АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ -2 пәні

050704 – Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 

 

Алматы 2008  

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Ғ. Ғ. Шәрібжанова ҚАЗАҚ ТІЛІ-2 пәні. 050704 – Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 

Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету  бағытындағы  студенттер мен сырттай   оқу бөлімінің студенттеріне арналған  бұл әдістемелік нұсқау  Қазақ тілі- 2 пәнінен студенттің өздік жұмыстарының бағдарламасына сәйкес жазылған. Нұсқауда мамандық бағытына сай мәтіндер сұрыпталып, тапсырмалар берілген. Студенттердің кәсіби бағытталған тілін дамытуға арналған ғылыми стильде жазылған мәтіндер, сонымен қатар орыс тілінен қазақ тіліне аударуға арналған мәтіндер берілген. Нұсқау студенттердің өз бетімен  жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырып, сауатты аударуға  машықтандыруға септігін тигізеді.

 

№1 бақылау жұмысын орындау тәртібі:

·        №1  СӨЖ бойынша берілген құрылғыларға техникалық сипаттама жазу (3 беттен кем болмауы керек);

·        сөз тіркестерінен сөздік құру (20 сөз тіркесі);   

 

№2 бақылау жұмысын орындау тәртібі:

·        №2 СӨЖ бойынша берілген тапсырмаларды  толық орындау;

 

№3 бақылау жұмысын орындау тәртібі:

·        №3 СӨЖ бойынша берілген тапсырмаларды толық орындау;

·        нұсқа сынақ кітапшасының соңғы  санына сәйкес  таңдап алынады.

 

 №1 СӨЖ     (ауызша) 

Топтағы студенттер 3-4-тен бөлініп, жоба бойынша жұмысты орындайды .  Әр топ студенттеріне жұмыс бөлініп  беріледі.

Жұмыстың орындалу мерзімі: семестр бойы.

Жұмыстың мақсаты:

Студенттер өз мамандығына сәйкес өзекті тақырыпты алып, сол бойынша жұмыс істеуге дағдыланады.

Жұмыстың кезеңдері:

а) берілген тақырып бойынша материалдар іздеп  табу;

ә) қажет дегендерін іріктеу, сұрыптау;

б) әрқайсысының міндеттерін белгілеу;

в) қорытынды қорғау.

Жұмыстың түрі:

·        реферат

·        баяндама

·        пікір сайыс (дискуссия)

·        конференция

·        дөңгелек үстел

·        презентация (тұсаукесер)

           

Көрнекі құралдар: 

·        сурет

·        сұлба

·        альбом

·        терминдер сөздігі 

 

Жобаланатын құрылғылардың атаулары:

 

1. Аппараттық жабдықтар

          2. Сканерлер

          3.  Колонкалар

4.  Принтерлер

5.  Компьютерлер

6.  Процессорлар

7. Дискілер

8.  Микропроцессорлар

         9. Пернелер

         10. Монитор

      

 

№2 СӨЖ     (жазбаша)

Жұмыстың мерзімі: 1 ай.

Жұмыстың мақсаты:

Жарнама жұмысын жоғары дәрежеге жеткізудің негізгі шарты – жарнама мәтіндерінің тілін көркемдеп жазу.

Тұтынушылардың сол тауарға қызығушылығын арттыру үшін қажетті сөздерді орынды жұмсауға және қысқа да нұсқа жаза білуге машықтандыру.

                              

Орындалатын жұмыс :

·        жарнамаланатын техникалық жабдықтардың тақырыптарын бөлу;

·        техникалық жабдықтың сипаттамасын беру (1 бет);

·        техникалық жабдықтың тарихынан мағлұмат беру (2-3 бет ) ;

·        сыртқы (көшедегі), баспасөзде  берілген бес жарнама мәтініндегі қателерді тауып, дұрыс  нұсқасын беру;

·        қорытынды ретінде нақты құрылғы түріне жарнама жазу;

Қойылатын талаптар:

·        жұмысты  А 4 форматында  14 шрифтпен басу;

·        жұмыстың мазмұнын, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету;

·        жұмыс мерзімінде өткізілуі керек;

 

 

Жарнамаланатын құрылғылардың тізімі:

 

1. Пернетақта (клавиатура)

2. Дербес компьютерлер

3. Ксерокс түрлері

4. Процессорлар

5. Принтерлер

6. Сканерлер

7. Мониторлар

8. Модемдер

9. Колонкалар

         10. Тышқан

        

 

№3  СӨЖ    (жазбаша)

 

Жұмыстың мерзімі: 1 ай.

 

Қойылатын талаптар:

·        жұмысты  А 4 форматында  14 шрифтпен басу;

·        берілген жұмыстың түпнұсқасы толық жазылуы керек;

·        жұмыстың мазмұнын, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету;

·        жұмыс мерзімінде өткізілуі керек.

 

Тапсырмалары:

1.     Мәтінді толық оқып шығып, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестеріне (20) сөздік жазыңыз.

2.     Мәтіннен септік жалғауында тұрған 10 сөзді өзі тіркескен сөздерімен  теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыз, аударыңыз. Үлгі: өндірістің технологиясын (технологию производства) – зат есім+ілік септігі – зат есім+тәуелдік жалғауы, III жақ+табыс септігі.

3.     Мәтіннің әр абзацына түрлендіріп бірнеше сұрақтан қойыңыз.

4.     Мағыналық бөліктерге бөліп, оларға тақырып (заголовок) қойыңыз.

5.     Дара, күрделі бірнеше етістікті теріп жазып (6-7-ден кем емес), олармен сөйлемдер құраңыз.

6.     Мәтінді жазбаша аударыңыз.

 

1-нұсқа

Ақпарат және есептеу машиналары

 

         Бұл күнде ЭЕМ ақпаратты өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70 жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрі – жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазірде мектептерде, институттарда, баспаханаларда т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми зерттеу жұмыстары мен білім беруде пайдалану, миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.

          Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстіне, сол технология көмегімен, ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары «адамсыз» жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты «болашақтың» фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады.

          Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ-дер мектептерге де келе бастады, олар физика, математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып үйренуде үлкен көмек береді.

         ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін қалайды.

          Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып оқу, жазу, есептеу, сурет салу және ақпарат іздеу жолдарын меңгеруді айтады.

         ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді (есептерді) айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі.

 

2-нұсқа

 Компьютерлік құрылғылар 

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашан да мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған аяқ-қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар – абак, есепшот, арифмометр арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы, «Манхеттен жобасын» (АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.

 XX ғасырдың ортасында ақпаратты өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.

     Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар деп атала бастады.

             1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен, транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге дейін  төмендеді.

 70 жылдар соңында интегралдық сұлбалардан немесе чиптерден жасалған мини ЭЕМ-дер шыға бастады. Осындай микропроцессорлардың шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды.

     Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ-дер күннен-күнге артып келе жатқан ақпарат ағынымен жұмыс істеуде өте ыңғайлы құрал болып шықты.

          Бастапқы кезеңде ЭЕМ-дерде тек арнайы үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.

         70 жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады.

          Дегенмен микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға 1981 жылы ІВМ фирмасы жасаған, кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.

         Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталып қалды.

3-нұсқа

Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар

 

          Жалпы түрде компьютерлік желі жұмыс станциялар желілері, серверлер желілері және мәліметтерді тасымалдаудың базалық желісі секілді бір-бірінің құрамында болатын жүйелердің жиыны болып табылады.

         Компьютерлік желілердің сәулетін анықтайтын негізгі талаптар: ашықтық, ұзақ жасағыштық, бейімделушілік, мәліметтердің қауіпсіздігі. Осы талаптар көпдеңгейлі сұлба ретінде іске асырылатын желідегі үрдістерді басқарудың модулдік ұйымдастыруымен орындалады. Деңгейлер саны мен олардың арасындағы функциялардың бөлінуі желінің тиімділігіне және желіге кіретін компьютерлердің бағдарламалық қамтамасыздандыруының күрделілігіне әсер етеді. Деңгейлер санын таңдау процедурасы жоқ.

         Эталонды үлгі ретінде жеті деңгейлі сұлба қолданылады: 1-деңгей – физикалық, 2-деңгей – каналдық, 3-деңгей – желілік, 4-деңгей – транспорттық, 5-деңгей – сеанстық, 6-деңгей – көрсету, 7-деңгей – қолданбалы. 1-3 деңгейлер мәліметтерді тасымалдаудың базалық желісін желі абоненттері арасында мәліметтерді сенімді тасымалдауын қамтамасыздандыратын жүйе ретінде ұйымдастырады. 5-деңгейде үрдістердің сұраныстары бойынша хабарларды қабылдау және жіберу порттары құрылады және логикалық каналдар ұйымдастырылады.

         Желідегі байланысты іске асыру хаттамалармен реттеледі.  Компьютерлік желіні ұйымдастырудың базалық принциптері оның негізгі сипаттамаларын анықтайды: операциялық мүмкіншіліктері, өнімділік, хабарларды жеткізу уақыты, ұсынылатын қызметтердің бағасы.

         Жергілікті есептеу желілері негізінде жасалынған ақпараттық жүйелер мәліметтерді сақтауды, мәліметтерді өңдеуді, мәліметтерге пайдаланушылардың қол жеткізуін ұйымдастыруды, мәліметтерді және оларды өңдеудің нәтижелерін тасымалдауды қамтамасыздандырады.

          Компьютерлік желілер мәліметтердің таратылған өңдеуін қамтиды. Мұнда мәліметтерді өңдеу екі объект: клиент және сервер арасында таратылады. Мәліметтерді өңдеу үрдісі кезінде күрделі процедураларды орындау үшін клиент серверге сұраныс жасайды (жібереді). Сервер сұранысты орындап, нәтижелерін клиентке береді. Сервер жалпы қолданылатын мәліметтерді сақтауды, оларға қол жеткізуді және клиентке тасымалдауды қамтамасыздандырады. Есептеу желісінің осындай үлгісі клиент-сервер сәулеті деп аталады.

