ҚАЗАҚ ТІЛІ-1

                                                                                      

Коммерциялыќ емес акционерлік ќоєамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ-1

5В060200 -  «Информатика»  мамандығы студенттері үшін 
№ 2, 3 семестрлік өздік жұмыстарды  орындауға  арналған  әдістемелік нұсқаулар мен өздік тапсырмалар топтамасы
2-бөлім

 

 

Алматы 2013

 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Төлеубаева К.Т. Қазақ тілі -1: 5В060200 –    «Информатика»  мамандығы студенттері үшін  № 2, 3 семестрлік өздік жұмыстарды  орындауға  арналған   әдістемелік нұсқаулар мен өздік тапсырмалар топтамасы.  2-бөлім. - Алматы: АЭжБУ, 2013. -  24 б.

 

Әдістемелік нұсқауда 5В060200 - Информатика бакалаврының оқу бағдарламасына сәйкес орындалатын  семестрлік өздік жұмыстарды  орындауға арналып құрастырылды.

Әдістемелік нұсқауда информатика мамандықтарына қатысты аударуға арналған мәтіндер және мәтін контексі бойынша тапсырмалар берілген.

Көрсеткіш информатика мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

Әдеб. көрсеткіші – 5 атау.

          

Пікір беруші: аға оқытушы  Адилгажинова С.А.

 

“Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

© “Алматы энергетика және байланыс университеті” КЕАҚ, 2013 ж.

 

2013 ж. жиынтық жоспары,    52   реті        

 

 

Тапсырмалар

1. 30 сөз тіркесінен сөздік құрып, аударыңыз.

2. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып,  үшеуін шақ категориясына (осы, өткен, келер шақ) түрлендіріңіз.

3. Сан есімдерден мәтіндегіден басқа сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннен бес сөйлем таңдапалып, оны сұраулық шылаулардың біреуі арқылы (ма, ме, ба, бе, па, пе) және сұрау есімдіктері арқылы (кім? не? қай? қайсы? қандай? қалай? қайда? қайдан? қашан? қанша? т.б.) сұраулы сөйлемге айналдырып жазыңыз (барлығы он сөйлем).  

5. Мәтіннен бес зат есімді теріп жазып, құрамына қарай талдаңыз. Мысалы: санының – түбірі сан, затесім; -ы – тәуелдік жалғауының 3-жағы; -ның  – ілік септігінің жалғауы.

6. Мәтінді толық аударыңыз.

 

1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

 

Ақпарат деп – осы контексте белгілі бір мағынаға ие фактілер, концепциялар, нысан және оқиғалар мен ойлар жайлы мәліметтер жиынын айтамыз. Ақпаратты білетін адамға ол мәліметтер жай мәлімет емес, кең мағыналы ақпарат болып табылады.

«Ақпарат» түсінігі анықтамасында процестің сұлбалық көрінісінен алшақтауға болады. Сол кезде түсінігі ретінде сақтауға болатын кез келген мәліметті түсінуге болады. Ақпараттық хабарлама көзінен қабылдағыш және байланыс арнасымен байланысты болып отырады.

Терминологиялық қатарда «ақпарат» түсінігі «мәлімет» және «білім» деген түсініктермен бір қатарда тұр.

Мәлімет – ол ақпарат, адамның қатысуы мүмкін болған кезде автоматтандырылған құралдарды өңдеуге жарамды болған түріндегі көрінісі.

Білім – ол ақпарат нәтижесінде логикалық талдау кезінде анықталған қорытынды.

Ақпараттың маңызды сипаттамалары ретінде оның құрылымын және формасын айтуға болады.

Ақпараттың құрылымы оның құрамындағы маңызды элементтерінің арасындағы байланысты анықтайды.

Басты формалары ретінде символдық, мәтіндік, графикалық және дыбыстық формаларды айтуға болады. Ал экономикалық ақпараттарға қойылатын басты шарттар ретінде дәлдік, анықтық, шапшаңдық, толықтық болып табылады.

Егер бір сәттік мәтінде 300 белгі болса, онда 3 Кбайт ақпаратты білдіреді. Ал 1 Мбайтқа 300 бетке дейінгі мәтінді сақтауға болады.

Графикалық ақпаратты монитор экранындағы М×N мөлшерлі түрлі түсті нүктелі массив сияқты ұсынады.

Әр нүктенің ұсынылатын реңктерінің қиыстыру түрінде байланысты негізгі үш түрі бар. Олар: қызыл, жасыл, көк.

Түс тапсыруы нақтыға жуық болуы үшін, оған кем дегенде әр түстің 256-ға жуық реңкі болуы қажет. Монитор экранын 800×600 нүктелі массив түрінде ұсынуы жанында экранның 480000 нүкте болады. Әр түстің 8-биттік кодтауын қолдана отырып, келесіні аламыз: 8×3×480000=1×107=1.12 Мбайт.

 

2 Ақпараттық жүйе

 

Ақпараттық жүйе кез-келген мамандық иесін басқару функциясының орындалуына арналған нысан туралы хабар іздеуін, жинауын, тапсыруын ұсынады. Басқа сөзбен айтқанда, ақпараттық жүйе деп құжатталған хабар, ақпарат және ақпараттық технологиялар жиынтығын айтамыз.

Кез келген жүйелер сияқты ақпараттық жүйелердің де өзіне тән бөліну және бүтіндік қасиеттері бар.

Бөліну деп жүйені әртүрлі дербес бөлімдермен ұсыну немесе ішкі жүйелерді айтамыз. Ішкі жүйелерді өзара бөлу ақпараттық жүйенің анализ жасауын, өңдеуін, енгізуін жеңілдетеді. Ал бүтіндік қасиеті бүкіл жүйеде ішкі жүйелердің үйлесімді жұмыс жасауын көрсетеді. Автоматтандыру деңгейіне байланысты олар қолдық, автоматтандырылған және автоматты жүйелер деп бөлінеді.

Қолдық ақпаратты жүйелер адам өңдеген барлық операциялардың орындалуын сипаттайды. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде басқару функциясы немесе мәліметтерді өңдеуінің бір бөлігі автоматты түрде орындалады, ал бір бөлігі адам қатысуымен жүзеге асады. Автоматты ақпараттық жүйелерде барлық басқару функциялары және мәліметтерді өңдеу адамның қатысуынсыз, тек техникалық құралдар арқылы орындалады.

Ақпараттық жүйе құрамына ақпараттық процестердің орындалу тәсілдерін анықтайтын ақпараттық орта және ақпараттық технологиялар жатады.

Ақпараттық орта деп арнайы бейнемен жүйеге келтірілген және ұйымшылдардың және білімдердің жиынтығын айтады.

 

3 Ақпараттық технология

 

Ақпараттық технологиялар бағдарламалық-техникалық құралдардың, өңдеуді сақтауды, жинауды қамтамасыз етеді және хабар таратуын, елестетуін процестердің еңбек сіңіргіштігін төмендету нәтижесінде ақпараттық қорлардың қолдану әдістер жиынтығын айтады.

 «Ақпараттық технология» термині ақпаратпен операция жасау барысында есептеу техникасын қолдану арқылы кеңінен қолданыла бастады.

 Ақпараттық технологиялар экономика және басқару салаларында ақпараттық құралдар және бағдарламалық қамтамасыз етуге негізделеді. Ақпараттық жүйелер тіреу технологиялар қатарына жатады. Олар адам қызмет ететін орталардың барлығында қолданыла алады. Бағдарламалық қамтамасыз ету компьютерде ақпаратты өңдеу процесін және пайдаланушының кәсіпшілік мақсаттарының шешімін ұйымдастырады.

 Ақпараттық технологиялардың қолдану облыстары болып адамдардың қызмет сүйеулері жүйесі және тұтыну электроникасы мен әртүрлі қызметтер, мысалы, байланыс, алданыш қызметтері болып табылады.

Ақпараттық жүйелерді бірнеше ұрпақ айырып таныды.

Ақпараттық жүйелердің бірінші ұрпағы (1960-1970 ж.) орталықтандырылған электрондық есептеуіш машиналар барысында «бір кәсіпорын – бір өңдеу орталығы» принципінде тұрғызылған, ал стандартты орта қосымшалардың орындалулары ретінде IBB–MVX фирмасының операциялық жүйесі қызмет етті.

Ақпараттық жүйелердің екінші ұрпағы (1970–1980 ж.) децентрализациясымен сипатталады, орталықтандырылған Электронды Есептеуіш Машиналар DEC VAX типті кішігірім компьютерлермен қосылған және олар офистер мен бөлек ұйымдарда қолданылады.

 Ақпараттық жүйелердің үшінші ұрпағы (1980–1990 ж.) бірыңғай жүйеге біріктірілген жекеленген ақпараттық есептеуіш жүйелердің көрінуімен немесе пайда болуымен сипатталады.

 Ақпараттық жүйелердің төртінші ұрпағы (1990 бастап қазіргі уақытқа дейін) Иерархия құрылымымен сипатталады, онда орталық өңдеу және бірыңғай жүйелердің қорларымен басқару таратылған ақпараттық хабар өңдеуімен сыйысады.

4 Өнім өндірудің автоматтандыру жүйелері

 

Ақпараттық технологиялар және АБЖ құжаттары әртүрлі профильді филиалдарда және өндіріс арасында жақсы орын алуда. Мұндай жүйелердің өзіндік мағынасы болады және интегралданған АЖ-да маңызды рөлі атқарады.

Құжаттарды техникалық басқару жүйелері жобалау және өндіріс саласына қатысы бар мәліметтердің техникалық басқару жүйелерін TDM (Technical Data Management) жүйелері деп атайды. TDM жүйелерінің кеңсе ACD-нан айырмашылығы - құжаттарда көп мөлшерде сызбалардың болуы.

Құжаттарды басқару жүйесі құжаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге арналған.

Ірі АСД-ларда off-line және on-line режімдерімен құжаттарды сақтау мүмкіншіліктерін айыру жолдары қарастырылады. Бірінші кезекте, қолданушы кілтті сөздердің сұраныстар тізімін тазартады да,  электронды пошталарына жібереді (E-mail), СДО ремвантты құжаттардың тізімін шығарады, қолданушы тізімдер ішінен керек құжатты таңдайды да, E-mail-дан сұрап отырған құжатты алу арқылы екінші реттік қандай да бір сұранысты жібереді. Ал, екінші жағдайда нақты уақыттағы желі шақырып,  қолданушы оны көреді және өзгертеді.

