Алматы энергетика және байланыс институты

 

Автоматты электрбайланыс кафедрасы

 

 

 

 

КОММУТАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРІ

 

Зертханалық жұмысты орындауға арналған

әдістемелік нұсқау

 

((бакалавриат) 380140 – Байланыс желілері және коммутация жүйелері,

380240 – Көпарналы телекоммуникация жүйелері және

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация

мамандықтары бойынша барлық оқу түріндегі студенттер үшін)

 

 

 

 

 

 

Алматы 2006 ж

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: А.Д.Джангозин, С.А.Калиева, А.Д.Мухамеджанова. Коммутация жүйелері. Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар ((бакалавриат) 380140 – Байланыс желілері және коммутация жүйелері, 380240 – Көпарналы телекоммуникация жүйелері және 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша барлық оқу түріндегі студенттер үшін). Алматы: АЭжБИ, 2006.- 24 б.

 

 

Әдістемелік нұсқау SI 2000 коммутациялық жүйелерін қолданатын зертханалық жұмыстарды орындау мен дайындауға арналған материалдардан тұрады. Әдістемелік нұсқауда эксперименттердің суреттеуі және қолданылатын әдебиеттер мен бақылау сұрақтарының тізімі берілген.

Әдістемелік нұсқау 380140 – Байланыс желілері және коммутация жүйелері, 380240 – Көпарналы телекоммуникация жүйелері және 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация (бакалавриат) мамандықтары бойынша барлық оқу түріндегі студенттерге арналған.

Без.    , кесте.    ,библиоргр.-4. атау. 4.

 

 

 

 

 

Пікір беруші: техн.ғылым.канд.,доц. Тұманбаева К.Х.

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының баспасының жоспары бойынша терілген 2006 ж.

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институты, 2006ж.

 

Кіріспе

 

 

«Коммутация жүйелері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау.

Бүгінгі таңда ТМД елдерінің телекоммуникация желісінде сандық коммутация желісінің көптеген түрлері енгізілген. Кез келген сандық коммутация желісінің өзінің шектеулі қолданысы болады, яғни ол ТМД-ның аудандарындағы ауылдық желілерге бейімделген.

SI2000 жүйесін ISKRATEL (Словения) және ИскраУралТек (Екатеринбург) бірлескен кәсіпорын шығарады.

SI2000 станциясы – бұл бағдарламамен басқаратын ISDN функциясы бар сандық коммутациялық жүйесі. Жүйе барлық кез-келген желілерге қосыла алады, яғни, аналогтық сандық желіге, сонымен бірге ISDN функциялы сандық желіге де қосылады.

SI2000 жүйесінің негізінде ауылдық станциядан бастап АМТС-қа дейін, сонымен бірге мекеме, ведомствалық желілерді де, барлық деңгейдегі байланыстарды ұйымдастыруға болады.

Сандық телебайланыстық жүйе SI2000 келесі негізгі мүмкіндіктерге ие:

       байланыстың барлық функциялары сандық және ұқсас терминалдарға арналған сандық тәсілмен орындалады;

       бағдарламалық, аппараттық қамтамасыз ету мен хаттамалардың сәулеттік жобасы инвестицияларды құнсызданудан, қызметтер мен желілердің ары қарайғы дамуынан қорғауды, сонымен бірге жүйеге жаңа технологиялардың ендірілуін қамтамасыз етеді;

       қадағалау, пайдалану және техникалық қызмет көрсетудің құралы құрылып кіріктірілген;

       тұтынатын қуаты мен алатын алаңы бойынша үнемді болып табылады;

       температураның кең ауқымында жұмыс істей алады;

       жұмыстың сенімділігі ең қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Байланыс жүйесі байланыстық құрал-жабдықтардың келесі шекараларда құрастырылуын қамтамасыз етеді:

- 40000 дейінгі абоненттік желілер В арнасында;

- 7200 дейінгі сандық немесе ұқсас жалғайтын желілер;

- 240 дейінгі 2048 кбит/с сандық ағындар;

- 120 дейінгі ОКС 7 дабыл беру жүйесінің дабылдық арналары;

- 96 дейінгі V 5.2. интерфейстері.

