Коммерциялық емес акционерлік  қоғам

АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік графика және қолданбалы  механика  кафедрасы

 

  

 

КОМПЬЮТЕРЛІК СЫЗУ ЖӘНЕ 3D-МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗДЕРІ.

AUTOCAD ЖҮЙЕСІНДЕ  ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТІК СҰЛБАСЫН ОРЫНДАУ

 Барлық мамандықтардың студенттері үшін зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2012 

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: А.Д. Дінасылов, Б.Т. Шыңғысов. Компьютерлік сызу және 3D-модельдеу негіздері. AUTOCAD жүйесінде техникалық құрылғының принциптік сұлбасын орындау. Барлық мамандықтардың студенттері үшін зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. -  Алматы:  АЭжБУ,  2012. –  26 бет.

 

 

Әдістемелік нұсқау «Компьютерлік сызу және 3D-модельдеу негіздері» пәнін оқитын барлық мамандық студенттеріне арналған. Мазмұны AutoCAD әмбебап графикалық жүйесін және ELECTRO бағдарламалық қауашағыларының элементтер кітапханасын пайдаланып №7 зертханалық және семестрлік жұмысты орындау үшін  тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулардан тұрады. Радиотехникалық құрылғының электрлік принциптік сұлбасын орындау толығырақ қарастырылады. Зертханалық жұмыс  барысында студенттерге электрлік принциптік сұлбаны жасауда жеке тапсырманы орындау үшін негізгі тәсілдерді үйретуге көмектесу. 

А қосымшада электрэнергетика мамандықтарының студенттеріне арналған электрлік сұлбаның жеке орындалған тапсырмасына мысал келтірілген, Б қосымшада – жылу энергетикасы мамандықтарының студенттеріне арналған жылу сұлбасының жасалу бойынша мысал келтірілген.  Әдебиеттер тізімі келтіріледі.

Без.- 36, кесте 1, әдеб. көрсет – 8 атау.

  

Пікір беруші:. техн.ғыл. докт., профессор С.Н. Тойбаев.

  

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  2012 жылғы  жоспары бойынша басылады.                                        

 

    © «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2012 ж.

Кіріспе

 

Қазіргі заманғы техникада механикалық, пневматикалық, гидравликалық, электрлік және басқада құрылғылар кеңінен қолданылады. Мұндай құрылғылардың принципін және әсер ету бірізділігін жалпы көрініс және құрастыру сызбалары  бойынша оқып білу көп жағдайда қиындық туғызады. Сондықтан, сызбалардан басқа ондай құрылғылардың принципін және әсер ету бірізділігін, жылдамырақ талдайтын сұлбалар құрастырылады. Сұлбалар орындалуы бойынша қарапайым және жеткілікті көрнекті. Студенттерді КҚБЖ жеке стандарттарымен таныстыру, соның ішінде ГОСТ 2.701-84 «Сұлбалар. Түрлері және типтері. Орындауға жалпы талаптар» «Компьютерлік сызу және  3D-модельдеу негіздері», «Инженерлік және компьютерлік графика» және басқа пәндердің бағдарламаларында  қарастырылады.

Бұл стандарт сұлбаларды, олардың түрлері мен типтерін орындауға жалпы талаптарды белгілейді. Стандарт қолмен және автоматты әдіспен орындалған сұлбаларға,  барлық өндіріс саласының бұйымдары үшін,  сонымен бірге энергетикалық нысандардың, электрлік бекеттердің, өндірістік кәсіпорындардың электржабдықтарының электрлік сұлбаларына таралады.

Еске түсірейік, сұлба – бұл бұйымның құрама бөліктерін және олардың арасындағы байланыстарды  шартты түрде кескіндейтін немесе белгілейтін құрылымдық құжат. Сұлба құрылғылардың, механизмдердің, приборлардың және басқалардың жұмыс істеуі кезіндегі негізгі әсер ету принциптерін және үрдістердің бірізділігін түсіндіруі, сонымен бірге бұйымды жобалауға, жасауға, реттеуге, бақылауға, жөндеуге және пайдалануға қажетті ақпаратты көрсетуі қажет.

ГОСТ 2.701-84 сұлба элементтерін, құрылғыларын, функциональдық топтарды, функциональдық бөліктерді, функциональдық тізбектерді, өзара байланыс сызықтарын, анықтауды белгілейді.

