Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ 

Бакалавриаттың  күндізгі бөлім студенттері үшін

семестрлік жұмыстарды орындауға арналған  әдістемелік нұсқау

 

Алматы 2009

 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Жарқынбаев Е.Е. Мәдениет және өркениет. Бакалавриаттың күндізгі бөлім студенттері үшін  семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБИ  2009ж. –  13 б. 

         Қалыптасу және даму мәселелері курсы бойынша ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда студенттің семестрлік жұмысты жазу барысында қолданатын ережелері мен әдебиеттер  тізімі көрсетілген.

        

Кіріспе

 

«Мәдениет және өркениет  ара қатынасының  мәселесі» атты қысқа  мерзімде, 1 кредит көлемінде құрылған пәннің қарастыратын мәселелер шеңбері қазіргі әлеуметтік кеңістіктің өзгеруімен  тікелей байланысты.

Мәдениет  формаларын  қоғам өмірінің барлық  саласынан  көруімізге болады. Бүгінде  қоғам мен табиғат арасында  шиеленіскен  көптеген  сан – салалы мәселелер  туындап отыр. Сондықтан «мәдениет» пен «өркениет» ұғымдарының арасындағы  жақындастық  пен алшақтықты анықтаудың маңызы зор.  Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету барысында,  көптеген  теориялар мен  концепцияларды  жинақтай  алды. Мәдениет  әлемін халықтың игілігіне айналдыруда әлі де көптеген  іс – шаралар, ашылыстар  толастамасы анық. Мәдениеттің  қоғамдағы қызметтерін есепке  ала отырып,  бұл таңдамалы пәннің  қаншалықты маңызды екендігін көреміз.

«Мәдениет және өркениет: қалыптасу және даму мәселелері» атты арнайы курс мәдениеттану пәнімен қатар жүреді. Бұл таңдамалы пәнді студенттер  өз қалауларымен  ерікті түрде таңдайды. Бұл пәнде бүгінгі  дүниежүзілік өркениет  тудырған  өзекті  мәселелер талданады. Әрбір зиялы қауымның  мәдениет формаларымен танысып,  өздерінің  дүниетанымдық  ой өрісін  кеңейтуде алатын орны ерекше.  Бүгінгі  демократияға негізделген азаматтық  қоғам қыр – сырының  мәдени астарымен таныстыруға мақсатталған. Сонымен қатар техногендік өркениет  кезеңіндегі құндылықтарды  бұрынғы  мәдени құндылықтарымен салыстыра отырып қарастыру.  Дүниежүзілік  мәдениеттер мен өркениеттердің тарихы мен  таныса келе, ұлттық мәдени құндылықтардың өркениетпен  қарама – қарсы  жақтарын  анықтау.  Қазіргі жаһандану тұрғысындағы  туындап отырған  мәселелерге  терең көңіл бөлу. Семестрлік жұмыстың ғылыми және әдістемелік жақтарын баса назар аудару. Орталық институттардың мәдени құндылықтарды жетілдірудегі рөлін анықтау. Семестрлік жұмысты бағалау барысында студенттің шығармашылық ізденістері ескеріледі. Жұмысты жазу кезінде  көрсетілген әдебиеттермен қатар  газет – журналдағы мақалаларды пайдалану қажет.  Студенттің рейтінгін есептегенде 30%  - ы дәріске, 40% - ы семинарға, 30% - ы семестрлік жұмысқа арналады.    

 

 1 – тақырып. Курстың мазмұны 

1.1 тақырып. Мәдениет ұғымы, құрылымы және мәні 

Мәдениет және табиғилық. Мәдениет әлемдегі адам. Мәдениет құндылықтар дүниесі ретінде. Мәдениет дүниені адамдандырудың  нәтижесі, мұрагерлік пен сабақтастықтың  құралы деп түсіну. Мәдениеттегі  материалдылық  пен руханилықтық, табиғилық пен жасандылықтың ара қатынасын  анықтау.  Техника – мәдениеттің жемісі. Материалды мәдениет және адам мүмкіндіктерін саралау.  Мәдениеттегі  дәстүршілдік пен жаңа шындықты айқындау сияқты сұрақтар қарастырылады.