 

 

 

 

 

Басқару торабының (MN) пакеті:

 

 

- AMG – Account Management – тарифтаудың ішкі жүйесі – телефонмен сөйлесу ұзақтығын уақыт бойынша есептеу жүйесі;

- CMG – Configuration  Management – торабтың (порттардың, абоненттердің) ішкі жүйесінің конфигурациясы;

- FMG – Fault Management – диагностиканың ішкі жүйесі (абоненттік линияны, шығыстық байланыс линиясын, аналогты терминалды тестілеу) басқарылатын тораптардың диагностикасын басқаруға арналған;

- PMG – Perfomance  Management – статистика жүйесінің бөлігі –қажетті объектілердің өлшеу қорытындыларын дұрыс құруға қажетті, мәндерді өзгертуге болады;

- DOC – Documentation – құжаттары;

- SMG – Security Management – қауіпсіздік жүйесінің бөлігі;

- SYS – System Management – жүйемен басқару – объектіні құру және қалыпқа келтіру.

 

 

 

1 зертханалық жұмыс. Станция пішіндемесі

 

1.1  Жұмыстың мақсаты

 

Жұмыстың мақсаты түйіндегі алынатын платалардың пішіндемесін оқып, одан дағды алу болып табылады.

 

1.2  Алдын-ала дайындық

 

SI2000 цифрлық коммутациялық жүйесінің аппараттық бөлігін қайталаңыз.

 

1.3  Жұмыстық тапсырма

 

1.3.1    ТАВ платасын логикалық айқындамасында сипаттау;

1.3.2    Порттарды босату;

1.3.3    Орналасуына байланысты платаларды сипаттау;

1.3.4    Плата компонентін сиппатау;

1.3.5    Порттарды сиппатау.

 

1.4  Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

Станциялардағы бағдарламалық қамтамасыз етудің дұрыс жұмыс атқаруы үшін аппараттық қамтамасыз етудің үйлесімді кескіні мен жабдықталуы туралы деректерді енгізу керек. Секциядағы әрбір түсіру блогы өзінің физикалық орнында болады. Физикалық орнының номері ста­тивтың бағыттаушы секциясының жанында орнатылған. Әрбір физикалық орны логикалық орнымен тең шамада байланысқан. Түсіру блоктарының орналасуы, олардың физикалық және логикалық орындары, платаларды номірлеу 1.1 - суретте келтірілген.

 

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

CLC

SAC

SBC

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

PLC

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

 

1.1 – сурет. Түсіру блоктарының орналасуы

 

Сөреге 24 плата орналасады. Сөре MLC платасы деп аталады.

CLC, PLCнегізгі платалар немесе басқару платалары.

CLCMLC модулін басқаратын плата, осы платада процессор орналасқан, мәліметтер базасы, жалғастыруды орнатады.

PLCекінші реттегі электрмен қоректендіру платасы.

SAC, SBC, TAB – перифериялық плата.

CLC және  PLC платаларында қосымша платалар болады, оларды компоненттер деп атайды. Әрбір түсіру платасы бірнеше компоненттерден тұрады (Board Component). Әр компонентаның, жартылай тұрақты мәліметтерін көрсететін,  өзінің нөмірі болады.

 

1.1 – кесте. Платалардың белгіленуі

Платалар түрлері

Компоненттер түрі

Белгіленуі

 

CLC

CLC

CDB

CDG

TPE

UTA  5032

ETN  5019

ETN  5046

ETN  5027

PLC

PLC

KLB

UTA  5039

ETN  5016

SAC

SAC

UTA  5011

SBC

SBC

UTA  5028

TAB

TAB

 

UTA  5014

 

TPEқорыту және Е1 цифрлық ағынын бақылау платасы, сонымен бір ТРЕ платасы төрт Е1 платасына қызмет көрсетеді.

CDGбасқару процессорының платасы.

IDE Flashқатты диск (матрица).

KLB – құрылғыларды өлшеу және абоненттерді тестілеу платасы.

Енді зертханалық жұмыс жасауға кірісейік. Sysad­-min жүйеге кірердегі қолданушы ретінде пайдаланылады. Ол үшін Start-> Program-> Management Node-> MN Login программасын іске қосу керек.

 

1.4.1        Жартылай тұрақты мәндерде барлық алынатын блоктар CMG, -Global->HW Configuration->Board  кестесінде сиппатталынуы керек.

Ескерту: Mode & Seizure  менюсінде Set Mode & Select Node опциясын таңдау керек. Set Mode & Select Node терезесі ашылады. Бұл жерде  төменде тек Read/Write және Close кнопкасын растайсыз (жазба және оқу режимі).

