АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

Ғылым тарихы және философиясы

 

Барлық мамандықтардың барлық бөлімдер бойынша оқитын магистранттар үшін семинар сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2009

 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Мұхамеджан Қ.Ш. Ғылым тарихы және философиясы.  Барлық мамандықтардың барлық бөлімдер бойынша оқитын магистранттар үшін семинар сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБИ, 2009. – 22 б. 

 

        Бұл әдістемелік нұсқауда «Ғылым тарихы және философиясы» пәні бойынша 16 сағат көлемдегі семинар сабақтарының  жоспары тарқатылып берілген. Сонымен бірге әрбір тақырыпқа қажетті деген  ғылыми әдебиеттер тізімі көрсетілген, соңында  магистранттардың семестрлік жұмыстарына арналып құрылған тақырыптар мен емтихан сұрақтары берілген.    

 

Алғы сөз  

Аталмыш курс ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның  тарихы мен теориясы туралы түсінік береді,  ғылымға  философиялық  және социологиялық  талдау жасайды.

«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың  ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып,  аналитикалық қабілетін  және ғылыми – зерттеу іс-әрекеті дағдыларын  дамытады.

Курстың мақсаты: ғылымның  тарихын оқып-үйрену негізінде ғылыми ойлаудың стилін жасау;

Мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін курстық  міндеттері:

1.           Курстың теориялық  негіздерін оқып-үйрену.

2.           Ғылымның отандық,  шетелдік методологтарының  классикалық  еңбектерімен, әдебиеттерімен  жұмыс  істеуге үйрету.

3.           Магистранттарды өз бетінше жұмыс істеуге, сыни баға бере білуге үйрету, өз ойын  айқын  да ашық  айта білуге үйрету.

Курстық оқу барасында  магистрант мына  төмендегілерді білулері  керек: - негізгі эпистемологиялық  модельдерді, рациональдық ұғымының  сипатын; танымның  ғылымға  дейінгі,  ғылыми және  ғылымнан  тыс түрлері мен әдістерін; техникалық – жаратылыстану, әлеуметтік – гуманитарлық  білімнің  қазіргі кезеңдегі ыңғайларын;

Ғылыми – зерттеу жұмыстары  барысында пайда болатын  және терең, кәсіби білімді қажет  ететін  мәселелерді шеше білулері керек; қажетті зерттеу әдістерін таңдай білулері қажет;  әлеуметтік – гуманитарлық және жаратылыстану  білімдерінің  методологиясының  негізінде қазіргі кезеңдегі теория мен практиканың  шындықтарын  түсініп, талдай білулері керек;

Мынандай дағдыларды қалыптастырулары керек: - өз бетінше ғылыми – зерттеу және ғылыми – педагогикалық  жұмыстарды  жүргізе білулері; бұл бағытта өте терең білімдері болуы; ғылыми – зерттеу жұмыстарын  жүргізуде педагогикалық  және тәрбие жұмыстарын  жүргізуде,  ғылыми мақалалар мен тезистер жазу барысында, конференцияларда, симпозиумдарда, дөңгелек столдарда,  пікір – таластарда, сұхбаттар жүргізуде методологиялық білімдерін  қолдана білулері тиіс.

АЭжБИ магистранттарына «Ғылым тарихы және философиясы» курсы бойынша семинар  сабақтарына  берілген  сағат көлемі: 16 сағат.

Әдістемелік нұсқауда семинар тақырыптарына қосымша магистранттардың семестрлік жұмыстарды орындауына  арналған  арнайы тақырыптар  тізімі және  осы пән бойынша емтихан  сұрақтары да берілген.

 

«Ғылым тарихы және философиясы» курсы бойынша дәріс тақырыптары

 

1 тақырып. Ғылымның пайда болуы. Негізгі тарихи даму кезеңдері                      2 сағ.

 2 тақырып. Ғылым – білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар және рационализм             2 сағ.

 3 тақырып. Қазіргі заманғы ғылымның даму ерекшеліктері. Математика және психология ілімдерінің маңызының  артуы                  2 сағ.

 4 тақырып. Жаратылыстану ғылымдарының  философиялық  мәселелері             2 сағ.

 5 тақырып. Қазіргі заманғы биология және экология тіршіліктің даму заңдылықтары мен болашағы туралы          2 сағ.

 6 тақырып. Информациялық қоғам концепциясы.  Қазіргі заманғы қоғам дамуындағы ғылым мен  техниканың  рөлі                                      2 сағ.

 7 тақырып. Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдардың философиялық мәселелері               2 сағ.

 8 тақырып. ХХ – ХХІ ғасырлардағы пәнаралық ғылымдар және постклассикалық емес ғылымдардың пайда болуы                                    2 сағ.                                  

 

Барлығы: 16 сағат.

 

 «Ғылым тарихы және философиясы» пәні бойынша  семинар  сабақтарының  тақырыптары және уақыт мөлшері

 

1 тақырып. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым                                 2 сағ.  

2 тақырып. Қазіргі заманғы ғылымның  даму ерекшеліктері          2 сағ.  

3 тақырып. Математика және физика ғылымдарының философиялық мәселелері                                                                                                         2 сағ.

4 тақырып. Техниканың  философиялық  мәселелері                       2 сағ.  

5 тақырып. Информатиканың  философиялық  мәселелері              2 сағ.  

6 тақырып. Химия ғылымының  философиялық мәселелері           2 сағ.  

7 тақырып. Адам және табиғат  ара қатынасының мәдени - әлеуметтік өлшемі.            2 сағ.

 8 тақырып. Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдардың қазіргі заманғы маңызы.              2 сағ.                                  

 

                                                                                              Барлығы: 16 сағат.