Адам – мәдениеттанудың негізгі зерттеу объектісі. А.Швейцердің "өмірді қастерлеу" Теяр де Шарденнің "адам феномені". Мәдениеттің жалпы адамзаттық өркениетті қалыптастырудағы қызметі. Технократиялық мәдениеттің шектері. Мемлекет пен  мәдениет  ара қатынастарының әмбебаптылығы. Диссиденттік қозғалыс, партикулярлық, мәңгүрттік. Адам құқықтары және  мәдениет. Демократиялық және адамзаттық қоғам – жоғары мәдениеттіліктің кепілі. ҚР Конституциясы  мәдени жетістіктерді еркін тұтынудағы адам құқықтары туралы сөз ету.

Мәдениеттің, сұхбаттың табиғаты. Леви – Стросс, Ю. Лотман.,            М. Бахтин мәдениет туралы. Мәдени коммуникация – мәдениеттің әлеуметтік динамикасы (А. Моль). Рухани мәдениетті тарату және қорғау мәселелері.  Антимәдениет, контрмәдениет. Мәдени дәстүр және жаңашылдық. Қазіргі адамзаттың бірлігі мен  айырмашылығы.  Шығыс пен Батыс. Қазіргі суперөркениеттер Хантингтон, Факулма ілімдері – Қазақстанның  әлемдік өркениеттер  сұхбатында алатын  орнын анықтау.     Н. Назарбаев "Ғасырлар тоғысында". Ұлтаралық  қатынастар  мәдениеті. ҚР – дағы ұлттық мәдениеттерді жаңғырту мәселелері.

 

       1.2 тақырып. Дүниежүзілік тарихтағы мәдени типтердің  туыстығы мен көп түрлілілгі

 

Тығылық, варворлық, өркениет. Көне қоғамның материалдық  ерекшеліктері. Алғашқы адамдардың  рухани  мәдениеттінің синкреттік сипаты. Тотем, табу және талионның көне мәдениеттегі  алатын  орны. Қауымдық қоғамдағы салт – дәстүр, әдет – ғұрып және рәміз – таңбалардың алатын орны.  Алғашқы діни сенім – нанымдар:  анимизм, тотемизм,  фетимизм, магия. Көне өнер  ерекшеліктері.  Қазіргі өркениеттегі көне мәдениеттің нышандары.

 Алғашқы өркениеттердің қалыптасу ерекшеліктері.  Еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі. Жазудың, қалалардың, мемлекеттің, меншіктің, азаматтық қоғам нышандарының  пайда болуы. Шумер өркениеті. Бұл өркениеттің прототүріктік табиғаты туралы жорамал. Шумерлік  мәдениеттегі діни нанымдар, сыналық жазу,  көркем мәдениет. Аккад, Вавилон, Ассирия, Финикия мәдениеті.

Көне Египет мәдениеті. Египеттің рухани және материалдық мәдениеті. Иероглифтік жазуы, сәулет өнері.

Көне Үнді өркениеті. Үнді өркениеттілік мәдениеттің әлемдік  өркениеттілікте алатын орны. Көне – Үнділік  материалды және рухани мәдениеттің ерекшеліктері. Үнділік және Орта азиялық  мәдениеттердің сұхбаты.

Көне Қытай өркениеті. Көне Қытай  мәдениетінің бастаулары мен менталдық  ерекшеліктері. Қытай жеріндегі  алғашқы  өркениеттер.  Конфуций және мінсіз  ақылды адамды тәрбиелеу мәселесі. Қытай өркениеттінің  материалдық  мәдениетінің жетістіктері. Қытай және түрік  халықтарының мәдениті. 

