Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Алматы энергетика және байланыс институты

Автоматты электрбайланыс кафедрасы

 

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ЖҮЙЕЛЕРІН МОДЕЛДЕУ

050719  – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы 2008

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРЫ: Тұманбаева К. Х., Балғабекова Л. О. Телекоммуникациялар жүйелерін моделдеу. 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарына, барлық оқу түріндегі студенттеріне зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АӘжБИ, 2007-27б.  

Әдістемелік құралда «Телекоммуникациялар жүйелерін моделдеу» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындау үшін тапсырмалармен нұсқаулар келтірілген. Жұмысты орындау телекоммуникация аймағында анализ бен синтез есептерін шешуге арналған имитациялық моделдеу әдісін үйренуге, имитациялық моделдеудің арнайы жүйесі GPSS World жұмыс ітеуге дағдылануға көмектеседі.

 

 

Кіріспе

Бұл зертханалық жұмыстың мақсаты студенттерді ЭЕМ моделдерді тұрғызудың негізгі этаптармен таныстыру, имитациялық моделдеумен, моделдеудің бір тілі- GPSS WORD көмегімен телекоммуникация жүйесін зерттеуге  дағдыландыру.

Компьютерде имитациялық моделдеу кезінде жобаланатын жүйенің жұмысын имитацияланады. Бұнда математикалық үлгісі компьютер үшін программа түрінде беріледі. Тәжірибелер нәтижесінде компьютерде статистика жиналып, өңделеді және қажетті ақпарат  беріледі.

Зертханалық жұмыстың тапсырмасы студенттерді телекоммуникация жүйесін имитациялық моделдеу әдістерін меңгеру,  GPSS World сияқты имитациялық моделдеудің арнаулы жүйесімен жүйесін жұмыс істеуге дағдыландыру болып табылады.

 1 №1 зертханалық жұмыс. Үлестірім заңы бойынша кездейсоқ дискретті сандардың тізбекті түзілуі

 1.1 Жұмыстың мақсаты: берілген тарату заң бойынша кездейсоқ сандардың тізбекті түзілуінің бағдарламасын алгоритмдік тілде жасау және бір арналы ЖҚЖ(Жаппай Қызмет ету Жүйесін) моделдеуін GPSS World ортасында тұрғызу.

 1.2 Жұмысқа дайындық

1.2.1 Берілген тарату заңы бойынша кездейсоқ дискретті сандардың тізбекті моделдеу бойнша теориялық материалдарды оқу.

1.2.2 GPSS World жүйесінің басты меню пункттерін оқу.

1.2.3 Бір арналы ЖҚЖ GPSS World моделдеу үшін  қажетті командалар мен блоктарды оқып үйрену.

 1.3 Жұмысқа дайындық

1.3.1 N тізбектелу санын түзуші (ab) аралығында тең дәрежелі  бойынша таратылған, Паскаль алгоритмдік тілде бағдарламаны жасау.

1.3.2 Интенсивтілігі λ тең көрсеткіш заңы бойынша таратылған, N санының тізбектелуін түзуші, Паскаль алгоритмдік тілінде бағдарламаны жасау.

1.3.3 Орташа квадраттық ауытқу σ мен математикалық үмітпен М алынған нормалды заң бойынша таратылған, К санының тізбектелуін түзуші, Паскаль алгоритмдік тілінде бағдарлама жасау.

1.3.4 GPSS WORD бір арналы СМО моделін жасау. Транзактілердің түсу уақыты (А±В) аралығында өзара тең дәрежеде таратылған, транзактілерді қызмет ету уақыты (C±D) аралығында таратылған.

Моделдегі транзактілер саны – N тең.

 1.4 Жұмысты орындау реті

1.4.1 Жұмысқа тапсырма мен нұсқаларыңызды оқытушыдан алу.

1.4.2 Бағдарламаны құру және GPSS WORD моделін жасау.

1.4.3 Бағдарлама мен моделін енгізуді мүмкіндік ету.

1.4.4 Моделдеу нәтижелерін алу.

1.4.5 Орындалған жұмыс бойынша есеп беру. Онда  Паскаль тілінде өздеріңіздің бағдарламаңызды және GPSS WORD тілінде моделдеуді көрсетеміз, моделдеу нәтижелері мен алынған мәліметтер бойынша анализ жасаңыз. 

1.5 Зертханалық жұмысқа нұсқалар

1.5.1 Бірінші тапсырмаға нұсқалар мен мәліметтер.

  

 1.1 К е с т е

Нұсқа нөмірі

N

a

b

1

10

0

12

2

9

2

15

3

3

1

16

4

5

3

18

5

8

7

12

6

7

5

10

7

6

3

16

8

9

0

10

9

3

2

5

10

7

1

13

11

11

2

14

12

6

7

10

13

5

1

8

14

3

2

9

15

4

1

7

 1.5.2 Екінші тапсырмаға нұсқалар мен мәліметтер.

 1.2 К е с т е

Нұсқа нөмірі

N

λ

1

10

1,1

2

9

1,2

3

11

1,3

4

5

1,4

5

8

1,5

6

7

1,6

7

6

1,7

8

9

1,8

9

8

1,9

10

7

2,0

11

11

2,1

12

6

2,2

13

7

2,3

14

8

2,4

15

9

2,5

 

1.5.3 Үшінші тапсырмаға нұсқалар мен мәліметтер.

1.3 К е с т е

Нұсқа нөмірі

K

M

σ

1

7

10

1,2

2

8

9

1,3

3

9

8

1,5

4

10

7

2,2

5

11

11

3,3

6

10

12

2,6

7

9

10

2,1

8

7

9

1,8

9

6

8

1,7

10

5

7

1,6

11

10

6

1,5

12

9

7

1,4

13

5

8

2,0

14

6

9

1,9

15

7

10

2,5

 

1.5.4 Төртінші тапсырмаға нұсқалар мен мәліметтер.

     1.4 К е с т е

Нұсқа нөмірі

N

A

B

C

D

1

25

20

2

15

3

2

20

21

3

16

5

3

21

22

5

17

6

4

22

23

6

18

4

5

23

24

7

19

3

6

26

25

8

20

6

7

27

26

9

21

7

8

31

27

10

22

8

9

35

28

11

23

9

10

39

29

12

24

2

11

42

30

7

25

3

12

43

31

8

26

4

13

44

32

9

27

5

14

45

33

10

28

6

15

51

34

11

29

7

 

2 №2 зертханалық жұмыс. Бір арналы ЖҚЖ-де қызмет көрсетуді моделдеу

 2.1 Жұмыстың мақсаты: транзактілердің түсуі мен қызмет ету кезеңдері аралығының ықтималдылықты тарату заңдарының тәсілін меңгеру.

