АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін

семинар сабақтарын орындауға  арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы 2009 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: М.Д. Жұмағұлов, Б.Ж. Қабдөшев. Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін семинар сабақтарын орындауға  арналған әдістемелік нұсқаулар.- Алматы: АЭжБИ, 2009. – 26 б. 

          Әдістемелік нұсқаулар Қазақстан тарихы бойынша семинар сабақтарының жоспарынан, қажетті әдебиеттер тізімдерінен және әрбір тақырыпқа әдістемелік нұсқаулардан тұрады.

 

Кіріспе  

          Бүгінгі жоғарғы білімнің ең басты тұжырымдамасы студент оқытушысының нұсқауына сүйене отырып, өз бетінше қажетті білім алуға  барлық күш-жігерін шығармашылық жолына жұмылдыру және болашақ маман ретінде жан-жақты білім қорын дамыту болып табылады. Жоғарғы оқу орнында білім алудағы студенттің өзі оқып-дайындалуының белсенді түрі – семинар сабағы.

        Семинар сабағы дәріс оқытылғаннан кейін жүріп отыруы керек, яғни дәріс тақырыбы мен семинар сабағының тақырыптары бірін-бірі қайталамауы тиіс, керісінше  бір-бірін толықтырып, мазмұнын тереңдетуі керек. Дәрістің мазмұнына ірі тақырыптардың күрделі де өзекті мәселелері ұсынылып, талқылануы шарт, ал семинар сабағының талқылауына сол дәрістің теориялық тұрғыдан біршама зерттелген концептуалдық сұрақтары шығарылады.

         Семинар сабағына студент өздігінен мұқият дайындалуы керек. Оқытушы тек студенттің шығармашылық жұмысын бақылап, білімін бағалап отырады. Ол үшін студенттің әр семинар сабағында оқытушысының міндетті түрде сұрастыру жүргізетінін әрдайым есте сақтағаны жөн. Ендеше әр семинарға студент дайындалып келуге міндетті.

Студент семинар сабағына дайындалу барысында ең әуелі талқыланатын сұрақтардағы қаралатын мәселелердің мәнін түсініп алуы тиіс. Олар тәртіп бойынша үшеу. Сұрақтар бойынша өзі көңіл аударып, терең зерделейтін мәселелерді анықтайды, мазмұнын жазбаша түрде қысқаша белгілеп алады. Сол үшін де бұл кітапшада әр тақырыптың сұрақтарына жауап іздеу бағытын көрсететін әдістемелік нұсқаулар берілген. Студент қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беру барысында тек бір ғана әдебиетпен шектелмей, тақырып бойынша ұсынылған зерттеу еңбектерін барынша жазба жұмысында қолдануы қажет. Яғни сұрақты ашуға пайдаланатын мазмұнды, құнды деген тұстарын жеке жұмыс дәптеріне конспектілеп, сабақ барысында дәлел ретінде оқып береді және талқыға салады.

         Семинар сабағында сөйлегенде студент әр сұрақтың мазмұнын ашуға ат салысып, өзінің конспектісін қолдануға мүмкіндік алады. Мәселені талқылау кезінде оқытушы  немесе студенттер сөйлеушіге сұрақ қоюы мүмкін, тіпті сұраққа жауап беруде пікір-талас тууы да заңды, осылайша семинарда студенттердің шығармашылық қабілеті дамиды. Осындай шығармашылық ортада өзінің білімін үздік көрсете білген студенттің жұмысы жоғары бағаланады.

Сабақтың өтуі барысында студенттің оқу тәртібі мен терең білімі қорытындыланып, бағаланады. Оқытушы студенттің білім дәрежесін төмендегідей негіздерге сүйеніп бағалайды: біріншіден, студент әр сұрақты конспектісінде пайдаланған дерек көздеріне сілтеме жасай отырып (атауы, шыққан жылы, беті) баяндайды, деректік түпнұсқаларды, зерттеу еңбектеріндегі тұжырымдар мен көзқарастарды сол күйінде оқып беруіне болады, жалпы сұрақтар мазмұнын еркін түрде өз сөзімен айтып бергені жөн. Екіншіден, оқытушы студенттің конспектісін тексеру арқылы оның әр семинарда үш сұрақ бойынша нақты ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, дайындалғанына көз жеткізеді.Үшіншіден, өз ойын еркін білдіріп, тың деректерді қолданған, әр сұрақты талқылауға қатысып немесе үздіксіз толықтырып отырған студент ең жоғарғы балл алуға үміттене алады. Семинардан бөлек студент өз бетінше дайындалуға, қалаған сұрағы негізінде қосымша жұмыс жасауға мүмкіндігі бар. Ол үшін әр семинардың соңында еркін тақырыптардың тізімі берілген. Осы талаптар деңгейінде көріне білген студенттерге оқытушы жоғары баға қояды.

 «Қазақстан тарихы» бағдарламасында он екі семинар сабағының тақырыптары берілген. Семинар сабағына қатыспаған немесе төмен балл алған студенттер оқытушы белгілеген күндері келіп, нашар бағалары мен қарыздарын  өтеуіне мүмкіндік алады. Тек 12 тақырыптан тұратын семинар сабағына белсенді түрде қатынасып және өз уақытында ұстазының қойған талабы бойынша жұмысын орындаған, конспектісін толық өткізген, семестрлік жұмысын мезгілінде тапсырған студент мемлекеттік емтихан тапсыруға  рұқсат алады. Мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат алу рейтингісі семинардың қорытынды бағасы бойынша 40% - ды,  уақытында және сапалы орындалған 3 семестрлік жұмыстың әр біреуі 16 % - ды, дәрістер - 12% - ды құрауы тиіс. Мемлекеттік емтихан бағасы 40% көрсеткішпен белгіленеді. Емтиханға рұқсат алу рейтингісі мен мемлекеттік емтиханның бағасы негізінде «Қазақстан тарихы» пәнінен қорытынды баға шығарылады.

          Студенттердің дайындық деңгейі мен сабаққа белсенді қатысуына байланысты оқытушы  семинар сабағын түрлі формада ұйымдастырады.

          Ұсынылып отырған әдістемелік басылым семинар сабағының жоспарлары, әдебиеттер тізімі, әдістемелік  нұсқаулардан және студенттің өз бетінше дайындалуға мүмкіндік беретін тақырыптардан тұрады. 

 

1      Көне дәуірдегі Қазақстан                                        

1.1 Қазақстандағы палеолит кезеңінің зерттелуі. Тас дәуірінің ескерткіштері. Ежелгі рулық ұйымдардың құрылуы. Шаруашылықтың эволюциясы.

1.2 Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов мәдениетінің Қазақcтандағы ошақтары: мал және егін шаруашылықтарын жетілдіру, тау-кен ісі, қолөнер, тігіншілік және кәсіпшілік, қоныстары мен үй салу үлгілері. Андронов мәдениетінің Нұра және Атасу кезеңдерінің ерекшеліктері.

1.3 Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту. Аталық-отбасылық қауым. Діні мен өнері. Алғашқы қалашықтар: Арқайым, Ботай, Тоқсамбай.

 

                                             Әдебиеттер тізімі 

1. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. – Алматы, 1979.

2. Алексеев В.П. Становление человечества. – М., 1984.

3. Артыкбаев Ж.О. Кочевники Евразии в калейдоскопе веков и тысячелетий. – СПб., 2005.

4. Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.К. Қазақстан археологиясы. Оқулық. Алматы, 2006.

5. Кадырбаев М., Марьяшев А.И. Наскальные изображения хребта Каратау. – Алматы, 1977.

6. Кадырбаев А.Ш. История Казахстана: первобытный мир и древность. – Алматы, 1976.

7. Кадырбаев М.К. и др. Культура древних скотоводов металлургов Сары-Арки. А., 1992.

8. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.Н. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алматы, 1966.

9. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алматы, 1976.

10. Маргулан А.Х  Сочинения. 14 т. 2 т: Сарыарка.А., 2001.

11. Маргулан А.Х., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. – Алма-Ата, 1959.

12. Нарымбаева А.К. Аркаим – очаг мировой цивилизации, созданный прототюрками.  – Алматы, 2007.

13. Прошлое Казахстана по археологическим источникам. – Алматы, 1988.

14. Путенихин В.П. Тайны Аркаима.Наследие древних ариев. – Ростов –на- Дону, 2006.

15. Самашев З. Петроглифы Казахстана. А., 2002.  

16. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб./ Под ред. С.Д.Асфендиарова. А.,1997.        

Әдістемелік  нұсқау 

Бірінші сұрақтың жауабының мазмұнында Қазақстандағы тас дәуірінің зерттелуі, алғашқы адамдардың өмір сүруіне лайықты табиғи ортаның қалыптасуы, қауым ру-тайпалық ұйымдардың құрылуы, Евразиялық кеңістіктегі социогенез және этногенез мәселелері теориялық тұрғыдан талдануы шарт. Көне қоғамдағы шаруашылық пен әлеуметтік дамуды зерттеу барысында матриархат және патриархат ұғымы, еңбек құрал-жабдықтарын жасаудағы тәсілдерді меңгеру, термешілік пен аңшылықтың алғашқы адамдар үшін рөлі, жерлеу рәсімдері, ежелгі адам санасындағы өмір мен өлім туралы түсініктің қалыптасуы, малшылықтың бақташылық түріне көшуі, оның аймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Екінші сұраққа жауапты Андронов мәдениетінің тарихи ескерткіш ретінде ашылуы мен кезеңдерін айқындап, географиялық орналасуын анықтаудан бастау қажет. Біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтағы Қазақстан жеріндегі табиғи-климаттық ахуал мен өндірістік процестердің даму ерекшеліктері андроновшылардың мал және егін шаруашылығына өтуінің заңды себебіне айналды. Отырықшылыққа байланысты тұрмыс-тіршіліктің мәнін ашыңыз, таулы аймақтардағы тау-кен өндірісі және басқа да кәсіптердің даму деңгейін қоныстардан аршылған археологиялық табыстары арқылы көрсетіңіз. Оған археологиялық қазбалардың көрнектілері Ботай, Тоқсамбай, Атасу, Бұғылы, Арқайым сияқты қала-қоныстардың жетістіктері  негіз болады.

Үшінші сұраққа жауап беру үшін студент Беғазы-Дәндібай мәдениетінің даму кезеңдерін ғылыми тұрғыдан сипаттап, соңғы қола дәуірінің ерекшеліктерін салыстыру арқылы ажыратуы керек. Археологиялық мәліметтерге сүйену арқылы қазіргі Орталық Қазақстанда орналасқан Беғазы және Дәндібай мәдениетінің жетістіктерін талдаңыз. Отбасы, ататек, қауым, тайпа ұғымдарымен бірге андроновшылардың діни сеніміне, әдет-ғұрпына, жерлеу рәсімі және аң стиліндегі өнеріне анықтама беріңіздер.

 

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

1 Арқайым қаласы Қазақстандағы қола дәуірінің көрнекті ескерткіші.

2 Тамғалы қола дәуірі тұрғындарының дүниетанымының айнасы.

3 Қазақстандағы қола дәуірін зерттеудегі Ә.Х.Марғұланның сіңірген еңбегі.

 

2 Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер дәуірі (б.з.д. бірінші мыңжылдық және б.з. бірінші мыңжылдығы)

             

2.1 Сақтардың саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы, әскери ұйымы. Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы.

2.2 Ғұндардың саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы. Соғыс өнері. Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары.  

2.3 Сақ және ғұндардың бейнелеу өнері, материалдық және рухани мәдениеті, жазуы, діни сенімі. Қала-қоныстары.

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. – Алматы, 1963.

2. Акишев К.А.  Искусство и мифология саков. – Алматы, 1984.

3. Акишев К.А. Курган Иссык: искусство саков Казахстана. – М., 1978.

4. Ақынжанов М.Б. Қазақтың тегі туралы. – Алматы, 1957.

5. Артыкбаев Ж.О. Кочевники Евразии в калейдоскопе веков и тысячелетий. –  СПб., 2005.

6. Алтаев А.Ш. История Казахстана. Хрестоматия. Т.1. А., 2008.

7. Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье. – М., 1988.   

8. Гумилев Л.Н. Хунну. – М., 1950.

9. Евразийский народ саки. – Алматы., 2006.

10. Ежелгі Қазақстан : Арийлар.  Сақтар. Ғұндар. Түркілер.  –А., 2006.

11. Ирмуханов Б.Б. Этническая история древнего Казахстана. – Алматы, 1998.

12. Ирмуханов Б.Б. Древняя история Казахстана. – Алматы, 1998.

13. Агапов П., Кадырбаев. Сокровища древнего Казахстана. А.,1979.

14. Материалы по истории сунну по китайским источникам. – Вып.1-2. – М., 1968-1973.

15. Аманжолов К., Тасболатов А.  Қазақстанның әскери тарихы: (Б.з.д.VI ғас. бүгінгі күнге дейін). А., 1999.

16. Новые материалы по древней и средневековой истории Казахстана. – Алматы, 1960.

17. Петухов Ю.Д., Васильева Н.Н. Евразийская империя скифов. – М.: «Вече», 2007.

     

Әдістемелік  нұсқау

 

         Б.з.д. VIII-VII ғғ. Қазақстан территориясында темір дәуірі басталды. Осы өзгерісті ескере отырып, сақ тайпаларының қоғамдық-саяси құрылысын, әлеуметтік құрылымын терең талдау қажет. Бұл кезеңде өмір сүрген сақтар туралы жазба деректер қалыптасты. Сіздер  парсы, грек деректері бойынша хаомаварга, тиграхауда, парадарайя сақтарының Қазақстан территориясында орналасуын анықтап, грек деректеріндегі (массагеттер, аримаспылар, агрипейлер, исседондар, скифтер, дай-сақтары жайлы) мәліметтерді ерте парсы деректерімен салыстырыңыздар. Сақ тайпаларының соғыстағы тактикасы және шаруашылығының даму ерекшеліктері, мәдениетіне нақты анықтама беріңіздер. Деректер негізінде олардың өмірі мен тіршілігін суреттеңіздер. Андронов мәдениеті және сақ мәдениеті арасындағы тарихи сабақтастық мәселесіне көңіл бөліп, көзқарасыңызды  айқындаңыз.