Сұлбалар он түрге бөлінеді, олар орыс алфавитінің әріптерімен белгіленеді: электрлік – Э, гидравликалық - Г, пневматикалық – П, газдық (ауадан өзге) - X, кинематикалық – К, вакуумдық - В, оптикалық - Л, энергетикалық – Р, бөлу – Е,  құрастырма – С. Сұлбаларды сегіз типке бөледі және типті араб цифрмен белгілейді: құрылымдық - 1, функци­оналдық - 2, принциптік (толық) - 3, байланыс (монтаждау) - 4, іске қосу - 5, жалпы - 6, орналасу - 7, біріктірілген - 0.

Сұлбаның аталуы және коды оның түрі мен типі бойынша анықталады. Сұлбаның коды әріптік және цифрлық бөліктен тұрады. Сұлба кодына мысал: электрлік  принциптік – Э3, гид­равликалық  байланыс - Г4 және т.б.

Сұлбалар стандартты пішімдерде масштабы сақталмай орындалады. Сұлбалар бірнеше бетте орындалуы мүмкін және бет пішімі  бірдей болуы тиіс.

КҚБЖ стандарттары  белгілегендей бұйымның құрамына кіретін элементтер, сұлбада ереже бойынша шартты графикалық белгіленулер түрінде кескінделеді. Элементтер арасындағы байланыстар өзара байланыс сызығымен көрсетіледі.

Сұлбада кескінделген, бұйымның құрамына кіретін элементтер туралы барлық мәліметтерді, бірінші беттегі элементтер тізбесіне жазады немесе  жеке құжат ретінде рәсімдейді. Егер элементтер тізбесін бірінші бетке орналастырса, онда оны негізгі жазудың үстіне 12 мм арақашықтықта орналастырады. Тізбенің жалғасын негізгі жазудың сол жағына кестенің басын қайталап орналастырады.

Құжаттар тізбесін жеке құжат ретінде А4 пішімге, «П» (перечень) әрпінен тұратын шифрды қосу арқылы  орындайды, мысалы: ПЭЗ — перечень элементов к электрической принципиальной схеме (яғни, электрлік принциптік сұлбаға тізім).

Бұл зертханалық жұмыс ENERGO және ELECTRO қауаштарымен толықтырылған  AutoCAD жүйесінде  электрлік принциптік сұлбаларды жасау бойынша негізгі әдістерді жетілдіруге арналған және студенттердің есептеу – графикалық жұмыстарына кіретін жеке тапсырмаларын сәтті орындауға көмектеседі. А қосымшада электрэнергетикалық мамандықтарының студенттеріне арналған  орындалған жеке тапсырманың мысалы келтірілген, ал  Б қосымшада - жылуэнергетика мамандықтарының студентеріне арналған жылу сұлбасының мысалы келтірілген.

 

1  Жұмыстың мақсаты мен тапсырмасы. Қолданатын техникалық және программалық  жабдықтар

 

Жұмыстың мақсаты: ENERGO және ELECTRO  бағдарламалық қауашағыларымен толықтырылған  әмбебап AUTOCAD графикалық    жүйесінде  техникалық құрылғылар сұлбаларын орындаудың   негізгі әрекеттерін оқып дағдылану.

Жұмысқа тапсырма:

1)       1 суретте шартты түрде көрсетілген  құрылғының электрлік сұлбасын А4  пішімінде  орындау;

2)       құрылғының құрамына кіретін элементтер тізімінің кестесін орындау. 

Зертханалық жұмыс дербес компьютерде Windows XP ортасында орнатылған және  ENERGO мен  ELECTRO қауашағыларымен (оболочкаларымен) толықтырылған AutoCAD R14 графикалық жүйесінде орындалады.

 

2 Зертханалық  жұмысты орындау барысы

 

Ең алдымен  [1]-қолдана отырып 1 суретте көрсетілген элементтер нені білдіретінін анықтап алып, орындалып жатқан сұлбаның барлық элементтерін  1-кестеге енгіземіз.

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 к е с т е - Сұлба элементтерінің тізімі

Элемент номері

Аталуы
 

Штырь

Контакт разборный

3

Контакт неразборный

7

Корпус

57

Резистор постоянный

91

Транзистор типа n-p-n

   

 

 

 

 

 

 

Сұлбаны орындау үшін AutoCAD бағдарламасын қосқан соң, ашылған сызбаны бір атаумен сақтап, сызбаға стандартты А4  пішімін  қоямыз.

