ДЕСТЕЛІК ЖӘНЕ ИІЛГІШ КОММУТАЦИЯ ЖЕЛІЛЕРІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Алматы энергетика және байланыс университеті

Автоматты электрбайланыс кафедрасы

 

 

ДЕСТЕЛІК ЖӘНЕ ИІЛГІШ КОММУТАЦИЯ ЖЕЛІЛЕРІ

 

5В071900  – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері үшін 
зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2013

 

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Мухамеджанова А.Д., Калиева С.А. Дестелік және иілгіш коммутация желілері: 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері үшін  зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АЭжБУ, 2013. - 40 б.

 

 

Әдістемелік нұсқауда SI3000 жүйесін қолданып зертханалық жұмыстарды орындау және дайындау мазмұндалған.  Әдістемелік нұсқауда тәжірибенің сипаттамасы, ақпаратты тәжірибе негізінде өңдеу және орындау әдістемесі келтірілген, NGN келесі ұрпақ желісінің теориялық негізі және тәжірибелік машықтану жобалауы көрсетілген, әдебиеттер тізімі мен бақылау сұрақтары берілген.  

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау.

Без -14, кесте -7, библиогр. – 5 атау.

 

 

Пікір беруші: Г.А.Шахматова

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

 

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2013 ж.

Кіріспе

 

 

Берілген әдістемелік нұсқауда «Дестелік және иілгіш коммутация желілері» пәні бойынша SI3000 жүйесін қолданып зертханалық жұмыстарды орындау және дайындау мазмұндалған.

Iskratel компаниясы SI3000 жаңа өнімдерімен жаңа технологиялар мен жаңа стандарттар өнімдер мен шешімдер деңгейінде талап ететін барлық шарттарға жауап береді. ІР технологиясына негізделген SI3000 өнімдері келесі ұрпақ желілерінен IMS желілер архитектурасына сенімді және экономикалық жағынан тиімді өтуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар СТОП ұрпағының желілерін үнемді және қауіпсіз түрде қосуға мүмкіндік береді. 

Iskratel SI3000 ICS 32-ден 704-ке дейін аналогтік абоненттерді, 16-дан 352-ге дейін сандық абоненттерді, 4000-ға дейін ІР абоненттерін (420-ға дейін бір уақыттық VoIP шақырулары), 32-ден 64-ке дейін xDSL абоненттерін, 16-дан 320-ға дейін FXO қосуларын, 8-ден 160-қа дейін байланыс желілері мен 2-ден 32-ге дейін Е1 ағындарын қосуды қамтамасыз ете алатын әртүрлі конфигурацияларды қолдайды. V5.2 интерфейсі арқылы ІР-абоненттері мен абоненттік қатынау түйіндерін қосуымен 4000 абонентке дейінгі сыйымдылыққа жете алады. SI2000/VEGA PBX жүйесі ETSI мен ECMA стандарттарына, ITU-T кепілдемелеріне жауап береді.

Әдістемелік нұсқауда тәжірибенің сипаттамасы, ақпаратты тәжірибелі түрде өңдеу және орындау әдістемесі келтірілген, NGN келесі ұрпақ желісінің теориялық негізі және тәжірибелік машықтану жобалауы көрсетілген. Әдістемелік нұсқау 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін арналған.

Әрбір жұмыстың орындалуы есеп беруді дайындаумен аяқталуы керек. Жасалған жұмыс бойынша есеп беру келесі пункттерден тұру керек:

- титулдық бет;

- жұмыстың мақсаты мен тапсырмасы;

- теориялық дайындалу (бақылау сұрақтарына жауап беру);

- жасалған жұмыстың нәтижелері (терiлген және өңдеген мәтiндер, графиктер, диаграммалар, суреттер мен басқа да объектілер);

- жұмыс бойынша қорытындылар.

Практикалық тапсырмаларды орындау студенттерге дағдылар мен білім өндiрудiң мүмкiндiгiн бередi. Әдебиеттер тізімінде студенттерге өз бетінше дайындалуға ұсынылған кітаптар қосылған.

 

 

1 Зертханалық жұмыс NGN желісін тәжірибелік жобалауды үйрену

 

Жұмыстың мақсаты: NGN келесі ұрпақ желісінің теориялық негіздерін және зертханалық зерттеп, компьютерлік жүйенің негізін қайталау.

 

1.1 Зертханалық жұмысқа сипаттама

 

MSAN (Multi Service Access Node) – мультисервисті қатынау модулі, желінің түріне және қатынау қызметінің тұжырымдамасына тәуелді әмбебап және дағдылану қызметін ұсынады. MSAN сондай-ақ келесі ұрпақ желілерінде кеңжолақты және таржолақты қатынауды біріктіреді.

Қатынау түйінінде жүзеге асатын коммутация режимінде коммутаторға қосылып қосымша функционалды транспорттық және сигналды шлюз арқылы, уақыттық сығатын дәстүрлі телефон желісінен айтарлықтай айырмашылықтарды табуға болады. V5.2 дәстүрлік интерфейс IP-желісінде, коммутация арнасы - дестелік коммутацияға ауысады. Шақырулар сервері қолданушылар арасында ақпаратты десте арқылы таралуына мүмкіндік береді, ал дауыс таралу нақты уақыт мезетінде жүргізіледі.

Әмбебап қатынау модулінің орны - қолданушыларын (POTS, ISDN, xDSL) NGN желісімен байланыстыру, TDM және IP-желілер арасында сигналды және транспорттық дестелердің таралуын ұйымдастырады. Бұрын TDM және біріктірілген желі айналасында байланысты ұйымдастыру үшін телекоммуникация желісі және ақпаратты тарату желісі қажет болса, қазіргі таңда кеңжолақты және таржолақты қолданушылар дестелік желіге қосылады.

 

1.2 Жұмыс тапсырмасы

 

1.2.1 MSAN тобының компоненттерін оқып-білу.

1.2.2 TDM-NGN желілерінің блок сұлбасын құрастыру.

1.2.3 Қосылу үшін дұрыстығын тексеру.

 

1.3 Зертханалық жұмыстың орындалу реті

 

1.3.1 ISKRATEL компаниясы арқылы MSAN тобының мүшелерінің ерекшеліктерін білеміз. MSAN тобының мүшелерінің құрамы MLC (мүшесі LS5092) платформасында базаланады,  MEA (мүшелері BA6052, BA6053, ES6021, ES6031, LA6111 және т.б) платформасында базаланады.

MEA модулі IP BAN (Broadband Area Network) үшін негізгі құрамдас бөлік болып табылады. Бұл модульге IP-желіге POTS терминалын қосылуын ұйымдастыратын хDSL перифериялық плата, сплиттерлер, IP-коммутарторлар және перифериялық платалар кіреді. Шассидің әртүрлі нұсқасы тиімді конфигурацияның құрастырылуына мүмкіндік береді.

1.3.2 Төменде көрсетілген нұсқау көмегімен TDM-NGN блок-сұлбаларын құрастырыңыз.

 

 

 

 


1.3.3 Компьютерді Интернетке қосамыз. Қосылыстың дұрыстығын тексереміз.

Қадам 1. Мәзірге кіріп «Пуск>Настройка>Сеть» таңдаймыз және желіге алыстатылған қатынауды қосамыз. Жергілікті виртуалды желіге қосылу үшін сәйкесінше қосылу керек.

Қадам 2. TCP/IP конфигурациясын тексеру үшін «Свойства» таңдаймыз. (TCP/IP) Протоколын бөліп алып «Свойства» таңдаймыз. Компьютердің IP, желіасты маскасын және шлюз адрестерін жазамыз.

Қадам 3. «Пуск» мәзіріне кіріп «Выполнить» таңдаймыз. Cmd командасының ашылуын енгіземіз, ол командалық жолдың терезесінде  болуына жол береді.

Қадам 4. Ipconfig командасын енгізіп Enter-ді басамыз. Бұл команда осы компьютердің қысқа IP конфигурациясын көруіне болады.

Қадам 5. ipconfig/all командасын енгізіп Enter-ді басамыз. Бұл команда компьютердің толық IP конфигурациясын көруіне болады. Осы компьютердің МАС-адресін жазып аламыз. IP address, MAC-address қандай форматта жазылғанын анықтаймыз.

Компьютердің MAC-address:________________________________

IP address ____________________________________________________

Қадам 6. Ping командасын енгізіп және алыстатылған құрылғының IP адресін енгіземіз, физикалық байланысын тестілеу үшін Enter-ді басамыз.

Қадам 7. Ping және 127.0.0.1 (немесе localhost) командасын енгізіп Enter-ді басамыз, ол сіздің компьютеріңіздің порттарын тестілеу үшін қажет. 127.0.0.1 адресі компьютердің өзін –өзі тестілеу үшін резервтелген.

