ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 Алматы энергетика және байланыс университетінің

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  

 

Ғалия Ғабдоллақызы Шәрібжанова

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ 

Техникалық жоғары оқу орындары үшін

жаттығулар мен тапсырмалар жинағы

Оқу құралы

 

 

Алматы 2012

  

ӘОЖ. 809.434.2 (075.8)

ББК 81. 2 рус-923

С 50 Оқу құралы / Қазақ тілі. Техникалық жоғары оқу орындары үшін жаттығулар мен тапсырмалар жинағы.  Шәрібжанова Ғ.Ғ.

АЭжБУ. Алматы, 2012. 87 бет. 

 

ISBN 978-601-7327-21-7

 

Қазақ тілі. Техникалық жоғары оқу орындары үшін жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. Жаттығу материалдары іс қағаздарын жүргізу мен іскерлік қарым-қатынасқа арналған оқулықтар, оқу құралдары мен ғылыми-публицистикалық шығармалардан, мерзімді баспасөзден іріктелініп алынып, негізінен терме мәтіндер түрінде түгелдей дерлік жаңадан құрастырылды.

Бұл оқу құралының негізгі мақсаты – студенттердің өз бетімен тіл мәселелерін талдап дағдылануына, практикалық курстан алған теориялық білімдерін тереңдетіп кеңейтуіне, тәжірибе жүзінде игеріп алуына мүмкіндік туғызу.

Оқу құралындағы жаттығулардың көлемі мен сан мөлшерін белгілегенде тақырыптардың өзіндік сипаты ескерілді. Меңгерілуі күрделірек лексикалық тақырыптар үшін жаттығу мәтіндері молырақ берілді. Оқытушы практикалық сабақты жүргізу барысында оларды өз ішінен нұсқаға бөліп талдатуына болады.

Студенттердің сөйлеу мәдениетін арттырудың маңыздылығын ескеріп, стилистикалық тапсырмалар, қазақ  және орыс тіліндегі мәтіндер қоса қамтылып отырды.

Оқу құралы барлық бағытта оқитын студенттерге арналған.

Әдеб. көрсеткіші. – 16 атау.

           

         Пікір беруші: ҚазҰТУ, филол. ғыл. канд., доцент  Иманалиева Ғ. АЭжБУ, филол. ғыл. канд., доцент Төлеуп М.М.

          

         ББК 81. 2 рус-923 

                      

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.

 

ISBN 978-601-7327-21-7  

 

          Ó “Алматы энергетика және байланыс университетінің” КЕАҚ, 2012 ж.

 

Мамандық

 

1-тапсырма. Кім болғаныңызға қарамастан орынды сөйлесіңіз, амандасыңыз, жұмысы, денсаулығы туралы сұраңыз, қоштасыңыз.

 

Сіз кімсіз?/фирманың президентімен/мекеме басшысымен/сіздің бөліміңіздің қызметкерімен/әріптесіңізбен/курстасыңызбен/

 

2-тапсырма. Төмендегідей жауапты талап ететін сөйлемдерге тиісті сұрақтар қойыңыз:

         1. Менің атым – Жарқын. 2. Құдайға шүкір! 3. Мен қаржы министрлігінде жұмыс істеймін. 4. Денсаулығым жақсы. 5. Хал-жағдайым жақсы. 6. Жаман емес. 7. Рақмет, жақсы.

 

3-тапсырма. Төмендегідей сұрау есімдіктерімен сұраулы сөйлемдер ойлаңыз және оларға жауап беріңіз: кім? қалай? қайда?

 

         4-тапсырма. Сұрақтар ойлап, бекіту мақсатындағы жауаптар беріңіз: иә, жоқ, жақсы, болады, болмайды.

 

         5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Ол аудармаса да түсінікті.

         Біз Астанадамыз. Біздің жұмысымыз Астанада орналасқан. Біздің жұмыс орнымыз жақсы. Біз жұмыста қазақша сөйлейміз, әңгімелесеміз және сәлемдесеміз.

         Қуаныш – біздің досымыз. Ол қазақша түсінеді, сөйлейді және жазады.

         Серік те біздің досымыз. Ол қазақша сөйлей алмайды.

         Сіздер қазақша сөйлей аласыздар. Ал сендер қазақша әңгімелесесіңдер ме? Сендер қазақша амандасасыңдар ма? Олар қазақша жақсы түсінеді, сөйлейді және жазады.

 

6-тапсырма. «Мен Алматыда оқимын» атты ауызша хабарлама жасаңыз.

  

7-тапсырма. Растаңыз немесе келіспегеніңізді білдіріп, түзетіңіз.

 

1.     – Сен лицейде жұмыс істейсің бе?

– ..................................................... .

         2.  – Әлия баспада жұмыс істей ме?

          – ..................................................... .

         3.  – Сіз қайда жұмыс істейсіз? Мектепте ме?

          – ..................................................... .

         4.  – Олар қайда жұмыс істейді? Университетте ме?

          – ..................................................... .

         5.  – Қуаныш парламентте жұмыс істей ме?

          – ..................................................... .

8-тапсырма. Сөз тіркестерін аяқтаңыз:

         Мен қоштаса...; ...та жұмыс істеймін; мен... ат...; сендер... аға...; сіз сәлемдесе...; ...те жұмыс істей...; оның ағалар...; біз достар... .

 

         9-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз (келісіңіз/келіспеңіз/ қарсылық білдіріңіз):

         Сіздің мамандығыңыз кім? Сіз қызметкерсіз бе? Бақытжан бағдарламашы ма? Қуаныш та, Жақсылық та үйлестіруші ме? Ол бастық па? Әлия хатшы ма? Сіз тыңдаушысыз ба? Сіз оқытушысыз ба? Әділ заңгер ме? Оның мамандығы қандай? Әділ кім?

 

10-тапсырма. Сөйлемдерді алады / алмайды көмекші етістігімен толтырыңыз.

         1. Мен жұмысқа үнемі кешікпей келе .........., өйткені өз автокөлігім бар.

         2. Мен жұмысқа кешікпей келе ............, себебі Қаскелеңде тұрамын.

         3.Ол қазақ тілінде еркін сөйлей ............, өйткені қазақ мектебін бітірген.

         4. Ол қазақ тілінде еркін сөйлей ............., өйткені шетелде оқыды.

 

11-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс формадағы сөздермен толықтырыңыз.

         Айнұр демалыс күндерді табиғатта // табиғатқа өткізеді.

         Ол тауға // тауда жиі шығады.

         Айнұр өз достармен // достарымен тауға шығады.

         Айнұр өз еңбек демалысын // демалысты теңіз жағалауында өткізеді.

         Ол мереке күндерін отбасында // отбасыға өткізеді.

 

12-тапсырма. Әңгімелесушіңіздің мамандығын анықтаңыз:

         Кешіріңіз, сіз (хатшы)... ... ?

         Кешір, сен (дәрігер) ... ... ?

         Кешіріңіз, сіз (бастық) ... ... ?

         Ғафу етіңіз, сіз (заңгер) ... ... ?

         Кешір, сен (экономист) ... ... ?

         Ғафу етіңіз, сіз (редактор) ... ... ?

         Кешір, сен (мұғалім) ... ... ?

 

13-тапсырма. Сұрақтарды қалпына келтіріңіз. Өзара сұхбаттасыңыздар.

         Сіз қандай (жоғары оқу орнын бітіру) ?

         Қайда (жұмыс істеу) ?

         Осы жұмысына қашан (орналасу) ?

         Қандай бөлімде (жұмыс істеу) ?

         Сіздің жұмысыңыз (ұнау) ?

         Жалақы (жоғары) ?

         Сіз қандай тілде (жетік сөйлеу) ?

 

14-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

         1. Үйден сабаққа/жұмысқа сағат нешеде шығасыз?

         2. Сабаққа/жұмысқа дейін қанша уақыт жол жүресіз?

         3. Оқитын жеріңіз/жұмысыңыз үйден алыс па, жақын ба?

         4. Қандай жұмыс түрлеріне көп уақыт бөлесіз?

         5. Бірінші қандай істі орындайсыз?

         6. Сабақ кезінде/жұмыста, үйде телефон соғуға қанша уақыт кетеді?

         7. Дүкенге жиі барасыз ба ? Дүкен аралауға қанша уақыт кетеді?

 

15-тапсырма. Сіздің достарыңыз қайда оқиды немесе жұмыс істейтінін және ол мекемелер қайда орналасқанын айтып шығыңыз.

 

16-тапсырма. Өзіңіз және досыңыз туралы  салыстырып айтып беріңіз.

 

17-тапсырма. Жаңадан келген әріптесіңізден сұраңыз:

         Сіздің мамандығыңыз қандай?

         Сіздің отбасыңыз бар ма?

         Жұбайыңыздың мамандығы қандай?

 

18-тапсырма. Өзіңіз, әңгімелесушіңіз, өз достарыңыз туралы сұлба бойынша қысқаша ақпарат беріңіз:

         Аты-жөні – мамандығы – жұмыс орны – мекеменің орналасқан жері.

 

19-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Қай мамандық иесінің сөзі екенін табыңыз. Қайсысының сөз сөйлеу мәнері дұрыс деп ойлайсыз? Неліктен?

 

раньше:

– Двигайтесь, двигайтесь скорее, чего проход загородили? Быстрее оплачивайте за проезд; Кто еще не оплатил?

теперь:

– Пожалуйста, пропустите пожилого человека; Оплата при выходе; Садитесь, есть свободные места.

 

            Этикет күнделікті қарым-қатынас нормаларын білдіреді. Этикеттің негізгі мақсаты – қоғамда әрбір қарым-қатынасқа түсуші адамның ұстанымын көрсетіп, екі жақты да қанағаттандыратын қарым-қатынас үлгісі, мінез-құлық сипатын көрсету. Оларды былайша жіктеуге болады:

– кәсіпкерлердің этикеті;

– ұлттық этикет;

– кәсіптік этикет (әскери, дипломатиялық, дәрігерлек т.б.);

– отбасылық этика – ата-аналардың, жұбайлардың балалардың, көршілердің өзара түсінісуі және т.б.

 

20-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, сөйлеу этикеті дегенді қалай түсінетініңіз жөнінде ойыңызды ортаға салыңыз және жұп болып, сұхбат құраңыз.

  

21-тапсырма. Сөз тіркестерін аяқтаңыз:

         Мен хатшы..., сен саясаткер..., мен өзім сөйлесе..., сіздер өздеріңіз оқыңыз..., өз... түсініңіз, ...та жұмыс істеймін, мен... ат... .

 

22-тапсырма. Үлгіге сүйене отырып, бір мамандықты жұмбақтап айтыңыз.

         Бұл мамандықтың жалақысы аз. Ол адамдармен жұмыс істейді. Оның жұмысқа үйде дайындалуына  тура келеді.

 

23-тапсырма.  Өз мамандығыңыз туралы әңгіме құрыңыз. Сұлбаны пайдаланыңыз.

          Мен...................................... жылы......................................... бітірдім.

         Сонан соң ..............................................................................................

         Бірақ........................................................................................................

         Сондықтан .......................................................................... тура келді.

         Сонымен қатар ......................................................................................

         Бақытыма қарай ....................................................................................

         Өкінішке орай .......................................................................................

         Қазір .......................................................................................................

         Ұжымымыз ............................................................................................

         Еңбек өтілім ...........................................................................................

 

24-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз: после собрания, до работы, до остановки, до дома, после перерыва, после отдыха.

 

25-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыз және аударыңыз:

         Туристер Көкшетаудан Алматыға келеді. Туристер Алматыдан Көкшетауға барады. Бала мектептен үйге оқулықтарын әкеледі. Бала мектепке үйден оқулықтарын апарады. Хатшы құжаттарды министрліктен фирмаға әкеледі/апарады.

 

26-тапсырма. Сөз тіркестеріне барыс және шығыс септіктерінің жалғауларын қойыңыз. Олармен мақұлдау, жоққа шығару мақсатындағы және сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.

         Сағат тоғыз... дейін, сағат он... кейін, он жарым... дейін, он екі... дейін, түскі бір... кейін,  жеті... дейін, түнгі он екі... кейін.

 

27-тапсырма. Сұрақтарға мүмкіндігіңізше жағдайға байланысты жауаптар беріңіз.

         Сіз жексенбіге дейін не істейсіз? Сіз жексенбіде не істейсіз? Сіз жексенбіден кейін не істейсіз?

 

28-тапсырма. Мәтін құрастырыңыз. Жарайды, уақытыңыз болса, кешіріңіз, ғафу етіңіз сөздерін пайдалана отырып, оқытушыңызбен белгілі уақыт шамасында белгіленген мерзімнен бұрын немесе кейін кездесу туралы келісіңіз.

 

29-тапсырма. Бір-біріңізге сұрақ қойыңыз:

         – кездесетін уақыт және орын;

         – телефон соғу уақыты;

         – келушілерді қабылдау уақыты;

         – жұмыс уақытың басталуы;

         – түскі ас уақыты;

         – түскі астың аяқталу уақыты;

         – досыңыздың сізге келетін уақыты.

 

           Тақырыптық сөздік                              

әріптес-коллега

іскер-деловой                                 

қызметкер-служащий                   

         ұқыпты-аккуратный

         үйлестіруші-координатор

         заңгер-юрист

Резюме  (Түйіндеме)

 

30-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         – отдел координации и контроля, отдел эксплуатации, отдел регистрации, организационный отдел, общий отдел;

         – заместитель начальника отдела координации и контроля, заместитель начальника отдела эксплуатации, заместитель начальника отдела регистрации, заместитель начальника организационного отдела, заместитель начальника общего отдела;

          – начальник отдела координации и контроля, начальник отдела эксплуатации, начальник отдела регистрации, начальник организационного отдела, начальник общего отдела.

 

31-тапсырма. Мәтінді I жақта баяндаңыз.

         Сіздің аты-жөніңіз – Әлия Ғабдоллақызы. Сіз экономиссіз. Сіз Қаржы министрлігінде жұмыс істейсіз. Сіз қазақша да, орысша да еркін сөйлей аласыз. Сіз білімді, ұқыпты, тиянақты қызметкерсіз.

         Сіздің әріптесіңіз – Бақыт. Бақыт та экономист. Ол – тәжірибелі маман. Бақыттың ағасы – белгілі саясаткер.

 

32-тапсырма. Сіз Әлия Ғабдоллақызымен  таныстыңыз. Үйдегілерге қызықты кездесуіңіз туралы әңгімеледіңіз. Сіз не туралы айттыңыз?

 

33-тапсырма. Оқыңыз және өзіңізді тексеріңіз. Барлық сөздер сізге түсінікті ме? Өзіңіздің досыңызға, дос қызыңызға немесе жігітіңізге, оқытушыңызға берілген сын есімдердің неғұрлым тиістілерін алып, мінездеме беріңіз.

Білімді, белгілі, білікті, тәжірибелі, талантты, тыңғылықты, ұқыпты, тиянақты.

 

34-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         талантливый актер, известный политик, аккуратный коллега, опытный специалист, знающий экономист, культурный человек, воспитанный студент, неопытный служащий.

 

35-тапсырма. Түйіндемеде көрсетілетін үміткердің мәліметтерін реті бойынша көрсетіңіз:

         отбасы жағдайы, қызығушылығы, мақсаты, туған күні, азаматтығы, айы, туған жері, тілдік дағдылары, жынысы, ұлты, білімі, компьютерлік сауаттылығы, бітірген оқу орындары, кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі, мекенжайы, телефоны, аты-жөні, жеке қасиеттері.

   

36-тапсырма. Сұхбатпен танысыңыз.

– Арман, маған көмектесіп жіберші.

– Қандай көмек керек, Әсел?

– «Мұнайгаз» компаниясында конкурстық негізде қабылдайтын хатшы-референттің бос қызмет орны бар екен. Мен сол конкурсқа қатысайын деп едім. Соған түйіндеме дайындау керек.

– О-о, бұл өте жақсы ғой. Түйіндемеде өзің туралы мәліметтерді толық, бірақ нақты етіп беруге тырыс.

– Міне, көрші, өзім туралы жалпы ақпараттарды толық берген сияқтымын. Тағы не қосуға болады?

– Сен өзіңнің жеке қасиеттеріңді көрсетпепсің. Бұл өте маңызды.

– Сен қалай ойлайсың? Қандай жеке қасиеттерімді жазуға болады?

– Сенің бойыңда жақсы қасиеттер өте көп қой! Мысалы, жауапкершілік, ұқыптылық, ұжыммен жұмыс істей білу, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілетің де бар. Меніңше, өте жақсы қасиеттеріңнің бәрін де жазу керек.

– Көмегіңе рахмет, Арман.

– Оқасы жоқ.

 

37-тапсырма. Сұхбат бойынша сұрақтардың жауабын кестеге толтырыңыз.

1. Қандай компания бос қызмет

   орнына конкурс жариялаған?                       :::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

2. Қандай бос қызмет орнына

   конкурс жариялаған?                                     :::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

3. Әсел өз түйіндемесінде қандай

   мәліметті көрсетпеген?                                  ::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

4. Арман Әселдің қандай жақсы

   қасиетін атап өтті?                                            :::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::

 

38-тапсырма. Түйіндемедегі үміткердің мәліметтерін есіңізге түсіре отырып, жұп бойынша сұхбат құрастырыңыз.

 

39-тапсырма. Келтірілген сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша аудармасын беріңіздер:

         моя основная специальность – экономика, заместитель начальника отдела министерства финансов, очередной трудовой отпуск, можете ли вы свободно говорить на казахском языке, использовать отпуск, дать правильный ответ, им необходимо написать, нужно подписать их документы, нужно уйти во внеочередной отпуск, можно ли познакомится с этим человеком, там нет работы, заявление на имя директора Департамента, дать разрешение, подписать заявление,  наложить резолюцию, не надо регистрировать заявление, собрание не началось вовремя, познакомтесь с документами, вас пригласил заместитель начальника отдела, о чем заявление? по какому вопросу? на основании заявления, мне не надо посылать официальное письмо, им надо связаться с предприятием, нам надо запланировать это мероприятие.

 

40-тапсырма. Қазақшаға аударыңыз:

на столе, возле министерства, перед зданием, у входа, возле компьютера, на окне, справа от здания, слева от входа.

 

41-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қазақшаға аударыңыз.

         1. В понедельник я заполняю документы и сдаю в отдел регистрации. В среду мои документы рассмотрят и дадут ответ.

2. Во вторник утром я буду на приеме у заместителя начальника департамента финансов. Буду говорить с ним о финансировании нашего проекта создания малого предприятия.

         3. В четверг и пятницу после работы пойду в «Бизнес клуб».

 

42-тапсырма. Сіз не істей аласыз? Төмендегі етістіктерге -а ал; -е ал; -й ал тұлғасын жалғап, болымды және болымсыз түрінде (в положительной и отрицательной форме) жауап қайтарыңыз:

         ән айт-, қазақша еркін сөйле-, ағылшын тілінде оқ-, компьютерде жұмыс істе-, бұл жұмысты атқар-, адамдарды қабылда-, немісше сөйле-, домбыра тарт-, ағылшын тілінде өтініш жаз-, құжаттарды әкімшілікке апар-.

 

43-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді болымсыз сөйлемдерге ауыстырыңыз.

         Үлгі: Менің қайтқым келеді. – Менің қайтқым келмейді.

         Менің шетелге барғым келеді. Оның жұмысқа телефон шалғысы келеді. Біздің мәжіліске қатысқымыз келеді. Біздің жаңа хабар білгіміз келеді. Сенің бұл мәселе туралы айтқың келеді.

 

44-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз және әрбір сөйлемге жағдаят (ситуация) ойластырып, сұхбат (диалог) құрастырыңыз.

         Мне хочется с тобой поговорить. Вы не хотите участвовать в конкурсе? Нам не хочется обсуждать эту кандидатуру. Мой коллега не хочет переходить на другую работу по семейным обстоятельствам.

 

45-тапсырма. Нақ осы шақ формаларын пайдаланып, ......... туралы айтып беріңіз:

         1. о том, что вы обычно делаете в течение рабочего дня;

         2. о том, что в настоящий момент делает ваш коллега по офису;

         3. о том, что вы делаете сами в настоящий момент.

 

46-тапсырма. Жұпқа бөлініп, «Кім көп жалақы алғысы келмейді дейсің?» тақырыбы бойынша бір-біріңізге сұрақ қойыңыздар.

 

47-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, әңгімені жаңғыртыңыз:

         1) Знакомый говорить, что ему не нравится его профессия.

          2) Подруга говорить, что она хочет жить хорошо.

         3) Знакомый сообщил, что женился. Одним холостяком стало меньше.

 

48-тапсырма. Берілген сөздер  мен сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

         Отдел общественных связей и развития, заместитель начальника отдела, прием по личныи вопросам, указанные выше, заполнить по образцу данному выше, разговор по телефону, обеденный перерыв, мне необходимо участвовать, после перерыва, до перерыва, около компьютера, удачный день.

 

49-тапсырма. Сөздерді, сөз тіркесін оқыңыз. Сөздіксіз аударыңыз.

         Жеке іс парағы, туған жылы, туған айы мен күні, ұлты, азаматтығы, әлеуметтік жағдайы, мамандығы, жоғары оқу орны, жоғары білімді, ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбегі, шетел тілдері, лауазымы, мекеме, еңбек қызметі, сайланбалы орган, әскери қызметке міндетті емес, қосымша мәліметтер.

 

50-тапсырма. Сұрақтарға жауап қайтарыңыз.

         Сіз қайда оқисыз? Біліміңіз қандай? Ғылыми дәрежеңіз бар ма? Ғылыми еңбектеріңіз бар ма? Шетел тілдерін қандай дәрежеде білесіз?

 

51-тапсырма. Досыңыз бір іс-әрекетті жасауда. Сіз де сондай іс-әрекетті жасағыңыз келеді. Дағдыланыңыз!

         Үлгі: Әлия бассайнге барды. – Мен де бассейнге барайын деп едім.

         Қуаныш компьютерді біледі. –

         Қарашаш теннис ойнайды. –

         Асхат Абайды жатқа біледі. –

         Күләш домбырада ойнайды. –

         Сәуле неміс тіліне еркін аударады. –

         Қанат іс қағаздарын қазақша қатесіз толтырады. –

         Томирис шетелде жұмыс істейді. –

         Раушан кандидаттық диссертация қорғады. –

 

52-тапсырма. Іс-әрекетті жасағыңыз келмейді. Қалай айтар едіңіз? Сіз бұны білесіз! Ойланып көріңіз!

 

53-тапсырма. Жауап беруге тырысыңыз. Өмірбаян-резюме үшін қандай мәліметтер керек?

 

Конкурс

 

54-тапсырма. Оқыңыз, аударыңыз, жазыңыз:

         отбасы туралы мәлімет, жоғары және орта арнаулы білімі туралы мәлімет, кәсіби біліктілігі туралы мәлімет, ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, қосымша істері туралы мәлімет.

 

55-тапсырма. Бос қызмет орнына жарияланған конкурсқа үш адамның атынан резюме дайындаңыз. Үміткерлердің қайсысы сәйкес келеді? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.

 

56-тапсырма. Конкурс бойынша хабарландыруларды оқыңыз. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымшалардың тиістісін қойыңыз және олардың түрін ажыратыңыз. Сіз осы хабарландырулар бойынша қай жұмысқа барар едіңіз? Неліктен?

