Коммерциялық емес акционерлік  қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Автоматты электр  байланысы кафедрасы
ӨНДІРІСТІК МАШЫҚТАНУ
5В100200 – Ақпаратты қауіпсіздендіру жүйелері мамандығының
студенттері үшін арналған әдістемелік нұсқаулықтар

Алматы 2014

Құрастырушылар: К.С. Чежимбаева, Д.А. Абиров. Өндірістік машықтану 5В100200 – Ақпаратты қауіпсіздендіру жүйелері мамандығының студенттері үшін арналған әдістемелік нұсқаулықтар. - Алматы: АЭжБУ, 2014.-  16 б.

ҚР  5.03.005 -2009  МЖМБС негізінде жазылған бұл  әдістемелік нұсқауда, өндірістік машықтану бакалаврларды оқыту циклының аяқталуының негізі болып табылады. Дипломдық жұмысты жазу үшін керекті деректер жинау және өңдеу өндірісті тәжірибені жүргізу кезінде жүзеге асырылады. Көбісінде жоғарыда айтылған тәжірибеден өту болашақ  жұмыс орны ықпал етеді. Бұндай іске асыру әдістемелік нұсқауда нақты жазылған.

Пікір беруші: техн. ғыл. канд., проф. К.Х. Тұманбаева

Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2014 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж

Кіріспе

Өндірістік машықтану оқу процесінің бір формасы болып табылады. Сондықтан, машықтану мақсаты – қазіргі таңдағы телекоммуникацилық құралдарды пайдалану кезіңде ақпаратты қорғау және телекоммуникациялық желілерді жобалау  туралы білім алу. Телекоммуникациялық желілерді жобалаутын және зерртейтін модельдер түрлері көбейді, сол себепті оларды меңгеру актуалды болып табылады.

Машықтану кезінде студент машықтану процесінде алынған білімді бекітіп, бір немесе екі мамандықты игеріп, өндірістегі жұмысты ұйымдастыру әдістемесімен танысуы керек. Және заманауи электробайланыс қызметтерді қамтамасыз ететін  транспорттық желілерді, қосымша желілерді дамыту ерекшеліктерін игеру, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінде қолданылатын жабдықтардың техникалық параметрлерін және функцияларын меңгеру.

5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығын дайындау оқу жоспарына сәйкес барлық машықтанулар өндірісте, кәсіпорында, фирмалар мен ұйыымдарда, ғылыми-зерттеу институттарында, автоматты электробайланыс кафедрасының ғылыми-зерттеу зертханасында және АЭжБУ-нің басқа бөлімдерінде өтеді.

1 Мақсаты мен міндеттері

Өндірістік машықтанудың мақсаты:

- телекоммуникацилық құралдарды пайдалану кезіңде ақпаратты қорғау, басқарудың автоматтандыру жүйесі, сонымен қатар технологиялық құралдарының құрылысы мен құрастыруын меңгеру негізінде арнайы және жалпы білім пәндері бойынша студенттердің алған білімдерін толықтыру мен түйіндеу;

- өнеркәсіптік мекеменің эксплуатациялы мамандарының жұмысына тікелей қатысу мен визуалды қадағалау;

- инженерлі-техникалық маманның ұйымдастырушы жұмысының негіздерін үйрену және жобалық өндіруін меңгеру негізінде;

- өнеркәсіптік мекеменің қосымша және негізгі қондырғыларының режімді сипаттамалары, эксплутация техникаларын және конструктивті шешімдерді үйренуде, қызмет етуші агрегаттың техникалық шарттары негізінде  дипломдық жоба (бітіруші жұмысы) бойынша материал жинау;

- студентті басқару ұйымымен, еңбекті ұйымдастыру мен жобалау жүйесімен, қазіргі заманғы маркетинг пен бизнес-жобаны құрастырумен таныстыру;

- арнайы және жалпы білім пәнін меңгеру кезінде алынған тәжірибелік біліктілік пен теоретикалық білімді толықтыру мен түйіндеу;

- телекоммуникация жүйелерін, автоматтандыру жүйесін жобалау, монтаждау және эксплуатациялау бойынша біліктілігін түйіндеу;

- өнеркәсіптік мекеменің өндірістік қызметінің негізгі техника-экономикалық және экологиялық көрсеткіштері бойынша материал жинау;

