ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

"Алматы энергетика және байланыс университеті"

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

 

                             

 

САЯСАТТАНУ

Оқу құралы

 

 

 

 

 

Алматы 2010

ОЖК 32:1 (075.8)

ББҚ 66.0я73

р15 Саясаттану:

Оқу құралы /А.Ө. Раджапов;

АЭжБИ. – Алматы, 2010. – 60 б.

 

ISBN 978-601-7098-80-3  

«Саясаттану» оқу құралы қазақ тілінде жарық көріп отырған еңбектердің бірі. Өз еңбегіңізде қазіргі қазақ саясаттану ғылымының негізгі өзекті мәселелеріне шолу жасалынды. Олардың ішінде: саясаттану  пәні және оның атқаратын қызметі, саясаттанудың негізгі ұғымдары, қазіргі қоғамдағы саяси өкімет билігі, мүдделер және саяси өкімет билігі, қазіргі заманғы  мемлекет және саяси  тәртіптер, құқтық  мемлекеттің принциптері, партия және партиялық  жүйелер, қоғамдық  үйымдар, қозғалыстар, адам  және  саясат, саяси  мәдениет, саяси жүйені зерттеудегі негізгі теориялар, қазақстан саяси жүйесінің трансформациялануы тәжірибесі сияқты мәселелер қамтылды.

Оқу құралы жоғары, арнайы оқу орындарының  оқытушыларына, магистранттар мен студенттеріне, жалпы саясаттанумен әуестенетіндерге арналған. 

 

                                                                                                       ББҚ 66.0я73

 

 

Пікір беруші: ҚазҰПУ, тарих. ғыл. док., С.Ж. Сапанов

                        АУЭС, филос. ғыл. канд., А.С. Қабылова

 

 

 

 

         Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2010 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.

 

 

 

 

 

ISBN 978-601-7098-80-3

 

 

 

 

© «Алматы энергетика жєне байланыс университетінің» КЕАҚ, 2010ж.

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасында саясаттану пәні жоғары оқу орындарында ерекше ғылым ретінде 1989 жылдан оқытыла бастады.

Ғылым ретінде саясаттану – саясатты, яғни мүдделер мен институттардың қоғамдағы билікті  жеңіп алу,  ұйымдастыру және іске қосу жөніндегі  қарым – қатынастарды зерттейді.  Ол саясаттағы  барлық  жеке зерттеулерге  байланысты  әдістемелік  міндетін  атқарады.  Саясаттану – дүниетанымдық  ғылым. Өйткені ол өз пәні арқылы қоғамның  дамуына, оны іске асыратын механизмдерге,  саяси  түрленген  қоғамның  және дүниенің  ісінде  ұйымдастырылған өзара қарым – қатынастарға,  саяси  жағынан қалыптасқан  дүниедегі – адамның  алатын орнына белгілі бір  көзқарасты қалыптастырады.  Жоғары оқу орындарында  оқылатын  пән ретінде ол саяси  жұмысты  өркениетті саяси мәдениетке баулау, жеке адамды саяси әлеуметті жағдайға баулаудың теориялар мен практикасын үйлестіреді.

Саясаттану саяси – практикалық  маңызы бар қызмет атқарады, саяси бағдарлама жасауға және қалыптастыруға, саяси  процесстердің  ағымымен  саяси  институттардың арасындағы  өзара қатынастардың  мәнін табу арқылы, саяси инститтуттардың  мейлінше ұйымды қызмет атқаруына  көмектеседі. Саясаттану алда болатын  саяси  процесстерді утопиялық жолмен емес, ғылыми жолмен алдын ала болжайды.

Жеке адамның саясатқа қатысып,  дұрыс шешім  қабылдауы өздігінен болмайды, ол үшін  мерзімдік  басылымдарды оқып,  ақпараттарды тыңдау жеткіліксіз. Ондағы  деректерді, ой  елегінен өткізіп, сараптап қорытынды жасау үшін жүйелі түрде саясат  теориясын  игеріп, саяси  процеске қатысу  жолдарын  арнайы оқып үйрену, іс жүзінде теориялық  тәжірибе керек. Міне,  мәселеге осы  тұрғыдан  келгенде  бүгінге дейін  бұл пәннен  қазақ  тіліндегі  оқу құралы  біршама азшылық екендігі баршаға белгілі.  Сондықтан біз осындай кемшіліктердің орнын толықтыра түсуге  талпыныс жасадық.

Оқу құралы он екі тақырыптан және саясаттану пәнінде жиі қолданылатын негізгі  ұғымдардан (Глоссарий) тұрады.  

 

1 - тақырып. Саясаттану  пәні және оның атқаратын қызметі

 

Қоғамтану ғылымының  түрлі-түрлі білім  бөлінуіне байланысты саясаттану  да  өзіндік  бір  жүйелі, пәндік сипаты, категориялық құрылымдары  мен өз  заңдылықтары  бар ғылым болып қалыптасқан. Оның  өз  алдына  дербес ғылым  болып  қалыптасуына  қоғам өміріне, қоғамдық қарым- қатынастарға  саясаттың  өктемдік  жасап қоғамдық  болмыстың /формасына/  түр- бейнесіне  тигізетін ықпалды күшті, сол арқылы қоғамның саяси  өміріне тигізетңн әсері себеп болды.

Қоғамның формасын, түрін, түр бейнесін  зерттеумен  ғылымның  философия, тарих, социология, заң  ғылымы салалары да айналысады.  Алайда  олардың әрқайсысы саясатқа өз тұрғысынан, өз мүддесі шеңберінде сай қарайды да,  оны осы  мүдде тұрғысынан  өзіне  тән әдіспен  зерттейді. Олардың  әрқайсысы  саясат өзінің  ішкі, өзіне  тән мәнімен емес, тек  сол ғылым саласына қажетті  ғылым ретінде  сол саланың  мақсат – мүддесі  лайық  кеңінен  қамтылған   мәселенің  бір бөлігі болып  қана  қамтылған. Ал  саясаттану  болса  өзі алған  проблеманың мәселенің ерекше  қасиеттерін  бір-бірімен  ұштастырып, біртұтас етіп, оларды белгілі  бір  жағдайда ғана  бөліп  алып қарайды.

Саясаттану  пәні социология ғылымы мен  заң  ғылымдарының /юриди -ческой/, әр түрлі салаларға  бөлінуі барысында  қалыптасты.  Күні  бүгінге  дейін  саясаттануда  қоғам  билігін  зерттейтін социология мен  Заң  ғылымдарына /юридизированное/ тән бағыттар  байқалады. Тіпті  саясаттану  мен  социологияның  бір- біріне  ұқсап, бірін – бірі қайталайтын  кездері  де  жие  кездеседі. Саяси–социология  – саяси билік  пен  саясатты  оларда  әлеуметтік  топтардың   мақсаттарының  қаншалықты  басым  екендігі  тұрғысынан  қарайды,  яғни  өкімет  билігінің  әлеуметтік  түп – тамыры  және сол  билікті  бөлісу  жайындағы  мәселені зерттейді. Олар  қоғамның  әлеуметтік  құрылымын  саясатпен  қаншалықты  байланысты  деген  сұраққа  жауап  береді.  Саяси социология  саясаттануда  саясатты  түрлі  институттардың  көмегімен  бір  топқа  жүйелейтін Заң  ғылымынан  туған  позитивизмнің  тууынан  пайда  болған  сала деп  саналады. Сол  саяси институттардың  өзін  саяси социология  белгілі  бір әлеуметтік  құрама,  мақсаттар  қосындыс  деп  қарайды. Бұл  институттар дәлірек  айтқанда саяси социологияның  Заң  ғылымынан бөлініп  шыққан  саяси  бағыт «институт» деген  ұғымды қалыптастырады  да,  саясатшылық  мемлекет  қызметі шеңберіндегі саясат  ұғымы  шеңберінен  шығарып, түрлі  саяси – ұйымдардың  құрылымдардың – мемлекеттің, партиялардың,  қоғамдық- саяси ұйымдардың, нормалардың, бұқаралық  ақпарат  құралдарының, саяси  идеологияның  неғұрлым  кең  ауқымды қызметінің саясатты дәрежесіне  көтерілуіне  көмектеседі. Екінші  жағынан, саяси социология   саясатқа және оның  өз шеңберінде  әрекет ететін  әлеуметтік  мүдделердің  қақтығыс /конфликт/  институттарына  баратын  жолды  белгілеп береді. Мұның  екеуі де басты  міндеті саналатын саясат  пен  билікті  мүдделермен  институттардың  біртұтасты  қарым-қатынасы ретінде зерттеуді  қалыптастырады. Бұл  біртұтастық  « Қоғамның  саяси жүйесі» /системасы/ дейтін арнаулы  категорияда  көрініс  табады. Саясаттану -  саяси жүйе/ /система/ туралы  және  халықаралық  сахна  деңгейіндегі   /арена/  саяси  жүйелердің  өзара  қарым-қатынастардың  байланыстары  туралы  ғылым.

Саясаттардың  құрылымына  /структура/мыналар  кіреді: 1. Әлеуметтік –саяси  және саясаттану  білімдерінің  тарихы; 2. билік  пен саяси жүйелердің /системеның/ жалпы  теориясы; 3. саяси мүдделердің,  олардың өзара  байланыстарының  түрлерінің /конфликт/ қақтығыс,/ кон – сенсус – келісімге  келу/ және  саясаттың өз бағытын  білідіру  теориясы;     4. саяси институттар мен құбылыстардың /процесс/ теориясы; 5. идеологиялық процесстердің  теориясы; 6. саяси мәдениет  теориясы; 7. жеке  адамның саяси  қызметі  және саяси  әлеуметтендіру  теориясы; 8. қоғамды саяси басқару теориясы; 9. халықаралық қарым-қатынастар мен жүйелердің теориясы.

Ғылым ретінде  саясаттану – саясатты, яғни  әлеуметтік  мүдделер  мен  институттардың  қоғамдағы  билікті  жеңіп  алу, ұйымдастыру  және  іске қосу  жөніндегі  қарым – қатынастарды  зерттейді. Ол саясаттағы  барлық  жеке зерттеулерге  байланысты  әдістемелік /методологиялық/ рөл атқарады.  Саясаттану-дүниетанымдық  ғылым. Өйткені ол  өз  пәні арқылы қоғамның дамуына, оны іске  асыратын  механизмдерге, саяси  түрленген  қоғамның   және  дүниенің  ісінде ұйымдастырылған  өзара  қарым –қатынастарға,  саяси  жағынан қалыптасқан дүниедегі – адамның алатын орнына  белгілі бір көзқарасты  қалыптастырады. Жоғары  оқу  орындарында оқылатын пән ретінде  ол саяси жұмысты өркениетті саяси  мәдениетке  баулу,  жеке  адамды саяси әлеуметті  жағдайға  баулудың  теориялар мен практикасын  үйретеді.

Саясаттану саяси – практикалық маңызы  бар  қызмет  атқарады, саяси бағдарлама  жасауға және  қалыптастыруға, саяси  процессердің ағымымен  саяси  институттардың  арасындағы өзара қатынастардың  мәнін табу арқылы, саяси институттардың  мейлінше  ұтымды  қызмет  атқаруына  көмектеседі. Саясаттану алда  болатын саяси процестерді утопиялық жолмен емес, ғылыми  жолмен алдын ала болжайды./ирогиостикалық/

Саясаттанудың  саясатты зерттейтін әдістері  бар  және ол басқа  ғылымдардан ең  алдымен олардың  мазмұн – генетикалық бөлімі /заң, категория, принциптер/ арқылы олардан өзгеше болады.

Саясаттанудың  әдістері – үйренуге  кірісерде оның  философиямен  және басқа ғылымдармен  органикалық  байланыста  екенін  және  өзінің  пәндік  саласын зерттеу  үшін  осы  ғылымдар  жасаған  әдістердің  бәрін пайдаланатынын  есте сақтау  керек. «Метод»  грек  сөзі оның мәні  таным жолы,  әдісі  деген сөз  болып  шығады. Нақтылап  айтқанда әдіс түрлі  тәсілдердің жүйесі. Олардың  көмегімен  белгілі  бір затты зерттеу жүзеге асырылады. Әдістерді теориялық және  эмпириялық  деп  бөлуге  болады. Өз кезінде  теориялық  әдістер  философиялық  және  жалпы - ғылымдық болып  бөлінді. Таным  тарихы  философиялық тиімді  әдіс  диалектика  мен  материализм  екенін көрсетті.

Саясаттануда  қолданылатын  жалпы  ғылымдық  әдістерге теңестірмелі  /сравнительный/, жүйелі /системный/, құрылымды – функциялық /структурно- функциональный/ әдістерді жатқызуға  болады. Теңестірмелі  /сравнительный/ әдіс саяси  өмірдің  белгілі  бір кеңістік пен  уақыт шеңберінде байқалған құбылыстардың сипатын  салыстырып, олардың әрқайсысындағы сәйкес /сходство/ қайталанатынын  және  ол қайталанудың заңдылығын  анықтауға  мүмкіндік  береді. Жүйелі  /системный/ әдіс  болса саяси өмірдегі кез келген  құбылысты бүкіл /целого/ бір нәрсенің  бір  бөлігі, неғұрылым күрделі жасалған заттық элемент  деп қарауға көмектеседі, зерттейтін көріністің әлеуметтік шындықтың  құбылыстардың  жалпы  байланысында  алатын  орнын анықтауға мүмкіндік береді. Құрылымды –  функционалды /структурно-фунциональный/ әдіс жүйелі әдісті нақтылауға қызмет  етеді. Ол зерттелетін құбылыстың өзін  бір  бүтінін бөлігі деп қарап қана қоймай, сонымен бірге әрқайсысы белгілі бір рөл атқаратын элементтерден құралатын іштей бөлшектенген құрылым  деп қарауға мүмкіндік жасайды.

Эмпириялық әдістерде  жинақтау әдістері және мәліметтерді  талдау  әдістері болып екі  топқа бөлінеді. Басқа ғылымдағыдай саясаттануда  да  нақты  мәліметтер  жинағында бақылау  сұрақнама /опрос/, жауап жинау, құжаттарды талдау, тәжірибе /эксперимент/ жасау тәсілдерін қолданады. Бақылау /наблюдение/ саяси  өмірдегі оқиғаларды, /сондай-ақ/  мәселелерді дұрыс  байқауға, саяси күрделі мәселелерді дұрыс жолға қойуға көмектеседі. Сұрақнама /опрос/ жауап алу оқиғаларға қатысушылар басшылыққа алатын себептерді,  олардың  саяси  өмірдің  түрлі жақтарына  көзқарасын, тағы тағыларын айтуға мүмкіндік  береді. Санақ құжаттарын және басқа құжаттарды талдау адамдың  саяси іс әрекетерінен туатын нақты нәтижелерді зерттеуге көмектеседі. Тәжірибе  жасау /эксперимент/ адамдардың  саяси  мінез құлқындағы басқа әдістердің көмегімен  байқалған сипаттарға әсер еткен факторлар  жайлы алдын  ала болжамымызды  тексеруімізге қызмет  етеді.  Түрлі   әдістердің  көмегімен  алынған  эмпериялық  мәліметтердің дәлдігі,  ықпалдылығы  зерттеудің  қажетті  жерлерін  іріктеп  алуға  көп байланысты. Ол   тар  көлемді  болып,  бірақ  халықтың  өзіміз  зерттеп  жүрген  бөлігінің  әлеуметтік  сипатын  тең  етіп  көрсетуге тиіс. Зерттеу  нәтижелері  бойынша  іс  жүзінде  жасалаған  саяси  қорытындылардың негізі  мықты  болуы да едәуір  жағдайда  осыған  байланысты.

Жинақталған  мәліметтерді  талдау  әдістерінің  ішінен  саясаттанулық  зерттеулардің  қазіргі  кезеңде  неғұрлым  жиі  қолданылып  жүргендерін бөліп алу  керек. Бұл  дисперсиялық,  корреляциялық және   факторлық  талдау.  Дисперсиялық  талдау орташа  көлемнен  туатын  өзгерістердің  алшақтылығын анықтауға  және  бұған  немесе  бірінші  ауытқушылықтың  ықпалын  ашуға  негізделген. Корреляциялық  талдау  ерекше  коэффиценттердің көмегімен  ауыспалы  құбылыстардың арасындағы  санақтық  байланыстарды  зерттеуде.  Бұл  коэффиценттердің  маңызы  неғұрлым  жоғары  болса  байланыс  соғұрлым  мықты  болады. Фактор  талдау  корреляциялық  талдау  барысында пайда  болған  топтардың көмегімен  жаңа, ірі  ауытқу  туғызады. Оларды  факторлар  немесе белсенді  ауыспалы  құбылыс  деп  атайды. Олар  басқаларына  ықпал  етеді. Сондай-ақ  әр  фактордың өзіндік  саламағы  болады. Олар  - І  ден  + І –ге дейін ауытқып  тұрады. Бұл  әдістердің  бәрі  бірін-бірі толықтырады.

Саясаттану  - ғылымның  дербес  саласы  болып 40-50 жылдары  бөлініп шықты.  Ол  әр елде  өзгеше  оқытылады. Әсіресе  АҚШ,  Франция, Англия,  Италия,  Германияда  едәуір  дамыған. 1949 жылы саяси  ғылымдардың Халықаралық   ассоциациясы  құрылды. ТМД – да саяси ғылым,  заң  ғылымдары,  философия,  социология,  тарих  ғылымдары  шеңберінде дамыды. 1955 жылы саяси /Мемлекеттану/ ғылымдарының Кеңестік ассоциациясы  құрылды. Қазір ол  саясаттану ғылымдар  ассоциациясы деп  аталады. Жоғары  оқу  орындарында ерекше ғылым ретінде 1989 жылдан  оқытыла  бастады. Осы уақыттан  бастап саясаттану  бағытындағы  кафедралармен  саясаттану  институттары көптеп  ашыла  бастады.

 

2 - тақырып. Саясаттанудың негізгі ұғымдары

 

Саясаттанудағы  басты  ұғым  билік  туралы  ұғым  болып  саналады. Саясат адамдардың  қоғамның  таптарға  өкіметті  иемденген, осының  негізінде бүкіл қоғамға  сол  қоғамнан  бөлініп  шығып  мемлекет  деп  аталатын арнаулы  аппараттың көмегімен  билігін  жүргізетін адамдар  тобына бөлінуі  жағдайында пайда болатын өзара  әрекеттердің  түрі  деп  есептеледі. Өкіметке  саясаттану тұрғысынан қарай  отырып,  бұл ғылымның психологиядан  өзгеше  өкіметті  адамдардың  қоғамдық өмірде  өз еркін  білдіруге  қабілетті  емес,  шеңберінде  бір адамдар басқаларына  ықпал  жүргізетін  қоғамдық  қатынас  деп  түсінуіміз  керек.  Саяси өкімет  бұл бір қоғамдық  топтың  мемлекет  арқылы басқаларға үстемдік,  айқындалған  ықпал  ету,  билік  етуі  өкіметтің  бір түрі  ретінде мемлекетік  өкімет  арнаулы аппараттың  адамдарға жасайтын  белгілі  бір  ықпалы  деп  түсінеміз. Аппараттың  бұйрығы  белгілі  бір  терреторияда  тұратын  адамдар  үшін  міндетті. Бұл  аппарат  кәсіптік  негізде  құрылады  да  негізгі  жұмысы өкімет  билігін  жүзеге  асыру деп  саналатын  адамдардан  құралады.  Мемлекет  ісіне  араласу үшін  түрлі институттар:  саяси  партиялар,  одақтар, ұйымдар,  қозғалыстар  тағы  басқалар  құрады.  Олардың  көмегімен  өкіметтің  маманданған  кәсіби аппаратын өз  мүддесіне  бағындыруға  тырысады.  Олардың  мемлекеттік  өкімет  жүйесінде  өзара бірлескен  іс-әрекеттерінің  барысында  белгілі бір  қатынаста саяси  сипаты бар.  Қоғамдық  қатынастардың, институттардың,  қызметте өзін-өзі көрсету  мен  сананың  өкімет  билігін  бөлісумен   және  жүзеге  асырумен  байланысты  бөлігі саяси  жүйе  деп аталады. Олар  өкімет  билігіні  жүзеге асырудың   тарихи  шартты механизмі болып  саналады.

Саяси  қатынастар  үш  түрлі  болады: 1 – қоғамдық топтардың өкімет  жүйесінде бір-біріне қатынасы; 2 – қоғамдық топтардың өкімет құрылымдарына қатынасы; 3 – өкімет құрылымдарының  бір-біріне құрылысы. /Бұл қатынастарды біріншілеріне  қарағанда екінші екінші  қатынастар  деп  атау әдіске  айналған/. Саяси институттар /немесе құрылымдар – структуры/ мемлекеттік /өкіметтік, властвующие/ - өкілдік, орындаушы, сот  және мемлекеттік  емес /өкімет  билігін жүзеге асыруға  қатысушылар/ партиялар, одақтар,  ассоциациялар тағы басқалар/ болып бөлінеді. Саяси  қызметтің  түрлері: /форма/  1. Кәсіптік /проффессиональ- ной  основе/ негіз - өкімет үкіметтілігін  жүзеге асыру жөніндегі әкімшілік  жұмыс:  өкіметтің  құрылымдарын  қалыптастыру: шешім  қабылдау және  оны орындау: басшыларды іріктеу және оларға басшылық  ету, 2. Кәсіптік емес /непрофессиональной основе/ негізде – жетекшілік: /Лидерство/ ұйымдар мен қозғалыстарда  қоғамдық  жұмыс: органдар мен  лауазымды адамдар  сайлау: шешімдердің  жобаларын  талқылау: органдарға  қатынас  жасау,  жиналыстарда сөз   сөйлеп,  бұқаралық ақпарат  құралдарына материалдар  жазу,  тағы тағылар: бұқаралық  шараларға: митингілерге,  демонстрацияларға, шерулерге,  ереуілдерге тағы басқаларға  қатысу. Саяси саналылық саласында мыналарды  айтып  көрсету керек; 1- саяси психология-саяси тұтыным мүдделер, тәртіптер, бағдарлар, дәстүрлер, әдістер,  сезімдер,  стереотиптер, пікірлер; 2 –саяси идеология –теориялық көрсетімдер, білім, концепциялар,  бағдарламалар, платформалар, нормалар, құндылықтар.

Саяси жүйе әр  мезгіл  белгілі бір  қоғамның  әлеуметтік  құрылымын  көрсетіп, әлеуметтік  топтардың / топтар, ұлттар,  таптар, тағы  басқалар / өкімет жүйесіндегі өзара әрекеттерінің өзіне  тән  тәртібі болып  саналады. Бұл  өзара әрекеттік сипаты  саяси  тәртіп  деп  аталады. Тәртіп  екі  түрлі  болады: 1 -өкімет  билігін  жүзеге асыруға барлық топтар  мен  азаматтардың  қатысуы  негізінде – демократиялық;  2 -өкімет билігін жүзеге асырудан  топтар  мен  азаматтардың  көпшілігін шеттету негізінде авторитарлық және тоталитарлық тәртіп.

Саяси  өмір – бұл саяси  жүйелерінің  тууының,  қалыптасуының, дамуының  барлық адамдардың қоғамдық өмірін  ұйымдастыру түрлерінің  қозғалысына тарихи  сай  барысы.  Техника  мен  технологияда, экономика  мен  қоғамның  әлеуметтік  құрылымдағы прогресті өзгерістер  саяси  жүйенің белгілі бір  жағдайда өзгеруіне  әсер  етеді. «Саяси өмір» ұғымының  бұл анықтамасы  жеке  адамнан жоғары тұрған өкіметтік  құрылымдар  тұрғысынан оның  мазмұнын да  ашып  береді. Адамдардың  жеке  топтарының көзқарасы   тұрғысынан  қарағанда  саяси  өмір  олардың  саяси  жүйе  жасауға,  оны пайдалануға, өзгертуге  және  басқаруға қатысы  яғни өкімет  билігі деген сөз. Саяси  өмірдің  мазмұны өкімет  құрылымдарын құру  мен  өркендету, шешім қабылдап,  оны орындау  және құрылымдардың  қызметін бақылау сияқты  саяси жұмыстармен шектеледі.  Ол  адамдардың  саясатқа араласу,  бірінің  жұмыс  істеу мен  күрес, талас, дағдарыс,  революция, реформа, соғыс, келісім  сияқты саяси   қызметтің  сан алуан түрлерін  қамтиды. Саяси  өмір ағымын  нақтылы қоғамда  тарихи  қалыптасқан  әлеуметтік  күштердің  өзара іс-әрекетеріне   ортақ  әлеуметтік-саяси  жағдайға  байланысты, бірақ оған  едәуір  ықпал  ететін адамдардың саяси  мәдениеті – С а я с и   м ә д е н и е т  адамдар қоғамының саяси  өміріне  қатысу, олардың  нақты  саяси  ахуал жағдайында өзін-өзі көрсетуінің тәсілі  деген  сөз.  Жан-жалдарды /конфликт/ реттеудің барысы мен жолдары, саяси  күрестің нәтижесі – төңкерістер сипаты мен  реформалардың  уақытылы   өткізілуі  де  соған  байланысты.