 2.2 Жұмысқа дайындық.

2.2.1 Моделде таратудың түрлі заңдылықтары үшін кітапханалық процедураларды қолдану бойынша теориялық материалдарды оқу және үйрену.

2.2.2 Базалық моделде ұсынылған блоктар мен амалдарды оқу.

2.2.3 GENERATE және ADVANCE блоктарындағы түрлі тарату заңдарын ұсынатын тәсілдерді үйрену.

 2.3 Жұмысқа тапсырма

Сіздің нұсқаңызға сәйкес параметрлермен (M/D/1, M/M/1, M/C/1) бұқаралық қызмет көрсетудің үш жүйесімен модель жасау.

Моделдеу процесін жүргізу, нәтижесін алу, алынған мәліметтермен кестені толтыру, нәтижесін гистограмма түрінде алу.

 

2.4 Жұмысты орындау реті

2.4.1 Оқытушыдан тапсырма мен нұсқаны алу.

2.4.2 Базалық моделдің операторларын енгізу, программаны жазып, нәтижесін 2.1-кестемен салыстыру.

2.4.3 Өзіңіздің нұсқаңызға сәйкес базалық моделге өзгертулер енгізу.

2.4.4 Өз моделіңіз үшін қадамдап 2.5.1 пунктін жасаңыз.

2.4.5 Әртүрлі қызмет ету (тұрақты,экспоненциалды және эрлангты) үшін кезектің құрылу статистикасын алып, алынған мәліметтермен 2.1 кестесін толтыру.

2.4.6 Моделдеу нәтижесін отчет түрінде, гистограмамен және оперативтік эранда алу.

2.4.7 Орындалған жұмыстың отчетін дайындап, өз моделіңізбен моделдеудің нәтижесі мен алынған мәліметтердің нәтижелерін көрсетіңіз.

 

2.5 Базалық бағдарлама листингі

 

 *       Такт 1/100 секундқа тең                                    *

******************************************************************

Transit        TABLE Ml,250,250,20

Number       TABLE Q$Expon,0,1,20

Qconstant   QTABLE Constant,200,200,20

Qexpon       QTABLE Expon,200,200,20

Qerlang       QTABLE Erlang,200,200,20

******************************************************************

 

GENERATE         (Exponential (1,0,500) ) 

QUEUE               Constant

SEIZE                  Facilityl

ADVANCE          300        

RELEASE            Facilityl

DEPART             Constant

TERMINATE

******************************************************************

GENERATE         (Exponential(1,0,500) )       

QUEUE                Expon

SEIZE                  Facility2

ADVANCE          (Exponential (1,0,300))

RELEASE            Facility2

DEPART              Expon

TABULATE         Transit

TERMINATE

******************************************************************

GENERATE         (Exponential(1,0,500))          

QUEUE                Erlang

SEIZE                  Facility3

ADVANCE          (Exponential (1,0,150))      

ADVANCE          (Exponential(1,0,150))

RELEASE            FacilityS

DEPART              Erlang

TERMINATE

******************************************************************

GENERATE         (Exponential(1,0,6000))   

TABULATE         Number

TERMINATE       1

 

2.5.1 ЖҚЖ базалық имитациялық моделін зерттеу және суреттеу.

 

Бағдарлама бір қызмет арнасын модельдейді. Ол арқылы орташа мәні 5 сек (600 такт) болатын экспоненциалды заң бойынша түсу уақыты өзгеріп отыратын сұраныстар келіп түседі. Қызмет етудің орташа уақыты 3 сек(300 такт) құрайды. Сервердің орташа қолдану уақыты коэфициенті 60 % құрайды.

Қызмет көрсетудің 3 режимін зерттеу қажет:

1. Қызмет көрсетудің тұрақты уақытын.

2. Қызмет көрсетудің экспоненциалды таратылуын.

3. Эрланг заңы бойынша ( k=2) таратылған, қызмет көрсету уақытын.

Келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Модельдеу процесін 500 мин. бойынша жүргізу.

2. Қызмет көрсетудің әр түрі үшін кезектің түзілу статистикасын алу.

Модель үш сегменттен тұрады, ондағы транзактар сәйкесінше тұрақты қызмет ету уақыты, экспоненциалды және Эрланг заңы (k=2) бойынша таратылған қызмет көрсету уақыттары бар болады.

Соңғы қосымша сегментте транзактілер экспоненциалды заң бойынша таратылады. Олар модельдеу уақытын анықтайды және әрбір модельдеу сағатында бір рет санауышты азайтады.

Базалық модель енгізілген соң, модельдеу процесін жасау қажет. Command/ Greate Simulation таңдаңыз, содан кейін Command/ START таңдаңыз. Диалогты терезеде 1 санын 500- ге ауыстырыңыз.

Модельдеу процессін аяқтаған соң есеп беріңіз. Алынған нәтижені сақтау үшін, оларды текстік редакторға көшіріп алыңыз (ол зертханалық жұмыс бойынша есеп беруді құрастыру үшін қажет болады).

Алынған есеп беру бойынша 2.1 кестеге толтырыңыз.

Кестеде базалық модельді жүргізгендегі алынған мәліменттер енгізілген. Базалық модельге өзіңіздің нұсқаңыз бойынша өзгертулер енгізген соң, 2.1 кестеге өзіңіздің нәтижелеріңізді енгізіңіз.

 

2.1 К е с т е

 

Қызмет көрсетудің тұрақты уақыты

Қызмет көрсетудің экспоненциалды уақыты

Эрлангті қызмет көрсету уақыты

Кезекте тұрудың орташа уақыты

      526,7

          757,5

        649,4

Кезектің орташа ұзындығы

       1,05

           1,50

         1,29

Күтудің орташа уақыты (орташа қызмет ету уақытын ескере кезектің орташа күту уақыты)

       226,7

          453,5

        349,7

Кезекте күту уақытының стандартты ауытқуы

          287

          739,9

        595

 

Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруде Transit, Number, Qconstant,Qexpon,Qerlang гистограммаларын ұсыну.

Аталған гистограммаларды алу үшін Window/ Simulation Window/ Table Window командаларын алып, керекті гистограммаларды таңдау керек, мысалы QEXPON (сурет 2.1).

 

 

 

 

2.1 Сурет– QEXPON терезе түрі

 

2.6 зетханалық жұмыс нұсқалары

 

2.2 К е с т е  

 

Нұсқа

Қызмет көрсетудің орташа уақыты (сек.)

