АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Өздік жұмыстарға арналған әдістемелік көрсеткіш

(студенттер мен магистранттарға арналған)

 

 

 

Алматы 2004

         ҚҰРАСТЫРУШЫ: Букейханова Р.К., Тулеуп М.М., Алмухамедова Г.С. Қазақ тілі. Өздік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар (студенттер  мен магистранттар үшін) Алматы: АЭжБИ,2004.–2,0б.

  

Әдістемелік нұсқау  магистранттар мен аспиранттарға кандидаттық минимумды тапсыруға жәрдемдесетін құрал ретінде дайындалды.

Нұсқауда газет материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі туралы мәліметтер, әр түрлі тақырыптағы  газет материалдары, олардың сөздігі беріліп, қазақ тілі пәнінің мемлекеттік стандартының нормативтік талаптарына енгізілген  грамматика – морфологиялық дағдыларды игеруге негізделген жаттығулар берілген.

  

           Пікір беруші: фил. ғыл. канд. Тілембекова А.И.

  

            Алматы энергетика және байланыс институтының 2004 жылғы жоспары бойынша басылды.

 

 

                               Ó Алматы энергетика және байланыс институты, 2004 ж.

Алғы сөз 

Әдістемелік нұсқауда жаңа білім беру концепциясына сәйкес бакалаврларға арналып жасалған типтік бағдарламаға негізделіп және қазіргі қазақ тілін оқыту мәселесінің алға басып келе жатқан кезеңінде кәсіби біліктіліктің негізгі критерийлерінің бірі ретінде мемлекеттік тілді   меңгеру танылған жағдайын ескере отырып  дайындалды.

Әдістемелік көрсеткіш қазақ тілін мектеп бағдарламасы көлемінде меңгерген, қазақ тілінің негізгі грамматикалық категорияларымен таныс,  оқу, жазу, түсіну, сөйлеу біліктіліктеріне белгілі бір деңгейде ие студенттерге арналған.

Әдістемелік нұсқауда студенттердің болашақ мамандығына сәйкес техникалық мәтіндер келтірілген. Алдымен мәтіннің сөздігі, мәтін алды тапсырмалар, содан кейін мәтіннің өзі және мәтін бойы, мәтін соңы тапсырмалар мол берілген.  

Грамматикалық категориялар бөлек берілмей, студенттердің мектеп бағдарламасы бойынша бұл жөнінен білімдері бар екенін ескеріп, тек қайталау, бекіту мақсатында мәтін контексінде берілген. Мәтін соңы тапсырмаларда, бұған дейінгі оқулықтар мен оқу құралдарында ескерілмей келген ақпаратты құрмалас сөйлемдер көмегімен беру мәселесі қарастырылады.

Студенттердің мамандықтарына негізделген мәтіндер және сол мәтіндермен байланыста берілген грамматикалық жаттығулар мен тапсырмалар студенттердің тілге деген қызығушылығын тудырады және олардың тілді білу деңгейін көтеруге септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Бірінші сабақ

1. Электр станциялары. Жалпы мәліметтер

Сөздік:

нарықтық – рыночный

құрылым – структура

өзгеру – меняться

басқару – управлять, управление

жекешелендіру – приватизация

ықтимал – возможно

мұқтаждық – нужда, потребность

тұтынушы – потребитель

қуат, қуаттылық - мощность

мөлшер – размер, объем, количество

қамтамасыз ету – обеспечивать

біріктіру – объединить

сарқырама – водопад

 

1.1 Сөз тіркестерін аударыңыз

Нарықтық экономикаға байланысты бірнеше рет өзгерді; еліміздің энергетикасын халық шаруашылығында, тұрмыста тиімді пайдалану мақсатында; әр түрлі уақыт мезгілінде тұтынушылар қолданатын электр энергиясы; электр энергиясына деген мұқтаждық; станоктарды, пештерді, жарықты токка қосады не болмаса ажыратады; ал осыған орай электр станцияларының қуаттылығы да өзгеріп отырады; тұтынушылар қаншалықты көп болса; электр станцияларының жүктемесі соншалықты аз мөлшерде тербеліп; электр энергиясының басқа энергия түрлерімен салыстырғанда; біртұтас жүйелерде жұмыс істейтін энергетикалық жүйелерге біріктіреді; электр станцияларын салатын жерді таңдап алуда.

 

1.2 Сөйлемдерді оқып, аударыңыз, сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанына назар аударыңыз.

Не неге байланысты өзгереді

Қазақстан энергетикасын басқару (не)  нарықтық экономикаға (неге) байланысты  өзгереді.

Электр энергиясының көлемі  (не) тұтынушылардың мұқтаждарына (неге) байланысты өзгереді.

 

Не нені басқарады

“KEGOC” АҚ  (не) Қазақстан электр желілерін (нені) басқарады.

 

Не не болып табылады

Электр станциялары (не)  электр энергиясының фабрикалары  (не) болып табылады.

............ дегеніміз не?

Электр станциялары дегеніміз - электр энергиясының фабрикалары, яғни электр энергиясын өндіретін орындар (не).

Не деп нені айтады

Электр станциялары (не) деп электр энергиясының фабрикаларын (нені) айтады.

 

Қандай мақсатта не болады

Халық шаруашылығында, тұрмыста тиімді пайдалану (қандай) мақсатында оның құрылымы өзгереді (не болады).

 

Не үшін не болуы керек

Тұтынушыны электр энергиясымен қамтамасыз ету (не) үшін электр станцияларының (ненің)  өзінің белгілі бір қоры (не) болуы керек.

 

1.3  Салыстыру мағынасындағы конструкциялар:

1.3.1 Электр энергиясының басқа энергия түрлерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар.

1.3.2 Электр энергиясының басқа энергия түрлеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары бар.

1.3.3 Электр энергиясының басқа энергия түрлерінен бірқатар артықшылықтары бар.

 

Тұтынушылар қаншалықты көп (қандай)  болса, электр станцияларының жүктемесі соншалықты аз (қандай) мөлшерде тербеледі.

 

Неге назар аударған жөн?

Бастапқы көздерінің немесе механикалық энергия көздерінің (өзен суының тасқыны, сарқырама, асу т.б.) болуына (неге) назар аударған жөн.

 

1.4   Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Қазіргі кезге дейін Қазақстан энергетикасын басқару құрылымы нарықтық экономикаға байланысты бірнеше рет өзгерді. Айталық, “KEGOC” АҚ  (14.07.97 құрылды) Қазақстан электр желілерін (110-1150 кВ) басқарады. Бірнеше электр станциялары жекешелендірілді. Мысалы, Екібастұз ГРЭС-2, Қарағанды ГРЭС-2, Қарағанды ЖЭО-2, Тараз ГРЭС және т.б. Алдағы уақытта да еліміздің энергетикасын халық шаруашылығында, тұрмыста тиімді пайдалану мақсатында оның құрылымының өзгеруі ықтимал.

Электр станциялары электр энергиясының фабрикалары болып табылады, бірақ оның ерекшелігі - электр станцияларының өнімдерін жинауға болмайтындығында.

Электр станциялары әр түрлі уақыт мезгілінде тұтынушылар қолданатын электр энергиясын өндіреді, электр энергиясына деген мұқтаждық уақыт өткен сайын өзгеріп отырады (зауыттарды, станоктарды, пештерді, жарықты токка қосып не болмаса ажыратады, электр  көліктерін – трамвай, троллейбус, метро,  электр пойыздарын жүргізеді не болмаса тоқтатады), электр станцияларында да электр энергиясының өндірілуі, ал осыған орай электр станцияларының қуаттылығы да өзгеріп отырады.

Кез келген тұтынушыны электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін электр станцияларының өзінің белгілі бір қоры болуы керек.

Тұтынушылар қаншалықты көп болса, электр станцияларының жүктемесі соншалықты аз мөлшерде тербеліп, электр станцияларының жабдықтармен жұмыс істеуі соғұрлым жеңілденеді. Міне, сондықтан да көбінесе ірі электр станцияларын салады немесе оларды біртұтас жүйелерде жұмыс істейтін энергетикалық жүйелерге біріктіреді.

Электр энергиясының басқа энергия түрлерімен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар: ұсақ бөлшектерге ыдырап, тұтынушылардың мұқтаждарына байланысты ватт үлесі қуатынан (өте кішкентай шамдар) ондаған және жүздеген мегаватқа (рудатермиялық пештер, прокат стандары, электролиз ванналары және басқалары) дейін өзгере алады. Электр энергиясының тағы бір ерекшелігі – оны кез келген қашықтыққа беру мүмкіндігі.

Электр станцияларын салатын жерді таңдап алуда алғашқы энергияның бастапқы көздерінің немесе механикалық энергия көздерінің (өзен суының тасқыны, сарқырама, асу т.б.) болуына назар аударған жөн. Отынның толып жатқан түрлері болуымен қатар жылу электр станцияларының жұмысы сумен жабдықталуы қажет және  көлік,  тұрмыстық немесе технологиялық жылу болу керек. Мұның бәрі электр станцияларының тұратын орнын белгілейді және осының бәрі салынатын станциялардың өнеркәсіп пен өндірістің дамуына, тұрмыс жағдайының жақсаруына тигізетін әсерінің орасан зор екендігін көрсетеді.

 

1.5 Бөліп көрсетілген сөздерге сұрақ қойыңыз.

Оларды біртұтас жүйелерде жұмыс істейтін энергетикалық жүйелерге біріктіреді.

Кез келген тұтынушыны электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін электр станцияларының өзінің белгілі бір қоры болуы керек.

Мұның бәрі электр станцияларының тұратын орнын белгілейді.

Кез келген тұтынушыны электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін электр станцияларының өзінің белгілі бір қоры болуы керек

Электр станцияларының жабдықтармен жұмыс істеуі жеңілденеді.