          Есептеу желінің басқа үлгісі операциялық жүйені іске қосатын және желі бойынша тасымалданатын мәліметтер ағынын басқаратын файл-сервер болып табылады. Жеке жұмыс станциялар мен кез келген бірге қолданылатын перифериялық құрылғылар (принтерлер, сканерлер, модемдер т.б.) файл-серверге қосылады. Әрбір жұмыс станциясы өзінің дискілік операциялық жүйесі басқаруымен жұмыс жасайды, бірақ дербес компьютерден өзгешелігі желілік интерфейс палатасы бар және кабельдер арқылы файл-сервермен қосылған. Жұмыс станциясы файл-сервердегі файлдар мен бағдарламаларды қолдануға мүмкіндік беретін желі қабықшасын жұмысқа қосады. Жұмыс станцияны желі құрамына қосу үшін желілік операциялық жүйенің қабықшасы компьютердің операциялық жүйесінің басында іске қосылады.

 

4-нұсқа

Желілік және телекоммуникациялық технологиялар

 

         Функцияларының бөлінуіне қарай жергілікті есептеу желілері бір рангілі және екі рангілі деп бөлінеді. Бір рангілі желіде компьютерлер клиентте сервер ретінде болады. Бір рангілі ресурстардың бөлінуі 5-10 пайдаланушылары бар және оларды кішкене жұмыс тобына біріктіретін офистарға қолайлы. Екі рангілі желі сервері негізінде ұйымдастырылады, желі пайдаланушылары серверде тіркеледі. Қазіргі кезеңдегі компьютерлік желілерде көбінесе аралас желі қолданылады. Бұл желі жұмыс станциялар мен серверлерді біріктіреді, жұмыс станциялардың бірсыпырасы бір рангілі желіні, ал басқалары екі рангілі желіні құрайды.

         Желі түйіндерін қосудың геометриялық сұлбасы желі топологиясы деп аталады. Желілік топологиялардың көп нұсқалары бар, олардың ішіндегі шина, кольцо, звезда атты топологиялары базалық болып саналады. Жергілікті желі осы топологиялардың біреуін қолдануы мүмкін.Топологияны таңдау бірігетін компьютерлер санына, олардың өзара орналасуына тағы да басқа шарттарға байланысты.

          Шиналық топология мәселелерінің пайда болу жағдайлары-шинаның кез келген жерінде үзілуі, компьютердің біреуінің желілік адаптері бұзылып, шинаға сигналдар бөгетпен берілуі, желіге жаңа компьютерді қосу қажеттілігі. Шеңберлік топологияның кемшіліктері-барлық желінің жұмысын тоқтататын шеңбердің кез келген жерінде пайда болған ажырау, хабарды беру уақыты әр түйіннің тізбектеліп жұмысқа қосылу уақытынан тәуелділігі, әр түйіннен өткен есебінен ақпарат байқаусыздан бұзылуы.

          Әртүрлі желілерде желілік каналдарға қатынас құру әдістерін бейнелейтін әртүрлі процедуралар бар (мәліметтерді тасымалдау протоколдары). Көп тараған белгілі қол жеткізу әдістері: Ethernet, Arcnet және Token-Ring.

         Xerox фирмасымен 1975 жылы өңделген Ethernet қатынас құру әдісі мәліметтерді тасымалдаудың жоғары жылдамдылығын қамтиды және бір уақытта хабарларды бірнеше станциялармен беруге рұқсат етеді. Бұл қатынас құру әдісі үшін «жалпы шина» топологиясы қолданылады.

         DatapointCorp фирмасымен өңделген Arcnet қатынас құру әдісі Arknet жабдықтары Ethernet немесе Token-Ring жабдықтарына қарағанда арзан болғандықтан, көп таралған. Arcnet «звезда» топологиясы бар жергілікті желілерде қолданылады.

         Token-Ring қатынас құру әдісі IBM фирмасымен өңделген және желінің шеңберлік топологиясына негізделген.

         Жергілікті есептеу желілерін құру мәселелерімен қатар компьютерлік желілерді кеңейту (бірлестіру) мәселелері де бар. Ақпараттық жүйе дамуының белгілі қадамында құрылған есептеу желісі уақыт өте келе пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырмауы мүмкін.

 

5-нұсқа

Ақпаратты қорғаудың негіздері

 

          Қазіргі кезде ақпарат арнайы «тауар» болып табылады, сонымен бірге оның құны өзі орналасқан компьютерлік жүйенің құнынан бірнеше есе жоғары. Сондықтан ақпаратты рұқсатсыз қатынас құрудан, арнайы өзгертулерден, ұрлаудан, құртудан қорғау қажет болады. Кез келген ақпараттық жүйе өзінің қауіпсіздік саясатын өткізеді.

         Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі өзі өңдейтін ақпараттың жасырындылығын, бүтіндігін және жүйенің компоненттері мен ресурстарына қатынас құруы мен бүтіндігін қамтамасыз ететіндей шара қолданады.

         Ақпаратқа қол жеткізу дегеніміз – ақпаратпен танысу және оны өңдеу.

Ақпараттық жүйе қауіпсіздігінің қауіп-қатері деп жүйенің қауіпсіздігіне тікелей немесе жанама зиян келтіруге мүмкін болатын әсерлерді айтады. Жүйенің кейбір осал жерін іздеуге негізделген қауіпсіздіктің қауіп-қатерін іске асыру ақпараттық жүйеге шабуыл деп аталады. Қорғаныс құралдар кешендері бар жүйелер қауіпсіздіктің қауіп-қатерлеріне тиімді қарсы тұрады және қауіпсіз болады. Ақпараттық жүйені көптеген қауіп-қатерлерден сақтауға негізделген қорғаныс құралдарының жұмысын белгілі бір тәртіпке бағындыратын ережелер, нормалар және практикалық түсініктемелер қауіпсіздік саясаты болады.

         Ақпараттық қауіпсіздік көзқарас бойынша ақпарат бүтіндік, аутендік, аппеляциялық және құпиялылық секілді қасиеттерге ие. Қауіпсіздік жағынан ақпараттық жүйелердің келесі қасиеттері болуы керек: сенімділік, дәлдік, қатынас құруды бақылау, бақылаушылық, теңдестіруді бақылау және әдейі бұзуға тұрақтылық.

         Әсер ету мақсаты бойынша ақпараттық жүйенің қауіпсіздігіне жасалатын қауіп-қатерлердің үш түрі бар: ақпараттың құпиялылығын бұзу, бүтіндігін бұзу, жүйенің жұмыс қабілетін бұзу қауіп-қатері (қызмет жасауға келіспеу).

         Әдетте кейбір жабық ақпаратқа рұқсатсыз қатынас құру болған кезде құпиялылықты бұзу қауіп-қатері де пайда болады. Ақпараттың бүтіндігі әдейі немесе қоршаған ортаның нысандық әсерлерінен бұзылуы мүмкін. Жүйенің жұмыс қабілеттілігін төмендететін немесе жүйе ресурстарына қол жеткізуді жабатын анық арнайы әрекеттер қызмет жасауға келіспеушілікті тудырады.

          Рұқсатсыз қатынас құру көп тараған компьютерлік бұзулар болып табылады. Рұқсатсыз қатынас құрудың түрлі әдістерінің ішінде жасырын атты ұстап алуды, артықшылықтарын заңсыз қолдануды атап кеткен жөн.

         Жасырын аттарды ұстап алу арнайы дайындалған бағдарламалармен орындалады. Мысалы, заңды пайдаланушының жүйеге кіру әрекеті кезінде ұстап алу бағдарламасы дисплей экранында пайдаланушының аты мен жасырын атты енгізудің емеурінін жасайды. Олар бағдарлама иесіне қайта жіберіледі. Содан кейін экранға қате жіберілгені туралы хабар шығарылады да, басқару операциялық жүйеге оралады. Пайдаланушы қателестім деп есептеп, енгізуді қайталайды. Ұстап алу бағдарламасына енді жасырын атты қолдана беруіне болады.

 

6-нұсқа

 Бағдарламалаудың негіздері. Қазіргі бағдарламалық құралдар

 

         Адамзат алгоритмдер және бағдарламалар әлемінде өмір сүреді. Мысалы, физиологиялық үрдістер – бұл адам денесінің жүріс-тұрысының бағдарламаларының күрделі құрамдасқан, мұқият қойылған «библиотекасы». Алгоритмдеу мен бағдарламалау негіздері фундаментальды болып табылады және оларды математиканың негізгі заңдарына жақындататын жалпы сипаттамасы бар.

     Компьютерде есепті шығару үрдісі бірнеше қадамнан тұрады:

     а) есептің сөзбен берілуі (концептуалды үлгі);

     ә) есептің математикалық қойылуы (математикалық үлгі);

     б) есепті шешу алгоритмін дайындау (алгоритмдік үлгі);

     в) алгоритмді бағдарламалау тілінде іске асыру (бағдарламалық үлгісі);

     г) бағдарламаны тестілеу және жөндеу.

         Бірінші қадамда есеп мазмұны тұжырымдалады, екінші қадамда енгізілетін және шығарылатын мәліметтер мен олар арасындағы аналитикалық байланыс анықталады. Ең көп уақыт бағдарламаны тестілеу мен жөндеуге кетеді. Бұл қадамда есепті шығарудың алдыңғы барлық қадамдарында кеткен қателер жойылады. Есеп шығарудың алгоритмін дайындау мен іске асыруға толығырақ тоқтала кетейік.

         «Алгоритм» деген сөз арифметикалық әрекеттерді орындаудың ережелерін тұжырымдаған IX ғасырдың математигі Аль Хорезми атынан шыққан. Бастапқы кезде алгоритмді деп тек қана сандарға қолданатын төрт арифметикалық әрекеттерді орындаудың ережелері деп түсінген. Соңынан бұл түсініктеме кез келген берілген есепті шешуге мүмкіндік беретін әрекеттер тізімі ретінде орындалатын болды.

