ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 "Алматы энергетика және байланыс университеті"

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

 

 

ӘЛЕУМЕТТАНУ

Оқу құралы  

Д.С. Орынбекова

 

Алматы 2010

ОЖК 316 (075,8)

ББК 65.5я79

0-74 Әлеуметтану:

Оқу құралы /Д.С. Орынбекова;

АЭжБУ. Алматы, 2010. – 79б.

 

ISBN 9965-850-34-8

 

 

Бұл оқу құралы сегіз тақырыптан тұрады. Еңбек социологиясы мен инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелерінің оқу - құралдарына байланыста ортақ мәселесін және қоғамның әлеуметтік құрылымы, білім социологиясының негізгі мәселелері, социологияның негізгі бағыттарын зерттеудің әдіс - тәсілдері мен әдістемесі аумағындағы маңызды мәселелер сөз болады. Оқу құралы барлық мамандықтар студенттеріне арналған.  

 

 

                                                                                                       ББК  65.5я79

 

Пікір беруші: филос. ғыл. док., М. Дәкенов

                        филос. ғыл. канд., К.Ш. Мухамеджан  

 

          Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2010 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

 

 

 

ISBN 9965-850-34-8

  

 

           © «Алматы энергетика жєне байланыс университеті» КЕАҚ, 2010 ж.

 

Алғы сөз 

Еліміз егемендік алғаннан кейінгі қоғамымызда жүріп жатқан түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесін де қамтып отыр. Осыған орай жоғары оқу орындарында қоғамдық ғылымдарды оқыту мәселесі жаңаша қойылып, оқыту процесіне жаңа пәндер енгізілді. Олардың бірі - социология пәні. Жаңа сапалы қоғамдық қатынасқа көшуге, бұрынғы Одақтың ыдырап, экономикалық байланыстардың нашарлауына байланысты тиімсіз өндіріс орындарының қысқартылуы объективті себеп болды. Соған сәйкес қайсы біреулер үшін жұмыссыздық заңдылыққа айналды. Әлеуметтік әділеттілік оларды қорғауды талап етті. Сонымен бірге бұрынғы кезеңдегі әлеуметтік өзгерістер теориясы мен қисындарды ой елегінен өткізіп, қазіргі нарықтық қатынас жағдайындағы әлеуметтік құбылыстарға сәйкес көңіл аудару қажет. 

Социологиялық білім берудің басты мақсаты - студенттердің әлеуметтік ой зерделілігін, әлеуметтік проблемаларды түсінуін, оларды шешу жолдарын табуды қалыптастыру болып табылады.

АЭЖБУ-да социология пәні 1996 жылы енгізілді. Техникалық білім саласына арнаулы бірнеше күрделі тақырыптары бар: еңбек әлеуметтануы, инженерліктің әлеуметтік проблемалары, басқару мәселелері, білім беру т.б.енгізілді. Оларды оқып-үйрену теориялық және тәжірибелік тұрғыдан өте маңызды.

Социология пәні бойынша ана тілімізде оқулықтар, әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Көбінесе жарық көрген оқу құралдарында отбасы, білім, жеке тұлға, әлеуметтік институттары жайлы берілген. АЭжБУ оқу бағдарламасы мен семестрлік жұмыс тапсырмаларына сай емес. Орыс тілінде жарияланған профессор Қ.Ғ. Ғабдуллинаның, профессор Н.Аитовтың редакторлығымен шыққан "Социология", "Социология труда" оқулықтарының маңызы зор. Осындай жағдайда ана тілімізде оқу құралын жазып, біздің техникалық жоғары білім берудің ерекшелігін жоққа шығармай, көрсетілген жеті тақырыпты баспаға дайындады.

Құрал айтқандай он тақырыптан тұрады (олардың әрқайсысы үш-төрт мәселені - қамтыған). Оны оқып-үйрену барысында студент өз көзқарасын кеңейтіп, тәжірибелік қызметтерді атқаратын әлеуметтік инженердің, оның ішіндегі бүгінгі заманға сай кәсіби қасиеттерінің талаптарын білу.

Оқу құралдарында қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді ашып көрсету үшін, Тәуелсіз Елдер Достастығына кірген елдердің және шетелдік деректері де бар.

Әлбетте, қаралған мәселелерді шағын оқу құралдарында кеңінен және терең баяндау мүмкін еместігі түсінікті. Сондықтан, студент оның төңірегінде қалып қоймай, қосымша әдебиеттерді өз бетінше оқып білімін жетілдіруі қажет. 

 

 

1 тақырып. Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

 

1.1 Социологияның объектісі және пәні. Социологияның заңдары мен категориялары

 

Қоғам - бірқатар ілім салаларының зерттеу объектісі. Оны философия, тарих, экономика т.б. ғылымдарының зерттейтіні мәлім. Социология ғылымы да қоғамды өзіндік тұрғыдан қарастырады. Социология өз алдында әлеуметтік ілім ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.

Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы "әлеуметтік" деген ұғым. Оның мазмұнын дұрыс түсіну қажет. Социологиялық білімнің негізгі қызметі - әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Бұл ғылымның "социология" деген ұғымы латын, грек сөздерінен құралған: "societas" - латын тілінде қоғам, "logos" - грекше ілім деген сөз. Демек, социология қоғам туралы ілім деген сөз. Бірақ, біз айтқандай қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология - қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзінің объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

Социологияның басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан көрінеді. Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық.

"Қоғам" деген термин социологияда адамдар арасында болатын алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Экономика ғылымдарының объектісі - өндіріс, өндірістік қатынастар. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшелігі бар - ол саяси билік жүргізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл саяси ғылымдардың объектісі. Сонымен бірге қоғамның рухани өмірін, адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Социология қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар және тағы басқа әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар т.б.) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды зерттейді. Социология адамдардың өзара қарым-қатынасында білдіретін мінез-құлқы жайлы ғылым деуге де болады.

Социология қоғам дамуының заңдарын да ашады және оларды зерттейді. Осыған орай, социологияны әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары туралы, сол заңдардың субъектілерінің, яғни әлеуметтік үлкен және кіші топтардың ғылымы ретінде сипаттауға болады.

Социология пәні жөнінде ғалымдар арасында жүзден асқан түрлі пікірлер бар. Оларды екі топ пен бағытқа сыйғызуға болады: 1) ғылымның пәнін анықтауды, ғылымның түбірлі ұғымын анықтаумен байланыстырып отырған ғалымдар тобының бағыты. Мысалы, П.Сорокин социологияның пәні тек адамдардың өзара қатынасын, Н.Смелзер - әлеуметтік қатынастарды, В.Ядов - қауымдастықты, Г.Осипов - әлеуметтікті қарастыру керек дейді; 2) социология пәнін өздерінің ғылыми зерттеу жұмысының нақты қортындысымен байланыстырған ғалымдардың пайымдауларын жатқызамыз. Мысалы Э.Дюркгейм - социология пәніне өз зерттеуінің нәтижесі болып табылатын - әлеуметтік фактіні, неміс ғалымы М.Вебер - адамның мінез-құлқын, К.Маркс - әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғамды және оның құрылымдық элементтерін қарастырған.

Осы тұрғыдан қарағанда, социология пәніне мынандай анықтама беруге болады: социология - қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктер және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары мен әдістері жайлы ғалым.

Ғылымның ішкі логикасын, оның пәні мен әдістерінің сипатын ашатын, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің мәнін танып білудің керегі - социологияның категориялары және заңдары. Категориялар - әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын, қасиет-белгілерін, құрылымдық элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Социологияның ең негізгі, мазмұны жағынан көлемді категориясы "әлеуметтік" ұғымы. Бұл ұғым "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік құрылым", "әлеуметтік топ", "әлеуметтік әрекет", "әлеуметтік мінез-құлық" т.б. көлемді ұғымдарды қамтиды.

"Әлеуметтік қауымдастық" социологияның негізгі категорияларының бірі. Әлеуметтік қауымдастық - бұл, индивидтер мен кез келген адамдар топтарының жай ғана қосындысы емес, керісінше ол тұрақты және тұтас әлеуметтік түзілім, оның субъектілері ортақ мүддесімен біріккен және өзара бір-бірімен әрекетке түседі.

Әлеуметтік қауымдастық әдетте түрлі әлеуметтік қауымдастыққа кіретін және оларда түрлі әлеуметтік рөл атқаратын индивидтің әлеуметтік болмысының бүкіл түрлері мен формаларын қамтиды. Ол тұлға мен қоғамның өзара байланысы мен өзара әрекетін жанама түрде береді. Әлеуметтік қауымдастық категориясы, социологияның мәні мен ерекшелігін түсіну үшін өте маңызды құбылыстар мен процестердің субъективтік қызмет жағын айырықша  бөліп көрсетеді.

Әлеуметтік қауымдастықтарды өзінің типі жағынан кеңістік - мезгілдік масштабтағы (мысалы, адамдардың әлемдік қауымдастығы және олардың мемлекеттік қауымдастығы; әртүрлі масштабтағы қоныстық қауымдастықтар; социодемографиялық қауымдастықтар) және олардың мүдделерінің мазмұнымен бірігетін тип (мысалы, әлеуметтік - таптық, әлеуметтік - кәсіби, этноұлттық, т.б. қауымдастықтар) болып бөлінеді.

"Әлеуметтік әрекет" категориясы да маңызды. Ол қоғамдық құбылыстың және нақты әлеуметтік микроортаның сипатын, қоғамдық субъектінің қажетіне, мүддесіне, мақсаттарына сай етіп әлеуметтік ақиқатты қайта құрудағы нақты қызметтен туындайды. Әлеуметтік әрекеттің субъективтік мәнін алсақ, ол басқа адамдардың мінез-құлықтарына сәйкес болатын әрекет. Әлеуметтік әрекет әрдайым адамның өмір сүруі мен қайта құру қызметінің ерекше элементі, қоршаған ортаны өзгертудің тәсілі әлеуметтік белсенділіктің көрінісі болады. Бұлардың құрамына: мақсат, құралдар, нәтиже және қызмет процесі енді. Жалпы қызметтен, айталық практикалық, рухани, ойлау қызметінен әлеуметтік әрекет әр кезде жеке адамдардың немесе қауымдастықтың мінез-құлқын, мақсатын, талаптарын өзгертуге бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік әрекетке нақты әлеуметтік орта, тұлғаның, топтардың, ұжымдардың, таптардың санасы, дүниетанымы себепші болады.

Әлеуметтік институттар – бұлар адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Отбасы институты, білім беру институты, мемлекет, денсаулық сақтау т.б. институттар туралы айтады. Әлеуметтік институттар белгілі бір әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастыру үшін бейімделген. Институттар - бұлар тұрақты құрылымды, әлеуметтік мәнді қызметі бар ұйымдасқан әлеуметтік жүйе болып табылады.   

Әлеуметтік әрекеттің субъектісі ретінде тұлға да, әлеуметтік институттар да, таптар да болса алады.

Жалпы бірліктің өмір сүру процесінде көптеген шексіз әлеуметтік байланыстар қалыптасады. Ол байланыстар белгілі бір заңға, заңдылықтарға сүйенеді, соның негізінде іске асады. Әлеуметтік заңдар - әлеуметтік процестер мен әлеуметтік құбылыстардың арасында болатын қажетті, мәнді, тұрақты, қайталанатын қатынастар мен байланыстардың заңдары. Әлеуметтік заңдар бүкіл қоғам мүшелерінің іс-қимылының жиынтығы ретінде қалыптасады. Бұл заңдар қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерінің сайма-сай келмеуін де көрсетіп отырады. Соған қарамастан адамдар әлеуметтік заңдарды өз қызметтерінде саналы түрде пайдаланып, заңдардың әрекет ету формалары мен шарттарын өзгерте алады.

Әлеуметтік заңдар жалпы бірліктің іс-әрекетінде көріне отырып, олардың қатынастарын анықтайды. Бұлар ұлттар, таптар, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-кәсіптік топтар, қала мен село арасындағы қатынастар, сонымен қатар қоғам мен әлеуметтік ұйымдардың, қоғам мен еңбек ұжымының, қоғам мен отбасының, қоғам мен жеке адамның арасындағы қатынастар. Сонымен, әлеуметтік заңдар осы қатынастарды анықтайды.

Әлеуметтік заңдарды түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. Жалпылығы жағынан олар жалпы заңдар (қоғам дамуын, біртұтас әлеуметтік жүйе дамуын анықтайды) және ерекше заңдар (әлеуметтік жүйенің жекелеген элементтерін, қоғам бөлшектерін сипаттайтын) болып бөлінеді. Өзінің іске асуына қарай динамикалық және статистикалық болып бөлінетін заңдар да бар. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын. Оқиғалар арасындағы бір мәнді, байланысты көрсетеді, олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Ал статикалық заңдар әлеуметтік жүйенің тұрақты мерізіміндегі бағыттарды, үрдістерді, әлеуметтік құбылыстарды сипаттайды.

 

1.2 Социологияның құрылымы мен деңгейлері

 

Социология білімінің құрылымы - қоғамдық құбылыстар мен процесстер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл құрылым әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер туралы жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе бүтін қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі ретінде байқалады.

Социологиялық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде социология зерттейтін объектілер шеңбері ғылыми нәтижелер мен қорытындылар тереңдігінің ерекшелігі.

Социология білімінің құрылым бастауы болып қоғамға тұтас әлеуметтік организм ретіндегі білім шығады. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны және өзара байланысы туралы білім. Табиғаттың және қоғамдық қатынастардың мәнін түсіну, қоғамда бар әлеуметтік субъектілердің өзара әрекетінің мәнін терең пайымдауға мүмкіндік береді. Қоғам туралы білім, оның дамуының объективтік заңдарын, қоғам өмірінің негізгі салалары жөніндегі түсінікті және олардың өзара әрекетін, материалдық, саяси және рухани мәдениеттің өзара ықпалы туралы білімді өз бойына жинап сіңірген.

Социология білімі құрылымының келесі жағы болып жекелеген қоғамдық өмір салаларының, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салалардың өмір сүруі мен дамуы туралы түсініктердің өзара байланысы саналады. Белгілі қоғам өмір салаларында болып жатқан процестерге социологтың өз көзқарасы болуы тиіс. Ең алдымен, ол осы салаларда тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың, сонымен қатар жастар, жұмысшы тобының, шаруалардың, зиялы қауымның  қызметкерлердің түрлі топтарының өмірлік қызметін және әлеуметтік өзін-өзі көрсетудің мүмкіндіктерін зерттейді.

Социологиялық білім құрылымының маңызды бөлігіне елдегі халықтың әлеуметтік құрамы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы жөніндегі білім жатады. Бұл жерде әңгіме таптар, әлеуметтік үлкен және кіші топтар, кәсіби және демографиялық топтар, олардың экономикалық және саяси қатынастар жүйесіндегі орындары мен өзара іс-әрекеті туралы, сонымен қатар ұлттар, ұлыстар, басқа да этникалық топтар және олардың арасындағы бір-бірімен қатынастары туралы болып отыр.

Келесі бір социология білімінің құрылымын құрайтын - ол саясат социологияға жататын ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар. Мұнда социологияның назары саяси қатынастар жүйесіндегі, әсіресе өкімет билігі қатынастар жүйесіндегі қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарының нақты жағдайын анықтауға аударылады. Социолог қоғамда жүріп жатқан саяси процестерге нақты ықпал жасайды. Осы тұрғыдан түрлі саяси партиялар және қозғалыстардың қызметі, қоғамның бүкіл саяси жүйесінің өмір сүруі қарастырылады.

Социология білімінің келесі құрылымы болып қоғамда бар әлеуметтік институттардың, атап айтқанда, мемлекеттің, құқықтың, шіркеудің, мәдениеттің, неке мен отбасының, т.б. қызметі туралы социологтың ғылыми түсінігі және қорытындылары есептеледі. Социологияда әлеуметтік институт деп тірі организмдегі мүше іспеттерді айту қабылданған: бұл белгілі бір уақыт кезеңінде тұрақтылықты сақтайтын және бүкіл әлеуметтік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар қызметінің торабы. Оларда өздеріне сәйкес іштей ұйымдасу қалыптасқан және қоғамдық өмірде өз орнын сақтаған, соған орай ерекше қызметтер атқарады.

Социология білімінің құрылымына социологиялық теориялар мен көзқарастар көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді бөліп айтуға болады:

- жалпы теориялық социология;

- орта деңгейдегі социология теориялары (жеке және арнаулы). Бұған, мәселен қала социологиясы, білім беру социологиясы, саясат социологиясы, т.б. жатады;

- нақты социологиялық зерттеулер.

Жалпы социологиялық теориялар, макросоциологиялық зерттеу ретінде қоғамның және жалпы тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Жалпы социологиялық теориялар деңгейінде кез келген әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен өмір сүруінің өте терең себептері туралы, қоғам дамуының қозғаушы күштері, т.б. жөніндегі ғылыми қорытындылар жасалады.

Орта деңгейдегі социологиялық теориялар қоғамдық өмірдің жеке салаларын, жеке әлеуметтік топтар мен институттарды қарастырады. Мұндай жағдайда әлеуметтік - экономикалық қатынастар, адамдардың өндірістік қызметі, әсіресе оның әлеуметтік аспектілері, сонымен қатар халықтың әртүрлі категорияларының еңбек жағдайы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, т.б. мәселелерді зерттейді.

Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндет пен мақсатқа сәйкес социология фундаментальды (іргелі) және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Біріншісі қоғам жайлы теориялық және методологиялық білімдер қорытып шығаруға және оларды дамытуға бағытталады, ал қолданбалы социология әлеуметтік өмірді дамытудың практикалық мәселелерін зерттеп, практикалық ақыл-кеңес тұжырымдауға бағытталады. Зерттеудің бұл екеуі де теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізе алады.

 

1.3 Социологияның қоғамдық ғылымдарға қатысы, оның атқаратын       қызметі

 

Социология ғылымының қоғамдық ғылымдардың арасында алатын өзіндік орны, атқаратын рөлі бар. Бұл жағдай оның ғылым ретіндегі ерекшелігімен байланысты.

Социология өз алдына жеке - дара дамымайды, ол қоғамдық ғылымдармен үздіксіз тығыз байланыста дамып отырады.

Әлеуметтік философия  мен социологияның объектісін зерттеуде ұқсастық бар. Ал, пәні жағынан екеуі де қоғамдық өмірді зерттейді. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дүниеғаламының ерекше, құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны жалпы философиялық ұғымдардың, категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Ал социология ол проблемаларды әлеуметтік заңдар мен категориялар арқылы зерттейді. Өйткені, социология қоғамдық өмірге нақтылы талдау жасағанда, әлеуметтік философияның қағидалары мен қорытындыларын анықтау, нақтылау арқылы өзінің өмір шындығымен, практикамен байланысын кеңейтіп, тереңдете түседі.

Социология мен тарих өзара бір-біріне әсерін тигізеді. Социологиялық қорытындылар тарихи тәжірибеге, фактілерге сүйенеді, сөйтіп оның табыстарына себепші болады, өмірдің алшақтауына, шамадан тыс абстракциялық жалпылауларға жол бермейді. Социологиялық зерттеулер тарихшыларға тарихи процестерді терең талдауға көмектеседі. 

Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар саясаттың субъектісі және объектісі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер - жеке адамдар және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Социология әлеуметтік болмысты, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді, ал саясаттану қоғамның саяси болмысын, саяси өмірін зерттейді. Өздерінің пәні мен тәсіліне сәйкес бұлардың әрқайсысы біртұтас қоғамдық құбылыстарды өз тұрғысынан ерекше зерттейді. Политологиялық зерттеулер теориялық және эмпириктік материалдарды жинауды қамтамасыз ете отырып, кең көлемді социологиялық қорытындыларға жол ашады.

Экономикалық және басқа қоғамдық ғылымдар да қоғамның жеке салаларын, бөліктерін зерттейді. Бұлардың социологиядан айырмасы осында. Ал, социология қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе деп қарайтыны белгілі. Экономикалық ғылым материалдық өндірісті, экономикалық қатынастарды зерттейді. Ал, бұлардың өзгерісі әлеуметтік процестерге әсер етеді. Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенеді. Социология экономикалық процестердің өзі керісінше, әлеуметтік жағдайлар мен факторлардың әсерінен, олардың өндірісте өнімді бөлісуде, айырбас пен тұтынуда пайдалануынан тәуелді екенін өмірдің өзі дәлелдеуде.

Социологияның дербес ғылым есебінде дамуы статистика, демография, психология басқа да пәндердің қоғамды және адамды зерттейтін жетістігіне сүйенеді. Өз теориясын қоғамдық өмірдің тәжірибесін зерттеу тәсілі, оларды қорыту арқылы дамытады.   

Социология ғылым ретінде қоғамда белгілі қызметтер атқарады. Оларды екі топқа бөлуге болады: теориялық - танымдық және басқару - басқарушылық. Жалпы алғанда оның мынандай қызмет түрлері бар: теориялық - зерттеушілер, қолданбалы, ізгілік, болжамдық, идеологиялық, дүниетанымдық т.б. Теориялық, зерттеу қызметі зерттелген проблема туралы түрлі ұсыныстар дайындау, оларды ғылыми зерттеу ретінде әртүрлі формаларда жариялау арқылы іске асырады. Ол зерттеудің бағдарламасы болады, оның құрылымы, мақсаты және міндеті ажыратылады. Сонымен бірге зерттеудің тәсілдері де көрсетіледі.

Социологияның танымдық қызметі әлеуметтік дамудың заңдылықтарын және әлеуметтік құбылыстар мен процестерді өзгерту бағытында болды, зерттеу де соған бағытталады.

Социология әлеуметтік өмірді және оның әр саладағы көріністерін зерттеп қана қоймайды, гуманизм, жалпы адамзат прогресі тұрғысынан белгілі бір баға береді. Теорияны дамыту адамдардың еркін және жан-жақты жетілуіне не сәйкес әлеуметтік өмірді өзгертудің алғы шарты. Осы тұрғыдан алғанда, социология саясат пен практикалық теориялық негіздерінің бірі болып табылады.

Социология шеңберінде іргелі теориялық зерттеулермен қатар эмпирикалық (тәжірибелік) зерттеулердің жүргізілуі әртүрлі әлеуметтік процестердің тиімділігін арттыруға байланысты ұсыныстарды дайындау дәрежесімен анықталады.

Қоғамның әлеуметтік дамуының заңдылықтарын және болашағын анықтауда социология теориясына аса зор маңыз беріледі. Дүниені әлеуметтік өзгертудің нақтылы жолдары мен әдістері көрсетіледі.

Әлеуметтік теориямен тікелей байланысты дамыған қолданбалы зерттеу әлеуметтік дамудың заңдылықтарын тануға тікелей қатынасады. Қолданбалы әлеуметтік зерттеу танымдық қызметті атқарады, теория мен жаңа бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Танымдық қызметінің жалғасы болжамдық көрінеді. Зерттеуші проблеманы зерттей отырып, оны шешудің тиімді жолын алуға, болашағын және түпкілікті нәтижесін көрсетуге ұмтылады.

Социология қолданбалы қызметті басқару және басқарушылық қатынастарды жетілдірумен байланысты. Аталған барлық қызметтердің іске асуы қоғамдық заңдылықтар мен әлеуметтік жағдайлардың сипатына байланысты. Социологиялық зерттеулерде объективті - ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен идеологиялық мүдделердің ара салмағын анықтауда сынаржақ пен бұрмалаушылық жасауға болмайды.

90-жылдардың басында күрделі қоғамдық проблемаларды шешуде социологияның алатын рөлін арттыруға күрт көңіл бөлінеді. Жоғары оқу орындарында социология пәні оқытыла бастады, бірталай социологиялық зерттеулер жарық көрді, әсіресе қоғамдық пікірді анықтаудағы мағлұматтар радио, теледидар, ақпарат құралдары арқылы кең жариялана бастады. Қазіргі дүниежүзілік тарихи даму барысында социологияның рөлі мен маңызы барған сайын күшейе түсуде. Бұған бірталай жағдайлар өз әсерін тигізуде.

Көптеген елдерде маңызды әлеуметтік-саяси өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістер ағынынан Қазақстан Республикасы да сырт қалып отырған жоқ. Елімізде өмірдің барлық жақтарын терең реформалау жүріп жатыр. Қоғамның біртұтас организм ретінде байланысының механизмін тыңғылықты зерттеудің теориялық, саяси және практикалық маңызы зор. Мұның барлығы ең алдымен социологиялық зерттеулерге байланысты екені белгілі. Егер де жүргізіліп жатқан реформалық өзгерістер ғылыми тұрғыда  терең негізделсе, оны іске асыру жолдары жан-жақты жоспарланған болса, онда реформаның нәтижелері халық көңілінен шыққан болар еді.

Қоғам өмірін тығырықтан шығарып, қайта құру мәселелері социология ғылымына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сондай күрделі де маңызды міндеттердің бірі - азаматтық қоғам қалыптастыру. Мұнсыз экономиканы терең дағдарыстан құтқарып, оны сенімді түрде ілгері дамыту, азаматтық қоғам қалыптастыру мүмкін емес. Мұның бәрі жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы әлеуметтік орны мен рөлін, жеке адам мен қоғамның қарым-қатынасы проблемаларын т.б. жан-жақты зерттеуді бірінші қатардағы міндет етіп қойып отыр. Ал, бұлар социологияның ең басты зерттеу пәні болып табылады.

Сонымен қорыта айтқанда, қоғамдық өмірдің өзі әсіресе оның дағдарысқа ұшырап, қайта құруды талап еткен кездері, cоциологияның алдына жаңа әлеуметтік проблемалар мен міндеттер қояды, ескі проблемаларды жаңаша шешуді ұсынады.    

                                                                 

2 тақырып. Социологияның тарихи қалыптасу кезеңдері

 

2.1 Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы

 

Социология біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.

Алайда социологияның кеш пайда болуынан, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлары болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Ертедегі Шығыстың қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, Конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледі. Олардың негізгі мәселесі - адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций этикасы "қайырымдылық", "кішіпейілділік", "адамды сүю", "тура жолмен жүру" сияқты принциптерге сүйенеді.

Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялық мифтерінде қарастырылған. Джайнизм этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мен аскетизм сияқты мінездің кей формалары берілген.

Социологиялық ой-пікір прагматистік сипат алды, яғни әлеуметтік шындық тек тәжірибемен ғана байланыстырды.

Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтері Ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңіл бөлінген. Мәселен, софистер ілімінде, социологиялық тұрғыдан алғанда, қоғамның құрылуындағы келісім теориясының жатқандығын көруге болады. Яғни, алғашқы адамдар табиғатында абсолютті түрдегі еркіндік адамдар арасындағы наразылықтарды туғызып, күрестерге әкеліп отырған да, адам өмірінің қауіпсіздігіне сенімі жоғала бастады. Сондықтан адамдар қоғам құруға мәжбүр болды және оның мүшелері ортақ нормаға бағынатын болды деп көрсетеді.

Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грецияның саяси тәжірибесін қорытындылай келе адам-әлеуметтік жаратылыс деген қорытындыға келеді. Ол мемлекеттің мақсаты - адамдардың бақытты өмірін қамтамасыз ету деп көрсетеді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді. Бәріне ортақ мақсат - өздері құрған қоғамды, мемлекеттік құрылысты сақтау болып табылады. Аристотель жеке меншікті жақтайды.

Сонымен, бұдан кейінгі дәуірлерде адамдардың қоғамдық өмірі жайлы пікірлер болды. Бірақ оларды толық социологиялық ілім деп айтуға болмайды. Өйткені олар тек әлеуметтік ойлар немесе алғашқы социологиялық болжамдар бола алады.

 

2.2 Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. О.Конт, Г.Спенсер - социологияның негізін салушылар

 

Социологияның алғаш негізін қалаушы француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары "Позитивті философияның курсы" деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Осы еңбегінен үшінші томында алғаш рет Кант "социология" деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қойды. Ол социология фактыға негізделуі керек және ол әлеуметтік құбылыстарды жаратылыс ғылымындай тәжірибелік және аналитикалық зерттеу қажет деген.

О.Конт социологияның қажеттілігін қалай негіздейді? Бұл мәелені Конт философия саласындағы өзінің адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық және позитивтік (ғылыми) сатылар.

Бірінші, теологиялық сатыда адам құбылыстарды діни негізде түсіндіреді. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделеді. Позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылады деп көрсетеді. Содан кейін, ойлаудың қорытындысы ретінде биология пайда болды дейді Конт. Ал, социологияны позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, социология биологиядан кейін, пайда болды.        Конт өзінің қоғам дамуы жөніндегі көзқарастарын жүйелей келіп социологияны екі маңызды тарауға бөлді: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика. Әлеуметтік статика қоғам құрылымының жұмыс істеу заңдарын қарастырады. Бұл бөлімінде негізінен әлеуметтік институттардың, әсіресе: жанұя, мемлекет, дін сияқты институттардың қоғамдық қызметі және қоғамдық бірлікті қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Ал әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің өзгеру және даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, мұнда Конт қоғамдық прогресс теориясын дамытады. О.Конт қоғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде адамның рухани дамуын, ақылының дамуын көрсетеді. Қоғамдық прогреске жетуде материалдық (өмірдің сыртқы жағдайын жақсарту), физикалық (адам табиғатын дамыту), интеллектуалдық (ақыл-ой, діни және метафизикалық дүниетанымнан позитивизмге көшу) және моральдық (адамгершілік пен ұжымдық сезімдердің артуы) алғышарттар ең маңызды болып есептелінеді. Конт қоғамды тірі организммен салыстыра отырып, оны әртүрлі органдар құрастырады және олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады деп көрсетеді. Демек, бір органның қызметін бүкіл организм жүйесінен бөліп алып қарауға болмайтыны сияқты, қоғамдық жүйеде де оның бір құрылымдық элементінің қызметін қоғамдық бүтіннен тыс қарастыруға болмайтындығын айтады.

Конттың қоғам дамуын үйлестіру  және оның тұрақтылы проблемалары жөніндегі көзқарастары да аса құнды. Қоғамдағы үйлесім "әлеуметтік жүйенің" тұтастығы мен бөлімдерінің арасындағы үйлесім  болып саналады, сонымен қатар оған қоғам өмірінің барлық жақтарының келісімді өзара әрекеті - саяси, экономикалық, рухани, биологиялық т.б. жатады. Оның пікірі бойынша әлеуметтік үйлесімге ғылымның көмегімен жетуге болады.

Социология ғылымының негізін салып, оны дамытудағы Конттың рөлін анықтайтын болсақ, біріншіден, ол алғаш рет қоғамтануда ғылыми тәсілді қолданды. Социологияны әртүрлі эксперименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтады. Үшіншіден, социология ғылымында эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мәселесін көтерді. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.