Адамның  өзін-өзі көрсете  білуінің түпкі  қорытындысы – оның  тұтыну  қажеттілігі. М ә д е н и е т  адамның  бір  нәрсе  істесем  деген талабы  мен  әдеті, біздің жағдайда саяси  өмірге, қалыптасқан  әдет пе  деген  қызығушылық  өріс  алады.  Бұл  әдетті  бойына  сіңірген  адам өзі қалап  істеген істі саналы  орындауға  машықтанады. Бір істі  жақсы атқарған  адамның  бойында  қанағаттанғандық  сезім  пайда  болады. Адамның  өзін -өзі көрсетуі де  осы  жерде  бітеді. Дегенмен  бұл  нәтижелерді  адамның  беделін,  біліктілігін,  ықпалын көтеретін  саяси  институттары жақсы бағаламайынша   жақсы  деуге болмайтынын ескеру  керек.

Саяси өмір құбылыстарын  теориялық   және эмпериялық  талдау  бірлігі принциптеріне  сүйене отырып,  неғұрлым  нақты  ұғымдармен көрсеткіштерді саясатанудың жоғарыда  айтылған  жалпы ұғымдарына айналдыру керек. Саяси  өмір  көрсеткіштері бәрін  қамтымайды,  тек  сол саяси  ұғымдағы қажетті  сипаттамаларды ғана қамтиды. Ұғымдарды көрсеткішке  толық  көтеру мүмкін емес, оның керегі де жоқ. Өйткені  ұғымдарды көрсеткіштерге /показатели/ айналдырғанда оның  эмпериялық «жазғышына» айналады, ал  адамдардың  нақты  қызмет атқару  әдісі ұғымға айналады. Саяси өмірдің не  екенін біз  оның  ұғымынан  білеміз, ал оған  басқа әлеуметтік  топтардың  қайсібірінің қатысытынын  көрсеткіштердің көмегімен  анықтаймыз. Көрсеткіштер  фактінің өзін  ғана  көрсетіп  қоймайды, сонымен  бірге адамдардың саяси өмірге қаншалықты  қатысты екенін  сипаттайды. Осының  нәтижесінде тиісті  әдістердің  көмегімен  олардың сол  жағынан  қатыстығы  анықталады. Саяси  өмірдің барлық  көрсеткіштері  үш топқа  бөлінеді: 1- саяси өмірге қатысу  түрлері; 2-қатысу факторлары; 3-қатысу жолы /саяси мәдениет/

Қатысу  түрлеріне  мыналар  жатады: ұйымдар  мен  органдарда қызмет атқару; органдар  мен лауазымды қызметкерлерді сайлау; қарарларды дайындау, талқылау, қабылдау; түрлі органдар мен қатынас жасау жиналыстарда, мәжілістерде  сөз сөйлеу,  саяси өмір мәселелерін талқылау, бұқаралық – саяси шаралар: митингілер, демонстрациялар тағы  басқалар.

Қатысудың  сипатын және дәрежесін анықтайтын факторлар: еңбектің  сипаты: әкімшілік  мәдениеті: саяси  білімі, икемділігі, бұқаралық  ақпарат құралдары: саяси іске қатысу  тәжірибесі.

Саяси  іске  қатысудың  жолдары  мынадай  көрсеткіштер  тобымен сипатталады:

1 топ. Мотивацилық - дәйектілік – саяси  өмірге қатысуға құштарлық:  Саяси оқиғаларға білім мен іс-әрекетке құштарлық.

2 топ. Танымдық /познавательный/ - негізгі саяси біліктерді  игеру, ағымдық саяси  жағдайдың  ерекшеліктері  мен  оның  өзгеруңнің  қалыпын түсіну.

3 топ. Мінез-құлықтық /поведенческий/ - саяси  өмірге араластығы, саяси қызметтердің тәсілін игеру.

4 топ. Бағалау /оценочный/ - саяси институттарға  қатысты, саяси  өмірге өз жеке  басының  қатысуынан алған  ләзаты.

Жоғарыда  көрсетілген  тізім  мейлінше  жалпылама көрсеткіштерді қамтиды. Олардың  әрқайсысын  саналуан  жеке  көрсеткіштерге /Индика- торға/ бөлуге болады. Осы индикаторлар  арқылы  түрлі  эмпириялық әдістердің  көмегімен  ақпарат  жинау жүзеге  асырылады. Жиналған  мәліметтерді  сан  жағынан  талдау және  теориялық интерпретациялау  белгілі  бір елдердің  халқының  тарихи  дамуының  жеке  кезеңдеріндегі  саяси  өмірінің  көрінісін  шығаруға  және  осы  арқылы іс жүзінде қорытынды  жасауға  көмектеседі.  

 

3 – тақырып.  Қазіргі қоғамдағы саяси өкімет билігі

 

Қазіргі  қоғамда  өкімет  билігі – қоғамдық өмір  дамуының бары- сында қоғамның  бірлігін, біртұтастығын, халықтық және ұлттық рухын  сақтауға  маңызды факторлардың  бірі болып отыр. Өкіметтік  қатынас- тардың жалпы  адамдарға  тең қасиеттері, олардың  құрылымы бұзылған құбылыстардың қиратқыш  күштеріне  қарсы тұратын  қабілеті барған  сайын жетіле  түсуде.

Қазіргі саясаттану саласындағы  ғылыми  еңбектерде  өкімет  туралы түрлі-түрлі  пікірлер айтылып  жүр. Олардың  мына бағыттарды мынадай  топтарға  бөлуге  болады.

Өкімет  басқаның мінез-құлқын өзгерту мүмкіндігіне  негізделген  мінез-құлықтың  ерекше түрі. Бұл – саяси ғылымда  метедологиялық  бағдарлама беретін  ихевлористік  бағыт. Оның мақсаты саяси  өмірдің барлық фономендерін, адам  бойында байқалып  жүрген  мінез-құлықтарды талдайды.

- Өкімет белгілі бір  мақсатқа жету, бір  нәтижеге ие  болу. Бұл жерде өкіметтің мақсатты қызметіне баса  назар  аударылады. Әлеуметтік  мақсат жолындағы күрес  бар  жерде, яғни  бірін-бірі түсінгіш  жағдайда  өкімет  белгісі / элементі / көрініс береді. Ғылымдағы бұл бағыт  /телеологического / телеологиялық бағыт деп  аталады.

- Өкімет адамдарды  өзіне  бағындыру  үшін белгілі бір құралдар, атап айтқанда  күштеу  тәсілін  қолданады. Мұнан  шықты, өкімет  белгілі бір аспаптардың  жиынтығы  болып  көрінеді. Яғни  іс  жүзінде  өкімет билігін жүзеге асырудың  мәніне  емес,  тәртіпке  назар  аударады. Өйткені  өкімет дегеннің  мәні  тәртіп  сақтау  ғой. Мұнан шығатыны, өкімет  билік  жүргізудің  аспабы.

- Өкімет – билік  айтудың өзгермес құрылымын игерген өзіндік  мағынасы  бар. Бұл  жерде саясат - өкімет  билігінің белгілі принципі. Бұл бағыт  сәйкес таптар пайда  болғаннан көп  бұрын  үстемдік құру  мен бағынудың  саяси  қатынастары шыққан. Оның тілдік сипаты болған және меншіктік қатынастарға негізделген.

- Өкімет  иерархияда көрініс беретін  басқарушы  мен  басқарылушы арасындағы  жүк  пен міндеттердің  ара салмағымен құқ  және жауапкершілік  құрылымында көрініс беретін  қатынастардың  ерекше түрі. Бұл - Өкімет   пен  басқарудың,  саяси  және басқару   қатынастарының  байланысын  бейнелейтін түрі. Бұл  жерде  өкіметті  түсіну  қатынастардың  Әлеуметтік- Экономикалық  жүйесіне  кірмейді, Өкіметтің  субъектісі мен  объектісінің технологиялық жақтарына  тоқталады.

- Өкімет  жанжалды  жағдайда игіліктерді бөлуді  реттеу жөнінде шешімдер  қабылдаудың мүмкіндігі. Бұл  өкіметті конфликт түрінде анықтау. Мұнда өкімет  жанжалды шешу  қызметін  атқарады,  егер  әлеуметтік  субъектілер арасында  тұтынуды қанағаттандыру  құралдарын  бөлуде  келіспеушілік  туса,  өкімет  оны  реттейді.

Өкімет  бұл  анықтамаларынан осы феноменнің маңызды  жақтары бөлініп  шығады?  оның иммунитеттік  қасиеттерін  айқындаудан гөрі өкімет билігін  жүзеге асыруға  назар  аударып, өкімет  билігін  әлеуметтік топтың ықпал  жасаудың  ұйымдық  түрлерін пайдалану  арқылы үстемдік  құруын көрсететін  қоғамдық  қатынас, саяси өкімет  билігі құқпен байланысты күрделі  қоғамдарда  да үстемдік пен бағыныштылық  қатынастарын көрсетеді, ортақ  мақсатқа жетудің механизмі  болып  саналады. Өкімет  қатынастарының мәні ортақ  мақсатқа  жету  үшін  топтасып іс-әрекет жасауды ұйымдастырғанда мемлекетті  пайдалану  деген сөз.

Қандай  да   болмасын  өкіметтің  құрылымы  төмендегідей  негізгі элементтерді қамтиды: өкімет  субъектісінің еркіне  бағынуға өкіметтік бұйрық;  жеке  адамның  жалпыға  ортақ   өкіметтің  еркіне  бағынуы, билікке бағынбағаны үшін  жазалау,  мінез- құлық  нормаларын  белгілеу жалпыға  ортақ  мүддеге  сәйкес  ережелер  жасау.

Ойдағыдай  дамыған  өркениетті қоғамдағы  өкімет – легитимді өкімет. Өкімет-шын мәнінде  бұл  өкімет  пен  қоғам, дәлірек  айтқанда  мемлекеттік ресми  өкімет   пен  оны  қолдайтын  әлеуметтік  мүдделердің арасындағы  қатынастардың  сипаттамасы  деп  саналады. Легитимділік – саяси тәртіптің  маңызды саласы,  ол  мемлекеттік басқарудың  демократиялық  түрлеріне саяси  тәртіптің  пәрменділігін  арттырудың  айтарлықтай факторы  рөлін атқарады.

Саяси  өкімет пен  мемлекеттік  өкіметті  ажырата  білу  керек.     Саяси өкімет  адамдардың бір тобының  басқа  топқа  қарағанда  еркінің  ұйымдасқандығы.  Ол  ортақ  мақсат  мүддесіне  орай  бағындырады. Мемлекеттік  өкімет  билігі - өкіметтің  ерекше  түрі. Бұл - әдісті  ұйымдастырылған, арнаулы  өкілділігі  мен ықпал  жасайтын  құралдары   бар  өкімет. Ең  алдымен,  мемлекеттік  өкімет  мемлекеттік  суверенитеті  бар арнаулы  аппараттың көмегімен  жүзеге асырылады. Оның  жалпыға  бірдей  күші  бар. Оның  үстіне мемлекеттік өкіметтің өзіндік  бұйрықтарын  немесе    қоғамдық  тәртіпті  сақтамаған  жағдайда күштеу  шараларын  қолдануға  баруға  да  мүмкіндігі  бар. Мемлекеттік  өкімет  құқ   қолдану  және құқ қорғау  органы  болып саналады. Бұл – құқ азаматтықтық тең өлшемі,  жүйелі аяқталуы.

Қоғамда саяси өкіметтің  қызметі  нақтылы – тарихи жағынан анықталады. Өкімет  әр  мезгіл  халықты  сыртқы  жаудан  қорғаумен  айналысты. Ол жанжалдарды  басу қызметін  атқарып  келді,  сот  жүргізіп, құқтық тәртіпті сақтады. Қазіргі  қоғамда  өкіметтің  қызметі  кеңейе  түсуде. Оған  қосылғандардың  ең  елеулісі өкімет  пен  экономиканың  өкімет  пен  қоғамды  мүшелері - әлеуметтік  өмірінің  өзара қарым-қатынастары. Өндірісті қоғамдастыру мемлекеттің қоғамның  экономикалық өміріндегі рөлі мен үйлестіру қызметінің  маңызын арттырады.  Бүгінгі  мемлекет өзіне  тән экономикалық әдістермен, әкімшілік  хұқтық  ықпал  жасау  әдістерімен экономикаға араласады, жалпы  тепе-теңдік пен дамудың  болашағын  анықтайды. Мемлекет  әсіресе  ұлттық  табысты бөлуге  күшті  ықпал жасайды. Жеке адамның  бүтіндей әлеуметтік  сапасын  қалыптастыру  жеке адамның ісі бола алмайтындай  жағдайға өкіметтің қызметінің  маңызы арта түседі. Бұл қазіргі  өндіргіш  күштермен анықталуда. Білім  беру, жалпы  және арнаулы социализациялау, денсаулық сақтау, дамалыс  және балаларды  тәрбиелеу мәселелері қазіргі мемлекеттің мақсаты,қызметі  болуда. Мемлекеттің экологиялық  қызметінің маңызы да оңай емес. Бұл  жерде саяси  өкімет  жүргізетін үстемдік үкімінсіз табиғатты қорғау  мәселелерін шешу мүмкін  емес.

 

4 - тақырып.  Мүдделер / Интересы / және Саяси Өкімет билігі

 

Саясат  пен  оның туындысы саяси  өкіметті оқығанда ең алдымен  қоғамдағы әлеуметтік  мүдделерді орын-орнына орналастыру  керек, яғни саяси топта  өз мүддесі үшін  ұйымдастырылған, мемлекеттік өкімет  үшін күрес  жүргізетін әлеуметтік құрылымдарды  бөліп  алу керек. С а я с а т – бұл әлеуметтік  мүдделердің олардың  қоғамдық процестегі ортақ  мүдделерін орындау  жөніндегі талап-тілектерінің  жинақталған  көрінісі. Саяси өкіметтің екі жағы – үстемдіктің Әлеуметтік мүдделерін қанағаттандыру, барлық  әлеуметтік топтардың ортақ  мүдделерін  қанағаттандыру, саяси  процесте қарама-қарсы көрсетіліп плюраларлы парламенттік демократия механизмінде қабыстырылады.

Қоғамдағы  саяси  өкімет белгілі бір  әлеуметтік  топтардың материялық- өндірістік  жұмыстағы қоғамдық  шарттардың  билік  құруы, яғни меншіктің  түрін анықтайтын әлеуметтік  билігінің  көрінісі, саяси өкімет  мүдделердің негізгі топтарының арасында саяси үстемдік үшін күрестің нәтижесі. Сонымен бірге базистік  экономикалық мүдделердің тобы сайып  келгенде саяси процеске  әсер  етеді.  Саясатта күштердің, артықшылықтар  мен  позициялардың  анағұрлым күрделі  орналасуы  кездеседі. Экономикада тиісті  салмағы  бар  адамдардың  топтары саяси өкіметтің  әлеуметтік негізін құрайды. Қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымын  зерттеу саясат пен өкіметтің өзіндік қажетін  зерттеуге қажет- әрқалай саяси институт  әлеуметтік мүдделердің көрінісі  ғана, олардың саяси  жиынтығының түрлі ұйымында болады. Мемлекеттік  өкіметтің өзіндік  мәні оның  жетекші жақтарының  бірі болып  әлеуметтік үстем  таптың  мүдделерінің жиынтығы  саналады. Мұнан  басқа мемлекеттік  өкімет ұлтты өзіндік субъектісі санайды әдеттегідей мемлекетте  әлеуметтік топтардың  мүдделері  жиынтықты  көрініске ие  болады.

Әлеуметтік  үстемді үстемдіктің  экономикалық  саяси  және  идеологиялық түрлерінде  көрініс  береді. Экономикалық  үстемдік өндіріс құралдарына, еңбек процесінің өзіне және еңбектің  нәтижесінде өндірілген  өнімді бөлісуге бақылау ретінде көрінеді. Саяси үстемдік    жүргізіп  отырған  экономикалық мүдделер  үшін  мемлекеттік  өкіметтің пайдалануына бақылау жасайды. Идеологиялық  үстемдік экономикалық  және саяси  тәртіптердің әділдігін  көрсететін көзқарастардың монополиясы. Идеологиялық  үстемдіктің түбірі  білім  дәрежесі, бос  уақыттың  бар  жоғын анықтайтын шарттардың  жиынтығында, идеяларды таратудың материалдық құралдарына бақылау  жасауда  жатыр. Өзінің  құрылымында әр  мезгіл  топтар ішіндегі түрлі  мүдделер қарама-қайшылықтары болғанда үстем тап  біртұтас бола алмайды. Мәселен буржуазиялық қоғам  жағдайында саяси билік жолындағы  күресте  әскери  және азаматтық  өндірістегі  ірі  меншік  монополиялық  және  монополиялық  емес  өндірісте  бәсекеге  түсуі  мүмкін. Соңғы  онжылдықтарда менеджерлермен   жекеменшік  иелерінің арасында келіспеушілік бой көрсетеді.

Үстем  тап  жалпы  мемлекеттік шешім шығаратын және  үстем  таптар атынан билік  жүргізу  мүддесін  ойлап, шешім  қабылдайтын  басқарылатын   э л и т а н ы ң  көмегімен саяси қызметін  жүзеге асырады. Үстем  таптың  және  билеуші  элитаның  қатынасы  біртекті  емес. Ғылыми  еңбектерде  көрсетілгендей үстем тап пен билеп төстеуші  элитаның  арасында өзара байланыстың  үш  негізгі  түрі бар: 1 – саяси  процестің мүдделерінің  әлеуметтік тұрғыдан  орналасуына, үстем  тап  мүддесіне  тәуелділігі;  2 –билеп – төстеуші элитаның  үстем мүдделерінің  позициясын мақтауға ұмтылады;  3 – билеп-төстеуші элитаның үстем  мүдделері мен іс жүзінде ісінің  арасындағы  келісімдердің  тактикалық  есеппен  және  ұлттық ортақ  мүдденің өсуі нәтижесінде  бұзылуы. Билеп-төстеуші элитаның  белгілі  бір  саяси  мектептер  белгіленген  бірнеше концепциясы бар. Оның  ішінде  макиавеллистік  концепция,  элиталардан құндылық  теориясы «элиталардың демократиялық үстемдігі» концепциясы,  элиталардың іргелі теориясы т.б. мемлекеттік  шешімдер қабылдау барысында ерекше қызмет  атқаратын саяси, бюрократиялық, экономикалық, әскери,  идеологиялық  элиталар болып бөлінеді. Билеп  төстеуші элита бірқатар механизмдер көмегімен қалыптастырылады. Бұл механизмдер: делегаттар жұмсау, қызметке  тағайындау, тамыр-таныстықтар  тағы тағылар. Әдеттегідей, билеп-төстеуші элита- өзіндік   мәртебелі, психологиясы және мінез-құлқы  бар мәнді  адамдардың  табанды тобы. Сонымен бірге  элитаның көп  жасайтыны оның  ашықтығының, яғни  өз  қатарына тек  үстем  таптан ғана емес,  тіпті халықтың  төменгі топтарынан  да мемлекеттік шешім  қабыладауға қатысуға  тиісті  дайындығы  барларды тарта  білуінен. Үстем таппен салыстырғанда  билеп-төстеуші элита анағұрлым тұрақты, икемді реформа жасауға  біртабан жақын  тұрады.

Қоғамда мүдделерді бөлу  саясат  пен  құрылымдарда  саяси  плюрализм түрінде яғни  мүдделердің саналуан саяси түрлері мен олардың мемлекеттік  өкімет органдарына  өкілдік  алу  үшін  ашық  күресі түрінде  көрініс  береді. Саяси  плюрализм  проблемаларын  құқты  мемлекет орнатуды, әртүрлі  әлеуметтік-саяси  күштер  оларды ұйымдарын құруды қамтамасыз ететін қоғамдық  қатынастарды мемлекеттендіруді  жоятын, қоғамдағы  әлеуметтік топтардың  саналуан мүдделерін   ашып, енші алатын дайын  механизмі болған  жағдайда  шешімін  табады.

Саяси  плюрализм  тақырыбы  азаматтық  қоғам мен мемлекеттің  ара қатынастары  туралы тақырыпта   сәйкестендірілген. Құқықты  мемлекет пен  плюралистік  азаматтық қоғам арасындағы  байланыстырушы буын қоғамның барлық  мүшелерінің бірлескен  ұмтылысы  болып отырған  ортақ  мүдде мен бүтіндей  ұлттық ортақ  тұрмыс жағдайын  жақсартуға деген  ұмтылысы  болып  табылады. Демократияның құқықтық тәртібі  жағдайында мемлекеттің  өкіметтік өкілділігін  шегеру  тек қоғам мүшелерінің  ортақ  құндылықтарға  байланысты  бірауызды келісімі  болған  жағдайда  ғана мүмкін  болады. Сондықтан саяси  күштердің плюралистік  демократия  тұсында  жалпыға  бірдей  және тең сайлаулар  арқылы өкімет  билігі  үшін  күресі халықтың  белгілі бір  саяси  күштің  талабының  дұрыстығына, ортақ  мүдделерді  қорғайтынына  көзін  жеткізуді  талап  етеді. Бұл  азаматтық  қоғам  мен мемлекет  арасындағы  қатынастардың  мемлекеттің адамның  жеке басына  бостандық беретін  жағдай туғызуы  болып табылатын  түбі  тереңде  жатқан  негіздерін  ешқандай  бұзбауға  тиіс. Азаматтық  қоғамға  өмір  сүрудің  демократиялық  түрі  тән. Ол неғұрлым  дамыған  болса мемлекет  соғұрлым демократияландырылған  деп  есептелінеді. Азамматтық  қоғам  адамдардың  материалдық – экономикалық  көзі  бола  отырып, мемлекет пен арадағы  қатынаста топтар мен  жеке  адамдардың  мүдделері мен хұқтарын білдіріп, қорғау  үшін  ерікті  ассоциациялардың  бостандығы  азаматтық  қоғамның  дамығанының белгісі  болып  табылады. Мемлекет бүкіл қоғамның  саяси ұйымы  ретінде  сол өз  еркімен  құрылған ассоциацияларға  негізделеді, олардың  келісімдерінің механизмі  және қоғамдық өзін-өзі басқаруды  ескереді, ол  үшін  қажетті  жағдай  жасайды,  егер басқа  ассоциациялар мен  жеке  адамның  бостандығы  мен  құқына  тиіспесе оның ісіне  қол  сұқпайды. Бүтіндей  мемлекеттік  өкімет  билігі азаматтық  қоғамдағы  дамыған плюрализм  жағдайында мүдделердің  топтастырушы, қоғамның  ортақ мүдделерінің  көрінісі болып  табылады.

5 - тақырып. Қазіргі заманғы  мемлекет және саяси  тәртіптер

 

«Мемелекет» деген  ұғым бір – біріне ұқсас  екі  түсінік  береді:

Тар мағыналы  түсінікке  жүгінсек,  ол  басқарудың  арнаулы аппараты, кең мағынада  алсақ,  ол – қоғамға  парапар, белгілі бір  шектердің /құқықтың/ көмегімен  көпшілік  алдында өкіметтік  қатынастарды  реттеп  жүзеге  асыратын  саяси ұйым. Ол  көлемі  жағынан  қоғамға  тепе-тең түсетін  белгілі бір территория  шеңберінде  қызмет  етеді,  өз  жерінде де,  онан  тыс  жерлерде  қоғамның  атынан  әрекет  жасайды. Мемлекет  экономикалық  базистің  қондырғысы,   оның  дамуына, өмірдің жеке  алғандағы  және  бүтіндей  қоғам  көлемінде  негізгі  салаларына  ықпал  ете  отырып?  экономикалық  базиспен  өзара  әрекет  үстінде  болады.

Мемлекет  қызметінің  негізгі  бағыттары  жалпылай  алғанда  ішкі  және сыртқы  істер  болып, екі  түрге бөлінеді.  Олардың  біріншісі  қоғамдық  тәртіпті  сақтау,  мәдениет – тәрбие  жұмыстары,  шаруашылық ұйымдастыру  жұмысы /экономикалық – шаруашылық мемлекеттік  кәсіпорындар,  экономика саласында  реттеу мен  басқару істері/ көрсетілген  бағыттарда  мемлекеттік  құрылымдардың  жұмыс  атқаруына қатысты  құқтар  шығару жатады.  Түрлі- түрлі  жұмыстарды  жүзеге  асыру  мақсатында қажетіне  қарай мемлекеттің  қолында  бар  ең  ақыры күштеп  орындатуға  дейін баратын   барлық  шаралар  қолданылады.

