Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Компьютерлік технологиялар кафедрасы

 

 

5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының 3, 4 курс студенттері үшін өндірістік машықтану 

БАҒДАРЛАМАСЫ 

Әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2011

 

Құрастырушылар: Мусатаева Г.Т., Конуспаева А.Т. 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының 3, 4 курс студенттері үшін өндірістік машықтану бағдарламасы. Әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБУ, 2011. – 16 б. 

 

Бағдарлама өндірістік машықтануды өткіздің, даярланудың, сонымен қатар, жеке тапсырмалар тақырыбының және есепті рәсімдеудің нұсқауларынан тұрады.

Бағдарлама 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының компьютерлік сыныптарында өтетін студенттеріне аранлған.

 

Пікір берушілер: физ-мат.ғыл.канд., доцент Шайхин Б.М., техн.ғыл.канд., доцент Ахметова М.А.

  

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 жылғы жоспары бойынша басылуда.

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, 2011 ж.

 

Өндірістік машықтану мақсаты

5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы студенттерінің машықтануы теориялық оқу барысында алған білімдерін тереңдетуге, жетілдіруге және ұжымда жаңа програмалық қамтыманы ендіруге, құруға байланысты практикалық дағдылар алуға бағытталған.

 

Жалпы жағдайлар

Машықтану оқу жоспары мен оқу жылына оқу үрдісі графигімен бекітілген мерзімде өткізіледі. Ұжымда студенттердің жұмысын бақылау үшін және оқу-әдістемелік жетекшілік ету үшін бітіртуші кафедрадан машықтану жетекшісі, сонымен, студент машықтану өтетін ұжым бөлімшесінен жетекші тағайындалады.

 

Ұжымдағы машықтану жетекшісі қамтамасыз етеді:

1) жеке тапсырмаларды және машықтану бағдарламасын сапалы және толық орындау үшін қажетті жағдай жасау;

2) машықтанудың толық мерзімінде студенттер жұмыстарының жоспарын жасау;

3) машықтану өтуін күнделікті бақылау;

4) студенттерге машықтану бағдарламасын және тапсырмаларды орындауға және өткен машықтану бойынша есеп беруін құруға, сонымен дипломдық жұмыс үшін материалдар жинауға көмектесу;

5) машықтану өту кезінде студенттер жұмысына пікір дайындау.

 

Кафедрадан машықтану жетекшісі қамтамасыз етеді:

1) студенттердің машықтануды өтуінің график-жоспарын жасау;

2) машықтануды ұйымдастыру бойынша қажетті құжаттар даярлау;

3) машықтану өтуін және ұйымдастыруын бақылау;

4) машықтануды өту нәтижелері туралы есеп беруді құрастыру және деректерді жалпылау.

 

Студенттердің машықтануды өтудің ұжымдастыруының қажетті нұсқалары:

1) ұжымдарда студенттердің жұмысы программалық қамтыманы ендіруге және құруға байланысты машықтанудан өтуін өзіндік анықтауы. Мұндай жағдайда, машықтану алдында студенттердің келесідей құжаттары өзімен бірге болуы керек:

- жан-жақты құрылған келісім-шарт;

- машықтануға жолдама;

- машықтану бағдарламасы;

2) кафедрадан жетекші студенттер машықтануын ұйымдастыру;

3) ұжымда өту кезіндегі жұмыс күнінің ұзақтығы аптасына 36 сағат. 

 

Студент міндетті:

1) машықтану өтетін жерге уақытында бару және машықтану бағдарламасымен жұмыс жасауға;

2) ұжымның ішкі тәртібін қатаң орындауға;

3) уақытылы ұжымнан бекітілген жетекші алдында есеп беруге, күнделікті жазып толтыруға;

4) машықтану нәтижелері бойынша есеп беруге.

Машықтанудың барлық түрінің мазмұны (оқу, машықтану, дипломалды) бітіртуші кафедра жасаған бағдарламамен анықталады.

