал беруші хабарлама жіберу арқылы  орнатылады.

Дестелерді коммутациялау  желінің өткізу мүмкіншілігін, жылдамдығын және сенімділігін  ары қарай  арттыруға мүмкіндік береді. Дестелерді коммутациялау арналарды коммутациялаудан өзгешілігі– уақытша  дестелерді сақтауға арналған ішкі буферлік жадының болуы.  Ол коммутатордың шығару портында  басқа десте  болған кезде пайдаланылады.  

Хабарламаларды  коммутациялау дегеніміз физикалық қосу әдісі; қосылу тек екі көрші түйіндер арасында  болады және ол тек хабарламаның берілісі кезінде ғана. Хабарламаны коммутациялау   арналарды коммутациялаумен салыстырғанда деректерді жеткізу кезінде тоқтау уақытын азайтады және жалпы өткізу мүмкіншілігін арттырады.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар:

11.1 Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне сөздік жасаңыз.

 

11.2 Сөйлемнің ыңғайына қарай қалай және қандай деген сұрақтар қойыңыз.

 

Үлгі:  Ақпараттық желінің екі пунктінің арасында  информация алмасу беріліс арналарын  кезекпен (қалай?) пайдаланатын болса, ондай  берілісті  деректерді коммутациялау деп атайды.

 

11.3 Берілген етістіктерді болымсыз түрге өзгертіңіз, орыс тіліне аударыңыз, біреуін жазбаша  жіктеңіз:

Пайдаланылады, артады, жеткізеді, ұсынады, өңдейді, басқарады,  айтады, анықтайды.

 

11.4 Сөздікті пайдаланып, мәтінді  қазақ тіліне аударыңыз.

 

Қазіргі таңда дүниежүзілік ақпарат әлеміндегі ірі өзгерістерден, белең алып келе жатқан жаһандану үдерістерінен ешбір елдің саяси өмірі мен бұқаралық ақпарат құралдары тыс тұра алмайтын күрделі кезеңмен бетпе-бет жүздесіп отырмыз. Академик Ғарифолла Есім айтқандай: «... біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың мазмұнын анықтайтын фактор – ақпарат. Оны біз ақпараттық қоғам деп те жүрміз. Бүкіл әлем бір сәтте үйіңізге сыйып кетеді. Интернет, электрондық пошта жүйесі, жетілген коммуникация әлемді тұтастырып барады. Бұрынғыдай әр елдің «сырын» жасыру мүмкін емес. Ел ішіндегі оқиға күні ертең әлем тілдеріндегі басылым беттерінде жария естілмек. Мұның бәрі қазақстандықтардың ой-өрісіне, сезім-санасына, мінезіне, тұрмысына сапалы өзгерістер енгізуде»

11.5 Мәтінді мазмұндаңыз.

 

12 Объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі.

 

         Бұл элемент құпия ақпаратты «қоқтықтан» кездейсоқ немесе әдейі шығарып алудан сақтайтын қатынас құруды басқаратын құралдардың маңызды қосымшасы болып табылады. Объектілерді қайтадан пайдаланудың мүмкін болатын 3 қаупі бар: жедел жадыны қолдану, сыртқы сақтау құрылғыларын қайтадан пайдалану және ақпарат еңгізу/шығару құрылғыларын қайтадан пайдалану.

Қорғаныш тәсілдерінің бірі - құпия ақпаратпен жұмыс істегеннен кейін жедел жадыда немесе аралық жадыны тазалау. Жақсы әдіс деп тегерішті нығыздау программаларын қолдануды да санауға болады.

Мәселен, принтерлердің аралық жадында құжаттардың бірнеше беті сақталып қалуы мүмкін. Олар басу үрдісі аяқталған соң да жадыда қалып қояды. Сондықтан оларды арашықтан шығарып тастау үшін арнаулы шаралар қолдану қажет. Әдетте кездейсоқ биттер тізбегін үш қайталап жазу жеткілікті болады.

