Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Алматы энергетика және байланыс университеті

Автоматы электр байланыс кафедрасы

 

 

Байланыс желілері және коммутация жүйелері 

5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2012

    ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ш. А. Мирзакулова., Л. О Балгабекова. Байланыс желілері және коммутация жүйелері: 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АЭжБУ, 2012. - 25б.

Әдістемелік нұсқау IP – PBX KX – TDA200 «PANASONIC» цифрлік гибриттік жүйеде зертханалық жұмыстарды орындауға байланысты материалдарды қамтиды. Бұл әдістемелік нұсқауда көпфункционалды цифрлік жүйелік телефон аппараттарының функционалды батырмаларының сипаттамасы және белгілі мәліметтерге абоненттік бағдарламалаумен іске асатын байланыстың негізгі және кеңейтілген қызметін ұсыну, шақыруларды өңдеу және жүргізу әдістемесі, ұсынылған әдебиеттер тізімі және бақылау сұрақтары берілген.

Әдістемелік нұсқау 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған.

Без.-23, кесте - 6, әдеб.көрсеткіші.- 3 атау. 

 

Пікір беруші: доцент М.В. Башкиров

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012ж. баспа жоспары бойынша басылады. 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» ҚЕАҚ, 2012 ж.

 

Мазмұны  

Кіріспе 

4

1 Зертханалық жұмыс №1. Сандық жүйелік телефонда (СЖТ) орнатылған қызметтер жинағын зерттеу

 

5

1.1 Алдын ала дайындық

5

1.2 Жұмыс тапсырмасы

5

1.3 Жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік  нұсқаулар

6

1.4 Бақылау сұрақтары

11

2 Зертханалық жұмыс №2. Абоненттерге ішкі нөмірлер мен есімдерді тағайындау (өшіру, атын өзгерту)

 

11

          2.1 Алдын ала дайындық

11

          2.2 Жұмыс тапсырмасы

11

2.3. Жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік  нұсқаулар

12

2.4 Бақылау сұрақтары

13

3Зертханалық жұмыс №3. Абоненттерді топқа біріктіру (өшіру) және қоңырау шалған кезде топтарды басқару

 

13

          3.1 Алдын ала дайындық

13

3.2 Жұмыс тапсырмасы

14

3.3 Жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік  нұсқаулар

14

3.4 Бақылау сұрақтары

15

4Зертханалық жұмыс №4. Абоненттерге қызмет көрсету қосымша түрлерін (ҚКҚТ) тағайындау (өшіру, атын өзгерту)

 

16

4.1 Алдын ала дайындық

16

4.2 Жұмыс тапсырмасы

16

4.3 Жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік  нұсқаулар

23

4.4 Бақылау сұрақтары

24

 

Кіріспе 

«Байланыс желілері және коммутация жүйелері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау курстың екі негізгі бөлімі бойынша материалдардан тұрады және сандық гибридті IP-PBX (МАТС) және компьютерлік телефония технологияларын зерттеуге негізделеді. Ақпараттарды интеллектуалды өңдеуді, орнатылған қызметтер жинағымен ерекшеленетін, сандық жүйелік телефон аппараттарының әр түрлерін қолданған кезде дағдыларды алуды, тұрақты қызметі бар батырмаларды, оралымды белгіленетін батырмаларды және бағдарламалайтын батырмаларды үйретуді жүзеге асыратын сандық гибридті IP-PBX KX - TDA200 «PANASONIC» жүйесінің жүйелік параметрлерімен және функционалды мүмкіндіктерімен студенттерді таныстыруға мүмкіндік береді.

Компьютерлік технологиялар эволюциясының жиынтығы компьютерлік-телефонды интеграция – КТИ (CTI – Computer Telephone Integration) жүйелерінің пайда болуына алып келді. CTI технологиясы екі қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді: бағдарламалық жасақтама көмегімен өңделетін сандық деректері бар телефон каналы бойынша берілетін дыбыстық сигналдарды және сөзді біріктіру; телефон шақыруларының қозғалысын бақылау және оларды басқару.

Қазіргі заманғы мекемелік автоматтандырылған телефон станцияларының (МАТС) функционалды мүмкіндіктері өте алуан түрлі: ISDN-мен интерфейс, дыбыстық пошта және конференц-байланыс қызметі, шақыруларды автоматты бөлу және басқа да қызметтер.

