КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

                                

 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

5В071900 – Радиотехника, электроника  және телекоммуникациялар бағыттары студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар 

 

 

 

Алматы 2013

Құрастырушы: Тілембекова А.И.  Кәсіби қазақ тілі:  5В071900 –Радиотехника, электроника  және телекоммуникациялар бағыттары студенттеріне   арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2013. -  34 б.

             

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – радиотехника,   электроника  және телекоммуникациялар бағытында оқитын студенттерді «Кәсіби қазақ тілі» курсы бағдарламасына сай өз мамандықтарына қатысты мәтіндермен жұмыс істеуді жалғастырып, кәсіби  лексикамен таныстыру,  аударма, оның түрлері және әдіс-тәсілдері жайлы теориялық білім беру, мамандықтарына қатысты түпнұсқа мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне,  қазақ тілінен орыс тіліне түрлі сөздіктерді пайдалана отырып, аудару дағдыларын жетілдіру. 

Әдеб. көрсеткіші – 12  атау.

 

Пікір беруші:  аға оқытушы Э.К.Темірханова

 

     «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

 

        Ó “Алматы энергетика және байланыс университеті” КЕАҚ, 2013 ж.

 

2013 ж. жиынтық жоспары, реті 54

 

Алғы сөз

 

Бұл әдістемелік нұсқау білім берудің жаңа концепциясына сәйкес бакалаврларға арнап  енгізілген «Кәсіби қазақ тілі» атты  жаңа пән бойынша құрастырылды.

Әдістемелік нұсқау радиотехника, электроника және телекоммуникациялар  бағытында оқитын студенттерге арналған. Осы бағыттың  мамандықтарына сәйкес ғылыми-техникалық түпнұсқалардан іріктеліп алынған мәтіндерді қазақ тілінде оқу барысында студенттер кәсіби лексикамен танысып, ғылыми стильдің ерекшеліктерімен, терминжасам, мәтінтүзім элементтерімен танысады. Сонымен қатар сөздіктерді орынды пайдалану, жаңа сөздерді меңгеру мақсатында сөздік жасауға дағдыланады. Аударма, оның түрлері және әдіс-тәсілдері жайлы теориялық білім алып, аударма техникасының әліпбиін меңгертуге арналған тапсырмаларды орындайды. Мамандықтарына қатысты түпнұсқа мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне,  қазақ тілінен орыс тіліне түрлі сөздіктерді пайдалана отырып, аудару дағдыларын жетілдіреді. Бұл мақсатқа жету  үшін осы екі тілдің ерекшеліктеріне сәйкес аудару үдерісінде пайдаланылатын  грамматикалық   амалдар   және қолданылатын трансформация    әдістері  жайлы түсінік алып,  нақты практикалық тапсырмалар орындау нәтижесінде  білімдері бекітіліп отырады. Ол үшін түрлі тапсырмалар жинақталып берілген. Бұл тапсырмаларды орындау барысында студент өзіне қажетті грамматикалық, лексикалық минимумдарды және техникалық терминдер мен сөз тіркестерін меңгере отырып, өмірде іс жүзінде пайдалана білуге машықтанады.

 

Аударма туралы

 

Аударма дегеніміз – бір тілде берілген ақпаратты екінші тілдің тәсілдерімен басқа тілге жеткізу. Яғни аударма дегеніміз – түпнұсқа сөзін аудару немесе  грамматикалық конструкциялары мен тілдің басқа тәсілдерін  беру  емес, түпнұсқаның ойын, мазмұнын жеткізу.

Аударма ортақ тілде сөйлемейтін адамдар арасында үнемі туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Аударманың бірнеше түрлері бар.

Сөзбе-сөз дәлдік немесе сөзбе-сөз аударма дегеніміз – грамматикалық оралымдарды механикалық түрде көшіру, жеке тілдік бірліктерінің мағынасын беру,  терминологиялық және лексикалық тәсілдерді дұрыс таңдамау, түпнұсқа сөйлемдерінің құрылымын өзгертпей сақтау, аудармашыға еркіндік бермеу.  Мұндай аударма сапасыз аударма ретінде саналуы мүмкін.  Бірақ сөзбе-сөз аударманың артықшылығы да бар, ол аударманың ең объективті түрі болып есептеледі. Бастапқы мәтіннің жеке тілдік бірліктерінің мағынасын бере отырып, синтаксистік конструкцияларды көшіріп бере отырып, аудармашы өзіне еркіндік бере алмайды. Сөзбе-сөз аударманың кемшілігі – аударманы қолданатын адамның коммуникативтік мүмкіндіктерін ескермеу.

Мағыналық дәлдікке немесе мағыналық аудармаға екі тілдің стильдік ерекшеліктерін терең біліп, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі  мен сөйлемдер құрылымындағы айырмашылықтарды біліп, керек кезінде түпнұсқаның мағынасын сақтау үшін сөзбе-сөз аударудан аулақ болғанда ғана қол жеткізуге болады.

Мағынасын сақтап аударуды еркін аударма деп те атайды. Еркін аударма аудармашыға түпнұсқа мәтінін түсіндірулер мен қосымшалар, түбегейлі өзгертулер арқылы жеткізуге шексіз мүмкіндіктер береді. Сол себептен еркін аударма объективті емес, өйткені аударылатын мәтінді жазған адамның дәл солай дегеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, келісімшарттарды, маңызды құжаттарды аударғанда ол жарамсыз болып қалады.

Нағыз аударма  сөзбе-сөз аударма мен еркін аударманың жиынтығы болып табылады. Сөзбе-сөз аудармадан бастапқы мәтінге мүмкіндігінше мағыналық және құрылымдық жағынан жақындықты алады, бірақ бұл тілдік норманы бұзбауы және түсініксіздік туғызбауы керек. Түсініксіздік туған жағдайда  және  барабарлық болмаған жағдайда  бейімдеуді қолдануға болады, бірақ ол шектеулі көлемде болуы керек. Түпнұсқаға мағыналық-құрылымдық жақындықтан шегіну, яғни бейімделу қажеттіліктен туындаған амалсыз шара ретінде қарастырылады.

Бір-бірімен қосылып, жетілдіріле отырып, сөзбе-сөз және еркін аударма аударманың дамуына негіз жасайды.

Аударманы мына формуламен белгілеуге болады:

түпнұсқа – a,  аударма – b,  аударылған мәтін – c деп алсақ, a=b,  b=c болады да, одан a=c болуы керек.

         

Аударма туралы мәтіндерде кездесетін сөздермен танысыңыз.

 

түпнұсқа – оригинал

тілдік тәсіл – языковое средство

мазмұн – содержание

мағына – смысл, значение

сөзбе-сөз аударма – дословный перевод

еркін аударма – вольный перевод

көшіру – копировать

дәлдік – точность

дұрыс таңдау – правильный выбор

сөйлем құрылымы – структура предложения

грамматикалық оралымдар – грамматические обороты

 

Алдымен сөзбе-сөз аудармасын, содан соң  мағыналық аудармасын жасаңыз.

Аудару барысында есімшелі оралымға назар аударыңыз.

Транзакционный вызов Web-методов – это очень мощная возможность, позволяющая избавиться от многих проблем при реализации бизнес-логики.

Сөйлем қалай аударылған? Сөйлемдегі сөздерді орын тәртібімен қойыңыз, редакциялаңыз. Көсемшелі оралымға назар аударыңыз.

Всегда можно повысить безопасность АD (Active Directory), автоматизировав процессы, выполняемые вручную, например построение контроллеров домена (DС).

Әрқашан болады арттыру қауіпсіздік автоматтандырып процестерді орындалатын қолдан, мысалы, құру контроллер домен.

Сөйлемнің сөзбе-сөз  және мағыналық аудармасын беріңіз. Тиіс, жөн, қажет модаль сөздерінің қолданысын ескеріңіз.

Поэтому необходимо составить руководство по обслуживанию АD для администраторов. От них следует потребовать строгого соблюдения некоторых правил.

 

Жартылай өткізгіштің электр тогын өткізу қабілеті

 

Мәтін алды тапсырмалар.

1. Сілтеу есімдіктерін еске түсіріп, біреуін берілген үлгі бойынша септеңіз: ол, оның, оған, оны, онда , одан, онымен.

2. Мынадай тіркестерді баяндауыш қызметінде жұмсап, сөйлемдер құраңыз, аударыңыз:

Пайдалану керек, енгізу қажет, өмір сүруі тиіс; өмір сүре алады, баға беруге болады, сәйкес келеді екен, белгілеу керек, жүгінуге болады, бағалай алмайды, бөлініп шығады.

 

Жартылай өткізгіштер өткізгіштік жағынан диэлектриктер мен металдар арасында орналасқан. Олар өзара меншікті және қоспалы болып, ал соңғысы p және n текті болып екіге бөлінеді.

Жартылай өткізгіштерге негізінен Менделеев кестесінің  IV тобының элементтері Si (кремний), Ce (германий) жатады. Олардың өте қатты денелер қатарына жататынын білеміз.  

Жартылай өткізгіштердің электр тогын өткізу қасиетін зоналық теория тұрғысынан айқындап, дәлелдеген жөн. Бұл теория бойынша әрбір атомның құрылысында бірнеше электрондық қабаттар, яғни энергетикалық деңгейлер болады. Тұрған деңгейіне байланысты әрбір электронға өзіндік орбита сәйкес келеді. Электронның осы энергетикалық деңгейін сипаттау үшін  физикада 4 кванттық сан енгізілген: 1 – «бас» кванттық сан; 2 – «орбиталық» кванттық сан; 3 –  «орбиталық-магниттік» кванттық сан; 4 – магнит спині.

Осы қабылданған сандардың физикалық мәндерін түсіну үшін мынадай физикалық ұқсастыққа жүгінуге болады. Мәселен, өз алдына жеке-дара алынған атом жер шарына ұқсас делік. Онда атом орбитасында айналып жүрген электрондардың, былайша айтқанда жер серіктерінің күйін сипаттау үшін қандай анықтамалық көрсеткіштер енгізуіміз керек? Біріншіден, жер серігі орбитасының ең алыс (апогей), ең жақын (перигей) шектерін белгілеуіміз керек. Осы шамаларға атом құрылысындағы бас және орбиталық квант сандары сәйкес келеді екен, яғни олар электронның атом құрылысындағы орбитасының апогейі мен перигейін көрсетеді.

Айтылған екі шама тек орбита көрсеткіштері болып қалады да, электронның өз жағдайын толық бағалай алмайды. Ондай анықтаманы алу үшін қосымша тағы екі шама енгізуіміз қажет:

а) электрон орбитасының кеңістік бойынша бағдарлануы – орбиталық-магниттік кванттық сан;

ә) электронның өз қозғалысының  орбита кеңістігіне бағдарлануы немесе  өз осі бойынша оңға немесе солға бұрылуы.

Осы аталған төрт сан арқылы электронның энергетикалық деңгейіне толық баға беруге болады.