 

1.2 – сурет. ТАВ платасын бағдарламалау платасы

 

Логикалық 0 айқындамасында әрқашан CLC платасы орналасады. Жұмыс платалары 1-ден 22-ге дейінгі логикалық айқындамада орналасуы мүмкін. Егер плата жоқ болса, онда бұл плата TAB, Unequipped ретінде сипатталынуы керек. TAB платасын сиппатағаннан кейін, Apply-ді басып сақтаймыз.

 

1.4.2 Әр порт үшін жартылай тұрақты мәліметтер CMG, Global->HW Configuration->Port->Global  кестесінде анықталады.

 

 

 

1.3 – сурет. Жартылай тұрақты деректерді бағдарламалау терезесі

 

Port және Board өлшемдерінде порттың номері көрсетілген, ол үшін жартылай тұрақты деректер және көрсетілген порт орналасқан платаның  логикалық орны анықталады.

Егер порт қолданылмаса, онда оны іске қоспау керек, яғни Unequipped күйіне қою керек. HLB Tolerance өрісінің мәні, 2Мбит/с ағыны жоғалғаннан кейін біріктірілу сақтала беретін, уақыт жолағын анықтайды. (Signalling-> SSN7-> link екінші порт үшін белгілеу және өшіру).

 

1.4.3 Жартылай тұрақты мәліметтерде барлық алынатын блоктар CMG, -Global->HW Configuration->Board->Update кестесінде сиппатталыну керек.

 

 

1.4 – сурет. Түсіру блоктарының үлгісін бағдарламалау терезесі

 

Логикалық 0 айқындамасында әрқашан CLC платасы орналасады. Жұмыс платалары 1-ден 22-ге дейінгі логикалық айқындамада орналасуы мүмкін. Логикалық 23 позицияда әрқашан РLC, электроқоректендіргіш платасы орналасады. Егер плата жоқ болса, онда бұл плата Unequipped  ретінде сипатталынуы керек. Apply өлшемін басып сақтаймыз.

 


1.4.4 CMG, Global->HW Configuration->Board, Detail->Board Component кестесінде әр алынатын блок үшін компоненттерін суреттейміз және олардың идентификаторын көрсетеміз.

 


1.5 – сурет. Компоненттерді суреттеудегі бағдарламалау терезесі

Board бағанында түсіру блоктарының логикалық орны, Position бағанында – физикалық орны, Component бағанында – сипатталушы сыңарының номері көрсетілген. Required ID бағанына сипатталушы сыңарының идентифика­торын енгізу керек, Actual ID бағанына, стан­цияны инсталляциялағаннан кейін нақты орнатылған сыңарының идентификаторы жазылатын болады. Serial Numberстан­цияны инсталляциялағаннан кейін орнатылған платаның сериялық номері жазылады.Сонымен осы жұмыс бойынша станция қандай плата және компоненттерден тұратынын анықтадық.

 

1.5  Бақылау сұрақтары

 

1.5.1    Кіші сыйымдылықты станция платаларының мәні және жіктелінуі?

1.5.2    CLC платасының негізгі функциялары және оның компоненттері?

1.5.3    PLC платасының мәні және оның компоненттері?

1.5.4    Аналогтық және цифрлық абоненттерінің платаларын атаңыз?

1.5.5    Платалар қалай белгіленеді?

 

 

2 зертханалық жұмыс. MN базасы негізінде жаңа станция құру

 

2.1 Жұмыс мақсаты

 

Жұмыстың мақсаты АТС SI2000  жаңа объект құру арқылы дағды алу болып табылады.

 

2.2 Алдын-ала дайындық

 

SI2000 коммутациялық жүйесінің құрылымын қайталау қажет.

 

2.3 Жұмыстық тапсырма

 

2.3.1 Объект құру.

2.3.2  Нөмерлеу жоспарын құру.

2.3.3  Аналогтық және цифрлық абоненттерді құру.

2.3.4  Бастапқы күйге орнату.

 

2.4 Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

2.4.1 Объектіні құру

 

MN базасында жаңа түйін құру. Ол үшін Start->Program-> Management Node-> MN Login  бағдарламасын қосу керек.