 Өндіріс жұмысындағы заманауи корпоративті жүйелер көп таралған болып келеді де өзінде клиент-сервер архитектурасын құрайды. Бүкіл жазбалық құжаттардың, электронды пошталардың, тақырыптардың, SQL және Web-серверлердің серверлік беттерінде берілгендері жоқ серверлер табылады. Клиенттік беттерде қолданушының, администраторлардың, өңдеушілердің, мәліметтер қорларының, ақпараттық іздеу жүйелерінің құжат формаларының және с.с. орындары ерекшеленіп тұрады. Көбінесе үшзвенолық таратылған жүйелер қолданылады. Кең танымал СДО және АСД жүйелеріне Lotus Notes, Docs Open, ДЕЛО – 96  және басқалары жатады. TDM 20...30 бір мезгілде жұмыс істейтін қолданушылар жүйесіне Search немесе T-Flex DOCs реттері қызмет жасайды. Қолданушылардың көп түрлілігіне PDM Optegra немесе iMAN-да қолданылатын құжат алмасу жүйелері жатады.

 

5  Операциялық жүйелер

 

Қазіргі кезде компьютерлердің 90% Windows операциялық жүйесін қолданады. Көптеген операциялық жүйелер, мысалы, Microsoft фирмасының өнімдері (MS DOS және Windows), UNIX жүйелерінің тобы, Novell және IBM корпорацияларының желілік өнімдері серверлерде пайдалануға негізделген.

UNIX – әртүрлі пайдаланушылардың бағдарламалары мен файлдарын сақтауға қолданатын жеткілікті қуатты құралдары бар көп пайдаланушыға арналған, көп есептік операциялық жүйе. UNIX машинадан тәуелсіз операциялық жүйе, сондықтан оның қолданбалы бағдарламалары сәулеті әртүрлі компьютерлерге жеңіл көшіріледі. UNIX тобының операциялық жүйелерінің маңызды ерекшелігі оның модульділігі мен сервистік бағдарламалар жиынының көптігі бағдарламашыларға өте ыңғайлы операциялық жағдай болып табылады (әсіресе жүйе қолданбалы бағдарламашыларға өте ыңғайлы. Мәліметтерді рұқсатсыз қатынас құрудан сақтау құралдары бар көп пайдаланушыға арналған режім; уақыт бөлу режімінде көп есептерді өңдеуді іске асыру; негізгі бөлігі С тілінде жазылғандықтан жүйені көшірудің мүмкіншілігі – UNIX операциялық жүйелерінің барлық версиясының жалпы қасиеттері болады.

UNIX-тің кемшілігі - өте көп ресурстарды талап етеді, сондықтан дербес компьютер негізіндегі бір пайдаланушыға арналған шағын жүйелер үшін артық болады.

UNIX тобының операциялық жүйелері мыңдаған пайдаланушылардың жұмысын ұйымдастыратын жергілікті (корпоративті) және ауқымды желілерге бағытталған. UNIX пен оның LINUX версиясы операциялық жүйенің машинадан тәуелсіздігі маңызды болатын Интернет желісінде кеңінен тараған.

MS DOS операциялық жүйелері Intel 8088-80486 процессорлар негізінде жасалынған компьютерлерде кең қолданылған болатын. Қазіргі кезде дербес компьютерлерде бұл оперциялық жүйе қолданылмайды деуге болады. Бірақ DOS практика жүзінде қолдануда болашағы бар операциялық жүйе болып табылады. 1997 ж. Caldera компаниясы DR DOS операциялық жүйесін (MS DOS-тың аналогы) Интернет пен интранет-желілеріне қосылатын жоғары дәлдігі бар ұсақ құрылғылардың (кассалық аппараттар, факстер, дербес сандық ассистенттер, электронды қойын кітапшалары, т.б.) ішкі операциялық жүйелеріне түрленуін бастады.

 

6 Internet желісі

 

Қазіргі кезде барлық елдерді қамтитын ауқымды желі Internet болып саналады.

Internet желінің құрамындағы оған қосылған барлық компьютерлер арасында мәліметтердің өзара алмасуын қамтамасыздандырады. Компьютер типінің және қолданатын операциялық жүйенің ешқандай мәні жоқ.

Компьютерлер арасында мәліметтер қолданатын байланыс желіден, компьютер типінен және бағдарламалық қамтамасыздандырудан тәуелсіз жіберілуі үшін арнайы мәліметтерді тасымалдау протоколдары өңделген. Олар мәліметтерді белгілі өлшемі бар блоктарға (бумаларға) бөлу принципі бойынша жұмыс істейді. Бумалар тізбектеліп адресатқа жіберіледі. Интернетте екі негізгі протокол қолданылады: IP (Internet Protocol) желіаралық протоколы (тасымалданатын мәліметтерді бөлек бумаларға бөліп, оларға алушының адресі жазылуын қамтамасыз етеді) және TCP (Transmission Control Protocol) тасымалдауды басқару протоколы (буманың дұрыс жеткізілуін қамтиды). Бұл екі протокол өзара байланысты болғандықтан, әдетте TCP/IP протоколы деп аталады.

Интернеттің негізгі ұяшықтары – жергілікті есептеу желілері. Егер де кейбір жергілікті желі Интернетке қосылған болса, онда осы желінің әрбір жұмыс стансасы да Интернетке қосыла алады. Өздігінен Интернетке қосылған компьютерлер хост-компьютерлер деп аталады.

Желіге қосылған әр компьютердің өзінің адресі бар. Стансалардың адрестеріне арнайы талаптар қойылады. Оны автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік беретін адрестің белгілі форматы болуы керек, және өзінің иесі туралы ақпарат болуы керек. Осы мақсатпен әр компьютер үшін екі адрес орнатылады: цифрлық  IP-адрес және домендік адрес.  Біріншісі компьютерге, екіншісі – адамға түсінікті.  Осы екі адрес тең құқықты. Цифрлық адрестің ұзындығы 32 бит. Ол нүктелермен 4 блокқа бөлінеді (әр блок 8 биттен тұрады). Оның әрқайсысын 255-тен аспайтын ондық санмен көрсетуге болады. Екі блогы желі адресін, үшіншісі – ішкі желі адресін, төртіншісі – берілген желі ішіндегі компьютердің адресін белгілейді.

Желі абоненттерінің байланысуын қарапайымдау үшін барлық адрестік кеңістік жеке аймақтарға – домендерге бөлінген. Интернет адрестер жүйесінде географиялық аймақтармен көрсетілетін домендер қолданылады. Олардың аттары екі әріптен тұрады. Тақырып бойынша бөлінген адрестерде бар, олардың аттары қысқартылған үш әріптен тұрады. Компьютер аты ең кемінде доменнің екі деңгейінен тұрады. Деңгейлер бір-бірінен нүкте арқылы бөлінеді. Оң жағында жоғарғы доменнің аты көрсетіледі де, сол жағында жалпы доменнің ішкі домендерінің аттарды болады. Іздеу жолды өңдеу үшін домендерде арнайы аттар серверлері болады.  Интернет технологиялар тек қана ауқымды желіде қолданылмайды. Ауқымды желіде қолданылатын технологияларды қуатты корпоративті ақпараттық жүйелерді және корпоративті жұмысты қамтитын жүйелерде қолдануға болады (IntraNet).

Ауқымды желіде ақпаратқа қол жеткізу арнайы протоколдар, бағдарламалар, компьютерлер-серверлер арқылы орындалады. Интернеттің көрсетететін  қызметінің бірі саналатын компоненттердің барлығы желі сервистері (қызметтері) деп аталады. Электронды пошта ең маңызды сервис боп табылады. Электронды поштаның жергілікті жүйелері арзан бағасымен, жоғары жұмыс қабілеттілігімен, құпиялығымен сипатталады. Жергілікті жүйелердің екі негізгі түрі бар: орталықтандырылған жүйелер және жергілікті желі негізіндегі жүйелер. Электронды поштаның әртүрлі бағдарламалық бумалары бар. Солардың ішінде Microsoft Outlook Express, Microsoft Mail, Novell Group Wise және басқалар. Электронды поштаның мүмкіншіліктерін Internet-те қолдануға болады. Ол кезде Internet-ке қосылған компьютердің домендік адресінде негізделген адрестер жүйесі қолданылады

 

Тапсырмалар

1. Мәтіннен 30 сөз тіркесінен сөздік құрып, аударыңыз.

2. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып,  үшеуін септеңіз.

3. Мәтінге  бес сұрақ дайындаңыз.

4. Сөйлемдерде есімшенің қандай мүшенің қызметінде тұрғанын анықтаңыз.

5. Барыс және жатыс септіктеріндегі сөздерді жазып алып, аударыңыз.

6. Мәтінді толық аударыңыз.

 

7 PDM – жоба мәліметтерін басқару

 

Жобаның автоматтандырылған жүйелері айтарлықтай қиын және ғылыми автоматтандырылған жүйелер қатарына жатады. Ірі және орта кәсіпорындарда САПР, АСУП интеграцияларына және құжаталмасу жүйелеріне тенденцияның бары анық. Өте қиын интегралдық жүйелердің құрамына арнайы  ПО-жүйелік орта САПР немесе АС, қазіргі таңда берілгендер жобасын басқару жүйелері және PDM жүйелері кіреді. Жалпы сипаттамадағы жүйелер берілгендерді басқару жүйелерімен  байланысты.

Заманауи берілгендер жобасын басқару жүйелері PDM деп аталады. Олар жобаны ақпараттық қамтамасыз ету үшін арналған және төмендегі негізгі функцияларды орындайды:

-  берілгендер жобасын сақтау және оларға қол жеткізу, архивтегі құжаттарды реттеу, оларды іздеу, өңдеу, масштабтау, ерекшелігін құру;

-  іздеу, берілгендерді құру және елестету;

-  жобалауды басқару, жобаны өңдеу және қамтамасыз ету;

-  ақпаратты қорғау;

-берілгендерді интеграциялау (типтік форматтарды қолдау, берілгендерді конверттеу).

