Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

 

 

 

ДИПЛОМ АЛДЫ ТӘЖІРИБЕ 

5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне

арналған   әдістемелік нұсқау

 

 

 

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Имангалиев Ш.И., Смагулова С.Е. Диплом алды тәжірибе: 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне арналған   әдістемелік нұсқау. -  Алматы: АЭжБУ, 2012. – 10 бет.

 

Әдістемелік нұсқау ҚР МЖМБС 5.03.005-2009 ҚР оқу жүйесі. Кәсіби тәжірибе. Негізгі ережелер негізінде құрастырылған.

Бағдарламада диплом алды тәжiрибенiң ұйымдастырылуы, күнделiктер және есептеу нәтижелерiнiң ресiмдеуi бойынша кеңес берiліп, қолданылатын әдебиеттердiң тiзiмi берілген.

 

Пікір беруші: техн.ғыл.канд., доцент Ни А.Г. 

 

“Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.

 

© “Алматы энергетика және байланыс университеті” КЕАҚ, 2012 ж.

 

2012 ж. баспа жоспары, реті 201

  

Кіріспе 

Диплом алдындағы тәжірибе 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығының  студенттері үшін оқу жұмыс бағдарламасы мен жоғарғы кәсіптік білімдегі Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес қарастырылған.

Диплом алдындағы тәжiрибе оқудың соңғы семестрінде жүргiзiледi. Диплом алдындағы тәжiрибенiң өтуiне теориялық курсты тыңдаған және барлық (емтихандар, курстық жұмыс) қорытынды бақылаудың формасын ойдағыдай тапсырған студенттерге рұқсат етiледi.

Студенттердiң диплом алдындағы тәжiрибесi - оқу жоспарымен сәйкес жүргiзiлетiн оқу барысының ажырамас бөлiгi және студенттер мамандық бойынша тәжірибелік бiлiм мен жұмыстың дағдыларын алып, теориялық бiлiмдерiн бекiтуге, студенттiң қажеттi ұйымдармен, кәсiпорындармен iскер байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi.

Диплом алды машықтану болашақ маманның қалыптасуы, оның өндірістік кәсіпорындағы автоматтандыру жүйесімен танысуы, сонымен қатар техникалық жүйені басқару ақпараттық технологияның қазіргі заманғы құралдары мен әдістерін пайдалану арқылы біліктілігін жетілдіру  болып табылады.

Диплом алдындағы тәжiрибе мамандықтың оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес 4 - курста өтеді.

Диплом алдындағы тәжiрибе кәсiпорындар, ақпараттық технология және компьютермен жұмыс iстейтiн фирмалар төңiрегiнде жүргiзiлуi керек.

 

1 Диплом алды тәжірбиенің мақсаты мен міндеті

 

Ақпараттық жүйелер кафедрасы энергетика саласындағы білікті            IT мамандары және телекоммуникация саласында мамандардың қажеттiлігімен  байланысты 5B070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бiлiм беретiн келесі мамандардың бағдарламаларын әзiрлейді:

1)  Телекоммуникация және байланыстағы ақпараттық жүйелер.

2)  Жылу-энергетикалық кешендегi ақпараттық жүйелер.

 

Диплом алды тәжірбиенің мақсаты – ақпараттық технологиялар туралы алған теориялық және тәжірбиелік білімдерін тереңдетіп бекіту, бағдарламалық қамтаманы жасау кезінде тәжірбиелік машықтануды және оны түрлі нақты есептерді шешуде қолдана білу, өзіндік жұмыс жасау машықтарын жетілдіру.

5B070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттерiнiң тәжiрибесi бағдарламалық қамтамасыз етудi өңдеудi, жұмыс iстеу кезінде  алған теориялық дағдыларын және жаңа бағдарламалық қамтамасыз етудi енгiзу, өңдеуге қатысты кәсiпорындағы қызметтi жүзеге асыруда алған бiлiмдерiн бекiтуге бағытталған.

