Коммерциялық емес акционерлік

Алматы энергетика жәнеқоғам байланыс институты

 

Автоматты электр байланыс кафедрасы

 

 

Дестелерді  жалғайтын сандық  желі

 

050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

Алматы 2009 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ш.А. Мирзакулова, Дестелерді жалғайтын сандық желі. 050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- Алматы: АЭжБИ, 2009. - 17 с.

 

Әдістемелік нұсқау курстық жұмысты орындауға және де жобалаудың негізгі принциптерін түсіндірудегі материалдары және негізгі қолданатын әдебиеттерден тұрады

Әдістемелік нұсқаулар 050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне  арналған.

Мазмұны

 

             Кіріспе

 

          1 Курстық жұмыстың мақсаты және берілгендері

9

2 Курстық жұмыс түсіндірме хатының мазмұны

9

2.1 Курстық жұмысқа тапсырмалар

9

3 Курстық жұмыс орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар

10

3.1 Корпоративті желілерді жобалау

11

3.2 Операционды жүйелерді таңдау

13

3.3 ТЕЖ жобалуының реті

14

3.4 Кескін екілік экспоненциалды мерзімін ұзартуын есептеу

15

3.5 Мәліметтер қорғауының қажетті деңгейін қамтамасыз ету

19

Қысқартулар тізімі

 

Әдебиеттер тізімі

 

  

Кіріспе 

Байланыс қауымның күшті қарқынмен дамып келе жатқан инфрақұрылым бөлігінің бірі болып табылады. Байланыстың дамуынсыз эконикалық факторлармен анықталып қойылған бүкіл әлемдік көлемде индустриалдыдан ақпараттық қауымқа өту мүмкін емес. Ішкі жанды ұлттық, сонымен қатар ақпараттық өнімнің өсуімен қызметтер еншісі арта түседі. Бұл өту процессі байланыс және ақпарат, сонымен қатар электроника, оптика және есептеуіш техникасында ғылыми-техникалық төңкеріс қызметтеріне сұраныстың өсуімен талап етілді. Өз кезегінде, ғылыми-техникалық төңкеріс ары қарай жаңа қызметтерді туындатып жатқан және соған келісімді сұранысы да өсіп жатқан жаңа телекоммуникациялық технологиялардың құрылуына алып келді.

Электрлік байланыс жүйесі қызметтерінде өзара әрекеттесетін адамдар арсында және қолданбалы процесстердің әртүрлі бөліктерінің арасындағы әмбебап құрылғы болып табылады. Көп тұтынушылар олардың орналасу орнынан және интелектуалды деңгейінен тәуелсіз электрлік байланыс тәсілімен тарату үшін ыңғайлы түрде өздеріне келтіре ақпаратпен алмаса алады.

Бүгін телекоммуникаия тәсілдері өте жылдам дамып келеді. Осыған радиоэлектронды компоненттер жасау технологияларының жетілуінен бастап, байланыс техникасы мен есептеуіш техника интегралдауымен аяқтай көптеген факторлар себепкер болады. Телекоммуникация тәсілдерін ақпаратты өңдеу және сақтау тәсілдерімен біріктіру адамның интеллектуалды мүмкіндігін көпдүркін арттыруға шақырылған ақпараттық қауымның техникалық негізін құрайды. Ақпараттық жүйелердің өзегі болатын байланыс жүйесі қазіргі кезге сай қауымның үлкен рөлін атқарады. Олар нақты уақыт масштабында әлемдік кеңістіктің кез келген нүктесінде тұрған тұтынушыға кез келген көлемде, кез келген мазмұнды ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді.