Сандық гибридті IP - PBX KX - TDA200 «PANASONIC» жүйесі 8 сыртқы желіні және 16 қосылатын нөмірлерді өсіруге рұқсат береді, бұл 96 порттан (бір корпус – негізгі блок) 336 портқа (үш корпус) дейін үнемді кеңейтуді қамтамасыз етеді. Жүйе әртүрлі телекоммуникациялық жабдықтарды: радиотелефондарды, аналогты және сандық жүйелік телефондарды, стандартты телефон аппараттарын, автожауап қайтарғыштарды, факстарды және т.б. қосуға мүмкіндік береді. Қолайлы басқарылады және қолайлы конфигурациялауға болады, деректерді энергияға тәуелсіз сақтауға болады, компьютер желілеріне қосуға болады, телефон байланысының базалық қызметтерін ұсынады, шақыруларды өңдеудің интеллектуалды қызметі, пошталық сервер қызметі, деректерді жіберуді қолдайтын аралас трафикпен операция жасау құралдары, жергілікті және корпоративті есептеуіш тораптармен қосарландыру қызметі, микроұялы байланыс торабын интеграциялау құралдары бар.

Гибридті АТС сөз сигналы аналогты түрде өңделеді, бірақ сандық ақпараттарды өңдеп және жіберуге арналған кейбір қосымша мүмкіндіктер енгізілген.

 

1 Зертханалық жұмыс№1. Сандық жүйелік телефонда (СЖТ) орнатылған қызметтер жинағын зерттеу

 

Жұмыстың мақсаты: сандық жүйелік телефонда (СЖТ) орнатылған қызметтер жинағымен; әртүрлі батырмаларды (тұрақты қызметі бар; икемді тағайындаланатын және бағдарламаланатын) тағайындаумен таныстыру.

 

1.1 Алдын ала дайындық

 

МАТС жіктелуін, қазіргі заманғы МАТС сервистік мүмкіндіктерін, жүйелік телефон аппараттарын және олардың ерекшеліктерін, компьютерлік телефония технологиясын, телефон байланысының стандартты базалық қызметтерін, шақыруларды өңдеудің интеллектуалды қызметін, пошталық сервер қызметін, деректерді жіберуді қолдайтын аралас трафикпен операция жасау құралдарын, жергілікті және корпоративті есептеуіш тораптармен қосарландыру қызметі, микроұялы байланыс торабын интеграциялау құралдарын оқу.

 

1.2 Жұмыс тапсырмасы

 

1.2.1 Навигация/диск JOG DIAL батырмаларының, дыбыс қаттылығы батырмаларының мүмкіндіктерін зерттеу.

1.2.2 Тұрақты қызметі бар батырмалармен танысу: СО (сыртқы желі); SP-PHONE (Спикерфон); AUTO DIAL/STORE (автоматты теру /сақтау); PAUSE (үзіліс); REDIAL (қайта теру); MESSAGE (хабарлама); INTERCOM (ішкі шақыру); AUTO ANS (Auto Answer)/ MUTE (автоматты жауап беру / микрофонды сөндіру); TRANSFER (шақыруды жаңа мекенжайға жолдау); HOLD (ұстап тұру); FLASH/RECALL ( «флеш» сигналы /қайта шақыру); CONF (Conference) – (конференц-байланыс); FWD/DND (шақыруды жаңа мекенжайға тұрақты жолдау /мазаламау); RELEASE (желіні босату).

1.2.3 Арнаулы қызметі бар батырмалармен танысу: бос сыртқы желі (СО) батырмасы; терминалға тікелей қатынау батырмасы (DSS); хабарламалар батырмасы, гарнитура батырмасы; әңгімені жазу батырмасы; дыбыстық поштаға жолдау батырмасы.

1.2.4 Қоңырауды, СЖТ дисплейінің контрасын реттеуді және JOG DIAL дискісі көмегімен мәзірдің қажетті тармақтарын іздестіруді жүргізіңіз.

1.2.5 SP-PHONE; REDIAL; INTERCOM; TRANSFER батырмаларын зерттеуді жүргізу. Intercom батырмасын қолданып, ішкі теруді жүзеге асырыңыз.

1.2.6 Transfer батырмасын қолданып, өз нөміріңізді анықтаңыз.

1.2.7 PIN жасау/ бас тарту.

1.2.8 Абонент анықтамалығында есімдерді және нөмірлерді сақтау.

1.2.9 Абонент анықтамалығында есімдерді және нөмірлерді редакциялау.

 

1.3 Жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

 

1.3.1 Жүйелік телефон аппараттары (ЖТА) және олардың ерекшеліктері. Қол жетімді жүйелік телефон аппараттарының сервистік қызметтерінің толық жиынымен танысу.

1.3.2 ЖТА функционалды, бағдарламалайтын және жұмсақ батырмаларымен танысу. Навигация/диск JOG DIAL батырмаларының, дыбыс қаттылығы батырмаларының мүмкіндіктерін зерттеу. Навигация батырмасы дисплей контрасын өзгерту және дыбыс қаттылығын реттеу үшін, сонымен қатар дисплейде кескінделетін мәзірдің қажетті тармақтарын іздестіру үшін қолданылуы мүмкін (1суретті қараңыз).