 

1.6 Мына етістіктерге мүмкін болатын сұрақтарды қойып, сол сұрақтарға жауап жазыңыз: өзгеру, қамтамасыз ету, біріктіру, жекешелендіру, көрсету, белгілеу.

Үлгі: Өзгерді 

Не өзгерді                                Қазақстан энергетикасын басқару өзгерді

Қашан өзгерді                         Қазіргі кезге дейін өзгерді

Неліктен өзгерді                   Нарықтық экономикаға байланысты өзгерді.

Неше рет өзгерді                   Бірнеше рет өзгерді

 

1.7 Сөйлемдерді аяқтаңыз, мүмкін болса, сөздердің бірнеше варианттарын беріңіз.

Үлгі: Электр станциялары электр энергиясының фабрикалары болып ................(табылады, есептеледі), бірақ оның ерекшелігі - электр станцияларының өнімдерін жинауға ..................... . Энергияның бастапқы көздерінің болуына назар аударған ........ . Тұрмыста тиімді пайдалану мақсатында оның құрылымының өзгеруі ............. . Көлік пен тұрмыстық немесе технологиялық жылу болуы .......... . Мұның бәрі электр станцияларының тұратын орнын ................. .

 

 

Екінші сабақ

2. Электр станцияларының түрлері және олардың ерекшеліктері

Сөздік

бастапқы энергия көздері  - первичные источники энергии

арнаулы қондырғы - специальная установка

табиғи көз – природный источник

теңіз тасуы мен қайтуы  – прилив и отлив моря

толқын энергиясы – энергия волн

жер асты – подземный

жылу-күш қондырғылары – тепло-силовые установки

жылу алмастырғыш жүйе – теплообменные системы

мұржа - труба

үздіксіз – непрерывно, непрерывный

қозғалтқыш – двигатель

 

2.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Табиғи көздерден алынған энергияны арнаулы қондырғыларда түрлендіру негізінде; электр станцияларының түрлері және олардың ерекшеліктері; әр түрлі табиғи қорларды пайдаланып; олардағы энергияны бізге қажетті де ыңғайлы энергия түріне айналдыру; пайдаланылатын табиғи энергия көздеріне қарай; отынды жаққанда түтіннің жылуы ретінде туатын энергия; аралық денеге жылуын берген түтін мұржа (труба)  арқылы атмосфераға шығарылады; қыздырылған аралық дене жылу жеткізуші ретінде тұтынушыларға жіберіліп; жылуын бергеннен кейін жылу алмастырғышқа қайтарылады; электр энергиясын өндіргенде; шартты термин деп ұққан дұрыс.

 

2.2 Сөйлемдерді оқып, аударыңыз, сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанына назар аударыңыз.

Не неге қарай (не не бойынша) топтастырылады

Электр станциялары (не) бастапқы энергия көздеріне (неге) қарай       топтастырылады.

Электр станциялары (не) бастапқы энергия көздері (не) бойынша        топтастырылады.

Пайдаланылатын табиғи энергия көздеріне (неге) қарай  энергетика қондырғыларының мынадай түрлері болады.

Пайдаланылатын табиғи энергия көздері (не) бойынша энергетика қондырғылары мынадай түрлерге бөлінеді.

 

Не неге айналады

Аралық дене атқарған механикалық энергия (не) электр энергиясына (неге) айналады.

 

2.3 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Электр станциялары бастапқы энергия көздеріне қарай топтастырылады.

Ал электр және жылу  энергиясын өндірудің өзі табиғи көздерден алынған энергияны арнаулы қондырғыларда түрлендіру негізінде жүргізіледі. Осылайша, бұл жерде сөз негізінен өндіру туралы емес, әр түрлі табиғи қорларды пайдаланып, олардағы энергияны бізге қажетті де ыңғайлы энергия түріне айналдыру процесі туралы болып отыр. Сондықтан энергетикадағы “өндіру” деген сөзді шартты термин деп ұққан дұрыс.

Пайдаланылатын табиғи энергия көздеріне қарай энергетика қондырғыларының мынадай түрлері бар:

жылу электр станциялары (ЖЭС);

атом электр станциялары (АЭС);

су электр станциялары (СЭС);

теңіз тасуы мен қайтуының энергиясын және толқын энергиясын пайдаланатын электр станциялары (ТЭС);

су аккумуляциялық электр станциялары (САЭС);

жер астындағы энергия көздерін пайдаланатын электр станциялары (ЖАЭЭС);

күн сәулесі энергиясын пайдаланатын электр станциялары (КСЭС);

жел электр станциялары (ЖЭС);

дизель электр станциялары (ДЭС):

газ-турбиналы электр станциялары (ГТЭС);

11. Бу-газ турбиналы электр станциялары (БГТЭС).

Жылу-күш қондырғылары немесе жылу электр станциялары (ЖЭС) органикалық отынның химиялық байланысқан энергиясын пайдаланады. Отынды жаққанда түтіннің жылуы ретінде туатын энергия су, бу және газ түрінде қолданылатын заттарға беріледі. Бұл заттарды жылу алмастырғыш жүйелерде  аралық дене деп атайды. Аралық денеге жылуын берген түтін мұржа (труба)  арқылы атмосфераға шығарылып тасталынады. Қыздырылған аралық дене жылу жеткізуші ретінде тұтынушыларға жіберіліп, жылуын бергеннен кейін жылу алмастырғышқа қайтарылады да процесс басынан бастап қайталанып, үздіксіз жүріп отырады. Міне, осылайша жылу энергиясы өндіріледі.  Ал электр энергиясын өндіргенде қыздырылған аралық дене жұмыс өндіргіш ретінде қозғалтқыштарға жіберіліп, механикалық жұмыс атқарылып болған соң шыққан жүйесіне қайтып келеді.

Қозғалтқыштарға тіркелген электр генераторларында аралық дене атқарған механикалық энергия электр энергиясына айналады.

 

2.4 Бұл заттарды жылу алмастырғыш жүйелерде  аралық дене деп атайды сөйлеміндегі аралық денеге әр түрлі анықтама беріңіз (денелер деп аталады, аралық денелерге жатады, аралық денелер болып табылады, аралық денелер дегеніміз).

 

2.5 Бөліп көрсетілген сөздерге сұрақ қойыңыз.

Қыздырылған аралық дене жылу жеткізуші ретінде тұтынушыларға жіберіледі.

Аралық денеге жылуын берген түтін мұржа арқылы атмосфераға шығарылып тасталынады.

Қозғалтқыштарға тіркелген электр генераторларында аралық дене атқарған механикалық энергия электр энергиясына айналады.

Ал электр және жылу  энергиясын өндірудің өзі табиғи көздерден алынған энергияны арнаулы қондырғыларда түрлендіру негізінде жүргізіледі.

 

2.6 Мәтіннен есімшеден (-ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін) жасалған қандай сұрағына жауап беретін тіркестерді табыңыз.

Үлгі: Табиғи көздерден алынған (қандай) энергия

 

Үшінші сабақ

3. Магниттік индукция

Сөздік

өткізгіш – проводник

қозғалыс – движение

магнит өрісі – магнитное поле

өзара әрекеттесу – взаимодействие

тәуелді – зависит

сол қол – левая рука

тұжырымдау – формулировать

шама – величина

тесіп өту – пронизывать

нүкте – точка

 

3.1 Сөз тіркестерін аударыңыз

Электр тогы өтіп тұрған өткізгішті; өткізгіштің өзара әрекеттесуі нәтижесінде; магнит өрісі мен тогы бар өткізгіш; өткізгіштің қозғалыс бағыты өткізгіштегі токтың бағытына тәуелді; өрістің магнит сызықтарының бағытына; магнит өрісі мен ток жүруінен пайда болған өріс; магнит өрісі мен ток жүруінен пайда болған өрістің өзара әрекеттесуінен; өткізгіштің оң жағындағы магнит өрістері бірдей бағытты болғандықтан; өткізгішке оң жағынан үлкен, сол жағынан кіші күш әсер етеді; өткізгіштің қозғалу бағыты да өзгереді; магнит сызықтары алақанымызды тесіп өтетіндей етіп; жазылған бас бармағымыз өткізгіштің қозғалу бағытын көрсетеді; тогы бар өткізгішке осы өрістің әсер ету күшінің шамасына қарап  айтуға болады

 

3.2 Оқыңыз, аударыңыз, конструкциялардың қалай жасалғанына назар аударыңыз.

Ненің нәтижесінде не болады

Магнит өрісі мен тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуінің (ненің) нәтижесінде өткізгіш (не) белгілі бағытта қозғалады.

 

Не неге тәуелді болады

Өткізгіштің қозғалыс бағыты (не) өткізгіштегі токтың бағытына (неге) және өрістің магнит сызықтарының бағытына (неге) тәуелді болады.

Тогы бар өткізгішке әсер ететін күш (не) өткізгіштен өтіп тұрған токка және магнит өрісінің интенсивтілігіне тәуелді болады.

 

Не неліктен болады

Өткізгіштің оң жағындағы магнит өрістері (не) бірдей бағытты болғандықтан (неліктен) қосылады.

Сол жақтағылары (не) әр түрлі бағытта болғандықтан (неліктен)  бірімен-бірі жартылай жойылады.

 

Неліктен не пайда болады

Магнит өрісі мен ток жүруінен пайда болған өрістің өзара әрекеттесуінен (неліктен) қорытынды магнит өрісі (не) пайда болады.

 

Не неге пропорционал/ перпендикуляр

Өткізгіштегі ток (не)   өткізгіш ұзындығына (неге) пропорционал

Тогы бар өткізгіш (не) біркелкі магнит өрісінің магнит сызықтарына  ((неге) перпендикуляр

 

3.3 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Егер электр тогы өтіп тұрған өткізгішті магниттің магнит өрісіне кіргізсек, онда магнит өрісі мен тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі нәтижесінде өткізгіш белгілі бағытта қозғалады. Өткізгіштің қозғалыс бағыты өткізгіштегі токтың бағытына және өрістің магнит сызықтарының бағытына тәуелді болады.