Кеңістікте орналасқан күрделі ақпараттық кешендер байланыс желісімен бірігуінің күрделі жүйеден кем емес және өзара жеке элементтер арасында әрекеттесуінің күрделі ережелерінен кем емес талап етеді. Қарым-қатынас бір-бірінен алшақ орналасқан деңгейі бойынша әртүрлі техникалық иерархия жүйелері арасында бола алады, бірақ ол бір үстел үстінде отырған адамдардың қарым-қатынасы немесе ЭЕМ-нің басқару құрылғысын ұстап отырған адам сияқты сондай қарапайым және ыңғайлы болуы керек. Бұндай келесі жағдайда мүмкін болады, егер алып тасталған объектілердің әрекеттік жолдары дұрыс анықталған болса, қажетті техника көлемінің бары, сақтық қоры кезінде қолдану мүмкіндігі қаралған болса, әрекеттік стандартты процедуралар өңделген болса мүмкін болады.

Жүйелер күрделі болды; желілер де күрделі бола бастады. Олар адаммен жасалған жүйелер күрделілігінің шегіне жақындай түсті. Желінің ұйымдасу және функционалдау қағидаларының жалпы ойын түсіну жеткілікті қарапайым. Алайда, барлық талғампаздығын және техникалық бөлшектерін және элементтер арасында өзара әрекеттінің барлық механизмдерін терең сезіну үшін едәуір күш жұмсалуы талап етіледі.

Бастапқы кезде корпоративтік желілер жаңа тұтынушулардың қосылуы талап етілетін біріккен төңіректі есептеуіш желіні (ТЕЖ, LAN, Local-Area Network) ұсынды. Бұл ТЕЖ-де желінің барлық құрылғыларына қосылатын логикалық және физикалық сымжелілері (кабель) болды. Ethernet жағдайында желінің барлық тораптарында тең өлшемде қолданатын 10 Мбит/с жылдамдықты өткізу жолағы болды. Бұндай ТЕЖ ішінде барлық дестелері тең дәрежеде барлық құрылғылармен өңделетін біріккен қақтығыс доменін кескіндеді. Бұндай ТЕЖ-те «тасушы басқарылуымен және қақтығысты айқындауымен көптік қатынау» (Carrier Sense Multiaccess With Collision Detection, CSMA/CD) деп аталатын тарату әдісі қолданды. Бұндай ТЕЖ-де қақтығыстардың пайда болуы желінің нақты жылдамдығының  есептелген мәннен аз болуына әкеліп соқты.

Қолданушылардың максималды санын қамту кезінде бiр қақтығыстық доменiнде құрамына көпір (Bridge) деп аталатын ТЕЖ құралдарының жабдығын қосу қажеттігі туындады. Көпір барлық ТЕЖ бірнеше қақтығыстық домендерге бөлінуін қамтамасыз етті, ол бір қақтығыстық доменде сол тораптардың санын қысқарту есебімен желінің әр торабына жетімді өткізу жолағын арттыруға мүмкіндік берді.

Компьютерлік мазмұнмен толы телекоммуникация жүйесі үшін білікті, сапалы және логикалық қатал қамтамасыздандырылу қажет. Тарату және жалғау қалыптандыру әдістері техникалық тәсілдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді, ал қазіргі кездегі байланыс жолдарының құрамы сигналдарды жоғарғы жылдамдықта таратуға мүмкіндік береді және кез келген күре жолға байланыс жүйесінің икемделуін қамтамасыз етеді.

Берілген жұмыста Windows 2000 Advanced Server операциялық жүйесінің басқаруымен төңіректік есептеуіш желі ұйымының құрылу мәселесі қарастырылады.

Жалғастырылған жобаның іске асырылуы бөлімше ішінде қағазды құжат айналымын қысқартуға, еңбек қнімділігін арттыруға, ақпаратты өідеуге жұмсалған уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Тергеу сияқты жаңа экономикалық және инвестициялық жобаларды өңдеу және іске асыру үшін қосымша уақыт ресурстары бейнеленеді. Сонымен, корпоративті желіге ендіруде есесін қайтару және тиімділік мәселелері шешіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты болып корпоративтік компьютерлік желі ұйымы табылады. 