 

 

Навигация батырмасы

JOG DIAL дискісі

Дыбыс қаттылығы батырмасы

Жоғары қарай

(Деңгейді арттыру)

Төмен қарай

(Деңгейді төмендету)

 

1 сурет – Навигация батырмасы

 

Тұрақты қызметі бар батырмалар: СО (сыртқы желі) – сыртқы шақыруды немесе оған жауап беруді орындау үшін; SP-PHONE (Спикерфон) – қатты дыбысты байланыс режимінде жұмыс істеу үшін; AUTO DIAL/STORE (автоматты теру /сақтау) – жүйе/абонент анықтамалығынан нөмірді теру үшін немесе баптаулардағы өзгерістерді сақтау үшін; PAUSE (үзіліс) – телефон нөмірін жадыға жазған кезде үзілісті қою үшін; REDIAL (қайта теру) – соңғы терілген нөмірді қайта теру үшін; MESSAGE (хабарлама) – күтуші хабарламаны немесе осы хабарламаны қалдырған абонентті кері шақыру индикациясы үшін; INTERCOM (ішкі шақыру) – ішкі шақыруларды және оларға жауап беруді орындау үшін; TRANSFER (шақыруды жаңа мекенжайға жолдау) – басқа абонентке жолдау үшін; HOLD (ұстап тұру) – шақыруды ұстап қалуға ауыстыру үшін. МАТС стандартты сервистік қызметтері: қалалық автоматтандырылған телефон станциясына (ҚАТС) шықпай абоненттердің өзара сөйлесуі; нөмірді тез теру; қоңырауларды ұстап қалу; бір ішкі нөмірден барлық қоңырауларды басқасына ауыстыру; конференц-байланыс; әрбір желі бойынша шығыс қоңыраулар абонентіне тыйым салу/рұқсат ету; кіріс және шығыс шақыруларға шектеу қою және т.б. болып табылады. МАТС кеңейтілген сервистік қызметтері: «шұғыл желі»; «жылы желі»; «мазаламау» режимі; мәтіндік хабарламалар; абоненттер ұтқырлығының интеграцияланған сервисі; бос емес нөмірге автоматты түрде қайта шақыру және т.б. болып табылады.

1.3.3 Осы МАТС-да әдепкі қалпы бойынша орнатулар қарастырылған. Бұл орнатуларды өзгертуге болады. Жүйелік бағдарламалау құралдары МАТС қызметтерін басқаруға мүмкіндік береді. Осымен станция параметрлерін нақты талаптарға сәйкестендіру қамтамасыз етіледі. Уақытты ерікті сәтінде бағдарламалауды тек бір қолданушы ғана орындай алады.

ТА қызметтерін бағдарламалауға болады. Мысалы, бастапқы орнатуларды өзгертуге немесе абонент қажеттіліктеріне сәйкес батырмалардың қызметін қайтадан тағайындауға болады.

Қызметтерді бағдарламалау режиміндебағдарламалауға болады: қызметтерді орнату; қызметтерді тастау(сброс).

1.3.4 Ішкі абонентке PIN (ішкі абоненттің дербес сәйкестендіру нөмірін) тағайындау.

Парольді сонымен қатар әрбір ішкі желіге қоюға болады. Ішкі абоненттің PIN келесі қызметтерді қолдану үшін қажет: шақыруларды іріктеу (шақырулар түскен кезде оларды іріктеу, LCS); бөгде адамдарға телефон анықтамалығын және шақыру журналын қарауға тыйым салу (телефон анықтамалығын және шақырулар журналын оқшаулау); өз ішкі желінің орнатуларын басқа ішкі желілерде қолдану (мобильді ішкі желі); қашықтан басқару (қызмет көрсетудің мобильді категориясы); ішкі желіні оқшаулауды тастау.

Функцияларды орындау тәртібі (2суретті қараңыз).

 

 

2 сурет –Функцияларды орындау тәртібі

 

Берілген PIN-ді болдырмау реті (3 суретті қараңыз).

 

 

3 сурет – Берілген PIN-ді болдырмау реті

 

1.3.5 Бағдарламалау режимінде баптау.

 

Бағдарламалау режиміне көшу

Бағдарламалау

Шығу

Program немесе Pause басыңыз.

Бағдарламаны енгізіңіз.

ENTER  немесе  STOPE басыңыз.

«Опция және параметрлер» қараңыз.

ENTER  немесе  STOPE басыңыз.

Program немесе Pause басыңыз.