 

Есеп беру түрі

Машықтану аяқталған соң студенттер оқу орынына күнделік пен машықтану өткені туралы есеп береді. Машықтану нәтижелері бойынша студенттер келесі құжаттарды тапсырады:

1) машықтанудың әрбер кезеңі бойынша есеп беру;

2) жеке тапсырмалар тақырыптарын орындау бойынша есеп беру;

3) машықтануды өткен бөлімшеден пікір;

4) машықтану күнделігі.

Күнділікті студент машықтану бойынша уақытылы жазып және оны машықтану жетекшісі қадағалап отырады.

Жеке тапсырмалардың тақырыбын орындау туралы есеп А4 пішініндегі бетте 15-20 парақ көлемінде орындалады. Тапсырма сұрақтарына сай мәтіндік ақпарат, иллюстративті материал, сұлбалар және т.б. КҚБЖ және ТҚБЖ талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

Есепті ұжымнан бекітілген жетекші қол қойып, қолы ұжым мөрімен бекітіліп, 3-күннен кешікпей кафедраға өткізіледі, есепті қорғау сол оқу жылының аптасында жүргізіледі.

Бұдан басқа, студенттер машықтануды өткен бөлімшенің пікірін көрсетуі тиіс:

- жеке тапсырмалардың, машықтану бағдарламасын орындау сапасы мен толықтығы; студенттердің дайындық дәрежесі;

- нормативті құжаттарды білуі, күнделікті жұмыста олармен жұмыс жасай білуі;

- программалық қамтыма жасай білуі;

- қорытындылар мен ұсыныстар жасай білуі (бітіруші 4-курс студенттері үшін);

- машықтану бағасы.

Пікір ұжымдағы машықтану жетекшісінің қолы мен мөрмен бекітіледі.

Машықтанудың бағасы оқу орынындағы жетекші күнделік, есеп, ұжымдағы жетекші берген өндірістік сипаттама негізінде студентпен әңгімелесу, сонымен қатар, машықтанудың оқу бағдарламасына сай берілген жеке тапсырмаларды машықтанушының өзіндік жұмысын жеке бақылау нәтижесі ескеріліп қойылады.

Бағдарлама талаптарын себепсіз орындамаған немесе теріс сипаттама алған студент оқу орынынан шығарылады. Егер себепті болған жағдайда оқу орыны студентті оқудан бос уақытты машықтануға қайта жібереді. Машықтанудың уақыты, мерзімі және кезеңдері ұжым жұмысының түріне тәуелді.

 

Өндірістік машықтану бойынша есеп

5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының машықтану мәселелері студенттердің мамандығы бойынша дағдылану, арнайы пәндерді: «Алгоритмдеу және программалау тілдері», «Программалау технологиялары», «Нысанды-бағытталған программалау», «Жүйелік программалау», «Программалар жасаудың құрал-саймандық әдістері», «Компьютерлік жүйелер интерфейстері», «Мәліметтер қорларын жобалау», «Функционалды-логикалық программалау және эксперттік жүйелер», «Интеллектуалды программалау жүйелері», «Ақпараттық жүйелерді жобалау және құру» және т.б. оқығанда алған білімдерін жүйелеу және тереңдету, программалық қамтыманы пайдаланатын жаңа ақпарттық технологиялар мен есептеу техникасын пайдаланатын, арнайы ұжымның жұмысын зерттеу арқылы машықтанушының тәжірибе алу, кәсіптік ойын дамыту мақсаты болып табылады.

5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының өндірістік машықтануы ұжымда ақпараттық технологияларды ендіру және программалық қамтыманы ендірумен байланысты істерді жүзеге асыратын жұмыстарды ұйымдастырады.

Студенттердің ұжымдағы машықтануының кәсіптік істерінің нысаны программалау технологиясы, жаңа программалық қамтыманы адаптацияға бейімдеу болып табылады.