- қызмет етуші мекеменің шартына сай инженерлі-техникалық жұмыскердің қызмет біліктілігін алу, сонымен қатар еңбек ұжымында өндірістік қатынасын үйрену;

- студенттерді эксперименталды зерттеуді, тәжірибелік және әдеби мәліметтерді өңдеуді, сонымен қатар мәліметтердің патентті және библиографикалық іздеулерді жүргізуде біріншілік біліктілігін беру мақсатында кафедрадағы ғылыми жұмыстар негізі туралы таныстыру.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідегідей тапсырмалар реті қарастырылады:

- дипломдық жоба тақырыбына сай келетін негізгі және қосымша құрал жұмыстарын, өндірістің технологиясын үйрену;

- дипломдық жоба тақырыбына байланысты студент мекемедегі бар телекоммуникация жүйелері,  автоматтандыру жүйесі бойынша техникалық әдебиет пен жобалық құжаттамалар қорына сәйкес ізденістеруді жүргізуі тиіс;

- интернетті қолдана отырып, ұқсас жүйе бойынша ақпараттық іздеуді жүзеге асыру;

- өздік жұмысына студентті тікелей тәжірибелік дайындау;

- ұжымда ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін иелену.

Машықтануда жасалынатын жұмыстар өзінің сипаты бойынша екі типті болу мүмкін:

а) телекоммуникация құрылымының ақпаратын техникалық құрылғылармен қорғауға арналған жұмыстар;

б) телекоммуникация құрылымының (телекоммуникациялық жүйе) технологиясын қорғауға арналған жүйелер жұмысы.

Кафедра бітірушілеріне  берілетін оқу жоспарының мазмұны мен талаптарын есекере отырып, студенттің өндірістік машықтануда жасайтын жұмысы келесідей оның икемділігін көрсетуі қажет:

-            есептеу техникаларының құралдарын ақпараттық жүйе құрылғыларында және аппараттық инсталляция облысында қолдану және оларды икемдеу;

-            қолданбалы бағдарламаларды есептеулер, модельдеу және телекоммуникациялық жүйелер және желілер жобаларын автоматтандыру үшін қолдану;

-            құрылғыларды жобалауды қазіргі заманғы автоматтандырылған құралдар арқылы телекоммуникациялық жүйе мен мамандандырылған блоктарды дамыту;

-            телекоммуникациялық желілерді, жүйелерді, құралдарды және блоктарды қабылданған шешімдер бойынша технико-экономикалық дәлелдер негізінде жобалау және жетілдіру;

-            математикалық және физикалық жобалау әдістемелерін зерттеу процесінде және жекелеген элменттер параметрлерін оңтайландыруда және барлық байланыс жүйесінде қолдану.

Сонымен қатар мыналарды білулері керек:

-            жабдықтардың, өлшеу құралдарының техникалық сипаттамаларын, негізгі канал параметрлерін өлшеу әдістерін;

-            телекоммуникациялық құрылғыларды жобалау мен пайдаланудың нормативті-техникалық құжаттарын;

-            телекоммуникациялық құрылығлардың тоқтаусыз жұмыс істеу талаптарын орындаудың техникалық шешімдерін;

-            қорғаныс жүйелерін және телекоммуникациялық желілерді, жүйелерді, құралдарды және блоктарды қабылданған шешімдер бойынша технико-экономикалық дәлеледер негізінде жобалау әдістемесін;

-            қазіргі заманғы телекоммуникациялық желіледің және жүйелердің бағдарлмаларын ретке келтірудің және жобалаудың әдістемесін;

-            байланыс техникасы саласында теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізудің әдісін;

-            телекоммуникациялық желілер мен жүйелерге және қорғаныс жүйелеріне талдау, жинақтау және үйлесімділеу әдісін қолдануды;

-            ғаламдық және корпоративтік желілерді ұйымдастыру, жобалау әдістерінің қағидаты, құрамы және телекоммуникация желілері мен жүйелерінің сындарлылық ерекшеліктері мен алгоритмі.

            2 Өндірістік машықтану тапсырмалары

           2.1 Жалпы тапсырмалар.