Қадам 8. C:\WINNT\system32\drivers\etc дискіге кіріп, Hosts файлын таңдап және оны блокнот көмегімен ашамыз.

Қадам 9. Hosts файлына IP адрестер және барлық хосттардың атын құжаттамамен сәйкесінше (егер болса) қосу керек, олармен компьютер белсенді түрде байланысады немесе осы құрылғылармен басқарады. Hosts файлында конфигурацияны және оның кеңеюін өзгертпей сақтау керек. Осы файлда көрсетілген параметрлер көптеген қызмет түрлерінің жұмысын анықтайды. Бұл жүйелік файлмен жұмысты өте абай және зейін қойып жасау керек.

Мысалы:

127.0.0.1           localhost

192.168.2.23     mnlin2.iskratel.ru    mnlin2

192.168.2.161   class1.iskratel.ru    class1

или

127.0.0.1           localhost

192.168.2.23     mnlin2.iskratel.ru    mnlin2

192.168.2.162   class2.iskratel.ru    class2

Қадам10. Ping командасын енгізіп, командалық жолда компьютердің (хосттың) атын (мысалы class1) жазып, Enter-ді басыңыз.

Қадам11. командалық жолда рing командасын және доменді (мысалы class1.iskratel.ru) енгізіп, Enter-ді басыңыз.

Қадам12. Командалық жолда tracert командасын енгізіп және IP address немесе  Domain немесе Web URL енгізіп, Enter-ді басыңыз. Командалық жолда алыстатылған компьютерге қол жеткізуден бұрын десте өтетін желінің барлық құрылғысы ғана емес  (30 дейін) басқа да құрылғылар көрінеді.

Қадам13. Командалық жолда сіздің компьютер үндеу жіберген (broadcast) соңғы алты құрылғының МАС-адресін көру үшін arp –a командасын енгіземіз.

Қадам14. Көрші құрылғыға ping орындап және оның МАС- адресін (arp-a) анықтау керек.

 

1.4 Жасалған жұмыс бойынша сәйкесінше қорытынды жасау керек

 

1.5 Бақылау сұрақтары

 

1.5.1 Желіде идентификациялау үшін әрбір желілік құрылғыға тағайындалған он алтылық код қалай аталады?

1.5.2 Тасушымен бақыланатын және коллизияны (CSMA/CA)  болдырмайтын көптік қатынау тәсілі қандай желілерде қолданылады?

1.5.3 Үлкен қашықтыққа оптикалық талшық арқылы ақпараттар тасымалданған кезде не қолданылады?

1.5.4 Е1 цифрлық ағында бір уақытта неше абоненттік жолмен беріле алады?

1.5.5 Қазіргі таңда MEA қорабы қандай қызметтерді орындауға сақталған?

1.5.6 MEA20 қорабындағы қай позициясында Ethernet Switch орналасқан?

1.5.7 MEA қорабындағы нөмірдің анықталу позициясына жауап беретін қандай шина?

1.5.8 ARP протоколының жұмыс жасау принципі.

 

2 Зертханалық жұмыс. MN6011 басқару жүйесінің жұмыстық конфигурациясын құрған кездегі практикалық дағдыларды алу

 

Жұмыстың мақсаты: Iskratel компаниясының SI2000 v.6 өнімдері MN6011 басқару жүйесінің жұмыстық конфигурациясын құрған кездегі теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын алу

 

2.1 Зертханалық жұмыстың сипаттамасы

 

MN6011AX қосымшасы MSAN (Multiservice Access Node) түйінінің барлық платаларын басқару мен тексеру үшін арналған. MN6011 өнімі бірнеше модульден тұрады:

Автоконфигурация сервері (ACS) құрылғылардың автоматты конфигурациясы мен тіркелуді орындау үшін арналған.

MNM (Management Node Manager)  қосымшасы MN-нің өзін және оның барлық өнімдерінің жалпы функцияларын басқаруға арналған. Басқару түйіні мен барлық желілік элементтер үшін ортақ функцияларды басқаруды қамтамасыз етеді. MNM желі топологиясын өзгертуге, қолданушыларға құқық беруге және т.б. мүмкіндік жасайды. MNM қосымшасы желі элементтерінің толық топологиясын басқаруға мүмкіндік береді. Онда түрлі контейнерлер (Container) жасауға, іштеріне жаңа контейнерлер салуға, кейін бұлардың ішіне МЕА шассиін орнатуға болады.

MN Single Sign On  басты қосымшасы  жүйеге кіру мен тіркелу үшін. Ол Single Sign On–ның басты бағдарламасы, бағдарлама арқасында тексеру мен басқаруға болатын өнімдерді көру мен қолданушыға тіркелу мүмкіндігін береді. 

 INEM клиенті  - қандай да бір өнімнің функцияларын басқаруға арналған қолданушының графикалық интерфейсі, олар мәліметтер сұлбасының версиясымен анықталады. Басқаруға қажетті қандай өнімдер екендігіне орай қосымша бөлек орнатылады.

MNM қосымшасы желі элементтерінің топологиясын басқаруға мүмкіндік береді. Онда түрлі контейнерлер (Container) жасауға, іштеріне жаңа контейнерлер салуға, кейін бұлардың ішіне МЕА шассиін орнатуға болады.

 

2.2 Жұмыстың тапсырмасы

 

2.2.1 Жүйенің конфигурациясының дұрыстығын тексеріңіз.

2.2.2 Желінің жаңа элементтерін енгізу- желілік элементтердің ағашын жобалаңыз.

2.2.3 Желіде элементтердің конфигурациясы мен тіркелуі.

 

2.3 Зертханалық жұмысты орындау реті

 

2.3.1 ISKRATEL компаниясының 6 версиясының өнімдерін басқару ерекшеліктерімен таныстыңыз. Өзіңіздің жүйеңізге қолданушы: sysadmin ретінде кіріп, жүйенің конфигурациясының дұрыстығын тексеріңіз.

«Пуск/Настройка/Панель управления/Администрирование/Службы» мәзірінен келесі сервистер қосылған ба, соны тексеріңіз:

-  OpenLDAP Directory Service – желінің аппараттық құрылымы (MN-дегі ағаш) туралы ақпаратқа жауап беретін сервис;

-  SOLID_MN_PROD – MN-дегі және элементтердегі мәліметтер синхронизациясы үшін жауап беретін сервис (өнімдердің версиясы туралы ақпарат);

-  SOLID_MN_COMM – элементтердегі және MN-дегі қиындықтар туралы мәліметтер синхронизациясына жауап беретін сервис (alarms).

Егер осы сервистердің бірі қосылмаған болса, онда оны «Пуск» мәзіріндегі тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы таңдап, іске қосу керек. Бұл сервистің қасиеттерін қарау үшін оны сонымен бірге оны тінтуірдің оң жағымен «Свойства» мәзірінен таңдауға болады.

Жүйенің дұрыс жұмысы үшін келесі қосымшалардың бар екендігін тексеріңіз. Қосымшалар С дискісінде орнатылады.

-  Informix;

- Jakarta-tomcat;

- jdk1.5;

- jre1.5;

- NewEra 3.1;

- Openldap;

- Solid;

- Mnroot;

С:\mnroot – ол MN v.6.- нің жүктелу папкасы С:\mnroot\local\ne – папкасында желілік элементтер үшін жүктемелік ақпарат бар.  

 

2.3.2 MNM-де MN6011 және басқа өнімдер сәтті орнатылғаннан кейін желінің жаңа элементтерін енгізуге кірісіңіз, желілік элементтердің ағашын жобалаңыз. 

Қадам 1. Internet Explore  қосымшасын іске қосыңыз және адрес өрісінде сіздің WBM (Web Based Management) серверінің мәліметтерін енгізіңіз: http://192.168.2.161/sso немесе http://class1/sso (hosts файлымен сәйкес). Тіркеліңіз: Username:  sysadmin, Password:  sysadmin.

Қадам 2. Сіз жұмыс істейтін MNM Product Name өнімдерінің тобын таңдаңыз. Кейін қажетті INEM – Manаagement Node Manager (MNM)-ті таңдаңыз. Топқа бір рет тінтуірмен шерту арқылы қосымшаны ашыңыз.

 

 

Қадам 3. SYS/Topology командалар тобына меңзерді және жалауша (þ) орнату керек, осылайша оқу/жазу режимі орнатылады. Топологияның неғұрлым кең көрінісін алу үшін меңзерді SYS/Topology/Container (Tree) қойса болады. 