New опциясы арқылы MN (MN Release) болжамын, (SN Release) программалық болжамын және (DB Release) құжаттама болжамын таңдау керек. Accept арқылы таңдалған болжамдарды растайсыз. Ескерту ашылынады. Оны растау қажет. MN терезесін таңдау терезесі 2.1 суретте келтрілген.

 

 

2.1 – сурет. MN терезесін таңдау терезесі

 

Оны растағаннан кейін System Management терезесі ашылады.

Сіз терезені жандандырып, Mode & Seizure менюсында Set Mode & Select Node опциясын таңдайсыз. Set Mode & Select Node терезесі ашылады. Бұл жерде ешқандай түйін шығарылмайды. Тек қана төменде Read/Write опциясын және Close кнопкасын растайсыз. Жүйе жандандырылды. Енді Insert басамыз. Node параметрі ретінде, түйін кодын көрсететін вариант бойынша берілген төрт таңбалы санды енгізіңіз. Node Name параметр – бұл станция атауы. Hostname – ойдан алынады, әдетте SAN, MCA қолданылады. Area Code параметрі ретінде түйін зонасының коды қолданылады. Type  Public-ке орнатылады. Connection Type-ті  Local-ға орнатамыз, ал Hardware Type   егер АТС 320 - Compact,  SI2000- Full. Жаңа торапты енгізу терезесі 2.2 суретте берідген.

 

 

2.2 – сурет. Жаңа торапты енгізу терезесі

Төменде Default Data опциясын таңдаңыз. Параметр енгізуін осы терезеде “Accept”  кнопкасы арқылы растайсыз.

Растау System Man­agement терезесінде Apply  басуымен орындалады. Мәліметтер негізінде жаңа түйін құрастыру процедурасы басталады.

System Management  терезесінде желінің енгізілген жазбасы пайда болады. Жаңа станцияны құру терезесі 2.3 - суретте келтірілген.

 

 

2.3 – сурет. Жаңа станцияны құру терезесі

 

Жазбаны жүргізу барысында MN-дегі үдерістердің қайталама қосылуы атқарылады және терезе пайда болады, ол Done-ні шығарғаннан кейін OK-ді басу арқылы жабылуы керек.

 

2.4.2 Нөмірлеу жоспарын құру

 

Алдымен System Management терезесінде Administration – Numbering Plan опциясын таңдау қажет. Ашылған терезеде Insert командасы арқылы станцияның абоненттік нөмірлеудің диапазонын енгізу керек (From DN – To DN параметрлерін). Нөмірлеу жоспарын құрастыру терезесі 2.4 - суретте берілген.

 

2.4 – сурет. Нөмірлеу жоспарын құру терезесі

 

From DN параметрі ретінде – нөмірлер тобының бастапқы нөмірін, Tо DN  жолағында – соңғы нөмірін көрсетіңіз. DN Group жолағын жандандыру үшін Active көрсетіңіз. Содан кейін станцияны In Use жағдайына ауыстыру керек. (меню SYS – Administration – Node Data Status).

 

2.4.3 Аналогтық және цифрлық абоненттерді құру

 

CMG, Subscriber-> Sub­scriber кестесінде абонент нөмерлерін құрастыру үшін, сіз Mode & Seizure менюсында терезені жандандырып Set Mode & Select Node опциясын таңдауыңыз қажет. Set Mode & Select Node терезесі ашылады. Төменде Read/Write опциясын және Close кнопкасын растайсыз. Жүйе жандандырылды. Енді Insert басасыз. Абоненттік нөмірлерді құру терезесі 2.5 – сурет көрсетілген.

 

 

2.5 – сурет. Абоненттік нөмірлерді құру терезесі

 

Бір команда арқылы абонент нөмерінің тобын құрастыруға болады. Start Directory  Number жолағында нөмірлер тобының бастапқы нөмірін, End Directory  Number нөмірлер тобының соңғы нөмірін көрсетесіз.

By Mode жолында шекараларда көрсетілген қандай абоненттік нөмірлерді құру керектігін көрсетіңіз. «1» мәні барлық нөмірлерді құру керектігін білдіреді. «2» мәні көрсетілген шекаралардағы әрбір екінші нөмірді құру керектігін білдіреді. Basic Service өлшемі осы або­ненттік номер үшін рұқсат берілген негізгі қызметті анықтайды. Төменде Basic Service өлшемінің әртүрлі мәндерінің сипаты келтірілген.