«Субъектілерді қайтадан пайдаланудың» қауіпсіздігі жайында да қамдану керек. Пайдаланушы ұйымнан кеткен кезде оны жүйеге кіру мүмкіншіліктерінен айыру және барлық объектілерге оның қатынас құруына тиым салу керек.

Қауіпсіздік тамғасы.  Қатынас мәжбүрлі басқарудың кезінде субъектілер және объектілер қауіпсіздік тамғасы арқылы байланысады. Субъектінің тамғасы оның шүбәсіздігін сипаттайды. Объектінің тамғасы оның ішіндегі сақталатын ақпараттың жабықтық деңгейін көрсетеді.

Қауіпсіздік таңбасы екі бөліктен тұрып: құпиялылық деңгейі және категориялар.

Құпиялылық деңгейі реттелген жиынтық құрайды және әр түрлі жүйелерде құпиялылық деңгейлер жиынтығы әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпия құрайтын мәліметтердің үш құпиялық дәрежесі тағайындалған және осы дәрежелерге сәйкес аталған мәліметтердің тасушыларына мынадай құпиялылық белгілері берілген: «аса маңызды», «өте құпия», «құпия», ал қызметтік құпия құрайтын мәліметтірге «құпия» деген құпиялылық белгісі беріледі.

Санаттар реттелмеген жиынтық құрайды. Олардың міндеті - деректер жататын аймақтың тақырыбын сипаттау.

Қауіпсіздік таңбалардың тұтастығын қамтамасыз ету оларға байланысты негізгі проблемелардың біреуі болып табылады. Біріншіден, тамғаланбаған субъектілер мен объектілер болмау керек. Әйтпесе тамғалық қауіпсіздікте (қолдануға ыңғайлы) саңылаулар пайда болады және қаскүнем осы жағдайды пайдаланып қорғанылатын ақпаратқа заңсыз қол жеткізуі мүмкін. Екіншіден, қорғалынатын деректермен қандайда болмасын операциялар орындалмасын, қауіпсіздік тамғалары өзгермей қалуы керек.

Қауіпсіздік тамғаларының тұтастығын қамтамасыз етуші құралдардың біреуі - құрылғыларды көп деңгейлік және бір деңгейлік деп бөлу. Көп деңгейлік құрылғыларда әр түрлі құпиялық деңгейлі ақпарат, ал бір деңгейлік құрылғыларда тек бір құпиялық деңгейі бар ақпарат сақталады.

Қатынас құрудың мәжбүрлі басқару. Қатынас құруды басқару мәжбүрлі деп атаудың себебі - қатынас құру мүмкіндігі субъектінің ерігіне тәуелді емес. Мұндай басқару субъектінің және объектінің қауіпсіздік тамғаларын салыстыру негізінде жүргізіледі.

Ерге субъектінің құпиялылық деңгейіобъектінің құпиялылық деңгейінен кем болмаса, ал объектінің қауіпсіздік тамғасында көрсетілген барлық санаттар субъектінің тамғасында болса (яғни, осындай екі шарт орындалса), онда субект объектіден кез келген ақпаратты оқи алады. Мысалы, «өте құпия» субъект «өте құпия» және «құпия» файлдарын оқи алады. Бұл жағдайда «субъектінің қауіпсіздік тамғасы объектінің қауіпсіздік тамғасынан басым» деп атайды.

 

Мәтін бойы тапсырмалар:

12.1 Мәтіннен мына сөздер мен сөз тіркестерінің баламаларын тауып жазыңыз.

разное устройство-

разрешенное значение -

изменить -

ускорить -

однородные -

облегчить-

 

12.2 Мәтінді толық оқып шығып, сөздік жасаңыз.

 

12.3 Мәтінді толық аударыңыз.

 

12.4 Мәтіннің әр бөлігіне бірнеше сұрақ қойып, өз сөзіңізбен баяндаңыз.

 

12.5 Мына сөз тіркестерін аударыңыз:

 

Во время осуществления информационных процессов; используются разные знаки; международная  организация стандартизации; организовать проектный коллектив; контралировать  качество и ход работы; определяются внешние объекты; в ходе определения; готовят продукт для использования.

