АЛМАТЫ Коммерциялық емес акционерлік қоғам 

ЭНЕРГЕТИКА  ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

Автоматты электрлік байланыс кафедрасы 

 

абоненттік  қатынасты  МУЛЬТИСЕРВИСтік  желілер  

 

«050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация»

мамандықтары бойынша барлық оқу түріндегі студенттер үшін

курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау  

 

Алматы 2008

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ю.М. Гармашова, Е.К. Есназаров. . Абонентті қатынасты мультисервистік желілер.  «050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары бойынша барлық оқу түріндегі студенттер үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АЭИС, 2008. – 23 с.     

 

Әдістемелік нұсқау тапсырма және курстық жұмысты орындауға арналған жетектемені қамтиды. Оның ішінде абонентті доступты мультисервистік желілерді жобалау принциптері келтірілген  және сол желілерде қолданылатын құрылғылардың сипаттамасы берілген. 

Әдістемелік нұсқау «050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары бойынша барлық оқу түріндегі студенттерге тағайындалған.

Бұл әдістемелік нұсқау «Телекоммуникация желілері және коммутация жүйелері» мамандығығының барлық түрлеріндегі «Абонентті доступты мультисервистік желілері» пәнін оқитын  4 курс студенттеріне жәрдем беру үшін құрастырылған.

 

Негізгі нұсқаулар және нұсқаларды таңдау 

 

Курстық жұмысты орындау абонентті доступты мультисервистік желілерді жасау сұрақтарына байланысты білім алуға бағытталған (АДМЖ).

Курстық жұмыс қалалық телефон желісіндегі  АДМЖ жасау сұрақтарына арналған. Студенттер шкафтар ауданының сыйымдылығын, бөлгіш шкаф сыйымдылығын, абоненттердің түрі мен категориясын дербес таңдап алуы керек және нұсқасына сәйкес барлық есептерді  орындаулары керек.

Жұмысты орындау тізбектері және тапсырманы түсіндіру әдістемелік нұсқауда берілген. Түсіндірмелік жазба әр беттің ақ қағазының (сызықсыз) бір жағында жазылады

Курстық жұмыста қабылданған шешімдерге қажетті түсіндірмелер жүргізіледі: орындалған есептерге, функциялық сызбалар, кестелер мен графиктер. Жобада оқулықтар мен оқу құралдарында келтірілген түсіндірме материалдарды араластырудың қажеті жоқ.

Әр студент курстық жұмыстың бір нұсқасын орындайды, нұсқаның нөмірі студенттік билеттің соңғы екі санымен және студенттің фамилиясының бірінші әрпімен анықталады. 1.1 кестеде берілген мәліметтерді студенттің билетінің соңғы саны арқылы таңдап алады, ал 1.2 кестеде билеттің соңғы санының алдындағы сан арқылы таңдайды, ал 1.3 кестедегі мәліметтер студенттің фамилиясының бірінші әрпі арқылы анықталады.

Қорғауға жіберілген курстық жұмыс кафедраның екі оқытушысынан тұратын комиссияның алдында қорғалады.

  

1 Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасының мазмұны

 

Түсіндірмелік жазбада курстық жұмыстың мақсатын негіздеу, берілген мәліметтерге сәйкес есептеулер жүргізу және аяғында жасалған жұмыстарға қорытынды жасау міндетті.

Курстық жұмысқа тапсырма

Алтысанды нөмірі бар қалалық телефон желісі  NGN (Next Generation  Networks)  технологиясы арқылы іске асырылады.

ҚТЖ бір телефон ауданында АТСК типті аналогті автоматты телефон стансасын алып тастау керек және оның барлық абоненттерін және аудан бөлігінің  телефонданбаған тұрғындарын оптикалық қол жеткізу жүйелері арқылы NGN желісінің қол жеткізу шлюзына қосу керек.

Қол жеткізу шлюзі (Access Gateway - AGW) шлюзге V5 интерфейсі арқылы қосылатын қол жеткізу желісінің құрылғысына көліктік және сигналдық шлюзінің қызметін іске асырады [1, 2].

Сол үшін курстық жұмыста келесілерді істеу керек:

1 Төмендегілерді еске алып, абоненттердің құрамын анықтау:

а) АТСК-ның барлық абоненттері  – аналогті;

б) Барлық телефон пайдаланушыларының ішінде  ADSL абоненттері аналогті АТС абоненттерін санамағанда 1 15% құрайды;

в) телефондандыратын абоненттер аналогтік  және ADSL абоненттері болып екіге бөлінеді;

г) ADSL абоненттерінен басқа абоненттердің  ДК жоқ;

д) Барлық абоненттер  квартирлік секторда.

