АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Орыс және қазақ тілдері кафедрасы 

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі

  

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

 5В0719-радиотехника және байланыс мамандығының 1 курс студенттері үшін

№2 семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

  

  

 

Алматы 2010 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Телгожаева Қ.С. Қазақ тілі 5В0719 Радиотехника және байланыс мамандығының 1 курс студенттері үшін №2 семестрлік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар.  Алматы: АЭжБИ, 2010.- 36 б. 

Әдістемелік көрсеткіш радиотехника және байланыс бакалаврларының оқу бағдарламасына сәйкес орындалатын өздік жұмыстарға арналып құрастырылды.

         Көрсеткіште радиотехника және байланыс  мамандықтарына қатысты жазбаша аударуға арналған мәтіндер және мәтін контексі бойынша қайталау, бекіту мақсатында грамматикалық тапсырмалар берілген.

         Көрсеткіш радиотехника және байланыс электр энергетика бағытында даярланатын студенттерге ұсынылады.

 

№2 Семестрлік  жұмысты орындау тәртібі:

·        №2 СӨЖ бойынша берілген тапсырмаларды  толық орындау;

·        нұсқа сынақ кітапшасының соңғы  санына сәйкес  таңдап алынады;

 

 

Жұмыстың мерзімі: 1 ай.

 

Қойылатын талаптар:

·        жұмысты  А 4 форматында  14 шрифтпен басу;

·        берілген жұмыстың түпнұсқасы толық жазылуы керек;

·        жұмыстың мазмұнын, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету;

·        жұмыс мерзімінде өткізілуі керек;

 

Тапсырмалары:

1.                 Мәтінді толық оқып шығып, үстеу және сын есім, зат есім формасындағы сөздерден сөздік  жазыңыз (30-мысал). (Үлгі; үстеу-алды, маңында, шамалы: сын есім-жағымсыз, сапалық, бірарналы)

2.                Септеулік шылаулар (үшін, арқылы, бойынша, бірге, қарай, кейін, дейін, сайын) арқылы жасалған сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыз. (Үлгі: радиоқұралдар үшін. Мамандар радиоқұралдар үшін жаңа технологиялық сипаттағы құрылғыны дамытты).

3.                Мәтінде кездесетін терминдер және түсініксіз сөздерді  теріп жазып, олардың синонимдік және антонимдік қатарларын табыңыз (10-мысал). (Үлгі: радиотаратқыш. Антоним-радиоқабылдағыш. Синоним-радиохабаржеткізуші)

4.                Мәтінде кездесетін құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, оны жай сөйлемдерге ауыстырыңыз (5мысал). (Үлгі: Есептеу жылдамдығын арттыру үшін Р5 құрылымында бір такт мезгілінде екі бұйрық қатар орындалып, екі конвейерлік жүйе қатар пайдаланылады. Жай сөйлем: Есептеу жылдамдығын арттыру үшін Р5 құрылымында бір такт мезгілінде екі бұйрық қатар орындалады. Сондықтан  екі конвейерлік жүйе қатар пайдаланылады.

5.      Мәтінді аударыңыз.

6.       Өз мәтініңізге қатысты мәліметіңіз болса, жазбаша түрде қазақ тілінде өткізуіңізге болады.  (Үлгі: Елімізде интернетпен байланыс құруда Қазақтелеком  компаниясының орны ерекше. Қазақтелеком 2006 жылдан бастап, Wi-Fi  және WI-Max технологиясы бойынша Интернет желісіне сымсыз қосылуды жүзеге асырды.    

 

1-    нұсқа

           Радиоэлектрондақ құрылғылардың даму маңыздылығы

 

           Радиоэлектрондық құрылғылардың электромагниттік үрдісін қамтамасыз ету мәселесі дамып келе жатқан радиоэлектрониканың маңызды қажеттіліктерінің пайда болуына байланысты. Қолданысқа электротехникалық және радиотехникалық құралдарды кеңінен енгізу электромагниттік өріс деңгейлерінің өсуіне әкеліп соқтырды. Бұл өрістер басқа жанама құрылғылар үшін бөгеу болып табылады, өйткені ол олардың жұмыс істеу қабілетін төмендетеді және қолдану әсерін жояды. Техниканың бұл аймағындағы алға басу, оның сандық өсуінен туындаған жағымсыз құбылыстармен сипатталады. Соңғы ғылыми жетістіктер әртүрлі құралдардың қосарлы жұмыс істеуін қамтамасыз ету негізінде болатын жаңа сапалық деңгейдегі дамуды талап етеді. Әртүрлі радиотехникалық құрылғылардың бірмезгілдегі және қосарлы жұмысын қамтамасыз ететін радиоэлектрониканың жаңа бағыты радиоэлектроника құралдарының электромагниттік тіркеушілігі деген атқа ие болды.

Радиоэлектроника құралдарының қосарлы жұмысын қамтамасыз ету техниканың маңызды мәселесі болып табылады. Өйткені электроника мен радиоэлектрониканың ілгеріліп дамуы, оның қосарлап жұмыс істеу шарттарына байланысты жаңа құралдарды пайдалану қажеттілігін күшейтеді.

Электромагниттік үдеріс мәселелерінің маңыздылығын арттыратын негізгі себептер:

- көбінесе жылжымалы объектілерде қондырылған және бір мезгілде әрекет ете алатын радиотехникалық құрылғылардың саны өсті,

- қуаты ондаған мегаваттарға жететін кейбір радиоқұралдар үшін радиотаратушы құрылғылардың қуаты көбейді,

- қазіргі заманғы көптеген радиоқұрылғыларында қолданылатын жиілік желілері кеңейді,

- радиожиілік ауқымдарының жүкті иеленуі арта түсті,

- аналогтық және сандық техника негізіндегі диагностикалық, автоматикалық бақылаудағы электрондық құралдар кеңінен енгізілді,

- кемелер мен ұшақтардың жылжымалы объектілерін радиоэлектроника құралдарымен жабдықтау өсті,

- ұшқыш аппараттарда қондырылған радиоқұралдардың жұмыс істеу қабілеті нашарлайды, өйткені олар шамалы аумақтарда орналасқан және саны күннен-күнге өсіп келе жатқан дербес жерүсті радиоқұралдарының тікелей көрінісіндегі аймақта орналасқан. 

Радиоэлектрондық құралдардың жұмыс жағдайларын жақсарту, сонымен қатар радиожиілік спектрін пайдалану, радиотолқындарды тарату, мүмкін болатын бөгеулер деңгейі мен олардың спектралдық құрамын болжау, радиотаратушы, радиоқабылдаушы және антенналық құрылғыларды құру радиоэлектрониканың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Электромагниттік үдерісті қамтамасыз ету мәселесі қазіргі радиоэлектрониканың жеке салаға бөлініп, жаңа өзіндік ғылыми-техникалық бағытқа айналғандығын көрсетеді. 

 

2-нұсқа

         Микропроцессор

 

Кез келген  жаңа микропроцессорды жасауда, жобалаушылар бірінші кезекте олардың жылдамдығы мен қуаттылығын арттыруға тырысады. Pentium (Р5) микропроцессорын жасауда олар мынадай жолдармен шешіледі.

а) МП-дың функционалдық мүмкіндігін кеңейту мақсатымен Р5 кристалындағы транзисторлар саны 3-млн-нан асырылып отыр. 294мм2 кристалға мұншама транзисторды сыйдыру үшін технологиялық ажыратулық қабілеттілігі 0,8мкм-ге дейін жеткізіледі. Бұл жерде «көп транзистордың көп мүмкіншілігі бар» деген қағидамен Intel фирмасының негізін қалаушылардың бірі Мурдың атымен аталған заңдылықты еске алуымызға болады: «Микропроцессордың жан-жақты өсіп өркендеуі үшін транзисторлар санының жылдық өсімі екі есе болып отыруы тиіс». Бұл заңдылықтың осы уақытқа дейін сақталып келгенін ескеріп, ары қарай да орындала береді деп болжамдасақ, 2010-жылдары бір кристалда 50 млн транзисторлар алатын боламыз.

ә) Пайдаланылған 8 кбайттық екі кэш-жады микропроцессор кристалдың тікелей өзінде орналасып, оның «алыстағы» шұғыл жадымен жиі «хабарласуының» қажеттілігін азайтып отыр. Әлбетте, бұл аз шығынмен құрылғы жылдамдығын көп арттыруға мүмкіндік береді.

б) Есептеу жылдамдығын арттыру үшін Р5 құрылымында бір такт мезгілінде екі бұйрық қатар орындалып, екі конвейерлік жүйе қатар пайдаланылады. Бұрынғы құрылымдармен салыстырсақ, 386-да екі тактіде бір бұйрық орындалса, 486-да бір бұйрық толығымен бір тактіде орындалып отырды.

в) Есептеу барысында қай жолмен, қандай бағытта жалғастырылу қажеттігі алдын-ала болжалып, ең тиімді деген жолға салынып отырады.

г) Берілген мерзім аралығында жұмыс атқару өнімділігін арттыру үшін МП-ның жұмыс жиілігі 2-5МГц аралығында болса, бірінші шыққан Pentiumдердің жұмыс атқару жиілігі 60 МГц-тен басталып, 150 МГц-ке дейін жетпекші. Олар секундына 250 млн амал орындамақшы.

д) МП архитектурасының разрядтығы (немесе «сөз ұзындығы») неғұрлым үлкен болса, ол бір тактінің ішінде соғұрлым көп аппараттық мәліметтерді өңдей алады. Жоғарыда талданып өткен 8080МП-ының разрядтығы 8-ге тең еді, ал 8086-да-16, 80386-да-32 болып, ал, Р-ке келгенде 64-ке жетіп отыр.   

 

3- нұсқа

Радиобайланыс

        

Радиобайланыс - сымдарды қолданбай-ақ электрлік сигнал тарату. Радиобайланыс (РБ) бір жақты және екі жақты болады. Бір жақты радиобайланыс хабарды тікелей, ал екі жақты радиобайланыс тікелей және кері бағытта жіберуді қамтамасыз етеді. Радиобайланыс симплексті және дуплексті болады. Симплексті радиобайланыста ақпарат алмасу кезекпен (тек тарату және тек қабылдау) жүреді, бұл кезде қабылдағыш тарату құрылғысы қосылады және бұған бір жұмыс жиілігі қажет. Дуплексті радиобайланыста бір уақытта ақпарат алмасу екі жақты (қабылдау және тарату) орындалады, мұнда құрылғы қосылмайды, бірақ екі түрлі жиілік қажет.

         Радиобайланыс арнасы-сигналды шығу көзінен қабылдаушыға жеткізуді қамтамасыз ететін радиотолқындардың таралу ортасы мен техникалық қондырғылардың жиынтығы. Олар үзіліссіз (егер кіріс және шығыс хабарлары үзіліссіз болса), дискретті (кіріс және шығыс хабарлары дискретті), үзіліссіз-дискретті (дискретті-үзіліссіз) болады.

         Радиобайланыс линиясы- бір азимуталды бағыттағы радиобайланыс қамтамасыз ететін (бірарналы және көпарналы) радиотолқындардың таралу ортасы мен барлық қондырғылардың жиынтығы.

         Радиожелі-барлық абоненттер үшін ортақ жиілікте жұмыс істейтін байланыстың радиолинияларының жиынтығы.

         Радиолинияларының тығыздау құрылғысы-әртүрлі қабылдаушыға арналған екі және одан да көп хабарларды бір радиолиниямен таратуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар жиынтығы (байланыстың спутникті арналары).

         Радиобайланыстың құрылымы: хабар көзі, хабарды сигналға түрлендіруші, сигналды күшейіткіш, төменгіжиілікті сигналды жоғарғыжиілікті сигналға түрлендіргіш, антенналы таратқыш, радиотолқындардың таралу ортасы, радиобөгеуілдер көзі, антенналы қабылдағыш, жоғарғыжиілікті сигналды төменгіжиілікті сигналға  түрлендіргіш, сигналды хабарға түрлендіргіш, хабар қабылдағыштардан тұрады.

 

4- нұсқа

Транкинг

 

Транкинг – бұл көптеген абоненттер санының саны шектелеген арналарға еркін кіру әдісі. Қандай да бір уақыт мезетінде барлық абоненттер активті болмағандықтан, қажетті арналар саны абоненттердің ортақ санынан әлдеқайда аз. Мысалы, арналар саны 5 болғанда (4 дауыстық арна және 1 басқару арнасы) транкингті жүйе 300 абоненттерге қызмет ете алады.