Магнит өрісі мен ток жүруінен пайда болған өрістің өзара әрекеттесуінен қорытынды магнит өрісі пайда болады. Өткізгіштің оң жағындағы магнит өрістері бірдей бағытты болғандықтан қосылады, ал сол жақтағылары әр түрлі бағытта болғандықтан бірімен-бірі жартылай жойылады. Сол себептен өткізгішке оң жағынан үлкен, сол жағынан кіші күш әсер етеді. Өткізгіштегі токтың бағытының өзгеруі оның айаласындағы магнит сызықтардың бағытын өзгертеді, осы себептен өткізгіштің қозғалу бағыты да өзгереді.

Магнит өрісіндегі өткізгіштің қозғалу бағытын анықтау үшін сол қол ережесін пайдалануға болады, ол былай тұжырымдалады: магнит сызықтары алақанымызды тесіп өтетіндей етіп сол қолымызды жайып ұстасақ, ал қосылған төрт саусағымыз өткізгіштегі токтың бағытын көрсетіп тұрса, онда жазылған бас бармағымыз өткізгіштің қозғалу бағытын көрсетеді.

Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке әсер ететін күш өткізгіштен өтіп тұрған токка және магнит өрісінің интенсивтілігіне тәуелді болады.. Магнит өрісінің интенсивтілігі магниттік индукция В-мен сипатталады. Магниттік индукцияның өлшемі ретінде тесла (Тл=В· с/м²) алынады.

Магниттік индукция туралы магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке осы өрістің әсер ету күшінің шамасына қарап  айтуға болады. Егер біркелкі магнит өрісінде магнит сызықтарына перпендикуляр орналасқан, ұзындығы 1 м және 1 А ток өтіп тұрған өткізгішке 1 Н(ньютон) күш әрекет етсе, онда осындай өрістің магнит индукциясы 1 Тл-ға тең. Магниттік индукция векторлық шама болып табылады, оның бағыты магнит сызықтарының бағытымен бағыттас, сонымен қатар өрістің әрбір нүктесінде магниттік индукцияның векторы магнит сызыққа жанама бойымен бағытталады. Магнит өрісіндегі ток өтіп тұрған өткізгішке әсер ететін күш F магниттік индукция B-ға, өткізгіштегі ток I-ге және өткізгіш ұзындығы l-ге пропорционал, яғни F=Bil болады. Бұл формула тогы бар өткізгіш біркелкі магнит өрісінің магнит сызықтарына перпендикуляр орналасқан жағдайда ғана дұрыс болады. Егер тогы бар өткізгіш магнит өрісінің ішінде магнит сызықтарына қарағанда қандай болмасын α бұрыш жасап тұрса, онда өткізгішке әсер ететін күш мынадай болады: F=Bil sin α.

Егер өткізгіш магнит сызықтарын бойлай орналасса, онда F нөлге тең болады, себебі α=0.

 

3.4 Салыстыру мағынасындағы конструкцияларды еске түсіріп, сөйлемді бірнеше түрге өзгертіңіз.

Егер тогы бар өткізгіш магнит өрісінің ішінде магнит сызықтарына қарағанда қандай болмасын α бұрыш жасап тұрса, онда өткізгішке әсер ететін күш мынадай болады: F=Bil sin α.

 

3.5 Сөйлемдерді шартты мағыналы етіп өзгертіңіз.

Үлгі: Бұл формула тогы бар өткізгіш біркелкі магнит өрісінің магнит сызықтарына перпендикуляр орналасқан жағдайда ғана дұрыс болады. Бұл формула тогы бар өткізгіш біркелкі магнит өрісінің магнит сызықтарына перпендикуляр орналасса ғана дұрыс болады.

Өткізгіштің оң жағындағы магнит өрістері бірдей бағытты болғандықтан қосылады, ал сол жақтағылары әр түрлі бағытта болғандықтан бірімен-бірі жартылай жойылады.

Электр тізбегінің кедергісі одан өтетін токка тәуелсіз болғанда сызықтық, ал тізбек кедергісі одан өтетін токка тәуелді болғанда сызықтық емес кедергі деп аталады.

Кедергі тұрақты болғандықтан, Ом заңы бойынша ток пен кернеу арасында тура попорционал байланыс болады.

 

3.6 Қажетті жалғауларды белгілеңіз.

Өткізгіш...... ке/те әсер ететін күш; магнит сызықтары.....н/на перпендикуляр; электр тізбегінің кедергісі одан өтетін ток...та/ка тәуелсіз; элементтің кедергісі токтың өсуі....не/нен  қарай кемитін болса; кедергіге түсірілген кернеу мен өтетін ток.....ты/тың арасындағы байланыс; сызықтық емес тізбектегі ток пен кернеу....ді/де вольт-амперлік сипаттамалары арқылы анықтайды; есептеу әдісін сызықтық емес кедергілердің кез келген саны....нан/на қолдануға болады.

 

Төртінші сабақ

4. Тұрақты ток машиналарындағы шығындар және олардың ПӘК-і

Сөздік

тұрақты ток – постоянный ток

құраушы -  составляющий

шығын – потеря

өзекше – сердечник

құйынды ток – вихревой ток

қайыра магниттелу – повторное намагничивание

ЭҚК (электр қозғаушы күш) – ЭДС

орам – обмотка

түйіспе – контакт, точка соединения

жүктеме – нагрузка

үйкеліс – трение

 

4.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Тұрақты ток машиналарының жұмыс істеуі кезінде; бірінші құраушысына; якорь өзекшелерінде пайда болатын құйынды ток; машина якорі айналғанда; қайыра магниттелу процесіне; гистерезис шығыны деп аталатын қуат; якорь өзекшесінің қайыра магниттелу жиілігіне тәуелді; щеткалардың   коллектормен    үйкелісіне  кететін  шығындар;  генератор                                                   

режимінде жұмыс жасайтын машина; қайыра магниттелу жиілігі якорьдің айналу жиілігіне тәуелді; генератор қысқышындағы кернеу.

 

4.2 Сөйлемдерді оқыңыз, аударыңыз, сұрақтар мен жауаптарға назар аударыңыз.

Қай кезде, қашан не болады

Тұрақты ток машиналарының жұмыс істеуі кезінде (қашан) энергия шығыны (не) болады.

Машина якорьі айналғанда (қашан) оның өзекшесінің болаты (не) үздіксіз қайыра магниттеледі.

 

Неге не жатады

Шығынның бірінші құраушысына (неге) болаттағы шығын Рбол  (не) жатады.

Шығынның екінші құраушысына (неге) мыстағы шығындар Рор (не) жатады.

Оларға (неге) щеткалардың коллектормен үйкелісіне кететін шығындар  (не) жатады.

 

Қандай не

Болаттағы (қандай) шығын (не)

Щеткалар түйіспелеріндегі (қандай) шығындар (не)

Подшипниктердегі (қандай) үйкеліс (не)

Жүктемедегі (қандай) ток (не)

Генератор қысқышындағы (қандай) кернеу (не)

 

4.3 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Тұрақты ток машиналарының жұмыс істеуі кезінде үш құраушыдан тұратын энергия шығыны болады.

Шығынның бірінші құраушысына болаттағы шығын Рбол жатады. Ол якорь өзекшелерінде пайда болатын құйынды ток пен гистерезистік (қайыра магниттелу) шығындардан тұрады. Машина якорьі айналғанда оның өзекшесінің болаты үздіксіз қайыра магниттеледі. Қайыра магниттелу процесіне гистерезис шығыны деп аталатын қуат жұмсалынады. Сонымен қатар, якорь магнит өрісінде айналғанда оның өзекшесінде құйынды токтар индукцияланады. Гистерезис пен құйынды токтар шығындарын болаттағы шығындар деп атайды. Олар жылуға айналып, якорь өзекшесін қыздырады.

Болаттағы шығындар магниттік индукция мен якорь өзекшесінің қайыра магниттелу жиілігіне тәуелді болады. Машинаның ЭКҚ немесе кернеуі магниттік индукциямен анықталады, ал қайыра магниттелу жиілігі якорьдің айналу жиілігіне тәуелді.

Шығынның екінші құраушысына мыстағы шығындар Рор жатады. Мыстағы шығындар деп қоздыру орамасының сымдары мен якорь орамасының сымдарын олар арқылы жүретін токтар қыздыруға жұмсайтын энергияны айтады.

Якорь орамасындағы және щеткалар түйіспелеріндегі шығындар якорь тогына тәуелді, яғни тұрақты болмайды – жүктеме өзгергенде - өзгереді.

Шығынының үшінші құраушысына механикалық шығындар – Рмех жатады. Оларға подшипниктердегі үйкеліске жұмсалатын, айналатын бөлшектердің ауамен және щеткалардың коллектормен үйкелісіне кететін шығындар жатады. Бұл шығындар машина якорінің айналу жиілігіне тәуелді болады. Сондықтан механикалық шығындар жүктемеге байланысты болмай, тұрақты болады.

Машинаның пайызбен есептелген ПӘК-і η=Р2/Р1·100%, мұндағы Р2  - пайдалы қуат; Р1 – машина тұтынатын қуат.

Генератор режимінде жұмыс жасайтын машинаның пайдалы қуаты Р2=UI, мұндағы U - генератор қысқышындағы кернеу; I-жүктемедегі ток.

 

4.4 Мәтіннен келесі сөздерге анықтауыш болатын сөздерді табыңыз.

Шығын, индукция, кернеу, ток, машина, үйкеліс, энергия, қуат

 

4.5 Бөлініп көрсетілген сөздердің антонимін жазыңыз.