  

«Ғылым тарихы және философиясы» пәніне арналған семинар  сабақтарының  тақырыптары мен ғылыми әдебиеттер тізімі

 

1 тақырып. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым  

1. Мәдениет жүйесіндегі ғылымның орны

Дүниетанымның  тарихи формалары және ғылыми танымның элементтерінің пайда болу тарихы. Ғылым және өнер. Ғылым және дін.  Ғылым және адамзат  тәжірибесі мен  білімінің  арасындағы  диалектикалық  байланыс. Ғылымның  материалдық және рухани өндіріске әсері. Ғылым тарихының  әлеуметтік  жақтары.  Ғылыми идеялар мен  философиялық  көзқарастың өзара байланысы.  Ғылыми  шығармашылықтың қоғам дамуындағы  маңызы.  Ғылымның  философиялық  және методологиялық  мәселелерін  зерттеудің  тарихи  кезеңдері.  Ғылымның  қазіргі заманғы концепцияларының  жіктелуі: неопозитивизм, марксизм т.б.

 

2. Ғылымның пайда болу тарихы

Азамзаттың танымдық іс - әрекеттерінің  даму ерекшеліктері. Ғылым және миф. Ғылым және  өндіріс. Көне  дәуір  мәдениетіндегі ғылым мен  білімнің қалыптасу заңдылықтары.  Мысыр,  Месопотамия,  Қытай, Үнді және Ұлы Дала мәдениеттері: өркениет  ерекшеліктері,  білімнің  практикалық  және  қолданбалы сипаты.

Ежелгі Грек мәдениетіндегі  философия мен  ғылымның дамуы.  Табиғат философиясының қазіргі Еуропалық ғылымның  дамуына тигізген  әсері.  Экспериментальді  ғылымның пайда болуы.  Гуманитарлық  ғылымдардың ерекше  маңызға ие болуы.

Шығыс және Орта Азия,  Таяу Шығыс  мәдениеттеріндегі  ғылымның  даму  жетістіктері. Шығыс  мұсылман  елдеріндегі ғылымның  дамуының  себептері мен  шарттары.  Математикалық  білімдер  мен  медицина  саласындағы  атақты  ойшылдардың еңбектері және  олардың әлемдік ғылым  тарихындағы  ерекше  маңызы.

 

3. Жаңа заман ғылымының  қалыптасуы

Өндіріс пен ғылым арасындағы  байланыстың жаңа сатыға  көтерілуі, ғылыми  институттардың пайда болуы және олардың әлеуметтік, өндірістік  маңызы.

Қазіргі ғылым және батыс еуропалық  өркениеттің өзара байланысы.  Пәндік ұйымдасқан  ғылымның  пайда болуы, әлеуметтік және техникалық ғылымдардың қалыптасуы. Ғылыми кәсіп және мамандық.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Кохановский В.П., Лешкевич Т.Г., Матияш Т.П., Фатхи Т.Б. Философия науки  в вопросах  и ответах. Издание 4-е, Ростов – на – Дону: Феникс, 2007.

2.     Кохановский В.П., Лешкевич Т.Г., Матияш Т.П., Фатхи Т.Б. Основы философии науки. Учебное пособие для аспирантов. Издание 5-е, Ростов – на – Дону: Феникс, 2007.

3.     Философия науки: Учебное пособие /Под редакцией д.ф.н. А.И. Липкина. – М.: Эксмо, 2007.

4.     Ушаков Е.В. Введение  в философию и методологию науки. Издание 2-е: Учебник. – М.: КНОУРУС, 2008.

5.     Абу Наср аль – Фараби. Естественно – научные трактаты. – Алматы: Ғылым, 1979.

6.     Вебер М. Избранные произведения. – М.: Прогресс, 1990.

7.     Генезис категориального аппарата науки. – Алматы: Наука, 1990.

8.     Глобальные проблемы и общечеловеческие ценности. Пер. с англ. и француз. – М.: Прогресс, 1990.

9.     Косиченко А.Г.  Философия и методология науки (Учебное пособие по спецкурсу для магистрантов  и аспирантов). – Алматы, 1997.

10. Методология науки в контексте взаимодействия восточной и западной культуры. – Алматы, 1998.

11. Нысанбаев А.Н., Сулейманов Ф.М. Между мифом и разумом. – Алматы, 1991.

12. Никифоров А.Л. Философия науки: история и методология. – М.: Дом интеллектуальной книги, 1998.

13. Нысанбаев А.Н., Курбанов Р.О. Социологические и этические  проблемы современной науки. – Алматы: Ғылым, 1988.

14. Огурцов А.П. Дисциплинарная  структура  науки. – М.: Наука, 1988.

15. Поппер К. Логика и рост научного знания. –М.: Прогресс, 1983.

16. Степин В.С., Горохов В.Г., Розов М.А. Философия науки и техники. – М.: Гардарика, 1996.

17. Кун Томас. Структура научных революций. – М.: АСТ, 2001.

18. Философия и методология науки. Для аспирантов и магистрантов /Под ред. к.Х. Рахматуллина и др. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.

19. Шаповалов В.Ф. Философия науки и техники. – М., 2004.

20. Традиции и революции в развитии науки. – М.: Наука, 1991.

21. Вернадский В.И. Труды по всеобщей истории науки. – М., 1988.

22. Кузнецов Н.И. Наука в ее истории. – М., 1985.

23. Наука в культуре. – М., 1998.

24. Современная  философия науки. Хрестоматия. / Составитель А.А. Печенкин. – М., 1996.

25. А.В. Кезин. Наука в зеркале философии. – М., 1990.

26. Л.Н. Косарева. Социокультурный генезис науки: философский аспект проблемы. – М., 1989.

27. Философско – методологические проблемы науки. – Алматы: Наука, 1986.

28. Ракитов А.И. Философия компьютерной революции. – М., 1991.

29. Степин В.С. Философская антропология и философия науки. – М., 1992.