 

 

Атауы

Бағдарлама

Опция және параметр

 

 

Ішкі желі бойынша ақпарат

 

 

 

СТ: дисплейде МАТС нөмірі, слот нөмірі және порт нөмірі кескінделеді.

PS: дисплейде микроұялы терминал нөмірі кескінделеді.

 

4 сурет – Бағдарламалау режиміндегі функционалды батырмалар

 

Функцияларды бағдарламалау режимінде бағдарламалауға болады:

-         функцияларды орнату;

-         функцияларды тастау.

Әдепкі қалпы бойынша орнатулар жартылай қалың шрифтімен келтірілген. Ақпаратты сақтау үшін тиісті рамкаларда орындалған орнатуларды белгілеп отыру ұсынылады (4 суретті қараңыз).

 

Абонент анықтамалығында есімдерді және нөмірлерді сақтау 5-суретте көрсетілген.

 

 

Program немесе Pause басыңыз.

10 теріңіз және содан кейін

ENTER  немесе  STOPE басыңыз.

Абонент анықтамалығынан нөмірді теріңіз (2 санын).

Телефон нөмірін теріңіз (макс.32 сандарын)

ENTER  немесе  STOPE басыңыз.

Атын енгізіңіз (макс. 20 символ)

ENTER  немесе  STOPE басыңыз.

Program немесе Pause басыңыз.

 

 

 

5 сурет – Абонент анықтамалығында есімдерді және нөмірлерді сақтау

 

Абонент анықтамалығындағы есімдерді және нөмірлерді өзгерту 6-суретте көрсетілген.

 

 

Program немесе Pause басыңыз.

10 теріңіз және содан кейін

ENTER немесе STOPE басыңыз.

Абонент анықтамалығынан нөмірді теріңіз (2 санын).

 

 

 

ENTER немесе STOPE басыңыз.

 

 

6 сурет – Абонент анықтамалығындағы есімдерді және нөмірлерді өзгерту

 

Бағдарламалық деректерді тастау 7-суретте көрсетілген.

 

Program немесе Pause басыңыз.

СО, DSS немесе PF басыңыз.

2 теріңіз.

ENTER немесе STOPE басыңыз.

Program немесе Pause басыңыз.

 

7 сурет – Бағдарламалық деректерді тастау

 

1.3.6 Бастапқы деректер 1-кестеде көрсетілген.

 

1 кесте –Бастапқы деректер

Нұсқалар

Атауы

1

Телефонды аппараттардың (аналогты және ЖТА) нөмірлерін анықтаңыз.

 

1 кестенің жалғасы

2

Қоңырау дыбысының қаттылығын баптауды жүзеге асырыңыз.

3

Ішкі абоненттің PIN тағайындауды /бас тартуды жүзеге асырыңыз.

4

Аналогты ТА-дан жүйелік ТА-ға және керісінше теруді жүзеге асырыңыз.

5

Қоңырауды ұстап тұруды жүзеге асырыңыз.

6

Шақыруды басқа мекенжайға жіберуді жүзеге асырыңыз.

7

Конференц-байланысты ұйымдастырыңыз, бұл кезде шақыруды қайта бағыттауды СТА-ға  ұқсас телефонды аппараттан жүзеге асырыңыз.

8

Бір ЖТА-дан тиісті индикация жанатын басқасына хабарламаны жіберіңіз. Осы дабылдаманы сөндіруге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырыңыз.

9

Телефон анықтамалығын жасаңыз, анықтамалықты түзетіп өзгертуді жүзеге асырыңыз.

10

Бағдарламалық деректерді тастауды жүзеге асырыңыз.

 

1.4 Бақылау сұрақтары

 

1.4.1Мекеме АТС-ының қалалық телефон станциясынан негізгі ерекшелігі.

1.4.2 Кеңсе және мекеме АТС түрлері.

1.4.3 Мекеме АТС негізгі және қосымша қызметтері.

1.4.4 Сандық гибридті IP PBX KX - TDA200 «PANASONIC» сипаттамасы.

1.4.5 DISA (кіріс жалғауларға арналған жиын) қызметін түсіндіріңіз.

1.4.6 Жүйелік телефон аппараттары және олардың ерекшеліктері.

1.4.7 Навигация дискісінің арналуы. Функционалды және бағдарламалайтын батырмалар не үшін қажет?

  

2 Зертханалық жұмыс№2. Абоненттерге ішкі нөмірлер мен есімдерді тағайындау (өшіру, атын өзгерту)

 

Жұмыстың мақсаты:абоненттерге ішкі нөмірлерді және есімдерді тағайындау (өшіру, атын өзгерту) дағдыларын алу.