 

Хабарландыру

 

Excel бағдарламасы/нде/нда жұмыс істей ал/атын/йтын, ағылшын еркін сөйле/атын/йтін тәжірибелі байланыс маман/ін/ын жұмыс/ке/қа шақырамыз. Мына телефон бойынша хабарласу/ге/ға болады: 3-58-00-05.

 

Хабарландыру

 

Жоғары техника/лік/лық білім/ы/і бар, байланыс технологиясы/н/ны жақсы игер/ған/ген, ағылшын және швед тілдері/нда/нде жақсы сөйле/йтын/йтін адамды аударма/ші/шы қызметі/на/не шақырамыз.

 

Хабарландыру

 

Жеке меншін көліг/ы/і бар, ағылшынша түсін/а/е ал/етін/атын, қазақ және орыс тілдері/нда/нде еркін сөйле/йтын/йтін, қаланы жақсы білетін жүргізуші/ны/ні шақыра/міз/мыз.

 

Хабарландыру

 

Ұйымдастыру жұмыстары/бен/мен айналыс/кен/қан, жоғары экономика/лік/лық білім/ы/і бар, адамдар/пен/мен тіл табыса ал/етін/атын, жасы 45-қа/ке дейінгі ер адам/ді/ды жұмыс/ке/қа ала/міз/мыз.

 

Хабарландыру

 

Банк саласы/нде/нда кемінде 5 жыл жұмыс істе/ған/ген, келісімшарт жасай ал/етін/атын, жоғары экономика/дық/лық білім/ы/і бар, қазақ және орыс тілдері/ді/н жақсы игерген маманды жұмысқа шақырамыз.

 

57-тапсырма. Хабарландырулар бойынша жұмыстар жөнінде құрбыңызбен ақылдасыңыз. Оның кеңесіне құлақ аспай, өз мүмкіндігіңіздің жоғары екенін дәлелдеңіз.

 

58-тапсырма. Құрбыңызға хабарландырулар бойынша талапкерлерге қойылатын кейбір талаптардың бұрыстығын айтып, теріске шығарыңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.

 

59-тапсырма. Конкурсқа байланысты хабарландыруды оқыңыз. Мәтіннің әрбір сөйлеміне сұрақ қойып, жауап беріңіз.

         «Ұлағат» ЖШС үйлестіруші қызметінің бос орнына конкурс жариялайды. Конкурсқа жасы 30-дан 40-қа дейінгі жоғары білімі бар, қазақ, ағылшын, түрік тілдерін жетік білетін, компьютерде жұмыс істей алатын мамандар қатыса алады. Конкурс мерзімі – 1 ай. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар керек: жеке іс парағы, 4 фотосурет, жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі, өмірбаян, түйіндеме, төлқұжат.

         Мына мекенжайға хабарласыңыздар:

         Атырау қаласы, М. Әуезов көшесі, 48-үй, 67-кеңсе. Телефон: 3-97-27-49.

 

60-тапсырма. Мәтінді оқып, жоғарыдағы үлгі бойынша хабарландыру жазыңыз.

         «Өзенмұнайгаз» ААҚ жоғары немесе орта техникалық білімі, мұнай-газ саласында тәжірибесі бар, қазақ және ағылшын тілдерін жетік білетін, компьютерді жетік меңгарген, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімі бар, 25-45 жас аралығындағы өндіріс жөніндегі менеджерді жұмысқа шақырады.

         Біздің мекенжайымыз: Батыс Қазақстан облысы,

                                           Жаңаөзен қаласы,

                                           Қ. Сәтбаев көшесі, 3-үй.

                                           Телефон: 8(32934) 62121

61-тапсырма. Мәтін мағынасына қарай мына сөздердің тиістісін қойыңыздар: еңбек, іс, жасы, мына, мерзімі, жоғары, қажетті, сөйлей алатын, қарым-қатынас, меңгерген, бос.

 

         «Қамқор» ЖШС экономист қызметінің ................ орнына конкурс жариялайды. Конкурсқа .............. 30-45-ке дейінгі , экономикалық ............... білімі бар, компьютер бағдарламаларын жетік .............. , ағылшын және қазақ тілдерінде еркін ................. , мамандығы бойынша .............. өтілі 5 жылдан кем емес, адамдармен ..................... орнатуға бейімі бар мамандар қатыса алады. Конкурс .................. – 3 апта. Конкурсқа ............. құжаттар: төлқұжат, жеке ................ парағы, 6 фотосурет, өмірбаян. ................ мекенжайға хабарласыңыздар: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114.

 

62-тапсырма. Сөздерді, сөз тіркестерін оқыңыз, жазыңыз. Орысша баламасын табыңыз:

қазіргі нарық заманы, жұмысқа тұру, жұмыстан шығу, жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, өмірбаян, қысқа, тұжырымды, жан-жақты, мәлімет, азаматтық хал-жағдайы, кәсіби азаматтық, Қазақстан Республикасының азаматы, мамандық, ғылыми атағы мен дәрежесі, қосымша мәліметтер.

 

63-тапсырма. Сіз бірлескен кәсіпорынның директорысыз. Кәсіпорынға бас бухгалтер, заңгер, жүргізуші, адвокат, программист (бағдарламашы) керек. Әрқайсысына қандай талап қою керек? Сөздікті пайдаланып, конкурстық хабарландыру жазыңыз.

 

64-тапсырма. Қызмет, лауазым аттарын білесіз бе? Есте сақтаңыз!

1. Бас маман, жетекші маман.

2. Ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер.

3. Аудармашы-хатшы, аудармашы.

4. Заңгер, заңгер-есепші.

5. Референт-көмекші.

65-тапсырма. Кім нені білу керек? Кестенің оң және сол жағын сәйкестендіріңіз.

1. аудармашы                   

- қаржы жөнінде жоспарлау, аудит

2. хатшы                             

-  іс қағаздарын жүргізу

3. заңгер                            

-  машина жүргізу

4. жүргізуші                      

- ағылшын тілін жетік білу

5. бухгалтер                      

- қазіргі қолданылып жүрген Заңдарды білу

 

66-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         1) Он не подходит на должность юриста, у него нет специального высшего образования.

         2) Вы отвечаете требованиям, предъявляемым к секратарю-переводчику: в совершенстве владеете английским языком, знаете делопроизводство, умеете вести переговоры и заключать контракты.

         3) К сожалению, мы не сможем вас принять на работу: у вас нет опыта работы по специальности.

         4) Нам нужен опытный юрист. Он должен хорошо знать текущее законодательство Республики Казахстан и нормативные акты.

         5) Совместному предприятию требуется бухгалтер. Требования: возраст 35-45 лет, опыт работы по специальности свыше 10 лет, образование высшее.

 

67-тапсырма. Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз:

          цель, работать, стремиться, исполнять, условия, изменения, причина, назвать, интерес, секрет, регулировать, указать, два экземпляра, хранить, между, информировать, информация, срок, о договоре, объем, качество, документы, специалист, продлить.

 

68-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         общество и народ, права и обязанности работодателя, условия или требования контракта, время подписания и срок исполнения.

 

          69-тапсырма. Бойынша, байланысты, сәйкес, туралы, жүзеге асыру. Осы көмекші сөздерді пайдаланып, төмендегі сөз және сөз тіркестерімен сәйкестендіріңіз:

         Бірінші мәселе, Президент жарлығына, Президент жарлығы, іс-шараларға сәйкес, күн тәртібіндегі, баяндама, дәлелді себептерге, дәлелсіз себептерге, қолданылып жүрген заңдарға, денсаулығына, бюджет саясаты, қаржы, Үкімет қаулысын, міндеттер, міндеттерін, саяси жағдай, мәдени шараларға, іссапарда болуына, нормативтік актілерге,  жиналыстың қаулысын, мемлекеттік бағдарлама, саяси жағдайға, шаралар.

 

70-тапсырма. Дұрыс аудармасын табыңыз:

1) хаттама                                                          

- список

2) ұжым                                                             

- предусмотренный

3) мәселе                                                           

- расширенный

4) баяндама                                                        

- совместный

5) хабарлама                                                     

- протокол

6) бірлескен                                                      

- влияющий

7) кеңейтілген                                                   

- задать вопрос

8) сөз сөйлеу                                                     

- поддержать

9) қорытынды                                                   

- оформить

10) ресімдеу                                                      

- работодатель

11) тізім                                                             

- интерес

12) сұрақ беру                                                   

- вопрос, проблема

13) көзделген                                                     

- регулировать

14) құпиялылықты сақтау                                

- не ущемляя интересы

15) бұдан әрі қарай                                           

- доклад

16) реттеу                                                          

- сообщение

17) мүдде                                                            

- коллектив

18) әсер ететін                                                   

- заключение

19) мүддесіне нұқсан келтірмей                      

- выступать

20) жұмыс беруші                                              

- сохранять секретность

21) мақұлдау

- далее

                                                                        

71-тапсырма. «Егер депутат болсам...» деген тақырыпқа әріптесіңізбен сұхбат құрыңыз.

 

72-тапсырма. Сіз кадр бөлімін басқарасыз. Әртүрлі мамандық бойынша келген бірнеше адамды жұмысқа қабылдаған жоқсыз. Уәждемеңізді айтыңыз.

 

73-тапсырма. Бірнеше жұпқа бөлініп, төмендегі сұрақтарды аударып, сұхбат құрыңыз.

         Каких качеств вам не хватает в других людях?

         Каких качеств не хватает вам?

 

74-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         приведенный выше, характер, сведения об образовании, сведения о месте жительства, сведения о профессии, сведения об опыте работы, дополнительные сведения, ваше любимое дело, всесторонний, точный, руководитель организации, в условиях современного рыночного общества, устроиться на работу.

 

75-тапсырма. Оқыңыз, жазыңыз:

         Жоспарланатын жұмыс, атқарылатын жұмыс, орындалатын міндеттеме, берілетін тапсырма, жүзеге асырылатын шаруа, талқыланатын жоспар, тыңдалатын хабарлама.

 

76-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         планируемая работа, реализуемый план, выполненное задание, выполнимое поручение.

 

77-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

         Іскер адам үшін не істеу керек? Апталық жоспарға қандай жұмыстар ену керек? Жоспарланған жұмыс орындалмаса, не істеу керек? Апталық жоспар адамға не үшін қажет? Сіз бір аптаға /бір айға/ бір жылға жоспар жасайсыз ба? Сіз келесі күнді сағат бойынша жоспарлайсыз ба? Сіз жұмыс күнінің аяғында өзіңізге есеп бересіз бе? Сіз қалай ойлайсыз, апталық жоспарда қандай жұмыстарды көрсету қажет?

 

Тақырыптық сөздік

қызмет-должность                                                              

хатшы-секретарь                                      

үйлестіруші-координатор                        

телефон соғу- звонит по телефону        

тіркеу-регистрация                                  

сауатты-грамотный

сала-область; сфера; отрасль

себеп-причина                                          

сынақ мерзімі-испытательный срок      

түсу-поступать                                         

тәртіп-дисциплина                                   

орналасу-расположиться

           

Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіз. Сіз іскер адамсыз ба?

 

1. Сіз өте қажетті іспен айналысып отырсыз. Ол істі 3 ай бұрын бастадыңыз. Бірақ аяқталуға уақыт болмады. Міне, енді іске кірістіңіз. Кенет қадірлі бір адам телефон соқты. Ол сізді кездесуге шақырды. Сіз:

А) «Кейін кездесейік» дейсіз. Жұмысты әрі қарай жалғастырасыз.

Ә) «Жақсы» деп кездесуге барасыз.

Б) «Уақытым жоқ» деп істі әрі қарай жалғастырасыз.

2. Сіздің алдыңызда таңдау тұр: достарыңызбен уақытты қызықты өткізу немесе қағаздармен жұмыс істеу. Хатшы мен бухгалтер сізден соңғы жұмысты орындауды өтінген еді.

А) Сіз қағаздарды қолыңызға аласыз.

Ә) Сіз достарыңызбен бірге болуды таңдайсыз.

Б) Сіз қағаздарды реттеуге уәде беріп, кездесуге жүгіресіз.

3. Сізден бір істі орындауды өтінді. Басқалар үшін сіз оны істеген емессіз.

А) Сіз сұраушының иығынан қағып, өтінішті орындауға кірісесіз.

Ә) Уақытыңыздың жоғын айтып, шығып кетесіз.

Б) Өтінішті толық орындамайсыз.

4. Іскер адамдар киімге көп мән бермейді.

А) Фирмалық киімдерді киюге тырысасыз.

Ә) Әдемі киінгенді ұнатасыз.

Б) Іс үшін жақсы киіну қажет.

5. Достар сізге не үшін қажет?

А) Достарым керемет. Олар бизнесті жасауға көмектеседі.

Ә) Достарым маған қиналғанда көмектеседі.

Б) Достарым үшін бәріне әзірмін. Олармен кеңесемін, көмектесемін.

6. Өзіңіздің сүйікті адамыңызды ұмытпайсыз. Жұмыста кешіксеңіз, міндетті түрде хабарлайсыз ба?

А) Менің уақытым жоқ.

Ә) Қолым тигенде телефон соғамын.

Б) Әрине, телефон соғамын.

7. Жеке өміріңізге қандай орын бересіз?

А) Отбасы – менің өмірім. Жұмыс материалдық жағдай жасау үшін қажет;

Ә) Отбасымның болғаны дұрыс. Арасында отбасында болып, жақын адамыңмен сөйлескен жақсы;

Б) Отбасына әйелдер қарасын. Менің міндетім – ақша табу.

8. Сіз демала аласыз ба?

А) Демаламын. Жиі емес. Маңызды мәселе болса, мен соны ғана ойлаймын;

Ә) Демалғанда еш нәрсені ойламауға тырысамын.

Б) Қашан демалғанымды білмеймін.

                          А                                      Ә                                    Б

1                        5                                        3                                    10

2                        10                                      5                                     3

3                        10                                      3                                     5

4                        3                                        5                                     10

5                        10                                      5                                     3

6                        10                                      5                                     3

7                         3                                       5                                     10

8                         5                                       3                                     10

    

         Қорытынды: 60 балдан жоғары. Сіз бар өміріңізді жұмысқа арнайсыз. Ол сіздің өміріңіздің мәні десе де болады. Тоқтайтын уақыт жетті деп ойламайсыз ба? Сіздің жалғыз қалуыңыз мүмкін. Жақын адамдарыңыз туралы да ойлау қажет.

         35-60 балл. Сіз өз мақсаттарыңызды көп өзгертпейсіз. Бірақ соған қарамастан өмірден де алыстап кеткен жоқсыз. Сіз жақын адамдарыңызды ұмытпайсыз. Олар сізді жақсы көреді.

         35 балға дейін. Сіз өмірге өте жеңіл қарайсыз. Бәрін кездейсоқтыққа, өмірдің өзне сала беруге болмайды. Сіз жақсы адамсыз. Бірақ жұмыс туралы да ұмытпау керек. Сәл байсалды, байыпты болыңыз.

 

Өтініш

 

78-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыз. Сұраулы сөйлемдерді болымды және болымсыз етістіктер арқылы хабарлы сөйлемге өзгертіңіз.

         Сіз өтініш жаздыңыз ба? Сіз өтініш әкелдіңіз бе? Мына өтінішті тіркедіңіз бе? Өтінішке жауап жаздыңыз ба? Зейнеткердің өтініші бойынша тапсырма бердіңіз бе?

 

79-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

   зейнеткер, зейнетақы, зейнетақы алу, зейнетақы төлеу, зейнетақы қоры.

 

80-тапсырма. Оқыңыз, аударыңыз, жазыңыз:

   арыз, арыз жазу, арыз беру, тұрғын үй басқармасы, төрағаның атына, тұратын, азамат, берілмеуі туралы, жылудың берілмеуі туралы.

 

81-тапсырма. Оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтарды жазыңыз және жауап беріңіз.

         Сіз арыз немесе өтініш жаздыңыз ба? Арызды немесе өтінішті кімнің атына жаздыңыз? Арызды немесе өтінішті не туралы жаздыңыз? Арызды немесе өтінішті кім қабылдады?

 

82-тапсырма. Мәтінді аударып, арыз жазыңыз:

          а) с жалобой на плохую работу транспорта обратился гражданин Рахметулы Серик, проживающий в г. Астане, по улице С. Сейфуллина, дом 47, квартира 63, телефон 39-34-62;

         б) с жалобой на отсутствие газа в течение недели в микрорайоне Аксай обратилась гражданка Ергаликызы Эльмира, проживающая в микрорайоне «Аксай-2», дом 26, квартира 18, телефон 22-57-60.

 

83-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         Сегодня вы принимали посетителей. Они жаловались на плохую работу городского транспорта, на невыплату зарплаты, пенсии, на отсутствие газа. Все жалобы регистрировались и рассматривались. По всем жалобам даны ответы.

 

84-тапсырма. Эссе:

         Өзіңізге таныс бір мақалды есіңізге түсіріңіз. Оған жағдаят ойлап, эссе жазыңыз.

 

84-тапсырма. Аударыңыз және әңгімені өрбітіңіз:

         а) знакомый говорит, что у них неделю не дают газ. Посоветуйте подать жалобу в акимат;

         б) коллега говорит, что им три месяца не выплачивают зарплату. Посоветуйте обратиться в админстрацию;

         в) знакомый жалуется, что не выплатили пенсию за два месяца. Посоветуйте подать жалобу в Министерство социального обеспечения.

 

85-тапсырма. Берілген сөздер  мен сөз тіркестерінің қазақша баламасын табыңыз:

         свободно говорит по-казахски, опытный специалист, начальник общего отдела, известный политик и ученый, прием граждан, квалифицированный врач, аккуратный служащий, исполнительный коллега, безработный человек, талантливый и знающий сотрудник, культурный человек, воспитанный студент, необразованный человек, грубый начальник, бесполезная работа, не могу перевести, может сказать, молодой специалист, отчитайся о работе, выполнить поручение, необходима помощь, нужен опытный специалист, дайте отчет в письменном виде, заявления и жалобы граждан, это заявление, зарегистрировать заявление, удовлетворить жалобу, незаконно уволить.

 

86-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         Ему не надо писать письмо, мне необходимо прочитать книгу, вам не надо говорить это, мне надо приготовить документ, ему надо заполнить бланк, ей нужно принять этого человека, ей надо выполнить задание, ему необходимо дать разрешение, мне необходимо подписать документ, ей нужно познакомиться с ним, ему разрешено использовать отдых, им необходимо уйти в очередной отпуск, нам не надо идти на заседание.

 

87-тапсырма. Сөз тіркестерін аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыз:

         өтініш жазуым керек, тапсырманы орындауыңыз керек, құжат дайындауымыз керек, кезекті еңбек демалысына шығуы керек.

 

88-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз:

         по графику, не надо регистрировать, очередной трудовой отпуск, внеочередной отпуск, написать заявление, на имя заместителя департамента, подготовить документы, подписать заявление, подать заявление, не надо говорить.

 

89-тапсырма. Тіркестерді есте сақтаңыз. Олардың әрқайсысына жағдаят ойлаңыз және диалог құрастырыңыз:

   кесте бойынша, қол қою, рұқсат беру, құжат дайындау, тапсырманы орындау, өтініш беру.

 

90-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз және сөйлемдер құрастырыңыз.

         Прочитал книгу, написал жалобу, пришел в акимат, зарегистрировал заявление, не получил зарплату, начальник не принял, отправил факс, звонил в министерство.

 

91-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыз. Берілген сөйлемдермен жағдаят ойлаңыз. Оларға сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін қосыңыз және мәтініңізді жазыңыз.

         Сендер телефон шалмадыңдар. Бөлім бастығы бізді қабылдамады, өтінішімізді қарамады. Министрдің орынбасары да қол қоймады. Жиналыс уақытында басталмады. Біз берілген тапсырманы орындамадық.

 

92-тапсырма. Жалғаулардың жалғану тәртібін еске түсіріңіз және осы сөздерден тәуелдік жалғауының септелген түрін жасаңыз:

         жұмысыңыз, қызметім, өтінішің, уақытым, өтініші, сағатыңыз, тәртібі, реті, жоспарың, достарым, министрлеріміз, бастығы, хатшыңыз, бағдарламашың, құжатың.

 

93-тапсырма. Жақша ішіндегі етістіктерді дұрыс грамматикалық формаға қойыңыз.

         Шағын кәсіпорынды заң жүзінде (тіркеу) керек.

         Сіздің шағын кәсіпорынның жарғысын (бекіту) керек.

         Аманжол мен Қанат сүт өнімдерін шығару үшін шикізатпен жабдықтайтын серіктестермен (байланыс жасау) керек.

         Сенің жабдықтардың жеткізілуі жөнінде ресми хат (жіберу) керек.

         Біздің келесі аптада осы тапсырмалар бойынша бастыққа (есеп беру) керек.

         Біздің жұмыс жоспарын (жасау) керек.

 

94-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

          работать в учреждении, служить в войсках, работа на предприятии, служба в государственных учреждениях, рабочий, служащий, выполнить работу.

 

95-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді көпше түрге айналдырыңыз.

         Мен кеше өтініш бердім.                         ....................................................

         Мен кеше құжат дайындадым.                ....................................................

         Мен кеше демалысқа шықтым.               ....................................................

 

96-тапсырма. Сәйкестендіріңіз:

1) кезекті демалысқа шығу                      

- Прошу Вас...

2) кезектен тыс демалыс беру

- с ... числа

3) рұқсат ету                                              

- выйти в очередной отпуск

4) рұқсат етуіңізді сұраймын                      

- разрешить, дать разрешение

5) Сізден ... сұраймын                                

- прошу разрешить, прошу дать разрешение

6) ...ден бастап                                         

- дать внеочередной отпуск  

                                                                                   

         97-тапсырма. Мекеме басшысынан сізге кезекті еңбек демалысын беруді сұраңыз; кіруге рұқсат сұраңыз; шығуға рұқсат сұраңыз; жазылған арызға жауап жазуды сұраңыз. Сізге сұлба көмектесуі мүмкін:

         Демалысты пайдалануға

         Жауап жазуға

         Өтініш беруге

         Құжаттарды пайдалануға   /   рұқсат етуіңізді сұраймын.

 

         Айтуға

         Кіруге

         Шығуға

         Сұрауға                                /   рұқсат па?    

 

98-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударыңыз:

         начиная с этого года, начиная с середины месяца, начиная с прошлого года, начиная с сентября прошлого года, начиная с понедельника, начиная с пятницы, начиная с самого утра, начиная с 3 октября, начиная со следующего года, начиная со следующей недели, начиная с завтрашнего дня, начиная с 15 января сего года, начиная с 30 мая прошлого года.

 

99-тапсырма. Оң жақ бағандағы сөз тіркестерін аударыңыз. Сол және оң бағандағы тіркестерді пайдалана отырып, 8 сөйлем құрастырыңыз.