Карапайым әдеттегі радиобайланыспен салыстырғанда транкингті радиожүйе келесі айырмашылықтармен сипатталады:

-     жиіліктік қорын тиімді қолдану;

-                   көпзоналы/көпаймақты жүйе қалыптастыру жолымен қызмет көрсету аймағының  көбеюі;

-       ортақ қолданыстағы телефон жүйесіне шығу;

-     көптеген қызмет көрсету мүмкіншілігі;

Ұялы жүйелермен салыстырғанда транкингті радиобайланыстың артықшылықтарына мыналарды  жатқызуға болады:

-    шақырудың икемді жүйесі – жеке, топтық, апаттық және т.б.

-                  нөмірлеудің икемді жүйесі – екі сандық нөмірлеуден толық дыбыстық нөмірлерге дейін;

-                  байланыс орнатудың қысқа уақыты–ұялы жүйелерде бірнеше секунд болса, мұнда одан да аз;

-                  үнемділігі–қарапайым транкингті радиобайланыс өзінің құрылғыларының бағасы мен эксплуатациялық шығыны бойынша ұялы жүйелерден бірнеше есе үнемді;

Олар абоненттер арасындағы байланыс арналарын ретрансляторларды автоматты түрде жіктейді. Бұл ортақ анықтама, бірақ бұл анықтама қарапайым  SmarTrunk жүйелерден бастап ТETRA сияқты қазіргі замандағы ең жаңа транкингті жүйелерді біріктіретін белгілерді қосады. “Транкинг” термині ағылшынның Trunking деген терминінен шығады, оны “бумаға жинау” деп аударуға болады.

Транкингті жүйелердің негізгі архитектуралық қағидаларын бірзоналы\бір аймақты транингті жүйенің ортақ құрылымдық сұлбасынан оңай байқауға болады. Транкингті жүйенің инфрақұрылымы базалық станса арқылы көрсетілген (БС), БС құрамына радиожиілікті құрылғылардан басқа (ретрансляторлар, радиосигналдарды біріктіретін құрылғы, антенналар коммутатор) басқару құрылғысы және ішкі жүйелердің әртүрлі интерфейстері кіреді.

Транкингті жүйелерді құрудың негізгі принципі-радиожабқыш зоналарын\аймақтарын мүмкіндігінше үлкен етіп құру. Сондықтан базалық стансалардың антенналары ұзын мачта немесе ұзын құрылыстарда орналасады және бағытталған шеңберлі диаграммасы болады. Әрине, базалық станса зонаның\аймақтың шетінде орналасса, бағытталған антенналар қолданылады. Базалық станса тек бір беру-қабылдау антеннасын, сонымен қатар бөлек  беруге және қабылдауға арналған антенналарды қолдана алады.

 

5-нұсқа

INMARSAT  глобальді байланыс жүйесі

 

         Қазіргі кезде INMARSAT жүйесі 8 жерсеріктен тұрады. Олардың бір бөлігі коммерциялық радиоалмасуды қамтамасыз етсе, екінші бөлігі үзіліссіз кепілдік жасауға арналған. Жерсеріктер геостационарлық орбитада орналасқан.

Жер бетіндегі стансалар жылжымайтын пайдаланушыға және бағыт бойынша хабарларды тарататын жердегі желілер мен космостық сегмент арасында байланыстырушы ретінде қолданылады. Жер бетіндік жерсеріктер хабарды таратушымен қатар хабар форматын өзгерту функциясын да атқарады. Жерсеріктен, жер бетіндегі желілерден алынған хабар алдымен жатталады, сосын алғашқы форматынан (телекс, мәлімет)  INMARSAT жүйесіне ыңғайлы формаға түрленеді. Жылжымалы объектіден алынған хабар жатталады және жіберуші анықтайтын тарату форматына ауыстырылады. Жинақтау және тарату процедурасына әдетте бірнеше минут кетеді, бірақ, апаттық секілді приоритеттік хабарлар бірнеше секундта өңделеді.

INMARSAT –қа мүше әрбір елдің үкіметі INMARSAT қатысушысы болатын және жалғаушы функциясын атқаратын шешім қабылдауға қатысатын және көп жағдайларда INMARSAT қызметтерімен қамтамасыз ететін ұйымды тағайындайды. Әдетте бұған алыс байланыстың ұлттық ұйымдары жатады. INMARSAT –тағы Қазақстан Республикасының  өкілі «Жарық» фирмасы. Қазіргі кезде INMARSAT байланыстың үш жүйесін, яғни А, М, С ретінде белгілі «каждый с каждым» қағидасы бойынша жұмыс істейтін жүйелерді ұсынады. Аталған үш жүйенің өзіндік қызметі әртүрлі.

INMARSAT А жүйесінің мүмкіндіктері: а) абонент нөмірін тікелей теретін телефон; ә) топтық шақыру мүмкіндігі; б) 9,6Кбит\сек дейін мәліметтерді тарату және қабылдау; в) 100-600 Бит\сек дейінгі телексті байланыс. Бүкіл станса салмағы 40 килограмға дейін.

INMARSAT М байланыстың келесі түрлерін ұсынатын жаңа ұрпақтағы цифрлық станса: а) орта сапалы телефония; ә) факсималды байланыс 2400Бит\сек; б) мәліметтерді тарату-2400Бит\сек. Станса салмағы 8,5 кг. Оны құрылыс нысанының ішінде де, сыртында да орнатуға болады.

INMARSAT С алыс байланыстың тіркелген стансалары мен жылжымалы объектілер арасында хабар деңгейіндегі сенімді екіжақты байланыс ұсынады. Бұл жүйенің қосымша қызметтері: а) алдымен анықталған терминалдың шексіз санына хабарларды жібереді;  ә) теңізде жүргізушілердің қауіпсіздігі мен метерологиялық, гидрогеографиялық, жағалау күзеті мен құтқару жұмыстарын іздеудің координация орталықтары ұйымдарының мәліметтерін церкулярлы тарату.

 

6-нұсқа

Радиобайланыс жүйелеріндегі модуляция түрлері

 

Модуляция-хабар заңы бойынша сигнал параметрлерінің биоөрістік өзгеруі.

Радиобайланыста модуляцияның 3 түрі қолданылады:

А) Амплитудалық

Б) Бұрыштық

В) Импульстік

Амплитудалық модуляция ДВ,СВ,КВ (500кГц-тен30МГц-ке дейін) ауқымында қолданылады. Бір жолақты және екі жолақты болады.

Бұрыштық модуляция жиілікті және фазалық модуляцияға бөлінеді. Фазалық модуляция – тасушы сигнал фазасының хабар амплитудасына тәуелді өзгеруі. Жиілігі 30МГц-тен жоғары ауқымда қолданылады. Фазалық модуляция тарату трактісінің сұлбасы күрделі болғандықтан сирек қолданылады. Фазалық модуляция топтық хабарларды таратуда қолданылады.

Импульстік модуляция 10МГц-тен жоғары жиіліктерде телефония және телеграфия сигналдарын тарату үшін пайданылады. Импульстік модуляцияның бірнеше түрі бар. Модуляция түрлері сигнал алатын жолақ еніне, ақпаратты тарату сапасына, таралатын ақпарат санына немесе жылдамдығына, жүйе қабылдағыштары мен тарақыштарының әртүрлі қуаттарына әсер етеді.

Амплитудалық модуляция – дауыс, бейне, әуенді қашықтыққа сымсыз тарату үшін радиотаратқыш антеннасынан кеңістікке сәулеленетін жоғары жиілікті жылдамдықпен қолданылады. Сигналды радиотелефонды тарату үшін таратқыштың жоғары жиілігінің амплитудасы немесе жиілігі төменгі (дыбыстық) жиілік заңымен өзгеруі тиіс.

Модуляция процессінде ток амплитудасының өзгермеуі, оған сәйкес қуаттың да өзгермеуі жиіліктік модуляцияның негізгі айырмашылығы болып табылады. Бірдей сигналмен модуляцияланғандағы фазалық модуляцияның тербелістік спектрі жиіліктік модуляцияның тербелістігінен кең, сондықтан тәжірибеде үздіксіз хабарды модуляциялағанда фазалық модуляция қолданылмайды.    

Радиотаратқыштың қоздырушысы немесе синтезаторы деп, күшейтуді талап ететін қажетті сигналды қалыптастырып беретін генераторды атайды. Синтезатор дегеніміз, жиілікті немесе жиіліктер торын қалыптастыратын автогенератор.

Егер модуляция қоздырғышта жүзеге асырылатын болса, ол қуаттың төмен деңгейдегі модуляция, аралық каскадтағы модуляция – орта деңгейдегі, ал соңғы каскадтағы модуляция жоғарғы немесе үлкен деңгейдегі модуляция болып табылады.

 

7-нұсқа

Іздемелі шақыру (Пейджинг)

 

Пейджинг дегеніміз - барлық ұйымдастырылған негізгі радиоқызметтердің ішіндегі ең қарапайым байланыс концепциясы. Бұл екі бағытта қосылысы жоқ жылжымалы радиобайланыстың шектелген түрі. Пейджингтің жүйе қабылдау жолына таныс дыбыс немесе әріпті – цифрлық хабар дабыл сигналын береді. Бұл пейджингті хабарды алушы телефонмен немесе басқа әдіспен өзіне белгілі пунктпен байланысу керектігін білдіреді.

Пейджингті жүйелерді жеке жүйелер және ортақ қолданыстағы жүйелер деп  екі категорияға бөлуге болады. Мысалы бір мекемеге қызмет көрсететін жүйе мәліметтер түріндегі аз жүктемені таратады және кіші қуатты бір немесе бірнеше таратқыштарды қолданады.

 Кіріс хабарларын оператор қолымен немесе мекемелік АТС арқылы бағыттайды да, тарату тез арада жүзеге асады. Екінші жағынан жеке пейджингті жүйелер ортақ қолданыстағы коммутацияланған телефон жүйелерінен шығатын хабарлар мәліметтерінің үлкен жүктемесін алуы мүмкін еді. Бұл хабарлар кезекке қойылады да, кейін топталып таралады. Ұзартылған зонаны  жабу үшін орташа және үлкен қуатты көп таратқыш қолданылады.

Алғашқы пейджингтік жүйелер 1956 жылы Лондон госпитальдарының бірінде қолданылды. Алғашқы ұзартылған пейджингті жүйе алпысыншы  жылдардың басында АҚШ пен Канадада ойлап шығарылды. 

Алғашқы пейджингтерде жүйелер нысандарының айналысында орналасқан телефон желілерінің тізбектері қолданылды. Кейін жүйені өзгертіп, телефон желілерінің сигналдарымен модуляцияланған 35кГц тасушы қолданылды.

Іздемелі шақыруды ұялы және басқа да жылжымалы байланыс жүйелерімен араластыруға болады. Пайдаланушы кірістегі телефон шақыруы туралы біле отырып, өзіне ыңғайлы уақытта жауап бере алады. Сонымен қатар бұл құрылғы қабылдағыш рөлін де атқарады.

 

8-нұсқа

Кәсіби жылжымалы радиобайланыс

 

Кәсіби жылжымалы радиобайланыс жүйелері –PMR (Private Mobile Radio) немесе танкингті жүйелер өте биік жиіліктер мен ультра биік жиіліктер ауқымдарының арнайы бөліктерінде әсер ету аймағына байланысты таратқыштардың пайдалы сәулелену қуаты 05-25Вт аралығында жұмыс істейді.

Жедел әрекетті компьютерлер – шағын әрі портативті құрылғы. Олар офистік үстелдегі компьютерде қолданылады және компьютерлік индустрияның тез өсетін сегментін білдіреді.

         Ноутбуктар, субноутбуктар, қолда (palmtops) және қалтада ұстайтын компьютерлер әрі органайзер, пейджер және ұялы телефонның қызметтерін қосатын дербес цифрлық секретари (personal digital assistats) – осының бәрі кеңінен таралған, жаңартылған компьютерлер болып табылады. Адам дербес компьютерлермен жүргенде де, тұрғанда да жұмыс істей береді. Пайдаланушы бір қолымен компьютерді ұстап жұмыс істеуге, екінші қолымен ұялы телефонды немесе блокнотты не папканы ұстауына болады. Дербес компьютерлер  жұмыста қарапайым,  берік, жеңіл әрі кішкентай болуы керек. Пайдаланушыларға жиі сымсыз  желілер арқылы  орта  ЭЕМ және  қашықталған  деректер базасына жылжымалы және иіліп қатынау өте қажет болады, жалпы пайдаланудың халықаралық, ұлттық жалғанатын телефон желілеріне  қосылатын жылжымалы радио  желілері  түрінде қажет.