          Есептеу үрдісінің алгоритмі туралы айтқанда алгоритм қолданылатын нысандардың мәліметтер екендігін түсіну қажет. Есептің шешу алгоритмі бастапқы мәліметтерді нәтижелік мәліметке түрлендіретін ережелер жиынтығы болады. Алгоритмнің негізгі құрамдары: анықталғандық, нәтижелік, жиымдық, дискреттік.

         Алгоритмді жазудың бірнеше әдістері бар: сөзбен, сөзбен және формулалармен, сызбалық, операторлық сұлба тілімен және алгоритмдік тілмен.

         Өзінің көрнекілігіне байланысты ең көп тараған алгоритмді жазу түрі блок-сұлбаның көмегімен жасалатын графикалық түр болып саналады. Символдар тізімі, олардың атаулары, олармен көрсетілетін функциялар, түрлері мен өлшемдері мемлекеттік стандарттармен анықталады. Алгоритмді блок-сұлба ретінде көрсетудің екі кемшілігі бар: талдап тексерудің өте төмен деңгейін талап етеді, сондықтан күрделі алгоритмдердің мағынасы жасырын болып қалады және басқаруды берудің құрамды емес әдістерін қолдануға мүмкіндік береді, сонымен бірге алгоритмдік блок-сұлбада олар эквивалентті құрамды алгоритмдерге қарағанда қарапайым болып көрінеді.

    

7-нұсқа

 Excel программасы туралы жалпы мағлұматтар

 

         «Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:

     1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып, әртүрлі есептеулер жүргізу.

     2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

     3. Тиімді ету мәселелерін шешу.

     4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

     5. Мәліметтерді статистикалық талдау.

         Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.

          Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең көп тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жай программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

         Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

         Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.

         Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.

         Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан пиктограмманы тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек.

         Енді осы стандартты Excel терезесінің элементтерін қарастырайық.

Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан:

Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.

Екінші жол Excel менюі.

Үшінші және төртінші жолдар – стандартты және форматтау аспаптар тақтасы.

         Бесінші жол – енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

         Терезенің ең төменгі жолы – қалып-күй (қалып) жолы.

 

8-нұсқа

Диаграмма көлемін өзгерту

 

         Көбінесе енгізілген диаграмманың қажетті көлемін дәл анықтау қиын, оны тек диаграммаға берілген мәліметтерді көргенде ғана айтуға болады. Сондықтан енгізілген диаграмманың мөлшерін, пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай түзетуге тура келеді.

         Диаграмма көлемін өзгерту үшін оны ерекшелеу керек, яғни диаграмма бойынша тышқанды бір рет шерту керек. Диаграмма жақтауларының бұрыштарында және оның сызықтарының ортасында белгілеу маркерлері пайда болады.

         Тышқан курсорын пайдаланып, диаграмманың оң жақ шетін І бағанасына дейін жылжытайық, ол үшін тышқан курсорын оң жақтаудың ортасындағы маркерге жеткізіп, оны І бағанасына дейін созамыз.

          Диаграмма жақтауының ортасындағы маркерді жылжыту оның ұзындығы мен енін өзгертуге мүмкіндік береді. Ал оның бұрышындағы маркерді жылжыту диаграмманың ұзындығы мен енін бірдей өзгертеді.

Диаграмма типін өзгерту. Диаграмма шеңбері арқылы диаграмма типі таңдап алынғаннан кейін Excel оның ішіндегісін де өзгертуге мүмкіндік береді.

         Диаграмманы түзету үшін оны тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады. Мұнан кейін диаграмма аспаптар тақтасы көмегімен диаграмма типін өзгертуге болады – экранға диаграмма аспаптар тақтасын шығарамыз, ол үшін Түр – Аспаптар тақтасы – Диаграмма (Вид – Панель инструментов – Диаграмма) командасы орындалады, сонда экранға бөлек батырмалар тақтасы шығады. Шыққан тақтадан Диаграмма типі деген батырманы шертіп, диаграмма түрлерін шығарамыз.

         Бұрынғы мәліметтерге жаңа диаграмма тұрғызу үшін диаграмма типін қайта таңдаймыз.

         Көлемдік гистограмма батырмасын басамыз, біздің бұрынғы жазықтықтағы гистограммамыз көлемдік болып өзгереді.

         Айта кететін бір жайт ерекшеленген мәліметтерді бейнелеу үшін кез келген диаграмманы таңдап алуға болмайды. Мысалы, біздің мәліметіміз бойынша Х – У- нүктелік диаграмма тұрғызуға болмайды.

         Диаграмма тұрғызу кезінде олардың әртүрлі типтерін қарап отырып, ішінен ең көрнекті деген біреуін таңдап алу керек.

         Егер де диаграмманы түзету кезінде бұзып алсаңыз, оны жойып, қайта тұрғызу қажет. Диаграмманы жою үшін курсор диаграммада тұрғанда тышқанды бір рет шертіп, Del пернесін басу жеткілікті. Артынан дайындалған диаграмманы жаңа атпен файлға жазып сақтап қою қажет.

Диаграммаларды түзету. Диаграмманы түзетіп толықтыру үшін оны екі рет шерту арқылы таңдау керек. Таңдауды тышқанмен немесе курсорды басқару тақталары көмегімен жүзеге асырамыз. Ерекшеленген элемент кішкене қара квадраттармен қоршалып тұрады. Сонан соң тышқанның оң батырмасы арқылы әрбір ерекшеленген элементтің жеке өзінің контексті-тәуелді менюі шығады. Сол меню көмегімен диаграмманы түзетіп толықтырамыз.

 

9-нұсқа

Excel электрондық кестесін сандық модульдеуге пайдалану

 

         Электрондық кесте тек қана есептеулерді автоматтандыру функцияларын орындамайды. Ол әртүрлі жағдайларды немесе объектілерді сандық модульдеуде өте қолайлы құрал болып саналады. Объектілердің математикалық моделін жасау үшін, яғни оларды математикалық түрде сипаттау мақсатында бірсыпыра параметрлерді пайдаланады. Бұл параметрлердің кейбірі белгілі, ал кейбірі формулалар арқылы есептеледі. Параметрлердің алғашқы мәндерін бір-бірімен сәйкестендіре отырып өзгертсек, есептеу параметрлерін қалай өзгеретінін бақылап отырып, алынатын нәтижелерді талдауға ие болады.

         Электрондық кестелер осындай есептеулерді өте тез қатесіз жүргізіп, санаулы минуттарда көптеген нұсқаларды қарастырып, солардың ішінен ең тиімдісін таңдап алуға мүмкіндік береді.

          Мынандай есепті шығарып көрсетейік: «А» деген қаланың халқы үшінші мыңжылдық басында қанша болды?

          Әрине, бұл есепті шығару үшін «А» қаласының халқы жыл сайын қалай өзгеріп отыратынын, яғни оның өзгеру заңдылығын білу керек. Бұл заңдылықты уақытқа байланысты өзгеруге тиіс f`(t) функциясымен белгілейік. Бірақ бұл функция әзір белгісіз, өйткені халықтың өсуі көптеген факторларға байланысты болады. Негізінде, жалпы демографиялық мәліметтерге сүйеніп, ол функцияның жалпы түрін былайша өрнектеуге болады: f (t)=a*a...

         Электрондық кестені пайдалану программа жасауды керек етпейді. Тек электрондық кестеге белгілі бір түрде алғашқы мәндерді және модельге кіретін керек қатынасты жазып, сонан кейін зерттелетін жағдайдың сандық модульдеу процесін бастауға болады...

Мәліметтерді сұрыптау және сүзгіден өткізу. Excel электрондық кестесі дерекқор режімінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрине, оның мүмкіндіктері арнайы жасалған мәліметтер базасынан гөрі әлсіздеу, дегенмен мұнда да көптеген жұмыстар істеуге болады.

         Біз дерекқордан әртүрлі белгілері бойынша керекті информацияны іздеуді және оларды сұрыптауды қалай жүзеге асыруға болатынын қарастырамыз...

Мәліметтер базасының негізгі ұғымдары. Кестенің A2:F12 аймағын дерекқор ретінде қарастыруға болады. Бұл кестенің А, И, С, D, Е, Ғ бағаналары өрістер, ал 3-12 жолдары жазбалар деп аталады.

         Дерекқордың құрылымына мынадай талаптар қойылады:

     –дерекқордың бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары орналасуы тиіс;

     –дерекқордың қалған қатарлары бос болмай, онда жазбалар орналасуы тиіс;

     – өріс бойымен орналасқан мәліметтер біртектес болуы тиіс, яғни олар тек сандардан немесе тек мәтіндерден тұруы тиіс. Кез келген мәліметтер базасымен атқарылатын негізгі жұмыс оның құрамынан белгілі бір критерийлерге байланысты қажетті ақпаратты іздеп табу. Жазбалар саны көбейген сайын ақпаратты іздеу қиындайды, дегенмен Excel программасы мәліметтерді сүзгіден өткізу арқылы бұл процесті оңайлатады.

 

10-нұсқа

Векторлық өңдеу

 

          Көп көлемді есептеуді талап ететін мәселелерді шешуге арналған жоғары өнімділікті есептеу жүйелерін құру кезінде векторлық өңдеу ұстанымы маңызды міндет атқарады. Сондықтан қазіргі есептеу жүйелерінің көбі векторлық жүйенің бір түрі болып саналады.

         Көп есептеу қорын қажет ететін мәселелерді шешкен кезде, есеп шығару уақытының көп үлесі деректер ағынын өңдеудің белгілі бір түріне кетеді (осы ағынның көп элементтерімен біркелкі операциялар орындалып жатады). М.Флин жіктемесі бойынша бұл тектес алгоритмдер ЖККД-ге (командалардың жеке ағыны және деректердің көптік ағыны, SISD) сәйкес келеді. Осындай алгоритмдерді жоғары өнімділікті скалярлық процессорларда жүзеге асыру кезінде оның есептеу жылдамдығына мынадай жайттар әсер етеді:

     – әрбір скалярлық операцияны орындау алдында скалярлық команданы шақыру және оны кері шарттаңбалау (кодалау) керек;

     – осы командаға керекті деректер элементінің мекенін анықтау керек;

     – анықталған мекен бойынша деректерді жадыдан оқу керек. Операция орындалып біткеннен кейін нәтижені жадыға жазу керек;

     – функциялық құрылғыларда операциялардың орындалуын реттеу қажет;

     – басқару тізгінін ауыстырып беру командалары алдын ала болжауды бұзып жіберуі мүмкін.