Көне Иран мәдениеті.  Ирандық өркениеттердің әлеуметтік – мәдени негіздері. Иранның  материалдық және рухани мәдениеті. Зорастризм – Көне Иран  мәдениетінің  айқындаушы белгісі. Иран мәдениетінің  Орталық Азиялық алғашқы өркениеттерге  тигізген  ықпалы.  Қазақ  мәдениетінің  архетиптеріндегі  ирандық нышандар.

Анитакалық мәдениет Батыс өркениетінің  архетипі. Ежелгі Грецияда адамзаттың мәдени дамуындағы алатын орны. Антикалық  мәдениеттің негізгі кезеңдері. Крит – Миной, арханкалық және классикалық Грекия, эллинизм, Рим, Ежелгі грек мифологиясы.  Классикалық  Грекиядағы философиялық  әдебиеттің, театрдың мүсіндік өнердің және т.б.  өркендеуі – Тән және жан сұлулығы.  Каллокагатия. Полистік мемлекет  мәдениеттер. Римдік құқық жүйесі мен ел басқару мәдениеті.

 

1.3 тақырып. Батыс мәдениетінің архетиптері мен хронотиптері

 

Христиандық дінінің мәдени өрісі.  Христиандық дүниетаным және мәдени тұтастық. Иудаизм және алғашқы христиандар. Ортағасырлық Батыс мәдениетінің албиваленттігі. Ресми – шіркеулік және халықтық карнавалдық мәдениет. Еуропадағы қалалық мәдениет және бұқаралық сананың  ырғақтары.

Қазіргі Батыс өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері. Батыстық  өркениеттің әлеуметтік – мәдени негіздері: алғашқы қор жинау, нарық, азаматтық қоғам, дестернизация "Фаутық" адам және  протестанттық этика. Жаңа заман философиясы және еуропалық ойлау стилінің  қалыптасуы.  Реформация. Ағартушылық пен Романтизм. Отаршылық пен әлем бөлінісі. Әлеуметтік қақтығыстар. Атеизм, революциялық сана мен материализм. Қазіргі Батыс  мәдениетінің парадигмалары. ХХ ғасырдағы  әлеуметтік  жанжалдар және  бүкіл адамзаттық өркениеттіліктің қалыптаса бастауы.  Күш көрсету  этикасы  және жаңа гуманизм. ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттер және батыстандыру шектері. Бұқаралық және экрандық  мәдениет.

Ресейлік мәдени типтер (Н. Бердяев). Соловяндық мәдени типке          Н. Данилевскийдің берген  бағасы. Византиялық, скандинавтық, түріктік ықпал, Киев русі және христиандықты  қабылдау. Шығыс славяндары мәдениетіндегі ескі діни – нанымдардың орны. Ежелгі орыс жазбалары.  Татар – монғолдық кезең. Батыс пен мәдени байланыстардың азаюы. Шығыс славяндардағы  этникалық  ыдырау. Мәскеулік кезең. Күшті мемлекеттілік идеясы. Мәскеу – ІІІ Рим. Христиандырылған Шығыс және латындық Батыс Еуразиялық  мәдени тип.  Мәдени реформалар.  Ресейді Батыстандыру. Орыс мәдениетінің "алтын және күміс" ғасырлары.  Империялық мәдениет. Ресейлік интеллигенцияның  ерекшеліктері. Орыстың социалистік мәдениеті. Тоталитарлық  мәдениет коллизиялары. Эмиграциялық орыс мәдениеті. Кеңес одағының ыдырауының әлеуметтік – мәдени себептері.