Студенттер үшін өндірістік машықтанудың тиімділігі машықтану базасын жинақтап, анықтау болып табылады. Студенттер машықтануы өтетін ұжымдар жоғары өнімді құрылғылармен, прогрессті технологиялармен, білікті мамандармен қамтылған болуы керек.

3 және 4 курстарда оқылатын пәндерден курстық және дипломдық жобалардың тақырыптарына жақындау болу мақсатында тапсырмаларды машықтану өтетін ұжымдардың ерекшеліктерімен байланыстыру қажет; тапсырмаларды машықтану барысында курстық жұмыстардың бөлімдері және көлемі қандай болуы керек екендігін көрсетуге болады.

Машықтану нәтижесінде студенттер келесілерді:

- ғылымы-техникалық негізгі мәселелер, олардың аралас ғылымдар мен байланысын және есептеу техникасының даму болашағын;

- жаңа ақпараттық технологиялар жайлы;

- автоматты жаңа кешендерді құрудың негізгі принциптері жайлы;

- ұжымдық желілерді құрудың негізгі принциптері туралы білуі керек.

Білуі қажет:

- программалық қамтыманы ендіру және жасау үшін техникалық тапсырманың құру технологиясын;

- ақпаратты өңдеу аймағында жаңа прогрессивті технологияларды;

- программалық қамтыманы жасауға байланысты типтік технологиялық операцияларды;

- ДК және желінің жүйелі қызмет ету принциптерін.

Білуі керек:

- программалық қамтыма жасауды;

- программалық қамтыманың жұмыс қабілетін бағалауды;

- есептеу техникасын графикалық және есептік мәселелерді шешуге қолдануды;

- программалық қамтыманы құрастыруды.

 

Жеке тапсырмаларды құру бойынша нұсқаулар

Әрбір студентке машықтану алдында жеке тапсырмалар беріледі. Жеке тапсырмалар ақпараттарды өңдеуді, технологиялық процестерді қарастыруды, оқуды, сипаттауды, сүзгілеуді қарастырады:

1) ақпараттарды дайындау технологиясы;

2) есептеулерді дайын программа бойынша орындау технологиясы;

3) мәліметтерді бөлу және интеграциялау;

4) жұмыста желілік қажеттіліктерді пайдалану;

5) қолданбалы программа өнімін жасау;

6) жобаларды басқару;

7) программалық өнім жұмысын жүйелік ортада орындау;

8) программалық өнім жұмысында утилиттерді пайдалану;

9) программалық өнім жұмысында ДҚБЖ пайдалану;

10) деректер қорын, деректерді сақтау, білімдер базасын, жүйені администрлеу;

11) пайдаланушылар интерфейсін ұйымдастыру;

12) программалық өнімді тестілеу.

Ұсынылатын тақырыптарды орындау үшін келесі сұрақтарды қарастыру керек:

1) типтік технологиялық операцияның процесін сипаттау, технологиялық процестер тізімі;

2) ақпараттарды өңдеу алгоритмдері мен әдістері;

3) программалық қамтыманы диагностикалау, олардың істен шығуының себептері;

4) әкімгерлеу амалдарын пайдалану.

Студент  машықтанудың кезеңіне сай күнделікті жұмысын күнделікке жазып отыруы тиіс.

 

Өндірістік машықтану (3-курс)

Машықтану ұзақтығы 5 аптадан тұрады.

 

Машықтану мақсаты: мамандық студенттері өндірістік білім мен практикалық тәжірибе алу. Өтілген пәндер бойынша теориялық білімдерді практика жүзінде пайдалану, жүйелеу, толықтыру. Өзіндік жұмысқа қажет болатын программалық қамтымаларды пайдаланудың практикалық маңызын білу. Машықтану келесі бағыттар бойынша өткізіледі: қолданбалы программалық қамтыманы қолдану; программалық қамтыманы қолданғандағы утилиттерді пайдалану.