           Машықтану кезінде студент білуі қажет:

- кәсіпорынның телекоммуникациялық жүйесінің функционалық құрылымының қорғаныс жүйесін, ұйымның даму серпіні;

-жұмыс істеп тұрған телекоммуникациялық жүйенің техникалық базасын (жабдықтар), желінің типін, желінің өткізу шамасын, оның сенімділігін, басқарымдылығын, телекоммуникациялық желінің техникалық талаптарын;

 - АТС типін, дабылдың техникалық сипаттамаларын және ққұрылымдық ерекшеліктерін, интерфейс типін, станция сиымдылығын (ішкі және сыртқы желілердің саны), станцияның жүктілігі, АТС-тің сервистік атқарымы және ол қандай міндеттер атқарады, жұмыстың принциптері, қолданыстағы және жасалынып жатқан байланыстың құрылымдық ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары;

-телекоммуникациялық жабдықтардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің техникалық шешімдерін;

    - кәсіпорында тіршілік қарекетті қамтамасыз етудің сұрақтарын;

    - жекелеген жабдықтарға қызмет көрсетудің ережелері мен әдістерін меңгеруді, жабдықтарда болатын зақымдарды табу мен оны жоюды;

-  қазіргі уақытта шешілетін мәселелерді, аппараттық және бағдарламалық құралдарда қолданылатын қорғаныстың талаптарына ұсынылатын тапсырмаларды шешудің тізімі және олардың маңыздылығын;

Келесі жұмыстарды жасауы керек:

-  ұсынылатын қызметтерді талдау, сонымен қатар басқа ұсыныстарды және келешегі бар технологияларды таңдау;

-  қолданыстағы транспорттық және қосалқы телефон желілерінің жағдайын талдау;

-  оператордың желісіне қолданушыларға рұқсатты ұйымдастыруды талдау;

-  телекоммуникациялық жүйелерде ақпараттық алмасулардың негізгі формаларын, қолданыстағы телекоммуникациялық жүйелердің және байланыс құралдарының негізгі техникалық сипаттамаларын және жұмыс істеу принципін талдау;

-  мыс және оптоталшық кабель негізіндегі, әртүрлі радио қол жетімділікте және қолданушыларға ұсынылатын қызметтер пакеті жүйесінде қолданылатын техгологиялық шешімдерді талдау;

-  дипломдық жобаны жасауға дайындалу, тақырыпқа байланысты теориялық сұрақтар мен тәжірибелерді оқу;

-  дипломдық жобалауға қажетті материалдарды және мәліметтерді іріктеп алу;

-  отандық және шет елдік әдебиеттерді қолдану арқылы тақырыпқа байланысты библиографиялық іздеулер жүргізу. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация  министрлігінің құжаттарын, МСЭ ұсыныстарын, монографиялар мен әдебиеттерді қолдану қажет;

-  зерттеу бойынша таңдалған тақырыптың мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау үшін қажетті әдебиеттермен және ғылым мен техниканың жаңартылған жетістіктерімен танысу мақсатында ғылыми-техникалық есептеулермен танысу, іріктеп алу;

-  жобаны (жұмысты) жоғары дәрежеде орындау үшін арнаулы пәндердің бөлімдерін өзіндік оқу (қайталау) қажет;

-  бітіруші жұмысында қойылған мәселелерді шешумен танысу;

-  дипломдық жобадағы ( жұмыстағы) мәселелерді шешудің әдістері мен математикалық аппаратын таңдау;

-  дипломдық жобаға техникалық тапсырмаларды бекіту және құрастыру;

-  жобаны жасауға қажетті материалдарды (әдебиеттер, анықтамалар, нормативтік құжаттамалар) талдау және іріктеп алу;

-  жобадағы маңызды мәселелерді шешу үшін қажетті әдістемелерді талдау;

-  ДЖ құжаттарын даярлау технологиясын оқып-үйрену.

Дипломдық жобаның тақырыбына байланысты техникалық сұрақтарды өңдеу мен тереңдетіп оқу дәрежесі дипломдық жұмыстың жетекшісімен анықталады.

2.2 Жекелеген тапсырма.

Дипломдық жұмыстың тақырыбымен тығыз байланыста болуы керек. Жекелеген тапсырмада кейбір инженерлік мәселелер құрастырылады. Ол шешімді белгілі әдісті немесе шешімнің әдісін таңдау үшін зерттеу жұргізуді талап етеді. Орындалған жұмыстың нәтижесі дипломдық жұмыстың бөлімі түрінде құрастырылады.