2 тақырып. Қазіргі заманғы ғылымның даму ерекшеліктері

 

1. Постклассикалық емес ғылымдардың сипаты

Синергетика принциптері. Ғылыми  ізденістердегі құндылықтар  мәселесі. Ғылым мен техниканың  дамуын  жақтаушылар (сциентизм) және даттаушылар (антисциентизм). Ғылымдардың мәдениет  жүйесіндегі  жаңа қызметтері. Ғылыми  мәліметтердің өсуі және ғылым әлемінің өзгеруі. Ғылыми төңкерістер және парадигмалар.

 

2. Ғылым - әлеуметтік институт

Ғылымды әлеуметтік институт ретінде танудың негізгі бағыттары.  Ғылыми қауымдастықтардың  тарихи түрлері. Ғылыми білімнің  тасымалдау  формалары мен амалдары.  Қазіргі заманғы ғылым  концепцияларын жіктеу: неопозитивизм, ғылыми зерттеу логикасы, ғылым  онтологиясы, ғылымның  постпозитивистік бейнесі.  Ғылымның  бірлігі  және оның кейбір  салаларының  өзара байланысы.

 

3. Ғылыми іс – қызметтің ерекше мамандыққа (кәсіпке) айналуы

Ғылыми – әлеуметтік мәліметтер  тасқынының  қазіргі заманғы әлеуметтік  кеңістікте ұлғаюы және оның  адам мен қоғам өміріне  тигізер  әсерлері. Ғылымдағы дәстүршілдік  және  жаңашылдық. Ғылым және саясат.  Ғылым және  экономика.  Нарықтық  қатынастар  мен мемлекеттік  жауапкершілік диалектикасы.  Нанатехнология  және инновациялық  жобалар болашағы. Қазіргі  заманғы қазақстандағы  ғылым мен техниканың, өндіріс пен қоғамдық  қатынастардың даму  деңгейлері.

 

         Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Кохановский В.П., Лешкевич Т.Г., Матияш Т.П., Фатхи Т.Б. философия науки  в вопросах  и ответах. Издание 4-е, Ростов – на – Дону: Феникс, 2007.

2.     Кохановский В.П., Лешкевич Т.Г., Матияш Т.П., Фатхи Т.Б. Основы философии науки. Учебное пособие для аспирантов. Издание 5-е, Ростов – на – Дону: Феникс, 2007.

3.     Философия науки: Учебное пособие /Под редакцией д.ф.н. А.И. Липкина. – М.: Эксмо, 2007.

4.     Ушаков Е.В. Введение  в философию и методологию науки. Издание 2-е: Учебник. – М.: КНОУРУС, 2008.

5.     Традиции и революции в развитии науки. – М.: Наука, 1991.

6.     Вернадский В.И. Труды по всеобщей истории науки. – М., 1988.

7.     Кузнецов Н.И. Наука в ее истории. – М., 1985.

8.     Наука в культуре. – М., 1998.

9.     Современная  философия науки. Хрестоматия. / Составитель А.А. Печенкин. – М., 1996.

10. А.В. Кезин. Наука в зеркале философии. – М., 1990.

11. Л.Н. Косарева. Социокультурный генезис науки: философский аспект проблемы. – М., 1989.

12. Философско – методологические проблемы науки. – Алматы: Наука, 1986.

13. Ракитов А.И. Философия компьютерной революции. – М., 1991.

14. Степин В.С. Философская антропология и философия науки. – М., 1992.

 

3 тақырып. Математика және физика ғылымдарының  философиялық  мәселелері

 

1. Математика – ғылымның тілі ретінде

Математика және техника.  Математика және өнер. Математикалық білім  құрылымы.  Математикалық  білімдердің пайда болу себептері мен алғы шарттары.  Аксиоматикалық  тәсіл және математикалық  білімдердің жіктелуі, негізгі даму кезеңдері. Пифагореизм – бірінші математика философиясы. Математиканың қазіргі заманғы концепциялары.

 

2. Қолданбалы математика және ғылымның  математикаға тәуелділігі

Математиканы қолданудың жаңа мүмкіндіктері. Математикалық  моделдеу: оның  әр салада  пайдалануы.  Информатика  және математика. Интернет – жаңа  әлеуметтік  технологиялардың  құралы. Компьютерлік төңкерістің  мәні мен мағынасы. Жасанды интеллект  мәселесі және компьютерлік этика. Информациялық  қоғам концепциясы.

Синергетика және әлеуметтік информатика мәселелері. Математика – физиканың тілі. Білімді математикаландырудың үш кезеңі:  феноменологиялық,  модельдік, фундаментальді – теориялық.

 

3. Физиканың ғылымдар жүйесіндегі орны

Физика – жаратылыстанудың  негізі. Физиканың  ғылым ретіндегі  негізгі даму кезеңдері.  Фундаменталдық  бөлшектерді жіктеу мәселелері.

Кеңістік және уақыт  мәселелері. Галилей және Ньютондық көзқарастар кеңістік  туралы. А. Эйнштейін – кеңістік және уақыт  туралы  концепциясы. Субстанциалдық және реляциондық  концепциялардың ерекшеліктері.

4. Физикалық танымдағы детерминизм концепциясының рөлі

Классикалық және кванттық  физикадағы  ықтималдықтың статусы. Физикадағы жүйелілік идеялары, жүйенің  үш түрі: қарапайым механикалық  жүйелер; кері байланысы бар жүйелер; өзі дамитын жүйелер (өзі ұйымдасқан). Кванттық механика және постмодернизм.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Карнап Р. Философские основания физики. – М., 1972.

2.     Физика в системе культуры. – М., 1996.

3.     Философия физики элементарных частиц. – М., 1995.

4.     Формирование современной естественно – научной парадигмы. – М., 2001.

5.     Чернавский Д.С. Синергетика и информация. – М., 2001.

6.     100 лет квантовой теории. История. Физика. Философия. – М., 2002.

7.     Кадыржанов Р.К. Социально – культурные  основания  математизации науки. – Алматы: Ғылым, 1992.