Бор постулаттары бойынша электрон шексіз өмір сүру үшін тек белгілі бір рұқсат етілген орбитада ғана (кванттық сандарына сәйкес) айналуы керек, яғни тек белгілі энергетикалық деңгейде өмір сүруі тиіс. Тек осындай жағдайда ғана электронның энергиясы шығындалмай, ол шексіз өмір сүре береді. Егер электрон тыйым салынған деңгейге (орбитаға) өтетін болса, онда оның энергиясы бірте-бірте шығындала келіп, ол түбінде ядроға құлап түскен болар еді. Сондықтан әрбір атомның электрондары тек белгілі бір рұқсат етілген энергетикалық деңгейлерде ғана  өмір сүреді де, ал бір деңгейден екінші деңгейге (рұқсат етілген) шығарумен ұштасады. Мысалы, электрон жоғарғы орбитадан төменгі орбитаға ауысты делік. Бұл электронның жоғарғы энергетикалық деңгейден төменгі  энергетикалық деңгейге ауысуымен сәйкес келеді де, артық энергия сыртқа жылу немесе сәуле ретінде бөлініп шығады. Ал электронның төменгі деңгейінен жоғарғы деңгейге шығуы  электронның сырттан қосымша энергия алуына байланысты.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар.

1. Мәтіннен мына сөздер мен сөз тіркестерінің баламаларын тауып жазыңыз.

энергетический уровень –

полупроводник –

твердое тело –

разрешенная орбита –

дополнительная энергия –

удельное сопротивление –

запрещенная зона –

можно оценить –

вращение налево –

2. Мәтінді толық оқып шығып, сөздік жасаңыз.

3. Мәтінде жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып, статистикасын көрсетіңіз.

4. Мәтіндегі «аталған элементтер»,  кездесетін «олар», «соңғысы», «қабылданған сандар», «айтылған екі шама», «төрт кванттық сан», «екі шама енгізуіміз қажет» деген тіркестерді айқындайтын тіркестер мен сөйлемдерді жазбаша қатарластырып жазыңыз.

5. Мәтінді толық аударыңыз.

6. Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, ат қойыңыз.

7. Әр бөліктің мазмұнына сай бірнеше сұрақ қойып, оларға жауап беру арқылы мәтінді өз сөзіңізбен баяндауға тырысыңыз.

 

Ғылыми-техникалық әдебиетті аудару

 

Ғылыми-техникалық әдебиетті аударушының ең негізгі міндеті – автордың ойын  бұрмаламай, толық беру, аудармада қажетті терминологияны қолданып, сауатты әдеби тілмен аудару. Ғылыми-техникалық әдебиеттің  аудармасына қойылатын негізгі талап аударманың түпнұсқаға толық сәйкес келуі керек, оны орысша «адекватность перевода» дейді. «Адекватный» - латын сөзі.  Қазақ тіліндегі мағынасын: тең, толық сәйкес келетін, барабар, ұқсас, бірдей, тепе-тең, теңбе-тең  деген сөздер береді. Ғылыми-техникалық мәтіннің бірдейлігіне ақпараттық, ғылыми-техникалық  дәлдікті сақтай отырып  және түпнұсқаның стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қол жеткізуге болады. Мұндай аударманы басқаша эквивалентті (лат. тең, тең мағыналы) және аутентивті (грек тілінде - түпнұсқаға сәйкес, дұрыс, шын) деп те атайды.

Аударманың өн бойында бір затты немесе ұғымды білдіретін бір ғана термин қолданылуы керек. Белгілі бір кәсіпорында ғана қолданылатын жергілікті сөздерді, архаизм-терминдерді қолданбау керек. Қазіргі кезде аудармада бір сөзді бір мәтіндік бірліктің өзінде бірнеше құбылтып қолдану жағдайлары кездеседі. Мысалы, «схема» деген сөзді бір мәтінде  немесе бір ақпараттық  бірлікте «сұлба», «схема», «сүлбе» деп немесе «сеть» сөзін бірде «желі», бірде «торап» деп аударатын жағдайлар жиі кездеседі.

Тілдің барлық грамматикалық нормаларын сақтап, күрделі грамматикалық конструкцияларды көп қолданбай, аударылатын ақпаратты қарапайым және түсінікті етіп беру керек.

 

Радиобайланыс жүйесінің түрлері және радиобөгеуілдерге қатысты терминдер

 

Жалпы қолданыстағы радиотелефон жүйесі – автоматты телефон желісімен әсерлесетін және автоматты қосылу мен дуплексті байланысқа (АТС абоненттері мен жылжымалы немесе станционарлы радиоабоненттер арасында, радиоабоненттерімен ведомстволы диспетчер, сонымен қатар ведомстволы телефонды желі абоненттер арасында) арналған радиобайланыс жүйесі. Сонымен бірге радиотелеграфты алмасу мен мәліметтер таратуды орындауға мүмкіндік береді. Жалпы қолданыстағы радиотелефон жүйесі құрылғы сипаттамаларымен, жұмыс жиіліктері ауқымымен өлшемі анықталатын бағытқа немесе белгілі аймаққа қызмет көрсетеді.

ТМД-да жалпы қолданыстағы радиотелефон жүйесінің 150-300 МГц ауқымы қолданылады, олардың бір немесе бірнеше діңгегі болады және абоненттік радиостанса мен станционарлы коммутациялық қондырғылардың радиоорталықтарынан тұрады.

Ведомстволы диспетчерлік радиожүйелер – өндірісті оперативті басқаруды жүзеге асыратын диспетчерлік қызметті жабдықтауға арналған радиобайланыстың жергілікті  жүйесі.  Ведомстволы диспетчерлік радиожүйелер үшін қысқа: 1,5-8 МГц және метрлік 30-174 Мгц толқындар қолданылады.

   Кез келген радио құрылғыларға бөгеулер кері әсер етеді. Радиобөгеуілдерге қатысты терминдер радиотехника саласында көптеп кездеседі, олардың бастыларына тоқталып өтер болсақ.

Электромагниттік шуыл – ешқандай сигналға сәйкес келмейтін, әдетте импульсті және кездейсоқ, кейде периодты сипаттағы электромагниттік құбылыс. Электромагниттік бөгеуіл – пайдалы сигналға қосылуы мүмкін электромагниттік шуыл.

Радиобөгеуіл – электромагниттік бөгеуіл. Мысалы: кейбір жүйелерде импульсті дискретті түрде таратқан кезде пайда болады. Электромагниттік үйлесімділік – берілген электромагниттік жағдайдағы радиоэлектронды жабдықтардың сапа көрсеткіштерін нашарлатпай жұмыс істеу қасиеті. Сонымен қатар олар өзге радиоэлектронды жабдықтарға жайсыз әсер етпеуі керек және оның әсеріне қарсы тұруы қажет. Электрлік желіден бөгеуілді тасымалдау коэффициенті – желідегі кедергі келтіретін электрлік құрылғының жоғары жиілікті жылдамдығының қабылдағыш антеннасының жоғары жиілікті кернеуіне қатынасы.

Радиобөгеуілдер болжамы – өлшеу нәтижесінде алынған радиобөгеуілдер сипаттамасы мен олардың өзгерісі туралы мәліметтер. Бөгеуілдер нормасы – халықаралық электротехникалық сөздіктің ұсыныстарында регламенттелген бөгеуілдердің жоғарғы  шамасы.

 

  Мәтін бойынша тапсырмалар.

1. Мәтінді толық оқып шығып, сөздік жасаңыз.

2.Техникалық әдебиетті аудару жөнінде алған теориялық білімдеріңізді пайдалана отырып, мәтінді аударыңыз.

3.  Орыс тіліндегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

В основе конфигурационной коммутации лежит нахождение соответствия между конкретным портом коммутатора и определенным сегментом сети. Это соответствие может программно настраиваться при подключении или перемещении пользователей в сети.

         

       Радиобайланыс жүйелеріндегі модуляция түрлері

 

Модуляция – хабар заңы бойынша сигнал параметрлерінің биоөрістік өзгеруі.

Радиобайланыста модуляцияның 3 түрі қолданылады:

а) Амплитудалық.

б) Бұрыштық.

в) Импульстік.

Амплитудалық модуляция ДВ, СВ, КВ (500 кГц-тен 30 МГц-ке дейін) ауқымында қолданылады. Біржолақты және екіжолақты болады.

Бұрыштық модуляция жиілікті және фазалық модуляцияға бөлінеді. Фазалық модуляция – тасушы сигнал фазасының хабар амплитудасына тәуелді өзгеруі. Жиілігі 30 МГц-тен жоғары ауқымда қолданылады. Фазалық модуляция тарату күре жолының сұлбасы күрделі болғандықтан, ол сирек қолданылады. Фазалық модуляция топтық хабарларды таратуда қолданылады.

Импульстік модуляция 10 МГц-тен жоғары жиіліктерде телефония және телеграфия сигналдарын тарату үшін пайданылады. Импульстік модуляцияның бірнеше түрі бар. Модуляция түрлері сигнал алатын жолақ еніне, ақпаратты тарату сапасына, таралатын ақпарат санына немесе жылдамдығына, жүйе қабылдағыштары мен таратқыштарының әртүрлі қуаттарына әсер етеді.

Амплитудалық модуляция – дауыс, бейне, әуенді қашықтыққа сымсыз тарату үшін радиотаратқыш антеннасынан кеңістікке сәулеленетін жоғары жиілікті жылдамдықпен қолданылады. Сигналды радиотелефонды тарату үшін таратқыштың жоғары жиілігінің амплитудасы немесе жиілігі төменгі (дыбыстық) жиілік заңымен өзгеруі тиіс.

Модуляция процесінде ток амплитудасының өзгермеуі, оған сәйкес қуаттың да өзгермеуі жиіліктік модуляцияның негізгі айырмашылығы болып табылады. Бірдей сигналмен модуляцияланғандағы фазалық модуляцияның тербелістік спектрі жиіліктік модуляцияның тербелістігінен кең, сондықтан тәжірибеде үздіксіз хабарды модуляциялағанда фазалық модуляция қолданылмайды.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар.

1.  Түсініксіз сөздерді теріп жазып, аударыңыз.

2.   Мәтіндегі  қысқарған сөздердің толық нұсқасын  жазыңыз. Өлшем атауларын  түсіндіріңіз.

3.  Себеп-салдарлық қатынастағы сөйлемдерді табыңыз, мәтіннен өзгеше 3 сөйлем құрастырыңыз.

4.  Мәтінді толық жазбаша аударыңыз.

5.  Бір-біріңізбен осы тақырыпқа сұхбаттасыңыз.  

Техникалық терминдердің жасалу әдістері

                      Терминденудің семантикалық тәсілі

Термин сөз бен оның жасалуына негіз болған термин емес сөздің мағыналарын құрайтын ортақ семаларды анықтауға болады, ал семалар ортақтығы термин сөз бен оның жасалуына негіз болған жалпы қолданыстағы сөз мағыналарының арасындағы байланысты көрсетеді.

Мысалдар: ток көзі, қоректену көзі, хабар, желі, кесте, кіріс-шығыс жолдары, жоба, өрнек, тінтуір т.б.

Аналитикалық тәсіл:

1. Сөзқосым тәсілі:

  а) Радиобайланыс, теледидар, автотербеліс, электржабдық, электронсызба, фазаыдыратқыш, фотокедергі, ультрақысқа, ультрадыбыс, термореттегіш, телеорталық, магнитөткізгіштік, инфрақызыл т.б.