Англияда социология ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820-1903) есімімен байланысты. Жас кезінен ғылым жолында түскен (темір жол инженері) Г.Спенсер, Дарвинның эволюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эволюция теориясын дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келді. Спенсердің социологиясының аса құнды жағы - "Әмбебап эволюция заңы". Ол қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының тарихында да қолдануға болады деп мойындайды. Спенсердің пікірінше, биологиялық организм сияқты қоғам жай формадан күрделі формаға қарай дамиды. Осыған орай ол биологиялық организм мен әлеуметтік организм арасындағы бірнеше ұқсастықты анықтады. Ол ұқсастықтар мыналар: 1) қоғам биологиялық организм сияқты өзінің дамуы барысында көлемі жағынан өсіп ұлғаяды (мысалы, ұқсас мемлекеттердің ірі империяларға айналуы); 2) организм құрылымы биологиялық эволюция процесі барысында қалай күрделенетін болса, қоғамның да өсу деңгейіне сәйкес оның құрылымы күрделіленеді; 3) биологиялық іспетті әлеуметтік организм құрылымының жіктелуі функциялардың жіктелуімен қатар жүреді; 4) эволюция процесінде биологиялық және әлеуметтік организмдердің құрылымы мен функцияларындағы жіктеліс олардың өзара әрекетінің өсуімен қатар жүреді; 5) қоғам мен биологиялық организм ұқсастығын басқаша, өңін айналдырып қарасақ, онда әрбір организмнің өзі-қоғам, өйткені қоғамның өзі жеке адамдардан құралған. 6) организмдегі сияқты, қоғамның жекелеген құрамды бөлімдері өзінің өмір сүруін белгілі бір уақытқа дейін тоқтатпай жалғастыра береді. Спенсер осындай салыстырмалы ұқсастықтарды көрсетумен қатар қоғам мен организм арасындағы мәнді өзгешіліктерді де баяндады.

Адам дамуындағы бастапқы шарт болып есептелетін физикалық, эмоциялық және интеллектуалдық қасиеттерді неғұрлым төмен болған сайын, соғұрлым олар қауымдастыққа бірігуге мәжбүр бола береді деп есептейді.

Спенсер еңбектерінің қоғамды зерттеуде жемісті нәтижелері мол. Оның бірі - әлеуметтік институттардың 6 түрін көрсетуі (үкімет, кәсіби, саясат, дін, білім, отбасы). Сонымен бірге Спенсер социологиядағы құрылымдық - функциялық тәсілдің негізін салды. Ол қоғамды ерекше дискретті организм ретінде қарастырады (дискретті - лат. discretus) деген сөзінен шыққан "жеке бөліктерден құралған" деген мағынаны береді.

Қорыта келгенде, Спенсер социологиялық теорияның дамуына едәуір үлес қосты деп айтуға болады.

 

2.3 Ресей социологиясындағы әлеуметтік ой

 

ХІХ ғасырдың соңғы ширегі ХХ ғасырдың басында Ресейде социологиялық ойдың тууы және өркендеуі осы кезеңге келеді. Ресейдегі әлеуметтік ойдың дамуын зерттеушілер негізгі үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңі - ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың 1918 жылына дейін, екіншісі - 20 жылдардың басынан 50 жылдардың аяғына дейін, үшіншісі - 60 жылдар басынан қазірге дейін.

Бірінші кезеңі (1829-1900) және Н.М. Михайловский (1822-1904) сынды ірі әлеуметтік ойшылдардың шығармашылығымен байланысты. Олардың әлеуметтік ойды дамытудағы бағыты субъективтік социология деп аталады. Бұл бағыттың басты қағидалары П.Л.Лавровтың "Тарихи хаттарында" баяндалды. Ол субъективтік социологияның басты мәселесі қоғам туралы тұтастай ілім жасау, оның дамуының бағыттарын және заңдылықтарын анықтауға ұмтылды. Сонымен бірге, қоғамдық прогресс теориясына біршама көңіл бөлді.

Олардың тұжырымдамасында тұлға қоғамның негізгі қозғаушы күші ғана емес, сонымен қатар қоғамдық прогрестің өлшемі ретінде көрінеді.

Михайловский кооперация іліміне үлкен көңіл бөлген, сонымен бірге капитализмге дейінгі еңбек және тұрмысты үйлестіруде ұжымдық дәстүрлерді қайта құру түрлерінің (қауым, артель т.б.) мұраттарын жатқызды.

Субъективтік социологиямен қатар сол кезеңнің әлеуметтік ғылымында белгілі орынды М.М.Ковалевскийдің (1851-1916) еңбегі алады. Ковалевский өзінің социологиялық теорияларында алдыңғы рөлді әлеуметтік прогресс туралы ілімге беріп, оның мәнін әлеуметтік топтар, таптар және халықтар арасындағы ынтымақтастықтан көреді.

Ковалевскийдің пікірінше социологияның негізгі міндеттерінің бірі деп ынтымақтастықтың мәнін анықтау, оның формаларының көп түрлілігін түсіндіру және сипаттау деді. Ковалевский өзінің көптеген еңбектерінде теңгермелі - тарихи әдісті дамытып және оны пайдаланып, оның көмегімен әлеуметтік құбылыстардың дамуын, олардың ерекшелігін танып білуге ұмтылды.

Солармен қатар бұл кезеңде психологиялық бағыт та пайда болды. Оның негізін салушылар және көрнекті өкілдері: Л.Н.Петражицкий (1867-1931), Кареев Н.И. (1850-1931). Бұл бағыттың өкілі Петражицкий социологияның негізгі ілімі - "әлеуметтік тәртібі және эмоция" деп санады. Оның пікірінше, эмоция арқылы адамның мінез-құлқын да зерттеуге болады.

Кареевтің психологиялық социологиялық тұжырымдамасының - позитивизм немесе контизм. Ұжымдық психология оның айтуынша социологияның негізі болып табылады.

Кареевті орыс социологиясының тарихында соңғы ірі өкілдерінің бірі деп санауға болады. Ол да өзінің концепциясында субъективтік әдісті қолданды.

Кареев өзінің "психологиялық социологиясында" бүкіл қоғамдық құбылыстардың адамдар әрекетінің нәтижесі екендігін айта келіп, олардың өздеріне тән психологиялық алғышарттармен, ең алдымен олардың ықыласы, көңіл-күйі, құмарлығы, ойлауы, еркі және т.б. бағытталатынын жазды. Сөйтіп, қоғамдық құбылыстардың бәрі белгілі бір мөлшерде өзіндік психологиялық құбылыстармен сай келеді.

Бірінші кезеңде орыс социологтары А.Богдановтың, П.Сорокиннің, К.Тахтаревтің әлеуметтік стратификацияға, таптар теориясына арналған ірі еңбектері шықты. 20-жылдардағы социологиядағы әдебиеттер басылымдарының жан-жақтылығы социология теориясы дамуының екінші кезеңінің жалғасы болып табылады. Бұл кезеңде жұмыстардың негізгі бағыты орыстың социология ойының тарихы мен маркстік социологияның арақатынасын үйлестіре отырып, нақты маркстік социологияны қалыптастыру және оның орнын марксизм жүйесінде белгілеу болды.

30-жылдарда марксизм біржола қоғамның идеологиялық негізі болып бекіді, социология философиялық ілім деп танылды. Социология әлеуметтік институт ретінде толығынан өмір сүруін тоқтатты.

Социологияның ғылым ретінде қайта тууы 50-жылдардың аяғы 60-жылдардың басы болды. Бұл кезеңде ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің еңбекшілердің әлеуметтік және кәсіптік құрылымына, олардың еңбекке қатынасын оқып-үйренуде ауқымды әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілді.

1960-жылдың ортасында алғашқы социологиялық мекемелер - КСРО ғылым Академиясының философия Институтында социологиядан зерттеу бөлімі және Ленинград мемлекеттік универститеті жанынан социология зерттеу зертханасы құрылды. 1974 жылдан бастап "социологические исследования" журналы арнайы шыға бастады. 1988 ж. Мәскеу, Свердловск, Киев т.б. университеттерде социология факультеттері ашылды.

Қазіргі кезде бірқатар академиялық, жоғары оқу орындарының және тәуелсіз әлеуметтану орталықтары, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында кең түрде эмпирикалық және теориялық зерттеулер жүргізуде.

  

2.4 Э. Дюркгейм мен М. Вебердің социологиялық көзқарастары

 

Француз социологы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) социология ғылымын дамытудағы маңызды рөл атқарады. Г.Спенсер мен бірге Дюркгейм классикалық социологияның өкілдеріне жатады. Классикалық социологияның негізгі принциптері төмендегідей:

1) әлеуметтік құбылыстар жалпы заңдылықтарға бағынады. Яғни, арнайы спецфизикалық заңдылықтар болмайды;

2) сондықтан социология дәлдік ғылымдарға ұқсас тәртіппен құрылады;

3) әлеуметтік зерттеулер тәсілі дәл және айқын болуы керек, барлық әлеуметтік құбылыстар сандық тұрғыдан анықталуы тиіс;

4) әлеуметтік құбылыстың ғылымилығын көрсететін өлшем - білім мазмұнының объективтілігі.

Бұл социологиялық білімде субъективтік эмоцияның, пікірдің болмауы керектігін көрсетеді. Мұның өзі социологияның ғылым ретінде идеологиядан, құндылықтардан тыс тұруы қажеттігін талап етеді.

Социологияның классикалық түріне қатысты принциптерін Э.Дюркгейм өзінің "Социологиялық тәсілдердің қағидасы" (1895ж.) еңбегінде біршама айқын көрсеткен болатын. Дюркгейм өз социологиясын әлеуметтік факт (шындық) теориясына негіздейді. Ол әлеуметтік фактіге қойылатын негізгі талаптарды көрсетеді. Бірінші талабы:

а) әлеуметтік құбылысты шынайы объективті құбылыс ретінде қарау;

б) әлеуметтік фактыны индивидке қарағанда сырт құбылыс деп мойындайды;

в) әлеуметтік факт зерттеу объектісі бола алатындығын мойындау. Екінші талап - социология идеологияға тәуелді болмауы керек.

Үшінші - социология бүтіннің бөліктен жоғары тұратындығын мойындауы тиіс. Әлеуметтік факт ерекше спецификалық құбылыс болып есептеледі. Өйткені, ол индивидтердің біріккен әрекетіне туындайды және ұжымдық санаға негізделеді.

Дюркгейм сондай-ақ, адамның өзіне-өзі қол салуы мәселесімен айналысқан. Статистикалық мәліметтерді кеңінен қолдана отырып, ол адамның өзіне-өзі қол салуын ұлттық, діни, жыныс, жас ерекшелігі, жыл мерзімдері сияқты  факторлармен байланыстырған. Адамның өзіне-өзі қол салуы интеграция нығайған сайын көбейе түседі. Өзіне-өзі қол салу белгілі әлеуметтік топ өкілдеріне тән сипат және сондықтан ол әлеуметтік құбылыс немесе Дюркгейм сөзімен айтқанда "әлеуметтік факт" болып табылады.

Дюркгеймнің әлеуметтік фактілер жөніндегі ілімінде қоғам мен тұлғаның өзара әрекетін түсіну үшін керекті, маңызды ережелер қалыптасқан, топтық ұжымдық сананың рөлі көрсетілген. Осының бәрі социологияның ғылым ретіндегі шынайы пәні болып саналады.

Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Оладамның өзіне-өзі қол салуы аномияға байланысты деп көрсетеді. Аномия - деген сөз француздың "anomie" деген сөзінен шыққан, "заңның болмауы" деген мағынаны береді. Дюркгейм өзінің теориясында адамның "өзін-өзі билеуін жоғалтуы", белгілі бір "норманың болмауы" деген мағынада қолданылып отыр. Оның пікірінше, қоғамдағы күйзеліс немесе позитивтік өзгерістер "ұжымдық реттіліктің өзгеруіне" байланысты болып келеді. Яғни, әлеуметтік норма бұзылған жерде девиантты мінез пайда болады. Әлеуметтік тәртіпсіздік (дезоргнизация) адамның девиантты мінезін түсіндіруде негізгі принцип екендігін социология ғылымында мойындалған. Әлеуметтік тәртіпсіздік ұғымы - қоғамда әдеттегі мәдени құндылықтардың, нормалардың және әлеуметтік байланыстардың жойылуынан туындайтын қайшылықтар мен тұрақсыздық жағдайларды көрсетеді.

Неміс социологы Макс Вебер (1864-1920) социологияның дамуында маңызды рөл атқарған.

М.Вебер көзқарасы тұрғысынан алғанда социология ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Оның ойынша, теориялық социологияның пәні тек қана әлеуметтік әрекет болуы шарт, социология - әлеуметтік әрекеттер туралы ғылым. Бұл ғылым әлеуметтік әрекетті түсіну, оның себептерін ұғындыруы қажет. Егер, қайсыбір әрекетті түсінгіміз келсе, ол үшін адамның ішкі жандүниесінен шығуы ықтимал нақты мотиві немесе мотивтердің құрамды бөліктерін ашуымыз керек. Әлеуметтік әрекетті М.Вебер 4 типке бөледі:

1) ұғымды-мақсатты әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге бағытталуымен сипатталады. Осы әрекетті іске асыру барысында басқа адамдар мен заттар құралдар ретінде пайдаланылады;

2) құнды-ұғымды әрекет-белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни т.б.) саналы түрде же туге бағытталған әрекет;

3) эффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды;

4) дәстүрлі әрекет, бұл-әдет-дағдымен анықталатын әрекеттің түрі1).

Вебердің маңызды еңбегінің бірі бюрократиялық зерттеу болды. Бюрократия - капиталистік ұғымды іске асырушы. Бюрократия кең көлемдегі ұйым, онда қызметкерлер рангіге бөлінеді дейді. Мысалы, ірі өнеркәсіп фирмалары, үкіметтік ұйымдар т.б. Вебер бюрократияның дамуын капиталистік кезеңнің міндетті белгісі деген.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуде М.Вебер таптарда болатын объективтік өзгешіліктерді мойындайды. Қоғамда материалдық жағдайымен ғана ерекшеленіп қана қоймай, басқа да, айталық: өмір стилі, мәдениеті, санасы т.б. белгілерімен ерекшеленетін әлеуметтік топтардың өмір сүретіні мәлім. Вебер статус пен тапты бір-бірінен алшақ, ешқандай қатысы жоқ, тәуелсіз етіп көрсетеді. Нәтижесінде таптар мәселесі, күресі екінші қатарға қойылған.

Вебер социологиялық ілімінің негізі - идеалдық тип. Идеалды тип қоғамдық күйдің бүкіл мәнін - өкімет билігінің жағдайы, тұлға аралық қарым-қатынас, жеке бас және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар өзіндік ерекше критерилерге айналады, соған сәйкес адамдардың  рухани,

 

1)   Вебер М. О некоторых категориях понимающей социологии. Избранные произведения. - М., 1990. – С. 499.

саяси және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип қоғамда бармен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қайшылыққа да түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған.

 

2.5 ХХ ғасырдағы социологияның негізгі бағыттары

 

ХХ ғасыр басталысымен қоғамдық даму қажеттігі социология ілімінің алдына күрделі жаңа міндеттер қойды. Олардың бірі социологиялық теорияны одан әрі дамыту болып табылады. Екіншісі - нақтылы зерттеулер жүргізу және неғұрлым жоғары деңгейдегі материалдар алу болды. Социология өзінің дамуында жаңа кезеңге енді.

Батыс социологияның дамуындағы жаңа кезең біріншіден: эмпирикалық (тәжірибелік) социологияның қалыптасуымен және дамуымен, екіншіден: жаңа бағыттар мен теориялардың жарыққа шығуымен, үшіншіден: теориялық және тәжірибелік социологияны біріктіруге байланысты болды. Бұл кезеңнің қамтитын уақыт шеңбері - ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап 90-жылдарға шейін дамыды. Осы кезеңнің негізгі социологияның тенденциялардың бірі ол - эмпирикалық социологияның дамуы болып табылады. 20-30 жылдарды социологиялық зерттеулер әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Егерде ХІХ ғасырда социологиялық ойдың орталығы Батыс Европа болса, ал ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап дүниежүзілік социологияның орталығы АҚШ-қа ауысты. Ғылымтану ілімінің тұрғысынан айтқанда кез-келген ғылымның пайда болып, аяғынан нық басып кетуі ең алдымен оның ішкі және сыртқы мекемелену - қондырымдануымен (институциялану), яғни әлеуметтік мекеме - қондырымның барлық қасиеттеріне ие болуымен байланысты. Бұл процестер әрқайсысы дәйекті түрде мекемелену ісін тереңдететін бірнеше сәттерді көрсетуге болады:

1) белгілі бір ғылым саласы бойынша маманданатын ғалымдардың сана-сезімінің қалыптасуы, яғни ғалымдар бұл тұрғыдағы зерттеу жұмысында өзінің ерекше объектісі мен ерекше әдістері барлығын түсінеді;

2) арнаулы мерзімдік басылымдардың болуы;

3) ғылыми пәндердің мәліметтерін түрлі оқу орындарының оқу жоспарларына енгізу;

4) сөз болып отырған білімдер тараулары бойынша арнаулы оқу-орындарын ашу;

5) осы білім пәндері бойынша жұмыс жасайтын ғылымдар бірлестігінің ұйымдық түрлерін, яғни ұлттық және халықаралық ассоциациялар құру.

Осы аталған процесс сатыларын социология ғылымы Европа елдері мен АҚШ-та ХІХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап өтті.

АҚШ-тағы социология жоғарыда келтірілген мекемендірілудің 5 сатысынан тез өтті. Сонымен біргі нақтылы, эмпирикалық зерттеулердің үлкен аумағының болу жағдайлары шешуші ықпалын тигізді. Бұл елдегі социология бас кезінен бастап беделді түрдегі университеттік ғылым ретінде қалыптаса бастады. 1901 жылы социология пәні 169 университет пен коллеждерде оқытылады. АҚШ-тағы социология әуел бастан қолданбалы эмпирикалық ғылым ретінде қалыптасты. 1901 жылдың өзінде бұл елде 3 мыңнан аса эмпирикалық зерттеулер жүргізіледі.

ХХ ғасырдағы барлық социологиялық бағыттарды, парадигмаларды үшке бөлуге болады:

- функционалдық (қызметтік);

- дағдарыс (конфликтология);

- символикалық интеракционизм.

Құрылымдық - функционалдық парадигма. Оның өкілдері: Т.Парсонс, Р.Мертон, т.б. Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, қоғамдық құрылымдағы мемлекет, жанұя, дін сияқты кейбір институттар дербес құрылым бола алмайды, керісінше әлеуметтік жүйенің белгілі бір құрамдас бөлігі ғана болып есептеліп, олар қоғам қасиетіне белгілі бір шартты жағдай қажет деп көрсетеді. Ол - сол институттардың қызметтік жағдайы болып табылады. Бұл теорияның өкілдері негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай отырып, олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастықтың, гармонияның сақталуына қосатын үлесі қандай екендігін анықтап көрсетуге мақсат етеді.

Конфликтологиялық парадигма - бұл бағыттың өкілдері әртүрлі топтардың мүдделерінің әртүрлі болуына байланысты конфликтердің болатындығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы әлеуметтік - саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын анықтау мақсаты қойылады. Яғни, олардың пікірінше, әлеуметтік әртүрлі топтардың болуына және олардың мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты қоғамда әр кезде конфликтік потенциалдың болуы табиғи құбылыс болып есептеледі.

Конфиликтік парадигмасының қазіргі өкілдерінің бірі, неміс социологы Р.Дарендорф. Оның пікірінше, таптар арасындағы табысы жағынан алшақтық жойылуда деп айта келе, ол елдердегі бүгінгі өзекті мәселе, ол өндіріс құрал-жабдықтарға қожалық пен оған бақылау жасау құрылымдары арасындағы үйлесімдіктің бұзылуы. Осыған байланысты конфликт көзі басқару жүйесіне ауысқан. Ол белгілі бір индивидтің мекеме шеңберінде қандай да бір әлеуметтік рөл атқаруынан туындайтындығын көрсетеді. Өйткені кез келген басшы өз деңгейінде, өз статусына байланысты ресми түрде шешім қабылдауға құқы бар, ал оның жұмыскерінде ондай құқық жоқ. Осы жағдай, Дарендорфтың пікірінше, қазіргі посткапиталистік елдерінде конфликтердің негізі бола алады.

Символикалық интеракционизм бағыты. Бұл концепцияның өкілдері әлеуметтік әрекетке көңіл бөлу еді, яғни бұлар кіші шеңберіндегі (әлеуметтік өзгерістер) интеракциялық жағдайларға баса назар аударады. Адамның қалыптасқан ортасындағы құрылымдық қатынастың көрінісін береді, сол ортадағы символдарды қабылдаудан тұрады, әрі индивидтің сол ортадағы рөлінен құралады деп көрсетеді. Адамдар өзінің адамдық қасиетіне тек өздері өзара символдар арқылы қарым-қатынас жасаған жағдайда ғана ие бола алады деген пікірді жақтайды. Символдың ең негізгісі тіл деп көрсетіледі. Символ адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас құралын қамтамасыз етеді. Дж. Мидтің пікірінше, символсыз адам арасындағы қатынас жоқ, адамзат қоғамының болуы да мүмкін емес. Сонымен, бұл бағыттың мәні - әлеуметтік өзара қимыл - әрекеттердің символдық жақтарына талдау жасау. Әлеуметтік символдардың сыртында индивидтің қимыл-әрекеттерін әлеуметтік ережелермен және тәртіп үлгілерімен сәйкестендіру қызметі жатыр.

        

3 тақырып. Әлеуметтік зерттеулердің әдістемелері мен техникасы

 

3.1 Зерттеу бағдарламасының ілімдік дайындығы

 

Біздің әрқайсысымыз әртүрлі деңгейде радио тыңдаушысы, газет, журнал, ғылыми әдебиет оқырманы ретінде бақылауларымыз әлеуметтік зерттеулермен ұштасады. Мүмкін, адамның өзі де бұл зерттеулерге респондент, яғни оқылатын процестер мен құбылыстар жөніндегі алғашқы ақпарат көзі ретінде тартылады. Бүгінде жоғары мектептің дипломы бар әрбір адам осындай зерттеулерді ұйымдастыра білуі керек. Берілген тақырыптың мақсаты-бақылау әлеуметтік зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі жөнінде түсінік беру, негізгі түсініктер мен процедуралармен таныстыру, ғылыми дүниетанымды кеңейту, сондай-ақ ақиқатты танып білудің меншікті моделін өңдеуге арналған пайдалы материал беру.

Әлеуметтік зерттеудің кәсіби қабылдауларын, дағдыларын және қабілеттерін өңдеуді іс жүзінде оқып-үйренуді күшейту әлеуметтануды инженерлік қызмет ретінде түсінуді қалыптастыруда аса қажет болып табылады. Әлеуметтік зерттеудің нақты түрі оған қойылған мақсат пен шарттардың сипатымен көрсетіледі. Осыған сәйкес әлеуметтік зерттеудің 3 негізгі түрін ажыратады:

1) бақылаулық;

2) суреттемелік;

3) сараптамалық.

Бақылаулық әлеуметтік зерттеу (пилотаждық) мазмұны бойынша шектелген мақсаттарды шешеді. Бақылаулық зерттеулер процесс немесе құбылысты алдын ала зерттеуге арналған, проблема аз ауқымды болғанда ол зат пен объект жөнінде толық ақпаратты анықтап береді, гипотезаны дұрыстайды. Сараптамалық зерттеулер-оқылатын құбылыстың элементтерін суреттеуді ғана мақсат етіп қоймай, сондай-ақ оның негізінде жатқан себептерді түсіндіруді де мақсат еткен әлеуметтік анализдің ең тереңдетілген түрі. Зерттеудің бұл түрінің іс жүзінде үлкен құндылығы бар (белгілі бір уақытты, аса сақтықпен өңделген бағдарламаны, құрылымдарды талап етеді).

Әлеуметтік зерттеулерде бақылаудың маңызды 3 негізгі типті процедураны бөліп айтуға болады:

1.        дайындық сатысы (зерттеу бағдарламасын өңдеу);

2.        негізгі (бақылау зерттеулерін жүргізу);

3.        тәмамдайтын (мәліметтерді өңдеу мен талдау, қорытындылар мен нұсқауларды қалыптастыру).

Нақты әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтану мамандарын басқа да әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарының өкілдері ішінен ерекшелеп тұратын өзіндік бір бөлігі. Бақылау әлеуметтік әдістерді меңгеру зерттеушіден тек қана әлеуметтік пәндерді ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік философия, психология, әсіресе математиканы, статистикалық әдістерді, информатиканы білуден тұратын байсалды кәсіби дайындықты талап етеді. Бақылау әлеуметтануында танымал жаратылыс мамандарды болуы бекер емес (мысалы, Галлей, Лаплас, Лавуады).

Әлеуметтік зерттеу жүргізу үшін бағдарлама жасалады. Бағдарлама - деп ғылыми ізденістің әдістемелік және әдістеме шарттарын қамтитын құжатты айтады. Бағдарлама әдістемелік, әдістеме және зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады. Әдістемелік тарауда зерттелетін проблема және оның тұжырымы зерттеудің мақсаты анықталып, негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады. Әдістеме тарауында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу мен талдау әдістері белгіленуі тиіс. Зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның үш тарауы қамтыған мәселелер анықтайтын болады. Бағдарламаны әзірлеу зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Әлеуметтік проблема - деп шешім дайындау мақсатында  арнайы талдауды талап ететін жағдайды айтады. Проблеманы дәл анықтау үшін ол туралы нені біліп, нені білмейтінімізді айқындауымыз керек. Проблемада бізді ойландырып отырған негізгі мәселе белгіленуі шарт.

Зерттеу жұмысына орай жасалынатын келесі адым оның мақсаттарын анықтау. Мақсат - деп зерттеудің жалпы бағытын, әрекет етудің жобасын және ғылыми нәтижеге қол жеткізуге талаптануды айтады1). Мақсат әлеуметтік зерттеудің қолданбалы және теориялық салаларын негіздейді. Мақсатқа жету үшін нақтылы не істеу керектігін дәлірек, айтқанда, зерттеудің міндеттерін белгілеу қажет. Бұдан соң зерттеудің объектісі мен пәнін анықтау жүзеге асырылады.   

Мысалы, біздің суреттеуіміздің объектісі - студенттердің өмір сүру деңгейі, олардың өмірін қандай факторлар анықтайды (тамақтану, денсаулық, т.б., стипендия, ата-аналармен материалды - қаржылай байланыс, қосымша табыс). Қазіргі студенттік өмірдің өмір сүруі қызметінің әлеуметтік-экономикалық механизмін көрсету мақсаттағы мәселелерді монографты зерттеуге тартатын, тереңдетілген талдау қажет).

Көлемді суреттеу зерттеу ізденістердің маңызды элементі болып табылады, өйткені зерттеуші мәселені анықтайды, оны тереңдетеді мақсат-шарттарын анықтайды. Ең бастысы, ол:

А) оқылатын объект құрылымы;

Б) оқылатын әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыс сипаты;

В) әлеуметтік мәселелерді шешуге болатын мүмкін жағдайлар жөнінде негізделген тұжырымдар - гипотеза қоюға өзі жол табады. Зерттеуді ұйымдастыруда жорамал рөлі өте маңызды. Ол ғалымның шығармашылық ізденісінің басты аспабы болып табылады. Ғылыми гипотезаны мақұлдауға

 

 (1) Как провести социологиическое исследование. - М., 1990. - С. 27.

немесе одан бас тартуға ұмтылыс ғылыми зерттеудің негізгі мәні, бағыт-бағдары болып табылады. Жорамалдар іздестірулерді ұйымдастырады, бастысын бөліп алады да, тұрлаусыздарын шетке шығарады.

Жорамал зерттеу жұмысының қорытындысын алдын ала анықтауы тиіс.

Жорамалсыз бәрі түсінікті болса, зерттеу жүргізудің қажеттігі болмас еді.

Ой жорамал жоқ кезде, зерттеу жақсы жағынан алғанда суреттемелік болады да, жаман жағынан алғанда ғылыми мағынасыз болады. Біздің жағдайда гипотезалар (сәйкесінше контргипотезалар) келесі типті болып келеді:

а) студенттерді материалды қамту жағынан бастаушы фактор, олардың ата-аналармен материалды-қаржы байланыстары. Салдары: студенттің өмір сүру деңгейі мемлекет бөлген қаржымен емес, ата-ананың материалдық жағдайымен, жұмыссыздықтың өсуімен анықталады т.с.с;

б) студенттердің қаржы-табыс табуы мен оқуы факторлары арасындағы анық байланыстың болмауы.

Контргипотеза: табыс табу студенттердің оқуына теріс әсер етеді.

Бағдарлама дайын болған соң кімдердің сауалнама жүргізілетіні анықталуы керек. Ол үшін сұрыптау мәселесі шешіледі. Өйткені зерттеудің объектісі, көп жағдайда, адамдардың үлкен жиынтығы болады. Ал олар әлеуметтік – демографиялық белгілеріне қарай жіктелген және үлкен территорияға орналасқан. Сондықтан олардың бәрімен сауалнама жүргізуді ұйымдастыру қиындықтарға соқтырады. Сонымен қатар 5000 адамнан немесе 250 адамнан сауалға алынған жауап бірдей ақпарат береді. Мәселе, бұл жерде 5000 адамнан 250 адамды қалай сұрыптап алу жайында болып отыр.

Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп проблемаға қатысты бақылауға алынатын бүкіл бөліктің жиынтығын айтады. Бас жиынтық территория, мерзім, өндіріс саласы немесе кәсіптік, функциялық шеңберді қамтумен шектелген. Іріктелген жиынтық бас жиынтықтың бір бөлігі болып табылады, әзірленген әдістемеге сәйкес зерттелінетін объектінің есебінде болады. Сұрыптаудың типтері көп. Ықтимал сұрыптауды қолданған кезде мынадай әдістер пайдаланылады:

1) стихиялық сұрыптау әдісі, бұл әдіс бойынша бірінші кездескенге сұрақ қойып жауап алынады;

2) механикалық сұрыптау әдісі, бұл жалпы адамдардың тізімінен белгілі бір интервалды сақтай отырып респонденттердің қажетті санын бөліп алу болып табылады;

3) сериялық сұрыптау, мұнда басты жиынтық белгілі бір белгілері бойынша біртектес бөліктерге бөлініп, сонан соң әрбір бөліктен респонденттердің нақты саны бөлініп алынады;

4) ұялы сұрыптау әдісі, жеке адамдарды іріктеумеу топтарды немесе ұжымдарды бөліп алу мақсатында қолданылады.

Әлеуметтік факт жөнінде айта отырып, бақылау әдістерін іске асыра отырып зерттеуші жұмыс істейтін барлық түсініктерін анық қылу керек. Бұған логикалық процедура - түсініктерді операционализациялау: осы жалпы түсініктердің мазмұнын бірге отырып суреттеуге қабілетті  қарапайым, түсіндірмелі және бекітім құрамдарына дейін сатылы мүшелеу. (Бұл ойлаудың өзінше бір рационалдық тілі).

Маңызды бір мәселелердің бірі - материалды дайындау. Әлеуметтану маманының жылдары жиі мәселе, жалпы түсініктерді анық фактілерге бекітуге мүмкіндік беретін сәйкес аспап таңдауға кетеді.

Материал-әлеуметтік әдістерге ыңғайластырылған әдістемелік сипаттағы әлеуметтік мәліметтерді жинауға мүмкіндігі бар (анкета, бланк интервью, әлеуметкарта, бақылау карточкасы және т.б.).