Қызмет етудің тұрақты уақыты

Экспоненциалды заң бойынша тарату уақыты

Эрланг заңы бойынша тарату уақыты

1

2,1

2,5

1,1

2

2,2

2,6

1,2

3

2,3

2,7

1,3

4

2,4

2,8

1,4

5

2,5

2,9

1,5

6

2,6

3,1

1,6

7

2,7

3,2

1,7

8

2,8

3,3

1,8

9

2,9

3,4

1,9

10

3,1

3,5

2,0

11

3,2

3,6

2,1

12

3,3

3,7

2,2

13

3,4

3,8

2,3

14

3,5

3,9

2,4

15

3,6

4,0

1,0

 

 

 

 

3 № 3 зертханалық жұмыс. Қарапайым телефон желісінің имитациялық модельде зерттеулер

 

3.1 Жұмыстың мақсаты: берілген жүктемеде жүйені функциалаудың оптимизациялау үшін GPRS World жүйесінің динамикалық  терезелерімен жұмыс істеуді үйрену және АТС жұмысының моделін анализдеу.

3.2 Жұмысқа дайындық.

3.2.1 GPRS World жүйесінің басты меню пунктерін игеру, жұмысқа қажеттілер: меню: Window/ Simulation Window.

3.2.2. Көп арналы құрылғыны модельдеу үшін қажетті командалар мен блоктарды меңгеру.

3.3 Жұмысқа тапсырма:

АТС қарапайым моделін өзіңіздің нұсқаңызға сәйкес құрастыру. Модельдеу процессін жүргізу, нәтижелерін алу, келесі кестені толтыру (N1, N2, N3 - әр нұсқаға берілген), желінің тиімді санын анықтау.

 

3.1 К е с т е  

Ішкі желі саны

Қоңыраулар саны

Қазіргі уақыт

Пайдалану коэффициенті

Қоңыраудың орташа ұзақтығы

2

N1

 

 

 

3

N2

 

 

 

4

N3

 

 

 

 

 

3.4 Жұмыстың орындалу реті

3.4.1 Жұмысқа тапсырма мен нұсқауларыңызды оқытушыдан алу.

3.4.2 АТС моделін жасау.

3.4.3 Модель операторларын енгізуді жүзеге асыру.

3.4.4 Бағдарламаны құрастыру.

3.4.5 Модульдеу процесін 200,1000,10000 қоңырауға жіберу.

3.4.6 Өзіңіздің моделіңізді 3.5.2п. қадамы бойынша жасаңыз.

3.4.7 Байланыс желісінде жүктеменің түзілуінің статискасын және аяқталған қоңырау ұзақтығының статискасын алу.

3.4.8 Модельдеу нәтижелерін есеп беру түрінде, гистограмма және оперативті арна түрінде алу.

3.4.9 Орындалған жұмыс бойынша есеп беру. Мұнда модельдеу  нәтижелері көрсетілген өзіңіздің моделіңізді ұсыну және қорытында жасау.

 

 

3.5 Базалық имитациялық модельді суреттеу

 

3.5.1 Есептің қойылуы.

Телефон жүйесі екі сыртқы желіден тұрады. Сыртқы қоңыраулар әрбір 100±60 секунд сайын келіп тұрады. Егер желі бос болмаса, онда қоңырау қызмет етілмегенінше, әрбір 5±1 минут сайын қайталанып тұрады. Қоңырау 3±1 минутқа созылады.Сәтті қоңыраулардың орындалуына қажетті уақыттың таратылуын кестеге енгізу. 200 қоңырауды аяқтау үшін қанша уақыт қажет болады?

 

    3.5.2 Базалық бағдарламаның листингі.

***************************************************************************

 

*Телефон жүйесінің моделі

*Уақыт минутпен өлшенеді

******************************************************************

Sets                   STORAGE 2

Transit               TABLE Ml,.5,1,20               ; Транзитті уақыт

                          GENERATE 1.667,1        .          ;  Кіріс қоңыраулары

Again                GATE SNF Sets,Occupied   ; Желіні алу

                          ENTER Sets                         ; Байланысты орнату

                          ADVANCE 3,1                    ; 3±1минутқа созылатын сөйлесу

                          LEAVE Sets                         ; Желіні босату

                          TABULATE Transit            ; Кестеге транзиттік  уақытты енгізу

                          TERMINATE 1                    ; Транзакты жою

Occupied           ADVANCE 5,1                    ; 5±1 ішінде күту

                          TRANSFER ,Again             ;  Қайталау.

 

3.5.3 Модельдеу процесін бастау.

 

Моделдеу процессін жасау қажет. Command / Create Simulation таңдаңыз.

Command / START таңдағаннан соң, диалогты терезе 1 –ді 200 ауыстырып ОК басыңыз.

200 транзактілер TERMINATE блогына кіргеннен кейін модельдеу процессі аяқталады. Бұл 200 аяқталған қоңырауға сәйкес келеді.

Модельдеу процесін аяқталған соң GPRS World есеп беруді файл есеп беруге шығарады.

Осы есеп беру автоматты түрде терезеге шығады. Егер сіз терезені жабатын болсаңыз, оны қайтадан басты менюдегі File/ Open командасының көмегімен алуға болады. Содан кейін “Files of type ” («Файл типі») келтірілген тізімде Report (Есеп беру) таңдаңыз.

Стандартты есеп берудегі End Time мәнінен, 200 қоңырау аяқталған мезетте 359,16 минут өткенін көруге болады. Қайтадан модельдеу кездейсоқ сандарды қолдануына орай біршама басқа мәндерді береді.

Transit атты кесте аса толық ақпаратты бере алады, яғни қоңырауды аяқтау үшін қоңырау шалушыға қанша уақыт қажет болғанын анықтай алады. Көптеген қоңырау шалушылар 9,5 минуттан аз уақытта қолданса да көптеген қоңыраулар саны уақытты алды. Мүмкін осыдан шығар, тұтынушылардың қанағаттанбағаны.

Енді стандартты есеп беруді жасаған, модельдеу процессінің аяққы күйін зерттейік. Егер модельдеу процесі аяқталмаса, онда қайтадан модельді трансляциялап, тағы бір рет оны жүргіземіз. Егер сізде “Report” (“Есеп беру”) терезесі ашық болса, оны жауып қою керек.

Кейбір стандартты сандық атрибуттарды қарау үшін «Expression» («Көру») терезесін қолдану. Біріншіден, модельдеу процессін аяқтау уақытын растау. Window/ Simulation Window/ Expression Window таңдау.

Мәндерді енгізу үшін диалогты терезеде бос аймаққа тышқан курсорын басына әкеліп сол батырмасын бір рет басу қажет. Бір аймақтан екінші аймаққа өту үшін [ Enter] батырмасын қолданбайсыз, өйткені GRPS World  барлық мәліметтер енгізілген деп қабылдайды. Бір аймақтан екінші аймаққа көшу үшін [Tab] батырмасын қолданыңыз Енді “Label” («Белгі») диалогты терезеде уақытты таңдау, ал «Expression» («Көру») – АС-1 таңдау керек.