          Аталған факторлардың әсерін кеміту үшін бір немесе бірнеше вектордың элементтерімен белгілі бір операция жасауға болатын векторлық командаларды қолдану және осындай командаларды тиімді орындауға мүмкіндік беретін есептеу жүйесін ұйымдастыру керек. Осындай келіс матрицалық және векторлы-конвейерлік есептеу жүйелерінде жүзеге асырылған.

         Векторлық команданың кезеңдері команданы шақыру, кері кодалау, параметрлерді дайындау, қақтығыс бар ма деп тексеру және команданы жіберу, конвейерді баптау, конвейерлік режімде  орындау.

         Команданы орындауды тездетудің ең тура жолы – жүйенің элементтік базасының шапшаңдылығын арттыру. Бірақ бұл жол көп жағдайда жеткіліксіз болып шығады. Өткізу қабілеттілігін одан әрі өсіру көпдеңгейлік конвейерлендіруді қолдану және команданы орындау үрдісінің барлық сатысында қатарластыра өңдеуді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Векторлық өңдеудің жағымды жақтарының бірі – оның конвейерлік режімде тиімді жүзеге асырылуы.

         Векторлық машиналар өнімділік жағынан қандай ұтыс беретінін екі векторды қосу операциясын орындау мысалы көрсете алады.

 

11-нұсқа

Конвейерлік есептеу жүйелері

 

         Конвейерлік есептеу жүйесі бір өңдеу сатысы алатын уақытқа тең аралықпен вектор элементтерін жүйеге жіберу арқылы векторлық командаларды орындайтын бір немесе бірнеше процессордан тұрады. Конвейерлік есептеу жүйесі өз деңгейінде белгілі бір функцияны түрлендіретін қарапайым процессорлар тізбегінен тұрады.

         Жады бөліктері (ЖБ) аралық және ақырғы нәтижелерді сақтауға арналған. Бірінші өңдеу бөлігі А және В операндтар жұбын, ал келесі өңдеу қадамында жады бөлігіндегі деректерді қабылдап алып өңдейді. Ақпарат бір қарапайым процессордан екіншісіне өз деңгейінде деректер өңдеу біткеннен кейін тасымалданады. Сонымен деректер жұмыс істеп тұрған процессорлар тізбегінен өтеді.

         Өңдеу магистралін ұйымдастыру түріне байланысты конвейерлік есептеу жүйелерін 4 топқа бөлуге болады: арифметика-магистралдық, командалық-магистралдық, макромагистралдық және матрицалы-магистралдық өңдеу.

         Арифметика-магистралдық конвейерді қолданған кезде әрбір команда бірнеше кезеңдерге бөлінеді және әрбір кезеңі жеке қарапайым процессорларда жүзеге асырылады. Мәселен, команда 4 кезеңнен тұрады және 4 құрылғыда орындалады дейік. Онда бірінен соң бірі орындалатын төрт көрші команда арифметикалық магистралды былайша толтырады. Белгілі бір уақытта төртінші құрылғыда бірінші команданың төртінші кезеңі, үшінші құрылғыда екінші команданың үшінші кезеңі, екінші құрылғыда үшінші команданың екінші кезеңі, ал бірінші құрылғыда төртінші команданың бірінші кезеңі орындалатын болады. Барлық құрылғылар өздеріне тиісті өңдеу кезеңдерін орындаған соң, бірінші команда толық орындалады да, ол команда магистралдан шығарылады. Одан кейін төртінші құрылғыда екінші команданың төртінші кезеңі, үшінші құрылғыда үшінші команданың үшінші кезеңі, екінші құрылғыда төртінші команданың екінші кезеңі орындалады, ал бірінші құрылғыда келесі бесінші команданың бірінші кезеңі орындалатын болады.

         Арифметика-магистралдық өңдеу, мысалы, STAR-100, ASC және осы сияқты жүйелерде қолданылған. STAR-100 жүйесінде төрт кезеңдік қосу магистралы және алты кезеңдік көбейту магистралы қолданылады, ал ASC жүйесінде магистраль жалпы мақсатты сегіз кезеңнен тұрады.

         Командалық-магистралдық өңдеу командалар ағынының әрбір командасы өзіне тиісті (бір мезгілде жұмыс істей алатын) функционалдық элементте орындалады. Бұл кезде орындалатын командалар бір-біріне тәуелсіз болуы керек.

         Макромагистралдық өңдеу кезінде деректер жиынтығы өзара ақпарат немесе басқару сигналдары арқылы байласқан екі немесе одан да көп есепті кезектеп шешу арқылы өңделеді. Мәселен, осындай өңдеуді белгілі бір есеп шығаратын екі процессорда жүзеге асыруға болады. Аралық жадыдан деректер бірінші есеп шығаратын процессорға келіп түседі, осында өңделеді, одан кейін нәтиже келесі аралық жадыға жазылады, одан екінші есеп шығаратын процессорға келіп түседі де, осында өңделеді. Бұл кезде бірінші процессорға келесі өңделетін деректер түсіп жатады. Сөйтіп, осы үрдіс жалғаса береді, екі процессор қатарласа жұмыс істей береді.

 

12-нұсқа

 Sequent компаниясының есептеу жүйелері

 

         Sequent компаниясы өздерінің есептеу жүйелерінде қолданылатын                     cc-NUMA архитектурасын NUMA-Q деп атайды. NUMA-Q архитектуралы жүйелердің негізгі сыңары квод болып табылады. Сонда, NUMA-Q деген квод бар cc-NUMA архитектурасы (сәулеті) дегенді білдіреді.

         Төрттік құрамына 4 орталық процессор, жедел жады және РСІ құрсымы (шина) кіреді.

         Sequent NUMA-Q жүйесінде орталық процессор ретінде Pentium Pro пайдаланылады. Жедел жады көлемі 512 Мбайттан 4 Гбайтқа дейін. 32 Мбайттық LQ-Link бүркемі (кэш) қашықтағы бүркем деп саналады. Кводтар арасында бүркем-когеренттік байласу (соединение) орнатылған және LQ-Link деп аталған. LQ-Link – толығымен ақпараттық байласу (соединение). LQ-Link бүркемі SMP – жүйесіндегі біріктіргіш тақша (плата) сияқты бүркем-когеренттілікті қолдайды.

         Бір біріктіргіш тақшасы бар SMP-жүйесі мен көптеген кводы бар NUMA-Q түйінінің айырмашылығы: NUMA-Q жүйесіндегі байласу бір біріктіргіш тақшаға қойылатын шектеулерді алып тастауға және NUMA-Q архитектуралы SMP жүйесінен тұратын өте үлкен түйіндер (узел) құруға мүмкіндік береді.

         Масштабтанулықтың күрт арту себебі: процессорлар бәріне ортақ тақшаға орнатылмайды, керісінше, олар топтарға (кводтарға) біріктіріледі және осы топтар мен жады арасына мыстан жасалған қосқыштар (жалғастырғыштар) қойылады.

         SMP-жүйесіндегі сияқты бұл жүйеде де операциялық жүйенің тек бір көшірмесі ғана жұмыс істейді. Операциялық жүйе кез келген есептеу үрдісін жадыға орналастырады және бір уақытта бір немесе бірнеше процессорды жұмысқа қоса алады.

         Төрттікте орналасқан жады сегменті жергілікті деп, ал басқа кводтағы жадылар кводтың қашықтағы жадысы деп аталады. Егер ізделген дерек жадыда жоқ болып шықса, онда осы деректер қашықтағы бүркем деп аталатын LQ-Link бүркемінен (кэш) ізделеді. Егер қажетті деректер бұл жерде де болмаса, онда оны табу үшін LQ-Link құрсымына (шина) сұрату жіберіледі. Деректер табылған соң, ол сұратуды ұйымдастырған кводтың алдымен LQ-Link бүркеміне жазылады, содан программалық тәсілмен керек деректердің көшірмесі жедел жадыға жазылады.

         NUMA-Q архитектуралы жүйеде 63 кводқа дейін болуы мүмкін (яғни процессорлар саны 12). Әрбір кводтағы процессор-жады және енгізу-шығару құрсымдарының (шина) өткізу қабілеттігі 500 Мбайт/с болғандықтан, жүйенің (енгізу-шығарудың) ең үлкен өткізу қабілеттігі 32 Гбайт/с дейін жетеді. Салыстыру үшін қазіргі уақыттағы жеке біріктіргіш тақшалардың (плата) жылдамдығы 240 Мбайт/с пен 1,6 Гбайт/с арасында.

 

13-нұсқа

Internet желісі

 

Internet желісі– түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әртүрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, деректерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптоталшық, жер серігінің арналары және радиомодемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері: электрондық пошта (E-mail), тораптық жаңалықтар немесе телемәслихат (телеконференция) (Usenet), тарату тізімдері (Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (паутина) (WWW – World Wide Web), файлдар тасымалдау (FTR – File Transfer Protokol), қашықтан қатынас құру (Telnet) және т.б.

         Сызба-құрылымы (құрылымдық белгісі) бойынша желілер «құрсым», «сақина», «жұлдыз», «бұтақ», «тор», тәрізді және ұялық (гибридті) деген бірнеше түрге бөлінеді.

         Желінің сызба-құрылымы (топология, topology) деп тораптың геометриялық нысанын немесе есептеу машиналарының бір-біріне қарағандағы орналасуын айтады. Желінің сызба-құрылымы желілік тасымалдау ортасының және қосылған құрылғылардың физикалық орналасуын сипаттайды.