Екінші сұраққа жауап бергенде ерте мемлекеттің пайда болуы қоғам дамуының айрықша кезеңі екенін ұғыңыз. Ғұндарда мемлекеттің пайда болуы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді туғызды: өндіріс дамыды, жеке-меншік пайда болды, сауда қатынасы күшейді, қоғам әртүрлі саяси топтарға бөлінді және қауым арасында әлеуметтік теңсіздік пайда болды. Археологиялық және жазба деректерге сүйеніп, ғұн ұлыстарының көшіп-қону бағыттары, олардың шаруашылық құрылымы, әлеуметтік және қоғамдық өмірі жайлы айтып беріңіздер. Ғұн тайпаларының басқару жүйелері, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтаңыздар. Әскери өнері және соғыс тактикалары, ғұндардың ұлы қоныс аударуы, ғұн тайпаларының қазақ этносының қалыптасуындағы рөлін дәлелдеңіздер. Территориялық орналасуын анықтау арқылы салт-дәстүр, шаруашылығы, мәдениетіндегі ұқсастықтарды, байланыстарды ажыратуға болады. Ғұндардың Қазақстан территориясына жылжуына қатысты иран тілдес тайпалардың түркіленуі және антропологиялық құрылымында моңғолоидтық белгілердің орнығуы  басталады. Осынау мәселелерге ерекше көңіл бөліңіздер.

         Үшінші сұрақтың жауабында мынадай мәселелер салыстырмалы түрде қарастырылады: сақ, ғұн тайпаларының рухани болмысы, өнердегі аң стилі мен полихромдық бағыты және діни сенімі, жерлеу рәсімдері, салт-дәстүрі, бейнелеу өнері т.б.

 

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

1 Берел қорғаны – Қазақстандағы сақ мәдениетінің ғажайып мұрасы.

2 Алтын адам – Батыс Қазақстандағы мәдени ескерткіш.

3 Ғұн және сақтардың әскери-соғыс өнері: салыстырмалы талдау.

 

         3  Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан

                                    

3.1   Қарлұқтар және қарахан мемлекеті: экономикасы, саяси ұйымы, әлеуметтік құрылымы, идеологиясы, ақша айналымы және саудасы. 

3.2  Дешті-Қыпшақ. Шығыс қыпшақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы, тайпалық құрамы. Қазақ халқының этникалық өзегінің қалыптасуы. Қыпшақ-орыс, қыпшақ-хорезм қатынасы.

3.3  Ұлы жібек жолы және қалалық мәдениеттің дамуы.

 

Әдебиеттер тізімі

 

          1. Акинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. – Алматы, 1989.

         2. Аджи М. Полынь половецкого поля. – М., 1994.

         3. Аджи М. Европа, тюрки, Великая Степь. – М., 2004.

         4. Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана. – Алма-Ата, 1971.

         5. Байпаков К.М, Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья: VI – начало VIII вв. – Алма-Ата, 1986.

         6. Байпаков К.М. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – А., 1992.      

         7. Бартольд В.В. Тюрки. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. – Алматы., 1993.

         8. Восточный Туркестан в древности и ранней средневековье. – М., 1988.

         9. Гумилев А.Н. Древние тюрки. – М., 1993.

10. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая Степь. – М.1992.

         11. Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках ( V в. до  н.э. – XV в. н.э.). – Алматы, 1997.

         12. Золотая Орда. Казахское ханство. Дешт-и-Кыпшак. Х-ХV века. А., 2004.

         13. Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. – Алматы, 1997.

          14. Караев О. История Караханидского каганата X-начало XIII вв. – Фрунзе, 1983.

         15. Қожабекұлы Б.А. Тарихи таным: Ежелгі халықтар, тайпалар, рулар, жер жұтқан қалалар.А., 1994.

         16. Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. – Алматы, 1972.

         17. Кумеков Б.Е. Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VIII – XIV вв. – Алма-Ата, 1987.

          18. Тажутов А. Куманы, половцы, кипчаки и казахи. – Алматы, 1998.

 

Әдістемелік нұсқау

 

          VI-ХІІ ғасырлар түрік мемлекеттерінің құрылу кезеңі. Олардың қатарындағы қарлұқ және қарахан мемлекеттерінің саяси тарихы, территориясы, билік жүйесі және шаруашылығы, саудасы, ақша айналымы сияқты мәселелері терең қарастыру ұсынылып отыр. Жалпы алғанда түріктердің бүкіл әлемдік өркениетке қосқан үлесі  (руналық жазуы,  ер-тоқымы және үзеңгі т.б.) ерекше. Оның көрнекті үлгісі қарлұқтар мен қарахандықтардың қолжеткізген мәдени табысы болады. Қарлұқ қағанаты және Қарахан империясы қашан және қалай құрылды деген сұраққа жауап бере отырып, мемлекеттің басқару жүйесі мен қоғамның әлеуметтік құрылымына, қала салу, сауданың, архитектураның дамуына ықпал еткен жағдайларды терең зерделеу қажет. Соңында аталған түрік мемлекеттерінің құлауының себептері, олардың тарихта алатын орнын анықтап, баға беріңіздер.  

         Қыпшақ этносының шығуы мен қалыптасуы жайлы концепция күрделі әрі қызықты мәселелердің бірі. Қытай деректерінде көрсетілгендей яньмо атауымен белгілі болған қимақтар VII ғасырдың басында Монғолияның Солтүстік-Батыс аймағын мекендегенін білесіздер. VII ғасырдың ортасында олар Ертіс өзенінің жағалауына қоныс тебеді. Осы өңірде VIII–IХ ғасырларда қуатты қимақ-қыпшақ одағы қалыптасты. ХI ғасырдың басына дейін қыпшақтар қимақтардың қол астына қарап келсе, ХI-ХII ғасырларда қыпшақ конфедерациясының билігі күшейіп, бүтін Каспий аймағында ғана емес,  сонау Шығыс Европаның Дунайға дейінгі территорияға бақылау орнатты. Студенттің міндеті осы қуатты қыпшақ конфедерациясының қалыптасуын, этнос ретінде ұжымдасуын, географиялық орналасуын тарихи деректермен негіздеп, баяндап беру. Әсіресе шығыс дешті-қыпшақ мемлекетінің әлеуметтік құрылымына, басқару жүйесіне, қыпшақ-орыс, қыпшақ-хорезм ара-қатынастарына, қыпшақ мемлекетінің гүлденуі мен құлдырауына тереңірек көңіл бөлу қажет.

         Үшінші сұрақты Ұлы Жібек жолының ашылуын қысқаша баяндаудан бастау қажет. Содан соң Ұлы Жібек жолындағы Қазақстан аймағының сауда  және өркениетінің дамуындағы алатын орнына ерекше көңіл бөлген жөн. Олар – Ұлы Жібек жолындағы орналасқан қалалардың өсіп-өркендеуі, соғдылар мен қатар түрік тайпаларының (қарлұқ, оғыз, қыпшақ, қарахандықтар т.б.) өркениетті дамытуға ат салуысы, шет елдермен (қай елдермен, көрсетіңіз) қарым-қатынасы, көшпелі және отырықшы тайпалар арасындағы айырбас сауда, тұтынатын зәру тауарлар, ақша айналымы т.б.

 

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

         1 Тәңіршілдік ежелгі түркілердің діні және дүниетанымының айнасы.

2 Орыс және батыс деректеріндегі қыпшақтар.

3 Ұлы Жібек жолы дипломатия мен саясаттың күре тамыры.

 

ХV-ХVI ғасырдағы Қазақ хандығы және этносының қалыптасуы

                                        

         4.1 Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары және кезеңдері, территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым хандар.