Дербес компьютерлерді ыңғайлы жасау үшін бірқатар  компьютерлер және аралас  технологиялар:

-                  сөзді тану және қаламмен енгізу клавиатураны ауыстыруға әрі жұмыс істеуге ыңғайлы компьютерлерді жасауға әкелді;

-                  радиобайланыс пайдаланушыларға елдің, қаланың, ғимараттың,  бөлменің шектерінде немесе барлық әлем бойынша ақпаратпен алмасуға  мүмкіндік береді;

-                  ақпараттың үлкен көлемдерін сақтау үшін кеңейтілген жинақты жадымен аз габаритті, қазіргі микропроцессорлары және  қазіргі радиобайланыстың жүйелері мәліметтерді өңдеп  әрі тиімді тарата алады;

-                  қуатпен  басқару үшін тиімді бағдарламаны  қамтамасыз етуге және қоректің элементтер өндірісінің жаңа технологиялары компьютердің ұзақ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Стандарттаудың негізгі мақсаты – жады карталары мен жүйелерді өндірушілерге жаңа өнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі қосымша стандарттарына, цифрлық фото және телекамералардың, электрон кітаптарының плеерларын, радиобайланыстың жабдықтарын қоса отырып,  компьютерсіз  және компьютерлік тұтынушылардың өнімдерінің типтері арасында РС- карталарымен бос алмасуға мүмкіндігін қамтамасыз ету  жатады.      

 

9-Нұсқа

Коммутациялау технологиясы

 

Коммутация элементі коммутатордың ең негізгі бөлігі болып табылады. Ұяшықтан түскен ақпарат портта талданып, анықталған шығысқа бағытталады. Коммутация элементі өзара байланысқан желіден IC кіріс бақылаушыдан және ОС шығас бақылаушыдан тұрады. Ішкі коллизия болған жағдайда ұяшықтардың жоғалуын ескеру үшін коммутация элементтерінің ішінде буферлерді орналастыруды қарастыру қажет.

Берілетін ұяшық ішкі (IC) кіріс бақылаушыға сәйкес синхрондалады. Шығыс бақылаушы (ОС) қызметі бойынша өзара байланыс желісі арқылы ұяшықтарды тиісті шығысқа береді. Кіріс және шығыс бақылаушылар өзара байланыс желісі арқылы жұп бойынша жалғасқан.

Жүйенің сенімді, сапалы жұмыс істеуі үшін коммутация желісі, мультиплексор және бақылушы процессор бір-бірінің функцияларын қайталауы мүмкін. Кірісте интерфейс модулі (SLMB немесе TMB) әрбір ұяшықтың көшірмесін коммутация желісі мен мультиплексорға жібереді. Ал шығыста ол қайсы ұяшықтың қайда баратынын анықтайды.

Коммутатор коммутация түйіндерін ескере отырып, кіріс пен шығыс (еркін таңдалған жұп) аралығында байланысты орнатады. Қағида бойынша коммутатордың функциясын бір коммутация элементі орындай алады. Егер бұл элемент жоғарғы  талаптарды орындай алмаса,  онда бірнеше коммутация элементтерінен тұратын үлкен коммутаторлар қолданылады.

Коммутация түйіндерінде ақпараттың берілу жылдамдығы бірнеше Гбит/с жетуі мүмкін. Сол себептен түйінде кідіріс пайда болады. Ал ол ұяшықтардың жоғалуына алып келуі мүмкін. Сондықтан коммутация ұяшықтарында орталық бақылаушы болмайды. Мұндай талаптарға тек жоғары параллельді архитектуралы коммутаторлар ғана сәйкес келеді.  

Коммутаторлар көбіне OSI  моделіндегі арналық деңгейде жұмыс істейді. Олар кіріс кадрларына талдау жасайды, олардың МАС –адрестері бойынша берілуіне шешім қабылдайды және бағыты бойынша кадрларды береді. Коммутаторлар екінші деңгейлі функцияны орындағандықтан, OSI моделінің жоғарғы деңгейлеріне талдау жасамайды.

2-деңгейлі коммутация – аппараты. Коммутаторлардың кадрларды беруі мамандандырылған арнайы бақылаушымен Application-Specific Integrated Circuits (ASIC) анықталады. Бұл технология аз кідірісті гигабитті жылдамдықты қолдайтын коммутаторларға арналған. 2-деңгейлі коммутаторларды қолданудың екі себебі бар-желіні сегменттеу және жұмысшы топтарын (желідегі компьютерлер) біріктіру. Күрделі желіні бірнеше жергілікті сегментке бөлу желінің өнімділігін арттырады. Сонымен қатар желінің иілгіш құрылымы желіні басқаруды жеңілдетеді.

3-деңгейлі коммутация – аппараттық маршруттау. Мұнда десте ASICs  бақылаушысымен өңделеді. 2-деңгейлі коммутатордан айырмашылығы МАС-адрестері негізінде емес, желі деңгейіндегі ақпараттарды қабылдауында. Негізгі мақсаты 2-деңгейлі коммутация жылдамдығын қабылдау және масштабтаудың кеңділігін алу. 

Тапсырмалары:

1.     Мәтінде кездесетін терминдер және түсініксіз сөздерден сөздік түзіңіз (30-мысал).

2.                Мәтінде кездесетін жай сөйлемдерден күрделі сөйлем (5-сөйлем) жасаңыз. (Үлгі: Осындай қозғалысты таратушыдан тараған толқын қабылдағыш антеннасында қоздырылды. Біз  осы электр толқынын күшейткішке бере салып, одан әрі бір тәсілмен дыбыс толқынын бөліп алсақ, қабылдау мәселесі шешіледі деп ойлауымыз мүмкін. Осындай қозғалысты таратушыдан тараған толқын қабылдағыш антеннасында қоздырылады, біз  осы электр толқынын күшейткішке бере салып, одан әрі бір тәсілмен дыбыс толқынын бөліп алсақ, қабылдау мәселесі шешіледі деп ойлауымыз мүмкін).

        3. Мәтіннен тұйық етістік формасындағы сөздерді тауып жазып, оларға                               септік жалғауларын жалғап, олармен мәтіндегіден өзгеше сөйлем (8 мысал) құрастырыңыз. (Үлгі: ашылу, қабылдау т.б.  Радиоқабылдағыштар  алыс қашықтықтағы сигналдарды қабылдауға   арналған. 

4. Мәтінде кездесетін есімдіктерді теріп жазып, оларды септеңіз (3-есімдік). (Үлгі: Өзі. Өзінің, Өзіне, өзін, өзінде, өзінен, өзімен)   

5. Мәтінді аударыңыз.

6. Өз мәтініңізге қосатын ақпараттыңыз болса, жазбаша түрде қазақ тілінде өткізуіңізге болады. (Үлгі: Елімізде интернетпен байланыс құруда Қазақтелеком  компаниясының орны ерекше. Қазақтелеком 2006 жылдан бастап, Wi-Fi  және WI-Max технологиясы бойынша Интернет желісіне сымсыз қосылуды жүзеге асырды.    

10- нұсқа

Радионың дамуы және Қазақстандағы алғашқы радиостансалар

 

         1875 жылдың 7 мамырында орыс ғалымы А.С.Попов Петербургте      оқымыстылар жиналысы алдында радионың ашылуы туралы баяндама жасады. Данышпан өнертапқыш өзінің шағын, қарапайым ғана аппаратының жұмыс істеу тәсілімен жиналған жұртты таныстырып, тұңғыш радиоқабылдағыштың дүниеге келгенін жария етті. Ол кезде радиотаратқыш деген атымен жоқ еді. Сондықтан  да бірінші радиоқабылдағыш атмосферада электр разрядынан пайда болатын электромагниттік толқындарды қабылдайтын.

1896 жылы  24 наурызда А.С.Попов оқымыстылар алдында тағы да баяндама жасады. Бұл жолы баяндамадан соң ширек шақырым қашықтыққа орналасқан таратқыш арқылы берілген сигналды қабылдап, тұңғыш радиотелеграфтың қолданысқа енгенін әлемге паш етті. Оқымыстының бұл табысы – адамзат ақыл-ой парасатының табиғат құбылыстарын игерудегі тамаша жеңісі еді. Содан бері Радио ғылым мен техниканың негізгі саласы ретінде дамып, оның радиоастрономия, радиогеодезия, радиоспектроскопия, радионавигация және тағы да басқа көптеген салалары жетіліп шығып, халық шаруашылығында кеңінен пайдаланылып келеді.

Қазақстанда алғашқы радиостансалар 1923 жылы пайда болды. Олардың бірқатары жергілікті жерде салынса, бірқатары Ресейден әкелінді.

1929 жылы Қазақ АССР үкіметі Қызылордадан Алматыға көшіп келгенде, мұнда қазақ атты әскер полкының жанындағы қалалық радиоторабы ғана жұмыс істеген. Мұндай радииотораптарының саны Қазақстанда үшеу ғана болып, жалпы қуаты 15киловаттан аспады.      

1931 жылы Алматыда он киловаттық радиостансаның құрлысы аяқталды. Сол жылдың орта шенінде республикамызда 84 радиоторабы жұмыс істеп, оның он екі мыңнан астам радионүктесі болды. 

1940 жылы сол кездері аса қуатты таратқыштардың қатарына жататын  РВ.90 радиостансасы іске қосылып, күні бүгінге дейін жұмыс істеп келеді.

1958 жылы Алматы және Қарағанды қалаларында тұңғыш телеорталықтар салынды.   

 

11- нұсқа

Радиоқабылдағыш

 

Радиотаратқыштың негізгі міндеті –дыбыс толқынын жоғары жиіліктегі электромагниттік толқын арқылы кеңістікке тарату болса, радиоқабылдағыштың міндеті – жоғарғы жиіліктегі толқынды қабылдап, оның құрамынан дыбыс толқынын ажыратып тыңдаушыға жеткізу. Радиотолқын таралу барысында өз жолында кездескен кез келген өткізгіштің бойында электр қозғалысын тудырады. Осындай қозғалысты таратушыдан тараған толқын қабылдағыш антеннасында қоздырылады. Біз  осы электр толқынын күшейткішке бере салып, одан әрі бір тәсілмен дыбыс толқынын бөліп алсақ, қабылдау мәселесі шешіледі деп ойлауымыз мүмкін. Шынында солай. Бірақ антеннада жалғыз бір емес, бірнеше ондаған, жүздеген таратқыштардан таралған радиотолқындар әрқайсысы өзіне сай электр тербелістерін туғызады емес пе? Солардың ішінен керекті радиостансаны ғана таңдап алу керек қой. Міне, осы жерде тербелмелі контурда болатын резонанс атты физикалық құбылыс жәрдемге келеді.

Электрлік резонанс құбылысы – бүкіл радиотехникаға негіз болатын құбылыс.

Кез келген радиоқабылдағыш дыбысты қабылдауға мүмкіндік беретін белгілі сұраныстарды қанағаттандыруы тиіс. Тұрмыстық хабарлау радиоқабылдағыштың келесі негізгі техникалық параметрлерін шығыс қуаты, сезімталдылық, жиіліктер ауқымы және жиіліктік бұрмаланулар сипаттайды. Сызықты және жиілікті бұрмаланулар сигналдың сапасын анықтайды. Олар радиоқабылдағыштың күшейткіш каскадтарына тәуелді.

Радиоқабылдағыштың кіріс тізбектеріне антеннаны бірінші каскадтың кірісімен байланыстыратын контурлар жүйесі кіреді. Кіріс тізбектері бірінші каскад кірісінде пайдалы сигналдың ең үлкен кернеуін туғызуы және барлық жиіліктердің кернеуін фильтрден өткізуі керек. Антенналардың өз арасында индуктивтілік, сыйымдылық, индуктивті – сыйымдылық байланысы бола алады. Сигналдың барлық ауқымы бойынша таратудың біртекті коэффицентін алу үшін индукивті-сыйымдылық байланысын қолданған жөн.

 

12-нұсқа

Жеке байланыстың әмбебап цифрлық жүйелері

 

Қазіргі кезде  байланысушы субъектілердің қайда тұрғанына тәуелді болмайтын байланыс қалыптасқан. Жеке байланыс жүйесі және жеке байланыс жүйелерінің дамып келе жатқан концепциясы екі кез келген пунктер арасында сан түрлі   ақпаратты абоненттің қайда орналасқанына тәуелсіз таратуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде пайда болып жатқан   стандартты сәйкестендіру бойынша халықаралық топтардың жұмысының арқасында әр мемлекеттегі әртүрлі жеке байланыс жүйелері бір әлемдік жүйеге бірігу мүмкіндігіне ие болды. Құрлықтағы ортақ қолданыстағы жылжымалы байланыстың болашақ жүйесі деп аталған бүкіләлемдік жүйенің дамуы халықаралық электробайланыс одағының ВАРК тұрақты коммисиясымен қадағаланады.