Тұрақты ток. Электр тогын ажырату. Ток артады. Пайдалы қуат. Жоғары жылдамдықты машина. Үлкен айналу жиіліктерінде жұмыс істейді. Аппарат қосылған. Аккумулятордың ішкі кедергісі гальваникалық элементтердікіне қарағанда аз.

 

4.6 Керекті қосымшаны немесе сөзді қойыңыз.

Механикалық шығындар жүктеме...ге/де  байланысты болмайды. Цилиндрлік орамалар.....ды/дың орналасуы суретте көрсетілген. Айнымалы ток ................ үшін/арқылы айнымалы өріс туады. Кернеу мен ток....та/ты өлшеуге арналған аспаптар. Ол резонанстық бұрыштық жиілік деп атал......ады/ды. Генератордың орамалары...н/ны жалғау. Желілік сымдардың арасындағы кернеу желілік кернеу ....... деп/деген аталады. Электр мөлшерін анықтау ............бойынша/үшін ампер-сағатты қолдану ыңғайлы. Шығынның екінші құраушысына мыстағы шығын...... ды/дар  Рор жатады.

 

4.7 Сөздерді орнына қойып, сұраулы сөйлем жасаңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

а) жұмыс // тұрақты // кезінде // машиналарының // істеуі // қандай // ток // шығыны // болады // энергия

ә) құраушысына // жатады // шығынның // қандай // екінші // шығын

б) щеткалар // орамасындағы // якорь // болады // түйіспелеріндегі //шығындар // және // қандай

в) магниттелу // қандай // жұмсалынады // қайыра // процесіне // қуат

г) якорь  // құйынды // қай // индукцияланады // кезде // өзекшесінде // токтар

ғ) немен // немесе // анықталады // ЭКҚ // машинаның // кернеуі

 

4.8  Үзіндіні аударыңыз.

Если в магнитном поле постоянного магнита или электромагнита поместить проводник и под действием какой-либо силы перемещеть его, то в нем возникает ЭДС. При подключении этого проводника к какому-либо приемнику энергии в замкнутой цепи под воздействием ЭДС будет протекать ток.

 

Бесінші сабақ

5. Коллекторлы әмбебап  қозғалтқыштар.

Сөздік

әмбебап – универсальный

айналдырушы – вращающий

күш – момент

ағын – поток

ширек – четверть

ығысу  бұрышы – угол смещения

теңгергіш – уравнительный, успокоительный, компенсационный

қарсы бағытталған – встречно направлено

септігін тигізу – содействовать

 

5.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Кез келген тұрақты ток қозғалтқышы; айнымалы ток желісінен жұмыс жасай алады; якорь тогы мен полюстердің магниттік ағынының көбейтіндісіне тәуелді болатын; қозғалтқышта туатын айналдырушы кезең; якорь тогы мен полюстерінің магниттік ағынының бағыты; бір мезгілде өзгерткен кезде; едәуір үлкен айналдырушы кезең туғызу үшін; параллель қоздырылатын қозғалтқышта мұндай фазалық дәл келушілік болмайды; қоздыру орамасы тудыратын магниттік ағын; берілген кернеуден фаза бойынша шамамен ширек периодқа қалық болады; тізбектеле қоздырылатын қозғалтқышта; қоздыру орамасының орам саны оның тұрақты токпен жұмыс жасағандағысынан анағұрлым аз.

 

5.2 Сөйлемдерді оқыңыз, аударыңыз, сұрақтар мен жауаптарға назар аударыңыз.

Не болу үшін не істеу керек

Үлкен айналдырушы кезең туғызу үшін (не болу үшін) якорь тогының бағыты мен полюстердің магниттік ағындарының бағытын бір мезгілде өзгерту керек (не істеу  керек).

 

Не қайда қалай қосылады

Қозғалтқыш (не) тұрақты ток желісіне (қайда) «0» және «=» қысқыштары арқылы (қалай) қосылса, ал айнымалы ток желісіне (қайда) - «0» және «~» қысқыштары арқылы (қалай) қосылады.

 

5.3 Мәтінді оқып, аударыңыз.

Негізінде кез келген тұрақты ток қозғалтқышы айнымалы ток желісінен жұмыс жасай алады, өйткені якорь тогы мен полюстердің магниттік ағынының көбейтіндісіне тәуелді болатын, қозғалтқышта туатын айналдырушы кезең якорь тогы мен полюстерінің магниттік ағынының бағытын бір мезгілде өзгерткен кезде өз бағытын өзгертпейді.

Едәуір үлкен айналдырушы кезең туғызу үшін якорь тоғының бағыты мен полюстердің магниттік ағындарының бағытын бір мезгілде өзгерту керек, яғни якорь тогының фазасы мен полюстердің магниттік ағынының фазасы бірдей болуы керек. Параллель қоздырылатын қозғалтқышта мұндай фазалық сәйкестік болмайды, өйткені қоздыру орамасы тудыратын магниттік ағын берілген кернеуден фаза бойынша шамамен ширек периодқа қалық болады. Тізбектеле қоздырылатын қозғалтқышта якорьдегі ток әрі қоздыру тогы болып табылады. Қоздыру тогымен магниттік ағын арасындағы фазалардың ығысу бұрышын есепке алмасақ, онда якорьдегі ток пен магниттік ағынның фазалары бір-бірімен сәйкес келеді деп санауға болады, яғни олардың өзгерулері бір мезгілде жүреді деп есептеуге болады.

Қуаты аз коллекторлы қозғалтқыштар әмбебап етіп жасалынады, яғни олар әрі айнымалы, әрі тұрақты ток желісінен жұмыс жасай алады. Әдетте мұндай қозғалтқыштарды теңгергіш (компенсациялық) орамасыз жасайды. Тұрақты ток желісіне қозғалтқыш «0» және «=» қысқыштары арқылы қосылса, ал айнымалы ток желісіне - «0» және «~» қысқыштары арқылы қосылады. Сонымен айнымалы токпен жұмыс жасағанда қоздыру орамасының орам саны оның тұрақты токпен жұмыс жасағандағысынан анағұрлым аз, сондықтан теңгергіш орамасының болмағанына қарамай қуат коэффициенті едәуір жоғары болады.

Әмбебап коллекторлы қозғалтқыштың айнымалы ток желісінен жұмыс жасаған кездегі сипаттамасы тізбектеле қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының сипаттамасына ұқсас.

Қуаты аз бір фазалы коллекторлық айнымалы ток қозғалтқыштары автоматикада, байланыс қондырғыларында  және тұрмыстық мақсатта кеңінен қолданылады. Құрылысы жағынан олардың тұрақты ток қозғалтқыштарынан айырмашылығы үлкен.

Құйынды ток шығындарын азайту үшін коллекторлы қозғалтқыш статорының магнит өткізгішін болат табақтарынан жинайды. Якорь реакциясының ағыны өздік индукция ЭҚК-ін туғызады, ол қуат коэффициентін біраз мөлшерде төмендетуге септігін тигізеді. Коллекторлық қозғалтқышта якорь реакциясының статорға тигізетін әсерін жою үшін теңгергіш орамасын орналастырады. Оның магниттік ағыны якорь реакциясының ағынына қарсы бағытталған. 

 

5.3 Екі бағанадағы сөздердің мағыналық бөліктерінің арасын сызықпен қосыңыз.

ығысу                                                         тогы

қозғалтқыш                                              желісі

қуат                                                            қысқышы

қоздыру                                                     орамасы

ток                                                              коэффициенті

қоздыру                                                     бұрышы

орама                                                         реакциясы

якорь                                                         саны

 

5.4 Болады сөзін қолданып, сөз тіркестерін құраңыз.

Үлгі: есептеуге болады

санау

қолдану

айту

көз жеткізу

табу

атау

анықтау

тұжырымдау

өрнектеу

көрсету

 

5.5 Арқылы, туралы, үшін, бойынша, туралы, байланысты, арқасында сөздерінің керегін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз, аударыңыз.

Электролит ................ электр тогы өткен кезде химиялық қосылыстар түрінде кездесетін заттар бөлінеді. Кернеуді көбейту .......... элементтер тізбектеп қосылады. Трансформатор ........... жалпы мәлімет берейік. Олардың тізбегі R және Rх резисторлары ............... тұйықталады. Қозғалыстағы электрондардың ........................ туатын магниттік өрістер әр түрлі орында орналасады. Магниттік өрістердің өзара орналасуына ................. олар бір-бірімен қосылып немесе бір-бірінен айрылуы мүмкін. Ток пен кернеуді өлшеу ........... амперметрлер мен вольтметрлер қолданылады. Оларды гистерезис әсеріне ...................... тұрақты ток тізбегінде қолдануға болмайды.

 

5.6 Бос орынға қажет шылауды (мен, бен, пен, және, да, де, та, те, немесе) қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Айнымалы ток тізбегіндегі қуат кернеу ....... токқа ғана емес, олардың арасындағы фаза ығысуына ..... тәуелді. Олардың тізбегі R ....... Rх резисторлары арқылы тұйықталады. Генераторлық индукциялық түрлендіргіштерде өлшенетін электрлік шама, мысалы, сызықтық ........... бұрыштық қозғалыстар ЭҚК-ге түрленеді.  Трансформатордың бос жүрісі кезінде оның екіншіреттік орамасы ажыратылған күйде болады..... бұл орамнан ток жүрмейді.

 

5.7 Сөйлемдегі бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз.

Кез келген тұрақты ток қозғалтқышы айнымалы ток желісінен жұмыс жасай алады.

Якорь тогының бағыты мен полюстердің магниттік ағындарының бағытын бір мезгілде өзгерту керек.

Қуаты аз бір фазалы коллекторлық айнымалы ток қозғалтқыштары автоматикада, байланыс қондырғыларында  және тұрмыстық мақсатта кеңінен қолданылады.