PDM жүйесінің негізгі компоненті – берілгендер банкі (БнД). Ол базаны басқару жүйелерінен және берілгені жоқ басқару жүйелерден тұрады (БД). Бағдарламааралық интерфейс ақпаратты алмасу көмегі арқылы жүзеге асырылады. PDM жүйесі арқылы ұйымдастырылған иерархиялық сұраныстарға қызмет көрсетуге болады.

PDM-ның  керекті функцияларына бұйымның конфигурациясын басқару және басқаруды жобалау жатады.

Олардың әрқайсысы өздерінің жұмыс версияларымен жұмыс істеуі шарт және бір мезгілде бір нысанды әртүрлі өңдеушілер арқылы өзгертуге болмайды.

Ол үшін қолданушының сұранысы орындалады және көптеген жоба версиялары өңделеді. Біріншіден, қолданушылар класқа бөлінеді (жүйе администрациясы, жоба бөлшектерін және жобаларды басқару, орындаушы-жобалаушылар тобы). Және әр класқа белгілі шектеулер қойылады, ал екіншіден, берілгендер типі бойынша анықталады. Синхрондау рандеву немесе семафор механизмдерінің көмегімен орындалады.

 

8  Ақпараттанудың техникалық құрылғылары

 

Компьютер сәулеті компьютердің негізгі логикалық түйіндерінің өзара қосылуын, ақпараттық байланысуларын, әрекет принциптерін анықтайды. Ол түйіндер: орталық процессор, негізгі жады, сыртқы жады, перифериялық құрылғылар.

Есептеуіш жүйелердің  аппараттық конфигурациясын анықтайтын құрылғылары мен аспаптары есептеуіш жүйенің аппараттық қамтамасыздандыруын анықтайды. Қазіргі компьютерлердің құрамы блокты-модульді, яғни аппараттық конфигурациясын дайын блоктар мен түйіндерден жинауға болады.

Бөлек түйіндер мен блоктар арасындағы келісім аппаратты-логикалық құрылғылар – аппараттық интерфейстер  көмегімен орындалады. Интерфейстер тізбектелген және параллель болып екіге бөлінеді. Тізбектелген интерфейстер арқылы мәліметтер тізбектеліп биттер бірінен соң бірі, ал параллель интерфейс арқылы биттер тобымен бір мезгілде беріледі. Бір жіберілімдегі биттер саны интерфейс разрядымен анықталады. Мысалы, 8-разрядты параллельді интерфейс бір циклде 1 байтты (8 битті) жібереді.

Құрамы жағынан дербес компьютерлер орталық жүйе блогы түрінде жасалған, оған басқа құрылғылар арнайы ажыратқыштар арқылы қосылады.  Жүйе блогы құрамына компьютердің барлық негізгі түйіндері кіреді: қоректендіру блогы, жүйе платасы, қатты магнитті дискідегі жинақтаушы, иілгіш магнитті дискідегі жинақтаушы, оптикалық дискідегі жинақтаушы, қосымша құрылғылар үшін ажыратқыштар.

Жүйе (аналық) платасында келесі құрылғылар орнатылған: микропроцессор, математикалық қосымша процессор, тактылық импульстер генераторы, жадының микросұлбалары, сыртқы құрылғылардың контроллерлері, дыбыс және бейнекарталары, таймер.

Микропроцессор –  компьютердің барлық блоктарының жұмысын басқаруға және мәліметтерге арифметикалық және логикалық операцияларды қолдануға арналған орталық блогы. Микропроцессор келесі негізгі функцияларды орындайды:

а)  негізгі жадыдағы бұйрықтарды оқу және дешифрлеу; 

ә) негізгі жадыдағы мәліметтерді және сыртқы құрылғылар адаптерлерінің регистрлерін  оқу;

б) сыртқы құрылғыларға қызмет жасайтын адаптерлерден сұраныстар мен бұйрықтарды қабылдау және өңдеу;

в) мәліметтерді өңдеп, оларды негізгі жады мен сыртқы құрылғылар адаптерлерінің регистрлеріне жазу;

г) компьютердің басқа блоктары мен түйіндеріне басқару сигналдарын тудыру.

 

 9 Микропроцессор құрылғылары

 

 Микропроцессор құрамына келесі құрылғылар кіреді:

- арифметика-логикалық құрылғы сандық және символдық мәліметтерге қолданатын барлық  арифметикалық және логикалық операцияларды жасауға негізделген;

- басқару құрылғысы компьютердің әртүрлі бөліктерінің өзара байланысуын үйлестіреді;

- микропроцессорлық жады машина жұмысының жақын арадағы тактыларындағы есептеулерде қолданылатын мәліметтерді уақытша сақтап, жазу және беру үшін негізделген;

- компьютердің басқа құрылғыларымен байланыстыру үшін микропроцессордың интерфейстік жүйесі негізделген. 

 Микропроцессор мен жүйелік шинаға типтік сыртқы құрылғыларымен бірге микропроцессордың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және жақсартатын интегралды микросұлбалары бар қосымша платаларда қосылуы мүмкін. Оларға математикалық  қосымша процессор, жадыға тікелей қол жеткізетін контроллер, енгізу-шығарудың қосымша процессоры, үзудің контроллері, т.б. жатады.

 Математикалық қосымша процессоры (сопроцессор) екілік сандарға, екілік-кодаланған ондық сандарға, тригонометриялық функцияларды есептеуге қолданатын операцияларды жеделдетуге негізделген. Математикалық қосалқы процессордың өзінің бұйрықтар жүйесі бар, ол негізгі процессормен бірге (параллель) бірақ оның басқаруымен жұмыс жасайды. Нәтижесінде операцияларды орындау он есе жеделдетіледі. МП 80486 DX микропроцессорынан бастап, микропрорцесорлардың барлық үлгілерінің құрамында математикалық қосалқы процессор бар. Компьютердің тиімді жылдамдылығын арттыру мақсатымен оны магнитті дискілердегі жинақтаушыларды тікелей басқарудан босату үшін жадыға тікелей қатынас құру контроллері негізделген. Енгізу-шығару қосалқы процессоры микропроцессормен параллель жұмыс жасағандықтан, бірнеше сыртқы құрылғыларға қызмет жасау кезінде  енгізу-шығару процедураларын жеделдетеді, микропроцессорды енгізу-шығару процедураларын өңдеуден босатады, сонымен қатар жадыға тікелей қатынас құру режімін іске асырады. Қазіргі кезеңдегі маңызды болып табылатын бағдарламаны оперативті орындау үшін басқа бағдарламанының орындалуын уақытша тоқтатуды үзу деп атайды. Үзудің контроллері үзу процедураларына қызмет жасайды, сыртқы құрылғылардан үзуге сұранысты қабылдайды, сұраныстардың артықшылығын анықтайды және микропроцессорге үзудің сигналын береді.

 

10 Микропроцессор

 

Барлық микропроцессорларды келесі топтарға бөлуге болады:

а)   бұйрықтар жүйесінің толық жиынтығы бар CISC типті;

ә)   бұйрықтар жүйесінің қысқартылған жиынтығы бар RISC типті;

б)   өте үлкен бұйрық сөзі  бар VLIW типті;

в) бұйрықтар жүйесінің минимальды жиынтығы және жоғары жылдамдылығы бар MISC типті және т.б.

 Тактылық жиілік, процессордың разрядтылығы, адрестік кеңістігі микропроцессорлардың маңызды сипаттамалары болады.

Құрылғылардың барлық контроллерлері микропроцессормен және оперативті жадымен мәліметтерді тасымалдауға негізделген жүйе магистралі (жүйе шинасы) арқылы өзара байланысады. Жүйе шинасы мәліметтерді тасымалдаудың үш бағытын қамтиды:1) микропроцессор мен негізгі жады арасындағы тасымал; 2) микропроцессор мен сыртқы құрылғылардың енгізу-шығару порттары арасындағы тасымал; 3) негізгі жадымен сыртқы құрылғылардың енгізу-шығару порттары арасындағы тасымал.

Барлық құрылғылардың енгізу-шығару порттары сәйкес ажыратқыштар (слоттар) арқылы тікелей шинаға немесе арнайы контроллерлер (адаптерлер) арқылы қосылады.

Дербес компьютердің негізгі функционалдық сипаттамалары:

- өнімділік, жылдамдылық, тактылық жиілік;

- микропроцессор мен интерфейс шиналарының разрядтылығы;

- жүйе және жергілікті интерфейстердің типтері;

- оперативті жадының сыйымдылығы;

- қатты магнитті дискідегі жинақтаушының (винчестердің)

сыйымдылығы;

 Әдетте, винчестер сыйымдылығы Гбайтпен өлшенеді.

- иілгіш магнитті дискідегі жинақтаушының сыйымдылығы;

- кэш-жадының бар болуы, түрлері мен сыйымдылығы;

256 Кбайт сыйымдылығы бар кэш-жадының бар болуы дербес компьютердің жұмыс өнімділігін 20% көбейтеді;

- бейнемонитор және бейнеадаптердің типі;

- принтердің болуы және типі;

- компакт-дискідегі жинақтаушылардың болуы және типі;

модемнің болуы және типі;

- мультимедиа аудио және бейнеқұрылғылардың бар болуы және түрлері;

болатын бағдарламалық қамтамасыздандыру және операциялық

 жүйелер;

- компьютерлердің басқа түрлерімен аппараттық және бағдарламалық

тіркесушілігі;

- есептеуіш  желіде жұмыс істеудің мүмкіндіктері;

-  көп есепті режимде жұмыс жасаудың мүмкіндіктері;

-  сенімділік;

бағасы, өлшемі, салмағы.

 

11 Дербес компьютерлер жадының деңгейі

 

Дербес компьютерлер жадыларының төрт иерархты деңгейі бар:  аталып кеткен микропроцессорлық жады, негізгі жады, регистрлік кэш-жадысы және сыртқы жады.

Негізгі жады мәліметтерді сақтап және оларды компьютердің басқа блоктарымен оперативті алмастыруға негізделген және келесі функцияларды орындайды: басқа құрылғылардан ақпаратты қабылдау, ақпаратты есте сақтау, ақпаратты сұраныс бойынша компьютердің басқа құрылғыларына беру.