 

12.6 Сөздікті пайдаланып, мәтінді  қазақ тіліне аударыңыз.

Батыс философы Роберт А.Уилсонның «Новая инквизиция» еңбегіндегі сөзі : «информация: степень непредсказуемости сообщения; грубо говоря, информация – это то, что вы не ожидаете услышать. Информация в этом смысле может быть «истиной» или «ложной», но всегеда непредсказуемой».

        

13  Деректерді жеткізу арналары және олардың сипаттамалары

 

Хабарлама белгілердің жиыны ретінде семиотека атты ғылым саласында үш деңгейде зерттелінеді: синтаксистік, семантикалық және прагматикалық.  Осы аталынған деңгейлердің әрқайсысында информация берілісіндегі информация санын есептеуде өзіндік тәсілдері  мен өзіндік информация өлшемі болады.

Синтаксистік деңгейде информацияны өлшеу үшін келесі параметрлер енгізілген: информация көлемі және информация саны. Семантикалық деңгейде немесе информацияның мәнінің мазмұны бойынша  тезаурус өлшемі кеңірек тараған. Тезаурус өлшемі пайдаланушының түскен хабарламаны қабылдау мүмкіншілігін анықтайды.  Тезаурус – пайдаланушы немесе жүйе білетін мәліметтердің жиыны. Прагматикалық деңгейдегі информация өлшемі информацияның пайдалылығын (құндылығын) анықтайды.

Деректерді жеткізу арналары және олардың сипаттамалары. Информация берілісінің арнасы дегеніміз электр сигналын бір жерден екіншісіне жеткізуге арналған техникалық құралдардың жиыны.  Арнаға кіру таратқышқа қосылса, ал шығуы – қабылдағышқа қойылады. Қазіргі кездегі байланыс жүйелерінде таратқыш пен қабылдағыштың негізгі функцияларын модем атқарады. Арнаның негізгі сипаттамасы – ақпарат берілісінің жылдамдығы.   Берілген шектеулер жағдайында ақпарат (деректер) берілісінің ең үлкен мүмкін болатын жылдамдығы арнаның сыйымдылығы деп аталынады.  

 

Сөздік

Сала-сфера

Зерттеу- исследовать

Деңгей- уровень

Тәсіл- способ

Мәлімет- сведения

Арна- канал

Шектеу- ограничение

Сыйымдылық- емкость, вместимость

 

         13.1 Мәтінді оқып шығып, оған сөздік жасаңыз.

 

13.2 Мәтіндегі термин сөздер мен сөз тіркестерінен мәтіндегіден бөлек сөйлем құраңыз.

 

13.3       Етістіктің  тұйық райымен тіркесетін керек, қажет, тиіс деген міндеттілік мағынасын беретін модаль сөздермен 5-6 сөйлем құраңыз.

 

13.4       Көп нүктенің орнына кең таралған, мағыналы, қолданылатын, нақты, техникалық, ақпараттық сын есімдерін қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Информатикада жүйе түсінігі өте ...   және көптеген    ...   мәндерге ие. Атап айтқанда ол     ...        құралдармен бағдарламалар жиынында өте кең қолданылады. Компьютердің    ...     бөлігі деп айтуымызға болады. Сонымен қатар .....       есептерді шешуде құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда ....   көптеген бағдарламаларды есептеуге болады.

 

13.5  Сөздікті пайдаланып қазақ тіліне аударыңыз.

Актуальность применения информационных  систем для управления предприятиями в настоящее время ни у кого не вызывает сомнения. Однако многие руководители и специалисты из разных предметных областей слабо владеют знаниями и навыками работы с информационными системами. Поэтому следует учесть этот фактор и ИС, как правило,  должны создаваться для конечного пользователя, не обладающего высокой квалификацией  по компьютерной технологии.