осы жылдан бастап                      

/ до 31 декабря

желтоқсаннан бастап                   

/ до конца 1 квартала

осы жылдың екінші

/ до конца недели

желтоқсанынан бастап             

/ до понедельника

бүгіннен бастап                             

/ до восьми вечера

жұмадан бастап                            

/ до следующего месяца

кешкі сағат бестен бастап            

/ до конца 1 полугодия

осы айдан бастап                          

/ до завтра

бірінші тоқсаннан бастап             

/ до завтра

        

           100-тапсырма. Аударыңыз және өтініш жазыңыз:

         а) на имя вашего начальника о предоставлении вам очередного отпуска с 15 ноября 2010 года;

         б) на имя заместителя департамента образования о предоставлении вам внеочередного отпуска 18 февраля  2011 года;

         в) на имя начальника отдела регистрации о разрешении пользоваться документами с 1 марта по 1 декабря 2011 г.

 

101-тапсырма. Сіз мекеменің басшысысыз. Сіздің алдыңызда қарамағыңызда жұмыс істейтіндердің өтініші жатыр. Сізге ұйғарым (өкім) (резолюция) шығару керек. Келтірілген өкімнің нұсқаларын аударып, құжаттарды қалпына келтіріңіз.

         Қарсы емеспін. Қарсымын.

         Келісемін. Келіспеймін.

         Қайта қаралсын.

         Тексерілсін.

         Орынбасарға тапсырылсын.

 

102-тапсырма. Өзіңізді тексеріңіз!

         Жұпқа бөлініп, сіздің сөзіңізді ауызша қалай түсініп қабылдағанын тексеріңіз. Сізді дұрыс түсінді ме? Онда жауабын алуға тырысыңыз!

 

– Ғафу етіңіз, жексенбіде де жұмыс істейміз бе? –..................................

– Кешіріңіз, сіздің кезектен тыс демалыс алғыңыз

келе ме?                                                                             –......................................

– Айтыңызшы, менің өтінішіме жауап берілді ме?   –...............................

– Айтыңызшы, сіздің кезекті демалысқа шығуыңыз

керек пе?                                                                            –.....................................

– Ғафу етіңіз, құжаттарды дайындау қажет пе?  –...................................

– Айтыңызшы, сіз бөлім бастығымен

ақылдастыңыз ба?                                                             –.....................................

– Сіздің досыңыз арыз бере ме?                            –.................................

– Кәсіпорынды немен жабдықтау керек?             –..................................

– Әлия кеше кіммен сөйлесті?                               –.................................

– Өтініштер мен арыздар хатшыға түсті ме?        –................................

– Тәжірибелі әріптестер мен жас мамандар

жиналысқа қатынасты ма?                                               –...................................

– Осы мәселелер бойынша шешім қабылдадық па?  –................................

– Мына жарғы бекітілді ме?                                   –................................

– Жұмыс жоспары жасалды ма?                             –................................

 

103-тапсырма. Тұрақты клишелерді пайдаланып, мекеме басшысының атына өтініш жазыңыз:

         басқа жұмысқа ауысуыма

         денсаулығыма                                                      байланысты

         отбасы жағдайыма                             

         бала күтіміне

 

104-тапсырма. 1. Тиісті жалғауларды жазып, сөйлемдерді аударыңыз және неліктен өтініш жасағаныңызды түсіндіріңіз.

         Менің өтінішіме қол қою...

         Осы мәселе бойынша шара қолдану...

         Мені тұрғын үймен қамтамасыз ету...

         Жұмыста тәртіп сақтау...

         Маған бір сағаттан кейін телефон шалу...

         Маған кезекті демалыс беру...                                                      сұраймын

         Мені отбасы жағдайыма байланысты Астанаға жіберу...          (өтінемін)

         Маған ақысыз кезектен тыс демалыс беру...

         Мені басқа бөлімге ауыстыру...

         Мекеме компьютерін пайдалануға рұқсат беру...

         Мені өз еркіммен босату...

         Еңбек келісімін ұзарту...

         Өндірістен қол үзіп оқуға рұқсат беру...

 

105-тапсырма.  Сұхбатты толықтырыңыз.

         – Сәлеметсіз бе? Мен хабарландыру бойынша келдім.

– Жақсы, кіріңіз, отырыңыз.

–  ................................................

– Аты-жөніңіз кім?

– .................................................

– Сізді қандай қызмет қызықтырады?

–....................................................

– Сіздің мамандығыңыз бойынша жұмыс өтіліңіз (стаж) бар ма?

– ...................................................

– Құрылыс компаниясынан неліктен шығып кеттіңіз?

– .......................................................

– Түсінікті. Бұрынғы жұмыс орныңыздан ұсынысхатыңыз бар ма?

– ........................................................

– Ұсынысхатыңыз өте жақсы екен. Сондай-ақ сіз біздің үміткерлерге қоятын талаптарымызға толық сай келесіз. Сондықтан біз сізді компаниямызға экономист ретінде қабылдаймыз.

– ..........................................................

– Иә, қазір компания президентінің атына өтініш жазыңыз. Сосын құжаттарыңызды кадр бөліміне өткізіңіз. Ал ертеңнен бастап жұмысқа кірісуіңізге болады.

– .............................................................

– Сау болыңыз. Сізге сәттілік тілеймін.

 

106-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, өтініш мәтінін жазыңыз.

         1. Өтінемін, өз еркіммен, мені, босатуыңызды, қызметінен, бастап, үйлестіруші, 2004 жылдың 5 ақпанынан.

2. 12 наурызынан, осы жылдың, бастап, пайдалануға, сұраймын, рұқсат етуіңізді, кезекті еңбек демалысымды, маған.

3. Қабылдауыңызды, мені, осы жылғы, сұраймын, үйлестіруші, жетекші маман, 15 шілдеден, қызметіне, бастап, ретінде.

4. Сұраймын, 2004 жылғы, 1 мамырға дейін, менің, ұзартуыңызды, мерзімін, еңбек келісімінің.

 

107-тапсырма. Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыз.

         1) Материалдық көмек сұрау туралы.

         2) Отбасы жағдайына байланысты ақысыз демалыс сұрау туралы.

         3) Кезекті еңбек демалысын алу туралы.

         4) Қызметке (хатшы) орналасу туралы.

         5) Қазақтелекомға қызметке (қызмет түрін өзіңіз табыңыз) орналасу туралы.

         6) Құрылыс компаниясына (қызмет түрін мамандығыңызға қарай өзіңіз ойлаңыз) қызметке орналасу туралы.

         7) Қазгидрометке қызметке орналасу туралы т.б.

 

108-тапсырма. Сіз 4-курстың студентісіз. Әкімшілік аппаратында қосымша жұмыс істеп жүрсіз. Сізге болашақта пәтер керек. Аудандық пәтер бөлімінің бастығымен осы мәселе төңірегінде сұхбат құрыңыз.

 

109-тапсырма. Сіздің танысыңыз магистратураны бітіргеннен кейін бірден жалақысы көп жұмысқа орналасқысы келеді. Кеңес беріңіз.

 

110-тапсырма. «Уақыт бізге бағынбайды, уақыт бізді бағындырады» тақырыбына шағын эссе жазыңыз..

 

111-тапсырма.  Ауыспалы осы шақты жедел өткен шаққа өзгертіңіз.

         Мен өтініш жазамын. Мен бүгіннен бастап кезектен тыс демалысқа шығамын. Бүгін кешкі бестен бастап сегізге дейін мәжілісте боламын. Түске дейін құжаттарды дайындаймын.

 

112-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз және әңгімені жаңғыртыңыз:

1) Знакомый говорит, что уходит во внеочередной отпуск. Посоветуйте ему поехать отдыхать в Турцию. Посоветуйте ему не ехать в Турцию.

2) Подруга говорит, что ей не дают очередной отпуск. Посоветуйте второй раз обратиться в администрацию. Посоветуйте ей не обращаться в администрацию.

3) Знакомый жалуется, что не получал отпуск два года. Посоветуйте еще раз подать заявление. Посоветуйте ему не подавать заявление.

 

113-тапсырма. Басшыңызбен сөйлесіңіз.

         Сіз жұмыстан кеткіңіз келеді, өйткені басшылықтың саясатымен келіспейсіз. Сондықтан бұл жұмыстан жалығып кеттіңіз. Кездесу туралы келісу үшін басшыңызға телефон шалыңыз. Кездесу кезінде өзіңіздің шешіміңіз туралы айтып, қажетті түсіндірулер жасаңыз.

 

114-тапсырма. Сіз басшысыз. Жұмыстан кеткісі келген өз қызметкеріңіздің телефон қоңырауына жауап беріңіз. Сіз оның кетуіне қарсысыз. Кеткісі келуінің себебін сұраңыз. Оның жақсы қызметкер, оны бәрі сыйлайтынын және жұмыссыз қалуы мүмкін екенін ескертіп, түсіндіруге тырысыңыз.

 

Тақырыптық сөздік

айып төлеу- платить штраф                      

ақысыз демалыс-отпуск безсодержания 

атақ-звание; репутация                                

атқару-выполнять; исполнять;                    

приводить в исполнение                             

әкімшілік-администрация                           

әлеуметтік-социальный                               

баспасөз-издательство                                  

бедел-авторитет; влияние                            

заң жүзінде-согласно закону

зиян шегу-понести убыток

кепілдік-гарантия

қол қою- подписать                                      

қасиет-качество                                                                                        

қарыз-долг                                                     

қанағаттандыру-удовлетворить                  

қызығушылық-увлеченность; интерес

 

Лексика-грамматикалық тест

 

1. Ол Алматы қаласында ........                  

а) тұрдым                              

ә) барды

б) туды

в) қаза таптың

2. Мен 2001 жыл... 2011 жылға дейін мектепте оқыдым.

а) -ға

ә) -да

б) -дан

в) -мен

3. Адамның жеке қасиеті – .........

а) әйел

ә) ұстамдылық

б) саяхат

в) азаматтық

4. 2012 жылдан ..........

а) бері

ә) дейін

б) таман

в) аралығында

5. Ол заң университеті... бітірді.

а) -ң

ә) -ті

б) -н

в) -те

6. Хабарландырулармен газет... танысуға болады.

а) -пен

ә) -тен

б) -те

в) –ке

7. Жасы 35-ке ............... маман.

а) шейін

ә) дейінгі

б) конкурс жариялаған мекеме

в) бос қызмет орны

8. Компьютер ........... жетік білетін маман.

а) бағдарлама

ә) бағдарламаны

б) баңдарламаларын

в) бағдарламасы

9. Жұмыс ........... 5 жылдан кем емес.

а) түрі

ә) өтілі

б) тәжірибе

в) орны

10. Қазақ тілінде сөйлей ........... маман.

а) алу

ә) алып

б) алатын

в) алды

11. Кезектен ............ демалыс беру.

а) тіс

ә) басқа

б) бойынша

в) тыс

12. Өз ............. босатуыңызды сұраймын.

а) қалауыммен

ә) ойыммен

б) еркіммен

в) шешіміммен

13. Менің өтініш жазу... керек.

а) -ің

ә) -ға

б) -ым

в) -ім

14. Директордың .............. өтініш жазыңыз.

а) фамилиясына

ә) қызметіне

б) қызметке

в) атына

15. Өндірістен ........... үзіп оқу.

а) уақыт

ә) қол

б) бас

в) сағат  

 

Бұйрық

 

115-тапсырма. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.

1) возложить                                       

- қабылдансын

2) назначить                                        

- жүктелсін

3) принять                                           

- тағайындалсын

4) освободить                                      

- жүзеге асырылсын

5) разрешить                                      

- дайындасын

6) доложить                                        

- ресімделсін

7) оформить                                        

- босатылсын

8) реализовать                                    

- рұқсат етілсін

9) подготовить                                    

- баяндасын

 

116-тапсырма. Төмендегі тілдік бірліктерді байланыстырыңыз.

1) Бұйрыққа қол                                  

- көрсетілсін

2) Жұмысқа қабылдау                         

- қабылдансын

3) Басқа жұмысқа ауысуына               

- шығарылсын

4) Зейнеткерлікке шығуына                

- қойылды

5) Оқудан                                             

- байланысты

6) Қызметке                                           

- туралы

7) Материалдық көмек                        

- байланысты

 

         117-тапсырма. Сөйлемдерді неден қайтеді? қайда қайтсін? конструкциясына жауап беретін тіркестермен аяқтаңыз.

– зейнеткерлікке шығуына байланысты...

– басқа жұмысқа ауысуына байланысты...

– кәсіпорынның жойылуына байланысты...

– келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты...

– өз өтініші бойынша...

– бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты...

– еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты...

– ресми сапарға кетуіне байланысты...

– себепсіз жұмыстан қалуына байланысты...

– айрықша жұмыс жағдайлары үшін және т.б.

 

118-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

1. А. Алтынбековтың / тағайындалсын / штаттық кесте бойынша / айлық жалақысы. 2.12.02.2002 – 12.02.2003 жж. аралығында /академиялық демалыс / денсаулығына байланысты / берілсін / Ж. Сұлтановқа. 3. 1-курс / Б. Әбжаппаров / философия және саясаттану факультетінің / қайтадан оқуға алынсын / студенті. 4. А. Бақытжановқа / бөлім бастығы / уақытша атқару / директордың міндетін / жүктелсін. 5. Босатылсын / атқарып отырған қызметінен / кәсіпорынның таралуына байланысты / А. Әзімжанов / директордың орынбасары. 6. 20 наурыз 2004 жылы / бұзылсын / №401 / жасалған / келісімшарт /. 7. 6 ай / С. Садықовқа / шығармашылық демалыс / докторлық диссертациясын / көлемінде / берілсін / аяқтау үшін.

 

119-тапсырма.  Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Керимбекова Айтжана Нурлановича, студента 5-курса дневной формы обучения, факультета международных отношений, русского отделения считать вернувшимся из загран. командировки. 2. Цой Юлию Егоровну, студентку 2-го курса дневной формы обучения перевести в состав студентов 2-го курса заочной формы обучения. 3. Приказы №111 от 19.04.2001 года и №114 от 20.08.2001 года считать утратившими силу. 4. Медицинское обследование работников треста проводить в поликлинике треста. 5. Выплатиь старшему инженеру отдела автоматизации и информатики Кацу З.Л. премию за 2002 год в полном размере. 6. За успешное выполнение экспериментальных работ заместителя начальника отдела технического контроля Борисенко В.Ю. наградить памятным подарком. 7. Начальнику строительства объекта 501/21 организовать круглосуточную работу для спасения и вывода людей из опасной зоны.

 

120-тапсырма. 1. Бұйрық үлгілерімен танысыңыз, қандай бұйрық түріне жататынын айтыңыз; 2. Бұйрықтар не үшін шығарылғанын айтыңыз.

....................................................................................................................................

          «Бақыт» ААҚ

 

         №5 БҰЙРЫҚ                                                                18. 02. 2010 ж.

         Жұмысқа қабылдау туралы

  

         Арман Жақсылықұлы осы жылдың 13 наурызыныан бастап штаттық кестеге сәйкес ... жалақы көлемінде 1 апталық сынақ мерзімімен үйлестіруші қызметіне қабылдансын.

         Негізі: Арман Жақсылықұлының өтініші.

 

         «Бақыт» ААҚ директоры                                            А. Сапаров

 

.....................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

         «Бақыт» ААҚ

 

         №2 БҰЙРЫҚ                                                               15. 04. 2011 ж.

         Жұмыстан босату туралы

 

         Кәсіпорынның жойылуына байланысты Арман Жақсылықұлы 2011 жылғы 15 сәуірден бастап атқаратын қызметінен босатылсын.

 

         «Бақыт» ААҚ директоры                                            А. Сапаров

..........................................................................................................................................................................................................................................................................

         «Арай» шағын кәсіпорны

 

         №7 БҰЙРЫҚ                                                                07. 02. 2012 ж.

         Үстемақы белгілеу туралы

 

         Тіркеу бөлімінің бастығы Жарқын Қасымжанұлына Айрықша жұмыс жағдайлары үшін осы жылдың 7 ақпанынан бастап штаттық кестеге сәйкес жалақының 5% көлемінде үстемақы белгіленсін.

 

         «Арай» шағын кәсіпорнының төрағасы                    А. Асанұлы

...................................................................................................................................

 

.....................................................................................................................................

         «Қайнар» ЖШС

 

         №45 БҰЙРЫҚ                                                            14. 09. 2012 ж.

         Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы

 

Өндірістік қажеттілікке байланысты

 

          БҰЙЫРАМЫН:

         1. Тіркеу бөлімінде менеджер қызметі қысқартылсын.

         2. Өндіріс бөліміне штаттық кестеге сәйкес ... жалақы көлемінде экономист қызметі енгізілсін.

         3. Бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың орынбасары А. Асқаровқа жүктелсін.

 

         «Қайнар» ЖШС-ның директоры                                   С. Сымақов

.................................................................................................................................

 

121-тапсырма. Бұйрықтың тақырыбын анықтаңыз.

Бұйырамын:

         Бітіруші курстарға мемлекеттік қорытындылау аттестациясын өткізу келесі тәртіпте белгіленсін.

Сырттай оқу бөлімі бойынша

– 2 курсқа (жоғары білім негізінде оқушылар үшін) – 2001 ж. 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында;

– 3 курсқа (жоғары білім негізінде оқушылар үшін) – 2001 ж. 7 мамаыр мен 2 маусым аралығында.

 

122-тапсырма. Жоғарыдағы бұйрықтың негіздемесін табыңыз.

 

1) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 ж. 12.07 «Жоғары оқу орындарында қорытынды аттестациясын өткізу туралы» №714 бұйрығы.

2) ҚР Үкіметінің 1999 ж. 11 наурыздағы әділет министрлігі туралы ережесі.

3) ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР жоғары білім және ғылым орындары қызметкерлерінің еңбекақысы туралы» нұсқауы.

 

123-тапсырма. Жағдаяттар бойынша бұйрық шығарыңыз.

          1. А. Асановты «Қуат» құрылыс фирмасына инженер қызметіне қабылдау туралы;

2. Ж. Досановты еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігі үшін үйлестіруші қызметінен босату туралы;

3. Университет ішінде және ауласында шылым шегуге тыйым салу туралы.

 

124-тапсырма. Қажетті қосымшаларды қойып жазыңыздар.

Осы бұйрықтың орындалу... бақылау... алу бірінші проректорға жүктел... .

Ұсынылып отыр... шаралар Ғылыми кеңес... қара...ды. Мемлекеттік аттестация комиссия... төраға... .

 

125-тапсырма. Қателерін табыңыз.

Бұйрамын; заң сәйкес; өтінішке бойынша; Жарлыққа негізінде; мемлекет тіл; жұмыстарға жақсарту; орындаудың қадағалау; қазақ университет.

 

         126-тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз:

нұсқаулықты енгізу, құжаттармен жұмыс істеу, қамтамасыз ету, нұсқаулықты бекіту, ережені басшылыққа алу, нұсқаулықты көбейту, бұйрықтың орындалуын қадағалау, кәсіпорынның барлық бөлімшелері, қамтамасыз ету мақсатында.

 

127-тапсырма. Сәйкестендіріңіз:

1) жұмысқа                                         

- кестеге сәйкес

2) штаттық                                         

- белгілеу

3) Орынбаевтың                                

- жағдайына байланысты

4) үстемақы                                        

- шығуына байланысты

5) отбасы                                            

- сынақ мерзімімен

6) еңбек                                               

- шартының

7) зейнеткерлікке                               

- өтініші

8) 2 апталық                                       

- қабылдау туралы

9) атқаратын                                       

- аяқталуына байланысты

 

         128-тапсырма. Үлгі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрықтың мәтінін жазыңыз.

 

         Үлгі: А. Жандосов 2010жылғы 13 маусымнан бастап отбасы жағдайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.

....................................................................................................................................

 

Аты-жөні                   күні, айы, жылы           себебі                         қызметі

..................................................................................................................................

1) А. Жандосов        

21. 02. 2010           

отбасы жағдайы

2) Е. Омарова           

10. 11. 2011          

инженер кәсіпорынның жабылуы

3) Б. Сағатов            

15. 01. 2011           

хатшы басқа жұмысқа    ауысу                                                                                             

4) Қ. Боранбаев        

13. 06. 2011              

үйлестіруші   себепсіз жұмыстан қалу

        

................................................................................................................................

 

129-тапсырма. Қатесін түзетіңіз.

................................................................................................................................

         «Қайсар» ЖШС

         №19 БҰЙРЫҚ

         жұмысқа қабылдау  12.03.2010

 

         Омарова Әсел 2010 жылғы 12 наурыз бастап штаттық кестеге сәйкес ... көлемінде 1 айлық сынақпен бас инженер қызметі қабылдауыңызды сұраймын

 

         «Қайсар» ЖШС-ның

           директоры                                                             А. Ермеков

.....................................................................................................................................

130-тапсырма. Ырықсыз етістің өткен шақ тұлғасын пайдаланып, тіркестерді аударыңыз. (Переведите словосочетания, используя глаголы страдательного залога прошедшего времени):

         заявление прочитано, решение было принято, доклад написан, было решено, все было сделано, объект был осмотрен, работа окончено, все сказано, заявление подписано, протокол утвержден.

 

Тақырыптық сөздік

бұрыштама-виза                                    

басшылыққа алу-принять к руководству

байланысты-зависимый; связанный

белгілеу-назначать; отмечать

бекіту-закрепить; утверждать

жауапкершілікке тарту-привлечение 

к ответственность

жәрдемақы-пособие                              

жеке басы-личность                              

жолдау-послание                                    

жою-ликвидировать                                                            

басшы-начальник                                  

жұмыс беруші-работадатель                

жүктеу-возлагать                                   

жүргізу-вести                                                                   

жіберу-отправлять                                 

заңды тұлға-юридическое лицо           

құжаттама-документация                     

                      

Анықтама

 

131-тапсырма. Анықтама үлгілерімен танысыңыз.

.................................................................................................................................

 

Анықтама №74/1

 

21 қазақ 2010 ж.

         Осы анықтама Алматы қаласы Абай даңғылындағы 15-үй, 56-пәтердің тұрғыны Бейсебеков Болатқа берілді.

         Оның отбасында өзінен басқа үш адам бар:

         1. Жұбайы – Бейсебекова Сайра, 1966 жылы туған.

         2. Ұлы – Бейсебеков Думан, 1990 жылы туған.

         3. Ұлы – Бейсебеков Айдос, 1994 жылы ту,ан.

         Анықтама әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін берілді.

         Анықтама 10 күн өз күшінде

 

         Мөр орны            «Асар» тұрғын үй

                                ұжымының төрағасы                         А. Айдаров

.................................................................................................................................

 

.................................................................................................................................

Анықтама №18/2

 

15 ақпан 2012 ж.

 

         Осы анықтама азаматша Әжібаева Маржанға берілді.

         Әжібаева Маржан шын мәнінде Алматы энергетика және байланыс университетінде аға оқытушы болып жұмыс істейді.

         Анықтама Бостандық ауданының салық инспекциясы үшін берілді.

         Анықтама 4 ай өз күшінде

 

         Мөр орны            Кадр бөлімінің бастығы              Т. Байназарова

....................................................................................................................................

..................................................................................................................................

Анықтама №34/1

 

2 мамыр 2010 ж.

 

         Осы анықтама студент Қарашина Томириске берілді.

         Қарашина Томирис шын мәнінде Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінде, физика-математика факультетінің 3-курсында оқиды.

         Анықтама ұлттық кітапханаға тапсыру үшін берілді.