Негізгі жадының еске сақтау құрылғыларының екі түрі бар: тұрақты еске сақтау құрылғысы (ROM) және  оперативті еске сақтау құрылғысы (RAM). Тұрақты еске сақтау құрылғысында процессордың жұмысын басқаратын, дисплейді, принтерді, сыртқы жадыны басқаратын бағдарламалар, компьютерді іске қосу мен тоқтату құрылғының тестілеу бағдарламасы, операциялық жүйенің дискіде орналасқан жері туралы ақпарат орнатылған. Мәліметтер тұрақты еске сақтау құрылғысына оны дайындаған кезде орнатылады, бұл құрылғы энергиядан тәуелсіз жады болады, қоректендіруді өшірген кезде ондағы мәліметтер сақталады. Оперативті еске сақтау құрылғысы энергиядан тәуелді жады болады, қоректендіруді өшірген кезде ондағы мәліметтер жойылады. Оперативті жадының жоғарғы жылдамдылығы мен жады ұяшықтарына тікелей қол жеткізу мүмкіндігі оның басты құндылығы болып саналады. Жады ұяшықтары 8 биттен (1 байттан) тұратын топтарға бірлескен, оған қатынасатын әр осындай топтың адресі бар.

Компьютердің маңызды сипаттамасы – жады көлемі, ол жұмыс жылдамдығына және бағдарламалардың жұмыс қабілеттігіне әсер етеді. Қазіргі компьютерлерде оперативті жадының көлемі әдетте 64-512 Мбайт болады.

Тұрақты еске сақтау және оперативті еске сақтау құрылғыларынан басқа жүйе шинасында энергиядан тәуелді, өзінің аккумуляторынан тұрақты қоректенетін жартылай тұрақты CMOS-жадысы бар. Компьютердің конфигурациясының параметрлерін өзгерту үшін BIOS-та компьютер конфигурациясын жөнге келтіретін SETUP бағдарламасы бар.

 

12 Оперативті жады

 

Оперативті жадыға қатынас құруды жылдамдату үшін арнайы үлкен жылдамдығы бар кэш-жадысы қолданылады. Бұл жады микропроцессор мен оперативті жады арасында орнатылады, мұнда оперативті жадының жиі қолданатын бөліктерінің көшірмелері сақталады. Пайдаланушы кэш-жадының регистрлеріне қол жеткізе алмайды. Микропроцессор қабылдап, өзінің жұмысының келесі тактыларында қолданатын мәліметтер кэш-жадыда сақталады. Осы мәліметтерге тез қол жеткізу бағдарламаның кезекті бұйрықтарын орындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

МП 80486-дан бастап микропроцессорлардың ішкі кэш-жадысы бар. Pentium және Pentium Pro микропроцессорлардың мәліметтерге және бұйрықтарға арналған бөлек кэш-жадылары бар. Барлық микропроцессорлар үшін микропроцессордан тыс, аналық платада орнатылған, көлемі бірнеше Мбайт болатын, қосымша кэш-жады қолдануы мүмкін.

Сыртқы жады компьютердің сыртқы құрылғысы болып табылады және есептерді шығаруға керек болатын кез-келген ақпаратты көп уақыт сақтауға негізделген. Мысалы, сыртқы жадыда компьютердің барлық бағдарламалық қамтамасыздандыруы сақталады.

Сыртқы жадының құрылғылары, яғни сыртқы есте сақтап қою құрылғылары әр түрлі болады. Оларды тасымалдаушы түрі, құрам типі, ақпаратты жазу және оқып алу принципі, қатынас құру әдісі және т.б. бойынша жіктейді. Көп тараған есте сақтайтын құрылғылар: қатқыл магниттік дискіде жинағыштар, иілгіш магниттік дискіде жинағыштар мен оптикалық дискілерде жинағыштар (CD-ROM) болып табылады. Кей кезде сыртқы жадының есте сақтау құрылғысы ретінде кассетті магниттік таспадағы есте сақтау құрылғылары – стримерлер қолданылады.

Жинағыштардың міндеті – ақпараттың үлкен көлемдерін сақтау, сұраныс бойынша сақталған ақпаратты оперативті есте сақтау құрылғысына жазу немесе одан оқу. Қатқыл магниттік дискіде жинағыштар мен иілгіш магниттік дискіде жинағыштар тек қана құрамдары бойынша сақталатын ақпарат көлемі мен ақпаратты іздеу, жазу, оқу уақыты бойынша ажыратылады. Олар тікелей қатынас құратын ақпаратты машиналы тасымалдаушы болып табылады.

Оперативті жадыдан қатқыл магниттік дискіде жинағыштарға және керісінше ақпарат байттармен беріледі, ал дискіден жазып алу немесе оған жазу биттермен орындалады. Оперативті жадыға мәліметтерді беру үшін, оларды қайтадан кодалау қажет. Бұл операцияға қосымша уақыт қажет болғандықтан мәліметтерді өңдеу үрдісінде дөңгеленіп тұрған диск бірнеше бұрышқа бұрылады және мәліметтер дискіде блоктармен орналасады.

 

Тапсырмалар

1.   Мәтіндегі түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен (30)  сөздік түзіңіз.

2.  Мәтіннен тұйық етістікте тұрған сөздерді теріп жазып, қай септікте тұрғанын анықтаңыз.Үлгі: өңдеуге – өңдеу, -ге – барыс септігі жалғауы.

3. Анықтауыштық қатынастағы сын есім+зат есім;  сан есім+зат есім болып келген сөз тіркестерін теріп жазып, мәтіннен өзгеше 5-6 сөйлем жазыңыз. Мыс: әртүрлі аспектілер, түрлендіретін жүйе

4. Мәтіннен бес сөйлем таңдап алып, оны сұраулық шылаулардың біреуі арқылы (ма, ме, ба, бе, па, пе) және сұрау есімдіктері арқылы (кім? не? қай? қайсы? қандай? қалай? қайда? қайдан? қашан? қанша? т.б.) сұраулы сөйлемге айналдырып жазыңыз (барлығы он сөйлем).  

5.  Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

6.  Сөздіктің көмегімен мәтінді жазбаша аударыңыз..    

 

13  Қатқыл магниттік диск

 

Қатқыл магниттік дискіде жинағыштар блоктық құрылғы: бір немесе бірнеше байттарды оқу мен жазу мүмкін емес, тек қана келесі есептеуде қолдану үшін керекті бит алынады. Алынатын мәліметтер блогын ғана оқуға, жазуға болады. Айналған кезде белгілі орында тіркелетін магниттік бас шеңбер – тректерді (track), осындай шеңберлердегі мәліметтер блоктары – секторларды (sectors) құрайды. Барлық секторлар нөмірленген, секторлар арасындағы аралықтарда қызмет ақпараты орналасады, оның көмегімен қажетті секторды табуға болады. Магнитті дискілердің бетінде орналасқан бір радиусы бар тректердің топтары цилиндрлерді (cylinders) құрайды. Қазіргі кездегі цилиндрлер бірнеше мың цилиндрлерден тұрады. Цилиндрдегі белгілі жолды таңдау, осы жолды құрастыратын мәліметтерді оқу/жазу басының (head) рет нөмірін көрсетуді орындайды. Сонымен, мәліметтердің белгілі блогының адресі C-H-S координаталарымен көрсетіледі. Олар: цилиндр, бас және сектор нөмірлері.  

 Қатал магнитті дискідегі жинақтағыштар винчестер” деп аталады. Бұл термин қатты дискінің бірінші үлгісінің лақап атынан пайда болды. Осы дискінің 30 секторынан тұратын 30 жолы болатын еді, бұл винчестер деген аңшы мылтығының калибрімен бірдей болып шыға келді.

Соңғы кезде жаңа магнитті дискіде сақтағыштар - ZIP-дискілер пайда болды, олардың көлемі 230-280 Мбайт.

Өлшемдері кішкене, ал көлемі мен сенімділігі үлкен болғандықтан – оптикалық дискіде жинағыштар (CD-ROM) көп таралған. Оптикалық дискілер қайта жазылмайтын, қайта жазылатын лазер-оптикалық және қайтадан жазылатын магнит-оптикалық дискілер деп бөлінеді. Өзінің негізгі сипаттамасы – ақпараттық көлемнен басқа, дискілік жинағыштар екі көрсеткішке ие: қатынас құру уақыты және бірінен соң бірі ретімен орналасқан байттарды оқу жылдамдылығы. 

Сыртқы (перифериялық) құрылғылар компьютердің пайдаланушылармен, басқару нысандарымен, басқа компьютерлермен өзара байланысуын қамтиды. Бұл құрылғыларға ақпаратты енгізу, шығару құрылғылары, пайдаланушының диалог құралдары, байланыс және телекоммуникациялар құралдары жатады. Сыртқы құрылғылар компьютерге арнайы ажыратқыш – енгізу-шығарудың порттары арқылы қосылады. Енгізу-шығарудың порттары екі  типті болады: принтерді қосуға қолданылатын параллельді (LPT1 – LPT4 деп белгіленеді),  жүгірткі, модем және басқа құрылғыларды қосатын тізбектелген (СОМ1-COM4 деп белгіленеді) құрылғылар.

 

14 Ақпаратты енгізетін сыртқы құрылғылар

 

Ақпаратты енгізетін сыртқы құрылғыларға пернетақта, графикалық планшеттер (дигитайзерлер), сканерлер (оқитын автоматтар), көрсеткіш құрылғылары (графикалық манипуляторлар) және сенсорлық экрандар жатады.

Құрылымдық орындалуы жағынан пернетақталар екі түрге бөлінеді: мембраналық және механикалық. Қосу үшін арнайы ажыратқыштың біреуі қолданылады: дөңгелек 5-контактылы АТ, дөңгелек 6-контактылы PS/2 немесе  USB шинасы. Сонымен қатар 4 м қашықтықта батарейкамен жұмыс жасайтын сымсыз пернетақталар бар, ал ақпарат инфрақызыл сәулелер көмегімен беріледі.

Көрсету құрылғылары (мышь) құрылымы жағынан екі түрге бөлінеді: оптикалық және механикалық. Қосу үшін арнайы ажыратқыштар: COM, PS/2 немесе  арнайы ажыратқышы бар USB шинасы пайдаланылады.

Ақпаратты шығару құрылғыларына сызбаларды сызатын құрылғылар (плоттерлер) және принтерлер жатады. Принтерлер матрицалық, сорғалаулық және лазерлік деп бөлінеді.