Бұл бізге қазіргі уақытты көрсетуге мүмкіндік береді. View (Қарау)  Memorize(Сақтау) басыңыз.

Егер нәтиже сақталған болса, онда осы терезені жабуға болады, кейінірек оны тағы да ашып, мәнін өзгертуге болады. Модельдеу процессі кезінде «Expression» («Көру») терезесіндегі мәндер модельмен бірге алдын ала сақталған болса ғана сақталынады. Біз осы терезені жауып, артынан ашатын боламыз, сондықтан да осы мәліметтермен келесілерін сақтау қажет.

Енді телефон желісінің  қолдану коэффициент қарастырайық (мыңға дейін). “Label” («Белгі») аймағындағы мәнді қолдану коэффициентіне ауыстырайық. «Expression» («Көру») аймағындағы мәнді SR$Sets. View (Қарау) және Memorize(Сақтау) басыңыз.

Енді телефон желісін қолданудың  орташа уақытын қосамыз. “Label” («Белгі») аймағындағы мәнді қоңыраудың орташа  созылуына ауыстыру қажет, ал «Expression» («Көру») аймағындағыны - SR$Sets ауыстыру керек. View (Қарау) және Memorize(Сақтау) басыңыз. Артынан ОК таңдаңыз.

Қолдану коэффициенті оннан мыңға дейін жетеді. Желілер өзінің өткізу қабілетіне 84% де қолданылады. Алайда өткізу қабілетінің кейбір қоры бар болса да, кезекте күтулер болып қалады.

Енді «Expression» («Көру») терезесін жабаңыз.

Кейбір графикалық терезелерді ашайық. Window/ Simulation Window/ Storages Window таңдаймыз.

 

 

3.1 Сурет– «Жады» терезесі

 

Бұл “Storages” («Жады») терезесі. Көңіл бөлсеңіз жүктеме 84% құрайды. Жадының минималды және максималды мәнін қолдануда байқайтынымыз, модельдеу процессінде 0,1 және 2 желілер болмаған еді. Біз айтып жатқан мәндерге өту үшін экранның төменгі бөлігіндегі айналдыру жолағын қолданыңыз. “Storages” («Жады») тересі  GRPS World бойынша қолданушыларға нұсқаулық 5 тарауда қарастырылады.

Егер “Table” (“Кесте”) терезесін ашсақ, аяқталған қоңыраулардың диаграммасын көруге болады. Window/ Simulation Window/ Table Window (Терезе / моделдеу процесс терезесі / Терезе «Кесте») таңдаңыз. Бұл модельде бір ғана кесте болғандықтан, берілген  тізімнен сіз TRANSIT бірден көресіз. ОК басыңыз.

Сіздің “Table” (“Кесте”) терезеңіздің өлшемі кестені дұрыс көрсете алатынына жеткілікті екендігі көзіңізді жеткізіңіз. Мұнда стандартты есеп берудегідей ақпарат келтіріледі. «Expression» («Көру») терзесіндегі Жүйелік Сандық Атрибут (ЖСА) ST көрсететіндей, сөйлесудің орташа уақыты 3 минутқа тең, бірақ “Table” (“Кесте”) тересінде көрініп тұрғандай , қайталама қоңырауды қосқандағы орташа уақыт 14,27 минутты құрайды. Қоңырау шалушылар қайталама қоңырауларға өте көп уақытты жоғалтады.

 

3.2 Сурет – TRANSIT кестесінің түрі

 

Транзактілердің қайда екенін қарайық. Window/ Simulation Window/ Blocks Window (Терезе / Моделдеу процесінің терезесі / Терезе «Блоктар») таңдайық. Бұл «Blocks» («Блоктар») терезесі.

Қайтадан қоңырау шалу үшін 15 адам кезегін  күтетініне көңіл бөліңіз. Блоктағы “Entry Count” (“Блоктар саны”) бағанасына кірістер оқиғасын қарастырайық. 

 

 

3.3 Сурет – TRANSFER блогын көрсететін «Blocks» («Блоки») терезесі.

 

ADVANCE блогына кіретін транзактілер санына көңіл бөліңіз. Қайтадан қоңырау шалу үшін барлығы  күтіп қалды, яғни 561-ы. Бұл кезде тек 200 қоңырау ғана шалынды. «Blocks» («Блоктар») терезесіне қараңыз және [F5] функциалды батырмасын қолданыңыз, оның көмегімен модельдеу процессіне бір қадам жасауға болады. Оны 15 немесе 20 рет басыңыз. Көптеген қоңырау шалушылар қайтадан қоңырау шалу үшін барлық желілер бос еместігін байқап, күту керектігін түсінеді.

Модельдеу процессін графикалық терезелердің көмегімен қарастыруға оралайық. «Blocks» («Блоктар»), “Journal ”(“Журнал”) және “Model”(“Модель”) терезесінен басқа барлық ашық терезелерді жабыңыз.

Қайтадан «Expression» («Көру») терезелерін біз алдында сақтаған мәндермен ашайық. Оған белсенді транзакт нөмірі болып табылатын қоңырау нөмірін енгізейік. Window/ Simulation Window/ Expression Window (Терезе/Моделдеу процессінің терезесі / Терезе «Көру») таңдаңыз. “Label” («Белгі») диалогты терезедегі берілген мәнді қоңырау нөміріне ауыстырыңыз. Ал «Expression» («Көру») аймағындағыны – XN1- ке ауыстырып, View (Қарау) және Memorize(Сақтау) басыңыз.

Терезені ашпас бұрын, біз бірінші рет терезені ашқанда енгізілген барлық сақталған өрнектерді қалпына келтіру қажет. Әрбір өрнекті таңдап View (Қарау) басыңыз. Барлық өрнектер қалпына келтірілгеннен соң ОК басыңыз.

Енді транзактіні жойып, жиналған статистиканы  түсіреміз.Басты менюден Command / CLEAR (Команда / CLEAR ) таңдап, Command / Custom…(Команда / Жүргізу ...) таңдап, rmult 1 таңдап алыңыз.

Нөмірі 1 кездейсоқ сандар генераторын түсіреміз, өйткені CLEAR командасы мұны істей алмайды. Бұл қажет болады, егер сіз ағынның алғашқы нүктесін қамтамассыз ететін болсаңыз. Осылайша, егер де сіз жинақта кездестірілмеген басқа командаларды қолданған болсаңыз да, CLEAR командасын қолдаған соң, біз модельдеу процесі кезінде бірдей нәтижелерді көретін боламыз. «Blocks» («Блоктар») терезесінде тышқан курсорын модельдегі соңғы блокқа (TRANSFER блогы) әкеліңіз. TRANSFER және “Place”  («Сыйдыру») белгісін басыңыз.

