Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

“Компьютерлік технологиялар ” кафедрасы

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 5В070300 – «Ақпараттық технологиялар»

 мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған

 

 

 

Алматы 2011

ҚҰРАСТЫРУШЫ: З.Қ.Құралбаев. Диплом жұмысын (жобаны) орындауға арналаған әдістемелік нұсқаулар. 5В0703 – «Ақпараттық технологиялар» мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған.  - Алматы: АЭжБУ, 2011.-9 б. 

 

Диплом жұмысын (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқауларда бітірушілер жұмысын дайындау мен жазудың оның тақырыбын таңдаудан бастап, оның мазмұны, құрылымы және құрастырудың негізгі жағдайлары қарастырылған.

 

         Пікір беруші: физ.-мат.ғыл. докт., проф. С.Б.Бимурзаев

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 ж. қосымша баспа жоспары бойынша басылады. 

 

 

     © «Алматы энергетика және байланыс университеті»  КЕАҚ,  2011 ж.

 

 

Жалпы ережелер

 

Диплом жұмысы (жобасы) болашақ мамандар – «Ақпараттық жүйелер»  мамандығы   бойынша бакалавр дайындаудағы оқу процесінің негізгі әрі қорытынды түрі болып табылады. 

Диплом жұмысын (жобаны) орындауда студент жоба бойынша оның алдына қойылған тапсырмаларды дәлелді, тізбекті, қисынды, нақты шешіп, түсіндірме жазбахатта барлық қабылданатын шешімдерді негіздеп, жобаның графикалық материалдарын сауатты ресімдеу қажет.

Дипломдық жұмысты орындау үшін студент:

кафедра құрастырған тізімнен тақырып таңдау қажет;

- диплом алдындағы тәжірибелік машықтануға кетпес бұрын дипломдық жұмыстың, өміртіршілік қауіпсіздік бөлімінің және экономика бөлімінің  тақырыбын алуы қажет;

- диплом алдындағы тәжірибелік машықтануды, дипломдық жұмыстың материалы ретінде жинақтап, тәжірибелік машықтану кезінде жұмыс істеуді бастап кету керек

 - диплом алдындағы тәжірибелік машықтану мен ғылыми жетекшімен бірге есеп беру аяқталғаннан кейін, дипломдық жұмыстың тапсырмасын нақты анықтап алып, бекітілген пішінде оны ресімдеу қажет.

Дипломдық жұмыс, студент өзі мүмкін болатын нұсқаларды белгілеп, өзі шешім қабылдап және өзі жобаның сапасына жауап беретін өзіндік жұмыс болып табылады.

Ғылыми жетекші мен кеңес берушілер студентке бағыт береді. Студент және оның ғылыми жетекшісі екі жақты шешіммен келісілген кесте бойынша кездесіп, жұмыстың (жобаның) орындалу қадамын талқылап, жұмыстың орындалу пайызын анықтау керек.

Студент қорғауға 10 күн қалғаннан кешіктірмей, алдын ала қорғаудан өтіп, 5 күн ішінде дипломдық жұмысын ғылыми жетекшісінің пікірімен және кеңес берушілердің қолдарымен кафедра меңгерушісіне көрсетіп, содан кейін рецензияға жолдама алады. Сын пікір берушінің қорытындысын алғаннан кейін, дипломдық жұмысқа кафедра меңгерушісінің қолы қойылып, студент дипломдық жұмысын қорғауға рұқсат алады. 

         Дипломдық жобаның баяндамасына 15-20 мин беріледі. Студент өзінің баяндамасында дипломдық жобаның тақырыбын негіздеп, жобаның негізгі бөлімдері бойынша қысқаша нәтижесі мен мазмұнын айтып кету керек..

 

 1 Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау

 

Дипломдық жұмыстың тақырыбын кафедра ұсынған тізімнен студент өзі таңдайды және тақырып зерттеу элементтерінен немесе тәжірибелік – конструкторлық қызметтен тұру керек. 

Тақырыпты анықтаған кезде студент өзінің мүмкіндігін және дайындық деңгейін бағалаған дұрыс болар еді. Сонымен қатар өзінің икемін және алдынғы жұмысындағы тәжірибесін, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, диплом алдындағы тәжірибелік машықтану өткен орынын, болашақта жұмыс істейтін орнын және т.б. ескеру керек. Жұмыс тақырыбы типтік есептеулер мен стандартты шешіидерден тұратын оқу материалдарымен ғана шектелмеуі тиіс.

Айрықша  диплом  алуға үміткерлер ғылыми зерттеу элементтері бар және техникалық есептер шарты бар тақырыптарды таңдау қажет.

Кафедра ұсынған тақырыптар тізімін студент таңдауға міндетті емес, онымен  студенттің ықыласы шектелмейді. Студент, ғылыми жетекшісінің келісімімен, өзінің тақырыбын ұсына алады, яғни студенттің өзінің болашақ жұмыс орнының, кәсіпорынның немесе ұйымның тапсырысы немесе өзінің ғылыми-зерттеу жұмысының жалғасы болатын тақырыпты таңдай алады.

