АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

      ҚҰҚЫҚ НЕГІЗІ

 Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар

(бакалавриат, күндізгі бөлімдерде оқитын барлық мамандықтар

 студенттері  үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2005

 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Б.Ж. Қабдөшев. Құқық негізі. Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (бакалавриат, күндізгі бөлімдерде оқитын барлық мамандықтар студенттері  үшін). – Алматы: АЭжБИ, 2005. – 11 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда семинар сабақтарының жоспары, қажетті әдебиеттер енгізіліп, әр тақырыптарға  нақты әдістемелік кеңес берілген.

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазған: философия ғыл. канд., доцент З.А. Абдуллина

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2005 жылғы жоспары бойынша басылды.

 

 

 

 

 

 

© Алматы энергетика және байланыс институты, 2005.

 

 

Кіріспе

 

         Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасып, дамуы тұсында құқықтық білімге деген сұраныс өсе түсуде. Заңды білетін, өз құқын игерген сауатты, отан сүйгіш азаматтарды қалыптастырудағы «Құқық негізі»  пәнінің маңызы зор.

         «Құқық негізі» пәні студенттерге мемлекет пен құқықтың шығуы мен қалыптасу жолдарын түсініп, мәнін ажыратуға үйретеді. Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша мемлекетіміздің құрылысының мазмұны және билігінің жүйесі, адам мен азаматтың құқықтарының жалпы негіздері, тәуелсіз Республикамыздың құқық салаларының  (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық, экологиялық құқықтарының т.б.) негізгі мәселелерін оқытады.

         Күндізгі бөлімдерде оқитын студенттердің білімін нақты дамытып, бекітудегі тиімді жұмыс бағыттарының бірі – семинар сабағы болып табылады. Семинар сабағы дәріс оқытылғаннан кейін жүріп отыруы керек яғни дәріс тақырыбы мен семинар сабағының тақырыптары ондағы қойылатын мәселелер бірін-бірі қайталамауы тиіс, керісінше  бір-бірін толықтырып, мазмұнын тереңдетуі керек. Дәрісті оқу барысында көптеген ірі, өзекті мәселелер талқыланауы шарт, ал семинар сабағына сол дәрістің теориялық проблемалары болып табылатын нақты сұрақтар таңдалынады.

         Семинар  сабағына студент терең дайындалуы керек. Оқытушы студенттің өз бетімен дайындалуына көңіл бөліп, қажетінше ақыл-кеңесін беріп отырады. Студент әрбір семинарда оқытушысының міндетті түрде берілген тапсырма бойынша толық сұрастыру жүргізетінін әрдайым есте сақтағаны жөн. Ендеше ол әр семинарды босқа жібермей, мұқият дайындалуға міндетті.

Семинар сабағына дайындалу барысында студент біріншіден, қойылған сұрақтардың мәнін түсініп алуы тиіс. Өзі көңіл аударатын мәселелерді анықтап, қамтылатын мәселелерді қысқаша белгілеп алады. Көмек ретінде бұл кітапшада әр тақырыптың сұрақтарына әдістемелік ақыл-кеңес берілген. Студент қойылған сұраққа толыққанды жауап беру барысында ұсынылған нормативті-құқықтық актілер мен әдебиеттерді қажетінше пайдаланып, қосымша көп ізденеді. Мазмұнды, құнды деген тұстарға тоқталып, көзқарасын түйеді. Жалпы жұмысын жеке дәптерге конспектілей отырып, талап еткен жағдайда оқытушыға көрсетуі керек.

         Семинар сабағында студент әр сұрақтың  мазмұнын ашуға ұмтылады және өзінің жазбаша конспектісін қолдануына болады. Онда нормативті-құқықтық актілерден келтірілген дәйектер, мәселенің теориялық негіздері, авторлық көзқарастар т.б. тізбектеледі. Мәселені баяндау барысында оқытушы  немесе студенттер сұрақ қоюы мүмкін, кейде сұраққа жауап беруде пікір-талас тууы да мүмкін, осылайша семинарда шығармашылық орта дамиды. Шығармашылық ортада өзін көрсете білген студент ерекше бағаланады...

         «Құқық негізі» бағдарламасына сәйкес 4 тақырыптан тұратын семинар сабағы ұсынылған. Семинарға қатыспаған немесе қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер, оқытушының белгіленген күндері келіп, нашар  бағалары мен қарыздарын  өтеуіне мүмкіндігі бар. Тек барлық семинарға белсенді қатынасып, жақсы баға алған және тиесілі бір семестрлік жұмысын уақытында орындап, қорғаған студенттер ғана сынақ  тапсыруға  рұқсат алады.