 

2.1 Алдын ала дайындық

 

Танысу: МАТС жабдығымен; орталық процессор платасымен, сандық ішкі желілер платасымен, қосымша базалық платамен.

  

2.2 Жұмыс тапсырмасы

 

2.3.1 Жұмысшы ДК нақты сандық гибридті IP-PBX: DLS 8, SLC 16, LCOT 16 жүйесінің тиісті платаларының виртуалды конфигурациясын жасау. Ішкі абоненттердің нөмірлерін немесе есімдерін беруді жүзеге асыру.

 

2.3 Жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

 

2.3.1 МАТС келесі платалардан тұрады: PSU-M - 1; DLC8 -1; SLC16 – 3; LCOT16 – 1; OPB3 – 1; BRI8 – 1. PSU-M – 1 қоректендіру платасы. DLC8 -1 сандық телефон аппараттарын қосуға арналған сандық ішкі желілердің сегіз портты платасы. SLC16 – 3 аналогты телефон аппараттарын қосуға арналған 16 портты плата. LCOT16 – 1 аналогты сыртқы желілерді қосуға арналған 16 портты плата. OPB3 – 1 бұл платада конференц-байланысты жүзеге асырған кезде жаңғырықты басуға арналған 16 портты плата орнатылған. BRI8 – 1- ISDN-ға базалық қатынау интерфейсіне арналған сегіз портты плата (2кестені қараңыз).

 

2 кесте – Орнатылған платалар

PSU-M

DLC-8

SLC16

SLC16

SLC16

LCOT16

OPB3

BRI-8

 

 

 

MPR

0 слот

1 слот

2 слот

3 слот

4 слот

5 слот

6 слот

7 слот

8 слот

9 слот

10 слот

11 слот

 

2.3.2 Жұмысты бастау үшін File -> Open -> Panasonic_conf файлды ашу қажет. Осыдан кейін АТС Panasonic конфигурация терезесі ашылады.

2.3.3 Slot жолында жоғарыда айтылған платалардың реттік нөмірін, ал Port жолында телефон аппараты қосылатын порт нөмірін көрсету қажет.

2.3.4 Port Type жолында порт түрін (DPT – сандық жүйелік телефон, SLT – аналогты телефон) көрсету қажет.

2.3.5 Жалғанудың ағымдағы жағдайын көрсететін және екі опциясы бар – INS (in service – қызмет көрсетуде) және OUS (out of service – қызмет көрсетуден тыс) connection жол жағдайын қадағалау қажет.

2.3.6 Абонент нөмірін және есімін беру үшін 7-суретте көрсетілген іс-әрекеттердің келесі ретін орындау қажет: Configuration -> Extension Port.

 

 

7 сурет – Ішкі абоненттердің нөмірлерін беру (өшіру, қайтадан беру)

2.4.7 Абоненттердің есімдерін тағайындау үшін 8-суретте көрсетілген іс-әрекеттердің келесі ретін орындау қажет: Extension number бағанына абонент нөмірі жазылады, ал Extension name бағанына тиісті абоненттің есімі жазылады. Сонымен қатар ішкі абоненттердің (extensions) баптауларын Extension -> Wired Extension -> Extension Settings мәзірінде жүргізуге болады.

 

 

8 сурет – Ішкі абоненттердің есімдерін беру (өшіру, қайтадан беру)

 

2.4 Бақылау сұрақтары

 

2.4.1 Абонентті қалай құруға (өшіруге) болады?

2.4.2 Абоненттің есімін қалай қайта өзгертуге болады?

2.4.3 DLC8; SLC16; LCOT16; OPB3; BRI8 платалары не үшін орнатылған?

2.4.4 Компьютерлік-телефонды интеграцияның негізгі элементтері.

2.4.5 IP МАТС қандай технологияларға негізделеді?

2.4.6 H.323 хаттамасының компоненттері?

2.4.7 SIP және MGCP хаттамаларының компоненттері?

 

2.5 Бастапқы деректер 3-кестеде келтірілген.

 

3кесте – Бастапқы деректер

1-нұсқа

2-нұсқа

3-нұсқа

4-нұсқа

100, 101 нөмірлерді жасау

102, 103 нөмірлерді жасау

104, 105 нөмірлерді жасау

106, 107 нөмірлерді жасау

Нөмірге «Алма»  есімін беру

Нөмірге «Әділ»  есімін беру

Нөмірге «Аида»  есімін беру

Нөмірге «Бейбіт»  есімін беру

 

3 Зертханалық жұмыс№3. Абоненттерді топқа біріктіру (өшіру) және қоңырау шалған кезде топтарды басқару

 

Жұмыстың мақсаты:абоненттер тобына нөмірлерді тағайындау және кіріс шақыруларды бөлуді басқару дағдыларын алу. 