8.     Математизация науки: социокультурные  и методологические проблемы. – Алматы: Ғылым, 1990.

9.     Нысанбаев А.Н. Диалектика и современная математика. – Алматы: Казахстан, 1982.

10. Антология философии  математики /Отв. ред. и сост. А.Г. Барабашев и М.И. Панов. – М.: Добросвет, 2002. 420 с.

11. Бесконечность  в математике: философские и методологические аспекты. /Под ред. А.Г. Барабашева. – М.: Янус-К, 1997.

12. Стили в математике. Социокультурная философия математики /Под ред. А.Г. Барабашева. – СПб: РХГИ, 1999.

13. Перминов В.Я. Философия и основания математики. – М., Прогресс-Традиция, 2002.

 

4 тақырып. Техниканың философиялық мәселелері

 

1. Техниканың  тарихы және философиясы

Техникалық білімдер табиғаты. Техника және өнер. Техника және  технология - әлеуметтік құбылыстар.

Қазіргі заманғы  техногендік өркениеттің  шегі және  болашағы.  Техникалық  оптимизм және пессимизм. Ғылым мен техниканың  өзара қатынасы  туралы концепциялар.

 

2. Жаратылыстану және техникалық ғылымдар

Алғашқы техникалық ғылымдар – қолданбалы  жаратылыстану. Техникалық  ғылымдар түрлері.  Техникалық  ғылымдардағы теориялық пен тәжірибеліктің арақатынасының  ерекшелігі. Техникалық  теория. Техникалық  ғылымдардың қазіргі заманғы  инженерлік тәжірибеге әсері.

 

3. Классикалық емес ғылыми – техникалық  пәндердің  ерекшеліктері

Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық пәндердің табиғаты мен мәні.  Информациялық  және компьютерлік  технологиялардың  қолданылу  нәтижесінде  ғылымды  математикаландырудың жаңа жолдары; әлеуметтік – гуманитарлық  пәндердің методологиялық  рөлі және  техника саласында  әлеуметтік – гуманитарлық  білімнің пайдалануы. Жүйелі зерттеулер мен  жобалаулар. Техника  туралы жүйелі және кибернетикалық көзқарастардың дамуы.

  

4. Техникаға  әлеуметтік баға беру

 Техниканың субстраттық және қызметтік мазмұны.  Техниканың  шектеулілігі  мен шексіздігінің  диалектикасы.  Техника жүйе ретінде.

Техниканың  даму жүйесіндегі – адам.  Адам – техниканың  басты  элементі.  Табиғат  жүйесіндегі  техника.  Табиғат  ресурстары және техника.  Техниканың  дамуы  салдарын әлеуметтік,  экономикалық,  экологиялық тұрғыдан  бағалау.  Ғалым  этикасы және  жобалаушының  әлеуметтік  жауапкершілігі.  Қазіргі  заманғы  техниканы  гуманизациялау және экологизациялау мәселелері.  Техногендік өркениеттің дамуындағы қазіргі заманғы бағыттары мен қайшылықтары. 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Анисимов К.Л. Человек и техника. Современные проблемы. – М., 1995.

2.     Виртуальная Философия техники: История и современность. – М., 1997.

3.     Горохов В.Г. Концепции современного естествознания и техники.  – М.: Инфра, 2000.

4.     Митчам К. Что такое  философия техники? – М.: Аспект Пресс, 1995.

5.     Ракитов А.И. Философия  компьютерной  революции. – М., 1991.

6.     Рачков В.П. Техника и ее роль в судьбах человечества. – Свердловск, 1991.

7.     Степин В.С., Горохов В.Г.  Введение  в философию науки и техники. – М.: Гардарика, 2003.

8.     Философия техники: История и современность. – М., 1997.

9.     Шаповалов В.А. Курс  лекций по философии техники. – СПб., 1998.

 

5 тақырып. Информатиканың философиялық  мәселелері

 

1. Информатиканың  пән ретінде қалыптасу тарихы

К. Шеннонның информация  теориясы. Кибернетика – ғылым  ретінде. (Н. Винер; Р. Эшби; А. Тьюринг; С. Бир т.б.). Л. фон  Берталанфи, А. Раппорттың жүйелердің жалпы  теориясы туралы ілімі. Информатикадағы синергетикалық көзқарас. Моделдеу және есептеу тәжірибесі – информатиканың  интеллектуальдық ядросы.

Информациялық  қауіпсіздік  концепциясы.

 

2. Қазіргі заманғы интернет  жүйесі

Киберкеңістік Интернет ұғымы. Синергетикалық  парадигма. Интернет XXI ғасырдағы ғылымның  информациялық – коммуникативтік ортасы  және үзіліссіз білім  алудың  әлемдік  кеңістігі. Компьютерлік этика, интеллектуальдық меншік.

 

3. Информациялық қоғам концепциясы

Информациялық  қоғамдағы адам мәселесі. Қазіргі заманғы  психотехнология және психотерапиялық  тәжірибенің  информатика  тарапынан әлеуметтік – гуманитарлық  талдануы.  Әлеуметтік информатика және синергетика. 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Турчин В.Ф.  Феномен науки. Кибернетический подход к эволюции. – М., 2000.

2.     Чернавский Д.С. Синергетика и информация.  – М., 2002.

3.     Аршинов В.И. Синергетика как  феномен постклассической науки. – М., 2002.

4.     Кастельс Э. Информационная эпоха. Экономика, общество и культура. – М., 2001.

5.     Астафьева О.Н. Синергетический подход к исследованию социокультурных процессов: возможности и пределы. – М., 2002.

6.     Поппер К. Открытое общество и его враги. – М., 1992.

7.     Сорокин П. Человек, цивилизация, общество. – М., 1992.