Қадам 4. Мұнда бастапқыдан негізгі контейнер орнатылған: kz-Almaty (контейнердің аты MN6011-ді орнатқан кездегі орындалған баптамаларға байланысты). Негізгі контейнер аясында тағы бір контейнер қосайық, мысалы аты «maket1» болсын. Ол үшін  Insert  батырмасын басу керек. Choose Container Type терезесі ашылады. «Container» мәнін таңдаңыз және таңдауды ОК батырмасын басу арқылы растаңыз. Container (Table) – Insert терезесі ашылады. Жаңа контейнердің атын (Name) енгізіңіз, қысқаша сипаттамасы (Description)  және жаңа контейнер аясына кіретін контейнерді белгілеңіз.

Қадам 5. Жаңа құрылған контейнерге «Maket 1» МЕА шассиін енгізіңіз, мысалы ол 20 слотты болсын. Жаңа шассилер де Insert–ке басу арқылы қосылады, мұндағы айырмашылығы – «Choose Container Type» терезесінде «Shelf» мәнін таңдайтынымызда. «Shelf – Insert» терезесі ашылады, онда біз МЕА шассиі үшін келесі параметрлерді белгілейміз:

1) аты (Name);

2) реттік нөмірі (Shelf id) – платаларды позициялары мен орны бойынша жүктегенде қолданылады (баптау ES конфигурациясымен сәйкес келуі керек);

3)сипаты (Description);

4) Shelf Type –  MEA шассиінің өлшемі: 20 слотпен  – MEAAX;

                                              10 слотпен – MEABX;

                                              5 слотпен – MEACX.

Шасси орнатылатын контейнерді белгілеңіз (Parent Container).

 

 

Қадам 6. Конфигурацияның дұрыстығын тексеріңіз - ол біздің топологиямыздың дұрыстығын көрсетеді. ru-Moscow контейнерінде «Maket 1» контейнерасты бар, онда 20 слотты МЕА шассиі орнатылған. Әзірше бұл слоттар жабдықталмаған, яғни түйіндермен байланыспаған. Қазіргі уақытта әр нақты слотта қандай құрылғылар болатындығы анықталмаған (аналогты  (POTS) LA6111 абоненттік платасы, BA6153 кеңжолақты қатынау платасы,  ES6031 коммутаторы және т.б.).

 

 

Қадам 7. Алынған топологияны кесте түрінде қараңыз. Сіз  INEM – Management Node Manager-тің ішіндесіз. SYS/Topology командалар тобына меңзерді орнату керек және жалаушаны (þ), осылайша оқу/жазу режиміне, ал меңзерді SYS/Topology/Container (Table)-ге орнатыңыз.

 

 

2.3.3 Желіде элементтерді конфигурациялау және тіркеу.

Автоконфигурация сервері (ACS) көзқарасынан алмастырылатын желілік элементтер болып табылатын платалар шасси идентификаторы және ішіндегі слот позициясына сәйкес идентификациялануы керек. Осылайша MNM-ге де үнсіз келісім бойынша мәліметтер дайындаңыз. Басқа типті платалар үшін идентификатор болып МАС- адресі табылады. Сол себепті желі топологиясын сипаттайтын МNM қосымшасы үшін шассидің әрбір слотына арналған ACS серверінде элементті тіркеу мақсатымен идентификациялық мәліметтердің типін өзгерту керек.

Қадам 1. MNM басты  терезесінде дайындауға қажетті слотты (мысалы, MEA20-дағы бірінші слот) таңдау және Modify батырмасын басу керек.

Қадам 2. Бірінші позиция үшін жатық жол өзгерді ме, соны тексеріңіздер. Басты терезеде конфигурациясы өзгертілген слоттың жанында осы позицияда орнатылуы мүмкін платаның МАС- адресі пайда болады.

MN6021- де түйіндердің енгізілуі мен конфигурациясы нақты осылайша жасалады.

 

2.4 Жасалған жұмыс бойынша сәйкес қорытындылар жасаңыз

 

2.5 Бақылау сұрақтары

 

2.5.1 Басқармада компанияның ISKRATEL компаниясының жабдықтарын басқаруда  қандай қызмет және сервистер пайдаланылады?

2.5.2 Жүйенің дұрыс жұмыс жасау үшін қандай қосымшалар қажет?

2.5.3 Желілік элементтерді ағаш түрінде құру.

2.5.4 Қосымша негізгі контейнерге қалай үстемелеуге болады?

2.5.5 Алынған топологияны кесте түрінде қалай көруге болады?

2.5.6 MEA платаның шасси көлемі.

2.5.7 Әрбір слотқа қандай жабдықтар орнатылады?

2.5.8 ACS серверіне элементті тіркеу үшін идентификациялық мәліметтің түрін қалай өзгертуге болады?

 

3 Зертханалық жұмыс. MNM қосымшасындағы функционалды топтармен жұмыс жасаған кезде практикалық дағдылар алу

 

Жұмыстың мақсаты: MNM қосымшасындағы (MN6011 және MN6021 өнімдері) функционалды топтармен (SYS, CMG, SMG) жұмыс кезінде практикалық дағдылар алу мен теориялық негіздерді зерттеу болып табылады.

 

3.1 Зертханалық жұмысқа сипаттама

 

MNM (басқару түйінінің менеджері, MN6011 және MN6021 өнімдері) қосымшасы MSAN (Multiservice Access Node) түйінінің барлық платаларын басқаруға және бақылауға арналған. MNM басқару түйінінің  конфигурациясын орындайды, сонымен қатар, барлық желілік элементтерге ортақ болып келетін кейбір функцияларды орындайды:

- желілік элементтердің  және топологияның регистрі;

- желілік элементтердің топологиясын карау және қолдау;

- желілік элементтерден мәліметтерді тарату күнтізбесін конфигурациялау;

- log және backup серверлерін конфигурациялау;

- пайдаланушыға құқықтарын ұсыну.

MNM қосымшасынан бөлек әрбір түйінге INEM-ді ашуға болады. INEM қосымшасының мазмұны өнімге байланысты. Онда бірнеше бөлімдері болуы мүмкін:

- жүйелік  менеджер– SYS (System manager);

- конфигурирлеу менеджері – CMG (Configuration manager);

- диагностика менеджері – FMG (Fault manager) - MN6021үшін;

- қауіпсіздік менеджері SMG (Security manager).

 

3.2 Жұмыстық тапсырма

 

3.2.1 SYS  қосымша тобы көмегімен контейнерлерді құру және оларда модульдерді орнату.

3.2.2 SMG қосымша тобы көмегімен желілік элементтерді топтарға біріктіру және нақты топ элементтерін ғана басқаруға мүмкіндік беретін пайдаланушыларды құру.

3.2.3 СMG қосымша тобы көмегімен жүйедегі барлық оқиғаларды тіркеу.

 

3.3 Жұмыстың орындалу реті

 

3.3.1 MNM қосымшасының SYS функционалдық тобы NGN желісінің топологиясын құруға және қарауға арналған. Берілген қосымшаның көмегімен контейнерлерді құруға, оларға модульдерді (яғни MEA шассиі, автономды блоктар және т.б.) орнатуға болады. Бірақ бұл функционалдық топта барлық NGN желісіне шолу жасауға мүмкіндік беретін тағы бірнеше мәзірлер бар.

Қадам 1. Internet Explore (IE) қосымшасын және WBM (Web Based Management) серверін  қосыңыз. Username: sysadmin, Password:  sysadmin деп тіркеліңіз.

Қадам 2. Сіз жұмыс істейтін MNM Product Name өнімдер тобын таңдаңыз. Келесіде  INEM-ге қажетті – Management Node Manager (MNM) таңдаңыз. Топты бір рет шерту арқылы қосымшаны ашыңыз.

Қадам 3. SYS/Topology топтар командасына меңзерді және жалаушаны (þ) қою керек. Area (SYS/Topology/Area) мәзіріне кіріңіз. Area мәзірі 2 санағыштан тұрады: түйіндер санағышы (Node Counter) және контейнерлер санағышы (Container Counter).

 

 

Қадам 4. MN Node (SYS/Topology/MN Node) мәзіріне кіріңіз. MN Node мәзірі басқару түйінін көрсетеді.

 

 

Қадам 5. NE Node (SYS/Topology/NE Node) мәзіріне кіріңіз. NE Node  мәзірі барлық енгізілген түйіндерді көрсетеді. Берілген терезеде кейбір  бөлек түйіннің негізгі мәліметтерін көруге болады.

 

 

Қадам 6. Node Group (SYS/Topology/Node Group) мәзіріне кіріңіз. Node Group мәзірі түйіндерді топтарға біріктіруге  мүмкіндік береді. Түйін енгізілгенннен кейін, ол автоматты түрде өнімнің тобында пайда болады (мысалы, LA6111 түйіні LA түйінінде, басқару түйіні MN түйінде...). Сонымен қатар, бөлек түйіндерге қосуға мүмкіндік беретін қосымша топтар құруға болады. Топтар негізінде пайдаланушыларға басқару құқықтарын ұсынуға болады (Толық ақпарат SMG/Users  бөлімінде беріледі).