         Ұсынылып отырған әдістемелік басылым семинар сабағының жоспарлары, әдебиеттер тізімі, әдістемелік  нұсқаулардан тұрады.

 

 

 

1 Конституциялық құқық негізі

 

1.1 Конституциялық құқықтың ұғымы мен принциптері.

1.2 Мемлекеттік билік ұғымы. Биліктің бөліну жүйесі.

1.3 ҚР мемлекеттік билік органдарының жүйесі және оны топтау.

  

        Нормативтік құқықтық актілер

 

1. Казақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995.

2. Казақстан Республикасының Президенті туралы 1995 жылы 26 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы. 

3. Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 2 қарашадағы қабылдаған Конституциялық заң күші бар Жарлығы// Халық кеңесі. – 1995. – 4 қараша.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы  Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы қабылдаған Конституциялық заң күші бар Жарлығы// Халық кеңесі. – 1995. – 23 желтоқсан.

5. Қазақстан Республикасының Парламенті туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 16 қазандағы қабылдаған Конституциялық заң күші бар Жарлығы// Халық кеңесі. – 1995. – 18 қазан.

 

Әдебиеттер тізімі

 

        1. Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура. – Алматы, 2002.

2. Ахметов М.М. Особенности становления президентской формы правления в Республике Казахстан  (проблема теории и практики). – Алматы, 2000.

3. Баишев Ж. Конституционное право Республики Казахстан. – Алматы, 2001.

4. Джунусова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. – Алматы, 1996.

5. Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. – Алматы, 1996.

6. Казахстан: особенности перехода к демократии. Коллективная монография. (Отв. ред. проф. Н.Р. Джагфаров). – Алматы, 2004.

7. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. – Алматы, 1997.

8. Конституция Республики Казахстан: научно-правовой комментарий /Под ред. Г. Сапаргалиева. – Алматы, 1998.

9. Қасымбеков К. Қазақстанда Президенттік институттың қалыптасуы. – Алматы, 2000.

10. Майлыбаев Б.А. Становление и эволюция института Президента Республики Казахстан: проблемы, тенденции, перспективы.–Алматы, 2001.

10. Малиновский В.А. Глава государства суверенного Казахстана. –Алматы, 1999.

11. Мухамеджанов Э.Б. Парламент Республики Казахстан и законодательные органы зарубежных стран (общие вопросы). –Алматы, 1997.

12. Парламент и законодательная власть Казахстана.(Отв. ред. Таранов). – Алматы, 1995.

13. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. – Алматы, 2002.

        14. Сапаргалиев Г.С.  Основы       государства    и  права Казахстана. – Алматы, 1996.

        

        

         Әдістемелік нұсқау

        

         Қазақстан елі күрделі тарихы бар Тәуелсіз мемлекет. Кеңес билігінің шеңберінде мемлекеттілігін қалпына келтіріп, ол белгілерін алғашқы қабылдаған Кеңестік Конституцияларында бекітті (1937, 1978 жылдар). Қазақстан Республикасы еркін мемлекет болып құрылғаннан бері тәуелсіздігінің негізін қалаған бірнеше конституциялық заң актілерін қабылдады. Олар – Қазақ ССР-інің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация (1990 жылы 25 қазан), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң (1991 жыл 16 желтоқсан), Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Конституциялары. Аталған құжаттарға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының конституциялық мазмұны мен құрылысындағы даму тәжірибелерін, сабақтарын, ерекшеліктерін тиянақты зерттеу қажет.

          Екінші сұраққа жауап беру үшін биліктің үш тармаққа бөлінуі жайлы батыс ойшылдары Джон Локк, Ш.Л.Монтескье жасаған теориялардың мәнін түсініп алу қажет. Билікті үш тармаққа бөлудің тарихи тәжірибесі көптеген мемлекеттерде салтанат құрып, демократиялық тәртіптің нығаюына ықпал жасады. Осы мәселелерді анықтап алған студент төл Конституциямыздың құжаттарына сүйене отырып, мемлекетіміздегі билік тармақтарының бөлінуін талдайды. Қазақстанға үлгі болған озық мемлекеттердегі басқару нысандарына назар аударып, өзіндік даму тәжірибесі мен ерекшеліктерінің мәнін ашуы тиіс.