Студенттердің машықтану кезіндегі жұмыстардың мазмұны:

- программалық қамтыманы қолдануды тестілеу, жасау технологияларын үйрену;

- жаңа программалық қамтыма жасауға қатысу;

- программалық қамтымаға техникалық тапсырмалар құрастыру;

- машықтану нәтижесі бойынша есеп жазу.

Есеп беру құрылымы:

- машықтану мерзімдері;

- машықтану мақсаты мен мәселелері;

- жеке тапсырма;

- орындалған жұмыстар нәтижелерінің талдауы;

- қорытынды (негізгі түйіндер, нұсқаулар).

 

Өндірістік машықтану (4-курс)

Машықтану ұзақтығы 6 аптадан тұрады.

 

Машықтану мақсаты: пәндік аймақты зерттеу және дипломдық жұмысты және жобаны орындау үшін материалдар жинау.

Дипломдық жұмыс жетекшісі өндірістік (дипломалды) машықтану алдында жеке тапсырмаларын түйіндейді, студент жұмысын бағалап, есеп берудің құрылымын анықтайды. Машықтану (дипломалды) бойынша есеп дипломдық жұмыстың программалық қамтымасының техникалық тапсырмасы  түрінде көрсетіледі. Студенттердің өндірістік (дипломалды) машықтануы диплмодық немесе біліктілік жұмысын қорғауға дайындалуға бағыттылған. Өндірістік (дипломалды) машықтану оқудың соңғы кезеңінде ұйымдастырылады және ереже бойынша оқу жоспарында қарастырылған барлық аттестацияларды тапсырып және машықтануларды өтіп, теориялық оқу бағдарламаларын меңгергеннен соң жүргізіледі.

Өндірістік (дипломалды) машықтану кафедра базасында немесе екі жақты келісім-шартқа отырған IT ұйымдарда жүргізіледі.

Өндірістік (дипломалды) машықтанудың мәселелері:

1) теоиялық сабақтарда алған білімдерді тереңдетіп бекіту;

2) өндірістік дағдылар алу және оны кәсіптік пайдалану;

3) ғылыми материалдарды дипломдық жобаны орындау үшін және оны әрі қарай зерттеу үшін алдын-ала өңдеу және жинау.

Машықтау нәтижесі дипломдық жобаны орындауға техникалық тапсырманы құру болып табылады. Техникалық тапсырма  IEEE 830-1993 (1 қосымшаны қара) талаптарына сай рәсімделеді.


1 ҚОСЫМША

 

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА

(IEEE 830-1993 СТАНДАРТЫНА САЙ)

 

1 Кіріспе

Мақсаты

1.1 Қолдану аймағы

1.2 Анықтамалар, терминдер және қысқартулар

2 Жалпы сипаттау

2.1 Пайдаланушылар интерфейсі

2.2 Аппараттық интерфейс

2.3 Программалық интерфейс

2.4 Коммуникациялық интерфейс

2.5 Жады бойынша шектеулер

2.6 Адаптация бойынша талаптар

3 Деталды талаптар

3.1 Функционалды талаптар

3.2 Функционалды емес талаптар

3.2.1 Өнімділігі

-               жылдамдық

-               өту қабілеттілігі (трафик)

-               жадыны пайдалану

3.2.2 Сенімдік пен қолжетімдік

3.2.3 Қателерді өңдеу

3.2.4 Интерфейстік талаптар

3.2.5 Шектеулер

-               дәлдік

-               саймандар мен тілдерге шектеулер

-               жобалау шектеулері

-               пайдалану керек кезеңдер

-               пайдалану керек платформалар

3.3 Кері талаптар

4 Қорытынды

 

Техникалық тапсырмаға түсініктеме

 

1 Кіріспе

 

Мақсаты – жалпы қосымшаның мақсаты (программа мақсаты емес). Мұнда қосымшалар үшін барлық талаптар келтірілген.

1.1 Қолдану аймағы – құжаттың программаның қай аспектілерін қамтыу керек. Бұл бөлім бойынша қосымшаның қандай-да бір нұсқауларына сын-пікірлер жасалады. Жобаны жасау процесі кезінде жұмысты орындау.