Дипломдық жұмыс жетекшісі диплом алды машықтану алдында жеке тапсырмаларын түйіндейді, студент жұмысын бағалап, есеп берудің құрылымын анықтайды. Машықтану (диплом алдындағы) бойынша есеп дипломдық жұмыстың бағдарламалық қамтамасының техникалық тапсырмасы  түрінде көрсетіледі. Студенттердің диплом алдындағы машықтануы дипломдық немесе біліктілік жұмысын қорғауға дайындалуға бағыттылған.

Диплом алдындағы машықтану кафедра базасында немесе екі жақты келісімшартқа отырған IT ұйымдарында жүргізіледі.

 

Диплом алдындағы машықтанудың мәселелері:

-     теориялық сабақтарда алған білімдерін тереңдетіп бекіту;

-     өндірістік дағдылар алу және оны кәсіпте пайдалану;

-     ғылыми материалдарды дипломдық жобаны орындау үшін және оны әрі қарай зерттеу үшін жинау және өңдеу;

-     бағдарламалау тілдерін мүлтіксіз меңгеру.

Машықтану қорытындысында техникалық тапсырма құрастырылып және мазмұнның негізгі бөлімдері бекітілуі тиіс.

 

2 Жалпы ережелер

 

Тәжiрибе оқу жылының және оқу жұмыс жоспарына сәйкес бекітілген мерзiмде жүргiзiледi.

Диплом алдындағы тәжірбие жетекшісі болып дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі саналады.

Диплом алдындағы тәжірбиенің өтуін ұйымдастыратын ақпараттық жүйелер кафедрасының жауапты оқытушысы бұйрықтардың уақытылы әзiрлеуiн, жолдама беріп, дипломдық жұмыстың дайындығын қамтамасыз  етеді.

Диплом алдындағы тәжiрибеден өту келісімшарты оқу жылының басында жасалып, бұйрық диплом алдындағы тәжiрибе уақытынан бір ай бұрын шығарылады.

Диплом алдындағы тәжiрибе студенттердің өндiрiстiк тәжiрибелерiн өткен кәсiпорын базалары болып табылады. Есептеушi техниканың заманауи құралдары, ғылыми жобалық зерттеу бюролары, сонымен бiрге жоғары оқу орны, автоматты компьютер орталықтары және дамыған ақпараттық инфрақұрылымы бар меншiктiк барлық фирма, әртүрлi қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету, дербес деректер қорларын пайдаланатын кәсiпорындарға баруларына мүмкіндік береді.

Диплом алдындағы тәжiрибе өтетін өндіріс орнын студенттiң (фирма және т.б.) өзі таңдаған жағдайда, өндіріс орны студенке дипломдық жұмысына байланысты мәліметтер жинауға, есептеу нәтижесiн әзiрлеуге қамтамасыз етуін растайтын хат беруге мiндеттi.

Хат ресми құжат болып табылады және университет ректорының (факультет деканының) атына жазылады. Хаттың үлгісі А қосымшасында келтірілген.

Студенттердің диплом алдындағы тәжiрибеге кетер алдындағы ақпараттық жүйелер кафедрасы деканатпен бiрге диплом алдындағы тәжірибенің орны және мақсаты, міндеттері, тәжірибеге жетекшілік, өту тәртібі және ұйымдастырылуы, практикант-студенттің міндеттерімен таныстырып жиналысын өткізеді. Келісімшарттар, күнделiктер және жеке тапсырмалар, тәжiрибенiң бағдарламасын таратып береді

 

3 Машықтанушы студенттің міндеті:

1) машықтанудан өтетін жерге уақытында бару және машықтану бағдарламасымен жұмыс жасауға;

2) кәсіпорынның ішкі тәртібін қатаң сақтауға;

3) кәсіпорынның аумағында, жұмыс орнында қоршаған ортаны қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға;

4) ұжымнан бекітілген жетекші алдында уақытылы есеп беруге, уақытылы күнделікті жазып толтыруға;

5) машықтану нәтижелері бойынша жазбаша түрде есеп беруге (В қосымшасында келтірілген);

6) Ақпараттық жүйелер кафедрасының бекітілген уақытында диплом алды машықтану есебін қорғауға.