 

 

Қадам 7. Container Group (Table) (SYS/Topology/Container Group (Table)) мәзіріне кіріңіз. Container Group (Table) мәзірі желі топологиясын кестелік формада көрсетеді. Слоттар туралы мәліметтер тізімінен керекті мәліметтерді алуға және әрекеттерді орындауға болады, аналогикалық мәзір Container Group (Tree).

 

 

Қадам 8. Product Release (SYS/Topology/Product Release) мәзіріне кіріңіз. Product Release мәзірі өнімнің категориясын, желілік элементтегі бағдарламалық қамтамасыз етудің нақты нұсқасын, басқару және бақылау қосымшасы және т.б. көрсетеді.

 

 

Қадам 9.  MPS Node (SYS/Topology/ MPS Node) мәзіріне кіріңіз. «MPS Node» мәзірі қоректену жүйесінің конфигурациясы үшін құрылған түйіндерді көрсетеді.

 

3.3.2 MNM қосымшасының SMG функционалдық тобы тек нақты топтың басқаруға мүмкіндік беретін пайдаланушыларды құруға  және желілік элементтерді топтарға біріктіру жолы арқылы бірнеше пайдаланушылар арасындағы жүйелерді басқару міндеттерін таратуға арналған. Пайдаланушыларға бөлек функционалдық топтардағы баптауларды өзгерту және қарау немесе тек қана қарау құқықтарын ұсынуға болады. 

MNM бірнеше топтардан– өнімдер топтарынан тұрады. Бұл топтар INEM-нің өңделуі кезінде бөлек әр отбасылар (MNM, LA және т.б. топтары) үшін құрылады. Жаңа түйін құрылғаннан кейін, ол автоматты түрде сәйкес қорғалған топқа қосылады, сондықтан одан түйінді жою мүмкін емес.

Қадам 1. sysadmin пайдаланушысы болып тіркеліңіз және Functional Groups (MNM/SMG/Authorization and authentication/Functional Groups) мәзіріне кіріңіз.

Functional Groups мәзірінде функционалдық топтар желілік элементтердің (CS, LA, BA, MG, ES, CPE) категориясына байланысты бөлінеді.

MNM қосымшасы сияқты бөлек өнімдер қосымшасы INEM бірнеше функционалдық топтарға бөлінеді. Нақты пайдаланушыға нақты функционалдық топты қарауға құқық (мысалы, HWConfiguration_Read) ұсынылуы мүмкін немесе функционалдық топты құру мен қарауға (мысалы, ODOLT_ Write) құқығы ұсынылуы мүмкін.

 

 

Қадам 2. User (MNM/SMG/Authorization and authentication/User) мәзіріне кіріңіз. User мәзірінде жүйеге тіркеле алатын (авторизация жасай алатын) барлық пайдаланушылардың login мен password көрсетілген (үнсіз келісім бойынша жүйені екі ғана пайдаланушы администрация жасай алады: sysadmin –операторларға арналған, барлық құқыққа ие пайдаланушы; mnadmin  – сервистік персоналға арналған, барлық құқыққа ие пайдаланушы), сонымен қатар олар жұмыс істей алатын функционалдық топтар да көрсетілген. Бұл пайдаланушыларды жою мүмкін емес және оларды құқықтарынан да айыру мүмкін емес. Екі пайдаланушы  басқа MN пайдаланушыларын қоса алады.

 

 

Қадам 3. «User_Maket1» атымен  бөлек пайдаланушыны құрыңыз және «123456» деген  құпия сөзді енгізіңіз. Оны әртүрлі топтарға енгізіңіз және осылай бөлек әр функционалдық топтардың  пайдаланушысына “read only”, “read-write” немесе “No permission” типіндегі енуді беріңіз. Пайдаланушыны ерекшелеп және »Change Password« батырмасын басып, құпия сөзді өзгертіңіз.

User  мәзіріне жаңа пайдаланушыны енгізу үшін Insert батырмасын басыңыз. User – Insert терезесі ашылады:

 

 

Қадам 4. Жүйеде  «User_Maket1» құрылып қойған пайдаланушысы болып тіркеліңіз. Берілген пайдаланушының функциясын – конфигурация процесі кезінде оған берілген құқықтарды тексеріңіз.

Қадам 5. sysadmin пайдаланушысы болып тіркеліңіз және User (MNM/SMG/Authorization and authentication/User) мәзіріне кіріңіз. User мәзірінде «User_Maket1» құрылып қойған пайдаланушысын жойыңыз.

 

3.3.3 MNM қосымшасының СMG функционалдық тобы жүйедегі барлық оқиғаларды тіркеуге арналған. Жазбалар бірнеше log файлдарда оқиға жататын қосымшаның есебімен сақталады. Жазбалар C:\mnroot\local\files директориясында жиналып, бірнеше  директорияларға бөлінген:

Log –ең алдымен, ACS, FW (framework), backupserver және басқа серверлер жазбаларын  құрайды:

- AMG  - Account manager қосымшасының жазбалары;

- CMG  - Configuration manager қосымшасының жазбалары;

- FMG  - Fault manager қосымшасының жазбалары;

- PMG  - Performance manager қосымшасының жазбалары;

- SMG  - Security manager қосымшасының жазбалары;

- SYS  - System manager қосымшасының жазбалары.

Жазбалар сол кездегі «белсенді» болатын log файлға, MNM қосымшасында өзгертуге болатын, оның максимальды өлшемі тоғанға дейін сақталады. Осыдан кейін файлдың ішіндегі мәліметтер бірінші «белсенді емес» файлға тасымалданады, ал ағымдағы «белсенді» файлда жаңа жазбалардың жинау басталады.

 

 

Қадам 1. Log Server Configuration (CMG/Log Server/Log Server Configuration)  мәзіріне кіріңіз және оқиғалар туралы жазбалар (log файлдар)  жиналатын файлдарға өлшем беріңіз. Керекті жазбаны жалаушамен белгілеп, Modify  батырмасын басыңыз. Log Server ConfigurationModify терезесін ашыңыз. AMG Maksimum Log File Size параметрінің мәнін орнатыңыз, мысалы, 500 kb, AMG Total Log File Size параметрін – 5000 kb. Кестедегі барлық параметрлер стандартқа және бас тартусыз жұмыcтың тиімді конфигурациясына сәйкес келеді. Сондықтан, жүйенің тиімдірек жұмысын қамтамасыз  ететін тек негізделген параметрлерді ғана енгізу керек.

 

 

Қадам 2. MNM Server Configuration (CMG/MNM Server/MNM Server Configuration) мәзіріне кіріңіз және жазбаны жалаушамен белгілеңіз. Modify батырмасын басыңыз. MNM Server Configuration – Modify  терезесі ашылады. MN конфигурациясы үшін елді және тіл интерфейсін таңдаңыз.

Қадам 3.  Services (CMG / MNM Server / Services) мәзіріне кіріңіз және MN  сервисі туралы жазбалармен бірге файлға өлшем беріңіз.

 

 

3.4 Бақылау сұрақтары

 

3.4.1 MNM қосымшасының  бағытталуы және негізгі функционалдық топтар.

3.4.2 SYS  функционалдық тобы неге арналған?

3.4.3 SMG  қосымшасының негізгі функциясы.

3.4.4 Барлық тіркелген тораптар қай мәзірде көрсетіледі?

3.4.5 Жазып болғаннан кейін, файлдағы мәліметтер қайда сақталады?

3.4.6 Оқиғалар туралы жазбалар қай файлда жиналады?

3.4.7 Жүйенің тиімді жұмыс жасауын қандай параметрлер қамтамасыз етеді?

3.4.8 MNM серверінің функционалды мүмкіндіктері?

 

4 Зертханалық жұмыс. Коммутатордың платасын баптау

 

Slide 2_15Жұмыстың мақсаты: MSAN (бұдан әрі ES) платформасында агрегациялайтын Ethernet коммутатордың платасымен (IDC платасы, ES6132AX өнім) жұмыс жасағандағы тәжірибелік дағдыларды алу.

 

4.1 Зертханалық жұмыстың  сипаттамасы

 

Агрегациялайтын ES коммутатордың платасы MEA (немесе ATCA) платформасының ядросы болып табылады, ол сөйлеу трафигінің кешігуіне сезгіш және джиттерге сезгіш жеткізудің қажетті  функциясына ие болатын, секундына 35 млн. десте өткізу қабілетімен операторлық сыныптың жоғары өндірілетін агрегация матрицасы.