Инженерлі-экономикалық сұрақтар.

Өндірістік машықтанудың негізі мақсатының бірі – экономикалық бөлім бойынша мәліметтерді жинау және оқып-зерттеу. Зерттеуге, жинауға және оқуға байланысты сұрақтар тізімі дипломдық жұмыстың экономикалық бөлімі бойынша кеңесшімен анықталады.

Өмірлік іс-әрекет бойынша қауіпсіздік сұрақтары (ӨІҚ).

Оқып-зерттеуге байланысты сұрақтар тізімін ӨІҚ кеңесшісі береді. Бұл сұрақтар студентті еңбек шартын бағалауды және талдауды үйретеді: электрқауіпсіздігі, технологиялық процестердегі техникалық қауіпсіздігі, өртке қарсы қауіпсіздік, жұмыс орнын ұйымдастыру, техникалық эстетика, қоршаған ортаны қорғау.

Өндірістік машықтану кезінде студент бітіру жұмысының тақырыбын нақтылауы қажет және оны жасау керектігін дәлелдеуі міндетті.

3 Өндірістік тәжірибеге қатысушының құқықтары мен міндеттері

3.1 Студенттің құқықтары мен міндеттері.

Студент кәсіпорында бар әдебиеттерді, техникалық құжаттарды және тәжірибеге байланысты басқа да материалдарды қолдануға құқығы бар, бірақ ол оларды қолданып болған соң міндетті түрде қайтаруы қажет.

Барлық студенттер машықтану алдында кафедрадан күнделік алып, тәжірибенің барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды енгізуі және тәжірибені өткізу ережесімен танысуы керек.

Кәсіпорынға келгеннен кейін студент жұмыс алдында өртке қарсы қауіпсіздік бойынша, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша нұсқау алады және кәсіпорынның ішкі еңбек шарттарымен танысады. Осының бәрін студенттер арнаулы журналда өз қолдарымен растайды.

Бірінші күннен бастап студенттер кәсіпорынның жалпыға бірдей жұмыс ырғағына қосылулары қажет. Бұл олардың машықтану өткізу кестесінде қарастырылған.

Тәжірибеленушілердің жұмысы кәсіпорыннан және университеттен бекітілген жетекшімен кәсіпорында қабылданған жүйе бойынша қадағалануы тиіс (мысалы, жұмысқа шығу табелінің жүргізілуі).

Өндірісті оқып-зерттеудің негізгі әдістері болып дербес бақылау, техникалық құжаттардың технологиялық мөлшерімен танысу, жекелей тапсырмаларды орындау саналады.

Машықтанудан келгеннен кейін студент бір апта ішінде АЭжБУ [2] стандарты талабына және тәжірибе бағдарламасына сәйкес орындалған есеп беруді,  пікірді, кәсіпорында расталған күнделікті және тәжірибе бойынша әртараптандырылаған сынақты өткізуі қажет.

3.2 Университеттен бекітілген жетекшінің құқығы мен міндеттері.

Машықтануды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмысы университеттен жетекшіні тағайындау мезетінен басталады. Ол оқытушының студент - машықтанушы контингенттерімен танысуды, практиканы ұйымдастыру бойынша қолданыстағы материалдарды үйренуді, олардың бітіруші жұыстарының тақырыбына сай студенттердің жеке тапсырмасының сұрақтарын дайындауды керек етеді.

Машықтануды жүргізу алдында университеттің жетекшісі келесі жұмыстарды өткізуі қажет:

- студенттермен ұйымдастыру  жиналысын  жүргізу. Жиналыста машықтануды өту реті, тапсырмасы, мақсаты, есеп орындауда бақылау мерзімін түсіндіру сұрақтары қаралуы керек;

- топпен мекемедегі қауіптілігі жоғары зоналарда тәртіп ережелерін, өнеркәсіптік мекемедегі өрт және жарылысты ескерту бойынша шараларды қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді үйрену;

- машықтану бойынша қажет құжат пен оқу- әдістемелік әдебиетті алу.

Машықтанудан өтуді бақылау студенттің дипломдық жобасының жетекшісі болып табылатын, университет жетекшісімен жүзеге асырылады.