         Үшінші мәселеде Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясы және оған 1998 жылы енгізілген өзгертулері негізінде мемлекеттік билік органдарының жүйесі нақты зерттеледі. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Президентінің елбасы ретіндегі орны мен рөлі ажыратылады. Екіншіден,  2 палаталы заң шығарушы биліктің құзыреті, құрылымы жан-жақты анықталады. Үшіншіден, атқарушы билік үкіметтің қызметі, құрылу тәртібі тиянақты көрсетілуі тиіс. Төртіншіден, Қазақстандағы сот билігінің кұрылу жолдары, құрылымы, құзіреті деген сұрақтарға жауап беру керек т.т. с.с.

 

 

2  Азаматтық құқық негізі

 

2.1 Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатынас түсінігі, мазмұны, түрлері және субъектілері.

2.2 Меншік құқығының ұғымы, түрлері және мазмұны.

2.3 Мәміле, түрлері және нысаны. Келісімнің ұғымы мен мазмұны. Қазақстан Республикасындағы міндеттеменің шығу негізі және тоқтатылуы.

 

 

        Нормативтік құқықтық актілер

 

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: Юрист, 2001.

2. Шаруашылық серіктестіктер туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы//Егемен Қазақстан. – 1995. – 27 мамыр.

3. Жеке кәсіпкерлік туралы 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.// Егемен Қазақстан. – 1997. – 8 маусым.

4. О порядке государственной регистрации юридических лиц органами Министерства юстиции Республики Казахстан: положение. – Алматы, 1997.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.  Басин Ю.Г. Сделки: Учебное пособие. – Алматы, 1999.

2. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: понятие и общая характеристика: Учебное пособие. – Алматы, 2000.

3. Гражданское право: Учебник для вузов (академ. курс) / отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы, 2000. – т. 1.

4. Гражданский кодекс Республики Казахстан – толкование и комментирование. Общая часть. – Алматы, 1997.

5. Гражданское право РК: Учебник. – Алматы: Данекер, 2000.

6. Грешников И.П. Субъекты права. – Алматы, 2001.

7. Климкин С.П. Правовые формы предринимательства в Республике Казахстан. – Алматы, 1997.

8. Саякбаев Н.А. Гражданское общество и правовое государство. – Алматы, 2000.

9. Стамкулов У.М. Юридические лица: теория и современная концепция / Монография. – Караганда, 1999.

10. Совершенствование сделок: Учебно-практическое пособие / сост. Р.А. Темиргалиева. – Алматы, 1998.

11. Сулейменов М.К., Покровский Б.В.  и др. Право и предпринимательство в Республике Казахстан. – Алматы, 1994.

12. Патентное право. – Сб. нормативно-правовых актов / Сост. Т. Кадыров, Э. Фаизова. – Алматы, 1996.

13. Приватизация: законодательные документы и нормативные материалы / Под общ. ред. С.С. Калмурзаева. – Алматы, 1995.

14. Рынок ценных бумаг Республики Казахстан. – Сб. законодательных и нормативных документов. – Алматы, 1995.

15. Практическое пособие по составлению договоров для граждан Республики Казахстан (жилищные, земельные, гражданские, бытовые) / Сост. З.П. Свечникова и др. – Алматы, 2000.

 

         Әдістемелік нұсқау

 

Бірінші мәселеде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және арнайы оқулықтармен мұқият танысу арқылы жалпы азаматтық құқықтың ұғымы, азаматтық  құқықтық қатынасқа түсу, мазмұны, жеке тұлға мен заңды тұлғалардың түсінігі деген мәселелерді жан-жақты қарастырып, соңында жеке тұлға мен заңды тұлғалардың  құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің  жай-жапсары жайлы толық әңгімелеп беріңіз.

Меншік құқығы азаматтық құқықтағы маңызды орын алатын күрделі бағыттың бірі. Кеңес дәуірімен салыстырғанда бұл мәселе түбірлі өзгеріске ұшырап, Қазақстан Республикасында меншіктің әр-алуандығы көрініс тапты. Меншіктену құқы Ата заңымызда бекітіліп, қорғалған. Меншік құқығының негізгі мазмұны меншіктегі затты пайдалану, қолдану және иелену болып табылады. Меншік құқығының объектілері және субъектілері деген ұғымдарды ажыратыңыз.

