АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

 (сырттай оқу факультетінің студенттеріне арналған бағдарлама, әдістемелік нұсқау және бақылау тапсырмалары) 

 

 

 

Алматы 2006

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Г.С. Алмухаметова, Д. М. Арыстанғалиева,  Э.Т.Ахметова.  Қазақ тілі (сырттай оқу факультетінің студенттеріне арналған бағдарлама, әдістемелік нұсқау және бақылау тапсырмалары) .– Алматы : АЭжБИ, 2006.- 34  б. 

 

            Әдістемелік көрсеткіш сырттай оқу факультетінің студенттерінің бағдарламасына сәйкес орындалатын әдістемелік нұсқау мен бақылау тапсырмаларына арналып құрастырылды.

 Көрсеткіште өтілетін мәтіннің сөздігі, мәтіннің өзі және осы мәтінді дұрыс меңгеруге қатысты тапсырмалар берілген.

            Көрсеткіш сырттай оқу факультетінің студенттеріне ұсынылады.

 

            Пікір беруші: пед. ғыл.канд. Р.Қ. Бөкейханова.

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2006 жылғы жоспары бойынша басылды.

  

 

Алматы энергетика және байланыс институты, 2006 ж.

 

Алғы сөз  

Бұл әдістемелік нұсқау сырттай оқу факультетінің студенттеріне арналып құрастырылды.

Тапсырмаларды орындауда мәтіннің мазмұнын игеру, берілген тақырып бойынша өз ойын жүйелі түрде жеткізе білу, мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтарға жауап беру сияқты жұмыстар орындалады. Әр тақырыпқа сай сөздіктер беріліп отырды. Ұсынылған практикалық тапсырмаларды орындау нәтижесінде студенттер пайдалы мағлұматтар алып, оларды өмірде орынды пайдалана алады деп үміттенеміз.

Бұл әдістемелік нұсқау қазақ тілінің техникалық ғылыми тіл ретіндегі дәрежесін арттыруға септігін тигізеді деген сенімдеміз.

 

1  Электр энергетикасы

1.1  Электр тогы

1.1.1   Мәтінді көшіріңіз, аударыңыз.

Электр тогы деп зарядталған бөлшектердің реттелген /бағытталған/ қозғалысын айтады.

Өткізгіште электр тогы болуы үшін оның ішінде электр өрісін тудыру керек. Осы өрістің әсерінен өткізгіш ішіндегі еркін қозғала алатын зарядталған бөлшектер электр күштерінің әсер ету бағытында қозғалысқа түседі де, электр тогы пайда болады.

Өткізгіште электр тогы ұзақ уақыт болып тұру үшін өткізгіште электр өрісінің болып тұруын қамтамасыз ететін электр тогының көздері болады.

Ток көздері әр түрлі болады, бірақ олардың барлығында да оң жөне теріс зарадталған бөлшектерді ажыратып, бөлу жұмысы орындалып отырады. Ажыратылып бөлінген бөлшектер ток көзінің полюстерінде жинақталады, ал полюстер деп өткізгіштерді клеммалар не қысқыштар арқылы ток көзіне тіркейтін жерлерді айтады. Ток көзінің бір полюсі -оң, екінші полюсі - теріс зарядталады. Егер полюстерді өткізгіш арқылы қосатын болсақ, онда өріс әсерінен өткізгіш ішіндегі зарядталған еркін бөлшектер қозғалатын болады, электр тогы туады.

Зарядталған бөлшектерді ажыратып бөлу процесінде ток көздерінде механикалық энергия, ішкі энергия немесе энергияның басқа бір түрі электр энергиясына түрленеді.

Егер әр түрлі екі металдан жасалған сымдарды дәнекерлеп тоғыстырып, сонан кейін тоғысқан жерін қыздырсак, өткізгіштерде электр тогы пайда болады. Мұндай ток көзі термоэлемент деп аталады. Термоэлементте қыздырғыштың ішкі энергиясы электр энергиясана түрленеді. Ал, электр машинасында механикалык  энергия электр энергиясына түрленеді.

1.1.2    Сөз тіркестерін аударыңыз

Упорядоченные движения заряженных частиц; для того чтобы был ток; электрическое поле; влияние электрических сил; обеспечить электрический ток в проводнике; разомкнутые частицы; с помощью зажима соединить к источнику тока; в проводнике начнут двигаться свободно  заряженные частицы; механическая энергия преобразовывается  в электроэнергию; провод сделанный из двух видов  металла; греть соединенное место.

1.1.3    Жаңа сөздерді жаттап алыңыз

бөлшек – частица

реттелген – упорядоченный

қозғалыс – движение

өткізгіш – проводник

өріс – поле

әсер ету - влиять

еркін - своболно

қамтамасыз ету — обеспечивать

қысқыш – зажим

түрлену - преобразоватъся

‰рдіс - процес      

дәнекерлеу - сварить, сварка           

1.1.4   Сұрақтарға жауап беріңіз:

          а)  электр тогы деген не?

          б)   өткізште электр тогы болу үшін не істеу керек?

          в)   электр тогы қалай пайда болады?

          г)   ток көздерінде қандай жұмыс түрлері орындалып тұрады?

          д)  механикалық энергия, ішкі энергия электр энергиясына қай кезде  түрленеді?

          е)   термоэлемент деген не?

         1.1.5   Көп нүктенің орнына ілік септік және тәуелдік жалғауын жалғаңыз.

Өріс... әсер..., энергия... басқа бір түр.. ; бөлшектер... қозғалыс...; электр күштері... әсер ету бағыт...; ток көзі... бір полюс...; қыздырғыш... ішкі энергия...; ток күші... периодты өзгеру...; өткізгіштер... өзара өсер...; тербеліс... жиілік,..; денелер... тартылу...; өндіріс... даму...; қ±рылғы... жоба..; электр энергетика... негіз..., энергетика сала... маман...

           1.1.6   Жақшаның   ішіндегі   сөздерге   барыс   септігінің  жалғауын қосыңыз.

  Бөлшектер (козғалыс) түседі, Қысқыштар арқылы (ток көзі) қосады. Механикалық энергия (электр энергия) айналады. Электр өрісінің болып тұруын (қамтамасыз ету) жағдай жасау керек. Кәсіпорын құрылғыны өте (қымбат) сатып алды. Менің досым «Басқару жүйелерін автоматтандыру және ақпараттандыру» (мамандық) (оқу) түсті. Кафедраның (зертхана) келсін. Студенттер оқу бітірген соң энергетикалық (компаниялар) (ж±мыс) тұрады.

         1.1.7  Етістіктерді өткен шақ есімше формасына қойыңыз, олармен сөз тіркестерін құраңыз.

Үлгі: қосылу - қосылған - қосылған сым

Реттелу, зарядталу, түрлену, пайда болу, ажыратылу, дәнекерлеу. жинау, бөліну, орындалу, қамтамасыз ету, кыздырылу.

1.1.8    Есімдіктерді қазақшаѓа аударып, оларды қатыстырып сµйлемдер қ±рањыз

  У меня, у тебя, от тебя, у него, мне, ему, с ней, этот, вот, у вас, от нас, его.

1.1.9    Септеуліктерді жаттап алыњыз, олармен сµйлем қ±рап жаттыѓыњыз

туралы, жµнінде, жайында,- о, про;

сияқты- как, так как, подобно;

арқылы- через, с помощью;

бойы- весь, всю;

шамалы, шақты, қаралы- приблизительно, около;

қарай, таман, таяу, салым- ближе, к , в сторону, близко;

кейін, соњ- после;

б±рын- раньше;

дейін, шейін- до;

бірге- вместе.

1.2   Фарадей идеялары

1.2.1  Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Жақыннан әсер ету туралы пікірлерге батыл бетбұрыс бастаған ағылшынның ұлы ғалымы Майкл Фарадей болды да, түпкілікті қорытқан Максвелл болды.

Майкл Фарадей (1791-1867) - ұлы ағылшын ғалымы, электромагниттік құбылыстардың бәрін бір ортақ тұрғыдан қарастырып, олар туралы жалпы ілімнің негізін қалаушы. Фарадей ғылымға алғаш рет электр өрісі және магнит өрісі деген түсініктерді берді.

Фарадей идеясы бойынша, электр зарядтары бір-біріне тікелей әсер етпейді. Олардың әрқайсысы өзін қоршаған кеңістікте электр өрісін туғызады, бір зарядтың өрісі басқа екінші зарядқа әсер етеді. Зарядтан қашықтаған сайын өріс әлсірей береді.

Қозғалыстағы зарядталған бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлерін зерттеп білгеннен кейін ғана жақыннан әсер ету теориясы табысты болды. Алдымен уақытқа қатысты айнымалы өзгерістердің болатындығы дәлелденді, тек содан соң ғана қозғалмайтын зарядтардын электр өрісі бар екені туралы қорытынды жасалды.

Электр өрісінің басты касиеті - оның электр зарядтарына белгілі бір күшпен әсер ететіндігінде.

Қозғалмайтын зарядтардың электр өрісі электростатикалық өріс деп аталады. Ол уақытқа байланысты өзгермейді. Электростатикалық өрісті тек электр зарядтары ғана туғызады. Ол сол зарядтарды қоршаған кеңістікті алып тұрады да, зарядтармен тығыз байланыста болады. Жақыннан әсер ету теориясына байланысты зарядталған бөлшектер арасындағы өзара әсерлесу электр өрісі арқылы ж‰зеге асырылады.