 

3.1 Алдын ала дайындық

 

Абоненттер топтары үшін сервис мүмкіндіктерін, қазіргі заманғы МАТС мүмкіндіктерін зерттеу.

 

3.2 Жұмысшы тапсырма

 

3.2.1 Жұмысшы ДК абоненттер тобының виртуалды конфигурациясын жасау. Жүргізілген жұмыстарды сыртқы есте сақтау құрылғысына көшіру және абоненттер топтарын нақты жасау үшін бас ДК-ге көшіру.

 

3.3 Жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

 

3.3.1 Абоненттерді топтарға біріктіру және топтарды басқару үшін қоңырау шалған кезде шақыру топқа кіретін барлық абоненттерге жіберілетін топтық ішкі нөмірді тағайындау қажет.

3.3.2 Топты құру үшін Groups -> Incoming Call Distribution Group -> Group Settings мәзіріне кіру қажет (9суретті қараңыз).

 

 

9 сурет – Топты құру

 

3.3.3 ICD Group жолында топ нөмірін көрсету.

3.3.4 Floating Extension Number (қалқымалы ішкі нөмір) жолында топтық нөмірді (тағайындалады) тағайындау.

3.3.5 Group Name жолында топ атауын (тағайындалады) тағайындау.

3.3.6 Distribution method бағанында шақыруларды бөлудің бірнеше әдістерінен бірін таңдау:

- Ring – топтық нөмірге қоңырау шалған кезде барлық абоненттердің телефондары шырылдайды;

- UCD – осылай бөлген кезде қоңыраулар топқа кіретін абоненттерге кезек бойынша түсетін болады. Топтық нөмірді бірінші шақыру А абонентінің телефонына түседі. Келесі шақыру В абонентінің нөмірі және т.с.с. түседі (10суретті қараңыз); 

 

imf1055a.gif

 

10 сурет –Топта қоңырауды кезек бойынша бөлу сызбасы

 

- Priority Hunting – бұл әдісте басымдылықтар беріледі. Бірінші шақыру әрқашан басымдылығы жоғары нөмірге түседі, егер нөмір бос емес болса, онда шақыру басымдылық бойынша келесі нөмірге түседі (11суретті қараңыз).

 

imf1060a.gif

 

11 сурет – Топ ішінде басымдылық бойынша қоңырауларды бөлу сызбасы

 

3.4.7 Абоненттің ішкі нөмірін қосқан кезде Groups -> Incoming Call Distribution –> Members мәзіріне кіру қажет (12суретті қараңыз).

 

 

12 сурет – Топқа абоненттің ішкі нөмірін қосу

 

Incoming Call Distribution жолында топ таңдалады. Extension No бағанында топқа кіретін абоненттердің нөмірлері көрсетіледі. Delayed Ring және Wrap-up Time жолдарында шақырылып отырылған абоненттің телефоны осыдан кейін шырылдайтын уақыт кідірісін көрсетуге болады.

 

3.4 Бақылау сұрақтары

 

3.4.1 Абоненттер тобын қалай құруға (өшіруге) болады?

3.4.2 Топтағы абоненттердің есімін қалай өзгертуге болады?

 

3.5 Бастапқы деректер 4-кестеде келтірілген

 

4кесте – Бастапқы деректер

1-нұсқа

2-нұсқа

3-нұсқа

4-нұсқа

103 топтық нөмірді жасау, кезек бойынша топта қоңырауларды бөлуді жүзеге асыру.

100 топтық нөмірді жасау, басымлыдық бойынша топта қоңырауларды бөлуді жүзеге асыру.

102 топтық нөмірді жасау, топта барлық топқа қоңырауларды бөлуді жүзеге асыру.

104 топтық нөмірді жасау, басымдылық бойынша топта қоңырауларды бөлуді жүзеге асыру.

Топқа  «Алма»  есімін беру

Топқа  «Әділ»  есімін беру

Топқа  «Аида»  есімін беру

Топқа  «Бейбіт»  есімін беру

  

4 Зертханалық жұмыс№4. Абоненттерге қызмет көрсету қосымша түрлерін (ҚКҚТ) тағайындау (өшіру, атын өзгерту)

 

Жұмыстың мақсаты: ішкі нөмірлер абоненттеріне және топтағы абоненттерге ҚКҚТ беру (өшіру, атын өзгерту) дағдыларын алу.

 

4.1 Алдын ала дайындық

 

МАТС жабдығымен; байланыстың базалық және кеңейтілген қызметтерімен танысу.

 

4.2 Жұмыс тапсырмасы

 

4.2.1 Жұмысшы ДК-де ішкі абонентке (ішкі топ абонентіне) арналған тиісті ҚКҚТ виртуалды конфигурациясын құру.

