Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік графика және қолданбалы механика кафедрасы

 

 

 

 

компьютерлік сызу және 3D-МОДЕЛьдеу негіздері.

Бұрандамамен біріктіру сызбасын орындау

 

5B070200 – Автоматтандыру және басқару,

5B070300  – Ақпараттық жүйелер,

5B070400  – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету,

5B071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

мамандықтарының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін

зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

 

Алматы 2011

 

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: А.Д.Дінасылов, Р.Қ.Қойлыбаева, Е.М.Мажиев. Компьютерлік сызу және 3D-модельдеу негіздері. 5B070200 –  втоматтандыру және басқару, 5B070300  – Ақпараттық жүйелер, 5B070400  – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандықтарының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. –Алматы: АЭжБУ, 2011. – 19 б. 

 

Аталған әдістемелік нұсқау AutoCAD жүйесінде бұрандамамен біріктірудің қарапайымдандырылған сызбасын орындау бойынша жұмыстың негізгі әдістерін пысықтауға арналған. Нұсқауда сызбаларды орындауға қадамдық инструкциялар келтірілген. Жұмыс варианттар бойынша орындалады, нұсқауда тапсырманы таңдау бойынша түсіндірмелер берілген. Жұмысты орындау мысалы келтірілген.

Әдістемелік нұсқауда зертханалық жұмысты қорғау үшін қажетті бақылау сұрақтары келтірілген. Нұсқауды тек «Компьютерлік сызу және 3D-модельдеу негіздері» пәнін оқытуға ғана емес, сондай-ақ «Инженерлік  және компьютерлік графика» пәнінде де қолдануға болады.

Без. - 10, кесте 2, әдеб. көрсеткіші - 14 атау.  

 

Пікір беруші: пед. ғыл. канд., доц. Ә.Ә.Төлбаев.

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.     

 

  ã «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2011 ж.

 

1 Жұмыстың мақсаты және тапсырма. Техникалық және  бағдарламалық  қамтамасыз ету

 

Бұл зертханалық жұмыстың мақсаты AutoCAD жүйесінде бұрандамамен біріктірудің қарапайымдандырылған сызбасын орындаудың негізгі әдістерін пысықтау.

Жұмыс тапсырмасы: вариантқа сәйкес 1 кестедегі берілгендерді пайдаланып, 1 суретте көрсетілген бұрандамамен біріктірудің қарапайымдандырылған сызбасын А4 пішімінде орындау керек.  

Зертханалық жұмыс Windows XP ортасына әмбебап графикалық жүйе  AutoCAD 2004 (бар болған жағдайда неғұрлым кейінгі версияларын  пайдалануға болады) орнатылған дербес компьютерде орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 к е с т е - Сызбаны орындаудың берілгендері

 Вариант

Бұрандама (болт) ГОСТ 798-70,

Сомын (гайка) ГОСТ 5915-80

Тығырық

(шайба)  