 

3.2 Әлеуметтік мәліметтер жинаудың әдіс-тәсілдері

 

Социологияда ақпарат алудың маңызды құралы, көзі және әдісі, құжаттары болып есептеледі. Социологияда құжат деп ақпаратты сақтау және жеткізу үшін адамның арнайы жасаған затын айтады. Құжаттарда жеке адамның, ұжымның, халықтың үлкен тобының және жалпы қоғамның қызмет процестері мен оның нәтижелері жөнінде мағлұматтар жинақталады. Сондықтан олар зерттеушілер үшін аса маңызды. Құжаттарды түріне қарап бес топқа бөледі:

а) ақпаратты белгілеу тәсіліне қарай бөлінген құжаттар, бұған жазба, баспа, кино бейнелеу таспасына түсірілген жазба, магнит таспасындағы жазбалар жатады;

б) мақсат міндетіне қарай бөлінген құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес зерттеушілердің күшімен алған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған қолдағы құжаттар жатады;

в) арнайы құжаттығына орай бөлінген құжаттар, оларға жеке адамның күнделігі, хаттары, статистикалық материалдар, баспасөз мәліметтері т.б. жатады;

г) құжаттың түпнұсқасының статусына қарай бөлінгендер болады. Олар ресми және ресми емес болып бөлінеді. Ресми құжаттарға: мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері; ресми емес құжаттарға: жеке азаматтар жасаған құжаттар жатады;

д) ақпараттың алыну көзіне орай бөлінгендер: бастапқы құжаттар және екінші қатардағы құжаттар болып бөлінеді.

Бастапқы құжаттар тікелей бақылаудың немесе сұрақ-жауаптың негізінде алынған мәліметтер; екінші қатардағы құжаттар, яғни бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы.

Қазіргі заманда әлеуметтануда өзі кешенді қолданатын арсеналды көп түрлі бақылау әдістері бар. Негізгі әдістер: ақпарат жазба көзінің талдауы (құжаттар), бақылау, сұрау жүргізу әдістері.

Егер де құжаттардың талдауы қолданылатын болса, қандай құжатты көздер оқылатыны жөнінде нұсқалуы керек. Бұл жазба көздері, құжаттар болуы мүмкін. Әлеуметтануда осы әдіс көмегімен күрделі әлеуметтік мәселелер шешілгені жөнінде тамаша мысалдар бар. Сөз белгілі неміс әлеуметтану маманы М.Вебер хақында болмақ. Ол К.Маркстің экономикалық фактордың репиоритеті жөнінде ілімін теріске шығара отырып, қоғамның дамуында социомәдениеттік фактордың рөлі жөнінде гипотезаны жасады. Ол XVI ғасырда Д.Кальвин басқарған протестантизм тармағының басшыларының көптеген лұғат сөздерін анализ жасай отырып, протестантизм этикасы аянбай еңбектену мен сақтану, өзін-өзі шектеу, дені сау өмір секілді қайырымдармен бірлесіп, көп жағдайда рационализм, кәсіпкерлікке тән табысқа дейінгі мотивация типін алдын-ала анықтайтынын факт жүзінде көрсетуге тырысты. Бұның бәрі іскерлік табыс Батыс Европадағыдай бағалы құндылықтар жүйесіне кірмеген Үнді, Қытай діндерінің тарихымен қатар қойылып жасалады.

Ешқандай да идеалды әдіс болмайды. Олардың әрқайсысында өзінің жетістіктері мен жетіспеушіліктері, қолдану облысы бар. Әлеуметтік ақпарат жиынының аса маңызды әдістерінің бірі ретінде дәл шешімдер беретін бақылауды айта аламыз, өйткені анкета сұрақтарына жауаптармен емес, адамдарды шынды мінез-құлқымен жұмыс істейді. Тағы да бір маңызды кезең, бұл әдістің артықшылығы - зерттеуші белгілі бір дәрежеде өзі зерттейтін объектіге тәуелді емес, ол индивидтердің арман-тілегін немесе олардың сұрақтарға жауап бере алу мүмкіндігінен тәуелсіз фактілер жинай алады.

Бақылаулар бола алады:

- стандартизацияланған, яғни бақылау белгілі бағдарлама, тапсырма, гипотеза бар, бақылау индикаторлардың белгілі жүйесіне сай жүре отырып, бекітіледі. (Мысалы, студенттік топта бақылау жүргізу, шағын топтарды қалыптастыру, лидерді қалыптастыру т.б.).

- кең танымал болған, былайша айтқанда, қосылған, стандартталмаған бақылау болды. (Әлеуметтану маманы өз мәдениетін, дәстүрін зерттеп жүрген орта ішінде жұмыс жасап, тіршілік етеді). Зерттеуші ортаны анық сезеді, сүйсінулер, антисүйсінулер пайда болады, бұл жағдайда сұрақтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік ақпаратты  жинаудың кең тараған әдісі ретінде сұрау жүргізуді айтамыз. Сұрау, біріншіден, зерттеушінің адам-респонденттердің белгілі бір жиынына сұрақтар мен ауызша немесе жазбаша сөз сөйлейді.

Социологияда кеңінен қолданылатын әдістің бірі сұхбаттасу, ол ақпаратты алу әдісі. Сұхбаттасуды қойылған сұрақтар нақты, мазмұнды, мақсатты, тұжырымды болуы шарт. Ол жұмыс, оқу т.б. қызмет орындарында жүргізіледі. Респондент болып кімдердің қатысуына қарай сұхбат топтық және жеке адамдық деп бөлінеді. Топтық сұхбат шағын топтарда жүргізіледі де топтың, жеке адамның ой-пікірі, ұстаған бағыты анықталады. Сұхбаттың бұқаралық түрі де бар. Оған телефонмен сұхбаттасуды жатқызуға болады. Телефондық сұхбаттың сұрақтары қысқа және тұжырымы барынша қарапайым болуы шарт.

Сұхбаттасу процесін шамамен бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: бірінші кезеңде респондентпен байланыс орнатып, оны әңгімеге тарту жағымды көңіл күйді қалыптастыру керек. Зерттеуші өзін таныстырады, қай ұйымнан екенін айтады, сұхбаттың мақсаты мен міндетін түсіндіреді. Содан кейін барып алғашқы сұрақ жауапқа көшеді. Бұл екінші кезеңді қамтиды. Жауап беруші әңгімесін бөлмей, шыдамдылықпен тыңдағаны дұрыс. Үшінші кезеңде негізгі сұрақтар қойылады. Зерттеушінің респондентке айтқан мәселелермен келіспеу мүмкіндігі болады, сонымен бірге мүмкін жауап беруші сұрақтың мәнін түсінбеген болады. Ондай жағдайда сұрақты қайталап қою керек, басқаша сөздерді қолданып оны дұрыс немесе сұрақты түсіндіру керек. Кейбір адам өзінің ойын дұрыс жеткізе алмаудан болады. Мұндайда оның берген ақпаратының құнды екенін баса айтып және сұрақтарға бірлесе жауаптар іздеуді ұсынған жөн болады. Төртінші кезеңінде сұхбат қорытындалып, оның негізгі нәтижелері анықталады. Сұхбаттың соңында зерттеуші жауапшыға рахмет айтуы шарт.

Сұрыптау - өзіндік бір микромодель, онда адамдар категориясын анықтайтын ғылыми мақсаттарын шешу үшін және жалпы жиын үшін барлық қажет мәнділіктер сәйкес пропорцияда болуы керек. Біздің жағдайдың таңдауында пропорциялар келесі көрсеткіштер бойынша көрсетіліп, бақылануы керек:

- Қазақстан аймақтары бойынша;

- жасы (оқу курсы) бойынша;

- ЖОО типі (университеттер, техникалық ЖОО-ра, педагогикалық                                             ЖОО-лар және т.б.).

Оқып - үйретілетін мәселеге байланысты басқа да көрсеткіштер қосылуы мүмкін.

Яғни, бұл сұрыптау студенттің 10 есе кішірейтілген өзіндік моделі болуы тиіс, яғни таңдау 10% болуы керек1).

Сұрау жүргізу - 2 негізгі түрде жүргізіледі: сұхбат пен анкеталық сұрау. Сұхбат стандартталған пішінде жүреді. Шынында бұл да анкета, тек қана сұхбат береді. Осылай ол сұралатын адамның реакциясына қарай өзі дәл түсіністікке  ие болуы үшін сұрақты анықтайды. Осыған қоса, сұранатын адамның жауаптарының барлық нюансын ескерілуі қажет. Бұның бәрі сұхбаттың әлеуметтік ақпараттың дәлдігінің   жоғары     болу   әдісі   ретінде    әсерлі    болуына   жағдай    жасайды.

Сұрау жүргізу әдісі, ең бастысы жаппай    анкеталық  сұрау  жүргізу әдісі - бұл  әлеуметтік     ақиқатты    түсінудің    қуатты  аспабы. Онда,  бір    жағынан,  типтік кездейсоқ емес әлеуметтік құбылыстардың бекітілуін, үлкен сандар заңын, ықтималдықты статистика ақпараттарын толық пайдалануға мүмкіндік беретін жаппайлық болады. Екінші жағынан, нәтижелердің математикалық дәлдігі мен мәнерлілігі, оларды қатар қою мүмкіндігі, әртүрлі статистикалық операциялар жүргізу. Осы жағдайда анкеталық сұрау жүргізу анонимдікті, сұралынатын адамның тәуелсіздігін сақтауға мүмкіндігін жасайды, зерттеушінің тура әсерін, қысымның мүмкіндігін шектейді.

Анкета құрылымы:

а) Кіріспелік бөлім (мұнда сұраудың кім жүргізіп жатқандығы, анкетаны толтыруға арналған нұсқаулар көрсетіледі).

 б) Төлқұжат (респонденттердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасына арналған сұрақтар: жынысы, жасы, білімі, мамандығы, жанұялық жағдайы).

в) Негізгі бөлім.

г) Сұрақтардың бөлігі - қарапайым, байланыстық сұрақтар.

 

1) Капитонов Э.А. Социология ХХ века. История и технология. Ростов- на- Дону, 1996.

 

Олардың мақсаты - респондентті қызықтыру, мәселеге тарту. Сұрақтар шешімде қарапайым, ал жауаптар жеңіл болуы керек.

д) Негізгі сұрақтар. Олардың мазмұны зерттеулердің мақсаттары және шарттарымен анықталады. Күрделі сұрақтар, ойлауды, анализді, естің белсенділігін талап етеді.

3 бөлім - қорытынды сұрақтар.

Анкетаны толтыруға 35+10 минут кетеді, өйткені респонденттің ықыласы төмендейді.

Сұрақтарды жіктеу

Сұрақтар пішіні бойынша жабық, жартылай жабық және жартылай ашық.

болуы қажет

Таңдамалы сұрақтың бір түрі ретінде шкалалық сұрауды айта аламыз.

Мысалы: "Сіз өз клубыңыздың өткен жолғы жұмысын қалай бағалар едіңіз?".

өте жақсы – 5, жақсы – 4, орташа – 3, нашар – 2, өте нашар - 1

Ашық сұрақтар - респондентке ешқандай жауаптар нұсқалары берілмей, өз қалауынша жауап бере алатын сұрақтар. Мысалы: "Өз жұмысыңызда сізді не қызықтырады, тартады?"

Жартылай жабық сұрақтар - ұсынылған жауаптар санында "басқа" немесе "тағы не" позициялары болады.

Тура сұрақ - бұл респонденттен тура ақпарат алуға мүмкіндігін беретін сұрақ. Мысалы, "Сіз өз жұмысыңызға көңіліңіз бола ма?"

Жанама сұрақтар - қажетті ақпаратты тура емес, сұрақтар сериясы көмегімен алуға көмектесетін сұрақтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анкета сұрақтарының сапасын әдістемелік ақпаратты жинауға арналған аз топта тексеріс анкетасын ұйымдастыру арқылы көз жеткізіп, бағалауға болады. Мұнда өңделген материалдың сапасы нақты анықталады. Анкетада сұрақтардың барлық түрлерін үйлестіріп, олардың ретін қадағалап, жауаптардың нұсқаларын мұқият ойластыру қажет.

Сұраудың негізгі түрлерінен басқа тағы да: экспертті сұрақ, социометриялық болады.

Аз топтардың құрылымдық талдау әдісі

Ақпарат жинаудың әдістерінің ішінде зерттеудің социометрия деп аталатын әдісін ескеруіміз қажет. Қазіргі замандағы социометриялық әдіс - жеке тұлғаны әлеуметтік топтың элементі ретінде зерттеудің әсерлі, перспективті, кең тараған әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс ұжымында, аз топтарда аз байланыс топтарының таңдау жағдайларында қалауды бекіту жолымен қарым-қатынасты зерттеу үшін қолданылады.

Негізгі қызметі: социометриялық әдістің көмегімен топтағы өзара қатынастар құрылымының суреттемесі, топтың мүшелері арасында эмоционалдық қатынастар сипатының сандық бағасы (өлшемі) беріліп, көрсетілген құрылымда орын қойылады.

Қолдану аясы: институтцианалдырылған немесе институтцианалдырылмаған аз топтарда, ұжымдарды оқып-үйренгенде қолданылады. Әсіресе, ұжымдарда жұмыс қалыптастыруға үшін қолдану өте маңызды болып табылады.

Үлкен өндірістік ұжымда бірнеше беиресми құрылымдардың пайда болатыны қарым-қатынастарды, аз топтардың сипаттамасын, осы топтағы психологиялық атмосфераны зерттеп, оқып үйретеді.

Кәсіпорындарда өткізілген социометриялық зерттеу әдісімен жиналған ақпарат кәсіпорынның әлеуметтік дамуының жоспарын құрастырғанда бағалы материал болып табылады, ол басқару жүйесін және т.б. сұрақтарды жақсартуға көмектеседі. Социометриялық сұраудың процедурасы 5 фазадан тұрады:

а) фазасы дайындық:

- мәселені анықтау, зерттеу мақсатын шешу;

- топтың, ұжымның мүшелері саныс жөнінде мәлімет пен олардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларын алу;

б) социометриялық тынығу фазасы:

- топ мүшелерімен тіке байланысты орнату;

- социометриялық критерий мазмұнын анықтау;

в)фаза - сұрау

- респонденттердің инструктажы;

-   социометриялық карточканы тарату;

- респонденттердің оларды толтыруы;

- карточкаларды жинау;

г) өңдеу фазасы:

- ақпаратты өңдеу;

д) соңғы фаза:

- шешімдерді алу;

- нұсқамаларды шешу;

Сұхбат пен анкетаның негізгі айырмашылығы алынатын мәліметтердің тереңдігінде. Анкета көмегімен зерттеуші ойлардың "беттік" қабатын алады, ал сұхбат ойлардың терең мотивтерін зерттеуге мүмкіндік береді. Нақты әлеуметтік зерттеулерде бұл екі әдіс бірін-бірі толықтырады. Сұраудың ерекше түрі - экспертті немесе оны экспертті бағалау әдісі деп атайды.

Экспертті сұраудың негізгі сатылары:

а) экспертті жинақтау;

б) сұрау жүргізу;

в) нәтижелерді өңдеу.

Ғылыми бақылаудың айрықша және аса күрделі формасын эксперимент деп атайды.

Эксперимент дегеніміз - зерттелінетін құбылысты жасанды түрде қолдан жасау (тудыру) арқылы бақылауды айтады. Мұның қиындығы сол, жасанды құбылыс табиғи құбылысқа дәл сәйкес келмейді, өйткені мұнда адамдардың өзара қатынасы, мінез-құлқы табиғи жағдайдағыдай болмайды. Оның үстіне, табиғат құбылыстарына қарағанда әлеуметтік құбылыстар әлдеқайда күрделі болғандықтан, әлеуметтік эксперимент жасау да  оңай емес.

Жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру дегеніміз ғылыми қорытынды жасау. Бақылаулық әлеуметтік зерттеудің қорытынды сайысы мәліметтерді өңдеу, анализдеу мен интерпритациялау, бақылаулар негізіндегі жалпылаулар, шешімдермен нұсқауларды алуды қарастырады.

Мәліметтерді өңдеу келесі сәттерден тұрады:

1) ақпаратты сараптау мен кодтау. Бұл қадамның мақсаты - әлеуметтік зерттеу барысында алынған ақпаратты унификациялау мен формализациялау;

2) айнымалыларды жасау. Анкеталар негізінде жиналған ақпарат зерттеу барысында шешілуге тиіс сұрақтарға жауап береді, өйткені, операциянализациялау процесінде сұрақтар индикаторлар формасына ие болды. Ендігі кері процедураны жүргізу қажет, яғни мәліметтерді зерттеулер сұрағына жауап бере алатын формаға келтіру қажет;

3) статистикалық анализ-әлеуметтік мәліметтерді анализдеу процесіндегі кілтті қадам. Оның барысында әлеуметтану мамандарына жалпылаулар мен қорытындылар жасауына мүмкіндік беретін тәуелділіктермен заңдылықтар анықталады. Мұнда жиналған ақпаратты толық және жан-жақты талдауға мүмкіндік беретін әртүрлі математикалық әдістер пайдаланылады. Қазіргі заманғы әлеуметтануда ақпаратты математика-статистикалық өңдеу бағдарламалармен толықтырылған ЭВМ қолданылады.

Мәліметтерді өңдеу мен анализдеу ранжирлеу, шкалалау, корреляция және т.б. әдістерді кеңінен қолданады.

Ранжирлеу-зерттелетін объектілерді тәртіптеу негізінде қатыстық мәнділігін қалыптастыру процедурасы. Ранг дегеніміз - топтағы бағаланатын объектіміз, баға үшін маңызды қасиеттерге ие басқа да объектілердің реттік орнын сипаттайтын көрсеткіш. Зерттеу шешімдер, ұсыныстар мен кепілдемелердің қалыптасуымен аяқталады. Олар нақты, шындық сипатта болып, зерттеу материалдарына қажетті, негіздемелері құжаттық және статистикалық мәліметтермен болуы керек. «Қолданбалы зерттеулердің әдістемесі мен практикасының дамуы әлеуметтанудың ерекше үлесі болмай, ұжымдық жігердің аренасы болып бара жатқанды ғана нәр қылды». Әлеуметтанулық қызмет әлеуметтану мамандарын оқытып - үйретудің дамушы желісі бар мамандық болып бара жатыр. Олардың жұмысының стилінде өзгерді; дәстүрлі ілімдік жұмыс өрістік (бөлмедей емес) - әлеуметтік мәліметтерді жинаумен толықтырылады.

Бұл бір жағынан, зерттеулік және ұйымдастырушылық жұмыстың әлеуметтік білімдерімен, әдістерімен және ережелерімен игерген компонентті мамандыққа деген қажеттілікпен түсіндіріледі. Нәтижесінде әлеуметтануды инженерлік қызмет ретінде түсіну қалыптасады. 

       

4 тақырып.  Еңбек социологиясы

 

4.1 Еңбектің әлеуметтік өлшенуі

 

Еңбек - қоғам мен адам өмірінің негізгі шарты. Еңбек адам мен табиғат арасында жасалынатын жүйе және осы жүйеде адам өз әрекетімен өзінің табиғат пен қарым-қатынасын бақылайды, реттейді. Осы еңбектің арқасында адам өз өміріне бөлінді және адам болып қаланды. Еңбек нағыз адамды, адамдық қоғамды жасады, сондықтан еңбек адамның басқа нәрселер әрекетімен ғана іске асады. Сол себепті, еңбек әрқашанда ұжымдық әрекет ретінде көрінеді. Еңбек және өндіріс жүйелерінде адамдар белгілі бір байланыс пен қарым-қатынасқа түседі, тек қоғамдық байланыс аумағында және олардың табиғаттағы қарым-қатынасында өндіріс белгілі бір орын алады.

Еңбек әлеуметтігі - әлеуметтік процесс ретінде еңбектің әсерін, еңбек тиімділігінің өсуін, еңбекте техникалық және әлеуметтік шарттардың адамдарға өзара байланысын зерттейтін әлеуметтануының бөлігі. Адам мен қоғамның жасалыну жүйесін еңбектің негізгі үш ерекшелігін бөліп алуға болады.

Біріншіден, еңбек әлеуметтігі - бұл еңбек заттары және құралдарымен адамдардың өзара әрекетін көрсететін әлеуметтік заңдылық. Бұл жерде адамдар мен ұжымдардың қазіргі заманғы шарттардағы әрекетіне байланысты мәселелерді қарастырады.

Екіншіден, еңбек әлеуметтігі - бұл адамдар мен ұжымның еңбек сипаттамаларына, мазмұнына, шарттарына қарым-қатынастары. Бұл жерде адамдар мен ұжымдардың еңбекке материалдық қызығушылықпен, еңбек мазмұнына, еңбек мәніне қатысты себептерді талдайды.

Үшіншіден, еңбек әлеуметтігі - ұжымдық әлеуметтік ұйым немесе жұмысшылар арасында байланыстың, құнның, көзқарастың жиынтығын құрайтын қарым-қатынастың ең маңызды жүйесі. Бұл жерде ұжым ішіндегі әлеуметтік - психологияның климаттағы мәселелерді, мысалы, ұжымды басқару тәсілдерін, олардың арасындағы жанжалдарды, ұжым мүшелерінің қарым-қатынастары талданды.

Еңбектің қызметін көрсететін қоғамдық қызметтер. Біріншіден, еңбек адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын тәсіл ретінде көрінеді. Екіншіден, адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын тәсіл ретінде көрінеді. Екіншіден, еңбек - қоғамдық байлықтың көзі. Үшіншіден, еңбек қоғам жасаушы және қоғамдық алға басу факторы. Төртіншіден, еңбектің адам шығарушы факторы. Бесіншіден, еңбек адам үшін төленетін бостандыққа жолдағыш күш.

Еңбек әлеуметтігіндегі негізгі категорияларға мыналар жатады: еңбек шарты, еңбек ұйымы, еңбек түрлері, еңбек мазмұны, еңбек сипаты, еңбекке көзқарас, еңбекпен қанағаттанушылық, ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты және т.б.

Еңбекке көзқарас - бұл жалпы жүйедегі жеке тұлға мен қоғамның құндылықтарының еңбектік әрекетінің бөлінуі, сондай-ақ, адамның, қауымның еңбек әрекетінің нақты бір түріне қатынасы. "Тудэй" газетіне жарияланған ағылшын медиктерінің зерттеулерінен мынаны аңғаруға болады.

Адамның еңбекке әсерін анықтайтын негізгі факторлардың бірі жұмысшыларға материалдық қызығушылықтардың қолма-қолдығы және жетіспеушілік нәтижесі болып табылады. Біздің еліміздегі әкімшіліктік командалық жүйе кезінде тепе-теңдік қалыптасады. Қайда болсын, кім болып, қалай жұмыс істесе де, бәрібір шамамен бірдей еңбек ақы алынады. Ал, бұл адамдарды ынталандырмады. Сол үшін келесілерді еске алу қажет болады.

Біріншіден, Т.И.Заславскаяның тұжырымдауы бойынша адамдардың 20% әртүрлі экономикалық жүйеде және сапасына қарай әртүрлі ынтада жақсы жұмыс істей алады: олар жаман жұмыс істей алмайды. Ал, 15% ешқашанда және шарт болса да жақсы жұмыс істей алмайтындар. Сол себепті, жұмысшылардың 65% барлығына болмаса да, әйтеуір жұмысқа ынталанған1. Екіншіден, адам "гомо экономикус" емес қой. Бұған И.Б.Бестужев-Лада деген ғалым жауап береді: "Адам үшін - әсіресе жас адамды - тек өзіне қатысты жоғары деңгейдегі қажеттіліктерін қанағаттандыратындар мыналар, біріншіден қызықты, мазмұнды, шығармашылықты жұмысында өзіне тартымды ұжым, біліктілігі мен білімін өсіретін мүмкіндік бос уақытының, қызығатын адамдарымен қарым-қатынасының көбеюі және т.с.с. Адам еңбегінің қиын сәттерінің себебін ескеру қажет".

Адамның өндірістік ic-әрекетінде оның еңбекке деген ынтасы мен еңбек етудегі белсенділік көрсету себептері үлкен рөл атқарады. Адамның еңбекке деген ынтасы - объективті факторлардың ықпалымен жұмысшының зейінін ояту болып табылады.

Еңбек социологиясы туралы идеялардың дамуы XXғ. 20-30 жылдарынан бастау алады. Америкалық, социолог Фредерик Херцбергтің айтуынша, батыс социологиясында өндірістегі жұмысшылардың тәртібін реттеудің 3 тәсілі талданған.

Бірінші тәсіл - ғылыми менеджмент. Оның негізгін XX ғасырдың басында американ инженері Фред Тейлор қалады. Оның теориясына сүйенсек, адам еңбегінің нәтижелігі еңбек дағдыларын қажет етпейтін жай ғана операцияларға негізделген өндірістік тапсырмаларды орындау барысында жинақтаған мәліметтер арқылы өседі.Тіпті жалқау еңбекке қызығушылығы жоқ жұмысшыларға прогрессивті -премиялық, жалақыны үйлестіріп бөліп беру арқылы олардың еңбек өнімділігін арттыруға болады. Сонымен бірге, еңбек қозғалысын үнемдеу мақсатында жұмысшы операцияларын хронометриялау және еңбек функцияларын жеңілдету

 

1) Заславская Т.И., Рывкина Р.В. Социология экономической жизни. Очерк теории. Новосибирск, 1991. - С. 212.

арқылы еңбек өнімділігін арттыруға болады.

Еңбек социологиясы идеясының бастау алуына үлес қосқан Элтон Майо (1880-1949) «адамдардың қарым-қатынастарының»   дамуына  зор  үлес  қосты.   Ол қазіргі индустриалды қоғамды адамдарды дезинтеграциялау процесі бұзылған қоғам деп түсінді. Өндірістің ұлғаюына әсер етуші бірнеше факторларды - еңбектің ұйымдастырылуы, оған қойылатын шарттар, жалақы, басқару стилі, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б. факторларды зерттей келе, Э.Мэйо адами фактордың рөлін көрсетті. Э.Мэйо 1927-1932 жылдар арасында Чикаго штатына   жақын Хоторн аймағындағы электрлік кәбілдер зауытында орналасқан «Уэстерн Электрик» фирмасында жүргізілген зерттеулерге жетекшілік жасады.

Ондағы эксперименттер еңбек шарттарының, оның өнімділігіне әсер ету деңгейін анықтаудан басталды, оған жұмыс істеу режімі, демалыс ұзақтығы, жалақы беру жүйесі және тағы басқа параметрлері кіреді. Осы зерттеулер нәтижесінде мынандай қорытынды жасалды:

1) еңбек шарты мен оның нәтижелілігі арасында ешқандай тәуелділік жоқ болып шықты;  

2) еңбек өнімділігінің өсуіне еңбек шартына тәуелсіз факторлар ықпал ете алады екен. Ондай факторларға жеке адамдардың өзара қарым – қатынасы, «топтық, рух», жұмысшылардың еңбекпен және жетекшілікпен субъективтік қарым – қатынас жасауы жатады.

Жасырын факторлар арасында жұмысшылардың формальды емес нормалары, ережелері талаптары да анықталды. Бұл нормалар мен талаптар жұмысшыларға еңбек өнімділігін сақтауға, әкімшілік жақтан көрсетілген қыспақтарға қарсы тұруына, еңбекке қызығушылығының жойылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу кезінде жұмысшы топтың өзі күрделі топтарға бөлінетіні анықталды өшбасшылар, бағыныштылар және аутсайдерлер). Олар мамандығы бойынша ғана емес, сонымен бірге ресми түрде айқындалмаған жеке белгілері мен қасиеттеріне қарай: өздерінің өзара мінез – құлық ережелері мен бір – біріне қойған бағалары жағынан, бір – бірімен жасайтын байланыстың түріне қарай бөлінеді екен.

Жұмысшылардың мінез-құлқын реттейтін үшінші тәсіл америкалық социолог Беррес Фредериктің есімімен байланысты және ол оқиға менеджменті деп аталады. Бұнда менеджменттің бұл түріне қозғау салатын әлеуметтік-материалдық факторлар есепке алынады. Онда еңбек процесінде айқын мақсаттарға қол жеткізген адамдар марапатқа ие болады.

 

4.2 Адам талаптарының  тұжырымдамалары  

 

Американдық социолог Абрахам Маслоудың еңбек ету себептері туралы теориясы Адам талаптарын баяндайды. А.Маслоу адам талаптарын жіктей отырып, оны базистік (өзінің қауіпсіздігі, азық-түлік қажеттігі, қоғамда өзінің жоғары бағалануы және т.б.)  және туынды (әділеттілік, ырыс-берекелігі, қоғамдық өмірінің бірлігі және т.б.) деп бөледі.

Абрахам Маслоудың айтуынша, индивид өзінің бұрынғы талаптары жүзеге асхана кейін алдына жаңа талаптар қояды және сол талаптарды алдыңғы талаптарынан жоғары санай бастайды. Еңбек себептеріне тексерулер жүргізе отырып, Фредерик Херцберг өз еңбегіне көңілі толмаған адамдар қоршаған ортаны сөз етсе, өз еңбегіне қанағаттанған адамдар өз жұмысын сөз ететінін байқады. Бұдан шығатын қорытынды, кез-келген индивидтің талаптары бір – біріне тәуелсіз және олар әртүрлі, сол себептен олар тұтас бip жүйеге енгізілмеген. Әр адамның талабы өзінің мінез-құлқына қарай әртүрлі болып келеді.

Бірінші топ - гигиеналық, фактор. Бұл фактор еңбектің қолайлы шарттарының бipi ретінде қарастырылады. Бұл шарттар жұмысшыларды тұрмыс үймен, жеңілдіктермен қамтамасыз ету және еңбекті ұйымдастыру кезінде қолға алынады. 80-жылдарда жұмысшыларды өз жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық, шарттармен қамтамасыз ету талаптары орындалмады. Барлық жұмысшылардың 53,7%-ы осы келеңсіздіктің нәтижесінде зардап шекті.

Екінші топ - себептер - ішкі талаптарды қанағаттандырады, олардың құрамында табысқа қол жеткізу, өз жұмысының мазмұнына қызығушылық көрсету, жауапкершілік және т.б. бар. Тек осы талаптардың көмегімен ғана жұмысшының еңбек ету белсенділігін арттыруға болады. Адамның еңбекке қызығушылығын ояту үшін еңбекті жетілдірудің қосымша шараларын енгізу қажет. Еңбекті жетілдіру шарты 7 элементтен тұрады: клиентпен тікелей қарым-қатынас жасау; тауар  өндірушінің өз жауапкершілігі мен есеп берушілік; кepi байланыс; өз өзін назарында ұстау құқығы; еркін график; ресурстарға бақылау жасау; мамандығын ұлғайту және өз тәжірибесін ортаға көрсету.

Фредерик Херцбергтің жасаған тұжырымы көптеген америкалық компаниялардың қолдауына ие болды. Еңбек ұйымдастырудың 3 түрлі жобасы жасалды. Бұлар:

1) АҚШ-та пайда болған «қатысушылық, менеджменті» деп аталатын жобада жұмысшылар басқарудың кейбір мәселелерін әкімшілікпен бipiгe отырып талдап, шешім қабылдайды;

2) «әлеуметтік техникалық жүйе» деп аталатын түріне мысал ретінде Швеция мемелекетіндегі Вольво компаниясының машина бөліктерін жинастырумен айналысатын жұмысшылардың бригадалық, ұйымын алуға болады. Бұл ұйымда топтарға жұмыс орындарын ротациялау мүмкіндіктері, жұмыс графигі мен режімін анықтауға жұмысшылардың өкіл ретінде қатысу мүмкіндіктері қарастырылған;

 3) Жапониядағы «сапа ұйымдары» деп аталатын жоба. Жапонияның жұмыс орындарында жұмысшыларды өнімнің сапасына статикалық есеп беруде жауапкершілік көрсетуіне орай оларды түрлі топқа бөледі, сонымен бірге өндірісті дамытуда жұмысшылардың көрсеткен белсенділіктеріне қарай жіктейді.