Пайдаланушының диалогті құрылғылары есебінде бейнетерминалдар (мониторлар), сөздік ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары, байланыс және телекоммуникация құрылғылары қарастырылады.

Бейнетерминал бейнемонитор (дисплей) мен бейнеконтроллерден (бейнеадаптер) тұрады.  Бейнеконтроллер жүйе блогының құрамына кіреді. Мониторлар бір-бірінен экранда бейнені құрастыру тәсілі, өлшемдері, бейне сапасы бойынша ерекшеленеді.

Көп тараған монитор электронды-сәулелі монитор болып табылады, ол бейненің жоғары сапасын қамтиды, салыстырмалы түрде арзан, бірақ электрмагниттік сәулелену себебінен қауіпті.

Монитордың негізгі сипаттамалары:

-     бейнелеу нүктесінің өлшемі (0,25-0,28 мм), бейне көптеген нүктелерден құрастырылады;

-     экранның ең үлкен рұқсат ету қабілеттілігі (ең ыңғайлысы - 800х600 нүктелер), бұл қабілеттілік монитор экранының көлбеу және тік орнатылған нүктелер санымен (пикселдермен) анықталады;

-      қайтадан тудыру жиілігі (кадрлардың ауысу жиілігі, тігінен ашылу жылдамдығы, тігінен синхрондалу жиілігі);

-        дюйммен өлшенетін диагонал бойынша экран өлшемі.

         

15 Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру

 

Компьютерде ақпаратты автоматтандырылған түрде өңдеуге мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығын бағдарламалық қамтамасыздандыру деп атайды. Бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) деп бөлінеді.

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру тобына операциялық жүйелермен олардың пайдаланушылық интерфейсі, құралдық бағдарламалық құралдар, техникалық және сервистік қамтамасыздандыру жүйелері жатады.

Виртуалды машинаның ыңғайлылығын пайдаланушыға беру мен компьютерді пайдаланудың тиімділігін көтеру функцияларын орындайтын бағдарламалар жиынтығы операциялық жүйе болып табылады. Операциялық жүйе пайдаланушыдан дискілердегі ақпараттың физикалық орналасуының ерекшелігін жасырады, үзулерді өңдеуді орындайды, таймерлер мен оперативті жадыны басқарады. Нәтижесінде пайдаланушыға логикалық деңгейде жұмыс жасайтын виртуалды машина ұсынылады.

Қазіргі кездегі операциялық жүйелерге қойылатын талаптар: бірлесушілік, көшіру қабілеттілігі, сенімділік және бөгеттерге тұрақтылық, қауіпсізділік, кеңею қабілеттілігі, өнімділік .

Қазіргі кезде операциялық жүйелердің әртүрлі жіктелулері бар:

а) бір уақытта орындалатын есептер санына қарай операциялық жүйелер біресепті (MS DOS, PC DOS-тың алдыңғы версиялары) және көпесепті (OS/2, UNIX, Windows) операциялық жүйелерге бөлінеді. Көпесептілік ығыстырып шығармайтын (NetWare, Windows3/95/98) немесе ығыстырып шығаратын Windows NT, OS/2, UNIX) деп бөлінеді.  Бірінші кезеңде белсенді үрдіс аяқталғаннан кейін операциялық жүйеге кезектегі басқа үрдісті таңдау үшін басқаруды береді. Екіншіде процессорды бір үрдістен басқа үрдіске көшіру туралы шешімді операциялық жүйе қабылдайды;

 ә) бір уақытта жұмыс істейтін пайдаланушылар саны бойынша операциялық жүйелер жалғыз пайдаланушыға арналған (MS DOS, Windows Зх, OS/2 ерте нұсқалары) немесе көп пайдаланушыға арналған (UNIX, WINDOWS NT) деп бөлінеді. Көп пайдаланушыға арналған жүйелерде ақпаратқа рұқсатсыз қатынас құрудан сақтау құралдары бар;

б) желілік операциялық жүйелерде компьютерлер арасындағы мәліметтерді байланыс желілері арқылы тасымалдау мен мәліметтерді тасымалдау протоколдарын іске асыру құралдары болады;

в) аппараттық платформа бойынша белгілі аппараттық платформаға бағытталған операциялық жүйелерден басқа, компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл тасымалданатын жинақы операциялық жүйелер де бар (UNIX). Осындай операциялық жүйелердегі аппаратты-тәуелді жерлері жергіліктенген және жүйемен бірге қайта жазылады. Аппаратты-тәуелсіз бөліктер жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерінде көбінесе С тілінде, жазылады да, басқа платформаға өткенде оларға жаңадан компиляция жасалынады.

 

16 Компьютерлік вирустар

 

Рұқсатсыз қатынас құру көп тараған компьютерлік бұзулар болып табылады. Рұқсатсыз қатынас құрудың түрлі әдістерінің ішінде жасырын атты ұстап алуды, артықшылықтарын заңсыз қолдануды атап кеткен жөн.

Жасырын аттарды ұстап алу арнайы дайындалған бағдарламалармен орындалады. Мысалы, заңды пайдаланушының жүйеге кіру әрекеті кезінде, ұстап алу бағдарламасы дисплей экранында пайдаланушының аты мен жасырын атты енгізу түрін жасайды, олар бағдарлама иесіне қайта жіберіледі, содан кейін экранға қате жіберілгені туралы хабар шығарылады да, басқару операциялық жүйеге оралады. Пайдаланушы қателестім деп есептеп, енгізуді қайталайды. Ұстап алу бағдарламасына енді жасырын атты қолдана беруіне болады.

Құқы бар пайдаланушы атынан басқа пайдаланушының кейбір әрекеттерді жасауы «маскарад» деп аталады. «Маскарад» мақсаты – кейбір әрекеттерді басқа пайдаланушыға меншіктеп, оның артықшылығын өзіне меншіктеп алу мүмкіншіліктері. Мысалы, жүйеге паролін ұстап алып басқа пайдаланушы атымен кіру, желіде басқа пайдаланушы атынан хабарларды тарату. «Маскарад» әсіресе электронды төленімдерді орындайтын банктік жүйелерде қауіпті. Компьютерлік желілердегі қауіп-қатерлерді арнайы қарастырайық. Белсенді емес жүйеге кіру кезінде (ақпаратты ұстап алуда) бұзушы байланыс арнасындағы ақпараттың тек қана өтуін бақылайды да, трафикке (хабарлар ағынына) сараптама мүмкін. Белсенді жүйеге кіргенде, бұзушы хабарда берілетін ақпаратты өзгертуге тырысады.

Басқа бағдарламаларды өзіне жазып алып, олардың көшірмесі түріне енетін көбею қабілетін сақтайтын, бағдарламаны залалдайтын бағдарламаны компьютерлік вирус деп атайды. Ол биологиялық вирус – сіркелер сияқты есептеу үрдісінің өздігінен көбейе алатын, түрленетін қабілетке ие компьютерлік вирусы. Вирустар жүйелік файлдарды залалдандырып, әркез компьютерді, жадыда іске қосылады немесе байқалмай қалуы үшін орындалатын файлдар түріне енеді. Вирустардың негізгі типтері: бағдарламалық, салатын, макровирустар.

Құжаттарында бейнеленген әрекеттерімен бірге кейбір басқа, жүйенің қауіпсіздігін бұзатын әрекеттерді орындайтын бағдарлама «троянский конь» деп аталады. Осындай бағдарламалар көбінесе пайдалы утилитар болып жасырынады.

Ауқымды желімен таратылатын вирустың бір түрі «сетевой червь» болады. Алғашқыда олар таратылған есептеулерді орындауға мүмкіншілік алу үшін желіде бос ресурстары бар компьютерлерді іздеуге дайындалған болатын. Дұрыс қолданылса «червьтер» технологиялары өте пайдалы болуы мүмкін. Бірақ олар зиян бағдарламалар ішінде ең қауіпті бағдарлама, себебі олардың шабуылы ауқымды желінің кезкелген компьютеріне жасалынуы мүмкін.

 

17  Windows операциялық жүйесі

 

Windows операциялық жүйесі - операциялық қабықшалар деп аталатын (себебі оларға DOS операциялық жүйесі бөлек орнатылады) Windows 3.1, Windows for Workgroups 3.11, Windows 9X, Windows NT, Windows 2000, Windows ME, Windows XP, Windows 2003  жүйелерден тұратын операциялық жүйелер тобы.

Windows 95 орнатылуының қарапайымдылығымен, мәліметтерді қорғаудың төмен деңгейлігімен, қолданбалы бағдарламалардың жаңылуларына тұрақтылығымен белгілі. Windows-тің түсінікті интерфейсі бар, plug-and-play технологиясын қолдайды, желілік жұмысқа арналған ішкі құралдары бар.

Windows 98 жүйесі Windows 95-тің дамуы болып табылады. Бұл нұсқа Internet Explorer Web-броузерімен бірге жұмыс істеуге негізделген, жаңа және ескі құрылғыларға көптеген драйверлері бар. Пайдаланушылар бұл операциялық жүйені орнатудың қарапайымдылығын, NT жүйесіне қарағанда процессор қуаттылығына, жады көлемімен, дискілік кеңістікке қойылатын талаптың төменділігін атап көрсетеді.

Windows-тың бір түрі Windows СЕ болып табылады. Бұл операциялық жүйе портативті компьютерлерге қолдануға негізделген. Windows СЕ операциялық жүйесі 32-разрядты нысанды бағытталған көпесепті операциялық жүйе болады, энергия жинайтын ішкі функциялары бар. Windows СЕ 3.0 (2000) нұсқасы өзінің мүмкіндіктері жағынан нақты уақытта жұмыс істейтін жүйелерге жақын. Бұл ыңғайлы операциялық жүйенің негізгі бөлігі портативті компьютерлердің жаңадан бағдарламаланатын тұрақты есте сақтау құрылғысына жазылған.

  Windows NT 5.0 немесе Windows 2000 – толық 32-разрядты операциялық жүйе. Windows 2000 төрт нұсқада шығарылады: Windows 2000 Professional, Windows 2000 Server, Windows 2000 Advanced Server және Windows 2000 DataCenter Server. Бұл нұсқалар құрамына кіретін бағдарламалар санымен және аппараттық қамтамасыздандыру талаптарымен ерекшеленеді.