ГОСТ 11371-78

Біріктірілетін бөлшектер

Масштаб

Бұранда диаметрі  d

Бұрандама басының биіктігі h

Сырттай сызылған шеңбер диаметрі D′

Кілт өлшемі S

Сомын биіктігі Н′

Ішкі  диаметр d0

Сыртқы диаметр D0

Тығырық қалыңдығы    Sш

1-ші бөлшек қалыңдығы t1

2-ші бөлшек қалыңдығы t2

Біріктірілетін бөлшектер

 ені b

1

2

5

6

9

10

12

11

13

14

15

16

17

1

6

4,5

11,5

10

5

6,5

14

1,5

8

10

20

2:1

2

8

5,5

16,2

14

6

8,5

18

1,5

8

10

20

2:1

3

10

7

19,6

17

8

10,5

21

2

10

15

25

2:1

4

12

8

21,9

19

10

12,5

26

2

12

16

30

2:1

5

14

9

25,4

22

10

14,5

28

3

10

16

35

1:1

6

14

9

25,4

22

10

14,5

28

3

10

18

40

1:1

7

16

10

27,7

24

12

16,5

32

3

18

20

40

1:1

8

16

10

27,7

24

12

16,5

32

3

15

28

45

1:1

9

18

12

31,2

27

14

19

36

3

20

22

45

1:1

10

18

12

31,2

27

14

19

36

3

15

30

50

1:1

11

20

13

34,6

30

16

21

38

4

20

28

50

1:1

12

20

13

34,6

30

16

21

38

4

20

33

55

1:1

13

22

14

36,9

32

18

23

42

4

24

26

60

1:1

14

22

14

36,9

32

18

23

42

4

26

30

60

1:1

15

24

15

41,6

36

18

25

45

4

25

28

65

1:1

16

24

15

41,6

36

18

25

45

4

24

32

65

1:1

17

27

17

47,3

41

22

28

52

5

24

36

70

1:2

18

27

17

47,3

41

22

28

52

5

26

34

76

1:2

19

30

19

53,1

46

24

31

55

5

30

34

80

1:2

20

30

19

53,1

46

24

31

55

5

28

40

84

1:2

21

36

23

63,5

55

28

38

68

6

34

40

80

1:2

22

36

23

63,5

55

28

38

68

6

30

44

90

1:2

23

42

26

75

65

32

44

80

6

40

50

90

1:2

24

42

26

75

65

32

44

80

6

44

60

100

1:2

25

48

30

86,5

75

38

50

90

8

50

60

110

1:2

 

 


2 Зертханалық  жұмысты  орындау

 

Зертханалық жұмысты орындауды 2 кезеңге бөлеміз: дайындық  әрекеттері және сызбаны орындау.

2.1 Дайындық әрекеттері

Жұмысты орындау алдында «Бұрандалы біріктірулер» және «Құрастыру бұйымдарының сызбалары» тақырыптары бойынша материалды қайталау, және де төменде келтірілген мәліметтермен танысу қажет.

Бұрандамамен біріктірулердің қарапайымдандырылған сызбасы келесі ережелер бойынша орындалады:

а) бұранда болттың бүкіл ұзындығы бойынша кескінделеді;

б) бұрандама стержені өсіне перпендикуляр көріністе бұранда кескінделмейді;

в) біріктірілетін бөлшектер мен бұрандама арасындағы, және де тығырық пен бұрандама арасындағы саңлаулар кескінделмейді;

г) бұранда бөлігіндегі, бұрандама басындағы және сомындағы қиықжиектер (фаски)  кескінделмейді;

д) басты көріністе бұрандама басы мен сомынды үш қырларымен кескіндейді;

е) бұрандамаға арналған стандарттан бұранда диаметрі d ғана қабылданады, ал бұрандама, сомын және тығырықтың қалған өлшемдері бұранда диаметріне қатысты жуықталған (2.1) формулалары бойынша есептелінеді. Есептеп анықталған өлшемдер бүтін сандарға дейін дөңгелектендіріледі.

Бұранданың ішкі диаметрі    d' = 0,85d.

Бұрандама басы мен сомын диаметрлері  D' = 2d.                 

Тығырық диаметрі D'ш = 2,2d.                                                    (2.1)

Бұрандама басының биіктігі h' = 0,7d.

Сомын биіктігі H' = 0,8d.

Тығырық қалыңдығы Sш = 0,15d;

ж)  бұрандама ұзындығы мына  формула бойынша есептелінеді

l= t1 + t2 + Sш +H' + k,                                              (2.2)

мұндағы  t1 и  t2 –біріктірілетін бөлшектердің берілген қалыңдығы,

k» 0,3d – бұрандаманың шығыңқы бөлігі.

Бұрандаманың ұзындығы түпкілікті стандарт етіп қабылданады,ол үшін есептелінген мәні бұрандамалар ұзындықтарының стандарт қатарындағы ең жақын мәніне дейін дөңгелектендіріледі.

Бұрандамалар ұзындығының қатары: 15, 20, 25, 30, 35,

40, 45, 50, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 90, 100, 110, 120, 130,               (2.3)

140, 150, 160, 180, 200, 220, 240, 260, 280, 300; 

з) сызбада келесі өлшемдер қойылады: бұранда диаметрі d (мысалы, M20 номинал диаметрі 20 мм метрикалық бұранда үшін) сомынның кілт өлшемі S (бұранда диаметріне сәйкес 1-кестеден алынған стандарт мәні),  бұрандама ұзындығы l, біріктірілетін бөлшектер ені b.

Қадамдар бойынша келесі әрекеттерді орындайық.

1 қадам. AutoCAD 2004 бағдарламасын жұмыс столындағы шертпенің көмегімен   немесе      Пуск/Программы/Autodesk/Mechanical Desktop 2004/

AutoCAD 2004 командасының көмегімен қосамыз. Бағдарлама терезесінде алдын ала дайындалған А4 пішімі бар файлды ашамыз.