1992 жылы Қазақстандағы жұмысшылардың еңбекпен қарым-қатынасын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алматы қаласындағы автотранспорттық; мекемелерде қызмет істейтін 2000-ға жуық жұмысшыларға еңбекке қанағат ету деңгейін анықтау мақсатында сауалдар қойылып, тексерулер жүргізілді. Олардың арасында - жүргізушілер, жөндеушілер, төмен деңгейлі қызметкерлер де болды.

Жүргізушілер арасында өз еңбегіне тәубе етушілер 63,3%-ды құрайды.

Қанағат етуінің орта деңгейіндегі жұмысшылар үлесі - 13,9%, өз еңбегіне көңілі толмағандар 23%-ды құрады.

Жөндеушілер арасында: қанағат етпеушілер - 52,6%, ал төмен деңгейлі қызметкерлер арасында - 50,0% . Бір айта кететін жайт, әйелдер арасында өз еңбегіне қанағат етушілер саны ер адамдарға қарағанда жоғары, мысалы, әйелдер арасындағы керсеткіш - 642% болса, еркектер арасында - 61,4%.

 

4.3 Еңбек ic-әрекет себептерінің негізгі деңгейлері

 

80-жылдардың ортасынан бастап әлеуметтану ғылымында еңбектік ic-әрекет факторларымен байланысты күрделі тұжырымдар ұсыныла бастады. Соның ішінде Александр Здравомыслов енгізген тұжырымға көпшілік ғалымдар назар аударады.

Еңбектік ic-әрекеттер себептерінің сұлбасы

 

 

 

 

Бірінші деңгей - еңбек ету нәтижесінде туындаған материалдық, қызығушылық болып табылады. Материалды өндірісте адамдардың талаптары мен қызығушылық арта түседі. Жұмысшының еңбек ету үлесіне сәйкестендіріліп берілген жалақы жұмысшының еңбекке деген ынтасын күшейтеді. Жұмысшылар арасында еңбек жалақысы жағынан теңгермеушіліктің туындауы адамның өз жұмысына деген ынтасының төмендеуіне алып келеді, жұмыстың сапасына жауапкершілігі төмендейді, еңбек өнімділігін жасанды түрде тұрақтандыру белең алады. Осыдан келіп жұмысшы өндірісте өз қызметіне қожалық, ете алмайды. Еңбекпен байланысты қамтамасыз етуші факторлардың бipi - еңбек мазмұны болып саналады. Еңбектің функционалды мазмұны деп отырғанымыз – белгілі бір еңбек түрімен қызмет істейтін  жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының объективтік мүмкіндіктері. Тек осы сатыда ғана еңбектің шығармашылық  функциясы арқау бола алады, онсыз кез-келген марапаттаудың әсері  шамалы  болады. Еңбектік іс-әрекет себептері ұжым мүшелерінің арасындағы  өзара қарым-қатынасы, әріптестер арасындағы қарым-қатынас және т.б.  

Еңбектік әс-әрекет жасау үрдісінде жұмысшылар сәйкес материалдық немесе рухани құндылықтарды өндіру барысында олар бір әлеуметтік ұйымға біріге бастайды. Жұмысшылардың мұндай тобы еңбек ұжымы деп аталады. Ұжым – ерекше ұйымдасқан  қауым. Бұл  топ еңбек құралдарына иелік етуші қоғамдық, ұжымдық  немесе мүшелік  меншікті  көздейтін және өзіндік  әс-әрекеттерді қамтамасыз етуші жалпы шарттарды  қамтитын жалпы қоғамдық  іс-әрекеттердің жиынтығын  сипаттайды.  Ұжым болу қалыптасу үшін индивидтер  тұрақты  түрде  түйісіп  отырулары қажет, өз күшін жоймайтын  қатал  тәртіп  енгізу керек. Бірақ, солай бола  тұрса да олар  ұжымның  сыртқы  көрінісін  сипаттайды.  Ұжымның негізгі  сипаттамасы  психологиялық тұрғыдан қарастырылады, яғни ұжымның  негізгі  көрінісі оның  құрамындағы жеке топтар мен мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарында жатыр.

Еңбек ұжымы екі функцияны атқарады: өндірістік-экономикалық және әлеуметтік.

Ұжымның  моральдық-психологиялық климат жағдайы ең маңызды фактор ретінде саналады. Бұл фактор жүзеге асса, еңбек өнімділігі 15% артады, ал керісінше болса, 30% төмендеуіне алып келеді. Жалпы, ұжымның  моральдық-психологиялық климаты дегеніміз  - жұмысшы жұмыс істеу ниетін білдіретін мекеменің психологиялық тұрпаты. Ұжымның психологиялық сипаты ұжымның жалпы мүшелері арасындағы қарым-қатынастардың көрінісімен айқындалады. Мысалы: ұжым мүшелері арасындағы дау-жанжал немесе бір-біріне сыйластықпен қарауы, адамның  өз жұмысын жақсы көңіл-күймен немесе тұнжыраңқы көңілмен атқаруы және осы секілді т.б. көріністер.

Психологтардың айтуынша, еңбек ұжымындағы дау-жанжалдар мына себептерден  туындайды:

- басқару тәсілінің кемшілігі - 52%;

- жұмысшылардың психология жағынан бір-біріне сәйкес келмеуі - 33%;

- кадрлардың дұрыс бірікпеуі - 15% 1).

Өндірісте инженер өз уақытын көбінесе адамдармен  араласып, олармен жұмыс істеуге жұмсауына тура келеді. Жоғарғы оқу орындарын бітірушілердің көбісі адамдармен қарым-қатынас жасау мәселесін қарастыру керек екендігін ескертіп  жатады. 

Қазіргі нарықтық қатынастар  адамдармен тең дәрежеде араласуды және оларға құрмет көрсетуді талап етеді.

Ұжым мүшелері арасындағы қарым-қатынас, басқарушының көріпкелдігі мен ақылдылығы – қазіргі еңбек ұжымының субъективті факторы ретінде саналып отыр. Ал, ұжымның  материалдық базасы, өндірістің техникалық  жабдықталуы, жалақы қоры және т.б. шарттар  ұжымның  сыртқы факторлары ретінде қарастырылады.

Еңбек ұжымы өзінің дамуы барысында үш кезеңді бастан өткізеді: алғашқы бірігуі кезеңі;  дифференциялану кезеңі; бірігу кезеңі.  Ұжымды қалыптастырушы субъективтік шарттар мыналар: топ мүшелері арасында өзара түсініктіктердің қалыптасуы, қолайлы микроклиматтың орнауы, ұжымның өз дауын өзі шеше алатындай дәрежеге жетуі.

Ұжым іс-әрекет негізінде қалыптасады, ол өсе келе жеке тұлғаның қалыптасуына септігін тигізеді.

Ұжымның  ұйымшылдығы оның өз алдына қойған  талаптарына байланысты. Ұжымды ұйымдастыру әдісі 4 кезеңді циклдан тұрады.

Бірінші кезең. Құрылымын жасау және дифференциалдау. Ұжымда бірнеше микротоптар жұмыс істейді. Ұжымның  белсенді тобы басқалардан ұжымның  ортақ міндеттерін  атқаруын талап етеді. Осы кезде  қойылған талаптарды орындаушы пассивтілік орнай бастайды. Басқарушы ұйым осы пассивтілікті активтілікке аударуға бет алады.  

 

1) Социология: Учебное пособие. - Алматы: Санат, 1997. - С. 59.

Үшінші кезең. Синтездеу және интегралдау. Көптеген ұжым мүшелері бір – біріне және қойылған талапқа көзқарасы жақсара бастайды. Микротоптар

арасындағы активтілік пен пассивтілік жойылады, ұжым мүшелерін біріктіріп әрекет етуі мығымдала түседі. Ұжымда реттеу жұмыстары жүргізіле бастайды.

Төртінші кезең. Болашақ дамуы. Бұл – ұжым мүшелерінің ең жоғарғы талабы. Ұжымның ұйымшылдығы мықты бола түседі.

Еңбек ұжымы үнемі өсу үстінде болатын тұтас организм, ондағы  келеңсіздіктің пайда болуы оның әлсіздеуіне алып келеді.

Еңбекке шығармашылық көзқарас жаңашылдық және өнертапқыштық негізінде пайда болады.

Жапониядағы өнеркәсіптік  кәсіпорында бір жұмысшыға орта бағамен «сапа төңірегінде» 60 ұсыныс жасалады екен. Жапон жұмысшылары ауысымдардан кейін қосымша тағы цехта қалып, өндірістің сапасын арттыру жөнінде бірнеше мәселелерді шешуге уақытын бөледі. Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы жаңа ұсынысқа бес миллиондай арыз түсті, мамандардың айтуынша, осының тең жартысын  жұмысшылар ал, қалған тең жартысын ИТР береді екен. Сонымен, жұмысшылардың аразы 2,5 млн. 1985 жылы әлемде 82,1 млн. жұмысшы болды. Сонымен, бізде бір ұсынысқа 33 жұмысшы сәйкес келді: бұл Жапонияда 2000 есе аз.

Қазіргі заманғы өндіріс – жігерлі төтенше құбылыс.  Бұл құбылыс өндірістік ұжымының  ішкі өзгерістеріне  алып келетін кадрлар қозғалысы ретінде қарастырылады: кадрлар ағымы, табиғи қозғалыс (жұмысшының зейнеткерлікке шығуы немесе қағазға  ұшырауы, әскерге кету және т.б.), мамандық жинақылық (жұмысшыны өз мамандығын өзгертуі), әлеуметтік жинақылық (индивидтің бір әлеуметтік қоғамнан екінші бір түріне өтуі).

Ұжым кадрлар ағымын  мекемедегі дау-жанжалдарды болдырмау үшін бағытталған жұмысшы күшін  тарату құралы ретінде қажет етеді.

Қазір жағдай өзгерді. Қазақстан және өзге де ТМД елдерінде іріленген штаттарды қысқарту әрекеттері жүргізіліп, нәтижесінде елде жұмыссыздық белең алды. Осы кезде кадрлар ағымына  көзқарас  өзгерді.  Артық жұмысшылардан  айығу шаралары жүргізілді. Кадрлар ағымынсыз техникалық  прогресс жүргізу мүмкін емес.

Жұмыссыздықтың өсуі әлеуметтік қопарылысқа алып келеді.

«Дейли Уоркер» мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та 1% жұмыссыздықтың арты 4% адамдардың өзіне қол жұмсауымен, 4%-i түрмеге қамалуымен, 5,7%-i ұрлықты жасаумен, ал, 8,7%-i анаша тасымалдағаны үшін жазалануымен бітеді екен.

Жұмысшы күшінің екінші бір қозғалыс формасы техникалық прогреспен байланыс тыс екен. Бұл да жұмысшылар  санының төмендеуіне алып келеді. Қазіргі таңда бірінші кезекте кәсіби білімі жоқ немесе тәжірибесі аз мамандар саны көбеюде. Ал, интеллигенттер мен жоғары білімді мамандарға  сұраныс күшеюде.

 

                      

5 тақырып. Инженерліктің әлеуметтік мәселелері

 

5.1 Инженер еңбегінің ерекшеліктері

 

Инженер еңбегінің басты ерекшеліктері кандай? Біріншіден, инженер еңбегі өндіруші, өнім шығарушы еңбек, ол материалдық және рухани құндылық жасайды. Болашақ өнімді жобалайды, өнімдерді ұйымдастырады. Екіншіден, инженерлік іс - әрекеттің әмбебептық сипатына байланысты, еңбектің көптеген түрлері оны ерекшеліндіреді, олар жүздеген инженерлік кәсіпте, мамандықтар мен мамандыруда іске асырылуда. Үшіншіден, инженерлік еңбек үлкен шығармашылық мән - мағынаға және сипатқа ие. Шығармашылық сипат еңбектің көптеген түрлеріне тән. Күрделі техникалық операциялар жасайтын маман қызметкердің еңбегін шығармашылық элементтер сипаттайды. Шығармашылық белгілер экономика мен мәдениеттің әртүрлі салаларындағы ақыл - ой еңбегінен, жұмысшылар, интелегенттер, мамандар еңбегінен байқалады. Инженерлік еңбектің шығармашылық потенциалы негізінен материалды өндіріс сферасында колдауымен байланысты. Инженерлік ізденісті, жаңашылдықты, рационалды -өнертапқыштық әрекетін ретке келтіру ғылыми прогрессте анық көрініс табады. Инженер еңбегі негізінен алғанда мынадай бөліктерге жiктеледі:

1) болашақ шығаратын өнімге қатысты ізденіс, зерттеу жүмыстарын жүргізу;

2) өнімнің конструкциясын жетілдіру, жаңарту;

3) өндірісті техникалық түрғыдан дайындау;

4) өндірістік процесстi ұйымдастыру;

5) еңбек ұжымын басқару.

 

5.2. Әлеуметтік инженерлік пен инженерлік әс-әрекеттің ерекшеліктері

 

Бұрынғы Кеңес Одағында инженерлердің беделділігі өте жоғары болған. Сібір мен Ленинград қаласындағы инженерлердің беделін зерттеген кезде, әртүрлі саладағы инженерлер өз мамандықтары деңгейінде өте жоғары орындар алған. 70-жылдары бүкіл тұлғалардың 56,5%-ын жоғары білімді техникалық  мамандар құрды. Казармалық социализм шартарында партократия ішінде технократия өмір сүрді деп айтуға болады.

Осының нәтижесінде жоғары техникалық білім индивидтің профессиналдық  қызығушылығын қанағаттандыратын  құндылық  ретінде емес, әлеуметтік қозғалыстың құралы ретінде қарастырыла бастады.

Бұған қарама-қарсы құбылыстар да болды. Көптеген инженелер мен техник-мамандар жалақының өз жұмысына сай төленбегені үшін жұмысшылар қатарына ауысты. 1985 жылы Кеңес Одағында 200 мыңдай жоғары білімді мамандар өндірісте жұмысшы сапасында қызмет істеді, олардың 2/3 бөлігі  инженерлер болды. Инженерлердің беделі түсті, сол себепті көптеген техникалық ЖОО-да сайыс азайды. Осыдан инженерлік  корпустар әлсіз контингенттерге толып,  жұмыс сапасының  төмендеуіне әкеп соқтырды. КСРО-да 1939 1,2 млн. адам, 1987 жылы 20,8 млн. адам жоғарғы білім алды, олардың 518,5 мыңы кандидат, ғылым докторы атанды, 1987 жылы өндірістік мекемелерде барлығы 1000 жұмысшы болса, соның 78-адамы, транспорт және байланыс мекемелерінде 51 адам, құрылыс мекемелерінде 77 адам жоғары білімді саналды.

Өндірісте инженерлер саны көбейді. ҒТР дамуында өндірістегі инженерлер саны бұдан да арта түспек. Осыған сәйкес АҚШ-та ой еңбегімен жұмыс істейтіндер 55%-ды құрайды, ал, жұмысшылардың 78%-ы орта білімді, 30%-ы жоғары білімді.

Қазіргі таңда инженерлерге сұраныс күшеюде.

Эмпирикалық әлеуметтану «социолог не істей алады?» деген мәселені қарастырады. Осыған орай социолог басқару ісінің шешімдерін қабылдауға қатысу керек пе деген сұрақ туындайды.

Бұған классик социологтар «жоқ» - деп жауап беруде. әлеуметтануда «клиникалық әдіс» ретінде саналып отыр. Яғни, бұл әдістің қызметтеріне  мыналар жатады: ақпарат жинау, диагноз қою, әлеуметтік стратегияны анықтау, ұйымдастырушыларды ағарту. М. Вебер былай деп айтады: социология ғылым ретінде  дәрігерге ұқсас келеді, өзінің бейтараптығын  сақтай отырып кеңес бере алады. Бұл кеңестер мақсатқа жетудегі нақты құралдың керектігі, оған  жетудің берер бағасы  қандай болады, қойылған мақсатқа жетуде берілген құралдардың қолданылуының  салдары қандай болады, міне осындай мәселелерді қозғай алады.  Ғалым оқиға шиеленісіп кеткен жағдайда не істеу керек  екендігін ұсынар  алдында ол зерттеуші  болуды доғарып, бағалықтарды анықтайды, азамат ретінде саясат төңірегіне ене бастайды.

Дж. Ландберг әлеуметтанудың мынандай міндеттерін қарастырады:

1)  белгілі бір кезеңдегі шартта адамдардың не қалайтынын дәлме-дәл бағалап отыру қажет;

2)  қойылған шартқа сәйкес салдарларды анықтап алу тиіс;

3)  әлеуметтік орнатылымдарды тиімді экономикалық  әдіспен өзгертуге мүмкіндік беретін  әкімшілік инженерлік техниканы енгізу керек. 

Қолданбалы әлеуметтануда, әлеуметтік психология мен әлеуметтік басқаруда сипатталатын әрекет әлеуметтік инженерлік әрекет деген атқа ие болды, ол әлеуметтік бағытты күшейтетін  қолданудың практикалық  сферасы болып табылады.  Бұл әрекеттің мазмұны  әлеуметтанушы мен инженердің қасиеттерін құрайды.  Ол социолог  ретінде зерттеу жобасын  бағдарламалық-әдістемелік жағынан қамтамасыз  етуде сауатты қызмет етуі тиіс. Мәліметтерді өңдеудің әдістерін қолдану керек.  Әлеуметтік деректері талдап, қабылданған нәтижелерді түсіндіріп отыруы қажет. Ол инженер ретінде инжинирингке сәйкес стильмен ойлау қызметін меңгеруі тиіс.

Инжиниринг (техникалық, қолданбалы) – арнайы шешімдерді  қабылдау үшін адамдардың көмегімен жасалған әртүрлі ұйымдық құрылымдардың арнайы әлеуметтік техникасының көмегімен әлеуметтік бақылау жасау, реттеу мен өзгерудің ұжымдық негізіндегі консультациялық  немесе  инженерлік   консультациялық жиынтығын ұсыну.

Инженерлік қызмет – жасанды типті жүйелерді құрғанда және оларды қолданғанда берілген шешімді қалай және қандай  кезектілікпен қабылдау керек екендігін  анықтайтын  қатаң алгоритм. Ал, адам инженериясы дегеніміз – адам  қызметтерінің  әртүрлі саласында: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада, өнерде, т.с.с. қызмет түрлерінің  нақты  жүйесін құруда қолданылатын  адам туралы ғылыми мәліметтердің жиынтығы. Бұл мәселелермен эргономика,  дизайн, социометрия айналысады.

Әлеуметтік инженерияда адам әлеуметтік процестердің факторы ретінде саналады. Себебі, әлеуметтік іс-әрекеттердің жасанды жүйесі  адамдардың мақсатқа жету жолында арқарған іс-әрекеттері  негізінде қалыптасады. Жасанды жүйе тек адамдардың өзара тұрақты қарым-қатынастары  арқылы ғана өмір сүреді. Бұл қарым-қатынастарды әлеуметтік институттар мен ұйымдар іске асырады. Олардың ішінде  осы институттарға  сәйкес  қызметтерді мемлекеттік институттар, білім алу, нарық және т.б. ұйымдар атқара алады. Мысалы, нарық институты көптеген  ұйымдардың – кәсіпкерлік, менеджмент, маркетинг қызметтерін бір стратегиялық  желіге  біріктіреді.  әлеуметтік инженерия  қызметі осындай жасанды жүйелерді құруға, өзгертуге бағытталады.  Оның іргесін  қалаушы социологтар өз алдында келесі ұранды  тастайды: «Әлеуметтану мәселесі – адам қылықтарын  алдын-ала көру және оны басқару».

Эмпиризм мен прагматизм тек инженерлік ғылымда ғана емес, сонымен бірге әлеуметтану  саласында да әлеумет туралы түсініктерді қалыптастырады.  өндірістік процестерде олар екі түрге бөледі:

- ғылыми басқару ұйымы – мұнда зерттелетін нәрсе ретінде адамның еңбек құралын қолдануы қарастырылады;

- ғылыми басқару ұйымы – адамдардың өзара қарым-қатынастары мен олардың рационалды бірігуін және басқару әрекеттерін қарастырады.

Осы ауқымды қамтитын әлеуметтік қызметтің сатылары төмендегідей болып табылады:

- жұмыс орнын  ұйымдастырудың картасы, жұмыс  уақытының  және жұмыстан тыс уақыттың  және т.б. әлеуметтік техникалық жобаны құру;

 - практикалық кепілдемелерді енгізу;

- мекеменің қалыпты жұмыс істеу кезінде енгізілген жүйелерді іске асыру.

Осылай келе, әлеуметтік инженерия басқару ісінің құрамдық бөлігіне айналады, Социолог – инженер басқару циклының  барлық  сатыларында әлеуметтік басқарудың  шешімдерін  қабылдайды. Әлеуметтік  инженерия әлеуметтік басқару мен қадағалауларды іске асырады, әлеуметтік дау-жанжалдарды болдырмауға ат салысады, әлеуметтік серіктестікті орнатуда белсенділік көрсетеді.

Әлеуметтік инженерлік қызметтің шекарасында қолданбалы социологтың екі функциясы орналасады:

- ұйымдық жобалау мен құру;

- кадрларды таңдау және орналастыру;

- көзделген мәселелерді шешуді мақсат етіп, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың өзін-өзі ұйымдастыруының механизмдерін қолдану.

Екіншісі келесілерді қамтамасыз етеді:

- қоғамның, әлеуметтік топтардың әлеуметтік бүтіндігін ұстап тұру;

- әлеуметтік ұйым мүшесіне міндеттелген нормалар мен талаптарды қадағалау.

Әлеуметтік процестердің жиынтық әсері әлеуметтік шиеленісті жеңілдету үшін, еңбек өнімділігін  арттыру үшін қолданылатын құндылықтар жүйесінің негізінде адамдардың мінез-құлықтарын бақылау және т.с.с. секілді басқару ісінде жиі қолданылатын әлеуметтік техниканың  көмегімен іске асырылады. АҚШ-та азаматтық қоғам мен демократия орнауы кезінде әлеуметтік инженерияның  міндеттерін тек қана жоғарғы билеуші бюрократиялық  органдар ғана емес, сонымен  бірге қоғамдық ұйымдар, белсенді ұйымдар, бұқара ақпарат  құралдары, ұжымдық  қызығушылықты тудырушы басқа да ұйымдар атқарды. әлеуметтік инженерия қызметінің жаңашыл ақпараттардан басқа мынандай нәтижелері бар:

- «техникалық ойлаудың» негізінде жасалған құралдар көмегімен іске асырылатын мазмұнды қорытындылар, бағдарламалар, жобалар, басқарушылық шешімдер;

- біріккен әлеуметтік топтар,  басқару құрылымдары, мысалы, топтық қызмет көрсету әдісі;

- оқыс себептердің пайда  болуы – адамдардың беделді түрде жұмыс істеу ынтасының тууы;

- психикалық-техникалық  жиынтық құралдар – тренингтер және әртүрлі  жарыс өткізу әдістері;

Әлеуметтік инженерия – басқарудың  күнделікті  және болашақ мәселелерін шешу үшін іргелі ғылымда  жүргізген қолданбалы зерттеулер мен практикалар  негізінде жинаған  білімін  іске асыратын қызмет.

Әлеуметтік процестерді басқару үшін және оларды реттеу үшін қандай әдістер қолданылады?

Бұл жерде қолданбалы, әкімшілік, директивалық басқаруды есепке алмаймыз, яғни біз тек схоластикалық  процестреді ғана аламыз. Әлеуметтік процестреді басқару үшін бұл процестер алдымен қоғамның  қолдауына ие болуы керек. Әлеуметтік басқарудың мұндай түрі материалдық басқару деп аталады. Мысалы, интеллигенттер мен қарапайым жұмысшылар арасында қызмет ету ерекшеліктері  айқын болып қалмас үшін еңбек құралдарын автоматтандырады және кадрларды қайта дайындайды. Тұрғындардың ауылдық  жерлерден қалаға жер аударуын азайту үшін ауылшаруашылық еңбек  құралдарын  механизациялау керек, мысалы, ауыл тұрмысын жақсартып, транспортты күшейту, жолдарды салу керек. Бұл - әлеуметтік процестерді басқарудың әкімшілік – ұйымдық  түрі болып табылады.

 

5.3 Инженердің жеке тұлғасына талаптар

 

Әлеуметтік психологтардың пікірі бойынша  қоғамдық өндірістің дамуының объективті тенденциялары инженер еңбегінің  барлық еңбек функцияларымен  мамандандырылған көпшілік еңбекке айналуына  себеп болады екен. Бұл  жұмысшылардың басым көпшілігінің инженерлік шығармашылық  қызметтерінің  төмендеу әсерінен  туындайды.

Сонымен бірге, инженер  еңбегі  техникалық  шығармашылықпен  тыс басқа да міндеттерді атқарады, мысалы, әкімшілік қызмет.

Көпшілік адамдардың түсінігінде инженер  еңбегі тек шығармашылықпен ұштастырылып атады. Интенсификация, алдыңғы қатарлы роботтық  техника,  атқаратын  рөлі мен оның жауапкершілігін тек қана  өндірістік жүйеде ғана емес, сонымен бірге қоғамдық  тұрғыдан да шешуді талап етеді.

Қазіргі таңда өндірістегі барлық  мәселелерді шешудегі шығармашылық бастаманың  атқаратын рөлі күрт өсті. Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша еңбекке шығармашылықпен көзқараспен қарау адамдар арасында  жоғары бағаланатын  анықталып отыр.

Инженер еңбегі қашан да болсын  жұмысшы еңбегімен тығыз байланысты болып келеді. Екеуінің  біріккен еңбегі нәтижесінде ғана қоғамға қажетті сапалы өнім бере алады.  Бұдан екі маңызды қорытынды шығады:

- біріншіден,  мысалы, қоғам еңбегінің  сапасы мен өнімділігі жеке бір адамға  тәуелді болып келеді, себебі бір  адамның бүкіл ұйымның  жоспары  мен еңбек  сапасына теріс ықпал жасай алады;

- екіншіден, ұжымдық еңбектің сапасы инженердің жұмысшылармен тіл табыса білуіне байланысты болып келеді. Инженер дипломатиялық қарым-қатынас жасай білуі қажет, жұмысшылармен үйлесімді түрде бірігіп жұмыс жасай алуы тиіс, олардың алдында өзінің менмендігі мен білімдігіне марқаймауы керек.

ҒТР кәсіби мобильдіктің өсуіне алып келіп отыр.  Инженерлердің тең жартысы ЖОО-да білім алған мамандығына сәйкес емес қызмет көрсетіп отыр. Бұдан  шығатын  қорытынды, ешбір  студент болашақта қандай мамандықта жұмыс  істейтінін алдын-ала болжай алмайды. Қазіргі таңдағы мамандардан қайта даярлануы қажеттігі талап етіліп отыр.

Қазіргі инженерлердің бойында қандай қасиеттер болу керек?

Ресейдің машина жасау мекемелерінде жұмыс істейтін  инженерлер мен  жетекшілер қазіргі заманғы инженерлерге мынандай талап қояды:

-  техникалық білім;

-  техникалық процестерді білу;

-  экономикалық категория  жағынан ой түйе білу;

-  адамдар жұмысын ұйымдастыра білуі;

-  ғылыми – техникалық ақпараттармен бағдарлама жасай білуі;

-  стандартты емес техникалық және технологиялық шешімдерді қабылдай білуі;

-  құжаттарды дұрыс толтыра алуы;

-  жалпы ой шеңбер, мәдени деңгейі;

-  құрал – жабдықтардың жұмыс істеу  өзгерісін алдын-ала көре білуі;

-  стандарттау, метрология және сапамен басқару негіздерін білуі.

Әрине, өндірістің кейбір салаларында инженерге қойылатын талаптар өзгеруі мүмкін. Химия және мұнай химиясында технологиялық процестерді білуді аса қажет етпейді. Инженерлерге қойылатын талаптар уақыт өте келе күн санап артуда. Солай болса тұрса да қазіргі уақытта  инженерлерден экономикалық  категория  тұрғысынан ой түйе білу қабілетті жоғары сұранысқа ие болып отыр,  одан кейінгі талаптарға стандартты емес шешімдерді таба білуі, өндіріс құралдарының  ақауларын  есептеулер арқылы алдын-ала анықтай алу қабілеттігі жатады.

Инженерлердің жеке қасиетттері төмендегідей болу керек:

1)       Іске шығармашылық көзқарас.

2)       Ынталылық.

3)       Шапшандық көрсете білуі.

4)       Білімділігі және тәжірибелілігі.

5)       Дербес шешім қабылдауы.

6)       Тапсырылған іске жауапкершілік көрсетуі.

7)       Адамдармен қарым-қатынас жасауда қайырымдылық көрсете білуі.

8)       Төзімділік.

9)       Тұрақтылық пен нақтылық.

10)    Тәртіптілігі мен әдептілігі.

Шығармашылығы, ынталылығы және белсенділігі бірінші орында тұру керек.

Мыңнан аса инженерлерге өздерінің басқарушыларының берген бағасы бойынша, шығармашылығы, ынталылығы  мен  шапшаңдығы төмен деген баға қойылып отыр. Мұны қалай түсіндіруге болады?

Біріншіден, казармалық  социализм жүйесінің қолданылуы, яғни бұл жүйеде  инженердің ынтасы қысым көрсету нәтижесінде жасанды түрде болды.

Екіншіден,  техникалық ЖЖ-ның қатал  тәртіпке негізделген шараларды іске асыруы, яғни есептеме берудің соңғы уақытының  нақты түрде  белгіленуі, студенттердің уақытын қысқарту және шығармашылықпен жұмыс істеуіне шектеу қоюы.

Үшіншіден, инженерледің өз еңбегін  ұйымдастыруда шығармашылық  көрсетуіне мүмкіндік беретін уақыт бөлінбеген.  РҒА (РАН) әлеуметтану институтының  деректері бойынша, ТЖИ  (ИТР) инженердің жұмыс  уақытының 14%-і мәжіліске қатысуға, 15%- қызмет етушілердің қабылдаған  шешімдерімен  келісім жасап, оны нақтылауына, 13%- визалар жинауға, қол қоюға, есеп беруге, ақпарат  алмасуға, құжаттарды толтыруға, 10%-і қоғамдық  жұмыстарды  орындауға кетеді1.  Бұл дегеніміз, инженердің шығармашылығына  өзінің жұмыс уақытының  жартысына да аз уақыт бөлінгендігі. Бұндай тәртіптен тағылым алған инженер  шығармашылық қабілеті жоқ құр әншейін бюрократқа айналар еді.

Бірақ, ЖОО инженердің іске деген шығармашылық көзқарасы мен ынтасын  толықтай дамыта алмаса да, болашақ инженер өзінің студенттік өмірінде өзін - өзі тәрбиелеп,  шығармашылығын жетілдіру керек.