 

1 Курстық жұмыстың мақсаты және берілгендері

 

Курстық жұмыстың орындалуы «Дестелерді жалғайтын сандық желі» пәнін оқу барысында алынған білімді бекітуге, әртүрлі типті буындарынан құралатын Ethernet желісінің конфигурациясын таңдау дағдыларды алуға,  STP хаттамасының жұмысымен танысуға бағытталған.

Курстық жұмыс корпоративті желілерді жобалау сұрақтарына арналған. Жұмыстың орындалу тізбегі және тапсырмаға түсініктемелер әдістемелік нұсқауда берілген. Түсіндірме қағаз ақ қағаздың әр бетінің бір ғана жағында (сызғышсыз) жазылады.

Курстық жұмыста шешімдерді қабылдайтын, түсініктеме үшін қажетті есептеулерді, функционалды сұлбаларды, кестелер мен сызбалырды орындайтын қажетті негіздеулер келтіріледі.

Жұмыста оқулықтар мен оқулық нұсқауларында бар сипатталған материалды жатқызу тиісті емес. Әр студент курстық жұмысты нөмірі сынақ кітапшасының нөмірінің соңғы екі сандық белгілердің қосынды санымен анықталатын бір нұсқада орындайды.

 

2 Курстық жұмыс түсіндірме хатының мазмұны

 

Түсіндірме хатта қажетті: курстық жұмыстың мақсатын негіздеу, бастапқы мәндермен сәйкес есептеулер жүргізу және нәтижесінде жасалынған жұмыс жайлы қорытынды жасау.

 

2.1 Курстық жұмысқа тапсырма

 

Корпаративтік желі бір үлкен мекемеге қызмет етеді. Корпоративті желінің құрылымы: Ethernet немесе Token Ring түрінде ТЕЖ өзімен ұсынатын қосымша желілер қатары болады және бір немесе бірнеше жақын оналасқан бөлмелерде орналасқан әр қайсы бөлек болатын бөлімшелерді қамтамасыз етеді; қосымша желілер қатынау серверінің көмегімен бір біріне өзара байланысқан; сыртқы территорилық желіге шығысы бар.

Курстық жұмысқа тапсырма:

-  операциялық жүйені таңдау;

- есептеулер негізінде кәсіпорын төңіректік желісінің рационалды, иілгіш құрылымдық сұлбасын жетілдіріу;

- кескін екілік экспоненциалды кешігуін есептеу;

- мәліметтерді қорғау қажетті деңгейін өамтамасыз ету;

-  бастапқы мәндерде көосетілген хаттаманың негізгі принциптерін жазу.

Желіні жобалау үшін бастапқы мәндер

Бөлімше тарауында кәсіпорынның бас директоры тұр. Бөлімшелер құрамына төрт бөлім кіреді, олардың біреуі – бастыққа тікелей бағынатын арнайы бөлім. әр бөлім бағынуда әртүрлі бөлімшелерсанынан құралады. әр бөлімшеде, өз кезегінде, штатты-тізбекті кестеге байланысты қызметкерлер өз қызметтерін атқарады. Бөлімшеде барлығы М адам жұмыс істейді, оның әрқайсысына қолдануға дербес компьютер бөлінген. Бөлімшенің ұйымының құрылымдық сұлбасы 1 суретте келтірілген. Желіні жобалауға арналған бастапқы мәндер 1 кестеде.

 

 

1 СуретБөлімшенің ұйымдық-штатты құрылымы

 

1 К е с т еБастапқы мәндер

Көрсеткіштер

Нұсқалар

М

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

29

32

36

41

40

43

39

45

48

49

n1директор үшін

35

45

33

43

41

38

39

37

40

45

n2директор үшін

15

17

12

16

19

20

21

19

18

14

n1бөлім1 үшін

27

24

22

25

29

19

25

28

24

23

n2бөлім1 үшін

17

19

25

19

23

24

26

28

26

27

n1бөлім 2,3,4 үшін

40

39

38

34

33

22

24

28

29

21

n2бөлім 2,3,4 үшін

5

7

9

10

6

8

13

12

11

9

n1бөлімшелер үшін

9

6

7

11

9

6

11

10

8

7

n2бөлімшелер үшін

6

9

6

7

8

11

9

7

6

8

N

2

3

12

8

4

13

9

6

7

12

Хатаммалар

STP

RIP

DHCP

DNS

ARP

RTP

PPP

Telnet

TCP

UDP

 