 

1.4 тақырып. Қазақ мәдениетінің типологиясы

 

Қазақ мәдениетінің  әлемдік өркениетте алатын орны. Қазақстан мәдениеті тарихының  басты кезеңдері. Номадалық шаруашылық – мәдени тип – қазақ  мәдениетінің  архетипі.  Қазақстан жеріндегі көне көшпелілік мәдениеттер. Скиф – сақ өркениеті. Ежелгі сақтардың сенім – нанымдары, ментальдық ерекшеліктері және өнері. Әскери демократия және  прототүріктердің  ел басқару мәдениеті. Көшпелілер  тарих  катализаторлары ретінде. Прототүріктердің материалды және рухани мәдениеті. Ұлы Жібек жолы және прототүріктер.

Түрік халықтары мәдениетінің әлем өркениеттерінде алатын орны. Түріктердің алғашқы көшпелі мемлекеттері. Қазақстан  жеріндегі  ортағасырлық қалалық  мәдениеттер. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтың материалды мәдениет  жетістіктері.

Оазистік диханшылық, сәулет өнері және металл өңдеу тәсілдері.  Орхон – Енисей мұралары және олардың түрік халықтарының  жазу мәдениетінің қалыптасуында алатын орны. Шамандықты мәдениеттанулық таңдау. "Қорқыт ата кітабы" – түрік мәдениетінің  өшпес мұрасы. Ренессанс әлемдік  құбылыс ретінде. Араб – парсы мәдениеті және Орта Азия. Орталық Азиядағы материалды мәдениет, қалалық сәулет және өнер.  Алтын орда мәдениеті.

Қазақ халқының қалыптасуының  әлеуметтік – мәдени негіздері. Қазақ мәдениетінің мемлекеттік кезеңі.  Қазақ хандығының  материалды мәдениеті. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, рәміз – рәсімдері. Жеті аталық үрдіс. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесі, сенім – нанымдары. Дүниетанымдық  синкретизм. ХХ ғасырдың жаңа мифі. Тоталитаризм және мәдениет. Социалистік мәдениет ұғымы.  Сауатсыздықты жою және жазбаша мәдениет  жетістіктері. Индустрияландыру және қалалық мәдениет. Коллективтендіру, жаппай отырықшылыққа көшу және мәдени геноцид. Қазақстанның саяси мәдениеті және тоталитарлық әкімшіл  жүйе. Қазақстандағы  этномәдени ахуал.

Кеңес Одағы ыдырауының  әлеуметтік – мәдени негіздері.  Қазақ мәдениеті тәуелсіздік алдында. Қазақстан Республикасындағы мәдени жағдай. Нарық және мәдениет. Қазақ мәдениетін  батыстандыру ерекшеліктері. Діни жаңғыру. Шығыстық сұхбат аймағына қайта қосылу талпыныстары.  Қазіргі мәдени типтер – архаикалық, маргиналдық, мәңгүрттік, еуразиялық, нарықтық, ақсүйектік. Мәдени өркендеу бағдарламалары. Қазақстанның даму стратегиясындағы мәдениет мәселелері. Жаһандану кезеңіндегі  ұлттық психологияның өзгеру тенденциялары. Демократияның жетілу жолдары және Қазақстанның бүгінгі келбеті. ҚР Президентінің жолдауындағы ұлт аралық қарым – қатынас мәселелері.

 

1.5 тақырып. Бүгінгі заман және болашақ

 

Әлемнің біртұтастығы негізінде пайда болған бірегей жалпы адамзаттық мәдениет. ХХІ ғасырдағы постмодернистік мәдениет құбылысының  енуі. ХХ ғасырды қалыптасқан әлемдік  ғылыми біртұтастық. Жастар өркениеті. Қазіргі заманғылық пен дәстүрлік қарама – қайшылығын жою. Индустриалды мәдениеттің  адамзаттық  мінез – құлқына  тигізген әсері. Ақпараттық қоғам теориясының  құрылуы.  Жеке тұлғаның  бостандығы мен тәуелсіздігі тұрғысындағы мәселелер. Виртуалды реалдық әлемінің дүниеге келуі. Электрондық байланыс құралдарының жетістіктері. Субмәдениет, пограмәдениет, контрмәдениет ұғымдарының  қалыптасуы. Бұқаралық және элитарлық мәдениет, техника мәдениет, экология тұрғысындағы мәселелер құрастырылды. 