Коллекторлық қозғалтқышта якорь реакциясының статорға тигізетін әсерін жою үшін теңгергіш орамасын орналастырады.

Құрылысы жағынан олардың тұрақты ток қозғалтқыштарынан айырмашылығы үлкен.

Оның магниттік ағыны якорь реакциясының ағынына қарсы бағытталған. 

  

Алтыншы сабақ

6. Жүктелген тұрақты ток  машинасының магнит өрісі

Сөздік

бос жүріс – холостой ход

ауа саңылауы – воздушная щель, зазор

қорытқы ағын – результируюший поток

біркелкі – равномерно

көлденең өріс – горизонтальное поле

жүктелген кезде – во время нагрузки

бейтарап сызық – нейтральная линия

бәсеңдеу -  ослабевать

қашушы полюс – опережающий полюс

қуушы  полюс – отстающий

 

6.1 Сөз тіркестерін аударыңыз

Машина жүктелгенде якорь орамасынан ток жүреді; якорь центрінен және полюстер осіне перпендикуляр сызық бойында орналасқан; ауа саңылауында біркелкі таралады; полюстердің магнит өрісіне әсерін тигізеді; якорь мен полюстердің магниттік қозғаушы күштерінің әсері арқасында; машина жүктемеленген кезде якорь тогы тудырған магнит өрісі; якорь орамасы арқылы сырт көзден машина жүктелген кезде өтетін ток жіберілсе; якорьдің бұл өрісі полюстер осіне перпендикуляр бағытпен тұйықталады; генератор үшін қуушы полюс, қозғалтқыш үшін қашушы полюс; магниттік индукция полюстің бір шетінде бәсеңдейді; жүктелген машинада қорытқы магнит өрісі полюстер осіне симметриялы болмайды; қорытқы магнит өрісінің магниттік қозғаушы күшіне перпендикуляр сызығын да жылжытады.

 

6.2 Сөйлемдерді оқыңыз, аударыңыз, сұрақтар мен жауаптарға назар аударыңыз.

Не болса, не болады

Қоздырылмаған машинаның якорь орамасы арқылы сырт көзден машина жүктелген кезде өтетін ток жіберілсе (не болса), онда якорьдің магнит өрісі пайда болады (не болады).

 

Не қалай жасалады (болады)

Магнит өрісі  (не) полюстердің магниттік қозғаушы күшімен (қалай) жасалады.

Якорьдің бұл өрісі (не) полюстер осіне перпендикуляр бағытпен (қалай) тұйықталады

 

6.3 Мәтінді аударыңыз

Машинаның бос жүрісі кезінде якорьде ток жүрмейді, магнит өрісі полюстердің магниттік қозғаушы күшімен жасалады. Ол полюстер осіне симметриялы болады да, ауа саңылауында біркелкі таралады.

Щеткалар геометриялық бейтарап сызығында, яғни якорь центрінен өтетін және полюстер осіне перпендикуляр сызық бойында орналасқан дейік. Машина жүктелгенде якорь орамасынан ток жүріп, өзінің магнит өрісін туғызады. Ол полюстердің магнит өрісіне әсерін тигізіп, оны өзгертеді, яғни якорь мен полюстердің магниттік қозғаушы күштерінің әсері арқасында магнит тізбегі арқылы қорытқы магниттік ағын Фр тұйықталады. Қорытқы магниттік ағын Фр бос жүріс кезіндегі полюстер ағынына Фm  тең емес. Машина жүктемеленген кезде якорь тогы тудырған магнит өрісінің полюстердің магнит өрісіне тигізетін ықпалы якорь реакциясы деп аталады.

Егер қоздырылмаған машинаның якорь орамасы арқылы сырт көзден машина жүктелген кезде өтетін ток жіберілсе, онда якорьдің магнит өрісі пайда болады. Якорьдің бұл өрісі полюстер осіне перпендикуляр бағытпен тұйықталады, оны якорь реакциясының көлденең өрісі деп атайды.

Якорьдің магниттік қозғаушы күші полюстің бір шетінің (генератор үшін қуушы полюстің, қозғалтқыш үшін қашушы полюстің) астында полюстердің магниттік қозғаушы күшіне қарама-қарсы бағытталған, ал полюстің екінші шетінің (генератор үшін қашушы, қозғалтқыш үшін қуушы полюстің) астында – полюстердің магниттік қозғаушы күшімен бағыттас болады. Демек, магниттік индукция полюстің бір шетінде бәсеңдейді де, екінші шетінде күшейеді.

Сонымен, жүктелген машинада қорытқы магнит өрісі полюстер осіне симметриялы болмайды, яғни якорь реакциясының өрісі полюстердің магнит өрісінің таралуын өзгертеді. Якорь реакциясының өрісі физикалық бейтарап сызықты да, яғни якорь центрі арқылы өтетін және қорытқы магнит өрісінің магниттік қозғаушы күшіне перпендикуляр сызығын да жылжытады.

 

6.4 Мәтіннен берілген сөздердің қандай сұрағына жауап беретін сыңарын анықтаңыз.

Үлгі: Күш - магниттік қозғаушы күш

Өріс

Сызық

Жүріс

Машина

Көз

Полюс

 

6.5 Бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз.

Машинаның бос жүрісі кезінде якорьде ток жүрмейді.

Ол ауа саңылауында біркелкі таралады.

Ол полюстердің магнит өрісіне әсерін тигізеді.

Полюстердің магниттік қозғаушы күштерінің әсері арқасында магнит тізбегі арқылы қорытқы магниттік ағын Фр тұйықталады.

Якорь центрі арқылы өтетін және қорытқы магнит өрісінің магниттік қозғаушы күшіне перпендикуляр сызығын да жылжытады.

Магниттік индукция полюстің бір шетінде бәсеңдейді.

Жүктелген машинада қорытқы магнит өрісі полюстер осіне симметриялы болмайды.

 

6.6 Жақшаның ішіндегі сөздерді аударыңыз, сәйкес формаға қойыңыз.

Полюстердің магниттік қозғаушы (силой) бағыттас болады. Магнит өрісі (к оси полюсов)) симметриялы болмайды. Магниттік индукция полюстің бір шетінде (ослабевает). (Якоря) бұл өрісі полюстер осіне перпендикуляр бағытта тұйықталады. Ол полюстердің магнит өрісіне әсерін тигізіп, (его) өзгертеді. Якорь реакциясының өрісі полюстердің магнит өрісінің (распределение) өзгертеді. Полюстердің магниттік қозғаушы күштерінің әсері (благодаря) магнит тізбегі арқылы қорытқы магниттік ағын Фр тұйықталады.

 

6.7 Көп нүктенің  керекті формада тұрған сөзді қойыңыз.

6.7.1 Токтың магнит өрісін тудыратын қасиеті магниттік .............. сипатталады .

а) күштің

ә) күшпен

б) күште

в) күшке

6.7.2 Магнит өзін тудыратын ............  ғана тәуелді болмай, осы өріс ............ ортаға  да тәуелді болады.

а) токка

ә) токта

б) токтан

в) токтың

 

а) пайда болатын

ә) пайда болып

б) пайда болушы

в) пайда болған

6.7.3 Ом .............. былайша .................... болады.

а) заңына

ә) заңын

б) заңының

в) заңы

 

а) тұжырымдауға

ә) тұжырымдауды

б) тұжырымдауда

в) тұжырымдаумен

6.7.4 Келтірілген формулаларда ток ................ көрсетілген.

а) амперде

ә) ампермен

б) амперге

в) ампердің

6.7.5 Тізбектегі ток ЭҚК ................. пайда болады.

а) әсерімен

ә) әсерінен

б) әсеріне

в) әсерінің

6.7.6 Магнит тізбегі ............... қорытқы магниттік ағын Фр тұйықталады

а) үшін

ә) арқылы

б) бойынша

в) туралы

 

6.8 Мәтінді аударыңыз.

Электрический ток – это направленное движение свободных носителей заряда в веществе или в вакууме. В металлах носителями зарядов являются электроны. Электрический ток зависит от приложенного электрического напряжения. Все тела обладают электрическим сопротивлением, которое представляет собой скалярную величину и численно равно отношению напряжения к току.

Электрический ток весьма опасен для человека. Прохождение тока через тело человека вызывает электрические травмы, поэтому работающие должны твердо знать и выполнять правила безопасности при работе с электрическими установками.

 

Жетінші сабақ

7. Якорь орамалары және тұрақты ток машинасының электр қозғаушы күші

Сөздік

оқшауламаланған – изолированный

мыс сым – медный провод

көлденең қима – поперечное сечение

науаша(лар) – паз(ы)

ара қашықтық – расстояние

төрт бұрышты – четырехугольный

адым – шаг

тұтас сызық – сплошная линия

үзікті сызық – прерывистая линия

тұзақ тәрізді – петлеобразный

толқын тәрізді - волнообразный

жазылып көрсетілген сұлба – развернутая схема

өзек – стержень

 

7.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Тұрақты ток машиналары якорьлерінің орамалары; көлденең қимасы төрт бұрышты шинадан жасалынған орама стерженді түрде жасалынады; әр секция екі активтік өткізгіштерден (бір орамды секция) тұрады; екі қабаттан тұратын орамалар; белгілі бір орам санынан (көп орамды секция) тұратын; әр секциясы бір-бірінен полюс бөлігіне шамалас болатын қашықтықта орналасқан; секциялардың ұштары ораманың басқа секцияларымен; науашаның жоғарғы қабатында орналасқан активтік жақ тұтас сызықпен көрсетіледі; ол үшін тізбектеп қосылған секциялардың бастапқы  өткізгіштері; секцияларының қосылу тәртібіне қарай; параллель (тұзақ тәрізді) және тізбекті (толқын тәрізді) болып екіге бөлінеді.

 

7.2 Сөйлемдерді оқыңыз, аударыңыз, сұрақтар мен жауаптарға назар аударыңыз.