1 кестенің жалғасы

Көрсеткіштер

Нұсқалар

М

11

12

13

14

15

16

17

18

27

35

42

37

28

46

34

44

n1директор үшін

34

45

36

42

46

48

49

47

n2директор үшін

18

22

15

23

14

24

25

26

n1бөлім1 үшін

20

26

21

19

23

19

27

18

n2бөлім1 үшін

18

21

22

20

25

24

27

29

n1бөлім 2,3,4 үшін

41

38

37

40

39

28

26

29

n2бөлім 2,3,4 үшін

8

11

12

13

9

14

15

16

n1бөлімшелер үшін

10

8

9

12

11

14

16

13

n2бөлімшелер үшін

7

11

9

8

12

13

14

10

N

5

8

11

9

14

12

10

15

Хатаммалар

SNMP

BGP

IGMP

OSPF

ICMP

HDLC

MPLS

RARP

 

 

3 Курстық жұмыстың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

3.1 Корпоративтік желілерді жобалау

 

Ethernet негізінде желіні жобалау кезінде кейбір факторларды ескеру қажет: желі үшін ең маңызды тапсырмалар, желінің өткізу жолағы, ақпараттық ағындардың сипаттамасы мен тарату тәсілі, жұмыс орнының саны және оларды кеңейту мүмкіндіктері. Бұл көрсеткіштер құрылуына және ТЕЖ монтажына, сонымен қатар, толығымен желі кескін үйлесіміне әсер етеді.

Төңіректік желілердегі жалғаулар келесі буын технологияларында қолдануға өтуге бүгін орындалатын негіздердің бірі болып табылады. Дәстүрлі ТЕЖ кішігірім станция санының пайдаланушыларымен ресурстарды бірігіп қолдануға есептелінген (әдетте 50-ге дейін). Бөлінетін ресурстар санына файлдар және шет аймақтық құрылғылар жатады (принтер, модем және т.б.). Күре жол суреті бұндай желілерде айқын белгіленген жарылғыш пейілі болғандықтан, жолақтың барлық тұтынушыларының арасында бөлініп қолдану жұмыстың елеулі түрде баяндауына алып келеді. Ethernet және token ring стандарттары желілік құрылғылар қатынауын бөлінетін тарату ортасына реттейді. Құрылғылардың бірі желіде мәліметтерді тарату кезінде қалған барлығы өз мәліметтерін желіде таратуына талаптанбай таратылу аяқталуын күтулері қажет.

Бұндай қатынауды бөлу сұлбасы файлдар немесе принтерлерді қолдануын біріктіру үшін кішігірім желілерде ортаға өте тиімді. Бүгін төңіректік желілердің көлемі мен күрделілігі біраз өсті, ал құрылғылар саны мыңдықпен өлшенеді. Тұтынушылардың сұранысының өсуімен үйлестіруде детерминистік емес сипаттама дәстүрлі желілік сәулеті (Ethernet және token ring сияқты) желілік қосымшалар мүмкіндігін шектей бастады. ТЕЖ жалғаушы Ethernet және token ring негізінде бар ТЕЖ өмірін ұзартуға қабілетті белгілі технология болып саналады. Жалғауыш жетістігі болып буындалу желілерінде – буындағы станциялар санының маңызды азаюымен өте майда үзінділерге бөлінуімен қорытылады. Кішігірім буын күре жолды шеттету әр тұтынушыға қол жетерлік жолақ көпдүркін өрістеуге әкеліп соғады, ал  виртуалды ТЕЖ (VLAN) қолдауы едәуір жүйенің иілгіштігін арттырады.