 

1.2.2  Сөздерді жаттап алыңыз.

бөлшек - частица

батыл бетбұрыс — смелый поворот

пікір - мнение

түпкілікті - окончательно

түсінік - понятие

тікелей - непосредственно

қашықтау - удаляться

кеңістік - пространство

қоршаған - окружающий                 

әсер ету - влиять, повлиять

1.2.3  Сөз тіркестерін аударыңыз.

Мнение о близком расстоянии; сделан смелый поворот; рассмотреть электромагнитные явления; понятие об электрических и магнитных полях; непосредственное влияние; электиречсое поле недвижующихся частей; не зависеть от времени; окружающее пространство; непосредственно влияет от; влияние между частицами.

1.2.4  Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.                 Жақыннан әсер ету теориясын бастаған кім еді?

2.                 Фарадей идеясы бойынша электр зарядтары бірі-біріне қалай әсер етеді?

3.                 Электр өрісінің басты қасиеті неде?

4.                  Электростатикалық өріс дегеніміз не?

5.                 Бұл теория бойынша зарядталған бөлшектер арасындағы өзара әсер қалай жүзеге асырылады?

1.2.5  Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, тиісті жалғауын қосып жазыңыз.

Майкл Фарадей ұлы ағылшын (ученый), магниттік құбылыстар туралы жалпы (учение) негізін салушы. Электр зарядтары өздерін қоршаған (в пространстве) электр (поле) т±ғызады. Электр зарядының басты (свойство) - оның (на электрический заряд) белгілі бір (силой) әсер етуі. Алдымен уақытқа қатысты айнымалы (изменения) болуы (был доказан). (От заряда) қашықтаған сайын (поле) әлсірейді.

1.2.6  Сөйлемдердің  етістіктерін   ауыспалы   осы  шақка  қойып жазыңыз.

Фарадей магнит өрісі мен электр өрісі туралы алғаш түсініктеме бер... Электр өрісі электр зарядына белгілі бір күшпен әсер ет... . Зарядталған бөлшектер арасындағы өзара әсерлесу электр өрісі арқылы жүзеге асырыл... , Электростатикалық өрісті тек электр заряды туғыз... . Ол уақытқа қатысты өзгерме... .

1.2.7  Мына сµздерді тәуелдењіз

Пікір, қорытынды, сым, қ±рал, кењістік

1.2.8  Мәтіндегі етістіктерді жедел µткен шақтыњ болымды, болымсыз формасына қойып, жіктењіз

 

1.3 Трансформатор

1.3.1  Мәтінді мұқият оқып, аударыңыз.

Электромагниттік; индукция құбылысы арқылы бір кернеудегі айнымалы токты сол жиіліктегі айнымалы токтың екінші кернеуіне өзгертуге арналған бір немесе одан да көп индуктивті байланысқан орамалары бар статикалық электромагниттік құрылғыны трансформатор деп атайды.

Трансформаторларды келесі мақсаттарда:

а) электр энергиясын тұтынушыларға жеткізіп беруге және оны олардың арасында таратып беру үшін;

Алыс қашықтыққа энергияны жеткізу жоғары кернеу кезінде тиімді болады, өйткені бұл кезде энергияны беру жолдарында электр шығыны азаяды. Мысалы, қуаты 10 мвт-қа тең электр энергиясын 100 шақырым кашықтыққа беру үшін кернеудің шамасы 500 кв-ка тен ботуы керек. Сол себептен электр станцияларында кернеудің шамасын жоғарылататын -трансформаторлар қойылады;

б)  әртүрлі    технологиялық    мақсаттар    үшін:    электр    дәнекерлеу /балқытуды біріктіруге/, электр жылулық пештерді электр қуатымен қамтамасыз ету т.с.с. Бүл трансформаторлардың қуаты бірнеше мың
киловольт-амперге, ал кернеулері Юкв-ка жетеді;

в) радио және теледидар аппаратурасының әр түрлі тізбектерін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін;

г) жоғары кернеулі және күшті токты тізбектерге өлшеуіш аспаптарды қосу үшін кең қолданылады.

1.3.2 Жања сµздерді аударыњыз

қ±былыс- явление

кернеу- напряжение

айнымалы ток- переменный ток

жиілік- частота

µзгерту- изменить

орама- виток, обмотка

т±тынушы- потребитель

жеткізу- доставка

шыѓын- затрата

қуат- мощность   

1.3.3  Сөз тіркестерін аударыңыз.

Явление электромагнитной индукции; перменный ток в одном напряжении; переменный ток в той частотности; находятся  обмотки индуктивно связанные; статистическое электромагнитное устройство; электро энергию донести до потребителя; донести энергию на далекие расстояния; уменьшение электрических затрат; чтобы донести электроэнергию, мощностью 10 мвт, на 100 км расстояние; трансформатор, повышающий величину напряжения, явление индукции; напряжение генератора; линий передачи эяергии; величина напряжения; воздушные и кабельные линий; мощность трансформатора; коэффициент мощности; обмотка якоря: направление тока; магнитное поле; источник тока; количество проводников.

1.3.4 Сұрақтарға. берілген   жауаптың   дұрыс,   дұрыс   еместігін тексеріңіз, жауабыңызда  жоқ сөзін қолдана беріңіз:

а)  трансформатор дегеніміз не?

б) трансформатор дегеніміз орамалары индуктивті  байланыспаған     құрылғы;

в)  трансформаторлар не үшін қолданылады?

г) трансформаторлар   автомобильдердің  жылдамдығын   арттыру  үшін қолданылады;

д) алыс қашықтыққа энергияны жоғары кернеу кезінде жеткізу не үшін керек?       

Алыс қашыктыкқа энергияны жоғары кернеу кезінде жеткізу электр  шығынын  азайтады.   Қуаты   10  мвт     электр  энергиясын   100 шақырым қашықтыққа жеткізу үшін кернеу шамасы 300 кв болуы керек. Қуаты 10 мвт электр энергиясын 100 шақырым қашықтыққа жеткізу үшін кернеу шамасы 300 кв болуы керек

1.3.5 Электр шығыны, кернеу шамасы, электр энергиясы, генератор кернеуі, трансформатор қуаты тіркестерін табыс сепігіне қойып, сөйлем құраңыз.

1.3.6 Сµздерге кµптік жалѓауын қойыњыз

Индукция, қ±былыс, трансформатор, т±тынушы, тізбек, ол.

1.3.7 Арқылы, ‰шін, шамасы, қарай, шақты септеуліктерімен сµйлем қ±рап жаттыѓыњыз.

 

1.4 Электр энергетикасы

1.4.1 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, жеткізетін, тарататын және оны тұтынатын элементтердің өзара байланысқан жүйесі - электр энергетика жүйесі деп аталады.

Электр энергетика жүйесіне механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін генераторлар. кернеу мен ток шамасын өзгертетін трансформаторлар, электр энергиясын халыққа жеткізетін электр жеткізу желілері, жүйенің жмысына өзгерістер енгізетін көптеген қосымша қондырғылар, сонымен бірге басқару және реттеу құрылғылары жатады.

Жүйе режимі, яғни, оның белгілі бір уақыттата жағдайы оның жұмыс нәтижесін көрсететін өлшемдермен айқындалады, осындай жүйе өлшемдері болып куат, кернеу, ток, жиілігі және т.б. есептелінеді. Жүйе жұмысы тұрақты және өтпелі болып екіге бөлінеді. Тұрақты жұмыс өлшемдері белгілі бір уақыт ішінде өз шамаларын сақтайды немесе олар өте аз өзгеріске ұшырайды. Өтпелі жұмыс жүйенің бір тұрақты жұмыстан екінші тұрақты жұмысқа өту кезеңін сипаттайды. Бұл уақыт ішіндегі жүйе өлшемдері жай немесе тез өзгерулері мүмкін.

Электр энергетика жүйесі тұрақты жұмыс жасауы үшін және электр энергиясын тұтынушылар өз жұмыстарын пайдалы атқарулары үшін, электр энергиясы өлшемдерінің ауытқуы белгіленген шамалардан артпауы қажет. Тұтынушыларға берілген электр энергиясының сапасы оның кернеуі, жиілігі, симметриялығы (үш фазалы ток үшін) және син\соидалығымен (айнымалы ток сызығының түрі) анықталады.

 1.4.2  Жаңа сөздерді игеріңіз

 өзара байланысқан — взаимосвязанный

 шама — величина

 өзгерту — изменить

 өзгеріс - изменение

 қосымша — дополнителъный

 қондырғы - установка

 реттеу - регулировка, наладка

 нәтиже — результат

 өлшем — параметр, измерение

 қуат - мощностъ

 өтпелі — переходный

 ауытқу ~ колебаться

 сызық - линия

 жиілік - частота

1.4.3           Сөз тіркестерін аударыњыз.

 Взаимосвязь преобразовывающих, доставляющих и потребительских элементов; трансформатор изменяющий напряжение и величину тока; дополнительные установки  изменяющий работу системы; параметры показывающие результат работы; на определенное время сохраняют свою величину;  переходная и постоянная работа системы; качество работы; определяется его напряжением и частотой; переходный период.

1.4.4 Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) электр энергетика жүйесі деген не?

б) электр энергетика жүйесіне қандай қондырғылар жатады?