 

Студент келесі жұмыстарды орындауы керек:

 

- дипломдық жобаны дайындау,  жоба тақырыбына қатысты теориялық және тәжірбиелік тапсырмаларды зерттеу;

- дипломдық жобаға қажеттi бастапқы деректер мен материалдарды жинау;

- бітіретін мамандыққа қатысты жұмыстың тақырыбы бойынша үнемі шығарылатын отандық және шетел баспаларын қолданып әдебиеттерді іздестіру;

- дипломның тақырыбы бойынша ғылыми материалдар және техникалық әдебиеттердің жаңа табыстарымен зерттеулерін жүйелеп танысу, жинау;

- диплом жұмысына байланысты техникалық мәселелерді талқылау және талдау;

- дипломның тақырыбы бойынша техникалық тапсырма және мазмұнының негізгі бөлімдерін бекiту;

- жобаның негiзгi есептерi шешiмiнiң құралдары мен талдау әдiстерін зерттеу;

- дипломдық жоба құжаттаманың ресiмдеу технологиясының зерттеу (жоғары оқу орындарындағы дипломдық жұмыстың орындалуы ҚР МЖМБС 5.03.005 -2009 ережесi).

Дипломдық жобалаудың жетекшiсiмен, техникалық сұрақтардың терең зерттелінуі, талқылану дәрежесі тақырыптың бекiтілуiне байланысты анықталады.

 

4 Жетекшілердің міндеттері

 

Кафедрадан машықтану жетекшісі қамтамасыз етеді:

1) студенттердің машықтанудан өтуінің кесте-жоспарын жасау;

2) машықтануды ұйымдастыру бойынша қажетті құжаттар даярлау;

3) машықтанудан өтуін және ұйымдастыруын бақылау;

4) машықтанудан өту нәтижелері туралы есеп беруді құрастыру және деректерді жалпылау;

5) студенттердің кәсіпорынның ішкі тәртібін сақтау, жұмыс орнында қоршаған ортаны қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалайды.

 

Ұйымдағы машықтану жетекшісі қамтамасыз етеді:

1) жеке тапсырмаларды және машықтану бағдарламасын сапалы әрі толық орындау үшін қажетті жағдай жасау;

2) машықтанудың толық мерзімінде студенттер жұмыстарының жоспарын жасау;

3) машықтанудан өту күнделігін бақылау;

4) студенттерге машықтану бағдарламасы мен тапсырмаларды орындауға және өткен машықтану бойынша есеп беруін құруға, сонымен қатар дипломдық жұмыс материалдарын жинауға көмектесу;

5) машықтанудан өту кезінде студенттер жұмысына пікір дайындау.

 

5 Есепті құру мен безендіруге қойылатын жалпы талаптар

 

Есеп студенттің машықтану кезіндегі жұмысын сипаттайтын негізгі құжаты болып табылады. Машықтану бойынша есепті дайындау студентпен үздіксіз жүргізіледі. Әрбір студент жеке есептеін көрсетуі тиіс.

Машықтану бағдарламасының негізгі және жеке тапсырмасын көрсететін деректемелер есепте  ретпен келтіріледі. Есеп деректемесінің мазмұны технологиялық және басқа құжаттар мазмұнымен бірдей болмауына зер салуы керек. 

Есепте қажетті сұлбалар, кестелер, суреттер келтіріледі. Есепте бағдарламаларды, суреттерді және т.б. тіркеуге болады. Кестелік  материалдар машиналық графика құралын қолдана отырып орындалады. Мекемеде алынған сызбалар көшірмесін есепке тіркеу тек қана мекемедегі машықтану жетекшісінің рұқсатымен орындалады.