Өзінің шығармашылығымен, өз ісіне  көрсеткен қызығушылығымен жоғары бағаға ие болып жүрген  беделді инженерлер  де жоқ емес. Олар өз тәжірибелерін  студенттік кезеңде әртүрлі қоғамдық ұйымдарға: кәсіподақтық ұйымдарға, ғылыми үйірмелерге белсене  қатысу нәтижесінде  жинақтады.

Көпшілік адамдар ЖОО-да берілген  білімнің маманның жұмыс сапасына 

 

1)      Розенберг Ц, Сыдыков У. Социология инженерного труда№ - Алматы, 1999. – С.77.

ешқандай қатысы жоқ деп санайды. ЖОО-да тек қана «өте жақсы» бағаға оқығандар  инженерлік білімді бағалайтын  5-балдық  жүйе бойынша 3,8 балл:

-  «жақсы» бағадан «өте жақсы» бағаны көбірек алғандар – 4,2 балл;

-  «өте жақсы» бағадан  «жақсы» бағаны көбірек алғандар – 4,1 балл;

-  «қанағаттанарлық» бағаны «жақсы» бағадан көбірек алғандар – 3,9 балл;

-  Тек қана «қанағаттанарлық» бағаға оқығандар – 3,7 баллға ие болды.

Бұл жерден байқайтынымыз – жұмыстың сапасы оқудың сапасына тікелей тәуелді болатыны көрініп тұр.  Ал, осыған сүйене отырып,  үздікшілер мен үштікшілердің көрсеткіштері неге бірдей деген сұрақ туындайды. Үздікшілердің жұмыс орны конструкторлық бюро, ҒЗИ, ЖОО, АН болып табылады. Инженерлердің өз еңбегіне  инабаттылықпен қарауы күн санап өсіп  келеді. Өйткені, инженердің жіберген қателігінің  қоғамға  әкелер зардабы көп.

Құндылықты бағыт – инженер жұмысының  негізі болып табылады.

Тек сүйіспеншілікпен жасалған іс қана мәнді болмақ, әрі бере жемісі зор.

Инженерлік корпусқа қандай топтар жатады? Сайрус Смит у Ж. Верн инженер  туралы мына  бір ойды айтады: «Инженер дегеніміз – бұл конструктор, әрі  технолог, әрі кеме құрылысшысы».

1 топ. Қазіргі ғасыр – осал  мамандану ғасыры.

Контсрукторлар жаңа техниканы  құрастырумен, оны жобалаумен айналысады.

САПР (АЖЖ) пайда болғаннан кейін  еңбек те алдыңғы кезеңдікіне қарағанда анағұрлым ұжымдық, ұйымдық түріне ауысты.

Жұмысшы материалдық  өнімді шығарса, инженер сол өнімнің жасалу алгоритмін құрып береді.

2 топ - әр текті желілік басқарушылар тобы. Негізгісі өндірістік ұйым болып  табылады.

Бұл қатардағы басқарушылар экономиканы,  менеджментті, өндірісті ұйымдастыруды, еңбек социологиясын, әлеуметтік психологияны, одан кейін 

техника мен технологияны жете меңгеруі керек.

Міне, осы категориялар бойынша сынақтан өте алғандар ғана өздерінің жеке бизнестерін  ашып отыр. Және де бұндай жетістіктерді ЖОО-да кешкі және сырттай бөлімінде оқығандар жиі көрсетіп отыр.

3 топ – бір немесе бірнеше өнімнің технологиясын  жетілдірумен айналысатын технологтар тобы. Олардың жұмысы шығармашылық  сипатқа ие. Конструкторлыққа біршама жақындығы да бар. Ол жұмысшылардың  қызмет жасау алгоритмін құрайды. Машина жасау саласы бойынша инженерлердің, контсрукторлардың технологтардың өз жұмысына қызығушылығы жоғары.

4 топ – іске асырушы мамандар тобы. Қызметтің бұл түрі өндірісті ұйымдастырушы менеджер қызметіне ұқсас болып келеді. Бұл топ мамандарының  көпшілігі транспорт  саласында  жұмыс істейді. Техниканың  құрылымын бақылайды, оны жөндеуді ұйымдастырады. Олар үшін экономика, әлеуметтік психология және техника жағынан білім алу өте маңызды.

5 топ – инженер-ғалымдар тобы. Өндірістегі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен  айналысады.  Шығармашылықпен қызмет етеді және қызметтің бұл түрімен айналысушылардың  барлығы дерлік өз жұмысына ынталы  екендігін  жасырмайды. Бұл топтағы мамандардың іргелі ғылыми білімі мен шығармашылық ойлау қабілеті болуы қажет.  Бұл орын ЖОО-ны «өте жақсы» бағаға бітірген және университеттің білімін алған мамандарға ғана лайық.

6 топтың – инженер-экономисттер тобы. Еңбегінің сипатына қарай ол инженерлікке қарағанда әлеуметтікке жақын болады.  Олар өндірісті қамтамасыз  ету мақсатында әртүрлі есептер жүргізеді. Олардан ЭЕМ, электроника және өндірістік процестер туралы білімі талап етіледі.

Ешбір студент алдын-ала кім болатынын болжай алмайды, өйткені, біріншіден, қазір кәсіби мобильдену процесі жүріп  жатыр, екіншіден,  мамандықтардың өздері де ауысуда, үшіншіден, инженерлер бір топтан басқа топқа «миграция» жүргізуде. Яғни, ЖОО-да барлық пәнді жетік меңгеруге тырысу қажет. Әйтсе де, ЖОО-да жинаған білімдері жеткіліксіз.

Қайта мамандану процесі үздіксіз жүруде, оның үстіне нарыққа өту кезеңінде оның жиілігі арта түсті.

 

6 такырып.  Әлеуметтік басқару

 

6.1 Басқару туралы  түсiнiк

 

Ақпарат  бар жерде,  басқару да бар, ал басқару  болатын  жерде, міндетті түрде ақпарат көзі бар.

Кез келген  басқарушылық  процестің бастапқы  пункті (ең маңыздысы, ол басқарушылық  шешімнің өңдірілуі мен қабылдануы және де оның  атқарылуы) – ақпаратты алу мен өңделуі.  Басқару  кез келген  ұйымшыл жүйенің функциясы,  ол оның  өзіндік  сапалық анықтылығын сақталуына, ортада динамикалық  теңдікті ұстауға және оның  дамуына бағытталған. Басқару деген  барлық жүйелерде  ақпараттық  өзара байланысының  қосындысына өзіндік ықпалы. Ол тек жүйенің ақпараттық өткен ғана емес,  сонымен қатар болашағына да бағытталған.

Қоғамдық басқару тірі организмде  және  техникада болатын  басқарудан  үлкен айырмашылық  бар. Материалды және рухани процестері бар  күрделі  құрылым  ретінде  ол адамдық  қызметтің айрықша  түрі ретінде  белгілі.  Оның  ерекшелігі қоғамдық  өмірдің  барлық  сферасында  болатын, яғни қоғамдық  қатынастардың ерекше  түрін  көрсететіндігі.  Бұл дегеніміз  басқарушылық  қатынастар  әлеуметтік  ортаның  маңызды сәтін құрады.  Басқарушылық  қатынастарда  бірнеше  аспектілерді  көрсетуге  болады.

Әлеуметтік  басқару механизмінде  негізгі рөл  кері байланыс  принципіне берілген: осы принцип  бұзылған немесе жоқ жерде,  әлеуметтік басқарудың  нәтижесі жоқ немесе дұрыс емес. Принцип  бойынша, кез келген  өзара байланыстағы  ақпарат көзі (ақпарат пен басқарудың субъектісі) мен  қабылдаушы (ақпарат пен  басқарудың объектісі) шарасыз  орын  ауыстырып  тұрады.  Демек,  әлеуметтік  басқару  процесінде  басқару  объектісінің субъектіге кері әсер болады.  Ары қарай, кері байланыс  принципі ақпарат  алмасуының  қажетті  сәтін  болжайды.  Бұл дегеніміз, әлеуметтік басқару – кері  байланысы бар  ақпараттық процесс. Кері байланыс  принципінде  басқару  объектісінің субъектісі ақпараттық әсері болады.  Қоғамда бұл принцип  үздіксіз  болып  отырады,  өйткені үнемі  келіп  жатқан  ақпаратты ескере отыратын  басқару  жүйесі басқару  актілерінің динамикасына әсер етеді.

Басқару құрылымының  негізгі буыны – басқарушылық  шешімнің өңделуі мен атқарылуы. Бұл  жердегі  маңызды принцип – үйлесімділік принципі, яғни  басқарушылық  шешімнің өңделу кезінде  барлық  мүмкін  болатын  нұсқауларды еске ала отырып, солардың арасынан қойылған мақсатқа толық  жете алатындарын  таңдау  болып табылады.  Демек, басқарушылық  шешімді басқару  объектісінің  қажеттіліктері мен назарларын,  нақты  мүмкіндіктерін  және осы мүмкіндіктердің шешімін атқарылуының  шарттарын ескере отырып,  бағыты бар субъект қабылдайды.  Мемлекеттік басқару  сферасында  халықтың  қажеттіліктері  туралы жеткілікті ғылыми негізделген білімсіз үйлесімділік принципі өзінің нәтижелілігі болмайды.

Сонымен, әлеуметтік басқару – кері байланыс негізіндегі тұтас жүйе ретіндегі қоғамның  элементтерінің  үйлесімді жұмыс жасауы мен дамуына бағытталған немесе стихиялық әсер ету.

Қоғамда әлеуметтік – саясаттық басқару  принциптері қоғам құрылысының  сипат мен  мемлекеттік  өкімет  формасының  тәуелділігіне байланысты  өзгеріп отырады.  Мысалға,  басқарушылық  әсер «адресат иесінің» әрекетін  «бағдарламалап» тастағысы келгенде,  олар қатты детерминирленген  болып қалады; ал егер  басқарушылық  бағдарлама  басқарушылық  объектілерінің әрекетінің кең спектрі мүмкін  болатын  түрлері  мен формаларын  болжаса,  онда  жұмсақ  детерминирленген болады.  Бірақ дегенмен де, тарихта қатты да және жұмсақ та принциптер «таза! Күйінде кездеседі: осы екі  принцип  өзіне  үйлестірген әлеуметтік жүйедегі  басқару. А. Смит жазғандай, парадоксиалды түрде ол стихиялық  басқару  механизмінде  жүзеге асатын  жүйеде болады,  ол нарықтағы «көрінбейтін қол! Мысал бола  алады.  Бір жағынан, бұл «қол» стихиялы  күштердің еркін  ойынын  бағыттай отырып, олардың  арасындағы  иілгіштігі мен бәсекелес жақтардың  көнгіштігін  рұқсат етеді,  ал екінші жағынан, ұстай алмайтын  тағдыр  сияқты  ойынның  қатаң ережелеріне  көндіреді.

 

6.2 Басқарудың субъектісі мен объектісі.

 

Барлық әлеуметтік өзара байланыстың жиынтығы басқарудың субъектісі мен объектісінің  өзара байланыстығы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Басқарудың субъектісі де, объектісі де күрделі, көп деңгейлі құрылым. Басқарудың субъектісі ретінде әлеуметтік институттар, ұйымдар (қоғамдық ұйымдар да), өндірістік ұжымдар мен адамдар бола алады. Бәрі – бір, басқарушылық шешімдерді жоғары жауапкершілігі мен қатысты билігі бар нақты  адамдар қабылдайды. Басқарудың субъектісіне аса жоғары талаптар қойылады: жете білушілік, нақты басқарушылық (әкімшілік) ақылы бар болуы, бір жағынан, тәрбиелік және білім  алатын  құралдар дайын болу? Ал басқа  жақтан табиғи  дарындылықты  да ескереді.  Керекті шарт ретінде  субъектінің  нәтижелі басқарушылық  шешім қабылдау  және оның  атқарылуына бақылау жасау, жоғарыда айтылғандай,  ақпараттың жоғары  сапалығы, оның толықтылығы, уақыттылығы мен тезділігі және  қайта  өңделуі.  Мұның  бәрі объектінің  маңызды қасиеттері, күйі, тенденциясы және оның  өмір  сүру  шарты туралы  субъектінің  терең  және жан – жақты  білімділігін қажет етеді.  Басқарушылық  органның  немесе тұлғаның  жете білушілік  нақ  осыда болады.  Бақсарудың объектісі қандай  да бір  формада  немесе  қандай да бір  деңгейде  болмасын (ол кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе тұтас қоғам), ол нақты  бір  адамдар:  ұжымдар  және адамдық  қасиеттермен – ақылмен, ерікпен,  дарындылықпен үйлестірілген жеке  тұлғалар  шешімерді  қабылдап  қана қоймай,  оны орындай біледі. Қоғамды  басқару тек адамдар  ұжымдары арқылы  ғана емес, табиғи процестер де, мысалы экологиялық  сонымен  қатар,  өндіріс технологиясымен, шаруашылық  зоналарының  орналасумен және т.б. арқылы жүзеге  асады. Бірақ та,  соңғыларын басқару  адамдар  арасында жүреді.  Басқарудың субъектісі мен объектісі – салыстырмалы түсініктер. Өзара бір байланыста  субъект деп  танылса, басқасында – объект болады және керісінше.  Тіпті,  белгілі бір байланыста субъект объект жағынан басқарыла алады, сонда ол енді  субъект  ретінде  болады. Сондықтан  да нәтижелі  басқару  тек бақылау  мен дұрыс қабылданған  шешім  оны тек  жоғарыдан  қолдау ғана емес,  сонымен қатар, төменнен де: бақылаусыз кеткен  жұмысшы  адамгершілік  жағынан  әлсірей  бастайды,  бұл бастықта  де болуы  мүмкін – осы шарттар болған кезде  ғана орындалады.  Кері байланыс  принципі әлеуметтік басқаруда  тек жүйелік  басқарылудағы  орындалуда ғана емес, бірақ  та, ең маңыздысы, кең ынталылық, белсенді түсінік, бірыңғай  шығармашылық және тіпті нағыз  шығармашылықтағы  объект ретінде  танылатындар  көрінеді.  Басқарушылық  ниет тек «басынан аяғына дейін» қана емес, шығармашылық  жағынан  айқындалады және дами бастайды, басқарушылық  шешімдердің  деңгейлердегі әртүрлі түзету орнатады бастапқы  ойдан басқа бір үлкен  нәрсеге айнала бастайды.  Кері ой – тұжырым  басқару  объектісіндегі көп  психологиялық бастауларды болжап  қана  қоймайды, сонымен қатар, азаматтықтың асқақ сезімі, өз ісіне жауапкершілік, бастық пен орындаушы арасындағы,  ерік пен әрекеттердің тұтастай бірігуі керек.  Негізінде,  нәтижелі  шешімге  жетуде басқарудың  демократияландыруының  мәні мен  мазмұны ашылады, ол әсіресе, қоғамдық  өмірдің  экономикалық  сферасында  қажет.  Әлеуметтік басқару өзінің  жоғарғы  мағынасын  әлеуметтік өзін - өзі басқару  формасында  табады,  ол басқарудың субъектісі мен объектісін  жұмыста  шынайлық, адалдық,  өзін - өзі бағалау деген сияқты  психологиялық қасиеттерсіз  мүмкін емес.

 

6.3 Әлеуметтік басқарудың түрлері 

 

Тарихи тұрғыда қарастыратын болсақ, әлеуметтік басқарудың түрлерін  қоғамның  дамуына  байланысты келесідей топтауға болады: ру – тайпалық  басқару, құлдық, феодалды, капиталистік қоғамдардағы басқару.

Ру – тайпалық  байланыстарда билігі мен атағы бар тайпа көсемдері «мейірбан ерікті» білдірушілері ретінде  шықты,  ол ру – тайпалық  ұжымдардың барлық  негізгі  іс - әрекеттерін бағыттап  тұрды.  Бұл басқарушылық  механизмде  маңызды рөлде  топтық ой болды. Бұл жерде басқарудың  субъектісі мен объектісінің  сферасы әлсіз  дифференциалданған еді.

Құлдық  қоғамда заңдатылған принциптер, өкімет  диффернециациясы, басқарудың  субъектісі мен  объектісінің сферасының  қатаң  шектелуі пайда бола бастайды.  Егер де ру – тайпалық  байланыстар  жазылмаған заңдармен  өмір сүрсе, ал құлдық  қоғамда жазылған  заңдарды қолданды (мысалға, Хаммурапи заңдары). Заңдатылған билік өзінің  жоғарғы  дамуына алғашқы  рет римдік құқық  кезінде жетті. Дәл осы кезеңде қоғамды  басқару  кластық көрініс тапты.  Құлдар қатаңдыққа душар  болып, үй жануары ұқсас тек басқару  объектісі ретінде болды.

Феодализм кезеңінде басқару жүйелерінің  үлкен дифференциациясы болады – саясатты құқықтық, мінез – құлықтық, діни, философиялық, әдеби және т.с.с. адамдардың әс әрекетін рухани (ұсталық, жер өңдеу мәдениеті, көркем өнерлік) және материалдық  өндірістің барлық  дерлік формалары секілді, саясаттық билік бұл жерде элитарлық  сипат  (мұрагерлікпен беріліп отырды) ұстанды.

Феодализм үшін басқару  субъектісінің  күрделі иерархиялылығы тән  болып келеді.

Капитализм  кезінде  әлеуметтік процестер арқылы басқару  механизмін  өзгерту  және күрделендіру  негізінде  рухани  және материалдық  өндірістің  даму процесстері,  меншіктік  формалары,  әр түрлі қарсыластық күрес түрлері, ал бұл  байланыса,  сонымен қатар  құқықтық қатынастар  жатады. Қоғамдық өмірде жалпы демократизация жағдайында саясаттық билік мәңгі  өзінің  мұрагерлік  сипатынан  айырылып,  таңдаулы  болды,  яғни басқарушы  элита  әртүрлі  қоғамдық  өмір  топтарын  басқара алатын  адамдардан құралды.

Дамыған  мемлекеттердегі  көбісі  басқару  жүйесінің  маңызды  элементтері – жоспарлау  тактикасын  құру,  еңбек  мекемелерінің  эффективті  әдістерін енгізу,  басқару және  есептеу  жүйесі,  электронды  есептеуіш  техникасы, информатиканы кең қолдану  және т.б.  болып табылады.

Сонымен,  әлеуметтік басқару нақты  тарихи,  ал  класстық қоғамда  класстық сипат  ұстанады. Әрбір қоғамдық  формацияға  жалпы  басқару  принциптерімен  қатар  өзіндік спецификасына тән,  ол  оның  әдістері  мен  формаларын  орындау  мақсатында  көрінеді.  Антагонистік  формацияның  барлығы  ортақ  болып  басқару  спецификасын  класстың қарсыластық  анықтайтыны  табылады: бұл жерде  барлық  адам басқарылады, бірақ көбісі басқармайды,  яғни қоғамның  бір бөлігі басқарады (аз бөлігі), ал  басқару  объектісі  болып  қалған бөлігі (көп бөлігі) табылады.

Әлеуметтік  қоғамдағы  басқару  қоғамның  алдын – ала  даму сатыларындағы  басқарудан  басқа  сипатпен  ерекшеленеді.  Бұл  жерде  адам (халық)  тек басқарып қана  қоймайды,  сонымен  қатар  басқаруға  өз әсерін  тигізетіні айқын  көрсетіледі.  Терең  гуманизм және басқару  мақсатындағы  демократизм,  әдістерінің  жоспарлылығы  және басқару  шешімдерін өңдеуіне жүйелі  жақындау  әлеуметтік  басқаруға  тән.  Осындай қоғамдық  өзіндік басқару  формаларының  негізінде  фундаментальды  негіздерінің  кең көлемінде дамуы  басқарудың  объектісі  мен  субъектісіне  әсер етеді.  Социализм  кезіндегі  барлық  басқару  жүйесі тауардың  эффектілігі мен  сапасын  өсіруге, әрбір  жұмыскердің өз еңбегі негізіндегі  қызығушылығын танытуға, әлеуметтік талпынысқа  айналдыруын  итермелеуге мақсатталған, ал соңғы  нәтижесінде  халық  шаруашылығына  деген салымның  өсуіне, қойылған  мақсатқа жетуі – қоғамның  сұраныстарын  толық  қанағаттандыруға, адамдық қасиеттерді  көтеруге бағытталған.

Мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық  дамуын тездетуге арналған біздің  қоғамның  мәселелері басқару жүйесін  жақсарту,  оның  басқарушылық  принциптері мен  құрылымын  түзетуге  негізделген  талаптар ұсынады.  Ол экономикалық  заңдарды қолданудың барлық  жан – жақтығына  және тереңділігіне,  әлеуметтік  шаруашылық  жүйесінің  мүмкіндіктеріне,  жұмыскерлердің  кең  тәжірибелілігі, білімділігі және квалификацияның  өсуіне  тірелу қажет, яғни  адамдық  фактор  өзінің  нақты  мағынасында бұдан  басқа  адамдардың  қажеттіліктері мен  әлеуметтік  сұраныстары  ескерілуі керек.  Осының  бәрі жеке қызығушылықтың оптимальды келісу шарты, еңбек ұйымдарының  қызығушылығы, әртүрлі  әлеуметтік  топтардың жалпы  мемлекеттік, жалпы халықтық  қызығушылықтарының арқасында мүмкін болады.

Сәтті басқару  істерін  жүргізу  үшін  қоғам дамуының  объективті  заңдарының  ғылыми  жетістіктері  ғана  аз (бірақ бұл да  негізгі  шарт  болып  табылады). Себебі заңдар – қоғам қозғалысының  негізгі  тенденциясы, ал нақты  әлеуметтік – тарихи басқару үшін бұл  тенденциялардан  басқа,  әлеуметтік құбылыстардың себеп – салдарын (соның  ішінде негативті де) қамтитын,  берілген  жағдайда әлеуметтік эволюцияның  реалды факторы болатын  басқаруды қарастыру қажет.

Дамудың жалпы  заңдары мен әлеуметтік  құбылыстардың  нақты себеп – салдарынан басқа, басқарушылық  бағдарлама құрған  кезде  көптеген  басқа да,  факторларды  ескеру қажет. Мысалы:  басқарушылық  шешімдердің  іске асуы  тәуелді  болатын  қоғамның  моральді – психологиялық  атмосферасы (кері байланыс принциптерінің есебі). Әр  минут  сайын  басқарушылық  бағдарламаны  адамдардың нақты  қызығушылығымен, басқарушылық  істердің  сәтсіздігіне  соқтыруы мүмкін, қызығушылық динамикасымен салыстырып отыру қажет.

 Осылайша, басқару  өнері жалпы  даму тенденция шектерінде  жалпыны жеке және  ерекше деп  бөле білуге және оларға әсер етуге  негізделеді.  Басқару – абстрактілі – теориялық  әлеуметтік ойларды  жағымсыз  тексеруге  ұрындыратын  әлеуметтік практика.

Осы айтылғандарды қорытындылай келе, әлеуметтік басқару  қоғамдық  қатынастардың  ерекше  түрі  деуге болады, яғни ол қоғам өміріндегі  негізгі элемент  болып  табылады.  әлеуметтік басқарудың  тарихи дамуының  идеалы болып  бақсарудың  субъектісі мен  объектісі  функционалды  бірлік  құратын, коллективті қоғамдық  өзін - өзі басқару табылады. 

 

6.4 Қызметкер жұмыскерлерге басшылық ету және еңбек мотивациясы

 

Басқаруға деген кешендік  жақындау  барлық  функциялар  бірлігіне  қатысты,  басқару  сипаттамасына жаңа  бөлім  қосты – қызметкерлерді басқару  функциясы.

Қызметкерлерге  басшылық ету басқару  функциясы  ретінде  басқа  функцияларды  біріктіруге, үйлестіруге  және өзара  байланыстыруға бейімделген.  Басшылық  ету  функциясы – ол бүкіл  басқарудың  миы. Оның  орталық  нервтік  жүйесі деуге болады. Басқару  жүйесінің  функциясы  қиындаған  сайын, басшылық  алдында басқаруды. Әрбір функция  ішінде  және функцианальдық  аспекті  бойынша тереңірек  жетілдіру  міндет  болып тұрады.  Нәтижесінде  басшылық  ету  функциялары  жиі басқаруды жетілдіруде  өз алдына ерекше функция  болып  жекешеленеді.

Қызметкерлерге басшылық  етудің маңыздысы болып  мыналар табылады:

- әрбір  жұмысшыға өз жұмысы  үшін  міндет  арттыру;

- әрбір  жұмысшы  кімге  бағынатынын және кімнен нұсқаулар алатынын  білуі қажет.

Әртүрлі  иерархия сатыларынан тұратын  басқару  жүйесі бөлек басшылар  немесе басқару  мекемелерін түрлі  басқару  кезеңдерімен  бекіту болып келеді.  Бұл  басшылардың  әртүрлі дәрежелері бар.  Жоғарғы  басшылықтың  басты  міндеті  болып  толығымен  басқару  процесі табылады: әртүрлі функцияларды  үйлестіру мен оларды  тұйықтау; бөлімшілер мен жұмыс  орнына сай басшыларды  таңдау; жалпы басқарушы жүйе иерархиясының ұйымы.

Орта және төменгі деңгей  басшылары әртүрлі жұмыс түрлерінің ұйымдастырушылары болып келеді. Олардың міндеттеріне:  жұмысты жалпы  жоспарын құру;  адамдарды жұмысқа біріктіру; жұмысты  басқару; бөлек  мекемелер мен жеке жұмысшылар  жұмысын ұйғару;  жұмысты бақылау  кіреді.

Қызметкерлерге басшылық ету  мақсаты  жұмысшылардың  қабілеттілігін  интенсивті және  өнімді еңбек  үшін  дамыту  болып  табылады.  Басқарушы өз қол астындыларға  бұйрық  етпеу  қажет,  керісінше олардың  күтерін бағыттап, олардың  қабілеттіліктерін  ашуға  көмектесіп,  жан – жағында  сыбайластарын  жинауға  қол ұшын  беру қажет.

Басқаруда  келесі  әлеуметтік – психологиялық  аспектілер  өте  маңызды  болып  келеді:

- жұмысқа  деген  негізгі ынтасы болып жұмыс орынын  жағдайы табылады;

- әкімшілік  жағынан жұмыстан  босату сирек,  себебі  көптеген  ережелерді  сақтаумен  ұштастырылған;

- жұмысшылардың  шынайы  берілгендігін  тәрбиелеу  анықтама  бюллетендерін, өз  фирмасының  істері мен  күнделікті өмір  жағдайы  жазылатын  журналдар шығарумен, беделді  видео  және кинофильмдер көрсетумен;  демалыс күндері мен қомақты  қаражат  жұмсалатын мейрамдар өткізумен жүзеге асырылады.

Қызметкерлерге  басшылық  ету  бағдарламасын құру келесілерді қарастырады:

-       ортақ  өзара байланысқан  мақсаттар мен  мақсатталған  бағдардың болуы:  еңбек  өнімділігін, сапасын  арттыру,  еңбек  төлем ақысын  икемділеу,  жұмысшылардың  біліктілігін  және мақсаттарды  жұмысбастылық  бағдарламасы байынша үнемі арттыру;

-       еңбек  ресурстарын  басқару  аумағындағы  стратегиялары  мен жұмысбастылық  тұрақтылығын  фирма  басшылығы,  кәсіподақ  және жұмысшылар  өкілдерімен  бірігіп  құрастыру.

 Қызметкерлерге  жұмысбастылыққа кепілдік беру,  әр фирманы  табысты және бәсекелестікке  қабілетті  етеді,  әсіресе жұмысшылар құрамын  тұрақтылау  қызметкерлерге  басшылық  ету  икемділігін  және  көптеген  мамандандырылған жұмысшылар  құрамын арттырумен байланысты болса.

Көптеген  фирмалар  еңбек  қорларын басқарудың  ұзақ  мерзімді  бағдарламаларын  кең пайдаланады,  ол  бағдарламалар жұмысшыларды  бұқаралық  жұмыстан  шығарудан  көмектеседі.

 

7 тақырып. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация

 

7.1 Қоғам туралы түсінік. Қоғам дегеніміз не?

 

Қоғам - нақтылы мүддесі мен тілегіне сәйкес біріккен адамдардың жиынтығы. Бұл қарапайым ғана анықтама. Социологияда қоғам деген түсініктің мазмұны кең, әмбебаптық маңызы бар.

          Қоғамды қандай белгісіне қарап ажыратуға болады? Жоғарыда қоғам дегеніміз - жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың арасындағы қалыптасқан байланыстар мен қатынастардың жиынтығы дедік.

          Егер де әлем картасына осындай байланыстардың жиынтығын енгізсек, онда қоғам дегеніміз - адамдардың тәжірибелік - шаруашылық процесінде қалыптасқан байланыстары мен өзара байланыстарының жиынтығы.

          Қоғамның негізгі маңызды белгісі - территория (аймақ), онда әлеуметтік байланыстар іске асырылады. Территория - индивидтер арасында қатынастар мен өзара әрекеттердің қалыптасатын, дамитын әлеуметтік кеңістігінің негізі болды.

          Қоғамның екінші ерекшелік белгісі оның ішкі өзара байланыстарының жоғары интенсивтілігін қолдап отыру және ұдайы өндіру қабілеті. Тұрақтылық қоғамның маңызды сипаты деп айтылса да, социологтар оның негіз болатын себептерін түсіндіруде әртүрлі көзқарастарда болды. Э.Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығының басты негізіне "ұжымдық сананы", ортақ жігердің болуын алады. Р.Мертон болса қоғамның сақталуын халықтың көпшілігі меңгерген және әрбір индивидті біріктіретін тіршілік әрекеттерінің нормаларын сақтауға бағыттайтын "келелі құндылықтар" арқасында болады деп есептейді. Э.Шилз қоғам бүкіл территорияға бақылау жасайтын және ортақ мәдениетті таңатын тек қана "ортақ биліктің" ықпалымен өмір сүреді деген сенімде болған.

          Қоғамның үшінші белгісіне оның автономдығы және өзін-өзі жоғары деңгейде реттеушілігі жатады. Қоғамның автономдығы оның көп функциялылығымен іске асады, яғни индивидтердің алуан түрлі қажеттігін қанағаттандыру үшін керекті жағдайлар жасау қабілетінің болуы және индивидтерге өзін көрсету, өзін бекіту үшін кең мүмкіндіктер жасауы. Қоғам өз ішінде пайда болған және жасалған нормалар мен принциптердің негізінде, институттар мен ұжымдардың арасында реттеліп отырады және басқарылады. Өзін-өзі реттеушілік қоғамның маңызды қасиеті, себебі ол оның дербес өмір сүруіне толық мүмкіндік береді.

          Төртіншіден, қоғамды үлкен интеграциялық күш ерекшелейді. Ол әрбір жаңа ұрпақты әлеуметтендіреді, сол ұрпақты қалыптасқан қатынастар жүйесіне қосады, оларды бәрі мойындап қабылдаған нормалар мен ережелерге бағындырады. Аталмыш салалардың арқасында қоғам жаңаны енгізуге қабілетті болады, өйткені ол өзіне жаңа әлеуметтік түзілімдерді, институттарды, нормаларды таңдайды, сөйтіп сол арқылы дамуды жаңалайды және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Қоғам мен тілдің, мәдениеттің шығу тегінің көрінбес жіптермен байланысқан адамдардың өздері оған ұмтылады. Ол адамдарға әдеттегі мінез-құлық үлгілерін қолдануға мүмкіндік береді, тұрақталған принциптерді басшылыққа алдыртады. Қоғамды дамытатын өзіндік заңдар мен заңдылықтар қалыптасады. Солардың бірі - эволюционизм.