2  Аналогтік АТС абонентері бөлгіш шкафтарға ескі абоненттік сызық арқылы, ал телефонданатын абоненттер бөлгіш шкафтарға жаңа сызық арқылы қосылады.

3 Әрбір шкафтық ауданда абоненттер санын анықтау. Бөлгіш шкафтың түрін таңдап алу.

4 1 пунктті ескеріп, әрбір шкафтық ауданда БШ абоненттердің түрін және категориясын таңдау.

5 Барлық бөлгіш шкафтарды қашыққа шығарылған қол жекізу жүйелерінің блоктарына қосу.

6 Қашықтағы блоктарды және орталық қол жеткізу жүйелерінің блоктарын топологиясына сәйкес оптикалық талшықты кабелмен жалғастыру.

7 Әр абоненттер категориясынан сақинаға түсетін жүктемені және цифрлық ағындар санын есептеу.

8 Сақина құрылымды транспорт желілерінде АДМЖ SDH тасу орталығы пайдаланылады, цифрлық ағындардың санына сәйкес сақинаның өткізу қабілетін анықтау керек.

9 Шкафтық ауданда және қол жеткізу шлюзінде АДМЖ орнатылған оптикалық қол жеткізу жүйелерінің құрылғыларының көлемін есептеу және оқып үйрену. 

10 Пайдаланылған құралдарды түсіндіру.

11 Абоненттік доступты мультисервистік желінің құрылымдық сызбасын жасау.

Бастапқы мәліметтер

   1.1 К е с т е  

Студенттік  билеттің  нөмірінің соңғы саны

АТСК сыйымдылығы,

абоненттер саны

Телефонданатын тұрғындардың саны

1

1000

10000

2

1200

9900

3

1500

8800

4

2000

8100

5

1700

9700

6

1400

9800

7

1800

9600

8

1900

8900

9

1300

9000

0

1100

10000

  1.2 К е с т е  

Студенттік билеттің нөмірінің соңғы санының алдындағы сан

Пәтерлік сектордың абоненттерінің саны,

%

Қала тұрғындарының саны, мың адам.

1

65-ке дейін

 500-ге дейін

2

65-тен көп

500-ге дейін

3

 65-ке дейін

 500-ден көп

4

65-тен көп

500-ден көп

5

 65-ке дейін

500-ге дейін

6

65-тен көп

500-ге дейін

7

 65-ке дейін

500-ден көп

8

65-тен көп

500-ден көп

9

 65-ке дейін

500-ге дейін

0

65-тен көп

500-ден көп

   1.3 К е с т е  

Студенттің фамилиясының бірінші әрпі

Шкафтық аудандардың  саны

ҚТЖ сыйымдылығы, АДМЖ абоненттерінің сыйымдылығысыз

А-В

10

650000

Г-Е

11

530000

Ж-И

9

700000

К-М

8

240000

Н-П

10

720000

Р-Т

11

690000

У-Х

9

480000

Ц-Ч

8

360000

Ш-Щ

7

590000

Э-Я

12

780000

2  Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

 

Абоненттік доступтың мультисервистік желісінің сызбасын құруға және телефондық жүктемені есептеуге қатысты бастапқы мәліметтер  1.1-1.2 кестеде келтірілген.

Курстық жұмыстың барлық бөлімдері курстық жұмыстың тапсырмасында көрсетілген тізбек бойынша орындалуы керек.   

2.1 Абоненттер құрамын өңдеу  

Абоненттік доступтың мультисервистік желісінің абоненттер саны келесі түрде анықталады

 

NМСАД = NАТСК + NТЕЛЕФ,    абоненттер

                         (2.1)

мұнда - АТСК абоненттерінің саны;

NТЕЛЕФ - телефондалатын  абоненттер саны.

ADSL абоненттер саны АТСК абоненттерін санамағанда телефондалатын абоненттер санының 1-15%-ын құрайды

 

             NADSL = (NМСАД - NТЕЛЕФ) х f,    абоненттер                                (2.2)

 

мұнда f = 0,01¸0,15.

 

Телефондалатын абоненттер саны:

 

NТЕЛЕФ  =  + NADSL,   абоненттер                     (2.3)

 

мұнда  - барлық телефондалатын абоненттер ішіндегі аналогтік абоненттер саны.

Сонда

 

N АНАЛОГ.   = N ТЕЛЕФ.  - N ADSL, абоненттер                           (2.4)

 

Жоғарыда көрсетілгенді ескере отырып, абоненттік доступтың мультисервистік желілерінің жалпы абоненттер саны келесі түрде анықталады

 

  NМСАД = NАТСК + NАНАЛОГ. + N ADSL, абоненттер,                      (2.5)

 

2.2  Әрбір  шкафтық аудандағы абоненттер санын есептеу

 

 

Әрбір шкафтық аудандағы абоненттер санын есептеу үшін келесі формуланы пайдаланамыз

NШР = NМСАД / k , абоненттер                                          (2.6)

 

мұнда  - шкафтық аудандар саны.