         «Тор» сызба-құрылымы (Mesh), «Тор» тәрізді сызба-құрылым деп желідегі барлық түйіндері арасында өзара тікелей байланысы бар сызба-құрылымды айтады. Екі түйін арасында көптеген жол құруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде, тораптың жұмыс істеу орнықтылығын арттырады және деректер тасымалдаудағы кідірісті қысқартады.

         Егер әрбір бекет қалған жұмыс бекеттеріне жиі-жиі хабар жібермейтін болса, онда тораптың өткізу жолағы толық пайдаланылмайды. Бұндай сызба-құрылым сирек қолданылады.

         «Құрсым» (шина) сызба-құрылымы. Барлық жұмыс бекеттері бірыңғай кәбілге қосылатын есептеу торабының сызба-құрылымы. Бұндай торапта кез келген бекеттен шыққан деректер қалғандарының барлығына бір уақытта жетеді. Келген хабардың ішіндегі мекендік ақпаратты пайдалана отырып, әрбір жұмыс бекеті өзіне тиісті деректерді таңдап алады. «Құрсым» (немесе «құр») тәрізді құрылымы бар торап – ең қарапайым және ең көп тараған торап. Оны кейде «магистралдық» деп те атайды.

     «Құрсым» тәрізді құрылымның жағымды жақтары:

     – жергілікті есептеу тораптарында көп таралған;

     – кез келген жаңа жұмыс бекетін қосу және алып тастау жеңіл;

     – кеңтаралымды әлпі жеңіл жүзеге асырылады;

     – тасымалдау ортасын тиімді пайдалануға болады.

     «Құрсым» тәрізді құрылымның кемшіліктері:

     – торапқа қосылу жеңіл болғандықтан, ақпаратты қорғау қиындайды;

     – осындай сызба-құрылымды тораптардағы компьютерлер саны шектеулі;

     – компьютер саны көбейген сайын тораптың тасымалдау өнімділігі төмендейді.

 

14-нұсқа

Тасуышты бақылай отырып көптік қатынас құру әдісі

 

          Қатынас құруды жақсартудың тағы бір жолы – түйіндер (узел) қақтығыс болғанын кадрды түгел жіберіп болғаннан кейін емес, керісінше, ертерек анықтауы керек. Сонда уақыт үнемделеді және арнаның өткізу қабілеттілігі артады.

         Осындай әдістердің бірі – тасуышты (носитель) бақылау және қақтығысты іздеп-таба отырып көптік қатынас құру әдісі. Бұл әдіс кезінде бірнеше жұмыс бекеті (көптік қатынас құру) тасымалдау ортасына қатынас құру үшін олар осы ортада тасымалдау үзілісі болғанша оны бақылайды (тасуышты бақылау). Тасымалдау ортаның босаған-босамағаны оның сигналының негізгі гармоникасын тыңдау арқылы анықталады. Ол тасуыш жиілік деп аталады. Мәселен, манчестерлік кодалау тәсілінде оның мәні 5-10 МГц. Тасымалдау ортаның босаған белгісі – ондағы тасуыш (носитель) жиіліктің жоқтығы.

         Одан кейін деректер тасымалдана бастайды және онымен қатарласа тасымалдау әрекеттері тексеріледі (қақтығысты табу), әрбір жұмыс бекеті (өзінше) торап бос деп санап, хабар тасымалдауға кірісуі мүмкін. Егер қақтығыс бола қалса, онда белгілі бір уақыт өткен соң жұмыс бекеті хабар тасымалдауға қайтадан әрекет жасайды. Бұл қатынас құру әдісі ең көп тараған әдістер қатарына жатады және Ethernet, Gigabit Ethernet, Fast Ethernet, Apple Talk сияқты желілерде қолданылады.

         Жоғарыда айтылғандай, қақтығыс болған жағдайда станциялар кездейсоқ уақыт күтеді және содан кейін хабар тасымалдауға қайтадан әрекет жасайды. Кездейсоқ үзілістің өлшем бірлігі ретінде кәбілдің бір шетінен екінші шетіне сигнал таралудың екі еселенген уақыты алынады. Бұл уақыт, әдетте, 512 биттік аралыққа тең болады. 10 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін Ethernet технологиясында бір биттік аралық 0,1 мкс немесе 100нс деп алынғандықтан, кездейсоқ үзіліс бірлігі tk=51,2 мкс болады. Кез келген станцияның кездейсоқ үзілісі ^Ti= мына алгоритм бойынша анықталады: ^Ti=L*tk. Бұл жерде L – мәні [0,2N-1] аралығында жататын бүтін сан, ал N – бір дестені жіберуге жасалған әрекеттер нөмірі (N=1, 2, …, 10).

         Бірінші қақтығыстан кейін осы алгоритмге сәйкес әрбір станция бірнеше уақыт өткеннен кейін қатынас құруды қайталай алады. Егер тағы қақтығыс болса (екі станцияда бір кездейсоқ санды таңдап алған жағдайда), онда әрбір станция кездейсоқ санды енді 0, 1, 2, 3 сандарының ішінен таңдап алатын болады. Келесі кезекте 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандарының ішінен таңдалады. Он әрекет жасалғанға дейін таңдау аралығы осылайша өсе береді. Оннан кейін (N>10 болғанда) 0, 1, 2, ..., 1023 аралығы өзгермейді. Сонымен, кездейсоқ үзіліс мөлшері 0-52,4 мс (1023*51,2=52377 мкс) аралығында болады.

          Егер 16 рет қайталанған әрекеттен кейін кадр дұрыс жіберілмесе, онда бейімдеуіш кадр жіберу қимылын тоқтатады және осы жайында компьютерге хабарлайды. Осыдан кейінгі шешімді жоғарғы деңгейдің хаттамалары қабылдайды.

 

15-нұсқа

 Символдар санауышын қолдану

          Бұл тәсілде жіберілген әрбір кадрдың басында символдар саны көрсетіледі. Қабылдауыш жақта келген символдар саналады. Сөйтіп бір кадр екіншісінен ажыратылады. Кемшілігі: кадрды тасымалдау кезінде символдар санауышының (счетчик) мәні бұзылуы мүмкін.

         Арнайы бастауыш және аяқтауыш символдарды қыстырмалау (вставка). Әдетте, кадрдың басын көрсету үшін DLE ETK символдары қолданылады: DLE – Data Link Escape (000010000), STX – Start Text (01000000) және ETX – End Text (11000000). Егер тасымалданатын кадрдағы деректердің ішінде осы символдарға ұқсас биттер тізбегі кездесетін болса, онда оларды кадр аяқтауышымен шатастырып алуға болады. Сондықтан, мұндай жағдайда, жіберетін жақта DLE тізбегі қосарланады, ал қабылдауыш жақта қатарласатын екі DlЕ символының бірі алынып тасталады.

         Бастауыш және аяқтауыш биттерді қыстырмалау (вставка). Әрбір кадр арнайы жалауша-байттан (01111110) басталып, осы байтпен аяқталады. Егер жіберілетін деректердің арасында қатарынан бес «1» кездессе, онда олардан кейін бір «0» қосылады. Бұл бит «қыстырма бит (bit stuffing)» деп аталады. Қабылдауыш жақ қатарынан бес «1» қабылдағаннан кейін міндетті түрде келесі «0» символын алып тастайды. Сондықтан тасымалданатын деректердің ортасында жалауша-байт кездескен жағдайда ол 011111010 түрге өзгертіледі. Сөйтіп деректердің арасындағы 01111110 тізбегі аяқтауыш жалауша-байт ретінде қабылданбайды.

         Физикалық деңгейде ақпарды кодалау тәртібін өзгерту. Бұл тәсіл физикалық деңгейде биттерді арнайы кодалау кезінде пайдаланылады. Мәселен, манчестерлік коданы қолданған кезде бір ақпарды (битті) тасымалдау периоды екі аралыққа бөлінеді. «1» тасымалданған кезде бірінші аралықта деңгейі жоғары сигнал, ал екінші аралықта деңгейі төмен сигнал жіберіледі. «0» тасымалданған кезде – бәрі керісінше болады. Яғни деректер тасымалдау үшін жоғары-төмен немесе төмен-жоғары тіркесі қолданылады. Сондықтан кадрларды ажырату үшін жоғары-жоғары және төмен-төмен тіркестерін пайдалануға болады. Осы тәсіл, мәселен, IEEE 802 стандартында қолданылады.

         Есептеу машинасын торапқа қосу үшін оған тораптың белгілі бір физикалық түрімен жұмыс істеуге арналған тораптық карта жалғау керек. Осындай тораптық карта (бейімдеуіш) компьютерде арналық деңгейдің міндеттерін жүзеге асырады.

         Физикалық деңгей. (Physical layer). Ашық жүйелер әрекеттестігі үлгісінің бірінші деңгейі. Биттер тізбегін байланыс арнасы арқылы тасымалдауға жауап береді. Осы міндетті атқару үшін керек аппараттық құралдардан тұрады. Хабар құрайтын символдар электрлік сигналдарға түрлендіріледі және олардың есептеу машиналар арасында тасымалданылуы қамтамасыз етіледі. Бұл деңгейде есептеу машиналарының аттары, хабардың мазмұны және оның тасымалданатын бағдарғысы жайында ештеңе белгісіз. Басқа деңгейлерде осы жұмыстар істелініп қойылғандықтан, физикалық деңгейде тек электрлік сигналдарды кәбілге жіберу жұмыстары ғана жүргізіледі.

 

 

16-нұсқа

 FDDI желісі

 

         FDDI (Filer Distributed Data Inferface) – маркерлік қатынас құру әдісін және талшық-оптикалық кәбілді пайдаланатын торап. FDDI стандарты үлестірілген деректердің талшық-оптикалық интерфейсі деп аталады. Бұл стандарт жиі қолданылады. Бұл желі әдетте бірнеше жергілікті есептеу тораптарын бір желіге біріктіру үшін қолданылады. Мәселен, күрделі автоматтандырылған жобалау жүйесінде (АЖЖ) Ethernet немесе Token Ring сияқты бірнеше жергілікті есептеу тораптары болса, онда оларды бір-бірімен FDDI торабы арқылы қосуға болады.