1.2 Анықтамалар, терминдер және қысқартулар – кесте түрінде:

 

Қысқартулар мен термин

Анықтама

 

2 Жалпы сипаттау – сипаттаудың жалпы бөлімі

 

2.1 Пайдаланушылар интерфейсі – қосымшаны жалпы сипаттау үшін кілттік GUI суреттер, эскиздер. Бұл пайдаланушы интерфейсінің деталды емес сипаттауы.

2.2 Аппараттық интерфейс – қосымша жұмыс істейтін құрылғылар, қондырғылар (мысалы, джойстик және т.б.).

2.3 Программлық интерфейс – қосымшалармен жұмыс істейтін басқа программалар, мысалы, принтер драйвері, сайт пайдалану …

2.4 Коммуникациялық интерфейс – минималды жылдамдығы 56 Кбайт/с бола       тын модем арқылы интернетке шығатын қосымша интерфейсі.

2.5 Жады бойынша шектеулер

2.6 Адаптация бойынша талаптар – қандай-да бір ДК-дің орындалуы үшін талаптар, қандай-да бір тілдің нұсқауы, мысалы, ағылшынша, қазақша және т.б.

 

3 Деталды талаптар

 

3.1 Функционалды талаптар – қосымша орындауы керек функциялармен сипатталатын талаптар.

Тапсырыс берушінің талаптарын орындау үшін келесі ұйымдастыру технологиясын пайдалануға болады:

а) прецедент талаптарын ұйымдастыру бойынша - әсер етуші жақ пен қосымша арасындағы типтік әсерлесу, мұндай технология талаптарды тұжырымдағанда және сонымен қатар, тестілеу және жобалау кезінде де пайдалы.

Программаны жобалаудың унифицирлі процесі (USDP) прцеденттер сценарийі – операциялар тізбегінде көптеген талаптар табиғи кездесетін бақылауда пайдаланады. Программалық қамтыманы жасау процесін қамтамасыз ететін унифицирлі процесс прецеденттер бойынша талаптарды ұйымдастыруға ықпал етеді. Деталды талаптарды ұйымдастыру технологиясы кезінде ірірек прецеденттерді кішіректерден «жалпылау» қатынасы көмегімен жасауға болады. Егер «В» «А»-ның барлық қадамдарынан тұрса, «А» прецеденті «В» прецеденттерін құрайды (көбіне солай және қосымша қадамдар - нұсқалар).

Прецеденттер бойынша талаптарды ұйымдастыру құрылымдық, сонымен қатар, нысанды-бағыттаушы кезінде қолданылуы мүмкін;

б) класс бойынша талаптарды ұйымдастыру – бұл технология талаптарын ұйымдастырудың нысанды-бағытталған стилін пайдаланады, мұнда алдымен бөлінуін, яғни класс таңдауының эквивалентін анықтау керек.

Пәндік аймақ түсінігінің негізгі (базалық) бөлінуінен соң, кейбір талаптар бөлінген категориялар және кластар бойынша таратылады. Ол үшін екі түрлі жол бар:

1) кластарды талаптарды ұйымдастырудың тәсілі ретінде қарастыруға болады, бірақ, оларды нақты жобалауда міндетті пайдалану қажет деп есептеуге болады;

2) нақты нысанды-бағытталған жобалауда талаптарды жасау үшін кластарды пайдалануға болады.

Екінші жолы деталдық талаптар мен әдістер арасындағы қадағалаудың бірмәнділігін қолдайды, мақсаты программалау тілінің және әрбір фукнционалды деталды талаптар арасындағы келіспеушілікті құру.

Жобалау кезінде әрі қарай пайдаланатын класс бойынша талаптарды ұйымдастыру талаптар, жоба және жүзеге асыру арасындағы қатаң сәйкестікті қолдау болып табылады. Одан басқа нақты өмір түсініктеріне сай кластар үшін оларды қайта пайдалану ықтималдылығы үлкен.