Не неден жасалады

Орама секциялары (не)  оқшауламаланған мыс сымнан (неден) белгілі бір орам санынан (көп орамды секция) тұратын орауыш түрінде жасалынады.

 

Не неден тұрады

Ораманың әр секциясы (не) екі активтік жақтардан (неден) тұрады.

 

Не немен көрсетіледі

Науашаның жоғарғы қабатында орналасқан активтік жақ (не)  тұтас сызықпен (немен), ал төменгі қабат (не)  үзікті сызықпен (немен) көрсетіледі.

 

Не қалай бөлінеді.

Орамалар (не) параллель (тұзақ тәрізді) және тізбекті (толқын тәрізді) болып (қалай)  бөлінеді.

 

7.3 Мәтінді аударыңыз.

 

Тұрақты ток машиналары якорьлерінің орамалары оқшауламаланған мыс сымдардан, ал үлкен қуатты машиналарда – көлденең қимасы төрт бұрышты шинадан жасалынған орама өзекті түрде жасалынады және әр секция екі активтік өткізгіштерден (бір орамды секция) тұрады. Орама секциялары оқшауламаланған мыс сымнан белгілі бір орам санынан (көп орамды секция) тұратын орауыш түрінде жасалынады.

Тұрақты ток машиналарында екі қабаттан тұратын орамалар кеңінен қолданылады. Бұларда якорь науашаларындағы секцияның активтік бөліктері екі қабат орналасады. Ораманың әр секциясы бір-бірінен полюс бөлігіне шамалас болатын қашықтықта (әр аттас көршілес полюстер осьтерінің ара қашықтығы) орналасқан екі активтік жақтардан тұрады. Активтік өткізгіштердің мұндай ара қашықтығында (орама адымы) өткізгіштерде индукцияланған ЭҚК-тер бір бағытқа бағытталады да, секцияның ЭҚК-нің мәні үлкен болады, өйткені оның активтік жақтарының ЭҚК-тері бір-бірімен қосылады. Секцияның активтік жағының бір бөлігі науашаның жоғарғы қабатында болады. Ораманың жазылып көрсетілген сұлбасында науашаның жоғарғы қабатында орналасқан активтік жақ тұтас сызықпен, ал төменгі қабат – үзікті сызықпен көрсетіледі. Секциялардың ұштары ораманың басқа секцияларымен де және коллекторлар тіліктерімен де жалғанады.

Орама құрайтын секциялар бір-бірімен, оларда индукцияланатын ЭҚК-тер  бір жаққа бағытталанатындай етіп қосылады. Ол үшін тізбектеп қосылған секциялардың бастапқы (соңғы) өткізгіштері кез келген сәтте полярлығы бірдей полюстер астында болуы керек. Секцияларының қосылу тәртібіне қарай орамалар параллель (тұзақ тәрізді) және тізбекті (толқын тәрізді) болып екіге бөлінеді.

 

 

7.4 Сұрақтарға жауап беріңіз.

7.4.1 Тұрақты ток машиналары якорьлерінің орамалары неден жасалынады?

7.4.2 Секцияның ЭҚК-і мәні не себептен үлкен болады?

7.4.3 Тұрақты ток машиналарында қандай орамалар кеңінен қолданылады?

7.4.4 Секциялардың ұштары немен  жалғанады?

7.4.5 Орама құрайтын секциялар бір-бірімен қалай қосылады?

7.4.6 Неге байланысты орамалар параллель және тізбекті болып екіге бөлінеді?

 

7.5 Сөздерді орнына қойыңыз.

7.5.1 оның // қосылады // жақтарының // активтік // ЭҚК-тері //бір-бірімен

7.5.2 якорь // науашаларындағы // активтік // орналасады // секцияның // екі қабат // бөліктері

7.5.3 ораманың // басқа // және // коллекторлар // ұштары // секцияларымен де // жалғанады // секциялардың // тіліктерімен де

7.5.4 мәні // үлкен // ЭҚК-тері // болады, // активтік // ЭҚК-нің // жақтарының // қосылады // өйткені //бір-бірімен // оның

7.5.5 тұрақты // ток // тұратын // қолданылады // екі // қабаттан // машиналарында // кеңінен // орамалар

7.5.5 машиналары жасалынады якорьлерінің мыс тұрақты сымдардан төртбұрышты шиналардан ток орамалары

 

7.6 Мына сөздерді топтарға бөліп жазыңыз.

Қабат, орама, орауыш, жоғарғы, үзікті, бағыт, бағыттал, жалған, бастапқы, бол, орналас, қашықтық, жақ, сызық, көрсетіл, төменгі, активтік, төртбұрышты, белгілі, қосыл.

Зат есім                                  Сын есім                               Етістік

қабат                                       үзікті                                      қосыл

 

7.7 Көп нүктенің орнына керек қосымшаны жалғаңыз.

Орамалар оқшауламаланған мыс сымдар...... (неден) жасалынады. Үлкен қуатты машиналар..... (неде) орама өзекті түрде жасалынады. Әр секция екі актив..... (қандай) өткізгіштерден тұрады. Орама секция..... (нелер) оқшауламалан...... (қандай) мыс сымнан орауыш түрінде жасал......... (не істеледі). Орама құра....... (қандай) секциялар бір-бірі..... (немен) ЭҚК.... (нелер)  бір жақ..... (қайда)  бағытталанатындай етіп қосылады. Ол үшін тізбекте... (қалай) қосылған секциялар..... (нелердің) бастап.... (қандай)  өткізгіштері кез келген сәт.... (неде) полярлығы бірдей полюстер астында болуы керек. Орама (ненің) әр секция... (несі) бір-бірі.... (неден) полюс бөлігіне шамалас болатын қашықтық.... (неде) орналасады.

 

7.8 Үзіндіні аударыңыз.

Если черезпроводник пропустить ток, то в результате взаимодействия тока, проходящего в проводнике, с магнитнм полем создается электромагнитная сила. Под воздействием этой силы проводник начнет перемещаться  в магнитном поле.

 

Сегізінші сабақ

8. Тұрақты ток генераторының жұмыс принципі және құрылысы

Сөздік

түйіспелік – контактный

тілме – пластинка

жартылай сақина  -полукольцо

білік  - вал

бекем бекіту – установить прочно

жанасу – соприкасаться

толықсу – пульсировать

 

8.1 Сөз тіркестерін аударыңыз

Уақыт бойынша айнымалы болатын ЭҚК; орам ұштарын ораммен бірге айналатын түйіспелік сақиналарымен қосқанда; оларды бір-бірінен және біліктен оқшауламалайды; орам ұштарын ораммен бірге айналатын түйіспелік сақиналарымен қосқанда; сыртқы тізбектегі ЭҚК-тің бағытының өзгермеуіне қарамастан; тұйықталған электр тізбегінің сыртқы бөлігінде; полярлығы белгілі полюстің астында орналасқан коллектор тілігімен және сәйкес өткізгішпен ғана жанасады; магнит өрісі біркелкі таралған жағдайда;  орамдардың ұштарын төрт коллектор тіліктеріне жалғасақ.

 

8.2 Сөйлемдерді оқыңыз, аударыңыз, сұрақтар мен жауаптарға назар аударыңыз.

Нені қайткенде не болады

Орам ұштарын (нені) ораммен бірге айналатын түйіспелік сақиналарымен қосқанда (қайткенде), қозғалмайтын щеткалар арқылы жүктемеде айнымалы ток жүреді (не болады).

 

Не неге жалғанады

Орам ұштары (не) коллектор тілігі  деп аталатын екі мыс жартылай сақинаға  (неге) жалғанады

 

Қай кезде нені қайда орналастырады

Орамда индукцияланған ЭҚК нөлге тең болған сәтте (қай кезде) бір тіліктен екіншісіне өтетіндей етіп щеткаларды (нені) коллекторға (қайда) орналастырады.

 

Неге қарамастан не болады

Сыртқы тізбектегі ЭҚК-тің бағытының өзгермеуіне (неге) қарамастан, оның шамасы уақытқа байланысты өзгереді (не болады).

 

8.3 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз

Қарапайым генераторға N және S полюстерінің магнит өрісінде айналатын орам жатады. Мұндай орамда уақыт бойынша айнымалы болатын ЭҚК индукцияланады. Сондықтан, орам ұштарын ораммен бірге айналатын түйіспелік сақиналарымен қосқанда, қозғалмайтын щеткалар арқылы жүктемеде айнымалы ток жүреді, яғни мұндай машина айнымалы ток генераторы болып табылады.

Айнымалы токты тұрақты тоққа түрлендіру үшін коллектор қолданылады. Коллектордың жұмыс принципін былай түсіндіруге болады. Орам ұштары коллектор тілігі  деп аталатын екі мыс жартылай сақинаға  жалғанады. Тіліктерді машина білігіне бекем бекітіп, оларды бір-бірінен және біліктен оқшауламалайды. Тіліктерде энергия қабылдағышы мен жалғанған қозғалмайтын щетка орнатылады.

Орам айналғанда коллектор тілігі де машина білігімен қоса айналады. Қозғалмайтын әрбір щетка  коллектор тіліктерімен кезектесіп жанасады.

Орамда индукцияланған ЭҚК нөлге тең болған сәтте бір тіліктен екіншісіне өтетіндей етіп щеткаларды коллекторға орналастырады. Якорь айналғанда, магнит өрісі біркелкі таралған жағдайда орамда синусоидамен өзгеретін айнымалы ЭҚК индукцияланады. Бірақ щеткалардың әрқайсысы осы сәтте полярлығы белгілі полюстің астында орналасқан коллектор тілігімен және сәйкес өткізгішпен ғана жанасады.