         Анықтама 10 күн өз күшінде

 

         Мөр орны                     Оқу бөлімінің бастығы            Несіпбаев Ерболат

....................................................................................................................................

 

132-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Анықтамалар кімге берілген?

2. Не үшін берілген?

3. Қайда тапсыру үшін берілген?

4. Анықтама кімнің атынан берілген?

 

133-тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз:

         шын мәнінде, салық инспекциясы, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, 15-пәтердің тұрғыны, тапсыру үшін, оқу бөлімі, тұрғын үй, кадр бөлімі, анықтама әкелу, өз күшінде.

 

134-тапсырма. Қатесін түзетіңіз.

...............................................................................................................................

Анықтама

 

         Осы анықтама жолдас Жақыпов Жандос берілді. Жақыпов Жандос шын мәнінде Заң академиясының 3 курс оқиды.

         Анықтама Ғылым Академиясы берілді.

 

         Оқу бөлімі                                                                                А. Назарова

...................................................................................................................................

 

135-тапсырма. Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыз.

 

1) Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау үшін әскери комиссариатқа керек. Мекенжайы: Семей қ., Пушкин көшесі, 45-үй, 12-пәтер.

 

2) Анықтама ұлттық кітапханаға Бақытова Айнұрдың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде (3-курс) оқитынын растау үшін керек.

 

         3)Сіз шағын кәсіпорынның төрағасысыз. Бухгалтерге анықтама жазып беріңіз.

  

         136-тапсырма. Сіз шағын кәсіпорынды үш жыл бойы басқарып отырсыз. Өз жетістіктеріңіз туралы әңгімелеңіз. 

 

         137-тапсырма.

1. Мәселе сөзімен берілген сөз тіркестерін сөздіксіз аудара аласыз ба?

         маңызды мәселе, күрделі мәселе, көкейкесті мәселе, саяси мәселе, әлеуметтік мәселе, ұлттық мәселе.

         2. Маңызды, күрделі, көкейкесті, саяси, әлеуметтік, ұлттық сөздерімен тіркес құраңыз.

         3. Бірінші және екінші қатардағы сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлем және шағын сұхбат құраңыз.

 

138-тапсырма. Берілген сөздерге ырықсыз етіс қосымшаларын жалғаңыз. Сөйлем құраңыз.

         Үлгі: қара –  қара-л-ды.  Жиналыста екі мәселе қаралды.

         Тыңда, айт, талқыла, қабылда, қаулы ет, шешім шығар, назар аудар, жаз, сұрақ қой, қорыт, бекіт.

 

139-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

         Мәжілісте әр түрлі мәселелер .............................................

         Баяндамашыға көп сұрақ......................................................

         Тыңдаушылар жиналысында екі қаулы..............................

         Күн тәртібіндегі бір мәселеге назар....................................

         Хаттамаға қол .............., мөр ................................................

 

140-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қазақшаға аударыңыз.

         1. Сейчас работники отдела контроля и координации готовят годовой отчет. 2. В настоящее время особое внимание уделяется охране здоровья детей. 3. Нурлан заочно учится на экономическом факуольтете Академии управления. Начальник отдела сейчас принимает посетителя. 4. Программист как раз сейчас составляет программу. 5. Алия и Нурлан разговаривают в коридоре. 6. Люди на остановке ждут автобус. 7. Мой старший брат работает в банке.

 

141-тапсырма. Екінші қатардағы отыр, жатыр, жүр, тұр етістіктерін бірінші қатардағы сөздермен мағыналық жағынан байланыстырыңыз.

  

         әңгімелесіп

         сөйлесіп

         тыңдап

         талқылап

         қарап                                         отыр

         бекітіп                                       жатыр

         ақылдасып                               жүр

         жүргізіп                                     тұр

         тіркеп

         ойланып

         ұшып

         қонып

         жүгіріп

         айналысып

 

142-тапсырма. Сөйлемдерді көмекші етістіктермен толықтырыңыз.

         Бүгін – жексенбі. Сәния Нұрланға хат жазып ... . Ол Алматының қысы туралы былай деп жазды: «Мен саған хат жазып ... . Алматының аппақ, қалың қары есіңде ме? Бүгін дәл осындай қар жауып ... . Аялдамада адамдар қолшатыр ұстап, автобус күтіп ... . Есіктің алдындағы саябақта балалар ойнап ... . Олар өте көңілді, бірі аққала тұрғызып ... , енді біреулері сырғанақ жасап ... . Ағаштар үнсіз маужырап ... . Мен Алматының осындай кезін өте жақмы көремін.

 

143-тапсырма. Қосымшалардың қайсысын таңдайсыз?

  

         айт

         талқыла

         күшей

         өс                                        -а, -е, -й                                   түсті

         ұлғай

         дамы

         тереңде

 

144-тапсырма. Бірінші қатардағы сөйлемдердің дұрыс баламасын екінші қатардан табыңыз.

Бүгінгі газетте салық саясатына

арналған мақала жарияланған.

Біздің республикада адамдардың  денсаулығына тиісінше көңіл бөлінуде.

- Министерство иностранных дел         обсуждает проект закона о дипломатической политике Республике Казахстан.

Сіз қазір қандай мәселелермен айналысып жүрсіз?

- Прошу вас обратить особое внимание на эту проблему.

Келесі аптада Парламент Заңның жобасын талқылайды.                                        

- В сегодняшней газете опубликована статья, посвященная налоговой политике.

Осы мәселеге айрықша назар аударуыңызды сұраймын.                                       

- Сейчас особое внимание уделяется проблеме совершенствования   финансовой политики.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының дипломатиялық саясаты туралы Заң жобасын талқылауда.  

- В нашей республике должное внимание уделяется здоровью людей.

Қазіргі кезде қаржы саясатын жетілдіру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.      

На следующей неделе Парламент

будет обсуждать проект Закона.

 

Какой проблемой вы сейчас заняты?

                                                                      

         145-тапсырма. Досыңызбен қазіргі саясат туралы сөйлесіңіз. Кім қандай мәселелерге көңіл бөліп жүр. Кім қандай іспен айналысып жүр?

         Оқу барысында қандай іспен айналысып жүрсіз?

         Төмендегі тіркестерді пайдаланып сөйлемдер құраңыз:

компьютерлік бағдарлама, семинарға қатысу, бағдарламамен таныстыру, алдыңғы орында келу, алғашқы елдердің бірі, ілгері басу.

 

Тақырыптық сөздік

         анықтама бойынша-согласно справке  

         анықтама алу-взять (брать) справку     

         анықтама беру-дать (давать) справку                                            

         анықтама сұрау-просить (спросить)  справку              

         берілді-выдана

         берілген күннен бастап-со дня выдачи                                                                     

         осы анықтама-настоящая справка           

         жарамды-действительна                           

         растайды, дәлелдейді-подтверждает

          көрсету үшін-для предъявления

Қолхат. Сенімхат

 

         146-тапсырма. Сәйкестендіріңіз:

1) сенімхат                                             

- доверитель

2) тізбе                                                    

- правовые действия

3) сенім білдіруші                                 

- реестр

4)  мемлекеттік салық                             

- дееспособность

5)  құқықты іс-әрекет                              

- доверенность

6) құқықты іс-әрекетке қабілет               

- государственная пошлина

                                                

         147-тапсырма. Терминдер мен терминдік тіркестерді оқыңыз, аударыңыз және жазыңыз:

         сенім білдіруші, нотариалдық кеңсе, №1 тізбе, жеке басының куәлігі, қол қою құқығы, құқықтық іс-әрекетке қабілеті, кеден бөлімі, салық инспекциясы, зейнетақы, ресімдеу, куәландыру, құжат, өтініш, анықтама.

 

         148-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         паспорт; удостоверение личности; водительские права; свидетельство о рождении; документ, удостоверяющий личность.

 

         149-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         распоряжаться всем моим имуществом; продать квартиру; подарить квартиру; обменивать квартиру; сдавать квартиру под залог; получить причитающееся мне имущество; распоряжаться банковскими счетами и вкладами; получать почтовую корреспонденцию; вести мои дела во всех учреждениях; быть моим представителем во всех судебных учреждениях; расписываться за меня.

 

         150-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударып көріңіз. Деп конструкциясын пайдалануға тырысыңыз.

         1. Моя подруга свободно говорит по-казахски. Я попытаюсь научиться казахскому языку.

         2. Я пыталась учить английский язык, но не смогла его хоршо выучить. Поэтому я плохо говорю по-английски.

         3. Алло, передайте Маржан, что я не смогу приехать сегодня.

         4. Он не согласен с нами и пытался объяснить свою точку зрения.

         5. Попробуйте доказать свое мнение конкретными фактами.

         6. Я смогу написать на казахском языке доверенность на вождение машины. А ты можешь? Попробуй написать.

         7. Я боялась, что не смогу объяснить причину своего опоздания.

 

         151-тапсырма. Оң мен сол жақты сәйкестендіріңіз:

1) келісім-шарттың жобасы                    

- финансовые возможности участников

2) өзара тиімді келісім-шарт                

- поставка оборудования

3) шарттарға сәйкес емес

- доверять

4) қатысушылардың қаржылық мүмкіндігі 

- предоставить право расписываться

5) жабдықтар жеткізу                           

- предоставить право совершать все действия     

6) сенім білдіру                                      

нотариальная контора

7) қол қою құқығын беру                       

- регистрировать доверенность в нотариальной конторе

8)барлық іс-әрекеттерді жасауға  құқық беру                                                

- удостоверение личности

 

9) нотариалдық кеңсе                            

- дееспособность

10) сенімхатты нотариалдық кеңседе  тіркеу 

- установить личность

11) жеке басының куәлігі                      

- государственная пошлина

12) құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік   

- проект договора

13) адамның жеке басын анықтау         

- взаимовыгодный договор по условиям...

14) мемлекеттік салық                            

- не отвечают условиям

 

152-тапсырма. Екі жұпқа бөлініп, «Пәтер мәселесін қалай шешуге болады?» деген тақырып бойынша он шақты сұрақ дайындап, оларға жауап беріңіздер.

 

153-тапсырма. Сәйкестендіріңіз:

1) куәландыру                                   

- выплачивать проценты

2) процент төлеу                               

- гарантийное письмо

3) үш дана етіп жасалған                  

- подписи сторон

4) басқа талабым жоқ                        

- собственность

5) қарыз                                              

- ссуда, кредит

6) кепілхат                                          

- в соответствии с договором

7) берілген                                            

- выплачивать штраф

8) тараптардың қолы                         

- составлено в трех экземплярах

9) келісім-шартқа сәйкес                    

- долг

10) несие                                               

- выданный

11) айып төлеу                                     

- удостоверить

12) жеке меншік                                  

- других претензий не имею

 

         154-тапсырма. Берілген сөздерді аударып, олармен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастырыңыз:

төлемақы, жолақы, еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, өтемақы, шәкіртақы.

 

155-тапсырма. Талап сөзінің мағынасы қандай? Салыстырыңыз:  талапты – талапсыз – талапкер – талап ету – талаптарға сәйкес – басқа талабым жоқ.

 

156-тапсырма.

1. Сіздің досыңыз ғылыммен айналысады. Ұлттық кітапханадан қолхат арқылы бірнеше күнге кітап алуға болатынын айтып үгіттеңіз, уәж айтыңыз.

         2. Досыңыз кітапханадан бірнеше күнге кітап алатындығын айтты. Сіз оны мақұлдаңыз.

         3. Бірге оқитын досыңыз кітапханадан тағы кітап алғысы келетіндігін сізге айтты. Бірақ сіз оған бұрынғы алған кітабын өткізбесе немесе құнын төлемесе басқа кітап бермейтіндігін ескертіңіз.

 

157-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         Я обязательно выплачу проценты. Он выполнил обязательства. Обязуюсь выплатить деньги в указанный срок. Он подписал обязательство.

 

158-тапсырма. Дағдыланыңыз:

         қолхат беремін, кепілхат беремін, міндеттерімді орындаймын, процент төлеймін, мерзімінде қайтармаған жағдайда айып төлеймін, келісім-шартта көрсетілген талаптарға сәйкес процент төлеймін, қолхатта немесе кепілхатта көрсетілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін, нотариалдық кеңседе куәландыруға болады, басқа талабым жоқ.

 

159-тапсырма. Дағдыланыңыз:

         Мен, азамат --------------------------------------- қолхат беруге, міндеттемелерді орындауға, алынған ақшаны (қарызды) дер кезінде қайтаруға, процент төлеп тұруға, келісім-шарттағы міндеттемелер орындалмаған жағдайда айып төлеуге міндеттенемін (кепілдік беремін).

 

160-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         расписка получателя, проручительство, гарантийное письмо, в соответствии с договором, претензий не имею, нотариальная контора, составлено в трех экземплярах, обязуюсь уплатить проценты, обязуюсь уплатить неустойку (штраф), при изменении места жительства обязуюсь сообщить новый адрес, в трехдневный срок.

 

161-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         Я, Жоланкызы Гульнар, учительница математики казахской средней школы № 6, получила для временного пользования компьютер марки «Самсунг» стоимостью тридцать  тысяч тенге (30000) от кафедры математики АГУ имени Абая. В соответствии с договором обязуюсь вернуть компьютер 6 февраля 2010 года.

         Удостоврение личности 12463 выдано 14 апреля 1995 года МВД Республики Казахстан.

 

162-тапсырма. Сөздер мен тіркестерді аударыңыз:

         отдел общественных связей и развития, заместитель начальника отдела, получить расписку, написать расписку, прием по личным вопросам, указанные выше обязательства, обеденный перерыв, мне необходимо участвовать, около компьютера, удачный договор, договорная цена, заместитель председателя, организуйте встречу, обязательный распорядок работы, выделить кредит, обязуюсь выплатить проценты, обязуюсь вернуть долг в установленный срок.

 

163-тапсырма. Сенімхат үлгісімен танысыңыз.

 

Сенімхат

 

         2010 жылғы 20 қаңтар, Алматы қаласы

 

         Мен, азамат Қасымжанов Жарқын, мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің №645782131, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Ілиястың, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің №925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.

         Бұл үшін азамат Ержанов Ілиясты менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен құжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

         Сенімхат 2010 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген.

         2010 жылғы 20 қаңтар                                 қолы..................................................

         Осы сенімхатты 2010 жылғы 20 қаңтарда мен, Далабаев Елдар, Алматы қаласындағы лицензия №001911 «Сенім» нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Қасымжанов Жарқын қол қойды.

         Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

  

         Нотариус                                                    қолы.........................................

                                                                                                 мөр орны

 

164-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Сенімхатта сенім білдіруші кім?

2. Сенім білдіруші кімге сенім білдірген?

3. Қандай іс-әрекетке сенім білдірген?

4. Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған?

 

165-тапсырма. 1. Мәтінді толық оқып шығыңыз.

 

Сенімхат

 

2013 жылғы 25 сәуір, Алматы қаласы

         Мен, сүт өнімдерін өндіретін «Агропродукт – Асептик» ЖШС-ның президенті, Олжас Ерғалиұлы аталған кәсіпорынның менеджері Бақыт Мұратұлына (жеке куәлігінің №00144115, мекенжайы – Алматы қаласы, Достық даңғылы, 315-үй, 78-пәтер) Семей қаласындағы «Айналайын» ААҚ-пен мәміле жасауға сенім білдіремін.

         Бұл үшін менеджер Бақыт Мұратұлына менің орныма қол қоюға; мәміле барысында клісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге құқық беремін.

          Осы сенімхат бойынша өкілдікті басқа тұлғаларға беруге болмайды.

         Сенімхат 15 күнге берілді.

 

         2013 жылғы 25 сәуір                                       қолы...........................

         Осы сенімхатты 2013 жылғы 25 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия №00255 «Айық» нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Олжас Ерғалиұлы қол қойды.

         Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №21 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

 

         Нотариус                                                             қолы.................................

                                                                                        мөр орны

 

2. Берілген құрылымдар бойынша сөйлемдерді тауып, көшіріп жазыңыз, аударыңыз.

         1. Кім кімге қайтеді?

         2. Не бойынша кімдерге не істеуге болмайды?

         3. Неге қашан кім не істеді (қайтті?)

         4. Кімнің несі қайтті?

         5. Не қалай қайтті?

         6. Қандай не алынды?

 

166-тапсырма. Екі қатарды сәйкестендіріңіз:

1) сенімхат 4 айға дейін

- құқығын бердім

2) нотариалдық кеңсенің                                           

- қабілеттілігі

3) менің қатысуым                                                    

- тіркелді

4) қол қою 

5) өтініш жазуға                                                                                                                        

- алынды

- дауыстап оқылды

6)  құқықтық іс-әрекетке                                           

- өкілетті еттім

7) тізбеге                                                                    

- кезінде

8) салық                                                                      

- нотариусы

9) сенімхаттың мәтіні                                                

- өз күшінде

                                                  

          167-тапсырма. Жағдаяттар бойынша сенімхат жазыңыз.

          - Машина жүргізу құқығын беру туралы;

- Тұрғын үйді сату құқығын беру туралы;

- Мәміле жасау құқығын беру туралы.

 

168-тапсырма. Тиісті баяндауыштарды қойыңыз:

         Ең алдымен жолдың ортасынан «Сенімхат» деген сөз ... . Сосын айы, күні, жылы және мекенжайы ... .Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні ... . Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның аты-жөні, мекенжайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті іс-әрекет ... , сенім білдірушінің қолы ... . Осыдан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе ... .

 

         Керекті сөздер: көрсетіледі, жазылып, куәландырылады, жазылады,  қойылады, жазылады.

 

169-тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз:

         нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, іс жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пайдалану.

 

170-тапсырма. Сөйлемдерді қалпына келтіріңіз:

         1) Сенім білдірушінің/анықталды/жеке басы. 2) Оқылды/дауыстап/сенімхат мәтіні. 3) Менің орныма/барлық құжаттарға/өкілетті етемін/қол қоюға. 4) Тексерілді/құқықтық/іс-әрекетке/қабілеттілігі. 5) Азамат Сапарбеков Азамат Омарбекұлын/бұл үшін/өтініш жазуға/өкілетті етемін/менің атымнан. 6) Мемлекеттік /алынды: / салық/теңге/300/(үш жүз).

 

171-тапсырма. Екі қатарды сәйкестендіріңіз:

1) жүзеге асыру                                

- ждать помощи

2) шағын бизнеспен айналысу    

- спрос потребителей

3) жұмысқа кедергі жасау             

- с помощью рекламы (через рекламу)

4) үкімет тарапынан                    

- присоединиться к мнению

5) заңгерлік көмек                       

- активно работать

6) озық тәжірибеге сүйену

7) көмек күту                                          

- реализовать, претворять в жизнь

- мешать, препятствовать работе

8) тұтынушылардың сұранымы 

- заниматься малым бизнесом

9) жарнама арқылы                     

- со стороны правительства

10) сұранымды анықтау               

- юридическая помощь

11) белсенді жұмыс істеу             

- опираться на передовой метод

12) пікірге қосылу                        

- определить спрос

                   

172-тапсырма. Төмендегі мағынада қолданылатын сөздерді кестеге орналастырыңыз.

         1. Екі тараптың міндеттері мен құқықтары жазылған құжат.

         2. Екінші елге (қалаға) жұмыс барысында жол жүру.

         3. Өнімді халыққа таныстыру.

         4. Қосымша пайдадан мемлекетке төленетін ақша.

         5. Ғимаратты ақшаға уақытша пайдалануға беру.

         6. Жұмысқа орналасу үшін жазылатын құжат.

         7. Мекеме басшысы шығаратын құжат.

         8. Кірістің басқаша атауы.

          9. Растап берілетін құжат.

         10. Мемлекеттің белгісі.

 

          Жауаптар.

         1).......................................................................................

         2) ......................................................................................

         3) ......................................................................................

         4) ......................................................................................

         5) ......................................................................................

         6) ......................................................................................

         7) ......................................................................................

         8) ......................................................................................

         9) ......................................................................................

         10) ....................................................................................

 

Тақырыптық сөздік

         әрекет-действие                                           

         әрекетке қабілеттілік-дееспособность      

         әрекетке қабілетсіздік-недееспособность мерзім-срок

         баж-пошлина

         салық-налог

         сенім-доверие                                               

         сенім білдіру-доверять                                

         қол қою-подписывать

         менің көзімше-в моем присутствии

         қол қоюшының жеке басы-личность подписавшего

 

Лексика-грамматикалық тест

 

1. Бұйрық ............... құжат.

а) өкім

ә) өкімді

б) ережелерге

в) үстемақы

2. А. Асановаға демалыс ............ .

а) берілсін

ә) орындау

б) жіберді

в) жүктелсін

3. Ақшалай сыйлық ............ туралы.

а) тағайындау

ә) бұйыру

б) жіберу

в) бұйрық шығару

4. Бұйрықтың орындалуын ............. тұлға.

а) қадағалайтын

ә) тексеретін

б) жүзеге асыратын

в) шешетін

5. Анықтама нені дәлелдейтін құжат?

а) дерек

ә) деректі

б) деректе

в) деректің

6. Анықтама деректі ........... үшін беріледі.

а) қолдау

ә) қорғау

б) растау

в) айту

7. Оқу бөлімі... анықтама алу.

а) -не

ә) -де

б) -нде

в) –нен

8. Анықтаманың ............ мерзімі көрсетіледі.

а) жарамды

ә) жарау

б) жарайтын

в) жарамдылық

9. Жекешелендіру ............ сенімхат.

а) жүргізу

ә) жөніндегі

б) арқылы

в) білдіру

10. Сенімхат №112 ............ тіркелген.

а) өтінішке

ә) сенімхатқа

б) тізбеге

в) пәтерге

11. Сенімхаттың мәтіні ............. оқылды.

а) дауысты

ә) дауыстап

б) қатты

в) қазақша

12. Мен сенімхат мәтінімен ............ .

а) оқыдым

ә) жаздым

б) таныстым

в) куәландырдым

13. Қолхаттың бір ........... нотариалдық кеңседе тіркелген.

а) түрі

ә) мерзімі

б) данасы

в) бөлшегі

14. Қолхат ........... дана етіп жасалған.

а) 1

ә) 2

б) 3

в) 4

15. ............. қолы қойылады.

а) мырзалардың

ә) тараптардың

б) адамдардың

в) азаматтардың

 

                                             Жарнама

 

173-тапсырма. Төмендегі шағын мәтінді қазақ тіліне аударыңыз:

         Чтобы продукция малого предприятия имела спрос, нужно хорошо использовать рекламу.

         Нужно постоянно изучать рынок спроса, всегда использовать новые методы работы.

         Человек, желающий заниматься бизнесом, должен рассчитывать прежде всего на себя, поэтому он должен реально оценивать свои материальные возможности, компетентность, деловые качества, здоровье.

 

174-тапсырма. Екі қатарды сәйкестендіріңіз:

1) тұтынушылардың назары              

- рекламировать продукцию

2) тиімді болу                                      

- окружать почетом, уважением

3) құлақ түру                                       

- оплата по перечислению

4) сараңдық жасау                               

- привлечь внимание

5) саяси қайраткер                                

- объем рекламы

6) қошемет көрсету                              

- наличный расчет

7) елең еткізу                                        

- платежное поручение

8) өнімді жарнамалау                          

- быть эффективной

9) төлем тапсырмасы                           

- прислушаться

10) қолма-қол төлеу                             

- проявить скупость

11) жарнаманың көлемі                        

- политическая деятель

12) аударым арқылы төлеу                  

- внимание потребителей

 

175-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         Оплата за рекламу производится путем перечисления или за наличный расчет.