Әрі қарай «Blocks» («Блоктар»), “Journal ”(“Журнал”) және «Expression» («Көру») терезесін көрінетіндей етіп орналастырамыз. Command / START (Команда / START) командасын таңдаңыз. Диалогты терезедегі 1 санын 1000 ауыстырып, ОК басыңыз.

Модельдеу процессі TRANSFER блогына транзактілердің бірінші рет кіру қадамында тоқталады. Бұл қоңырау шалушының қоңырау шала алмайтындығын көрсетеді. Модельдеу процессін орындауды жалғастырайық. [F2]- ні басыңыз. Берілген операцияны тағы да 4 рет орындаңыз, моделдеу процесі тоқтау шартына байланысты өз кезегінде тоқтап тұрады.

Моделдеу процесі әр кезде қоңырау шалушы күткен кезде тоқтай береді. Сіз «Journal» терезесінде хабарды көретін боласыз, онда тоқталған транзактінің нөмірлері көрсетіледі. Осы моделде бір ғана  GENERATE блогы бар болғандықтан, транзакт нөмірі бойынша сіз қоңырау шалушының қаншалықты күтетінін және екінші ретті күтетін қоңырау шалушылардың бар ма екенін көре аласыз.

Енді тоқтау шартын жоямыз. «Blocks» («Блоктап») терезесіндегі TRANSFER блогын белгілеп, «Remove» («Жою») түймесін басыңыз. Содан кейін «Blocks» («Блоктап») және «Expression» («Көру») терезесін жабыңыз.

Енді біз ортақ қарау тәртібінде «Storages» («Жады») терезесінің көмегімен моделдеу процесінің орындалуын бақылай аламыз. Басты менюден Window/Simulation Window/Storages Window/ (Терезе/Моделдеу процесінің терезесі/«Жады» терезесі) таңдап, осы көріністі өшіру үшін View/Entity Details/(Түрі/Түсініктемесі) таңдаңыз.

Енді қоңырулардың күтуде тұрып қалу диаграммасының қалай тұрғызылатынын қарайық. Window/Simulation Window/Storages Window/ (Терезе/Моделдеу процесінің терезесі/«Кесте» терезесі) таңдаңыз. Осы жағдайда бір ғана кесте болады, сондықтан да оның аты келтірілетін тізімде бар болады. OK басыңыз.

Моделдеу процесін орындауды жалғастырамыз. [F2] басыңыз.Transit атаулы кестесін кез келген уақытта қарауға болатын динамикалық диаграмма болып табылады. Ол көптеген адамдарға бірдей қызмет көрсетілмейтінін көрсетеді. Дегенмен желінің бос еместігін байқаған адамдар риза болмайды. Қарап болған соң, «Table» («Кесте») терезесін жауып, моделдеу процесін аяқтаңыз.

Егер біз желі санын кобейтсек ше? Енді екі желінің орнына төрт желіні моделдейік.

Нысананы анықтамас бұрын, Clear командасын қолдану керек. Сommand /СLEAR/(Kоманда/СLEAR) таңдаңыз, содан соң Сustom…/С (Команда/Жүргізіңіз) таңдаңыз. Диалогты терезеден Sets StH теріп, [Enter] басып, келесі жолда Result таңдаңыз.

OK басыңыз.

Осындай әдіспен телефон желісінің саны анықталады. Мұны сіз терезенің кез келген ашылуында жасай аласыз. Осы әрекет келесі рет қарау үшін «Journal» («Журнал») терезесіне жазылады, егер де терезені ашық тастасаңыз.

Не болатынын байқайық. Сommand/START (Kоманда/START) таңдаңыз. Диалогты терезеде 1 санын 1000 ауыстырыңыз және OK басыңыз.

Телефон желісін қолдану коэффициенті біраз болса да азайды. Қоңырау ұзақтығының диаграммасын қарастырайық. Window/Simulation Window/Table Window (Терезе/Моделдеу процесінің терезесі/«Кесте» терезесі) таңдаңыз. Мұнда біз бір кестені көресіз, өйткені оның аты келтірілген тізімді таңдалып қойылған. OK басыңыз.

Толық қарауда «Block»  терезесінде TRANSFER блогына кірілмегенін байқаймыз. Бұл бірде-бір қайталама қоңырау шалынбағанын білдіреді. Төрт желі екі желіден айталықтай жақсы екенін көрсетеді.

Желі санын  3 өзгертіп, нәтижелерді салыстырайық.  Сommand /СLEAR/(Kоманда/СLEAR) таңдаңыз, содан кейін Command / Custom…(Команда / Жүргізу ...) таңдаңыз, содан соң диалогты терезеден Sets Btr таңдаңыз.

Осылайша біз телефон желісінің санын 3-ке өзгертеміз. [Enter] басыңыз. Келесі жолда rmu/1 таңдап, OK басыңыз.

Енді бақылайық не болар екен. Сommand/START (Kоманда/START) таңдаңыз. Диалогты терезеден 1000 таңдап, OK басыңыз.

Мүмкін cіздің «Blocks» («Блоктар»)  терезесін ашқыңыз келер. Сөйтіп, үш телефон желісі де тиімді болып шықты. Есеп беру көрсеткендей, тек 57 қоңырау шалушы ғана қайтадан қоңырау шалуға мәжбүр болды.

Базалық моделге өзіңіздің параметрлеріңізді енгізіңіз, барлық ұсынылған әрекетті қайталаңыз, алынған моделдеудің есеп беруін тектік (мәтіндік) редакторына көшіріп алыңыз, қажетті гистограмманы алыңыз, өзіңіздің жасаған жұмысыңыздың нәтижесі бойынша анализ жасаңыз, есеп беруді рәсімдеңіз.

 

3.6 Зерханалық жұмыстың нұсқалары.

 

3.2 К е с т е  – Тапсырма нұсқалары

Нұсқа

N1

N2

Қоңыраулар түсу арасындағы интервалдар (сек)

Сөйлесу ұзақтығы

(мин)

Қайталама қоңырау үшін интервал (мин)

1

203

1000

100±40

2±1

3±1

2

205

1005

100±45

2,5±1

3±2

3

210

1010

100±50

3±1

4±1

4

215

1020

100±55

2±1,5

4±2

5

220

1030

100±60

2,5±1,5

4±3

6

225

1040

110±40

3±1,5

5±1

7

230

1050

110±45

4±1

5±2

8

235

1060

110±50

4,5±1

5±3

9

240

1070

110±55

3±2

5±4

10

245

1080

110±60

4±2

5,5±1

11

250

1090

120±30

4,5±2

5,5±2

12

255

1100

120±35

4±1,5

5,5±3

13

260

1110

120±40

4,5±1,5

6±1

14

265

1120

120±45

5±1,5

6±2

15

270

1130

120±50

5±2

6±3

 

4 №4 зертханалық жұмыс. Жеке телефон станциясының имитациялық моделінде зерттеу жүргізу

 

4.1 Жұмыстың мақсаты: жеке АТС моделінің жұмысын анализдеу және берілген жүктемеде жүйені функциялаудың оптимизациялау үшін GPSS WORD жүйесінің динамикалық терезелерімен жұмыс істеуді үйрену.