Ұялы және сымсыз телефон жүйелерін кең қолданысқа енгізу осы бағытқа бағытталады. Цифрлық желінің сымдық желімен және қызметтер интеграциясымен эволюциялық жақындағандықтан, соңынан соңына дейінгі цифрлық қосылу әсерінен жүзеге асатын, кеңейіп келе жатқан қызметтер спектріне ұялы желілерінің абоненттерінің де, жеке байланыс жүйесінің  абоненттерінің де қолдары жетуі керек. Жалпы алғанда жеке байланыс жүйесі өз құрамына көптеген концепциялар мен жүйелерді бір біріккен желіге жинауы тиіс. Жаңа жеке байланыс жүйе абоненттерінің laptop класты компьютерлермен, портативті факсимилді құрылғылармен және телефонды тиімді қолданумен қоса, басқа да қондырғыларды пайдалану мүмкіндігі болуы шарт. Әртүрлі сымсыз құрылғылар мен сымды желілердің қолданылу шарттары өзара байланысты болуы керек. Сымсыз термині пайдаланушының сымсыз қосылыстан бос екендігін білдіреді. Бұл адамға кез келген ақпаратты зоналар шекарасында да, оларды қосатын магистралдар бойында алуына мүмкіндік береді. Әлемнің кейбір аудандарында халық тығыз орналасқандықтан, мұнда құрлықта жылжымалы радиобайланыс жүйелерін орнату тиімсіз. Мұндай аймақтар уақыттың өтуімен ортақ әсер етуші желіге интеграцияланатын арнайы жылжымалы жерсеріктік жүйелермен қамтамасыз етіледі.

 

13-нұсқа

Дестелік коммутация технологиясы

 

         Коммутатордың кең қолданылуы тұтынушы мен ұсыныстардың аралығында өткізу жолағын бірқалыпты тарату арқасында тиімді қолдануды жоғарлатады.

         Коммутация әртүрлі төрт технологияда қолданылады.

-конфугурациялы коммутациялау

-кадрларды коммутациялау

-ұяшықтарды коммутациялау

-ұяшық пен кадр аралғын коммутациялау.

         Конфигурациялы коммутациялауда нақты бір желі сегменті мен коммутатор порт аралығындағы сәйкестікті табу маңызды болып табылады. Бұл сәйкестік бағдарлама арқылы орындалуы мүмкін.

         Кадрларды коммутациялауда Ethernet, Token Ring және басқада желілердің кадрлары қолданылады. Кадр желіге түскенде алдында орналасқан бірінші коммутаторда өңделеді. Өңделген кадр (анықталған шығыс порт бойынша бағытталған) келесі коммутаторға немесе тұтынушыға беріледі.

         Коммутаторлар төрт категорияға бөлінеді.

         Қарапайым автономды коммутаторлар кейбір желі сегменті мен қондырғыларға жоғарғыжылдамдықта ақпаратты алмасуға мүмкіндік береді. Олар хаттамаларды транслицияламайды, жеке қондырғылар үшін өткізу жолағын бөлмейді. Олар тек басқа желі сегменттерімен байланыстыру жолын орындайды.

         Екінші категориялы коммутаторлар базалық станса және бір немесе бірнеше сервер порт аралығында жоғарғы жылдамдықты байланысты орнатады.

         Үшінші категориялы коммутаторлар өндіріс (мекеме) бөлім желісіндегі жұмысшы топ желісінің өзара қатынасын ұйымдастырады. Олар алғашқы желі архитектурасын қолданады, яғни ақпараттарды беруде қосымша арналарды пайдаланады. Мұндай коммутаторлар қосымша қорек көзін қолданып, модульдерді алмастыра алады.

Төртінші категориялы коммутаторлар ең тиімді маршрутты анықтай отыра, диспетчерлік қызметті орындайды. Олар желідегі өте үлкен логикалық жалғастыруларды қолдайды. Көптеген корпоративті коммутаторларды өндірушілер АТМ коммутаторларын қолданады. Мұндай коммутаторлар Ethernet хаттамаларын тарату мен қатар АТМ хаттамаларын да таратумен айналысады.

         Қазіргі кезде көптеген құрылғыларға түрлі-түсті бейнепошта, бейнетелефон, бейнеконференс байланыс сияқты цифрлы кеңжолақты арналар орналастырылуда. Сондықтан кең жолақты желідегі интегралды қызмет етудегі коммутация қондырғысына екі талап қойылады:

         Коммутатор жұмысы жоғары жылдамдықты болуы керек.

         Коммутация жүйесіне қызмет етуде АТМ ұяшық ағымының сипаттамасы толық, нақты болуы қажет. Коммутатор ішінде АТМ дестелерін кірістен шығысқа алмастыру – концентрациялау, мультиплекстеу немесе  демультиплекстеу арқылы орындалады.

 

          14-нұсқа

Деректер берудің бірлескен желісі

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының ғылыми инфрақұрылымын дамыту және ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық кооперацияға кеңінен енгізу  бүгінгі таңда деректер берудің бірлескен және әлемдік желілерінің күнделікті қолданылуынсыз мүмкін емес. Дербес компьютердің желіден тыс жеке жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес деуге де болады, себебі компьютерді пайдаланушы адам бірлескен жобалар бойынша өз әріптестерімен араласуын және тиімді еңбек ету мүмкіндігін жоғалтады. Ақпараттың маңызды көзі және байланыстың оңтайлы құралы болып табылатын Интернетті қолданбайтын ғалым қазіргі заманғы ғылыми үдерістен қалыс қалады десе де болады.  ҚР ҰЯО-ның бірыңғай ақпараттық жүйесін құру және оны әлемдік телекоммуникациялық кеңістікке кіріктіру жөніндегі жұмыстар 1998 жылы ақпараттық технологиялар бөлімі қызметкерлерінің бірлескен аумақтық-үлестіру желісінің тұжырымдамасы мен техникалық жобасын әзірлеуімен басталды. Курчатов қаласындағы ғылыми бөлімшелердің орналасу ерекшеліктері мен деректер беру желісін құрудағы қазіргі заманғы беталыстарды ескере отырып, сымсыз желілік технологиялар таңдап алынды. Осы жұмыстың нәтижесінде Aironet фирмасының деректерді 2-11 Мбит/с жылдамдықпен беруді қамтамасыз ететін ARLAN-640 және ARLAN BR-500 радиокөпірлерін қолдана отырып, NNCNet базалық желісі құрылды. Барлық жобалық, құрылыс және монтаждау жұмыстары ҚР ҰЯО және оның еншілес кәсіпорындарының ақпараттық технологиялар бөлімі қызметкерлерінің өз күшімен орындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО-ның деректерді берудің аумақтық-үлестірілген желісі талшықтық оптика тізбегі (100 Мбит/с), коаксиальді кабель (10 Мбит/с), радиоарналар (2-11 Мбит/с), бөлінген телефон тізбектері негізінде кеңжолақты байланыс арналарын қолдана отырып, ҚР ҰЯО, ГЗИ, РҚЭИ, АЭИ, 100-ші және 300-ші объектілердің 200-ден астам жұмыс стансалары мен жекелеген желілердің серверлерін біріктіреді. Интернетпен байланыс спутниктік ассиметриялық байланыс арнасы (VSAT) арқылы Мәскеудегі телепортқа 160/64 Кбит/с жылдамдықта қатынаумен жүзеге асырылады. Қашықтағы пайдаланушылардың қатынауы үшін 16 телефон тізбегіндегі модемдік пул қолданылады. Желіні қорғауды бірлескен брандмауэр іске асырады. Желілік инфрақұрылымды жетілдіру, деректер беру жүйелері мен желілерін дамытудағы барлық технологиялық жаңалықтарды бақылауға мүмкіндік беретін техникалық және бағдарламалық шешімдерді іске енгізу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

NNCNet желісі ішкі корпоративтік жоғары жылдамдықты ақпарат алмасуды және ақпараттық ресурстарды бірлесіп қолдануды ұйымдастырудан басқа өз пайдаланушыларына электронды пошта қызметін, Интернет қызметіне және негізгі сервистерге қатынауды, кәсіпорынның  Web-сайтын орналастыруды, байланыстың қорғалған арналарын (VPN), IP-телефон қызметін және қазіргі заманға лайық кәсіпорынға қажет ақпаратты автоматты түрде өңдеудің басқа да жаңа технологияларын ұсынады.

 

15-нұсқа

Транстелеком

 

1999 жылы 1 қыркүйек айында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ қолданысындағы байланыс желісін жетілдіру және техникалық қамтамасыз ету мақсатында «Транстелеком» АҚ құрылды. 2005 жылға дейін компания тек Қазақстан Республикасы темір жол саласындағы кәсіпорындар үшін телекоммуникация қызметтерін ұсынған. Бірақ соңғы екі жылда клиенттік база толықтырылып, компания Қазақстанның ең ірі операторлар қатарынан орын алды. Қазіргі таңда «Транстелеком» АҚ халықаралық, қалааралық, жергілікті телефония, Интернет желісіне қол жетімділік қызметтерін, сонымен қатар байланыстың магистралды арналарын ұсынатын Қазақстан Республикасындағы жетекші телекоммуникация операторларының бірі. «Транстелеком» АҚ клиенттері жеке тұлғалардан басқа корпоративтік пайдаланушылар мен байланыс операторлары болып табылады. Магистралды деңгейдегі операторы бола тұрып, «Транстелеком» компаниясы тіркелген және жылжымалы байланыспен қамтамасыз ететін барлық байланыс операторларымен («көпшілікке белгілі» және «баламалы») өзара тиімді әрекеттесуге мүдделі. Оператор арасындағы өзара әрекеттерінің тартымды жобасын іске асыру үшін объективті негізін қалайтын магистралды және аймақтық операторларының мүмкіндіктері әрқашан бір-бірін тиімді толықтырады. «Транстелеком» АҚ Қазақстан темір жол бойында тартылған жергілікті телефон байланысының тармақты желісіне ие болды. "Транстелеком" АҚ ұсынылатын қызметтер түрлерін үнемі көбейтіп, Қазақстанның телекоммуникация нарығына жаңа технология енгізуде. ISO 9001:2000 сертификатын алуы растағандай «Транстелеком» АҚ қызметтері халықаралық сапа стандарттарына сәйкес. «Транстелеком» компаниясының беделін, сондай-ақ мынадай халықаралық марапаттар да растайды:

«Foundation for excellence in business practice» (Женева, Швейцария) Халықаралық қорының «Іскери тәжірибедегі жоғарғы сапа үшін» алтын медалі;

Қазақстанның Ұлттық телекоммуникация ассоциациясының «ҚР телекоммуникация саласының ырықтандырудағы қосқан зор үлесі үшін» құрмет грамотасы.  Сонымен қатар, компания  қызметі бірінші шетелдік клиент, халықаралық оператор British Telecom компаниясының жоғары бағалауына ие болды.

2006 жылдың 10 қарашасында компанияға техникалық бөлмелердің British Telecom компаниясының талаптарына сәйкестігі туралы сертификаты берілді.

 

16-нұсқа

Халықты радиоэлектрондық құралдардан пайда болатын электромагниттік сәулелерден қорғау

 

Қоршаған ортаның электромагниттік ластануы ақиқатқа айналып, бара-бара ауқымы кеңейіп келеді. Соңғы уақытта пайдалану кезінде қоршаған ортаға электромагниттік сәулелер бөлетін жаңа технологиялар, жабдықтар мен қондырғалар саны мен түрлері жылдам көбейгені байқалады.

Бұлар радио-телехабар тарататын, жылжымалы және жекелеген радиобайланыс жүйелерінің қондырғалары, энергетикалық жабдықтар мен қазіргі заманғы тұрмыстық техникалар, электр желілері.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында радиоэлектрондық құралдардан пайда болатын электромагниттік өрістерден халықты қорғауға бағытталған санитарлық ережелер мен нормалар бар. Электромагниттік қауіпсіздік үшін теледидар мен радиохабар, радиотелефондар, радионавигация және тағы да басқа тарату жүйелері сияқты радиоэлектрондық құралдарды пайдалану барысында 9 кГц-тен 400 ГГц-ке дейін толқындар шығаратын құралдардың маңызы ерекше.