 

 14  Ақпарат және информатика

   

         Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында, біздің қоғамымыздың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі – елдің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру –деп айтылған.

Қоғамды ақпараттандыру өндірісті түбірімен  жаңа бағытта өзгертуге, білім мен ғылымды дамытуға мүмкіндік береді, сонымен бірге бүкіл әлемде шексіз ақпараттық кеңістікті қалыптастырады. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың дамуы  және жаһандық жүйе – Интернет үкіметтің және халық шаруашылығының  барлық салалары қызметінің айтарлықтай тиімді жұмыс істеуіне әсер етеді.

Компьютерді және ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысы қазіргі заманға аса қажет. Осыған орай, Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендетудің Бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты –   Қазақстанда халықтың компьютерлік және Интернет желісін пайдалану сауаттылығын 20% жеткізу.

Бағдарламаны жүзеге асыру жоспарлы шараларды орындау арқылы іске асырылады. Атап айтқанда, жергілікті атқару ұйымдарындағы қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдардағы жұмыскерлерді және жұмыссыздарды, әскери қызметтегілерді және басқа да санаттағы азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа үйретуді ұйымдастыру. Бұл дегеніміз қоғамымыздағы кез келген адам дербес компьютердің не екенін, барлық амалдық жүйелерді пайдалануды, жаһандық жүйе-Интернетті пайдалана білетіндей болуы керек.

 

Сөздік:

ақпараттандыру- информатизация

ақпараттық теңсіздік- информационное неравенство

ауқымды жүйе- глобальная система

дербес компьютер- персональный компьютер

жергілікті атқару ұйымы- местная исполнителбная организация

жолдау-послание

кеңістік-пространство

қалыптастыру-формировать

сауаттылық-грамотность

шексіз-безграничное

 

14.1 Мәтін бойынша тапсырма.

Мәтіннің көмегімен берілген сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында қандай мақсаттардың бірі ерекше атап өтіледі?

2) Қоғамды ақпараттандыру нені дамытуға мүмкіндік береді?

3) қазақстан Республикасында ақапараттық теңсіздікті төмендетудің Бағдарламасы қай жылы қабылданды?

4) Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қандай шараларды іске асыру қажет?

 

1-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін аударып, есіңізде сақтаңыз.

Дербес компьютерлер, ақпарат, бағдарламашы, Интернет желісі, өндіріс салалары, жер серігі, ғарыш әлемі, электронды техника, электронды есептеу машиналары, тәуелсіздік, елбасы, нарықтық экономика.

2-жаттығу.  Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз, олармен  

сөйлем құраңыз

 

Стратегия главы государства, компьютерная грамотность, информатизация общества, электронная почта, персональный компьютер, профессиональная деятельность,  производственные задачи, новая программа.

 

15   Қазақстанды ақпараттаныру

 

Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз

 

Информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну үрдістерін зерттеумен қоғам өмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, өндіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен шұғылданатын ғылыми-техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.

Информатика ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында француз тілінде ( Information –  ақпарат және automaticoque – автоматика) қоғамда ақпаратты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайда болды. Ақпараттарды жинақтаудан бастап, нәтиже алуға дейінгі процестерді адамның қатысуынсыз, алдын ала жасалған бағдарлама көмегімен өңдейтін процесті ақпараттарды автоматты түрде өңдеу деп атайды.  

Информатика:

- ақпарат жинау, сақтау, жіберу,өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты – техникалық;

- ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін – семантикалық;

- ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – семантикалық;

- ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматтандыру мәселелерін шешуді зерттейді.

Информатиканың қалыптасуы мен дамуында ғылыми-техникалық даму басты бағыттарының бірі болып табылады. Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағыттарын қамтитын ғылыми-техникалық пәндер кешені: кибернетика, жасанды интеллект, қоғамдағы информатика, теориялық информатика, ақпараттық жүйелер, бағдарламалау, есептеуіш техника, табиғаттағы информатика.