 

4.2 Жұмысқа дайындық.

4.2.1 GPSS WORD жүйесінің басты меню пункттерімен танысу, жұмысқа қажетті менюлері: Window/Simulation/Window /Table/Storage/Expression/

4.2.2 Моделде қажетті командалар мен блоктарды меңгеру.

 

  4.3 Жұмысқа дайындық

  Қарапайым АТС базалық моделін зерттеу, динамикалық терезелерді қолдана отырып, базалық моделмен жұмыс істеуді үйрену. Өзіңіздің нұсқаңызға сәйкес базалық моделге өзгерістер енгізіңіз. Моделдеу процесін жүргізіңіз, нәтижелерін алып, анализ және қорытынды жасаңыз.

 

4.4 Жұмысты орындау реті.

4.4.1 Жұмысқа тапсырма мен нұсқаңызды оқытушыдан алу.

4.4.2 Базалық моделге операторларды енгізуді жүзеге асыру.

4.4.3 Бағдарламасын құрастыру.

4.4.4 Өзіңіздің моделіңіз үшін 4.5.1 қадамды орындаңыз.

4.4.5 Оператордың, сигнализатордың ішкі және сыртқы желілердің, параллель телефондардың қолдану коэффициентін анықтаңыз.

4.4.6 Әр минут сайын өңделетін, ішкі және сыртқы қоңырау санын анықтаңыз.

4.4.7 Сигнализаторлар, ішкі және сыртқы желілер жеткілікті екендігін анықтаңыз.

4.4.8 Моделдеу нәтижелерін гистограмма мен оперативті экран, есеп беру түрінде алыңыз.

  4.4.9 Орындалған жұмыс бойынша есеп беру, имұнда моделдеу нәтижелері көрсентілген өзіңіздің моделіңізді ұсыну және қорытынды жасау.

 

   4.5 Базалық имитациялық моделді суреттеу.

 

 4.5.1 Моделдеу объектісін суреттеу.

 

Телефон байланысының жеке түйінінде 200 паралельді телефондар бар, 30 ішкі желі, 30 сыртқы желі, 8 сигнализаторлар және 1 оператор. Орташа алғанда телефон шақырулары 150 секундқа созылады және 30 сек стандартты ауытқуға тең болатын нормальді заң бойынша таратылады. Сыртқы қоңыраулардың арасындағы түсу уақыты паралельді телефондар санына кері пропорционал. (2500 паралельді телефон санына бөлу керек) және экспоненциал заңы бойынша тарату қажет. Ішкі қоңыраулардың арасындағы түсу уақыты бос паралельді телефондар санына кері пропорционал (1260 бос паралельді телефон санына бөліп 1 қосу керек). Осы қоңыраулардың бағыттары ішкі (66,6%) және сырқы (33,3%) болуы мүмкін. Ішкі телефондардан түсетін қоңырауларға оператор қажет емес. Ішкі қоңыраулар үшін сигнализатор мен ішкі желі, ал сыртқы қоңыраулар үшін – сырқы желі қажет болады.

Қоңырау шалғанда 15% паралельді телефондар бос болмайды, ал 20% - жауап бермейді.

Сигнализация үшін қажетті уақыт, 7±2 сек тең, ал паралель телефондар арқылы уақыт - 6±2 сек тең. Қоңырау шалушы «бос емес» сигналын 4±1 сек тыңдайды. Оператордың жұмысы 9±3 сек құрайды.

Телефон желісінің жеке түйінінің жұмысын 1 сағат ішінде моделдеу қажет, сондай-ақ:

1. Паралельді телефондардың, сырқы және ішкі желілердің, сигнализаторлардың және операторлардың қолдану коэффициентін анықтау.

2. Әрбір минут сайын өңделетін сыртқы және ішкі желілердің санын анықтау.

3. Сыртқы және ішкі желілердің, сигнализаторлардың жеткілігін анықтау.

 

4.5.2 Базалық моделдің листингі

 

******************************************************************

*        Жеке телефон жүйесінің моделі

*        Уақыт секундпен өлшенеді

******************************************************************

Transit        TABLE Ml,20,20,20

******************************************************************

Extensions   STORAGE 200

Extlines       STORAGE 30

Intlines        STORAGE 30

Signals        STORAGE 8

Operator     STORAGE 1

******************************************************************

* Айнымалаларды анықтау

Internal        VARIABLE 1260/(l+R$Extensions)

External       VARIABLE 2500/(R$Extensions+S$Extensions)

*

* Қоңырау санының кестесі

Callsint        TABLE S$Intlines,2,2,20

Callsext       TABLE S$Extlines,2,2,20

*****************************************************************************

* Ішкі телефондардан түсетін қоңыраулар түзіледі:

GENERATE         (Exponential (1,0 ,V$Internal)), 0 ,20 ; Ішкі қоңыраулар.

ENTER       Extensions                               ; Телефон тұтқасын көтеру.

QUEUE      Inside                                       ; Сигнализаторға кезек.

ENTER       Signals                                     ; Сигнализатор қосылады.

DEPART    Inside                                       ; Кезектен шығу.

ADVANCE 7,2                                            ; Сигнализация үшін уақыт.

LEAVE                     Signals                       ; Сигнализатор босайды.

TRANSFER     .333,,Intout     ; 44% қоңыраулар сыртқы желіге барады.

Intint           TEST GE    R$Intlines,1,Breakoff             ; Қатынастықты тексеру.

ENTER       Intlines                                    ; Ішкі желіні алу

ADVANCE 4,1                         ; Телефонның бос еместігін тексеру.

TRANSFER         .15,,Busy ;Кейбір паралель телефондар бос емес.

Aline           ENTER       Extensions                                               ; Басқалары бос.

ADVANCE    6,2  ; Паралельді телефон қоңыраулары үшін уақыт.

TRANSFER         .2,,Nogood                          ; 20% жауап бермейді.

ADVANCE (Normal (2,150,30))                         ; Қоңырау ұзақтығы.

Nogood      LEAVE       Extension                        ; Паралельді телефон босайды.

Busy           LEAVE       Intlines                                               ;Ішкі желі босайды.

TRANSFER         ,Breakoff

* Ішкі телефондардан сыртқы желіге қоңырау шалу моделі.