Көрінер  көзге  көрініп  тұрған қауіпті  мол шектен  шығушылық атап айтқанда, мемлекеттік өкімет  орнының реттеуші басшы орын  ретінде мейлінше  көп араласатынын  атап  көрсету  керек.  Бұл «этатизм» деген  атау  сөзді білдіретін  қоғамдық  өмірді  мемлекет билеп  төстеп  алуына әкеп соғады. Бұл  «қоғам-мемлекет» түсінігінің  арасалмағында  соңғысының ықпалы басым  болған  жағдайда болуы  мүмкін. Ал  шын   мәнінде  бұл  керісінше, мемлекеттен  қоғам жоғары  тұруы  керек. Қоғамның  мемлекетке  тәуелді болуы  бостандық, зорлық-зомбылық,  сенімсіздік, үрей  тудырады. Мемлекет  өзіне  тән емес  сипатқа   еніп  алып,  билеп-төстеушілік  рөлінде  көрініс  беріп,   азамматтық  қоғамның  құрылымдарын  күйретеді,  адамдардың  мүдделерін қорғауды  аяққа  басады, олардың  табиғи  құқтарын және азаматтығын  бұзып,  оған  қол  сұғады. Мемлекеттік  басқарудың эстетикалық  сипаты  тіпті  прицип  бойынша маңызды  мәселелерді  былай қойғанның  өзінде болмашы, екінші  кезектегі  мәселенің  орталықтың қолына  жинап  беру  деген  сөз. Және  де  былай  басқару – бәрінен бұрын  бақылаудың  түрі. Оның  көмегімен орталық қоғамдық өмірдің,  қоғамдық  қимыл-әрекеттің барлық  көрінісін  көзден таса  етпейді. Мұндай  жағдайда  мемлекеттік  шешімдердің -  даналығын  шенеуліктердің  зорлық-зомбылығын көрініс  табатыны  табиғи  жағдай. Өйткені  қоғамдағы  жағдайды  түгел  қамту,  қалыптасқан  жағдайды  қажетті икемділік  мүмкіншілігіне  қарай болуы керек. Тек  мемлекеттің  оң  рөл  атқарып,  түбегейлі  сипат  көрсеткіштеріне  ие  болуына  тек қана  қоғамдық  ынта мен  мақсат-мұра қызмет  ететінін айтуға  болады.  Былайша  айтқанда, мемлекет  пен қоғамның  өзара  байланыста  парасатты  әрекет  жасауына мемлекеттік  құрылымдар қызметінің  демократиялық түрлері, саяси  өкімет билігін  жүргізудің демократиялық  жолдары ғана  қамтамасыз  етеді.

Тағы да  мынаны  ескеру  керек.  Этатизациясыздандыру  процесін  мемлекеттің  қызметін,  оның  қоғам  өмірін  бірқалыпты реттеп  отыратын рөлін  кемсітетін  анархияға  ұқсас  деп  түсінуге  болмайды. Мемлекетсіз  қоғам  болуы  мүмкін  емес – бұл  түсінікті  және  оны дәлелдеп  жатудың  қажеті жоқ. Қоғамдық  өмірді  демократиялық   гуманистік  тұрғыдан  ұйымдастыру  мемлекеттік  өкімет  билігін демократиялық, гуманистік  жолмен  жүргізуден  яғни  либералды- демократиялық  саяси  тәртіппен жүргізуден  басталады  деп  түсіну  керек. Бұған  қосымша орталықтандыру идеясының  өзіне күмәндануға  болмайды:  Мұндай орталықтанудың  ол демократиялық  нышандары жоққа  шығатын  болса,  оның  гипертрафикалық  түрі  жарамсыз  деп есептеледі. Осыған сәйкес мемлекеттің қоғам  өмірінің  түрлі  жақтарына  басып  кіруі /араласуы, вторжения/ мақсатты,  айқын  болуы керек. Мәселен, мемлекеттік  құқтық  жағынан реттеу  болса  еңбек  қатынастарын кең  көлемді, әділетті түрде  ұйымдастыру мүмкін  емес. Немесе отбасылық  қарым-қатынасты  алайық. Бірақ  бұл  жағдайда  саясаттандыруға  болмайды. Адам  өмірінің  бұл  жағына мемлекеттік  орындардың  шектен  тыс  араласуы  сыйымсыз.

Мемлекеттік  қызметтің   сыртқы  саяси  бағыттарына: қорғаныс, әскери құрылыс /қазіргі заманғы  кейбір конституциялық,  мемлекеттерде  бұл  қызметтерді  жүзеге  асырудың шектері  белгіленеді/ басқа  елдермен  көршілес  жатқан,  сондай-ақ басқа да барлық  мемлекеттермен бейбітшілік  пен  тату  көршілікті  сақтау мақсатында саяси  экономикалық, ғылыми- техникалық гуманитарлық  тағы  басқа  салалардағы  қарым-қатынастар  жатады.

Қазіргі  заманғы  мемлекеттің  халықаралық қызметіндегі  маңызды  бағыттарының  бірі деп  оның әр  елдің  және барлық  планетадағы, барлық халықтардың  маңызды мүдделеріне  қатысты көлемді  проблемаларды шешуге  қатысатынын атап  көрсету  керек. Мемлекет  өзінің  ішкі  және сыртқы  қызметтерін атқаруы  үшін  өкіметті мекемелердегі,  көмекші  бөліп  тұру  құрылымдары,  бақылау,  сот,  мемлекеттік  қауіпсіздік, қоғамдық  тәртіпті  қорғау орындарын  қамтитын  тиісті  механизімін  құрады.

Жоғарғы мемлекеттік  өкімет  билігін  ұйымдастыру, оны  құру,  өкімет  орындарының  арақатынастарының шектері  тұрғысынан алып  қарағанда  мемлекет манархиялық  және  республикалық  болып  бөлінеді.

Қазіргі  заманғы  мемлекеттің  сипатына тағы  мынадай  мәселені  қосу  керек: Оның  құрамына -әкімшілік-терреториялық бірлестігін ұйымдастыру  жолы,  құрамды  бөліктерінің  өзара әрекеттерінің  ерекшеліктері,  олардың  әрқайсысының  орталық өкімет  орнымен байланысты  тұрғысынан мемлекеттік  құрылыс унитарлы  немесе федералды  болуы  мүмкін.

Ең ақыры,  мемлекеттің  ең  елеулі  дерлік  сипаты,   мемлекеттің  мәні деп  саналатын  саяси  тәртіп.  Бұл   саяси  өкімет  билігін  жүзеге  асырудың  құралдары  мен  әдістерінің  жиынтығы,  басқаша  айтқанда,  өкімет  билігін  жүргізудің  жолы  болып  табылады.   Осы  айтылғаннан  шығатыны,  саяси  тәртіп  авторитаризм – бір  адамның  бір  органның  билігі,  тоталитаризм – бәрін  түсінетін,  бәрі  бағынатын,  бәрін  бағындыратын, либерализм – халық  бұқарасын  саяси  басшылыққа   қатыстыру  болып  бөлінеді. Бұл  былайша  айтқанда, теория  жүзінде  жіктеу,  ал  іс  жүзінде  саяси  тәртіпті « таза » күйінде  кездестіре  алмаймыз. Мемлекеттік  өкімет  билігін  жүргізудің  екі жолы  бар:  авторитарлық – тотаритарлық  және  либералдық – халықтық  тәртіп. Әрине, билеудің  осы  екі түрінің шеңберінде ерекшеліктері болуы  мүмкін  және олар барлық  жерде  көрінеді. Олар туралы  арнайы сөз етуге  болады. Алайда бұл  жердегі біздің  міндетіміз өкімет  билігін  жүзеге  асырудың әр түрлі  жолдарын  сипаттау. Бұл  саяси тәртіптің  қайсысының қандай  екенін дәл  анықтауға мүмкіндік  береді.  Сонымен, мемлекеттік  өкімет билігін  жүргізудің  тоталитарлық  жүйесі  жоғарыда  айтылғандай,  бұл  жүйенің  басты  сипаттамасы мемлекеттік  құрылымдардың  күшке  сүйенетінінде,  мемлекеттің қоғамдағы азаматтық  құққа  түгелдей  енуінде,  өмірдің  саяси  және  саяси  емес жақтарының  бірдей  араласуында, олардың  арасында  шек  болмайды. Бұл тұста  мемлекеттендіру,  мемлекеттік  қысым  мықты  да  қатаң  орталық өкімет  арқылы жүзеге  асырылады.  Ол өкіметті  авторитаризм   деп  атайды. Сондықтан  мұндай  саяси  тәртіпті  сипаттай  отырып азаматтық  тұрмыстық көріністерінің?  барлық  көріністерінің  мемлекетке  бағындыратын  авторитарлық – тотаритарлық  әдістері  мен  құралдары  туралы  айтуға  тура  келеді. Қоғамдағы  саяси  мәселелерден  бастап  отбасылық  тұрмыстық  жағдайға  дейін барлық  құбылыстарды,  іс-әрекетті  жинақтап  қол  қолға  ұстау бүкіл   әлеуметтік  құрылымдарды жоғарыдан  төменге дейін  саясаттандырады.  Тіпті  еңбек  ету  саясаты ең  тыныш  жағының өзі  координаттарының  саяси  жүйесіне  жатқызылып,  сол  тұрғыдан  бағаланады, яғни  қоғамдық қатынастардың  шаруашылық – экономикалық саласы  ашықтан  ашық  саяси  сипатқа  ие  болады. Осындай  жағдайда мемлекеттік  мәртебе  алып, қоғамда  билеп – төстеушілікке  ие  болған  идеология басқаша  ойлауға  жол  бермейді,  өмір  ағымын  бейнелейді «мемлекеттік» идеология ресми  құрылымдар қолданып  отырған  барлық әрекеттерді  жалпы  қоғамдық  қолдануын  талап  етеді,  жүргізіліп  отырған  саясатпен қызу  келісіп, ашық қолдауын  талап  етеді. Мұндай тәртіп басқаша  тәртіптің қалыптасуына  жол  бермейді,  басқа  өкімет  құрылымдарының тіпті бүтіндей  мемлекеттік  машинаның қалыптасуына  жол бермейді. Қалыптасқан  тәртіп, төрешілдік  шектеулер жаңа  күштің  енуіне жол  бермейді,  жаңадан  пайда  бола қалғанда бос орын алса? оны  өз ортасынан толтыруға  немесе  әлеуметтік  резервтермен  толықтырады.

Авторитарлық тотаритарлық  тәртіп  белгілі  бір топтардың, әлеуметтік  күштердің диктатурасы түрінде  қабылдануы  мүмкін. Оның  түрлері – хұнта, әскери  диктатура.  Сондай-ақ жеке  адамға  табынушылық түрінде  де қабылданады. Бұл  тәртіп  үшін  ортақ  жай  азаматтар мен  ұйымдардың  саясатқа өздігінше  рұқсатсыз  қатысуына  тыйым  салынады. Өзі игіліктің  мақсатар мен   ұрандар  тастап, өзі  халыққа  қарсы, адамзатқа  қарсы  саясат жүргізу. Конститутция  мен  Заңның  бұрмалағанына да, азаматтардың  мүдделері мен  құқтарына қысым  жасағанына қарамау бұл  тәртіптің    зымиандығын  көрсететін елеулі  белгісі болып табылады. Қоғам  мен  мемлекет  арасындағы  қатынас  бұрмаланады, қоғам  бүтіндей  және  бөлінбей  мемлекетке  бағынып  қалады.

Либералды   демократиялық  тәртіп   мемлекеттік  өкімет  билігін ұйымдастыру  мен іске  жүзеге  асыру өзгеше  принциптерге негізделген.  Оның үстіне, егер  либералды саяси  тәртіптің  сипатындағы  басты  азаматтардың, қоғамның  тіпті  жеке  адамның  өмірін  айтпағанда, өмірдің жалпы  шешуші салаларындағы  бостандығы  болса,  демократиялық  тәртіптегі ең   елеулісі  халықты, азаматтардың  саяси өкімет  билігін жүзеге асыруға  қатысуы арқылы оларды  тікелей  саяси  өмірге  тарту. Мұндай  жағдайда  алдағы  тәртіпке  қарағанда  саяси  қатынастар,  мемлекеттік өкімет билігі,  мемлекеттік  саясатқа қоғамның  ықпалы  соңғы  тәртіп  тұсында  сапалы  жаңа дәрежеде екені туралы сөз  болып  отыр. Әрине, осыған  сәйкес  мемлекет  өз  жұмысында  тіпті  басқаша  құралдар  мен  әдістерді  пайдаланады.  Демократиялық  мемлекетке  тән  ашық  әрекет  пен  жариялық  өкімет  орындарын  жаңартуға   да  мемлекеттің   адам  мен қоғамның  мүдделеріне  сай  ішкі  және  сыртқы саясатын  жасауға  да  тіптен басқаша мүмкіндіктер  алады. Қорыта  келіп  мынаны  айту  керек. Құқтық  мемлекет  құру жолында  мемлекеттік  өкімет  билігін  демократияландыру  жалықпай іске асыру  қажет.

 

6 - тақырып.  Құқтық  мемлекеттің принциптері

 

Құқтық   мемлекет құрудың  проблемаларына, оның  мәні  мен  келешегіне назар  аудара  отырып, мына  жағдайларды ескеру керек.

Бірінші. «Құқтық мемлекет» деген  ұғымы көп  уақыт  бойы      ғылыми емес,  ал құқты мемлекеттің - өзі  ойдан  шығарылған жорамал  делініп    келді. Бүгінде  бұл ұғымға ғылыми  жағынан негізделген  ой  қосылуда.  Оны  іс жүзіне  асыру  дүниежүзілік өркениеттіліктің жеңісі,  көпшілік  өкіметтік  қатынастардың әділеттілік  принциптеріне негізделген, ал  саяси  жолды белгілегенде  адамның  өлшеміне  тарататын  сатысы  деп  қаралуда.

Екінші.Бұл  жерде  принциптер деп  құқты  мемлекеттің  өзіне  тән ерекшеліктерін,  оның  мемлекеттік-қоғамдық өмірдің  басқа / құқтық емес / түрлерінен өзгешілігі айтылып  отыр. Принциптер – бұл құқты  мемлекеттерді  қалыптастырып  құрудың нормалары  мен  оның  мәнін, ерекшеліктерін  сақтай  отырып  дамытудың  шарты. Негізгі  принциптердің жиынтығы  құқты  мемлекеттің  жалпы  көрінісін  бейнелейді: оған  тең  қасиеттерді  ашып  береді.

Одан  әрі  «құқты  мемлекет» деген  ұғымның өзін  пайдалану  жөнінде біраз  сөз. Кейде  біртұтас  ұғымды анықтау үшін мұндай сөз             тізбегін  пайдалану  мемлекет  құқсыз  өмір  сүрмейтіндігін,  бірінші сөз екіншісін қажеттіліктен  анықтап  тұрғандықтан  өзін -өзі ақтай алмайды  деген пікір  айтылады. Алайда тарихи  тәжірибе  көрсеткендей, мемлекет құқты  шығара, тіпті  болмағанда оның  болмашы  ғана бөлігін  қолданып қалған  жағдайда қоғамдық  қатынастарды реттеу  үшін  құққа қатысы  жоқ шараларға  сүйене  алады.  Бұл  заңдылық  жеке  құқ  тәртіп  жайлы  ұғымды  бұзады,  тіпті  бұрмалайды. Сондықтан  «құқты  мемлекет» ұғымын  пайдалануға әбден  болады   және  де  орынды:  ол заңның  және  ең алдымен  Конституцияның  тіпті рөлін,  құқ  тәртібінің  беріктігін  көрсетеді.

Тағы  да. Қатаңдау  айтқанда,  біз құқты мемлекет түсінігінің теориялық  негізгі  туралы  айтып  отырмыз, мемлекеттік   құрылымының   ғылымға  негізделген  тамаша  үлгісін  суреттеп  отырмыз.  Бір  жағынан, бітпеуге  тиіс,  тіпті  біте де  алмайды, екінші жағынан,  қазіргі  заманғы  дүниенің  саяси   ахуалына қарап ешкім  де мына жерде  құқты мемлекет  орнады  деп  сеніммен айта  алмайды. Ең дұрысы, құқты  мемлекеттің кейбір  принциптері,  жеке  бір   сипаттамалары, белгілері  белгілі  бір дәрежеде  бір  мемлекеттердің  нақты  жұмысынан  көрініп  қалады. Бұл  жағдайда  молынан  қамтып  көрсету  үшін  біраз  жеңілдетіп, мынадай сұрақ  қоюға болады: Қай  мемлекет  әділетті  гуманды және  демократияшыл? Бұл  сұраққа жауап беріп, дәлдікпен  әділдіктің  шегін  нақты  айқын көрсететін  адамның табылуы екі  талай. Сонымен  бірге  бұл – айтылған сөз  мемлекеттік құрылыстың  тарихи  тәжірибесі  түрлі  елдердің  нақты  тәжірибесінде  шын  мәнінде  іске  асып  отырғаны  туралы  фактіге  қарсы келмейді. Енді құқты мемлекеттің  принциптерін  тікелей  карап  көрейік. Басқалардың  ішінен ең  бірінші  заңның  бәрінен  жоғары  екеніне  тоқталайық.

Заң  кез  келген  өкіметтен  жоғары,  ол  бәрінің  үстінен  билік  жүргізеді. Тәжірибе  тілімен  айтқанда,  бұл  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандығына  кепілдікті  күшейту  мемлекеттік  орындардың,  саяси  партиялардың  және  қоғамдық  ұйымдардың  қызметін  қатаң  құқықтық негізге  көшіру  жолында  жүзеге  асырылатын  болады.  Осымен  байланысты:  басқа  заңдылық,  құқықтылық  актілермен  салыстырғанда  Заң  қоғамдық  өмірдің  саналуан  жақтарын  реттеп  отыратын  негізгі  құрал  болуда.  Барлық  істе  және  тұрақты  түрде  әділ  де  шынайы  заңдар  билейтін  болады.  Ол барлығы  бірдей  және  оның   мүлтіксіз,  сөзсіз  орындалуы  барлық  азаматтар,  олардың  бірлестіктері,  мемлекеттік  органдар,  лауазымды  адамдар  үшін  міндетті.

Кез  келген  актінің  заң  дәл  қабылдана  бермейтінін  айту  керек. Тек  жоғарғы,  заң  шығару  өкімет орны – парламент  қабылдаған  акті  ғана  Заң     деп есептеледі.  Заңның  үстемдігі - әр адамның  ойдағыдай  өмір  сүруі  үшін және  тиісінше,  бүкіл  қоғам  игілігі  үшін  қажетті  жағдай.  Заң  өкімет  билігінің  жігін   ажыратып  айқындайды.  Құқықтың  міндеті  бостандықты кеңейтіп  және  тереңдетіп  отыратын   өкіметті  нығайтуға   қызмет  ету.  Өкімет  міндеті- Заңдылықты  сақтау.

Қоғамдық  іс - әрекетті  мемлекеттік бір  ырғақтылықтың  негізі  ретінде  құқықтық  реттеу  Заң  арқылы  жүзеге  асырылады,  ал  орындаушы өкімет  орындарының нұсқаулары  мен  жарлықтары  Заңдық  акт  болып саналады.  Осының  өзінде  Конституция /мемлекеттің  негізгі   заңы/ стратегиялық   маңызы  бар  және  ұзақ  уақыт  пайдаланылатын  құжат ретінде  құқық  шығару  жұмысының  көзі  болып  табылады. Барлық  ағымдағы заңдар  Конституциядан  туындайды:  заңдар,  жарлықтар, қаулылар  ондағы  ережелерді  толықтыру  үшін  қабылданылады  және  негізгі  заңның  ісі  мен  әрекетіне  сай келеді.

Құқықты  мемлекеттің  өткенде  айтылғаны  мен  тікелей  байланысты  маңызды  принципі адам  құқығы  мен  бостандығына  кепілдікті  нығайту,  азаматтардың  теңдігін  іс  жүзінде  қамтамасыз  ету  болып  табылады. «Адам – мемлекет» деген  ұғымға  дұрыс  мағына  бере білу  маңызды  болып  саналады.  Бұл  тіркестегі  бірінші  элемент – адам  ұғымының  маңызы  басым. Бағыт   бағдар  таңдағанда атқарылатын  жұмыстың  түрін, өз жүріс-тұрысын  белгілегенде  адам  өз  басының  қамын  ең  жоғары   қояды. Бірақ бұл  «эгоистік» пиғылды  қоғам  пайдасына,  әр  адамның  және  бәрінің  игілігіне  жұмыс  істеу пиғылымен  ауыстыруға  болады  және  алмастыру  керек те.  Мемлекеттік  саясаттың  бағыт – бағдары  сенімді  түрде айқындайтын  сенімді  сұлба,   нақты  болмастан қол  үзген  принциптер  емес,  өмірдің  өзі,  өз  қолымен,  өз  ақылымен  материалдық  игіліктер мен  рухани  байлықтарды  жасап  жатқан  тірі  адамның  талап – тілегі ғана  болуы  керек.

Заңдылық  тәртібі,  құқықтың  адам  беделімен  айнымас  бірлікте  салтанат  құруы,  азаматтардың  саясаттағы  мүдделерінің  салтанат  құруы  құқықты  мемлекет  ұғымын  түсіндірудегі:  көрініп  тұрған,  қажетті  және басты  талап.  Егер  мемлекеттік  өкімет  билігіндегі  бір  артықшылықтарды   шартты  түрде  даусыз  деуге  болатын  болса,  онда  ол  тек  адам  мүддесі  болуы  мүмкін;  суреттеп  айтқанда  бұл  жеке  бас  артықшылығы.  Адам  мемлекеттің  саналы саясаттың  нақ  ортасында  жүреді. Заң  бодандығы,  қожалығы – түрлі  өз  білермендік  зобалаңның  болмауының  кепілі,  адамның, органның,  ұйымның алдында  тұрған  тосқауыл. Бір  адамның  басына  бас ию  орын   алмаған, бірақ  күнделікті  мемлекет  ісінде оның  артықшылығы  азаматтың   мейлінше  игілігін  арттыру  жолына    бағытталып  отырса -   бұл  жеке  адамға  табынудан  сақтанудың кепілі  болмақ.

Құқықтық  мемлекет  сөйтіп әр  азаматтың  мүддесін  қорғайды, ол  адам  мүддесін  қанда  да  болмасын  зорлық – зомбылықтан  сақтауға  тиіс.  Бас артықшылығы  мына  жобада  істегенде  ғана  тиімді  болмақ;  адамның,  қоғамның, мемлекеттің  мүддесі. Бұл  тұста  мұндай  артық  санаушылы әлеуметтік  мүдделердің  экономикада  қауіпсіздікке  дейінгі  барлық   түрін  қамтамасыз   етудің  алғашқы  негізін  көрсетеді. Бұл  негіз  ең  алдымен адам. 

Құқықты  мемлекеттің маңызды  ерекшеліктерінің  бірі деп  заң  шығару – бақылау  өкіметіне,  орындаушы – жарлықты  өкіметке,  сот  өкіметіне  бөлу  принциптері  екенін  атап  көрсету  керек.  Өкіметті  бір  адамның  шексіз   билеуі мүмкін  емес, дәл  айтқанда  бұлай болуға  тиісте  емес.  Бұл  проблемадан  өкіметтің көрсетілген  үлгімен  бөлінуіне  итермелейтін  екі  мәселені  көре  білу  керек.  Біріншісі – мейлі  ол  ұйым  болсын, орган   болсын,  лауазымды  адам  болсын,  бүкіл  өкімет  билігін бір  қолға  жинақтауға  болмайды.  Шексіз  өкімет  билігі,  оның бір  қолда  болуы  диктатураның  туу  қаупін  туғызады. Өкімет  билігі  түрлі  субъектілер /парламент,  президент - өкімет, сот/ арасында  бөлінген  кезде ұстам  мен  қарсы  тұрарлықтай механизм  пайда  болып, ол  бүтіндей  мемлекеттік өкіметтің  осы  бөлімдерін  тепе-тең реттеп  отырады.  Екінші – өкіметті  бөлу  деген  шын  мәнінде өкімет  билігін  жүзеге  асыру  саласында  еңбек  бөлісуі  деген  сөз.  Ал еңбек  бөлісуі  /заң шығару, орындау, сот/ ғана өкімет  билігін жүргізу  жөнінде  жұмыстың  сапалы  атқарылуын  қамтамасыз  етеді.   Билікті  бөлісу – шалағайлық  болдырмаудың, өкімет  билігін  жүргізетін адамдардың  кәсіпке мамандығын  және  жауапкерішілігін   қалыптастырудың  қажетті  шарты, яғни өкімет  билігін  бөлісу  адам қызметінің  осы бір  өзіндік  сыры  бар  салада  істейтін қызметкерлерді  мамандыру  деген  сөз.