Өндірістік-дипломалды машықтану бойынша есепті қорғау мен қабылдауды дипломдық жоба жетекшісінің қатысуымен комиссия жүзеге асырады. Машықтану уақытынын азайтылуы немесе ауыстырылуы рұқсат етілмейді. Студент үш күн мерзімінде машықтанулық бағдарламаны орындауының мүмкін еместігі жайлы машықтану жетекшісіне хабардар етуі керек.

3.3 Өндірістегі машықтану жетекшісінің құқығы мен міндеттері.

Өндірістегі машықтану жетекшісі:

-  университет жетекшісімен алдын – ала келісілген мерзімде жұмыс бағдарламаларын, машықтануды өтудің күнтізбелік жобаларын, жеке және жүйелік тапсырмалармен танысады және олардың орындалуын бақылайды;

- студенттердің жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, мекеменің үрдістерін және басқада сұрақтарды үйрену үшін шарттарды құрайды, қарастырылған бағдарламамен студенттің машықтану күнделік жүргізуін бақылайды.

-  тәжірибеленушілердің өндірістік жұмыстарын әрдайым бақылап отыра-ды, оларға сол жұмыс орнындағы барлық тапсырмаларды дұрыс орындауға көмектеседі, жұмыстың озық әдістерімен таныстырады және өндірістік сұрақтар бойынша кеңес береді;

-  студент-тәжрибеленушілерді жұмысты қауіпсіз жүргізу әдістеріне үйретеді;

-  күнделікті толтыруларын, студент-тәжірибеленушілердің есеп берулерін дайындауды қадағалайды және оларға өндірістік мінездмелер жазады. Онда жеке тапсырмалардың орындалулары мен тәжірибе бағдарламаларын орындаулары, студенттерді жұысқа деген көз-қарастары және қоғамдық өмірге қатысулары туралы жазылады;

-  кафедра тапсырмалары бойынша студент-тәжірибеленушілерді рационализаторлық және өнертапқыштық жұмыстарға қатыстыруға талпындырады.

4 Машықтануды өткізу тәртібі

4.1 Машықтануды  ұйымдастыру.

Машықтанудын бірінші күні кәсіпорынның басшысының бұйрығымен студенттер кәсіпорында тәжірибеленушілер ретінде рәсімделулері керек және оларға жоғары дәрежедегі мамандардан кәсіпорыннан жетекшілер тағайындалады.

Әр бір машықтану студентті кәсіпорынның жұмысымен таныстырудан, кәсіпорын туралы жалпы ақпарат алудан және өндірістік экскурсиядан  басталуы керек.

Жұмыс орны және оның ары қарай іске асырылуы университет өкілдерімен және кәсіпорынмен бірлесіп анықталады. Себебі студент кәсіпорынның технологиялық мақсаты мен оның ұйымдастырушылық-қамтамасыз етілуі туралы толықтай ұғым алуы керек. Әр бір жұмыс орнында студент жұмыс және оның басқа технологиялық тізбектермен байланысы туралы өзіндік ұғым алу қажет.

Машықтану басталмас бұрын кәсіпорыннан немесе сәйкес бөлімдерден бекітілген жетекшілер қауіпсіздік туралы таныстырулар жүргізеді. Студентке барлық құқықтық нұсқаулықтар мен кәсіпорындағы оқыту бойынша ақпарат береді.

Машықтану барысында студент күнделікте арнаулы орынға қызметі туралы жазбалар жазады, сызбалар сызады және т.б. Машықтанудын соңында студент тәжірибе бойынша есеп беруді жазу үшін және кәсіпорынның жалпы қызметі туралы сипаттама жазу үшін өзінің жазбаларын қолданады.

Күнделіктің негізінде студент өз бетінше кәсіпорында есеп беру жазып оны кәсіпорында бекітілген жетекшісіне тәжірибенің бітуіне 5 күн қалғанда өткізеді. Бұл университетке машықтану бойынша есеп беру жазу үшін қажет.

Машықтану бойынша есеп беру мен оған енгізілген барлық қосымшалар кәсіпорыннан бекітілген жетекшімен қарастырылады. Ол өз кезегінде тәжірибеленушінің жұмысы туралы бағасын және пікірін береді. Жетекшінің қолы кәсіпорынның мөрімен расталады. Сонымен қатар кәсіпорынның мөрі күнделікте студент тәжірибе өту үшін кәсіпорынға келген, кеткен кезде және тәжірибені өтуі бойынша қойылған бағаға (төрт баллдық шкала бойынша) қойылады.