Сұлбаны сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан (2б) ең шеткі элементті сызудан бастаймыз. Парақтың пішімін және сұлбаның  өлшемін ескере отырып,  бірінші элементті (2б) енгізу  коодринаттарын 40,220 етіп аламыз (2 суретті қара).   Енгізілетін әрбір элементтің  қиылысумен белгіленетін  нүктесі бар екендігіне және енгізу нүктесін көрсеткен кезде (координаттар немесе объектілік байланыстыру көмегімен) объект дәл сол нүктесімен қойылатынына назар аударыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22б элементін енгізу үшін Электроника түсетін менюінен Контакты и разъемы...  диалогтық   терезесін шакырып (3 суретті қара), Разборный контактысын белгілеп (оның кескіні 4 суретте келтірілген терезенің оң жағында белгіленеді), ОК басамыз;  бұл кезде белгіленген элементті  енгізу командасы іске қосылады. Осы команданы элементтің атын екі рет шерту арқылы  немесе бейнесін белгілеп ОК басу арқылы да  шақыруға болады.

Команданың сұраныстарына   төмендегідей жауап беру қажет.

    Команда:_INSERT  Имя блока (или ?):  С: /Bonus/ELECTRO/Kontakt

/k3 Точка вставки: - элементті енгізу нүктесінің 40,220 координаттарын береміз (жауап бергенде арқашан Enter-ді басу керек).

Масштаб по оси Х<1>/Угол/XYZ: - үнсіздік бойынша көрсетілген масштаб мәнімен, яғни 1-мен келісіп Enter-ді басамыз.

Масштаб по оси У (по умолчанию=X): - үнсіздік мәнімен келісіп Enter-ді басамыз.

Угол поворота <0.00>: - үнсіздік мәнімен келісіп Enter-ді басамыз.

Келесі  элемент (57) – тұрақты резистор.

Электроника төмен түсу менюінен Резистивные элементы диалогтік терезесін шақырып (5 суретті қара), Постоянный резисторды таңдаймыз. Әр қарай команданың сұраныстарына жауап береміз.

Команда: _.INSERT Имя блока (или ?) <K3>: C:/BONUS/ELECTRO/

REZISTOR/r0  Точка вставки: - Квадрант динамикалық объектілік байланыстыруының көмегімен енгізу нүктесін (6 cуретті қара) белгілейміз (бейненің масштабын үлкейту үшін алдын-ала зуммерлеуді орындаймыз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Масштаб по оси X<1>/Угол/XYZ: - Enter-ді  басамыз.

Масштаб по оси Y (по умолчанию=X): Enter-ді  басамыз.

Угол поворота <0.00>:Enter-ді  басамыз.

Келесі элемент  (3) – ажырамайтын қосылыс. Электроника төмен түсу менюінен  4 суретте көрсетілгендей  Контакты и разъемы  диалогтық   терезесін шақырып, Неразборный контактіні таңдап ОК басамыз. Команданың  сұраныстарына төмендегідей жауап береміз:

Команда: _.INSERT Имя блока (или ?) <R0>: C:/Bonus/ELECTRO/

Kontakt/k4  Точка вставки: - Конточка  динамикалық объектілік байланыстырудың көмегімен  керек нүктені белгілейміз  (7 суретті қара).

Масштаб по оси X <1>/Угол/XYZ: Enter-ді  басамыз.

Масштаб по оси Y (по умолчанию=X): –  Enter-ді  басамыз.

Угол поворота <0.00>: Enter-ді  басамыз.

 

 

 

 

 

Келесі элемент  (91) - n-p-n типті транзистор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Электроника төмен түсу менюінен 8 суретте көрсетілгендей  Выпрямители и транзисторы  диалогтық   терезесін шакырып,  n-p-n типті транзисторді  таңдап ОК басамыз. Команданың  сұраныстарына  төмендегідей жауап береміз:

Команда: _.INSERT Имя блока (или ?) <K4>: C:/Bonus/ELECTRO/Tranzistor/t2 Точка вставки:енгізілетін объектінің байланыс нүктесі бізге керек нүкте болмағандықтан (9 суретті қара), алдымен объектіні сызбаның  кез келген жеріне  енгіземіз. 

Масштаб по оси X <1>/Угол/XYZ Enter-ді  басамыз.

Масштаб по оси Y (по умолчанию=X): Enter-ді  басамыз.

Угол поворота <0.00>: Enter-ді  басамыз.

 

Транзисторды керекті нүктеге ауыстыру үшін Редакт төмен түсу менюінен  Перенести  командасын іске қосамыз немесе Редактирование панелінен Перенести пиктограммасын шертеміз. Сұраныстарына жауап береміз:

Команда: _move

Выберите объекты: - транзистордың контурын шертеміз.

1 найден(ы),

Выберите объекты: - объектілерді таңдауды аяқтау үшін  Enter-ді басамыз.