Корпоративтік желілерді жобалау кезінде оны көп қабатты пирамида түрінде көрсеткен жөн. Бұл пирамиданың қабаттары бір-бірімен байланысты және тікелей ықпал көрсеткенімен, әдетте әр қабат сәйкесінше кәсіптің мамандары және фирмаларымен автономды жобаланады. Бұндай жағдайда кез келген кескін үйлесімді иілгіштеп құруға мүмкіндік бар, ол жеткілікті қарапайым түрде тапсырушы қолданып қойған жағдайға байланысты мәселені шешуге рұқсат етіледі, мысалы, кез келген МҚБЖ (мәліметтер қоймасымен басқару жүйесі) қолданып, басқа мәліметтер қоймасымен жұмыс үшін өз персоналын қайта есепке алғысы келмейді.

Осы кезде кез келген басқа қабаттар сипаттамасының қабатын жобалау кеінзде, жоба шешімдерінің қабылдануына ықпал көрсететін жиынтық түрде бастапқы мәндер сияқты алынады. Мысалы, қосымшаларды жобалау кезде кәсіпорын билігіндегі әбден анықталған тұрарлық диапазонда бүгінгі жалғауыш жабдығын қамтамасыз ете алатын жылдамдық ескеріледі. Көліктік жүйені өңдеушілер күре жол туралы ынталы мәліметтермен бағдарланады. Олар кәсіпорында бар қосымшаларды және осы бір-екі жылда әрекетке ендіруге белгіленген қосымшаларын құра алады.

Тапсырыскер/сервер моделінде байланыс желі бойынша екі облысқа бөлінеді: тапсырыскер жағы және сервер жағы. Тапсырыскер ақпаратты немесе басқа сервер қызметінен сұраныс жасайды. Сервер өз кезегінде, тапсырыскер сұранысына қызмет жасай бастайды. Көбіне тапсырыскер/сервер моделінің әр жағы сервер, сондай-ақ тапсырыскер сияқты бір-бірінің функцияларын атқара алады. Компьютерлік желіні құру барысында корпоративтік желіні құра отырып, сізге қандай жабдық пен бағдарламалық қамтамасыздандыру өажетекенін анықтайтын әртүрлі құрамдас бөліктерді таңдау қажет. Компьютерлік желі – бұл қазіргі кезге сай іскер инфрақұрылым бөлінбес бөлігі, ал корпоративтік желі – компьютерлік желіде ққолданылатын қосымшалардың бірі, және ол желінің құрамдас бөлігін таңдауды анықтайтын жалғыз фактор болмауы керек. Intranet құрамдас бөліктері үшін қажетті желіде бар оның сәулетін өзгертпейтіндей етіп толықтырулар болуы керек.

Кәсіпорын жағдайымен баланысты барлық желі бір ғана қабатта орналасады және желі сегменттерінің арақашықтығы репитерлерді қолдану талап етілмеуі үшін онша алшақ болмайды, 2 суретте көрсетілген.

 

 

2 Сурет Бөлме жоспары

 

ТЕЖ-ні сервермен бірге жобалау кезде оның орнатылуына келесі факторлар әсер етеді:

- шуыл деңгейі жоғары болғандықтан сервер лазым түрде басқа қызмет станцияларынан бөлек орнатылады;

- техникалық қызмет етілуіне серверге тұрақты қатынауды қамтамасыз ету қажет;

- ақпаратты қорғау пікірлері бойынша серверге қатынауды шектету талап етіледі;

- желілік әкімшілік әрдайым сервер жұмысын қадалай алады және серверге қызмет етілуді болдыра алады.