4.2 Машықтану бойынша есеп беруге қойылған талаптар.

Машықтану бойынша есеп беру студенттің тәжірибе өткендігін сипаттайтын негізгі құжат болып саналады. Есеп беру өндірістік машықтанудың бағдарламасы бойынша құрастырылады, ол біржола тәжірибенің бітуіне 2-4 күн қалғанда құрастырылады. Есеп берудің көлемі бір келкі бекітілген нұсқаулық  бойынша [2] қол жазба 25 беттен немесе компьютерлік мәтін 15-20 беттен  (MSWord нұсқасында, бір қалыпты интервалмен және “Times New Roman” тобындағы 14 қаріппен) кем болмауы тиіс.

Есеп беруде міндетті түрде «Қорытынды» бөлімі болуы керек. Онда студенттің машықтануды ұйымдастыру бойынша өз тұжырымдамасы, өзіне берілген тапсырмалардың қорытынды шешімдері, сонымен қатар ұйымдастыру, көлемі, құралдарды жетілдіру, сызбалар және т.б. қарастырылады.

Сипаттамалар қысқа, түсінікті болуы керек және олар мәлімет цифрларымен, эскиздермен, графиктермен және сызбалармен түсіндемелермен беріледі. Есеп берудің титулдық беті бекітілген бір келкі нұсқау бойынша жасалады [2]. Есеп берудің титулдық бетінде ЖОО аты, факультет аты, кафедра аты, тәжірибенің аталуы, оның өткен жері, студенттің аты-жөні, топ индексі, университеттен және кәсіпорыннан бекітілген жетекшілердің аты-жөні және есеп беруді құрастырған жыл жазылады. Есеп беруде титулдық беттен кейін кәсіпорын мөрімен расталған кәсіпорыннан бекітілген жетекшінің пікірі ораналастырылады, содан кейін мазмұны.

Есепберудің тестік бөлімі АЭжБУ стандартына [2] сәйкестендіріліп жасалады. Беттер қоршалмайды, жолдар сызықтармен бөлінбейді. Есеп берудің нөмірлері титулдық беттен басталып қосымшалардың соңғы беттерімен аяқталады. Таблицалар мен суретпен сипаттаулар ьолықтай аынған беттер де сол нөмірлеуге қосылады. Есеп беру кәсіпорыннан бекітілген жетекшімен тексеріледі, ол жазбаша пікір беріп ол жұмысты 4-баллдық жүйе бойынша бағалайды. Кәсіпорыннан бекітілген жетекшінің пікірі міндетті түрде мөрмен рәсімделеді.

Көрсетілген нұсқаулықтар сақталмаған есеп берулер қайтадан толықтыру үшін қайтарылады.

4.3 Машықтануды қорытындылау.

Машықтану біткеннен кейін студент кәсіпорын және кафедра өкілдерінен тұратын комиссияға есеп береді, болмаса университет кафедрасында.

Машықтануды бағалаудың негізгі талаптары:

а) Тәжірибе барысында студенттің белсенділігі;

б) студенттің өндірістегі тәртібі;

в) есеп беру кезіндегі студенттің ауызша жауаптары;

г) жекелей берілген тапсырмалардың саны мен олардың сапалы орындалуы;

д) шебердің, ауысым бастығының міндеттерін қосарланып орындау жұмысының сапасы (өндірістік және бітіру алдындағы тәжірибелерде).

е) машықтану бойынша жасалған есеп берудің сапасы.

Әр бір студент тәжірибе біткеннен кейін есеп беру өткізеді, ол кафедра отырысында талқыланады.

Өндірістік машықтану бойынша қорытынды факультет кеңесінде өткізіледі.

Өндірістік (жаздық) машықтану бойынша есеп беру ағымдағы оқу жылының 10 қыркүйегіне дейін өткізіледі; 4 курстардың өндірістік машықтану бойынша есеп берулері тәжірибе біткеннен кейін 10 күн ішінде өткізіледі. Машықтанудың есеп  өткізу бойынша уақыттар бұзылса, факультет АЭжБУ ректорына студентті оқу барысының кестесін бұзғаны үшін студент қатарынан шығару туралы өтініш береді.