          О.Конт қоғам эволюциясын анықтаушы алғышартқа білімдік прогресті жатқызды. Білімнің теологиялық, мистикалық түрінен позитивтікке, яғни ғылымға қарай дамуы адамның әскери қоғамнан индустриялы қоғамға өтуін қамтамасыз етеді.

          Г.Спенсер эволюцияның мәнін қоғамның күрделенуінен, оның ішкі жітелісінің күшеюінен көре білді. Бұл процесс қоғам дамуының әрбір жаңа кезеңінде әлеуметтік организмнің тұтастығын қалпына келтіріп отырады. Әлеуметтік прогресс дегеніміз - Г.Спенсердің сөзімен айтқанда, адамзаттардың еркіндігін көбейтуге жеткізетін күрделі қоғам болады.

          Марксизм әлеуметтік дамудың шешуші алғышарты етіп өндіргіш күштерді алған. Өндіргіш күштердің дамуы өндіріс тәсілдерін өзгертуге әкеліп соқтырады, оның нәтижесінде қоғамда түбегейлі өзгерістер жасалып, қоғамдық - экономикалық формациялардың бірінен екіншісіне ауысуы қамтамасыз етіледі.

          Осы аталған бағыттың төңірегінде әлеуметтік эволюцияның кейбір үрдістері анықталады. Қоғам қарапайым күйден күрделі күйге қозғалып өтеді, яғни терең құрылымды, жіктелген қоғамға көшеді.

          Қоғамның дәйектілікпен даму принципін басшылыққа алған дәстүрлі эволюционизм шеңберінде қоғамның кері қозғалуын, дағдарыстары мен ыдырауын, бүтін өркениеттің жойылуын түсіндіру мүмкін болмай қалды. Мұндай құбылыстарды түсіндіру үшін зерттеушілер циклдық даму теориясын ойлап шығарды (О. Шпенглер, А.Тойнби).

Осыған орай әлеуметтік өзгеру теориясы пайда болды. Оның мән-мағынасын Т.Парсонс өз тұжырымдамаларында ашып берді.

          Бақылау барысында қайсыбір іс-әрекеттің, оқиғаның нәтижесінде жүйедегі тепе-теңдікті сақтап тұрған күштердің, элементтердің арасалмағы бұзылатын болса (кейбір топтардың ықпал жасауы артады, мемлекеттік органдардың жаңа құрамы қалыптасады, т.б.), онда қоғам өзгеріске түседі. Мұндай өзгерудің түрін Т.Парсонс "тепе-теңдіктің өзгеруі" деп атаған. Алайда қоғамдық жүйе мен оның элементтерінің арақсында бұзылған тепе-теңдікті қоғам тез қалпына келтіріп отырады. Жүйе ішкі резервтердің көмегімен өзгеріске бейімделетін болады және пайда болған жаңа түзілімдерді өзіне қосып алады.

          Т.Парсонс пайымдауынша әлеуметтік өзгерудің екінші түріне "құрылымдарды өзгерту" жатады екен. Жүйеге іштен және сырттан қысым жасау аса күшті болған шақта жүйе өзі айырылып қалған тепе-теңдігін қалпына келтіруге дәрменсіз болады. Қоғамның тұтастығын сақтау мақсатында, оның бейімделу қабілетін арттыру үшін жүйенің маңызды құрылымдық элементтерін (әлеуметтік рөлдерін, институттарды, ұжымдарды) ауыстыру жүзеге асады.

          Т.Парсонс эволюциялық әмбебап ұғымын енгізіп, сол арқылы жаңа күйдегі, сапалы жүйе пайда болуын анықтайтын құрылымдарды белгілеген. Әлеуметтік жүйеде ең алдымен төрт әмбебеп қалыптасады: қатынастар жүйесі, туыстық жүйе, дін және технология жүйелері құрылымы, бюрократия, ақша мен нарық кешендері, демократия бірлестіктері пайда болады.

                         

7.2 Қоғамның әлеуметтік құрылымы

 

          Қоғамның әлеуметтік құрылымы әлеуметтік жүйенің бөлімі және екі компоненттен тұрады: әлеуметтік байланыс және әлеуметтік құрам. Әлеуметтік құрам - әлеуметтік құрылымды құрайтын элементтердің жиынтығы.

          "Структура" (құрылым) термині - structura латын тілінен алынған - ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастығын білдіретін термин.

          "Әлеуметтік құрылым" ұғымы сөздің кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында әлеуметтік құрылым дегенде қоғамның жалпы құрылысын, оның демографиялық, таптық, территориялық (латын тілінен аударғанда "жер кеңістігі" деген), этникалық, кәсіби, діни, т.б. құрылымын түсінеді. Тар мағынада әлеуметтік құрылым дегенде таптарға, әлеуметтік жіктер мен топтарға бөлу түсініледі.

          Сонымен, әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы. Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі - белгілі мәртебесі бар және белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын жеке адамдар, ал жеке адамдар - мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді. Әлеуметтік құрылым қоғамның бірліктерге, тапқа, топқа жікке бөлінуін көрсетеді, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының да көптеген критерияларына сәйкес әртүрлілігін көрсетеді.

          Әлеуметтік құрылымның әрбір элементі өз тарапынан, өзінің байланыстарына қарай күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамдық жүйе деп қарау көптеген белгілі социологтарға тән. Жүйе - өз элементтерінің жиынтығына сәйкес келетін тұтастық. Тұтастықтық ерекшелігі арнаулы тәсілмен қамтамасыз етіледі, оның бөлімдерінің өзара байланысу және өзара тәуелділігі арқылы.

          Э.Дюркгейм үшін қоғамның мазмұндықты туындайтын элементі, тұтастығы ұжымдық санамен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік факты, оның өмір сүруі жеке адамдарға әсер етеді. Шындықтың көзі, оның пікірінше, әлеуметтік факт, оны тек қана бақылау процесі мен шектемей, зерттеу қажет.

          К.Маркс жүйе құрайтын элементтер дегеніміз әлеуметтік қатынас деп санайды, ол адамдар арасындағы тұрақты байланыстарды, жеке адамдарды, сонымен бір жеке адамдарды көрсетеді, олардың өзара қарым-қатынасы оның жиынтығын көрсетеді, дейді.

          М.Вебер қоғамды әлеуметтік өзара қатынастың күрделі жүйесі деп қараған. Ол әлеуметтік іс-әрекеттің 4 түрін ажыратады:

          Қоғамды жүйедей зерттеуге ендігі мәселе сол элементтердің ұйымдастыру тәсілі, сонымен бірге сол элементтердің байланысуы.

          Т.Парсонстың пікірі бойынша қоғам жүйе есебінде төмендегі қызметті атқарғанда ғана өмір сүреді:

1) қоғам өзгерген жағдайға және адамдардың өскен (возросший) материалдық тілегі бейімделу қабілетіне ие болуы керек, ішкі ресурстарды тиімді ұйымдастыруға және бөлуге қабілетті болуы;

2) оның негізгі мақсат және міндет іске асыруға қабілетті болуы және оларды іске асыратын процестерді қолдауы;

3) жеке адамдардың қабылдаған жалпы нормалары мен құндылықтардың тұрақтылығын сақтауы;

4) қоғамның интеграциялау қабілетіне, жаңа ұрпақты жүйеге тарту қабілетін іске асыруы.

          Т.Парсонс жүйенің негізгі қызметтерін анықтай отырып, соларды қоғамда іске асыратын орындаушыларды іздеді. Алдымен 4 жүйе көрсетеді: (экономика, саясат, мәдениет және ағайындық). Одан әрі әрбір жүйе көлемінде тікелей бейімдеуші, мақсатты тұрақтандырушы, интеграцияландырушы әлеуметтік институттарды көрсетеді (завод, банк, партия, мемлекеттік ақпарат, шіркеу, мектеп, отбасы т.б.). Ақырында, тұрақты құндылықтан шығатын нормалды орындауға негізделген әлеуметтік рөлдің жиынтығын (совокупность) көрсетеді.

          Қоғамдық жүйенің қызметінің институт және әлеуметтік рөл дәрежесінде іске асырылуы қоғамды тұрақтандырады, егер де әрбір институттар өзіне тиісті емес қызмет атқарса, қоғамда берекесіздік пайда болады. Кез келген жүйе, бірінші кезекте қоғамдық, ішкі тәртіптендіруін қабілетке ие болуы, меңгеруі керек (материализуются).

          Қоғамның өмір сүруін терең түсіну үшін, оларды түсіндіретін проблемаларға тоқталайық.

          Адамдар өздерінің нақтылы мүддесі арқылы, бірінші жағынан, қоғамның негізін құрайды, оның өмір сүруіне жағдай жасайды, екінші жағынан, оның өмір сүруіне қауіп туғызады, тұрақсыздық енгізеді. Әрбір адам өзінің өмірінің мәнін жоспарлары мен мақсаттарын іске асырудан көреді, іс-әрекетінің бостандығына ұмтылады. Қоғам тұтас жүйе есебінде өмір сүреді, егер де қоғам мен адамның мүдделері, мақсаттары ұштасып жатса ғана.

          Бұлар жалпылық пән жеке мүдденің арасындағы қайшылықтар. Тоталитарлық мемлекетте қоғам мен адам мүддесі араласып кетті. Бұл мемлекетті билеушілерге тиімді болды. Адам мүддесі екінші орынға қойылды.

          Демократиялық мемлекетте екі қарама-қайшы мүдде теңестіріледі, біріне-бірі қарсы қойылмайды. Құқықтық, әлеуметтік, экономикалық теңдік үстем болады, біртектес ұлттық мемлекеттік мүдде жүйесі қалыптасады.

          Әлеуметтану, қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы көптеген тұжырымдамалар бар. Олардың бірі - марксистік ілім.

          Маркстік социологияда қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымына жетекші орын беріледі. Бұл бағыт бойынша қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымы негізгі үш элементтік топтар. Әлеуметтік құрылымның негізгісі - таптар. Маркс таптардың пайда болуының экономикалық себептерін зерттеген. Олар қоғамның тапқа бөлінуін еңбектің қоғамдық бөлісінің және жеке меншіктік қатынастың нәтижесі деді.

 

7.3 Әлеуметтік стратификация

 

          Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен белгіленеді. Бұл термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік күйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.

          Теңсіздіктің екі түрі ажыратылады. Біріншісі - табиғи теңсіздік. Олар табиғи белгілер арқылы ерекшеленеді, мәселен, адам жынысы, жасы, бойы, темпераменті, т.б. жатады. Ал әлеуметтік теңсіздік - әлеуметтік себебі бар қажеттілік, оның себептері әлеуметтік факторлар арқылы белгіленеді.

          Прогрессивті жолмен дамыған қоғамға сенімді ілім керек, ал оларды алу және жинақтау үшін саясат, экономика, білім, құқық, ғылым туралы барлық институттардың, яғни қоғамның саулығы мен болашағы тәуелдігі туралы социологиялық теория қажет. Социологиялық теорияның негізгі жиынтық тұжырымдамасы әлеуметтік құрылым теориясы болып есептеледі. Оның аты әлеуметтік стратификация деп аталады.

          Стратификация латынның "stratum" (страттар) - жік (слой) және facere - істеу деген сөзінен шыққан. Әлеуметтік стратификация әлеуметтік жіктеуден аудару өмір шындығына, ол теорияның атқаратын қызметіне сәйкес келеді. Ол теория базалық қажеттілікті өтеу керек. Сонымен қысқаша стратификация (әлеуметтік жіктеу) дегеніміз - тәртіп, ол бойынша теңсіздік, үлкен мүмкіндікпен, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріледі. Қоғамда әртүрлі (страттар) жіктер қалыптасады. Әлеуметтік құрылымды қоғамдағы алатын орнына қарай ажыратылатын әлеуметтік топтардың жиынтығы деп қарай отырып, социологтар бұл топтар бір-бірінен қалайша ажыратылады деген сұраққа жауап береді. Сондықтан да класс деген түсінік "страт" - жік немесе әлеуметтік топ деген түсінікпен алмасуы керек, ал қоғамның әлеуметтік таптық теориясының орнына әлеуметтік жіктік стратификация - теориясы келуі керек.

          Платон мен Фурьенің көзқарасы бойынша әлеуметтік құрылым - қоғамдағы қызметіне және байлығына қарай ажыратылатын әлеуметтік топтар. Осы ерекшеліктерге сәйкес қоғамда билік саласында орын алатын топтар арасында қатаң қатынас қалыптасады (бірі басқарады, екіншісі бағынады) және байлық (бірі екіншісін қанайды), қоғамның дамуына сәйкес бұл қатынастар өзгеріп отырады: бір топтың билігі нашарлайды, екіншісі күшейе түседі, ал байлық басқалардың пайдасына бөлінеді.

          Екіншіден, Платон мен Фурьенің көзқарасы бойынша, бұл әлеуметтік жіктердің негізі олардың қоғамдағы алатын орнына қарай анықталған бағыты.

          Социологтар стратификациялық құрылымның негізі - адамдардың табиғи және әлеуметтік теңсіздігі деген көзқарасты түгелдей жақтайды. Бірақта теңсіздікті ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болуы мүмкін.

          М.Вебер әртүрлі страттарға жатқызудың критерияларының санын көбейте түскен. Экономикалық меншікке қатынастың және табыстың дәрежесінен басқа да критерияларды ұсынады. Олар әлеуметтік атақ және белгілі саяси партияларға жататындығы. Атақ (престиж) дегеніміз жеке адамның туысынан немесе жеке сапасына сәйкес қабылдаған әлеуметтік мәртебесі, ол оған қоғамда белгілі орын алуына  мүмкіндік береді.

          Мәртебе қоғамның стратификациялық негізі деп қарағанда, тағы да бір маңызды сапа алады: ал оларды одан тез сезінеді.

          Стратификациялау критерийлерін П.Сорокин ол да әрі тереңдете түседі. Қандай да бір болмасын стратқа жатқызу үшін критериялардың біртектес жиынтығы болуы мүмкін емес дейді. Соған сәйкес қоғамда үш стратификациялық құрылымның бар екендігін көрсетеді: экономикалық, кәсіби және саяси1). Күрделі байлық және экономикалық билікпен иесі формалды түрде саяси биліктің құрылымына енбеуі мүмкін. Керісінше, күрделі саяси атаққа ие болған саясаткер меншік иесі болмауы да мүмкін. Кейінгі уақыттарда социологтар стратификациялаудың критерийлерін кеңейту туралы түрлі ойлар ойлар қосты. Мысалы, оған білім дәрежесін қосу, т.б. Ашық индустриалды қоғамда стратификациялық критерийлер көп жоспарлы.

          Сонымен қоғам теңсіздікті туындайды, ұйымдастырады бірнеше негіздерге сәйкес: байлық, табыс дәрежесі, әлеуметтік атақ (престиж), саяси билікті иелену дәрежесі, оған білім және кәсіби дәрежесін қосуға болады.

          Ғалымдар әлеуметтік теңсіздіктің шығуына әртүрлі түсінік береді. ХХ-шы ғасырдың 40-жылдарында жасалған функционалдық бағытының өкілдері әлеуметтік стратификация ерекшелігінің себебін қоғамның функциясының бөлуінде деп түсіндіреді. Олардың пікірінше, қоғам өмір сүру үшін қоғамға қажетті әртүрлі функциялар іске асырылуы қажет. Қоғам алдында тұрған міндет аса маңызды қажеттерді дарынды, іскер, компетенциясы мол адамдар атқаратын етіп орналастыру осы міндеттерді іске асыруына байланысты. Сонымен теңсіздіктің себебі, олардың пікірінше, қоғамда билік, тұтынушы және жұмыс атқарушы қызметтерінің рөліне байланысты. Мұндай көзқараста субъективті пікір қалыптасады.

Әлеуметтік стратификация теориясы қоғамның типтік дәрежесін және даму

           

1) Сорокин П.А. Социальная стратификация и мобильность /Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. – М., 1987. - С. 287.

сатысын анықтайды. Марксизм қоғам дамуында бес түрлі формация - сатыны бөліп көрсетеді: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік қоғам, феодализм, капитализм және коммунизм. Бұл қоғамның негізгі - өндірістік қатынастар. Француз социологы Раймон Арон және америка ғалымы У.Ростоу индустриалды қоғам теориясын қалыптастырады. Индустриалдық қоғамның негізгі ерекшеліктері:

1) өндіріс пен басқарудың нақты салаларында оның күшті мамандануы жағдайында еңбек бөлінісінің тұтастай алғанда қоғамдағы дамыған және күрделі жүйесі болуы;

2) Кең нарыққа тауарларды жаппай өндіру;

3) өндіріс пен басқаруды автоматизациялау;

4) ғылыми-техникалық революция.

          Белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жағуын қатып-сеніп қалған, өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды, ол үздіксіз деп қарауға болмайды, ол үздіксіз өзгеріс, қозғалыста болады. Бұл өзгеріс, қозғалысты социологияда "әлеуметтік мобильдік" деп атайды. "Әлеуметтік мобильдік"1 категориясын да социологияға тұңғыш енгізген П.Сорокин болды.

Құлдырау не болмаса, бір деңгейдегі бір топтан екінші топқа өту болуы мүмкін. Мысалы, ерінің немесе әйелінің ажырасып, басқа отбасы құруы, бір қызметтен дәл сондай екінші қызметке ауысу т.б. көлбеу бойынша өзгеріс (қозғалыс).

Әлеуметтік    мобильдік   жекеше (жеке адамдық)   немесе   ұжымдық    болуы мүмкін. Ұжымдық әлеуметтік мобильдік қоғам өмірінде, құрылысында ірі өзгерістер тудыруы мүмкін. Бұл соңғы экономикалық салада немесе саяси-идеологиялық салада болуы мүмкін.

 

8 тақырып. Отбасы социологиясы

 

8.1 Отбасы әлеуметтік институт және кіші топ ретінде

 

          Отбасы - ертеректен келе жатқан әлеуметтік институттардың бірі. Ол алғашқы қауымдық құрылыстың топырағында таптардан, ұлттардан және мемлекеттен бұрын пайда болды. Отбасының қоғамдық құндылығының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақтар әкелу, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік сапасын қалыптастыру болып табылады.

Ең көне отбасының түрі – топтық некеге негізделген еді. Балалар мен әжелер, әкелер мен шешелер, балалар тобында - ағалы-інілер, апалы-сіңілілер немере туыстар біріне-бірі ерлі-зайыпты, яғни әр ұрпақтың бір-біріне ағалы-қарындас бола тұра некелес болатын.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының қалыптасу және қызмет жасау процесі құндылық - нормалық жүйелермен белгіленген. Мысалы, болашақ жар таңдау, оны құрметтеп күту, жыныстық қатынаста сексуалдық тәртіпті сақтау, мәдениеттілік нормаларды әйелі мен еркегі, ата-аналар мен балалар және т.б. басшылыққа алуы орындамаған жағдайда заңға жүгінеді.

          Мемлекеттің пайда болуымен отбасы өмірін реттеу заңдылық сипат алды. Некені заңмен бекіту мемлекетке де белгілі бір міндет жүктеді. Енді әлеуметтік бақылау мен заңдылықты іске асыруда қоғамдық көзқарастармен қатар мемлекеттік ұйымдарда қатысатын болды.

          Отбасын әлеуметтік институт ретінде түсінуде отбасындағы рөлдер қатынасына талдау жасаудың үлкен маңызы бар. Отбасылық адамның қоғамдағы әлеуметтік рөлдерінің бір түрі болып табылады.

          Отбасы адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ болып табылады. Ондағы әрбір адамның өмірі отбасымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.

          Социология ғылымы отбасыны былай анықтайды: отбасы дегеніміз тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ - оның жалпы белгілері - бөтен адаммен жыныстық орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке    дара   адамгершілік  сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру.

Отбасы - бұл өзара махаббат, туыстық сезім, мақсаттары мен ұмтылыстары бір, бір-біріне және отбасы мүшелеріне жауапкершіліктері бар, заң жүзінде неке шартына отырған адамдар тобы.

          Отбасы қоғаммен, мемлекетпен, мемлекет әкімшіліктері мен мекемелермен, мына әлеммен, тіпті қасындағы көршіңмен де тығыз байланыста болып отырады және де қоғам, мемелекет өміріндегі кішкентай өзгерістің өзін тез сезіп отырады.

          Отбасы әлеуметінің мәселесін зерттеу жан-жақты және көп салалы. Отбасының пайда болуы және ыдырауы, отбасындағы бала және ересектерді тәрбиелеу әдістері, жұбайлардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері және отбасылық жанжал себептері әлеуметтік мәдениет және әлеуметтік-экономикалық әсерлер процестері, міне осы толық емес отбасы проблемаларының тізімі қазіргі отбасы өмірін бейнелейді және әлеуметтанушылар алдындағы басты проблемалар.

          Отбасы түсінігі отбасының негізгі қызметі, оның құрылымы және оның мүшелерінің орны қандай деген түсініктер арқылы беріледі.

          Отбасының негізгі қызметі - отбасы мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты бір жағынан, ал екінші отбасы және жеке адам арасындағы жүйелік қарым-қатынас.

          Қоғамның дамуына және отбасының деген талаптардың өзгеруіне байланысты оның әлеуметтік қызметтері де өзгерді.

          Отбасы құрылым - негізінен оның мүшелерінің бір-бірімен тығыз қарым-қатынасы, бұған қоса туыстық қатынас, діни, әлеуметтік қатынастар жүйесі, соның ішінде билік, авторитет және сол сияқты қатынастардан тұрады. Бұлардың ішінде авторитарлық отбасыларын басып алуға болады, бұл отбасылар әйелінің күйеуіне, ал балаларының ата-аналарына қатаң бағынуымен сипатталады. Демократиялық отбасылар отбасы ішіндегі билікті салт-дәстүр бойынша емес, жұбайлардың жеке сапаларына және талаптарына сай бөлінуіне негізделген.

          Әр уақытта барлық халықтар үшін отбасы - баға жетпес байлық, адам бақытының негізгі шарты болып келді. Бірақ та әртүрлі қоғам мен мәдениеттерде отбасының алатын орны алуан түрлі, сондықтан талдау жасау үшін бұларды ескермеуге де болмайды. Ғалымдардың болжамдары отбасында да өзгерістерін енгізуге, және де бұл өзгерістер экономика және басқа да қоғамдық сфера мен институттардың әсерінен болып отыр. Өнеркәсіп пен өзгерістің дамуы отбасы қызметтерінің болашақта жойылуына әкеліп соғады. Мысалы: крестьяндық шаруашылық кезінде жалпы жұмыс отбасы мүшелерінің жынысына және жасына қарай бөлініп келген.

          Көптеген ғасырлар бойы отбасындағы балалар негізінен үлкендердің орнын басатын білімдерді, кәсіптерді үйренген. Кейіннен, жалпыға орта білім беру жүйесі және әйелдерді өндіріске баулығаннан кейін, отбасының кейбір қызметтері мектептерге, бала-бақшаларына берілді, бұлар отбасымен қатар балаларды өмірге, еңбекке дайындайды.

          Ақырында отбасы құрылымы да өзгерді. Дәстүрлі үлкен отбасы кішігірім екі ұрпақ өкілдерінен тұратын нуклеарлы отбасыларға орын бере бастады. Нуклеарлы отбасылары ата-ана және балалардан тұрады. Біртіндеп туыстық қатынастар бұзылады, туу күрт төмендейді. Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас өзгерді. Өзгерістер жыныстық қатынастарға да әсерін тигізді, стандартты емес отбасылар саны көбейді.

          Батыс әлеуметтанушысы Н.Дж Смелзердің дәлелдеуі бойынша 1980 жылы АҚШ-тың тіркеу орнының мәліметі бойынша Сан-Франциско "жалғызбасты адамдар" саны бойынша АҚШ қалалары ішінде 1 орынға шыққан, бұлардың 53%-і "стандартты емес отбасыларда" - жалғыздықта немесе туысқандық қатынасы жоқ адамдармен тұрады. 27%-і американдықтардың қалыпты отбасылары жоқ1).

          Отбасы негізгі екі бағыт бойынша талданады: қызметтілігі және жанжалдар теориясында. Осыған сай "отбасының қызметтілігін" жақтаушылар отбасының қызметі немесе әлеуметтік сұраныс жағынан қараса, әсіресе осы соңғы екі ғасыр ішінде болған өзгерістерге олар өте үлкен мән берсе, "жанжалдар теориясын" жақтаушылар отбасы ішіндегі билікті бөлуге үлкен мән береді, және де тағы бір ескертетін мәселе, көптеген теоретиктер жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуін, ажырасу санының деңгейінің өсуімен ата-аналар билігінің әлсіреуімен және осыған байланысты кейбір жағымсыз әсерлермен байланыстырса, екінші біреулер мысалы, Парсонс, бұны яғни, отбасын жеке адамды ерте дайындайтын мамандырылған аспапқа айналуы деп түсіндіреді, яғни баланы жастайынан қоғамдағы өмірге бейімдеу дейді. Және де айтатын бір мәселе, осы және басқа да батыс әлеуметтанушылардың теориялары негізгі мәселені жеке, бірақ маңызды отбасы қатынастарына аударып отыр.

Бірақ, отбасы қызметтері өзгергенмен оның негізгі тұлғасы адамзат ұрпағын жалғастыруын осы күнге дейін орындап келеді. Шығыстың діни мәдениетінде отбасылық дүниетаным және отбасылық татулық ерекше орын алады. Мұнда отбасы дәстүрлері толығырақ сақталған. Олардың материалдық негізгі өзгергенмен де кейбір шығыс елдерінде осы күнге дейін отбасы дәстүрлерінің шарттары орындалып келеді. Мысалы, Жапония.

 

1) Смелзер Н. Социология. – М., 1994, - С. 410.

          Айта кететін мәселе, Жапонияда және де басқа шығыс елдерінде осы әдеп-ғұрыптар қоғамның дамуында өте үлкен рөл атқарады. Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань жастарының жетістіктерін бағалай отырып, атақты америка ғалымы Френсис Фукиямо экономика, саясат, мәдениет салаларының кейбір факторларын ескере отырып бұл халықтардың отбасылық тәрбиелерінің күшті екенін көрсетеді. Еркін нарық, орнықтылық және орнықты саясатты жүйе - экономикалық өсудің негізгі шарты - деп жазады ол.

          Қытайдың отбасы әдеп-ғұрыптары, әсіресе, олар әлемдегі ең өміршең мәдени әдеп-ғұрып көзі кунфуцианизмнен тарайды және үйренуді талап етеді. Кунфуций отбасында жеке адамның қалыптасуының қарапайым түрін көрді және негізгі өнегелі өмірдің көзі деп есептеді. "Ізгі ниетті адам өз үйінің қараңғы бұрышында өседі" - деп айтқан және де мемлекетті басқаруды тек қана өз отбасының міндеттерін айтқызбай, тиянақты орындайтын адамға сеніп тапсыруға болады делінген. Бұл идеология негізінен батыста негізгі орын ала бастады.

          Орта Азия және Қазақстанда өзіне тән ерекше әдеп-ғұрыптар қалыптасқан.

Мұнда, ерте түркі тілдес халықтарда бірлескен үлкен отбасылар кең таралған. Бұл отбасыларды ақсақал басқарды. Бұлай басқару сол заманның әлеуметтік экономикалық шаруашылық және қоғамды басқарудың негізі болды.

          Ерекше бір мәселе, бұл отбасылық қатынастардағы әйелдердің қоғамдағы орны Л.Н.Гумилев жазғандай, көне түріктерде ол өте жоғары тұрды. Мысалы:

"Баласы үйіне кіріп келе, бірінші анасына, сосын әкесіне иілген"1). Көшпенді өмірде құқ жағынан әйел баласын шектеу-монғолдардан кейінгі кезде Орталық Азияда болған жалпы құлаумен байланысты ескі құбылыс. Туыстық қарым-қатынастар адамның бюрократиялық карьерасында белгілі бір рөл атқарған және де атқаруда. Қоғамдық өмірді мемлекеттендіру процесі отбасына ықпалын тигізбеуі мүмкін еместігін айта кеткен жөн. Мемлекет қоғам үшін де, отбасы үшін де, жеке адам үшін де мәселелерді жинақтауға тырысады. Отбасын құрайтын қатынастар ретінде отбасы өмірінің әр жақтылығын бөлетін және отбасы белгілерінің кең тізімімен аяқталатын анықтамалар көп. Мысалы: отбасы бір-бірімен ата-бабасынан жалғасып келе жатқан бір-біріне жақын қарым-қатынасы бар адамдар тобы. Отбасы анықтамалары мен белгілерінің ішінде А.Г.Карчев социологының: әлеуметтік қажеттілігі және өзара жауапкершіліктері бар туыстық және некелік қарым-қатынастармен байланысқан кішігірім топтың, ата-ана мен бала арасындағы, жұбайлар арасындағы өзара қарым-қатынастың тарихи-нақты жүйесі ретіндегі анықтамасы назар аударарлық. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас отбасын құрайды, ал неке - баланың өмірге келуімен байланысты еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынастардың белгілері болып табылады. Отбасы ұғымын толық түсіну үшін отбасының экономикалық негізін, жеке меншілігін және баспананы ескеру керек. Олай болса, отбасы - бір ортақ отбасылық өмірге негізделген некелік - туыстық қатынастағы және соған байланысты ұрпақты жалғастыратын, әлеуметтендіретін және қамтамасыз ететін адамдар тобы. Тек үш жақты қатынас неке - ата-ана - туыстық отбасының негізгі

 

1) Базарханова Ш. Семья - основа всех основ. // Мысль. - 1997. - №4. - С. 23.

күйін бере алады. Атап өткен қатынастардың біреуі немесе екеуі отбасылық топтардың пайда болуын көрсетеді. Үш жақты қатынас еліміздің 60-70% отбасыларында байқалған. Отбасылары сандарының ішінен 15-20% уақытша баласыз жас жұбайлы, 5-9% баласыз қалған және де 10-15% бір жұбайымен қалған отбасылар. Сонымен қатар жанұясыздар көбіне ата-ана болып келетін, бірақ балалар жоқ жұбайлардан құрылған. Қазіргі кезде осы атап өткен үшжақты қарым-қатынастың біреуінің болмауын, яғни бұл не серіктестік, не туыстық, не некелік қатынастағы отбасыларын отбасылық топ, ал осы үш жақты қатынастары түгел отбасыларын - отбасының негізгі түрі деп атау дұрыс. Негізінен соңғы кезде Батыс елдерінде және бізде де отбасын осы үш қатынастың біреуіне негіздей отырып құру кең етек алуда, мұндай жанұялар отбасының "альтернативті күйі" деп аталып, оған американың неке энциклопедиясында және Марвин Солмен және Сьздан Стеннец отбасы бір қатар тарауларды осыған арнаған. Бұларды тек қана серіктестік, жұбайластық ғана біріктіргендіктен, бұларды "отбасылық топ" деп атау орынды.