2 қадам. Қабаттар жасаймыз:

Основной (Негізгі) – сызбаның негізгі тұрғызуларынан тұратын қабат, оны біз қалыңдығы 0,5 мм тұтас сызықтармен орындайтын боламыз;

Вспомогательный (Көмекші) – көмекші тұрғызулардан тұратын қабат, оларды жасыл түсті тұтас жіңішке сызықтармен орындайтын боламыз; бұл қабат кейін сөндірілетін болады;

Осевые_линии (Өстік_сызықтар) – сызбаның өстік сызықтарынан тұратын қабат, оларды біз қою көк (фиолетовый) түсті үзілме нүктелі жіңішке сызықтармен орындайтын боламыз;

Тонкие_линии (Жіңішке_сызықтар) – сызбаның жіңішке сызықтарынан тұратын қабат (бұранданы белгілеуге арналған сызықтар,  сызықтау

(штриховка) сызықтары, біріктірілетін бөлшектердің үзу сызықтары); оларды көк түсті тұтас жіңішке сызықтармен орындайтын боламыз;

Размеры (Өлшемдер) – өлшемдерді қоюға арналған қабат; бұл өлшем және шығару сызықтарын қоңыр түсті тұтас жіңішке сызықтармен орындаймыз;

 

2 к е с т е - Варианттар бойынша сызбаны орындауға арналған өлшемдер

 

Нақты өлшем, мм

Масштабты ескеріп алынған өлшем, мм

 

 

 

Бұранда диаметрі d

 

 

Бірінші бөлшектің қалыңдығы t1

 

 

Екінші бөлшектің қалыңдығы  t2

 

 

Біріктірілетін бөлшектер ені b

 

 

Бұранданың ішкі диаметрі  d' = 0,85∙d

 

 

Бұрандама басы мен сомын диаметрі

 D' = 2∙d

 

 

Тығырық диаметрі D'ш = 2,2∙d

 

 

Бұрандама басының диаметрі h' = 0,7∙d

 

 

Сомын қалыңдығы H' = 0,8∙d

 

 

Сызбада сызықтардың тағайындалған қалыңдығын бейнелеу үшін LWT (Сызықтың салмағы) шертпесінің көмегімен қалып жолында Show Lineweight (Сызықтау қанықтылығын көрсету) режимін тағайындау қажет. Бұл режимді бірден немесе сызбаны орындаған соң қосуға болады.

3 қадам. 1 кестеден вариантқа сәйкес келесі берілгендерді аламыз: бұранда диаметрі d, біріктірілетін бөлшектер қалыңдығы t1, t2, біріктірілетін бөлшектер ені b, кескін масштабы. 

4 қадам. (2.1) формулалары бойынша бұрандамалы біріктірудің өлшемдерін d', D', D'ш, h', H', Sш есептейміз. (2.2) формуласы бойынша бұрандама ұзындығын есептеп, сонан соң (2.3) бұрандамалар ұзындығы қатарынан есептелінген мәнге жуығын қабылдаймыз.

Мысал. Бастапқы берілгендері: бұранда диаметрі d=20 мм, біріктірілетін бөлшектер қалыңдығы t1 =27мм және  t2 =30 мм, біріктірілетін бөлшектер ені b=60 мм. Бұрандамалы біріктірудің есептелінген өлшемдері келесідей: бұранданың ішкі диаметрі d'= 0,85∙d =17 мм; бұрандама басы мен сомын диаметрлері D' = 2d=40 мм, тығырық диаметрі D'ш=2,2d=44мм, бұрандама басының биіктігі h'=0,7d=14 мм, сомын биіктігі H'=0,8 =16 мм, тығырық қалыңдығы Sш = 0,15d=3 мм. Бұдан көрініп тұрғандай, алынған мәндер стандарттарда келтірілген (1кестені қараңыз) мәндерге дәл келмейді.Бұрандама ұзындығын есептейміз: l= t1 + t2 + +Sш +H'+k=81 мм. (2.3) ұзындықтар қатарынан бұрандама ұзындығының мәнін  l=80 мм деп түпкілікті қабылдаймыз.

5 қадам. Анықталған мәндерді, кескіннің вариант бойынша берілген масштабын пайдаланып 2-кестеге енгіземіз.

 

2.2 Сызбаны орындау

 

Сызбаны орындауды төменде келтірілген инструкцияларға сәйкес қадамдар бойынша орындаймыз.