         4.2  Қазақ хандығының күшеюі: Ақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке хандар.

         4.3 Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздер қазақ халқының этнотерриториялық ұйымы.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абиль Е. Политическая организация кочевников Казахстана: Опыт системного подхода. – Астана, 2001.

2. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв. – Алматы, 1998.

3. Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI в. – Алматы, 1998.

4. Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. – Алматы, 1998.

5. Ашимбаев Д., Хлюпин В. Казахстан. История власти. Опыт реконструкции. – Алматы, 2008.

6. Галиев А.А. Керей мен Жәнібек: тарих, тұлға, уақыт. А., 2004.

7. Ерофеева И.В. Казахские ханы XVIII – середины XIX века. – Восток. 1997. – №3.

8. Карибаев Б.Б. Касым хан. – А., 2004.

9. Қазақ хандығы: Ұлы көш. Дәуірлеу. Соғыс. Құрсау. –А., 2006.

10. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. – Алматы, 1992.

11. Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В. и др. История Казахстана: народы и культуры. – Алматы, 2000.

12. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. – Алматы, 1995.

13. Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. – Алматы, 1969.

14. Мұхамедханұлы Н. Тарихи зерттеулер. – Алматы, 1992.

15. Оразбаева А.И. Цивилизация кочевников евразийских степей. – Алматы, 2005.

16. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан  в середине ХIV начале ХV вв. Алма-Ата, 1977.

17. Салгарин К. Династии ханов. – Алматы, 1992.

18. Сұлтанов Т. Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы. А., 2003.

        

Әдістемелік  нұсқау 

Қазақ хандығының қалыптасуына сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің – көшпелі өзбектер мемлекеті мен Моғолстан хандығының ішкі-сыртқы жағдайындағы күрделі оқиғалар негіз болды. Осылайша қазақ хандығының іргесін қалауға түрткі болған жалпы және жеке себептерді қарастыру барысында территориясының ұлғаюы, ұйытқы болған ру- тайпалардың, алғашқы билеген хандарының тарихи орны көрсетіледі. Қазақ хандары Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым жаңа құрылған мемлекетті экономикалық жағынан нығайтып, бытыраған тайпаларды біріктірді. Олардың қазақ хандығының саяси қуаттылығын арттырудағы табыстары қорытындылануы  керек. ХV ғасырдағы қазақ мемлекетінің моғол хандары және ноғай мырзаларымен қарым-қатынастары, Мәскеу мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатуы мәселесін талдаңыздар.

Екінші сұрақта қазақ хандығының ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы даму бағыты мен ерекшеліктері талқыға салынып, Ақназар хан, Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке хандардың билік құрған тұсындағы қазақ хандығының ішкі саясатындағы өзекті мәселелері талдануы шарт. Әсіресе осы аталған кезеңдегі Қазақ хандығының мемлекеттік белгілерінің қалыптасып, толықтай этнотерриториялық құрылымының анықталуы және сыртқы жаулардың аса қауіптісі жоңғарлармен арадағы туған қайшылықтардың мәнін ашасыздар.

Үшінші мәселені «этнос», «этноним», «этногенез» ұғымын анықтаудан бастаған жөн. «Қазақ» этнонимінің шығу мәнін, қазақ халқының қалыптасуын жазба деректерге сүйене отырып, дәлелдеуге тырысыңыздар. Қазақ этногенезін екі бағытта: лингвистикалық және антропологиялық дәлелдемелер негізінде қарастырған жөн. Қазақ жүздердің феноменін, қайнар көздерін, қалыптасу кезеңдерінің мазмұнын ашыңыз. Қазақтың Ұлы, Орта, Кіші жүздерінің территориялық, шаруашылық, атқаратын қызметтік принціпін терең зерттеу барысында үш жүздің ру-тайпалық құрылымын талдаңыздар.

 

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

                                                                       

1   Қазақ хандығының ХV-ХVІІ ғасырлардағы дипломатиясы.

2   ХVІІІ ғасырдағы қазақ-қытай қатынастары.

3   Европалық зерттеушілер қазақ хандығы және қазақтар туралы.

 

5  Қазақстанның XVI – XVII ғғ. экономикасы мен мәдениеті

 

       5.1  Көшпелі мал шаруашылығы. Егіншілік аймақтар. Қалалар, сауда, қолөнер және кәсіпшілік.

       5.2  XVI – XVII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару жүйесі, құқықтық негізі.

         5.3  XVI – XVII ғғ. қазақтардың мәдениеті.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абиль Е. Политическая организация кочевников Казахстана: Опыт системного подхода. – Астана, 2001.

2. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв. – Алматы, 1998.

3. Артықбаев Ж.О. Жеті жарғы – мемлекет және құқық ескерткіші (зерттеулер, деректер, тарихы, мәтіні): Оқулық. – А., 2003.

4. Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. – Алматы, 1969.

5. Берденова К.А. Общая и экономическая история Казахстана. – Алматы, 2000.

6.  Қазақ тарихынан. Құрастырған: Е.Аққошқаров. – Алматы, 1996.

7. Каракузова Ж.К., Хасанов М.Ш. Космос казахской культуры. –  Алматы, 1993.

8. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. – Алматы, 1992.

9. Кондыбай С. Казахская мифология. – Алматы, 2005.

10. Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В. и др. История Казахстана: народы и культуры. – Алматы, 2000.

11. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов: основы жизнедеятельности номадного общества.  А., 1995.

12. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – Алматы., 2001.

13. Шахматов Б.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община. –Алматы, 1964.

   

Әдістемелік  нұсқау

 

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы саналады. Біріншіден, мал шаруашылығы мен жайылым түрлеріне анықтама беріңіздер. Қазақтың дәстүрлі шаруашылық түрлеріне терең талдау жасап, өнім алу, өңдеу әдісі, өндіріс тәсілі, мал жаю ерекшелігі, тұрғын-жай, киім-кешек және меншік нысанын терең ұғыну керек. Екіншіден, оңтүстік аймақтағы дамыған егін шаруашылығына толық сипаттама жасаңыз. Сырдария бойындағы Сауран, Созақ, Отырар, Түркістан, Ташкент және т.б. ірі сауда орталықтарындағы тауар, айырбас мәселелерін талдаңыздар. Салық жүйесі, түрлері сияқты мәселелерді  де мұқият қарастырыңыздар.

Екінші сұрақта қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік құрылымын талдау керек. Әкімшілік бөлініс: Ауыл-Ата – Аймақ –  Ру – Арыс – Ұлыс – Жүз. Басқару жүйесі: ақсақалдар кеңесі – халық жиналысы – билер кеңесі – хан. Әлеуметтік құрылымы: ақ сүйек, қара сүйек, би, батыр, кедей, құл, малшы, жатақ т.б. Қазақ қоғамының әлеуметтік топтары көшпелі мемлекеттің саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық тұтастығын қамтамасыз етті. Қазақ қоғамы біркелкі болған жоқ. Қандай негіздер бойынша бөлінуші еді? Қазақ қоғамының дәстүрлі сот жүйесі қандай еді? Осы сұрақтарға дәлелді жауап іздеңіздер.