Құқықты  мемлекеттің  принциптерінің  бөлімінен   тағы  бір қырын  бөліп  алу  қажет. Жөнге  салып  қарасақ  ол  принциптердің тізімі  содан  басталады. Ол – мемлекеттің  халық  егемендігінен туатын  егеменділік  принципі.  Мемлекет  халық  мүддесін  көздеп,  оны  қолында  бар  әдістермен  және  құралдармен  қорғауға  тиіс. Құқықты  мемлекеттің  егеменділік  принципін  ашып  көрсететін   ой  түйіні  мемлекеттен  жоғары тұратын  басқа  ешқандай  әлеуметтік  ұйым, ешқандай  күш /саяси  партия  қозғалысы  тағы  басқалары/ жоқ  және  болуы да  мүмкін  емес  деген фактіні кең  қамтып  түсіндіруде. Ішкі өмір  мен  халықаралық  саясаттағы  барлық  маңызды  мәселелерді  тек мемлекет  қана  өзінің  жоғарғы  органдары арқылы  шешіп  отырады. Құқықтық  мемлекеттің  егемендігі – оның дербестігі,  тәуелсіздігі, құқықтық заң  белгіленген  өз  билігі  шеңберіндегі өкілеттілігі.

Қорытынды да  заңдылық, демократия,  адамдардың  мүдделерін  бағдарлау  жолымен  өмір  сүретін   құқықтық  мемлекет авторитарлы – тоталитарлық тәртібіне  чиновниктардың   қоғам  мен  адам  өмірінің  қалай  өтіп  жатқаны тіміскіленіп  бақылауына  қарсы  қойылған  мықты қорған  екені туралы  тағы  да еске  алған  жөн.   

 

7 - тақырып.  Партия және партиялық  жүйелер

 

Саяси  партия -  саяси жүйенің  /системы/ өзіндік  мәні  бар элементі. Олардың ХІХ  ғасырдың  соңында  ХХ ғасырдың басында  көптеп  тууы  жалпыға  бірдей сайлау  өткізу  барысында  халық – белсенділігінің өсуімен  байланысты.  Партия  деген  сөз  халықтың  бір  нәрсенің  бөлігі  деген  ұғым  береді.  Саяси  ғылымда партия -  деген  өкімет  билігін ұйымдастыруға   және  мемлекеттік  істерді басқаруға  қатысу  үшін  белгілі  бір  саяси  бағдарлама  негізінде  құрылған  әлеуметтік  топтардың бірлестігі.  Сөйтіп  саяси  партия  кез  келген басқа қоғамдық  құрылымнан,  біріншіден,  ұйымдық  принциптерінен, екіншіден,  саяси  бағдарламасында  белгіленген идеологиялық  ұйымымен, үшіншіден,  өз  мақсаттарына өкімет  билігі    үшін  күрес  арқылы  жетуге ұмтылуымен  ерекшеленеді.  Бүтіндей  партия  әлеуметтік  мүдделер мен олардың  саясаттағы  жиынтығын білдірудің  неғұрлым  дамыған   түрі  ретінде  әрекет  жасайды. Макс  Вебердің   артынша  саяси  партиялар  тарихын:  аристократиялық  топтар сияқты  партия   тарихы, саяси  клубтар  сияқты партияның  тарихы және  қазіргі  заманғы бұқаралық  партия  тарихы деп  негізгі -  негізгі  үш  кезеңге  бөлу  шықты.   

Қазіргі  уақытта  партияға  әртүрлі  көзқараспен  қарайды.   Партияның  тұрпаты – бұл  оның  партияның  әлеуметтік  тегін, оның  идеялық  негізін, басты әлеуметтік  қызметін, ішкі  құрылысын  және  жұмыс  әдісінің  басым  сипатын  көрсететін  елеулі  белгілерінің  жүйесі. Әлеуметтік  жағдайына  қарай  буржуазиялық,  ұсақ  буржуазиялық,  шаруа,  таптық, топаралық,  аралас, жұмысшы  табы  интеленгенция  мен  қызметшілер; идеялық – теориялық негізінде – либералдық,  консерваторлық,  коммунистік, социалистік, клерикалдық  тағы  басқа  партиялар:  әлеуметтік  топтарды  қамту  жағынан – кадрлар  мен  бұқаралық:  жұмыстың  белгілі  бір  әдісіне бағдарланғаны  жағынан -  революцияшыл,  реформашыл,  радикалдық: негізгі  әлеуметтік  қызметіне  байланысты – парламенттік, парламенттік  емес:  заңдастыру  түріне қарай -  легалды  және  ашық  партиялар  деп  бөліп  көрсетуге  болады.

Соғыстан  кейінгі  уақытта  партиялардың  қызметін  белгілі шекпен реттеу  әдетке  айналғанын  атап  көрсету  керек. Партиялар  құру  құқына қатысты  арнаулы  ережелерден  басқа  олардың  Конституция мен сайлау туралы заңдарға  жызылған  сайлау  барысындағы жұмысында,  кейбір  мәселелер,  қазіргі  уақытта  бірқатар  елдерде  саяси  партиялар  туралы  арнаулы  заңдар  қабылданды.  Мұндай  алғашқы  заң  1967 жылы Герман Федеративті  Республикасында қабылданды. Әдеттегідей, бұл  заңдар саяси  партияларды  құру,  оларды  таратуды  тіркеу  жұмыстарын,  партиялардың  мемлекет  тарапынан  қаржылай  жәрдем  алуын және  басқа   мәселелерді  реттейді. 1990 жылғы қазанда қоғамдық  бірлестіктер  туралы бұрынғы  КСРО   қазіргі  ТМД  заңы  қабылданды. Заңда  қоғамдық  бірлестікке – ортақ   мүдде  негізінде біріккен  азаматтардың  ерікті  түрде тілек  білдіруі  нәтижесінде  құрылған  ерікті құрылымдар  жатады  деп  көрсетілген. Өз жұмысын  Конституциялық  құрылысты  төңкеріп, күшпен  өзгерту  немесе  ТМД  территориясыында  Одақтас,  автономиялы  Республика, автономиялы  құрылымдар  бірлікті  зорлық бұзу,  әлеуметтік,  оның ішінде  таптық, сондай-ақ  ұлттық  және  діни  негізде  алауыздықтар   туғызуды  мақсат  тұтып  түрлі  әдістер  қолданатын,  қылмыстық жаза  алатындай әрекет  ететін қоғамдық  бірлестіктер   құруға  тыйым  салады, Заң  азаматтар  бірлестіктерінің   мына  принциптерін  белгілейді: еріктілік, заңдылық,  жариялық.  Қоғамдық  бірлестіктердің  мемлекетпен  қарым-қатынасы,  қоғамдық  бірлестік  құру  механизмі және  олардың  қызметін  доғару реттеліп  отырады.   Қоғамдық  бірлестіктер мемлекеттік өкімет  және  басқару  орындарын  құруға  қатысады: заң  шығару  жөнінде  бастама  көтереді:  мемлекеттік  өкімет  басқару орындарының  шешімдерін  қабылдауға  қатысады. Мемлекеттік және қоғамдық  орындарда  өз мүшелерінің /қатысушылардың/ мүдделерін  көрсетіп, қорғайды.  Саяси  мақсат  қойған саяси  партиялар  мен  бұқаралық қоғамдық  қозғалыстардың шетелдік  мемлекеттен,  ұйымдар  мен  азаматтардан  қаржылай  және басқа  материалдық  көмек алуға  құқы  жоқ.

Қазіргі  кезде ТМД –да көптеген  партиялар мен  партиялық  құрылымдар бар. Өзінің  идеологиялық  мақсаты, бағдарламасы  жағынан  либералды, социал-демократиялық, Христиан,  Исламдық,   анархистік  партиялар мен топтар  бөліктеніп шығады.  Бүтіндей  алғанда  партиялардың  мына  түрлерін: ұйымдық құрылымы, айқын  бұқаралық  партиялар,  аймақтық  партия  қозғалыстар, партия  болуға  дайын  құрылымдар /халық майдандары, клубтық-үйірмелік  ұйымдар/ /лидерлер партиялары, мақсатты партиялар  және  партиялық құрылымдарды/ /«Жасылдар»/ бөліп  көрсетуге  болады. Қандай да партия  құрылғанда демократия  федерализм  принципі бойынша  жеке  мүшелік  негізінде  құрылады.

Партиялық  жүйе – бұл  ашық жұмыс істейтін  партиялар  арасындағы  қатынастардың  жиынтығы.  Түрлі елдердің  партиялық  жүйелерінің  өзіне  тән  тарихи,  әлеуметтік,  ұлттық  және  баспа  айырмашылықтар  нәтижесінде  қалыптасқан  ерекшеліктері  болады. Бүтіндей  айтқанда, партиялық  жүйелердің  мынадай  түрлері туралы  айту керек: бір  партиялық  жүйе, екі  партиялы  жүйе, көп партиялары  бір-біріне  қарсы  тұрған  партиялармен блоктары бар  жүйе, көп  партиялы айқын   саяси   орталығы  бар  жүйе, бір  партияның  немесе  блоктың  екіншісіне билік етпейтін көп  партиялы  жүйе  тағы  басқалары – ТМД қалыптасқан  партиялық  жүйе саяси  орталығы  әлсіз  ғана байқалатын  саяси  партияларға  қарама – қарсы тұрғанымен, партиялардың  алауыздығымен  партиялық  құрылымдар мен  олардың  блоктарының  тұрақсыздығымен, партиялардың  сан  жағынан  әлсізділігімен, партиялардың  әлеуметтік  қорының  тарлығымен, мәлімделген принциптермен  нақты  саяси  жұмыс  арасындағы алшақтықпен,  партиялық  жұмыстың  ірі  қалаларда  жоғарланғанымен түсіндіруге  болады. Қазіргі  кезде  бүтіндей  ауыр  күрес  жағдайында  қазіргі  заманғы  өркениетті  демократиялық  партия  жүйесінің  негізі  болып  саналатын  плюралистік  партия  жүйесі  қалыптасуда.

 

8 – тақырып.  Қоғамдық  ұйымдар, қозғалыстар

 

Саяси  жүйедегі  мемлекет пен  партиялар  қатарлы  ерекше  институттар  ретінде  қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстардың  өзіне  тән  қасиеттерін  анықтап  алу керек. Мемлекеттік құрылымдардан  өзгеше  бұл  ұйымдарда  өкімет  билігі жоқ  және  жалпыға  бірдей  міндетті  шешім  шығара  алмайды. Одан  басқа олар  халықтың  жалпыға  ортақ  мүддесін  емес, белгілі  топтардың  ғана мүддесін білдіреді  және  халықтың  бәріне  емес, жеке  категорияларын  ғана  қамтиды. Қоғамдық  ұйымдар   өкімет  билігін  жүзеге асыруға  қатысады,  ал  мемлекеттік  институттар  құсап  тікелей  өкіметтік  билік  жүргізе  алмайды. Сөйте  тұра  бұл  ұйымдар  өкіметтің  өкіметтілігі  болмаса да халықтың  бір  бөлігінің  мүддесін жақтап  мемлекеттік  өкімет  билігі  алуды басты   мақсат  санайтын  адамдардың,  ол  баста  саяси  сипаты  болған  бірлестігі болып саналатын  партиялар  сияқты  мемлекеттен  тыс   институттардан  да  өзгеше. Қоғамдық  ұйымдар адамдардың  ерікті  бірлестігі  болып табылады,  олардың  ортақ  мүддесін  көздейді:  әлеуметтік  белсенділігін  арттыруды  мақсат  тұтады.   Олардың  қызметі  мемлекетті  басқаруға  қатысуымен  шектелмейді, көбіне  экономикалық  ұйымдардың шығармашылық  одақтармен  мәдениет  ескерткіштерін  сақтап  қалу  жөніндегі  қоғамның  жұмыстары  сияқты  сипатқа  ие  болады. Сонымен бірге қоғамдық  ұйымдар  сырттан  түскен  нұсқауларға   бағынбайтын  және  өз  жұмыстарында  өз мүшелерімен  бірлесе  отырып  жасаған  ерекше  құжат – жарғыны  басшылыққа  алатын  ерікті  құрылым  екенін атап  көрсету  керек.  Олардың  тиісті  орындарда  тіркелген  тиянақты  ішкі  құрылымы  бар.

Қоғамдық  қозғалыстар  қоғамдық  ұйымдардан  тек  оларда  жарғымен құрылымдар  болмайтынымен ғана  емес,  сонымен  бірге  мақсатында  ұзақ  сақталатын  сипаттық  болмауымен  өзгеше  болады. Олардың  бір – бірінен басты өзгешілігі мынада: олар  көптеген  ұйымдарды, оның  ішінде  партияларды, тіпті  көбіне  саналуан  қарама-қарсы  бағдарламаларында,  мәселен «Азат»  қозғалысы  сияқты, біріктіре  алады. Кей  жағдайда  ұйым  мен  қозғалыстың  белгілері  сабақтасып  алады, /халық  майдандарында/ алайда  бүтіндей  қозғалыстар  белгілі  бір  міндетті  орындауы  үшін  құрылады  да міндет  орындалған соң  таратылады. Ұйымдар мұның  керісінше, белгілі  бір  қоғамдық  топтардың  мүддесін орындауға  көмектесіп  қызмет  етеді.

Қазіргі  кезде  қоғамдық  ұйымдардың  ішінен бейресми  бірлестіктерді  бөліп  алу  әрекетке  айналды. Бұл  атаудың  өзі  сәтсіз  шыққан  атау. Өйткені  мемлекеттік  орындарда  тіркеуден  өткенде,  өтпегенде  бірлестіктер азаматтық құрылымдар да заң  тыйым  салмаған  түрлі  ассоциациялы  топтарда осылай  аталып  жүр. Ең абзалы ерікті  бірлестіктер  туралы  айту,  алайда  « бейресім » атауының  қандай мағынада айтылғанын анықтау. Бұл  бірінші  кезекте, жаңа  мемлекеттік,  жаңа бюрократ – тандырылған  ұғым  өз  бетінше  адамдардың  мүдделері  мен   заңға қарсы келмейтін  шығармашылық  жұмыспен  айналасуға  кең  мүмкіндік  ашады. Міне бұлда   біздің  елге  тән  тағы  бір  ерекшелік.  Өз  көбіне «бейресім» деп  дәстүрлі  бірлестіктерге бәсеке  ретінде құрылған  дәстерлі  емес  бірлестіктерді  атайды. Дәстүрлі  ұйымдарға  бұрын  КОБОС /ВЦСПС/ қа біріккен кәсіподақтар, бір  құрылымды – жалпы мемлекеттік  шығармашылық  одақтар,  ерікті  қоғамдар  /спорт, қорғаныс  медициналық, ғылыми, ағарту, педогогикалық, ғылыми – техникалық, тағы  басқалар/ жатады,  комсомол, кооперация /колхоздар, кәсіпкерлер,  тұтынушылар/ жатады.  Бұл  бірлестіктердің  барлығы  түрлі  дәрежеде  өкімет  құрылымдарына қосақталып, олардың  дербестігі  тым шектелуі  болатын. Олар  белгілі  шеңберде  халықтың  саяси  белсенділігінің  қолда  барына қанағаттанып,  оның  мүддесін  ойламады. Олардың  басшылығы  қатардағы мүшелерінен  қол  үзді де, олардың  сенімінен  айрылды.  Жаңа дәстүрлі  емес  үйымдар  жаңаша  ойлауға  дейін өмір  сүріп  адамдардың көзінше  құлдырап, қатардағы  азаматтардың  ынтасын  қосып  келген. Ол  істегі немқұрайлықты  жою  мақсатымен  болған саналуан жаңа  қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстардың  ішінен  біздің  тақырыбымыз   үшін  саяси  өмірге  неғұрлым  белсене  араласып  кеткендерін  бөліп  көрсету  керек.  Оларға  бірінші  кезекте,  түрлі  майдандар /халықтық, интернационалдық: тағы  басқалар/ жатады. Олар  түрлі  бірлестіктер мен  қозғалыстардың  өзара  әрекетінің  түрі  ретінде тікелей  саяси  мақсаттар қоюда. Олардың  көпшілігінде  бояу  бар. Жалпы  бұл  ТМД үшін жаңа, ал  еуропа елдерінде ол көптен  бері   іске  кірісіп, бүкіл  ұлтты өмірдегі  маңызды   мәселелерді шешу төңірегіне  біріктіру мақсатына  қызмет  етіп  келеді. Форымдар /азаматтық, жастар тағы  басқалар/ осындай  рөл  атқарады. Одан  гөрі  түрлі-түрлі  одақтарды  /кәсіпкерлер,  қалалық  әйелдер  одақтары,  жастар  одақтары  тағысын – тағылар/ айту  керек. Саяси  сипаттағы  қоғамдық  қозғалыстар  шеңберңнде  бірқатар  түбегейлі  түрлерін  бөліп  қарауға болады. Одан  соң  кеңестер /мәселен,  еңбек  ұғымының  кеңесі /комитеттер /азаматтық,  стачкалық/, ең  ақырында  /қолдау  топтары,  қысым  жасау топтары т.б./  топтар шықты. Дербес  ұйымдар  соңының шұғыл  артуы  қалың  халық  бұқарасының  саяси  белсенділігі  артқанын,  олардың  саяси  өмірге  өз  бетінше араласуға ынтасының күшейгенін  көрсетеді. Бұл  ұйымдар  мен  қозғалыстарды адам  азаматтық  мектебінен өтеді, түрлі  саяси  қызметті атқаруға  қажетті  тәжірибе  алады. Ол қызметтер: депутаттыққа  кандидаттар  ұсынуы, саяси  құрылымдар  құру, олардың  қызметін  сын  тұрғысынан талдау, қоғамдағы  қажетті акцияларды  қолдауды  ұйымдастыру, мүдделер  мен  бағыттарды  анықтау  және  келісу,  өкіметтік  құрылымдарға  әлеуметтік  бақылау  орнату. Дәл  осы  жерде адамдар  өкімет  аппаратын  әлеуметтік  мүдделерді  шешуге  жұмылдыра  алатын  және  түрлі  ұлттың  күштерімен  екі  жақты келісім  сөз  жүргізіп,  дұрыс  келісімге  келуге  жол табуға  қабілетті  нағыз  кәсіби  саясатшыл  болуға  үйренеді. Әзірше  бұл  істе  қайшылықтар,  дау-жанжалдар мен  өз  мүддесін  басқалардың  мүддесінен  жоғары  қою  басым. Бұл  қақтығыстардың  негізінде  қоғамның  түрлі  қауымдарының  мүдделері  арасындағы айырмашылық  жатыр. Тіпті  рухани  жағынан  жақын  бірлестіктердің  арасында да  келіспеушілік  туып  тұрады. Қоғамның  дамуына  қарай мүдделердің  плюрализмі  өсіп  келеді. Бұл  саяси  институттар мен  адамдардың  саяси  мәдениетіне жоғары  талаптар  қояды, басқалардың мүддесіне  құрметпен  қарауды  шыдамдылық пен  келіспеушіліктерді  келіссөз арқылы  шеше  беруді  талап етеді. Қоғамдық  ұйымдар  бүкіл  халық  мүдделерін  оның жеке  бөліктерінің  өзіне  тән  мүдделерімен  үйлестіре  білуге  тиіс.

Қоғамдық  ұйымдар  мен қозғалыстардың  мемлекеттік  құрылымдарымен   арақатынастарының  проблемасы да  оңай  мәселе  емес. Бұл  жерде дау-жанжалдың  тууына түрлі  күштердің  өкімет  аппаратын  өз бақылауына  бір-бірдеп  қана  жүзеге  асыратыны  белгілі  ғой. Олай  болса, қалғанында  мемлекеттік  құрылымдардың  өзінде  белгілі бір  ұйымдар  мен  қозғалыстардың   өкілдері  немесе  жақтастары  тарапынан дау-жанжал  басталады. Бұл  өз  кезегінде  өкімет  орындарының  ойдағыдай  жұмыс  атқаруына  кедергі  жасап,  қоғамды  тұңғиыққа тірейді, сарсанға  салады. Мұндайда  жекелеген  қоғамдық  күштер  мен топтар  өз  мүддесін  қорғайтын  ұйымдарға  қысымын  күшейтіп, аналар  болса  мемлекеттік  өкімет  билігі орындарынан  барып  дау-жанжал  туғызады. Бұл  дау-жанжал  кесірлі  шеңберден  бүкіл  қоғамды  қамтитын келісім  негізінде  барлық  саяси  күштермен түрлі  ұйымдарға  біріккен  жұртшылықтың  неғұрлым  белсенді  бөлігінің ғана  емес, азаматтардың  басым  көпшілігінің  қолдауына  ие  бола  алатындай органдардың  өкілдерінен орган  құру арқылы құтылуға  болады.  Бұл  өкімет орындары мен  халықтың  бірлесіп,  қоян  қолтық  жұмыс  атқаруына  мүмкіндік  береді. Бірі-бірімен  жанжалдасып  жатқанда  бұл  мүмкін  де  емес.

Заң  жүзінде  тыйым салынған түрлі  ассоциациялардың  құрылымдарға /ұлтшылдық, территористік,  фашистік, тағы  басқалары/, сондай-ақ қылмысты  топтарға  келетін  болсақ, олармен арадағы күрес тек  мемлекеттік  аппараттың  маман-қызметкерлері  мен  ұйымдасқан жұртшылықтың қоян  қолтық бірлесіп  жасаған  әрекетінің нәтижесінде  ғана  жемісті  болады.

 

9 - тақырып.  Адам  және  саясат

 

Адам  мен  мемлекеттің  бір-бірінің  алдындағы  жауапкершілігін  ерекше  атап  көрсету  керек. Өз  кезінде  мемлекет  азамат  алдындағы жауапкершілігін  білетін болса  бұл  демократиялық, әділеттің  салтанат  құрғаны.  Мемлекет  адамның  қауіпсіздігіне   кепілдік  беріп,  оның  жеке  басының  мүддесін,  мүліктік   мүддесін  қорғауға  міндетті,  мазмұны  демократиялық  принцип азаматтық  ынтаның, әскерлік  және  саяси  белсенділіктің  артуына  ықпал  жасайды. Осы  принципке  сәйкес заң рұқсат  еткен  барлық  әрекеттерді қолдануға  болады. Өкіметтің   саяси   құрылымдары, ең  алдымен  мемлекет әр азаматқа  құқықтық  кепілдеме беріп, адамның   мүддесін  қандай да болмасын   зорлықтан  қорғауы  тиіс. Нақты  гуманизмді  жете  көре  білу барлық  саяси  құбылыстарды, әрине  басқаларын да, адам  өлшемімен  жеке  адамның өзінше  бақылау  жүргізуі  үшін  жасалған  мүмкіндіктер тұрғысынан  жағдай  туғызады. Осыған  сәйкес  саясаттың  мақсаты – адамға  қызмет  ету, оның  бойындағы  мүмкіндіктерді   құрсаудан  босатып,  өзінің  парасатты  ойын  талап-тілегін  қамтамасыз  ету  үшін әркімге бірдей қолайлы жағдай жасау  деп  түйіндеген  дұрыс  болады. Адам мен  саясат  проблемасы  әлеуметтік  әділетік  орнатумен  тікелей  байланысты. Бұл  өз  негізінде  бостандыққа,  заңдылыққа, теңдікке  шығады. Өмірде  айтып  жүрген  мүлдем  басқаша болып  шығуы  жиі кездеседі, нақты  болмысты  әділеттік  пен  гуманизм /адамгершілік/ жарияланған  принциптермен  және  конституцияның  қолда  бар  баптарына  қайшы  келіп  қалуы  жиі  кездеседі, жеке  адамның  егемендігі  әлеуметтік жағынан  әділетті  құқықпен   бостандық  экономикалық  қорға  негізделіп,  саяси   қамтамасыз  етіліп,  заң  жүзінде  кепілдеме  берілген  жағдайда жүзеге асырылады.  Егер  өмірдің  демократиялық  жағдайына,  гуманистік  саясаттың нәтижелері  туралы  айтар  болсақ,  басқалардың  қабарында  саяси   субъектілердің -  саяси  қозғалыстың  басшылары   мен   қатардағы  қатысушылардың  қалыптасуын  көрсетуге  болады.

Өкіметтің  саяси  құрылымдарының гуманизмі  көп  жағдайда  адамға деген  кінәсіздігін  айқындау  және  заңның  кері күшіне   жол  берілмейтін  маңызды  белгілерін  мүлтіксіз  орындаумен  анықталады.  Құқықтық  шараларда  жазалармен  шектеуден  әділ  шешімге өту  гуманизм  мен демократизмге  ыңғайландырудың  ішінара  көрінісі. Адам  тек  саясаттағы даурықпа  насихаттың   нысанасы  болу  деп  қалады.