Осының салдарынан щеткаларда ЭҚК-тің таңбасы өзгермейді. Тұйықталған электр тізбегінің сыртқы бөлігінде ток бір бағытпен – бір щеткадан кедергі R арқылы екінші щеткаға ағады. Бірақ, сыртқы тізбектегі ЭҚК-тің бағытының өзгермеуіне қарамастан, оның шамасы уақытқа байланысты өзгереді, яғни тұрақты болмай толықсыған ЭҚК алынады. Сыртқы тізбектегі ток та толықсыған болады.

Егер якорьде бір-біріне 90 бұрышпен екі орам орналастырсақ және осы орамдардың ұштарын төрт коллектор тіліктеріне жалғасақ, онда ЭҚК пен сыртқы тізбектегі токтың толықсуы едәуір кемиді. Коллектор тіліктерінің санының толықсу жиілігі тез азаяды. Коллектор тіліктерінің саны көп болғанда ЭҚК пен ток іс жүзінде тұрақты болады.

 

8.3 Сөздерді орын тәртібімен қойып, сұраулы сөйлем жасаңыз.

8.3.1 қандай // қарапайым // жатады // генераторға // орам?

8.3.2 генераторы // не // дегеніміз // ток // айнымалы?

8.3.3 түрлендіру // айнымалы // қолданылады // токка // үшін // не // токты  // тұрақты?

8.3.4 айналғанда // айналады // орам // онымен // не // бірге?

8.3.5 немен // щеткалардың // жанасады // әрқайсысы?

8.3.6 сыртқы // едәуір // тізбектегі // қандай // толықсуы // жағдайда // кемиді // токтың?

8.3.7 ЭҚК // синусоидамен // айнымалы // қай // кезде // орамда индукцияланады // өзгеретін?

 

8.4 Сөйлемдерді мезгіл мәнді сөйлемдерге өзгертіңіз.

8.4.1 Үлгі: Орам ұштарын ораммен бірге айналатын түйіспелік сақиналармен қоссақ, қозғалмайтын щеткалар арқылы жүктемеде айнымалы ток жүреді. Орам ұштарын ораммен бірге айналатын түйіспелік сақиналармен қосқанда, қозғалмайтын щеткалар арқылы жүктемеде айнымалы ток жүреді

8.4.2 Коллектор тіліктерінің саны көп болғандықтан, ЭҚК пен ток іс жүзінде тұрақты болады.

8.4.3 Егер якорьде бір-біріне 90 бұрышпен екі орам орналастырсақ, ЭҚК пен сыртқы тізбектегі токтың толықсуы едәуір кемиді.

8.4.4 Якорь айналса, магнит өрісі біркелкі таралса, орамда синусоидамен өзгеретін айнымалы ЭҚК индукцияланады.

8.4.5 Орам айналғандықтан, коллектор тілігі де машина білігімен қоса айналады.

 

8.5 Бөлінген сөздердің антонимін, синонимін табыңыздар.

Коллектор тіліктерінің санының толықсу жиілігі тез азаяды. Коллектор тіліктерінің саны көп болғанда ЭҚК пен ток іс жүзінде тұрақты болады. Қарапайым генераторға N және S полюстерінің магнит өрісінде айналатын орам жатады. Қозғалмайтын щеткалар арқылы жүктемеде айнымалы ток жүреді. Коллектордың жұмыс принципін былай түсіндіруге болады. ЭҚК нөлге тең болған сәтте бір тіліктен екіншісіне өтетіндей етіп щеткаларды коллекторға орналастырады. Сыртқы тізбектегі токтың толықсуы едәуір кемиді.

 

8.6 Сөздердің сәйкес сыңарларының арасын сызықпен қосыңыз.

магнит өрісі                               индукцияланады

ЭҚК                                            айналады

ток                                               болады

тұрақты                                     азаяды

орам                                            өзгереді

жиілік                                         жүреді

бағыт                                          таралады

 

8.7 Үзіндіні аударыңыз.

Наиболее широкое распространение получил трехфазный асинхронный двигатель, впервые  сконструированный известным русским электриком М. О. Доливо – Добровольским (1862-1919). Отличаясь простотой конструкции и обслуживания, асинхронный двигатель, как и любая электрическая машина переменного тока, состоит из двух основных частей: статора и ротора. Статором называется неподвижная часть машины, ротором  -  ее вращающаяся часть.

Действие трехфазного асинхронного двигателя основано на использовании явления вращающегося магнитного поля, это поле создается при питании трех обмоток, оси которых сдвинуты одна относительно другой на угол 120°. Эти обмотки расположены на неподвижной части машины – статоре. Их соединяют в звезду или треугольник, подключая к сети трехфазного переменного тока.

 

Тоғызыншы сабақ

9. Синхронды қозғалтқыштар

Сөздік

айтарлықтай  - значительный

қоректендіруші желі  - питающая сеть

қоздыру тогы – ток возбуждения

сезімтал – чувствительный

қалыпты жағдайда  - в нормальных условиях

жартылай өткізгіштік түзеткіш – полупроводниковый стабилизатор (выпрямитель)

 

9.1 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Синхронды қозғалтқыштың статорында; оны үш фазалы айнымалы ток желісіне қосқанда; айналмалы магнит өрісі ротор полюстерін өзімен бірге ілестіреді; синхронды қозғалтқыштардың негізгі артықшылығына; мұндай қозғалтқыш энергия қабылдағыштары тұтынатын реактивтік қуаттың орнын толтырып; бүкіл кәсіпорынның cos-ін өзгерту үшін; Синхронды қозғалтқыштарда айналдырушы момент желі  кернеуіне бірінші дәрежеде пропорционал болса;  қоздыру тогының азайтылуы; қозғалтқыш желі  үшін сыйымдылықтық жүктеме болып табылады.

 

9.2 Сөйлемдерді оқыңыз, аударыңыз, сұрақтар мен жауаптарға назар аударыңыз.

Қайда қандай не орналасқан

Генератордағы сияқты синхронды қозғалтқыштың статорында (қайда) үш фазалы (қандай) орама (не) орналасқан

Қозғалтқыш роторында (қайда) тұрақты ток көзіне қосылатын (қандай) қоздыру орамасы (не) орналасқан

 

Не нені ілестіреді

Айналмалы магнит өрісі (не) ротор полюстерін (нені) ілестіреді.

 

Не неге алып келеді

Қоздыру тогының азайтылуы (не) статорда артта қалатын (индуктивтік) токтың пайда болуына (неге), ал қоздыру тогы көбейгенде (артық қоздырылған қозғалтқыштар) озық (сыйымдылықтық) токтың пайда болуына (неге) алып келеді.

 

Не неге пропорционал

Синхронды қозғалтқыштарда айналдырушы момент (не) желі  кернеуіне   (неге) бірінші дәрежеде пропорционал болса, ал асинхронды қозғалтқыштарда ол (не)  кернеудің квадратына (неге) пропорционал.

 

9.3 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Синхронды қозғалтқыштың синхрондық генераторлардан құрылысы жағынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Генератордағы сияқты синхронды қозғалтқыштың статорында үш фазалы орама орналасқан. Оны үш фазалы айнымалы ток желісіне қосқанда минутына n=60f/p жиілігімен айналатын айналмалы магнит өрісі Фр туады. Қозғалтқыш роторында тұрақты ток көзіне қосылатын қоздыру орамасы орналасқан. Қоздыру тогы полюстердің магнит өрісін Фm туғызады. Статор орамасының токтары жасаған айналмалы магнит өрісі ротор полюстерін өзімен бірге ілестіреді. Мұнда ротор магнит өрісімен бірге тек қана синхронды түрде, яғни статор өрісінің айналу жиілігіне тең жиілікпен айналады. Сонымен синхронды қозғалтқыштың айналу жиілігі, желі тогының жиілігі өзгермесе, қатаң түрде тұрақты болады.

Синхронды қозғалтқыштардың негізгі артықшылығына олардың озық ток тұтынып жұмыс жасау мүмкіндіктері жатады, яғни қозғалтқыш желі  үшін сыйымдылықтық жүктеме болып табылады. Мұндай қозғалтқыш энергия қабылдағыштары тұтынатын реактивтік қуаттың орнын толтырып, бүкіл кәсіпорынның cos-ін өзгерту үшін қоздыру тогын реттеу керек. Қоздыру тогының азайтылуы статорда артта қалатын (индуктивтік) токтың пайда болуына, ал қоздыру тогы көбейгенде (артық қоздырылған қозғалтқыштар) озық (сыйымдылықтық) токтың пайда болуына алып келеді.

Синхронды қозғалтқыштың асинхрондық қозғалтқыштарға қарағанда артықшылығына желі кернеуінің өзгеруіне сезімтал еместігі де жатады.

Синхронды қозғалтқыштарда айналдырушы момент желі  кернеуіне бірінші дәрежеде пропорционал болса, ал асинхронды қозғалтқыштарда ол кернеудің квадратына пропорционал.

Синхронды қозғалтқыштардың айналдырушы моменті статордың магнит өрісі мен полюстердің магнит өрістерінің өзара әрекеттесуімен жасалынады. Қоректендіруші желінің кернеуіне статор өрісінің магниттік ағыны ғана тәуелді болады.

Синхронды қозғалтқыштар көбінесе полюстері айқын кескінделген түрінде жасалынады. Қалыпты жағдайда олар cos f-0,8-ге тең озық токпен жұмыс істейді. Олар қоздырғыш арқылы, не жартылай өткізгіштік түзеткіштер арқылы айнымалы ток желісінен қоздырылады.

Оны үш фазалы айнымалы ток желісіне қосқанда минутына n=60f/p жиілігімен айналатын айналмалы магнит өрісі Фр туады.

 

9.4 Сұрағына қарап, керекті қосымшаны жалғаңыз.