 

4.3 Жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

 

4.3.1 Жүйелік уақытты қою. Жүйелік уақытты қою /өзгерту үшін System -> Day & Time мәзіріне кіру қажет (13суретті қараңыз).

 

 

13 сурет – Жүйелік уақытты қою

 

4.3.2 Ішкі абоненттерге ҚКҚТ тағайындау үшін 14-суретте көрсетілген іс-әрекеттердің келесі реттілігін орындау қажет: Forward (FWD) және Do Not Disturb (DND) ҚКҚТ баптаулары үшін. FWD қызметі келесі жағдайларда шақыруды қайта бағыттау үшін қолданылады:

- әрқашан (All);

- абонент қол жетімсіз (N/A – not avaible);

- абоненттік нөмір бос емес (busy).

DND – Do Not Disturb қызмет қосулы болған кезде – абонент қол жетімсіз болады. Қызметтердің деректерін баптау үшін келесі қадамдарды орындау қажет: Extension -> Wired Extension -> FWD/DND. Extension Number/Name жолында бапталатын терминалдың нөмірін таңдау қажет. Present Button Status жолында телефон мәртебесі (FWD/DND) таңдалады. Status Availability жолдарында қажетті қызмет қосылады /сөндіріледі. FWD Mode жолында қайта бағыттау (FWD) орындалатын жағдайларды таңдауға болады. FWD Destination – шақыру бағытталатын абонент нөмірі, ал FWD No Answer Timer – осыдан кейін қайта бағыттау жүзеге асырылатын уақыт.

 

 

14 сурет – Ішкі абоненттерге ҚКҚТ беру (өшіру)

 

4.3.3 Топ абоненттеріне ҚКҚТ беру (мысалы, «Топта қоңырауды қайта бағыттау» қызметін беру) үшін егер топтағы белгілі бір нөмірге шақыру түссе және белгілі бір уақыт ішінде абонент тұтқаны көтермесе, топ ішінде қайта бағыттауды тағайындауға болатынын ескеру қажет, онда нөмір топтың басқа қатысушысына қайта бағытталады (15 суретті қараңыз).

 

 

 

15 сурет – Абоненттер тобы үшін сервисті ұсыну

 

Осыны жүзеге асыру үшін Groups -> Incoming Call Distribution Group -> Group Settings -> Miscellaneous қойындысы мәзіріне кіру қажет. Extension No Answer жолына абонент осы уақыт ішінде тұтқаны көтеруі тиіс уақыт белгіленеді, осы уақыт аяқталғаннан кейін шақыру қайта бағытталады. Суретте analog_group тобы үшін қайта бағыттау белгіленбеген, ал test тобы үшін – 10 секунд.

4.3.4 АТС конфигурациясы аяқталғаннан кейін өз баптауларыңызды сақтауыңыз тиіс: File > Save As... Сонымен қатар белгілі бір уақытта (түскі ас уақытында немесе түнде) шақыруларды белгілі бір абонентке қайта бағыттайтын түрде АТС баптауға болады (16суретті қараңыз). Бастапқыда түскі ас, күн, кештің уақыт аралықтарын анықтау қажет. Бұл үшін System -> Time Service -> Week Table мәзіріне кіру қажет.

 

 

16 сурет – Қоңырауды қайта бағыттау

 

Осыдан кейін Group -> Incoming Call Distribution Group -> Group Settings мәзіріне кіріп, Overflow No Answer қойындысын таңдау керек (17суретті қараңыз). 

 

 

17 сурет– Group мәзірі

 

Floating Extension Number жолында топтың ішкі нөмірі көрсетіледі, ал Day жолында қайта бағыттау жүзеге асырылатын абоненттің ішкі нөмірі көрсетіледі. Мысалда келтірілген конфигурация кезінде күндізгі уақытта 200 топ нөміріне түскен барлық қоңыраулар, егер ол 10 секунд ішінде жауап бермесе, 101 абонент нөмірі қайта бағытталады.

АТС конфигурациясын аяқтағаннан кейін өз баптауларыңызды сақтауыңыз қажет File -> Save As…

4.4.6 Ішкі шақыруларды оқшауландыру. Мини Panasonic АТС-да ішкі шақыруларды оқшауландыруға болады, яғни А абоненті Б абонентіне немесе керісінше қоңырау шала алмайды. Осыны жүзеге асыру үшін Extension -> Wired Extension -> Extension Settings мәзіріне кіріп, COS (Class of Service) жолында әрбір ішкі нөмірге қызмет көрсету класын белгілеу қажет (18суретті қараңыз).

 

 

18 сурет – Ішкі шақыруларды оқшаулау

 

4.4.7 Содан кейін System -> Class of Service -> Internal Call Block мәзіріне ену қажет (19суретті қара).