Іс  үстінде  гуманизм  жазалаудың  орындалуын  жүзеге  асырылуын, бір  де  бір  адамның  кінәсіз  жазаланбауын  талап  етеді.

Гуманизм адамға  құрметпен  қараумен байланысты.

Бұл  жерде  ешқандай  өткінші  және  тіпті  нақтылы  ұжымдық  жеке адамды шеттете алмайтынын,  кейбір  әрекеттердің, мақсатты  қызметін  таңдап  алған  бағыттары мен  түрлерінің  жеке  басқа  тән  себептерін  жоққа  шығара алмайтынын  еске  сақтап, түсіну  керек.  Адамға  шындыққа жанаспайтын,  ойдан  шығарылған пошымда  ортақ  мүдде  мен  жарқын болашақ  үшін  өзін де, өмірін  де  аямайтын  адам  күйінде  қараудан  бас  тарту  керек. Шын  процестерді  бұлай  бұрмалап  суреттеу  өмірге  қайшы  келеді және  ол  туралы  ғылыми  ойға  сай  келмейді. Адамды  қиялдау  мақтау,  қарапайым  көрсетіп, ол  үшін  күнделікті  сәттілік  жайлы  ойлау  тән  емес,  ол  үшін  ең  бастысы  болашақ  қамын  ойлау, соған  қызмет  ету деп уағыздауға  болмайды. Адамға  дүние  керек,  өмірге  қажетті  нәрселер керек маңызды да  жарқын  өмір  керек  және  де  ол  алыстағы  болашақта  емес қазір  керек.  Егер  адамдарды  түрлі  принциптермен, ұрандармен, идеологиялық  шырмаулармен  алдамай  жеке  адамның  өмірі  қайталанбайды  және  қысқа  мерзімде  өте  шығады  дегеннен  бастайтын  болсақ,  бұл  айқын  да  түсінікті  әрі  талассыз. Әр  адам  басқалармен бірдей  өз  өмірін өз қалауынша  құруға,  өзінің  бас  мүддесін  саяси  жағынан  әлеуметтік  қажеттігін  өтуге  ерікті.

Гуманизмді  түсіну  әр мезгіл  қоғам  мүшелерінің  бәріне  бірдей  теңдік  туралы заңға  сәйкес  тең  құқық  беретін экономикалық,  саяси  құқықтың  мәселелерімен байланысты. Бұл  түсінік  адамның  әлеуметтік – экономикалық  және  саяси  қатынастар  жүйесіндегі  нақты  жағдайына  сүйенеді. Мұндағы  ең  бастысы  адамның  меншігінен  және  мемлекеттік өкімет  билігінен  алшақтап  кеткенін  болдырмау. Адам  игілігіне  бағытталған және  бүкіл  халықтың  мүддесіне қайшы  келмейтінінің  бәрі адамгершілік  болып  саналады. Экономикалық  тұрмыс  жағдай, демократизм, адамгершілік  ізгілігі,  қоғам  мәдениеті  сайып  келгенде әр  азаматтың материалдық  қамтамасыз  етілуінен,  әлеуметтік  сәттілікпен,  рухани  дәрежесімен  айқындалды.

Гуманизм  мақсаттарын  іс жүзіне  айналдыру  әр  адамды  әлеуметтік қорғауды  қамтамасыз ететін  тиісті  кепілдіктерді орнату  көмегімен  жүзеге  асырылады. Адамның  ол  бастан  маңызды  құқығы  оның  өмір  сүруге  деген  құқығы болып  саналады.  Тек  оның  жүзеге асырылғанында  ғана  адамның  бойындағы  мүмкіндіктерді  түгел  қамтитын  басқа  да  құқықтар  мен  бостандықтың  маңызы  туралы  сөз  қозғауға  болады. Адамға  конституцияда, заң жүзінде  кепілдендіріліп   берілген  құқықтар  мен  еркіндіктер  сондай-ақ олармен байланысты  азаматтық  парыздар  мен  оларды  пайдаланудағы  жауапкершілік  жеке  адамның  құқықтық  мәртебесін  анықтауды, оның  қоғамдағы  ақиқат  және  шын  мәніндегі  жағдайын;  бәрінің  және  әркімнің / адамның  және  мемлекеттің / заң  алдындағы  тең  құқықтығын:  әркімнің  қоғам   мүшесі  ретінде ойдағыдай қызмет  атқаруы  үшін қажетті  саяси, әлеуметтік – экономикалық, бас  құқығы  мен  ерік  комплексін  сипаттайды. Жеке адамның  құрамды  элемент  ретінде  құқықтық  мәртебесі  азаматтықты, құқықтық  ереженің  принциптерін Конститутциялық  құқықтарды,  бостандықты,  азаматтардың  парыздары мен олардың  тиісті  кепілдіктерін  қамтиды. Адам  құқығы – жеке  бас  құқықтың  мәртебесінің жоғары  белгісі.

Жеке  бас  құқы -  Субъективтік  құқ  көрінісі,  яғни  құқыққа  адам,  субъективке және  сол  жүзеге асырады,  объективтік  құқықтан айырмашылығы  – ол жалпыға  ортақ  міндеттердің  заңымен  анықталғаны. Оның   бер  жағында, егер  Конститутциялық  құқық  әр  қоғам мүшесінің  нақты  әлеуметтік  игілікті /материалдық немесе  рухани/ алуан  жариялап, оның  орындарына  кепілдік  берсе,  Конститутциялық   бостандық  азаматтың  өз  қалауынша әрекет  жасауына /бұл  жерде  басқалардың  және  мүмкіндіктің  мүддесіне қайшы  келетін  болса/ ерік  береді. Былайша  айтқанда  бостандық  бұл да құқық,  атап  айтқанда,  белгілі  бір  тәртіппен  әрекетт жасау  құқығы.

Адам  құқығы  туралы  әңгімені аяқтай  келіп,  екі  нәрсеге  көңіл  бөлу  керек, Бірінші  құқық  пен  бостандық – бұл  адамға  берілген  сый емес,  мемлекеттің  өз  азаматтарына  берілген қайырымы  емес, адам  өмірінің жеке  басына  тән  бағы, мемлекет,  жұрт  айтқандай қайырымды  ағай   емес  ал  адамдар  кедей  туыс  емес. Мемлекетке,  барлық  өкімет  құрылымдарына азаматтарға  қоғамға билік  ету  құқығы  берілген және  оның  саяси  институттары  азаматтық қоғамның  атынан  және соның тапсыруымен  қызмет  етеді. Қоғамның  барлық  мүшелері  «үнсіз» мақлұқ  емес, белгілі  бір  құқықтар мен  бостандықтар  жиынтығына  ие  адам. Екінші, бұл құқықтар мен  бостандықты  Конститутция  жүзінде  бекіту. Конститутция  мемлекеттің  негізгі  Заңы  ретінде өз  қызметін  оның  ережелірін, оның  жеке  баптары тікелей  әрекет  жасайтын /тек/ норма  болған  жағдайда өз  міндетін атқарады. Конститутциялық  құқықпен азаматтың   арасында қосымша заң  түрінде де,  тіпті  түсінік  беретін,  ал  іс жүзінде  Конститутция  бабының  алғашқы  мағынасын  шектеп  немесе  тіпті  бұзып көрсететін  заңдық  қосымша  түрінде де  аралық  болуға  тиіс  емес. Конститутция  жариялаған құқықтар  мен  бостандық  әрмезгіл  және  мемлекеттің  барлық  территориясында  /заңда  көрсетілген ерекше  жағдайларды  шығарып   тастағанда/ тіке  әрекет  жасайды. Үшінші: Егер  жеке  адамға берілген  құқықта  әрекеттерге таңдау мүмкіндігі  сияқты  бостандық  пен  /бұл  ұғымның кең  түрде/ салыстыратын   болсақ  жауапкершілік  адамның  жұмыс еркінің  белгілі  бір,  жол  бермейтін  заң  тәртібінің  белгіленген  шеңберімен қарайлас   болады. Жеке  адамның  қоғам, азамат  пен  мемлекет,  адам  мен адам  арасындағы өзара  қатынастың  түрі ретінде құқықтар мен бір-бірінен ажырамайды. Парыссыз, жауапкершіліксіз құқықтар болмайды,  өз  кезегінде  құқық пен  бостандықсыз  парыз  бен  жауапкершілік  те  болмайды. Адамға  жүктелетін  парыз – бұл  мәніне  қарай мемлекеттің  азаматқа бүкіл  қоғамның  және  жалғыз  адамның  мүддесімен  сәйкестендіріп  қоятын  талаптары. Заң  бойынша  барлық  адамның парызы  бірдей, соған  лайық құқығы  да  бірдей.

 

10 – тақырып. Саяси  мәдениет

 

Саяси  мәдениет  саласына  қатысты мәселелердің  өзектілігі саясаттың  мәніне, ағымына  байланысты. Ол  кезде  тыныш, кейде  адымдап  миллиондаған  адамдардың тағдырын  шешеді.

Рухани-саяси өмірдің  күрделі  құбылысы  ретінде  саяси  мәдениет  саяси  ақпаратты – мәліметтерді  фактілерді:  білімді  принциптерді,  күрделі саяси  процестердің  заңдылықтардың:  құндылықтарды -  саяси мақсаттардың  негізін  қалайтын  теңдесі  жоқ  жетістіктерді, уақыт зерттеуінен  өткен  ғұрыптарды: нормаларды- тәртіптің  барлық   жерде қабылданған,  қолдананып жүрген  ережелерін  қамтиды.

Саяси  мәдениетті  түрлі  жағынан  қарай  келіп,  оның  қоғамдық  қызметінің  сипаттамасы  болып  саналатынын  да  атап  көрсетеді. Мәдениет бірнеше  ұрпақтың  саяси  өмірінің  тәжірибесін, мемлекеттік  өкімет  билігін  ұйымдастыру   мен  жүзеге  асырудың  ондаған  жылдар, тіпті  ғасырлар  бойы  жинақталған тәжірибесінен  жандандырып,  жаңғыртып  көз  алдына  әкеледі. 

Саяси  мәдениетті  адам  қоғамның  қол  жеткен  рухани  жеңістерімен байланыстыра қарай  отырып, ең  алдымен  ондағы  саяси  құбылысты  көре  білу  керек.  Саяси  мәдениет  тек адамның, таптық, ұлттық, қоғамның  қоғамдық  - саяси  белсенділігімен   тығыз  байланыста  екенін түбегейлі зерттейтін  бағыт  қана  жемісті  болады. Бұл  мұндай  бағыт  принциптеріне негізделеді:  өйткені  мұнан  тыс  қалған  жағдайда  саяси  тәртіп  мәдениеті көріне  де,  қалыптаса да  алмайды: Ал  мұнан  саяси  мәдениетті. Оқулықтарда  оқып  қана  үйренуге  болмайды,  оның  үстіне  мұндай оқу  айқын  шындықты  түгел,  толық  көрсете  алмайды  деген  пікір  туады. Саяси  мәдениет – күрделі  әлеуметтік  құбылыс, ал  саяси  жұмыстан,  субъектінің  әлеуметтік – саяси  белсенділігінен көрініс  табады. Саяси  плюрализм  процестерді  өрістеп келе  жатқан  жағдайда  бізде  саяси  мәдениеттің жетіспеулігі  өте-мөте  байқалып  жүр. Бұл  экстремизмнен, төзімсіздіктен  және  төзбеушіліктен,  демократия  принциптерін  бұзудан айқын  көрінуде.  Әлеуметтік қайта  жасаудың  көрініс  ретінде,  азаматтықтың  сапалы, сипаттамасы  ретінде саяси  мәдениет  көп  елдер  үшін  болашақтың  ісі: мәдениет   туралы  түбегейлі  өзгерістердің нақтылы /потенциалды/  күші  туралы  деп айтқан  мақұл.  Одан  да  зоры, енді  ғана  туып келе  жатқан  жуықта  ғана  қоғам  тәжірибесі үшін  қажетті болмай,  бүгінде  үлкен  сұраныс-талапқа  ие  болып  отырған прцестерді  талдау   қажет  те  орынды  сияқты.  Егер   саяси  мәдениет  туралы  нақты  тәжірибені, белсенді  саяси  жұмысты  есепке  алып  айтар болсақ, бұл  жерде  мұндай  қызмет  жүргізу  шын  мәніндегі  демократия жағдайында ғана  мүмкін  болатынын    ескеру  керек. Мұндай  жұмыс  өз  кезегінде  экономикасы  ойдағыдай дамыған  қоғамның  артықшылығы  екенін  ескеру  керек.

Сонымен бірге  сөз   демократияның  дау  қазанына  қайнайды  немесе  «демократиялық» аралдар   туралы  емес,  сөз  өкімет  билігін  жүзеге  асырудың  жолы  ретінде  мемлекеттік  барлық  құрылымдардың  жұмысына  еніп  келе  жатқан  табанды  тұрақты,  демократиялық  саясат  туралы  болып  отыр.

Өмір  неге  үйретеді. Ол  ешқандай  гуманитарлық және  әділ  бағдарламалар  мен  мақсаттар  гуманистік,  демократиялық  тәсілдер  мен құралдардан  тыс  жүзеге  асырмақ  емес.  Демократия  мемлекеттік  институттармен  саяси  ұйымдардың  күнделікті  ісінен  айқын  көрінуде. Бұл  демократиялық  өмірдің  суретін   көз  алдына  әкеліп, адамдар  мен  олардың бірлестіктерінің  саяси  процестердегі орнын  анықтайды. Өндірушілердің  бәсекесінің  орнына   тұтынушылардың  бақталастығы  орнаған  қоғамда демократия,  әділеттілік  бірқалыпты  жүзеге асырыла  алмайды,  саяси  мәдениетті  қалыптастыруға  қажетті «материал» да жоқ.

Саяси  әрекеттер  мәдениетін  дамыту  және  жүзеге  асыру  процесіне  әсер  ететін тағы  бір  жағдайға  назар  аудару  керек.  Сөз  проблеманың  саяси  әдет-ғұрыптарда,  халық  дәстүрлерінде  «тіркелген» тарихи  саяси    тәжірибесінің  ролі  сияқты  жағы  туралы. Біздің  тәжірибеге байланысты мынаны  еске  алған   орынды. Мемлекет  пен  қоғамның  қазан  төңкерісіне  дейінгі  жұмысын  сипаттайтын    сипаттамалардың  барлығы үзілді-кесілді жоққа  шығарылады,   ал  қажетті  тәжірибенің  жоқтығынан  өзінің  демократиялық  тәжірибесін  жасап   ала алмады. Ал  саяси  әрекеттер, саяси  тәртіп пен  басқару  дегеннің  жоспарына   енген   «шаралар»  бүгінгі  күннің  қажетін  жеткіліксіз  өтеуі.  Бұл  айтылғандардың  бәрі  саяси  - мәдениет  мұратының  өзектілігінің және  маңыздылығының мықты  куәсі  болып  табылады.

Жеке  адамды  социализациялау  процесінің  - әлеуметтік  тәжірибені игерудің,   саяси  мәдениет  арқылы  қажетті  әлеуметтік  сапаға  ие  болудың  ерекше  маңызы  бар.    Дәл «саяси социализациялаудың»  нәтижесінде  өз  кезегінде  адамның  саяси  процестегі орны мен  рөлін  анықтайтын  бағыт  қалыптасады.  Саяси  тәжірибенің  жеке  адамның  тиісті  сапаларын  дамыту  мен іске қосу  үшін маңызды  екенін  атап  көрсете келіп, қоғамның  тарихи  прогресінде  мәдени және  саяси  нышандардың  өзара  байланыста болатынын  назарда   ұстау  керек.  Адамзат  мәдениетінің  дамуындағы әр  қандай  тиісінше  бостандықты әрине, оның  ішінде  саяси  бостандықты  да,  неғұрлым жинақтаған  тәжірибесі  болғаны  белгілі.

Тағы  бір  аса  маңызды  мәселе.  Құқықтық   мемлекет  жағдайындағы  саяси мәдениет  туралы.  Саяси  мәдениетсіз   мемлекет  деген  бос  сөз. Бұрын  айтқанымыздай,  құқықтық  мемлекет  заңның,  әділеттіктің, демократияның   салтанат  құруы.  Ал  демократия  дегеніміз,  бұл  жөнінде де айтылған,  саяси  мәдениетпен  жетілдірілген  саяси белсінділік.  Соңғысы, яғни  саяси  мәдениет  болмаса, жаппай  белсенділік  заңсыздыққа, экстремизмге,  әлеуметтік  қиянатқа соғуы  сөзсіз. Бұған мысал  өте  көп. Түрлі  сатыдағы  жетекшілік  топтағы адамдарда  саяси    мәдениеттің  болмауы  шын  мәнінде кәсіптік  дағдылығының  жетіспеушілігінен, ал жиі кездесетіні – кәсіби  жөнінде жарамсыздығынан.

Саяси  мәдениет пен құқықтық  мәдениеттің  арақатынасы  туралы мәселенің  қойылуы  да  артық  емес  сияқты. Құқық  моральдің  міндетті  бөлігі және оның  аса  маңызды  сипаттамасы – нормативтік шектер  белгілеу. Бұл тиісінше  саяси – құқықтық  мәдениттің өзіне  тән  ерекшелігін,  өзінің  ерекше  көрінісін анықтайды. Мәдениеттің  барлық  түрлері бүтіндей, әсіресе саяси  және  құқықтық  мәдениеттер, моральмен тікелей  түйіседі. Олардың  мазмұнында парасаттылық пен адамгершіліктің  нышаны  бар.

Саяси  мәдениеттің  бюрократиялық құрылымдарды,  басқарудың  әміршіл  - қысым  жасау  әдістерін  күйретумен  байланысты қалыптасқаны ерекше  назар  аударарлық. Бұл – Шығыс Еуропа  өмірді  демократияландыру ісіне өте-мөте  қажет  және  толғағы  жеткен  мәселе. Саяси  мәдениет – бұл саяси  игілікті  өзгерістердің факторы  және  қоғамның  тұрақтылығының шарты, біркелкі демократизм  жолына  түсудің  бірте-бірте  жүзеге  асырылуының факторы.

 

11 – тақырып. Саяси жүйені зерттеудегі негізгі теориялар

 

Қазақстан өзінің саяси жүйесін түпкілікті реформалауға кіріскен мемлекеттердің қатарына жатады. Саяси жүйені зерттеу отандық саясаттану ғылымындағы жаңа бағыт болып табылады. КСРО кезінде мемлекеттің саяси жүйесін сараптау жабық тақырып болғандығы белгілі. Себебі, саяси жүйені терең зерттеу тоталитарлық жүйенің барлық кемшіліктерін ашып берері анық болды.

Бірақ бұл мәселе батыстық саясаттану ғылымында жан – жақты зерделеніп, жүйелі бағыт ретінде қалыптасқан болатын. Сондықтанда жүйе ұғымын, оның функцияларын сараптауда батыстық мамандардың пікіріне сүйенейік. Мысалы,  “Жүйе”  ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдары ғылыми  айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. фон Берталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.

Саяси жүйе төмендегідей қызметті атқарады:

1.           Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

2.           Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3.           Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік-саяси  мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар,  жіктердің белгілі-бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

4.           Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді.

5.           Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы факторлардың  әрекеттерінен қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери, экономикалық, ақпараттық) және т.с.с.

Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп - билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе - саяси жүйе деп аталады. Себебі мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал-әдістерді, оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Өйткені оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.

Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін анықтайды: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет.  

Саяси институттарға  (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, тағы басқа ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.

Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі-бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.т.) болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін зерттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар- саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.

Қоғамның  ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әртүрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын өркендетудің маңызды міндеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің заңды құқықтарын, талаптарын қорғайды. Олардың денсаулығын сақтауға, мәдени тұрмыстық қажетін өтеуге қамқорлық жасайды. Қазір оның ықпалы төмендеп кетті.

Жоғарыда көрсеткен ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы бар. Кәсіподақтар мен шіркеудің тура болғанмен жанама қатынасын байқаймыз. Олардың қатарына жастар одағын, еңбек ұжымдарын, кооперативтерді жатқызуға болады. Сонымен қатар биліктен алшақ, дегенмен, белгілі-бір жағдайлардаоған ықпал да жасай алатын ұйымдар бар. Оларға жазушылар, суретшілер, композиторлар одағы, ғылыми-техникалық қоғамдар, көптеген ерікті спорт, мәдени және т.б. ұйымдар жатады.

Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды.  Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономикалық, ұлттық, діни және т.с.с.) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.

Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Оларға белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар қолданылады. Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің де маңызы зор. Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады.

Саяси жүйенің төртінші белгісі – саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс-әрекетке, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс-әрекетіне және олардың ұйымдардың әсерінен білінеді.    Сонымен бірге бұрынғы және қазіргі саяси жүйе және оның элементтеріне, саяси қызметкерлер, басқару аппаратының лауазымды адамдарына, саяси-басқару шешімдерін дайындау және қабылдау үрдісіне және т.б. ықпал етуінен де байқалады.

Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады.

Саяси жүйенің басты қызметі- қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Саяси жүйе қайшылықтарды қиюластырып, келістіріп, шиеленістерді өршітпей, өрбітпей, жан-жақты бітістіріп отырғанда ғана өз рөлін ойдағыдай атқарады.

Саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды басқарады. Қоғам дамуының мақсатын айқындайды. Мақсатына байланысты саясат экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық, ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әртүрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінің және қоғамның таптық құрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі. 

Ал У.Ростоу  және т.б. “экономикалық өсу сатысы” деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады:

1) дәстүрлі қоғам;

2) өтпелі қоғам;

3) алға басу (жылжу) қоғамы;

4)индустриалдық

5) индустриаланғаннан кейінгі (постиндустриалды) қоғам.

Бірінші сатыға алғашқы қауымдық, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80жылдардағы капитализмді, төртіншісіне 2000 жылға дейінгі капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады.

Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режіміне) қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізіне билік, тұлға және қоғам  арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялық партиялар болғанымен, олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға  алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді.

Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны бес түрге бөледі:

1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;

2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды;

3)  дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;

4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе онда авторитарлық басқару белең алады;

5) авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Саяси үрдіс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі-бір көлемдегі үрдісті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.с.с.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала -өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі.

Саяси үрдісті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.т.)  үрдістің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат таңдалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже береді, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін.

Саяси үрдіс- күрделі құбылыс. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму үрдісін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.

Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады.

Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әртүрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажеттіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Бұл- саяси мәселе.

Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси үрдіске қатысушылардың, элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі –мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың белгілі-бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл- саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады.

Сонымен, саяси үрдіс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың белгілі-бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, қозғалысын айтады.

Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси үрдіс етіп бөледі. Демократиялық түрінде халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Антидемократиялық үрдісте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады.

Атқаратын қызметтің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси үрдіс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат–мүдделерін білдіріп отырады. Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі.

Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси үрдісті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі. Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады.

Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеуметтік кикілжіңдер себеп болады. Мұндайда саяси бағытты өзгертуге тура келеді. Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады.

Адамдар саяси үрдіске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.

Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды.

Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі – институциолданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі- сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4-6 жылға сайланады. Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп тұрады.

Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін- референдум. Бұл- заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушыларға жасалған тікелей үндеу. Мысалы, онда конституция қабылдау немесе оған түзету енгізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға кіру, мемлекетаралық келісімге қосылу және т.с.с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді парламент немесе үкімет басшысы қояды.

Референдум жеке аймақта немесе округте өтуі мүмкін. Онда жергілікті жердің мәселесі қаралады.

Референдумның бір түріне плебисцит (латынның қарапайым халық және шешім деген сөздерінен шыққан) жатады. Ол әдетте, халықаралық қатынастарда басқа елдің жерін күшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Саяси үрдіске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа (митингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.

Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған көп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді.

Шеру (демонстрация)- белгілі-бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады.

Ереуіл- саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі-бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізі көбіне әлеуметтік –экономикалық жағдайға байланысты келеді.

Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократилық дәстүрлер мен ережелердің жетілу деңгейне және т.б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі- оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады.

ХΙХ-ХХғ.ғ. шегінде классикалық ғылым өмір сүрген зерттеу  парадигмасының  дағдарысына тап болды. Механистикалық көзқарас, оның орталығында нютондық физика жаңа күрделі мәселелер мен сұрақтарға біркелкі жауап бере алмады. Ғылым жаһанды шақырулар алдында өзінің  жалпы жүйелер теориясымен жауап беруге тырысты.