Екінші жолдың кемшілігіне:

- талаптар мен класстар арасындағы сәйкестіктің бұзылуына жобалау процесі кезінде кластардың өзгеру мүмкіншілігі;

- жобалау процесінің таңдауын кластарды таңдаумен жеткілікті болады.

Сонымен, пәндік аймақтағы кластарды пайдалану ойлануды ұйымдастыру әдісі мен талаптарды қадағалау болып табылады! Сонымен қатар, мақсат барлық деталды (дәл) функционалды талаптарды қосатын кіші, бірақ, пәндік аймақ кластарын жеткілікті жинақ болып табылады!

Пәндік аймақ класстарының негізгі көзі прецеденттер болып табылады.

Талаптар түрлері үшін пәндік аймақ класстарын таңдау алгоритмі:

1) қиылыспайтын прецеденттердің толық жинамын жасау;

2) әрбір прецедент үшін тізбек диаграммасын құру. Класстар мен нысандырды теңдестіруді ұмытпау;

3) тізбек диаграммасында пайдаланатын барлық кластарды жинау;

4) маңызды қосымша кластарды анықтау;

5) осы кластар бойынша толық фукнционалды талаптарды үлестіру.

Сондағы:

- әрбір атрибутты жеке талап ретінде көрсету;

- кластың болу керек әрбір дәл нысанын көрсету керек;

- осы түрлердің (классификациядағы) керек нысан үшін әрбір функцияны көрсету керек.

Кластың барлық нысандары әсер ететін оқиғаларды санау.

Прецеденттерден класстарды алған соң пәндік аймақтың кілттік класстарын анықтаудың тиімді әдісі «санау және кесу» процесін пайдалану болып табылады. Ол, біріншіден, ойлауға болатын барлық мүмкін класс-кандидаттарды қарастыру және екіншіден, артық кандидаттарды алып тастағаннан соң, бірнеше маңыздыларының қалуы;

в) деректер ағынының диаграммасы (DFD) бойынша талаптарды ұйымдастыру.

Талаптар өңделетін элементтер арасында деректер ағынын табиғи сипаттауға болады. DFD түйіні – бұд өңделетін бірліктер; деректер типтерімен жазылған түйіндер арасындағы бағыттар, деректер ағынын білдіреді; деректер қоймасы – деректер сақталатын орын; пайдаланушы мен принтерлер сияқты сыртқы нысандар тікбұрышты ретінде келтірілген. Егер DFD тапсырыс берушінің қалауы мен қажеттілігін көрсетсе және ол диаграмманы түсінсе, онда оны пайдалану орынды. Егер компания ішінде тапсырыс ағынын қадағалау программасы процестің жоғары деңгейін көрсететін деректер ағынының диаграммасын пайдалану талаптарының орынды қалпын пайдалану қажет болса, онда жасау керек бейнелеу үшін DFD қажет;

г) күйлерді ауыстыру диаграммасы бойынша талаптарды ұйымдастыру.

Ой қосымша әрқашан бір күйде болуы үшін қосымшаны күйлерге бөлуге негізделген. Қосымшаның күйі оның статусы немесе жағдайы, фаза немесе стадиясы. Мысалы, кітаптық Интернет-дүкен әрдайым не қарау (кітаптар жайлы ақпараттарды оқу) не сату-алу күйінде (несиелік карта жайлы ақпаратпен қоса және т.б.) болады. Оқиғалармен басқарылатын қосымшалар үшін күйлердің ауысу диагарммасы кейде тапсырыс берушімен жасаушының қосымша қалай жұмыс жасау керек келісімінің тиімді жолы болып табылуы мүмкін. Күйді анықтағаннан соң, олар арасындағы ауысулар қосылады. Ауысулар бағыттармен белгіленеді, оның әрқайсысы қосымшаның күйін ауыстыруға әкелетін оқиға атымен жазылады.