 

8.2 Отбасының қоғамда атқаратын қызметтері

 

          Отбасының негізгі, алғашқы қызметі репродуктивтік, яғни қоғамдық тұрғыда халықтың биологиялық тіршілігін жалғастыру және жеке тұрғыда - балаға деген қажеттілікті қанағаттандыру.

          Отбасының ең маңызды міндеттерінің бірі - балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру процесі). Отбасының балаға ықпал болғаны жақсы. Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асады. Отбасы өміріндегі туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жәйттер балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. Ата-аналардың жақсы үлгісі баланың сана-сезім, ой дүниесінің өсуіне, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Отбасы тәрбиесі бала дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Баланың өсуіне қарай, оның тәрбиесі де күрделіленіп, оған қойылатын талап та арта түседі. Балалар отбасында еңбекке, әдептілікке, тәртіп мәдениетіне үйретіледі. 

          Отбасының қызметіне келсек бұл отбасылар қоғамның өзгеруінің салдарына ұшыраған миллиондаған жандар және де қоғамдағы көптеген институттар ішіндегі әлеуметтік институт секілді. Отбасы қызметін басты және қажетті деп бөлуге болмайды, бірақ та соның ішінен отбасын басқа институттар ішінен бөліп алатын негізгі қызметтерін ажырата білген жөн және бұл отбасы қызметін спецификалық және спецификалық емес деп бөлуге әкеліп соқты.

          Отбасының спецификалық қызметі отбасының негізінен және оның ерекшеліктерін әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттаса, спецификалық қызметі отбасының тарихи өзгерістерге байланысты еріксіз істеуге мәжбүр болғандықтан туындайды. Сонымен, отбасының спецификалық қызметі, яғни олар балаларды дүниеге әкелу қамтамасыз ету және әлеуметтендіру қоғамда қандай өзгеріс боламасын сол қалпында қалса да, оның мінездемелік қатынастары тарихи өзгерістер барысында өзгеруі мүмкін.

          Неке мен отбасының пайда болуына және балаларды дүниеге әкелуге деген сұраныс, қоғамның және отбасының тіршілік етуі миллиондаған адамдардың отбасын құрып бала сүюіне байланысты. Отбасының спецификалық емес қызметі жеке меншіктің ұлғаюына және берілуіне, статусына, тұтынуына, демалуына байланысты, бұлар отбасы мүшелерінің денсаулығына, тұрмысына байланысты жасалатын микроклимат, бұл отбасының тарихи қызметін бейнелейді. Сондықтан отбасылық өзгерістерді спецификалық емес қызметінің өзгеруі арқылы тез байқауға болады, олар не тарылады, не кеңейеді, не мүлдем жойылады.

          ХХ ғасырдың басында әлеуметтік институттар отбасын және білім беру, тәрбиелеу қызметтерімен, күзет және қорғау, тамақтандыру, киіндіру қызметтерімен қамтамасыздандыру және әлеуметтік статусты беру қызметімен тығыз байланыстырды. Уильям Огборн осы факторлардың барлығын іріктеп, жинақтап отбасылық қызметтерді "алып қалу" теориясында байланыстырған және бұл процестің "прогрессивті" сипаттамасын бекітеді.

          Осы сияқты прогрессивті пікірді бәрі қолдаған жоқ. Питирим Сорокиннің пікірінше бұндай отбасының әлеуметті мәдениеттік қызметінің азаюы, қоғамның индустриялды урбанистік дамуы отбасын баласыз отбасына айналдырып және еркек пен әйелдің жыныстық қатынас арқылы тіл табысатын орынға айналдырады деп жазған.

          Ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың және отбасының басқа мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастарды реттейтін құқық саласы - отбасы құқығы.

          Отбасы құқығы азаматтардың отбасылық қатынастарда ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан тең құқықтығын, ана мен бала мүдделерін мемлекет тарапынан қорғауды қамтамасыз етеді.

          1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Ата Заңының 2 бөлімінің 27 бабында: "Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау, оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті" - деп атап көрсетілген1).

 

8.3 Отбасының негізг типтері

 

Экзогаммалық неке туыстық отбасылық топтардан басқа жағдайларда болуы мүмкін. Керісінше, эндогаммалық неке осы туыстық отбасылық топтардың ішінде пайда болады. Отбасындағы билікке байланысты патриархалды отбасы, мұнда отбасы билеушісі әке және матриархалды, мұнда отбасындағы маңызды адам - шеше болып бөлінеді. Отбасылық маңызды адам болмаған отбасыларды эгалитарлық отбасы деп айтуға болады, мұнда барлығы әке мен ананың тең шешім қабылдауы арқылы жүреді.

          Сонымен қатар серіктестік отбасылары да бар, яғни жұбайлардың отбасылық шешімдерді бірге қабылдауы, мұнда егер күйеуі басымырақ билікке ие болса, күйеуінің доминированиясы деп аталады. Және де автономдық

 

1) Конституция Республики Казахстан. - Алматы, 1995

отбасылар да бар. Мұнда басты шешімді жұбайлардың біреуі қабылдайды. Сонымен қатар, жұбайлардың (немесе жұбайлар ата-анасының) әлеуметтік статусына байланысты гомогендік, мұнда жұбайлар бір әлеуметтік статустан және гетерогенді, мұнда олар әр түрлі әлеуметтік топтан, кластардан шыққан болып бөлінеді. Қазіргі кезде кең таралған отбасы - нуклеарлық отбасылар, мұнда адамдар екі ұрпақ өкілдері, яғни ата-аналары және балалары.

          Кеңейтілген отбасы екі және одан көп нуклеарлық отбасылардың бірігуінен пайда болады. Қайта некеге тұрған отбасыларында жұбайлармен бірге осы неке балалары және алдыңғы неке балалары да бірге болуы мүмкін. Ажырасулар саны көбеюіне байланысты, қайта некеге тұрған отбасылар саны көбейді. Бұлар бұрынырақта жұбайлардың біреуінің қайтыс болуына байланысты болып келді және балалар екі әкелі болуы өте сирек болып келді.

          Репродуктивті отбасы - бұл ата-аналар мен кәмілетке толмаған балалардан тұратын және де ориентациялық отбасы ата-аналар отбасынан және жеке репродуктивті отбасылар бар ержеткен балалардан тұратын отбасылары.

Кеңейтілген отбасы кем дегенде үш ұрпақ өкілдерінен тұратын отбасы.

          Модернизм, керісінше туыстықты әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірден алшақтатады, туыстық көзқарастарды жеке адамдардың экономикалық мақсаттарына ауыстырады. Екіншіден, аграрлық қоғам өзінің негізгі экономикалық өлшемі ретінде отбасы үй шаруашылығына ие. Модерникалық үлгі жұмыс пен үйдің бөлінуіне байланысты, жалдама жұмыс пайда болады. Үшіншіден, дәстүршілдік кезіндегі ауылдық қауым мен отбасылық үй шаруашылығы арасындағы аз ғана психологиялық айырмашылық үйдің және отбасы сыртындағы өмірдің, отбасы жақындастығы мен үлгіліктің бөлінуіне қарама-қарсы келеді және модернизм кезіндегі қатынастардың жекеленуіне қарама-қарсы келеді.  Төртіншіден, модернизм кезіндегі жоғары мобильденуі дәстүршілдік кезіндегі әлеуметтің және жағрапиялық мобильденуден айырмашылығы осы. Бесіншіден, дәстүршілдік отбасындағы фамилизм жүйесінің бағалылығы және модернизация кезіндегі ата-аналық беделдің сонымен қатар, ер адамның әсері төмендеп жеке адам орнын берді. Алтыншыдан, орталықтандырылған кеңейтілген отбасынан орталықтандырылмаған нуклеарлық отбасыларына көшу. Жетіншіден, баласыздық болуына байланысты күйеуінің ажырасуға келісуі және жұбайлардың сыйыспаушылығы. Сегізіншіден, "жабық" жұбай таңдау жүйесінен "ашық" жұбай таңдау жүйесіне көшу. Тоғызыншыдан, қатаң әдеп заңдары бар дәстүрлік мәдениеттен қарсылық қолдануға болатын жеке адам кірісе алатын репродуктивті циклге өту. Оныншыдан, орнықты көпбалалық дәуірінен көпбалалық отбасының жойылу эрасына өту және оның тарихи сахнадан жойылуы.

          Әлеуметтанумен демографияда балалар санына байланысты отбасыларын үш  түрге  бөледі:  бірінші -  аз балалы  отбасылар,  мұнда    әлеуметті – психологиялық көзқарас жағынан балалар саны аз. Отбасының құрылымының алуан түрлілігі отбасы классификациясын шешу кезінде пайда болады және отбасының уақыт өтуіне байланысты отбасылық өмірдің басталуынан бастап аяқталуына дейінгі өзгеруін қамтиды. Некенің және отбасының стажы, тіршілік ету барысында отбасындағы өзгерістер, ұзақтық параметрлері "отбасының өмірлік циклі" немесе "өмірдегі отбасы циклі деген түсінікке алып келді.

          Отбасылық цикл отбасылық жаңалықтарға байланысты ата-аналық стадиямен некенің басталуынан бастап - аяқталуына дейінгі аралықта анықталады. Отбасылық цикл - әртүрлі жаңалықтарға негізделуі мүмкін. Ян Щепаньский ажырасу шарты жоқ болған жағдайда 3 фазаға бөледі: баланың дүниеге келуіне дейінгі аралық, ересек балалардың ата-аналарынан бөлек шыққанға дейінгі әлеуметтендіру және де жұбайластықтың ыдырау санын көбейтіп отбасының өмірін толық бейнелеуге тырысады. Олар ауру, айырылысу, өлім, ажырасу және т.б. Айта кететін тағы бір жәй: қазіргі заман талаптарына сай қоғамға өту үшін отбасынан басқа осыншама көп өзгерістерге ұшыраған әлеуметтік құбылыс жоқ шығар. Ақырында, отбасы өзгерді, өзгеруде және өзгереді де. Осы өзгерістер қоғам дамуына өз ықпалын тигізеді. Осы мақсаттарда әдетте салыстыру үшін "дәстүрлік" және "қазіргі заман" отбасыларының нұсқасы пайданылады. "Дәстүрлік" отбасы дегенде алдымен туыстық, - отбасылық қоғам өмірін құру әдісі көзге түседі.

          Біздің мемлекетіміздегі мынандай құлдыраған экономикасы бар, дағдарыстағы белгілі бағыт-бағдары жоқ кезде отбасылары үлкен ауыртпалық, күштердің әсерін көтеруде, бұл отбасының құлдырауына ғана әкеп соғады, сондықтан отбасының ішкі күштері: махаббат, өзара түсіністік және сыйлаушылық, бір-біріне және балаларына деген жауапкершілікке ғана үміт артамыз. Бірақ, өкінішке орай сырттан әсер ететін күштер, мысалы туыстардың, көршілердің, еңбек ұжымының, қоғамдық орындардың әсері өз ықпалын тигізуде. Ал, сылтаулар саны отбасы үшін өте көп. Ажырасулар саны жыл сайын азаюда.  Егер 1992 жылы олар республика халқының 33% құраса, былтыр тек қана 32,2% -ін құрайды. Отбасылар саны да елеулі азайды, үшінші баланы дүниеге әкелу. 1991 жылы әр 1000 адамға 21 нәресте туылса, ал 1993 жылы тек қана 18,6 бала. Бір жасқа дейінгі аралықтағы балалар өлімі көбеюде. Мысалы, 1991 жылы ол 27,4 болса,  1996 ж. 28,4 болды. Ауру балалар дүниеге өте көп туылуда.

          Қалыптасып қалған қатынастардың түп орнымен құлау, отбасының тек қана ішкі күштері ғана сақтап қала алатындығына назар аударады. Осыған қоғамдық ой-пікірді бағыттау керек. Әке мен ананың мәртебесін көтеру, әйелдерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету керек. Әлемде саяси тұрақты, дамыған экономикасы бар қалыптасқан әлеуметтік қолдау жүйесі бар мемлекеттерде осындай әйелдер қоғам жағынан ғана емес, сонымен қатар мемлекет жағынан да қолдау көріп отыр. Мысалы, голландияда жалғызбасты әйел, жұмыссыз және бала тәрбиелеп отырса, сонымен қатар (ВУЗ) ЖОО-дардың кешкі бөлімінде оқиды. Мемлекет оған жұмыссыздық жәрдемақысын төлейді, ал екінші бөлігі тәрбиеші ретінде және баласы азаматша ретінде бөлінеді. Сосын демалыстары, сонымен қатар медициналық сақтандыру төленеді. Ақырында жұмыссыз болғандықтан оқу қаржысын мемлекет төлейді. Осының бәрі қоғамның білімді азаматын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Жоғарыда атап кеткендей отбасы әлеуметтік институт ретінде бұрыннан бар. Осы әсерде болатын барлық өзгерістер қоғамдағы өзгерістермен тікелей тәуелді. Қоғамдық пікірлерді талдау әлеуметтік-экономикалық, саяси, нақты-тарихи шарттардың қоғам ішіндегі отбасы - некелік қатынастарына әсерін білуге мүмкіндік беруде.

          Қоғам түсінігіндегі отбасы қызметі, неке сапасы, басқару құрылымының қатынастары мен бағыттары қалай өзгерді. Адамдардың некеге тұруына не себепкер? Жауаптар талдауы негізгі себептерін біліп төмендегі тәртіпте орналастырды:

 - барлық уақытта қасында болатын, қиын кездерде қолдап көмектесетін адамның қасында болуы;

 - біреуге керек екенін сезіну және біреуді асырау;

 - ұрпақты жалғастыру;

 - сүйген адамыңнан айырылмау.

Осыдан көріп тұрғандай негізгі себеп мынандай қиын заманда түсінетін, көмектесетін, қорғай алатын адамды табу. Отбасы - бұл үлкен жұмыс және оның нәтижесі болып отбасындағы түсінушілік және сыйластық болу керек.                       

 

9 тақырып. Білім беру социологиясы

 

9.1 Білім социологиясының ұғымы мен мазмұны

         

          Қазіргі уақыттағы өркениеттің әлеуметтік институттары ішінде білім алғашқы позициялар қатарынан орын алады. Шешуші түрде технологиялық, экономикалық, саяси дамудың қарқыны, қоғамдағы мәдениет пен руханилықтың күйі, адамның аман-саулығы осы білімнің саласына байланысты. Бұрынғы уақытта екі жұмыскер адамға бір оқушы келетін. Әйткенмен қазіргі уақытта үлкен байсалды дағдарысты басынан кешіп отыр. Адам мәдениеттің, қоғам жетістіктері мен жалпы көпшілік мәдениеті потенциялары арасындағы диспропорция қалыптасып, тереңдеуде. Адамзат ешқашан да өзінің ғылыми ашуларын, өндірістік технологияны, ақпараттық жүйені пайдалы әсердің сондай төмен коэффициентімен қолданып көрген емес. Жеке тұлғалардың кәсіптік шеберлігі, жетістіктері осы саладағы жұмысшылардың негізгі бөлігінің әрекеттері арасындағы ажырау көбірек сезілуде. Адамзат мәдениетінің тас талқан болуы дабыл қақтыруда. Мамандар өз пәнімен тұйықталды, өз әрекеттерінің болашақта тигізетін  салдарын көруді қойды, олардың арасындағы өзара түсіністік әлсірей бастады, жаппай тәжірибенің жетістігінің таралуы мен кедергілері өсуде. Мұның ақыр соңы көп жағдайда адамдардың байқаусыз, ойластырылмаған, бикәсіби әрекеттері себебінен туатын апаттардың өсуіне алып келеді.

          Белгілі американ футурологы, Корнелл университетінің профессоры Олвин Тоффлер бір уақыттарда былай деп жазған: "Адамдарды болашаққа "жібергенде" ол бетпе-бет кездесетін әртүрлі үзілістерден қорғауды қарастырмау, қамкорлыққа алмау, - астронавтарды айға жалаңаш жіберумен тепе - тең".

Міне, осы "қамқорлықты" өз мойнына алатын білім, бірақ оның қазіргі заманғы жүйесі ақсандап жатыр.

Білім берудің әлеуметтік проблемаларымен социологиялық бағыттардың өкілдері айналысып келеді. Э.Дюркгейм білім берудің әлеуметтік қырларын анықтап берді. Ол өзінің бір қатар еңбектерінде білім беру жүйесінің өзекті қызметіне назар аударады. Маңызды қызмет ретінде әлеуметтік нормаларды және құндылықтарды қарастырады. Э.Дюркгеймнің пікірінше білімнің негізгі қызметі – мәдени құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа тарату. Оның функционалдық теориясы бойынша мәдени құндылықтар білім арқылы сақталады, сонымен бірге бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріледі. Ол тек қана қоғам, оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда өмір сүріп кете алады деп тұжырымдайды. Екінші жағынан мұндай құндылықтарды жастарға беру үшін формальды ұйымдар керек, мәселен түрлі сатыдағы мектептер. Социологиядағы функционалистік дәстүрді дамытқан Т.Парсонс болды. Парсонстың көзқарасы басқаша. Ол Дюркгеймнің білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеументтендіруші рөлінің маңызына орай қалыптасады. Бірақ Парсонс отбасы және білім беру мекемелерінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке - жеке талдап көрсетеді. Ол жеке біреуді бала  ретінде қарастырып, ал қоғамдық стандарттан тыс қалады. Жалпы қоғамда жеке адамдар туыстық байланыс, ұнату, ұнатпау дегеннен тәуелсіз болады, жалпы стандартпен өлшенеді. Отбасы ішінде сәбидің статусы туылған күннен бері анықталады. Бірақ қоғамда әлеуметтік статусына индивид өз күш-жігерінің арқасында қол жеткізеді. Осылайша жеке адамның отбасындағы шама-шарқы жалпы қоғамдағы жағдайынан туындайды, ерекшеленеді. Т.Персонстың білім беру социологиясындағы аса маңызды ереженің бірі білім беру жүйесі жеке адамдарды  нақты еңбегіне қарай бағалау қажеттерін уағыздайды.

          Республикамызда болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне әсерін тигізуде. Нарық мұнда да өз әмірін жүргізе бастауда.

          Мамандар нарығында бәсекелестік білімнің орта және жоғары буындарына да ерекше талаптар қояды. Егер түлек жақсы дайындалған, бірақ тар мамандық иесі болса, онда аздық етеді. Ол үздіксіз және дербес білімге, қайта оқуға, қызметтің бір түріне екінші түріне тез ауысуға дайын болуы керек және иілгіш қабылдау мен жан-жақты ойлау қабілеті, жігерлілік, кәсіптік ынтымақтастық пен кәсіпкерлік дағдысы, өзінің жеке қызығушылықтарын басқа адамдардың қызығушылықтарымен ұштастыра білу секілді психологиялық қасиеттері болуы керек. Әйтсе де мұндай талаптар біздің мемлекетіміздің білім жүйесінің негізін құрайтын стандартты бағдарламалар мен білім беру әдісінің пәнді-шектелген, тар функционалды құрылымына қарама-қайшы келеді. Мемлекеттік білім жүйесінің қазіргі заманғы білім саласына нарық сұраныстарының өзгеруін елеуге қабілетсіздігі көптеген жеке меншік және мемлекеттік емес білім беретін ошақтардың пайда болуына әкеліп соқты. Бірақ, мұның өзі білім беру жүйесінің сапалы түрде өзгеруіне әсер еткен жоқ. Білім беру қызметтеріне деген сұраныс үлкен.

          Жеке оқушыға қойылатын әлеуметтік бір жақты талаптар мен мемлекеттік білім беру жүйесі арасындағы қарама-қайшылық оқытушыға "транслятор" рөлі беріліп оқытушылық кадрлар даярлаудың ескі жүйесімен тереңдей түсуде. Жалпы мектептерде оқушы өзінің танымдық қабілеттері мен білімін белсенді түрде дамытатын білім жүйесінің субъектісі ретіндегі түсінікті ендіру әрекеттеріне білім беру жүйесінің әкімшілікті ұйымдарының кері әрекеттерімен қоса, педагогтардың ойлау стреотипті кедергі жасауда.

          Қазіргі заманғы білім-дағдарыс жағдайында , белгілі американдық, жүйелік сараптама маманы Рассел Акоффтың есептеуінше, "білім беру жүйесінің жетіспеушіліктерін тек қана білім мазмұнын өзгертумен ғана сәтті жою керек. Ол үшін білім беру жүйесі мен оның жүйелерін түбегейлі қайта құру қажет. Өзгерісті талап ететін жобаны сол білім беру жүйесінің шеңберінде жүзеге асыруға болатынына сенімім мол". Білім берудің қазіргі жағдайы мен оның даму тенденциясына толық жүйелі сараптама қажет.

          Оқу, білім алу адам өмірінің үлкен бөлігін - оның жемісті, шығармашылық жылдарын ескере отырып қамтиды. Квалификацияның орта деңгейіндегі мамандыққа үміткер жас адам 13 жылдан кем оқымау керек, ал жоғары квалификациялы мамандық үшін оқу мерзімі 20 жылға дейін барады. Жүйелі білімге қосылатын төменгі шек те түсіріледі: білім ерте бала шақта енеді, ене отырып бұның психофизикалық салдары жөніндегі нақты мәліметтерді ескермейді. Білім алудың аса жауапкершілікті фазасы адамның әлеуметтік өзін-өзі тану кезеңі - кәсіптік, жанұялық және азаматтық дәуіріне сәйкес келеді.

          Жас адамдар криминогенді ортаны толтыра отырып, күйзелістік жағдайларға жиірек келеді.

          Білім әлеуметтігі - теріс (негативті) тенденцияларды бастан өткізуге көмектесумен қатар, жаңа дәуір адамының культурогенезіне әсер етудің жаңа импульстерін іздестіретін ғылымдардың бірі.

          Білім әлеуметтігі нені зерттейді?

          Оның зерттеу нысанасын не құрайды?

          Оның қызығушылықтарының аумағын біле отырып, ол білімді әлеуметті-мәдениетті институт ретінде тани отырып, оның генезисін, қызметін, құрылымын, ұйымдастыру ретін, білім саласының әлеуметтік құрылым динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық институттарымен және адам өмірі саласымен өзара байланыстылығын зерттейді. Білім әлеуметтілігі тар дидактикалы мәселелерді зерттеуде тұйықталып қоймай, адамның өмірлік қызметі мен білім саласындағы әлеуметтік жүйелер мен олардың өзара әсерін түсініп, қамтиды. Ол білім қызметін де өмірлік жоспар, бағыт-бағдардың әлеуметті-мәдениеттік шарттарының, білім алушылар мен оқып - үйренушілердің өмір сүру дағдысы ерекшеліктерінің, өндірістің, ғылымның, қоғамның барлық мәдениеті қажеттілігінің кең мағынасында түсіндіреді.

 

9.2 Ілім –білімі – білім беру немесе білім ілімі

 

Білім әлеуметтігінің негізгі мәселесі - білім алудың мән-мағынасы. Оның оптимальді күйіне қалай жетуге болады? Оқу, ілім-білім - білім саласындағы адам қызметінің негізгі формасы. Білім алушының бүгіні мен болашағы, білім саласы әрекеттерінің барлық факторлары оқу қызметінің мазмұнымен анықталады.

Әдебиетте оқу жүйесін белгілеу үшін мынандай терминдер қатары қолданылады: ілім-білім, оқу, үйрету, білім, тағы басқалары. Жалпы түсінік ретінде "ілім-білім" түсінігі қабылданған, соның ішінде ілім-білім - білімді игеру ретінде, ілім-білім - тәжірибені игеру мен ілім-білім - мәдениетті игеру ретінде. Ілім-білімді білімді игеру  ретінде түсінудің ілімдік негіздерін отандық психолог, белгілі С.Л. Рубинштейн салған.  Оның есептеуінше, ілім мен ғылыми таным әртүрлі, бірақ түпті емес. Ілім - танымның бір түрі. Сәйкесінше, ілімнің негізгі құрамы ретінде сараптама, синтез, абстрактау, "барлық таным жүйесінің жалпы белгілері" деген жалпылау жатады.

Мұндай көзқарас білім туралы түсінікті тек білімді игеру жүйесі ретінде ғана емес, сондай-ақ тәжірибені игеру ретінде де толықтырады. Ж.Плиаже ілім-білімді тәжірибені игерудің формаларына терең экспериментальды сараптама жүргізді. Олардың ішінен бөліп қарайтыны: ассимиляция - ескі кесінділерге жаңа нысананы қосу мен аккомодация - бастапқы кесіндіні жаңа нысаналарға соңғысының құрылымын ескере отырып ыңғайластыру.

Бірінші жағдайда (ассимиляция) - қандай да бір мақсат, міндеттерді шешудің белгілі алгоритмдерінің негізінде шешіледі. Ал, екінші жағдайда (аккомодация) - адам принципті жаңа мәселеге, міндетке кезіккенде өзінің дағдысы мен икемін соған ыңғайластырады. Ағзаның өзін қоршаған ортаға бейімделуі субъект пен объектінің теңестрілуі ретінде қарастырылады.

«Оқу барысында қандай тәжірибе игеріледі?» - деген сұрақ  зерттеушілер алдынан  кездесетін залым кедергі, бөгет.

Білім алудың білім мен тәжірибенің оқытушыдан берілуі туралы қарапайым түсініктерді белгілі психолог А.Н.Леонтьев француз физиологы Клод Бернарды бетке ұстай отырып, сынға алады; "Ит өзі жеген қойлардың майынан семірмейді, ол өзінің майын түзейді"1).

Жеке тұлға оқытушыдан ақпаратты қабылдайды, бірақ өз қызметі кезінде өзінің "жекеменшік майын" өсіре отырып, оны түсініп, өңдейді. Бұл жүйе кезінде білім тұлғалық формада болады да, сөйтіп жеке тұлғаның өзінің дамуы жүреді.

Бұндай ойлар Выготский негізін салған білімге мәдениетті игеру ретінде көзқарас негізінде жатыр.

Адамның мәдениетті игеру тарихи қалыптасқан қызметті көптүрлі формаларында жүреді.

Адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы қарапайым қатынастан - ойынға, ойыннан - оқуға, оқудан - еңбекке өрлеу жүйесінде жүреді. Олардың ішінде оқу объектінің   мәдениетті   тасмалдаушы   ретінде   қалыптасуының    дайындық фазасы ретінде қарастырылады, оның векторы тәрбиеге, қызметтің қажетті механизмдерін өндіруге бағытталған. Сонымен, әлеуметтік өмірде білім дегеніміз:

- мәдениетті игерудің адамды қоғамдық тәжірибеге, еңбекке қосудың                                                    қажетті дайындық сатысы;

- білімнің қызметі - мәдени қызметтің, әсіресе қандай да бір социумның               мәдениетінің жетістіктеріне негізделген қызмет механизмін өндіру;

- білім мен таным табыспайды, әйтсе де таным - бағыт жағы үлкен роль атқарады;

 

1) Основы социологии / Под ред.  А. Эфендиева.  Часть II. - М., 1996. - С. 121.

- білім тәжірибені игеруді болжайды, бірақ кез-келгенін емес, норма үлгісін, яғни мәдени жетістік мәніне ие болғанын;

- бұл трансляция формасында емес, оқытушы мен оқушының маңызды біріктіріле - бөлінген қызметіндегі белсенділік өлшемімен жүреді, оқу жүйесінің сапасы әрқайсысының әрекет мазмұнымен анықталады;

-       оқушылар оқу барысында жай ғана біреудің тәжірибесін игеріп қана қоймай, мәдени қызметтегі өз тәжірибесін де қалыптастырады.

Құндылықтарды игеру жүйесі осы құндылықтар қызмет ететін қоғамдық қатынастардың жүйесін қарастырады. Яғни, оқу - бөлек құндылықтарды игерумен ғана шектеліп және әрекеттердің бағыт-бағдары мен дағдылардың қалыптасуымен байланысты болып қана қоймай, кең жүйе әлеуметтануы, яғни жеке тұлғаның әлеуметтік байланыстар жүйесінің субъектісі ретінде қалыптасуына шығады, сонысымен ол тәрбиелеудің формаларының біреуі боп табылады.

Соңғы жағдай қоғамның технологиялық, экономикалық, саяси, экологиялық және тағы басқа қажеттіліктерін өтейтін оқудың әлеуметтік жүйесін тарқатуда өз көрінісін табады.

Оқу білім берудің негізгі мазмұнын береді. Өз кезегінде, білім беруді қызметтің оқу формаларының белгілі бір жүйесі ретінде қарастыруға болады. Білім беру жүйесінде оқушы мен оқытушының қарым-қатынасына әлеуметтік - институциялық форма беріледі. Білім беру инститтуттарының қызметі қоғамдық өмірдің арнайы саласы - білім беру саласын ашуды көздейді, соған әкеледі.

Білім беру жүйесіне қосудың сипаты мен формасы оның өмірдің басқа да салаларындағы әлеуметтік орнына, мобильдігі мен мәдени өсуінің мүмкіндігіне үлкен әсер етеді. Білім беру - адамның дамуының жалпы әлеуметтік формасы. Ол ұйымдастырылған және ұйымдаспаған, прогрессивті және қалыс қалған болуы мүмкін, бірақ адамның дамуы білімсіз мүмкін емес. Білім берудің мақсаты - ұрпақтан-ұрпаққа адамзат мәдениетінің жетістіктерін жеткізу, олар: өндірістік технологиялар мен адамдардың қарым-қатынасы, әлемді қабылдау дәстүрлер немесе өндірістік өнер. Э.Дюркгейм осы фактіні сызып көрсетеді. (Мысалы, Афин тұрғындары көркем өнерді үйренуге, Көне Римде - әскери басқарушылар мен мемлекет қайраткерлерін дайындауға, Орта ғасырларда - христиандық ілім-білімді игеруге, Қайта өрлеу немесе Ренессанс дәуірінде өнерге, әдебиетке деген қызығушылыққа көп көңіл бөлінген).

Білім берудің жемісі - өзі қалыптасқан жеке тұлға мен өмірге қабілетті қоғам.

Оқу мен білім беру - әлеуметтік құрылымның құрамдары. Қоғамдық ой-пікірді, нормативті құжаттарда білім беру институттарына тек қана білім беру қызметін жүктеп қана қоймай, әлеуметтануды, тәрбиелеуді кіргізу мақұлданған.

Әлеуметтану индивидтің әлеуметтік тірлік етуінің, біріккен қоғамдық қызметке кірістірілуінің қажеттілігі ретінде қарастырылады. Ол адамзат мәдениетінің берілген әлемге, тірлікке жай кірісіп қана қоймай, өзін-өзі қалыптастыруда айқын жол табуға мүмкіндік беретін көлемді құрылымдарын қамтиды. Әлеуметтану жүйесінде жеке тұлғаның туғаннан бергі қалыптасуы жүреді. Әлеуметтану күнделікті өмірлік моделінің  негізгі қалыптасатын құндылықтар, түсініктер мен күтулердің (үміттердің) кең шеңберін меңгеруді қарастырады. Білім беру - осы жүйенің бір бөлігі.

Сонымен білім беру дегеніміз - қоғамда құндылықтың, оқу мен білімнің бір адамнан немесе топтан басқасына берілудің негізін құрайтын институтизацияланған (формальді) жүйе. Біз білім беру функционализм заңына сәйкес құндылықтардың сақталуы мен технологияның жаңа әдістерін енгізумен және іс жүзіндегі білімнің аса тыс бағалануымен байланысқан әлеуметтік өзгерістерге жағдай жасайтынын атап көрсеттік.