Жүйелердің жалпы теориясы бөлек концепция ретінде 30-шы жылдары құрылып және кең ғылыми қоғамға ХХ ғасырдың 50-ші жылдары австрийлік биолог Л. фон Берталанфи ұсынған болатын.  Ол философ, психолог, социолог А. Рапопортпен және экономист К.Боулдингпен бірге 1954 жылы жүйелердің жалпы теориясы саласындағы зерттеу қоғамының  ұйымдастырушысы және 1956 жылы Кейсов технологиялық институтында (Кливленд қаласы, Огайо штаты, АҚШ) операциялар, есептегіш техника және автоматиканың зерттеу бөлімдерін біріктірген жүйелік зерттеу орталығы құрылды. Алғашқыда бұл орталықты танымал математика профессоры Д.Экман басқарды. Осы орталықтың танымалдығын, оның М.Месарович басшылығындағы, жүйелердің көп деңгейдегі иерархиялық теориясының  негіздеушісі кезеңіне әкелді.

Біріншіден, Л.фон Берталанфидің концепциясына байланысты балама ретінде Р.Акоф операцияларды зерттеу саласында жалпы жүйелер теориялар ының нысанын ұсынды. Жалпы жүйелер теориясымен бірге Н.Винер кибернетиканы негіздеді, ол адамзат қызметінің көптеген саласында пайдаланылып, тез қарқынмен дами бастаған.

Жүйелік әдістің дамуы, оның жоғарғы эвристикалық құндылығы және методологилық пайдалылығын отандық ғалымдар да байқаған болатын. Бұрынғы Кеңес Одағында 60-70-ші жылдары жүйелік әдістің методологиялық және теориялық әдістермен айналысатын, ғылыми зерттеу институттары мен жоғарғы оқу орындарында бірнеше топтар мен зертханалар құрылды.

1969 жылы “Наука” баспасында “Жүйелік зерттеулер” жылнамасы шығарылды. Жүйелі мәселелерге арналған алғашқы жұмыстар, еңбектер КСРО-да  50-60 жылдар шебінде В.И. Кремянский, В.А. Лекторский және В.Н. Садовский  басып шығарды.

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техникада “жүйе” түсінігінің кең ғылыми таралымға түсуі, белгілі –бір топ ғалымдарының жүйелік көзқарасқа ұмтылуын рәміздейді, бұл “метағылымның” құрылуы туралы айтады.

“Жүйелі талдау”–интегративті қасиеттеріне ие, тұтас құрылымдар ретінде қаратырылатын, күрделі ұйымдастырылған объектілерді зерттеудің бір әдісі болып келеді. Жүйелі талдау жүйелі методологияны қолданудағы бірінші қадамы, себебі көптеген ғалымдар “жүйелі синтез” туралы ұмытады. Қазіргі ғылымның қатесі бұл, талдау үрдісі барысында жүйені элементтерге бөліп, зерттеуші оны қайтадан біртұтастыққа жинауды, синтездеуге ұмытып кетеді.

Л. фон Берталанфи бөлік пен тұтастықтың өзара байланысына екпін жасайды: “Жүйе –бұл өзара байланысқан элементтердің жиынтығы, егер бір элементті өзгертсе, басқалары да өзгеріп, яғни бүкіл жиынтық та өзгеретін болады.” Біздің пікіріміз бойынша, осы анықтаманың құндылығы, байланыстардың категориялары, жүйе мен элементтердің өзара тәуелділігі, біртұтастығы, сонымен қатар элементтің жүйеге қосылу критериясы кіреді.

Жүйелік әдіс, өзінің жоғары эвристикалық құндылығын табиғи, техниканың және нақты ғылымдарда көрсете отырып, әлеуметтік ғылымдардың кейбір  көшбасшыларымен назарға алынды. Оны нәтижелі қолдаған көрнекті американдық экономисті В.В. Леонтьев “шығын -шығарылым” динамикалық әдісін әзірлеп, оның негізінде экономикалық өсімді талдауға болады. Ғалымның маңызды ашуы бұл “Леонтьев парадоксы” деп аталатын теория, ол бойынша үндемелі өндіріс үрдісінде тура және жанама шығын есебінде, АҚШ үшін мемлекеттегі жоғарғы жалақы мен күшті инвестициялық саласына қарамастан, капиталды импорттау және еңбекті экспорттау тиімді болып келеді. “Шығын-шығарылым” әдісін әзірлеуі үшін және оны 1973 ж. экономикалық маңызды мәселелерді шешуде қолданғаны үшін экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын тарту етті.  В.Леонтьев “шығын -шығарылым” әдісінің  жүйелік әдістің түрі екенін атап өтті.

Саяси ғылымға жүйелі концепция көрнекті американдық  социологы Т. Парсонс еңбектері арқасында енгізілді. Ол қоғамды төрт подсистеманың өзара іс-қимылы ретінде ұсынады: социеталды қауымдастық, фидуциарлы подсистема, саясат және экономика. Осы сұлбада бірінші подсистема нормалардан құралып, интеграция қызметін атқарады; екіншісі –құндылықтарды қосады және нұсқаның үндемелі өндірісі үшін жауап береді; үшінші – ұжымдардан құралып және мақсатқа жетуге қызмет етеді; төртіншісі- құрылымдық компоненттері ретінде рөлдерге ие, ал негізгі қызметі -әлеуметтік жүйенің бейімделуі.

Т.Парсонс әлеуметтік жүйенің “бағдарының екі өсі бар деп  санайды. Бірінші жүйенің қоршаған орта оқиғаларына немесе ішкі мәселелерге бағытталуын көрсетеді, ал екіншісі –жүйе бір минуттық қажеттіліктерге ме, әлде ұзақ уақыттық мүдделерге жауап береді. Бір өстің екіншісіне салынуы, жүйенің негізгі төрт қызметінің жиынтығын береді.”

Саяси жүйе идеалында екі өстің қиылысындағы аймақта болу керек:

ü     қоршаған орта қызметіне бағдарлану;

ü     ұзақ кезеңдік мүдделерге реакциясы;

Сонымен қатар қоршаған ортаның екі деңгейден тұратынын ескеру керек:

ü     ішкі немесе интрасоциеталды (экономикалық, моральді-идеологиялық, осы мемлекеттің құқықтық жүйесі) орта;

ü     сыртқы немесе экстарасоциеталды, халықаралық қатынастар немесе  супержүйелер.

Кез-келген саяси жүйе кіре беріс және шыға беріске ие. Д. Истон кіре берістің екі типін айырады: талаптар мен қолдау. Талаптар- бұл билік субъектілері тарапынан міндеттеушінің бөлуі, үлестіруінің заңға сәйкестігі туралы пікірді білдіру формасы. Жағымсыз сипаттағы талаптарға қарағанда, қолдау жүйесіне байланысты позициялар мен іс-қимылдары жағымды келеді. Жүйенің шыға берісінде шешімдер мен іс-қимылдар тұрады.

Жүйені  сандық немесе сапалық талаптармен шамадан тыс жүктеу, оның қызметінде жағымсыз жағдайлардың жиі болуына әкеледі. Біздің пікірімізше, осы себептен КСРО-ның саяси жүйесінде коллапс өткен.

Коммуникация үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі, келіп түсетін талаптардың саны мен сапасын бақылайтын, қоршаған орта мен саяси жүйенің арасындағы шекаралық аймақ болып табылады. Мұнда үш негізгі қызмет бөлінеді:

1.Жүйеде ұсынуы мен жеткізуінде түйіндеп талаптарды айқындау. Мүдделердің артикуляциясы әдетте институализацияның түрлі деңгейіне ие, қысым топтары арқылы жүргізіледі. Топтың ұйымдастырылуының күшеюі, оның алдына қойған мақсаттарына жетудегі мүмкіншіліктерін ұлғайтады. Осыдан шығатын тұжырым: қысым топтарының және саяси партиялардың қызметін шектеу, Қазақстан саяси жүйесінің бейімделу мүмкіншіліктерін төмендетеді және болашақтағы перспективада жүйенің шын бағдарын жоғалтып, жаһанды дестабилизациясына айналуы мүмкін.

2.Талаптарды реттеу, олардың фильтрациясы және канализациясы (белгілі-бір каналдар бойынша бағыт). Ол құрылымдық және мәдени болып бөлінеді. Саяси жүйенің кіре берісінде “күзетшілер” “есіктер” болады. Олардың қатарына партиялар, жоғарғы таптар және парламентарийлер жатқызылады. Мәдени реттеу талаптардың белгілі-бір мазмұны мен нысандарын шектейді немесе жол бермейтін құндылықтар, пікірлер, нормалармен байланысты. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси тұрақтылығы шекаралық аймақтың реттеу қызметінің қайта құрылуымен, әсіресе саяси мәдениеттің толеранттық деңгейінің көтерілуімен түсіндіріледі.

3.Талаптарды қысқарту, олардың жүйеленуі, жалпылау және баламалардың санын шектеу. Демократиялық жүйелерде мүдделерді агрегациялау қызметін саяси партиялар табысты атқарады. Посттоталитарлы социумның шамасыздығы осы институттардың әлсіздігі. Нәтижесінде саяси жүйе көптеген түрлі талаптармен жұмыс істей отырып, қоршаған орта жағынан нақты бағдарлары болмай, өзінің тиімділігін жоғалтады. Қазақстанда лояльді және оппозиционды саяси партиялардың дамымағандығы, халықаралық және ішкі коньюктураның тез өзгеруіндегі  саяси жүйенің стратегиялық бейімделу потенциалын төмендетеді.

Саяси жүйенің және қоршаған ортаның коммуникациясының түйінді сәті, кері байланыс түсінігі болып табылады. Кибернетикада “кері байланыс айналымы (петля)” түсінігі қайтарылатын ақпаратқа көрсетеді және оның артықшылықтарын пайдалану әдістері. “Кері байланыс”  қоғамда шиеленісті жоятын басты механизм болып табылады, алайда ол бұл қызметті жүйеге келіп түсетін импульстарға биліктің жауап біру қабілеті арқасында орындайды. Кері байланысты “өткен шақтан шыға отырып, болашақта қызметін реттеу қасиетіне ие”  деп санайды.

Д.Истон осы элементтің маңыздылығын анықтайды: “ Кері байланыс...саяси жүйенің стресспен күресуге және өмір сүруінің қабілетіне маңызды қызмет етеді.” 

Саяси өмірдің трактовкалар жүйесінен жоғарғы эвристикалық құндылыққа К. Дойчтың саяси жүйесінің кибернетикалық моделі.   

Осы концепцияға сәйкес, саяси жүйе өзін-өзі ұйымдастыратын кибернетикалық жүйеге ұқсас, құралды мақсатқа бағдарлайтын құралдың үлгісі ретінде қызмет ете алады. Басқаша сөзбен айтқанда, К.Дойч бұрынғы қателер тәжірибесі негізінде іс-қимылдарды басқару көзқарасынан, кері байланыс призмасы арқылы талдау береді.    

К.Дойч саяси жүйенің мақсатқа жету мүмкіншіліктері төрт факторлардың үйлесуінен тәуелді:

1) жүйеге ақпараттық жүктеу;

2) жүйенің реакциясындағы кешігу;

3) приращения, яғни реттеу операциялары нәтижесінде белгілі-бір қызмет параметрлерінің соммасының өзгеруі;

4) упреждения, қозғалыс мақсатының дұрыс болжау жағдайы мен осы кезеңде соңғы алған сигналдарына сәйкес оның қазіргі орны арасындағы арақашықтығын ескеру.

“Мақсатқа жетуде нәтижеге келу әрқашанда жүйенің реакциясының кешігуіне және ақпараттық жүктеуге кері пропорционалды. Белгілі сәтке дейін табыс мүмкіншілігі “приращения” көлемімен байланысты болуы мүмкін, алайда деңгей өте жоғары болса, сәйкестік кері болады. Табыстың мүмкіншіліктері “упреждения” озумен сәйкестендіріледі.

К. Дойч бөліп көрсеткен төрт факторлардың үйлесімділігі тәуелділігінен мемлекеттің саяси жүйесінің өзін-өзі сақтандырудың мүмкіншіліктерін нақтырақ қарастырайық:

1. Қазақстанда саяси жүйеснің мақсатқа бағытталуының сыртқы көрінісін Президенттің ұлтқа жыл сайынғы жолдаулары институтында табылады. Қазіргі кезеңде 1997 және 1998 ж.ж. соңғы екі Жолдауында саяси жүйе алдында жеті стратегиялық артықшыларды орындау арқылы, мемлекеттің ішінде және әлемдегі өзгерістерге үйлесімді жауап беру және қоғамның консолидациясы. Сонымен қатар “Қазақстан 2030” жолдауында саяси жүйе динамикалық экономикалық өсім және әлеуметтік тұрақтылықты біріктіретін “азиаттық жолбарыстар” авторитарлы құқықтық моделіне бағытталған. Әлемдік экономикалық дағдарыс экстрасоциеталды қоршаған ортаның басты оқиғасы ретінде, алғашқы бағдардан бас тартуына әкелді. “Біз жақында ғана Азияның кейбір мемлекеттеріндегі құбылыстар үлгісінде, халықтан бөлінген автократиялық үкіметтің билікті жоғалтқанын көрдік. Бұл бізге күрделі экономикалық қиыншылықтар уақытында да, Қазақстанның демократиясы бойынша жұмысты кейін қалдыруға құқымыз жоқ екендігін ескерту қажет.”

Мақсатты өзгерту әдеттегідей саяси жүйеге ақпараттық жүктелуін көтереді. Сырттай Қазақстанда бұл билік құрылымдар жұмысының интенсификациясынан көрінді: Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің. Алайда жүктеудің жаппай және альтернативті мемлекеттің Президентін сайлауында көрініс тапты. Себебі саяси элита келе жатқан әлемдік дағдарыс алдында өзінің билігінің заңдылығын растауы және көпшіліктің қолдауын табуды қажет етті.

2. Қазақстанның саяси жүйесінде кешігу реакциясы жоғары болып келеді. “Превентивті” экономикалық және саяси шараларды үкімет, тек Ресейдің дағдарыста қалып қалғанда және Азияның кейбір мемлекеттерінде өзінің дамуында жиырма жыл бұрын кезеңінде қалғанда ғана қабылдай бастады. Көптеген аналитиктердің пікірінше, Қазақстан нарықтың инфрақұрылымның дамымағандығы есебінен ғана, ал ойланған саясат нәтижесінде  өзін сақтап қалды.

3. Саяси жүйенің бейімделуінің келесі факторы- приращение, оның жаңа фактілерге маңыздылығы және тез қарқындылығымен жауап беруін білдіреді. 1998 ж. 30 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында демократизацияға бағытталуын жариялауы, Президенттің демократиясы жоқ нарықты құру, экономикалық және саяси салаларында диспропорционалды қауіптердің болу мүмкіндігі туралы айтты.

4. Мақсатқа жетудің басты факторлардың бірі- мақсаттың болжаған жағдайы мен оның қазіргі кезеңдегі алатын орны  арасындағы арақашықтықты білдіретін анық таңдалған упреждение. Упрежденияның тепе-теңдігі саяси жүйенің болжау мүмкіншіліктерінен, биліктің жағдайға шапшаңдылықпен іс-әрекет ету қабілетінен тәуелді.

Егер Қазақстанның саяси жүйесі өз алдына халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, орталық азия аймағында көшбасшылық ету мақсаттарын қойса, онда әлемдік заңдылықтардың тәжірибесін және дамудың басты тенденцияларын: жаһандану, периферизация, традиционализация, ғылыми технологиялардың маңыздылығының жоғарлауы және т.б. ескеруі қажет. Басқа сөзбен айтқанда, біздің мақсатымыз алдыға жылжи отырып, кешкі тоталитарлы режімде және қоршаған орта тарапынан келетін импульстерді қабылдамайтын жабық саяси жүйесінде қалып қалмау.

 

12 - тақырып. Қазақстан саяси жүйесінің трансформациялануы тәжірибесі

 

Сонымен, қазіргі таңда Қазақстанның саяси жүйесі маңызды мәселелерді басынан кешіруде. Оған ақпараттық жүктелудің жоғарлауы шартында, қоршаған ортаның шақыруларына жүйенің жауап беру реакциясының кешігуі тым жоғары. Бұдан шығудың жолы, кері байланыс айналымы дамуы, жүйенің реакция қабілетін көтеру, оның қоршаған ортамен коммуникация үрдісін жаңарту мақсатыменен, бүкіл саяси жүйенің модернизациясынан көрінеді. Осы контекстінде дұрыс антидағдарыс шараларын табуды жол беретін, саяси дағдарыстың адекватты диагностикасы маңызды рөл ойнайды. Бұны бізге  жаңа Қазақстанның саяси жүйесі үлгісінде талқылады.

Оның ең шиеленісті мәселелерін бірнеше блоктар немесе саясатты әзірлеу фазалар кеңістігінде жою болады:

1)                шекаралық аймағында;

2)                кіре берісте;

3)                ішкі жүйелік конверсия;

4)                шыға берісте;

5)                байланыстың жаңа циклында.

1.                Шекаралық аймағында-бұл қоршаған ортаның талаптарын радикализациялау және саяси жүйенің қолдау деңгейін төмендетуі.

2.                Саяси жүйенің кіре берістерінің жабылуы және талаптар қолдау механизмдерінің енгізілуінің дамымағандығы.

3.                 Конверсия барысында ең мәселелік қиылыстар, талаптар мен қолдаудың мазмұны туралы ақпараттың дұрыс түспеуі және саяси жүйесінің рекциясының кешігуі.

4.                Алдындағы бұзулар нәтижесінде жүйенің шыға берісіндегі қызмет етуінде шешімдердің адекватты еместігі және мақсатқа жетудің табысты еместігі саяси элитаның шынайы қызметіндегі адекватты еместігі байқалады.

5.                Саяси жүйенің және қоршаған ортаның іс-әрекетінің келісе алмайтынының тереңдеуіне әкелетін кері байланыс айналымының дамымағандығы.

      Біздің көзқарасымыз бойынша, Қазақстанның саяси жүйесінің күйзелісінің себептері осы. Нақты фактілермен бейнелейік:

1.                Шекаралық аймақ. Экономикалық дағдарыстың шиеленісуі, Қазақстанның посткеңестік кезеңінде халықтың кедейленіп кету мәселесіне тірелді. Өмір деңгейінің жалпы төмендеу көрінісінде, реформалар жылдарында қоғамдағы мүлік дифференциациясының тереңдеуі өтті. Қоршаған ортаның талаптарының радикализациясы жұмыссыздық мәселесінің шиеленісуіне алып келді. Кедейшілік және жұмыссыздық- бұл тек қана экономикалық көрсеткіштер ғана емес, саяси шиеленісудің жоғарлауына әкелетін күрделі мәселелер болып табылады. Сондықтан транзитті қоғамда заңдылықты үкіметтік бағытты күшті сынаумен шығатын оппозицияның насихаттауының көтерілуі басталады.

2.                Саяси жүйенің кіре берістері. Электоралды көңіл-күйлер транзиттік саяси жүйенің іс-әрекеті мен шешімдері екі негізгі себептерге байланысты көрініс таппайды. Біріншіден, посттоталитарлы кезеңде қоршаған ортаның саяси жүйеге талаптарды енгізу механизмдері, яғни еркін сайлау жүйесі, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік емес ұйымдар әлсіз дамыған. Екіншіден, егер де олар бар болса да, мемлекеттік билік институттары мемлекеттік емес институттарды тең құқықтық әріптестер ретінде танымайды және олармен байланысқа түспейді. Нәтижесінде қоршаған ортаның көптеген талаптары байланыстың алғашқы кезеңінен бастап қабылданбай, әлеуметтік шиеленістің көтерілуіне өз әсерін береді. Осындай сценарийдің қаупі саяси жүйенің өзіне белгілі, себебі ол ойлап тапқан игілікті әлемде жалған мақсаттар мен артықшылықтары бойынша қызмет етуді бастайды. Тоталитарлы саяси жүйелердің жабықтығы олардың қирауының басты себебі. Осы мәнінде тоталитарлы саяси жүйелер үшін ашықтықты көтеру маңызды үрдіс, себебі бұл- өзін-өзі сақтаудың жалғыз жолы.

Тоталитарлы және посттоталитарлы саяси жүйелердің айырмашылығы ішкі кіре берістердің сыртқылардан абсолютты басымдылығында, мұнда билеуші элита қоршаған ортаның қолдауы мен талаптарының баламасы негізінде емес, ал өзінің шешімдері мен іс-әрекеттердің дұрыс мақсатқа бағытталуының көзқарастарымен басқарылады. Осындай жағдай кез-келген модернизациялық жүйелер үшін сәйкес келеді.

3.                Ішкі жүйелік конверсия. Алайда қоршаған ортасынан ақпараттың бір бөлігі кіре берістегі тығыз институционалды фильтрлерден саяси жүйеге өтеді. Жоғарыда аталған себептерден басқа, конверсияның қорытынды нәтижесіне түскен ақпараттың қозғалуы барысындағы оның мәнін түпкілікті өзгерілуі әсер етеді. Осында ең маңызды фактолар лоббизм, кландық және жемқорлық болып табылады.

Отандық лоббизмнің ерекшелігі, қысымның ең қуатты топтары саяси жүйенің ішінде қызмет етеді. Соңғы жылдары саяси және бизнес-элитаның бірігуі айқын біліне бастады, яғни кәсіпкерлердің билікке енуі. Сондықтан қазақстандық қысым топтары азаматтық қоғамның агентілері немесе қоршаған ортаның және саяси жүйенің интеракция механизмдері ретінде емес, ал мүдделі топтардың өзімшілдігін өзін-өзі атқаруы құралы ретінде шығады. Кландық та қабылданған басқару шешімдерінің сапасын төмендетеді. Осы тақырыпқа жариясыз табу енгізілгеніменен, саяси аналитиктер арасында құбылыстардың масштабтары туралы пікірлері құрылған. 1999 ж. қаңтарда өткен Қазақстан даму институты сарапшыларының сұрауы нәтижесіне сәйкес, рулық, кландық лобби ең беделді болып келеді (жауап берген респонденттердің 56%), шетел компанияларды және қысым топтарын озған (48%) және үкіметтік лобби(44%).

Жемқорлық қазіргі кезде Қазақстанның саяси жүйесіне күрделі қауіпті білдіреді. Сондықтан да мемлекет басшысының осы саладағы жағдайдан қауіптенетіні түсінікті. Дүниежүзілік антижемқорлық ұйымының “Трансперикси Интэрнэшнл” (T.I) мәліметтері бойынша, біздің мемлекет 1999ж. жемқорлықты қабылдау индексі бойынша (CPI) 99 зерттелген мемлекеттердің ішінен 86 орынды иеленді. (1-орынды-жемқорлығы толығымен жоқ-Данияда, 99 орын абсолютты жемқорлық Индонезияда). Қазақстаннан жемқорлығы жоғары 13 мемлекет танылды? Оның ішінде: Қырғызстан(87 орын), Югославия (93), Өзбекстан (95), Әзірбайжан (96), Камерун (97), Нигерия (98).

Ішкі конверсияның бұзылуының екінші жаһанды себебі ішкі ортасының және сыртқы ортасының динамикалық импульсіне жүйенің реакциясының кешігуі. Компаративті анализ көрсеткендей, тоталитарлы және авторитарлы режимдер билік иерархиясының жоғарғы деңгейінен төмендігіне өтуін басқару сигналдарының өтуінің жоғарғы шапшаңдылығымен өзгешеленеді. Алайда, әдетте, ақпараттың “төменнен жоғары” қозғалысы билік пирамидасының  түрлі деңгейлерінің билік иерархиясы құрылымының қатты болуы есебінен үлкен қиыншылықтарға тап болады.

4.                Саяси жүйенің шыға берісі. Шешімдерді қабылдаудың адекватты еместігі мен тиімді еместігінің үлгісі экономикалық дағдарыстың тереңдігі. Бұл билеуші элитаның қоғамдық қайта құруының тактикасы мен дұрыс стратегиясының бар екендігін мәселе ретінде қойып отыр.

5.                Саяси байланыстың жаңа циклы. Қазақстанның саяси жүйесінің мәселелік байланыстарын талдауды қорыта отырып, біз барлық посттоталитарлы режімдердің басты мәселесіне келеміз- кері байланыс айналымының тиімді деңгейі. Кері байланыс бұл-осы жүйенің қызметі нәтижесінің оның іс-әрекеті сипатына әсерінен шығатын, шығу берістің кейбір жүйенің кіру берісіне ықпалы.

Кері байланыс айналымының тиімді еместігі Қазақстан саяси жүйесінің өзін-өзі сақтандырудың мүмкіншіліктерін азайтады, себебі әлеуметтік шиеленіс қоршаған ортаның адекватты саяси бағытқа конверсиясыздығымен шоғырланады. Қоғам және мемлекет түрлі өлшемде қызмет етуді бастап, ал олар арасындағы ара-қашықтық ұлғаяды.