Демократияға негізделген азаматтық қоғамның  қалыптасуы. Адамзаттың материалдық қажеттілігің күшеюі. Әлеуметтік ортадағы  демократиялық, психологиялық мәселелердің белең алуы.  Нарықтық қатынастың әлеуметтік кеңістіктің өзгеруіне  тигізген әсері. Ұлттық мәдениеттердің өзара ықпалы мен дамуы. Құндылықтардың  техникалық құралдармен алмасуындағы рухтың сөнуі. Азаматтың өсуі және даму шегі тұрғысындағы мәселелер. Шығысты батысқа қарсы қою идеясы.  Технократизм мен технократтық ғылымның мәдениетті тоқырауға әкелуі сынды мәселелерді қарастыру қажет.

Діни конфессиялардың қоғамды ұйымдастырудағы мәні? Ассимиляция мен этникалық ұйысудың негізіндегі аккультурация мәселесі. Адам әрекетінен туындаған экологиялық мәселелер.  Экономиканың  одан әрі дамуын  қамтамасыз етіп, ғылыми – техникалық  революцияның  келеңсіз салдарын болдырмау. Постиндустриалдың, өркениеттің әлеуметтік құрылымға әсері.  Мәдени  мұраларымызды сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу шаралары. Құқықтық мәдениеттің маңызды нәтижесі мәдени плюрализм екендігін  мойындау. Рим клубының шеңберінде қарастырылған  мәселелерді талқылау.

 

2       Семестрлік жұмысты орындаудағы талаптар мен шарттар

 

Пәннің  кредит көлеміне сәйкес әрбір студент курс барысында бір семестрлік жұмыс жазуға міндетті. Семестрлік жұмысты оқытушының  айтқан мерзімінен кешіктірмей өткізулері қажет.

Жұмысты жазуда студенттің қаадағалайтын шарттары мынандай:

1.      Әрбір студент  өзіне тиісті тақырыпты таңдағанда оқытушымен кеңесіп, тақырыбын бекетуі қажет.

2.      Алдын ала ғылыми еңбегінің  жоспарын көрсетуі тиіс. 

3.      Жоспардан  кейін кіріспе бөлімді, соңынан қорытындысын  бөліп  жазуы қажет.

4.      Семестрлік жұмыстың  сыртын безендіру және  әдебиеттер тізімінде қосымша материалдар қолдану.

5.      Жұмыс көлемін 12 – 15 бет аралығында жазуды  игеру.

6.      Қолданылмаған әдебиеттерді тізімге қосуға рұқсат етілмейді.

7.      Жұмысты өткізген уақытын семестрлік жұмыстың сыртқы бетінде көрсетуі қажет.

8.      Жағалаған ескертулерді уақытынды орындауға міндетті.  

Жұмысты жазу барысында студент өз тақырыбының өзектілігін  айқындап, сараптамалық тұрғыда жазып, кітаптан  тікелей  көшірмеуі керек. Әрбір тарауда өзінің  ой – пікірін  ерекшелеп  өтуі абзал. Қажет болған жағдайда әрбір  парақтың астында сілтемелер болуы тиіс.

Ғылыми жұмысты бағалауда оқытушы жазылған  еңбектің логикалық астары мен ой тұжырымдық жақтарына баса назар  аударады.  Интернет желісіндегі дайын  материалдарды өткізуге болмайды.

 

3 Семестрлік жұмыстардың тақырыптары

 

          3.1  Мәдениет және өркениет

 

3.1.1  Өркениет ұғымының  этнологиясы

3.1.2  Мәдениеттілік  және өркениеттілік

3.1.3  Мәдени өркендеу бағдарламалары

3.1.4  Адам және өркениет

3.1.5 Бүгінгі өркениет, оның ерекшеліктері мен  қайшылықтары

3.1.6 Адамзат өркениетінің бірлігі жайлы мәдениет философиясы

3.1.7 Қазақстан территориясындағы  өркениеттің көне ашақтары

3.1.8 Қазақ  мәдениеті және әлемдік өркениет

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.     История Казахстана с древнейших времен до наших дней. – Алматы, 1995.