  OS/2 (Operating system/2) бір пайдаланушыға арналған көпесепті, MS DOS жүйесімен бір бағытта (MS DOS → OS/2) бағдарламалық бірлескен, сонымен қатар 80386 және одан жоғары процессорлармен жұмыс істеуге негізделген операциялық жүйе болады. OS/2 операциялық жүйесінің маңызды қасиеттері: пайдаланушының көптерезелі интерфейсі, мәліметтер қоры жүйесімен жұмыс жасауға арналған бағдарламалық интерфейсі,   жергілікті есептеуіш желілерде жұмыс істеуге бағдарламалық интерфейсі бар. Бұл жүйенің кемшілігі – қазіргі кезде өңделген қосалқы бағдарламалар санының аздығы.

 

18  Windows XP операциялық жүйесі

 

Windows XP операциялық жүйесі көптеген мүмкіншіліктерге, жетілдірген бағдарламалар мен инструменталдық құрылғыларға ие. Оларда Windows брандмауэры  сияқты компьютердің қауіпсіздігінің маңызды элементтерінің жағдайын тексеруге мүмкіндік беретін қауіпсіздік құралдары, автоматты жаңару мен антивирустық бағдарламалар фондық режімде әрекет ететін және компьютердің тиімді, сенімді жұмысын қамтитын жаңа технологиялары бар. Windows XP сенімді және тұрақты жүйе болып табылады, сондықтан компьютер жұмысы тиімді және жоғары өнімді болады.

 Операциялық жүйенің интерфейсін қамтамасыздандыратын  бағдарламалар пайдаланушының операциялық жүйемен сұқбаттасу түрін (диалогін) өзгертпейді, бірақ қатысу тілін өзгертеді (бұйрықтар тілі мәзір тіліне түрленеді).  Сервистік жүйелерді интерфейстік жүйелер, операциялық жүйелердің қабықшалары және утилиталар деп бөлуге болады. Көптеген утилиталардың дамыған диалогті интерфейсі бар, олар қатынасу деңгейі бойынша қабықшаларға жақын.

Инструменталдық бағдарламалық  құралдар ішінде бағдарламаларды жазуға негізделген құралдарға мәтіндік редакторлар; алгоритмдік тілде жазылған бағдарламаны компьютерде орындауға жарамды түрге түрлендіретін құралдары: ассемблерлер, компиляторлар, интерпретаторлар, салушылар және байланыс редакторлары, бағдарламаны бақылау және жөндеу құралдары кіреді. 

Операциялық жүйе орнатылғанда компьютер жадысына драйверлер орнатылады, олардың аттары арнайы CONFIG.SYS файлында көрсетіледі. Драйверлер көмегімен компьютерге жаңа құрылғыларды қосуға және бар құрылғыны стандартты емес пайдалануға мүмкіндік мол.

Файл диспетчерлері (файл менеджерлері) көмегімен операциялық жүйенің файлдық құрамына қызмет жасайтын көптеген операциялар орындалады: көшірмесін алу, файлдардың атын ауыстыру мен орналастыру, басқа жерге тасымалдау, каталогтерді (бумаларды) жасау, файлдар мен каталогтерді жою, файлдарды іздеу, файлдық құрам бойынша ауысу. Осы мақсаттарға негізделген базалық бағдарламалық құралдар, әдетте жүйе деңгейіндегі бағдарламалар құрамына кіреді және операциялық жүйемен бірге орнатылады. Бірақ компьютер жұмысын ыңғайлау үшін қосымша қызмет бағдарламалары орнатылады:

а)  мәліметтерді сығу құралдары – архиваторлар;

ә)  әртүрлі құжаттарды тек қана қарап шығуға негізделген құралдар;

б) компьютерлік жүйенің жұмысы оңтайландыруға және бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандыруды диагностикалау үрдісін автоматтандыруға негізделген диагностикалау құралдары;

в) компьютерлік жүйенің үрдістерін бақылауға мүмкіндік беретін тексеру (мониторинг) құралдары. Сонымен бірге екі амал мүмкін болады: нақты уақыт режимінде бақылау; арнайы протоколды файлда нәтижелерді жазуды бақылау;

г) бағдарламалық ортаның күйін және өзгерістерін аңдуға, жаңа байланыстардың пайда болуын  және орнатылған бағдарламаларды жою себебінен жоғалған бұрынғы байланыстарды қалпына келтіруді протоколдауға негізделген құрылғы мониторлары;

ғ) желіде, электронды поштамен жұмыс функцияларын орындайтын, қашықтықтағы компьютерлермен байланысты орнататын, факсимилді хабарларды жіберетін коммуникациялау құралдары (коммуникациялық бағдарламалар) ;

д) компьютерлік қауіпсіздікті қамтамасыздандыратын құралдар:

1) мәліметтерді бүлінуден қорғайтын белсенді және белсенді емес қорғау құралдары;

2) криптографияда негізделген мәліметтерге рұқсатсыз қатынас құруға, қарап шығуға, өзгертуге тыйым салатын қорғау құралдары.

 

Тапсырмалар

1.  Мәтіндегі түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік (30) түзіңіз.

2.  Сөздіктің көмегімен мәтінді аударыңыз.

3.  Сан есімдерден мәтіндегіден басқа сөйлем құрастырыңыз.       

4.  Изафеттік сөз тіркестерін теріп жазып, аударыңыз.

5. Сияқты, тәрізді, арқылы, үшін шылауларын қатыстырып, мәтіндегіден өзге сөйлем құрастырыңыз. 

6.  Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

         

19 Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру

 

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру пайдаланушының есебін орындауға негізделген. Мұндағы басты түсініктеме қолданбалы бағдарламалар бумасы болып саналады. Қолданбалы бағдарламаларды жалпы міндеттері бар пакеттер, әдістер бойынша бағытталған пакеттер, мәселелер бойынша бағытталған пакеттер және т.б. бөлуге болады.

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруға сервистік бағдарламалар да жатады. Олар пайдаланушының ыңғайлы жұмыс ортасын ұйымдастырады, қосымша функцияларды орындайды (ақпараттық менеджерлер, аударушылар және т.б.).

Қазіргі кезде офис жұмыстарын автоматтандырудың ақпараттық технологияларын қамтитын көп бағдарламалық өнімдер бар. Оларға жататындар: мәтіндік процессорлар, кестелік процессорлар, мәліметтер қорларын басқаратын жүйелер, электронды пошта, электрондық күнтізбе, компьютерлік конференциялар, бейнемәтін және басқару жұмысының арнайы бағдарламалары: құжаттарды дайындау, бұйрықтарды орындауын бақылау, т.б. (мысалы, Microsoft корпорациясымен ұсынатын офистік MS Office қолданбалар пакеті).

Электронды басылымдардың көбісі баспалық шығарылымдарға қоятын талаптарға сәйкес мәтіндік редакторларда немесе басып шығару бағдарламаларында дайындалған мәтіндерден тұрады. Мұндай басылымдар әртүрлі бағдарламалық ортада дайындалуы мүмкін, сондықтан электронды құжатты қайта өндіру үшін сол орта немесе онымен бағдарламалық және ақпараттық сәйкес болатын орта қажет.

Электронды басылымдардың бағдарламалық ақпарат сәйкестігінің мәселесін шешуге Adobe Systems фирмасының  ұсынатын амалы: стандартты мәтіндік формат ретінде мәтінді белгілеу PDF форматы. Мәтіндік редакторлар немесе басып шығару пакеттерінің бағдарламаларында құжат форматын PDF форматына көшіру трансляторлары бар. Сондықтан кез келген электронды құжатты бірегей түрде көрсетіп, оны AdobeAcrobat бағдарламасында көріп шығуға болады.

 

 

20 Гиперсызбалық және мультимедиалық басылымдар

     

Кейбір электронды құжаттарда мәтіндік материалдар электрондық басылымның сызбалық және анимациялық элементтеріне түсініктеме ретінде қолданылады. Осындай баспалар гиперсызбалық және мультимедиалық басылымдар деп аталады.

Электронды басылымның мәтіндері дәстүрлі әдістермен дайындалуы мүмкін: пернетақтадан теру, мәтіндерді сканерлеу, магнитті тасымалдаушылар көмегімен немесе желі арқылы компьютерге көшіру.

Электронды құжаттарды дайындауды автоматтандыру үшін арнайы бағдарламалар құрылған: Macromedia Dreamweaver, Microsoft FrontPage, Adobe Page Mill, Claris Home Page, SoftQuad, HotMetal Pro, Symatec Visual Page, NetObject Fusion, т.б.

Электронды құжаттарға мәтіндерден басқа да элементтерді енгізуге болады, мысалы растрлық немесе векторлық сызба түрінде көрсетілетін  әртүрлі суреттер.

Растрлық  бейнелер (мысалы, фотолар) дискретті нүктелермен – пикселдермен – жасалынады; нүктелер саны монитор мен компьютердің бейнеапдаптерінің рұқсат етілген қабілеттілігіне тәуелді. Растрлық бейнелерді Adobe PhotoShop, Corel Photopaint, MS Paint, т.б. растрлық сызбаның бағдарламаларында жасауға болады.

Векторлық сызба (мысалы, көркемдік немесе техникалық иллюстрациялар) нысандарды математикалық өрнектермен суреттейді. Векторлық бейнелер рұқсат етілген қабілеттілікке тәуелсіз, пикселдердің керекті саны бейненің өзімен емес, монитордың рұқсат ететін қабілеттілігімен анықталады. Сақтаған кезде жадының аз көлемі талап етеді және масштабтағанда сапасы өзгермейді. Векторлық сызбаны Corel Draw, Adobe Illustrator, FreeHand бағдарламаларын да жасауға болады.

Гипермәтіндік HTML-құжаттарында әдетте растрлық графика қолданылады. PDF-құжаттарында сызбаның екі түрі де болуы мүмкін. Электронды басылымдарда растрлық және векторлық сызбадан басқа мынадай түрлері болады:

-   анимациялық сызба (көп тараған бумалар - Macromedia Flash, Macromedia, Director Hyper Method, Unlead Gif Animator, 3D-Studio,т.б.) ;

-   бейнеақпарат (ақпаратты кешенді өңдеуді Macromedia Flash, Adobe Premiere, Unlead Media Studio Pro, т.б. бумаларды қамтиды);

- аудиоақпарат (цифрлық дыбысты өңдеу үшін Cool Editor, Sound Forge, Samplitude, Software Audio Workshop қолданылады) .