Саяси жүйенің тепе-теңдігі –бұл қызмет етудің қауіпсіз параметрлерінен бас тартпаған жағдайы. Синергетикалық жетістіктеріне сәйкес тепе-теңдіктің келесі түрлерін бөлеміз: 1) тұрақты тепе-теңдік; 2) тұрақсыз тепе-теңдік; 3) орнықты тепе-теңдік емес; 4) тепе-теңдіктен алшақ жағдай; 5)хаос немесе тепе-теңдікті толық жоғалту.    

Іс-әрекеттің бағытталуы тәуелдігінен, алғашқы жағдайдан жүйенің бас тартуы азаюының жағы бойынша теріс кері байланыс және жүйенің қызмет етуінің бастапқы параметрлерінен шығуды көтеретін жағымды кері байланысты бөледі. 

Жүйенің өмір сүруге қабілеттілігі  теріс және жағымды, оң кері байланыстардың үйлесімдігінен тәуелді. Осы контекстіде үкіметтік бағытты түзетуді немесе реформаларға дейінгі жағдайды қайтаруды талап ететін оппозиционды партияларды және қоғамдық бірлестіктерді (КПК,РНПК, “Азамат”, “Өрлеу”, “Республика”, “Қазақстан демократиялық күштерінің форумы”т.б.) теріс кері байланыс механизмімен теңдестіруге болады. Басқа жағынан,  лояльді саяси партиялар (“Отан”, ГПК, АПК, “Халықтың демократиялық таңдаудың жақтаушылары конгрессі” т.б.) жағымды кері байланыспен идентификациялауға болады.

Әлеуметтік шиеленіс потенциалын талдау қазіргі таңда Қазақстанның саяси жүйесінің орнықты тепе-теңдік емес аймағында тұратынын көрсетеді. Ол тұрақсыз тепе-теңдік жағдайына  немесе тепе-теңдіктен алыс жағдайына өтуі мүмкін.

Еркін демократиялық сайлау жүйесі және әділетті сайлаулар абстрактылы құндылықтар ғана емес, сонымен қатар прагматикалық аспектіге ие. Идеалында олар саяси жүйені оның басқару әсері нәтижелері туралы ақпараттандыруы қажет, қоғамда шын жағдайы мен қоршаған ортада реакциясы. Осы қызметтің бұзылуы жағдайында, жүйе өзінің қолдау деңгейін шамадан тыс бағалап, бар мәселелердің күрделілігі мен мазмұнын сезбейді және қиял әлемінде (виртуалды) жұмыс істеуді бастайды. Қауіпсіздіктен маңызды ауытқушылық байқалғанда, теріс кері байланыс механизмі қосылуы қажет, жүйені тепе-теңдік жағдайға қайтарып, қоғамның өлімін алдын-алып, өзін-өзі бұзу қауіпін жоюы қажет.

Біздің пікірімізше, посткоммунистік саяси жүйелер әлсіз қолдау мен оларға жоғары талаптарымен сипатталады. Коммуникация механизмдерінің дамымағандығы есебінен, қоршаған ортаның әлеуметтік шиеленісудің шоғырлануына әкеледі.

Өтіп жатқан  құбылыстардың ғылыми қараудың маңызды мәселелерінің бірі мемлекеттегі саяси үрдістің периодизациясы болып табылады. Біз талдау негізіне екі критерийді ұсынамыз:

1. Қозғалыс күштерін және дамудың басымды парадигмасын өзгерту;

2. Саяси жүйесінің  қызмет механизмін сапалы өзгерту.

Жаңа саяси үрдістің есеп беруін 1985 жылдан бастау дұрыс болады.- алғашқыда коммунистік жүйенің шеңберінде, посттоталитарлы модернизацияның нақты басталуы. Кеңестік даму кезеңін шарт бойынша коммунистік идеяның басымдық кезеңі деп атауға болады, ол 1985 ж. аяқталып, алайда 1989  жылға дейін кеңестік қоғамның бағыттаушы Конституциядағы 6-шы бабын КСРО халық депутаттарының съезінде жоюына дейін қызмет етті.

Бірінші кезең (1985-1991жж.) ұлттық парадигманың басымдылығымен өтті. Түрлі әлеуметтік бағыттағы қоғамдық-саяси қозғалыстардың, партиялардың, бірлестіктердің дамуы, Қазақстанның ұлттық даму идеясы шеңберінде шоғырланды. Ұлттық парадигма жасанды түрде егемендікті алу идеясы шеңберімен шектелді. Осы себептен Қазақстанмен де-юре мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке жетуінен барып, ұлттық идея бірте-бірте өшті. Өкінішке орай, ұлттық идеяға мәдени қайта құру, тілдердің дамуы, тарихи ескеруді қайта құру мен белсенді толықтыру, ұлттық өзін-өзі тану енбеді. Осы парадигманың іс-қимылдары 1995 жылға дейін екі азаматтық мәселелері, орыс тілінің мәртебесі және мемлекеттіліктің конституционды сипатын анықтау түрінде көрінді.

Содан кейін ұлттық парадигма егемендікке жету шеңберінде өзінің қызметін орындап, көшбасшылықты басқа идеяға берді- мемлекеттік- саяси дамуға, ол келесі кезеңнің парадигмасы ретінде, бүгінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси үрдісінің эволюциясы болды.

1992 жылдан бастап оптималды мемлекеттік-саяси құрылғыны іздеу идеясы, мемлекеттің даму бағытын және логикасын, өтіп жатқан үрдістердің мазмұнын толықтай анықтады. Қазақстан қоғамы тап болған бірінші мәселесі- бұл республикалық басқарудың президенттік немесе парламенттік формаларын таңдау мәселесі.

Парламенттік режімнің алғашқы қолайлы жолынан суперпрезиденттік республиканы құруына дейін биліктің дағдарыстарының ілесуімен өтті, оның сыртқы көрінісі, билік топтары арасында мәртебелік ұстанымдарын және өкілеттіліктерін кардинальді қайта бөлуімен Парламентті екі рет таратуы.

1995ж. Конституцияның екінші бабында басқарудың президенттік формасы туралы айтылса да, Қазақстан АҚШ-тың үлгісі бойынша, классикалық президенттік республика болып табылмайтындығын ескеру қажет. Президенттік республиканың басты белгісі- президенттің бір кезеңде үкімет басшысы және мемлекет басшысы қызметтерін бірге қосып атқаруы. Ол ішкі және сыртқы саясатты басқарады, Әскери Күштердің Жоғарғы Қолбасшысы болып табылады.  

Көбінесе Президент тура халықпен немесе сайлаушылар коллегиясымен сайланады, парламентпен емес. Ол өзі немесе сенаттың қолдауымен, оған жауапты, ал парламенттің алдында емес, үкіметті тағайындайды. Президенттік республикада биліктің заңдылықты және атқарушы биліктің қатаң бөлінуі бар, олардың жоғары дербестігі. Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын шығара алмайды, өз алдына президенттің заң органын таратуға құқысы жоқ, ал ол импичмент жолы арқылы мемлекет басшысын мерзімінен бұрын биліктен босату құқысы бар.

1995 ж. Конституцияда ұсынылған биліктің формасы классикалық президенттік республиканың негізгі критерияларына сәйкес емес:

1.Қазақстанда Президент және Премьер-Министр посттары бөлінген;

2.Президент де-юре Үкіметті басқармайды, ал билік тармақтарынан жоғары тұрады;

3.Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын шығаруға құқысы бар, алайда ол Президент алдында ғана тәуелді және заң органына бір жағдайда ғана- Премьер-Министрдің Үкіметтің жобасын баяндауда есеп береді;

4.Парламент Президенттің қызметін заң арқылы шектеуге мүмкіншілігі жоқ, себебі мемлекет басшысының өзі заң шығару билігіне ие;

5.Парламенттің шектелген бюджеттік құқысы бар,

6.Президенттің парламентті таратуға құқысы бар;

7.Өкілдік билік де-факто атқарушы билік алдында қарсы тұра алмайды (противовес), себебі оның құқықтары шектелген.

Ұзақ уақытқа созылған авторитарлы дәстүрлер және әлсіз азаматтық қоғамы бар мемлекеттерде, ең алдыменен, Латын Америкада, Азия және Африкада, сонымен қатар посткеңестік кеңестікте, оның ішінде Ресей мен Қазақстанда, президенттік басқарудың ерекше, классикалық формасы- суперпрезиденттік республика кең таралымға түсті. Онда қатты билік құқықсыз демократиялық институттар көмегімен жасырынып, президент бақылайтын парламент шекті құқыққа ие болып, алйда парламент пен сот органдарынң бақылауынан тыс бүкіл билік Президенттің қолында болады. Кейбір мемлекеттерде (Заир, Малави және т.б.) президент мемлекеттің өмірлік басшысы ретінде жарияланады. Суперпрезиденттік республика демократиялық институттардың құқықтары кеңейтілген немесе үкіметтің бақылауынан шыққан жағдайында биліктің демократиялық формаларына көбінесе жартылай президенттік немесе президентікке айналуы мүмкін.

Содан кейін басқару формасының институционализациясынан кейін, мемлекеттіліктің даму үрдісі билік салаларының құзырларын бөлу мәселесіне тіреледі. Қазақстан екі рет ескі және жаңа 1993 және 1995 ж.ж. Конституцияларын қайта қарауға және қабылдауға мәжбүр болды, оның себебі суперпрезиденттік республика генезисі шеңберінде билік бағыттарының заңды мәртебесі мен ресурстарды үйлестіру. Мемлекеттің мемлекеттік–саяси дамуының ірі мәселесі, биліктің децентрализация үрдісі болып табылады, яғни орталық және жергілікті деңгейлер арасында өкілеттіліктерді бөлу. Бүгін бұл аймақтық саясаттың дамуында, жергілікті билік органдарының қызметтері мен құрылымының өзгеруінен, олардың құзырларының сатылық әлеуметтік-экономикалық және саяси мазмұнымен толықтырумен және республикалық пен жергілікті жергілікті бюджеттерді бөлуден айқын көрінеді. Децентрализация тенденцияларының күшеюінің айқын көрінісі, Қазақстан дамуының жетінші стратегиялық артықшылығы болып табылады.- “Кәсіптік мемлекет” 1997 ж. қазан айында Қазақстан халқына жолдауында мемлекет Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған.

Біздің көзқарасымыз бойынша, келесі кезең әлеуметтік-экономикалық парадигманың басымдылығымен өтті және 2003-2005 ж.ж. деңгейінде басталды. Бүгін әлеуметтік-экокномикалық императивтерімен өткізілген реформалардың мазмұнын детерминациялауына қарамастан, экономикалық реформалар айқындаушы болып табылмайды. Бұл тұжырым реформалау логикасын талдаудан шығады. Экономикалық реформалар өздерінің ішкі механизмдері шеңберінде, экономикалық үрдістің жоғары политизация себебінен атқарылмайды. Осы тезис VIproblem сараптама тобының өткізген сұрау нәтижелерімен расталады: күйзелістің тереңдеу себебі ретінде экономикада саяси коньюктураның басымдылығын айтады.

 Жаңа қазақстандық саяси үрдісінің дамуында шартты 3 кезеңді бөлуге болады:

Бірінші кезең, 1985-1991 ж.ж. аяғы. Ұлттық идеяның басымдылығы. Бұл кезең тіпті 1995 ж. дейін өмір сүрді деуге болады. Мемлекеттік тәуелсіздікке жету мақсатында саяси элита мен халық бірыңғай болды. Ұлттық қайта құру мен мемлекеттік егемендік үшін күрескен, саяси қызметкерлер және қоғамдық бірлестіктер халықтың қолдауын тапты. Басқару элитасы мен контрэлита арасындағы шекара ұлттық мәселе бойынша жатты, оппозиция көбінесе этникасы бойынша орыс болды, оған Мәскеу-Алма-Ата дифференциацияның этникалық критериясының сәйкестігі әсер етті. Басқа жағынан, осы факт қазақтардың қазақ-орыс қарсыласуында басқару элитасын қолдауды айқындады.

Екінші кезең, 1992-2002 (2005) ж.ж. – Мемлекеттік-саяси идеясының басымдылығы. Тәуелсіздікті алудан алғашқы тоқмейілсу (эйфория) өтіп, оптималды мемлекеттік құрылымды іздеу басталады. Осы кезеңде халық көпшілігінің ірі бөлігі ішкі элиталық саяси күрестің куәгерлері болды. Басқарудың генетикалық кеңестік квазипарламенттік және президенттік формалардың үйлеспегендігі есебінен Жоғарғы Кеңес екі рет ауысады. Президенттік институтының құрылуы жүреді. Конституциялық үрдіс динамикалық түрде дамиды. Қазіргі кезеңде, бүгінгі Қазақстанда өтіліп жатқан, орыс-қазақ оппозициялары билік топтарына қарсы консолидацияланады, ұлттық айырмашылықтар екінші жаққа өтеді. Негізгі қарама-қайшылық  бағыты, яғни оппозиция құрылымы өзгереді: енді бұл қазақ-орыс емес, ал өкімет халық, өткізілген жекешелендірудің нәтижесімен және сипатымен күшейеді. Партиялық жүйе ішінде  екі блок дифференциацияланады: “өкімет партиясы”  1998ж. “Реформаларды қолдау Ұлттық Одағына” институцияланады және жеке, дербес билік режіміне қарсыластары “Ұлттық Фронт” оппозициясы. Алайда саяси таптың өзін-өзі ұйымдастырудың негізгі формасы қазір кландар, ал партиялар емес. Қазақстандық протопартиялық бірлестіктердің абсолютты көпшілігі ұлттық идея негізінде құрылды: радикалдардан бастап (“Алаш”, “Желтоқсан”, “Азат”, “Лад”, РПК, “Русская община”, казаческое движение, ұйғыр ұлттық ұйымдары және т.б.) центристерге дейін (ПНКК, ПНЕК және т.б.). Қазақстан саясатында центризм әлі күнге дейін этникалық сипатта, әлеуметтік емес.

Саяси партиялар және қозғалыстар (оппозициялы, лояльді) қазіргі саяси жүйенің перефириясында тұр, шынайы билікке қолы жетпейді, сондықтан оппозиция билеуші элита үшін қауіп төндірмейді.

Мемлекеттік -саяси құрылым мәселелерін шешу және мүдделі топтар мен кландар арасында саяси билікті бөлуді аяқтау 2002-2005 ж.ж. кейін, әлеуметтік-экономикалық идеялар басымдылығы деп сипаттауға болатын саяси үрдіс дамуының үшінші кезеңін ашады. Халықтың өмір деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, кедейшілік, кірістің дифференциациясы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларына бағытталған бюджеттің қысқаруы, жалпы өмір сапасының төмендеуіне апаратын экономикалық реформалар, әлеуметтік-экономикалық идеяны өзекті етті.

Жаңа кезең келуінің негізгі алғышарттары азаматтық қоғамның институализациясы, меншік тобының құрылуы, экономикалық және саяси элиталардың мүдделері мен персоналды құрылымның дифференциациясы, маргиналды таптардың саяси қысымының күшеюі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық идея мемлекеттік- саяси идеяға қарағанда, үлкен көпшілік мобилизация потенциалына ие, қазіргі биліктің осыны ескермеу- өзін жеңіліске апару деген сөз. Басқарушы элита үшін құрылған жағдайдан шығудың жалғыз жолы, ол жаңа шарттарға мақсатқа бағытталып дайындалу. Ұсынылған периодизацияның негізгі саяси жүйе теориясының призмасы арқылы саяси үрдісті талдаумен расталады.

Бірінші кезеңде Қазақстанның саяси жүйесі КСРО саяси жүйесінің бөлінбес бөлігі болды. Қоршаған ортаның негізгі  талаптарын шартты түрде 3 бағыт бойынша бөлуге болады:

а) либералды;

б) демократиялық;

в) ұлттық

Ұлттық идеяның туындаумен барлық үш талаптар ағынының кенет күшеюі нәтижесінде, келіп түсетін сигналдардың интенсивтілігін реттеуге бағытталған саяси жүйе бұзылды. Саяси жүйені тоталитарлы кезеңде қолдауы мәжбүрлі болғандықтан, осы кезеңде 1989 жылы көпшіліктің қайта құру нәтижелерімен риза еместігінің себебінен бірте-бірте әлсірейді. Осы жағдай  КСРО саяси жүйесінде бұзулардың жиі болуына әкеліп, ұлтаралық қақтығыстарды күшпен шешу бұның айқын айғағы. Саяси жүйе қабылдаған шешімдер өзінің тиімділігі мен қызметтестігін жоғалтады, қоршаған ортаны басқару қиынға түседі. Саяси жүйенің ішкі кіре берістері талаптар мен қолдауға жол береді. 

Осылайша, орталық саяси элита оқиғалардың дамуына бақылау жүргізе алмайды. Бұның бәрі КСРО саяси жүйесінің құлдырауына алып келді.

Екінші кезең- мемлекеттік-саяси идеяның басымдылығы. Сонымен қатар Қазақстанның саяси жүйесінің дербес институализация кезеңі ретінде сипаттауға болады. Мұнда тәуелсіз саяси жүйенің барлық күштері қоршаған ортаны басқаруды қайта құруына бағытталған. Онда саяси жүйенің шыға берісінің қызметі кіре беріс қызметінің алдында басым. Талаптар жиынтығы бұрынғы болып қала береді (либералды, демократиялық, ұлттық), айырмашылығы тек көшбасшылықты либералды ұрандар: жекешелендіру, жеке меншік, массалық террор жүйесін жою және т.б. қалады. Ұсынған талаптар қоршаған ортада шешімсіз қалады да, әлеуметтік шиеленісудің өсуіне және жиналуына әсер етеді. Қоғамда саяси апатия кезеңі келеді. Саяси жүйе қоршаған ортадан тәуелсіз өмір сүріп, соңғысынан келетін импульстарды елемейді. Екінші кезеңнің аяқталуына таман, біз саяси жүйе құрылымының қаттылығында әлеуметтік шиеленісудің күшеюіне ие, бұл кері байланыс айналымының жоқтығы есебінен адекватты шешімдер қабылдау қабілеті жоқ.

Біз ұсынатын үшінші кезең әлеуметтік-экономикалық идеяның басымдылығы, шартты түрде Қазақстанның дербес институцияланған саяси жүйесінің қызмет етуі деп айтуға болады. Осы кезеңде кері байланыс айналымының жоқтығы себебімен қоғамды басқаруды жоғалту, саяси элитаны электораттың пікірін есептеуге итермелейді. Партиялардың қайтақұрылуы ұсынылып жатқан талаптардың сипатын өзгертеді, олар институционалған мемлекеттік емес акторлармен (партиялар, қозғалыстар, кәсіпкерлер одағы және т.б. қысым топтар) ресімделген түрде беріледі. Азаматтық қоғамның пісіп жетілуі, саяси жүйенің қолдауы қоршаған орта талаптарын атқару қызметінен тәуелді болады. Олардың ішіндегі маңыздысы демократизация.

Осылайша, біз Қазақстанның саяси жүйесінің мемлекеттік-саяси идеясының аяқталуы және оны әлеуметтік-экономикалық орнын басуы кезеңінде қызмет етуінің бір нұсқасын бейнеледік. Алайда біз саяси эволюцияның қарама-қарсы векторының күшеюін жоққа шығармаймыз. Кез келген жағдайда екінші және үшінші кезең шекарасында Қазақстанның саяси жүйесі дилеммаға тіреледі, не реформа оның икемді жағының күшеюіне, не әлеуметтік шиеленісудің күшеюіне бағытталады.

 

ГЛОССАРИЙ

 

Саясат – политика   /грек сөзі – мемлекеттік  немесе  қоғамдық істер, мемлекет  деген  ұғымды  білдіред/. Төмендегідей  мағыналарда  қолданылады: 1/  саяси билікті жеңіп  алуға, оған  ие  болуға, пайдалануға  ұмтылуымен  байланысты  және  өз   мүдделерін жүзеге  асыруға,  қорғауға  бағытталған мемлекеттер, таптар,  ұлттар, адамдардың  үлкен  топтары  арасындағы салада биліктің  басқару  органдары,  азаматтардың   бірлестіктері  мен  жеке  адамдардың  қызметі; 2/ мемлекеттік істерге  қатысу, оның  қызметінің  түрлерін, міндеттерін  және  мазмұнын  айқындау; 3/ тарихи  тұрғыдан  алғанда – билеушілердің, оның сыбайластарының, көп  жағдайда  олардың  айлакерлікпен жасалатын  әрекеттерлерінің  түрлері, ниеттері, міндеттері, мақсаттары; 4/ күнделікті  ауыз-екі айтылуы  тұрғысынан алғанда -  адамдар  арасындағы  қатынастарды  олардың өзара  белгілі бір  мақсаттарды айқындауға  бағытталған әрекеттердің  сипаттамасы; 5/ ағымдағы  мемлекеттік немесе  қоғам  өмірінің мәселелері, немесе  түрлі  саяси  оқиғалардың  жиынтығы.

Саясат  жөнінде  толық  мағлұмат  алу  үшін, оның  құбылысын,  мәнін, объектілері  мен  субъектілерін, түрлерін, типтерін, бағыттарын, саясаттың  салаларын, міндеттерін,  мақсаттарын, атқаратын  қызметтерін, тәсілдері мен әдістерін,  оны  жүзеге асырудың  тетіктерін  білу  қажет. Саясаттың  салаларын  даралау, оны  талдау  түрлі  негіздерде  жүзеге  асады. Айталық, ол: 1/қоғам  өмірінің  салалары / экономика,  әлеуметтік, мәдени,  ұлттық, әскери және т.б. /   2/ елдің  ішкі,  сыртқы  саясаты; 3/ қамту  көлемі / халықаралық, дүниежүзілік,  аймақтық  және т.б./ ; 4/ саясатты  жүргізу  және  субъектісі /мемлекет, партиялар, қозғалыстар, жекелеген  адамдар  және  тағы  басқалар/ ; 5/ саясаттың  әрекет ету  мерзімі  бойынша дараланады.

Саясаттану – политология – саясат  жөніндегі  ғылым. Бұл  ұғым қоғам  өмірінің, қоғамдық  сананың саяси  дәрежесінің  өсуіне, саяси пікірлердің   алуан  түрлі   болуына және  компартиялылықтың қалыптасуына   байланысты  80 – жылдардың  аяғында жиі  қолданыла бастады. Саясаттану – саясат  және  саяси билік, саяси  мүдде,  саяси  қатынас, саяси  сана,  саяси  процесс, саяси  мәдениет  пен  адамдардың  саяси  қызметі, қоғамның  саяси  өмірін  ұйымдастыру  және  саяси  жүйе туралы  білімдердің  тұтас, жүйелі жиынтығы. Саясаттану  пәнінің  өзекті мәселелері -  саяси  мүдделердің,  саяси  көзқарастардың  және  адамдар арасындағы  саяси  қатынастардың  обьективті заңдылықтарының  пайда  болуы  және  дамуы, саяси  биліктің қалыптасуы  және  өзгеруі, саясаттың  және  саяси  қызметтің  заңдылықтары, саяси  процестердің дамуы  болып  табылады. 

Саясаттанудың  объектісі – қоғам  өмірінің  алуан  түрлі  көріністері, саяси жүйелерді /алдымен  мемлекеттік/ талдау, саяси  оқиғалар  мен  процестерді  зерттеу  және болашаққа  болжам   жасау.

Қазіргі  саясаттанудың  күрт  дамуы  ғылыми  мағлұматтардың  жылдам  өсуіне,  оның  әдістері мен қызметтернің /танымдық, реттеушілік, болжамдық/   артуына, негізгі  ұғымдарының байып  жаңа  түсініктемелермен толысуына  әкелуде. Саясаттанудың  көптеген  тұжырымдары  мен  қағидалары    жалпы  адамзаттық  мұралармен  толығып, интернационалдық, әлемдік ортақ  ұғымдармен  толығуда.

Біріккен   Ұлттар  Ұйымының  жанынан 1949 жылдан  бері  саяси  ғалымдардың  халықаралық  бірлестігі /СҒХБ/ құралған. Қазақстан  тәуелсіз мемлекет  болғандықтан осынау саяси  ғалымдардың  халықаралық бірлестігіне  кіруге  тиіс.

Парламенттік басқару /парламетское правление/ англосаксон тілінде парламент  сөйлеу  деген  ұғымды береді. Кең көлемдегі мәні  сайлау процесінде құрылатын  ең  жоғарғы өкілетті  заң  орны, қоғамда басқарудың  мемлекеттік  жүйесі. Ол әр  мемлекетте әртүрлі  аталады. Айталық, англияда  парламент  десе, АҚШ – та Конгресс, Швецияда – Рикедаг, Норвегияда –Стортинг, Туркияда – Меджилис.