ә) Ұзынтолқындық, аратісті, сүйірбағытты, бастиек, бейнебастиек, бейнеүнжазба, шалаөткізгіш, дауысзорайтқыш, екісатылы, жарықсезгіштік, жылуалмасу, көпарналы, көпқадауышты, көпталшықты, қалааралық, қолжетушілік, толқынжол, дыбысалғыш, таржолақтылық, төменжиілікті, ширектолқынды, шыныталшықты бумасым, жылутұрақтандырғыш т.б.

Келтірілген мысалдардан техниканың өскелең салалары – радиотехника, электроника, байланыс салалары бойынша бірігу тәсілі арқылы жасалған терминдердің  негізі радио, теле, авто, инфра, ультра, магнит секілді халықаралық сөз бен қазақ сөзінің бірігуінен және қазақтың өз сөздері біріккенде, тірек сөз ретінде толқын, екі, бейне, дыбыс, көп, үн деген сияқты сөздер алынғанын байқаймыз.

2. Тіркестіру тәсілі: жүк кедергісі,  сәуле ағыны,  сәуле қабылдағыш, сәуле шоғырландырғыш, жіңішке түтікше сымдар, қуат күшейткіштері, сәйкестік кестесі, кіріс кедергісі, шыдам шегі,  ығысу кернеуі т.б.

Демек, жоғарыда келтірілген мысалдарға сүйене отырып, ғылыми терминдердің тіркесу арқылы жасалуы электроника, байланыс салаларындағы өте өнімді тәсіл деп түйіндеуге болады.

3.  Қысқарту тәсілі:

Оқулықтарда, әсіресе жиі кездесетіні – графикалық шартты қысқартулар. Және де сөз тіркестерінің бас әріптерінен қысқарған түрі көптеп кездеседі: ТК, ПӘК, СД, АТС, ИС, ЭЕМ  т.б.

Қазір жоғары технологияға қатысты мұндай қолданыстар тек орыс тілінен енген сөздермен ғана шектелмейді. Мысалы, қазіргі кезде медицина т.б. салаларда жиі қолданылатын лазер сөзінің өзі – ағылшын тілінен аударғанда “жарықтық электромагниттік толқындарды күшейту” деген мағына беретін сөз (Light amplification by Stimulated emission of radation).

Тілші-ғалымдардың қысқарған сөздер жайлы пікірлерінің қайшылығына қарамастан, олардың әдеби тілде, әсіресе ғылым тілінде жиі қолданылатыны даусыз. Біз қарастыратын әдебиеттерде де олар өлшем атауы ретінде (Гц, А, Ом, В, Вт, м, см, км), күрделі атауларды қысқартып айту әдісі ретінде (лазер, СД – сәулелі диод; АТС – автоматты телефон стансасы т.б.) қолданылады.

Демек, ғылыми терминжасамда сөздердің қысқару арқылы жасалуының да өзіндік орны бар екендігіне талданған мысалдар арқылы көз жеткізуге болады.

Терминденудің аффикстік тәсілі

 

Қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан, сөзжасамның  синтетикалық тәсілі қазақ тілінде негізгі тәсілдердің бірі боп саналады.

Терминологиялық сөздіктен мысалды молынан келтіруге болады. Мысалы, -у: реттеу, дәлдеу, туралау, жаймалау, бұрмалану, бүркеу, бейнелеу, жаңғырту, тарату, баптау, айыру, торуылдау, ажырату, жиіліктік тығыздау, жолды ағыту, қоспа жалату, тұйықталу, ауытқу, дәнекерлеу, перделеу, пішімдеу, сәулелену, тармақтау, қанығу, тіркеу, тыну, хабарларды жалғау т.б.

Қазіргі терминжасамда ең өнімді тәсіл ретінде көзге түсіп жүрген  -м,    -ым, -ім жұрнақтары: айналым, орам, өлшем, құрылым, созылым, көрсетім (индикация) т.б.

Сонымен қатар, техника саласында бастауыш, баяндауыш терминдерінің үлгісімен жасалған терминдер де баршылық. Мысалы: жалғауыш, пішіндеуіш, орауыш, санауыш, дыбысқармауыш, есептеуіш, торуылдауыш, құрауыш, кодалауыш, іздеуіш, қадауыш, нысаналауыш, өлшеуіш, хабарлауыш т. б.

-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш жұрнақтары арқылы жасалуы: түрлендіргіш, таратқыш, дыбыс тұмшалағыш, дірілдеткіш, бөлгіш, тұрақтандырғыш, түзеткіш, жіктегіш, іріктегіш, бәсеңдеткіш, шектегіш, көрсеткіш, ағытқыш, қосқыш, шалаөткізгіш, реттегіш, тежегіш, үдеткіш т.б.

-қы, -кі, -ғы, -гі: құрылғы, сүзгі, қондырғы т.б.

 

Анықтаманың конструкциясы

 

1.  Не не деп аталады?

2.  Нені не деп атаймыз?/ атайды?

3.  Не дегеніміз не?

Телекоммуникациялық жүйелерге қатысты анықтамалардың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларын осы үлгіге сәйкес өзгертіп айтып жаттығыңыз:

Үлгі: цифрлық құрылғы: 1) цифр түрінде көрсетілген дискретті ақпаратты түрлендіруге арналған құрылғы цифрлық құрылғы деп аталады;               2) цифр түрінде көрсетілген дискретті ақпаратты түрлендіруге арналған құрылғыны цифрлық құрылғы деп атаймыз/атайды; 3) цифрлық құрылғы дегеніміз цифр түрінде көрсетілген дискретті ақпаратты түрлендіруге арналған құрылғы.

 Диэлектриктер: 1) электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер диэлектрлік заттар деп аталады; 2) электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктерді диэлектрлік заттар деп атаймыз/ атайды; 3)   диэлектрлік заттар дегеніміз   электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер.

Сигналдарды,  белгілерді,  дыбыстық мәліметтерді, жазба мәтіндерді, бейнелерді, дыбыстарды сымдық байланыс,  радио, оптикалық және басқа да электромагниттік жүйелер арқылы жіберуді және қабылдауды электр байланысы (телекоммуникация) деп  атайды. (ҚР байланыс туралы заңы)

Электрбайланыс (Telecommunication) – бұл кез келген сәуле шығару, белгі, дыбыстық хабарлама, жазба мәлімет, бейне, дыбыс және кез келген түрдегі хабарламаны радиожүйе, сымдық байланыс және де басқа электромагниттік жүйелер арқылы қабылдау және тарату.   

Қорыта келгенде, электрбайланыс дегеніміз - телекоммуникация.

 

Электрическая связь (телекоммуникация) - передача или прием знаков, сигналов, голосовой информации, письменного текста, изображений, звуков по проводной, радио, оптической и другим электромагнитным системам. (Закон Республики Казахстан о связи)

Электросвязь (Telecommunication) — это любое излучение, передача и/или прием электрических сигналов, которые представляют знаки, голосовую информацию, письменный текст, изображения, звуки или сообщения любого рода по радиосистеме, проводной, оптической и другим электромагнитным системам”. (Рекомендация ITU-T  G.701).

Таким образом, электросвязь это – телекоммуникация.

Ақпарат – қандай да бір процестер, оқиғалар, айғақтар немесе заттар  туралы мәліметтер.

Хабар – ақпаратты ұсыну  үшiн ыңғайлы пiшiндегі мәлімет.

Сигнал – берiлетiн хабарламаны көрсететiн физикалық процесс.

Информация – сведения о каких-либо процессах, событиях, фактах или предметах.

Сообщение – форма выражения (представления) информации, удобная для передачи.

Сигнал – физический процесс, отображающий передаваемое сообщение.

Телекоммуникациялық жүйелер. Телекоммуникациялық жүйенiң  анықтамасы:

Электрбайланыс жүйесi – хабар таратылуын қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен хабар таралу ортасының жиынтығы.

Байланыс арнасы – қашықтыққа сигналдың берілуін қамтамасыз ететін (түрлендiргiштер) техникалық құралдар мен сигнал таралу ортасының жиынтығы. 

Система электросвязи – совокупность технических средств и среды распространения, обеспечивающая передачу сообщений.

Канал связи – совокупность технических средств (преобразователей) и среды распространения, обеспечивающих передачу сигнала на расстояние.

 

Жалғау жүйелері

 

Мәтін алды тапсырмалар.

1. Мына сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, оларды қатыстырып бірнеше сөйлем құраңыз:

Пайдаланушы, автоматтандырылған, ойлап шығарылғаннан кейін, жан-жақты зерттеу нәтижесінде, жылға дейін, күні бүгінге дейін, телефон желісі, қалааралық байланыс.

          2. Талап, мүмкіншілік, жетістік сөздерін жазбаша тәуелдеңіз.

 

Телефон ойлап шығарылғаннан кейін пайдаланушыларды бір-бірімен жалғау мәселесі қолға алынды. 1889 жылы Америка ғалымы А.Б.Стоуджер ондық қадамды автоматтандырылған телефон стансасын (АТС) ойлап тапты.

Бұл стансаның құрылымы жеңіл және арзан болғанмен, атқаратын қызметі шектеулі және мүмкіншілігі өте төмен болды. Абоненттерді бір-бірімен жалғау үшін жылжымалы түйіспе пайдаланылып, тікелей басқарылды. Ондық қадамды АТС (бірінші буын) 1950 жылға дейін қалалық телефон мен телеграф желісінде қолданылып келді, кей жерлерде күні бүгінге дейін әлі пайдаланылуда.

Ғалымдар мен инженерлердің ізденістерінің арқасында 1906-1914 жылдар аралығында тіркеуішпен (регистр)  басқарылып, бірнеше дүркін жалғанатын координаттық АТС-тер іске қосылды.

Үшінші буынның АТС-терін жобалап дайындау 1950 жылдары басталды. Бұл уақытта электроника біраз дамыған еді. Электронды шам және шала өткізгіш  (транзистор, тиристор, диод т.с.с.) негізінде әртүрлі электрондық құрылғылар жасалынып, өндірісте кеңінен пайдаланыла бастады. Жан-жақт зерттеулердің нәтижесінде 1964 жылы Америкада пргораммамен басқарылатын квазиэлектронды АТС (ESS №1), 1975 жылы Францияда тұңғыш цифрлы АТС – Е10 іске қосылды.

Қазіргі кезге дейін АТС-тердің дамуы электроника саласындағы жетістіктермен тікелей байланысты. Бүгінгі күні телкоммуникация желілерінде өте үлкен жинақты сұлбалар (БИС, СБИС т.с.с.), микропроцессорлар, есептеу техникасы кеңінен пайдаланылып, АТС-тің жұмыс істеу ауқымы кеңейіп келеді.

Бүгінгі күннің байланыс немесе телекоммуникациялар  желісі таратушы, қабылдаушы, хабар жалғаушы, ажыратушы, қателерін табу, түзеу т.с.с. қызметтік ақпараттан тұрады.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар.

1.Мәтінді оқып шығып, оған сөздік жасаңыз.

2. Мәтіндегі термин сөздер мен сөз тіркестерінен мәтіндегіден бөлек сөйлем құраңыз.

3. Мәтіндегі аббревиатуралардың толық түрін жазыңыз.

4. Мәтінге бірнеше сұрақ қойып, соларға жауап беру негізінде мәтінді мазмұндаңыз.