 

 

19 сурет – System мәзірі

 

Тігінен осыдан қоңырау шалынатын COS нөмірі, көлденеңінен осыған қоңырау шалынатын COS нөмірі көрсетіледі. Мысалға, COS нөмірі 1-ге тең абоненттер COS нөмірі 2-ге тең абоненттерге қоңырау шала алады. Сонымен қатар абоненттер бір-біріне қоңырау шала алмайтындай жасауға болады. Суретте COS 2 және COS 3 абоненттері бір-біріне, COS 3 абоненттері COS 1 абоненттеріне қоңырау шала алмайды, ал COS 1 абоненттері барлығына қоңырау шала алады (20суретті қараңыз).

  

imf1335a.gif

 

20 сурет – Шақыруды бұғаттау

 

4.3.8 Ішкі нөмірді оқшаулау. Сіздің аппаратыңыздан сіз болмаған уақытта басқа қолданушылар қоңырау шалмас үшін телефондарды оқшаулауға болады. Бұл үшін алдымен ішкі нөмірге PIN беру қажет. Extension -> Wired Extension -> Extension Settings мәзіріне кіріңіз, Extension PIN жолына PIN код тағайындаңыз (21суретті қараңыз).

 

 

21 сурет –Абонентті оқшаулау

 

Телефонды оқшаулау үшін тұтқаны алып, *77-1 теріп, гудокты естігеннен кейін тұтқаны қоюға болады (22суретті қараңыз).

 

imu2436a.gif

 

22сурет – Абонентті оқшаулау

4.3.9 Телефонды оқшаулаудан шығару үшін тұтқаны алып, *77-0-PIN кодты теріп, гудокты естігеннен кейін тұтқаны қоюға болады (23суретті қараңыз).

 

imu2437a.gif

 

23 сурет– Абонентті оқшаулаудан шығару

 

АТС конфигурациясын аяқтағаннан кейін өз баптауларын сақтау қажет File -> Save As…

4.4.10 Жаңа конфигурациясы бар файлды жүктеу үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

- Connect -> USB мәзіріне кіріп, қатынау паролін (1234) енгізу керек;

-  Utility -> File Transfer PC to PBX (SD Card) мәзірінің көмегімен компьютерден АТС жадына файлды жүктеу қажет (24 суретті қараңыз).

 

 

24 сурет – Utility мәзірі

 

4.3.11 Жүктеу процесін көрсететін терезе пайда болады.

4.3.12 Жаңа конфигурация күшіне енуі үшін АТС қайта жүктеу қажет. Бұл үшін Utility -> System Reset -> Reset by the command мәзірін кіру қажет (25суретті қараңыз).

 

 

25 сурет – Қайта жүктеу терезесі

 

4.3.13 Осыдан кейін АТС жүктеуге мүмкіндік беретін файл таңдауы бар терезе пайда болады (26 суретті қараңыз). Жаңасынан, тек ғана көшірілген файлдан қайта жүктеу үшін Skip таңдау қажет (ағымдағы конфигурациядан қайта жүктеу үшін SD Backup таңдау қажет).

 

 

26 сурет – Файл таңдауы бар терезе

 

4.3.14 Skip батырмасын басқаннан кейін ескі конфигурацияны (DSYS) жаңа конфигурацияға (DSYS_SUB) ауыстыру опциясын таңдау қажет терезе пайда болады. Бұл үшін Use replace File опциясынан бас тарту қажет (27суретті қараңыз).

 

27 сурет – Skip терезесі

 

4.3.15 Осыдан кейін Сіздің АТС қайта жүктеуді орындағыңыз келетіңізді растау қажет.

 

4.4 Бақылау сұрақтары

 

4.4.1 ҚКҚТ дегеніміз не?

4.4.2 Байланыстың кеңейтілген қызметтері дегеніміз не?

 

4.5 Бастапқы деректер 5-кестеде келтірілген

 

5 кесте – Бастапқы деректер

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

4 нұсқа

«Будильник»

Шақыруды қайта бағыттау

«шұғыл желі»

«жылы желі»

«Беймазалау»

Қоңырауды күту

Шығыс шақыруды шектеу

Кіріс шақыруды шектеу

 

 Әдебиеттер тізімі  

1. Иванова Т.И. Корпоративные сети связи. – М.: Эко-трендз, 2001-278 б.

2. Сандық гибридті IP-PBX KX - TDA200 «PANASONIC» қызметтері жөніндегі басшылық.

3. Сандық гибридті гибридной IP-PBX KX - TDA200 «PANASONIC» қолданушысына арналған басшылық.    

2012ж. жиынтық жоспары., реті 129