в) жүйе режимі қалай айқындалады?

г ) жүйе ж±мысының кандай түрлері бар?

д) электр энергетика жү'йесі тұрақты жұмыс жасауы үшін қандай

шарт орындалуы қажет?

е) электр энергиясының сапасы немен анықталады?

1.4.5  Жақшаның   ішіндегі   сөздерге   шығыс   септік   жалғауын қосыңыз, сөйлемдерді аударыңыз.

Өткінші жұмыс жүйенің бір тұрақты (жұмыс) екінші тұрақты жұмысқа өтуін сипаттайды. Электр энергиясы өлшемдерінің ауытқуы белгіленген (шамалар) аспауы керек. Энергия көзі мен (тұтынушылар) тұратын электр тізбегіндегі ток, электр қозғауыш күш Ом заңымен анықталады. Студенттер қысқы сессия кезінде (информатика), (сызу геометрия) емтихан тапсырады. Трансформатор арнайы қызметі бар (сымдар), қаңқаға оралып орналастырылған бірнеше (орамдар) тұрады. Қозғалыстағы зарядтардың (әсері) электр тогы пайда болады. Осыныњ (салдары) тізбек бөлігіндегі өлшенетін кернеуі кемиді

1.4.6 Кµп нүктенің орнына тиісті сұрақты қойыңыз.

         Аты-жөніңіз ...   ...  мамандықта оқисыз? Энергетика маманы ... болуы керек? Энергетиктер ...айналысады? Біліміңіз ... ? Тізбек, кернеу терминдері ... қолданылады?

... уақыттан соң окуды бітіресіз? Электр энергетикасы жүйесіне ... жатады? Сіз ... айтайын деп отырсыз? Электр термині ... шыққан? Троллейбус, трамвай ... жүреді? Ток күшін ... анықтауға болады? Электр энергетика маманы алдымен ... бітіруі керек?

 

1.5 Синхронды генераторлар

1.5.1  Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Электр энергаясы электр станцияларында үш фазалы айнымалы токтың синхронды генераторларында өндіріледі. Олар турбиналы генераторлар (алғашқы қозғалтқышы - бу немесе газ турбинасы) және су генераторлары (алғашкы қозғалтқышы-су турбинасы) болып бөлінеді. Синхронды генератордың жүмысы Фарадейдің электромагниттік индукция заңына негізделген. Осы заңның негізінде электр қозғаушы күштің (ЭҚК) шамасы өткізгішті қиып өтетін магнит өрісінің өзгеру жылдамдығымен анықталады.

Айнымалы токтың синхронды генераторы қозғалмайтын статор мен айналып тұратын ротордан тұрады. Ротор электр магниті ретінде жасалады. Оның орамдары тұрақты ток кезіне дөңгелек және щетка арқылы жалғастырылады. Болат беттерден жасалған статор кетіктеріне бір-бірімен тізбектеле жалғастырылған өткізгіштер орнатылады. Ротор айналған уақытта әрбір өткізгіштің бойында ЭҚК пайда болады. Өткізгіш ұзындыѓы мен генератор роторының бұрыштық жылдамдығы өзгермейді, ал магнит индукциясының шамасы мен бағыты өзгеріп т±рады.

1.5.2  Жања сездерді игеріңіз.

жылдамдық – скорость

бу —пар

орам — обмотка

дөңгелек - круг, колесо

болат - сталь

бет – пластина

кетік — зубец

±зындыѓы - длина

1.5.3 Сөз тіркестерін  аударыңыз.

 Генератор трехфазного переменного тока; основан на законе Фарадея об электромагнитном индукции; величина силы электродвигателя; изменяющая скорость магнитного поля, сотоит из ротора, вращающийся с недвижующим статором; на источник постоянного тока присоединяется с помощью колеса; к стальным зубцам статора; присоединяются  поцепочно; когда врощается ротор; на каждом проводнике появляются; не изменяется угловая скорость; напрвление индукции.

1.5.4  С±рақтарға жауап беріңіз:

а) электр энергиясы кайда өндіріледі?

б) генераторлардыњ қандай түрлері бар?

в) генератордыњ жұмысы кандай заңға негізделген? 

г)  электр козғаушы күштің шамасы немен анықталады?

д) айнымалы ток синхронды генераторы неден тұрады?

е) орамдар тұрақты ток көзіне қалай жалғастырылады?

ж) статор кетіктеріне не орнатылады?

           з) ЭҚК қай кезде пайда болады?

          1.5.5 Жақшаныњ ішіндегі сөздерге тиісті қосымшаларын жалғап,

сөйлемдерді толықтырыњыз.

  Электр энергиясы электр (станция) үш фазалы айнымалы ток генераторында (өндір). Синхронды генераторлардыњ (ж±мыс) Фарадейдің электромагниттік индукция (заң) негізделген. Айнымалы токтың (синхроя) генераторы қозғалмайтын статор мен (айналып тұр) ротордан тұрады. Болат (бет) жасалған статор (кетік) бір-бірінен тізбектеле жалғастырылған (өткізгіш) орнатылады. Ротор айналған (уақыт) эрбір (µткізгіш) бойында ЭҚК (пайда бол).

1.5.6  Көп нүктенің орнына етістіктіњ болымсыз жұрнағын және шақ көрсеткіштерін жалғаңыз.

 Электр энергиясы генераторларда µндір... . Генератор ротордан т±р... . Статор кетіктеріне өткізгіштер орнат... . Ротор айналғанда өткізгіште ЭҚК пайда бол... . Магнит индукциясының шамасы өзгер... . Орамдар т±рақты ток көзіне жалѓастырыл... . Синхронды генератордың ж±мыс Фарадей заңына негіздел... .

1.5.7    Мэтіннен кµсемшелерді жазып алыњыз, олардыњ қалай жасалып т±рѓанын т‰сіндіріњіз

1.5.8    Етістіктерді ауыспалы осы шақта болымды, болымсыз т‰рде жіктењіз

 Жасау, алу, жалѓастыру, т±ру, анықтау  

 

 

1.6  Электр жеткізу желілері

1.6.1 Мәтінді сөздікті пайдалана отырып, аударыңыз.

Басқа энергия түрлерінен электр энергиясының тиімділігі - оны мыњдаған шақырым жерге тез жылдамдықпен жеткізу мүмкіндігініњ болуы.

Б±л ж±мысты энергия жүйесініњ негізгі қ±рамды бөлігі электр жеткізу жүйелері ЭЖЖ атқарады.

Қазіргі уақытта электр энергиясын тасымалдайтын өткізгіштер екі түрде; жердің үстіне орнатылған электр тогын өткізетін желілер жэне жерде қойылатын ток еткізетін кабельдер болып жасалады. Электр жеткізу желілерінің бетоннан немесе металдардан жасалған тіректері болады. Олардың иіндеріне фарфордан немесе шыныдан жасалѓан ток өткізбейтін зат тізбегі орнатылады. Тіректердіњ арасына ыдыстан, алюминий, болатты алюминийден жасалып тартылѓан сымдар тіректердің иіндеріне ілінген ток өткізбейтін заттар тізбектерініњ ±штарына бекітіледі. Ал өткізгіштердің арасындағы ауа ток µткізбейтін зат қызметін атқарады. Сондықтан кернеу шамасы неғүрлым көп болса, өткізгіштердің ара қашықтығы да соғұрлым көп болады.

Электр энергиясын баламалап тірі дене есебінде қарастыруѓа болады. Дене тіршілігінің көзі жүрек болса, электр энергетикасьныњ жүрегі — электр энергиясын өндіретін электр станциялары. Қозғалыста болатын дене мүшелері - электр энергиясын тұтынып, жұмыс жасайтын өндірістік қондырѓылар. Олардыњ сенімді жұмыс жасауы бүкіл электр энергетикасының сенімді ж±мыс атқаруына әсер етеді, соның қайнар б±лағы болып табылады.

Кернеу шамасы 1150, 750, 500, 330 жөне 220 кВ айнымалы ток тасымалдайтын өткізгіштер және кернеуі 1500 кВ т±рақты ток өткізгіштері күре тамырлар сияқты электр энергиясының көлемді бөлігін тасымалдайды.

ЭЖЖ адамдарға қауіпсіз биіктікте болуы керек. ЭЖЖ салушылар жел күшін, жазѓы және қысқы температуралар айырымын жэне көптеген жағдайларды ескерулері керек.

 

1.6.2 Жања сµздерді игеріњіз

мүмкіндік - возможность

құрамды бµлік - составная часть

тасымалдау - транспортировать

тірек -подпорка, опора

шыны - стекло

баламалап - образно

тірі дене - живой организм

дене мүшелері — части тела

қан тамырлары — кровяные сосуды

күре тамыр - вена, венозный

1.6.3  Сөз тіркестерін аударыңыз.

 Высокой скоростью донести на далекие расстояни; состовная часть энергии; проводник транспортирующий электро энергию; надземные сети проводящие электрический ток; токонепропускаемые цепи; чем больше величина; движующиеся части тела;  сосуды доставляющие во все части тела кровь; надежность работы электро энергии; проводники транспортируемые переменный ток; зимняя температура; должны учесть.

1.6.4    С±рақтарға жауап беріңіз:

а) электр энергиясыньњ тиімділігі  неде?

б) электр энергиясьн тасымалдайтын өткізгіштер қалай жасалады?