         Желательно, чтобы в рекламе было приведено мнение человека, пользующегося популярностью.

         Реклама необходима для ознакомления потребителей с продукцией вашего предприятия.

         Нельзя проявлять скупость и экономить на рекламе.

         К сожалению, в рекламных текстах на казахском языке допускается много ошибок, очень часто в рекламе чрезмерно расхваливается товар, что вызывает сомнения у потребителей.

         Союз потребителей призван защищать ваши интересы, поэтому следует прислушаться к их советам.

 

Баспасөз жарнамасының жанрлары – плакат, афиша, каталог, проспект, альбом, буклет, жапсырма (вкладыш), жаднама (памятка), үндеухат (листовка), этикетка және т.б.

Газет-журнал жарнамасының жанрлары – хабарландыру, қысқаша баспасөз хабары (заметка), мақала, сын-пікір (рецензия) және басқалар.

 

Жарнаманың құрылысы (композиция)

1. Жарнама ұраны – тақырыбы;

2. Жарнаманың басталуы – маңызды бір нәрсе туралы айтуға бағытталған, жарнаманың келесі бөлімін оқуға шақыратын сөз немесе сөйлем;

3. Негізгі бөлім – нысанның жетістіктері туралы дәлелдемелермен берілген нақты ақпарат; тұтынушыны жарнаманың үндеуіне сендіру.

 

         176-тапсырма. Жұп болып жұмыс істеңіз. Бірінші адам несие алу бөлімінің қызметкері. Екінші адам жарнама бойынша телефон соғушы.

Банк қызметкері

Үйдің құнының 15 % алғашқы жарнасы төленуі қажет. Мемлекеттік бюджеттік мекемеде істейтіндерге жылдық пайыз – 12,9 %, ал өзге қызметкерлерге – 14 %. Жылжымайтын мүлікті алғашқы жарна ретінде ұсынуға болады. Бірақ құны 20000 доллардан аспайды. Несие 20 жылға беріледі.

Клиент

ҚазҰТУ-да жұмыс істейді. Отбасы бар. Әйелі, 2 баласы бар: 1 ұл – 18 жаста, 1 қыз – 20 жаста. Студенттер. Әйелі фирмада бухгалтер болып жұмыс істейді. Айлық табысы – 60000 теңге. Әйелінікі – 700 доллар. Өз меншігінде 3 бөлмелі пәтері бар.

 

Банк қызметкері                                                     клиент

 

амандасу                                                                   клиент

 

өзін таныстыру                                                         клиент

 

мақсатын сұрау                                                         клиент

 

қызмет түрімен таныстыру                                       клиент

 

жұмысы, отбасы жағдайы,

алғашқы жарнасы туралы

сұрау                                                                          клиент

 

болымсыз түрде жауап беріп,

жылжымайтын мүлік туралы сұрау                         клиент

 

басқа шарттар жоқ                                                     клиент

 

қоштасу                                                                       клиент

 

177-тапсырма. Жарнамалық хабарландыруды аударыңыз және мамандығыңызға байланысты  бір құрылғыға не неге арналған; неге/қайда қалай әсер етеді құрылымдары бойынша жарнамаңызды құрастырыңыз.

 

Метрогил гель

 

         Современное средство для лечения незаживающих и вялотекущих ран, трофических язв, диабетической стопы, укусов животных.

         1) очищает поверхность раны;

         2) ускоряет заживление;

         3) не вызывает раздражений;

         4) устраняет неприятный запах.

                                                        

                                                                                    («Рек-тайм», октябрь, 2001).

 

178-тапсырма. Жарнамалық мақаламен танысыңыз және аударыңыз.

          Чтобы заниматься торговлей на рынке Forex, не нужно регистрировать компанию, не нужны связи в государственных органах и коммерческих кругах, не требуется набирать сотрудников, не нужен офис. Особенность состоить в том, что здесь нет привязки к географическому положению – можно переехать в другой город или другую страну и перевести собой свой бизнес. Торговать можно хоть из Африки или Антарктиды, из Лондона или Нью-Йорка.

         Этот бизнес легко начинать каждому – здесь не требуется большой стартовый капитал. Интернет сделал рынок доступным всем желающим. Теперь достаточно иметь компьютер, подключенный к Интернет, и желание работать. В результате, по отношению потенциальной прибыли к первоначальным вложениями этот бизнес не имеет себе равных.

 

                                                            («Обучение», август, 2002 г.)                                                         

 

179-тапсырма. 1. Оқыңыз, орысшаға аударыңыз.

          Егер бөлім бастығы қабылдаса, онда бұл мәселе бүгін шешіледі.

         Ұшаққа билет болса, онда мен бүгін Астанаға іссапармен кетемін.

         Егер уақытыңыз болса, онда түске дейін телефон шалыңыз.

         Өнім сапасының соншалықты жоғары екеніне көзіңіз жетпесе, онда оны жарнамалауға асықпаңыз.

         Хабарландырулардың мәтінін бүгін берсеңіз, ол газетте ертең жарияланады.

 

         2. Жоғарыдағы сөйлемдерді басшылыққа ала отырып, мамандық бойынша, түрлі лауазым, қызмет, саясат бойынша «егер ... , онда... .» конструкциясымен келген сөйлемдер құраңыз.

 

180-тапсырма. Шетелдік әріптестеріңізді қазақтың ұлттық тағамдарымен таң қалдырғыңыз келді. Төменде 2 мейрамхананың жарнамаларын оқып, біреуін таңдаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.

 

1-жарнама

«Жерұйық» мейрамханасы

         Ғасырлар бойы сақталған ұлттық рух. Ерекше мұражай – мейрамхана, керемет думан – ежелгі Шығыс пен қазіргі заманның үйлесімі! Ежелгі түрік рецептері бойынша дайындалған тағамдар озық дәстүрдің заманға үйлесуі!

 

2-жарнама

«Есік» мейрамханасы

         Бүкіл түрік жауынгерлерінің барлық сән-салтанаты мен айбыны! Ерекше ұлттық тағамдар! Бесбармақтың 11 түрі, қуырдақтың 8 түрі, кюфта-бозбаш, түркіше жылқы еті. Ұлттық тарихи мұражай – мейрамхана. Өткеннің қақпасы. Тарих қақпасы.

 

181-тапсырма. Етістік минимумды білесіз бе? Өзіңізді тексеріңіз:

белгілеу                        болып табылады                           мәлімдеу

айқындау                     атқару                                             күшіне ену

қамтамасыз ету           жүргізу                                           босату

жасалу                         тағайындау                                     қол қою

жүзеге асыру               қайта құру                                      мөр басу

қолдану                        хабарлау                                         қадағалау

есеп беру                      бақылау                                          реттеу

 

182-тапсырма. Оқыңыз. Жазыңыз.

         Заңды ұйым, мекеме заңды ұйым болып табылады, мекеме өз қызметінде қазіргі қолданылып жүрген Заңдарды, Қазақстан Республикасының Конституциясын, нормативті актілерді басшылыққа алады, өз құзіреті шеңберінде, мекеменің атауы, мөрі, банкілерде есебі болады, мекемені төраға басқарады, төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және қызметтен босатады; ұйымның жоғары органы – жалпы жиналыс; мекеме қажет деп табылған жағдайда қайта құрылады және жойылады.

 

183-тапсырма. Дағдыланыңыз.

         Өзіңіз жұмыс істейтін мекеменің, оқитын жоғары оқу орнының жарғысымен және ережесімен танысыңыз.

         Жарғыдағы негізгі, тұрақты терминдерді жазыңыз.

 

184-тапсрыма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         наградить за выдающиеся заслуги, чинить препятствия, договор должны подписать обе стороны, обмениваться мнениями, общая жилая площадь, оказать поддержку, наградить, формируется молодой класс предпринимателей, нотариально заверить, со стороны государства, в официальном порядке, в удобном виде, со стороны руководства, ввести в закон, ввести в проект Закона, уделите внимание, обратите внимание, внести дополнения и изменения в Указ, руководящие органы организации, общее собрание, заместитель председателя, начиная со дня регистрации, отчитаться, избрать руководство собрания, избрать на общем собрании организации.

 

 

Тақырыптық сөздік

 

жарнама-реклама                                    

жариялау-объявить                                 

жарамдылық-годность                            

жауапкершілік-ответственность            

еске саламыз-напоминаем                      

ерекше-особый                                        

есептеледі-начисляется                          

жеңілдік-скидка, льготы                        

жетілдіру-совершенствование              

кепілдеме-рекомендация                       

өтінеміз-просим                                      

сәйкес-соответствующий                       

сәтті-успешно                                          

назарын аудару-привлечь внимание

                                                                 

Функционалдық стильдер

 

185-тапсырма. Өмірбаян үлгілерінің қай стильде жазылғанын анықтаңыз.

 

         І. Мен, Сұлтанова Әлия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған облысы, Ақсу ауданының Қызылтаң ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. Әкем Сұлтанов Айхан орта мектепте мұғалім, шешем Омарова Гүлсім ауылдық ауруханада дәрігер болып қызмет атқарады.

         1981 жылы Ақсу ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түстім. 1986 жылы университетті бітірген соң Ғылым академиясының Тіл білімі ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылдандым. 1989 жылдан Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының аспиранты, 1992 жылдан аталған кафедра оқытушысымын.

         1995 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі шырай категориясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.

         Тұрмысқа шыққанмын. Жолдасым – Дайырбеков Серік Бексұлтанұлы, 1961 жылы туған, «Алматықұрылыс» акционерлік-коммерциялық бірлестігінде бөлім меңгерушісі. Екі баламыз бар. Ұлым – Дайырбеков Нұрлыбек Серікұлы №34 гимназия оқушысы, қызым – Дайырбекова Данагүл Серікқызы №301 балабақшаға барады.

         Мекенжайым: 480000, Алматы қаласы, Н. Тілендиев көшесі, 21-үй, 32-пәтер. Үй телефоны – 40-41-47.

         Өмірбаян иесі          ________________                          Ә.А. Сұлтанова

                                      (қолы)                                                     20.04.2000 ж.                                               

      

         ІІ. Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткізеді екен.

         Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа салған да басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген.

         Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ. Болысым кім, патшам кім... табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін ондайды ұнатпасам да, ол кезде тістеген мен шаққанға да енжар болған сияқтымын, жылауық болмаппын.

(Ғ. Мүсірепов)

 

         ІІІ. Өске (шын аты Ысмайыл) Торқаұлы қазіргі Қостанай облысы, Комсомол ауданында дүниеге келіп, өмір сүрген суырыпсалма ақын. Әке-шешеден он жасында жетім қалған Өске Қазы деген елге қадірлі кісінің тәрбиесін көріп, соның қолында өседі. Қазы дүние салған соң, кедейлігін кемсітіп, өгейлігін бетіне басқан біреулердің тілі тиіп Өске өзінің туған ауылына оралады. Ол қартайған шағында өзіне қарайласқан өгей әкесі Қазының қара шаңырағына келсе, Қазының баласы Наурызбай болыс екен. Ағасы Өскені танымайды, іші жылымақ түгіл, келекелеп мазақ етеді. Ақынның болысқа, оның әйеліне, жаппас елінің атақты байы Жарасбайдың балаларына айтқан өткір өлеңдері осыған байланысты туып, ауыздан-ауызға тарап кетеді.

         Өскенің өз дәуіріндегі ірі ақын екендігі жазушы Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында да (бірінші кітап, «Жазушы», 1967) айтылады. Он тоғызыншы ғасырдағы «жыраулардың жампозы» атанған Балқы Базар Өскені өзінің ұстазы санап, өлең-жырларына қосып жоғары бағалаған.

(Бес ғасыр жырлайды. 1-том, 223-б.).

      

186-тапсырма. Қалыпты тілдік қолданыстарды (шылаулар, қыстырма сөздер) аударыңыз.

         Рас, расында, міне, мысалы, шынында, дегенмен, алайда, бірақ, ал, әйтсе де, олай болса, себебі, олай дейтініміз, енді, сонымен қатар, бұл тұста, біздіңше, біздің пайымдауымыз бойынша, жоғарыда, демек, өйткені, осыған қарағанда, соның негізінде, біздің ойымызша, біздің пікірімізше, басқаша айтқанда, жоғарыда атап өткеніміздей, жоғарыда сөз болған, біздің түсінігімізше, байқап қарасақ, қорыта келгенде, қысқасы, қысқасын айтқанда, қысқарта айтқанда, ақырында, зерттеу нәтижесінде, ғалымның суреттеуінше, ойымызды жинақтап келгенде айтарымыз, былайша айтқанда, оның үстіне, жоғарыда тоқталып өткендей, ғылыми тұжырымға қарағанда, қысқаша тоқталайық, соған қарамастан, барлай отырып, ең алдымен, назар аударарлық.

 

187-тапсырма. Етістіктерді аударыңыз.

         Хабарлайды, зерттейді, баяндайды, сипаттайды, салыстырады, көрсетеді, анықтайды, жүйелейді, топтайды, топтастырады, пайымдайды, назар аудартады, түсіндіреді, тұжырымдайды, санайды, есептейді, дәлелдейді, сөз етеді, қорытады, салыстырып дәлелдейді, назар аудартады, тұжырымдауға

 болады.

 

188-тапсырма. Берілген омонимдердің қазақша баламасын табыңдар.

         Новый – старый; умный – глупый; начало – конец; работа – безделье; аться – гоевать; добрый – злой; смелый – трусливый; бодрый – усталый; ленивый – прилежный; расцветать – увядать.

 

189-тапсырма. Сөйлемдерді қазақшаға тиісті антонимдерімен аударыңыздар.

         Сытый голодного не разумеет; Мягко стелет, да жестко спать; Рано оседлали, да поздно поскакали; Либишь брать, люби отдавать; Ближний сосед лучше дальней родни; Здоров на еду, а хил на работу.

 

190-тапсырма. Берілген терминдерді салалық, салааралық терминдер түрлеріне бөліңіздер. Олардың қай ғылым саласы термині екендігін, мағынасын түсіндіріңіз.

         Мораторий, ұйғарым, грант, әділет, алқа, полис, санкция, кәсіпкерлік, заңды тұлға, шаруашылық серіктестік, мәмле, мәтін, мінез, әкімшілік, жал, әл-ауқат, компьютер, инвестор, актив, банкнот, холдинг, мониторинг, калькуляция, инвестиция, дивиденттер, жарлық, ғылыми болжам, талдау, өзектілік, әкімшілік, тұлға, әрекет, сана, келісім-шарт, патент, валюталық бағам.

 

191-тапсырма. Кірме сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

         Адаптация, альянс, альтернатива, антипод, апартеид, брифинг, гегемонизм, геноцид, декларация, дестабилизация, диссидент, догматизм, доктрина, интеграция, интенсификация, конгломерат, конфронтация, манипуляция, постулат, прагматизм, спонсор, суверенитет, хунта, элита, эмбарго.

 

192-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз және қайталанған сөздерді қысқарту немесе синонимдерін табу жолымен тавтологияны жойыңыз.

         1. В прошлом году выдался неурожайный год. 2. В корм стали добавлять минеральные добавки. 3. На уроках казахского языка ученики учатся находить в тексте речевые формы, которые учитель учить их находить. 4. Строители построили здание. 5. Вас приятно порадует качество наших товаров. 6. Более четверти века работает мастер в ремонтных мастерских завода. 7. Не закончив работу, я вынужден был возвратиться обратно на основную работу.

 

193-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін салыстырыңыз және тура, ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз.

         1. Өсімдік өмірі, өмір қайнап тұр, өмірін алу, адамның өмірі, ғылыми өмір, мемлекеттің өмірі. 2. Байланыс жолы, тура жол, әуе жолы, әке жолымен, жолдағы автобус, горизонт жолы. 3. Қуаныштың үйі, достық үйі, шығармашылық үйі, тұрғын үй, сауда үйі, тас үй.

 

            Ғылыми мәтіндердің типтері:

         1) академиялық;

         2) ғылыми-ақпараттық;

         3) ғылыми-сындық;

         4) ғылыми-көпшілік;

         5) ғылыми-оқыту (научно-учебные).

         Бұл мәтіндік топтар мәтіндердің мынандай типтерімен сәйкес келеді: диссертация, монография, мақала, тезистер; реферат, резюме (қорытынды), аңдатпа; сын-пікір (рецензия), шолу, диссертация туралы пікір; жұмыстың жариялану мүмкіндігі туралы қорытынды; ғылыми-көпшілік мақала, шағын мақала (заметка); оқулық, оқу құралы, лекция және б.ж.

 

194-тапсырма. Берілген сұлба бойынша энциклопедиядан алған мәліметтеріңіз бойынша бір құрылғының пайда болу тарихын баяндаңыз.

         Проблемалық ситуация/проблема-----болжам (гипотеза)-----болжамның дәлелдемесі-----қорытынды.

 

                                       Монолог

 

195-тапсырма. Сөйлемдер дұрыс құрастырылған ба? Әрбір сөйлемдегі екпін түсетін ой қай сөзде? Өзіңізге таныс мәтіннен сөйлемдер алып, сөздер мен сөз тіркестерінің орындарын ауыстырып, түрлендіріңіз.

 1.

а) Информатика кабинетіне оқытушының рұқсатынсыз кіруге болмайды.

          ә) Оқытушының рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды.

2.

а) Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қоспаңыз.

ә) Аппаратураларды оқытушының рұқсатынсыз ток көзіне қоспаңыз.

б)  Ток көзіне аппаратураларды оқытушының рұқсатынсыз қоспаңыз.

в) Аппаратураларды ток көзіне оқытушының рұқсатынсыз қоспаңыз.

 

196-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлемді біртіндеп кеңейтіңіз. Бағдарламаны құру. Көзге жаттығу жасау. Ақпаратты өңдеу.

Үлгі:

        1) Ақпарат алу.

        2) Жаңа ақпарат алу.

        3) Интернеттен жаңа ақпарат алу.

        4) Интернеттен жаңа ауқымды ақпарат алу.

        5) Интернеттен жаңа ауқымды ақпаратты жиі алу.

 

197-тапсырма. Берілген сөйлемдерді ретімен орналастырып, мәтін құрастырыңыз және тақырыбын қойыңыз.

         1. Қазіргі таңдағы есептеу машиналары өздерінің арнаулы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, микро-ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді. 2. Компьютер сөзі «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. 3. Есептеуіш техникасының, қазіргі техникасының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. 4. ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналар) – арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әртүрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы. 5. Жаппай пайдаланудағы тұңғыш компьютерді 1981 жылы ІВМ фирмасы ұсынды.

 

            Ғылыми тілде ұйымдастыруда кең тараған тілдік әрекеттердің бірі – жоспар. Жоспар дегеніміз мәтін, еңбек мазмұны бойынша белгілі бір ретпен негізгі мәселелердің жазылуы, айтылуы. Жоспар құру мынадай әрекеттерден тұрады:

         1) мәтінді оқу;

         2) оқылған мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу;

         3) әр мағыналық бөліктегі қысқа, нақты ойды көрсету.

         Жоспар хабарлы немесе сұраулы сөйлемдермен жазылуы мүмкін. Жоспарды құрғанда сөйлемнің бір түрін қолдану қажет, бұл жоспардың жүйелі болуына көмектеседі. Жоспар жай, күрделі болуы мүмкін.

         Тезис жоспар сияқты қысқа баяндаудың бір түрі. Бірақ жоспар мәтінде не айтылады, соны атап көрсетеді. Мәтінде айтылатын негізгі ой тезистерде жинақы әрі қысқа көрсетіледі.

         Тезистер – бұл дамытуды, дәлелдеуді, қорғауды қажет ететін, қысқа, жинақталған, ықшамдалып берілген негізгі қағидалар, ойлар. Жоспардағыдай тезис бөлімдері жүйелі, ішкі логикамен байланысуы керек. Тезис – бұл информацияның ықшамдалып жазылуы. Негізгі информация аталады да қосымшасы айтылмай кетеді. Тезисті құрастырғанда жоспарға сүйену қажет.

 

198-тапсырма. Мәтін құрастырыңыз.

         Тезис. Бір-біріне әсер ететін екі күш шамасы бойынша бірдей, бірақ бағыттары бойынша қарама-қарсы.

         Дәлелдеме...

         Қорытынды...

 

199-тапсырма. Мамандығыңызға байланысты суреттеу, баяндау, хабарлау, пайымдау әдістерінің тиістісін қолдана отырып, бір құрылғының сипаттамасын келтірілген құрылымдар арқылы жазыңыз:

Не дегеніміз не / Не не болып табылады / Нені қалай атайды / Нені не үшін қолданады / Не үшін нені қолданады немесе пайдаланады / Не не үшін қызмет атқарады / Не үшін қызмет атқаратын не / Нені не үшін пайдаланады / Не үшін нені пайдаланады / Не неге жатады / Нені неден жасайды / Ол үшін не істеу керек / Не неге бөлінеді / Нені неге немесе қалай бөледі / Ненің құрамына не кіреді / Не ненің құрамына кіреді / Не ретінде не қолданылады / Не ретінде не қолданылуы мүмкін / Нені неге қосады немесе жалғайды / Не неге немесе қайда әсер етеді / Нені немен жалғайды / Нені неге немесе қайда жалғайды / Ненің көмегімен немесе не арқылы / Не неден тұрады немесе құралады / Нені қайда орнатады немесе жалғайды / Не не болып саналады / Не неге теңеледі / Не нені неге түрлендіреді / Не неге айналады / Не неден қалай ерекшеленеді т.б. /

 

а) Жазылған мәтінді тиісті бөліктерге бөліп, тақырыпат қойыңыз;

ә) Мәтіннің әрбір бөлігінен тірек сөздер мен сөйлемдерді теріп жазыңыз;

б) Тірек сөздер мен сөйлемдер арқылы мәтіннің әрбір бөлігін, содан кейін мәтінді толық әңгімелеуге тырысыңыз;

в) Мәтінді жоспарсыз және тірек сөздерсіз айтып көріңіз.

 

200-тапсырма. Темір мен мыстың физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыра отырып, жоспар бойынша сипаттаңыз. Сипаттауда қай әдісті (баяндау, суреттеу, хабарлау, пайымдау) қолданғаныңызды айтыңыз.

 

Жоспар

1. Жіктелімі (классификация) және сатысы (класс).

2. Сыртқы түрі, түсі, исі.

3. Меншікті салмағы, балқу температурасы.

4. Электрөткізгіштік және магниттік қасиеттері.

5. Суда ерігіштігі.

6. Химиялық активтілігі немесе серпінділігі.

7. Химиялық реакциясының негізгі типтері және негізгі қосылулары.

 

201-тапсырма. Салыстыра отырып, пайымдаңыз.

Адам қар үстінде неліктен шаңғымен тұра алады, ал шаңғысыз қарға батады?