Радиоэлектрондық құралдардан пайда болатын электромагниттік өрістерден халықты қорғау мәселесінің қатарына мыналар кіреді: радиоэлектрондық құралдары бар нысандардың жобалық құжатын қарау, нысан   орналастырылатын аймақта болатын электромагниттік жағдайды болжау, нақты деңгейді талаптық жағдайға төмендетуді қамтамасыз ететін саймандық бақылау жасау. 

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сай, халықтың электромагниттік сәулелену қауіпсіздігін шешу үшін біздің елімізде 2000 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітілген Қоршаған орта гигиенсы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалып бекітілген. Санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарын орындау, радиоэлектрондық құралдары бар нысандарды жобалау, құрлысы мен қайта жаңғырту жұмыстарының барлық кезеңдерін міндетті түрде орындау және халықты тиімді қорғау қамтамасыз етілуі қажет.

Қазіргі уақытта радиоэлектрондық құралдар (ұялы байланыс, жерсеріктік байланыс, радиорелелік байланыс жүйелері) маңайындағы электромагниттік жағдайды бағалау түйінді мәселеге айналып отыр. Бұндай баға беру үшін қорғаныс алабы шекарасы мен құрылыс салу алаңының есебін емес, биологиялық қауіпті аймаққа есеп жүргізсе болғаны. Биологиялық қауіпті аймақ дегеніміз-антенна сәулелену аймағындағы сәулелердің тік және көлбеу жазықтыққа бағытталған, қайталанатын диаграммасы бар аймақ. Радиоэлектрондық құралдарды пайдалану кезінде  электромагниттік өрістердің адам денсаулығына әсер ететінін ешқашан естен шығармау керек.

 

17-нұсқа

Телекоммуникация саласындағы теңдесі жоқ технология

 

Қазіргі таңда “Қазақтелекомның” телекоммуникациялық желілері тек дауысты байланыс түрімен шектеліп қалмай, үздік үдерістерге ілесу жо­лында АТМ-ГРУП компаниясының көмегімен, Cіsco оптикалық желісінің базасында жоғары жылдамдықтағы ІР-сервистерін енгізіп отыр. Жаңа заманның, жаңа буынның желісі саналатын ТМД-дағы алғашқы жобаны Cіsco-ның алтын серти­фи­катты серіктесі – АТМ-ГРУП ре­сейлік компаниясының мамандары әзірлеп енгізді. Мұндай жобаны енгізу – “Қазақтелекомның” Алматы қаласындағы қолданыстағы тал­шық­ты-оптикалық инфрақұрылым артықшылықтарын пайдалануға және кә­сіпорындар мен қарапайым тұтынушыларға жоғары өнімді ІР-қызметтерін ұсынуға толық мүмкіндік беретін болады. “Қазақтелеком” елімізде тәжірибеге енгізіп отырған мұндай сер­вис түрлерін былайша түсінікті етіп баяндауға болады. Яғни, осы сервистер қатарына дыбыс, бейне және деректерді беру біріктірілген шапшаң интернет-қатынау, корпоративтік пайдаланушыларға Cіsco TelePresense техно­ло­гияларын пайдалана отырып, заманауи бейне­кон­ференциялар өткізу үшін желілер құру (VPN), сондай-ақ ІPTV кіреді. Мұны әлемдегі теңдессіз жоба деп бағалауға болады. Бұл оптикалық мультиплекс технологиясына негізделген көліктік желі, қарапайым тілмен айтқанда бір оптикалық желі арқылы топ-тобымен бірнеше сандық ақпарат жөнелту мүмкіндігін береді. Аса көлемді ақпартты бір мезетте межеленген жерге жеткізеді. «Қазақтелекомдағы» бұған дейін қолданылып келген бас желі секундына 10 гигабит көлеміндегі дерек жеткізетін болса, оның орнын басатын ІPoDWDW технологиясымен құрылған желі көлемі секундына 18 есеге көп ақпарат жеткізе алады. Тіпті қажет болса, бұл желінің жылдамдығын секундына 3,2 террабитке дейін арттыруға болады. Егер кез келген уақытта талшықты- оптикалық байланыс сымы үзіліп кетсе, желі сол кезде беріліп жатқан ақпаратты сақтап қалады. Ал жекелеген мультиплексорлар трафикті автоматты түрде қайтадан қалпына келтіреді. Осы технологияның негізінде «Қазақтелеком» абонеттерге Интернет желісіне шығу, NGN-желісі арқылы дауыстық трафик жеткізу, IPTVқызметі сияқты көптеген қызметтерді ұсынып отыр.  

“Қазақтелеком” мамандарының айтуынша, жаңа желі бекітілген телефония қызметтерін көрсетудегі көшбасшылық ұстанымда болуы­мызға, интернетке кең жолақты қатынаудың бұқаралық нарығын қалыптастыруға, жергілікті желіні 100 пайызға сандық технологияларға көшіруге септігін тигізбек. Оған қоса желі жоғары сапалы қызмет көрсете отырып, муль­тисервистік қызметтерді (жоғары жылдамдық­тағы “Megalіne” интернеті, ІD TV интерактивті телевизиясы, жаңа буынның ІD Phone телефон байланысы, ІP VPN замануи жеке же­лілер) ұсынуда толықтай тасымалдау ортасын қамтамасыз етеді. Және ол абоненттік базаның одан әрі өсуіне көмектесіп қоймай, басқа да жаңа қыз­мет түрлерін енгізуге бейімделген.

 

18-нұсқа

IP-телефон

 

Жоғары жылдамдықты желісі бар Интернетке қосылған мәліметтерді қабылдай алатын телефондар «IP-phone» деп аталады. Байланыстың осы түрімен әлемнің әрбір сегізінші ел айналысады. IP-телефон кішігірім абоненттік төлемақыға әлемнің кез келген нүктесіндегі абонентпен қалалық телефон арқылы сөйлесуді ақиқатқа айналдырмақ. «Ірі компаниялар қазіргі қолданыстағы телефоннан бас тартып, тек интернет байланысымен жұмыс істеуге көшеді»-дейді мамандар. IP-телефон үйдегі аппаратты ығыстыра бастайды, екіншіден бейнетелефоннның үстемдік құратын дәуірі де алыс емес. Бейне көрініс интернет  арқылы дауыс сияқты болып беріледі. Бейнекамераны қосып, ажырататын тетігі ақшаны үнемдеуге жағдай жасайды. Себебі бейнесұхбаттың бағасы аудиодыбыстық жүйеге қарағанда қымбатырақ. Телефон мен интернеттің байланысуы үшін арнайы қондырғы керек. Олар көбінесе телефоннның сервері деп аталады. Мамандардың тілінде оларды «шлюздер» деп атайды. Осы қондырғылар телефон сымдарын Интернетке қосады. Шлюздер бір ұшымен телефон жүйесіне қосылып, әлемнің кез келген нүктесімен телефон арқылы байланысуға, бір ұшымен Интернетке жалғанып, сол желіге кіретін барлық компьютер атаулымен ақпарат алмасуға мүмкіндік туғызады. Бұл тәсіл арқылы компьютерден-компьютерге,  компьютерден-телефонға, тіпті телефоннан-компьютерге қоңырау шалуға мүмкіндік бар. Шлюз бір сәтте қаншама адаммен байланыстыра алады. Оның көмегімен әр қиырда жүрген адамдардың басын қосып конференция, жиындарды өткізуге болады.

ADSL –бұл кәдімгі телефон нөмірінде жоғары жылдамдықпен интернетке қатынауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа технология. Бұл жағдайда телефон желісі бос қала береді. ADSL кеңжолақты технологиялар класына жатады. Ол абоненттің бағытына мәліметтер жіберудің жылдамдығын – кіру арнасы бойынша 8 Мбит/с-ке дейін және шығару арнасы бойынша 768 Кбит/с-дейін қамтамасыз етеді. Жоғары жылдамдық web-сайттармен қолайлы жұмыс істеуге, тез арада үлкен файлдар мен құжаттарды өткізіп алуға, мультимедиямен жұмыс істеуге, интерактивті тіркемелерді толық пайдалануға зор мүмкіндік береді.

          Megaline- ADSL технологиясы бойынша ұйымдастырылатын жоғары жылдамдықпен интернетке қатынау. Ол Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы бірегей ұсыныс. 

 

19-нұсқа

Жеке адамға арналған планшет

        

Ноутбуктердің көптеген артықшылықтары болғанмен, бірсыпыра кемшіліктері де бар. Кейде далада тұрып-ақ блок-сұлба салып, бір сұлбалар сызып, экрандағы қажетті мәзір пунктін талдап алғыңыз келді делік. Мұндайда сыртқы тінтуір қолтетігін алып іске қосу, сенсорлық тақта бетімен саусақты жылжыта отырып созу немесе мини-джойстикті пайдалану-барлығы да қолайсыз болып табылады. Көптеген тұтынушылар үшін осындайда мәтінді қаламмен енгізген сияқты мүмкіндіктер қажет болып жатады.

Міне, осы секілді талаптардың біразы жаңадан шығып жатқан Tablet PC мобильдік компьютерінде (планшеттік дербес комьютерде) жүзеге асырылған, ол үшін Microsoft компаниясы  Windows XP  (Tablet PC Edition) операциялық жүйесінің арнайы нұсқасын да жасап шығарған. Мұнда кәдімгі Windows XP ортасының қосымша қолданбалы бағдарламаларының барлығы да жұмыс істей береді.

Планшет дегеніміз-бұл мамандандырылған кәсіби жұмыс түрлерін атқаруға арналған қуатты құрал болып табылады. Планшеттік дербес компьютерлер ішкі құрылғылары бойынша толығымен кәдімгі ноутбуктер секілді жұмыс істейді, ал бірақ сыртқы дизайны айрықша болып келеді және оның міндетті түрде сымсыз байланысы болады. Планшеттердің негізгі ерекшелігі болып, экранға стилус (пластик қаламұш) арқылы мәтін енгізіп, оны айқындап оқып, артынан кез келген қолданбалы бағдарламаға көшу мүмкіндігі саналады.

         Планшет-дербес компьютер мен сенсорлық дисплей гибриді шығармашылықпен айналысатын адамдардың небір ұшқыр ойларын жүзеге асыра алады.

         Компьютердің адамға жақсы көмектесе алатын бірнеше жұмыс түрлерін көрсетуге болады. Бірақ компьютерді пйдаланушылар кейбір жұмыстарда оларды қолдану ыңғайсыз екендігін сезіп, оны айтып та келеді. Мысалы суретші өз туындыларын бірден Photoshop бағдарламасында жасай алады, бірақ оның байқамай орындаған бір қолайсыз әрекеті соңғы салғандарын өшіріп тастауды қажет етіп жатады. Тұтынушылардың    жұмыс өнімділігін арттыру үшін және арнайы мәселелерді қосымша шешу мақсатында компьютерлердің жаңа бір түрі – планшеттер ойлап шығарылды. Атқаратын қызметтеріне қарай планшеттердің үш түрі бар, олар: Tablet PC трансформер-ноутбуктері, графикалық планшеттер және «пернелік компьютерлердің баламалары»

 

Тапсырмалары:

1.     Мәтінде кездесетін терминдер және түсініксіз сөздерден сөздік түзіңіз (30сөз).

2.                 Мынадай тіркестерді баяндауыш қызметінде жұмсап, сөйлемдер құраңыз, сөйлемді орыс тіліне аударыңыз: пайдалану керек; енгізу қажет; өмір сүруі тиіс; өмір сүре алады; баға беруге болады; сәйкес келеді екен; белгілеу керек; жүгінуге болады; бағалай алмайды; бөлініп шығады. 

3.                 Мәтіндегі есімше, көсемше формасындағы сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркесін құрастырып  аударыңыз (10-мысал). (Үлгі: пайдаланылатын хаттама, сақтап отыру)  

4.     Мәтіннен 5 зат есімді теріп жазып, оларды тәуелдеңіз және жіктеңіз.

5.     Мәтінді аударыңыз.

6.                 Өз мәтініңізге қосатын ақпараттыңыз болса, жазбаша түрде қазақ тілінде өткізуіңізге болады. (Үлгі: Елімізде интернетпен байланыс құруда Қазақтелеком    компаниясының орны ерекше. Қазақтелеком 2006 жылдан бастап, Wi-Fi  және WI-Max технологиясы бойынша Интернет желісіне сымсыз қосылуды жүзеге асырды.    