 

 2 Дипломдық жұмыстың құрылымы, мазмұны және негізгі бөлімінің көлемі

 

Түсіндірме жазбахат студенттің қабылдаған шешімдерін айтып беру және дәлелдеу қабілетін сипаттайды. Түсіндірме жазбахатта студент қабылданған шешімнің дұрыстығын, олардың техникалық-экономикалық дәйектемесін, қабылданған сұлбаның ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беріп, сендіре дәлелдеу керек. 

Түсіндірме жазбахат және графикалық материалдар дипломдық жұмыстың орындалу Ережелерінің (ГОСО РК 57047020-2008) талаптарына сәйкес болу керек.

Егер тапсырманы орындауда әртүрлі нұсқалар  қолданылатын болса, онда әрбір нұсқаның ерекшеліктері, олардың техникалық-экономикалық талдаулары түсіндіме жазбахатта көрсетілуі керек.  Барлық есептеулерде іріленген көрсеткіштерді пайдаланған жөн.

Түсіндірме жазбахат мыналардан тұрады:

- титул парағы;

- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспесі;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар (егер олар бар болса);

- аңдатпа (реферат) үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) .

Графикалық материалдар мыналардан тұрады:

-  жұмыстың жүйесін түсіндіретін функционалды сұлба;

-  жүйенің элементтерінің қасиетін және басқа объектермен қарым-қатынасын түсіндіретін құрылымдық;

-  құрылғылар сызбасы;

-  жүйе жұмысының диаграммалар, графиктер және кестелер көрсеткіштері;

-  жүйе жұмысының және зерттеулердің алгоритмдері;

-  аналитикалық өрнектеу;

-  компьютерлік бағдарламалардың қолданылу нәтижелері;

-  модельдердің және бағдарламалардың блок – сұлбасы.

Графикалық бөлім слайд түрінде орындалып,  қағазға басылып, қосымша ретінде болуы мүмкін, бірақ графикалық жұмыстардың стандартына сәйкес және университеттің мөрімен ресімделу керек. 

2.1 Титул парағы түсіндірме жазбахаттың бірінші беті болып табылады. Титул парағының бланкы шығарушы кафедрадан беріледі.

2.2 Дипломдық жұмыстың тапсырмасын ғылыми жетекші шимай дәптерге толтырып, содан кейін шығарушы кафедрадан берілген стандартты бланкқа толтырылады.

2.3 Реферат

2.3.1 Реферат дипломдық жұмыстың мазмұнын көрсетіп, келесі бөлімдерден тұрады:

- Түсіндірме жазбахаттың көлемі, иллюстрация саны, кесте саны, қосымша саны, пайдаланылған әдебиеттер көзінің саны туралы мағлұматтар;

- Кілттік сөз тізімі (5-8 сөз);

- Реферат мәтіні өңдеу немесе зерттеу объектісін, жұмыстың мақсатын, алынған нәтижелерін көрсету керек.     

 2.4    Мазмұнына барлық бөлімдер мен бөлімшелердің аттары және олардың орналасқан беттерінің номері кіреді.

  2.5   Кіріспеге дипломдық жұмыстың мәселелерінің  сипатталынып, онда қарастырылатын есептердің бағыттары, оларды шешкендегі нәтижелерінің  қандай мақсатқа қолданылатыны  туралы мәліметтер берілуі тиіс.

     2.6     Негізгі бөлім

Негізгі бөлім бірнеше бөлімдерден тұрады.

 2.6.1   Бөлім 1. Зерттелінетін жағдайдың күйі.

Бұл бөлім ғылымның және техниканың  нақты саласындағы заманауи деңгейінің күйіне аналитикалық шолудан тұрады. Аналитикалық шолуда белгілі жүйелердің, құрылғылардың, әдістердің, алгоритмдердің кемшіліктері мен артықшылықтарына көңіл бөлу қажет.

Аналитикалық шолудың логикалық аяқталуы, есептің қойылымы болып табылады және ол дипломдық жұмыстың мақсаты мен есептің тізбелеуінен тұрады. 

2.6.2  Бөлім 2,3,4….. Негізгі бөлімнің бірнеше тараулары жобаланатын объекттің теориялық сипаттамасынан, проблемаларды шешудің оңтайлы нұсқаларын таңдаудан, сұлбаны өңдеуден немесе жобаланатын құрылғының немесе жүйенің жұмыс алгоритмдерінен тұрады. Бұл тараулар мыналар негізінде орындалуы керек:    

-  есептеу математикасының элементтерін қолдану;   

- есептеу техниканы бірнеше нұсқаларды санау және сипаттамаларды анықтау үшін қолдану;

- Өлшеу техниканың элементтерін, компьютерлік техниканың элементтерін, басқару жүйесін және телекоммуникация жүйесін қолдану.