Үшінші сұрақта қазақтардың материалдық мәдениеті: киіз үй, киім үлгілері, тұрмыстық заттары, әсемдік бұйымдар т.б. және рухани мәдениеті: көшпелілердің дүниетанымы, ауа-райын болжау, қазақтың апта, ай, жыл ұғымы, есепші және оның атқаратын қызметі, жұлдыз, аспан туралы түсініктері,  ақындар, жырау, сал, сері, эпос, музыкалық өнер, салт-дәстүр, ырымдар, дін, сенім және т.б. мәселелерді қарастырыңыздар.

 

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

1  Қазақ қоғамының басқару ерекшелігі.

2  Көшпелі қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы.

3  Қазақтардың күйшілік өнері.

 

6  Қазақстан Реcей империясының құрамында

                           

6.1 Қазақ жүздерінің Ресей патронатын қабылдауы: тарихи шарттары, қосылу процесі, мәні.

6.2  Ресей протектораты. Кіші және Орта жүздегі хандық билікті жою.

6.3 Ресейдің қазақ жерін тікелей басқаруға көшуі. Өлкені отарлау. XIX ғасырдың  1867-1868 жж., 1886-1891 жылдардағы әкімшілік және сот реформалары.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абдрахманова Б.М. История Казахстана: власть, система управления, территориальное устройство в XIX в. – Астана, 1998.

2. Абылай хан: Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. Петропавл, 2005.

3. Абылай хан (1711-1781). А., 1992.

4. Ашимбаев Д., Хлюпин В. Казахстан. История власти. Опыт реконструкции. – Алматы, 2008.

5. Жиренчин К. Политическое развитие Казахстана в XIX – начале ХХ вв. – Алматы, 1996.

6. Елагин А.С. Казачество и казачьи войска в Казахстане. – Алматы, 1993.

7. Ерофеев И. Хан Абулхаир, полководец, правитель политик. А., 1999.

8. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. – Алма-Ата, 1982.

9. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. – т. 3. – Алматы, 2000.

10. Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В. и др. История Казахстана: народы и культуры. – Алматы, 2000.

11. Сапаргалиев В.С. Карательная политика царизма в Казахстане. – Алма-Ата, 1966.

12. Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в XVIII – ХХ вв. – Алматы, 1981.

13. Царская колонизация в Казахстане: по материалам русской периодической печати XIХ в. – Алматы, 1995.

 

Әдістемелік  нұсқау

 

Бірінші сұраққа жауап бергенде студент ұсынылған әдебиеттермен мұқият танысып, Қазақстанның Ресей империясына қосылу процесін хронологиялық тәртіппен баяндайды. Әуелі Кіші жүз және Орта жүз, соңында Ұлы жүздің Ресейге қосылуының ерекшеліктерін ажыратыңыз. Сондай-ақ, Ресей империясының нақты көздеген саяси мақсаттарын белгілеп, Қазақстан жерінде бекіністер салу арқылы казак әскерлерін орналастыруы, орыс мұжықтарын қоныстандыру саясатын жүргізуі, жер асты байлықтарын зерттеу мақсатындағы ғылыми экспедициялар шығаруы және әлеуметтік- экономикалық саясаты туралы мәлімет берілу керек.

Екінші сұрақтың жауабында  1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары туралы» Жарғысы, 1824 жылы қабылдаған «Орынбор қазақтары туралы» Жарғысы негізіндегі хандық биліктің жойылуының мәнін талдау қажет. Жоспарлы жүргізілген отаршылдық саясаттың қорытындысында қазақ хандығы өз тәуелсіздігін түпкілікті жоғалтқанын айтқанымыз дұрыс.

Үшінші мәселеде 1867 жылы қабылданған Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереже және 1968 жылғы Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы Ережелердің, 1886-1891 жылдардағы әкімшілік әрі сот реформаларының қорытындыларын толық сипаттап беру керек. Ресейдің жүргізген отарлау саясаты, әкімшілік және сот реформалары, қазақтарды шоқындыру арқылы орыстандыру саясаты  қандай зардап әкелді деген сауалдарға жауап іздеген жөн.

 

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

1 Қазақстандағы Ресейдің әскери қамалдарының салынуы: мақсаты және мәні.

2 ХІХ ғасырдағы Қазақстанды зерттеуші орыс ғалымдары.

3  Қазақстан тарихындағы Бөкей Ордасының маңызы.

                                                                                         

7    XІX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

                         

7.1 Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты және оның әлеуметтік-экономикалық қорытындылары мен салдары.

     7.2  Өнеркәсіптің пайда болуы және дамуы.

     7.3  Халық ағарту ісі, әдебиет, ғылым, мәдениет.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. – Алматы, 1997.

2. Берденова К.А. Общая и экономическая история Казахстана. – Алматы, 2000.

3. Баишев С.Б. Развитие капитализма в России и его влияние на экономику Казахстана в пореформенный период. – Алма-Ата, 1982.

4. Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма: 60-е годы ХІХ в. 1917г. – М., 1986.

5. Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867–1914 гг. – Алматы, 1965.

6. Игибаев С. Промышленные рабочие дореволюционного Казахстана 1861-1917 гг. – Алматы, 1991.

7. Ирмуханов Б.Б. Исторические воззрения мыслителей ХХ века. – Алматы, 1999.

8. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. – т. 3. – Алматы, 2000.

9. Дильмухамедов Л., Маликов Ф. Очерки истории рабочего класса дореволюционного Казахстана. – Алма-Ата, 1968 .

10. Чуланов Г. Промышленность дореволюционного Казахстана. – Алма-Ата, 1960.

11. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. – Алматы, 1994.

12. Шонанұлы Т. Жер тағдыры, ел тағдыры.- Алматы, 1995.

Әдістемелік нұсқау

     

1861 жылы Ресейде басыбайлылық жойылған соң орыс шаруалары Қазақстанның құнарлы аймақтарына жаппай көшіп келе бастады. Сіздер, Ресейдің көздеген отаршылдық саясатының астарына үңіліп, отарлау кезеңдерін, мәнін анықтаңыздар. Соңғы кезеңге Столыпиннің аграрлық реформасының мазмұны мен мақсатын талдап, жалпы қорытындысын шығарыңыздар.

Екінші сұраққа жауап беру үшін патшалық Ресей үкіметінің шет аймақтағы экономикалық саясаты көзделген мүддесі тұрғысынан жүзеге асырылғанын ескеру қажет. Қазақстанның пайдалы қазбаға бай  аймақтарына капиталистік элементтердің енуі,  қалалар мен жәрмеңкелердің дамуы, банктік мекемелер және темір жолдардың салынуы, атқаратын рөлі қарастырылуы тиіс. Сондай-ақ, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы, саны, құрамы, сол ортаға марксистік ойлардың енуі, әлеуметтік-демократиялық ағымдардың қалыптасуы, саяси күрестің басталуын да қосымша қамтыған жөн.

Үшінші сұрақта патша үкіметінің жергілікті отаршылдық әкімшілікке қазақ ұлты өкілдерінен сауатты шенеуніктерді, басқа да қажетті мамандарды өндіріс пен шаруашылық салаларға дайындауға мәжбүр болғандықтан, білім беру ісін дамыта бастағандығын айту керек. Бұл жағдайлар Қазақстанда орыс-қазақ мектебі, училищелердің, гимназиялардың санын көбейтуді талап етті. Студенттер бұған дейін де болған қазақтардағы дәстүрлі білім жүйесін суреттей отырып, Ресейдің бодан халықтарына байланысты ұстанған білім саясатын талдай білуі қажет. Қазақ интеллигенциясының жаңа толқыны Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров т.б. қоғам қайраткерлерінің әдебиет саласындағы рөлін белгілей отырып, ғылым мен мәдениеттің дамуы туралы әңгімелеп беріңіздер.