4.4  Ғылыми-техникалық ақпаратар дерекнамалары. 

Ғылыми-техникалық ақпараттар дерекнамалары қатарында қолданылады:                           

а) кафедрада ұсынылған әдебиеттер;        

б) өндірістегі техникалық құжаттамалар:

- өндірістің техникалық  регламенттері;

- технологиялық карталары мен жұмыс нұсқаулары;

- паспорттары, техникалық түсініктемелері мен құрылғы сызбалары;

- жобалау материалдары;

- жаңа техниканы еңгізу жоспарлары мен есептері.

в) интернет желісіндегі Web-сайтағы өндірістің ғылыми-техникалық ақпаратар дерекнамалары.

Қолданылған әдебиеттер машықтану есебінде көрсетілуі керек.

4.5 Машықтануды өтуді бақылау.

Машықтанудын жалпы оқу-әдістемелік нұсқаулықтары университеттен бекітілен жетекшімен жасалады. Университтен бекітілген жетекші (дипломдық жұмыстың жетекшісі) тәжірибе басталмас бұрын жалпы жиналыс жүргізеді, студенттерді тәжірибенің мақсаты және міндеттерімен, оны жүргізудің күнтізбелік жоспарымен таныстырады, бағыттар толтырылған күнделіктер береді. Машықтану барысында университтен бекітілген жетекші дипломдық жетекшімен және кәсіпорыннан бекітілген жетекшімен бірлесе отырып студенттің жұмысын қадағалайды.

Студенттің негізгі жұмысын басқару бұйрық бойынша алынған кәсіпорыннан бекітілген жетекшіге жүктеледі. Кәсіпорыннан бекітілген жетекші студентті дипломдық жобаға қажетті барлық материалдармен қамтамасыз етеді және таныстырады.

Машықтануда  жасалынатын зерттемелер дипломдық жұмыстың құрамдас бөлімі болып саналады. Сондықтан тәжірибенің соңында студент жетекшісімен бірлесе отырып дипломдық жұмыстың мазмұнын анықтап, оған материалдар талдау керек.

Машықтану қорытындысы кафедра меңгерушісінің бұйрығымен құралған комиссияда қорғалады. Қорғаудан кейін сәйкесінше баға қойылады. Тәжірибені қорғау үшін студент төмендегілерді көрсетуі қажет:

-            мөрмен расталған және барлық тапсырмалардың орындалғаны туралы жетекшінің белгілері қойылаған өндірістік машықтануды өткендігі туралы күнделік;

-            жетекшінің сипаттамасы мен пікірі;

-            машықтану өткендігі туралы жазбаша есеп беру;

-            машықтану жоспарының орындалғанын растайтын есеп берулер, қажет болған жағдайда жұмыс материалдары;

-            дипломдық жұмысқа берілген техникалық тапсырмалар;

-            жобаланған күнтізбелік жоспар – дипломдық жұмысты орындау кестесі;

-            жетекшінің қолы бар тәжірибе жөніндегі есеп беру;

-            экономикалық бөлімді және экология мен тіршілік әрекеті қауіпсіздігіне арналған бөлімдерді орындауға арналған қажетті материалдар.

Жетекші өзінің пікірінде машықтану барысында жасалған жұмыстың маңыздылығы мен болашағы туралы, тәжірибеленушінің жұмысқа деген көз қарасын, тәжірибеленушінің жеке өзі жасаған істері мен олардың тәжірибелік құныдылығы туралы мәліметтерді көрсетуі қажет. Жетекші тәжірибеленушінің жоспарында болған өзгерістерді ол қандай себептермен болғандығы туралы көрсете алады. Пікір нақты бір бағаның қойылуымен аяқталу тиіс («өте жақсы», «жақсы», «жаман», «өте жаман»).

Дипломдық жұмыстың тапсырмалары комиссияға өндірістік машықтануда атқарылған жұмыстың болашағы және оны дипломдық жоба ретінде жасалғаны туралы құжат ретінде көрсетіледі.

Тапсырма бланкіде міндетті түрде төмендегілер болуы қажет:

-            титулдық бетте: аты-жөні, жұмыс орны және ДЖ жетекшісінің қызметі;

-            кафедра оқытушысының визасы – ДЖ сын берушінің (ДЖ басқа ұйымдарда орындаған студенттер үшін);

-            кәсіпорынның мөрімен расталған соңғы беттегі студент пен жетекшінің қол таңбасы.