         Бастау (Preamble) уақыт үйлесімдіру (синхронизация) үшін қажет. Десте бақылау (ДБ) өрісінің разрядтары былайша пайдаланылады: С – дестенің түрін көрсетеді (егер С=0 болса, ассинхронды тасымалдау болғаны); L – қабылдағыш және таратқыш мекенінің ұзындығын көрсетеді; ҒҒ – дестенің түрін көрсетеді (01 – LLC – деңгейшеден (подуровен) келген десте, ал 00 – пайдаланушының дестесі). Деректер ұзындығы 4500 Кбайттан аспауы керек.

         Бұл торапта (деректер ағыны қарама-қарсы бағытта жүретін) талшық-оптикалық қос сақина қолданылады. Оның біреуі деректер тасымалдау үшін, ал екіншісі – қосар (резер) ретінде пайдаланылады. Әрбір талшық-оптикалық арна 100 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді. Сонда тораптың жалпы жылдамдығы 200 Мбит/с болады. Желіде төрт сегмент және әр сегментте 500-ге дейін түйін (бір талшық-оптикалық сақинада 1000 дейін түйін) болуы мүмкін. Түйіндердің арасы 2 километрден артық болмауы керек. Желінің ең үлкен ұзындығы 100 км.

         FDDI торабында деректер тасымалдау ортасына қатынас құру әдісі ретінде маркер жіберу әдісі қолданылған. Маркер сақина бойынша, соңғы жіберілген дестенің артынан айналып жүреді. Тасымалдауға дайын ақпараты бар кез келген түйін маркерді иемденеді, оны жояды, жібермекші болған дестесін немесе дестелерін сақинаға енгізеді және деректер ағынынан кейін жаңа маркер қалыптастырады. Жоғарыда айтылғандай, маркерлік сақина әдісі қолданылатын ІЕЕЕ 802.5 стандартында маркерді тек бір-ақ түйін пайдалана алады. Сондықтан маркерлік қатынас құру әдісі қолданылатын екі стандарттың негізгі айырмашылықтарының біреуі осы мәселе болып табылады.

         FDDI торабында 4В/5В кодасы қолданылған. Бұл кодада бес биттік тізбек құру үшін төрт биттік тізбек  пайдаланылады. Сөйтіп, тасымалданатын әрбір 4 бит үшін 5 ақпар қалыптастырылады.

         CDDI торабы FDDI желісіне ұқсас, бірақ деректер тасымалдау ортасы ретінде есулі қоссым (витая пара) қолданылады.

 

 17-нұсқа

ARPAnet және Internet желілері

 

         ARPAnet (Abvanced Research Projekt Agency network – Болашағы бар зерттеулер агенттігі желісі) 1969 жылы жасалған.

          Internet желісінің құрамына SPAN (NASA ғарыштық физика торабы), НЕР (жоғары физика энергия желісі), BITNET (IBM фирмасының орта сыныпты машиналаржелісі), EARN (ғылыми-зерттеу мекемелердің еуропалық торабы) сияқты желілердің кіруіне байланысты оның мөлшері біраз өсіп, қазіргі уақытта кең аумақты желі болып саналады.

         Internet желісінің көрсететін қызметтерін екі топқа бөлуге болады: тұтынушылардың (пайдаланушылардың) арасында байланыс ұйымдастыру және кеңалқапты желінің дерекқорларын (база данных) пайдалану (автоматтандырылған түрде ақпарат іздеу). Кеңінен таралған қолданбалар қатарына электрондық пошта, желілік жаңалықтар, қашықтан қатынас құру (дистанционный доступ), файлдар тасымалдау және т.б. жатады.

         Электрондық пошта. (Electronic mail, e-mail) – хабар жіберу және қабылдау үшін есептеу желісін қолдану. Кейбір электрондық пошта жүйелері жай телефон желісі арқылы, ал басқалары операциялық жүйенің басқаруымен жергілікті есептеу жүйелерінде жұмыс істейді. SMTP, POP3, IMAP4 сияқты хаттамалар электрондық поштамен жұмыс істеуді жүзеге асырады.

          E-mail электрондық поштасына кәдімгі жай (қағаз) поштаның жағымды жақтары мен кемшіліктері тән. Электрондық хат бастамадан және осы хаттың мазмұнынан (мәтінінен) тұрады. Бастама құрамына хаттың иегері, хатты алушы, торап арқылы тасымалдану жолы және тағы осы сияқты мәліметтерден тұратын қызмет бапты (служебный) ақпарат кіреді.

         Электрондық поштаның жағымды жақтары деп оның қарапайымдылығын, арзандығын, мәтіннен басқа ақпарат жіберуге болатындығын, қол қою және шарт белгілеу (кодирование) мүмкіндіктерінің бар екендігін айтуға болады. Ал кемшіліктері: хат белгілі бір уақытта жеткізіледі деп кепілдік беру қиын, тасымалдану кезінде бөтен адамдардың хатын оқу сияқты әрекеттердің болу мүмкіндігі және т.б.

         Қашықтан қатынас құру. Желі арқылы қашықтан қатынас құруға арналған программа мен хаттама Telnet деп аталады. Telnet – байланыс жасаудың қарапайым құралы. Қашықта орналасқан машинамен Telnet арқылы байланысып және өзіңнің атың (login) мен құпия сөзді (password) енгізген соң, алыстағы машинамен және онда орналасқан программалармен жұмыс істей беруге болады, ал Telnet болса осы екі машина арасындағы байланысты ұйымдастырумен шұғылданады. Сонда қашықтағы (басқа қалада, елде орналасқан) машинаның пайдаланушысы екінші машинаға қосылған кезде соңғы машинаның қасында тұрып жұмыс істегендей әсер алады.

 

 18-нұсқа

Желілік жаңалықтар. Файлдар тасымалдау 

Желілік жаңалықтар кейде телемәслихат (телеконференция)  деп те аталады. Егер электрондық поштада хабар «біреуден-біреуге» ұстанымы бойынша таралатын болса, желілік жаңалықтар «біреуден – барлығына» ұстанымына сәйкес таратылады. Желінің әрбір түйіні өзінің байланысы бар түйіндерге қабылдап алған жаңалықтарын таратады. Сөйтіп бір жіберілген хабар бір түйіннен екіншілеріне таралып, аз уақыт ішінде телемәслихатқа қатысушылардың бәріне жетеді. Желілік жаңалықтар пайдаланатын хаттама NNTP (Network News Transport Protokol) деп аталады.

         Жаңалықтар оның тақырыбына байланысты топтарға бөлінген және әрбір топтың аты нүкте арқылы ажыратылған тақырыпшалар атынан тұрады. Мәселен, comp.sys.syn.admin аты бар жаңалықтар тобын қарастырайық. Бұл топ компьютермен байланысты мәселемен шұғылданатын сомр деңгейіне жатады. Осы деңгейде компьютерлік жүйелерді қарастыратын sys деңгейшесі бар. Әрі қарай, sun – Sun Microsystems фирмасының компьютерлік жүйелері екендігін, ал admin – осындай компьютерлік жүйелерге әкімшілік жасау мәселесімен шұғылданатын топты білдіреді. Сонымен, comp.sys.sun.admin тобы Sun Mikrosystems фирмасының компьютерлік жүйелеріне әкімшілік етумен байланысты мәселелерді қарастыруға арналған болып шығады.

         Файлдар тасымалдау (FTR)/ Қысқартылған сөздер File Transfer Protokol – файлдар тасымалдау хаттамасы деп аударылғанмен, оны Internet торабының көрсететін қызметтерінің бірі деп қараған кезде, файлдық архивтегі файлдарға қатынас құруға мүмкіндік беретін қызмет ретінде түсіну керек. Негізгі міндеті ТСР/ІР хаттамалы желілерде бір компьютердегі файлдарды екіншісіне көшірмелеу болып табылады. Компьютерлердің біреуінде сервер-программа жұмыс істейді, ал басқа біреуінде пайдаланушы клиент программасын жұмысқа қосады. Соңғы программа пайдаланушының компьютерін сервермен байланыстырады және ҒТР хаттамасын қолдана отырып файл жібереді (немесе қабылдайды).

         Сөйтіп, бұл қызметті пайдалана отырып басқа жерде орналасқан машинаға файл жіберуге немесе басқа машиналардан өздеріне керек файлдарды көшіріп алуға болады. Әрине, осындай қызмет атқару үшін пайдаланушының тиісті рұқсаты болуы қажет. Файлдар тасымалдау үшін ҒТР хаттамасымен қатар SFTP және TFTP хаттамалары да қолданылады.

         Тарату тізімі. Электрондық поштаның көптеген адамның ортақ мекені болып табылатын бір мекені көрсетіледі. Жіберілген хат осындай түйінге келіп түскеннен кейін, осы хат түйінде сақталатын тарату тізіміне кірген алушылардың бәріне таратылады.

         Ауқымды ақпараттық сервер (WALS – Wide Area Information Server). WALS жүйесі – өте үлкен дерекқор (дерекхана). Оның дерекқоры бірнеше бөлшектерге бөлінген және осы бөлшектер Internet желісінің әртүрлі түйіндерінде орналасқан. Бұл жүйеде ақпаратқа қатынас құру үшін түйінді сөздер бойынша іздеу әдісі қолданылған.