2.6.3  Бөлек тарауда немесе түсіндірме жазбахаттың барлық негізгі бөлімінің мәтінінде есептеу техника құралдарының қолданылу нәтижелері көрсетілу керек.

2.6.4  Теориялық есептеулердің немесе математикалық модельдеудің немесе эксперименттік зерттеулердің нәтижелері көрсетілген бөлім міндетті болып табылады. 

2.6.5  Қауіпсіздік, денсаулық сақтау және қоршаған ортаға қабылданған техникалық шешімнің әсері бойынша мәселелрді түсіну студент үшін міндетті.

2.6.6  Ұсынылған жобаның бизнес - жоспарын құру әдістемесін көрсету бөлімі міндетті болып табылады.

 2.7    Қорытынды. Бұл тарауда дипломдық жұмыстың орындалу нәтижесіне баға беру қажет:

  2.7.1 жобалық тапсырма талабына сәйкес;

  2.7.2 эксперименттік зерттеулер нәтижелері;

  2.7.3 компьютерде есептеу немесе модельдеу нәтижелері;

  2.7.4 жұмыстың нәтижесін тәжірибеде қолдану мүмкіндігін ұсыну.

 2.8    Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне дипломдық жұмысты орындауда қолданылған әдебиет көздері кіру керек.

 2.9    Қосымша. Қосымшаға көмекші материалдарды, аралық математикалық дәлелдерді, алгоритмдердің және бағдарламалардың сипаттамаларын, зерттеу нәтижелерін ендіру актілерін қосуы тиіс.

Түсіндірме жазбахаттың көлемі 70 беттен кем 90 беттен артық болмауы тиіс (қосымшаны ескермеген кезде). Экономикалық бөлім мен өмір тіршілік қауіпсіздігі бөлімінің мазмұны сәйкес кафедралардың консультанттарымен орнатылады және олардың әрқайсысы 8 беттен артық болмауы керек.

  

3  Жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінің орындалуы бойынша нұсқаулар

 

 Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі алдымен, алдын-ала істелінген критикалық талдауды және қарастырылып жатқан сұрақ бойынша шолу жұмысын құрайды.

Бұл бөлімді орындау үшін осындағы мәселе бойынша арнайы басылымдарда, мысалы, компьютерлік технологиялар бойынша журналдарда, Интернет жүйесінде  кейінгі жылдары  жарияланған материалдарды зерттеп, олардың негізінде дипломдық жұмыстың   есептерінің қойылымы анықталады.

Ары қарай  есепті шешудің мүмкін болатын әдістерін қарастырып, олардың қысқаша сипаттамасын беріп, осы әдістердің ішінен лайықтысын таңдау керек. 

Таңдалынған әдістің негізінде сәйкесінше есептеулер немесе сандық эксперименттер жүргізу. Алынған деректерді өңдеп, оларды талдап, қорытынды шығару.

Бұл жұмыстың барлығында қажетті сұлбалар, кестелер, графиктер, диаграммалар, суреттер және басқа да материалдар болу керек. Жұмысты (жобаны) ресімдеу алдында дипломдық жұмысты орындау Ережелерімен (ҚР МЖБС 5.04-020-2008) танысу қажет. Студент берілген сұрақ бойынша кеңесті, кафедра меңгерушісі тағайындаған, ғылыми жетекшіден немесе норма бақылаушыдан ала алады.

Сондықтан, негізгі бөлім бірнеше тарауларды құрап, алғашқысы болып, аналитикалық шолу мен есептің қойылымы орындалу керек. Ал қалған тарауларда теориялық есептеулер, математика әдістерін қолдану негізінде есептің шешімінің оңтайлы нұсқасын таңдап, есептеу және өлшеу техникасын және т.б. қолдану.

Негізгі бөлім қабылданған шешімнің бірқилы деңгейіне және автордың зерттеулік немесе тәжірибелік қызметке қызығушылығының бар жоғына баға беру мүмкіндігін беру керек. 

 

4 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудан кейін тапсыру тәртібі

 

Дипломдық жұмыс (жоба) және оның электрондық нұсқасы, ғылыми жетекшінің және сын пікір берушінің пікірі қорғаудан кейін университеттің мұрағатына тапсыру үшін кафедраның жауапты адамына беріледі. Сонымен қатар түлек өзінің электронды мекенжайын, телефон номерін және болашақ жұмыс орнының – ұйымның аты мен мекенжайын көрсету керек.

 

Нормативтік сілтемелер

 

1 Қазақстан Республикасының 2007 ж. 27.07. № 389-1 «Білім туралы заңы».

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім жүйесі. ЖОО дипломдық жұмыстың (жобаның) орындау ережелері. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5.04.020-2008.- Астана.

3 Рутгайзер О.З. Выпускная работа на соискание степени бакалавра. Орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы, 2007.

 

                               2011 ж. жинақтық тақырыптық жоспар,  __- поз.