Гражданское  обшество – азаматтық  қоғам – негізгі  әрекет  жасаушысы әрі  даму  субъектісі – адам, оның  сол  қоғамның материалдық  және  рухани  негізінде  сай келетін  қажеттілігі  мен  мүддесінің  жүйесі. Азаматтық қоғам -  қоғамдық қатынастардың /экономикалық,  әлеуметтік  саяси тағы  басқа/ ресми және ресми  емес  құрылымдардың  жиынтығы. Осының  негізінде  әрі қоғамдық  дамудың  қол  жеткен  дәрежесінде  сай  жеке  адамдардың  немесе  әлеуметтік  топтардың  алуан  санаулы  қажеттілігі қамтамасыз  етіледі.

Азаматтық  қоғамның  түрлері абсолюттік, шартты  және реалды  болып  үшке  бөлінеді. Алғашқы  екеуі  адамзаттың  ұмтылыс  идеалы, даму  тенденциясы.

Саяси  плюрализм – политические  плюрализм – саяси  пікірлермен іс-әрекеттердің алуан  түрлілігі. Осы  уақытқа  дейін  идеологиялық  жіктелу мен  шектелудің  алу  кесірінен  демократияның  бұл  түріне сын  айту,  бір  ғана саяси  партияның  монополиялық  басшылығын, Маркстік-Лениндік  идеологиядан  басқаның  бәрін  теріске  шығарған тоталитарлық  қоғам  болып  келдік.

Еліміздің  президенті  қоғамда  болып  жатқан  саяси  өміріміздің  әр-алуан түрлеріне түсінік  білдіріп, төзімділікпен қаралды, оларды Қазақстанның егемендігі мен  тәуелдігін нығайту  бағытында  күш біріктіруге, келісімге  келуге  шақырады. 

Геосаясат – геополитика -  геосаяси  - геополитический  жер  және  географиялық  жағдайда,  қоршаған  табиғат ортаға және  ауа  райына  негізделген  теория  әрі  саясат.  Бұл  бағыттағы  ғалымдар,  саясатшылар  мен  идеологтар  - адамның  мінез – құлқына,  саяси  көзқарасына,  мемлекеттің  материалдық  және  рухани  даму  дәрежесіне  қоғамның  немесе  бүкіл  өркениеттің  дамуына ең  күшті  ықпал  ететін  фактор  деп  географиялық  ортаны  ұсынады.

Билік – Власть   -  мына  мағыналарда  айтылып  қолданылады: 

1. Біреуге немесе  бір  нәрсеге  иелік  ету  қабілеті, құқы  және  мүмкіндігі; құқық,  бедел,  ырық,  мәжбүр  ету  құралдары  арқылы  адамның  тағдырына  іс-әрекеттеріне және  қызметіне  пәрменді  ықпал  ету;                                            2. адамдаға  саяси  үстемдік  ету;     3. мемлекеттік  органдардың  жүйесі;         4. тиісті  мемлекеттік, әкімшілік  істерге  ие  болған  жеке  адамдар,   органдар.

Билік әртүрлі  салада  көрінуі  мүмкін  /экономикалық,  саяси,  рухани  салалардағы билік, орталықтың  билігі,  жергілікті  билік,  жеке билік,  ата-ана  билігі  және  тағы  басқа/ билік  ауқымы  мен  көлемі  жағынан  шексіз,  шекті, аумақты  және т.б.  болып  бөлінеді, ол  биліктің  вариациялары   дара  билік,  қос  билік, көп  билік,  толық  билік,  жалпы  билік, биліксіздік,  қолайлы  билік, иліктің  бұрмалануы, билік       дағдарысы, биліктің  дәрменсіздікке  душар  болуы  дегендей  құбыла   береді.  

Құқтық мемлекетке  биліктің  бөліну  принципі /заң  шығарушы, істі  атқарушы, сот /маңызды  орын  алады. Әдетте  қоғамдық  пікірге ықпал  етуіне  байланысты  баспасөзді «төртінші»  билік  деп  атайды.

Билік  деген  ұғым  бір  топ  түсініктердің  негізі  болып  табылады. Мәселен  билік  ету,  билік  ұстаушы,  билікке  жаны  құмар,  билікті  жек –көруші  және т.б. демократиялық  мемлекетте   биліктің  құрылымы  мен  жүйесі, адамның  билікті  жүзеге  асыруға  қатысы,  билікке  бұқараның  бақылау  жасауы  шешуші  рөл атқарады. Биліктің  түпкі  мұраты -  халықтың  толық  билігіне  жету.

Саясатшы – Политик  - саясатқа,  саяси  өмірге  белсенді  қатысушы  саяси  қайреткер,  саясатпен  айналысушы  адам,  саясатқа  жетік  кісі. Саясатшының  қызметінің  сипаты,  мазмұны  мен  нәтижесі,  оның  жетістіктері  мен  сәтсіздіктері  көптеген  жағдайларға,  ең  алдымен  саяси  даярлығына,  біліміне, тәжірибесіне, идеялық  және  саяси  бағытына,  бұқараның  көңіл-күйін  және  талабын  сезе  білуге  оларды  атқара  алуына, оқиғаның  барысын  талдап,  бағдарлай  білу  қабілетіне  байланысты.

Саяси басшы - Политический  лидер . Саяси  партияның,  қоғамдық ұйымының, қозғалыстың  жетікшісі. Соңғы  кезде  мемлекет,  қоғам  басшыларына саяси басшы  ұғымдарымен  алмастыруда.

Саяси  басшыларға  жүктелетін   талаптар  көп.  Оның  саяси  батылдығы,  көрегендігі,  іскерлігі  және  орындаушылық  қабілеті  әрдайым  жұрт  алдында,  соған  қарай  басшының  жетістіктері  мен  кемшіліктері  алған  бағыттың, атқарған  қызметінің  нәтижесі  осынау  қасиеттеріне  тікелей  басланысты. 

Саяси  өмір – Политическая  жизнь -  мемлекетке,  оның  атқаратын  қызматіне  билік  пен  басшылыққа  байланысты.  Мемлекеттік  органдардың,  бұқара  мен  саяси  басшылардың,  өзара  қатынасы:  Партиялар  мен  қоғамдық  ұйымдардың  сондай – ақ  басшылардың  бір-бірімен  ара – қатынасы  - қоғамдық  қатынастар  саласы.  Саяси  өмір - өте  күрделі  әрі  алуан  түрлі. Ол  адамдардың  тұрған  жайынан  бастап  еңбеккерлердің,  ұжымдардың  мемлекеттік  -  саяси  басқару  деңгейіне,  мемлекет  аралық  саяси  қатынастар деңгейіне  дейінгі  дәрежеде  жүреді.

Сыртқы  саяси  өмір -  мемлекеттің  мүддесі, әскери  саяси  топтар  мен  Одақтардың  өзара  қарым-қатынасының  жүйесі.  Ол  сыртқы  саяси  және  сыртқы  экономикалық  мәселелер  бойынша  келісімдерді  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  жасайтын  мемлекеттік  және  басқа да  саяси  басшылар  арасындағы /ресми бару-келу, кездесу,  пікір – алысу,  шарт  жасау/ байланыстарын  қамтиды. Ішкі  саяси  өмір  -  мемлекеттің  өз  ішіндегі  мемлекеттің  өзі  мен  оның  органдарының  бір  жағынан  және  екінші  жағынан  сол  мемлекеттердің  азаматтарын,  саяси  партиялардың,  партия  басшыларының,  ақпараттың  жеке  қатардағы  партия  мүшелерінің, таптар  мен  ұлттардың,  халықтардың  мемлекет  пен  оның  құрылымына  байланысты  өзара  қарым-қатынастардың  жүйесі.

Саяси  өмірде  бұқаралық  хабарлама  құралдары  теледидар, баспасөз,   радио  және т.б.  шешуші  рөл  атқарады. Олар өзекті  саяси  мәселелер  бойынша  қоғамдық  пікірдің  қалыптасуын  және  жеке  адамдардың  бағытын  жүзеге  асырады.

Саяси  жүйе –Политическая  система  - саяси  саланың  бір бөлігі,  яки билікті жүзеге  асырушы,  қоғамдық  істерді  басқару  топтардың, әлеуметтік  топтардың, ұлттардың,  мемлекеттердің  ара  қатынасын  реттеу  мен байланысты  жиынтық  жүйесі. Ол қоғамның  тұрақтылығынан  және әлеуметтік  тәртіпті  сақтауды  қажет  етеді.

Саяси  сала –Политическая  сфера – белгілі  бір  қоғамның  барлық  саяси қатынастарын  қамтитын  қоғам  өмірінің  саласы. Саяси  салаға билікті  жеңіп  алу,  сақтау,  ұстап  тұру,  пайдалану  және  билікке  ықпал  етуге  байланысты  таптардың,  әлеуметтік  топтардың, жіктердің, ұлттар  мен  мемлекеттердің  өзара  қатынасы: мемлекеттік  билікті  орнату, оның құрылымын  қалыптастыруға,  сондай-ақ  мемлекеттік  істерге  қатысу, саясаттың  мазмұнын,  мақсатын,  міндеттерін  және  құралдарын  айқындауға  байланысты  қызмет  түрлері  жатады.

Тоталитаризм – французша  тоталитайре  деген  сөзден  алынып,  саяси  терминге  айналған, яғни  бүкіл  билікті  бір  адамның  немесе  бір  топ  адамның  қолына  шоғырландыру.  Тоталитарлық  режім  жағдайында  азаматтық  қоғамның   барлық   жүйесіне  мемлекет  аппаратының  басқаруы  және  бақылауы  орнайды.  Тоталитаризм – этатизм  және авторитаризмді  ақтайтын  саяси  бағыт. Ол  ХХ  ғасырдың  20-жылдарынан  бастап  фашистік  Германия мен Италияның ресми  идеологиясына  айналды.

 Тоталитарлық  режім  мынадай  белгілерімен  айқындалады:  мемлекеттің  азаматтары  қоғамдағы саяси  процестен  толық  шеттетіледі; барлық  дәрежедегі  саяси  билік  бір  орталыққа  шоғырланады;  қоғамдық  өмірдің  барлық  іс-әрекеті  саясаттандырылады  және  ол  орталықтың  келісімі  бойынша  ғана  жүргізіледі; бірауыздылық,  бір  пікірлестік абсолюттендіріледі, басқаша  айтқанда  ойлау  түбірімен  жойылады; барлық  дәрежедегі билік  жүргізетін  кадрлар  бюракраттық  жобық  жасырын  номенклатуралық  жолдар  арқылы іріктеліп,  орналастырылады; формальдық  сипаттағы  мемлекеттік  емес  қоғамдағы – саяси  ұйымдар  мемлекеттік  органдардың  қосалқы  әрі  бағыныңқы  шылауына  айналады;  қоғам  бірте-бірте  өз  тобының, әлеуметтік  тобының  мүддесін  қорғай  алатын,  одан  қол   үзген,  қоғамдық  жұмысқа  белсенділігі  жойылған,  ниеті  азғындаған  қоғамға  айналады; қоғамға  жаны  ашып,  оны  жақсы  жолға  салуға,  белсенділік  көрсеткендер  сарай  төңкерісін  жасап,  қоғамның  саяси  - экономикалық   жүйесін  құлатуға  ұмтылушылар  деп  танылып,  қуғынға  ұшырайды,  «халық  жауы» деп  жарияланады; мұндай  қоғамда  демократиялық  құқықтар  мен  еркіндік  жөнінде  тіпті  айтуға да  болмайды.  Конститутция  формалды  сипат  алады. Партия  мен  мемлекеттік  ақпарат  біртұтас  бюрократтық жүйеге  айналады.

Авторитаризм – ауторитас деген  латын  сөзінен  алынған,  яғни  саяси  билік  деген  ұғымды  білдіреді. Қоғамның  саяси  өмірін  ұйымдастырудың  түрлеріне  абсолютизм, автократия, деспотизм,  охлократия, плутократия  және  авторитаризм  жатады.

Консерватизм – французша  және  латынша  сақтау, өзгертпеу  деген  сөз.  Ең  алғаш  саяси  мағынада «консерватизм»  терминін  француз  жазушысы  Б. Шатобриан  қолданған. Оның  мәні – ХУІІІ  ғасырдың  аяғындағы  француздық  буржуазиялық  революцияға  феодалдық-  аристократиялық  идеологияның  қарсылығын  білдіру,  «оңшыл» ағартушылық  идеяны  сынау,  өз  идеологиясын  қорғау  болатын.

Ғаламдану – бүкіл жер шарын қамту, бүкіләлемдік

Интеграция – мемлекетаралық саяси, экосаяси, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Интеграция үрдісіне бой ұрған елдер экономикалық, әлеуметтік, қаржы саясатында, ғылыми зерттеулерде, технологиялық дамуда, қоршаған ортаны қарауда, сыртқы саяст жүргізу мәселесінде бірлесіп әрекет етеді.

Ынтымақтастық – белгілі бір мақсатта немесе бағытта екі немесе бірнеше мемлекеттің немесе қандай да болмасын ұйымдардың екі жаққа да пайда алып келу мақсатында бірлесе отырып жұмыс істеу үрдісі.

Тәуелділік –  егер халықаралық қатынас мәселесінде қарастыратын болсақ, бұл бір мемлекеттің екінші бір мемлекетке саясаттың бір жағынан бағынышты болуы, көбінесе бұл термин дамыған елдерден дамушы елдердің қарыз алған кезінде туындайтын мәселе.

Бірыңғай саясат –  екі мемлекет немесе мемлекетаралық ұйымдардың басшыларының белгілі бір мәселені шешу барысында біршақты көзқараста болуы немесе бір ұстанымды ұстауы.

Қауіпсіздік – қауіп-қатерден тыс, қауіптен қорғаныс бар жағдайды атаймыз.

Әлемдік саясат – мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекеттің жиынтығын айтады

Космополитизм – қандай-да болмасын ұлттың мүдделерінен адамзат мүдделерін жоғары қоюшы «әлемдік азаматтық деп аталатын идеологияны атаймыз.

Этникалық ұлтшылдық - тарихи қалыптасқан бір ұлттың басқа ұлтқа қарағанда жоғары екенін сезінуі және оған қарама-қайшы ұстанған идеологиясы мен саясаты.

Трансұлттық  байланыстар - әлемдегі бар ұлттардың араларындағы немесе бір-бірімен қарым-қатынастары.

Субұлттық байланыстар –  ұлттардаң бір саты төмен тұрған топтардың арасындағы байланыстар.

Әлемдік интеграция –  бүкіл әлемге маңызы бар, бүкіл әлемге жайылатын бірлесу үрдісін айтамыз.

Плюрализм – іс-әрекеттің түрінің, ойларының, көзқарастарының көптүрлілігі және бостандығы.

Адамзат – халықтар, адам тұқымы.

Халықаралық қатынастар – халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дуниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси, экономикалық, құқықтық, дмократиялық, әскери, мәдени байланыстар және олардың  өзара қатынастарының жиынтығы.

Екітарапты мәселелер –  қандай да болмасын екі мемлекет арасындағы шешілеген немесе қарауда жатқан мәселелерді атаймыз.

Аймақтық мәселелер – белгілі бір жерге көршілес бірнеше елдерге қатысы бар мәселелері.

Ғаламдық мәселелер – бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселеллерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядерлік соғысты болдырмау, айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, СПИД, Африкадағы аштық т.б.

Жаңа қатерлер” –  адамзатқа бірінші таңда және болашақта қауіп төндіреттін нәрсе; Адамзатқа түсініксіз аурулар, халықаралық терроризм, адамзат арсындағы материалдық теңсіздік, адамзаттың рухани азғындалуы /жыныстық революция, оргтехникалық дамуына байланысты.

Ескі қатерлер” – КСРО мен АҚШ бастаған екі жүйенің әлемді соғыс қауіпінде ұстады.

Жоғарғы дамыған елдер – әлемде мәдени /ағылшын/, экономикалық /АҚШ,Япония,ЕО/, саяси /АҚШ/  жағынан үстемдік жүргізуші елдер.

Дәстүрлі қатынастар – ғасырлар бойы екі немесе бірнеше елдер арасындағы туыстық немесе басқа дәрежедегі қалыптасқан қарым-қатынастар.

Дәстүрлі емес қатынастар – ресми түрде, қатаң құжаттарда бекітілген қарым-қатынастар.

Халықаралық ұйымдар – халықтар, мемлекеттер саяси, экономикалық, құқықтық, денсаулық, ілім беру мәселелерін шешуге, қорғауға, арақатынасын қамтамасыз ететін ұйымдар.

Ережелік – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оларды барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті.

Интерұлтшылдық - КСРО өмір сүрген шақта жұмысшы табының халықаралық келісімі, дүние жүзі коммунистерінің ортақ мақсатқа жетудіге бірігуі.

Экономикалық ұлтшылдық - экономика саласында өз ұлттының мүддесін көздей отырып, экономиканы дамыту.

Ынтымақтастық - елдер арасындағы әртүрлі салада қатынас жасау. Осы мәселелерге байланысты келісімдерге қол қою.

Әмбебап ұйым –  бұл БҰҰ болып табылады. Бұл «дүниеге келген, ондай ұйым дүние жүзінде жоқ. Өйткені БҰҰ көптеген бөлімшелері қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтиды.

Еуроатлантикалық қауіпсіздік – еуроатлантика дегенде біз ЕО және АҚШ қарастырамыз. Яғни бұл елдердің бір-біріне көмектесуі арқылы қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету. Егер бұл елдер арасында қауіпсіздік қамтамасыз етілсе, дуниежүзінде қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.

Діни фактор – белгілі бір құбылыстың орын алуына немесе дамуына әсер ететін қоғамның наным-сенімдік немесе ұстанымдық жағдайы.

Негізгі мүдделер – белгілі бір саяси қайраткер, ұйым мемлекеттің ұстанатын басты ұстанымы. Содан шыға отырып, шешім қабылданады. Негізгі мүддеге ұлттық мүдде жатады.

Екінші дәрежелі мүдделер – оған мемлекеттің оның басшыларының өз мемлекетіне әкелетін пайданы ойластыра отырып, ұстанатын ұстанымын жатқызамыз.

Демократиялану – халық билігін,заңды мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген, мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және жұмысы хал. Бақылауда  болуын, сайлау құқықығының тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуы.

Этникалық ұлтшылдық – тіліне, мәдениетіне, мінез-құлқындағы ортақ ерекшеліктеріне, ерекше мән беріп, жоғары қоятын, белгілі тарихи аумақта қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сақтайды.

Геостратегиялық жағдай – әрбір мемлекеттің орналасуы, жағрафиялық жағдайы оның сыртқы саясатына әсер етеді.

Ұлттық мүдделер – мемлекеттің ұлттық және аумақтық-территориялық, тілдік, экономикалық маңызды мәселені жоғары қойып, содан шыға отырып, елінің мүддесін ұстану.

Шекараға қол сұқпау – бір мемлекеттің немесе ұйымның басқа мемлекеттің біртұтас территориясына, белгіленген шекарасына әскери күшпен немесе басқа да жолмен тартып, иемдеп алудан, бұзұдан бас тарту.

Әскери-саяси егемендік – мемлекеттің, халықаралық ұлттық әскери саяси тәуелсіздігі. Егемендік деп шет елдің араласуына жол бермейтін, мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы әскери-саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда, әскер ұстауда оны қолдануда, шешімдер қабылдануда, жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін айтады.

Ұлттық қауіпсіздік – территориялық, аумақтық, тілдік, экономикалық өмірдің, ұлт мәдениеті мен тұрмысқа психикалық ортақтығымен байланысты адамдардың қалыптасқан бірлестігінің бұзылмауын қамтамасыз ету, бұзылуға жол бермеу жолдары, халық амандығын ойлау.

Халықаралық қауіпсіздік – қазіргі жаһанданудың жағымды нәтижелердің де жағымсыз салдардың туындауына себеп болуда. Аса қауіпті салдар – халықаралық лаңкестік, діннің әлемдік дүние тәртібіне ықпал ету қабілетінің арта түскендігі. Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, қазір 70 мемлекетте 1000 - нан аса ұйым өз мақсатына жету құралы ретінде лаңкестікті пайдаланады.

Жалпы қауіпсіздік – қазіргі уақытта төніп тұрған қатерден еш мемлекет толығымен қорғалмаған. Сол себепті жалпы ортақ мақсатта мемлекеттердің тыныштығын бұзбау ниетімен жалпыға қажет қауіпсіздікті жұмыла қамтамасыз ету.

Адам қауіпсіздігі – адам жер бетіндегі ең қажетті маңызды нәрсе. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ – ң «адам құқытары туралы Конвенция қабылдады. Қазақстан сол конвенцияға қосылды. Яғни адам мемлекет тарапынан, айналасындағы басқа заңдар тарапынан өзін қауіпсіздікте сезінуі қажет және өзі де басқа адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

Мәдени қауіпсіздік – мәдениет ол адамзаттың ондағы, қоғамның сапалы немесе ақыл қатынастарындағы жетістігі. Ол әр елде өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Тұрмыс – салтында, қолөнерде, ұлттық сана-сезім, психологиясында жалпы ұстанымдарында көрініс табады. Мәдени қауіпсіздік дегеніміз – ол әр елдің жеткен жетістігінің жалпы өркениеттің қорғалуын, сақталуын, бұзылмауын қамтамсыз ету.

  

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Политология – Издат-во ЛГУ, Ленинград,  1991.

2.     Основы  политологии. Киев, 1991.

3.     Пономарев В.А. Общественные  организации  в  Казахстане  и Кыргызстане /1987-1991/. Алматы,  1991.

4.     Некоторые  проблемы преподавания  социально-политических наук. Алматы,  1991.

5.     Ақиқат  журналы.  1992, № 1-7

6.     Ақиқат  журналы.  1992, № 11-12

7.     Социально-политические  науки: Журнал. 1990. №12

8.     Социально-политические  науки: Журнал. 1991. №1-12

9.     Социально-политические  науки: Журнал. 1992. №1-5

10. Ростоу Д. Демократизация- согласие –пакт. Переходы к демократии:попытка динамической модели// полис.-1996.-№5.

11. Введение в политологию: словарь-справочник/ Под.ред. В.П. Пугачева.-М.:аспект пресс,1996.-264с.

12. Конституция Республики Казахстан. Алматы,1995. Разделы ΙΙΙ-V.

13. Основы политической науки. Учебное пособие для вузов./ Под.ред. В.П. Пугачева. В 2-х ч. Ч.1. М.: Общ. «Знание» России, 1994

14. Введение в политологию: Словарь-справочник /под.ред. В.П. Пугачева. М.: аспект Пресс, 1996. С.199-200. 

15. Bertalanffy L. von. An Outline of General System Theory // British Journal for the Philosophy  of Science. Vol.1. 1950. P.134-16

16. Кремянский В.И. Некоторые особенности организмов как «систем» с точки зрения физики, кибернетики и биологии// Вопросы философии. 1958.-№8

17. Леонтьв В.В. Экономические эссе. Теории, исследования, факты и политика/Пер. сангл. М.: политиздат, 1990.

18. Парсонс Т. Система современных обществ / Пер. с англ. Под. ред. М.С. Ковалевой. М.:Аспект Пресс,1998.

19. Парсонс Т.// Антология мировой политической мысли. В 5 т. Т.2. Зарубежная политическая мысль. ХХ в. М.:Мысль,1997. С.478.

20. Истон Д. Категории системного анализа политики// антология мсировой политической мысли. В 5т. Т.2. Зарубежная политическая мысль. ХХ в.М.:Мысль, 1997.С.641.

21. Иванов В.Н. , Матвиенко В.Я., Патрушев В.И. , Молодых И.В. Технологии политической власти: зарубежный опыт. М.1998.- С.216.

22. Арынов Е.М., Машанов М.С. Идейные парадигмы в эволюции общественно-политического процесса В Казахстане// Саясат. 1997.№9. С.51-54. 

 

Мазмұны 

Кіріспе                                                                                                               3 

Тақырып 1. Саясаттану  пәні және оның атқаратын қызметі                              4  

Тақырып 2. Саясаттанудың негізгі ұғымдары                                                      7 

Тақырып 3. Қазіргі қоғамдағы саяси өкімет билігі                                            10 

Тақырып 4. Мүдделер  және Саяси Өкімет билігі                                              12 

Тақырып 5. Қазіргі заманғы  мемлекет және саяси  тәртіптер                          15 

Тақырып 6. Құқықтық  мемлекеттің принциптері                                              18 

Тақырып 7. Партия және партиялық  жүйелер                                                   21 

Тақырып 8. Қоғамдық  ұйымдар, қозғалыстар                                                   23 

Тақырып 9. Адам  және  саясат                                                                            26 

Тақырып 10. Саяси  мәдениет                                                                              29 

Тақырып 11. Саяси жүйені зерттеудегі негізгі теориялар                                 31 

Тақырып 12. Қазақстан саяси жүйесінің трансформациялануы тәжірибесі    42 

Глоссарий                                                                                                               50 

Әдебиеттер тізімі                                                                                                   59