Плата қорабының сыртында белгілі  ретіне орнатылады және 100 Мбит/c немесе backpanel платформасы арқылы 1 Гбит/с жылдамдықпен қызметтің барлық платаларымен қосылуды жүзеге асырады. Платаның функциялар санына сондай-ақ, желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметті жеткізушінің және пайдаланушының ақпаратын қорғау, кездейсоқ және арам ойлы шабуылдарды сақтау кіреді. Плата Ethernet технологиясына толығымен негізделеді. MSAN резервтеуімен конфигурацияларда құрылғының резервтелуі және желінің қосылуын қамтамасыз ету үшін жүйенің қалпына келтіру хаттамаларын пайдаланады.

 

4.2 Жұмысқа тапсырма

 

4.2.1 Ethernet коммутатор платасының түрі қандай екенін тексеру.

4.2.2 DHCP серверінің баптауын және орнатуын, MN Windows басқару пультінде немесе басқару желісінің кез келген  басқа компьютерінде орындау.

4.2.3 ES  платасын жүктеуге дайындау.

4.2.4 Түйін құру ( ES платасының).

 

4.3 Жұмыстың орындалу тәртібі

 

4.3.1 ES коммутаторының 24 GbE порты бар, оның төртеуі (uplink) алдыңғы бет панелінде жүзеге асқан, ал қалған 20 (access) backpanel-ге бағытталып, артқы жағына шығарылған. Алдыңғы панельдегі порт  каскадтау және желіге қосылу үшін қолданылады. Шындығында адынғы бет панелінде сегіз тіркеуіш бар, олардың төртеуі  RJ-45 электрлік және төртеуі оптикалық интерфейс үшін SFP. RJ-45 және SFP тіркеуіштері бір уақытты тек қана төрт тіркеуіш (қалаған бойынша таңдау) қолдана алатындай параллель қосылған.

Қадам 1. Сіздің қорабыңызда Ethernet  коммутатор платасының қандай түрі тұрғанын тексеру.

Қадам  2. RS232 портқа консолды кабель қосып, HyperTerminal-ды  іске қосыңыз (Пуск>Программы>Стандартные>Связь). Сеансқа кез келген есімді беріңіз және ОК батырмасын басыңыз.

Қадам 3. Қосу өрісінде COM1 портын таңдап, ОК басыңыз.

Қадам 4. Баптауды таңдаңыз және ОК басыңыз. Консол терезесі ашылады.

4.3.2 ES те DHCP Relay Agent қолдану үшін, алдын ала сәйкесінше DHCP Server-ді баптау қажет. DHCP серверін баптауын және орнатуды MN Windows басқару пультінде немесе басқару желісінің кез келген басқа компьютерінде орындау. DHCP сервері ретінде сервер-қосымша haneWin DHCP Server пайдалану керек. Инсталляция процесінде DHCP сервер өз бетінше орнатылып, сервистерде іске қосылады.

Қадам 1. HaneWin DHCP Server  қосымшасын іске қосып, мәзірге кіріңіз Options>Preferences. Сіз параметр орнатылатын General белгісінде орналастыңыз.

Қадам 2. Interfaces белгісіне кіріңіз. Сіздің негізгі DHCP серверінің IP адресін анықтайтын бірнеше IP-адрестердің біреуін таңдаңыз және оны «trusted» (доверительный /замочек/) IP-адрес түрінде анықтаңыз. DHCP  белгісінде  DHCP  қосымшаны қалай қолданатындарына  байланысты баптау рұқсат етіледі

Қадам 3. Өнімнің түріне сәйкес  жүктемелік конфигурация үшін профиль құрыңыз.

 

           

 

Бұл зертханалық жұмыс профиль ES6132 өнімін тіркеу үшін құрылады. Мәзірге кіріңіз Options>Manage Profiles> Configuration profiles. Configuration profiles терезесі ашылады. EF үшін профиль құрыңыз. Ол үшін  Profile Name терезесінде профильдің атауын көрсетіңіз, мысалы:  ES6132_mea004 сосын  Add батырмасын басыңыз.

Қадам 4. ES6132_mea004 терезесі ашылады, келесі берілгендерді  енгізілетін:  

Basic Profile белгісі:

Lease time (s) –алынған  IP адрестің қайталап DHCP серверде  (төрт күнге дейін орнату ұсынылады) тіркелуіне дейінгі   аренда уақыты.

Subnet mask – желілік элемент пен DHCP сервер жұмыс істейтін желі іші маскасы.

Gateway Address – үнсіз келісім  бойынша желідегі шлюздің IP-адрес.

 

 

DNS белгісі:

DNS Address –MN түйінінің IP-адресі;

DNS Address – Резервті түйіннің IP-адресі ;

Base name for clients –http://адрес MN Windows/acs/ форматында ACS серверінің http-адресі (мысалы 192.168.2.161/acs/).

 

 

Other белгісі:

Option - LA6111(мағынасы 13322ES) өнімнің белгіленуі. LA5153AX және LA6111AX  үшін 13322LA мағынасы қолданылады, BA6161AX  үшін - 13322BA және  ES6132AX  үшін - 13322ES);

Value(s) – құрылғы түрдегі идентификациялар параметрі (Iskratel 43 Vendor Specific үшін).

Add батырмасын басыңыз. Option Length Value(s) терезесінде келесі    43 7``13322ES пайда болады.

ОК батырмасын басыңыз.

Сіздің профиль (DHCPsrv.INI файлы) конфигурациясында DNSbaseonly=1 (DHCP серверінің ескі нұсқауы үшін) жолы тіркелгенін тексеріңіз. C:\Program Files\dhcp\DHCPsrv.INI. папкасындағы DHCPsrv.INI файлын қарап шығыңыз.

4.3.3 ES  платасын жүктеуге дайындау.

Қадам 1. ES  платасында консолды кабельді RS232 портына қосыңыз. Платаны жүктеуге дейіні алғашқы бірнеше секундта Enter батырмасы көмегімен (немесе жанама батырма) BOOT режимінде орнатыңыз. Компьютер және платада IP адресті бір желіде болатындай етіп баптаңыз. Желі параметр конфигурациясы үшін BOOT режимінде ipconf командасын енгіземіз. ES коммутаторын терминал да және плата да бір желіде болатындай етіп баптаңыз. Әрі қарай reset командасымен платаны қайта жүктеп, BOOT режиміне тоқтаңыз. Service Port арқылы стандартты түзу кабельмен Switch-Компьютер қосылуын орындаңыз және келесі жағдайларды (сондай-ақ плата BOOT режимінде қалады) орындауға кірісіңіз.

[Boot]: ipconf

Қадам 2. Version командасымен Flash нұсқасын тексеріңіз.

Қадам 3. ES  платасы жүктеуге дайын болғаннан кейін, желінің басқа құрылғыларымен дұрыс түйісу үшін, басқару жүйесінде түйін құру қажет.

Қадам 4. Контейнер және MEA 10 шассиін құрыңыз. MN Windows – те MNM Product Name өнімнің тобын таңдаңыз. Әрі қарай INEM – MNM таңдау керек. Топты тінтуірдің көмегімен басып, қосымшаны ашыңыз. Ашылған терезеде мәзірді таңдаңыз SYS/Topology/Container (Tree).

Қадам 5. SYS/Topology/Container(Tree) терезесінде негізгі контейнер орнатылып қойылған: Russia-Moscow. Insert батырмасын басу арқылы  контейнер құрыңыз, мысалы, «maket1»  контейнері. Choose Container Type терезесі ашылады. «Container» белгісін таңдап, таңдауды OK батырмасымен растаңыз. Container (Table) – Insert терезесін ашыңыз. Жаңа Name контейнердің атын беріңіз,  Description қысқа сипаттамасы, Parent Container  жаңа контейнер көрсетілген аймақтағы контейнерді бөліп алыңыз.

Қадам 6. Құрылған  «Maket 1» контейнерін таңдап, 10 слоттармен MEA шассиін құру керек. Жаңа шасси сонымен бірге Insert батырмасын басу арқылы қосыла алады, қазір Choose Container Type терезесінде «Shelf» белгісі таңдалады. MEA шасси үшін келесі параметрлер енгізілетін, Shelf – Insert терезесі ашылады:

1)Аты  (Name).

2)Реттік номер (Shelf id) – орны және позициясы бойынша платаны жүктеу кезінде қолданылады  (баптау ES  конфигурациясымен сәйкес келуі керек).

3)сипаттамасы (Description).

4)MEA (Shelf Type) шассиінің размері:

-        20 слотты – MEAAX

-        10 слотты – MEABX;

-        5 слотты – MEACX.

5)Шасси орнатылатын контейнер (Parent Container).