 

            20-нұсқа

         Жүйе қорғанысы

 

         Желіге қосылған компьютердің мәліметтеріне сырттан біреулер қол сұқпас үшін оны тиімді түрде қорғап қою қажет. Интернеттен кездейсоқ түрде вирус жұқтырып алуға болады немесе байқамай залалды бағдарлама көшіріп алуыңыз бәлкім, әйтпесе зиянкес хакердің шабуылына тап болуыңыз да ғажап емес. Мысалы, бір ұры өз компьютерінің IP-адресін жасырып, жергілікті қолданбалы бағдарлама ретінде тіркеліп, сіздің маңызды мәліметтеріңізді (көбінесе пароліңіз  бен кредиттік картаңыздың нөмірін) ұрлап көшіріп алуы мүмкін.

Осындайда ақпарат тұтастығын сақтап, мәлімет ұрлатудан сақтану үшін бағдарламалық немесе аппараттық қорғаныс құралдарын брандмауэрлерді пайдаланады. Оларды файрвол (ағылшынша firewall), желіаралық экран немесе фильтр деп те атайды. Қорғаныс құралдарының міндеті барлық жөнелтілетін және қабылданатын мәліметтерді сүзгіден өткізу арқылы фильтрлеу, яғни қорғау болып табылады.

Компьютердің Интернетпен байланысуы порт деп аталатын бірнеше арналар арқылы жүзеге асырылады. Интернетке қосылу кезінде пайдаланатын әрбір байланыс хаттамасының өз порты болады. Мысалы, веб-парақтарды жүктеу үшін 80-ші, РОРЗ хаттамасы арқылы пошта алу 110-шы, ал ICQ арқылы хабарлау әдетте 4000-шы порт арқылы атқарылады.

Брандмауэрдің міндеті-барлық порттардың өз қызметін дұрыс атқаруын бақылап, рұқсатсыз мәлімет алмасу әрекеті байқалса, сол немесе басқа бағдарламаның ақпарат тасымалдауына порттар жұмысын шектеу арқылы тосқыуыл қою болып табылады. Windows желісі құрамына қарапайым брандмауэр енгізілген. Оны екпінді ету үшін басқару тақтасындағы желілік тапсырмалар (Сетевые задачи) тобындағы тағайындауларды өзгерту  сілтемесін шертіп, қосымша (Допльнительно) жапсырмасындағы интернетке менің қосылуымды қорғау (Защитить мое подключение к Internet) пунктін белгілеп қою керек. Егер сіздің компьютеріңізде Windows XP SP2 орнатылған болса, Басқару тақтасында (Панель управления) Брандмауэр Windows жеке компоненті болуы тиіс. Соның көмегімен компьютеріңізге келетін интернет-трафикке тосқауыл қоюға болады. Мұнан соң фильтрлер ережесіне сәйкес келетін ақпарат жіберіледі, олар пошта клиенттеріндегі ақ және қара тізімдерге ұқсас болып келеді.

                            

21-нұсқа

“Қазақтелеком”АҚ филиалы –“Алматытелеком” қалалық телекоммуникация орталығы

 

«Қазақтелеком» АҚ филиалы  - «Алматытелеком» қалалық телекоммуникация орталығы 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін өз абоненттеріне   әлемдік стандарттарға сәйкес сапалы   телекоммуникация қызметін ұсыну мақсатында   ««Алматытелеком» ҚТО желісін жаңғырту және дамыту бағдарламасын» жүзеге асыруда. Жаңғырту жобасы  телекоммуникацияның барлық тораптарын қамтиды: транзиттік шлюздер мен  цифрлы АТС-тың порттық сыйымдылығын ұлғайту, қолданыстағы желілік-кәбіл инфрақұрылымын ұлғайту және жаңғырту, жаңа талшықты-оптикалық байланыс желісін салу және т.б. 

Бүгінгі күні жалпы 45 725 нөмір сыйымдылығы бар бұрынғы аналогты стансалар 46-АТС, 47-АТС, 68-АТС,   42/43-АТС және 38-АТС-тердің абоненттері   мультисервистік (шағын қызмет көрсететін)  абоненттік қосылыс жабдықтарына толығымен ауыстырылды. Сол сияқты,  7 332 нөмір сыйымдылығымен 30-АТС-ті   ауыстырып қосу жұмыстары аяқталып келеді.

2010 жылдың 1 қаңтары күнгі жағдай бойынша «Алматытелеком» ҚТО телекоммуникация желілерін жаңғырту бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді:

2009 жылы нөмір сыйымдылығының өсуі  17 672 нөмірді құрады;

ADSL порттарының саны  (Интернет желісіне кеңжолақты қосылыс) – 35 509 бірлікке көбейді;

2010 жылдың 1 қаңтары күнгі қорытынды бойынша Алматы қаласындағы телекоммуникация желілерінің жалпы құрастыру сыйымдылығы  616 161 нөмірді құрады.

Абоненттерге ұсынылатын қызметтердің ауқымын кеңейту және дауыс, бейне және деректерді  бірге беретін жылдам Интернет-қосылысымен алматылықтарды еркін қамтамасыз ету міндетін шешу мақсатында, DWDM технологиясының негізгі магистралды оптикалық сақинаны пайдалана отырып (Dense Wavelength Division Multiplexing, талшықты спектрлік тығыздау), жаңа желі салынды, бұл талшықты өткізу қабілетін он есеге арттыруға мүмкіндік береді.  

Мұндай жаңа желі 2009 жылдың қыркүйек айында өндірістік пайдалануға берілді және бұрынғы ескі желі сияқты қаланың барлық аумағын қамтиды.  2010 жылдың қаңтар айынан бастап  Ethernet To The Home технологиясы бойынша жүзеге асырылатын iD Net қызметіне қаланың орталығындағы 21 үй қосылды 

2010 жылдың 01 қаңтарынан бастап «Алматытелеком» ҚТО WLL CDMA радиоқосылысы арқылы   14 541 абонентке қызмет көрсетеді.
EV-DO (3G) технологиясы бойынша Интернетке шұғыл қосылуды қамтамасыз ететін жаңа Megaline Mobile қызметі қолданысқа енгізілді. Бұл қызметтің абоненттеріне БК немесе ноутбук және пайдалану мен көлемі жағынан  бәріне таныс флэш-картаға ұқсайтын USB интерфейсі бар EVDO (3G)-модемі қажет. EV-DO  технологиясы бойынша Интернет  желісінің қорларына сымсыз кеңжолақты шұғыл қосылу аясында өткен жылы қосымша 4 антенді-діңгекті құрылғының құрылысы салынды. Бүгінгі таңда өтініштерді қарапайым жолмен шешу мүмкін болмаған жағдайда кеңжолақты қосылыс қызметіне берілген өтініштерді шұғыл қанағаттандыру мақсатында 15 базалық станса жұмыс істейді.   Megaline Mobile қызметін пайдаланушылар саны  2 048 адамды құрайды.

 

 22-нұсқа 

 “Алматытелеком”

 

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту мен дамыту нәтижесінде NGN жаңа буынның желісін салу   жаңа қызметтерді беруге мүмкіндік туғызды:   iDPhone –  деректер беру желісі бойынша ұйымдастырылған телефония, (1 300 пайдаланушы) және iD TV -  цифрлы  интерактивті  теледидар қызметі (1 772 пайдаланушы). Инновациялық қызметтер жеке тұлғалар сияқты, корпоративтік секторға да арналған. iD сауда белгісімен қызметін ұсына бастағалы  «Алматытелеком» ҚТО, Triple Play «үшеуі бірге» қағидасы бойынша бірыңғай кеңжолақты қосылыс арнасы арқылы қызметті ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Бұл – Интернетке қосылыс,  телефония қызметі және интерактивті цифрлы теледидар. Сонымен қатар анағұрлым өзекті шешім  ретінде қызметті тиімді талапта топтамамен ұсыну болып табылады.  

iDPhone қызметі абоненттің тұрғылықты мекенжайын ауыстырған жағдайда өзінің бірыңғай телефон нөмірін сақтап қалуға және үйден немесе  wi-fi қосылысы бар жерден    кеңжолақты Интернет желісіне қосылуға мүмкіндік береді. Бір елдімекеннің аясында кіріс және шығыс қоңыраулары тегін.  Топтамамен қосқан жағдайда iD Phone-нан сөйлесуге тарифтер    стационарлық  телефоннан қоңырау шалғанға қарағанда төмен болады.

2009 жылдың қараша айынан бері  Алматы қ. абоненттеріне iD TV сауда белгісімен цифрлы  интерактивті  теледидар қызметі ұсынылды. Ақылы теледидардың қарапайым түріне қарағанда (спутниктік пен кәбілді), iD TV жоғары деңгейдегі цифрлы сапада 90 телеарнамен және стерео дыбыспен бірге  абоненттерге теледидар пішіні мен теледидар контентіне белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді   (хабарлар бағдарламасын таңдау, талап бойынша бейне, бағдарламаны тоқтату, жазып алу және т.б.).

         2009 жылдың аяғында «Алматытелеком» ҚТО-да MetroEthernet желісінің абоненттері үшін Интернетке кеңжолақты қосылыс қызметін көрсетуге арналған   жабдықтарда өткізу қабілетін ұлғайту жөнінде жұмыстар жүргізілді.   2010 жылдың 1 қаңтардан бастап   «Мegaline Start», «Megaline Hit», «Megaline Light», «Megaline Box»  қызметтері бойынша кіріс арнасының жылдамдық деңгейі  2 368 Кбит/сек –қа ұлғайды және шығыс арнасы бойынша   1 024 Кбит/сек-қа  ұлғайды. Сонымен қатар,  «Megaline» қызметінің абоненттері үшін тарифтік жоспар бойынша талаптар да жақсарды, атап айтқанда,  «Megaline Start» тарифтік жоспары бойынша келесі трафик үшін тарификациялау жойылды және Интернетке кіріс/шығыс арнасы бойынша 8192 Кбит/с/1024 Кбит/с-қа дейін қосылу жылдамдығымен жаңа «Megaline Turbo Plus» тарифтік жоспары енгізілді. 

ETTH технологиясы бойынша қосылу телефон желісінің болу/болмауы міндетті емес және модем де талап етілмейді. Аталған жобаның ерекшелігі сол ETTH технологиясы бойынша қосылу үшін  ғимаратқа дейін оптикалық кәбіл төселіп, ол өз кезегінде әрі қарай кіре берістегі (подъездегі)   коммутаторға таратыла отырып, үйдегі торапқа қосылады және әрі қарай тікелей абонентке қосылады.

Жақын арада аталған қызметті  Алматы қаласының батыс жағында пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. Муниципалды тұрғын үй құрылыстарының нысандарында байланыс желілерін ұйымдастыру жұмыстарыда  жүргізіліп жатыр.

        

          23-нұсқа

         Смарт технология

 

Қазіргі кездегі «смартфон» және «коммуникатор» терминдері түсінігінің айырмасы өте аз болып келеді, олардың екеуі де ашық операциялық жүйелер негізінде жұмыс істейді, ұялы байланыс жасау функцияларын орындайды, бірақ айырмашылықтары да бар. Егер смартфон деп қызмет баптары кеңейтілген және операциялық жүйесі бар телефонды айтатын болсақ, коммуникатор деп – ішінде құрамдас GSM-модулі бар қалтадағы дербес компьютерді айтамыз. Бұлардың алғашқысына енгізу/шығару мүмкіндіктері қарапайым телефон сияқты (цифрлық пернетақта мен саусақпен басылмайтын экран) терминалдар жатады, ал коммуникаторлардың бұл жағынан кеңейтілген құралдары – сенсорлық экраны, QWERTY – типті пернетақтасы, т.б.бар. Бұдан шығатын қорытынды – коммуникаторлар жұмыс істеуге қолайлырақ болып саналады.

Компьютерлік жүйені микропроцессорларды күнделікті тапсырмаларды орындауда ақпарат алмасуларда қолдануды – смарт технологиялар қарастырады. Смарт – технология біздің өмірімізге дендеп енуде. Смарт – технологияны қолданудың бір мысалы ретінде банкоматтарды айтуға болады. Банктер өздерінің салымшыларына пластикалық карталар береді. Оның магниттік жолағында есепшоттың иесі туралы толық мәліметтер жазылған. Ақша алғысы келген адам картаны банкоматтың қабылдағышына салады, машина магниттік жолақтағы ақпаратты оқып, клиенттің дербес идентификациялық нөмірін (ДИН) сұрайды. Содан кейін оны компьютерде жазылған ДИН-мен салыстырады. Егер нөмір сәйкес келсе, клиент қолма-қол ақша алады немесе басқада төлемдер жасай алады.

Банкоматтар бүкіл жер шарын қамтитын жүйенің мысалы бола алады. Әр банкомат салымшы туралы, оның есеп-шоты жайында жазылған ақпараттар сақталған орталық компьютермен немесе сервермен байланысқан.