в) электр жеткізу желілерінің тіректері неден жасалады?

г) олардыњ иіндеріне не орнатылады?

д) өткізгіштердің арасындаѓы  ауа қандай қызмет атқарады?

ж)  ЭЖЖ салғанда нені ескеру керек?

1.6.5 Жақшаның ішіндегі сөздерге ырықсыз етіс ж±рнағын және өткен   шақ   есімшеніњ   -ѓан,-ген,-қан,-кен   жұрнақтарын   жалғањыз, тіркестерді аударыњыз.

Жердіњ үстіне (орнат)  электр тогын өткізетін желілер; металдан (жаса) тіректері болады;    алюминийден    жасалып    (тарт)    сымдар; тіректердіњ иіндеріне   (іл)  ток  өткізбейтін  заттар.   Тізбектеле   (жалға) µткізгіш;  (бол)  аварияны шектеу;  энергия көзінен  (ажыра)  өткізгіш; генераторда (өндір) энергия.

1.6.6 Сөздердің сөйкес келетін тіркестерін табыңыз:

а) электр тогы: 1) жасайды; 2) пайда болады; 3) өндіреді; 4)ескереді;

ә)қызмет: 1) қамтиды; 2) орнатылады; 3) өткізеді; 4) атқарады;

б)кернеу: 1) көзі;  2) бетоны;  3) денесі; 4) бұлағы;

в)ток µткізбейтін:  1)ж±мыс: 2) зат;  3) тамыр; 4) қозғалыс;

г)жердіњ   үстіне   1)   өндірілген;   2)   тасымалдаған;   3)   орнатылған; 4) ескерілген.

1.6.7    Мәтіндегі етістіктерді т±йық етістік формасына қойыњыз

1.6.8    Мына сµздерді тәуелді септеу формасына қойыњыз

 Ж‰регім, затыњ, тамыры, б±лаѓымыз, м‰шењіз.

1.6.9    ‡стеулерді жаттап алыњыз, олармен сµйлем қ±рањыз

 Қолма - қол - сразу, бостан – босқа - зря, зорѓа – еле - еле, лезде - быстро, ‰немі - постоянно, бекер - зря, ойша - мысленно, сµйтіп - таким образом, м‰лдем - совсем, эдейі, жорта, қасақана - нарочно, умышленно, жоѓары - высоко, жол- жµнекей - по дороге, кері - обратно, алѓа - вперед. 

 

2                   Жылу энергетикасы

 

 

2.1   Электр стансалары.

2.1.1  Мәтінді көшіріңіз, аударыңыз.

Электр энергиясы электр стансаларында өндіріледі. Электр энергиясын тұтынушылар пайдаланады. Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін электр стансаларында  энергия қоры болу керек.

Тұтынушылар   көп   болса   электр   стансаларының  жүктемесі   аз тербеледі. Осы себепті оның жұмыс істеуі жеңілденеді.

Электр энергиясын бөлшектеп пайдалануға болады. Ең ұсақ бөлшек ватт кішкене шамдарды жағады. Ең үлкен бөлшегі мегаватт ірі пештерді жағады. Электр энергиягиясын сым арқылы алыс жерлерге оңай жеткізуге болады.

Электр стансалары әртүрлі болады. Олар мыналар; жылу электр стансасы, қысқаша ЖЭС, атом электр стансасы, қысқаша АЭС, су электр стансасы, қысқаша СЭС, жел электр стансасы, қысқаша ЖЭС, дизель электр стансасы. қысқаша ДЭС, газ турбиналы электр стансасы, кысқаша ГТЭС.

2.1.2  Сөздікті игеріңіз.

 тұтынушылар - потребители;

 өндіреді – вырабатывают,

 қаншалықты – сколько,

 соншалықты – столько,

 тербеліс – колебание,

 қамтамасыз ету – обеспечить,

 жеңілденеді — облегчает.

2.1.3  Сұрауға жауап беріңіздер:

а) электр энергиясы қайда өндіріледі?

б) электр энергиясын кімдер пайдаланылады?

в) электр энергиясының ұсақ бөлшектерімен не жанады?

г) электр энергиясының үлкен бөлшегімен не жанады?

д) электр стансаларының қандай түрлері бар?

2.1.4 Сөз тіркестерін аударыңыз

Вырабатывается в электрических станциях, используют потребители, для обеспечения, запас  энергии, нагрузка станции, разжигают печи, доставлять через провод, различные электростанции.

2.1.5 Мәтіннен етістіктерді тауып, оларды тұйық етістік  формасына қойыңыз

Пеш, жүктеме, энергия сөздерін  септеңіз

2.1.6    Мына септеулік шылауларды пайдалана отырып , сөйлем құраңыз

Үшін, арқылы, бойынша ретінде. 

2.1.7    Мәтіннен барыс  септігіндегі сөздерді теріп жазып, орыс тіліне  аударыныз.

Үлгі: бөлшектеп пайдалануға – использовать по частям.

 

          2.2    Атом электр стансалары

2.2.1 Мәтінді көшіріңіз, аударыңыз.

Атом электр стансасы ауыр элементтерді ыдыратқанда туатын энергияны алады. Ауыр элемент ретінде уран — 235 атауға болады. Сондай-ақ атом электр стансасы термоядролық реакция энергиясын паидаланады. Ядро бөлінгенде кинетикалық энергия пайда болады. Кинетикалық энергиядан жылу энергиясы алынады. Бұл жағынан атом электр стансасы жылу энергетика стансасына ұқсайды. Бірақ ядроэнергиясы жылуды өте көп береді.

 Қазір дүние жүзінде көптеген АЭС бар. Олардың қуаты өте жоғары. Мысалы; Ресейдегі Курск АЭС қуаты 4000мВт. Қазақстанда Ақтау қаласында АЭС жүмыс істеді. Ол Каспий теңізінен ащы суды тұщыландырды.

 Атом электр стансаның мынандай ерекшеліктері бар: ол кез келген жерде салынады, дербес жұмыс істейді, отынды аз пайдаланады, энергияны көп береді, қоршаған ортаны аз

 ластайды, бірақ өте кауіпті.

2.2.2 Сөздікті игеріңіз:

ыдырату - расщепление

ауыр элемент — тяжелый элемент

ұқсайды — похожий

ерекшеліктері — различия

ластайды — загрязняет

тұщыландырады — опресняет

өте қауіпті - очень опастно

2.2.3    Мына сөз тіркестерін аударыңыз

 При расщиплении тяжелых элементов, использует энергию, появление кинетической энергии, похож на тепло энерго станцию, опресняет воду, мало использует, загрязняет окружающую среду, такие особенности.

2.2.4           Мына сөздерді септеңіз.

Уран, электр станса, кинетикалық энергия, ядро энергиясы.

2.2.5 Сын есімді тіркестерді теріп жазыңыз

Үлгі: кинетикалық энергия- кинетическая энергия.

2.2.6 Мәтіннен етістіктерді жазып, оларды болымсыз формаға айналдырыңыз

Үлгі: пайдаланады- пайдаланбайды.

2.2.7    Мына сөздердің антонимін жазыңыз

Ауыр, жылы, көп, өте, жоғары, ащы, аз, қауіпті.     

 

 

2.3         Су электр стансалары

2.3.1  Мәтінді көшіріп, аударыңыздар. Бірнеше рет кайталап оқыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.

Су электр стансалары су тасқынын электр энергиясына айналдырады. Яғни, механикалық энергиядан электр қуатын алады.

Су электр стансалары таудан аққан өзен күшін пайдаланады. Немесе ағынды өзенге бөгет  жасайды. Содан қысылып аққан су күшін пайдаланады.

Қазақстандағы ең ірі ГЭС - Бұқтарма ГЭС-і. Бұқтарма ГЭС-і 1960ж. салынды. Оның қуаты - 675 мВт.

Ал айдың әсерінен теңіздерде судың тасуы және қайтуы болып тұрады. Бұл әсер әр жерде әртүрлі. Мысалы, Атлантика мұхитының Канада жағалауында толқынның биіктігі 18 м, Ла-Маншта - 15м, Охот теңізінде -13 м, Ак теңізінде - 10 м.

Теңіз электр стансаларын салу үшін толқын 10 м-ден кем болмауы керек, мүндай мүмкіндік жер жүзінде 30-ға таяу. Әрине, бұл өте аз.  Осы себепті мұндай стансалар да аз. Мысалы, 1966 жылы Францияда Раис толқын стансасы салынды. Оның қуаты - 240 мВт

1968 жылы Баренц теңізінде Кислогуб станциясы салынды. Оның қуаты - 800кВт.

2.3.2  Сөздерді меңгеріп, жаттап алыңыздар.

айнаяуы — вращение

су тасқыны - водяной напор

таудан ақкан өзен - с гор падающая река

орталықтан тепкіш күш - центробежная сила

ағынды өзен  - река с течением

су күші - сила воды

әсер етеді - влияет

судың тасуы - прилив воды

теңіз толқыны - морская волна

жағалау – берег

2.3.3 Мына тіркестерді аударыңыз

Вращать водяной напор в электро энергию, с гор падающая река, использовать силу воды, для постройки станции, высота волны, мощность станции.

2.3.4  Сөйлемді аяқтаңдар.

Су электр станциялары судың күшін ... .

Су электр станциялары           ...        салынады.

...  ГЭС-і 1960 жылы пайдалануға берілді.