 

               Ш а ң ғ ы м е н                                                Ш а ң ғ ы с ы з

1.     Адам денесінің салмағы                         1. Адам денесінің саламғы

2.     Шаңғының беті                                       2. Аяқ киімнің табаны

3.     Дене қысымы ... бөлінеді                       3. Дене қысымы ... бөлінеді

4.     Қарға түсетін қысым                               4. Қарға түсетін қысым

5.     Қар қысымды ұстайды                            5. Қар қысымды ұстамайды

 

202-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, жай жоспар құрыңыз (хабарлы сөйлем, атаулы сөйлем, сұраулы сөйлем, дәйексөз (цитат), сөз тіркесі), тақырыбын қойыңыз. Артық, қосымша ақпараттарды алып тастап, мәтіннің тезисін құрастырыңыз және мазмұндаңыз.

         1. Генераторлар электрқозғалтқыштар мен трансформаторлар сияқты электр машиналары техникалық прогреспен тұтастай алғанда өркениеттің дамуына зор үлес қосты, алдағы күнде де қоса бермек. Әлемнің барлық елдерінде электр энергиясын өндіру үшфазалы синхронды генератор деп аталатын электр машинасының көмегімен атқарылуда.

         Электрқозғалтқыш деп аталатын басқа электр машинасы синхронды генератор өндірген электр энергиясын механикалық энергияға айналдыру арқылы өндірісте, теміржолда, автомобиль, теңіз, әуе және ғарыш көліктеріндегі, ауыл және тұрмыстық шаруашылықтардағы мыңдаған машиналар мен тетіктерді қозғалысқа келтіреді. Бұларды жалғастыратын буын ретінде үшінші машина – кернеу трансформаторы болып табылады. Онсыз электр энергиясын өндірушіден тұтынушыға жеткізу мүмкін емес.

         Жүйе: механикалық энергия көзі – электр генератор – кернеу трансформаторы – электрқозғалтқыш механикалық энергияны, электр тасымалдау желісі аталатын трансмиссияны пайдалану арқылы жүздеген және мыңдаған километрге жеткізеді.

         Электр машиналарының пайда болуы мен дамуы Еуропа мен АҚШ-тың ғалымдары мен инженерлерінің есімдерімен тығыз байланысты.

         Бірінші электрқозғалтқыштың негізгі сұлбасын 1824 жылы П. Борлоу жасады. 1831 жылы М. Фарадей электрмагниттік индукция заңын ашқаннан кейін өзін Р.М. деген бүркеншік атпен қүпиялаған белгісіз өнертапқыш магнит электргенераторының техникалық сұлбасын құрастырды. Оның кемелдігі кейінгі өнертапқыштардың машиналарының құрылысына қарағанда көптеген жылдар бойы алда тұрды. А. Пачинотти, Ф. Нальмс, Г. Уальд, П. Яблочков, Б. Якоби, Э. Ленс, В. Сименс, З. Грамм, Э. Томсон, Г. Феррарис, Н. Тесла, Е. Арнольд т.б. көптеген ғалымдардың күшімен тұрақты ток қозғалтқышы мен электр энергиясының генераторы қазіргі құрылымдарының негізгі қалпына келді...

         1889 жылы М. Доливо-Добровольский айнымалы токтың үшфазалы жүйесін жасады және қысқа тұйықталған роторлы үшфазалы асинхронды қозғалтқыш құрастырды. Бұл керемет данышпандық, өнертапқыштық болды. Қазіргі кезде әлемде токтың үшфазалы жүйесін қолданбайтын бірде-бір ел жоқ. Асинхронды қозғалтқыштар іс жүзінде халық шаруашылығының барлық саласында кеңінен қолданылатын электр машиналары болып отыр. Электр машинасының үшінші түрі – кернеу трансформаторының шығу тарихы оқымысты Б. Якобидің есімімен тығыз байланысты, ол су асты кабелі арқылы электр энергиясын жеткізу үшін индукциялық шарғыны қолданған.

         Үшфазалы трансформаторды жасау электрлендіруді әлемнің барлық елдерінде одан ары дамытуға түрткі болды, себебі электр энергиясын алыс қашықтықтарға тасымалдау мүмкіндігі туды. Электр машиналарын жасау адамзат білімінің жас саласына жатады, оған жүз жылдан сәл ғана артық уақыт өтті. Электр машиналары өркениеттің техникалық және экономикалық бейнесін өзгерте алды және өзгертіп келеді.

2.Экология дегеніміз не? «Экология» гректің ойкос – үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және логос – ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы – «өз үйіңдегі» организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни «организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты» немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология – ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.

         Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және сонымен қатар тұтас күрделі мәселе. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін табиғи ресурстар арқылы қамтамасыз етеді. Оларға атмосфералық ауа, су топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы т.б. жатады. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Сарқылмайтынға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар, соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы, космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа, жауын-шашын, жел, сонымен қатар жер қойнауындағы жылу жатады.

         Сарқылатын табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоактивті металдар) рудалары, бейметалды қосылыстар (өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар), жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор, құм, гранит, және т.б.), энергия сақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш сланец, жертезек) жатады. Бұл ресурстардың қайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәуірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы, тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.

         Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану қарқыны алдағы уақытта төмендемейтін болса, олардың қоры азаятыны сөзсіз. Ғалымдардың болжамы бойынша, мысалы, алюминий рудасының қоры 500-600 жылға, темірдікі – 150 жылға, мырыштікі – 200-300 жылға жетеді екен.

         Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан орны толмайтын ресурстар қатарына соңғы уақытта тұщы су, оттек және т.б. қосылды. Соңғы 400 жыл ішінде жер бетінде құстар мен сүтқоректі жануарлардың  130 түрі жойылып кеткен. Қазірдің өзінде жойылуға жақындаған өсімдіктер, омыртқалы жануарлар мен кейбір құрт-құмырсқалардың түрлерінің саны 10 мыңнан асып отыр.

         Ғалымдарды, медицина қызметкерлерін және экологтарды мазасыздандырып отырған тағы бір жайт, ол су, тамақ, ауа арқылы адам организміне ауыр металдардың құрамаларының – сынап, қорғасын, кадмий, фосфат, нитраттар және нитриттер – түсуі.

         Жылдан-жылға табиғат қатты қалдықтармен ластанып келеді.

         Соңғы жылдары халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған табиғат байлығын тиімді пайдалануды, әсіресе су көздерін ластанудан, тұзданудан қорғайтын бірнеше заң қабылданды. Олардың кейбіреулері мыналар: қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы, су кодексі, су қорғау ережелері.

     

203-тапсырма. Айды зерттеудің кейбір кезеңдеріндегі мәліметтермен танысыңыз және аударыңыз. Өздеріңізге белгілі деректерді толықтырыңыз және Жер серігін зерттеу туралы әңгіме құрастырыңыз.

          2 января 1959 г. – советская космическая станция «Луна-1»; пролет мимо Луны на расстоянии 5–6 тыс. км; первый искусственный спутник Солнца, перилегий орбиты 146,4 млн. км, афелий – 197,2 млн. км.

         4 октября 1959г. – советская станция «Луна-3», облет Луны; расстояние от Луны 6200 км; фотографирование обратной стороны Луны.

         1966 год, апрель – советская станция «Луна-10», вес 240 кг; первый искусственный спутник Луны; расстояние от Луны 350–1017 км; наклонение орбиты 71054/.

         16–14 июля 1969 г. – космический корабль «Аполлон-11» (США); полет на Луну; выход двух космонавтов на поверхность Луны.

         1970 г., ноябрь – на Луне станция «Луна-17» и советский автоматический самоходный аппарат «Лунаход-1»; функционирование на поверхности Луны – 322 дня, маршрут – 10 540 км; топографические обследование поверхности Луны – 80 000 м2; снимки лунной поверхности – 20 000; изучение физико-механических свойств грунта Луны – в 500 точках, химический анализ – в 25 местах.

 

204-тапсырма. Не не болып табылады? Не неге жатады? Не қалай аталады? сияқты құрылымдар мен мыналар, біріншіден, алғашқы, соңғы т.б. сөздері қолданылатын санамалау конструкциялары мен артық, кем, жоғары, төмен  салыстырмалы сөздері арқылы заттардың (жанды-жансыз), құбылыстардың қайнау, балқу, жану, жылу температурасы мен жүру, жүгіру, ұшу жылдамдығы туралы әңгіме құрастырыңыз.

 

205-тапсырма. Өз мамандығыңыз бойынша бір құрылғыны немесе қондырғыны (компьютер, монитор, процессор, теледидар, радио, қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш, электр желісі ... т.б.) таңдап алып, өзіңіз сол заттың  атынан (І жақта) қызметіңіз жөнінде баяндап беріңіз.

 

206-тапсырма. Физика, химия пәндерінен қай ғалым қандай жаңалық ашқанын әңгімелеп беріңіз. Төмендегі берілген нұсқа бойынша баяндаңыз:

     1) Қашан, қайда, кімдермен не жағдай болды.

     2) Оқиғаның байланысуы, дамуы, шарықтау шегі (кульминация).

     3) Оқиғаның шешімі (развязка).

     4) Қорытынды – автордың оқиғаға қатысты әсері, көзқарасы, ой түюі.

 

207-тапсырма. Суреттеу тәсілімен мамандығыңыз бойынша бір құрылғыны сипаттаңыз. Төмендегі нұсқаны пайдаланыңыз:

         1) Сөз болғалы отырған заттың немесе нысанның атауын түсіндіріңіз.

         2) Затқа немесе нысанға сипаттама беріңіз.

         3) Нысанның маңызды қасиеттерін атап, баға беріңіз; ол құрылғының қолданылуын және қызметін баяндаңыз.

 

208-тапсырма. Мәтінді оқыңыз және қазақ тіліне аударыңыз. Заттардың ұқсастығы мен ерекшелігі жөнінде айтып беріңіз.

         Сопротивление электрическому току у различных веществ зависит от их чистоты. Посторонние примесы в металлах, как правило, увеличивают сопротивление последних. Примеси в диэлектриках, как правило, уменьшают сопротивление. У полупроводников примеси значительно уменьшают их сопротивление.

         Сопротивление различных веществ зависит и от температуры. У металлов сопротивление при нагревании возрастает, а при  охлаждении уменьшается.  При нагревании полупроводников их сопротивление резко уменьшается. Сопротивление диэлектриков при нагревании медленно уменьшается. При понижении температуры сопротивление проводников возрастает и при низких температурах их сопротивление так же велико, как и у диэлектриков. На сопротивление полупроводников сильно влияет не только температура. Значительно уменьшается сопротивление полупроводника под воздействием света и некоторых других факторов.

 

209-тапсырма. Екі қатардағы мәліметтерді пайдалана отырып, әңгіме құрастырыңыз.

1. Улы химиялық заттар

1.Өнеркәсіп уы, улы химикаттар, дәрі-дәрмектер

2. Зиянды заттар әсері  

2. Адам организмі, тағам, су , темекі...

3. Салдары                      

3. Улану, бас ауыру, әлсіреу, қан зақымдануы...

4. Күрес жолдары        

4. Организмнен шығуы (удың өз күшін жоғалтуы, тері, тыныс алу т.б. арқылы)

5. Уланудың алдын алу

5. Гигиеналық талаптарды орындау...

 

210-тапсырма.  Қазақстанның болашағы туралы ой бөлісіңіз және монолог құрастырыңыз.

 

211-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне жазбаша аударыңыз және түсінгеніңізді баяндаңыз.

         Термин ораторское искусство античного происхождения. Его синонимы – риторика и красноречие. В Словаре русского языка риторика определяется так:

         Теория красноречия, наука об ораторском искусстве. Излишняя приподнятость изложения, напыщенность.

         Традиционно красноречие рассматривалось как один из видов искусства. Его часто сравнивали с поэзией и актерским творчеством.

         Под ораторским искусством понимается высокая степень мастерства публичного выступления, искусное владение живым словом.

         В чем проявляется связь риторики с наукой?

         - Риторика пользуется открытиями и достижениями всех наук. Широко пропагандирует и популяризует их.

         - Многие идеи или гипотезы первоначально излогались устной форме, в публичных речах.

         - Риторика опирается на систему категорий соответствующих наук.

         Риторика есть наука о всякой предложенной материи красно говорить и писать.

(М.В. Ломоносов)

         Риторика опирается на следующие науки:

- философия;

- логика;

- психология;

- педагогика;

- этика;

- эстетика;

- литературоведение;

- лингвистика.

Специалистов разного профиля интересуют различные аспекты красноречия. Лингвисты разрабатывают теорию и культуры речи, дают рекомендации, как говорить правильно. Психологи изучают вопросы восприятия и воздействия речевого сообщения. Логика учит оратора последовательно и стройно излагать свои мысли, правильно строить выступление.

         Риторика как учебный предмет определяется так:

         Риторика – это филологическая дисциплина, объектом которой является теория красноречия, ораторское искусство, способы построения выразительной речи в разных жанрах письменной и устной речи.

 

212-тапсырма. Ұлы адамдардың ана тілі, сөз, сөз мәні, сөз күші туралы қанатты сөздердің әрқайсысын мән бере оқып шығып, түсініктеріңді өз сөздеріңмен айтып беріңдер.

         Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды. (М. Әуезов) Ана тілінен айрылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. (Ғ. Мүсірепов) Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл – өзінің халқы үшін – Ұлы. (Ш. Айтматов) Қайран тіл, қайран сөз наданға қадірсіз. (Абай) Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз. (Жүсіп Баласағұни) Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек. (Петр Вяземский) Өз мәдениетін, өз халқының тілін құрметтемейтін ұлттық нигилистен шынайы интернационалист те, толық мәнді азамат та шықпайды. (Нил. Гилевич)

         Сөз – адам күшінің қолбасшысы. (В. Маяковский) Сөзуарлық пен іс – бір-бірімен ымыраласпайтын екі дай нәрсе. (К. Маркс) Сөз – өмірдің ұлы қаруы. (В. Короленко) Сөз – істің көлеңкесі. (Демокрит)  Сөзден күшті ешнәрсе жоқ. (Менандр) Егер сөз айтқың келсе, сол сөздің мәнін минут сайын ақылыңа сал. (И. Павлов) Сөз – ойдың көрінісі. Ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр. (В. Белинский).

 

                                                Диолог

 

            Қарым-қатынастың диалогтық түрлері:

         1) диалогтық сұқбат (разговор) – бір тақырыпқа арналған қысқа уақыттық әңгіме;

         2) диалогтық әңгіме (беседа) – шешім қабылдау мақсатында мәлімет және көзқарастарын білдіру;

          3) келіссөз (переговор) – қандай да бір мәселеде мәмілеге келу мақ сатындағы талқылау;

         4) интервью – баспасөз, радио, теледидарға арналған журналистермен жүргізілетін әңгіме;

         5) пікірсайыс (дискуссия);

         6) мәслихат ( жиналыс);

         7) баспасөз конференциясы;

         8) іскерлік әңгіме – тікелей «жанды» диалог;

         9) телефонмен әңгімелесу (қашықтан) – вербалды (жест, мимика) байланыссыз.

 

213-тапсырма. Жұпқа бөлініп, сұрақтар бойынша жауап беріңіздер.

– Ғафу етіңіз, жексенбіде де жұмыс істейміз бе? ..................................................

– Кешіріңіз, сіздің кезектен тыс демалыс алғыңыз келе ме? ...............................

– Айтыңызшы, менің өтінішіме жауап берілді ме? ...............................................

– Айтыңызшы, сіздің кезекті демалысқа шығуыңыз керек пе? ...........................

– Ғафу етіңіз, құжаттарды дайындау қажет пе? ....................................................

– Айтыңызшы, сіз бөлім бастығымен ақылдастыңыз ба? ....................................

– Сіздің досыңыз арыз берді ме? .............................................................................

– Кәсіпорынды немен жабдықтау керек? ...............................................................

– Әлия кеше кіммен сөйлесті? .................................................................................

– Өтініштер мен арыздар хатшыға түсті ме? .........................................................

– Тәжірибелі әріптестер мен жас мамандар жиналысқа ақтысты ма?.................

– Осы мәселелр бойынша шешім қабылдадық па? ...............................................

 

214-тапсырма.  Студент пен оқытушы арасындағы семестрлік жұмыс туралы (орындау, тапсыру, кешігіп өткізу, СРСП кезінде консультация (кеңес) алу т.б.) сұхбат құрастырыңыз.

 

215-тапсырма. Сіз бакалавр ... мамандығын алғаннан кейін магистратураға грантқа түскіңіз келеді. Өз эдвайзеріңізден, деканның орынбасарларынан қандай құжат әзірлеу керек, қай пәндерден емтихан тапсыруға болатындығы т. б. жөнінде кеңес сұраңыз, әңгіме-дүкен құрыңыз.

 

216-тапсырма. Бұрынғы және қазіргі оқу жүйесі мен сапасы туралы екеуара сұхбат құрастырыңыз.

 

217-тапсырма. Өзіңізді журналиспін деп, бір депутаттан интервью алуыңыз керек. Қандай сұрақтар дайындайсыз?

 

         218-тапсырма. Мәтінді аударыңыз және әр ұстаным (принцип) бойынша өз ойыңызды мысалдармен түсіндіріңіз.

Кодекс делового общения:

         1) принцип кооперативное – «твой вклад должен быть таким, какого требует совместно принятое направление разговора»;

         2) принцип достаточности информации – «говори не больше и не меньше, чем требуется в данный момент»;

         3) принцип качества информации – «не ври»;

         4) принцип целесообразности – «не отклоняйся от темы, сумей найти решение»;

         5) «выражай мысль ясно и убедительно для собеседника»;

         6) «умей слушать и понять нужную мысль»;

         7) «умей учесть индивидуальные особенности собеседника ради интересов дела».  

 

219-тапсырма. Ірі сауда орталығына жұмысқа қабылдау кезіндегі әңгімелесу барысында кеңесші (консультант) болғысы келетін үміткердің сөзін жалғастырыңыз.

– Жайғасыңыз. Кеңесші болғыңыз келе ме?

– ........................................................................

– Сатушы болатын адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?

– ..................................................................................................................................

– Ал сіздің бойыңызда осындай қасиеттер бар ма?

– ..................................................................................................................................

– Неліктен сатушы болғыңыз келеді? Сіздің мамандығыңыз техник-программист емес пе?

– ..................................................................................................................................

– Компьютердің тілін жақсы білесіз бе?

– ..................................................................................................................................

– Интернетпен жұмыс істей аласыз ба?

– ..................................................................................................................................

– Хакерлікпен шұғылданбайсыз ба? Есептердегі елдің??? ақшаларын аударып алмайтын шығарсыз?

– ..................................................................................................................................

– Компьютер жинай аласыз ба?

– ..................................................................................................................................

– Программа 1-ді орнатып көрдіңіз бе?

– ..................................................................................................................................

– Міне, сізге бос, жаңа компьютер. Windows-ты қанша уақытта орната аласыз?

– ..................................................................................................................................

 

220-тапсырма. Жұп болып жұмыс істеңіз. Сіз ________ тілшісіз. ________мен кездесіп, одан интервью алдыңыз. Сұрақтардың үлгісін қалпына келтіріп, жауап беріңіздер.

1. Құрылысқа қашан келгені.

2. Алған білімдері.

3. Не себепті құрылыс саласын таңдағаны туралы.

4. Осы ұжымда қанша жыл жұмыс істегені жөнінде.

5. Қандай қызметтер атқарғаны.

6. Өміріндегі ең қиын сәттер туралы.

7. Қазір фирмалары немен айналысып жатқаны жөнінде сұрау.       

 

221-тапсырма. «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» тақырыбында екеуара ой бөлісіңіз.

 

222-тапсырма. Жұпқа бөлініп, біреуіңіз қаланы, біреуіңіз ауылды дамыту мәселесін көтеріп («Дипломмен – ауылға» бағдарламасы) сұхбат құрыңыз.

 

223-тапсырма. Дәлелді ой-пікірлеріңізді дайындап келіп, «Медицина қай елде жақсы дамыған?» тақырыбындағы пікірсайысқа қатысыңыз.

 

Жиналысты өткізу тәртібі.

1. Басшы жиналыстың нақты уақытын белгілейді, қатысушыларды таныстырады, күн тәртібін таныстырады, мақсатын анықтайды.

2. Басшы пікірталасқа қатысушылардың дұрыс шешімге келуі үшін таласты пікір тудыратын жағдай жасауы керек.

3. Мәселені арнайы баяндама немесе басшының кіріспе сөзінен кейін баяндауға болады.

4. Басшы барлық қатысушылардың пікірлерін ескереді.

5. Төрағалық етуші кісі уақытты үнемдейді.

6. Басшы мәнсіз, анық емес, регламентті немесе тәртіпті бұзғандарға ескерту жасайды.

7. Жиналыста төрағалық етуші айтылған мәселелерді қорытындылап, тағы не істеу қажет екендігін нақтылайды.

8. Басшы талқылау нәтижелерін қорытындылап, қабылданған шешімнің орындалу мерзімін, орындаушыларын атап, барлықтарына қызметтес болғаны үшін алғыс айтады.

 

224-тапсырма. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.

         Начальник отдела предупредил, что в пятницу состоится собрание отдела.

         В постановлении отмечается, что в последнее время наблюдается рост преступности стеди молодежи.

         В статье отмечается, что проблема малого и среднего бизнеса до сих пор не нашла решения.

         В объявлении говорится, что участие в конкурсе могут принять лишь люди с высшим экономическим образованием и стажем работы не менее 3-х лет.

         Докладчик сообщил, что на ближайшем заседании Парламента будут обсуждаться проект Закона о земле.

 

225-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі мағынаны қарсылық мәндес сөйлеммен аяқтаңыз.

         Үлгі: Аудандық әкімшілікте «Шағын бизнесті дамыту жолдары» деген тақырыпқа арналған іскерлік кездесу өтті, бірақ оған қатыса алмадым.

         Отырысқа аудан әкімінің орынбасары қатысты, бірақ... .

         Кездесуге қатысқандар осы мәселеге байланысты өзара пікір алысты, бірақ... .

         Кәсіпкерлердің айтуынша, банктен несие алу қиын, алайда... .

 

226-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі мағынаны себеп-салдар мәндес сөйлемдермен аяқтаңыз.

          Үлгі: Әкем кешікті, сондықтан жиналыс кеш басталды.

         Қазіргі кезде отандық тауарларға сұраным жоғары, сондықтан... .

         Шағын бизнесті құруда өзіңізге сеніңіз, сондықтан... .

         Ауданның әкімі газет тілшілерімен кездесті, сол себепті ... .

         Ауыл адамдары шағын бизнес ұйымдастырмақшы, сол себептен... .

 

227-тапсырма. Өзіңіз қалаған бір мәселеге байланысты жиналыстың күн тәртібін жасап, төрағалық етіңіз.

 

            «Дөңгелек үстел» – талқыланатын мәселе немесе талас тудыратын жағдайларда идеялар мен пікірлерді анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен бірге «дөңгелек стөл» қарым-қатынастың демократиялық формасы болып табылады. Барлық қатысушылар мен олардың  ұстанымдары бірдей және сайыскерлер басқалардан жоғары болмауы керек. Бұндай талқылаудың нәтижесінде міндеттелген тармақтарымен, мерзімімен және орындаушылары белгіленген шешім шығарылмайды, қатысушылардың ұстанымдары туралы тек  өзара ақпарат алмасады. Талқылауға қатысушылардың негізгі сөздері (ключевые слова) мынандай болуы мүмкін:

         Мен мәселенің мына тұсына көңіл аударатын едім... .