"Адам капиталының ілімі" деген көзқараспен алып қарасақ, білім беру дегеніміз - болашақта жетістік әкелетін капитал салымы.

Басқа да әлеуметтік институттар сияқты, білім беру де белгілі бір мөлшерде әртүрлі келіспеушіліктерге толы. АҚШ-та Н.Смелзер "әртүрлі топтар оқушыларға түсіндіретін құндылықтар турасында қарама – қайшылыққа  (келіспеушілікке) келуде. Келіспеушілік ілімінің жақтастарының ойынша, білім беру қолайсыз жағдайда орналасқан топтарды тойтарады, мектептерді оқушылар өздері оқығысы келетін пәндер берілетін оқу орындарымен алмастыру керек. Бұдан басқа, жұмысқа алушылар жұмысшыларды олардың мектептегі өткен еңбектері үшін емес, қабілеттерінің негізінде таңдау керек" дегенді айтты1).

Халық үкіметке әсер еткеннен баста білімге кең жол тарихи қалыптасқан. Білім беру жүйесінің кеңеюіне мүмкіндік жасаған екінші фактор – бұл өнеркәсіптік төңкеріс: технология дамуыныдағы табыстар квалификациялы жұмысшы талап етті. Білім беру институт ретінде қалыптасқанына бастап, оның кеңеюіне үшінші факторы ретінде қоғамдық байлықтан өз үлесін талап еткен қызығушылығы бар топтың қалыптасуын айтуға болады.

Бастапқы және орта мектеп деңгейінде білім беру жүйесінің бөлек сатыларға бөлінуі оқушыға шектелген психологиялық және биологиялық мүмкіндіктер әкеледі. Білім беру жүйесі оқушылардың осы шектеулерді аса

жоғары деңгейлерде бастан өткізетін бірнеше өлшемдермен ерекшеленеді. Бұл жүйелердің   келесі типтері  бар: жаппай   және   элитарлы білім алу, мемлекеттік және жеке меншік білім беру, орталықтандырылған (бұрынғы ССРО мен Қытай) және орталықтандырылмаған (АҚШ), сондай-ақ техникалық пен жалпы білім беру орындары.

Американдықтар білімді табыс көзі деп есептейді. Білім деңгейі мен жұмыстағы табыспен, сәттілік арасында тығыз байланыс бар. Бірақ бұнымен қоса, табыс, сәттілік басқа да факторлармен сипатталады, мысалы, ата-аналардың социоэкономикалық статусы. Кейбір әлеуметтанушылардың айтуынша, кластық жатқызылуы көп жағдайда білім сапасына қарағанда, карьера табысына көп әсер етеді, ал басқалар есептеуінше, орта мектепте, колледжде оқу үшін пәндерді таңдау болашақта жалақының мүмкіндігіне әсер етеді.

 

9.3 Білім беру жүйесі

 

Жүйе секілді, білім беру сараптамасы екі негізгі жүріс көзқарасты

 

1 ) Смелзер Дж.Н. Социология. - М., 1996. - С. 312.

қарастырады. Бір жағынан, білім беру дегеніміз - адамның іс жүзіндегі танымдық қызметі, сондықтан да білім беру жүйесі гносеологиялық (ілім танымдық) тұрғыдан да қарастырылуы қажет. Екінші жағынан, білім беру - оқыту, ағарту, тәрбиелеу қызметтерін атқаратын, бір-бірімен байланысқан ұйым, мекемелермен байланысқан жүйе.

Білім беру қоғаммен, оның негізгі белгілерімен (еңбек, тіл, сөздік қарым-қатынас) бірге пайда болған. Ол келешек ұрпақты оқыту, тәрбиелеуге қатысты адамның меншікті қызметі болып табылады.

Білім беру жүйесі базалық және қосымша білім беретін өзара байланысқан мекемелер бірлестігі. Білім беру жүйесінің негізінде жатқан - базалық білім беру, ол мазмұнымен ерекшеленеді де, заңды түрде куәлік, аттестат, диплом (мектепке дейінгі сатыдан басқа) түрінде көркемделеді. Оның ішкі жүйелері боп саналатындар:

1)     Мектепке дейінгі білім.

2)     Мектепте алынған толық емес орта білім.

3)     Үш негізгі жолмен асатын толық орта білім.

4)     Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптары.

5)     Орта кәсіби техникалық білім.

6)     Орта арнайы білім.

7)       Жоғары білім, заңды түрде аспирантура мен докторантураға көркемделген жоғарыдан тыс білім.

Әлеуметтанудың, тәрбиелеудің, ой кернеуінің ерекше формалары түсіндіруді қажет етті.

          Мәтіндерді оқудың өз аурасы болады, "оқытушы-оқушы" осы саланың негізі болады, оқытушы жай ғана шебер емес, сондай-ақ рухани мол адам.

          Ғылым әлеуметтік тәжірибені кодтаудың жаңа әдісі ретінде мектеп институтынсыз мүмкін емес. Мектеп - генетикалық түрде ғылымның басты зертханасы.

          Мектеп - қазіргі білім берудің негізгі басты институты. Оның негізгі қызметі - оқыту. Оқытушы мен оқушы арасында белгілі өзара қарым-қатынастарды бекітеді. Әрбір мектептің өзінің оқыту стандарты болады, оның мақсаты - оқушыны қандай да бір белгілі бір дәрежеде дайындыққа жеткізу. "Дәрісханалық" - жаппай, топтық оқу мен "мамандықаралық" - білімнің жалпы ағынының бөлек құрамдас бөліктерге бөлінуі.

          Білім алудың басқа формаларынан мектепті әмбебаптығы, дайындықтың көппәнділігі ерекшелейді. Оның қызметі, деңгейімен  материалдық жағдайлары мемлекет, діни және басқа да ұйымдар секілді басқа институттар көмегімен жүзеге асырылады. Мектептерді жасына, статусына және тағы басқа белгілеріне сай дифференциялау болады. Білім берудің әртүрлі формаларын отбасы, мәдениет мекемелері, жаппай коммуникация тәсілдері секілді басқа институттар орындайды. Олар мектеппен бірге отырып, білім беру институттарының жүйесін құрайды, мұнда мектеп оның базасы болады. Оқытушының болуы, оған деген сенім мен оның даңқы, білім алдындағы сақтық - білімнің міндетті элементі.

          Білім беру ерекшеліктерінің, жақсы тұстары бар. Қазіргі заманғы білім беру институттарын рухани мазмұнмен толтыруға жол салынды.

          Жалпы білім беретін мектептер жүйесіне мектеп-интернаттар, бөлек пәндерді тереңдеп оқытатын орта мектептер, ақыл-ойы мен физикалық дамуы артта қалған балаларға арналған мектептер кіреді.

          80-жылдары толық емес орта мектептің түлектерінің 98% көбі толық орта білім алғанға дейін өз оқуларын жалғастырды. Бірақ, толық алғаннан кейін, өз қызметін атқара отырып, қоғамдық орта білім жүйесі өз қызметінің сапалы өлшемдері бойынша біршама байсалды кемшіліктер жинады. Мектеп білім берудің деңгейі мен сапасы, ұйымдастырудағы консерватизм мен оқу жүйесінің әдістері үшін күрт сынға тап болды. Кеңестік мектеп әлемдік деңгейден білімді компьютеризациялау мәселелерінен қалып қойды, өнер тапқыштардың шғармашылық табыстары орта білім деңгейінде өз сұранысын таппады, жалпы білім беретін мектептер оқушылардың адамзаттық мәдениеттің байлықтарын, жалпы гуманистік және рухани құндылықтарды игеруіне жағдай жасамады. Қазіргі заманғы мектеп өзінің жекешелігімен көзге түсуде, оның жұмысы формаларының көп түрлілігі артты, үйреншікті емес, өткенге кетті деуге боларлық гимназия, лицейлер пайда болды. Нақты зерттеулердің мәліметі бойынша, бұл жаңа енгізулерді қауымдастық жақсы қабылдады. Қоғамның түрлену периоды жаңа типті мектептерді дүниеге әкелді, олар білім берудің мәңгілік мақсатына жету, жастарды өмірге, социумдағы адаптация мен оның түрленуіне дайындау, адамның қажеттіліктер, қабілеті мен өзін-өзі көрсетуге көмектесетін бағыт-бағдарын дамытудың белсенді жолдарын іздеуді жүргізеді.

          Педагогикалық жүйелердің дифференциациясынының негізгі бағыттары;

-          мектеп-гимназиялар;

-          мектеп-лицейлер;

-          мектеп-кешендер, соның ішінде "балабақша-мектеп".

          "Бағаға, сыйлықтар үшін, колледжге түсу ерекшеліктері…, сондай-ақ әлеуметтік мойындаулар мәселесіне келгенде біз бір-бірімізбен бәсекелесуге мәжбүр боламыз. Осы бәсекелесу барысында біздің әдептілігіміз, өмірді түсінуіміз бен интелектуальды мүмкіндіктеріміз емес, қауіпсіз де бұрын жүрілген жолмен жүруге ұмтылысымыз, өз пайдамыз үшін жолдастарымызды сатып жіберуге дайындығымыз көрінеді. Бұның бәрін оқушылар арнайы, әдейі меңгермейді. Олар жай ғана мектеп жағдайына үйренеді, орта мектептің қараңғы, анық тұлғасы жоқ әлемінде "табысқа" жетудің қарапайым әдісін меңгереді. Бұл бәсекелестік барлығы үшін, тіпті табысқа жетушілер үшін де көптеген намысқа тиюлермен түйіндесіп жатыр1. Онда білім берудің жалпы белгілері көрсетілген:

1)  Біріншіден, оқу жүйесінде оқушыларға бәсекелестікке ұмтылыс, билікке деген құрмет секілді белгілі бір мәдени құндылықтарды оқытуға мәжбүр қылады.

2)  Екіншіден, мұндай құндылықтарды беру үшін мектеп сияқты формальды

3)  ұйымдардың болу қажеттігімен  түсіндіріледі.

4)  Үшіншіден, оқудың барлық жүйесі мектеп оқушыларын әлеуметтендіруге бағытталған.

Әлеуметтану адамдардың күнделікті өмірі құрылысының негізін құрайтын

         

1) Смелзер Н. Социология. - М., 1996. - С. 289.

құндылықтар, түсініктер мен күтулердің (үміттер) кең шеңберін меңгеруді қарастырады.

          Білім беру - осы жүйенің бір бөлігі.

 

9.4 Білім берудің әлеуметтік қызметтері мен мақсаттары

 

          Жалпы мақсат - адамды мәдени жетістіктерге жетуді қарастыра отырып, білімнің қазіргі жүйесі басқа да әртүрлі функциялар атқарады, адам мен қоғамның көптеген өмірлік мәселелерін шешудің механизмі, әмбебап әдісі болып табылады. Білімнің қызметі: оқыту, әлеуметтендіру, тәрбиелеу.

          Әлеуметтік мобильділік қызметтерін іске асыра келе, білім өзінің көптеген әдістеріне сүйенеді. Ол адамның кәсіби және әлеуметтік білімдердің әртүрлі формаларына икемділігі, таңдауы мен жинау мүмкіндіктеріне ие. Оқудағы табыстар барлық уақытта бірдей адамның еңбекте, әлеуметтік қызметтің әртүрлерінде әсерлілікті анықтамайды, бірақ қоғам білім институттарына, олардың дайындық сапасының сертификаттарына сүйенуге үйренді. Вакансия арқылы әртүрлі қызмет орнына орналасқанда оқу орнын бітіргені жөнінде диплом, аттестаттың да маңызы бар. Яғни, білім беру жүйесі өз оқушыларының контингентін жинап, таңдау жүргізеді. Өткенде білім берудің бастапқы формалары барлығына бірдей мүмкін болмаған, қоғамның толық бөліктерінің де мүмкіндіктері аз болған.

Әйтсе де, қазіргі заманғы адам үшін де білімнің көп түрі қол жеткізбейді. Оқу орнына қабылдау жүрісі әр түрлі әлеуметтік топтар үшін әрқашан да тең мүмкіндіктер бермейді. Протекционизм саясаты қабатты оқу орындары арқылы жүзеге асырылады.     

 Кейде протекционизм элементтері алдын-ала ойластырылған әрекеттер арқылы да жүзеге асырылады. Ағылшын және американ социологтарының бақылауларының дәлелдеуінше, қабылдаудағы кәсібибағдарға арналған тестер кейде дұрыс емес болып келеді. Олар адамның қабілеті мен икемінің белгілі бір сипатын бергенімен де, оның әдістемесі белгілі мөлшерде зерттелінулердің тілдік мәдениетінің, соның ішінде белгілі бір тіл лексикасындағы күйін көрсетеді. Өз кезегінде, тіл мәдениетінің күйі әлеуметтік өмір шарттарына байланысты. Нашар жағдайы барлар арасында тілдік мәдениетті дамытудың мүмкіндіктері қамтылғандар мен салыстырғанда аса шектелген, басқа этникалық қоғамдастық өкілдері үшін тіптен қиын. Сондай-ақ, тілдік мәдениет жағдайы бөлек кәсіби істерге сияқты, интелектуальді қызметте де қандай да бір икемділік, қабілеттілік сипаттай бермейді.

          Оқу орындарының профилі, оқу сапасы жағынан ерекшеленеді, бұның өзі көп жағдайда қаржыға, материалды-техникалық база оқытушылар құрамына байланысты. Көптеген елдерде білім беретін керемет орталықтар бар, олардағы оқу жоғары бағаланып, түлектердің карьерасында таңдап алынған әлеуметтік деңгейі кепілі ретінде қызмет көрсетеді. Кластарды сақтап қалудағы білімнің рөлі қазіргі замандағы әлеуметтік теңсіздіктер саяси қозғалыстардың бағдарламалық жағдайларының спектріне енеді, мемлекет саясатының маңызды бөлігін құрайды.

          Оқу орнының кереметтігі (престиж) - оның қаржы жағдайына, материалды-техникалық базасына, оқытушылар құрамына, сондай-ақ оның тарихы мен дәстүріне де байланысты.

          Кәсіби білім - жеке адамның жан-жақты дамуының, имандылығының қалыптасуындағы маңызды кезең. Кәсіптік білімнің қайсы бір түрі болмасын кәсіпті таңдаумен, бұл кәсіби бағытты жүргізумен тікелей байланысты.

          Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз білім тұжырымдамасында  сәйкес қалыптасады  және оның болашағы анықталады. Білім беру жүйенің құрылымы: отбасылық тәрбие, мектеп жасына дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, кәсіптік техникалық, орта арнаулы, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім (аспирантура, магистрантура, докторантура т.б.) беру, кадрлардың білімдерін арттыру (повышение квалификации), қосымша білім беру (екінші мамандық).

           Мәдени қорды -  оқытушылардың интелектуальді потенциалы, білім берудің барлық саласы, оқыту тәжірибесі құрайды. Соңғы жылдары білім беру саласының ресурстарының қажеттілігінің әлсіздігі байқалуда, мұның өзі білім беру саласындағы жұмыскерлерінің төмен жалақымыз, оқу орындарының өндіріс салаларынан материалды - техникалық ақпарат база жағынан қалыс қалуымен түсіндіріледі.

          Әртүрлі өкілдер арасында қоғамдық ойда білім берудің мақсаты жөнінде 3 аса тұрақты модельді бөліп қарастыруға болады:

          Экстенсивті модель - мүмкіндігінше барынша толық жиналған тәжірибені, мәдени жетістіктерді беру, оқушыға өзін-өзі анықтауға көмектесу, ондағы потенциалды іске асыру.

          Өнімді (продуктивті) модель - оқушыны өзінің жеке дамуы мен әлеуметтік қауымдастық дамуын қолдайтын белгілі бір жұмыс құрылымымен айналысуға тура келетін қызметтің түрлеріне дайындау.

          Интенсивті модель - оқушының әмбебап сапаларын дамыту негізінде оны тек қана белгілі бір пәнді игеріп қана қоймай, сондай-ақ өзін тұрақты жақсартуға, жеке шығармашылық потенцияларын дамытуға дайындықты қалыптастыру.

          Әрбір модель білім берудің дәл келетін мақсаты болуына мүмкіндігі бар. Олардың біріктірілуімен білімнің жалпы қызметінің жүзеге асуы мүмкін. Мәдени мұраны игермей қоғамдық прогресті қолдау, әлеуметтік қажеттіліктерді өтеу мүмкін емес. Әйтсе де, мәдениеттің белгілі бір жетістіктерін болсын, барлық адамзаттық тәжірибені игеру мәселесі мүмкін бе?

          Қандай да бір әмбебап қабілетті болмасын, әрбір бөлек адам көптүрлілікті қамтуға, мұндай байлықты игеруге қабілетсіз. Мұндай мүмкіндік туа қалған жағдайда оқу мерзімі ұзара түсетіні сөзсіз.

          Білімді әлеуметтік институт есебінде қорытуға бұл әлеуметтік бірліктердің өзара байланысын білу қажет, ол үшін оларды әлеуметтік зерттеу керек.

          2001 жылының соңында Алматы энергетика және байланыс институтында жүргізілген зерттеулер мынадай қорытынды көрсетті: 57 проценттен асқан респонденттер білім дәрежесін, адамның интеллектуалдық қасиеттерін атап көрсетті. Инженер - техникалық қызметкерлері өндірісте өнім шығуымен ғана айналысып қоймайды, оны басқаруға, жаңа технологияны енгізуге жігерлі түрде қатынасады.

          Субъект мәдени қызметтің түрлері мен формаларының құрылымын тарихи қабылдағаны мен білім беру жүйесі субъектіні әрбір индивидке қол жеткізерлік әмбебап, сондай-ақ адамның өз білімі мен ерекше өмір жолы арқылы меңгере алатын шашыраңқы, арнайы және ерекше формалары секілді қызметтің өмірлік маңызды формаларына қосуға дайындық қызметін алады.

          Білім берудің үшінші моделін тапсырмадан тыс, білім беру жүйесі өз әрекетін, өзінің әсерлік өлшемін өлшей алатын алдыңғы қатарлы ориентир ретінде қарастыруға болады.

          Субъектіні дайындаудың мақсаты - әрекетке белгілі бір дайындықты өңдеу, қалыптастыру, бағыт-бағдар, адаптацияның оянуы, қарым-қатынас, қызметтің қандай да бір формалары мен оның саласының құндылықтарын өндіру механизмдерін шешу, қондыру.                                                                       

Қазақстан білім беру реформалар жолында:

Қазақстан Республикасының жоғары білім алу жүбесінде бүгінгі күнде 83 мемлекеттік емес ЖОО және 57 мемлекеттік ЖОО бар. Осының ішінде 27 университет, 9 оқу академиясы, 2 автономиялық университет: әль-Фараби атындағы ҚҰУ және Яссауи атындағы мемлекетаралық қазақ-түрік университет. Қазақстанда мемлекеттік емес білім беру секторы - жоғары білім мемлекеттік секторының құрамдық бөлімі, өйткені, бұл ЖОО - нының саны 1995 жылдан 1998 жылға дейін 37- ден 83- ке өсті. Мұның принциптік айырмашылығы - бюджеттік қаражат жоқтығы.

Бүгінгі күнге мемлекетімізде ең маңызды болып келесі сұрақтар қалып отыр: қаржыландыру, бір басқару құрылымын құру, бір мезгілде профессорлық - оқу құрамының "тәртібі", ЖОО  әдебиетпен, методикалық нұсқаулармен қамтамасыз ету.  

                                        

10 тақырып. Ұйымдар  әлеуметтануы. Еңбек  ұйымдырының  құрылымы

 

Бұл тақырыпшаның мақсаты әлеуметтік ұйымның ең көп таралған түрлерінің бірі - еңбек ұйымдарының құрылымы мен қызмет жасауының өзгешеліктерін көрсету болып табылады. Егер кең мағынасында ұйымдар деп қоғамдағы кез келген ұйымды айтсақ, ал тар мағынасында – ұйымның әлеуметтік жүйе бөлігін айтамыз. Ұйымдардың әлеуметтік заңдылықтарын, оның құрылу, қызмет істеу және даму механизмдерін жалпы әлеуметтанудың бір тарауы болып есептелетін ұйымдар әлеуметтануы зерттейді. Ұйым деген ұғым бірнеше мағынада:

1)  әлеуметтік күрылым элементі;

2)  қызмет түрі;

3)  тұтастың  бөліктерінің ішкі тәртіптілігінің, келісімділігінің дәрежесі т.б. ретінде колданылады.

4)  Әлеуметтануда бұл үшеуінің бірінші мағынасы негізгі болып табылады да, бұл түрғыда ұйым дегеніміз белгілі бір мақсатқа жету жолындағы индивидтердің біраз бөлігін біріктіретін қатынастар жүйесі. Қоғамдағы ұйымның маңызды міндеті – қоғам үшін өмірлік керекті салалардағы оның мүшелерінің қимыл – әрекеттернің тәртіптілігін арттыруда болып табылады. Ұйымдар коғамның өмір сүруінің негізгі салаларына сәйкес: еңбек ұйымдары, коғамдық, саяси ұйымдар болып айырылады.

 Ұйым  мүшелерінің орталық тобы калыптасады. Әлеуметтік ұйымдағы қатынастар мазмұны коғамның  тұрпатымен анықталады да, мұның өзі өз кезегіндегі әлеуметтік қатынастардың даму барысына белсенді ықпалын тигізеді, яғни ұйымның  мәні әлеуметтік қатынастардың тарихи өзгеріп отыратын формасы болып болып табылады да мұның мазмұны ақыр соңында материалдық өндірістің даму дәрежесімен анықталады.  Мысалы, қоғамдық еңбекті ұйымдастырудың дәйекті формалары болып: қарапайым кооперация, мануфактура, фабрикалар есептеледі. Ал, саяси  қатынастар  саласындағы  ұйым формалары: мемлекет, саяси партиялар т.б. болып табылады.

Ұйымның елеулі белгілеріне: мақсаттың болуы; қоғамдық билік қатынастарының нақтылы іске асуы; қызметтік жағдайлар мен рөлдердің жиынтығы; рөлдердің араларындағы қатынастрады ретке келтіріп отыратын ережелер; мақсаттары мен қатынастардың едәуір бөлігін зерттеу сияқтылар кіреді. Ұйым мүшелерінің әлеуметтік ұйымшылдығы: формальдық ұйым және формальдық емес ұйымдар тәсілдерімен іске асады. Формальдық ұйымның  өзгешеліктері: мұндай ұйым тиімді, яғни мұның негізінде мақсатқа сәйкестілік, белгілі бір мақсатқа саналы қозғалыс принципі жатыр да, ол жеке адамдардың мүддесіне бағытталған болып  есептеледі. Ал, формальдық емес ұйым  дегеніміз әлеуметтік байланыстардың және біршама ұзақ уақыт  ішіндегі адамдар арасындағы, топтар ішіндегі қарым – қатынастардың нәтижесі болып табылатын ережелер мен қимыл - әрекеттердің өзбетімен өзінен - өзі қалыптасқан жүйесі.

Еңбек ұйымдарының басқа да әлеуметтік ұйымдар сияқты өздерінің орнықты құрылымы болады. Бұл құрылымның  орнықтылығы ең алдымен құқық ережелерімен, қызмет тәртібімен, басқарушылық шешімдермен, шарттармен т.б, міндеттеу, күштеу сипаттары бар ерекше ішкі ұйымдық қатынастармен қамтамасыз етіледі.

Ұйым құрылымының бөлімдері өздерінің алдына қойған міндеттерін тиімді түрде орындау үшін өзара бір-бірімен тығыз байланыста болулары тиіс. Еңбек ұйымдарындағы адамдар мен ұжым бөлімшелерінің арасындағы қатынастар түрлі ережелермен, нұсқаулармен, шарттармен т.б.  тәртіп   түрлерімен қатар ұйымдық құндылықтармен  де реттеліп отырады. Ал, ұйымдық құндылықтар дегеніміз ұйым мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған заттар, құбылыстар және жұмыс процестері болып табылады. Еңбек ұйымдарының қызмет жасауы өндіріс құралдары мен  жұмысшы күші сияқты  екі жайттың өзара қимыл - әрекетіне байланысты. Ұйымдағы  жұмыс процестері, реттілік қызметкерлердің еңбек тәртібімен, олардың технологиялық  сауаттылығымен жолға қойылып отырады.

Шынайы   демократиялық қоғамда ұйымдарды бақсару принциптері демократиялық  өзара  сыйластық, достық негіздеріне сүйенуі тиіс. Дегенменде еңбек  ұйымдарының  іштей қарағанда өз қайшылықтары болады.  Бір – жағынан қарағанда бұларда  барлық істер жолға қойылып,  тәртіптелген  болуы тиіс,  екінші жағынан қарағанда  бұл ұйымдардың  өмір  сүруінің барлық  жағдайлары тап – тұйнақтай болып  келістірілген, дұрыс құрылып,  мінсіз  қызмет  етуіне барлық қолайлы жағдайлар жасалмаған болып  шығады. Себебі  еңбек  ұйымдарында  істейтін  адамдар да, олардың бастықтары да  кемшіліксіз  болмайды. Ал өмірде болатын  көптеген  басшылық  нұсқауларда  жұмыстың  әржағын,  адамдар  қатыснастарының  әр – қырын  қамту қиын. Бұған қоса ұжым мүшелерінің бір бөлегі ұйымның алдына қойған  мақсаттарының  барлығымен бірдей  толықтай келіспеуі де мүмкін.  Міне, осыдан келіп, біраз  ұйымдарда формальды емес ұйымдардың етек алуы және өздерінің алдына басқаша мақсаттар қойған  әсіресе  әкімшілік басқарушы адамдар ішінен белгілі бір топтардың пайда болуына  әкеліп соғуы мүмкін.  Мұндай құбылыстар еңбек ұйымдарында бұрыннан бар және қазіргі уақытта да біздің қоғамымызда  көрініс табуда.

  

Әдебиеттер тізімі 

1.   Антипина Г.С. Теоретико - методологические проблемы исследования малых социальных групп - Л., 1988.

2.   Аитов Н.А., Александров Р.Р. Высшее техническое образование в условиях НТР. - М., 1993.

3.   Арон Р. Этапы развития социологической мысли. - М., 1993.

4.   Барбер Б. Структура социальной стратификации и тенденции социальной мобильности / Американская социология. - М., 1972. - С. 235-247.

5.   Дикарева А.А., Мирская М.И. Социология труда. - М.: Высшая школа, 1989.

6.   Заславская Т.И., Рывкина Р.В. Социология экономической жизни: Очерки теории. - Новосибирск, 1991.

7.    Здравомыслов А.Г. Потребности. Интересы, ценности. - М., 1986.

8.    Зигерт В., Ланг Л. Руководить без конфликтов. - М., 1990.

9.    Кареев Н.И. Основы русской социологии // Социс. - 1985. - № 3.

10.              Комаров М. Социальная стратификация и социальная структура // Социс. - 1992. - № 7.

11.    Капитонов Э.А. Социология ХХ века: История и технология. - Ростов-на Дону, 1998.

12.    Краткий очерк истории социологии. - М., 1990.

13.    Кравченко А.И. Трудовые организации. Структура. Функции. Поведение. - М., 1991.

14.    Лапин В.И. Проблема неформальной группы и "Индустриальной социологии" // Социс. - 1988. - 2.

15.    Маркович Д. Социология труда. - М., Прогресс, 1988.

16.    Мертон Р. Социальная структура и аномия // Социс. - 1992. - № 2, 3, 4.

17.    Ноэль Э. Массовые опросы: Введение в методику. - М., 1979.

18.    Сорокин Н.А. Социальная стратификация и мобильность / Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. - М., 1992.

19.    Социологическая мысль в России // Под ред. В.Н.Чагина. - Л., 1978.

20.    Радугин А.А., Радугин К.А. Социология: Курс лекций. - М., Владос, 1995.

21.    Современная западная социология:  Словарь. - М., 1990.

22.    Свенцицкий А. Социальная психология управления. - Л., 1986.

23.    Социальное управление: Словарь. - М., 1994.

24.    Тажин М. Социология негіздері. - Алматы, 1993.

25.    Тощенко Ж.Т. Социология. - М., 1984.

26.    Шәмшмтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнқожаев Н. Әлеуметтану: Оқу құралы. - Алматы, 1999.

27.    Херцберг Ф., Майнер М. Побуждения к труду и производственная мотивация // Социс. - 1990. - № 1.

28.    Ядов В.А. Социологическое исследование. Методология. Программа. Методы. - М., 1972. 

 

Мазмұны                                                       

Алғы сөз

3

1 тақырып. Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

4

1.1 Социологияның объектісі және пәні. Социологияның заңдары мен категориялары

4

1.2 Социологияның құрылымы мен деңгейлері

7

1.3 Социологияның қоғамдық ғылымдарға қатысы, оның атқаратын       қызметі           

8

2 тақырып. Социологияның тарихи қалыптасу кезеңдері

11

2.1 Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы

11

2.2 Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. О.Конт, Г.Спенсер - социологияның негізін салушылар

12

2.3 Ресей социологиясындағы әлеуметтік ой

14

2.4 Э.Дюркгейм мен М.Вебердің социологиялық көзқарастары

16

2.5 ХХ ғасырдағы социологияның негізгі бағыттары

18

3 тақырып. Әлеуметтік зерттеулердің әдістемелері мен техникасы

20

3.1 Зерттеу бағдарламасының ілімдік дайындығы

20

3.2 Әлеуметтік мәліметтер жинаудың әдіс-тәсілдері

23

4 тақырып.  Еңбек социологиясы

29

4.1 Еңбектің әлеуметтік өлшенуі

29

4.2 Адам талаптарының  тұжырымдамалары  

31

4.3 Еңбек ic-әрекет себептерінің негізгі деңгейлері

33

5 тақырып. Инженерліктің әлеуметтік мәселелері

36

5.1Инженер еңбегінің ерекшеліктері

36

5.2. Әлеуметтік инженерлік пен инженерлік әс-әрекеттің ерекшеліктері

36

5.3 Инженердің жеке тұлғасына талаптар

39

6 такырып.  Әлеуметтік басқару

43

6.1 Басқару туралы  түсiнiк

43

6.2 Басқарудың субъектісі мен объектісі.

44

6.3 Әлеуметтік басқарудың түрлері 

45

6.4 Қызметкер жұмыскерлерге басшылық ету және еңбек мотивациясы

48

7 тақырып. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация

49

7.1 Қоғам туралы түсінік. Қоғам дегеніміз не?

49

7.2 Қоғамның әлеуметтік құрылымы

51

7.3 Әлеуметтік стратификация

53

8 тақырып. Отбасы социологиясы

55

8.1 Отбасы әлеуметтік институт және кіші топ ретінде

55

8.2 Отбасының қоғамда атқаратын қызметтері

59

8.3 Отбасының негізг типтері

60

9 тақырып. Білім беру социологиясы

63

9.1 Білім социологиясының ұғымы мен мазмұны

63

9.2 Ілім –білімі – білім беру немесе білім ілімі

65

9.3 Білім беру жүйесі

68

9.4 Білім берудің әлеуметтік қызметтері мен мақсаттары

71

10 тақырып. Ұйымдар  әлеуметтануы.   Еңбек  ұйымдырының  құрылымы

73

Әдебиеттер тізімі

76