2.     Курманбаева Н. Культура Востока и Запада. – Алматы, 1996.

3.     Культурные контексты Казахстана: история и современность. – Алматы, 1998.

4.     Орынбеков М.С. Ежелгі қазақстардың дүние танымы. – Алматы, 1996.

5.     Тимошенов В. Культурология. – Алматы, 2008.

6.     Миллер О.В. Мировая культура: традиции и современность. – М.: 1991.

7.     Межуев В.М. Культура и история. – М.: 1983.

8.     Ғабитов Т.Х. Мәдениеттануға кіріспе. – Алматы, 1996.

 

3.2 Өркениет әлеуметтік мәдени құрылым ретінде

 

3.2.1 Демократия және азаматтық қоғам

3.2.2  Өркениет және мәдениет  ұғымдарының бірлігі мен әртүрлілігі

3.2.3 Бүгінгі өркениеттінің  өзекті мәселелері

3.2.4 Техника – мәдениет желісі

3.2.5 Қазіргі өркениеттегі көне мәдениет нышандары

3.2.6 Қазақстанның  50 өркениетті елдің қатарына қосылу бағдарламасы

3.2.7 Экологиялық мәдениеттің бүгінгі өркениетті рөлі

3.2.8 Бүгінгі қоғам мен табиғат арасындағы қарама – қайшылық

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.     Ғабитов Т. Х. Мәдениеттану. – Алматы, 2001.

2.     Тимошенов В.И. Культурология. – Алматы, 2003.

3.     Токенов С.Б. Мәдениеттану негіздері. – Алматы, 1998.

4.     Тимошенов В.И. Культурология (Қазақстан, Восток, Запад, Евразия). – Алматы, 2002.

5.     Культурные контексты Казахстана: история и современность. – Алматы, 1998.

6.     Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.

     7. Нуржанов. Культурология (курс лекции). – Алматы, 1994.

 

4 Мәдениет және өркениет туралы концепциялар

 

4.1 М. Вебер теориясы

4.2 Л.Н. Гумилевтің өркениетке көзқарасы

4.3 Ортега – и – Гасеттің мәдениет  философиясы

4.4 А. Тойнби өркениет  түрлері теориясы

4.5 К. Ясперс  теориясындағы «Өстік дәуір» ұғымының мәні

4.6 П. Сорокиннің мәдениет туралы теориясы

4.7 З. Фрейдтің психологиялық концепциясы

4.8 О. Шпенглер, П. Сорокин және Н. Данилевскийдің мәдениттанулық концепциялары

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.      Гумилев Л.Н. Ритмы Евразий: Эпохи и цивилизации. – М.: 1993.

2.      Ясперс К. Смысл и назначения истории. – М.: 1992.

3.      Фрейд З. Тотем и табу. – М.: 1992.

4.       Тойнби А. Постижения истории. – М.: 1992.

5.      Шпенглер О. Закат Европы. – М.: 1993.

6.      Сорокин П.А. Человек, цивилизация, общество. – М.: 1992.

7.      Ортега – и – Гассет Х. Восстание масс. – М.: 1990.

8.      Современная теория цивилизации. – М.: 1995.

9.      Вебер А. Кризис европейский культуры. – СПб., 1999.

10.  Яковец Ю.В. История цивилизации. – М.: 1997.