Базовая точка или перемещение: Конточка объектілік байланыстыруын пайдаланып транзистор базасының төменгі нүктесін көрсетеміз  (10 суретті қара). 

Вторая точка перемещения: - Конточка  динамикалық байланыстыруын пайдаланып транзисторды енгізетін нүктені көрсетеміз  (11 суретті қара). 

 

 

 

 

 

 

 Транзисторды керекті қалыпқа бұру үшін Редакт төмен түсу менюінен Повернуть командасын шақырамыз немесе  Редактирование панелінен Повернуть пиктограммасын  шертеміз. Сұраныстарына жауап береміз:

Команда: _rotate

Выберите объекты: -  транзистордың контурын шертеміз.

1 найден(ы),

Выберите объекты: - объектілерді таңдауды аяқтау үшін  Enter-ді басамыз.

Базовая точка: - динамикалық объектілік байланыстыруды пайдаланып  айналу центріне сәйкес келетін базалық нүктені белгілейміз (11 суретті қара).

<Угол поворота>/Ссылка: - 90 деп бұрылу бұрышын енгіземіз.

Команда орындалғаннан кейін 12 суретте көрсетілген сұлбаны аламыз.

Енді сызылған элементтерге паралель және төменірек орналасқан сұлбаның 2б және 57 элементтерінің көшірмесін орындаймыз. Ол үшін Копировать  командасын іске қосып сұраныстарына  жауап береміз:

Команда: _copy

Выберите объекты: - 2б элементін көрсетеміз.

1 найден(ы),

Выберите объекты:  - 57 элементін көрсетеміз.

1 найден(ы),

Выберите объекты: - объектілерді таңдауды аяқтау үшін  Enter-ді басамыз.

<Базовая точка или перемещение>/Несколько: - Центр динамикалық объектілік байланыстыруды пайдаланып, 2б элементінің центрін көрсетеміз.

Вторая точка перемещения: - элементінің центрі орын ауыстыратын нүктені @0,-40 деп көрсетеміз.

Копировать командасының орындалу нәтижесі 13 суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Әрі қарай ажырамайтын контактіден төмен қарай байланыс сызықтарын жүргіземіз. Ол үшін Отрезок немесе Полилиния  командаларын қолдануға болады (соңғысында 0-ден өзгеше полилинияның  қалыңдығы бейненің масштабы  өзгеруімен өзгеріп отырады). 

Команданың орындалу нәтижесі 14 суретте көрсетілген.

Төменде 15 – 28  суреттерде қалған элементтердің  және сұлбаның байланыс сызықтарының орындалу реті көрсетілген.

15,16 суреттерде тұрақты резисторды енгізу көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17 және 18 суреттерде байланыс сызықтарын және ажырамайтын контактіні енгізу нәтижесі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19 және 20 суреттерде байланыс сызықтарын және тұрақты резисторды енгізу нәтижесі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

21 суретте транзисторды көбейту нәтижесі келтірілген.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

22 суретте байланыс сызықтарын енгізу нәтижесі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

23 суретте тұрақты  резисторды және ажырамайтын контактіні енгізу нәтижесі келтірілген.  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

24 суретте  екі байланыс сызығын және ажырымайтын контактіні енгізу нәтижесі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 25 суретте байланыс сызығының және оның шығып тұрған ұштарын кесу келтірілген.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

26 суретте  байланыс сызығының және ажырайтын контактіні енгізу нәтижесі көрсетілген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 27 суретте тұрақты резисторды, ажырамайтын контактіні  және  корпусты енгізу нәтижесі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28 суретте штырьді, байланыс сызығын және ажырайтын контактіні енгізу нәтижесі келтірілген.

 

Сұлбаның барлық элементтері сызылып болғаннан кейін, сұлбаның мәтіндік  ақпаратын орындауға көшеміз.

Сұлбаның әріптік-сандық белгіленулерін енгізуді орындау үшін текст командасын іске қосу керек. Ол үшін Рисование төмен түсетін менюінің екіншілік Текст менюінен  Однострочный пунктін таңдап, сұраныстарына жауап беру қажет. Төменде  R1 кедергісінің  белгіленуін енгізу диалогі көрсетілген:

Команда: _dtext Выравнивание/Стиль/<Начальная точка>: - мәтінді енгізудің бастапқы нүктесін көрсетеміз (29 суретті қара).

Высота <2.5000>: – қаріп биіктігінің мәнін 3.5 деп енгіземіз.

Угол поворота <0.00>: - үнсіздік мәнімен келісіп Enter-ді  басамыз.

Текст:  элементтің R1 белгіленуін енгіземіз..