                                                                                                                                     

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

1 ХІХ – ХХ ғғ. басындағы дәстүрлі қазақ шаруашылығының өзгеріске ұшырауы.

2 Қазақстандағы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тау-кен  өндірісінің дамуы.

3  ХІХ – ХХ ғғ. басындағы қазақ әдебиеті.

                             

  Қазақстан жаңа дәуірде

                                                

8.1 ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі саяси партиялар және қозғалыстар. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатудың ерекшеліктері.

         8.2 Қазақ АКСР-інің құрылуы. Бірыңғай Түркістан идеясы (Т.Рысқұлов, Сұлтанғалиев, М. Шоқай т. б.)

         8.3 Орта Азия Республикаларының ұлттықтерриториялық бөлінуі. Қазақ КСР-ің құрылуы.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. –Алматы, 1995.

2. Алаш қозғалысы -Движение Алаш: сб. документов и материалов Т.2.А., 2005.

3. Алаш Орда. Сб. документов/ Сост.Н. Мартыненко.  А., 1992.

4. Бакаев А.Н., Аманжолов К.Р. Казахские национальные части Красной Армии в годы гражданской войны (1918-1920гг).–  Алматы, 1994.

 5. Козыбаев М.К. Социализм, несбывшиеся надежды. – Алматы, 2000.

6. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы, 1992.

7. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995.

         8. Қойгелдиев М. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа  Шоқайұлы. – Алматы, 1997.

9. Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұлов. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. – Алматы, 1994.

10. Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы, 1992.

11. Нәубет. Мақалалар жинағы. – Алматы, 1990.  

12. Нусупбеков А.Н. Объедиенение Казахских земель в Казахской Советской Социалистической Республике. – Алматы, 1953.

13. Нұрпейісов К. Алаш ћәм Алашорда. – Алматы, 1995.

14. Образование Казахской  АССР. Сб. док. и мат. – Алматы, 1957.

15. Рыскулов Т.Р. Собрание сочинений в трех томах. – Алматы, 1998.

16. Туркестан в начале ХХ века: К истории истоков национальной независимости. / Абдуллаев Р.М., Агзамходжаев С.С. и др. Авторский коллектив. – Ташкент, 2000.

17. Сартаев С. Образование и становление казахской советской государственности. – Алматы, 1960.

 

Әдістемелік нұсқау

 

1913 жылы басталған терең экономикалық дағдарыс патшалық Ресей империясының күйреуіне алып келді. Соңы Ақпан және Қазан төңкерісіне ұласты. Орын алған  оқиғалардың объективті жақтарын, заңды процесін көрсетіңіз. Қазақстандағы дағдарыстың ерекшелігін айқындау қажет.

Қазақтың ұлттық партиялары «Алаш», «Үш жүз» немесе ислам діні бағытындағы партиялар «Шуро-и-исламия», «Шуро-и-Улема» және эсерлер, кадеттер, социал-демократтар сияқты Ресей партияларының, Сібір, Орал, Жетісу казактарының, жұмысшы-шаруа кеңестерінің және ондағы қазақ комитеттерінің қызметтеріне кеңірек тоқталған жөн.  Алаш Орданың халық кеңесі және Қоқан автономиясының саяси ұстанымының мазмұнын талдау студенттерге бұл автономиялық құрылымдардың мақсатын, мәнін және оның әлеуметтік негізін тануға жетелейді. Одан әрі «социалистік төңкеріс», «пролетариат диктатурасы», «большевизм», «кеңестер билігі» ұғымдарын саралау арқылы Қазақстанды кеңестендірудің тәсілдері, заңдылығы мен зардаптарына да тоқталған жоқ.

Екінші сұраққа жауап беру үшін студент Т.Рысқұлов, Сұлтанғалиев, М.Шоқайдың еңбектерімен танысуы қажет. ҚазАКСР мен Түркістан АКСР-ң  құрылуы жайлы большевиктік идеяға балама жолдың болғанын дәлелдеу керек. Алайда бұл қадамдардың болашағы қандай, шынайы тағдыры немен аяқталды, ол билікті большевиктердің қабылдамай түп-тамырымен жоюға ұмтылғаны секілді сауалдарға жауап іздеңіздер. Жалпы қойылған мәселелерге байланысты жеке ой-көзқарастарыңызды тұжырымдаңыздар.   

Үшінші сұраққа жауап бергенде студент Қазақ Кеңестік Автономиялы Республикасының құрылуын ұзақ процесс болғандығын, 1919 жылы Қазақ жерін уақытша басқаратын Төңкеріс комитетінің құрылғандығын баяндай отырып, 1920 жылы В.И.Ленин және М.И.Калининнің қол қойған декреті негізінде Қазақ Автономиялы республикасы құрылғанын егжей-тегжейлі баяндап беріңіз. ҚАКСР құрамына әуелі Орал содан соң Ақмола, Семей, ал 1924 жылдың күзінде Сырдария, Жетісу облыстары беріліп, орталығы Орынбордан Қызылордаға көшірілгені аян. Осының бәрі қандай қиындықтармен жүзеге асырылғанын жан-жақты ашып беріңіз.

 

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

1   Алаш партиясы және оның көсемдері.

2   Мұстафа Шоқайдың саяси мұралары.

3 Қазақстанның мемлекеттік, ұлттық-территориялық құрылымы –  Т.Рысқұлов, С.Садуақасов, С.Меңдешевтің еңбектерінде.

 
9  Кеңес дәуіріндегі Қазақстан 1950-1984 жылдарда

 

9.1 50-60 жж. Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы. Хрущев жылымығы.

9.2  60-70 жж. Қазақстанның экономикалық және саяси дамуы. Тың игеру.

9.3 Қоғамдағы қайшылықтың тереңдеуі. Тоқырау. Экологиялық апаттар.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ в. – Алматы, 1997.

2. Баишев С.Б. Целинная эпопея Казахстана: основные итоги и историческое значение. – Алматы, 1979.

3.  Вопросы политической и социально-экономической теории. – Алматы, 1977.

4. Козыбаев М.К. История и современность. – Алматы, 1990.

5. Козлов Г. “Застой” // Казахстанская правда. – 1989, 3 февраля.

6. Кольцов В.И. Развитие промышленности Казахстана в послевоенный период (1946 – 1955 гг.). – Алматы, 1970.

7. Кунаев Д.А. О моем времени. – Алматы, 1991.

8. Кулаков В. Исторический опыт освоения целинных земель. –М., 1977.

9. Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В. и др. История Казахстана: народы и культуры. – Алматы, 2000.

10. Сабырұлы С. Қазақстан астығы. А., 2007.