 

2.1 – кесте. Негізгі қызмет түрлерінің  тізімі

Basic Service

 

 

0

Telephone,64kBit, Unrestricted

жақсартылған

1                                                                           

Telephone, 64kBit,Speech

Сөз

2

Telephone, 64kBit,Audio  3.1kHz

Аудио

3

Fax 4, 64kBit, Unrestricted

Факс 4

4

Mixed, 64kBit, Unrestricted

Шектеусіз аралас

5

Teletex, 64kBit, Unrestricted

Телетекс

6

Videotex, 64kBit, Unrestricted

Видеотекс

7

Telex, 64kBit, Unrestricted

Телекс

8

All Basic Services

Барлығы бірге

 

Feature Set өлшемі құрылатын нөмірлер үшін, олардың қосымша қызметтерді пайдаланушылардың қай тобына жазылатынын анықтайды. Абоненттерді құруды Apply командасымен аяқтаймыз. Жоғарыда сипатталған әрекеттердің нәтижесінде абоненттік нөмірлер құрылатын болады. Порт бағанында «-1» мәні көрсетілген. Бұл, осы абоненттік номердің ешбір абоненттік қызметке байланыспағанын білдіреді. Құрылған абоненттік нөмірлер терезесі 2.6 – суретте көрсетілген.

 

 

2.6 – сурет. Құрылған абоненттік нөмірлер терезесі

 

2.5 Бақылау сұрақтары

 

2.5.1 SI2000 отбасының негізгі түйіндерін атаңыз?

2.5.2 Жаңа объект құру үшін қандай командалар қолданылады?

2.5.3 Аналогтық абоненттердің цифрлық абоненттерден өзгешелігі?

2.5.4 Цифрлық абоненттер үшін қандай негізгі қызмет түрлері

қолданылады?

 

3 зертханалық жұмыс. Төлемейтіндерді уақытша өшіру

 

 

3.1 Жұмыс мақсаты

 

Жұмыстың мақсаты  АТС SI2000  төлемейтіндерді уақытша өшіру және барлық шақырысқа тыйым салу арқылы дағды алу болып табылады.

 

3.2 Алдын-ала дайындық

 

SI2000  берілетін қосымша қызметтерін қайталау

 

3.3 Тапсырма

3.3.1 Төлемейтіндерді уақытша өшіру;

3.3.2 Төлемейтіндерді қайта жүйеге қосу;

3.3.3 Шақыруды бастапқы саны 8 болып табылатын барлық нөмірлерге тыйым салу;

3.3.4 Барлық шақырыстарға тыйым салу.

 

3.4 Жұмысты орындауға әдістемелік  нұсқау

 

Қызмет әкімшілік персоналына, телебайланыс желісінің операторына телебайланыстық терминалды пайдалану шығындарын төлемеген абоненттердің кіріс және шығыс шақыруларына уақытша тыйым салуға мүмкіндік береді.

Төлемеушілерді уақытша ажыратып тастау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

3.4.1 Төлемейтіндерді уақытша өшіру

Төлемейтіндерді CMG, Subscriber – Subscriber кестесін қолдану арқылы өшіреміз, Mode & Seizure менюсында терезені жандандырып, Set Mode & Select Node опциясын таңдау керек. Төменде Read/Write опциясын және Close кнопкасын растайсыз. Жүйе жандандырылды. Енді Query, Retrieve  басамыз.

 

 

3.1 – сурет. Төлемейтіндерді уақытша өшіру терезесі

 

Subscriber терезесінде барлық өшірілетін абоненттерін белгілеңіз және Action менюсында Suspend Account опциясын таңдаймыз.

 

 

3.2 – сурет. Шақыруға тыйым салу терезесі

 

Suspension Type параметрінде тыйымды таңдауыңызға болады немесе тек қана шақырысты (Outgoing  Calls Only) немесе кіріс және шақырысты (Outgoing & Incominq Calls).

Feature Set параметрін мына күйдің біріне қойыңыз:

- Suspension Soft – шақырыс тек қана жедел қызмет нөмерлеріне мүмкіндік береді (Bar­ring Class – Emergency Services Barred);

- Suspension Hard – барлық шақырыстарға тыйым.

Таңдалған параметрлерді Apply кнопкасын басумен растаңыз.