Текст: - мәтінді енгізуді аяқтау үшін Enter- ді басамыз.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

30 суретте команданың орындалу нәтижесі көрсетілген. Қалған белгіленулер дәл осылай орындалады.

 

Нәтижесі  31  суретте  келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Подпись: 31 сурет

 

 

Әрі қарай қабылданған ережелерге сай элементтер тізімінің кестесін құрамыз. Бұл жағдайда кесте сұлба сызылған бетте орындалады (кесте негізгі жазудан кем дегенде 12 мм қашықтықта орналасуы тиіс). Кестені сызып, оны жоғарыдан төмен қарай толтыру керек).

Негізгі жазуды толтырғаннан кейін сұлба толығымен орындалып бітеді. 32 суретте аяқталған жұмыс  көрсетілген.

 

А   қосымшасы

Электрэнергетика мамандығының студенттеріне арналған электрлік сұлбаның орындалу үлгісі

 

 

 

Подпись: 33 сурет

Подпись: 34 сурет

Б қосымшасы

Жылу энергетикасы мамандығының студенттеріне арналған жылу сұлбасының орындалу үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Подпись: 35 сурет

Бақылау сұрақтары
 

1.   Сұлбаларға анықтама беріңіз және олардың тағайындалуын түсіндіріңіз.

2.   Сұлба элементіне анықтама беріңіз.

3.   Сұлбалардың түрлерін атаңыз және олардың әріптік белгіленулерін көрсетіңіз.

4.   Сұлбалардың типтерін атаңыз және олардың цифрлық белгіленулерін көрсетіңіз.

5.   Құрылғының құрылымдық сұлбасы  қандай қызмет атқарады?

6.   Құрылғының функциональдық сұлбасы  қандай қызмет атқарады?

7.   Электрлік сұлба дегеніміз не?

8.   Құрылғының принциптік сұлбасы  қандай қызмет атқарады?

9.   Сұлба коды қалай пайда болады және сұлбада қай жерде көрсетіледі?

10.   Электрлік сұлбаға анықтама беріңіз.

11.   Электрлік принциптік сұлба коды қандай?

12.   Электрлік сұлбаның типтерін санап беріңіз.

13.   Электрлік сұлбаның позициялық белгісі неден тұрады?

14.   Элементтер тізбесі қалай құрастырылады?

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Романычева Э.Т., Соколова Т.Ю., Шандурина Г.Ф. Инженерная и компьютерная графика. – М.: ДМК Пресс, 2001. – 592 с.

2. Романычева Э.Т., Трошина Т.Ю. 2004. – М.: ДМК, 1999. – 320 с.

3. Полещук Н.Н. Самоучитель AutoCAD 2000 и Visual LISP.–СПб.: БХВ-Петербург, 2001. –672 с.

4. Соколова Т.Ю. AutoCAD 2004. Англоязычная и русская версии. - . – М.: ДМК Пресс, 2004. – 600 с.

5. Дінасылов А.Д., Тойбаев С.Н. Инженерлік және компьютерлік графика.  AutoCAD компьютерлік графика жүйесіне кіріспе. Оқу құралы. Алматы: АЭжБИ, 2006. – 90 б.

6. Динасылов А.Д., Яхъяев Э.А., Мукашев М.Ш. Инженерная и компьютерная графика. Общие правила выполнения принципиальных схем. Учебное пособие. Алматы, АИЭС, 2009. – 83 с.

7. Динасылов А.Д., Яхъяев Э.А. Инженерная и компьютерная графика. Общие правила выполнения электрических схем. Методические указания к выполнению самостоятельных работ. Алматы, АИЭС, 2007. – 33 с.

8. А.Д.Дінасылов, Ғ.К.Балбаев.  Компьютерлік сызу және 3-D модельдеу негіздері. AutoCAD жүйесінде графикалық қарапайымдармен жұмыс істеу дағдыларын игеру. - Алматы: АЭжБУ, 2012. - 36 б.

 

Мазмұны 

1  Жұмыстың мақсаты мен тапсырмасы. Қолданатын техникалық

және программалық  жабдықтар                                                                            3

2  Зертханалық  жұмысты орындау барысы                                                          5

А қосымшасы. Электрэнергетика мамандығының студенттеріне

арналған электрлік сұлбаның орындалу үлгісі                                                   20    

Б қосымшасы. Жылу энергетикасы мамандығының студенттеріне

арналған жылу сұлбаның орындалу үлгісі                                                          22

    Бақылау сұрақтары

    Әдебиеттер тізімі                                                                                         25    

 

2012 ж. Жиынтығы жоспары, реті 241