Intout TEST GE   R$Extlines, 1 ,Breakoff       ;Сыртқы желі қол жеткізерлік пе?

ENTER                Extlines                                            ; Сырқы желіні алу.

ADVANCE          4,1                              ; Бос болмауды тексеру уақыты.

TRANSFER         .200,,Nobody                                         ; 20% бос емес.

ADVANCE          6,2                                        ; Жауапқа арналған уақыт.

TRANSFER         .200,,Nobody                             ; 20% жауап бермейді.

ADVANCE (Normal (2,150 ,30) )                               ; Қоңырау ұзақтығы.

TABULATE         Transit                                 ; Транзиттік уақытты жазу.

Nobody      LEAVE       Extlines ,                                   ; Сыртқы желі босайды.

Breakoff      LEAVE       Extensions                            ;Паралл. телефон босайды.

         TERMINATE

*****************************************************************************

* Сыртқы қоңырауларды өңдеу.

GENERATE         (Exponential(1,0,V$External))      ; Сыртқы қоңыраулар.

TEST GE    R$Extlines,1,Nonefree       ; Сыртқы желі қол жеткізерлік пе?

ENTER       Extlines                                                      ; Сыртқы желіні алу.

QUEUE      Outsider                                                       ; Операторға кезек.

ENTER       Operator                                                        ; Операторды алу.

DEPART    Outsider                                                            ; Кезектен шығу.

ADVANCE          9,3                         ; Оператор қоңырауды қызмет етеді.

LEAVE       Operator                                                 ; Оператор босайды.

ADVANCE          4,1                                                ; Телефондар бос па?

TRANSFER         .15,,Engaged; Кейбір паралельді телефондар бос емес

ENTER                Extensions                   ; Паралельді телефондарды алу.

ADVANCE             6,2                                          ; Қоңырау шалуға уақыт.

TRANSFER         .200,,Noperson                             ; 20% жауап бермейді.

ADVANCE          (Normal(2,150,30))                   ; Қоңырау шалу уақыты.

TABULATE                     Transit                        ; Транзитті уақытты жазу.

Noperson    LEAVE       Extensions                 ; Паралельді телефондар босайды.

Engaged      LEAVE       Extlines                                 ; Сыртқы желілер босайды.

Nonefree     TERMINATE

GENERATE         3600                                          ; Әр уақыттағы транзакт.

TERMINATE       1                                                      ; Санауыш аяқталды.

GENERATE         60                                             ; Әр минуттағы транзакт.

TABULATE         Callsint                                       ; Ішкі қоңыраулар саны.

TABULATE         Callsext                                ; Сыртқы қоңыраулар саны.

TERMINATE

******************************************************************

Бұл модель бірнеше сегменттерден тұрады. Жадыны анықтаған соң, кестелер мен айнымалылар моделінде тағы үш сегмент жүреді. Жоғарғы сегментте транзактілер ішкі қоңырауларды ұсынады, ол екінші сегменттің транзактілері ішкі қоңырауларды ұсынады, ал үшінші сегменттің транзактінің қоңыраулары әр минут сайын келіп тұратын қоңырауларды санап, моделдеу процесінің орындалу уақытын анықтайды. Мұны моделдеудің бір сағатын бірге санауышты азайту жасымен жүргізеді.

 

4.5.3 Моделдеу процесін жүргізу.

 

Сommand /Сreate Simulation (Команда/Моделдеу процессін жүргізу) және Сommand/START (Kоманда/START) таңдаңыз. Біз 1 санын аяқтау санаушының саны ретінде қолданғымыз келетін болғандықтан, диалогты терезеде OK басамыз. Транзактілер TERMIN блогына кірген кезде моделдеу процесі аяқталады, бұл 1 сағат жұмысты алады.

Моделдеу процесі аяқталған соң GPSS WORD есеп беру файлына есеп беруді шығарады. Алынған нәтижелерден анализ жасайық.

Операторлардың, сигнализатордың, ішкі және сыртқы желілердің, паралельді желілердің қолдану коэффициенті сәйкесінше 69%, 12, 41%, 44% және 15% құрайды.

Ішкі қоңыраулардың орташа саны 9,47 құрайды, ал сыртқы қоңыраулар – 14,17 тең (таңдаулар әрбір моделдеудің минутында алынды). Ақпарат кестеге арналған стандартты есеп беру бөлігінен алынған.

Қолдану коэффициентінен көріп отырғанымыздай, осындай қоңараудардың саны үшін желі конфигурациясы жеткілікті. Көбінесе ішкі желілер қолданылады. Мына жағдай қызығушылық туғызады, ішкі желілер санының артуы қоңыраулардың кезекте тұру уақытын азайта алады ма? Кез-келген жағдайда жүйенің өткізу қабілеттілігі трафиктің біршама ұлғаю кезінде де сенімсіздік туғызады. Егер осындай трафиктің өзгеруі мүмкін болса, онда корректілеуші әрекетпен және қоңыраулар санының ұлғаюы мен эсперименттер жүргізу қажет.

Енді стандартты есеп беруден түзілген моделдеу процесінің ақырғы күйін зерттейік. Егер моделдеу процесі аяқталмаса, қайтадан моделді көшіріп, қайтадан оны жүргіземіз.

Бірнеше графикалық терезелерді ашайық. Window/ Simulation Window/ Table Window (Терезе / моделдеу процесс терезесі / Терезе «Кесте») таңдаңыз. Берілген тізімнен TRANSIT таңдап, OK басамыз.

Table терезесінің әрбіреуі моделде анықталған, бір кесте немесе Q кестедегі ақпаратты береді. GPSS-ге TRANSIT атаулы кесте қоңыраулардың орындалу уақытының таратылуын көрсетеді. Ол орташа 174с құрайды. Келесі кестені қарастырайық.

 

 

4.1 Сурет – TRANSIT кестесі

 

Window/ Simulation Window/ Table Window (Терезе / моделдеу процесс терезесі / Терезе «Кесте») таңдаңыз. Диалогты терезеде түсірілетін тізімнен CALLSINT таңдап, OK басыңыз.

 

 

4.2 Сурет – CALLSINT кестесі

 

GPSS-тің CALLSINT атаулы кестесі моделдеу процесінде ішкі қоңыраулардың таратуын көрсетеді.(тарату әрбір моделдеу минутында жүргізіледі). Window/ Simulation Window/ Table Window (Терезе / моделдеу процесс терезесі / Терезе «Кесте») таңдаңыз. CALLSEXT кестесі диалогты терезедегі түскен блокта таңдалған еді, OK басыңыз.

 

 

4.3 Сурет – CALLSEXT кестесі

 

GPSS-тің  CALLSEXT деп аталған кесте моделдеу процесінің әрбір минутында сыртқы қоңыраулардың таратылуын көрсетеді.