                      

Әдістемелік нұсқау

 

Соғыстан кейін жаппай қуғын-сүргіннің жаңа кезеңі басталды Сол аралықтағы Қазақстандағы зиялы қауымды ұлтшылдықпен айыптаудың мән-мақсатын көрсетіңіз. Оның ғылым мен өнер саласына тигізген зардаптарын баяндаңыз. Соғыстан кейінгі халықаралық саяси сахнадағы екі жүйенің бәсекелестігі қырғи-қабақ соғысына алып келді. Семей ядролық полигонының құрылуымен оның халқымызға әкелген зардаптарының ақиқатын айтыңыз. Сталин қайтыс болғаннан кейінгі ХХ партия съезінде жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою мәселесі қалай қойылды, осы бағытпен елімізде жүргізілген шаралар, қоғамды демократияландырудың  қадамдарын қарастырыңыздар. Хрущев «жылымығы» кезіндегі еліміздегі болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің салдары мен оң нәтижелерінің, Байқоңырдың дүниежүзілік космодромға айналуы сияқты оқиғалардың саяси астарына үңіліңіздер.

Екінші сұрақты соғыстан кейінгі экономикалық ахуалды суреттеуден бастап, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиыншылықтары мен оны шешудің жолын қарастырыңыздар. Қазақстандағы тың игерудің қолдаушылары (Н.С.Хрущев) мен қарсы топтарының (Ж.Ш.Шаяхметов) ұстанымын ашу, игерілген жер көлемін, әдістерін және зардаптары мен жетістіктерін экологиялық, этносаяси, экономикалық бағытта салыстырмалы түрде саралау қажет. Қазақстанның 1960 жылдардағы экономикалық дамуының мәні қандай? 1965 жылғы СОКП Орталық Комитетінің наурыз пленумындағы жоспарланған шаруашылық реформасының қажеттілігі мен мазмұнын талдап, жүргізілген реформалардың аяқсыз қалуының себептерін көрсетеміз.

Үшінші сұрақта Қазақстанның 1970-1980 жылдардың басындағы әлеуметтік саяси және экономикалық дамуының ерекшеліктері ашылуы керек. Жалпы қоғамымыздың сан-салалы өміріндегі дағдарыс құбылыстарының мәні мен бағыттарын түсінуге күш салыңыз. Командалық- әкімшілік әдіспен басқару, орталық партия комитеті мен жергілікті партия органдарының қатаң билікті қолына шоғырландыруы, экономикалық дамудың икемділігінің жоғалуы, өндіріс пен өнім сапасының төмендеуі, республикамыздағы әлеуметтік саладағы келеңсіздіктер, ұлттық саясаттағы деформациялар, қазақ тілінің жағдайы т.б. өзекті мәселелерді талқыға салу керек. Арал теңізінің тартылуы мен Семей полигонының сынақ алаңы ретіндегі қызметінің апаттық зардаптарын көрсетіңіздер.

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

1 «Байқоңыр» космос алаңы: тарихы мен қазіргі жағдайы.

2  Қазақстандағы Семей полигоны: тарихы және зардаптары.

3 Арал теңізінің экологиялық қасіреті.

 

10   ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы Қазақстанның саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы

 

10.1  Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Қазіргі көзқарас.

10.2  Қазақстан Республикасындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық дағдарыстың  басталуы.  КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ң құрылуы.

10.3 Қазақстан – тәуелсіз егеменді мемлекет.

                       

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ в. – Алматы, 1997.

2. Амрекулов Н., Масанов Н. Казахстан между прошлым и будущим.– Алматы, 1994.

3. Аяганов Б.Т. Государство Казахстан: эволюция общественных систем. – Алматы, 1993.

4. Алматы. 1986 жыл. “Желтоқсан”. 1, 2, 3 кітап. – Алматы, 1992.

5. Верт Н. История советского государства 1900-1991 гг. – Алматы, 1992.

6. Желтоқсан жастық жалын - от.   А., 2006.

7. Желтоқсан құрбандарын жоқтау: Деректі очерктер мен естеліктер.А., 1992.

8. Казахстан: особенности перехода к демократии. / Под ред. проф. Джагфарова Н.Р. – Алматы, 2004.

9. Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. – Алматы, 1992.

10. Козыбаев М.К. Декабрь 1986 г. Факты и размышления. – Алматы, 1997.

11. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. – Алматы, 1994.

12. История Казахстана и Центральной Азии. – Алматы, 2001.

13. Нурпеисов Е., Котов А. Қазақстан мемлекеті: Хандық биліктен Президенттік республикаға дейін. – Алматы, 1992.

14. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. – Алматы, 1991.

15. Назарбаев Н.А. Без правых и левых. – М., 1991.

16. Төлепберген Б. Біз білмейтін Желтоқсан. А., 2006.

17. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002гг.). А., 2003.

 

Әдістемелік     нұсқау 

         Бірінші сұрақтың жауабында 1980-ші жылдардағы Қазақстанда қалыптасқан қайшылықты әрі күрделі жағдайлар талқылануы керек.  Экономикалық және әлеуметтік дамудағы біржақтылықтар, орталықтың күштеу саясаты, Д.А.Қонаевтың қызметінен алынуы 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыдағы қанды оқиғаға алып келді. Осы оқиғаға қатысты қазақ жастарын жазалаудың, ұлтшыл деп айыптаудың қасіретін ашыңыздар.

Кеңес Одағы 1970-80 жылдардағы экономикалық-саяси, әлеуметтік дамуында терең қайшылықтарды басынан кешірген болатын. 1985 жылы наурыз айында СОКП ОК басшылығына М.С.Горбачев келді. Осы жылдары КСРО-ны дағдарыстан шығарудың жолы ретінде әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа бағыттары қабылданды: техникалық прогресс, өндірісті жаңғырту, автоматтандыру, машина құрылысын жетілдіру т.б. Алайда бұл шаралар еш нәтиже бермеді. Қайта құру процесіндегі саяси жүйені реформалау, қоғамды демократизациялау,  жариялылық,  алкогольге қарсы күрес науқаны және  т. б. бағыттардың сәтсіздікке ұшырағанын баяндаңыз.  Нәтижесі КСРО-ның ыдырауына алып келді. Студент желтоқсан оқиғасынан кейінгі тоталитарлық биліктің күшейгенін, «ұлтшылдықты іздеу», ішкі саяси қозғалыстардың күш алуы («Невада-Семей», «Әділет» және түрлі қоғамдық ұйымдар) нәтижесінде  Н.Ә.Назарбаевтың билік басына келуін сипаттап беруі керек. Қазақстанның егемендігінің жариялануы, 1991 жылы Алматыдағы ТМД-ның құрылуы жайындағы хаттамаға қол қою сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталыңыздар.

Үшінші сұрақтың жауабында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының  мемлекеттік егемендігі туралы декларация  мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы құжаттарға терең талдау жасау керек. Егемендік және тәуелсіздік сөздеріне анықтама беріп, салыстырыңыздар. ҚР саяси жүйесіне баға беріңіз. ҚР ұлттық рәміздері, алғашқы Ата заңымыздың қабылдануының тарихи маңызын айта кету шарт.

 

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

1  1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы: дақпырт пен шындық.

2  Қазақстандағы 1980 жылдардың 90 жылдардың басындағы құрылған қоғамдық-саяси ұйымдар.

3 Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуы.

 

11     Қазақстан тәуелсіздік жылдарында

 

  11.1 Қазақстандағы саяси реформалар. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  11.2  Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар.

  11.3 Қазақстан Республикасының дүниежүзілік қауымдастыққа енуі.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ в. – Алматы, 1997.

2. Амрекулов Н., Масанов Н. Казахстан между прошлым и будущим.– Алматы, 1994.

3. Аяганов Б.Т. Государство Казахстан: эволюция общественных систем. – Алматы, 1993.

4. Джунусова Ж. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. – Алматы, 1996.

5. ҚазКСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация. – Алматы, 1990.

6. Ибрашев Ж.У., Енсенбаева Э. Европейский Союз  и Казахстан. А., 2004.

7. История Казахстана и Центральной Азии. – Алматы, 2001.

8. Казахстан: особенности перехода к демократии. / Под ред. проф. Джагфарова Н.Р. – Алматы, 2004.

9. Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен .А., 2005.

10.  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң. – Алматы, 1991.

11. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995.

12. Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. – Алматы, 1992.

13. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. – Алматы, 1991.

14. Назарбаев Н.А. Без правых и левых. – М., 1991.

15. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. – Алматы, 1995.

16. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. – Алматы, 1992.

17. Нурпеисов Е., Котов А. Қазақстан мемлекеті: Хандық биліктен Президенттік республикаға дейін. – Алматы, 1992.

18. Токаев К. Под стягом независимости. Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы, 1997.

19. Токаев К.К. Полвека служения миру. Алматы, 1999.

20. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). А., 2003.  

 

Әдістемелік  нұсқау

 

Бірінші мәселеде Конституциялық реформаны талдайсыз. 1993 жылы       қабылданған Ата заңымызды 1995 жылғы Ата заңымызбен  салыстырыңыздар. Екі палаталы парламенттің құрылуы, көп партиялы жүйенің қалыптасуы, олардың сайлауға қатынасуы, қоғамымызды демократияландыру жолындағы тәуелсіз Қазақстан Республикасының қол жеткізген табыстары баяндалуы қажет.

Екінші мәселеде Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі қарастырылады. 1990 жылы 15 желтоқсанда «Меншік туралы» заң қабылданып, экономиканы басқарудың жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Нарық бағасы еркіне жіберіліп,  ұлттық  валюта – теңге енгізілді. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту қолға алынды. Осы бағытпен экономикалық өзгерістерді терең қарастырыңыздар.

Үшінші сұрақта Қазақстанның сыртқы саясатындағы қызметі талданады. Қазақстан Республикасын 120 мемлекет мойындап, оның 105-мен дипломатиялық байланыс орнатылды. Елімізде 55 елшілік пен өкілдіктер орналасып, шет елдерде Қазақстанның 26 елшілігі қызметін бастады. Қазақстан Республикасы Европалық Қауіпсіздік Одағы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам Конференциялық Ұйымы, Евразиялық экономикалық қауымдастық сияқты халықаралық ұйымдарға мүше болды немесе байланыс орнатты. Тығыз қарым-қатынастағы елдер: Қазақстан – АҚШ, Қазақстан – Ресей, Қазақстан – Қытай, Қазақстан – Европа, Қазақстан – ТМД және т.б.

 

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

1 Қазақстан Республикасындағы діни концессиялар.

2 Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық – еліміздің тұтастығының кепілі.

3 Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты.

 

12  Қазақстанның даму жолы

 

12.1 Қазақстан Республикасының жаңа саяси жүйесін қайта құрудағы Елбасының қосқан үлесі.      

12.2 Нарықтық экономикаға көшу және экономикалық реформаны ұйымдастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясы.

12.3 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастырудағы еңбегі.  

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Джунусова Ж. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. – Алматы, 1996.

2. Евразийство в экономической и этнополитической истории Казахстана: учебное пособие. А., 1997.

3. Қазақ ССР-нің егемендігі туралы декларациясы. – Алматы, 1990.

4. Қазақстан Республикасының конституциясы. – Алматы, 1993-1995.

5. Қазақстан Республикасының рәміздері. – Алматы, 1993.

6. Казахстан: особенности перехода к демократии. – Алматы, 2004.                   

7. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1999.

8. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.

9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1997.

10. Назарбаев Н. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. – Алматы, 1992.

11. Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы, 2003.

12. 10 лет независимости Казахстана: итоги и перспективы развития. – Алматы, 2001.

13. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева Народу Казахстана Новый Казахстан в новом мире. Алматы, 2009.

14. Современный Казахстан: экономика, политика, общество. – т.1,2 – Алматы, 1997.

15. Токаев К.К. Под стягом независимости. Почерки о внешней политике Казахстана. –Алматы, 1997.

 

Әдістемелік нұсқау

 

Бірінші сұрақты Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің толықтай жаңғыруының барысын бақылаудан бастап, жаңа мемлекеттік басқару аппаратының, билік тармақтарының қалыптасуын көрсетесіз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың белсенділігімен жүзеге асырған қоғамымызды, саяси жүйені демократияландырудың қадамдары: парламенттің атқаратын қызметін кеңейту, көппартиялық жүйені дамыту, жергілікті әкімдерді сайлау мен есеп бергізу, жергілікті өзін-өзі басқарудың құқын кеңейту, сот тәуелсіздігі т.б. мәселелер терең зерделенуі қажет.

Екінші сұрағымыз Қазақстан Республикасындағы жүргізілген экономикалық реформалардың шараларын анықтап, инвестициялар салу мен мұнай-газ саласының дамуын талдаудан басталады. Қазақстанның 2030 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасының негізгі бағыттары, шаралары мен мақсаттары, белгіленді. Ендеше Елбасының ұсынған инновациялық даму бағдарламасы, экономикамыздың кластерлік бағытын дамыту, шикізаттық өндіруден тауарлық өндіріске көшу, электронды үкімет құру т.б. сияқты мәселелердің барысы мен нәтижелерін айтып беріңіздер.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекетіміздің ішкі сыртқы саясатын айқындайды. Сыртқы саясатымыздың даму негізін жариялылық, жан-жақтылық, ашықтық принциптері белгілейді. Осынау бағыттағы Қазақстан Республикасының артықшылықтары қаралуы керек. Еліміздегі өзгерістер мемлекет басшысының тікелей белсенділігімен жасалған шаралар екендігін айту парызымыз.  Мәселен Қазақстан Республикасының өз еркімен ядролық қарудан бас тартуы, Азияда бірігіп әрекет ету және сенімділік Кеңесін шақыру, ТМД елдерін біріктіруге күш салу, Евразиялық одақ құру т.б. еліміздің халықаралық деңгейде мәртебесін асқақтатқан саяси қадамдар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі.   

 

Студенттердің өз бетінше дайындалуына ұсынылған тақырыптар

 

1 Н.Ә.Назарбаевтың Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы идеясы. 

2 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы–теңгені жасау тарихы.

3 Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы. 

 

Мазмұны 

Кіріспе.......................................................................................................................3

1  Көне дәуірдегі Қазақстан….........................................................................5

2 Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер дәуірі (б.з.д. бірінші мыңжылдық және б.з. бірінші мыңжылдығы)......................................................6

3  Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан.............................................................8

4  ХV-ХVI ғасырдағы Қазақ хандығы және этносының қалыптасуы..............10

5  Қазақстанның XVI – XVII ғғ. экономикасы мен мәдениеті..........................12

6  Қазақстан Реcей империясының құрамында……………………....………..13

7 XІX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы  Қазақстан……15

8  Қазақстан жаңа дәуірде……………………………………....………………16
9  Кеңес дәуіріндегі Қазақстан 1950-1984 жылдарда…………....…………….18

10 ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы Қазақстанның саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.....................................................................20

11  Қазақстан  тәуелсіздік жылдарында.........................................................21

12  Қазақстандық даму жолы……………………………………………………23