Бұқтарманың         675 мВт.

2.3.5 Тіркестерді орыс тіліне аударыңдар.

Теңіз  асқыны

Теңіз қайтуы

Теңіз толқыны

Теңіз беті

Мұхит толқыны

2.3.6  Дұрыс жауабын беріңіздер:

а) Алматыда су электр станциясы бар;

б) су станциясы тасқынды пайдаланбайды;

с) су электр станциясы жаңбырды пайдаланбайды;

д) су электр станциясы қар суын жағады;

е) бұқтарма су энергиясын өндіреді;

 

2.4  Дизель электр стансалары

2.4.1  Мәтінді көшіріңдер. Аударып, әңгімелеңдер.

Дизель электр стансалары сұйық мұнай отынымен жұмыс істейді. Оның басты элементі - дизель-генератор. Оның қуаты 40-650 кВт-қа жетеді.

Дизель-генератор екі жабдықтан тұрады. Олар: дизель және айнымалы ток генераторы.

Дизель мазутпен жұмыс істейді. Дизель мазутқа генератормен қосылған .

Осы білік арқылы генератор жұмыс істейді. Осы білік айналғанда генератор орамында электр тогы пайда болады. Пайда болған ток кабель (сым) арқылы электр тарататын құрылғыға беріледі де, тұтынушыларға жіберіледі.

 Дизель электр стансалары бір жерден екінші жерге ауыстыру оңай. Сондықтан дизель электр стансаларын шағын шаруашылықтарда пайдалану өте тиімді.

2.4.2   Сөздерді меңгеріңіздер.

жетеді - здесь, доходит

айнымалы ток - переменный ток

білік — вал

орам - обмотка

құрылғы – установка

бір жерден - с одного места

ауыстыру - передвижение

оңай – легко

2.4.3 Мына сөз тіркестерін аударыңыз

Доходит до, главный элемент, соединен с помощью генератора, передают потребителям, появляющиеся ток, устройство передающий ток, с помощью этого вала,  очень эффективный для использования в  хозяйстве, перемещение с одного места на другую.

 

  2.4.4   Сұрауға жауап беріңіздер:

  а) дизель электр станциясы кандай отын жағады?

  б) оның басты элементі не?

  в) ДЭС-тің куаты қанша?

  д) ДЭС генераторы қандай жабдықган тұрады?

  е) дизель немен жұмыс істейді?

  ж) электр тогы кайдан пайда болады?

 

 

2.4.5  Дұрыс жауабын табыңыз.

а) дизель электр станциясы мазут жағады;

б) дизель электр сганциясы көмір жағады;

с) дизель элекір станциясы уран жағады;

д) дизеиь электр станциясы ток бермейді;

е) электр тогы сымсыз беріледі.

2.4.5 Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, ІІІ шақ формасына қойыңыз

         

2.5 Жер асты энергиясы электр стансалары

2.5.1 Мәтінді көшіріңіздер, аударыңыздар, мазмұнын айтыңыздар

Жер  асты  энергиясы  электр  стансалары  жер  асты  жылу көздерін

пайдаланады. Жер асты көздері: ыстық су, гейзерлер.

Мамандар жер асты көздерін келешекте көп пайдаланатынын айтады.

Жер асты температурасы әрбір ЗОм. сайын І- градусқа өсіп отырады.

 Бұл аса көп емес сияқты. Бірақ 3 киллометр тереңдікте су қайнатуға болады. (100° С). Ал 11 км тереңдікте қорғасын балқиды. 60 км тереңдікте температура 1800° С жетеді. Сондықтан геометрия болашағы зор делінеді

  Қазіргі Италияда, Жаңа Зеландияда, Жапонияда, Америкада, Мексикада геотермия стансалары бар. Олардың қуаты 200 - 500 мВт аралығында.

Геотермия көздері Қазақстанда, Грузияда, Курил аралдарында пайдалануда. Бірақ техникалық даму геотермия көздерін молырақ пайдалануға жете қойған жоқ.

2.5.2   Сөздікті игеріңіздер:

жер асты көздері - подземные источники

келешекте - в будущем

пайдаға асу - использование

тереңдік - глубина

балқиды - плавит

өсіп отырады - вырастает

аса көп емес - не очень много

болашағы -будущее

даму - рост

жете койған жоқ - не достиг

2.5.3 Мына сөз тіркестерін аударыңыз

Источники тепла, использовать теплоисточники, их мощность, техническое развитие,

2.5.4 Тіркесті толтырыңыздар.

жер асты ...

ыстық ...

әрбір ... метр

3 км ...

Испанияда ... бар

Курил ...

2.5.5    Геотермиялық станса құрылымын атауға жаттығыңыздар.

2.5.6    бұрғы

буды түрлендіретін қондырғы

трубина

Салқындатқыш

Сорғы (насос)

Су жылу алмастырғыш

 

2.6 Жел электр стансалары

2.6.1 Мәтінді көшіріңіздер, аударыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.

Жел электр стансалары жел күшін токқа айналдырады. Жел электр стансаларының қуаты шағын болады: 100-140кВт. Жел энергиясын колдану оның жылдамдығына және бағытына байланысты.

Мысалы, жылдамдығы 5-8 м/сек жел - қалыпты жел, 14 м/сек жел -күшті жел, 20-25 м/сек жел - күйын. Ал 30 м/сек асатын жел - дауыл. Кейде жел екпіні 100 м/сек жетеді.

Тұрмыста жел  диірмен  ертеден  белгілі.   Онда ұн тартатын.  Қазір тұрмыста шағын жел стансалары колданылады. Оның қүрылымы:

жел қалақшалары

электр генераторы

ток өткізгіш

биік мұнара

электр энергиясын тарататын үй

найзағай кайтарғыш

2.6.2  Сөздерді меңгеріңіздер

жел - ветер

жылдамдығы - скорость

қалыпты жел - обычный ветер

құйын - вихрь

дауыл - ураган

күшті жел - сильный ветер

жел қалақшалары - ветряные лопасти

мұнара - башня

найзағай қайтарғыш - громоотвод

2.6.3 Сұрауға жауап беріңіздер:

а) ЖЭС жел күшін неге айналдырады?

б) оның қуаты қандай?

в) жел түрлері қандай?

г) тұрмыста қандай диірмен белгілі?

д) қазір қандай ЖЭСқолданылады?

е) оның құрылымы қандай?

 

2.6.4 Сөз тіркестерін аударыңыз

Использовать энергию ветра, связана с его направлением и скоростью, достигает до  100 м/сек, сила ветра, используется в ветровых станциях,  его структура.

          2.6.5 Мәтіннен сан есім тіркестерін теріп, жазбаша жазыңыздар.

 

 

2.7  Су қорлары

2.7.1  Мәтінді   аударыңыз   

Қазіргі кезеңде су энергиясы қазып алынатын отын түрлерімен бірге электр стансаларының маңызды бір көзіне айналып отыр. Ағынды сулардың кинетикалық энергиясы орасан зор. Жер бетіндегі барлық ағын сулардың энергиясы толық пайдаланылатын болса, онда жылына ЗЗООО кВт сағ. Электр знергиясын өндіруге болады. Әрине, бұл мүмкін емес. Ғылыми болжамдарға қарағанда, әр түрлі технологиялық және энергетикалық себептерге байланысты, бұл энергияның тек 25 %-ын ғана іске жаратуға болады. Мұның өзі бүгінгі таңда дүние жүзі электр стансаларында өндіріліп отырған электр энергиясы көлемінен екі еседей артық. Бірақ дүние жүзі елдері осыншама ұшан теңіз энергияның не бары 5 % -ын ғана пайдаланып отыр.

Дүние жүзіндегі су энергиясына бай елдер: ҚХР (дүние жүзі қорының 13,5 пайызы,), ТМД (11 пайыз), АҚШ (7,2 пайыз), Заир (5,5 пайыз), Бразилия (5,3 пайыз).

Су энергиясының мөлшері ағыс күшіне тікелей байланысты. Ал су ағысының күшеюі жер бедеріне, яғни жердің ылдилығы мен өрлілігіне, жауын-шашын мөлшеріне тәуелді. Деректерге қарағанда, құрлықтың 800 Осы себепті, барлық бұлақ, өзен сулары еңіс орналасқан, көл, теңіз, мұқит мың км2 теңіз деңгейінен төмен, ал 150 млн км" теңіз бетінен жоғары жатыр.

Өзен суларының көлемі мен ағу шапшаңдығына қарай олардың энергия қуатының мөлшері анықталады.

2.7.2. Сөз тіркестерін меңгеріңіз

маңызды көзі — значительный источник

ағынды сулар — проточные воды

ғылыми болжамдарға қарағанда -

по научным прогнозам

энергия мөлшері - объем энергии

жер бедері - релъеф земли

жауын-шашынға төуелді - зависимо от дождя

теңіз деңгейі - уровень моря

ағу шапшаңдығы — скорость течения ,

жер ылдиы мен өрлігі — низина и возвышенность земли

2.7.3 Мына тіркестерді аударыңыз

         Вместе с ископаемыми видами топливо, значительно много энергии, полностью использовать проточные воды, можно вырабатывать, с связи с технологиескими и энергетическими причинами, в два раза больше  от обьема электро энергии, напрямую связана с силой протока.

2.7.4  Төмендегі сөйлемдерді толықтыр.