 

21  Сканер

 

Электронды бейнені алудың бір жолы сканерлеу болып табылады. Сканерлер қолмен жасалатын беттік, планшетті, проекциялық және барабандық деп бөлінеді. Көп тараған сканерлер – планшетті. Сканердің физикалық рұқсат етулігі және бояу тереңдігі - ең маңызды қасиеттері.

Мәтінді анықтап тану жүйелерінің ішінде FineReader мен CuneiForm озық бағдарламалар деуге болады. Олардың қарапайым орыс тілдегі интерфейсі бар, кез келген сканермен бірге сатылады. Ал орыс немесе негізгі еуропа тілдерінен басқа тілдерде жұмыс істеу қажет болса, онда Primax және Hewlett Packard фирмалардың сканерлерімен бірге сатылатын OCR-бағдарламалардың толық үлгісін қолдану керек. Электронды баспаларды дайындау үшін кез келген қол жететін арнайы бағдарламаны қолдануға болады, мысалы, Macromedia Dreamweaver, Microsoft FrontPage немесе Adobe PageMaker.

Мәтінді анықтап тану беттің бейнесін сақтап сканерленген бейнені мәтінді түрлендіруден тұрады. Мәтінді тану алдында, танудың негізгі параметрлерін орнату қажет: тану тілі, танылған мәтінді басып шығару түрі, беттің типі. FineReader редакторы біртілді құжаттармен бірге көптілді құжаттарды (мысалы, ағылшын-француз құжаттарын)  тануын  сүйемелдейді. Көптеген мәтіндерге басып шығару типі автоматты түрде анықталады. FineReader мәтіндік редактордың орфографиялық қателерді табуға, дұрыс танылмаған сөздерді тануға, FineReader жүйесінің сөздігіне жаңа сөз қосуға мүмкіндік береді. Тану нәтижелерін дискіде сақтамай сыртқы қолданбалыға беруге, файлда сақтауға, алмасу буферіне көшіруге немесе электронды поштамен жіберуге болады.

Қазіргі кезде мәліметтер қорын  құруды, қолдануды және басқаруды қамтамасыз ететін бағдарламалық құрылғылар көп тараған. Барлық мәліметтер қоры мәліметтерді сақтау принципіне қарай үш негізгі түрге бөлінеді: иерархты, желілік және реляциялық. Олармен ойдағыдай жұмыс жасау үшін қажетті мәліметтерге қол жеткізетін, мәліметтер қорына өзгерістерді енгізетін және басқа да мәліметтермен әрекеттер жасауды қамтитын бағдарламалық құрылғылар қажет. Осы есепті шешу үшін мәліметтер қорларын басқару жүйелері қоданылады. Олардың барлығы екі топқа бөлінеді: жергілікті (dBase, FoxPro, MS Access) және желілік (InterBase, Oracle, MS SQL Server).

 

22            Мәліметтер қорын басқару жүйелері

 

Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің негізгі функциялары: мәліметтерді анықтау (мәліметтер қорының құрылымын бейнелеу), мәліметтерді өңдеу және басқару.

Кез-келген мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтермен негізгі төрт операцияны орындауға мүмкіндік береді:

-         кестелерге бір немесе бірнеше жазбаларды қосу;

-        кестелерден бір немесе бірнеше жазбаларды жою;

-        бір немесе бірнеше жазбадағы кейбір өрістердің мәндерін жаңарту;

-        берілген шартты қанағаттандыратын жазбаларды табу.

Мәліметтерге рұқсатсыз қатынас құрудан қорғауды, мәліметтермен бір уақытта көп пайдаланушылардың жұмыс істеу режімін қолдауды, мәліметтердің бүтіндігі мен келісімін қамтамасыздандыруды оларды басқару деп атайды. Мәліметтерге рұқсатсыз қатынас құрудан қорғау әр пайдаланушыға тек қана оған рұқсат етілген мәліметтерді көруге және өзгертуге мүмкіндік береді. Көп пайдаланушылардың жұмыс істеу құралдары бір мезгілде бірдей мәліметтерді бірнеше пайдаланушының өзгертуіне рұқсат етпейді. Мәліметтердің бүтіндігі мен келісімін қамтамасыздандыру құралдары келісілмейтін өзгертулерді енгізуден қорғайды.

Мәліметтер қорының технологиясы көптеген қолданбаларда қолданылады. Олардың кейбіреуі тек қана бір компьютерде жұмыс істейтін жалғыз пайдаланушыға негізделген, басқалары жергілікті желі арқылы жұмыс топтарымен қолданылады, кейбіреулері жүздеген пайдаланушыларға қызмет етіп, триллиондаған мәліметтерге ие болады.

Соңғы уақытта мәліметтер қорының технологиясы ашық және жабық желілерде мультимедиа қолданбаларын қолдау үшін Интернет-технологиясымен бірге пайдаланылады.

Реляциялық типті мәліметтер қорын басқару жүйесінің бірі Microsoft Access болып саналады, оның жоғарыда айтылып кеткен функцияларды орындауға барлық қажетті құралдары бар. Microsoft Access-тің жеке  мәліметтер қорын құрып қана қоймай, қарапайым немесе күрделі қолданбаларды жасауға мүмкіндік беретін қарапайым графикалық интерфейсі.

Қазіргі кездегі қолданбалы бағдарламалардың ішінде интелектуалды компьютерлік жүйелердің орны ерекше. Осындай жүйелердің технологиясы жасанды интеллект (Artificial Intelligence - AI) деп аталатын зерттеулердің жаңа саласының бір бағыты болады. Гипотезалар туындатып оларды тексеру бағдарламаларын жасау жасанды интеллект саласына жатады. Гипотезаларды тексеру үрдісін жеке тәжірибелерге бөлу зерттеушінің арнайы оқып немесе өз тәжірибесінде үйренетін өнері болып табылады. Осы саладағы негізгі күш салу адам ойлауын эмуляциялауға бағытталған.

Жасанды интеллект концепциясынан эксперттік жүйелер теориясы пайда болды.  Эксперттік жүйе маман адамның тәжірибесі қажет етілетін функцияларды орындайды немесе шешім қабылдайтын адамға ассистент рөлінде болуды талап етеді. Эксперттік жүйелерді енгізудің тиімділігі жоғары болу үшін адам мен компьютер арасында функцияларды дұрыс тарату қажет. Осы саладағы зерттеулер, адам қызметінің сол саладағы ойлауын, шеберлігін және жинақталған тәжірибесін талап ететін, адам әрекетін қайта түрлендіретін компьютерлік бағдарламаларды өңдеуге және дайындауға бағытталған.  Осындай есептерге шешім қабылдау, бейнелерді тану, адам тілін түсіну жатады.

Эксперттік жүйенің басқа қолданбалы бағдарламалардан айырмашылығының екі қасиеті: белгілі проблемалық аймақтың физикалық табиғатын емес, мәселесін шешуге негізделген адам санасының механизмін үлгілейді; жүйе өз білімінің негізінде есептеу операцияларымен бірге пікірлер мен қорытындыларды жасайды.

Білімдер жүйеде арнайы тілде көрсетіледі және пікірлер мен қорытындыларды жасайтын білімдер қоры деп аталатын бағдарламалық шарттаңбадан бөлек сақталады. «Эксперттік жүйе» түсініктемесінің синонимы ретінде білімдерге негізделген жүйе термині қолданылады.

Сонымен, эксперттік жүйе адамның практикалық қызметі нәтижесінде жинақталған белгілі тақырып аймағының білімдерінен тұрады және оларды осы саладағы мәселелерді шешуге қолданады. Осылайша “дәстүрлік” жүйелерден ерекшеленеді. Эксперттік жүйені жасау үрдісін білімдер инженериясы (knowledge engineering) деп атайды.

         

23            Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар

 

 Дербес компьютерлердің пайда болуы мәліметтерді өңдеу жүйелерін ұйымдастырудың, жаңа мәліметтік технологияларды құрудың жаңа тәсілдерін талап етті. Жеке компьютердегі мәліметтерді орталықтаған өңдеу жүйелерінде пайдаланудан компьютерлік есептеу желіде мәліметтерді таратылған өңдеуге ауысу сұранысы туды. Желі абоненттері ретінде жеке компьютерлер, компьютерлік кешендер, терминалдар, өндіріс роботтары, сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктар және т.б. бола алады. Абоненттердің орналасуы жағынан компьютерлік желілер ауқымды, аймақтық, жергілікті деп бөлінеді. Ауқымды, аймақтық, жергілікті компьютерлік желілердің бірлесуі көлемі үлкен мәліметтік массивтерді өңдеудің қуатты құралдарын қамтитын және шектелмеген мәліметтік ресурстарға қатынас құруға мүмкіндік беретін көпжелілі иерархияларды орнатуға болады.

Жалпы түрде компьютерлік желі жұмыс станциялар желілері, серверлер желілері және мәліметтерді тасымалдаудың базалық желісі секілді бір-бірінің құрамында болатын жүйелердің жиыны болып табылады.

Компьютерлік желілердің сәулетін анықтайтын негізгі талаптар: ашықтық, ұзақ жасағыштық, бейімделушілік, мәліметтердің қауіпсіздігі. Осы талаптар көпдеңгейлі сұлба ретінде іске асырылатын желідегі үрдістерді басқарудың модульдік ұйымдастыруымен орындалады.  Деңгейлер санымен олар арасындағы функциялардың бөлінуі желінің тиімділігіне және желіге кіретін компьютерлердің бағдарламалық қамтамасыздандыруының күрделілігіне әсер етеді. Деңгейлер санын таңдау процедурасы жоқ.