         Менің ойымша, мәселе тереңде жатқан сияқты... .

         Біз басқа жолмен жүруіміз керек сияқты... .

 

228-тапсырма. Қазақстандағы түрлі Заң жобасы, білім-ғылым мәселесіне байланысты, студенттер өміріне қатысты мәселелерді қамтыған «дөңгелек үстелге» қатысыңыз.      

 

            Телефонмен сөйлескенде тыңдай білу де өнер.

         1) мейір таныту;

         2) бағалау;

         3) меңгеру;

         4) елеу (сезіну).

 

229-тапсырма. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауы жөнінде танысыңызбен (дос, курстас, сыныптас т.б.) телефон арқылы сөйлесіп, талқылаңыз.

 

230-тапсырма. Теледидардан не интернеттен оқыған жаңалығыңызды телефон арқылы досыңызбен бөлісіңіз.

 

            Қарым-қатынас кезінде серіктестердің бір-біріне әсер ету тәсілдері:

         1) сендіру;

         2) өзін ұсыну ( самопродвижение);

         3) манипуляция;

         4) сендіру;

         5) «жұқтыру» (көңіл-күйдің әсерін);

         6) ұқсату;

         7) ықыласты (жақсы ниетті) қалыптастыру;

         8) өтініш;

         9) елемеушілік;

         10) мәжбүрлеу;

         11) тиісу (шабуыл).

    

231-тапсырма. Қарым-қатынас кезінде серіктестер бір-біріне әсер етудің қай тәсілін қолданғаны жөн ? Неліктен? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.

 

232-тапсырма. Сіз мекеменің басшысысыз. Демалыс күні жұмыс істеу қажеттілігі туды. Қол астыңыздағы қызметкерлердің көңілін аулап, жұмысқа шығуға үгіттеңіз:

         1) қазіргі жағдай белгілі бір өзгерістерді талап етеді (сенбі күндері жұмыс істемесе, мекеменің жағдайы қиындайды);

         2) әңгіменің мәнісі мекеменің жұмысын жақсарту (демалатын күндері жұмыс істеу);

         3) менің ұсынысым оңды өзгерістер әкеледі (жұмыс нәтижесінің оң өзгерістері туралы әңгімелеу);

         4) менің ұсынысымның теріс салдары болуы да мүмкін, бірақ одан  құтылудың жолдары;

         5) менің ұсыным қаншалықты дұрыс;

         6) ұсынысты жүзеге асыру үшін не істеу керек (жұмысқа шығуды үгіттеуді қайталау).

 

         Интервью түрлері:

         1) ақпараттық интервью;

         2) шұғыл (оперативное) интервью;

         3) блиц-жауап алу (көшедегілерден жауап алу);

          4) тергеу жүргізу интервьюі (расследование);

         5) интервью-портрет.

 

233-тапсырма. Өзіңіз қалаған бір мақсатта интервью жүргізіңіз. Интервьюдің қай түрін қолданғаныңызды айтыңыз.

    

Публицистикалық стильдің мақсаты саяси қоғамдық идеяларды үгіттеп насихаттау үшін газет, журнал, радио, теледидар арқылы, жиналыстар емн митингілерде тыңдармандар мен оқырмандардың ой-сезіміне әсер ету.

        Публицистикалық стильде тілдік құралдар іріктеліп қолданылады. Бұл стиль әдетте ауызша және жазбаша монолог түрінде жүзеге асады. Публицистикалық стильде сөздер салтанатты, көтеріңкі мәнде айтылады. Кітаби, қоғамдық-саяси лексика, ауызекі сөйлеу сөздері, фразеологизмдер, эмоционалды-экспрессивті сөздер, одағайлар, шылаулар, күрделі емес синтаксистік конструкциялар, риторикалық сұраулар, лепті сөйлемдер, қайталамалар кең қолданылады.

         Публицистикалық стиль публицистикалық мақала, очерк, баяндама, лепті сөйлемдер, қайталамалар кең қолданылады.  

 

234-тапсырма. Мәтін мазмұнымен танысыңыз.

         Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904 – 1985) – қазақтың ғұлама ғалымы, Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, профессор. Туған жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы.

         Өткен ғасырдың басында қазақ даласынан Ресей қалаларына барып, білім ала бастаған қазақ жастарының бірі болып Ленинград қаласына барған Әлкей Хаканұлы 1925 – 1931 жылдар арасында осындағы Шығыс институтында, сонымен қатар Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөлімінде оқиды, бұларға қоса Өнер тарихы институтында лекция тыңдайды. Осында оқып жүргенде ол КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен Алтайдың халықтарының тарихын зерттеу экспедициясына қатысып, адайлар мен наймандардың әдет-ғұрпын, тұрмысы мен өнерін зерттейді. Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә. Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа алфавит комитетінде ғылыми қызметкер болады.

         Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін жауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы» деген монографиялық еңбек жазады. «Хандар жарлығының тарихи-әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.

         Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының археология секторының меңгерушісі болып тағайындалады.

         Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан енді Орталық Қазақстанды зерттеуге бет бұрады. Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, А.М.Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакцисын басқарады. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.

         Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін ол бұрынғы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыра отырып, сонымен бірге Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны том етіп шығарысуға басшылық етеді.

         Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми-зерттеу және энциклопедиялық мақалалар жарық көрді.                 

 

235-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Әлкей Марғұлан кім?

2. Ғалым қай жерлерде білім алған?

3. Елге оралғаннан кейін қандай қызметпен шұғылданады?

4. Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықты қай еңбегінің арқасында алады?

5. Ол қазақ халқы үшін ғылымның қай саласын зерттеуде зор еңбек сіңірді?

 

236-тапсырма. Мәтінді оқып, стилін анықтаңыз. Тірек сөздерді пайдалана отырып, тезис құрастырыңыз.

         Бүкіл әлемге әйгілі Константин Эдуардович Циолковский он екі жасында гимназияға түседі. Екінші класта екі жыл отырады. Көзі жақсы көрмейтін, құлағы жақсы естімейтін жартылай кембағал бала үшінші курста гимназияны тастауға мәжбүр болды. Болашақ ұлы ғалымның алдында бар болғаны бір-ақ жол қалады. Ол – өз бетімен шұғылданып, білімін көтеру. Сөйтіп жүріп-ақ ол он сегіз жасында «Аэростат теориясы» атты еңбегін жазады. Екі жылдан кейін политехникалық мұражайда баяндама жасайды. Құлақ түріп, ықыласпен тыңдаушылардың ішінде Ресейдің әйгілі адамдары А.Г. Столетов, Н.Е. Жуковскийлер болады...

         Адамды ғалым қылатын мектеп те, жоғары оқу орындары да емес. Оқымысты болу, білімдар болу тек қана өз қолыңда. Ол үшін, әрине, құдай берген қабілет, жігер-қайрат, ең бастысы сол ілім-білімге құштарлық керек.

         Жиырмасыншы ғасырдың басында Баку қаласында дүниеге келіп, кейін Ленинград университетін бітірген Лев Давыдович Ландаудың бүкіл ғұмыры күні кеше ғана басымыздан кешірген тоталитарлық Кеңес өкіметімен тығыз байланысты. Он үш жасында орта мектепті үздік бітірген аса дарынды баланы тіптен жас деп жоғары оқу орнына қабылдамай қояды. Бірақ бір жылды артына салып болашақ данышпан ғалым бәрібір оқуға түсіп, физика-математика және химия факультеттерінде қатар оқиды. Штаттан тыс аспирант болып, он сегіз жасында алғашқы ғылыми жұмысын жазады. Физика-техникалық институттың жетекшісі Иоффе аспиранттың әлі университетті бітірмегеніне ешқандай мән бермейді. Ол дипломды он тоғыз жасында алып, жиырма бірінде оқуын жалғастыру үшін шетелге кетеді. 1934 жылы диссертация қорғамай-ақ оған ғылым докторы деген дәреже береді. Ол кезде ол «Металдардың магниттілігі» атты күрделі еңбектің авторы болған...

         Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының теориялық физика институты осы Лев Ландаудың атымен аталады. Мемлекеттік, Лениндік және Нобель сыйлықтарының иегері, АҚШ, Дания, Англия, Франция, Нидерланд Ғылым Академияларының мүшесі, заманымыздың аса белгілі ғалымы Ландаудың өмірбаянын түгел жазып шығу менің міндетім емес. Санасында сәулесі бар ойлы жастарға осы мәліметтер де жетеді-ау деп ойлаймын.

(Мырза Әли Қадыр)

 

237-тапсырма. Мәтінді оқып, қай стильде жазылғанын анықтаңыз және тезис құрастырыңыз.

         Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) – Аристотельден кейін дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Оның мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері – Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты-жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты – «Қарашоқы» деп көрсетеді.

         Әл-Фараби заманында бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда-саттық мәселесінде исламның қалыптасып дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тілі болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған әл-Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім-ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдатқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кезде әйгілі ғалымдармен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.

         Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден асты. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия-риторика, философия болып келеді.

         ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында әл-Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: – «Алмагеске түсініктеме», «Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл-мусики әл-кабир» секілді әрқайсысы бір-бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасына тапсырған әл-Фарабидің қолжазбалары өз алдына бір қазына. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.

         Өмірінің соңына қарай әл-Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шаһарына келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шаһарының кіші қақпа (Баб ас-Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.

         Әл-Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азиянвң ұлы ғаламы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай-ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар – Беруни, Бозжани, Омар Хайямдар да өздерін әл-Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.

 

238-тапсырма. Әртүрлі ақпарат көздерінен түрлі стильде жазылған мәтіндер тауып, тілдік бірліктерін талдаңыз.

 

Тақырыптық сөздік

айрықша-особый                                                   

ақау-дефект                                                            

анықтау-установить                                              

атқару-исполнять, выполнять                              

аты-жөні-инициалы                                              

аумақ-территория                                                  

әдетте-обычно                                                        

әлеуметтік-социальный                                         

әсер ету-оказывать влияние                                  

әсер қалдыру-произвести впечатление               

балама-альтернатива                                              

бас тарту-отказаться                                               

баспасөз-пресса, печать                                         

басылым-издание                                                                         

талқылау-обсудить                                                 

тапсыру-поручить                                                   

тексеріс-проверка

 

                                              Іскерлік хаттар

 

239-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         поздравительное письмо, открытое письмо, письмо-просьба, письмо-упрек, письмо-претензия, деловое письмо, частное письмо, частное деловое письмо, переписка, вести переписку, состоят в переписке, установить контакт, официальная переписка, переписка частного лица с учреждениями, переписка между лицами, должностное лицо, переписка между деловыми партнерами, заголовок (зачин) письма, основное содержание письма, концовка письма, в связи с этим, относительно ..., по поводу, с уважением, с большим уважением.

 

240-тапсырма. Оқыңыз. Жазыңыз:

          акционерлік қоғам, шағын кәсіпорын, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, осыдан бір жыл бұрын, әр айдың басында, шикізат, зиян шегу, хабарламахат, келісім-шарттан бас тарту, келісім-шарт жасасу, келісім-шарт бойынша.

 

241-тапсырма. Мына тіркестерді аударыңыз. Өзіңіз қалаған тіркестермен сөйлемдер құраңыз.

         келісім-шартқа отыру, келісім-шарт бойынша, ... міндетті келісімде көрсетілген міндет атқарылмады, белгіленген мерзімде / уақытта ... жеткізбеді, соның салдарынан, сол себептен ... теңгеге зиян шекті, келісім-шарттан бас тарту, бас тартуға мәжбүр, шағымхат жазуға мәжбүр болды, келісім-шарт талаптарынан бас тартты.

 

242-тапсырма. Кестенің оң жағы мен сол жағын сәйкестендіріңіз:

1) міндет атқару                        

- в соответствии с договором

2) келісім-шартқа отыру           

- ликвидировать договор

3) келісім-шартты бұзу             

- попасть в тяжелое положение

4) талап ету                                

- выполнять объязанности

5) талап қою                              

- подписать договор

6) шара қолдану                        

- требовать

7) шығын келтіру                      

- предъявить требования

8) келісім бойынша                   

- применять меры

9) қиын жағдайға ұшырау        

- нанести ущерб

10) міндетті түрде                      

- уделить время

11) уақыт бөлу                           

- в обязательном порядке

        

243-тапсырма. Екі сөйлемнен шартты мағыналы құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

         Үлгі: Әріптестеріңіз өз міндетін атқарады. Сіз зиян шегесіз. – Әріптестеріңіз өз міндетін атқармаса, сіз зиян шегесіз.

 

244-тапсырма.

1. Әріптесіңіз сізге шығын келтірді. Сіздің шығынның орнын толтыруды талап ету құқығыңыз бар. –

         2. Сіз қиын жағдайға ұшырадыңыз. Заңгерден ақыл-кеңес сұраңыз. –

         3. Сенің уақытың болды. Маған келіп кет. –

         4. Сен күнде қазақша сөйле. Қазақ тілін тез үйренесің. –

         5. Мен жұмыс уақытын жоспарламаймын. Мен іскер адам болмаймын.                           

         6. Ол күнделікті уақытын жоспарлайды. Ол көп жұмысты бітіреді.–

          7. Біз дүйсенбіге дейін тапсырманы орындаймыз. Ыңғайсыз болады. –

 

245-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

         1. Если ваш деловой партнер не выполнил свои обязанности и нанес вам ущерб. Вы имеете право требовать возместить ущерб.

         2. В договоре обязательно должен быть пункт о мерах, используемых в случаях не выполнения обязательств деловым партнером.

         3. Если деловой партнер не выполняет вовремя свою работу, он наносит ущерб другому партнеру.

         4. Нужно требовать от партнера своевременного выполнения обязательств.

         5. Не могли бы вы уделить мне время, я хотел бы получить консультацию?

 

246-тапсырма. Қайырболат Уәлиұлы, 1965 жылы Павлодар облысы,            

Ертіс ауданы, Қойбағар аулында туған. Білімі жоғары. 1988 жылы Жамбыл технология институтын бітіріп, Шаумян атындағы аяқ киім фабрикасында қатардағы инженер, цех басшысы, директордың орынбасары болып қызмет істеген. 1993 жылдан бері аяқ киім шығаратын шағын кәсіпорынды басқарады. Бастамашыл, білікті маман. Ұйымдастыру қабілеті бар.

 

247-тапсырма. Жоғарыда берілген сипаттаманың үлгісімен досыңызға, әріптесіңізге, танысыңызға сипаттама беріңіз.

 

248-тапсырма. Мақал – мағынасымен мәнді. Төмендегі берілген мақалды қалай түсінесіз? Бір-біріңізге сұрақ қойыңыз.

          Ақылды бастық болса, адаспайсың.

 

249-тапсырма. Қайталайық! Есіңізге түсіріңіз! Мағынасын анықтаңыз!

         білім

         қабілет

         талап

         заң                               -ды, -ді

         ақыл                           -ты, -ті                                  -сыз, -сіз

         қажет                          -лы, -лі

         тәжірибе

 

250-тапсырма. Жоғарыдағы сөздерге қосымша жалғану арқылы жаңа сөз пайда болды. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастырыңыз.

 

251-тапсырма. Сіз мұны білесіз! Қ/к дыбыстары неліктен ғ/г дыбыстарына ауысты?

         Азаматтық – Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заң; орталық – ғылым орталығы; серіктестік – Бәти Қожаққызы жауапкершілігі шектеулі «Шалқар» серіктестігінің төрайымы; анықтамалық – Жаңа заң «Жария» анықтамалығында жарияланды; үштік – Орта Азия мемлекеттері үштігінің бас қосуы болды.

 

252-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         товарищество с ограниченной ответственностью «Арай», еженедельник «Жария», Закон о коррупции, научный центр, независимость Республики, честность коллеги, дружба между народами, героизм и мужество солдата.

 

253-тапсырма. Дағдыланыңыз! Берілген тіркестер арқылы жай және құрмалас сөйлемдер құраңыз.

                      тапсырманы орында-й аласың

                      мәжіліске қатыс-а аласың

 Сен              шындықты айт-а аласың

                      құжатты дайында-й аласың

 

                      домбырада ойна-й аласыз

                      тәуекелге бар-а аласыз

 Сіз                шешім қабылда-й аласыз

                      өз пікіріңізді айт-а аласыз

                      интернетте жұмыс істе-й аласыз

 

                      өз пікірін дәлелде-й алады

                      қазақша іс қағазды толтыр-а алады

  Ол               өз әріптестерімен тіл табыс-а алады

                      ағылшын тілін үйрен-е алады

 

254-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

         1. Сегодня очень холодно. Скажите моей сестре, чтобы она не играла /не сможет играть в теннис. 2. Арайлым, ты сможешь сходить и купить билет на концерт? 3. Скажите Арыну, что заседание сегодня не состоится. 4. Вы могли бы сегодня в 3 часа приехать в акимат? 5.Вас примет заместитель акима города. 6. Мы хотели бы узнать, сможете ли вы принять участие в завтрашнем семинаре? – Конечно, смогу, обязательно буду.

 

255-тапсырма. Сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз:

         мемлекеттік орган, мемлекеттік тіл, қоғамдық ұйым, стратегиялық бағыт, акционерлік қоғам, облыстық мекеме, аудандық шара, қайырымдылық қоры;

         ізгілік көмек, достық қолдау, демократиялық даму, депутаттық сауал, тілдік ахуал, ақпараттық басылым, азаматтық борыш, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, құрылымдық бөлімше, техникалық құжаттама.

 

256-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз:

         государственный орган, политическая атмосфера, предпринимательская деятельность, союз трех, международная политика, преступная группа, правовое государство, благотворительный фонд, общественная организация, государственный язык, стратегическое направление, акционерное общество, областная организация, фонд милосердия, ощутимая помощь, дружеская поддержка, демократическое развитие, депутатский мандат, депутатский запрос, уголовное дело, воинская служба, культурный центр, профессиональная ориентация, официальный визит, воинское звание, научный труд, ученая степень, компьютерная программа, информационное издание, гражданский долг, товарищество с ограниченной ответственностью, структурное подразделение, техническое обоснование.

 

257-тапсырма. Сіз лауазымды адамсыз. Хаттың басталуында қай синонимді пайдаланасыз?

         құрметті                            қадірлі                    ардақты

         аса құрметті                     аса қадірлі               аяулы

         жолдас                              ханым                      мырза

         жоғары мәртебелі

 

258-тапсырма. Құттықтаухат қандай сөздермен басталып, қандай сөздермен аяқталады? Сөздерді мағынасына қарай топтаңыз:

шын жүректен, аса қадірлі, құрметті, ізгі тілекпен, шынайы көңілден, қадірлі, қымбатты.

 

259-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша құттықтаухат мәтінін құрастыңыз.

1. Құттықтаухат кімге арналған?

2. Қуаныш иесін немен құттықтайсыз?

3. Қуаныш иесінің қандай жетістіктері, жақсы қасиеттерін атап көрсетесіз?

4. Қандай тілектер арнайсыз?

5. Құттықтаушы кім?

 

260-тапсырма. Берілген тақырыптарға құттықтаухат жазыңыз:

1) Әріптесіңізді Наурыз мейрамымен құттықтаңыз.

2) Америкада тұратын досыңызды Жаңа жыл мейрамымен құттықтаңыз.

3) Сіздің мекемеңіз өндірістік байланыс орнатқан ұйымның құрылғанына жеті жыл толу мерекесімен құттықтаңыз.

4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтаңыз.

 

261-тапсырма. Шақыру хат мәтінімен танысып, қазақ тіліне аударыңыз. Үлгіге сүйене отырып, оқытушыңызды конференцияға шақырған хат мәтінін жазыңыз.

 

Уважаемый Иван Петрович!

 

         С 29 по 3 мая т.г. студенческая газета «Энергия» проводит 5-й региональный студенческий фестиваль «Дни Энергии на Горном Алтае-2000». В нем примут участие свыше 300 студентов Новосибирска, Томска, Кемерово, Барнаула, Красноярска, Омска, Бийска и Новокузнецка, в том числе представители региональных средств массовой информации и крупных общественных организаций.

         Цель фестиваля – привлечь внимание студенчества к важным общественным проблемам; к студенческой прессе как к инструменту развития самосознания и выражения интересов молодежи.

         В рамках фестиваля:

         – семинары, круглые столы и дискуссии по журналистике, политике, экологии;

         –     расширенное заседание Клуба молодых журналистов;

         – выступление команд КВН, музыкальных групп, коллективов студенческой самодеятельности.

         Фестиваль организовал в режиме интенсивного общения и активного отдыха.

         Просим принять участие в студенческом фестивале.

 

262-тапсырма. Ескерту хатты оқып, қазақ тіліне аударыңыз.

 

         Уважаемый Иван Николаевич!

         Все мы иногда что-то забываем, и это понятно. Мы живем в мире скоростей, и временами наши счета и долговые обязательства отходят на задний план, заслоняемые другими проблемами. Вероятно, это произошло и с Вашей фирмой.

         Наша бухгалтерия сообщила мне, что Вами просрочена оплата двух счетов. Я просил своих сотрудников не посылать Вам стандартное «письмо о просроченном платеже», так как Ваша фирма – наш старый клиент и мы знаем друг друга много лет.

         Я настоял на том, чтобы любое письмо о Ваших просроченных счетах, прежде чем отослать, показывали мне.

         Между нашими фирмами существуют хорошие взаимоотношения, и я надеюсь сохранить их. Сможете ли Вы позвонить мне на этой неделе, чтобы обсудить текущий вопрос и все возникшие у вас проблемы?

 

263-тапсырма. Жоғары оқу орнындағы оқу ақысын кешіктірген студенттің ата-анасына өз деканатыңыздың атынан сыпайы түрде ескерту хат мәтінін жазыңыз.

 

264-тапсырма. Электр энергиясын уақытында төлемеген тұтынушыға пәтер иелері кооперативінің атынан сыпайы түрде ескерту хат мәтінін жазыңыз.

 

265-тапсырма. Зергерлік фирманың тұрақты сатып алушысына арналған хатын оқып, аударыңыз. Хаттың құрылымынан назар аудару, қызығушылық туғызу, өтініш және іс-әрекетке   шақырған бөлімдерді көрсетіңіз.

 

         Уважаемые господа!

        

          Я опишу Вам интереснейший момент создания опалов в искусственных условиях.

         Сейчас я нахожусь в стерильной лаборатории в Японии и наблюдаю за удивительгой работой гениальных ученых, которые проделывают то, что до сих пор удавалось только матери-природе. Вокруг меня в несколько рядов расставлены самые современные приборы – «пылесосы» космического века. Если бы я не знал, что это такое, я бы сказал, что меня окружают декорации научно-фантастического фильма. Внутри этого «пылесоса» растут опалы!

         Я заглядываю в окошечки барокамеры, но кажется, что ничего не происходит. Этому есть объяснение. Опалы растут так медленно, что для получения настоящего кристалла требует почти 6 месяцев.

         Однако (имя клиента), все ожидания окупятся сторицей. Наши опалы блестят на 10% ярче, чем самые лучшие природные экземпляры, за которые Вам пришлось бы заплатить более 3000 долларов. Искусственно выращенный опал того же размера обойдется Вам всего за 100 долларов.