Ал компьютермен глобалды жүйенің арасындағы ақпарат алмасу телефон жүйесі арқылы іске асады.

Жоғарғы оқу орындарында және кәсіпорындарда көбінесе жергілікті жүйені пайдаланады. Компьютерлер ақпарат алмасу үшін, бір – біріне жүйелік кәбіл арқылы қосылады. Кейбір жүйелерде, егер компьютерлер жақын орналасса, олардың арасындағы байланыс инфрақызыл сәулелердің көмегімен іске асады. Жаңа технологияларда дамытудың аспектілерінің бірі миниатюризация. Қазіргі уақыттың өзінде қолданысқа «ақылды» пластикалық карталар енуде. Бұл карталарда ақпараттарды сақтауға микропроцессорлар қолданылады. Болашақта мүмкіндігі дербес компьютерлермен бірдей, шағын қалтаға салып жүретін компьютерлер жасалынады деп күтілуде.  

 

         24-нұсқа

Ойлана отырып байланыс құру.

 

         Коммуникатор деп - ішінде GSM модулі бар қалтадағы дербес компьютерді айтамыз

Коммуникатор – бұл бір қорапта жинақталған қалтадағы компьютер мен ұялы телефонның бірігуі. Қазіргі ұялы телефондардың барлық түрлерінің (бюджеттік модельдерден басқасының) де атқаратын қызметтерінің түрі өте көп. Олар сапалы, түрлі-түсті, ішінде ойындары, электрондық поштасы бар, айта берсек, Java-да жазылған бағдарламалары бар.

Осындай артықшылықтарына байланысты олар кең таралып келеді – ал коммуникаторлардың ұялы телефондарға қарағанда мүмкіндіктері бірнеше есе артық деп айтуға болады. Мысалы, сіз тек Java-мен ғана шектеліп қоймайсыз, нағыз операциялық жүйенің барлық мүмкіндіктерін пайдалана аласыз. Оған қоса, қарапайым ұялы телефондарда Microsoft Office құжаттарымен жұмыс істеу қиын. Ал ондай құжаттарды коммуникаторлардың барлық түрлерінде түзетіп, редакциялау мүмкіндігі жасалған.

Мұндай  мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қазіргі кезде классикалық бизнес-телефондар жоқ десе де болады. Коммуникаторлардың мультимедиялық көңіл көтеру бағдарламалары бар жақтары да жеткілікті: мұнда бейнелерді өңдейтін    қолданбалы бағдарламалары, музыкалық редакторлармен қатар бейнефильмдер  көретін барлық мүмкіндіктер жасалған. Сондықтан коммуникаторды қалтадағы шағын компьютер деп толық атауға болады. Әрине, коммуникаторлар үшін GSM желілерінде жұмыс істейтін ұялы телефондардың функциялары да маңызды болып табылады. Байланыс сапасы Бүкіл-әлемдік өрмектегі (Интернеттегі) жұмыс жылдамдығына әсер етеді, мысалы, электрондық поштаны, файлдарды, суреттерді қабылдау мен жөнелту және ICQ-клиенттерді пайдаланудың өзі біраз трафик жасайды емес пе! Бұған қоса, мәліметтерді пакетпен тасымалдау тек GPRS хаттамалары емес, жылдамдықтары жоғарылау болып келетін EDGE жүйесі арқылы атқарылса, жаман болмас еді.

Коммуникаторлардың бағалылығын сымсыз Wi-Fi-желілерінде жұмыс істеу мүмкіндігі де арттыра түседі. Соған орай үлкен қалалардағы көпшілікке арналған сымсыз желілермен байланысу нүктелерінің көбеюі де ұялы байланыс қызметінің төлемін арзандатуға септігін тигізеді. Шынында да, егер веб-парақтарды сымсыз Интернеттің тегін нүктесіне қосылу арқылы көре алатын болсақ, GPRS немесе EDGE хаттамаларын пайдаланудың қажеті қанша? Жаһандық желіге қосылу мүмкіндігінің болуы Skype-телефония арқылы немесе сол тәрізді басқа да мүмкіндіктерді пайдалану жолымен алыстан арзан қатынас құруды жүзеге асыра алады. Оның үстіне, мәліметтерді Wi-Fi арқылы қатынасуда қадағалау ісі (синхрондау) ноутбукте жеңіл атқарылады, өйткені сымсыз желі картасы кез келген портативті компьютердің ең алғашқы сипаттамасы болып саналады.

 

25-нұсқа

Дизайн мен эргономика – коммуникаторды таңдаудағы басты көрсеткіштер.

 

Коммуникаторды сатып алу кезінде басты назар аударатын мәселе  - ол оның сыртқы түрі. Олардың да таңдау кезінде көз тоқтатарлық бірнеше формфакторлары бар. Мұндай құрылғылардың сенсорлық экраны, жұмыс істеу функцияларын және қолданбалы бағдарламаларды іске қосатын батырмалары және джойстигі (ұршықбас колтетігі) болады. Көбінесе пернелер арқылы сөздерді бастау мен аяқтау, мәзірлерді пайдалану, дыбыстың қаттылық деңгейін реттеу, бағдарламалардың қосылуын растау сияқты әрекеттер орындалады. Мәтін мен телефон нөмірлерін теру тікелей дисплей арқылы пернетақтадан атқарылады. Осындай формфактордағы коммуникаторларға Qtek S200, HTC P3300, iPAQ 6815 модельдерін жатқызуға болады. Бірақ көптеген тұтынушылар бұдан да басқа модельдерді таңдайды. Алфавиттік-цифрлық пернетақталары бар коммуникаторлар да көп адамдарды қызықтырады, олар нөмір теруге немесе Т9 арқылы адрестік кітаптан абоненттерді іздеуге қолайлы болып келеді. Мұндай телефондардың алдыңғыларының бірі – Asus P525.

QWERTY – типті пернетақтасы бар аппараттар. Бұл топтағыларды шартты түрде тағы екі класқа бөлуге болады. Біріншісінде – пернетақта экраннан төмен орналасқан, оны квадратты түрде жасайды. Бұл класқа iPAQ 6910, Fujitsu-Siemens T830 аппараттары жатады. Екінші класты – QWERTY-типті пернетақтасы бар слайдерлер тобы құрайды. Бұл топтың кең тараған модельдері: HTC 4350 Herald, HTC TyTN аппараттары.

«Терісқақпайлар». Қазіргі кездегі бұл топтағы жалғыз аппарат – Qtek 9000. Оның экраны пернетақтасы бар бұрылмалы түрде ашылады да, екі жұмыс жағдайында бола алады: ашылған түрі (ноутбуктегі сияқты, пернетақтамен жұмыс істейді) және 180 градусқа бұрылып, экранның артқы панелі пернетақтаға жалғасқан түрде ( экран бойынша стилус түрінде жұмыс істеу) жасалады.

Бүгінгі таңдағы «смартфон» және «коммуникатор» терминдері түсінігінің айырмасы өте аз болып келеді, олардың екеуі де ашық операциялық жүйелер негізінде жұмыс істейді, ұялы байланыс жасау функцияларын орындайды, бірақ айырмашылықтары бар. Егер смартфон деп қызмет баптары кеңейтілген және операциялық жүйесі бар телефонды айтатын болсақ, коммуникатор деп - ішінде GSM модулі бар қалтадағы дербес компьютерді айтамыз.

 

26-нұсқа

Цифрлық ұялы жүйелер

 

Ұялы концепция іс жүзінде ұяларды бөлшектеу нәтижесінде шексіз сыйымдылықты жүзеге асыра алуына қарамастан, ол практикалық шектеулерге тап болды, себебі 90 жылдары ұялы байланыс әйгілі болды. Өлшемі кішірейе бастаған ұяларға базалық стансаларды орналастыру қымбат әрі қиын бола бастады. Бұл ең алдымен сыйымдылық көп қажет ірі қалаларға қатысты. Сонымен қатар алғашқы аналогты ЖМ жүйелерінде ұялардың кіші болуы әсерінен бөгеуілге қарсылығы да нашарлайды. Осы шектеулер алғаш ұялы жүйелерден үміт еткен сыйымдылық жүзеге асырылмады. Алғашқы ұялы жүйенің пайдасы Еуропада сәйкестенбейтін стандарттың көбейуі, яғни бір телефонды әртүрлі елдерде пайдалануға болмайтындығынан төмендейді. Бұл шектеулер үлкен сыйымдылықты және сәйкестендіруді жақсарту мақсатымен ұялы жүйенің екінші ұрпағындағы ұялы жүйелерді енгізуге алып келді. Ұялы желілердің келесі ұрпақтары цифрлық технологияға негізделді. Осы ұялы жүйелерінің халықаралық стандарттау қасиеттері цифрлық жүйелерді таңдады. Таратудың цифрлық әдістерінің артықшылығы-үлкен бөгеуілдер шарттарындағы тиімді әдістерге қарағанда сыйымдылығы үлкен. Сигналдарды цифрлық өңдеу және байланыс әдістерінің өркендеуі қолданысқа жаңа технологиялар алып келді, соның ішінде мобилді компьютер, факс құрылғысы және т.б. ақпаратты өңдеу бойынша мобилдік қызметтер. Бөгеуілге шыдамдылығы жоғары ұялы жүйелердің келесі ұрпақтары анологты жүйелердің сыйымдылық бойынша шектеуінен асып кетті. Цифрлық жүйені іске асырудың артықшылығы-цифрлық техника сипаттамаларының тез қарқынды түрде жақсарудағы құны мен қоректену қуатының төмендеуінің де әсерінен болды. Ұялы жүйеде қолданылатын цифрлық әдістің артықшылықтары мынадай жетістіктерге алып келді:

-цифрлық модуляция:

-төменгі жылдамдықта сөзді цифрлық кодтау:

-сигнализациядағы сыйымдылық шығынының төмендеуі:

-кодтаудың және арнаны кодтаудың рабостық әдістері:

-жоғарғы бөгеуілді щыдамдылық:

-жиіліктер жолағы енінің әртүрлі өзгеруі:

-жаңа қызметтерді енгізу:

-рұқсат пен шақыруды таратуды басқарудың жоғары тиімділігі.

Үшінші ұрпақтарға ұялы жүйелер уақыттық арна бөлу негізіндегі көп стансалы жету жолындағы таржолақты цифрлық тасушылары бар жиіліктік сигнал спектрінің кеңеюінің архитектурасына негізделген. 2001 жылы қазан айында Жапонияда сөз бен мәліметтерді ғана емес, бейнені де таратуға мүмкіндік беретін үшінші сатыдағы ұялы жүйе алғаш рет пайдаланылды.

 

27-нұсқа

Жерсеріктік жылжымалы жүйелер

 

Жерсеріктік жылжымалы жүйелер байланыстың әдетте құрлықтық жүйелер қызмет көрсетпейтін әлемнің шалғай бөліктерін саяхаттаушыларға қажет. Жерсеріктік линиялар әуелік қозғалысты, әуелік және теңіздік бағыттардағы навигацияны, құтқаруды басқаруды жақсартады. Оларға сенімсіз қысқа толқындық байланыс қызмет етеді. Жерсерікті жылжымалы жүйелер байланыстың тәжірибелі 60 ж. және 70 жылдардың басында жасалды, бірақ 1979 жылы алғашқы жылжымалы жерсерікті байланысты қамтамасыз ету үшін халықаралық теңіздік ұйым құрылды. Аэронавтика жүйелері үшін жылжымалы жерсерікті байланыстың техникалық жүзеге асуы 70 жылдың басында Аэронивтика мен космонавтика бойынша Ұлттық басқарудың АТS-6 жерсерігін қолданумен жүзеге асырылды. 1983 жылы Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы әуелік навигациямен радиобайланыс жүйелерінің мүмкіндіктерін зерттейтін комиссияны құрды. 90 жылдың басында құрлықтағы жылжымалы спутникті байланыс стандартты аэронавтика мен теңіз жүйелерінің стандарттарына қарағанда аз зерттелді.

1992 жылы бүкіләлемдік халықаралық электробайланыс одағының қолдауымен өткен радиоконференцияда спектрлер бөлігіне қосымша жиіліктік спектр орналастыру шешілді. Үлкен сыйымдылықты цифрлық қолданыстары үшін көпстансалы жету жолының келесі цифрлық әдістері қарастырылды. Бұл қызметтер спутниктерді қайта құру және жіберу, жартылайөткізгішті элемент базасын ұйымдастыру және қолданбалы компьютер бағдарламасы секілді технологияларға тәуелді.