Генератордағы сияқты синхрон... (қандай) қозғалтқыш..... (ненің) статорында үш фаза.... (қандай) орама орналасқан. Қалып... (қандай) жағдай... (неде)  олар cos f-0,8-..... (неге) тең озық ток....(немен) жұмыс істейді. Қоздыру ток....(ненің) азайтылу... (несі) статор....(неде) артта қал....... (қандай) токтың пайда болуы..... (неге) алып келеді. Синхрон.... (қандай) қозғалтқыш....... (нелерде) айналдырушы момент желі  кернеу.... (неге) бір..... (нешінші) дәрежеде пропорционал болады. Асинхрон... (қандай)  қозғалтқыштарда ол кернеу....... (ненің) квадрат....(несіне) пропорционал.

 

9.5 Арқылы, үшін,  байланысты  сөздерінің керектісін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Бүкіл кәсіпорынның cos-ін өзгерту ________ қоздыру тогын реттеу керек. Олар қоздырғыш _________, не жартылай өткізгіштік түзеткіштер _________ айнымалы ток желісінен қоздырылады. Бұл қозғалтқыш желі   _________ сыйымдылықтық жүктеме болып табылады. Мұндай қозғалтқыштың бағасы статор орамасының күрделенуіне  ________ едәуір өседі. Орамаларға берілген кернеу бір-бірімен тең және фаза __________ ширек периодқа ығысқан. ЭҚК орамның магнит өрісіндегі қалпына ____________ өзгеріп отырады. Көпірдің үш иығының кедергілері гальванометр көрсетімі кедергісінің шамасына _________ болады.

 

9.6 Сөздерді орын тәртібімен қойып, сұрақты сөйлем жасаңыз.

9.6.1 қозғалтқыштың // бар // синхрондық // құрылысы // синхронды // қандай // жағынан //  генераторлардан // айырмашылығы?

9.6.2 қалай // қозғалтқыштардың // моменті  // айналдырушы // жасалынады // синхронды?

9.6.3 олар // жағдайда // жұмыс істейді // қандай //  қалыпты // токпен?

9.6.4 қарағанда // не //  синхронды // қозғалтқыштарға // артықшылығына // асинхрондық // жатады // қозғалтқыштың?

9.6.5 көбінесе // жасалады // қозғалтқыштар // түрде // қандай  // синхронды?

9.6.6 қозғалтқыштарда // момент // асинхронды // неге // пропорционал // айналдырушы

9.6.7  болады // қоректендіруші // кернеуіне // тәуелді  // желінің //  не?

 

Оныншы сабақ

10. Жүктелінген синхронды генератордың жұмысы

Сөздік

бос жүріс – холостой ход

әсер – действие

ығысу – смещаться

айналу жиілігі – частота вращения

арттыру – увеличивать

тіркелу – регистрироваться

қысқыш – зажим

 

10.2 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Егер синхронды генераторға жүктеме тіркелмесе; симметриялы жүктеме кезінде статор орамасының токтары бір-бірімен тең; ротордың айналу жиілігі тұрақты болғанда; егер қоздыру орамасындағы токты арттырсақ; қоздыру орамындағы токтың өзгеруіне сәйкес;  қоздыру орамындағы ток өзгермеген жағдайда; ЭҚК қоздыру орамасының өткізгіштерімен жүретін тұрақты токпен қоздырылатын магнит өрісіне тура пропорционал; статор орамының кедергісінде (активтік, реактивтік) кернеу пайда болады.

 

10.3 Сөйлемдерді оқыңыз, аударыңыз, сұрақтар мен жауаптарға назар аударыңыз.

Не болса (болмаса), не болады (болмайды)

Синхронды генераторға жүктеме тіркелмесе (не болмаса), онда статор орамасында ток болмайды (не болмайды).

Егер қоздыру орамасындағы токты арттырса (не болса), онда полюстердің магниттік ағыны өседі (не болады).

Егер полюстің магниттік ағыны өте  аз болса (не болса), онда ЭҚК те өте аз болады (не болады).

 

Не болғанда не болады

Магниттік ағын  өскенде (не болғанда), машинаның ЭҚК-і де өседі (не болады).

Сонымен ротордың айналу жиілігі тұрақты болғанда (не болғанда), ЭҚК қоздыру орамасының өткізгіштерімен жүретін тұрақты токпен қоздырылатын магнит өрісіне тура пропорционал болады (не болады).

Генератор жүктелген кезде  (не болғанда) кернеу ЭҚК-ке тең емес болады (не болады).

 

10.4 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Егер синхронды генераторға жүктеме тіркелмесе, онда статор орамасында ток болмайды. Қоздыру тогы тудырған полюстердің магнит өрісі статордың үш фазалы орамасында ЭҚК индукциялайды.

Генератор жүктелген кезде статор орамасында ток жүреді. Симметриялы жүктеме кезінде статор орамасының токтары бір-бірімен тең және олар бір-бірінен 1/3 периодқа ығысқан. Оның айналу жиілігі n1=60f/h=n, яғни статор орамасындағы токпен пайда болған магнит өрісі полюстердің магнит өрісімен синхронды айналады. Синхронды генератордың статор орамында полюстердің магниттік ағынына тәуелді ЭҚК туады. Егер полюстің магниттік ағыны өте  аз болса, онда ЭҚК те өте аз болады. Магниттік ағын  өскенде, машинаның ЭҚК-і де өседі. Осылайша ротордың айналу жиілігі тұрақты болғанда, ЭҚК қоздыру орамасының өткізгіштерімен жүретін тұрақты токпен қоздырылатын магнит өрісіне тура пропорционал. Егер қоздыру орамасындағы токты арттырсақ, онда полюстердің магниттік ағыны өседі, ол машинаның ЭҚК-ін көбейтеді. Демек, қоздыру орамындағы токтың өзгеруіне сәйкес машинаның ЭҚК өзгереді, ол генератордың қысқыштарындағы кернеуді реттеуге мүмкіндік береді.

Синхронды генератордың бос жүрісі кезінде оның қысқыштарындағы кернеу статор орамындағы индукцияланған ЭҚК-ке тең. Генератор жүктелген кезде кернеу ЭҚК-ке тең емес, өйткені статор орамының кедергісінде (активтік, реактивтік) кернеу пайда болады. Сонымен бірге токтар статор орамасынан өте отырып, якорьдің қарсы әсерлік (реакциясын) ағынын туғызады. Ол полюстер ағынына әсерін тигізеді, соған орай жүктеме кезіндегі магнит өрісі генератордың бос жүрісі кезіндегі полюстердің магниттік генератор статорындағы токтың өзгеруі, қоздыру орамындағы ток өзгермеген жағдайда, генератор қысқыштарында кернеудің өзгеруіне алып келеді.

 

10.5 Сөйлемдерді шартты мәнді сөйлемге өзгертіңіз.

10.5.1 Үлгі: Генератор жүктелген кезде статор орамасында ток жүреді. Генератор жүктелсе, статор орамасында ток жүреді.

10.5.2 Генератор жүктелген кезде кернеу ЭҚК-ке тең емес.

10.5.3 Қоздыру орамындағы ток өзгермегенде, генератор қысқыштарында кернеудің өзгеруі болады.

10.5.4 Магниттік ағын  өскенде, машинаның ЭҚК-і де өседі.

10.5.5 Полюстің магниттік ағыны өте  аз болғанда,  ЭҚК те өте аз болады.

10.5.6 Жүктеме симметриялы болғанда, статор орамасының токтары бір-бірімен тең және олар бір-бірінен 1/3 периодқа ығысады.

 

10.6 Бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз

Статор орамасындағы токпен пайда болған магнит өрісі полюстердің магнит өрісімен синхронды айналады. Ол полюстер ағынына әсерін тигізеді. Қоздыру орамындағы ток өзгермеген жағдайда, генератор қысқыштарында кернеудің өзгеруіне алып келеді. Сонымен бірге токтар статор орамасынан өте отырып, якорьдің қарсы әсерлік (реакциясын) ағынын туғызады. ЭҚК қоздыру орамасының өткізгіштерімен жүретін тұрақты токпен қоздырылатын магнит өрісіне тура пропорционал. Симметриялы жүктеме кезінде статор орамасының токтары бір-бірімен тең және олар бір-бірінен 1/3 периодқа ығысқан. Статор орамасындағы токпен пайда болған магнит өрісі полюстердің магнит өрісімен синхронды айналады.

 

10.7 Етістіктерді болымсыз формаға қойыңыз.

ығысады – ығыспайды

айналады –

әсерін тигізеді -

өскен –

пайда болыпты –

алып келді –

өтеді –

жүктеледі –

тіркеледі –

мүмкіндік береді -

көбейтеді -

Әдебиеттер тізімі 

1. Ә. Берікұлы. Техникалық электроника. –Алматы: Білім, 1995. – 196 бет.

2. В.Е.Китаев. Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері. –Алматы: Қазақстан, 1991. -224 бет.

3. Трансформаторлр және тұрақты токтың электр машиналары. Оқу құралы. –Алматы: АЭжБИ, 1993. -92 бет.

4. Г.Хожин. Электр станциялары мен қосалқы станциялар (оқулық). –Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1998. -260 бет.

 

Мазмұны 

1  Электр станциялары. Жалпы мәліметтер                                                    4                                 

2  Электр станцияларының түрлері және олардың ерекшеліктері               7

3  Магниттік индукция                                                                                        9

4  Тұрақты ток машиналарындағы шығындар және олардың ПӘК-і       12

5  Коллекторлы әмбебап  қозғалтқыштар                                                       15

6  Жүктелген тұрақты ток  машинасының магнит өрісі                                18

7  Якорь орамалары және тұрақты ток машинасының электр қозғаушы

 күші                                                                                                                       21

8   Тұрақты ток генераторының жұмыс принципі және құрылысы           24

9   Синхронды қозғалтқыштар                                                                         27

10  Жүктелінген синхронды генератордың жұмысы                                     30

11  Әдебиеттер тізімі                                                                                            33  

2004ж. Жинақтық жоспар, реті  66