 

3.2 Операциялық жүйені таңдау

 

Төңіректік желі қалыпты жұмыс істеуі үшін оның тиісті деңгейде жұмыс қабілеттілігін қолдау талап етіледі. Ол үшін мәліметтерді сақтау орнықтылықты болдырмау жүйесінде құру қажет. Бірлестік қызметкерлерінің Internet Ауқымды Желісіне қауіпсіз шығуы. Қатынау құқығын шектету. Офистан тыс жерде қолайлы жұмыс (үйде, жолда және т.б.). Әр қызметкер үшін кез келген ақпаратқа жылдам қатынау. Кең қолданыстағы комьютерлік бақтың бар болуы дербес компьютерлердің, сондай-ақ желілік компьютерлердің әртүрлі операциялық жүйелерді қолдануына алып келді. Қазіргі кезде бұл: Windows Server 2003, Nowell NetWare, Unix, Linux.

Желілік әкімшілік және желімен басқарудың тапсырмаларын шешу үшін операциялық жүйелерді таңдауды негіздеу қажет.

 

3.3 ТЕЖ жобалау реті

 

ТЕЖ жобалау үшін жобаланатын желіні өңдеуге қажет кәсіпорынның ақпараттық ағынын анықтау қажет.

Бір ақпараттық байланыстың ақпараттық жүктемесі берілген бөлімше және сонымен байланысты әр бөлімше арасында екі бағытта да құжат айналымы бойынша анықталады.

Бастапқы ақпарат тасушы болып 2000 әріпті-санды белгілер мен кемтіктері бар А4 пішінінде стандартты бет саналады. 8-битті кодалау кезінде осындай беттің ақпараттық сыйымдылығы Е=200*8=16000 бит тең болады.

Бір ұйымдық байланыстың ақпараттық сағаттық жүктемесі тең болады, бит/с өлшенеді:

 

.                                                                                    (1)

 

мұндағы Е – құжат стандартты бетінің ақпараттық сыйымдылығы;

                n1 – бір сағат ішінде берілген бөлімшігі түсетін беттер саны;

                n2 – бір сағат ішінде бөлімшелерге жіберілген мәліметтері бар

                       беттер саны.

Кәсіпорынның барлық бөлімшелері үшін ұйымдық байланыстың ақпараттық сағаттық жүктемесі (1) формуласымен анықталады. Ең алдымен 2, 3, 4 бөлімдердің ішкі ақпараттық сағаттық жүктемелерін есептеу керек.

2, 3, 4 бөлімдерінің барлық ұйымдық байланыстың сғаттық ақпараттық жүктемесінің қосындысы тең болады:

 

                                                                                 (2)

 

мұндағы Nкәсіпорын сұлбасындағы ұйымдық байланыс бөлімдерінің

                      саны.

Ары қарай директор жұыс станциясының ұйымдық байланысының ақпараттық сағаттық жүктемелер есептеулері орындалады, жүктемелер қосындысы кәсіпорындағы барлық бқлімдердің барлық ақпараттық сағаттық жүктемелерінің көбейтуімен анықталады.

Жалпы жүктеменің ИНS,макс, жобаланатын желінің негізгі технологиясының пайдалы өткізу қабілеттілігін анықтау үшін қажетті бастапқы болып саналатын ең максималды мән таңдалады.

Желідегі жалпы өткізу қабілеттілігі Ср келесі формула арқылы анықталады:

 

                                                                            (3)

 

 

мұндағы k1 = (1,1¸1,5) – хаттамалар стегінің хаттамалық артықтылығын

                                          есепке алатын коэффициент, тәжірибеленетін

                                          желіде өлшенген; стек үшін TCP/IP k1»1,3;

                k2 келешекте желінің кеңею үшін артық өнімділік

                       коэффициенті, әдетте k2»2.

Логикалық жобаланған есептеуіш желілер.

ТЕЖ үшін есептеуіш желінің логикалық құрылымы жүктеу коэффициентін есептелуінің негізінде анықталады және желілік технологиялар соңымен таңдалынады; есептеуіш желінің логикалық сұлбасы өңделеді.