 

19-нұсқа

Дүниежүзілік өрмек (паутина) WWW (World Wide Web)

 

         Internet желісінің қазіргі уақыттағы көрсететін ең көп таралған және қызықты қызметі. Әр жерде орналасқан дерекқордағы керекті ақпараттарды гипермәтіндік логика арқылы іздеп табатын гипермедиялық ақпараттық жүйе. Мұнда басқа файлдармен байланысты нұсқап тұратын өзекті гиперсілтемелік сөздер болады. Бұл жүйе гипермәтін және гипермедиа ұғымдары негізінде құрылған. Гипермәтін – бөліктері бір-бірімен және басқа мәтіндермен сілтеме арқылы байланысқан мәтін. «Гипермәтін» мүмкіндігі Web деректерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді. Гипермедиа ұғымын түсіну үшін гипермәтіннің анықтамасындағы «мәтін» сөзін «ақпараттың кез келген түрі» деп ауыстыру керек. Барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды пайдалану кезінде оларды оқып көру үшін Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator сияқты программалық қамтамалар қолданылады. Олар керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді.

         WWW жүйесі «қажеткер-сервер» (дәлірек айтса, «қажеткер-серверлер») ұстанымы бойынша жұмыс істейді, қажеткердің (клиенттің) сұранымы бойынша оған гипермедиалық құжат тауып (қайтарып) беретін серверлер жиынтығы бар; гипермедиалық құжаттың әрқайсысында басқа құжатқа немесе оның бөлігіне сілтеме болады.

         WWW жүйесінде қажеткер (client) мен сервердің (server) өзара әрекеттері НТТР (Hyper Text Transfer Protokol) гипермәтінді тасымалдау хаттамасы деп аталатын хаттамаға сәйкес жүргізіледі.

         Gopher жүйесі. Бұрын қарастырылған хаттамалардың ішінде Telnet хаттамасы программаларға, ҒТР – файлдарға, ал WALS – дерекқорларға қатынас құруға мүмкіндік береді. Яғни олар қордың тек белгілі бір түрімен жұмыс істейді. Ақпараттың табиғаты бір болғандықтан, оны бір-біріне ұқсамайтын қатынас құру әдістері бар әртүрлі қорларға бөлу жөнді емес сияқты. Сондықтан әртекті ақпаратпен жұмыс істеуге арналған әмбебап құрал ретінде Gopher жүйесі пайда болды.

         Internet желісінің көрсететін қызметтерінің жоғарыда келтірілген түрлерінен басқа Rsh (Remote Shell), Rexec (Remote Execution), Whois, Finger, Hyper-G, MOO, IRC (Internet Relay Chat), MUD (Multi User Dungeon) және осы сияқты көптеген қызметтері бар.

         Internet желісіне қосылған компьютерлердің көпшілігі ТСР/ІР хаттамасы негізінде байланысады. Егер есептеу машинасында ТСР/ІР хаттамалар жиыны орнатылған болса, осы машинаның жеке ІР мекені болса, осы машина желідегі басқа машиналарға ТСР/ІР дестелерін жібере алатын болса, онда бұл машина Internet желісіне қосылған деп саналады.

 

20-нұсқа

 Электрондық поштамен жұмыс істеуге арналған танымал программалар. Eudora

 

         Eudora – Интернетпен бірге жұмыс істейтін кең тараған программалардың бірі. Ол желіге қосылу арқылы немесе РРР и SLIP протоколдары көмегімен қашықтан қатынасу жолымен поштаны автономды оқу программасы тәрізді Unix жүйесіндегі интерактивті қатынасу режимінде жұмыс істей береді.

         Eudora программасының Eudora Lite атты тегін берілетін көшірмесін мына Web – адрестен алуға болады: http: // www . eudora com. Бұл программалардың көптеген командалары Message менюі арқылы орындалады. Мысалы, мәлімет жөнелту үшін Message – New Message командасын орындау керек (немесе Windows үшін Ctrl+N, ал Macintosh үшін Command+N пернелерін басса болғаны). Сонан соң кімге жіберілетінін көрсететін адрес енгізіледі де, Tab пернесі – енгізу нүктесі сұр сызық аймағына сәйкес келгенше бірнеше рет басылады. Осыларды орындаған соң, хабарлар терезесінің оң жақ жоғарғы бұрышындағы Send батырмасын (оның орнына Queue батырмасы болуы да мүмкін) басу керек. Бұдан соң хабарлама жөнелтілетін хаттар тізіміне қосылып, кейінірек программаның жұмыс сеансы біткенде немесе байланыс орнатылғанда жөнелтіледі.

         Eudora программасына келген поштаны тексеру үшін, File –Check Mail командасын немесе Ctrl+M (Macintoch үшін Command+M) пернелерін басу қажет. Сонда Eudora POP (POP – Post Office Protokol, яғни пошта протоколы) серверіне қосылып, осы адреске келген барлық поштаны алып алады.

         Оқылмаған хабарламалар Inbox терезесінің сол жақ бөлігінде үлкен нүктемен (маркермен) белгіленіп тұрады. Оны оқу үшін маркерде тышқанды екі рет  шерту керек немесе Enter пернесін басу қажет.

         Хабарды оқыған соң, терезені жабуға немесе Message – Repli (Ctrl+R) командаларын орындау арқылы оған жауап жіберуге болады. Егер жауап жазу барысында істі доғарғыңыз келсе, мәліметті сақтамай-ақ терезені жауып тастау қажет.

         Егер осы хат көшірмесін алған барлық тұтынушыларға тегіс жауап жібергіңіз келсе, Ctrl+R емес Ctrl+Shift+R пернелерін басыңыз немесе Shift пернесін басып тұрып Message – Repli командасын орындаңыз.

         Хабарламаны өшіріп тастау үшін оны белгілеп алып, Delete пернесін басыңыз немесе хабарлар терезесінің жоғарғы жағындағы Trash батырмасын шертіңіз, мұның нәтижесінде хабарлар Trash пошта жәшігіне түседі, бірақ ол оны толық тазартпайынша өшірілмейді.

         Егер өшірілген хабарламаны қайта қалпына келтіру керек болса, Mailbox – Trash командасын орындап, экранға шыққан мәліметтер ішінен оны белгілеп алып, Transfer жолын таңдасаңыз, ол бұрынғы Inbox терезесіне қайтып оралады.

     Қажетті жұмыс тізбегі орындалып біткен соң, Eudora программасынан шығу үшін File – Exit (Macintosh үшін – File – Quit) командасын орындау қажет.

 

Келесі тапсырмалардың мақсаты – техникалық мәтіндердің түпнұсқасы, негізінен, орыс тілінде берілуіне байланысты студенттерді орыс тілінен қазақ тіліне аударуға машықтандыру.

 

Информатика 2003.- М.: Солон-Пресс, 2003. – 464с.: Издание 3-е.

 

1.                 Представление команд в ЭВМ                 21- нұсқа        45-46б.

2.                 Структурная схема ЭВМ                          22- нұсқа       53-54б.

3.                 Структурная схема ЭВМ                          23-нұсқа        55-б.

4.                 Принцип действия цифровых устройств24- нұсқа        58-б. 

5.                 История развития процессоров               25- нұсқа        63-64б.

6.                 Принцип действия процессора                26- нұсқа        66-67б.

7.                 Память. Оперативная память                   27- нұсқа        73-74б.

8.                 Устройства вывода информации             28- нұсқа        87-88б.

9.                 Электронно-лучевые мониторы               29- нұсқа        91-93б.

10.     Жидкокристаллические мониторы           30-нұсқа         94-95б.

 

 

ОРЫСША-ҚАЗАҚША СӨЗДІК

 

 Аварийная обстановка - Апаттық жағдай

Авария производственная- Өндірістік апат

Бедствие экологическое -Экологиялық апат

Администратор базы данных- Дерекқор әкімшісі

Актуальный (-ная тема) - Өзекті (тақырып)

Анализатор - Талдағыш

Аннотация - Аңдатпа

Апостроф - Дәйекше
Арбитраж - Төрелік

База данных (БД) - Дерекқор  (ДҚ)

База статистических данных - Статистикалық дерекқор

База знаний – Білім базасы

Блокировка - Тосқауыл қою, бұғаттау

Большая интегральная схема - Үлкен интегралдық сұлба (ҮИС)

Курсив буква                                         Көлбеу әріп

Рельефная, руническая буква        Бедер, сына әріп

Скрытая, утопленная буква           Жасырынба, ойық әріп

Буфер - Арашық, буфер

Буферная память - Арашық жады

Вариант - Нұсқа

Верификация- Иландыру

Верифицируемость - Иланушылық , иландырылатындық

Виртуальная память - Ауани жады
Витая пара - Есулі қоссым

Виток         Орам

Обмотка     Орама

Всемирная паутина - Әлемдік шырмауық, бүкіл дүниежүзілік өрмек

Выделенная линия (канал) - Бөлектелген Еншіленген желі (арна)

Выключатель - Ажыратқыш
Выпрямитель - Түзеткіш

Гибкий диск - Иілгіш диск

Глобальная сеть - Ауқымды  желі

Головка - Бастиек

Графопостроитель - Графикасалғышескінсалғыш)

Дезинформация (ионный) - Жалған, әбес, өтірік ақпарат

Делегирование полномочий - Өкілеттікті табыстау

Деяние - Әрекет

Документация - Құжаттама

Доступ - Қол жеткізу, қатынас құру

Доступ к информации - Ақпаратқа қол жеткізу

Доступ к среде передачи данных - Деректер тасымалдау ортасына қатынас құру

Доступность - Қолжетімділік, қолжетерлік

Дочерний процесс - Туынды процесс, үрдіс

Дрейф (электронов) - Ығу  (электрондардың ығуы)

Емкость запоминающего устрой­ства - Жаттайтын құрылғының сыйымды­лығы

Жгут - Бумақ

Жесткий диск - Қатқыл диск

Жила провода - Сым талшығы (талшық)
Заведомо (ложный) - Көрінетін (жалған)

Заголовок кадра - Кадр бастамасы

Загрузка - Жүктеме, жүктемелеу

Загрузочный модуль - Жүктемелеуіш жеке бөлшек

Загрузчик - Жүктемелеуіш

Закладка (программная, аппарат­ная) - Қыстырма (бағдарламалық,  аппарат­тық)