 

6 тақырып. Химияның философиялық мәселелері

 

1. Химия философиясының  ерекшелігі

Химия ғылымының  пайда болу және даму тарихы. Химия және басқа  жаратылыстану  ғылымдары  арасындағы  тығыз  байланыс. Химия ғылымының  технология  және өнеркәсіппен тікелей байланысы.  Химиядағы концептуальді жүйелер  эволюциясы.  Теориялық  және тәжірибелік химияның  бірлігі. Элементтер мен заттар  қасиеттерін  анықтаудағы  ғылыми  көзқарастардың  даму тарихы.  Элементтер  туралы  ілімдер:  флогистон теориясы, ятрохимия, пневмохимия,  лавуазьенің оттегілік теориясы.  Менделеевтің периодикалық жүйесі – элементтер туралы ілімнің дамуының  соңғы кезеңі.

 

2. Қазіргі заманғы химия және оның қоғамдық – экономикалық, әлеуметтік  маңызы

Структуралық химия – заттың динамикалық сипатының  теориялық  түсініктемесі.  Кольбе, Кеккуле, Купер, Бутлеров еңбектеріндегі  изомерлер мен полимерлерді зерттеу  нәтижелері.

Атомдық – молекулярлық  ілім – структуралық  теориялардың  теориялық  негізі. Химиялық  кинетика және химиялық жүйелер  сипаты  мәселелері.  Химияны  физикализациялау  үрдістері және оның  үш кезеңі: 1) химияға физикалық  идеялардың енуі; 2) физикалық  және физико – химиялық  теориялардың құрылуы; 3) химияның фундаментальді бөлімдерінің  физикаға (редукциясы) қатысты қысқартылуы.

Редукционизм және білімдер бірлігі.

Гносеологиялық,  прагматикалық және онтологиялық редукционизм.

Химиялық ғылымның қазіргі заманғы өнеркәсіп пен халық шаруашылығындағы, медицина  мен күнделікті тұрмыстағы рөлі.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Азимов А. Краткая история химии. – М., 1983.

2.     Печенкин А.А. Взаимодействие  физики и химии (философский анализ). – М., 1986.

 

7 тақырып. Адам және  табиғат ара қатынасының  мәдени - әлеуметтік өлшемі

 

1. Экологиялық мәселелердің  генезисі

Шығыс және Батыс  мәдениеті  тарихындағы  экологиялық  ойлар. Көшпенді және отырықшы  мәдениеттің табиғатқа көзқарасы  мен қатынасы.  Ежелгі дәуір  мен орта  ғасырдағы  экологиялық  сана. Жаңа заман және ХХ ғасыр мәдениетіндегі  экологиялық  акценттер. 

Қазіргі заманның  ғаламдық  ауқымды тауқыметтері және  оларды шешудің  жолдары.  Тұрақты әлемдік даму стратегиясы және әлеуметтік  экологияның  пайда болуының  тарихи заңдылығы.  Әлеуметтік экология ғаламдық  дағдарыстан  шығудың теориялық негізі. Әлеуметтік – экологиялық  заңдылықтар үйлесімділігі – қоғам дамуының  алғы  шарты.

 

2. Білім алу, тәрбиелеу және шаруашылық іс-әрекеттің экологиялық  негіздері

Адамзат өмір сүруінің  және табиғатпен қарым – қатынасының  негізгі кезеңдері.  Планетаның  материалды ресурстарының  шектеулілігі және өндіріс  пен  тұтынудың  негізгі  бағыттары.  Экологиялық  дағдарыс жағдайындағы адамзат  қажеттілігінің  және құндылықтарға  деген  көзқарасының  өзгеруі.

Қазіргі заманғы экологиялық  дағдарыс  өркениеттік сипатта: түп – тамыры және даму бағыттары.

 

3. Ғылыми – техникалық  революция және биосфера

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары. Экология және этика, экология және экосаясат, экология және құқық, экология және  экономика. Экологиялық тәрбие және білім  берудің  ерекшеліктері.  Экологиялық  білімнің табиғат  пен адамзатқа  төнген  қауіпті жоюдағы тәжірибелік маңызы. Ғылымның және бұқаралық  ақпарат құралдарының  экологиялық  тәрбие, білім беру және сауаттандыру ісіндегі ерекше рөлі.  Экология және  информациялық  өркениет  философиясы. Қазақстанның  өрлеп дамуы  концепциясы щеңберіндегі адам мен табиғат  өзара қатынасының  жаңа философиясы.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Биофилософия. – М., 1997.

2.     Борзенков В.Г. Философские  основания теории эволюции. – М., 1987.

3.     Воронцов Н.Н. Развитие эволюционных  идей в биологии. – М., 1999.

4.     Гирусов Э.В. и др. Экология и экономика природопользования. Учебник (2-е издание). – М., 2002.

5.     Капринская Р.С., Лосев К.С., Огурцов А.П. Философия природы: коэволюционная стратегия. – М., 1995.

6.     Отчуждение  и проблемы экологии. – Алматы, 2002.

7.     Философия  экологического  образования (отв. ред. И.К. Лисеев). – М., 2001.

8.     Биологические аспекты эстетики. – М., 1995.

9.     Введение в биоэтику. – М., 1999.

 

8 тақырып. Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдардың қазіргі заманғы маңызы

 

1. Адами құндылықтардың әлеуметтік – гуманитарлық  тұрғыдан бағалануы

Аксиология тарихы. Аксиология түрлері: натуралистік  психологизм, трансцендентализм, персоналистік онтологизм,  тарихи – мәдени релятивизм, социологизм. Сана құндылығы және ғылым.  Құндылық  және ақиқат. Постмодерн дәуіріндегі құндылықтарды  тану санасы. Әлеуметтік – гуманитарлық  зерттеу  процесіндегі дүниенің ғылыми картинасы, ғылыми таным  стилі,  философиялық  категориялары  мен  шарттардың рөлі. Сұлулық  пен қарапайымдылық  шарттары – ғылыми  емес бағалау критерилері.