Есептеу 297x210 мм пішінді қағазда және стандарттар талаптарына сәйкес ресімделіп қолмен немесе дербес компьютердің мәтіндік редакторы көмегімен сауатты жазылуы тиіс.

Есеп мұқаба беттінен , кіріспеден, бөлімдерден және қорытындыдан тұруы қажет. Мұқаба бетінде машықтану атауы, одан өту орны, студенттің, машықтану жетекшісінің аты-жөні көрсетіледі.

 

Күнделік есептеуге міндетті қосымша ретінде келесі бөлімдерден тұрады:

 

- жолдама  (жоғары оқу орнында толтырылады);

- машықтанудан өтуі туралы анықтама (машықтанудан өтетін жерде толтырылады, қолтаңбамен бекітіліп, мөр соғылады);

- машықтанудан өту бойынша күнтізбелік жоба  студенттің жұмыс жазбасынан, машықтану барысында жетекшінің ескертулерінен тұрады (жетекші қолтаңбасымен бекітіледі);

- машықтану барысында студент жинақтаған материалдар тізімі (студентпен толтырылып,  мекемедегі жетекшімен келісіледі);

- ғылыми-зерттеу жұмысы және рационализаторлық ұсыныстар (студентпен толтырылып, мекемедегі жетекшімен келісіледі);                     

- студенттің машықтану тұжырымы бойынша қорытынды және оның ұсыныстары (мекемедегі жетекшімен келісіледі);                    

Диплом алды машықтану нәтижесі АЭжБУ-мен қабылданған қорытынды бағалардың жалпы жүйесіне негізделіп, есепті қорғау кезінде комиссиямен бағаланады.

Студент машықтану бойынша есебін қорғап болғаннан кейін университет жетекшісі есеп бойынша ескертулері мен бағасын күнделік соңына енгізеді.

  

 А қосымшасы

 үлгі

 

 

«Алматы энергетика және

байланыс университеті» КЕАҚ

Ақпараттық технологиялар

факультетінің деканы

С.С. Табултаев мырзаға

 

 

Алматы қаласындағы «Транстелеком» акционерлік қоғамы Ақпараттық технологиялар факультетінің, 5B070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 – курс БИСк-08-1 тобының студенті Ахметов Талғатты 2012 жылдың 18 наурызынан 20 сәуіріне дейін диплом алды тәжірбиеден өтуіне  жіберуіңізді сұрайды.

 

 

 

Басқарушы директор                                Н.А.Орлов

 

 

В  қосымшасы

 

үлгі

 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

БИСк-08-1 тобының студенті

Ахметов Талғаттың

ДИПЛОМ АЛДЫ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКЕН ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

 

Тәжірибеден  өткен орын:  «Транстелеком» акционерлік қоғамы (Алматы қаласы)

 

 

 

 

 

 

 

Машықтану жетекшілері:

 

 

АЖ кафедрасынан                                             доцент Смайлов С.С.

 

 

 

«Транстелеком» АҚ                                          Петров А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

 

Әдебиеттер тізімі

 

         1) ГОСО РК  5.03.005 - 2009. Система образования РК. Профессиональная практика. Основные положения

         2) Мусатаева Г.Т., Конуспаева А.Т. Программа по проведению производственных практик 3, 4 курсов специальности 5В070300 – Информационные системы. Методическое указание – Алматы: АУЭС, 2011. –16 с.

         3) Шевяков Ю.В., Имангалиев Ш.И. Методические указание к проведению производственно-преддипломной практики для специальности 5В070200-«Автоматизация и управление» - Алматы: АУЭС, 2010.- 8 с. 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе

3

1

Диплом алды тәжірбие мақсаты

3

2

Жалпы ережелер

4

3

Машықтанушы студенттің міндеті

5

4

Жетекшілер міндеттері

6

5

Есепті құру мен безендіруге қойылатын жалпы талаптар

6

 

А қосымшасы

8

 

В  қосымшасы

9

 

Әдебиеттер тізімі

10