            5. Не неден тұрады?/ құралады?  конструкциясын еске түсіріп, берілген сөйлемдерді аударыңыз. Осы үлгі бойынша бірнеше құрылғының құрылымын еске түсіріңіз (ұялы телефон, компьютер, радио, теледидар т.б.)                                                        

Талшықты-оптикалық кабельдер жарық сигналдары таратылатын (5-60 микрон) жіңішке, иілгіш, шыны талшықтардан (талшықты жарық тасымалдаушы) тұрады. Цифрлық операциялық құрылғылар басқарушы бөлім (басқарушы автомат) және операциялық бөлімнен тұрады.

Техникалық аударма

 

Техникалық аударма – әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар арасында арнайы ғылыми-техникалық ақпарат алмасу үшін қолданылатын аударма.  Техникалық аударманы жүзеге асыратын адам екі тілді білуге міндетті. Түпнұсқаның мазмұнын сауатты, нақ, дәл беру үшін аудармашы екі тілдің біреуін еркін меңгеруі керек. Техникалық аударманы жүзеге асырушы адам жаңа материалдарды пайдаланады, сондықтан оны қабылдау үшін белгілі дайындығы және арнайы білімі болуы керек. Кез келген екі тілді білетін адам техникалық аударманы жүзеге асыра алмайды.

Техникалық аударма жасай алу үшін ғылыми-техникалық ақпарат алмасуда аудармашы (делдал) қызметін атқаратын адам қандай қасиеттерге, білімге, біліктілікке, дағдыға ие болуы керек?

Бұл жерде әңгіме қазақ тілі мен орыс тілі туралы болып отырғандықтан, біріншіден, аударып отырған тілін (мысалы, аудармашы орыстілді болып, түпнұсқа қазақша немесе керісінше болса), яғни қазақ тілін түсіне алатындай деңгейде немесе керісінше; екіншіден, басқа тілді (бұл жерде орыс немесе қазақ тілін)  ақпаратты сауатты бере білу үшін жеткілікті деңгейде білуі; үшіншіден, ақпарат көздерін пайдалана білуі; төртіншіден, әртүрлі техникалық аудармалар жасай алуы; бесіншіден, терминологиялық минимумды білуі керек.

Аудармашы өзіне қажет арнайы мәліметтерді тез табу үшін қандай ақпарат көздері бар екенін, олардан не табуға болатынын, оларды қандай тәртіппен қолдануға болатынын білуі керек. 

Барлық ақпарат көздерін жалпы, арнайы ақпарат көздері деп бөлуге болады. Жалпы ақпарат көздеріне жалпы қолданыстағы сөздіктер және жалпы энциклопедиялар жатады.  Сөздіктер екітілді және біртілді болады. Біртілді сөздіктер: түсіндірме, синонимдер, омонимдер, антонимдер, орфографиялық, фразеологиялық болып келеді. Арнайы ақпарат көздеріне: арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, ғылым мен техниканың әртүрлі салалары бойынша анықтамалықтар, арнайы әдебиеттер жатады.

Жалпы екітілді сөздіктерді табысты пайдалану үшін мыналарды есте сақтау керек:

1) Кез келген жалпы екітілді сөздік (фразеологиялық сөздіктен басқасы) сөздің аудармасын емес, әрбір сөздің мүмкін болатын баламаларын ғана береді, сөздік сөздің белгілі контекстегі мағынасын тұспалдап қана көрсетеді.

2) Қажет сөзді жылдам табу үшін алфавитті жақсы білу керек. Сөздікпен жиі жұмыс жасаған кезде алфавитті жақсы білу жұмыс уақытын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

3) Барлық шартты белгілердің, қысқартулардың, сөздік мақалаларында кездесетін тыныс белгілерінің мағыналарын жақсы білу керек. Ол үшін сөздікті пайдаланбас бұрын,  сөздікті пайдалану туралы мақаланы зерде қойып оқып шығу және қысқартулар тізімімен танысу  керек.

         

          Мәтін бойынша тапсырмалар.

1. Сөздіктен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізін тауып, аударыңыз. Тапсырманы қалай орындағаныңызды түсіндіріңіз.

Сұлбалардың, қарастыратын болсақ, күшейткіштердің, істерінде, қосылмаған қалпын суреттейді, айырмашылығына байланысты, ағымында, құбылыстарды.

2. Көз, желі, түйін, жол, арна, жүйе  сөздерін сөздіктен тауып, тіркестер құрап, оның қай мағынасын техникалық аудармада қандай сөйлемдерде қолдануға болатынына бірнеше мысал келтіріңіз.

 

Баламасыз лексиканы аудару тәсілдері

 

Аудармада кейде сөздікте жоқ, яғни баламасыз лексика деп аталатын сөздер кездеседі. Мұндай жағдайда аударманы баламасыз лексиканы жеткізудің тәсілдерін қолданып, іске асырады.

Баламасыз  лексиканы жеткізудің бірнеше тәсілі бар:

1) Транслитерация. Шетел сөзін алып, оны аударма тілдің әріптерімен бейнелеу. Ондай сөздерге  зауыт, пошта,  станса т.б. сөздер жатады, бұл сөздер қазақ тіліне сіңіп кеткен.  Ал орыс тіліне шетел тілінен енген жаңа сөздер қазақ тілінде де өзгертілмей алынып жүр: дисплей, ноу-хау, программа, модем т.б. сөздер. Бұл тәсілдің артықшылығы – оның сенімділігі. Транслитерация – таныс емес, жеткіліксіз зерттелген сөздің тек дыбыстық сыртқы қабығын ғана көрсету. Мұндай сөздердің мазмұны контекст арқылы ашылады. Аудармашы осы тәсілді қолдана отырып, жаңа сөзді түсіндіруде қателік жіберіп алудан қашады.

2) Калькілеу. Бұл тәсілдің мәні баламасыз сөздің құрылымдық бөліктері олардың аударма тілдегі сөзбе-сөз нұсқаларымен ауыстырылады: іскерлік банк, қызметтік автомашина, жоғарғы палата, директорлар кеңесі, қауіпсіздік кеңесі т.б.

3) Баламасыз лексиканың өзіндік сонылығын сақтап, аударма тілдің мүмкіндігін пайдаланып, жаңа сөз немесе сөз тіркесін жасау. Зейнеткер, тіркелім, бағдаршам, іссапар, тікұшақ, күнтізбе т.б. 

4) Сипаттама (түсіндірме) аударма тәсілі баламасыз лексиканы  тілдік бірліктің мағынасын кеңінен сипаттау (сөз тіркестері, фразалар) арқылы  жеткізу. Оның артықшылығы сипатталатын құбылыстың мәнін толық ашу мүмкіндігін береді. Түпнұсқа тіліндегі сөз беріледі де, оның беретін мағынасы аударма тілдің тәсілдерімен түсіндіріледі.

5) Ұқсастырып аудару тәсілі  –   Аяз Ата, Қарша Қыз т.б.

 

Тапсырмалар:

1. Сөз тіркестерін аударып, техникалық терминдердің қалай жасалғанын түсіндіріңіз.

Радиопередающие устройства –  

Генерация радиосигналов –  

Устройство, генерирующее  радиосигналы –

Полупроводниковые транзисторы –

Сверхчастотные транзисторы –

Гармонические колебания –   

2. Терминдерді түсіндірме әдісін қолданып сипаттаңыз.

Үлгі: Флуктуация  – «Флуктуация» латын тілінде тербеліс деген мағына береді.  Көпарналы тарату жүйелерінде флуктуациялық бөгеуілдер   (тербеліс түріндегі бөгеуілдер) электрлік бөгеуілдердің бір түрі ретінде қарастырылады.   

Транзистор  –  

Модуляция –

Монитор –

Сигнал қуаты –  

3. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Основное усиление;  на неизменной промежуточной частоте;  полосовые фильтры; резонансная  характеристика;  полоса пропускания приемника; частота принимаемого сигнала; большой диапазон промежуточных частот; использование транзисторных радиопередающих устройств; волоконно-оптические линии связи;  отличается высоким КПД и надежностью; снижается чувствительность; уровень внешних помех  и внутренних шумов; качественные показатели приемника.

4. Сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемді аударыңыз.

қуат –

жоғары жиілікті –

тербеліс –

радиотехникалық аппаратурада –

қуаты 10 кВт-қа дейінгі –

жоғары жиілікті тербелістер –

транзисторлардың көмегімен –

Қазіргі радиотехникалық аппаратурада қуаты 10 кВт-қа дейінгі жоғары жиілікті тербелістерді транзисторлардың көмегімен генерациялайды. 

5. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Сәулені, оның ішінде (свет), екі өлшемде өзгертіп, (преобразовать) болады. Мысалы, лазер сәулесі (в микронах) өлшенеді, ол нерв, нейрон талшықтарына операция жасауға (дает возможность). Сәулелік байланыс бір бағытты: сәуле шыққан жеріне (не возвращается), яғни қабылдау көздері хабардың шығу (источникам) қайтып әсер етпейді. (Полезное действие) коэффициенті де (мало). (В связи с этим) бағасы қымбат және жұмыс (надежность) төмен. Сонымен, оптикалық сигналды екі (измерениях) (пространство) және уақыт аралығында өзгертіп, модуляциялауға  (можно).

          6. Көп нүктенің орнына тұлғасы мен мағынасы жағынан сәйкес келетін сөздерді қойып, сөйлемдерді аударыңыз.

1. Қуатты каскадтары кілттік режимде ................... таратқыштарды құру мәселелері талқыланады.

а) жұмыс істеген

ә) жұмыс істейтін

б) жұмыс істеп

в) жұмыс істегіш

2. Мұнда транзистордың көрсеткіштері  генерацияланатын ........... аз әсер етеді.

а) қуаттан

ә) қуатта

б) қуатты

в) қуатқа

3. Бұл оқу .................... сырттан қоздырылатын генераторлардың теориясы және оның әртүрлі сұлбаларын есептеу жолдары қарастырылған.

а) құралында

ә) құралда

б) құралдан

в) құралды

4. Жүктемелік және модуляциялық сипаттамаларды қоса, генератор сипаттамасының .............. қарастырылады.

а) кешенін

ә) кешен

б) кешені

в) кешенді

5. Дегенмен де  ауыстырып қосу процестерінің инерттілігін ескеру .................

а) мүмкін

ә) қажет

б) шығар

в) сияқты

6. Мұндай генераторлардағы транзисторлардың кедергісі өте кең аралықта, тіпті нөлден шексіздікке ............... өзгереді.

а) дейін

ә) соң

б) кейін

в) шейін

          7. Жақшадағы сөздің орыс тіліндегі баламасын қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

1. Қазіргі радиотехникалық (в аппаратуре) қуаты 10 кВт-қа дейінгі (высокочастотные) тербелістерді транзисторлардың (с помощью) генерациялайды.

2. Алайда, (ключевых) генераторлардың (преимущества) транзистордағы процестердің (инертность) әсер етпейтін (в сравнительно низких) жиіліктерде айқындалады.

3. (Таким образом), кілттік режимді әлі де қолдануға болатын  (промежуточных)  жиіліктердің үлкен (диапазон) бар.

4. Гармоникалық (колебаний) транзисторлық генераторларын (проектирование)  және оның теориясы мәселелеріне (зарубежных) және отандық (ученых) көптеген еңбектері (посвящено).

5. (А также), (мощные) каскадтары кілттік (режиме) жұмыс істейтін таратқыштарды (построение) мәселелері (обсуждаются).