 

4.1 Мәдениеттер мен өркениет бастауы

 

4.1.1 Көне мәдениет  адамының рухани синкреттік сипаты

4.1.2 Алғашқы қоғам  мәдениетінің материалдық ерекшелігі

4.1.3 Көне Египет дінінің қоғамға әсері

4.1.4 Шумерлік жазу – сызудың әлемдік мәдениетке  тигізген әсері

4.1.5 Вавилондықтардың ғылыми жетістіктері

4.1.6 Көне Үнді мәдениетіндегі  касталық жүйе

4.1.7 Қытай өркениетінің материалдық мәдениетіндегі жетістіктері

4.1.8 Иран өркениетінің Орта Азиялық өркениеттегі орны

4.1.9 Аникалық мәдениеттің даму этаптары

4.1.10 Ежелгі Римнің ғылыми мен  өнері

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.     Тейлор Э. Первобытная культура. – М.: 1989.

2.     Корнеев С.М. Древний Египет. – М.: 1991.

3.     Рап И.В. Мифы Древнего Египта. – СПб., 1993.

4.     Дмитриева Н.А. Исскуства Древнего мира. – М.: 1986.

5.     Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. – Алматы, 1991.

6.     Древние цивилизации. – М.: 1989.

7.     Темирбеков С.Т. Введение в культурологию. – Ч.: 1996.

8.     Юнг К. Архотип и символ. – М.: 1991.

9.     Токарев С.А. Ранние формы религии. – М.: 1990.

10.  Құлсариева А.Т. Мәдениеттану сөздігі. – Алматы, 2001.

 

          4.2 Батыс Европа мәдениетінің ерекшелігі

 

          4.2.1 Ортағасырлық Батыс мәдениетінің  амбиваленттілігі

          4.2.2 Европадағы қалалық мәдениет және Еуропалық сананың  ырғақтығы

          4.2.3 Ренессанстық мәдениетінің қалыптасуы

          4.2.4 Батыс және Шығыс Ренессансы

          4.2.5 Батыс Европа Ренессансындағы поэзия мен бейнелеу өнері

          4.2.6  «Фаустық» адам және протестанттық этика

          4.2.7 Романдық және Готикалық стиль

          4.2.8 Жаңа заман философиядағы Еуропалық ойлау стилі

          4.2.9 Күш көрсету этикасы және гуманизм

           4.2.10 Орыс мәдениетіндегі Батысшылдар мен Славянфилдер арасындағы диллема

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.     Гердер И.Г. Идеи к философии истории  человечества. – М.: 1977.

2.     Малюга Ю.Л. Культурология. – М.: 1987.

3.     История Европы. Средневекавая Европа. – М.: 1992.

4.     Гуревич А.Л. Категории средневековой культуры. – Л.: 1972.

5.     История культуры  стран Западной Европы в эпоху Возрождения /Под ред. Л.М. Брагиной. – М.: 2001.

6.     Лосев А.Ф. Эстетика возрождения. – М.: 1984.

7.     Габитов Т.Х. Культурология. – Алматы, 2003.

8.     Руттенбург В.И. Титаны Возрождения. – М.: 1984.

9.     Маркова А.Н. Культурология. история мировой культуры. – М.: 1995.

 

5 Қазақ мәдениетінің  типологиясы және өркениеттілігі

 

5.1 Қазақ мәдениетінің  автохтондығы және гомогендігі

5.2 Номадалық шаруашылық тип

5.3 «Ақ стилі» және оның қазақ  ою - өрнегіндегі көрістері

5.4 Прототүріктердің ел басқару мәдениті

5.5 Түріктердің космогониясы және мифологиясы

5.6 Мұсылмандардың Ренессанс мәдениті

5.7 Жаңа заман  көшпелілері

5.8 Ш. Уәлихановтың мәдениеттанулық ізденістері

5.9 Шәкәрімнің мәдениеттанулық көзқарастары

5.10 Индустрияландыру  кезеңіндегі мәдениет

5.11 Отырықшылыққа көшу және Геноцид

5.12 Қазақ мәдениеті тәуелсіздік аясында

5.13 Нарық және мәдениет

5.14 Қазіргі мәдени типтер

 

         Әдебиеттер тізімі

 

1.      Казахи. Историко – этнографическое исследование. – Алматы, 1995.