Үшінші сұраққа азаматтық құқықтық қатынасқа түсудегі заңды айғақтың бірі – мәмілені ұсынып отырмыз. Мәміленің ұғымы, мәміле жасаудың нысандары, түрлері, қандай жағдайларда мәміленің заңдылығын дәлелдеп, қорғап шығуға болады немесе жарамсыз мәмілелердің негіздеріне орай топтап,  мәселелерді толық қарастырасыз.

 

 

 

 

3 Еңбек құқығының негізі

 

        3.1 Еңбек құқығының түсінігі. Еңбек шартының ұғымы, түрлері және мазмұны. Еңбек шартын тоқтатудың негізі.

    3.2 Еңбек құқығын бұзушылық және жауапкершіліктің түрлері, тәртіптік жазаның белгіленуі және түрлері.

        3.3 Еңбек дауы және оны қараудың тәртібі.

 

 

       Нормативтік құқықтық актілер

         

        1.  Еңбек туралы  1999 жылғы 10 желтоқсандағы қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы.

2. Еңбекті қорғау туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы // Халық кеңесі. – 1993. – 25 ақпан.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абузярова Н.А. Обеспечение законности в трудовых отношениях. – Алматы, 1997.

2. Уваров В.Н. Трудовой договор (контракт). – Алматы, 2000.

3. Уваров В.Н. Трудовое право Республики Казахстан: Учебник. – Алматы, 2000

4. Кагазбаев Т. Трудовое право Республики Казахстан. – Алматы, 1999.

5. Нургалиева Е., Нурмагамбетова А. Комментарии к Закону Республики Казахстан "О труде в РК". – Алматы, 2000.

6. О труде в Республике Казахстан. Закон РК: (в сравнении с КЗОТ КазССР): Практическое пособие. – Алматы, 2000.

7. Трудовые отношения в РК / Под общ. ред. В.И. Скала. – Алматы, 2001.

8. Шайбеков К.А. Трудовое право Республики Казахстан. – Алматы, 2001.

 

 

         Әдістемелік нұсқау

 

         Еңбектік құқықтық қатынас жұмыс беруші мен жалданушының арасындағы еңбек шартын жасасу негізінде туады. Екі жақтың қатынасын реттеуші көптеген құқықтық актілер барын, ең бастысы Еңбек туралы заңға сүйене отырып,  еңбек шартын жасау тәртібі, оның мазмұны, түрлері еңбек шартындағы мерзім туралы мәселелерді тәпіштеп баяндайсыз. Соңында жұмысшының жұмыстан өз еркімен кетуі және жұмыс берушінің оны жұмыстан шығару негіздері мен тәртібін көрсетіңіз.

         Екінші сұраққа берілетін жауапты мынадай мәселелерді қамту арқылы  қарастырған дұрыс: жұмыс орнындағы еңбек тәртібін құқықтық тұрғыдан реттеу; еңбектегі тәртіптік жауапкершіліктің ұғымы мен түрлері; еңбек тәртібін бұзғаны үшін жаза белгілеу және оны жою; жұмысшылардың материалдық жауапкершілігі: ұғымы, түрлері және шарттары; келтірілген зиянның мөлшерін белгілеу және оның орнын толтыру т.б.

         Еңбек дауы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында немесе жұмыс беруші мен ұжымдар арасында пайда болады. Даулы мәселелер көп жағдайда жұмысқа алудан бас тарту, жұмыстан шығарып жіберу, еңбек шартында көрсетілген талаптарды орындамау немесе өрескел бұзу т.б. байланысты туып, заң тұрғысынан анықтау үшін құзырлы органдарға жүгінуге тура келеді. Еңбек дауы әуелі ұжымдағы құрылатын келісім комиссиясында қаралу тиіс. Немесе жұмысшы кез-келген жағдайда сотқа арыздануға толық құқы бар. Осы мәселелерді ретімен студент жан-жақты қарауы қажет.

        

 

 

 

   4 Қылмыстық құқық негізі

 

4.1 Қылмыстық құқық ұғымы мен түрлері. Қылмыстың ұғымы және белгілері. Қылмысты топтау. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысаны. Қылмыстық жауапкершілік түсінігі және қылмыстық жауапкершіліктің жас ерекшелігі.

        4.2   Қылмысты жоққа шығаратын жағдайлар.

        4.3   Қылмыстық жаза.

 

 

 

        Нормативтік құқықтық актілер

 

       1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002.

       2.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы, 2000.