1 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатында ORTHO (ОРТО) режимін қосып,сызба өрісін 4 бөлікке бөлетін тік және горизонталь сызықтар жүргіземіз. Төменгі сол жақ бөлікте бұрандамалы біріктірудің үстіңгі көрінісі, үстіңгі сол жақ бөлікте фронталь тілігі және үстіңгі оң жақ бөлікте профиль тілігі кескінделеді.

Горизонталь және тік сызықтардың қиылысу нүктесінен  45° бұрышпен түзу кесіндісін жүргіземіз, ол бұдан ары қарай байланыс сызықтарын жүргізу үшін (2 суретті қара) пайдаланылатын болады.

Осевые_линии (Өстік_сызықтар) қабатында 2 суретте көрсетілгендей өстік сызықтарды жүргіземіз. Бұдан ары қарай оларды тиісті командаларды (үзу, кесу, «тұтқалар» (ручки) көмегімен реттеу) пайдалана отырып, өс сызықтары зат контурынан шамалы ғана шығатындай етіп реттеу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 қадам. Основной (Негізгі) қабатында берілген масштабты ескере отырып үстіңгі көріністе келесі тұрғызуларды орындаймыз: диаметрі d шеңбер, радиусы D'/2=d шеңберді іштей сызылған алтыбұрыш, диаметрі D'ш шеңбер. Біріктірілетін бөлшектердің сызбасын тұрғызу үшін, алдымен біріктірілетін бөлшектер ені b тең диаметрдегі шеңбер тұрғызуға, бұдан кейін  Snap to Quadrant (Квадрант) объектілік байланыстырушысын (привязка) пайдаланып, горизонталь сызықтар (бұл жерде бір сызық тұрғызып алып, сонан соң оны шағылу өсі арқылы кескіндеуге болады) жүргізуге болады. Бұдан кейін бұл сызықтармен шеңбердің сол жақ бөлігін қию қажет (3 суретті қара).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатында байланыс сызықтарын 4 суретте көрсетілгендей етіп жүргіземіз. Сызбада сызықтар үймелеп қалмау үшін, байланыс сызықтары көріністің тек бір жағынан  ғана жүргізілген, бұдан ары қарай кескіннің контур сызығы үшін шағылу өсі арқылы кескіндеу пайдаланылатын болады.

 

 


Подпись: 4 Cурет

 

4 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатта берілген масштабты ескеріп, берілген және есептелінген өлшемдерді: бұрандама басының биіктігі h', біріктірілетін бөлшектер қалыңдығы t1 және t2 , тығырық қалыңдығы Sш, сомын биіктігі H, бұрандама ұзындығы L пайдаланып  горизонталь сызықтарды жүргіземіз. Горизонталь сызықтарды   Snap From (Ығысу),  объектілік байланыстырушысын пайдаланып, және базалық нүкте ретінде бұрын тұрғызылған горизонталь сызықтардың біреуінің соңын қабылдап жүргізген қолайлы. Бұл тұрғызулардан кейін сызба 5 суретте көрсетілгендей түрде болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 қадам. Основной (Негізгі) қабатта контур сызықтарын бастыруды 6 суретте көрсетілгендей фронталь және профиль тіліктерінің сол жағынан жүргіземіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатын сөндіреміз және Основной (Негізгі) қабатта контур сызықтарын, оларды тік бұрышты контурмен белгілеп және шағылу өсі арқылы кескіндеудің өстері ретінде кескіндердің өс сызықтарын пайдаланып саламыз. Фронталь тілігінде жоғарғы бөлшектің оң жақ шекарасын және төменгі бөлшектің сол жақ шекарасын жүргіземіз, содан соң олармен біріктірілетін бөлшектердің шығыңқы сызықтарын кесеміз. Профиль тілігінде сомын  қабырғасы мен бұрандама басының қабырғасын жүргіземіз. Сызба 7 суретте көрсетілгендей  түрде болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 қадам. Тонкие_линии (Жіңішке_сызықтар) қабатында фронталь мен профиль тіліктерінде бұранданы кескіндеу үшін сызықтар, үстіңгі көріністе және фронталь тілігінде – біріктірілетін бөлшектердің үзу сызықтарын жүргіземіз.

Сонан соң сызықтауды  орындаймыз, және де мұнда сызықтау бағыты қарама-қарсы жақтарға бағытталуы үшін үстіңгі бөлшек үшін көлбеулік бұрышын деп, ал астыңғы бөлшек үшін көлбеулік бұрышын 90˚ деп пайдаланамыз. Сызба 8 суретте көрсетілгендей түрде болады.