Өмірді мәдени - әлеуметтік және гуманитарлық мазмұнда бағалау. Жалғыздық және сұхбат.  Өмірдің мәні мен мақсаты: жалпы және ерекшелік. Адам болмысының ерекшелігі.

 

2. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы түсіну,  түсіндіру, интерпретация мәселелері

Түсіну және түсіндіру – ғылымның  коммуникативтік сипатының  жемісі. Герменевтика – текстерді  түсіну және  интерпретациялау туралы ілім. Сенім мен күмәндану диалектикасы. Сенім  және ақиқат. Діни және діни емес сенім.

Әлеуметтік – гуманитарлық  ғылымдардың негізгі зерттеу бағдарламалары: натуралистік (механицизм, биологизм, географиялық  детерминизм, демографиялық детерминизм,  экономизм, социоцентризм); антинатуралистік (субъективизм,  идеализм,  мәдени – центризм, психологизм, феноменологизм).

 

3. Гуманитарлық  білімдердің  үш парадигмасы: адамзаттық,  зайырлы,  методологиялық

Гуманитарлық,  қоғамтану,  мәдениеттану білімдері.  Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар  мен ғылыми  емес  білімдердің әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды сараптаудағы өзара әсері.

ХХ және ХХІ ғасырлардағы жаңа парадигмалар,  білімнің қоғам және адам өмірінде маңызы мен рөлінің өсуі.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Қасымжанов А.Х. Пространство и время великих традиций. – Алмтаы, 2001.

2.     Нысанбаев А.Н. Философия взаимопонимания. – Алматы, 2001.

3.     Отчуждение  и проблемы экологии (на материалах Казахстана). – Алматы, 2002.

4.     Пути философского знания на рубеже веков. – Алматы, 2000.

5.     Касабек Аманжол. Историко – философское познание. – Алматы, 2002.

6.     Бахтин М.М. К философским  основам гуманитарных наук //Собр. соч. в 7-ми т. Т.5. – М., 1996.

7.     Гадамер Х.Г. Истина  и метод. Основы философской герменевтики. – М., 1988.

8.     Микешина Л.А. Философия  познания.  Полемические главы. – М., 2002.

9.     Огурцов А.П. Дисциплинарная структура науки: ее генезис и обоснование.  – М., 1988.

10. Социальное знание и социальные  изменения. Отв. ред. В.Г. Федотова. – М., 2001.

11. Степин В. Философская  антропология и философия науки. – М., 1992.

12. Лиотар Ж.Ф. Состояние  постмодерна. – М., СПБ., 1998.

 

«Ғылым тарихы және философиясы» пәні бойынша магистранттарға  арналған семестрлік жұмыстардың  тақырыптары

 

1.     Гелиоцентризм идеясы және әлемнің шексіздігі  туралы Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей ілімі.

2.     Кеңістік және уақыт  ұғымдарының  тарихи – ғылыми  дамуы.

3.     Адамзат  қауымының  ғылыми – техникалық прогрестегі гуманистік мүмкіндіктері.

4.     Технократиялық  детерминизм  теориясы.

5.     Рим клубы жұмыстарындағы  жаһандық  моделдер.

6.     Философия және физика  микроәлем  туралы.

7.     Ғылыми ізденістер мен  зерттеулердің әлеуметтік маңызы мәселелері.

8.     Ғылыми – техникалық  шығармашылықтың философиялық  жақтары.

9.     Компьютерлік  революцияның  мұраттары мен тауқыметтері. 

10. Техника,  мәдениет, адам.

11.  Инженерлік  мамандық  және білім  саласын  гуманитаризациялау.

12.  Материяның  құрылымы  туралы қазіргі заманғы ғылымдағы бөлшектік пен  тұтастық  бірлігі.

13.  Классикалық  және қазіргі заманғы физикадағы  қозғалыс  мәселесі.

14.  Постпозитивизм  және оның қазіргі заманғы ғылым  мен философиядағы рөлі.

15.  Ғылыми таным және оның өзіндік  белгілері.

16.  Адамзат  тіршілігінің барлық түріне  қатынасындағы  тәжірибенің  интегративтік  функциясы.

17.  Дүниені көркемдік тұрғыдан  қабылдаудан  ғылыми  танудың  өзгешелігі.

18.  Дүниенің табиғи – ғылыми бейнесі және ғылымның  философиялық  негізі.

19.  Философия және қазіргі заманғы ғылымдағы шектілік  пен шексіздік мәселесі.

20.  Қазіргі заманғы батыс философиясындағы бүгінгі күннің ғаламдық тауқыметтері мәселесі.

21.  Адам  ақылының ғаламшардағы мәні және «ноосфера» концепциясының  маңызы.

22.  Экологиялық дағдарыстың зардабы: одан шығудың  жолдары  туралы  әртүрлі концепциялар.

23.  Философия және  жаратылыстанудағы табиғат, қоғам  мен адам  бірлігі мәселесі.

24.  Қазіргі заманғы ғылымның әлеуметтік даму процестеріне араласу деңгейі.

25.  Қазіргі заманғы ғылымның этикалық қағидалары мен  құндылықтары.

26.  Ғылым  мен философия тарихындағы  себептілік ұғымының  дамуы.

27.  Қазіргі  заманғы ғылымдағы  тәжірибенің  орны.

28.  Ғылыми таным  процесіндегі интуицияның мәні және рөлі.

29.  Қазіргі заманғы ғылымдағы математиканың рөлі.

30.  Қазіргі заманғы ғылымдағы моделдеу тәсілі.

31.  Әлемдегі демографиялық өзгерістер және ғылыми – техникалық  прогресс.

32.  Ғылыми – техникалық революция заманындағы өнердің дамуындағы  ерекшеліктер.

33.  Дүниеге инженерлік қатынастың негізгі эстетикалық шарттары.

34.  Техника және инженердің  әлеуметтік – этикалық  жауапкершілігі мәселесі.

35.  Ғылыми – техникалық  революция және білім беру мәселесі.