Қадам 7. MEA10 да 10 позиция алатын ES платасына қосылатын, MEA20 құрылған шассиіндегі слотты таңдаңыз. Modify батырмасын басыңыз. Slot – Modify терезесі ашылады, ол терезеде Registration Type параметрін тексеріңіз. Желілік элеменнтің тіркелуі берілген позицияда позициясы мен орналасқан жері бойынша болғандықтан, MAC address тіркелу әдісі таңдалу керек. ОК батырмасын басыңыз.

Слоттар әлі жабдықталмаған сонымен бірге тораптармен әлі байланыспаған, желілік элементтің (ES) қосылу процедурасын кейінірек орындаймыз.

 

 

4.4.4 WBM (Web Based Management) терезесіндегі ES өнімнің тобын таңдап, INEM – Ethernet Switch Blade таңдаймыз. SYS белгісінде Node (Network Element/Node) мәзірін таңдап, түйін құру (ES платаның) үшін Insert батырмасын басамыз. Баптаудың аяғында OK батырмасын басыңыз.

Жүйеде түйін құрғаннан кейін автоматты түрде көрсетілген барлық параметрлерімен жаңа Node-Modify терезесі пайда болады. Бұл терезеде алдын  құрылған контейнерге позиция қосу қажет.

Түйін құрылғаннан кейін платаны жүктеп, оның DHCP серверіне статикалық IP адрес қосамыз.

ES  платасы MN де ACS серверіне мән беру керек.

 

4.4 Жасалған жұмысқа сәйкес қорытынды жасау

 

4.5 Бақылау сұрақтары

 

4.5.1 Сіздің коммутаторыңыздың неше порты бар?

4.5.2  Кіріс трафигі үшін қандай порт қолданылады?

4.5.3 Қорапта резервтелу қолданыла ма?

4.5.4 ES және жоғарыдағы коммутаторларды қосу үшін кабельдің қандай түрі қолданылады?

4.5.5 Желілік параметрді тағайындау үшін DHCP нені қолдана алмайды?

4.5.6 Интернет желісіне қатынау үшін не қажет емес?

4.5.7 Контейнерді ағаш түрінде құру алгоритмі.

4.5.8 BOOT режиміне қалай көшуге болады?

 

5 Зертханалық жұмыс. Нақты уақыттағы басқару жүйесінің теориялық негіздерін игеру

 

Жұмыстың мақсаты: қолданылатын VxWorks нақты уақытындағы басқару жүйесінің теориялық негіздерін игеру болып табылады.

 

5.1 Зертханалық жұмыстың сипаттамасы

 

ES функционалдығы да қолданыстағы VxWorks нақты уақытындағы БЖ-мен анықталады.

VxWorks – құрамына ығыстырғыш жоспарлауышы және үзілуге шапшаң үні бар көп есепті өзек (ядро), үрдіс аралық әрекеттесу мен синхронизация әдістері, сонымен қатар файлдық жүйе және желілік ішкі жүйе (TCP/IP хаттамалар стегі) кіретін нақты уақыттағы басқару жүйесі. Жүйе құрамына кросс-компиляция, өндірушілік бақылауы мен алшақ талқылау құралдары, сондай-ақ, әртүрлі процессор эмуляциясы кіреді.

 

5.2 Жұмыстың тапсырмасы

 

5.2.1 ES конфигурациясын тексеріңіз. EF платасы үшін ES коммутаторында 1/3 интерфейсін құрыңыз.

5.2.2 ES конфигурациясын графикалық режимде де (MEA платформасы үшін) орындауға болады.   

 

5.3 Жұмыстың орындалу реті

 

5.3.1 ES EF6111 өнімі үшін қажетті ES конфигурациясы. ES  конфигурациясын тексеріңіз. EF платасы үшін өзіңіздің ES-де 1/3 интерфейсін құрастырыңыз.

Қадам 1. Жүйеде авторизация жасаңыз. HyperTerminal консолінде login: admin енгізіңіз. Enter басыңыз. Password: паролі жоқ. Enter басыңыз. Авторизация жасағаннан кейін Сіз қолданушы режиміне (>) түстіңіз. Мұнда конфигурацияны қарау үшін негізгі командалар қол жетерлік. Ең функционалды режим конфигурация режимі болып табылады (#). Enable командасының көмегімен ES баптауларын аустыруға болатын  жұмыс режиміне көшіңіз. Enter басыңыз. Password: паролі жоқ. Enter басыңыз.

Қадам 2. Хосттың IP-адресін тексеріңіз. HyperTerminal консолінде show network командасын теріңіз.

Жүйе интерфейс жайлы ақпаратты, IP-адрес, маска және кең таратқыш жіберу адресі (broadcast address) жайлы деректерді көрсетеді. 

Қадам 3. ES конфигурациясын тексеріңіз. HyperTerminal консолінде show running-config командасын теріңіз. 24 порттық ES4 MEA10 себетінде 10-позицияда тұр делік. Есептің шартына сүйене, алынған конфигурацияны көрейік:

(ES4) #show running-config

!Current Configuration:

IP адрес ES және ішкі желі маскасы

set prompt "ES4"

serviceport protocol none

serviceport ip 192.168.40.78 255.255.255.0

network protocol none

network parms 192.168.2.48 255.255.255.0

network mgmt_vlan 102

Желідегі VLAN конфигурациясы

vlan database

vlan  102                                                                                                   

vlan name 102 MN                                                                       

vlan  104

vlan name 104 RTP

exit

ES  MAC-адресі, STP  байланыстыратын ағашының элементі ретінде

spanning-tree configuration name "00-D0-50-52-E5-BF"

 

interface  0/1

spanning-tree mst 0 external-cost 200000

vlan participation include 102

vlan tagging 102

vlan participation include 104

vlan tagging 104

exit

Беткі панеліндегі порттар конфигурациясы (uplink). Бірінші порт өрлеме ағын үшін, екінші, үшінші порттар сөндірулі болуы керек. Төртінші айналылық үшін қолданылады (FMP қараңыз).

 

interface  0/2                                                                                             

shutdown

exit

 

interface  0/3

shutdown

exit

backpanel –дегі интерфейстер конфигурациясы. 1/1-ден 1/20 дейінгі порттар.

 

interface  0/4

exit

interface  1/1

spanning-tree edgeport

vlan pvid 102

vlan participation include 102

vlan participation include 104

vlan tagging 104

exit

Порт конфигурациясы, STP ағашының элементі ретінде

 

interface  1/2

spanning-tree edgeport

vlan pvid 102

vlan participation include 102

vlan participation include 104

vlan tagging 104

exit

 

interface  1/3

spanning-tree edgeport

vlan pvid 102

vlan participation include 102

vlan participation include 104

vlan tagging 104

exit

 

Қадам 4. serviceport қызметтік порты үшін (ES беткі панелінде) адресін және ES network parms үшін желі параметрлерін енгізіңіз.

 

(ES4) #serviceport protocol none

(ES4) #serviceport ip 192.168.40.78 255.255.255.0

(ES4) #network protocol none

(ES4) #network parms 192.168.2.48 255.255.255.0

(ES4) #network mgmt_vlan 102

(ES4) #vlan database

(ES4) (Vlan) #vlan  102

(ES4) (Vlan) #vlan name 102 MN

(ES4) (Vlan) #vlan  104

(ES4) (Vlan) #vlan name 104 RTP

(ES4) (Vlan) #exit

 

Қадам 5. EF платасы үшін өзіңіздің ES-де 1/3 интерфейсін құрастырыңыз. HyperTerminal консолінде configure командасын теріңіз. Сіз конфигурация режиміне кірдіңіз. Интерфейс параметрлерін өзгерту үшін interface 1/3 енгізіңіз:

(ES4) #configure

(ES4) (Config)#

(ES4) (Config)#interface 1/3

(ES4) (Interface 1/3)#

(ES4) (Interface 1/3)# vlan pvid 102

(ES4) (Interface 1/3)# vlan participation include 102

(ES4) (Interface 1/3)# vlan participation include 104

(ES4) (Interface 1/3)# vlan tagging 104

(ES4) (Interface 1/3)# exit

 

Ескерту: келесі қадамдарды орындауда мүмкін болатын командаларды қарау үшін конфигурацияның кез келген кезеңінде «?» командасын қолданыңыз.

Қадам 6. Show running-config командасымен конфигурацияның дұрыстығын тексеріңіз. Және де show port all командасын желілік элементтегі белсенді порттарды қарау үшін енгізіңіз.

Қадам 7. Алынған конфигурацияны себеттегі позициялармен  салыстырыңыз. Егер қарастырылып отырған позицияда элемент жоқ болса, онда  дұрыс конфигурацияланған порт Down күйінде болады, ал егер бар болып және қосылып тұрса, бірақ порт сол күйінде болса, онда екі элементтің де конфигурациясын тексеріңіз. 1000 Full Up күйіндегі порт белсенді болады – конфигурациясы дұрыс.