ТЕЖ үшін тиісті есептеулер келесі тізбек бойынша орындалады:

- төңіректік есептеуіш желісінің құрылымдық емес жүктеме коэффициентінің анықталуы:

 

                                  (4)

 

мұндағы Смаксжелінің негізгі технологияның максималды өткізу  қабілеттілігі.

Сонымен қатар, ТЕЖ (қақтығыс домені) мүмкін жүктемесінің талаптарының орындалуын тексеруді орындау қажет, ол келесі теңдеу арқылы жүзеге асырылады:

 

                       (5)

 

мұндағы  - ТЕЖ логикалық буынының желісінің немесе қақтығыс

                            домендерінің құрылымдық емес жүктемесінің

                            коэффициенті

3 суретте кәсіпорынның құрылымдық емес желісі көрсетілген.

Егер (5) талабы орындалмаса, логикалық ТЕЖ құрылымын орындау қажет (бір қақтығыс доменін бірнешеге бөлу):

 - әр интерация орындалу талаптарын қадағалай отырып (5), желіні әр логикалық буындағы Nл.с. компьютерлері бойынша логикалық буындарға бөлу тізбегі (мысалы, бір қақтығыс доменін екі қақтығыс доменіне бөлу):

 

 

Желі логикалық буындарға(сегмент) көпірлер, жалғауыштар және бағыттауыштар көмегімен бөлінуі мүмкін

 

 

3 Сурет Кәсіпорынның құрылымдық емес желісі

 

3.4 Кескін екілік экспоненциалды мерзімін ұзартуын есептеу

 

Ethernet төңіректік желісі бойынша мәліметтерді тарату үшін Carrier Sense Multiple Access with Collision Detection (CSMA/CD) алгоритмі қолданылады.

Қатынау процедурасы CSMA/CD процедурасының тарату ортасына екі негізгі көзқараспен құрылады:

- тасушы сигналын бақылау (Carrier Sense);

- қақтығысты табу (Collision Detect).

Қақтығыс (collision) – Ethernet желісінде бірнеше жұмыс станцияларының бір уақытты тарату кезінде пайда болатын таратылатын мәліметтердің бұрмалануы.

Қақтығысты табу кезінде жұмыс станциясы мәліметтер кадрын таратуды тоқтатады және арнайы «Jam» сигналын тарата бастайды, ол қабылдаушыға қақтығыс болғанын көрсету үшін қажет. Jam сигналы арнайы кодаланған сәлемдемені білдіреді, ол 32 биттен тұрады. Jam сигналын таратқан соң келесі мәліметтерді тарату тарату алдында жүйеде үзіліс болады. Осы үзілістің ұзаққа соқылуы кідіріс деп аталады (backoff period) және қақтығысқа енген екі жүйе де кездейсоқ санды генератор көмегімен кескін екілік экспоненциалды кідіріс (truncated binary exponential backoff) алгоритмі бойынша өзбетімен есептеулер жүргізіледі. Кездейсоқ кескін периодымен екі жүйеде бірдей болмас үшін және қайтадан бірге таратып, қақтығысқа қайта ұшырамас үшін есепттелінеді.

CSMA/CD әрекетінің прцедурасы келесідей: желіге неғұрлым көп жүйе қосылған болса және неғұрлым мәліметтерді көп тарататын болса, соғұрлым  көп қақтығыстарға ұшырайды. Қақтығыстар – Ethernet желіісінің қалыпты жұмыс бөлігі, бірақ ол желіге кедергі жасамайды деген сөз емес. Қақтығыстар мәліметтерді таратуда кідірістерге алып келеді, сондықтан жүйелерге кейбір кадрларды қайтадан жіберу керек болады.

Қақтығыстың пайда болу көз қарасынан ең қолайсыз болып бір станция кадр таратуын аяқтап қойғанда, бірақ таратылған кадр жолдарда сигнал таралуының кідірісі үшін өзінің кадрын жібере бастаған келесі станцияға жетпей қалатын жағдайы табылады. Ол үшін осыған ұқсас жағдайлардан аулақ болу керек, барлық станциялар қақтығыс домені (collision domain) деп аталатын ішінде орналасуы керек.