6 (Здесь)  кілттік режимдерді (применение) ерекше тиімді болып табылатын бір (боковой) жолақта істейтін байланыс (системам) айрықша көңіл (уделено).

 

Мағыналық аударма жасаңыз.

 

Диэлектрлік заттар, олардың жіктелуі

 

Диэлектрлік заттарға электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер жатады. Әртүрлі электр потенциалдары әсер ететін электр құрылғыларының ток жүргізуші бөлшектерін бір-бірінен оқшаулайтын және ток жүрмейтін, бірақ өткізетін  бөлшектерді (мысалы, корпус, кабельдің орамалары) ток жүретін бөлшектерден оқшаулайтын заттарды электр оқшаулағыш немесе пассивті диэлектрик дейміз.

Егер диэлектриктердің басқарылатын қасиеттері болса, олар активті диэлектриктер болады.

Электр тогын өткізбейтін заттар агрегаттық күйі бойынша 3 түрге бөлінеді: газ тәріздес, сұйық және қатты. Бөлек бір топқа қататын заттар жатады.  Ол заттар бастапқы кезде сұйық болады да, дайын күйінде қатты болып шығады (мысалы: лактар, эмальдар, компаундтар). 

Қатты оқшаулағыш заттар өз кезегінде органикалық қатты және органикалық емес қатты заттарға бөлінеді. 

 

Мәтінді керекті қосымшалармен толықтыра отырып, оқыңыз, неге қандай қосымша қойғаныңызды түсіндіріңіз. 

 

Телекамералы тоңазатқыш

 

«Электролюкс» деп ата.. швед фирмасы ішінде телекамерасы бар тоңазытқыш жаса... шығарды. Тоңазытқыш  иесі кез келген компьютерден, тіпті керек де..., ұялы телефонның экранынан интернет арқылы «салқындатқыш сандығының» ішіндегі тағамдарды көр... ал... болады.

 

Сөздікті пайдаланып мәтінді аударыңыз.

 

ISDN желісіне енімнің ұйымдастырылуы

 

ISDN қызметіне енімнің екі деңгейі бар:

- негізгі деңгейдің енімі (ISDN BRI);

- кеңейтілген деңгейдің енімі (ISDN PRI).

ISDN BRI, кәдімгі телефон желісінде пайдаланылатын мыс жұбы негізінде құрылған байланыс желісі (U–интерфейс) арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, пайдаланушының ақырғы құрылғысына дейін өткізу қабілеттілігі 144 КБит/с-ке тең цифрлық синхронды мәлімет беру арнасы жасалынады. Берілген жылдамдық үш арнаны мультиплекстеуден: тарату жылдамдығы 64 Кбит/с-тік екі В-арнасынан (Bearer channels) және 16 Кбит/с-тік  D-арнасынан (Delta channel) құрылады. Арнайы  хаттамалар мен интерфейстердің көмегімен тарату жылдамдығын 384 Кбит/с-қа дейін арттыруға болады. Мұның өзі теледидарлық сапасы бар толықэкранды бейнеконференция өткізуге мүмкіндік береді.

В-арналары арқылы пайдаланушының ақпараты беріледі. Ақпараттар: дауыстық байланыс, бейне немесе мәліметтер болуы мүмкін. D-арнасы ISDN желісіне қосылған пайдаланушылардың ақырғы құрылғыларының жұмысын үйлестіретін қызметтік сипаттағы ақпаратты береді. Сондай-ақ D-арнасымен мәліметтер қаттамасы түріндегі пайдаланушылық ақпаратты беруге болады.

Сондай-ақ ISDN-ті құруда импульсті-кодалық модуляция техникасына негізделген тез жылдамдықты магистральдық цифрлық арна пайдаланылады.

Т1 арнасымен өткізгіш жұбы арқылы 1,544 Мбит/с жылдамдықпен цифрлық сигналдар таратылады. Т1 арнасы АҚШ стандарты болып табылатын ИКМ-нің 24 арнасы арқылы мәліметтер беруді қамтамасыз етеді.  

Сигнал мынадай тәртіппен мультиплексияланады: әуелі ИКМ-нің бірінші арнасынан мәліметтердің 8 биті, сосын екінші арнадан 8 бит т.с.с. беріледі. 24-арнадан кейін кадрдың бір бит-бөлгіші қосылады. Сонда кадрдың ұзындығы 24×8+1=193 бит болады. Осындай кадрлардың  секундына 8000-ы беріледі және жалпы жылдамдығы 153×8000 = 1540000 бит/с болып шығады.

Еуропа мен Ресейде құрамына 30-ы пайдаланушылар мәліметтері үшін және 2-уі қызметтік сипаттағы ақпаратты беру үшін ИКМ-нің 32 арнасы (жалпы жалдамдығы – 2,048 Мбит/с) кіретін басқа Е1 стандарты қабылданған. Демек, магистральда бір мезгілде әрқайсысының өткізу қабілеттілігі 64 кбит/с-тық 30 телефон арнасы жұмыс істейді.  Осыған байланысты PRI кеңейтілген деңгейі енімінің құрамына 32 арна кіреді: оның 30-ы жылдамдығы 64 Кбит/с-тік  негізгі енім күре жолының В-арнасына эквивалентті, бір арна синхрондауды жүзеге асырады, ал қалған D-арнасы (64 Кбит/с) ақпараттық В арналарының желіішілік өзара әрекеттесуін жүзеге асырады.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар.

1. Сәйкес қосымшаны белгілеңіз.

Жылдамдық.....тан/пен/та таратылады; синхрондау.... ды/да/дың жүзеге асырады, енімнің құрам.......ға/ына/нан 32 арна кіреді: Е1 стандарт....ы/ын/ының қабылданған;  арна....ны/н/ның мультиплекстейді;  мәліметтер беру...ді/де/ден қамтамасыз етеді; арттыру...да/ға/дан болады.

2. Сұрақтарына қарап, бос орынға қажетті қосымшаны қойыңыз.

Пайдаланушылардың ақырғы құрылғылары..... (ненің) жұмысы; қызметтік сипат........ (қандай) ақпаратты беру үшін; екі В-арнасы...... (неден) (Bearer channels) және 16 Кбит/с-тік  D-арнасынан (Delta channel) құрылады; кадр....... (ненің) ұзындығы 24×8+1=193 бит болады; бір мезгілде (қашан) 30 телефон арнасы жұмыс істейді; мәліметтер беру....(нені) қамтамасыз етеді; өзара әрекеттесу....(нені) жүзеге асырады; Е1 стандарт.... (не) қабылданған; негізгі енім күре жолының В-арна......(неге) эквивалентті; сигнал мынадай тәртіп.......(немен) мультиплексияланады.

 

Аудармадағы грамматикалық мәселелер

 

Түпнұсқаның грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды. Аударманың мақсаты – түпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек. Мұндай ерекшеліктерге, мысалы грамматикалық формалардың ықшамдылығы, сөйлем құрылымындағы, синтаксистік күрделі бірлікті құрастырушы сыңарлар арасындағы жарыспалылық, белгілі бір сөз табын неғұрлым жиі қолдану т.б. сипаттар жатады. Осы сияқты грамматика-стилистикалық бірліктерді аудару не болмаса аударма тілде бар аналогиялық құралдарды қолдану жолымен жеткізу аударманың міндеті болып табылады.

Жат тілдегі кейбір өзгеше грамматикалық құрылымдарды игеру қиын болуы мүмкін. Алайда осы сияқты тұлғалардың аударма тілге белгілі бір сұлба  арқылы жететіні де болады. Мысалы: Я знал, что придешь деген орыс тілінің сабақтас құрмалас сөйлемінің бағыныңқы компоненті («что придешь») қазақ тіліне Сенің келетініңді біліп едім деп көбіне тура толықтауыш болып аударылады. Мұндағы ерекшелік сол, қазақ тілінде толықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жоқ. Бұл сияқты грамматикалық сәйкессіздіктерді аудару, әдетте, сөз тіркесі, сөйлем шегінде ғана жүзеге асады.

Дәлме-дәл формальды – грамматикалық тұрғыдан аудару тұлғалық-формалық сәйкестіктердің болмауына байланысты көбіне мүмкін болмай қалады.

Бұдан шығатын қорытынды сол, аударуда грамматикалық санаттардың айнымалы өзгергіштігі, тіпті дәл аударылуы дегеннің өзінде, әрдайым болып тұратын құбылыс. Формалық-грамматикалық тепе-теңдік деген  нәрсе аудармада тіпті өте сирек болады екен. Оның себептері мыналар:

1) Түпнұсқа тілде кездесетін элементтерге аударма тілде формалық-грамматикалық сәйкестіктердің болмауы. Мысал ретінде орыс тілін түпнұсқа тіл деп алсақ, ол тілдегі етістіктің вид категориясы, род категориясы, сын есімнің қысқа формасы т.с.с.

2) Керісінше, аударма тілде бар элементтер түпнұсқа тілде болмайды. Бұған орыс тілінен қазақ тіліне аударуда кездесетін қазақ тіліндегі етістіктің нақ осы шағы, бұрынғы өткен шағы, өзгелік етіс, тәуелдік жалғау т.с.с. жатқызуға болады.

3) Аударма тіл мен түпнұсқа тілде формалық-грамматикалық жағынан бір-біріне сай келетін элементтер болғанмен, аудару үстінде олар қызметтері жағынан әртүрлі болып келуі мүмкін. Мәселен, орыс тіліндегі «и» көп мағыналы, ол кейде себеп-салдар мағынасын берсе, кейде шарттылық мағынасын да береді. Мысалы: Он не жених тебе, и вам вместе жить нельзя. («и» салдар мағынасын үстеп тұр). Сумейте создать условия, и вы удлините жизнь растений. (Бұл жерде «и» шарт мағынасын білдіріп тұр). Сол сияқты қазақ тіліндегі шартты рай тұлғасы формалық жағынан орыс тілінің «бы» демеулігіне балама болатындай. Алайда қазақ тіліндегі шартты рай басқа мағыналарда да жұмсалады. Тағы  бір мысал. Қазақ тілінің дейін шылауы орыс тілінің до предлогымен сай келеді. Алайда «Мне не до шуток» дегеннің қазақшасы «Менің қалжыңдайтын жайым жоқ» болып шығады.

Мәселен, орыс  тіліндегі ырықсыз (пассив) құрылымды («дом построен рабочими») сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінен гөрі кітаби-жазба стильде көбірек тараған. Сондай-ақ қазақ тілінде баяндауыштың орын тәртібінің өзгеруі басқа стильден гөрі ауызекі сөйлеуге, поэзияға тән десек болады.

Кейбір қорытындылар:

Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің грамматикалық жүйелерінің сәйкессіздігі, осыдан келіп шығатын кейбір грамматикалық формаларды дәлме-дәл бере алмау сияқты қиындықтан басқа грамматикалық құралдармен немесе грамматикалық тұлғалардың орнына лексикалық сөз қолданумен игеріледі.

Екіншіден, аударуда екі тілдің тұтас грамматикалық жүйесін есепке алып отыру керек, жекелеген жайттарды қуалап кету олқылыққа ұшыратады.

Келесі бір әрқашан есте ұстар мәселе, грамматикалық құрылымдарды аударуда да мағыналық-стильдік бояуды, контексті назардан тыс қалдыруға болмайды.