  Қазақстан ... су қорлар ... аз. Еліміз ... басты өзен ...: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Нұра, Жайық. Балқаш, Зайсан, Арал — табиғи көл..., ал Қапшағай қол ... жасалған көл.

2.7.5    Отын, су сөздерін септеңіздер және тәуелдеңіздер.

 

 

2.8   Қазақстанның отын қорлары

2.8.1 Мәтінді көшіріңіз, сөздікті пайдаланып аударыңыз

Қазақстанда табиғи отын қоры: көмір, мұнай және газ.

Табиғи отын қорын 100% деп есептесек, онда еліміздің отынының көмір 80 % мұнай 13 %, газ 7 % құрайды, Бұл дүние жүзілік отын қорының 0,5 (жарты пайызы).

Қазақстан есептеулері бойынша, отынмен өзін толық қамтамасыз ететін елдер қатарына жатады.

Өкінішке орай, 1993 жылы мәліметтер бойынша Қазақстан электр энергиясымен 90%, мазутпен 87 %, бензинмен 86 %, дизельдік отынмен 74 %, табиғи газбен 42 % қамтамасыз етілген.

Органикалық отын ішінде ең көбі көмір. Мысалы, дүние жүзінде көмір қоры 4850 млк.т. Бұл-76 %. Мұнай 1150 млрд т, Бұл -19%.

Ал табиғи газ қоры 310 млрд.т. Бұл-5 %.

Сауд Аравиясы, Кувейт, Абу-Дави, Ирак және Иранда мұнай қоры әлемдік қордың 66% құрайды. Латын Америкасы әлемдік қордың 12%-на ие. Қазақстанға бұл қордың 1,6 % келеді.

2.8.2  Сөз тіркестерін меңгеріңіз:

табиғи отын қоры - природные запасы топлива

толық қамтамасыз ету — обеспечивать полностью

табиғи газ - природный газ

органикалық отын - органическое топливо

көмір қоры — запасы угля

мұнай қоры — запасы нефти

газ қоры — запасы газа

әлемдік қор — запасы мира, всемирный запас

жарты пайыз — пол процента

2.8.3    Мына тіркестерді аударыңыз

Природный запас топливо, по Казахстанским расчетам, относятся к полнообеспеченным странам, к сожалению, среди органического топливо.

2. 8.4 Мәтіндегі сан есімдерді теріп, сөзбен жазыңыз.

2. 8.5   Етістіктерді  теріп жазып,болымсыз формаға қойыңыз.

Үлгі: құрайды- құрамайды

 

 

 

 

 

3  Радиотехника және байланыс

3.1 Радио

Радио   (лат.   сәуле   таратамын,   шығарамын   деген   сөз)   -   алыс қашықтыққа    сымсыз    таралатын     жоғары    жиілікті     электрмагниттік   тербелістерді пайдалануға негізделген техника саласы.

Попов Александр Степанович (1859-1906) - орыс физигі, радиобайланыс негізін қалаған өнертапқыш. 1882 жылы Петербург университетін бітірген. Ол неміс физигі Г.Герц жасаған электрмагниттік толқын таратқыш вибраторды қашықтан сымсыз сигнал беру ісінде пайдалану жөнінде көп еңбектенді.

Ол француз физигі Э.Бранли ұсынған радиокондукторды (когерер) пайдаланып, оны жетілдірді.

Попов 1895 жылы 7 мамырда Орыс физика-химия қоғамының мәжілісінде алғашқы радиоқабылдағышты көрсетті  .

1900 жылы Поповқа Парижде өткен 4 Дүниежүзілік элекгротехниктер конгресінде осы еңбегі үшін Құрмет дипломы мен Алтын медаль берілді.

І945 жылдан бастап 7 май радио күні боп аталады.

Радио таратқыш жүйе (антенна) арқылы электромагниттік энергияны жан-жақты тарату және оны қашықтан радиоқабылдағыштың антеннасымен қабылдау мәселелерін іске асырады.

Электрондық лампалардың шығуы радионың дамуына түбегейлі бетбұрыс жасады.Қысқа мерзім ішінде радио арқылы сөз бен әнді алысқа тарату — радиохабар тарату мәселесі іске асырылды, Радионың кемелденуі арқасында радионавигация, радиолокация, телевизия т.б. жаңа салалар бөлініп шықты.

 

Сөздік

сәуле-луч                                          тарату - распространять

шығару – излучить, выделять                    жиілік - частота

сымсыз -беспроволочный                қабылдағыш — приемник

жетілдіру – совершенствовать         мәжіліс – заседание

ұсынған - предложенный                   қашықтық - расстояние

тербеліс - колебание                         өнертапқыш - изобретатель

мәселе - задача                                 мерзім – время

бетбұрыс - поворот, перестройка

 

3.2 Сөз тіркестерін аударыңыз

          На дальние расстояния; высокочастотные электромагнитные колебания;    изобретатель, заложивший основу радиосвязи; вибратор, передающий электромагнитные волны; много трудился, радиокондуктор, предложенный Э. Бранли; на заседании русского физико-химического общества; представил первый радиоприемник; на всемирном конгрессе электротехников; диплом почета; осуществлять прием антенной радиоприемника; сделал коренной поворот в развитии радио; за короткое время; с совершенствованием радио; 

 

3.1.2 а) Сингормонизм заңын еске түсіре отырып, мына сөздерге көптік жалғауын ( -лар ,-лер,- дар, -дер, -тар, -тер) жалғаңыз; ә) бұларды қатыстырып сөйлем құраңыз, орыс тіліне аударыңыз,

          Сәуле, жүйе, қашықтық, тербеліс, өнертапқыш, радиоқабылдағыш, еңбек, кедергі.

3.1.3  Сөздер мен сөз тіркестерінің қосымшаларын анықтаңыз:

Алыс қашықтыққа, тербелістерді, сымсыз таралатын, техника саласы, көп еңбектенді, радиоқабылдағышты көрсетті, электротехниктер конгресінде, радиоқабылдағыштың антеннасымен қабылдау, радионың дамуына, радионың кемелденуі,  жетілдірді, бөлінеді, мәжілісінде, қоғамның;

3.1.4  Мәтінде берілген сан есімдерді сөзбен жазыңыз және оларды реттік сан есім түрінде айтыңыз.

Үлгі: 1895 – Мың сегіз жүз тоқсан бес – мың сегіз жүз тоқсан бесінші;

3.1.5 Мәтіннен етістіктерді табыңыз, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

Үлгі:  бітірді - өткен шақ, бітіреді –осы шақ.

 

3.2 Радиотехника

Радиотехника - радио диапазонындағы электрмагнитгік тербелістер мен толқындарды генерациялау, күшейту, тарату, қабылдау тәсілдері мен оларды пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым. Электрмагнитгік тербелістер мен радио диапазонындағы толқындарды радиобайланыста, теледидарда, радиолокадия мен радионавигацияда, сондай-ақ технологиялық процестерді бақылау мен басқаруда т.б. ғылыми-зерттеулерде пайдаланатын техника саласы да радиотехника деп аталады. Радио диапазонына толқын үзындығы ондаған км-ден мм-дің ондаған бөліктеріне дейінгі электромагниттік толқындар (ЭМ) жатады.

Радиотехниканың дамуына М.Фарадей, Дж.К.Максвелл, Г.Герц, А.С.Попов, А.Мейснер т.б. зор үлес қосты. Орыс ғалымы В.П. Вологдин жасаған жоғары жиілікті индукторлық машина негізінде 1925 жылы Москва мен Нью-Иорк арасында тікелей радиобайланыс орнатылды. XX ғасырдың орта кезінде телевизия пайда болды.

Радиотехника негізінде кез-келген қашықтықта радиотелефон байланысын орнату, кескін, сызба, сурет, газет материалдарын тарату, тез әрекетті телеграфтық радиобайланыс орнату мүмкін болды.

Радиотехника тәсілдері автоматты баскару, реттеу және акпаратты өңдеу жүйелерінің негізін кұрайды. Радиотехника жетістіктері электронды есептеуіш машиналарды (ЭВМ) жетілдіруге мүмкіндік береді.

Радиотехника өнеркәсіп пен халық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Жоғары жиілікті қыздыру қондырғылары аса таза металдар алуда, болат бұйымдардың беттік қабатын шынықтыруда, ағаш, керамика, астық өнімдерін кептіруде, тамақ өнеркәсібінде, медицинада т.б. қолданылады.

 

Сөздік

зерттеу-изучать, исследоватъ           жетістік - достижение

өңдеу - обрабатывать,обрабогка     басқару — управлять

кескін - очертание                              беттік қабат -- лицевой слой

сызба - чертеж                                   шынықтыру — закаливать

тез әрекетті - быстродействующий кептіру - сушить

ретгеу – регулировать.

 

3.2.1 Сөз тіркестерін аударыңыз

Электромагнитные волны и колебания радиодиапазона; способы приема, усиления, передачи; контролировать технологические процессы; на любое расстояние; передача изображения, чертежей, газетного материала; устанавливать быстродействующую радиосвязь; совершенствоватъ ЭВМ; составляет основу систем информационной обработки; высокочастотные нагревательные установки; получать чистые металлы; закаливать лицевой слой стальных изделий; сушить изделия из керамики, дерева; используется в пищевой иромышленности.

 

3.2.2  Мәтіннің әр абзацын оқып, сұрақ қойыңыз және оған жауап беріңіз.