36.  Діни және ғылыми  көзқарастардың ара қатынасы: діни ұйымдардың қазіргі  замандағы  іс - әрекеті мен  мақсат – мұраты.

37.  Христиан  дініндегі  сенім  мен білім  ара қатынасы мәселесіне талдау.

38.  Ислам  діні және  ғылым  ара қатынасы.

39.  Ислам дінінің  қазіргі заманғы  адамзат  мәдениетіне әсері.

40.  ХХІ ғасырдағы  Қазақстандағы  ұлттық мәдениет  пен ғылымның  дамуы: қазіргі жағдайы және болашағы.

41.  Қазіргі заманғы мәдениет жүйесіндегі ғылымның орны: қайшылықтар мен жетістіктер.

42.  Ақпараттық  қоғам концепциясының  мәні.

43.  Сциентизм және антисциентизм  ғылыми – техникалық  даму туралы.

44.  Дүниенің  физикалық  бейнесінің  эволюциялық  дамуы.

45.  Синергетикадағы мақсаттылық  ұғымы.

46.  Кванттық  механика және ғылымдағы ақиқат  мәселесінің  постмодернистік терістелуі.

47.  Ғарыш және  техногендік  өркениеттің ғаламдық  мәселелері.

48.  Химия, физика, биология және геология ғылымдарының  өзара бірігуі.

49.  Қазіргі заманғы философия мен ғылымдағы  «тіршілік» мәселесі.

50.  Эволюциялық  теорияның  құрылымы және  негізгі шарттары.

51. Экофилософия философиялық білім  саласы.

52.  Экологиялық  мәдениетті  дамыту  жолдары.

53.  Жаһандану жағдайындағы экологиялық  және экономикалық  мәселелерді шешудің амалдары.

54.  Ғылым  философиясы мен техника философиясының  ара қатынасы.

55.  Табиғат  байлықтарын  комплекстік тұрғыдан  пайдалану мәселелері.

56.  Математика ғылымының  эволюциялық  даму жолы.

57.  Қазіргі  заманғы математикалық  концепциялар.

58.  Информатика және синергетика.

59.  Жасанды  интеллект  мәселесі және оның  эволюциялық  даму тарихы.

60.  Информатикалық  қоғамдағы жеке тұлға  мәселесі.

61.  Жаңа  технологиялар және адамзат  дамуының  болашағы.

62.  Өндіріс және жаңа энергия көздерін  дамыту  жолдары.

63.  Қазақстандағы ғылым мен техниканы  дамытудың өзекті мәселелері. 

 

 Магистранттарға арналған  «Ғылым тарихы  және философиясы» пәні бойынша емтиханға дайындық  сұрақтары

 

1.     Философиялық  концепциялардың ғылым дамуына әсері.

2.     Қоғам өміріндегі ғылымның  рөлі  және функциялары. Мәдениет  жүйесіндегі ғылымның орны.

3.     Ғылым тарихының  статусы және мәселелері.

4.      Дін және ғылым, өзара әсері.

5.     Ғылым және саясат.

6.     Ғылым - өндіргіш  күш. Ғылымның  аксиологиялық  статусы.

7.     Ғылым  тарихындағы  классификациялау мәселелері.

8.     Қазіргі заманғы ғылыми  концепцияларды  классификациялау ерекшелігі: неопозитивизм, ғылыми зерттеудің логикасы, ғылымның постпозитивистік бейнесі.

9.     Философия және ғылым: жалпы ортақ мәселелер  мен ерекше құндылықтар.

10.  Ғылымның  пайда болуы және өндірістің дамуы.

11.  Ғылымдағы  теориялық  және  эмпирикалық.

12.  Ғылыми  білімнің құрылымы.

13.  Дүниенің философиялық және  ғылыми бейнесі.

14.  Ғылымдар  дифференциясы және  интеграциясы.

15.  Ғылыми революциялардың мәні мен  маңызы.

16.  Пәнаралық  қатынастар және синергетикалық  шарттар.

17.  Сциентизм  және антисциентизм.

18.  Қазіргі заманғы  мәдениеттегі ғылымның  жаңа міндеттері.

19.  Ғылым  дамуының  негізгі кезеңдері.

20.  Кибернетика дамуының  маңызы және әлеуметтік салдары.

21.  Ғылым және әлеуметтік жауапкершілік.

22.  Қазіргі заманғы постклассикалық емес ғылымдардың негізгі сипаттары.

23.  Қазіргі заманғы ғылыми білімнің теориялық  синтезіндегі диалектикалық заңдылық.

24.  ХХ – ХХІ ғғ. тоғысындағы ғылым дамуының  этикалық жақтары және ғылымдағы гуманитарлық  бақылау.

25.  Ғылыми  информациялардың  өсуі және ғылымдағы өзгерістер.

26.  Физика  жаратылыстанудың тұғыры.  Физикалық  таным тәсілдерінің ерекшелігі.

27.  Бөлшектер  мен өрістер  дүниенің  қазіргі заманғы  физикалық бейнесінің  негізгі абстракциялары.

28.  Классикалық  механикадағы  кеңістік және уақыт  мәселесі. Абсолютті кеңістік ұғымы.

29.  Кеңістік пен уақыт  туралы субстанциалды және  реляциондық  концепциялар.

30.  Қазіргі заманғы  кеңістік және уақыт  туралы  ғылыми – жаратылыстану концепциялары мен олардың философиялық маңызы.

31.  Детерминизм  концепциясы және оның физикалық  танымдағы рөлі.

32.  Детерминизм  және  себептілік. Себептілік байланыстар туралы  ғылым философиясындағы қайшылықтар.

33.  Астрономия  және космологияның  ғылыми  дәрежесі, олардың мәдениеттегі орны.

34.  Әлем туралы  қазіргі заманғы  теориялық  білімдер  жүйесі және шындық мәселесі.