2.      Ғабитов Т.Х. Қазақ мәденитінің типологиясы. – Алматы, 1998.

3.      Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы, 1995.

4.      Бейсенов Қ. Қазақ топырағындағы қалыптасқан  Ғақмилтты ой кешу үрдістері. – Алматы, 1994.

5.      Шәкәрім. Мұсылмандық шарты. – Алматы, 1993.

6.      Тәжімов М. Қазақ әлемі. – Алматы, 1993.

7.      Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. – Алматы, 1996.

8.      Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. – Алматы, 1990.

9.      Кишбеков Д. Кочевая общество:генезис развитие  упадах. – Алматы, 1984.

10. Жарықбаев Қ., Алдимуратов Ә., Ғабитов Т.Х. Әдеп  негіздері. – Алматы, 1997.

 

5.1 Бүгінгі күннің техникалық өркениеті

 

5.1.1 Бұқаралық және жеке тұлға мәдениеті

5.1.2 Техникалық жаңалықтар және өнер

5.1.3 Діни  экстремизм және саясат

5.1.4 Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы

5.1.5 Мәдениет және масемедиа

5.1.6 Ғаламдық мәселелердің туындарындағы ғылыми – техникалық  революцияның рөлі

5.1.7 Мәдениет жүйесіндегі  ғылымның  бірлігі мен қарым – қайшылығы

5.1.8 ХХ ғасыр  мәдениетіндегі  діннің  алатын орны

5.1.9 Бүгінгі қазақ мәдениеті және  әлемдік өркениет

5.1.10 Нарықтық қатынасқа көшу  барысындағы  құндылықтардың өзгеруі

5.1.11 Табиғат пен  қоғам  арасындағы  қарама – қайшылық

 

 Әдебиеттер тізімі

 

1.      Культурология ХХ века Антология. – М.: 1995.

2.      Ясперс К. Смысл и назначения истории. – М.: 1992.

3.      Швейцер А. Культура и этика. – М.: 1973.

4.      Багдасарян Н.Г. Культурология. – М.: 1998.

5.      Қасымжанов А.Х. Портреты. – Алматы, 1993.

6.      Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахстанская национальная идея. – Алматы, 1994.

7.      Нурмүратов С.Е. Рухани құндылықтар  әлемі: әлеуметтік – философиялық талдау. – Алматы, 2000.

8.      История мировой культуры. – Ростов – на – Дону: Феникс, 2000.

9.      Ғабитов Т. Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004.

10. Тимошенов В.И. Культурология. – Алматы, 2008.

11.  Соврменные теории цивилизации. – М.: 1995.

  

 

Мазмұны 

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Тақырып бойынша курстың мазмұны................................................................4

1.1  Мәдениет ұғымы, құрылымы және мәні........................................................4

1.2 Дүниежүзілік тарихтағы мәдени типтердің  туыстығы мен көп түрлілілгі..................................................................................................................4

1.3 Батыс мәдениетінің архетиптері мен хронотиптері.......................................5

1.4 Қазақ мәдениетінің типологиясы.....................................................................6

1.5 Бүгінгі заман және болашақ.............................................................................7

2 Семестрлік жұмысты орындаудағы талаптар мен шарттар.............................7

3 Семестрлік жұмыстардың тақырыптары...........................................................8

3.1 Мәдениет және өркениет..................................................................................8

3.2 Өркениет әлеуметтік мәдени құрылым ретінде.............................................9

4. Мәдениет және өркениет туралы концепциялар.............................................9

4.1 Мәдениеттер мен өркениет бастауы..............................................................10

4.2 Батыс Европа мәдениетінің ерекшелігі.........................................................10

5 Қазақ мәдениетінің  типологиясы және өркениеттілігі..................................11

5.1 Бүгінгі күннің техникалық өркениеті............................................................12