 

Егер нәтиже бүтін сан болмаса, барлық шкафтық аудандағы абоненттер саны бірдей болады, ал соңғы шкафтық аудандағы абоненттер саны алынған нәтижеден аз болу керек. Бірақ есептеген кезде барлық шкафтық аудандағы абоненттер саны АДМЖ  сыйымдылығынан артық болмау керектігін есте сақтау қажет.

 

 

2.3 Бөлгіш шкафтың сыйымдылығын таңдау

 

Бөлгіш шкафтың сыйымдылығын таңдаған кезде, бөлгіш шкафтар өндірістерде келесі жалпы сыйымдылық шамаларымен шығарылатынын есте сақтауға тиістіміз: 600х2, 1200х2. Бұл сыйымдылықтардың әрқайсысы екі бөлімге бөлінеді: магистралдық және бөлгіш кабелдердің сыйымдылығы. Көрсетілген типтік шкафтардың сипаттамасы 2.1 кестеде көрсетілген.

 

  2.1  К е с т е  Бөлгіш шкафтардың нөмірлік сыйымдылығы

Типтік сыйымдылық

 N,  шт

Нақты

пайдаланатын сыйымдылық

Магистральдық  кабелдердің

сыйымдылығы

Бөлгіш  кабелдердің

сыйымдылығы

600 х 2

500 х 2

200 х 2

300 х 2

1200 х 2

1100 х 2

500 х 2

600 х 2

 

Бірақ есептеген кезде барлық шкафтық аудандағы абоненттер саны АДМЖ  сыйымдылығынан артық болмау керектігін есте сақтау қажет. Ал шкафтық аудандағы бөлгіш шкафтардың саны әртүрлі болуы мүмкін. 

 

 

2.4 Шкафтық аудандағы БШ абоненттерінің түрін және категориясын анықтау

 

Шкафтық аудандағы БШ абоненттерінің түрін және категориясын анықтау үшін тапсырманың 1 пунктіне сәйкес әр БШ абоненттер санын және анықталған абоненттер құрамын алып, 2.1 пунктте, шкафтық аудандағы  әр БШ аналогтық абоненттер және ADSL абоненттер саны анықталады.

   Әрбір БШ үшін есептеу нәтижесі 2.2 кестеге енгізіледі.    

 

   2.2 К е с т е  Шкафтық аудандағы әр БШ абоненттер саны

БШ абоненттер түрі

1 шкафтық аудандағы абоненттер саны

n  шкафтық аудандағы абоненттер саны

1 БШ

2 БШ

n БШ

1 БШ

2 БШ

n БШ

Аналогтік абоненттер

 

 

 

 

 

 

 

 

ADSL

абоненттері

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды БШ :

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды шкафтық ауданда

 

 

 

 

2.5 Сақина топологиялы АДМЖ жүктемесін есептеу

 

АДМЖ жүктемесі абоненттің әрбір категориясына бөлек есептелінеді

 

2.5.1 Аналогтік абоненттерден түсетін жүктемені есептеу

 

Тапсырмаға сәйкес аналогтік абоненттер пәтерлік болып табылады, сонда

 

NКВ = NАТСК  +  NАНАЛОГ. абоненттер.                              (2.7)

 

2.5.1.1 Аналогтік абоненттерден пайда болатын жүктемені есептеу

 

Пайда болатын жүктемені абоненттерден (көздерден) және орталық блоктың әртүрлі құрылғыларын біраз уақыт жұмысқа пайдаланатын шақырулар (қызмет етуге өтінім) құрайды.

Техникалық жобалаудың ведомоствалық нормасына (ВНТП 112-79) [3] сәйкес көздер үш категорияға (секторға) бөлінеді: іскерлік сектор, пәтерлік сектор және таксофондар.

Егер олардың келесі негізгі параметрлері белгілі болса, осы кезде жергілікті пайда болатын жүктеменің екпінділігін анықтауға болады:

 - іскерлік сектордың, пәтерлік  сектордың телефондық аппараттар саны және таксофондар;

-           - ЧНН кезіндегі i-категориялы бір көзден түсетін шақырудың орта саны;

-           - ЧНН кезіндегі i-категориялы абоненттердің  сөйлесуінің орташа ұзақтығы;

-           - сөйлесумен бітетін шақырудың үлесі.