Аудармадағы трансформациялық үдерістер

 

Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әрқилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталып жүр. Мұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.

Аудару процесінде кездесетін мұндай әрекеттер, ғалымдардың көрсетуінше, төрт типке бөлінеді:

1)    Орын алмастыру (перестановки).

2)    Ауыстыру (замены).

3)    Қосу (добавления).

4)    Түсіріп тастау (опущения).

 Бұлай бөлу шартты бөлу болып табылады, өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса бірігіп, араласып кетіп отырады.

1. Орын алмастыру. Бұл – аудуару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма  мәтінде өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлем сыңарларының орын тәртібі, дербес сөйлемдердегі тіркестердің орны.

Мыс: Я в отчаянье, если бы Вы на то не согласились.  – Егер Сіз бұған келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім.

2. Ауыстыру – түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөйлемшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін аударма тілде басқа тілдік бірліктермен беру. Сөйлем мүшелерін ауыстыру. Радио изобретено А.С.Поповым.  – Радионы  А.С.Попов ойлап тапқан. Бұл аударуда толықтауыш бастауышқа айналып тұр, өйткені ырықсыз (пассив) құрылым қазақ тіліне сол түрде аударылмайды. Алайда, өкінішке орай, біздің студенттеріміздің көбісі Радио А.С.Поповпен  ойлап табылған деп қате аударады.

Орыс сөйлеміндегі пысықтауыш қазақ тіліне бастауыш түрінде аударыла алады.

Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформациялардың төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі.

1)  Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару.

2)  Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару.

3)  Басыңқы сөйлемді бағыныңқы етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп аудару.

4)  Сабақтас байланысты салалас етіп немесе салалас байланысты сабақтас етіп жеткізу.

5)  Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп жеткізу, не керісінше.

Жалғаулықсыз байланысты жалғаулықты етіп аудару.

Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде жалғаулық арқылы салалас құрмалас сөйлемді құрайтын сыңарлар ғана байланысады, оның өзінде жалғаулықтар сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты анықтауда ерекше қызмет атқармайды.

Жалғаулықтар қатыспай тұрып-ақ құрмалас сөйлемнің компоненттері арасындағы мағынаны ажырата аламыз. Ал орыс тілінде жалғаулықтар құрмаластың компонеттері арасындағы мағынаны айқындап тұрады. Осы себепті орыс тіліндегі жалғаулықты байланысты қазақ тіліне жалғаулықпен аудару міндетті емес. Бұл жердегі аударудың мәні де осындай.

Лексикалық аударулар. Бұл туралы негізгі мәселелер аударманың лексикологиялық тұрғысына қатысты айтылды. Сондықтан біз бір ғана жайтқа ғана тоқталамыз.

Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әртүрлі болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен береміз. Бұның бірінші тәсілін – нақтыландыру (конкретизация), екіншісін жалпыландыру (генерализация) деп атайды.

Шендестіре аудару (Антонимический перевод). Шендестіре аудару дегеніміз – түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрде я, керісінше, түпнұсқадағы болымсыз мағынаны болымды етіп аудару. Мысалы: Астронавты вернутся на землю не раньше, чем в феврале. – Астронавтар ақпан болмай жерге оралмайды.

Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмауы көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударма сол элементті көрсетуге тура келеді, міне, осыған байланысты қосу тәсілі қолданылады: Слава народам Казахстана! – Қазақстан халықтарының даңқы арта берсін!

Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл.

 

Цифрлық тарату жүйелері

 

Мәтін алды тапсырма.

Байланыс туралы «Қазақтың шақырымы қайдан шыққан?» деген танымдық мәнді әңгімені оқу.

 Байланыстың батыл қадамдары.

Қазақтың «шақырымы» қайдан шыққан?

Алыстан тез хабар беріп, хабар алу мәселесінде адамзат ерте дәуірден-ақ бар мүмкіншіліктерді кеңінен пайдаланғаны белгілі. Ғылым мен техника дамымаған кездің өзінде дауыстары зор адамдарды пайдаланғаны, Африкада там-там (барабан, дауылпаз),  от жағып хабарласқандары және құбыр, сым немесе жіңішке жіп, қағаз қорапты пайдаланып 300 метрлік қашықтықтан сөйлесу мүмкіншіліктері болғаны тарихи әдебиеттерден белгілі. Бұған мысалды алыстан іздемей-ақ қазақтардың бүгінге дейін «шақырым» деген сөзді пайдаланатыны айғақ.

Сигнал деген ұғым ағылшын тілінің sign деген сөзімен түбірлес, мағынасы – белгі, белгілеу деген түсінік береді. Жазылған сөз белгілі бір ұғым береді, ендеше ол да –  сигнал. Сонымен дауыс шығару, дыбыс беру, от жағу, там-там қағу, жарық беру т.с.с. сигналдарға жатады. Ал сигналдарды электр түрінде берудің көп тиімді қасиеттері бар. Олар:

1) Тарау жылдамдығы сәуленің жылдамдығына жуық.

2) Электр сигналдарын өңдеу, түрлендіру және салыстыру жылдамдығы өте жоғары электрондық құрылғылар арқылы орындалады.

 

Тапсырмалар:

1) Берілген изафет тіркестерді аударып, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңыз:

Байланыс желісі –

Телеграф сигналы –

Дауыс сигналы –

Адамның даусы –

Байланыс жолы –

Дыбыс деңгейі –

Морзе әліппесі –

Телефон байланысы –

Электрониканың өркендеуі –

2) Сөздікті пайдаланып, мына мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

 

Морзенің мамандығы – суретші

 

XIX ғасыр электртехника ғылымында ашылған ғылыми жаңалықтарға, электр байланысының дамуына және қалыптасуына тікелей әсер етті.

Электртехника саласындағы жетістіктерді пайдалана отырып, Американың белгілі суретшісі, Ұлттық сурет академиясының тұңғыш президенті С.Морзе 1838 жылы 24 қаңтарда ойлап шығарған электромагнитті телеграф аспабымен 15 шақырым қашықтыққа сым арқылы алғаш телеграф сигналын жеткізді.

Телеграфтың дүниеге келуі адамзатқа Жер шарының кез келген нүктесіне жылдам хабар беріп, хабар алуына нақты мүмкіншілік тудырды. 1844-1866 жылдар ішінде Америкада 80 мың, Азияда 20,8 мың шақырымдық телеграф байланысы іске қосылды. Бірақ барлық жүргізілген кабельдер теңіз бен мұхит жағасына келіп тоқтап қалды.

 

Цифрлық тарату жүйелері

 

Байланыс  (телекоммуникация)  желісі ақпарат таратушы және жалғаушы (АТС) жүйелерден тұрады.

Таратылатын сигналдар аналогты (мағынасы үздіксіз) және дискретті (мағынасы үзік-үзік) болып екіге бөлінеді.

Телеграф сигналы дискретті, ал дауыс сигналы аналогты болып келеді. Дискретті сигналды цифрлық сигнал деп атайды.

Адам сөйлегенде даусының жиілігі 80 Гц-тен 12000 Гц, ал есту мүмкіншілігі 16 Гц-тен 20000 Гц аясында болады. Дауыс сигналын байланыс жолымен тарату үшін оның жиілік аясы 300 Гц-тен 34000 Гц-ке дейін болған кезде, сөйлеген дыбыс деңгейінің 90%, ал сөздің естілу анықтығы 99% табиғи үнін сақтайды.

Телеграф алғашқы күннен бастап цифрмен істеді. Алғашқы телеграфта пайдаланылған  Морзе әліппесінде «нүкте» мен «сызықша» белгілері кейіннен екі цифрлы «0» мен «1»-ге ауысты. Телефонмен байланыс көпке дейін аналогты болып келді. Аналогты жүйенің уақыт сұранысын қанағаттандыра алмауы жаңа цифрлық технологияның өркендеуіне жол ашты.

Телефон байланысында сөйлеу сапасын сақтау дауыс сигналы  300 Гц-тен 34000 Гц-ке дейінгі жиілік аясында таратылса, цифрлық  дауыс сигналы 64 Кбит/сек (1 секундта 64000 бит) жылдамдықпен таратылады. Бұл арна  негізгі цифрлық арна деп аталады және ЕО деп белгіленеді. Өйткені  бұл             арна – бір телефон жолының сыйымдылығы.

Аналогты дауыс сигналын цифрлық  сигналға түрлендіру импульсті кодалық модуляция (ИКМ) деп аталады. Дауыс сигналын тарату үшін ИКМ жүйесін пайдалану мүмкіншілігін 1937 жылы француз инженері А.Ризе ұсынған болатын. ИКМ жүйесі 1940 жылдары радиолокация саласында қарқынды дамыды. Алайда, цифрлық технологияның баяу даму салдарынан оны бұқаралық байланыс саласында пайдалану мүмкіншілігі шектеулі болды. 1950 жылдардағы электрониканың өркендеуі ИКМ жүйесін АТС арасында кеңінен пайдалануға жол ашты. Оны алғаш 1957 жылы қолданысқа енгізген Американың Bell System компаниясы болды.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар.

1. Мәтінді түгел оқып шығып, түсініксіз сөз және сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.

2. Мәтіндегі терминдердің жасалуына назар аударыңыз. «Терминнің бәрі – сөз, сөздің бәрі термин емес» деген тұжырымды қалай түсінесіз, мысалмен дәлелдеңіз.

3. ИКМ-ге берілген  анықтаманы түрлендіріп айтуға тырысыңыз. 

4.  Мәтінді толық аударып, мазмұнын түсініп алыңыз. Енді мәтінді өз сөзіңізбен баяндауға лайықтап өзгертіңіз (трансформация).

5.   Мәтіннің әр абзацына сұрақ қойып, жауап беріңіз. Оларға берген жауаптарыңызға сүйеніп, мәтінді мазмұндап беріңіз.

 

Плезиохронды цифрлық иерархия

 

Мәтін алды тапсырмалар.

1. Мына біріккен сөздерді аударыңыз, оларды қатыстырып сөйлемдер құраңыз:

Қалааралық –

Мемлекетаралық –

Халықаралық –

Телекоммуникация –

Радиоқабылдағыш –

Жерсеріктік –

2. Жұмыс істейді; деп аталады; еніп келеді; іске қосылды; қолданыла бастады деген тіркестерді күрделі баяндауыш қызметінде жұмсап, сөйлемдер құраңыз.

Цифрлық ағын қалааралық, мемлекетаралық магистральдарда топталып таратылады.

Еуропалық стандарт бойынша Еуропа және ТМД елдеріне цифрлық байланыс жүйесі төмендегідей топталу тәртібімен жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1 сурет - Цифрлық жүйені топтау

 

Бұл жерде ИКМ-30 дегеніміз – бірінші иерархия. Оған әрбіреуі 64 Кбитпен 30 телефон арнасы келіп тоғысады. ИКМ-120 – екінші иерархия, ол төрт ИКМ-30-дың немесе 120 телефон арнасының басын біріктіреді. Сол сияқты ИКМ-480, ол – үшінші иерархия, ол өз кезегінде төрт ИКМ-120-ны, ал төртінші  иерархия ИКМ-1920 төрт ИКМ-480 байланыс арналарын біріктіреді. Әрбір иерархия арасындағы цифрлар ағын немесе арнасы рет-ретімен Е0, Е1, Е2, Е3, Е4 деп аталады.