 

     Сөздік:

ақпарат алу – получить информацию

кешен- комплекс

сипаттау – описание

түбегейлі – окончательный (обоснованный)

үрдіс – процесс

іс-әрекет – действие

 

Мәтін бойынша тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз, өз ойыңызбен толықтырыңыз

1)  Информатика ұғымы қай ғасырда пайда болған?

2)     Информатика нені зерттейді?

3)     Информатика ғылымының негізгі бағыттары қандай?

4)     Информатика қандай пәндер кешені болып табылады?

5)     Ақпарат қоғам өмірінің қандай салаларын қамтиды? Атап шығыңыз.

 

 1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз

1. Ақпарат ... (өмірдің, өмірге, өмірмен) барлық салаларын қамтиды. Информатика ұғымы ХХ ... (ғасырдың, ғасырмен, ғасырды) басында пайда болды. Компьютерде жұмыс істегенде ... (көзді, көзге, көзден) жаттығуды үнемі жасап отыру керек. Жұмыс істегенде компьютер ... (экранының, экранымен, экранынан) 60-70 см алыс отыру керек.

2-жаттығу. Сөз тіркестеріндегі зат есімдердің жалғауларын анықтаңыз

Бағдарламалық жабдықтардың, ақпараттық жүйелерге, зерттеумен айналысу, өмірдің барлық саласында, оқушыға хабарла.

3- жаттығу. Үлгі бойынша сөйлемді біртіндеп кеңейтіңіз

Үлгі:

1)     Ақпарат алу.

2)     Жаңа ақпарат алу.

3)     Интернеттен жаңа ақпарат алу.

4)     Интернеттен жаңа ауқымды ақпарат алу.

5)     Интернеттен жаңа ауқымды ақпаратты жиі алу.

Бағдарламаны құру, ақпаратты өңдеу, ақпаратты тарату, ақпарат алмасу.

  

 

Әдебиеттер тізімі 

1.     Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі / ҚР мәдениет және ақпарат мин-гі.Тіл комитеті; - Алматы, Дайк-Пресс, 2008.- 986 б.

2. Оразалин К.Ж., Жантасов М.М. Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі=Русско-казахский толковый словарь по современной экономике: 2100 жалпыға әйгілі сөздер. - Алматы: Lem, 2001.-343 б.

3. Құдайбергенов Р. Техникалық терминдер сөздігі: қазақша-орысша-немісше-ағылшынша. 4-бөлімнен ҚР мәдениет,ақпарат мин-гі. Тіл комитеті.

-Алматы: Таймас баспа үйі, 2009. - 616 б.

4. Құралбаев З. Қ.  «Ақпараттық жүйелердің негіздері». Дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБИ, 2009. -  76 б.

5. Камардинов О. Информатика. –Алматы: Қарасай, 2008. – 360 б.

6. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. –Алматы: ЖТИ. 2003. -400 б.

7. Кайнденова К.Қ., Кузутбаева З.Қ., Ниғметжанова М.Қ. Кәсіптік қазақ тілі. «Есептеуіш техника» мамандығына арналған оқу құралы. - Өскемен, 2009.

8. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік.-Алматы: Алтын қазына, 1999.

9. Валединский В.Д. Информатика. Словарь компьютерных терминов.-Москва:Аквариум, 1997.

 

 

 

Мазмұны

 

 

1

Алматы энергетика және байланыс университеті

3

2

Мамандығым ақпараттық жүйелер

4

3

Ақпарат туралы  алғашқы түсініктер

6

4

Ақпаратты сақтау және  жад түрлері

8

5

Ақпаратты қорғау және бақылау

10

6

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты

11

7

Ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз ету жұмыстары

13

8

Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері

20

9

Ақпарат қауіпсіздігінің ұйымдастыру шаралары

21

10

 Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі

22

11

Ақпараттық желілер 

24

12

Объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі

25

13

Деректерді жеткізу арналары және олардың сипаттамалары

27

14

 Ақпарат және информатика

27

15

Қазақстанды ақпараттандыру

28

16

Әдебиеттер тізімі                                                                                   

30