                           

                                   Әдебиеттер тізімі

 

1.  Алауов Е.О. Уголовное право: Учебник – Алматы, 2000.

2. Агыбаев А.Н. Уголовная ответственность за должностные злоупотребления в РК. – Алматы, 1995.

3.  Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан. – Алматы, 1996.

4.  Уголовное право РК. – Алматы: Жетi жарғы, 1998.

5.  Основы государства и права РК. /Под ред. Г.Сапаргалиева.Алматы, 1998.

6.  Кадников Н.Г. Классификация преступлений.- М., 2000.

7.  Иванов В.Д., Мазуков С.Х. Стадии совершения преступления. – Ростов-на-Дону, 1998.

8. Ковалёв Н.И. Соучастие в преступлении. – Екатеринбург, 1999.

9. Кадников Н.Г. Обстоятельства, исключающие преступность деяния. – М., 1998.

10. Дементьев С.И. Уголовные наказания и порядок их исполнения.-Краснодар, 1993.

11. Михлин А.С. Высшая мера наказания. История, современность, будущее.- М., 2000.

12.  Уголовное право РК:Учебник. Особенная часть в двух частях /под  ред. И.Ш. Борчашвили. – Алматы, 2000.

13. Комментарии к изменениям и дополнениям в Уголовный кодекс РК. – Караганда, 2000.

 

 

         Әдістемелік нұсқау

 

         Қылмыстық құқықтық қатынас қылмыс жасалынған сәттен қылмыс жасаушы мен мемлекеттің атынан қоғамға қауіпті іс-әрекеттің мән-жайын анықтап, үкім шығаратын өкілетті органдар – тергеу, прокуратура, сот арасында туады. Студент қылмыс құқығының ұғымы, оның міндеті және принциптері, құрылымын талдай отырып, қылмысты  белгілеріне қарай топтауы қажет. Қылмыстың объектісі мен субъектісіне де арнайы тоқталған жөн. Сұрақтың соңын қылмысқа қатысу түрлеріне жалпы сипаттама беру арқылы жасы толмағандардың жауапкершілігі туралы ерекшеліктерді айқындап беру шарт.

         Екінші сұрақтағы қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекетті жоққа шығаратын үш түрлі жағдайлардың ара жігі ажыратылып, қарастырылуы керек. Олар: қажетті қорғану, аса қажеттілік және қылмыскерді ұстау. Аталған жағдайлардың мәнін заңды жолдармен аша отырып, ең бастысы қылмысты жоққа шығаратын жақтарын дәлелдеп беріңіз. Қажетті қорғану мен қылмыскерді ұстаудың мазмұндық шарттары ұқсас болып келсе, аса қажеттілік жағдайында кең көлемдегі зиян, апатты болдырмау мақсатындағы аз шығындық әркетке барудың заңды негіздерін ашу, өмірде кездесетін мысалдарды келтіруді қажет етеді.

         Жазаның анықтамасын беріп, мазмұнын, мақсатын белгілеу барысында қылмыстық кодекстегі белгіленген жаза түрлерін топтап көрсету қажет. Содан соң негізгі және қосымша жазаларды тағайындаудың ерекшеліктерін, мазмұнын анықтаңыздар. Соңында ең жоғарғы жаза ату жазасының мәңгілік қамауда өтеумен ауыстырылуына байланысты қоғамдық пікірді негіздеп, өз көзқарастарыңызды айқындаңыздар.

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ..........................................................................................      3

1 Конституциялық құқық негізі ..................................................     4

2 Азаматтық құқық негізі ...........................................................      6

3 Еңбек құқығының негізі ..........................................................      8

4 Қылмыстық құқық негізі .........................................................      9

        

            

                                                             2005 ж. жинақтық жоспары, реті 67

 

 

 

 

 

                          Болат Жоламанұлы Қабдөшев

 

 

 

 

 

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗІ

 Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар

(бакалавриат, күндізгі бөлімдерде оқитын барлық мамандықтар

 студенттері  үшін)

 

 

 

 

 

 

Редакторы  Ж.А.Байбураева

 

 

Басуға қол қойылды _________                          Пішімі 60х84 1/16

Тиражы 300 дана.                                                 № 1 типография қағазы

Көлемі 0,7 оқу-баспа т.                                        Тапсырыс_______    

Бағасы

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика байланыс институтының                                   көшірмелі- көбейкіш бюросы                                                                              480013, Алматы, Байтұрсынов к., 126