 

 

3.4.2 Төлемейтіндерді қайта жүйеге қосу

Subscriber менюсінің Action терезесінде Resume  Account опциясын таңдаңыз. Қайта жүйеге қосылатын абоненттерді бірінші тізбекте жұлдызшамен белгілеп, Resume  Ac­count кнопксын басумен растаңыз.

 

3.3 – сурет. Төлемейтіндерді қайта жүйеге қосу терезесі

 

Жүйеге қайта қосылған абоненттер, өшіргенге дейінгі бағдарда болады.

3.4.3  Шақыруды бастапқы саны 8 болып табылатын барлық нөмірлерге

тыйым салу.

Қызмет телебайланыс желісінің белгілі бір аумақтарындағы абоненттік нөмірлерге немесе қатынас желілерінің топтарына кейбір негізгі қызметтер үшін кіріс шақыруларын шектеуге мүмкіндік береді. Егер аумақтық, қалааралық және халықаралық шақырулар 8 санына басталатын және абонентке бұндай қатынастарды құруға рұқсат берілмеген болса, барлық осындай абоненттерге бірінші саны 8 болып келетін барлық нөміріне кіріс шығыстарына тыйым салудың категориясын тағайындаңыз. Ол үшін CMG-Global-Barrinq Oriqinatinq Calls   кестесін қолданамыз. Insert кнопкасын.

 

3.4 – сурет. Барлық шақыруларға тыйым салу терезесі

Prefix параметрінің тармағында, шақырысқа тыйым салу таратылатын префиксті енгізіңіз. Barrinq Class параметрінің алаңында барлығы 128 нөмердің қолданылмағанын таңдайсыз. Бұл жағдайда ол Barrinq Class 10. Мұны Accept басумен растайсыз және  Barrinq Class терезесінде Apply басумен. CMG - Subscriber – Subscriber – Update терезесінде, Barrinq жапсырмасында әрі қарай сәйкесінше Barrinq Class тағайындаңыз.

 

 

         3.5 – сурет. Тыйым салу класын белгілеу терезесі

Біздің жағдайда ол Barrinq Class 10 болады. Apply кнопкасын басумен растайсыз. Енді абонент Barrinq Class-та енгізілген префиксті нөмірлерді шақыра алмайды.

 

3.4.4 Барлық шақырыстарға тыйым салу

CMG - Subscriber – Subscriberтерезесінде, Query, Retrieve – Up­date басамыз, Barrinq жапсырмасында Barrinq Class Suspension Soft тағайындаңыз.

 

3.6 – сурет. Барлық шығыс шақыруларына тыйым салу терезесі

 

Егер абонентте тағайындалған Barrinq Class Suspension Soft бар болса, ол бірқатар дақтыртты жедел қызмет нөмірлерін шақыра алады.

 

 

3.5 Бақылау сұрақтары

 

3.5.1 Станцияда төлемейтіндерді өшіру үшін қандай кесте қолданылады?

3.5.2 Барлық нөмірлерде тыйым салу үшін қандай команда

         қолданылады?

3.5.3 Suspension Soft командасының

 

 

4 зертханалық жұмыс. Сериялық желілердің тобы.

 

 

4.1 Жұмыс мақсаты

Жұмыстың мақсаты сериялық желілерді оқып дағды алу болып табылады.

 

4.2 Алдынала дайындық

 

Көпарналы телефондардың мүмкіндіктерін оқу.

4.3 Тапсырма

 

4.3.1 Сериялық желілі топтарға абоненттік нөмірлерді қосу.

4.3.2 Құрылған сериялық желілі топтарды сипаттау.

4.3.3 Сипатталған сериялық желілі топтардың бас нөмерін анықтау

 

4.4 Жұмысты орындауға методикалық нұсқау

 

SI2000 жүйесі сериялық желілі топтарды ұжымдастыруды қамтамасыздандырады.

Сериялық желілі топтарды құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек.

 

4.4.1 Сериялық желілі топтарға абоненттік нөмірлерді қосу

CMG, Subscriber->Subscriber Group-Insert кестесін қолданамыз.

 

 

4.1 – сурет. Сериялық желілі топтарға абоненттік нөмірлерді қосу терезесі

 

Group өлшемі топтың нөмірін анықтайды, оған абоненттік нөмірді жазу керек. Бір абонент әртүрлі бірнеше топтарға бір уақытта қосыла алады.

Sequence Number өлшемі осы топтағы абоненттің реттік нөмірін анықтайды.