Эталонды үлгі ретінде жеті деңгейлі сұлба қолданылады: 1-деңгей – физикалық,  2-деңгей – каналдық, 3-деңгей – желілік, 4-деңгей – транспорттық,  5-деңгей – сеанстық, 6-деңгей – көрсету, 7-деңгей – қолданбалы. 1-3 деңгейлер мәліметтерді тасымалдаудың базалық желісін желі абоненттері арасында мәліметтерді сенімді тасымалдауын қамтамасыздандыратын жүйе ретінде ұйымдастырады. 5-деңгейде үрдістердің сұраныстары бойынша хабарларды қабылдау және жіберу порттары құрылады және логикалық арналар ұйымдастырылады.

Желідегі байланысты іске асыру протоколдармен реттеледі.

Компьютерлік желіні ұйымдастырудың базалық принциптері оның негізгі сипаттамаларын анықтайды: операциялық мүмкіншіліктері, өнімділік, хабарларды жеткізу уақыты,  ұсынылатын қызметтердің бағасы.

Жергілікті есептеу желілері негізінде жасалынған ақпараттық жүйелер мәліметтерді сақтауды, мәліметтерді өңдеуді, мәліметтерге пайдаланушылардың қол жеткізуін ұйымдастыруды, мәліметтерді және олардың өңдеудің нәтижелерін тасымалдауды қамтамасыздандырады.

 

Тапсырмалар

1. 30 сөз тіркесінен сөздік құрып, аударыңыз.

2. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып,  үшеуін шақ категориясына (осы, өткен, келер шақ) түрлендіріңіз.

3. Мәтінге  бес сұрақ дайындаңыз.

4. Сан есімдерден мәтіндегіден басқа сөйлем құрастырыңыз.

5. Мәтіннен тұйық етістіктерді тауып, біреуін септеңіз. Мысалы:таралу, таралуының, таралуға, таралуды, таралуда, таралудан, таралумен.

6. Мәтінді толық аударыңыз.

         

24            Желі топологиясы

       

Қазіргі кезеңдегі компьютерлік желілерде көбінесе аралас желі қолданылады. Бұл желі жұмыс станциялар мен серверлерді біріктіреді, жұмыс стансалардың бірсыпырасы бір рангілі желіні, ал басқалары екі рангілі желіні құрайды.

Желі түйіндерін қосудың геометриялық  сұлбасы желі топологиясы деп аталады. Желілік топологиялардың көп нұсқалары бар, олардың ішіндегі шина, кольцо, звезда атты топологиялары базалық болып саналады. Жергілікті желі осы топологиялардың біреуін қолдануы мүмкін. Топологияны таңдау бірігетін компьютерлер санына, олардың өзара орналасуына және тағы да басқа шарттарға байланысты.

Шиналық тополгия мәселелерінің пайда болу жағдайлары: шинаның кез-келген жерінде үзілуі, компьютердің біреуінің желілік адаптері бұзылып,  шинаға сигналдар бөгетпен берілуі, желіге жаңа компьютерді қосу қажеттілігі. Шеңберлік топологияның кемшіліктері: барлық желінің жұмысын тоқтататын шеңбердің кез келген жерінде пайда болған ажырау, хабарды беру уақыты әр түйіннің тізбектеліп жұмысқа қосылу уақытынан тәуелділігі, әр түйіннен өткен себебінен ақпарат байқаусыздан бұзылуы мүмкін. Базалық топологияларды комбинациялау (гибридты топология) базалық топологиялардың құндылықтары мен кемшіліктерін қосындылайды.

Әртүрлі желілерде желілік арналарға қатынас құру әдістерін бейнелейтін әртүрлі процедуралар бар (мәліметтерді тасымалдау протоколдары). Көп тараған белгілі қол жеткізу әдістері:  Ethernet, Arcnet және Token-Ring.

Xerox фирмасымен 1975 жылы өңделген Ethernet қатынас құру әдісі мәліметтерді тасымалдаудың жоғары жылдамдылығын қамтиды және бір уақытта хабарларды бірнеше станциялармен беруге рұқсат етеді. Бұл қатынас құру әдісі үшін «жалпы шина» топологиясы қолданылады.

DatapointCorp фирмасымен өңделген Arcnet қатынас құру әдісі Arcnet жабдықтары Ethernet немесе Token-Ring жабдықтарына қарағанда арзан болғандықтан кең таралған. Arcnet «звезда» топологиясы бар жергілікті желілерде қолданылады.

Token-Ring қатынас құру әдісі IBM фирмасымен өңделген және желінің шеңберлік топологиясына негізделген.

Жергілікті есептеу желілерін құру мәселелерімен қатар компьютерлік желілерді кеңейту (бірлестіру) мәселелері де бар. Ақпараттық жүйе дамуының белгілі қадамында құрылған есептеу желісі уақыт өте келе, пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырмауы мүмкін. Сонымен бірге, сигналдардың, мәліметтерді тасымалдау арналарының физикалық қасиеттері мен желілік компоненттердің конструкциялық ерекшеліктері желінің геометриялық өлшеміне және түйіндер санына қатты шектеу қояды. Жергілікті желілерді бірлестіру үшін қайталағыш, көпір, маршрутизатор, шлюз  құрылғылары қолданылады.

Ірі жергілікті желілер ауқымды желіге бірігеді. Ауқымды желінің жұмысын басқару орталығы (арнайы компьютерлер) қолдайды. Олар тек қана әкімшілік мақсаттарға қызмет етеді. Пайдаланушыға желі ресурстары туралы ақпаратты береді, желі жұмысын тексереді, есептеуді орындайды. Пайдаланушылар желінің басқа абоненттерімен арнайы коммуникациялық бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы араласады.

 

25 Ақпаратты қорғаудың негіздері

 

Қазіргі кезде ақпарат арнайы «тауар» болып табылады, сонымен бірге оның құны өзі орналасқан компьютерлік жүйенің құнынан бірнеше есе жоғары. Сондықтан ақпаратты рұқсатсыз қатынас құрудан, арнайы өзгертулерден, ұрлаудан, құртудан қорғау қажет болады. Кез келген ақпараттық жүйе өзінің қауіпсіздік саясатын өткізеді.

Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі өзі өңдейтін ақпараттың жасырындылығын, бүтіндігін  және жүйенің компоненттері мен ресурстарына қатынас құру мен бүтіндігін қамтамасыз ететіндей шара қолданады.

Ақпаратқа қол жеткізу дегеніміз – ақпаратпен танысу және оны өңдеу. Қол жету нысаналарға қол жету субъектілерінің құқықтарын бөлу үшін ақпаратқа қол жетуді бөлу ережелері орнатылады.

Ақпараттық жүйе қауіпсіздігінің қауіп-қатері деп жүйенің қауіпсіздігіне тікелей немесе жанама зиян келтіретін мүмкін болатын әсерлерді айтады.

Жүйенің кейбір осал жерін іздеуге негізделген қауіпсіздіктің қауіп-қатерін іске асыру, ақпараттық жүйеге шабуыл деп аталады. Қорғаныс құралдар кешендері бар жүйелер қауіпсіздіктің қауіп-қатерлеріне тиімді қарсы тұрады және қауіпсіз болады.

Ақпараттық жүйені көптеген қауіп-қатерлерден сақтауға негізделген қорғаныс құралдарының жұмысын белгілі бір тәртіпке бағындыратын ережелер, нормалар және практикалық түсініктемелер қауіпсіздік саясаты болады. Ақпараттық қауіпсіздік көзқарас бойынша ақпарат бүтіндік, аутендік, аппеляциялық және құпиялылық секілді қасиеттерге ие. Қауіпсіздік жағынан ақпараттық жүйелердің келесі қасиеттері болуы керек: сенімділік, дәлдік, қатынас құруды  бақылау,  бақылаушылық, теңдестіруді бақылау және әдейі бұзуға тұрақтылық.

Әсер ету мақсаты бойынша ақпараттық жүйенің қауіпсіздігіне жасалатын қауіп-қатерлердің үш түрі бар: ақпараттың құпиялылығын бұзу, бүтіндігін бұзу, жүйенің жұмыс қабілетін бұзу қауіп-қатері (қызмет жасауға келіспеу).

Әдетте кейбір жабық ақпаратқа рұқсатсыз қатынас құру болған кезде құпиялылықты бұзу қауіп-қатері де пайда болады. Ақпараттың бүтіндігі әдейі немесе қоршаған ортаның нысандық әсерлерінен бұзылуы мүмкін. Жүйенің жұмыс қабілеттілігін төмендететін немесе жүйе ресурстарына қол жеткізуді жабатын анық арнайы әрекеттер қызмет жасауға келіспеушілікті тудырады.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.              Ибраева Л.Қ., Сүйебаева Л.Б. Ақпараттану: Дәрістер жинағы (мамандықтардың барлық оқыту түрлерінің студенттері үшін). - Алматы: АЭжБИ, 2006. - 40 б.

2.   Құралбаев З. Қ. Басқарудың модельдері мен әдістері. Оқу құралы. -

Алматы:АЭжБУ, 2010. -30 б.

          3. Құралбаев З. Қ.  Ақпараттық жүйелердің негіздері. -  Алматы: АЭжБИ, 2009. -  76 б

          4. Тілембекова А. Ы.  Қазақ тілі: Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік көрсеткіштер (радиотехника және байланыс факультетінің студенттері үшін) – Алматы: АЭжБИ, 2003.-38 б.

          5. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Радиотехника, электроника және байланыс, 6-том. - Алматы, 2000.

Мазмұны

 

1

Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

3

2

Ақпараттық жүйе

4

3

Ақпараттық технология

5

4

Өнім өндірудің автоматтандыру жүйелері

5

5

Операциялық жүйелер

6

6

Internet желісі

7

7

PDM – жоба мәліметтерін басқару

9

8

Ақпараттанудың техникалық құрылғылары

9

9

Микропроцессор құрылғылары

10

10

Микропроцессор

11

11

Дербес компьютерлер жадының деңгейі

12

12

Оперативті жады

13

13

Қатқыл магниттік диск

14

14

Ақпаратты енгізетін сыртқы құрылғылар

15

15

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру

16

16

Компьютерлік вирустар

17

17

Windows операциялық жүйесі

18

18

Windows XP операциялық жүйесі

19

19

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру

21

20

Гиперсызбалық және мультимедиалық басылымдар

22

21

Сканер

22

22

Мәліметтер қорын басқару жүйелері

23

23

Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар

25

24

Желі топологиясы

26

25

Ақпаратты қорғаудың негіздері

27

26

Әдебиеттер тізімі

28