         Кроме того, они долговечнее. В отличие от природных опалов наши не боятся воды, выдерживают высокую температуру. Они будут передаваться в Вашей семье из поколения в поколоние. Взгляните на прилагаемую брошюру, и Вы увидите, как они прекрасны.

         Искренне Ваш,..

         P.S. Наши опалы появятся в продаже только в ноябре. Однако, поскольку Вы наш постоянный клиент, можете приобрести их сколько угодно прямо сейчас с 40% –ной скидкой. Мы должны получить Ваш заказ до 1 ноября. Таким образом, мы хотим выразить Вам, нашему постоянному клиенту, свою благодарность.

 

266-тапсырма. Бір фирманың атынан өз өнімін жарнамалап сатуға бағыттаған хат мәтінін жазыңыз.

 

267-тапсырма. Ілеспе хат мәтінін оқып, аударыңыз. Оқу орындарына қандай мәселелерге байланысты ілеспе хат жіберілетінін ойланып, айтып көріңіз.

         Направляем постановление администрации Новосибирской области от 02.06.2000 г. №286 «Об охране жизни людей на воде».

         Для выполнения данного постановления администрации области необходимо провести следующие мероприятия:

         1) принять меры для организации обучения подростков плаванию. Вести строгий учет учащихся, не умеющих плавать;

         2) в оздоровительном лагере, в лагерях труда и отдыха, в спортивно-оздоровительных лагерях, при проведении походов провести инструктаж по правилам поведения на воде, оборудовать места купания, не допускать купание несовершеннолетних без физкультурных работников и воспитателей;

         3) при проведении массовых водных, спортивных соревнований и экскурсий согласовывать порядок их проведения и обеспечения мер безопасности со специальными органами местного самоуправления;

         4) ежегодно в апреле-мае в профучилище проводить Неделю безопасности на воде;

         5) обеспечить кабинеты по преподаванию основ безопасности жизнедеятельности учебными пособиями, наглядным материалом по спасению людей на воде;

         6) принять участие в смотрах безопасности на воде, проводимых районными (городскими) комиссиями по охране жизни людей на воде.

         Приложение: Постановление на 1 л. в 1 экз.

 

268-тапсырма. Ақпараттық хат мәтінімен танысып, мазмұнын қысқаша баяндаңыз.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

         С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдың 2-4 қарашасында «V МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

    

          Конференцияның ғылыми бағдарламасы:

1) Мәшһүр-Жүсіп және әлем фольклоры.

2) М. Ж. Көпеев пен Батыс және шығыс әдебиеті байланысының мәселелері.

3) Қазақ әдеби тілінің дамуы және Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының тілі.

4) Мәшһүр-Жүсіптің тарихи және философиялық көзқарастары.

5) Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы педагогикалық және психологиялық көзқарастар.

6) М. Ж. Көпеев және қазіргі ғылым мен білімнің көкейкесті мәселелері.

 

Конференцияның материалдарын жариялау үшін 2006 жылғы қазан айының 4-іне дейін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына: 140008, Павлодар қ., Ломов к., 64. С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ғылым департаментінің ғылыми шаралар ұйымдастыру бөлімі, тел.: 45-38-60, Ғылыми-баспа орталығы, тел.: 45-11-43, факс (8-3182) 45-11-23.

 

E-mail:konf@psu.kz

orgnauka@psu.kz

 

үлгі бойынша өтініш және төмендегі тілдердің бірінде: қазақ (KZ Times New Roman Суг), ағылшын тілдерінде MS WORD (6,0 немесе 7,0) редакторында терілген 5 беттен аспайтын, 3,5 дюйм дискетте және А-4 форматтағы ақ қағазға басылған (материалдар мен дискеталар қайтарылмайды) мақала жолдануы керек.

 

         Баяндамаларды ресімдеуге қойылатын талаптар:

            1) Шрифт Times New Roman Суг, KZ Timas New Roman (12rt); аралық – бір, барлық жақтан ақ шет: үстіңгі жағы – 2,5 см., астыңғы жағы – 2,5 см., сол жағы – 3 см., оң жағы – 2 см..

          2) Беттің үстіңгі жағында – бас әріппен жазылған баяндаманың аты, оның астында екі аралықта бас әріппен автордың аты-жөні және тегі, кіші әріппен қаласы және жұмыс орны, содан соң екі аралықтан кейін мәтін берілуі керек.

         Материалдар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды ресімдеуге қойылатын талаптарға дәлме-дәл сәйкес болуы керек. Осы талаптраға сай ресімделмеген мақалалар жинаққа енгізілмейді. Материалдар мен дискеталар қайтарылмайды.

         Толтырылған тіркеу парағы ғылыми шараларды ұйымдастыру бөліміне тапсырылуы міндетті (каб. 4/1, Ломова, 64, ІІ қабат).

         Конференция баяндамаларын іріктеу құқығы ұйымдастыру комитетінің құзырында қалдырылады.

         С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушы-профессор қызметкерлерінің жарнасы – 1 000 теңге. Басқа жоғары оқу орындарынан, мекемелерден, ұжымдардан қатысушылардың жарнасы – 1 500 теңге.

 

269-тапсырма. Жоғары оқу орнының күндізгі бөліміне келесі мамандықтар бойынша студенттерді қабылдауға арналған ақпараттық хат мәтінін құрастырыңыз:

мемлекеттік және жергілікті басқару; қаржы және несие; юристік қызмет (юриспруденция). Оқуға түсу үшін өтініш, орта білімі туралы құжат, 3х4 өлшемді фотосурет, жеке куәлік қажет. Өтініш 28 маусым мен 15 шілде аралығында қабылданады. Анықтама телефондары: 8 (727) 2-92-58-42; 2-92-58-45.

 

270-тапсырма. Бір фирманың атынан жеке адамдарға және мекемелерге келісімді бағада дербес компьютерлерді сату және тапсырыс қабылдап, бағдарлама орнату мүмкіндігі бар екенін айтып, ақпараттық хат мәтінін құрастырыңыз.

 

271-тапсырма. «Экспоцентр» ұйымдастыру комитетінің «Құрылыс пен өнеркәсіпте материалдық және отын-энергетика қорларын үнемдеу» атты халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуды ұсынған шақыру хат мәтінін жазыңыз. Көрме «Атакент» сауда кешенінің павильонында өтеді.

 

272-тапсырма. «Ирмень» акционерлік қоғамының төрағасына өткізілген тұқым үшін жеңіл автокөліктерді жеткізу мәселесі жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жауап хатын құрастырыңыз.

 

273-тапсырма. «Радон» арнайы комбинатының (спецкомбинат) директорына тұрғын үйлерді электрмен жабдықтауға берілетін тегін рұқсат түріне «Новосибирск-энерго» энергетика және электрлендіру өндірістік бірлестігінің бас тартқан жауап-хатын құрастырыңыз.

 

 

Тақырыптық сөздік

 

ақпарат-информация

азаматтық хал актілері-акты гражданского состояния

аксессуар (қосалқы заттар)-аксессуар

жал, жалдау-аренда

жарқын-светлый; радушный

жолаушы жүгі-багаж

жеткізу-доставка

жетекші-ведущий

жүргізу-вести

біреуге хат жолдаушы адам-адресант

арнайы-персональный; специальный

байқау-заметить; осторожничать

башылыққа алу-принять к руководству

бедел-авторитет; влияние

бірлескен-совместный

дана-экземпляр

дәлел, негіз, уәж-аргумент

дәлелдеу; дәлелдер жиынтығы-аргументация

дер кезінде-своевремменно

енгізу-включить; ввести; внесение

немқұрайдылық, енжарлық-апатия

қалтқысыз қызмет ету-честно служить

қаржы-средства; финансы

қасиет-качество; достоинство

қолдану-использовать; потребление

қоса атқарушылық-совместительство

құжаттама-документация

құн-платы; стоимость; цена

құру-создавать

         мәжбүр-вынужденный

мәлім-известный; известно

мәміле-сделка

мұрагерлік-наследование

мүдде-интерес

міндеттену-обязываться; взять в обязательство

нақты-конкретный

нұқсан келтірмеу-не ущемлять

өкім-распоряжение

өкімдік-распорядительный

өтеу-возмещение

өткізу-реализация

сапар-путешествие

серіктестік-товарищество

сыйға беру-дарение

сынақ-испытание

талапкер-истец

талап ету-требовать; требование

тармақ-пункт

тиесілі-причитающийся

туындау-возникновение

тіркеу-регистрация

уағдаласқан-договоренность; соглашение

ұдайы-регулярно; постоянно

ұлағатты-поучительный

ұңғыма-скважина

ұсыныс-предложение; рекомендация

хат-хабар-корреспонденция

шара-мероприятие

шығару-выпуск; исключение

шығын-убыток; расход

ықшам-краткий; небольшой

іскер-деловой; деятельный

іссапар-командировка

ізетті-вежливый

 

                                     Лексика-грамматикалық тест

 

1. Қызметтік хатта ... мәселелер жазылады.

а) жеке басқа қатысты

ә) қызметке қатысты

б) махаббатқа қатысты

в) дұрыс жауап жоқ

2. Қызметтік хат ... жазылады.

а) ауызекі сөйлеу тілінде

ә) көркем  әдебиет стилінде

б) ресми-іс қағаздар стилінде

в) дұрыс жауап жоқ

3. Қызметтік хат мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:

а) ақша жоқ

ә) қаржы тапшылығына байланысты

б) ақша болмай жатыр

в) ақша болмай отыр

4. Қызметтік хат мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:

а) әлі бар

ә) әлі де отыр

б) әлі де орын алып отыр

в) дұрыс жауап жоқ

5. Қызметтік хат мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік:

а) қарастыруыңызды сұраймыз

ә) қайтсеңіз де қарастырыңыз

б) тез қарастырыңыз

в) дұрыс жауап жоқ

 

6. Дұрыс аударылған тілдік бірлікті көрсетіңіз: исполнитель, использование, исправление.

а) жазушы, орындау, қолдану

ә) орындаушы, пайдалану, түзету

б) талапкер, орындату, орындаушы

в) орындаушы, пайда түсіру, пайдалану

7. Источники финансирования тіркесінің дұрыс баламасы:

а) қаражат

ә) қаражат тапшылығы

б) қаржыландыру

в) қаржыландыру көздері

8. Қызметтік хат қандай құжат?

а) мекемелер арасында қолданылатын іс қағазының бір түрі

ә) мекемелер арасында қолданылатын жай қағаздың бір түрі

б) жеке іс қағазының бір түрі

в) дұрыс жауап жоқ

9. Бір пікірді басқа бір мағынасы жақын сөздермен ауыстырып, қайта-қайта айта беру –

а) философия

ә) тавтология

б) филология

в) логика

10. Қызметтік хаттың жеке хаттан айырмашылығы не?

а) ресми емес мәселелер қарастырылады

ә) ресми мәселелер қарастырылады

б) жеке мәселелер қарастырылады дұрыс жауап жоқ

11. Қызметтік хат жазғанда құжат тақырыбын қою міндетті ме?

а) иә

ә) жоқ

б) білмеймін

в) дұрыс жауап жоқ

12. Хатқа қол қоюшы адам бірнешеу болған жағдайда олар қандай тәртіппен жазылады?

а) алфавит бойынша

ә) иерархиялық тәртіп бойынша

б) иерархиялық; қызмет дәрежесі бірдей болса, алфавит тәртібімен

в) кері иерархиялық тәртіп бойынша

13. Құжатты дайындаушы туралы мәлімет беру іс жүргізуге қай жағдайда жеңілдігін тигізеді?

а) құжат дұрыс болғанда

ә) құжатты қайта жасау керек болғанда

б) құжатта қате кетпеген жағдайда

в) құжат қатесіз жазылғанда

 

14. Іс қағаздарын жазуда қандай сөздер қолданылмайды?

а) термин

ә) архаизм, диалект

б) неологизмдер

в) қыстырма сөздер

15. Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан ... бар:

а) тізімі

ә) тәртібі

б) жөні

в) себебі

 

                                             Рөлдік ойындар

 

1. Барлық қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Әрқайсысы белгілі тұлғалардың рөлін өзіне таңдайды: әнші, актер, президент... . Тапсырма: көршісімен танысып, бір-біріне өздері туралы әңгімелеу. Мысалы: менің аты-жөнім Алла Пугачева. Мен орыспын, Москвада тұрамын. Серіктесінің рөлі: Танысып қойыңыздар, бұл – Алла Пугачева. Ол – орыс, Москвада түрады. Топ мүшелері ілікпе сөздермен (реплика) жалғастырып «Солай ма?», «Жақсы болды» т.б., «Сіз тұрмыстасыз ба?», «Сіздің негізгі мамандығыңыз қандай?» сияқты сұрақтар қою керек.

2. Әрбір ойынға қатысушы дауыстап «Үй, пәтер» тақырыбы бойынша кез келген бір заттың атын не үшін айтатынын білмесе де  атайды. Тапсырма: өзін осы затпын деп есептеп, өзі туралы айтып беру керек. Мысалы: Мен телевизормын, үлкенмін және түрлі-түстімін. Мен екінші қабаттың қонақ бөлмесінде тұрамын. Менің атым «Sony». Мен мульфильдер мен спорттық бағдарламаларды жақсы көремін. Менің інім ас үйде тұрады. Ол кішкентай және ақ-қара түсті.

3. Барлық қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Ойынды оқытушы бастайды. Ол, мысалы, мынандай сөз айтуы мүмкін: «Кеше мен ... кездестірдім». Барлығы оның кімді кездестіргенін шешуге тырысады: «Сіз менің анамды кездестірдіңіз бе?». «Сіз басқа планеталықпен кездестіңіз бе?». Тапсырма: болжам айтып, ойынға қатысушылардың құмарын ояту. 3-4 болжамнан кейін жасырған сөзін айтып, жаңа сөзді шешуге кірісуге болады. Жұмбақ сөздің нұсқалары өте көп болуы мүмкін: кеше мен ... жедім, демалыс күні мен ... алдым, кеше мен ... көрдім... .

4. Дәптер парағының тор көзіне уақыттың «қатпарлы торт» суретін салады. Тапсырма: өзінің серіктесіне әрбір қабат бойынша әңгімелеу. Мысалы: күніне мен 10 мин. жуынамын, 30 мин. таранамын, 5 сағат сабақта отырамын, 1 сағат дүкенге барамын... . Келесі нұсқа: әрбір топша студенттері қатесі жоқ сабақ кестесін құрастырады. Мысалы, дүйсенбі: 2 сағат дене тәрбиесі, 3 сағат сызу. Сейсенбі: 4 сағат ағылшын тілі, 2 сағат қазақ тілі... .

 

5. Ойынның «А» топшасының қатысушысы бет-әлпеті және қолының қимылдарымен бүгін таңертең не істегенін түсіндіреді. Тапсырма: оның қимылдарын сөзбен түсіндіріп беру. Серіктесінің немесе топша мүшелерінің түсіндірген сөзінен кейін «А» топшасының қатысушысы не дұрыс айтылмағанын өзі түсіндіріп, түзетеді. Ойынға қатысушылардың барлығы кезекпен рөлді орындап шығады.

6. Қатысушылардың барлығы жұп болып жұмыс істейді. «А» топшасының қатысушысы – алтын балық. «Б» топшасының қатысушысы оған 3 тілекпен үн қатады. Тапсырма: «балықты» өзінің тілеген орындауға көндіру. «Балық» сұрақ қояды. Содан кейін серіктестер рөлдерімен алмасады. «Мен ... қалар едім», «Маған ... керек еді» құрылымы қолданылады.

7. Барлық ойынға қатысушылар келесі сұрақтарға жауап беру керек:

1) Елсіз аралда сіз қандай тарихи/белгілі тұлғамен қалғанды қалар едіңіз және неліктен?

2) Аралға сөз өзіңізбен бірге қандай 3 затты алар едіңіз және неліктен?

3) Бәрінен де сізге ол жерде не жетіспейтін еді және енліктен?

Тапсырма: серіктесіңізбен бірге сұрақтарға жауаптарды талдаңыз. Ойынға қатысушылар серіктестерін өздері таңдайды.

8. Оқытушы қандайда бір жазушы немесе тарихи тұлғаның сырт көрінісі мен мінезін сипаттайды, оның өмірінен қызықты әңгімелер келтіреді. Тапсырма: кім туралы айтылып жатқанын болжамдау. Барлық ойынға қатысушылар өз болжамдарын дәлелдей отырып кезекпен әңгімелейді. Содан кейін оқытушы жауабын береді. Әдебиет және тарих бойынша бағдарламалық материал пайдаланылғаны жөн.

9. Стөл бетіне суреттер мен фотосуреттерді ... жайып қояды. Әрбір ойынға қатысушы не үшін екенін білмей оларды бір-бірден алады. Тапсырма барлығы таңдау жасағаннан кейін беріледі: бұл суретті не үшін таңдағанын түсіндіру. Мысалы: мен табиғатты жақсы көремін, оның ішінде тауларды, орманды, жалпы жасыл түсті ұнатамын... . Келесі нұсқа: суреттер емтихан билеттері сияқты жайылады. Әрбір ойынға қатысушы өзіне қандай сурет келетінін білмей алады. Тапсырма: бұл сурет оған ұнай ма немесе жоқ па, түсіндіреді.

10. Әрбір ойынға қатысушы жеребе бойынша курстасының есімі жазылған кеспені суырады. Тапсырма: өз жолдасын сыпайы және әдепті түрде сынау. Мысалы, сен шаштаразға баруың керек сияқты. Сенің шаштарың әдемі, бірақ тым ұзын... . Жөндеуге келетін нәрселер ғана – киім, әуесқойлығы т.б. сыналады. ... Сыналатын адам өзін қорғау керек: мен ұзын шашты ұнатамын, бұл қазір сән және жақында ғана шаш қидырғанмын. Естеріңізде болсын! «Сен маймылға ұқсайсың», «Сенің мұрның Буратинонікіндей» тәріздес сөздерді айтуға болмайды.

11. Қазақ (француз, неміс, ағылшын) теледидарының кеші

Барлық қатысушылар рөлі белгіленген кеспелерді алып, бірнеше уақыт ойланады. Тапсырма: көрсетілген телехабарға қатысу. Оқытушы теледидар «экранының» алдына отырып, көрерменге айналады. Диктор хабарлардың тізімін алып, өзі бағдарламаны құрастырады. Кеспелердің үлгісі:

1) Сіз теледидардың дикторысыз. Сіз бағдарламаны құрастырасыз және жүргізесіз.

2) Сіз белгілі рок топтың мүшесісіз. Сіздің тобыңыздың тарихы мен өзіңіздің жеке басыңыз туралы тілшілердің сұрағына әзір болыңыз. Ән айтуды ұмытпаңыз!(Бұл кеспе 3-4 ойыншыға арналған).

3) Сіз «Қазақ (француз, неміс, ағылшын) тілі хабарын жүргізесіз. Бұл хабар көрермендерге ұнау үшін тырысыңыз.

4) Сіз саяси шолушысыз және «Жаңалықтар» хабарын жүргізесіз. Сенсация айтуды ұмытпаңыз!

5) Сіз тілшісіз. Белгілі рок топтың мүшелерімен хабар жүргізіңіз.

6) Сіз француз иіссуларын жарнамалайсыз. Жарнамалық үзіліс үшін өзіңіз қалаған уақытты таңдап алыңыз. Сіз кез келген хабарды үзе аласыз.

7) Сіз ... фирмасының киімін жарнамалайсыз. Жарнамалық үзіліс үшін өзіңіз қалаған уақытты таңдап алыңыз.

8) Сіз тілшісіз. Белгілі киноактермен кездесуге әзірленіңіз.

9) Сіз белгілі киноактрисасыз. Тілшінің сіздің шығармашылығыңыз және жеке өміріңіз туралы сұрақтарына жауап беруге әзір болыңыз.

10) Сіз «Жануарлар әлемінде» хабарының жүргізушісісіз. Сізді қызықтыратын – экзотикалық жануарлар.

11) Сіз «Спорт барлығы үшін» хабарын жүргізесіз. Хабарды дене жаттығуын жасаудан бастауыңызға болады.

12) Сіз ата-аналарға арналған хабарды жүргізесіз. Сіздің жасыңыздағы балаларды қалай тәрбиелеуге болатыны жөнінде кеңес беріңіз.

13) Сіз «Денсаулық» хабарын жүргізесіз. Тұмау, шылым шегу... . Сіз кез келген тақырыпты таңдай аласыз. 

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Дүйсембекова Л. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2011. -400 бет.

2. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздары тілі. Мемлекеттік қызметшілер мен студенттерге арналған оқу құралы. – Алматы: Рауан, 2000. -176 бет.

3. Хазимова Ә. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. – Алматы: Ол-Жас, 2004. -120 бет.

4. Ақанова Д.Х., Алдашева А.М., Ахметжанова З.Қ., Қадашева Қ.Қ., Сүлейменова Э.Д. Ресми-іскери қазақ тілі. Оқулық кешені. Бірінші деңгей. Екінші деңгей. Үшінші деңгей. – Алматы: Арман, 2002. -408 бет.

5. Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. – Алматы: Раритет, 2004. -208 бет.

6. Салагаев В. Культура делового общения. Деловая риторика. Деловые документы: Учебное пособие. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 2003. – 232 с.

7. Введенская Л.А., Павлова Л.Г. Риторика и культура речи. Учебное пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2008. -537 с.

8. Зельдович Б.З. Деловое общение. Учебное пособие. – Москва: Альфа-Пресс, 2007. -456 с.

9. Қасымбекоа М., Әлімқұлов Қ., Юсупов К., Әлмешев Ж., Сапарбеков Ә. Екі тілде іс жүргізу: Сөздік-анықтамалық. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. -224 бет.

10. Смирнова Ю.Г. Русский язык для технических вузов. Учебное пособие. – Алматы: АИЭС, 2009. -150 с.

11. Зверев В.В. Дипломная работа по истории: учебно-методическое пособие. – Москва: Экзамен, 2006. -125 с.

12. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). – Астана: Елорда, 2001. -230 бет.

13. Кирсанова М.В., Анодина Н.Н., Аксенов Ю.М. Деловая переписка: Учебное пособие. -2-е изд. – М.: ИНФРА-М, 2002. -102 с.

14. Төлеуп М.М. Қазақ тілі. Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен әдістемелік көрсеткіштер. – Алматы: АЭжБИ, 2003. -30 бет.

15. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. Оқу құралы. – Алматы: Рауан, 1990. -184 бет.

16. Аренова Т.В. Практические рекомендации по организации и проведению ролевых игр на уроке иностранного языка. – Алматы, 2007. -37 с.

 

 

Мазмұны 

1

Алғы сөз                                              

2

2

Мамандық 

3

3

Резюме (түйіндеме)  

7

4

Конкурс

11

5

Өтініш

18

6

Бұйрық

27

7

Анықтама

32

8

Қолхат. Сенімхат                                                                                         

37

9

Жарнама

45

10

Функционалдық стильдер                                                                          

50

11

Монолог

53

12

Диалог

61

13

Іскерлік хаттар                                                                                              

71

14

Рөлдік ойындар                                                                                            

83

15

дебиеттер тізімі

86