Мұндай топтау технологиясы плезиохронды цифрлық иерархия (ПЦИ) (мағынасы – цифрлық ағынның сатылап тарамдалуы) деп аталады.

Ақпаратты цифрлап тарату цифрлық АТС-тердің пайда болуына ықпал етіп, тарату және жалғау процестерін біріктірді.

Цифрлық тарату жүйесі (ЦТЖ) алғашқы кезде жалғаушы стансалардың арасында, кейіннен қалааралық байланыс желісінде қоданыла бастады. Экономикасы дамыған елдерде цифрлық желілер 1970 жылдан бастап іске қосылды. 1980 жылдардан байланыс жолында оптикалық талшық техникасы қолданысқа кеңінен еніп келеді.

 

 

Мәтін бойынша тапсырмалар.

1. Сөздіктерді пайдаланып, мәтінді оқып, аударыңыз.

2.  6-сурет бойынша цифрлық байланыстың жұмыс тәртібімен танысып, әңгімелеп беріңіз.

3.  Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, біреуін септеңіз.

4. Сөздікті пайдаланып, мәтінді қазақ тіліне аударыңыз

Широкомасштабное использование волоконно-оптических линий связи (ВОЛС) началось примерно 40 лет назад, когда прогресс в технологии изготовления волокна позволил строить линии большой протяженности. Сейчас объемы инсталляций ВОЛС значительно возросли. В межрегиональном масштабе следует выделить строительство волоконно-оптических сетей синхронной цифровой иерархии (SDH). Стремительно входят в нашу жизнь волоконно-оптические интерфейсы в локальных и региональных сетях Ethernet, FDDI, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, ATM.

В настоящее время по всему миру поставщики услуг связи прокладывают за год десятки тысяч километров волоконно-оптических кабелей под землей, по дну океанов, рек, на ЛЭП, в тоннелях и коллекторах. Множество компаний, в том числе крупнейшие: IBM, Lucent Technologies, Nortel, Corning, Alcoa Fujikura, Siemens, Pirelli, ведут интенсивные исследования в области волоконно-оптических технологий. К числу наиболее прогрессивных можно отнести технологию сверхплотного волнового мультиплексирования по длине волны DWDM (Dense Wavelength Division Multiplexing), позволяющую значительно увеличить пропускную способность существующих волоконно-оптических магистралей.

В волоконно-оптических линиях связи (ВОЛС) цифровые системы передачи нашли самое широкое распространение как наиболее приемлемые по своим физическим принципам для передачи.

 

Синхронды цифрлық иерархия

 

Мәтін алды тапсырмалар.

1. Мына қысқарған сөздерді толық түрде жазып, қазақшаға аударыңыз.

ЭДС, АТС, МТС, ИКМ, ПЦИ, СЦИ.   

2. Бөлшек сан есімдерді еске түсіріп, мына сандарды сөзбен жазыңыз: 4,2; 5,6; 7,9; 3,15; 2,27; 8,75; 21,38; 39,48; 155,26; 622,08; 2285,32; 9953, 28.

 

Уақыт талабы ПЦИ жүйесін түпкілікті жаңартуды қажет етті. ПЦИ жүйесінің кемшіліктерін жою мақсатында Америкада  синхронды оптикалық желі (SONET), Еуропа және ТМД мемлекеттерінде еуропалық  синхронды цифрлық иерархия (СЦИ, ағылшынша SDN) қолданысқа келді. Бұл жүйенің басты ерекшелігі, айталық, ЦПИ жүйесінің Е4 иерархиясында тұрып Е1 иерархиясындағы ақпаратты алу үшін Е3, Е2 иерархиялары арқылы бару қажет болатын, ал ЦСИ жүйесінде ақпаратты тікелей алу мүмкіндігі туды. Сосын, ПЦИ жүйесінде АТС-терді бір-бірімен тікелей және тарамдап жалғау топологиясы қолданылса, ал СЦИ жүйесінде шеңберлік топологияға қол жеткізілді.

Байланыс жүйелерін дамытудың басты мақсаты – қолданыстағы жүйені жойып жібермей, жаңа жүйенің мүмкіншіліктерін біртіндеп өзара тоғыстыру болмақ. Мұны телекоммуникацияның конвергенциясы деп атайды.

Сондықтан   СЦИ жүйесін құрудағы талпыныс – оны ПЦИ жүйесімен қатар қолдану болды.

СЦИ иерархиясы (STM-1, STM-4, STM-16, STM-64) деп аталатын синхронды тасымалдаушы модульдерден (СТМ) тұрады. СЦИ жүйесінің Е1-і цифрлық ағынның 63-ін қабылдап, оларды бір арнамен тарата алады. Басқаша айтатын болсақ, бұл дегеніміз 63*30=1890 телефон байланысын қамтамасыз етеді. Жалпы  STM-1 модулі Е1, Е2, Е3, Е4 ағындарының қай-қайсысын да қабылдап, таратушыға жеткізе алады. Осы ақпарат көлемін  STM-16 он алты есе көбейтілген жыдамдықпен тарата алады. Бұл жағдай кәсіптік қоданыста мынадай мәліметтермен өрнектеледі.  СЦИ жүйесінің иерархиясының бірінші деңгейін құрушы  STM-1 сигналын 155,52 Мбит/сек, үшінші деңгейі ( STM-16) 2488,32 Мбит/сек, төртінші деңгейі (STM-64) 9953,28 Мбит/сек жылдамдықпен таратылады.

Бүгінгі ЦТЖ-нің аппараттық жабдықтары СЦИ негізінде телекоммуникация желісінің қазіргі күн талабына сай  топологияларын құруға мүмкіншілік тудырады.

СЦИ технологиясымен ақпарат тарату жылдамдылығын бұдан әрі жоғарылату мақсатында оптикалық талшықты байланыс жолын таратылатын сигнал толқындарының ұзындығы бойынша тығыздауға болады. ( DWDM-Dens Wavelength Division Multiplexing – толқын ұзындығымен мультиплексорлап тығыздау). Көпшілік сараптаушы мамандардың жобалауы бойынша жуық арада мультисервистік желілердің архитектурасы көпқабатты IP `` АТМ SDN WDM технологияларын қиыстырумен іске аспақ.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар.

1. Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.

2. Мына тіркестердің баламаларын мәтіннен тауып жазыңыз:

Главная особенность этой системы; в целях устранения недостатков; для получения информации; попытка создания системы СЦИ; иначе говоря; дальнейшее повышение скорости; по проектированию специалистов; архитектура мультисервисных сетей.

3. Сөйлем мүшелеріне ыңғайына қарай қалай және қандай деген сұрақтар қойыңыз.

Үлгі: а) Уақыт талабы ПЦИ жүйесін түпкілікті (қалай?) жаңартуды талап етті.

ә) Байланыс жүйелерін дамытудың басты (қандай?) мақсаты – қолданыстағы (қандай?) жүйені жойып жібермей, жаңа (қандай?) жүйенің мүмкіншіліктерін біртіндеп (қалай?) өзара тоғыстыру болмақ.

4. Мәтінді толық жазбаша аударыңыз. Қысқаша мазмұндаңыз.

5. Сөздікті пайдаланып, мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

 

Оптоволокно

 

Оптоволоконные кабели обеспечивают полную гальваническую развязку между обоми концами кабеля. Непроводимость волокон делает кабели нечувствительными к скачкам напряжения. Это устраняет электромагнитные и эфирные помехи, которые могут быть вызваны контурами заземления, синфазными напряжениями, а также смещениями  и короткими замыканиями потенциала земли.  Оптоволоконный кабель действует как длинный изолятор. Поскольку оптические волокна не излучают волны и не подвержены помехам, еще одним их преимуществом является отсутсвие взаимного влияния кабелей (то есть воздействие излучения одного кабеля связи на другой, проложенный рядом с ним).

 

Өрістік транзисторларды қолдану ерекшеліктері

 

Мәтін алды тапсырмалар.

1.  Мына сөздерді тәуелдік жалғауының үшінші жағына қойып, оларды қатыстырып  сөз тіркестерін жасап, орыс тіліне аударыңыз:

Артықшылық, топ, тиімділік, жылдамдық, тұрақтылық, меншік, жылулық, топ, артық, бөлшек.

Үлгі: осы әдістің артықшылығы-преимущество этого метода.

2.  Тұрақтылығы, бөлшегі деген сөздерді жазбаша септеңіз.

 

Өрістік транзистордың артықшылығына мыналар жатады:

а) Өте үлкен кіріс кедергісіне байланысты сигнал көздерінен пайдаланатын ток немесе қуат шамасы мейлінше аз.

б) Өрістік транзистордың оңай жасалынуы мен оның технологиялық тиімділігі.

в) Транзистор каналындағы токты тек негізгі заряд тасушылары түзетіндіктен, онда негізгі емес заряд тасушылары жинала алмайды (биполяр транзисторындағыдай). Сондықтан өрістік транзистордың жұмыс істеу жиілігі де, жылдамдығы да жоғары болады.

г) Токтың негізгі заряд тасушыларынан тұруы, оның температуралық тұрақтылығын да арттырады. Өйткені  жылу әсерінен пайда болған меншікті заряд тасушылары негізгі заряд бөлшектерінің санын елеулі түрде өзгерте қоймайды. Тіпті температураның әсерінен пайда болған меншікті заряд тасушылары негізгі заряд бөлшектерінің санын елеулі түрде өзгерте қоймайды. Тіпті температураның азаюына әкеп соқтырады да, өрістік транзистордың жылулық тұрақтылығына жеткізеді. Осы жағдай өрістік транзисторлардың бір-бірімен арнайы ток теңгерушілерінсіз параллель қосуға мүмкіндік береді: тогы артқан транзистордың температурасының өсуі оның кедергісін де өсіріп, ток шамасын бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді.

д) Өрістік транзисторлардың өскелең қолданылатын салаларының бірі – интегралдық сұлбалар. Бұл тұста оның алатын аумағының биполяр транзисторымен салыстырғанда шамамен бес есе аз екенін және де осы ИС-ны тек қана өрістік транзисторлардың өзінен ғана тұрғызуға болатынын атап өткен жөн. Мұның өзі ИС-ны әр текті элементтерден (диод, транзистор, резистор, конденсатор) құрастырмай, бір текті етіп жасау, яғни технологиялық тиімділігін арттыру мүмкіндігін береді.

е) Өрістік транзисторлар негізінде бір-бірімен арнайы жұптастырушы сұлбасыз (алдыңғы каскадтың шығысын келесі каскадтың кірісімен сәйкестендірілуге арналған) жұмыс істейтін, тізбектеле қосылған сұлбалар тобын құруға болады.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар.

1.    Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік түзіңіз.

 2. Тәуелді септеуде тұрған сөздерді теріп  жазып, қай септікте екенін ажыратыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: мүмкіндігін (табыс с.) - возможность (вин. п).

 3. Мәтіннен терминді тіркестерді көшіріп жазып, қай септікте екенін ажыратыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

 4. Мына тіркестердің ажыратылған жұрнақтарына назар аударып, орыс тіліне аударыңыз:

Транзистордағы-дай.

Жұптастырушы сұлба-сыз.