 

1/3           Enable  Auto                  Down      Enable  Enable

                                       …

1/7           Enable  Auto       1000 Full  Up     Enable  Enable

1/8           Enable  Auto       1000 Full  Up     Enable  Enable

1/9           Enable  Auto                  Down      Enable  Enable

1/10          Enable  Auto                 Down      Enable  Enable

 

Қадам 8. ICMP ping сұраныспен алынған анықтамаларды тексеріңіз. Берілген желінің кез келген компьютерден рing 192.168.2.23 (MN адресін таңдадық) енгізіңіз. Егер сұраныс өтсе, конфигурацияны ES-те сақтаңыз. 

 

(ES4) # copy system:running-config nvram:startap-config

 

Егер сұраныс өтпесе, 3 қадамға қайта оралыңыз.

Ескерту: команданы енгізу үрдісін жылдамдату үшін кез келген команданы енгізген кезде Tab батырмасын қолданыңыз!!!

Қадам 9. Жұмыс ыңғайлырақ болу үшін hosts файлына ES жайлы ақпаратты енгізіңіз. Мысалы, 192.168.2.48 ES4. Содан соң ping ES4 сұранысын орындаңыз.

 

5.3.2 ES конфигурациясын графикалық режимде де орындауға болады (MEA платформасы үшін). 

Қадам 1. Internet Explore іске қосыңыз және Адрес жолына өзіңіздің ES коммутаторыңыздың IP адресін енгізіңіз. Enter-ді басыңыз.

Қадам 2. Пайда болған терезеде үлкен әріптермен LOGIN теріңіз және логинді енгізіңіз. Пароль жоқ. Принципі консольге ұқсас.

Қадам 3. Сіздің ES-дің жүйелік параметрлері бар WEB-интерфейс ашылды. Бұл интерфейсте навигация мен жүйенің басқарылуын (администрирование) орындау: System, Switching, Diagnostic, Security, QoS үшін бес мұқаба (папка) қол жетерлік. Кез келген өзгерістер мұнда беттің астындағы Submit  батырмасымен расталады. Жүйеде ағылшын тілінде HELP ескерілген. 

Қадам 4. Кез келген порт үшін жүйеде 10 HD (half duplex), 10 FD (full duplex), 100 HD, 100 FD жылдамдықтарын және жалдамдықты автоанықтауыш протоколын орнату мүмкіншіліктері бар. Берілген функционалдықты басқару үшін System мұқабасында System>Port>Configuration мәзір пунктін таңдау қажет. Port Configuration кестесі ашылады.

Қадам 5. Фунционалдығы жеке бір порт үшін де, бір уақытта барлық порттар үшін де басқара алады. Барлық порттарды басқару үшін Slot/Port өрісінде All мәнін, ал бір портты басқару үшін оның идентификаторын (нөмірін) таңдау қажет.

Қадам 6. Деректерді енгізу Submit тетігін басумен жүзеге асады. Коммутатор порттарының осы мезеттегі күйін және олардың баптауларын System мұқабасында System > Port > Summary мәзір пунктін таңдау арқылы қарап шығуға болады.  Port Summary кестесі ашылады да, экранға келесі деректер шығады:

 

14

 

Қадам 7. Refresh батырмасын баса отырып, деректерді жаңартыңыз.

Қадам 8. Суретте көрсетілгендей (System>Port>Configuration), 0/3 (uplink) интерфейсі үшін STP хаттамасының қызмет етуіне тыйым салыңыз.

Қадам 9. Суретте көрсетілгендей (System>Port>Configuration), 1/15 интерфейсі үшін 100 Мбит/сек full-duplex тасымалдау жылдамдығын беріңіз.

Қадам 10. 1/17 интерфейсін сөндіріңіз (System>Port>Configuration). Содан соң, оны қайта қосыңыз және конфигурациясын сақтаңыз.

Қадам 11. Алынған конфигурацияны тексеріңіз (System>Port>Summary).

Қадам 12. Switching мұқабасында статикалық VLAN құрыңыз. VLAN>Configuration мәзірін таңдаңыз. Осы кестеде берілген VLAN-ды қосуды қажет ететін порттар басқарылады. VLAN Configuration кестесінде параметрлерді тексеріңіз және қажетінше параметрлерін өзгертіңіз. Конфигурацияны сақтау үшін Submit батырмасын басыңыз. Delete батырмасы ертерек құрылған VLAN-ды  жояды.

Қадам 13. Таңбаланбаған трафик үшін портта PVID параметрін және берілген порт арқылы тегирленбеген трафиктің өтуі рұқсат етілетін немесе тыйым салынатын шартын міндетті түрде көрсетіңіз. Switching мұқабасында VLAN>Port Configuration мәзірін таңдаңыз және VLAN Port Configuration кестесінде сәйкесінше өзгерістер енгізіңіз.

Қадам 14. Конфигурациядағы өзгерістерді Submit батырмасын басу арқылы растаңыз.  

 

5.4.3 ES желілік элемент ретінде алмастырылатын немесе алмастырылмайтын деп саналуы мүмкін. Оны алмастырылмайтын деп есептеп, MAC адресі бойынша желілік ағашта (MNM қосымшасы) тіркеу қажет.  

EF6111 өнімі үшін кеңес берілетін ES конфигурациясы.

 

1 қадам. Порт типін құру

 

(ES4) (Config)# Interface 0/2

uplink порт типін құру  (ES4) (Interface 0/2)#uplink

mn порт типін құру  (ES4) (Interface 0/2)#mn

Қадам 2. Порттар арасындағы әрекеттесудің тыйым салынуының және коммутатордың ішкі портын басқару (әдетте кең жолақты абоненттік қатынау үшін орындалады) баптауы.

(ES4) (Config)# Interface 1/11

(ES4) (Interface 1/11)#no uplink

(ES4) (Interface 1/11)#no mn

(ES4) #show port flags

 

Қадам 3. Порттардағы жылдамдық пен жұмыс режимінің баптаулары. Кез келген порт үшін жүйеде 10 HD (half duplex), 10 FD (full duplex), 100 HD, 100 FD жылдамдықтарын және жылдамдықты автоанықтауыш хаттамасын орнату мүмкіншілігі бар. Қалыпты түрде коммутатордың барлық порттарында автоанықтауыш орнатылған. Порт үшін қандай да бір жылдамдық мәнін берер алдында автоанықтауышты алып тастау қажет.

Интерфейсті конфигурациялау режимінде бір интерфейс үшін,

 (ES4) (Interface 1/12) #no auto-negotiate

 

Жалпы конфигурациялау режимінде бір мезетте барлық интерфейстер үшін

(ES4) (Config) #no auto-negotiate all

 

Бір интерфейстегі жылдамдықты баптауда қолданылатын команда:

 

(ES4) (Interface 1/12) #speed 100 full-duplex

 

Бір мезетте барлық интерфейстердегі жылдамдықты баптауда қолданылатын команда:

 

(ES4) (Config) #speed all 100 full-duplex

Порттардың жұмыс режимін қарау:

 

бір интерфейс үшін:   (ES4) #show port 0/1

барлық интерфейстер үшін:  (ES4) #show port all

 

Қадам 4. CLI көмегімен порттарда STP хаттамасын баптауы. 

STP хаттамасы әрбір порт үшін бөлек, сонымен қатар барлық порттар үшін бірге қосулы және өшулі болуы мүмкін. Қалыпты жағдайда берілген протокол барлық порттар үшін қосулы. STP хаттамасын сөндіруге барлық порттар үшін жаһандық конфигурация режиміне келесі команданы енгізу қажет:

 

Барлық порттар үшін STP хаттамасын сөндіру:

(ES4) (Config)# no spanning-tree port mode all

 

Барлық порттар үшін STP хаттамасын қосу:

(ES4) (Config)# spanning-tree port mode all

 

Бір порт үшін STP хаттамасын сөндіру:

(ES4) (Interface 0/1)# no spanning-tree port mode

 

Бір порт үшін STP хаттамасын қосу:

(ES4) (Interface 0/1)# spanning-tree port mode

(ES4) #show running-config

 

Ethernet порттарында STP хаттамасының қосылуы

 

(ES4) #show spanning-tree [ brief | summary]

 

Коммутаторда STP (IEEE 802.1d) хаттамасының типін орнату:

 

(ES4) (Config)# spanning-tree forceversion 802.1d

 

STP үшін коммутаторға приоритет орнату:

 

(ES4) (Config)#spanning-tree mst priority <mst instance id> <bridge priority>,

 

Жұмыста STP (IEEE 802.1d) хаттамасын қосу/сөндіру:

 

(ES4) (Config)# spanning-tree

(ES4) (Config)# no spanning-tree

 

Коммутатордағы бір порт үшін STP (IEEE 802.1d) хаттамасының жұмысына рұқсат ету/тыйым салу:

(ES4) (Interface <slot/port>)# spanning-tree port mode

(ES4) (Interface <slot/port>)# no spanning-tree port mode

 

Коммутатордағы барлық порттар үшін STP (IEEE 802.1d) хаттамасының жұмысына рұқсат ету/тыйым салу:

(ES4) (Config)# spanning-tree port mode all

(ES4) (Config)# no spanning-tree port mode all

 

STP үшін порт приоритетін орнату:

 

(ES4) (Interface <slot/port>)#spanning-tree mst <mst instance id> port-priority <port priority>

 

STP үшін портта жол бағасын орнату. Интерфейсті конфиграциялау режимінде болу және команданы орындау қажет:

 

(ES4) (Interface <slot/port>)#spanning-tree mst <mst instance id> cost <cost>

Коммутаторда орналасқан барлық VLAN идентификаторлары жайлы қысқаша ақпаратты қарау үшін:

 

(ES4) # show vlan brief

 

Құрастырылған VLAN-ға порттарды – VLAN мүшелерін қосу/ажырату үшін:

(ES4) (Interface <slot/port>)#vlan participation [include | exclude] <vlan_id>

 

Белгілі VLAN портында кадр типін (тегирленген) анықтау үшін:

 

(ES4) (Interface <slot/port>)#vlan tagging <vlan_id>

 

Берілген портпен немесе коммутатор порттарымен қандай да PVID байланысы жайлы ақпаратты қарау үшін:

 

(ES4) #show vlan port <all | slot/port>

 

Динамикалық VLAN баптауы. Коммутаторда GVRP хаттамасының жұмысына рұқсат ету/тыйым салу үшін:

 

(ES4) #set gvrp adminmode

(ES4) #no set gvrp adminmode

 

Нақты портта GVRP хаттамасының жұмысына рұқсат ету/тыйым салу үшін:

(ES4) (Interface <slot/port>)#set gvrp interfacemode

(ES4) (Interface <slot/port>)#no set gvrp interfacemode

 

Берілген портта немесе коммутатор порттарында GVRP хаттамасының жұмысының қолдауы қосулы/сөндірулі жайлы ақпаратты қарау үшін:

 

(ES4) #show vlan port <all | slot/port>

 

Жүйедегі кезектер санын анықтау. Барлық баптаулар жалпы конфигурациялау режимінде орындалады. CoS приоритеттік биттерінің (VLAN тақырыпшасында) трафиктің әртүрлі кластарымен сәйкестігін анықтау қажет. Төрт кезек ұйымдастырайық:

 

(ES4) (Config)#classofservice dot1p-mapping <приоритет 0-7><класс 0-7>

 

Келесі команданың көмегімен қызмет көрсету сапасы қай алгоритм бойынша қамтамасыз етілетінін анықтайық ( trust dot1p мәні 802.1р сәйкес):

 

(ES4) (Config)#classofservice trust dot1p

 

Әр кезек үшін өткізу жолағының минимальды енін анықтаймыз (пайызбен):

 

(ES4) (Config)#cos-queue min-bandwidth <bw-0> <bw-1>...<bw-7>

 

Коммутатордың барлық интерфейстері үшін трафик кластары мен приоритет арасындағы  орнатылған сәйкестікті қарастырайық:

 

(ES4) #show classofservice dot1p-mapping

 

 

Бір интерфейстің деректерін қарау үшін оның идентификаторын көрсету қажет:

(ES4) #show classofservice dot1p-mapping <slot/port>

 

Коммутатордың интерфейстерінің жалпы баптауларын экранға шығаруға болады:

(ES4) #show interfaces cos-queue

 

0/1 интерфейсіне приоритет тағайындайық. Коммутатор портына тегирленбеген кадрлардың түсуі кезінде кадрлардың деректеріне иемденетін приоритетті көрсету қажет. Көсетілген приоритет портқа түскен барлық тегирленбеген кадрлар үшін қолданылады.

 

(ES4) #show classofservice dot1p-mapping 0/1

 

(ES4) #show interfaces cos-queue 0/1

 

(ES4) #interface 0/1

(ES4) #vlan priority 2

 

WEB интерфейстегі барлық орнатуларды QoS жалпы конфигурациялау режимінде өткізуге болады. Ол үшін System мұқабасында QoS>Class of Service>Mapping Table Configuration мәзірін таңдау қажет. CoS Mapping Table Configuration кестесі ашылады және приоритеттік биттер CoS (VLAN тақырыпшасында) әр түрлі трафик кластарымен сәйкестігі анықталады.

CLI көмегімен Ethernet порттарында LACP хаттамасын қосу.

 

(ES4) # configure

Жаңа LAG (Port-Channel) келесі команда көмегімен орнатылады:

 

(ES4) (Config)# port-channel <name>

LAG (Port-Channel) административтік режимін қосу/сөндіру үшін командалық жолдағы команданы орындау керек:

 

(ES4) (Config)#port-channel adminmode all

ES4) (Config)#no port-channel adminmode all

 

Linktrap (link күйінің өзгеруі жайлы хабарлама) жіберу және қабылдау үшін бұл функцияны жеке топ үшін немесе барлық топтар үшін келесі команда көмегімен рұқсат ету қажет:

 

(ES4) (Config)# port-channel linktrap { <logical slot/port> | all }

 

Қалыпты жағдай бойынша берілген функция қосулы. Ертерек құрастырылған LAG атын өзгерту үшін келесі команданы орындау қажет:

 

(ES4) (Config)# port-channel name { <logical slot/port> | all | <name> }

 

Құрылғыда құрастырылған LAG-тың статикалық мүмкіншілігін қосу/сөндіру үшін келесі командаларды орындау керек:

 

(ES4) (Config)# port-channel staticcapability

(ES4) (Config)# no port-channel staticcapability

 

Жеке порттарды LAG-ке қосу үшін интерфейстің конфигурациялау режимінде (Interface Config Mode) келесі команданы орындау қажет:

 

(ES4) (Config)# interface <slot/port>

(ES4) (Interface <slot/port>)# addport <logical slot/port>

 

Жұмысқа жеке LAG қосу мүмкін, LAG интерфейсін конфигурациялау режимінде adminmode командасымен жүзеге асады.

Бір LAG интерфейсінің немесе барлық LAG интерфейстерінің қазіргі күйін қарау үшін басымдылықты орындау режимінде (Privileged Exec Mode) келесі команданы қолдану керек:

 

(ES4) # show port-channel all | <logical slot/port>

 

5.4 Орындалған жұмыс бойынша сәйкесінше қорытынды жасаңыз

 

5.5 Бақылау сұрақтары

 

5.5.1 Нақты уақыт операциялық жүйелерінің ерекшеліктері.

5.5.2 ES конфигурациясын қандай команда көмегімен тексереді?

5.5.3 Интерфейс параметрлерін қандай режимде өзгерту қажет?

5.5.4 Алдағы әрекеттерді алдын ала көрсететін мүмкін командалар.

5.5.5    ES порттары қандай жылдамдықты қамтамасыз етеді?

5.5.6     VLAN-ды конфигурациялау.

5.5.7     STP (RSTP) ды конфигурациялау.

5.5.8 Қандай алгоритммен қызмет сапасы қамтамасыз етіледі?

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

 

1. Гольдштейн А.Б., Гольдштейн Б.С. Softswitch «БХВ-Санкт-Петербург»-2006.

2. Семенов Ю.В. Проектирование сетей связи следующего поколения.      - Санкт-Петербург -2005.

3. Туманбаева К.Х. Системы широкополосной и гибкой коммутации. Учебное пособие. -Алматы: «АУЭС», 2010

4. Асанова К.С. Конспект лекций. - Алматы: «АУЭС», 2009.

5. Асанова К.С. Дестелік және иілгіш коммутация желісі. Дәрістер жинағы. - Алматы: «АЭБУ», 2009.

 

Мазмұны

 

Кіріспе

3

1 Зертханалық жұмыс. Келесі ұрпақ желісін тәжірибелік жобалауды үйрену.

4

 

2 Зертханалық жұмыс. MN6011 басқару жүйесінің жұмыстық конфигурациясын құрған кездегі практикалық дағдыларды алу

7

 

3 Зертханалық жұмыс. MNM қосымшасындағы функционалды топтармен жұмыс жасаған кезде практикалық дағдылар алу

12

 

4 Зертханалық жұмыс. Агрегациялайтын Ethernet коммутатордың платасымен жұмыс жасағандағы тәжірибелік дағдыларды алу.

5 Зертханалық жұмыс. Нақты уақыттағы басқару жүйесінің теориялық негіздерін игеру.

22

 

28

Әдебиеттер тізімі

39

 

2013 ж. жалпы жоспары, реті 101