Избыточный - Артылған, басы артық

Приоритет -  Артықшылық                                                                             

Преимущество - Басымдылық, артықшылық

Инвертор - Керілеуіш
Индикатор - Айғақтауыш

Интеллект – Ақыл, ой

Интеллектуальный - Зиялы (интеллектуалдық)
Интерпретация - Түсіндірме

Информирование - Хабардар ету

Искажение  информации - Ақпаратты бұрмалау

Источник бесперебойного питания - Үзбей қоректендіру көзі

Каталог - Тізімдеме, каталог
Квалификационные требования - Біліктілік талаптары

Клавиатура - Пернетақта

Клавиша - Перне

Кнопка - Батырма

Кодирование - Кодалау

Кодировщик - Кодалаушы

Коллизия, столкновение, конфликт - Қақтығыс

Коммуникационная сеть - Қатынас желісі (қатынастық желі)

Коммутация каналов (пакетов) - Арналарды (дестелерді) коммутациялау

Коммутация сообщений - Хабарды коммутациялау

Компакт-диск - Жинақы-диск

Компановка - Сыйыстыру

Компаратор - Салыстырғыш

Комплекс - Кешен

Комплекс средств защиты - Қорғаныш құралдар кешені

Компоненты интегральной микро­схемы - Интегралдық шағын  сұлбаның сы-   ң­арлары (құрамды бөліктері)

Конструирование -  Құрастыру

Конструктор - Құрылым

Конструкция - Құрылыс

Конструкторско-технологическая до­кументация - Құрылымдық-технологиялық құжаттама

Контакт - Түйіспе
Контекст - Мәтін

Конфигурация – Пішін үйлесімі (кескін үйлесім)

Концентратор - Шоғырлауыш

Концовка - Аяқтама

Корневой каталог - Түбірлік тізімдеме (каталог)

Корреспонденция - Хабар

Кэш - Бүркем

Кэш-память - Бүркем-жады

Кэширование диска - Дискіні қоймалау

Локализация и ликвидация - Оқшаулау және жою

Магнитная головка - Магниттік бастиек

Маска - Қалқа

Масштабируемость - Масштабталу

Машинно-ориентированный язык - Машина-бағдарлы тіл

Мера - Шара, өлшем

Метка - Ен, тамға

Механизм - Тетік

Мини - Кіші

Микро - Шағын

Макро - Көп, үлкен

Компакный - Жинақы

Портативный - Ықшам

Миниатюрный - Кішігірім

МикроЭВМ - Шағын ЭЕМ

Мобилизация - Жұмылдыру

Модель - Үлгі, модель

Моделирование - Моделдеу, үлгілеу

Модернизация - Жаңғырту, жаңалау

Модификация - Жаңашалау

Модуль Жеке бөлшек, модуль

Монтажная схема - Құрастыру сұлбасы

Мультипроцессорная обработка - Көп процессорлық өңдеу

Накапливающий сумматор - Жинақтайтын қосындылау

Hакопитель - Жинақтаушы

Hакопитель на магнитной ленте - Магниттік таспа жинақтаушы

Нарушитель - Бұзушы, бұзып өтуші

Настройка - Баптау

Неисправность - Ақаулық, ақау

Нейтральный - Бейтарап

Нейтрализация - Бейтараптау

Неприкосновенность - Қол сұғылмаушылық

Несанкционированный Рұқсатсыз

Носитель - Тасығыш, тасуыш

Обращение к памяти - Жадымен қатынасу

Общедоступные услуги - Жалпы қолжетімді қызметтер

Общий ресурс - Ортақ қор

Объект, форма - Нысан

Объектный модуль - Объектілік жеке бөлшек

Оперативное ЗУ (ОЗУ) - Жедел жаттайтын құрылғы (ЖЖҚ)

Оптимальный - Оңтайлы

Оптимизировать, оптимизация - Оңтайландыру

Ориентир, ориентация - Бағдар

Отзыв - Жазба пікір

Отказоустойчивость Тоқтап қалмаушылық

Отладка - Жөндеу

Отладчик - Жөндеуші

Пакет - Десте (тех)

Пароль Құпия сөз

Перемычка, шунт - Тұйықтағыш

Периферийные (внешние) устрой­ства - Шеткері (сыртқы) құрыл­ғылар

Пиктограмма - Пиктограмма, таңбаша

Пиратство программное - Бағдарламалық қарақшылық

Подбор паролей – Құпия сөздерді таңдап-сұрыптау

Подлинность - Шынайылық

Подкаталог - Іштізімдеме, ішкаталог

Подпрограммаағдарламаіші

Полусумматор - Жартылай қосындылауыш

Портативные компьютеры - Ықшам компьютерлер

Прикладное программирование - Қолданбалық (қолданбалы) бағдар­ламалау

Проволока - Талсым

Программа-отладчик - Жөндеуші-бағдарлама

Программа-редактор - Түзеткіш-бағдарлама

Программное обеспечение - Бағдарламалық қамтамасыз ету

Разводка кабеля - Кәбілді тармақтау

Рапорт - Баянат

Распечатка - Басылма

Региональные сети - Өңірлік желілер

Регистратор - Тіркеуші

Регулятор - Реттегіш

Реестр конфигурации – Пішін үйлесім тізілімі

Риск (социальный риск) - Қатер, тәуекел (әлеуметтік тәуекел)

Сведение - Мәлімет

Данные - Деректер

Синхронизация Уақыт үйлесімдіру

Селективный канал - Іріктемелі арна

Сервер резервирования - Қосарлау (қосалқылау) сервері

Простые, курсивные, фигурные,

прямые скобки  - Жай, көлбеу, өрнек, тік жақша

Система счисления - Санау жүйесі

Смещение - Ығыстыру аралығы

Сноска - Нұсқама

Соединение - Қосылыс, байласу

Соединитель - Қосқыш

Сопроцессор - Тайталас санашық

Система управления базами дан­ных (СУБД) - Дерекқор басқару жүйесі    (ДҚБЖ)

Страничная память - Беттелген жады

Строка одиночная – жалғыз жол

Сумматор - Қосындылауыш

Типовая Бір үлгі

Типизация Бір үлгілеу

Топология - Сызба-құрылым, топология

Трасса прохождения кабеля - Кәбіл өтетін арнажол

Трассировка - Ізсалу

Удаленный терминал - Шалғай терминал

Удаленный доступ - Қашықтан қатынас құру

Узел сети - Желі түйіні

Узел функциональный - Функцоналдық бөлшек

Укладка кабеля - Кәбіл тарту

Унитарный - Біртұтас

Унификация - Біріздендіру

Утечка - Сыртқа кету (шығу)

Учет - Есепке алу

Учетная документация - Есептік құжаттама

Форма, объект - Нысан

Формат - Пішім

Форматирование диска - Дискіні пішімдеу, бөліп-белгілеу

Формирование пакета - Дестені қалыптастыру

Фрагментация - Үзінділеу

Целевой - Нысаналы

Шина, "Шина" - Құрсым, "Құрсым"

Шлюз Рет қақпа

Шрифт - Әріп

Шунтирование - Тұйықтау

Штеккер - Істікше

Штепсель – Аща

Эксперт - Сарапшы

 

Әдебиеттер тізімі: 

 1. Балапанов Е.Қ. Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ: Жаңа    

 информациялық технологиялар.-Алматы:1999-436б.:ил.

2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ: Жаңа информациялық технологиялар.-Алматы: ЖТИ. 2003-400б.:ил.

 3. Информатика 2003.- М.: Солон- Пресс, 2003. – 464с.: Издание 3-е.

 4. Ибраева Л.К. Сүйебаева Л.Б. Ақпараттану. - Алматы: АЭЖБИ,2006.

 5.Алексеев А. Информатика 2003. -М.: СОЛОН-Пресс, 2003.464с.:            Издание 3-.

6. Тұрым А.Ш. Есептеу кешендері, жүйелері және тораптары. –Алматы: ҚазҰТУ, 2002. 226б.:ил

7.  Махмудов Х., Мұсабаев Ғ. Қазақша-орысша сөздік. -Алматы: 1987.

8. Орысша-қазақша сөздік. Жалпы ред. басқарған Ғ.Ғ.Мұсабаев  І том. -Алма-Ата: 1978. - 576 бет.

9. Орысша-қазақша сөздік. Жалпы ред. басқарған Ғ.Ғ.Мұсабаев, Сауран­баев Н.Т. ІІ том. -Алма-Ата: 1981. - 590 б.                                                                                                                                                                                                              

Мазмұны 

1.     Сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін бақылау жұмыстары

2.     №1 СӨЖ                                                                                            3

3.     №2 СӨЖ                                                                                            4

4.     №3 СӨЖ                                                                                            5

     5. Ақпарат және есептеу машиналары                                                        6

    6. Компьютерлік құрылғылар                                                                        7

     7. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық  технологиялар                              8

     8. Желілік және телекоммуникациялық технологиялар                                

    9. Ақпаратты қорғаудың негіздері                                                                 10

    10. Бағдарламалаудың негіздері. Қазіргі бағдарламалық құралдар                 11

    11. Excel программалары туралы жалпы мағлұматтар                                   12

    12. Диаграмма көлемін өзгерту                                                                     13

    13. Excel электрондық кестесін сандық модульдеуге пайдалану                   14

    14. Векторлық өңдеу                                                                                    15

    15. Конвейерлік есептеу жүйелері                                                                16

    16. Seguent компаниясының есептеу жүйелері                                             17

    17. Internet торабы                                                                                       18

    18.Тасуышты бақылай отырып көптік қатынас құру әдісі                            19     

    19. Символдар санауышын қолдану                                                             20              

    20. ҒДДІ торабы                                                                                           21       

    21. ARPAnet және internet тораптары                                                           22      

 Тораптық жаңалықтар. Файлдар тасымалдау                                                  23             

    23. Дүниежүзілік өрмек WWW (World Wide Web)                                        24              

    24. Электрондық поштамен жұмыс істеуге арналған танымал   программалар   25

   25. Сөздік                                                                                                     27

   26. Әдебиеттер тізімі                                                                                     32