Қақтығыс домені – төңіректік желі буынының аймағындағы виртуалды облыс. Сигналдардың таралу кідірісі берілген облыс ішіне кіретін кез келген екі станция арасында болады, ол орнатылған қақтығыс доменінің диаметрінің мәнінен аспауы керек.

Қақтығыс доменінің диаметрінің мәні әдетте уақыт бірлігінде анықталады және Ethernet желісінің берілген түрі үшін минималды ұзындығы кадрды таратудағы екі еселенген уақытына сәйкес келеді. Қақтығыс доменінің диаметрі келесі жолмен табылады:

 

D = 2*< кадрдың минималды ұзындығы>*0.1 мкс = 51.2 мкс

 

Көрсетілген бастапқы мәліметтерде қақтығыстан кейін кадрды жіберіп көру мәндері берілген. CSMA/CD хаттамасының жұмыс алгоритімін дұрыс түсіну керек және мерзімін ұзарту үшін қажетті жұмыс станциясының күту уақытын есептеу керек.

 

3.5 Мәліметтер қорғауының қажетті деңгейін қамтамасыз ету

Оңаша ақпаратқа бекітілмеген қатынау астыртын тұтынушылар жағынан ақпараттың осы жағынан қажетсіз манипуляцияларға алып келуі мүмкін.

Ақпаратты қорғау – бұл жылыстауды, ұрлық жасалуды, жоғалуды, бекітілмеген жойлуларды, бұрмалануды, түрлендіруді (жасанды көшірме), бекітілмеген көшірулерді, ақпараттарды оқшаулауды және т.б. болдырмау мақсатымен өтетін шаралар кешені.

Корпарация желісін жобалау үшін ақпаратты қорғау тәсілінің тектестіруін жүзеге асыру және ақпаратты қорғаудың қолайлы тәсілдерді ұсыну керек.

 

Қысқартулар тізімі

  

ТЕЖтөңіректік-есептеуші желі

МҚБЖмәліметтер қоймасымен басқару жүйесі

ЭЕМ – электронды-есептеуіш машинасы

ARP (Address Resolution Protocol) – адрестерге рұқсат хаттамасы

CSMA/CD (Carrier Sense Multiaccess With Collision Detection,) – тасушы басқарылуымен және қақтығысты айқындауымен көптік қатынау

DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) – серпінді торап кескін үйлесімінің хаттамасы

DNS (Domain Name System) – доменді атаулар жүйесі

IP желіаралық өзара әрекеттестік хаттамасы

RIPбағыттауыш хаттамасы

RTP (Real-Time Protocol) – дыбыстық қосымшалар деңгейлері үшін арналған хаттама

LAN (Local-Area Network) – төңіректі-есептеуіш желісі

PPP (Point-to-Point Protocol) –«нүкте-нүкте» хаттамасы

STP – ағаш бүркеу хаттамасы

TCP (Transmission Control Protocol) – таратумен басқару хаттамасы

VLAN – виртуалды ЛВС

UDP (User Datagram Protocol) – тұтынушулар датаграммасының хаттамасы

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Олифер В., Олифер Н., Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. - СПб.:Питер, 2006 – 958 с.

2. Таненбаум Э., Компьютерные сети. - СПб.:Питер, 2007 – 992 с.

3. Норенков И.П. Трудоношин В.А. Телекоммуникационные технологии и сети. 2-е изд., испр. и доп. – М.: Изд-во МГТУ им. Баумана, 2000. – 248с.

4. Кульгин М. Практика построения компьютерных сетей СПб.: Питер, 2001. – 320с.

5. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Сетевые операционные системы. – СПб.: Питер, 2001. – 544 с.

6. http://www.twirpx.com/file

7. http://www.c-tt.ru/content/?fl=484&sn=272

8. http://lanhelper.ru/seti/8