Үлгі: Радиотехника қандай ғылым?

 

3.2.3  Мәтіннен жатыс септігіндегі сөздерді теріп жазып, орыс тіліне аударыңыз.

 Үлгі: тамақ өнеркәсібі+нде - в пищевой промышленности

         

3.2.4    Сөздер мен сөз тіркестерінің қосымшаларын анықтаңыз

Электромагниттік тербелістер, толқындарды, мәселелерін, зерттейтін ғылым, рдиобайланыста, технологиялық процестерді басқаруда, ғылыми-зерттеулерде, пайдаланатын, радио диапозонына,  радиотехниканың дамуына, пайда болды, деп аталады, толқындармен, тербелістерден;

3.2.5 Мәтіннен ілік септік + тәуелдік жалғауында тұрған тіркестерді табыңыз, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз

Үлгі: радиотехниканың дамуы – Радиотехниканың дамуына ғалымдар көп үлес қосты.  

 

         

         

 

3.3 Радиобайланыс

Радиобайланыс - радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланысы. Бұл үшін хабар беретін пунктте радиотаратқыш пен тараткыш антеннадан тұратын қондырғы, қабылдау пунктінде қабылдағыш антенна мен радиоқабылдағыштан құралған қондырғылар орнатылады.

1920 жылға дейін радиобайланыста толқын ұзындығы жүз метрден ондаған км. арасындағы, ал 1922 жылдан түзу сызықпен таралатын дециметрлік және сантиметрлік толқындар алқабы игерілді. Қысқа толқындар негізінде көп арналы байланыс орнатылып, телефон, радио, теледидар байланыстары арқылы өте көп информация қабылдау-тарату мүмкіндігі туды. Ретрансляция немесе байланыс спутниктері көмегімен радиобайланыс қашықтығын күрт арттыру мүмкін болды. Байланыс спутниктері арқылы кез-келген қашықтыққа бір мезгілде мыңдаған телефон байланысы мен ондаған теледидар программаларын орнатуға болады.

Сөздік

кедергі - резистор, сопротивление     тарату - передача

құйын – вихрь                                      қабылдау – прием, принимать

тізбек – цепь                                         қондырғы - установка

бөгеу-помеха                                        радиотаратқыш - радиопередатчик

толқын – волна                                     арна - канал

арқылы- через                                       мүмкіндік - возможность

жүзеге асыру - осуществлять              қашықтық – расстояние

көлем – обьем                                        бір мезгілде – одновременно

 

3.3.1 Сөз тіркестерін аударыңыз

Принимающий пункт; установка, состоящая из радиопередатчика и передающей антенны; длина волны; освоен диапазон дециметровых и сантиметровых волн; установилась многоканальная связь; появилась возможность передачи и приема большого объема информации; с помощью спутников связи; резкое увеличение расстояния радиосвязи; на любое расстояние одковременно; можно установить десятки
телевизионн
ых программ.

 

3.3.2  Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз

Қондырғы, антенна, радиоқабылдағыш, толқын, арна, сызық, байланыс, телефон, радио, қашықтық, мезгіл, таратқыш.

 

          

 

3.3.3  Жақшаны ашыңыз, оның ішіндегі тұйық етістіктерге тиісті септік жалғауларын жалғаңыз.

Радио жоғары жиілікті электромагниттік тербелістерді (пайдалану) негізделген техника саласы. Инвестициялар радиоэлектроника өндірісінің (даму) ықлал етеді. Жоғары жиілікті қыздыру қондырғылары астық өнімдерін (кептіру) қолданылады. Институт түлектері телекоммуникация жабдықтарын (орнату) айналысатын фирмаларда жұмыс      істей алады. Байланыс кәсіпорындары коммуникация желілерін (пайдалану) ең тиімді тәсілдерін қолданады.

 

3.3.4  Мына тіркестерді  қатыстырып  сөйлем  қүраңыз.   Оларды орыс тіліне аударыңыз.

Электр байланысы, қабылдау пункті, көп арналы байланыс, толқын ұзындығы, телефон байланысы, байланыс спутниктері, теледидар программасы.

 

3.3.5 Сұрақтарға жауап беріңіз:

а) радиобайланыс үшін қандай қондырғылар орнатылады?

в) қандай толқын ұзындықтары бар?

г) көп арналы байланыс орнату арқылы қандай мүмкіндік туды?

д) байланыс спутникгері арқылы не орнатуға болады?

е) радиобөгеулер дегеніміз не?

       

3. 3.6 Сөздер мен сөз тіркестерінің қосымшаларын анықтаңыз

Радиотолқындар арқылы, жүзеге асырылатын, хабар беретін пункт, антеннадан тұратын қондырғылар, қабылдау пунктінде, орнатылған, түзу сызықпен таралатын, толқындар негізінде, көмегімен, қашықтығын арттыруға болады, қашықтыққа, мүмкін болды.

 

3.4 Мамандыгым-радиотехник

Радиотехника мамандығы - әртүрлі радиоэлектронды құрылғыларды жасау және өндіру саласында инженерлер дайындауды қарастырады.  

Бұл мамандықты бітірушілер қазіргі радиоэлектрондық аппараттарды жобалайтын және өндіретін әртүрлі кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында жүмыс істейді.

Радиоинженер радиоөнеркәсібінің қазіргі элементтерінің базасын жақсы біліп, есептеу техникасын кеңінен пайдалана отырып, радиотехникалық жобалау дағдыларын игеріп, оларды құрастырып, өндірісте кеңінен пайдалана білуі керек.

Қазақстан үшін радиоэлектрондык өндірісгің дамуының зор манызы бар.

Жаңа технология жасау,         микроэлектроника және микропроцессорлардың    дамуы жоғары дәрежелі, тәжірибелі мамандарды қажет етеді.

Радиотехник - өте қызықты, кең ауқымды мамандық.. Ол әлденеше сыбайлас мамандықтар түрлерін қамтиды. Олар: теледидар, радиохабар, аппаратура жасау және өндіру, пайдалану, арнаулы техниканы баптау.

Радиотехник техникалық сауатты және ұкыпты болуы керек. Ол радиотехниканың негізін құрайтын физиканың, химияның. математиканың негізгі заңдарын білуі керек. Радиотехник төменгі және жоғарғы кернеулермен жүмыс істейді. Сондыктан техник-инженер техиика кауіпсіздігінің негізгі талаптарын білгені жөн.

Радиоэлектроника тұрмыста, өндірісте кең қолданылады, әрі адам өмірінде, жалпы коғамда үлкен маңызы бар.

Қазіргі уақытта    Қазақстанның    радиоэлектроника өндірісі     жаңа инвестицияларды қажет етеді. Егер солай болса, радиоэлектроника өндірісі қажетті деңгейге   көтерілер еді және Қазакстан   техникалық сауатгы, әрі тәуелсіз елге айналады. Сөздік

дағды, әдет - навык

өнеркәсіп - промышленность

ғылыми - научный

жобалау - проектный

даму - развитие

кең ауқымды - широкопрофильный, многопрофильный

техника қауіпсіздігі - техника безопасности

баптау - уход

негізгі талап - основное требование

құрастыру - конструироватъ

қазіргі - современный

зерттеу - исследовать

есептеу - вычислительный

тәжірибелі - опытный

сауатты - грамотный

қамтиды -   охватывает

тұрмыс - быт

сыбайлас - близкие

кернеу -   напряжение

 

3.4.1 Сөз тіркестерін аударыңыз

Рассматривает подготовку инженеров; проектирование современной радиоэлектронной аппаратуры; предприятие, производящее радиоэлектронную аппаратуру; научно-исследовательский институт; проектный институт; освоить навыки проектирования; разработка новых технологий; требует высококвалифицированных специалистов; уход за специальной техникой; основные законы физики, математики; работа с высоким напряжением; основные требования техники безопасности; технически грамотный.

 

3.4.2 Мәтіннен ілік септік + тәуелдік жалғаулы тіркестерді теріп жазыңыз, аударыңыз.

 

3.4.3 Сөздер мен сөз тіркестерінің қосымшаларын анықтаңыз

Құрылғыларды жасау, өндіру саласында, қарастырады, мамандықты бітірушілер, кәсіпорындарда, жобалау институттарында, жұмыс істейді, есептеу техникасын, мамандарды қажет етеді, кернеулермен, жобалйтын, өндіретін, игеріп, құрастырып,  техника қауіпсіздігінің талаптарын біледі.

 

  3.4.4 Көп нүктенің орнына ілік септік және тәуелдік жалғауын жалғаныз.

  Өндіріс... даму..., кәсіпорын... есеп..., радиотехника... негіз..., студент... уақыт..., студент... диплом жүмыс..., байланыс сала... маман..., қүрлғылар... жоба..,, маман... білім денгей..., заңдар... орындалу..., жоғары оку орны... тындаушы..., қоғам... мақсат..., мемлекет... күш ., өнім... сапа..., адам... өмір..., студент... өздік жұмыс. , тұрмыс... қиындық..., кернеу... түр...

         

3.4.5 Сұрақтарға жауап беріңіз:

а) радиотехник қандай мамандық?

б) бұл мамандықты бітірушілер қайда жұмыс істейді?

в) радиотехник нені білуі керек?