Directory Number өлшемі осы топқа жазылатын абоненттік нөмірін  анықтайды.

 

4.4.2         Сериялық желілердің құрылатын тобын сипаттау.

CMG, Subscriber->Line Hunting –Insert кестесін пайдаланамыз.

 

 

4.2                  - сурет. Сериялық желілердің құрылатын тобын сипаттау терезесі

 

Group өлшемі сериялық желілердің сипатталатын тобын анықтайды. Алдын ала бір қадамда берілген нөмірі бар абоненттердің тобы құрылуы керек.

Basic Service өлшемі сипатталатын топ үшін рұқсат берілген негізгі қызметті анықтайды, сериялық желілер тобының басты нөміріне рұқсат берілген негізгі қызметпен сәйкес келуі керек.

Feature Type өлшемі сериялық желілердің түрін анықтайды. Келесі мәндерді қабылдай алады:

- РВХ - сериялық желілердің тобы. Сериялық желілер тобының басты нөмірін шақырған кезде осы топтың еркін қатысушысын (абонентті) іздеу жүзеге асырылады. Егер топтағы барлық желілер бос болмаса немесе ажыратылған болса, шақыру кері қайтарылады;

- РВХ with Queue - сериялық желілердің тобы кезегімен. Сериялық желілер тобының басты нөмірін шақырған кезде осы топтың еркін қатысушысын (абонентті) іздеу жүзеге асырылады. Егер топтағы барлық желілер бос болмаса немесе ажыратылған болса, шақыру топтағы бос желінің босауын күтуге белгіленеді;

- Group Call - сериялық желілердің тобы шақырудың ортақ тәсілі арқылы. Сериялық желілер тобының басты нөмірін шақырған кезде «ШАҚЫРУ» белгісі осы топқа жазылған барлық абоненттерге жіберіледі. Шақыруды тұтқаны бірінші көтерген абонент қабылдайды;

- Hunting Method өлшемі топтағы бос желіні іздеудің әдісін анықтайды. Келесі мәндерді қабылдай алады;

- Cyclic - бос желіні шеңбер бойынша іздеу. Топтың барлық қатысушыларына тең шамадағы жүктемені қамтамасыз етеді;

- Linear - әрқашанда біріншіден бастай отырып топтың қатысушысының реттік нөмірінің артуы бойынша топтағы бос желіні іздеу.

Calling Type өлшемі топтың бос қатысушысына, келесі бос қатысушыға ауыстырып қосу басталғанға дейін, «Шақыру» белгісін жіберудің уақытын анықтайды.

Queue Length өлшемі кезектегі сериялық желілердің тобы үшін ғана мәнге ие. Осы топтағы қатысушының босауын күтуші абоненттердің ең жоғарғы санын анықтайды.

Destination DN өлшемі, егер топтың барлық қатысушыларында «кіру байланысына уақытша тыйым салу» қызметі іске қосылған болса, сериялық желілердің осы тобының барлық шақыруларына қайта жіберілетін  абоненттік нөмірді анықтайды.

 

4.4.3    Сериялық желілер тобының басты нөмірін анықтау.

Басты номер топ қатысушыларының қатарына енуі немесе енбеуі мүмкін, қандай да бір абоненттік қатынаспен байланысты болуы немесе болмауы мүмкін. Басты номерге рұқсат берілген негізгі қызмет сериялық желілердің барлық тобына рұқсат берілген негізгі қызметпен міндетті түрде сәйкес келуі керек. CMG, Subscriber->Subscriber кестесін пайдаланамыз. Сериялық желілердің басты нөмірі жасағымыз келетін абоненттік нөмірді табамыз, Update, Group қосылысы.

Ашылған терезеде Group жолында сериялық желілер тобының нөмірін енгізу және Activity жалаушасын қою керек (Feature жолында сериялық желілердің осы тобының түрі пайда болады).

 

 

4.5 – сурет. Сериялық желілер тобының басты нөмірін анықтау терезесі

 

4.5 Бақылау сұрақтары

4.5.1 Қандай параметр сериялық желілі топтың түрін анықтайды?

4.5.2 Қандай параметр топтағы бас желіні іздеу әдісін анықтайды?

4.5.3 Сериялық желілі топты басты нөмір ететін, абоненттік нөмірді қалай табуға болады?