Ток теңгерушілерін-сіз.

5. Мәтінді толық аударыңыз.

 

Интегралдық сұлба

 

Мәтін алды тапсырмалар.

1. Берілген сұрау есімдіктері мен шылауларды қатыстырып, сұраулы сөйлемдер құраңыз:

Қандай? қалай? қанша? ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.

2. Мына есімшелерді қатыстырып, сөйлемдер құраңыз:

Соңғы шыққан, көріп отырған, ұшып барып қайтқан, жоғарыда айтылған.

 

Электрондық құрылғылар небір күрделі қызметтер атқара бастаған сайын оның элементтерінің саны да арта бастайды. Мысалы, соңғы шыққан P5 (pentium) микропроцессорының «кеудесінде» 3.1 миллион элементі бар құрылғыны қалай орналастырып, қалай жасамақшымыз? Алатын орны, аумағы, салмағы қандай болмақ? Қаншама энергия шығындалады, бағасы қанша десеңізші!? Осы мәселені қалай шешуімізге болады екен?... Әрине, бірден ойға келетіні – әрбір элементтің  салмағын, бағасын, алатын аумағын азайту. Осыдан барып электрониканың жаңа бір саласы микроэлектроника туса керек. Дегенмен, микроэлектрониканың, оның бір тармағы интегралдық сұлбаның  алдында қойылған, бірінші кезекте шешіліп отырған негізгі мақсат басқада! Оны төменде келтірілген мысалдың көмегімен түсіндіріп көрейік.

Айға ұшып барып қайтқан «Ай-16» әуе кемесінің бортында миллионға жуық радиоэлементтер болады. Жекелеген элементтің жұмыс атқару сенімділігі 106 сағатқа жуық деп алсақ, (шамамен 100 жылдан артық) 106 элементтен жиналған «Ай-16» кемесінің жұмыс атқару сенімділігі қандай болар еді? Әрине, әр элементтің 10сағ. сенімділігі дегеніміз – миллион элементтің барлығы бірдей 106  сағ-тан кейін ғана істен шығады деген сөз емес. Ықтималдық сипаттама бойынша олардың біреуі ерте, біреуі кеш істен шығуы мүмкін. Сондықтан да электрондық жүйенің сенімділігін толығымен бағалау үшін, әр элементтің сенімділігін бар элементтер санына бөлуіміз керек. Сонда алатынымыз – 1 сағ. Бұл «Ай-16» кемесінің радиоэлектрондық жүйесінің жұмыс атқару сенімділігі 1 сағ-қа тең деген сөз, яғни жеке-дара транзисторлар мен диодтардан жинақталған электрондық қондырғы айға ұшып барып, қайтып келмек түгіл, жерден көтерілгеннен соң бір сағаттан кейін-ақ істен шығуы мүмкін. Ал енді Марс, Шолпан  жұлдыздарына сапар шегіп, Галлей кометасын айналып өтіп, оны суретке түсіріп жүрген «Венера»,  «Вега» кемелерінің қондырғылары қалай жұмыс істеп жүр? Олар одан да күрделі емес пе? Олардың бортында 107-108  элементтер болса ше? Олардың жұмыс атқару сенімділігі минуттар мен секундтарға түспей ме?

Айтылған ойды қорыта келгенде, үлкен электрондық жүйелерді жеке- дара электрондық аспаптардан жинақтайтын болсақ, онда олардың жұмыс атқару қабілетінің күрт төмендеуі, тіпті жойылу мүмкіндігі. Осы проблемаға «үлкен сандардың күйреуі» деген ат тағылған.

Ал жоғарыда айтылған әуе кемелерінің ғарыш кеңістігіне айлап-жылдап ұшып жүргені бәрімізге белгілі. Оның себебі микроэлектрониканың, интегралдық сұлбалардың  қасиеттеріне байланысты.

Қазір біз тек электрондық аспаптар туралы ғана ғана сөз қозғадық. Ал диодтың екі, әр транзистордың үш "аяғы" бар екенін еске алсақ, онда жоғарыдағы 1 млн. элементтен 2...3 млн жалғану шықпай ма? Ал осы жалғанулар сенімділігін электрондық аспаптың өз сенімділігінен әлдеқайда төмен болатынын ескерсек, онда бар жүйенің сенімділігі одан да төмендей түспей ме? Алатын аумағы, массасы тағы да басқа да көрсеткіштері қалай өзгермек?

 

Мәтін бойынша  тапсырмалар.

1. Мәтінді толық оқып шығып, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік  жазыңыз,  аударыңыз.

2. Мәтіннен термин сөздерді теріп,  олармен термин тіркестерін (10 мысал) құрастырыңыз (жүйенің сенімділігі, электрондық аспап).  

3. Мағынасына қарай мәтінді 3-4 бөлікке бөліңіз, олардың әрқайсысына мазмұнына сай ат қойыңыз.

4. Әр бөліктің мазмұнына сай бірнеше сұрақ қойып, оларға жауап беру арқылы мәтінді өз сөзіңізбен баяндауға тырысыңыз.

5. Мәтінді толық жазбаша аударыңыз.

Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.

 

Кәсіби жылжымалы радиобайланыс

 

Кәсіби жылжымалы радиобайланыс жүйелері – PMR (Private Mobile Radio) немесе танкингті жүйелер өте жоғары жиіліктер мен ультра жоғары жиіліктер ауқымдарының арнайы бөліктерінде әсер ету аймағына байланысты таратқыштардың пайдалы сәулелену қуаты 05-25Вт аралығында жұмыс істейді.

Жедел әрекетті компьютерлер – шағын әрі портативті құрылғы. Олар офистік үстелдегі компьютерде қолданылады және компьютерлік индустрияның тез өсетін сегментін білдіреді.

          Ноутбуктар, субноутбуктар, қолда (palmtops) және қалтада ұстайтын компьютерлер әрі органайзер, пейджер және ұялы телефонның қызметтерін қосатын дербес цифрлық секретари (personal digital assistats) – осының бәрі кеңінен таралған, жаңартылған компьютерлер болып табылады. Адам дербес компьютерлермен жүргенде де, тұрғанда да жұмыс істей береді. Пайдаланушы бір қолымен компьютерді ұстап жұмыс істеуге, екінші қолымен ұялы телефонды немесе блокнотты не папканы ұстауға болады. Дербес компьютерлер  жұмыста қарапайым,  берік, жеңіл әрі кішкентай болуы керек. Пайдаланушыларға жиі сымсыз  желілер арқылы  орта  ЭЕМ және  қашықталған  деректер базасына жылжымалы және иіліп қатынау өте қажет болады, жалпы пайдаланудың халықаралық, ұлттық жалғанатын телефон желілеріне  қосылатын жылжымалы радио  желілері  түрінде қажет.

          Дербес компьютерлерді ыңғайлы жасау үшін бірқатар  компьютерлер және аралас  технологиялар:

-      сөзді тану және қаламмен енгізу пернетақтаны ауыстыруға әрі жұмыс істеуге ыңғайлы компьютерлерді жасауға әкелді;

-      радиобайланыс пайдаланушыларға елдің, қаланың, ғимараттың,  бөлменің шектерінде немесе барлық әлем бойынша ақпаратпен алмасуға  мүмкіндік береді;

-      ақпараттың үлкен көлемдерін сақтау үшін кеңейтілген жинақты жадымен аз габаритті, заманауи микропроцессорлар және  заманауи радиобайланыс жүйелері мәліметтерді өңдеп  әрі тиімді тарата алады;

-      қуатпен  басқару үшін тиімді программаны  қамтамасыз етуге және қоректің элементтер өндірісінің жаңа технологиялары компьютердің ұзақ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

          Стандарттаудың негізгі мақсаты – жады карталары мен жүйелерді өндірушілерге жаңа өнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі қосымша стандарттарына, цифрлық фото және телекамералардың, электрон кітаптарының плеерларын, радиобайланыстың жабдықтарын қоса отырып,  компьютерсіз  және компьютерлік тұтынушылардың өнімдерінің типтері арасында РС-карталарымен бос алмасуға мүмкіндігін қамтамасыз ету. 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Бекітілген терминдер сөздігі. Қазақша-орысша, орысша-қазақша (15 мыңға жуық термин). – Алматы: Дайк-Пресс, 2009. – 328 б.

2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Радиотехника, электроника және байланыс, 6-том. – Алматы, 2000.

3.  Техникалық терминдер сөздігі. –Алматы, 2009.

4.  Ағатаева Б.Б.  Көпарналы тарату жүйелері: техникасы мен теориясы (орысша-қазақша терминологиялық оқулық-сөздік). – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2004. – 160 б.

5. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Жалпы техника және полиграфия, 11-том. – Алматы, 2000.

            6. Берікұлы Ә. Техникалық электроника. – Алматы: Білім, 1995.-196 б.

7. Чебурашкин Н.Д. Технический перевод в школе. – М.: Просвещение, 1983. -255 с.

8. Жақыпов Ж.А.  Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004. -192 б.

9. Агатаева Б.Б., Калиева С.А., Прилепкина Л.П.  Основы радиотехники, электроники и телекоммуникаций 2. Часть 2. Конспект лекций для студентов всех форм обучения специальности 5В0719 -  Радиотехника, электроника и телекоммуникации. – Алматы: АУЭС, 2010. – 66 с.

10. Ибраев А.Т., Дегембаева У.К. Основы радиотехники, электроники и телекоммуникаций 1.  Конспект лекций для студентов,  обучающихся по  специальности 5В0719 -  Радиотехника, электроника и телекоммуникации. – Алматы: АУЭС, 2011. – 58 с.

11.Чежимбаева Қ. С., Глухова Н.В. Глоссарий технических терминов:  Учебное пособие для студентов всех форм обучения специальности 5В0719 -  Радиотехника, электроника и телекоммуникации. – Алматы: АУЭС, 2013.

12. Тілембекова А.И., Төлеуп М.М. Қазақ тілі – 2: Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 82 б.

 

Мазмұны

 

1

Алғы сөз

3

2

Аударма туралы

3

3

Жартылай өткізгіштің электр тогын өткізу қабілеті

5

4

Ғылыми-техникалық әдебиетті аудару

7

5

Радиобайланыс жүйесінің түрлері және радиобөгеуілдерге қатысты терминдер

7

6

Радиобайланыс жүйелеріндегі модуляция түрлері

9

7

Техникалық терминдердің жасалу әдістері

Терминденудің семантикалық тәсілі

10

8

Терминденудің аффикстік тәсілі

11

9

Анықтаманың конструкциясы

11

10

Жалғау жүйелері

13

11

Техникалық аударма

14

12

Баламасыз лексиканы аудару тәсілдері

15

13

Диэлектрлік заттар, олардың жіктелуі

18

14

ISDN желісіне енімнің ұйымдастырылуы

19

15

Аудармадағы грамматикалық мәселелер

20

16

Аудармадағы трансформациялық үдерістер

22

17

Цифрлық тарату жүйелері   

23

18

Морзенің мамандығы – суретші

24

19

Цифрлық тарату жүйелері   

25

20

Плезиохронды цифрлық иерархия

25

21

Синхронды цифрлық иерархия

27

22

Өрістік транзисторларды қолдану ерекшеліктері

29

23

Интегралдық сұлба

30

24

Кәсіби жылжымалы радиобайланыс

32