Күйлерге ауысу моделін пайдалану тапсырыс берушіге қосымшаның функционалды талаптары қаншалықты көмектесетініне тәуелді.

Тапсырыс берушінің талаптарын орындау үшін төрт альтернативті түр қарастыру қажет.

Түрдің таңдауы тапсырыс берушіге, сонымен қатар, талаптарды сипаттауының типіне байланысты тәуелді.

1) егер талап қарапайым және өз-өзінен тұрса, программалық қамтыма талаптарының ерекшеліктері дәл сөйлемдерімен айқындау керек;

2) егер талап пайдаланушы мен қосымша арасын көрсететін болса, оны прецедент көмегімен айқындау керек.

Ол үшін:

- прецеденттерге аттар беріңіз;

- есер ететін беттерді айқындаңыз. Сыртқы пайдаланушы рөлі – көбіне адам;

- пайдаланушы мен қосымша арасындағы тізбекті жазыңыз;

- тармақты минималдаңыз;

- жалпы түрді пайдаланыңыз;

- дәл есімдер мен мәндерден қашыңыз, мысалы, «Коля 300$ салды» мәтінінің орнына былай жазу керек «клиент депозит өлшемін салды»;

3) егер талап беретін және алатын мәндерден тұратын өңдеу элементтерін қозғайтын болса, деректер ағынының диаграммасын пайдаланыңыз.

Ол үшін:

- өңдеу элементтерін анықтаңыз (көбіне жоғары деңгейде), оларды дөңгелек немесе тікбұрышты етіп көрсетіңіз;

- деректер қоймасын анықтаңыз; оларды екі горизонталь сызықтар аттарымен көрсетіңіз;

- өңделетін элементтер арасындағы деректерді беру жолдарын көрсетіңіз.

- әр жағдайда берілетін деректер типін көрсетіңіз;

4) егер талап программа тұрған күйді қозғайтын болса (немесе программлар бөлігін), келесі амалдарды орындаңыз:

- күйді анықтаңыз (әрбір күйді зат есімді етістікпен анықтаңыз, мысалы, «күту»), оларды домаланған бұрыштары бар тікбұрыштармен көрсетіңіз;

- арнайы бағыттар көмегімен алғашқы күйді көрсетіңіз;

- күйге көшетін оқиғаларды анықтаңыз (жүйеден тыс бөлімдерді қарастыратын), белгіленген бағыттар ретінде көрсетіңіз;

- ішінара күйлерді анықтаңыз, оларды тікбұрыш ішіндегі тікбұрыш ретінде көрсетіңіз.

 

3.2 Функционалды емес талаптар

Функционалды емес талаптар – қосымшаға қойылатын, бірақ оның фукнционалдығына әсер етпейтін талаптар.

3.2.1 Өнімділік – программада орындалатын уақытша шектеулерді анықтайды. Мысалы, есептеулер уақыты бойынша шектеулер, RAM-ды пайдалану, қосымша есте сақтау құрылғыларын пайдалану және т.б.

3.2.2 Сенімдік пен қолжетімдік

Сенімдік талаптары сенімдік өлшенетін шамалармен анықталады. Мұндай типті талаптар программаның идеалды емес жұмысының ықтималдығын білдіреді және оның аяқталмаған аймағын шектейді.

Қолжетімдік пайдаланушыларға қосымшаның қолжетімдігінің дәрежесін бағалайды.

3.2.3 Қателерді өңдеу

Бұл талаптар категориясы программаның пайда болатын қателеріне қарай әсер ету керектігін түсіндіреді, мұның программаның өзі генерациялайтын қателеріне қатысы жоқ.

Программаның өзіндегі қателерді тексеру программаның критикалық бөлімдеріне ғана қатысты.

3.2.4 Интерфейстік талаптар

Интерфейстік талаптар программаның ортамен, яғни не пайдаланушылармен не басқа программалармен сөйлесетін пішінін сипаттайды.