 

 

 

А қосымша

Қолданылған терминдердің тізімі

 

AN –мүмкіндік торабы;

ANC - мүмкіндік торабы С болжамы;

ANB - мүмкіндік торабы В болжамы;

ANA - мүмкіндік торабы А болжамы;

PBX – мекмелікөөндірістік телефон станциясы;

NT – ақырғы желілік блогы;

MN/MT –басқару торабы/басқару терминалы;

SАN –телекоммуникациялық торап;

TPE – PRA бірлік мүмкіндік интерфейсі,  Е болжамы;

CDG – коммуникациялық бақылағыш, В торабы;

IDE – флэш-жадыны немесе компакт-дискті енгізу үшін интерфейс;

CLC – желілік модульдің бақылағышы, С болжамы;

TAВ – аналогтық жан-жақтылық желілік комплект блогы;

DC/DC – қоректендірудің екіншілік кернеуінің генерирлеу сұлбасы;

KLB – абонент желілерінде және аналогтық телефон аппаратарындағы

өлшеу блогы, В болжамы

PLC – қоректендіру блогы, С болжамы;

SCC - процессорлі блок;

UPI ИКМ универсальді интерфейс;

DC/DC - вольтқосылғыш конвертер;

MLC желілік модуль, С болжамы;

CES – орталық секция;

PES1/2 – шеткері секция;

MDF – кросс;

PMG –жүктемелі өлшеу басқармасы;

PPP«нүкте-нүкте» протоколы

PRA –бірлік мүмкіндік;

PSTN –ортақ қолданылатын коммутцияланатын телефондық торап;

QSIG ISDN signalling type ISDN сигнализация түрі

RS232 -  интерфейс түрі;

SAN –коммутация және мүмкіндік түрі;

SLC –абоненттік комплект;

SCA –талғамды қабылдау қабылдау шақырысы;

SMG –қауіпсіздік басқармасы;

SN –коммутация түйіні;

SNMP –тораптық басқарманың жай протоколы;

SPD –жартылай тұрақты мәлімет;

SQL –құрылымдалған мұқтаж тілі;

SUBадрестеу;

TAтерминалді адаптер;

TCP/IPмәліметтер беру басқармасының протоколы/Internet протоколы.

Қолданылған әдебиеттер

 

1 . Цифровые станции SI2000. Техническое описание. – Алматы: «Казактелеком» оқу бөлімі, 2000. – 245 б.

2 . Описание системы SI2000. - Алматы: «Казактеле­ком» оқу бөлімі, 2000. – 177 б.

3 . Справочник по эксплуатации описание системы. - Алматы: «Казактелеком» оқу бөлімі, 2000. – 245 б.

4 . Цифровая коммутационная система SI2000. Система предоплаты. - Алматы: «Казактелеком» оқу бөлімі, 2000. –260 б.

5 . SI2000 Цифровая коммутационная система. Основные услуги. - Ал­маты: Учебный отдел «Казактелеком», 2000. – 180 б.

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Зертханалық жұмыс. Станция пішіндемесі..................................................5

№ 2 Зертханалық жұмыс. MN базасы негізінде жаңа станция құру..................9

№ 3 Зертханалық жұмыс. Төлемейтіндерді уақытша өшіру.............................13

№ 4 Зертханалық жұмыс. Сериялық желілердің тобы......................................18

А қосымшасы.........................................................................................................22

Әдебиеттер тізімі...................................................................................................23

 

 

 

 

 

Қосымша жоспары 2006 ж., поз 20

 

 

 

Адильжан Джакипбекович Джангозин

Самал Ахметжановна Калиева

Альмира Далелханкызы Мухамеджанова

 

 

 

 

КОММУТАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРІ

 

Зертханалық жұмысты орындауға арналған

әдістемелік нұсқау

 

((бакалавриат) 380140 – Байланыс желілері және коммутация жүйелері,

380240 – Көпарналы телекоммуникация жүйелері және

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация

мамандықтары бойынша барлық оқу түріндегі студенттер үшін)

 

 

 

 

 

Редакторы  Ж.А.Байбураева

 

 

 

 

 

Басуға қол қойылды                                Формат 60х84 1/16

Тиражы 73 дана.                                     1 типография қағазы

Көлемі     оқу-басп.т.                                Тапсырыс__

Бағасы           теңге

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013  Алматы, Байтурсынов к., 126