 

 

8 қадам. Размеры (Өлшемдер) қабатында 9 суретте көрсетілгендей сызбада өлшемдер қоямыз,және де мұнда сомынның кілт өлшемі  S бұранда диаметріне (ол нақты өлшемге дәл келмейді, өйткені бұрандамамен біріктірудің қарапайымдандырылған кескінінде стандарт емес, жуықталған өлшемдер пайдаланылады) сәйкес 1 кестеден алынады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түпкілікті бұрандамамен  біріктірудің қарапайымдандырылған сызбасы 10 суретте көрсетілгендей құрастыру сызбасы түрінде безендіріледі.

 

Подпись: 10 Cурет

Зертханалық жұмысты қорғауға арналған бақылау сұрақтары

 

1.            Винттік сызық деп нені айтады ?

2.            Винттік сызық жүрісі деп нені айтады ?

3.            Бұранда деп нені айтады  ?

4.            Көп кірмелі бұранда дегеніміз не ?

5.            Винттік сызық бағытына байланысты бұранданы қалай бөледі ?

6.            Бұранда профилі қандай пішінде болуы мүмкін ?

7.            Сыртқы бұранданы қалай кескіндейді ?

8.            Тесіктегі бұранданы қалай кескіндейді ?

9.            Қандай бұранда түрлері бар ? Олардың қаріптік белгілеуі ? Метрикалық, трапециялық және тіректік бұрандалар белгілеулеріне не кіреді ?

10.         Қандай бөлшектерді біріктірмелілерге жатқызады ?

11.         Бұрандама дегеніміз не ? Оны қалай сызады ?

12.         Сомын дегеніміз не ? Сіз қандай сомын түрлерін білесіз ?

13.         Тығырық дегеніміз не ? Олар не үшін пайдаланылады ?

14.         Бұрандамамен біріктірулер қалай сызылады ?

15.         Бұрамасұқпа ( шпилька) көмегімен бөлшектерді біріктіруді қалай орындайды ?

16.         Бұрандамамен біріктіруді қарапайымдандырып кескіндеу кезінде қандай шарттылықтар мен қарапайымдандырулар пайдаланылады ?

17.         Құрастыру сызбасы неден тұруы керек ?

18.         Құрастыру сызбаларында тұрақтарды (позиция) көрсету ережелері қандай ?

19.         Құрастыру сызбаларында қандай өлшемдер қойылады ?

20.        Сипаттізім (спецификация) дегеніміз не?

21.        Сипаттізімге нені және қандай ретпен енгізеді ?

22.        Сипаттізімді қандай пішінде және қандай өлшемдермен сызады?

23.        Сипаттізімнің негізгі жазуы қалай орындалады ?

 

 

Әдебиеттер тізімі 

1. ГОСТ 2.311-68 Изображение резьбы.

2. ГОСТ  11708 - 82 Резьба. Термины   и   определения.

3. ГОСТ  9150 - 81 Резьба   метрическая. Профиль.

4. ГОСТ  8724 - 81 Резьба   метрическая. Диаметры и шаги.

5. ГОСТ  24705 - 81 Резьба метрическая. Основные   размеры.   

6. ГОСТ  16093 - 81Резьба метрическая. Допуски. Посадки с зазором.

7. ГОСТ  24834 - 81Резьба метрическая. Допуски. Переходные посадки.

8. ГОСТ  4608 - 81 Резьба  метрическая. Допуски. Посадки с натягом.

9. ГОСТ 2.315-79 Изображения упрощенные и условные крепежных деталей.

10. ГОСТ 1759.0-87 Болты, винты, шпильки и гайки. Технические условия.

11.  Чекмарев А.А., Осипов В.К. Справочник по машиностроительноу черчению. – М.: Высшая школа, 2002. – 493 с.

12. Агурейкин С.С., Кабашев Р.А., Кузьмин В.Г. Основы выполнения и оформления технических чертежей. – Алматы: Бастау, 2007. – 208 с.

13. Нәби Ы., Есмұхан Ж., Дүйсенов С.А. Машина жасау сызуы. – Алматы: РОНД, 2004.

14. Сайт http://www.docload.ru/

 

 

Мазмұны

 

1 Жұмыстың мақсаты және тапсырма. Техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету

 3

2  Жұмысты орындау

5

   2.1 Дайындық әрекеттері

5

   2.2 Сызбаны орындау

7

    Әдебиеттер тізімі

18

 

 

 

 

2011 ж. жиынтық жоспары, реті 271