Пайдаланушылар интерфейсінің  дизайні (GUI) талаптарды анықтау фазасының (жобалау фазасынан басқа) бір бөлігі деп есептеуге болады.

Интерфейстер ерекшеліктері көбіне шақырылатын функциялар аттарынан, олар талап ететін аргументтер типтерінен және олар қайтаратын типтерден тұрады.

Интерфейстер сонымен қатар, хабарламалар пішінінен немесе генерацияланатын не өңделетін оқиғалар специафикаларынан тұрады.

Пайдаланушылар интерфейстерін жасау кезеңдері:

1) өз пайдаланушыңызды біліңіз;

2) жобалайтын жүйеңіздің мәнін түсініңіз;

3) жақсы экрандық дизайн принципін қолданыңыз;

4) терезелерге келетін типін таңдаңыз;

5) жүйелік мәзір жасаңыз;

6) басқарудың сәйкес ақпараттық құрылғыларын таңдаңыз;

7) басқарудың сәйкес экрандық элементтерін таңдаңыз;

8) терезелердің орналасуын құрастырыңыз және ұйымдастырыңыз;

9) сәйкес түстер таңдаңыз;

10) мәні бар белгілер құрыңыз;

11) басқаруды және кері байланысты тиімді хабарламаларды көрсетіңіз.

3.2.5 Шектеулер

Жобалаудың шектеуі немесе жүзеге асырылуы қосымша қалай болып және қалай жасалынуы керек шарттарын немесе шекараларын сипаттайды. Бұл жобаға тапсырыс берушінің, сонымен қатар, ортаның немесе басқада жағдайдың шарттары:

- дәлдік, мысалы, нәтижелер немес соған ұқсас шамалардың;

- құрал-саймандар және программалау тілі бойынша шектеулер жатады. Бұған тарихи қалыптасқан ұйымдастыру, бірегейлік және бағдарламашының тәжірибесі;

- жобалаудағы шектеулер жоба кейбір қаржылық қызығушылығы бар адамдардың және жоба жасаушылардың еркіндігіне шектеулер қоюымен байланысты;

- стандартқа бағыну, бұл көбіне тапсырыс берушінің немесе фирманың саясатымен анықталады;

- жобалар көбіне олар пайдаланатын платформалармен шектеледі.

 

3.3 Кері талаптар

Кері талаптар – бұл қосымшалар нені істемейтіндігін анықтайтын талаптар спецификасы. Кері таллаптардың шексіз болатыны түсінікті: тек мүмкін болатын түсінбеушіліктерді ғана анықтау қажет.

 

         4 Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

 

         1. ҚР ОЖМС 3.08.329 – 2006.

         2. ҚР ОЖМС 5.03.005 -2009.

         3. Информатика. Базовый курс. Учебник для вузов. Под.ред. С.В.Симоновича. – СПб.: Питер, 1999. – 640 с.

         4. Автоматизация проектирования радиоэлектронных средств: Учеб.пособие для вузов/ О.В. Алексеев, А.А. Головков, И.Ю. Пивоваров и др. Под ред. О.В. Алексеева. – М.: ВШ,2000. – 479 с.

         5. Калабеков Б.А., Лапидус В.Ю., Малафеев В.М. Методы автоматического расчета электронных схем в технике связи. - М.: Радио и связь, 1990. – 272 с.

         6. MicroSim Schematics. User’s Cuide. MicroSim Corporation, 2000.

Roy W. Goody. PSpice for Windows. A Circuit Simulation Primer. Prentice Hall, 1995. 

 

Мазмұны

 

Өндірістік машықтану мақсаты                                                             3

Жалпы жағдайлар                                                                                             3

Өндірістік машықтану (3-курс)                                                                 7

Өндірістік машықтану (4-курс)                                                                 7

Техникалық тапсырмаға түсініктеме                                                0

Әдебиеттер тізімі                                                                                               15 

 

Қосымша жоспары 2011 ж., 21 рет