 

3.5  Радиобайланыс, радиохабар және теледидар

Бұл мамандық құрылықтық және ғарыштық радиобайланыс, радиохабар, хабар тарататын және қолданбалы теледидар жүйелері мен құрылғыларын жасау және пайдалану жағынан инженерлер дайындайды.

Радиотехника кафедрасының лабораториялары жаңа техникалық оқу .   құралдарымен, есептеу техникасымен, өлшеуіш аспаптармен,   жерсерікгік теледидардың қабылдағыш станцияларымен жабдықталған.

Бұл мамандық инженерлері байланыс кәсіпорындарында, ғылыми, конструкторлық, жобалау институттарында жұмыс істей алады. Олар хабарлар жүйесі мен құрылғыларын жобалай алуы және пайдалануға енгізумен қатар, олардың жоғары сапалығын камтамасыз ете отырып, жөндей, реттей, пайдалана білуі керек.

Кафедра түлектері өз мамандыктары бойынша Қазақстанда ұялы байланыспен айналысушы "Алтел", "Толқын", "СSМ-Казахстан"т.б. Интернет желісі арқылы байланыс қызметін керсетуші ''Нурсат", "Арна-Спринт" т.б. пейжингтік байланыспен айналысушы '"Аспан", "Алма-Пейдж" г.б. ғарыштық байланыстың Республикалық орталығында; банктерде, мемлекеттік және коммерциялық радиостанциялар мен телеарналарда; Қазақтелекомда; министрліктерде т.б. көптеген ұйымдар мен фирмаларда жемісті қызмет атқарып жүр.

 

Сөздік

құрылықтық - наземный

енгізу-   внедрять

қолданбалы - прикладной

жөндеу, реттеу - наладка

реттеу - регулировка

сапа — качество

өлшеуіш - измеритель (- ный)

аспап - прибор

жерсеріктік - спутниковый

түлек, бітіруші - выпусник

ұялы - сотовый

желі сеть

 

3.5.1  Мына тіркестерді қазақ тіліне аударыңыз.

Лаборатория кафедры радиотехники; системы прикладного телевидения; оборудован принимающей станцией; измерительные приборы; технические средства обучения. внедрить в эксплуатацию; обеспечить высокое качество; фирма, оказывающая услуги сотовой связи; фирма, оказывающая услуги по сети интернет; Республиканский центр космической связи; коммерческий телеканал; пейджинговая связь; плодотворно трудятся; проектировать системы и устройства вещания; спутниковое телевидение, прикладное    телевидение,    наземная    радиосвязь,    космическая радиосвязь, предприятие связи, научный институт, высокая надежность

 

3.5.2 Есімнің жіктелуін  еске түсіріп,  инженер, маман,  студент, ұстаз, бірінші, озат сөздерін жіктеңіз

Үлгі: Мен студентпін, сен студентсің, сіз студентсіз, ол-студент

3.5.3  Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) РРТ мамандығы қандай инженсрлер дайындайды?

б) бұл мамандық инженерлері қайда жұмыс істей алады?

в) РРТ инженерлері нені меңгеруі керек?

г) кафедра немен жабдықталған?

д) бұл мамандықты бітірушілер қайда жұмыс істеп жатыр?

 

 

3.5.4 Мәтіннен тәуелді тіркестерді табыңыз, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз

 

3.5.5 Сөздер мен сөз тіркестерінің қосымшаларын анықтаңыз

Құрылықтық байланыс, хабар тарататын жүйе, инженерлер дайындайды, оқу құралдарымен, байланыс кәсіпорындарында, байланыспен, телеарналарда жұмыс істейді, станцияларымен, құрылғыларын, жабдықталған.

 

3.6   Телевизия мұнаралары

Телевизия мұнаралары - ұшар басына телевизия, радиохабар тарату, радиограф пен радиореле байланыстарының антенналары орнатылған биік мұнара.

Мұнараларды биік етіп жасау - техникалық қажетті жағдай. Мұнара неғұрлым биік болса, соғұрлым теледидар хабары қолданылатын қашықтық ұлғая береді.

Осыны ескерген әр елдің инженер-конструкторлары көптеген мұнара жобаларын жасады. Мысалы, Мюнхендегі мұнара биіктігі - 265 метр. Ол радио дүниеге келмей тұрған кезде тек әсемдік ретінде салынған. Париждегі Эйфель. Мұнарасы - 300 метр Қазір ол радио мен телевизияда теңдесі жоқ орын алып отыр.

Телевизияның дамуымен қатар мұнара биіктігі де арта түсуде. Осылайша Леиинградта - 330 метрлік, Берлинде - 360 метрлік мұнаралар салынды.

1967 жылы Москвада Останкино ауданында салынған телевизия мұнарасының биіктігі - 533 метр. Оның бірінші қабатында кинозал, 63 метрлік биіктікке дейін 15 қабатта УҚТ (УКВ) станциясы, метеостанция, асханалар бар. 147 метрлік биіктікте қала көрінісін тамашалайгын 200 адам сиятын алаң бар. Бұл ерекше мүңараның жобасын жасаушы - көрнекті инженер Николай Васильевич Никитин. Осы еңбегі үшін оған техника ғылымдарының докторы атағы мен Лениндік сыйлық берілді.

Мұнараның салмағы - 32 мың тонна, диаметрі -74 метр.

Сөздік

мұнара - башня

ұлғаю - увеличиваться

ескеру - обратить внимание; принять во внимание; иметь в виду

салмақ - вес

сиятын - вмещается

көрініс - вид

тамашалау - любоваться

теңдесі жоқ - не имеющий равного

неғұрлым - поскольку; настолько: чем.

 

3.6.1  Сөз тіркестерін аударыңыз

Высокая вышка; технически необходимое условие; чем выше вышка; увсличивается расстояние телевизионной связи; принимая это во внимание; инженеры-конструкторы разных стран; осуществили  проекты многих башен; высота вышки; в качестве красоты; с развитием телевидения; увеличивается высота вышек; любоваться видом города; площадка, вмещающая 200 человек; проектировщик особой башни; доктор наук.

 

3.6.2 Жақшаны ашып, оның ішіндегі сөздерге өткен шақ есімшенің –ган ,-ген, -қан -кен және –атын ,-етін ,-йтын, -йтін формалы есімшенің жұрнақтарын жалғап, сөйлемдерді аударыңыз, оқыңыз .

Алматыда Көктөбеде қала көрінісін (тамашала) алаң бар. Ленинградта (салын) мұнараның биіктігі - 330 метр. Н.В.Никитин -Москвадағы Останкино мұнарасының жобасын (жаса) инженер. Телевизия мұнаралары — басына әр түрлі байланыс антенналары (орнатыл) биік мұнара. Останкино мұнарасында оның биік қабаттарына (көтер) лифт бар. Мұнара биіктеген сайын хабар (таратыл) қашықтық ұлғая береді. Мұнараларды (сал) кезде техника қауіпсіздігінің талаптарын сақтау керек.

 

3.6.3  Мына сұрактарға жауап беріңіз.

          а) телевизия мұнараларының басына не орнатылады?

          ә) Эйфель мұнарасы кашан салынған, оның биіктігі қандай?

          б) дүние жүзіндегі биік мұнараларды айтыңыз.

          в) Останкино туралы не білесіз?

 

3.6.4 Мәтіннен ілік септік+тәуелдік жалғаулы сөзді тіркестерді теріп жазыңыз, өзіңіз осы типті 10 тіркес ойлап табыңыз.

Үлгі: теледидар хабары, оқырман билеті, мұнараның жобасы.

 

3.6.5  Сөздер мен сөз тіркестерінің қосымшаларын анықтаңыз

Қолданылатын қашықтық, жобаларын, телевизияның дамуымен, мұнаралар салынды, қала көрінісін, бірінші қабатында, ұлғая береді, биіктікке, орнатылған, жасады.

 

 

 

 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Құсайынов А. Қ. Энергетикалық мамандыққа кіріспе – Алматы,1994. 

2. Китаев В.Е. Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері – Алматы, 1993.

3. Усенбеков С.У. Жылумен қамтамасыз ету жүйелері. –Алматы: АЭжБИ, 1998.- 20-28б.

4. Темірбаев Д.Ж. Жылу электр станцияларының жұмысы. –Алматы АЭжБИ, 2001. – 62б.

5. Темірбаев Д.Ж. Жылу электр стансаларының тәсілдемелік құбылыстары. –Алматы: АЭжБИ, 2001. 5б.

6.  С.Қ. Әбілдинова. Жылумен жабдықтау негіздері. – Алматы: АЭжБИ, 2003. -3-9б.   

7. Әділбеков М.Ә. Жылутехника: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы:2003.- 246 бет.

8. М.М. Төлеуп, С.Х. Дүкембай, А.И. Тілембекова  Энергетика және байланыс мамандары үшін қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, 2001.

9. М.М. Төлеуп Қазақ тілі. Радиотехника және байланыс факультеті мамандықтары бойынша мәтіндер материалдары негізінде сөйлеу біліктілігін дамытуға арналған әдістемелік нұсқаулар мен практикалық тапсырмалар. –Алматы, 2001 

 

Мазмұны 

Алғы сөз                                                                                                             3

1    Электр энергетикасы                                                                                    4

2    Жылу энергетикасы                                                                                       14  

3    Радиотехника және байланыс                                                                       22

Пайдаланған әдебиеттер тізімі                                                                           32

 

2006ж. жиынтық жоспары, реті 192