Өндірістік машықтану қорытындысын қорғау кезінде (7-10 минут) студент өзінің жасаған жұмысының негізгі қорытындыларын айтады және комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.

Қорғау өзінің ұсынған есеп беруіне сәйкес болуы қажет және қажетті материалдармен қосылу керек.

Комиссия мүшелерінің сұрақтары тек қана машықтану қорытындысының әдісін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар студенттің кәсіпорынның немесе зертхананың жұмыс бағыты мен мақсаттарын және дипломдық жұмыстың мазмұнын түсінгенін анқытау үшін қойылады.

Машықтану бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір  немесе қорғау кезінде жаман баға алған студент машықтануға қайтадан жіберіледі. Жекелеген жағдайда ректор студенттің университетте ары қарай оқу жалғастыруын қарастыруы мүмкін.

Машықтану бойынша қорытынды баға университеттен кафедра ұйымдастырған комиссия арқылы қойылады. Баға есеп берудің мазмұнын, жазылу сапасын, студенттің тәжірибелік және теориялық алған білімін және кәсіпорыннан берілген мінездеме негізінде шығарылады.

Жаман баға алу, есеп беруді өткізбеу, машықтану өту кестесін белгісіз себептермен бұзу студентті университеттен оқудан шығару туралы сұрақты көтерудің негізі болып саналады.

Әдебиеттер тізімі

 

1. Шаныгин В.Ф.  Информационная безопасность компьютерных систем и сетей. – М.: ИД «Форум», 2014.- 416с.

2. Правила технической эксплуатации электроустановок потребителей. – М.: Издат. «Омега-Л», 2014. - 263с.(Безопасность и охрана труда).

 3. Малюк А.А. Теория защиты информации. – М.: Гор. Линия- Телеком, 2014. - 184с.

4. Девянин П.Н. Модели безопасности компьютерных систем. Управление доступом и информационными потоками. - М.: Гор. Линия- Телеком, 2014.-338с.

5. Гойхман В.Ю., Гольдштейн Б.С. Мультисервисные абонентские концентраторы. //Технологии и средства связи. -2004.- № 1.

6. Петраков А.В. Основы практической защиты информации. Учебное пособие –М.: Akademia, 2013.-492с.

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                    3

1 Мақсаты мен міндеттері                                                                                      4

2 Өндірістік машықтану тапсырмалары                                                                        6

2.1 Жалпы тапсырмалар                                                                                      6

2.2  Жекелеген тапсырма                                                                                      7

3 Өндірістік машықтануға қатысушының құқықтары мен міндеттері                         7

3.1 Студенттің құқықтары мен міндеттері                                                           7

3.2  Университеттен бекітілген жетекшінің құқығы мен міндеттері                    8

3.3 Кәсіпорыннан бекітілген жетекшінің құқығы мен міндеттері                                9

4 Машықтануды өткізу тәртібі                                                                             9

4.1 Машықтануды ұйымдастыру                                                                         9

4.2 Машықтану бойынша есеп беруге қойылған талаптар                                        10

4.3 Машықтануды қорытындылау                                                                              11

4.4  Ғылыми-техникалық ақпаратар дерекнамалары                                                 11

4.5 Машықтануды өтуді бақылау                                                                               12

Әдебиеттер тізімі                                                                                                   14

2014ж. жиынтық  жоспары,  реті 148

Қатипа Сламбайқызы Чежимбаева
Жұмахан Ақылбайұлы Абиров

ӨНДІРІСТІК МАШЫҚТАНУ
5В100200 – Ақпаратты қауіпсіздендіру жүйелері мамандығының  
студенттері үшін арналған әдістемелік нұсқаулықтар

Редакторы Б. Қасымжанова
Стандарттау бойынша маман  Н.Қ.Молдабекова

басуға қол қойылды
Пішіні 60*84
Таралымы 50  дана
№1 типографиялық  қағаз
Көлемі   1,0 оқу.- бас. ә.
Тапсырыс     Бағасы  500 тг

«Алматы энергетика және байланыс университетінің»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі – көбейткіш бюросы
050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126