Төменорбиталды спутниктер негізіндегі    жылжымалы  байланыс ұялы байланысқа ұқсас мәліметтер мен сөзді таратудың жылжымалы  жүйесін қолданушыларға және жеке байланыс жүйесінде тиімді шешім болып табылады.

Спутниктік байланыс қызметтері аэронавтика жағынан алғанда тікұшақ экипажына мәліметтерді тарату, тікұшақ кабинасында дауыстық байланыс және жолаушылармен телефондық байланыс үшін қажет. Аэронавтика үшін әлемдік спутникті байланыс жүйелерінің көшбасшысы-ИНМАРСАТ.

90 жылдың басында қосымша қызметтерді қамтитын толық цифрлық жүйе пайда болды.

 

28-нұсқа

Кәбіл  құрылымы

 

Талшықты-оптикалық кәбілдердің құрылымы белгілі бір ерекшеліктеріне сәйкес мынадай түрлерге топтастыруға болады: сыртқы төсеу кәбілдері, ішкі төсеу кәбілдері, арнайы кәбілдер.

Кәбілдің барлық түрлерін дайындау кезінде де, басқа да мүмкін әсерлердің салдарына да, сәулежолдардың беру сипаттамаларының қалдық өзгерістеріне де жол берілмеуін бірдей шамада қамтамасыз ету қажет.

Талшықты-оптикалық кәбілдердің салмағы аз және иілімділігі жоғары болуының арқасында металл өткізгішті кәбілге қарағанда оларды төсеу үшін арнайы техника қажет етілмейді.

Кәбілдің құрылымы конструктивтік элементтер мен олардың өлшемдері дұрыс таңдалған жағдайда механикалық, жылу және химиялық әсерлерді жіберу сипаттамалары өзгерістер жасамайтындай болып жобалануы тиіс. Кез келген жағдайда ажырамайтын қосылыстардан (жалғаулардан) туындаған шығындар мен қосымша өшуді мейлінше азайту мүмкін болуы үшін барынша ең үлкен ұзындықтарды қолдану қажет. Қазір 2000 м және одан жоғары жеткізілетін ұзындықтарды төсеу қалыптасты. Талшықты-оптикалық кәбілдердің салмағының аздығының арқасында қолмен төсеуге болады. Алайда, мұндай жағдайларда кәбілді монтаждау кезіндегі созушы күштің құжат жүзінде тіркелмегеніне көнуге тура келеді.

Төсеу кезінде жобаланған созылу күшін бағалау кезінде бұл шарт тік көлденең кәбіл трассаларында кәбілдің төселетін ұзындығының шамасына қарай сызықтың бойымен өседі. Бұрылмалар болған кезде бұрылу бұрышы мен үйкеліс коэффициенті тарту күшінің экспоненциалды ұлғаюын тудыратынына назар аударған жөн.

Талшықты-оптикалық кәбілдерді төсеудің альтернативалық әдістерінің бірі, оларды кәбілдік канализация құбырларына тарту үшін сығымдалған ауаны пайдалану болып табылады. Егер жергілікті жер осы мақсат үшін лайықты болса және қорғау құбыры мен талшықты-оптикалық кәбілдің диаметрлерінің арақатынасы оңтайлы болса, онда осы әдістің көмегімен ұзындығы шамамен 100м дейінгі кәбілдер тартылуы мүмкін.

Құрастырылып қойған құбыр арналарын жақсырақ пайдалану үшін олардың ішінен кейіннен төрт пластмасса құбырға дейін тартуға болады.         Кәбілді құбыр арнасын бөлудің мұндай жолы бір-бірінен тәуелсіз бірнеше кәбіл төсеуге мүмкіндік береді.

 

29-нұсқа

Тұрмыстық магнитофондардың сипаттамалары

 

Магнитофондар тұрмыстық және кәсіби болып бөлінеді. Тұрмыстық өз кезегінде: станционарлық, тұрмыстық, катушкалық, монофоникалық, стереофоникалық, квадрофоникалық болып бөлінеді. Магнитофон сапасы, оның негізгі параметрлерімен анықталады (электрлік, акустикалық, эксплуатациялық).

Механикалық параметрлер магнитофон құрлымы және лента тарату механизмінің сапасымен анықталады. Механикалық параметрлерге: лентаның қозғалыс жылдамдығы, жазба және жаңғырту кезінде, оның өзгеруі, лента қозғалысының біртекті еместігі, лентаның оралу жылдамдығы жатады. Лентаның қозғалыс жылдамдығы лентаның ұзындығымен сипатталады.  Магнитофондардағы лентаның қозғалу жылдамдығының өз стандарттары бар (см/сек): 38,1;19,05;9,53;4,76;2,38.

19,05(см/сек) және 9,53(см/сек) жылдамдықтары тұрмыстық катушкалы магнитофондардікі және 4,76(см/сек)-кассеталы магнитофондікі.

Лента қозғалысының жылдамдығының өзгеруі қабылдаушы және құлаушы түйіндерде тартылыстың өзгеруі және құлаушы қозғалтқыш жылдамдығының өзгеруі кезінде жүзеге асады.

Лента қозғалысының жылдамдығының тербелісі механизмнің айналмалы детальдарының және лентаның көлденең тербелістерінің соғуымен түсіндіріледі. Лентаның периодты емес тербелістері подшипниктерде, фрикционды түйіндерде айнымалы үйкелістер және магнитофон түйіндерінде лентаны шайнап қалу әсерінен болады.

Лента жылдамдығының тербелуі детонациямен сипатталады. Естуге ең көп әсер ететін 2-6 Гц детонация болып табылады.

Электрлік параметрлерге кіріс сезімталдылық, жиіліктік сипаттама, өшудің қатыстық деңгейі, қоректену кернеуі және қолданылатын қуат жатады. Кіріс сезімталдылық-магниттік лента жазбасында номиналды деңгейді алу үшін магнитофон кірісіне берілетін кернеу шамасымен сипатталады. Динамикалық ауқым – магнитофон шығысындағы максимал және минимал сигналдардың қатынасы. Ол жоғарыда сызықтық бұрмаланулар берілген шамадан аспайтын сигналдың деңгейін, ал төменде шуыл деңгейімен шектеледі. Шуылдардың қатыстық деңгейі сигнал жоқ кезде магнитофон шығысындағы кернеу шамасының жазбадағы үзіліс кезіндегі шығысының кернеуге қатынасы ретінде анықталады.

 

30-нұсқа

Радиотарату құрылғылары

 

Радиотарату құрылғылары – радиосигналды генерациялайтын және қалыптастыратын құрылғылар. Сигналды қалыптастыру (модуляция) хабар заңдылығы бойынша жүзеге асырылады. Радиотарату құрылғыларының дамуы екі бағытта, яғни жиілік ауқымы жағынан опто-талшықты байланыс желілерін, ал элементтік базасы жағынан – шалаөткізгіш   транзисторлар, Гани диодтары және осы заманғы электронды шамдарды қолдану арқылы өрбиді.

Радиотарату құрылғыларын жетілдіру транзисторларды жасаумен тікелей байланысты. Транзисторлық радиотаратқыштарды пайдалану арзандау түседі. Транзисторлар төменірек кернеу қолдануға мүмкіндік береді, ол қыздыруды талап етпейді. Сол себептен де бүгінгі күні аса жоғары жиілікті транзисторлар мен құралдар кеңінен пайдаланылуда.

Қазіргі радиотехникалық аппаратта қуаты 10 кВт –қа дейінгі жоғары жиілікті тербелістер транзисторлардың көмегімен генерацияланады. Жеткілікті  деңгейде қыздырған жағдайда мұндай генераторлардағы транзисторлар өте кең аралықта, тіпті нөлден шексіздікке дейін өзгереді. Генератордың мұндай режімі «кілттік» деп аталады. Кілттік режімдегі транзисторлық генератор әдеттегі кем кернелген немесе артық кернелген режімде істейтін генераторлардан жоғары ПӘК және сенімділігімен ерекшеленеді, себебі берілген генерацияланатын қуатта транзисторлардағы шығындар өте аз болады. 

Радиотарату құрылғылары жиіліктер аралығы және тербелістік қуаттарына қарай классфикацияланады. Мысалы:

-1,5-30МГц – қуаты 1МВт дейінгі хабар таратушы стансалар және магистралды байланыс желілерінің таратқыштары:

-35-45МГц – 10-15 Вт төменгі, станционды, немесе жылжымалыбайланыс (қала немесе аудан ішінде), жиіліктік модуляция:

-48;75-230МГц – теледидар арналарының жиіліктері амплитудалық модуляция, дыбысы-жиіліктік модуляция:

-11ГГц- радиорелелік байланыс, жасанды жер серіктерінің стансалары (40-200Вт) жер бетінен жер серіктеріне таратушылар (4-15кВт), тропосфералық байланыс желілерінің таратушылары (4-15кВт) және т.б.

-1013-1015Гц – оптикалық байланыс желілері, оларды таратушы ретінде лазерлер мен сәулелік диодтар қолданылады (бір оптикалық жиілікте радиоауқымының бүкіл хабары беріле алады).

Радиотарату құрылғылары амплитудалық, жиіліктік модуляциялы болып бөлінеді.

Модуляция – хабар заңы бойынша сигналдың параметрлерінің биоөрістік өзгеруі.

 

Әдебиеттер тізімі

1.     С.В. Коньшин, Г.С. Казиева.Транкингті радиобайланыс жүйелері.  АЭЖБИ, Алматы, 2005.- 80 б.

2.      Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Радиотехника, электроника және байланыс, 6-том. Алматы,2000.

3.     А.Ы. Тілембекова Қазақ тілі. Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік көрсеткіштер (радиотехника және байланыс факультетінің студенттері үшін) – Алматы: АЭжБИ, 2003.-38б.

4.     Г.С. Казиева. Электрбайланысының бағыттаушы жүйелері. АЭжБИ. Алматы, 2004.- 80 б.

5.     С.В.Коньшин, Г.С.Казиева. Радиотарату құрылғылары-Алматы:АЭжБИ 2004.

6.     С.В.Коньшин, Б.Б. Ағатаева. Радиобайланыс және теледидар негіздері-Алматы: 2006.-80б.

7.     Б.Б Агатаева.  Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер. Алматы:        АЭжБИ 2005 – 79 бет.

8.      Ағатаева Б.Б., Елизарова Е.Ю., Шахматова Г.А. Телекоммуникациядағы оптикалық байланыс жүйелері.  Алматы: АЭжБИ, 2009.-  55б.  

 

 

Мазмұны

 

1.      

1-9 нұсқа тапсырмалары

              3 

2.      

Радиоэлектрондық құрылғылардың даму маңыздылығы

              4

3.      

Микропоцессор

              5

4.      

Радиобайланыс

              6

5.      

Транкинг

              6

6.     

INMARSAT  глобальді байланыс жүйесі 

              7

7.     

Радиобайланыс жүйелеріндегі модуляция түрлері 

              8

8.     

Іздемелі шақыру (Пейджинг) 

              9

9.     

Кәсіби жылжымалы радиобайланыс 

             10

10.  

 Коммутациялау технологиясы 

             11

11.  

10-19 нұсқа тапсырмалары

             12

12.  

 Радионың дамуы және Қазақстандағы алғашқы радиостансалар 

              13

13.  

 Радиоқабылдағыш 

            14

14.  

Жеке байланыстың әмбебап цифрлық жүйелері  

            14

15.  

Дестелік коммутация технологиясы  

            15

16.  

Деректер берудің бірлескен желісі 

            16

17.  

Транстелеком

            17

18.  

Халықты радиоэлектрондық құралдардан пайда болатын электромагниттік сәулелерден қорғау

             18

19.  

Телекоммуникация саласындағы теңдесі жоқ технология 

             19

20.  

IP-телефон  

            20

21.  

Жеке адамға арналған планшет  

            21

22.  

20-30 нұсқа тапсырмалары

            22

23.  

Жүйе қорғанысы

            22

24.  

“Қазақтелеком”АҚ филиалы –“Алматытелеком” қалалық телекоммуникация орталығы

            23

25.  

“Алматытелеком” 

            24

26.  

Смарт технология  

            26

27.  

Ойлана отырып байланыс құру. 

            27

28.  

 Дизайн мен эргономика – коммуникаторды таңдаудағы басты көрсеткіштер. 

            28

29.  

Цифрлық ұялы жүйелер

            28

30.  

Спутникті жылжымалы жүйелер 

            29

31.  

Кәбіл құрылымы

            30

32.  

Тұрмыстық магнитофондардың сипаттамалары 

            31

33.  

Радиотарату құрылғылары 

            32

34.  

Әдебиеттер тізімі

            33