Енді ресурстарды қолдануды қарастырайық. Window/ Simulation Window/ Table Window (Терезе / моделдеу процесс терезесі/«Жады »терезесі) таңдаңыз. «Storges» резесі оператормен, паралельді телефондармен, сыртқы және ішкі желілермен, сигнализатормен байланысты статиканы көрсетеді.

Барлық қондырғылардың ішінде сыртқы желілер жиыны қолданылды.

Барлық ақпаратты көру үшін терезе өлшемін ұлғайта аламыз. Операторды ұсынушы жады бізге оператор 69% уақытты алғанын көрсетеді. (4-суретте көрсетілген).

 

 

4.4 Сурет– Жады терезесі

 

Моделдеу процесін қайтадан жүргізбес бұрын ашық терезелерді жауып қоясыз. Есте сақтаңыз, ең жақсысы сіз белсенді қолданып отыратын терезені ғана ашық ұстаған жөн.

Енді қоңыраудың келу шамасына қарай кезектер қалай өзгеретінін қарастырайық. Window/ Simulation Window/ Bloks Window (Терезе / моделдеу процесс терезесі / Терезе «Блоктар») таңдаңыз.

Бұған қоса, біз моделдеу процесінде өтетін түрлі мәндерді бақылай аламыз. Window/ Simulation Window/ Exspression Window (Терезе / моделдеу процесс терезесі / Терезе «Көру») таңдаңыз. «Edit Exspression» терезесі ашылады.

Диалогты терезенің бос аймағына мәнді енгізу үшін тышқан курсорын оның басына әкеліп, сол жақ түймесін бір рет басу керек. Бір аймақтан екінші аймаққа өту үшін [Enter] түймесін қолданбаңыз, өйткені бұл жағдайда GPSS WORD барлық мәндер енгізілді деп түсінеді. Бір аймақтан екінші аймаққа өту үшін [Tab] батырмасын қолданыңыз. Енді «Kabel» диалогты терезесінен уақытты таңдаңыз, ал «Exspression» («Көру»)- АС1 таңдаңыз.

View (Қарау) және Memorite (Сақтау) түймесін басыңыз.

Егер өрнек есте сақталған болса, онда осы терезені жабуға болады, кейінірек оны қайтадан ашып, оның мәндерін қалпына келтіруге болады. Егер моделдеу процесі сақталған болса, «Exspression» («Көру») терезесіндегі мәндер онымен бірге сақталады, егер де олар алдын-ала есте сақталған болса, «Label» (Белгі) аймағында мәнінің орнына таңдайсыз:

- ішкі желіні;

- «Exspression» («Көру») аймағында берілген мәнінің орнына S$Intlines таңдаңыз.

- View (Қарау) және Memorite (Сақтау) түймесін басыңыз.

«Label» (Белгі) аймағында берілген мәнінің орнына сырқы желіні таңдаңыз.

«Exspression» («Көру») аймағында берілген мәнінің орнына S$Intlines таңдаңыз. View (Қарау) және Memorite (Сақтау) түймесін басыңыз.

Бұнымен қатар біз енді паралельді телефондардан да бақылаймыз. «Label» (Белгі) аймағында берілген мәнінің орнына «Паралельді телефондар» таңдайсыз. «Exspression» («Көру») аймағында берілген мәнінің орнына S$Exstensions мәнін таңдайсыз. View (Қарау) және Memorite (Сақтау) түймелерін таңдап, OK басыңыз.

Енді моделдеу процесін жүргіземіз және «Exspression» («Көру») терезесіндегі мәндерді бақылайық, бұған қоса Block (Блоктар) блогында кірістер санын бақылайық. Екі терезенің сәйкесті бөліктерін сіз көре алатындай етіп терезелерді орналастырамыз. Ол үшін «Model» («Модел») терезесін жасырып, содан соң «Exspression» («Көру») терезесін төмен сол жақ бөлігіне, ал «Blocks» жоғары терезеге шығарыңыз.

Сommand/START (Kоманда/START) таңдаңыз. Диалогты терезеде 1 санының орнына 15 таңдап OK басыңыз. Сіз моделдеу параметрлерін жеткілікті дәрежеде жасағаннан кейін, моделдеу процесі тоқталады. Ол үшін [F4] басыңыз.

 

4.6 Нұсқа тапсырмалары

4.1 Кесте

Нұсқа

Паралельді телефон саны

Ішкі желілер саны

Сыртқы желілер саны

Сигнализаторлар саны

1

100

20

31

5

2

105

21

30

6

3

115

22

29

7

4

120

23

28

8

5

125

24

27

9

6

130

25

26

4

7

135

26

25

5

8

140

27

24

6

9

145

28

23

7

10

150

29

22

8

11

155

30

21

9

12

160

31

20

5

13

165

32

25

6

14

170

33

26

7

15

175

34

27

8

Әдебиеттер тізімі

 

1. Советов Б.Я., Яковлев С.А. Моделирование систем. - М.: Высшая школа, 1998.

2. Ермаков С.М., Михайлов Г.А. Курс статистического моделирования – М.: Радио и связь, 1976.

3. Крылов В.В., Самохвалова С.С. Теория телетрафика и её приложения. - СПб.: БХВ - Петербург, 2005.

4. Шварц М. Сети связи: Протоколы, моделирование и анализ. - М.: Наука, 1992.

5. Боев В.Д. Моделирование систем. Инструментальные средства GPSS World: Учебное  пособие. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004.

6. Кудрявцев Е.М. GPSS World. Основы имитационного моделирования различных систем. – М.: ДМК Пресс, 2004.

7. Томашевский В., Жданова Е. Имитационное моделирование  в среде  GPSS. - М.: Бестселлер, 2003.

8. Учебное пособие по GPSS World. – Казань:  «Мастер Лайн», 2002.

9. Руководство  Пользователя по GPSS World. – Казань: «Мастер Лайн», 2002.

10. Туманбаева К.Х. Моделирование систем телекоммуникаций: Учебное пособие. – АИЭС, Алматы, 2006.

  

Мазмұны 

Кіріспе ..………………….....………………………………………………............3

1 №1 зертханалық жұмыс. Үлестірім заңы бойынша кездейсоқ дискретті сандардың тізбекті түзілуі .......................................................................................4

2 №2 зертханалық жұмыс. Бір арналы ЖҚЖ-де қызмет көрсетуді моделдеу....7

3 №3 зертханалық жұмыс. Қарапайым телефон желісінің имитациялық модельде зерттеулер   . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . ...11

4 №4 зертханалық жұмыс. Жеке телефон станциясының имитациялық моделінде зерттеу жүргізу............................................................................ ……19

Әдебиеттер тізімі…....……………………………………………………............27