35.  Астрономия  мен космологиядағы  эволюциялық  мәселелер.  А.А. Фридманның әлемдік кеңею  теориясы, Г.А. Гамовтың ыстық әлем теориясы,  инфляциялық космология.

36.  Әлем адамзаттық «экологиялық ұясы». Универсальді  эволюционизм және сананың  пайда болу мәселелесі.

37.  Химия философиясының  ерекшелігі. Ғылымды тарихи тұрғыдан саралау химияның  философиялық  мәселелерінің  маңызды саласы.

38.  Химияның өндіріс  және  технологиямен тікелей байланысы.

39.  Қазіргі заманғы философия мен ғылымдағы «өмір» ұғымы.

40.  Эволюциялық теорияның  құрылымы және негізгі шарттары.

41.  Тіршілік жүйелерінің  тұтастығы  және үйлесімдігі.

42.  Экофилософия – философиялық білім саласы.

43.  В.И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі.

44.  Қазіргі заманның  ауқымды тауқыметтері қатарындағы адам және қоғам мәселесі.

45.  Медицина философиясы, оның мақсаты және мұраты.

46.  ХХ – ХХІ ғасырлардағы  медицинаның  даму ерекшеліктері.

47.  Биоэтика  және қазіргі  заманғы  әлеуметтік мәселелер.

48.  Адам денсаулығы мен  сырқатының  әлеуметтік – биологиялық  алғы шарттары.  

49.  Халықтық  және  ғылыми медицина:  мәні мен зерттеу  тәсілдеріне  көзқарастар.

50.  Адамзат  қоғамының  жағрафиялық  ортасы. Қоғамның  әртүрлі табиғи жағдайларға бейімделу формалары.

51.  Биосфера – жер дамуының  заңды кезеңі.

52.  Ноосфера – биосфераның жоғарғы даму сатысы.

53.  Жағрафиялық  ортаның  тарихи  сипаты  және оның  қоғам  өміріндегі  рөлі. Қазақстандағы  экологиялық  мәселелер.

54.  Геологиядағы  кеңістік және уақыт мәселесі.

55.  Техниканы  философиялық сараптау  ерекшелігі.

56.  Техника: шығу тегі және  ұғым эволюциясы,  қазіргі  заманғы  түсінік.  М. Хайдеггер  техника туралы.

57.  Техника  және  технология - әлеуметтік құбылыс.

58.  Тәжірибелік – техникалық, инженерлік  іс - әрекет.

59.  Техникалық  ғылымдар  ерекшелігі,  олардың  жаратылыстану  және қоғамдық ғылымдармен  қатынасы.

60.  Техникалық  ғылымдардағы білімнің  теориялық – методологиялық  бірігуінің  ерекшелігі.  Олардағы  теориялық  пен эмпирикалықтың қатынас  ерекшелігі.

61.  Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық  пәндердің табиғаты және мәні.

62.  Даму жүйесіндегі техника әлеміндегі адам.  Адамды техникамен  алмастырудың салыстырмалылығы.

63.  Ғалым этикасы  және  жоспарлаушының  әлеуметтік  жауапкершілігі. Қазіргі  заманғы  техниканы  гуманизациялау және экологизациялау мәселесі.

64.  Ғылыми – техникалық революция, оның  технологиялық  және әлеуметтік салдары.

65.  Техногендік  өркениеттің дамуындағы қазіргі заманғы ағымдар  мен қайшылықтар. Техникалық  жүйенің жаһандануы.

66.  Қазіргі заманғы ғылымның  гуманистік сипат алуы.

67.  Құндылықтар  табиғаты:  материалды және рухани құндылықтар.

68.  Әлеуметтік – гуманитарлық  ғылымдардағы  рационалдық, объективтік және шындық  мәселесі, сенім мен ақыл ара қатынасы.

69.  Математика – адамзат  мәдениетіндегі  құбылыс. Математика және  философия.

70.  Математиканың  негізгі  философиялық концепциялары. Пифагорейзм – бірінші  математика  философиясы.

71.  Білімнің  әр саласындағы  математиканың  араласу ерекшелігі. Математикалық  таным  тәсілдері.

72.  ХХ ғасырдың  екінші  жартысындағы  информатиканың  пәнаралық  білім  болып  қалыптасу тарихы.

73.  Интернет – жаңа  әлеуметтік  технологияның  құралы және  оның философиялық  маңызы.

74.  Жасанды интеллект мәселесі және оның эволюциясы. Білімді зерттеудің  технологиялық жақтары.

75.  Информациялық  қоғам концепциясы. Информациялық  қоғам  тарихы және болашағы.

76.  Ядролық  физиканың  даму  ерекшелігі және болашағы.

77.  Техника және  қазіргі  заманғы мегаполис  мәселесі.  Транспорт  және  коммуникациялар.  

78.  Уфология және футурология. Аномальді  құбылыстар  және ғылыми – философиялық    түсініктемелер.

79.  Қазақстандағы  ғылыми – техникалық  дамудың деңгейі. Нанатехнология және оның даму бағыттары.

80.  Қазіргі заманғы Қазақстандағы экологиялық,  экономикалық  және гуманитарлық  мәселелерді шешудің амалдары  мен  болашағы.

 

 

Мазмұны 

Алғы сөз....................................................................................................................3  

«Ғылым тарихы және философиясы» курсы бойынша дәріс тақырыптары.....4  

Ғылым тарихы және философиясы» пәні бойынша  семинар  сабақтарының  тақырыптары және уақыт мөлшері........................................................................5 

«Ғылым тарихы және философиясы» пәніне арналған семинар  сабақтарының  тақырыптары мен ғылыми әдебиеттер тізімі........................................................6 

«Ғылым тарихы және философиясы» пәні бойынша магистранттарға  арналған семестрлік жұмыстардың тақырыптары.............................................16  

Магистранттарға арналған  «Ғылым тарихы  және философиясы» пәні бойынша емтиханға дайындық  сұрақтары.........................................................19