Көздердің құрылымдық құрамы, әртүрлі категориялы аппараттар сандары есептеу арқылы анықталады. Ал қалған параметрлері  () осы қала телефон желісінде жұмыс істейтін құралдарды статистикалық бақылау арқылы анықталады (2.3 кесте)

 2.3  К е с т е Жүктеме параметрлерінің орташа шамалары  

Тұрғындар сандары

Көздердің категориялары

Рр

Пәтерлік сектор

Іскерлік сектор

Таксофондар

Сп

Тп

Сі

Ті,с

Ст

Тт, с

Пәтерлік сектордағы абоненттер саны 65%-ға дейін

100 мың. 500 мың адамға дейін

 500 мың адам. көп.

1,1

110

3,6

85

10

110

0,5

1,1

110

4,0

85

10

110

0,5

Пәтерлік сектордағы абоненттер саны 65%-дан көп

100 мың. 500 мың адамға дейін

 500 мың адам. көп.

1,2

140

2,7

90

10

110

0,5

1,2

140

3,3

90

10

110

0,5

 

Пәтерлік сектордың аналогтік абоненттерінен пайда болатын жергілікті Эрлангпен өлшенген жүктеменің екпінділігі келесі формуламен анықталады (2.7)

 

                             (2.8)

мұнда  - бір шақырымның орталық ұзақтығы, с.

 

.               (2.9)

 

(2.8) формулаға кіретін байланысты тұрғызудағы бөлек операциялар ұзақтығын келесідей қабылдаймыз:

-  Станция жауабы сигналын тыңдау уақыты

-  Дискілі ТА-та  n нөмерлі белгіні теру уақыты 

-  Тастатурлы ТА-та n нөмерлі белгіні теру уақыты 

-  Шақырушы абонентке сөйлесу болғандағы шақыру жіберу уақыты

-  Байланысты қосу уақыты байланыс түрінен, нөмір теру тәсілінен, құрылғы түрлерінен тәуелді болып көп қателік істемей, орташа деп қабылдаймыз.

aоэффициенті сөйлесу аяқталмаған құрылғылардың шақырыстарымен бос емес болу уақытының ұзақтығын ескереді. Оның мәні көп жағдайда, Pp  сөйлесумен аяқталған , сөйлесудің ұзақтығы   және шақырулардың белгілі бір бөлігіне тәуелді болады, ол  2.1-суреттегі график арқылы анықталады.

2.1 сурет

 

2.5.1.2  Аналогтік абоненттерден  қала аралық жүктеме

 

Бір аналогтік пәтерлік абоненттен тапсырыстық қосу сызығына (ЗСЛ) түсетін жүктемені немесе шығыс қала аралық жүктемені 0,003 Эрл болады деп санап, оны жергілікті жүктемеге қосамыз.

 

.                                          (2.10)

 

мұнда  NКВ –аналогті пәтерлі абоненттер саны.

 

2.5.1.3 Аналогтік абоненттердің халықаралық жүктемесі

 

Халықаралық байланыс спутник арқылы іске асырылады. Қала аралық жүктеме сияқты бір абоненттің кіріс және шығыс халықаралық жүктемесін 0,006 Эрл  тең деп қабылдап, оны жергілікті жүктемеге қосамыз.

 

.                                     (2.11)

 

 

2.5.1.4 Аналогтік пәтерлік абоненттердің шығыс жүктемесі

 

Аналогтік пәтерлік абоненттердің шығыс жүктемесі келесі түрде анықталады

 

.                     (2.12)

 

2.5.2  ADSL абоненттерінен пайда болатын жүктемені есептеу

 

ADSL абоненттерінің барлығы пәтерлік  сектордың құрамына кіреді және бір мезгілде әңгімені, мәліметті тарата алады, сондықтан әр  ADSL абонентінде телефон аппараты (ТА) және дербес компьютер  (ДК) бар.

 

NADSL=NТА.КВ  =  NПК.КВ, абоненттер.                                   (2.13)

Егер оның келесі негізгі параметрлері белгілі болса, сол кезде пайда болатын жергілікті жүктеменің екпінділігін анықтауға болады:

-        - пәтерлік сектордағы ТА және ДК саны;

-        - ЧНН кезіндегі шақырудың орта саны;

-        - ЧНН кезіндегі пәтерлік сектордағы абоненттердің бір шақыруының орташа ұзақтығы;

-        - ақпарат таратумен аяқталған шақырудың бөлігі;

ADSL абоненттерінен пайда болған жүктеменің екпінділігін статистикалық есепке алу жоқ болған кезде  мына параметрлердің  орта мағынасымен (2.4  кесте) есептеуге болады.

 

   2.4 К е с т е  Жүктеме параметрлерінің орта мағынасы

Терминалдардың түрі

Көздердің категориясы

Пәтерлік  сектор

Ci

Ti, c

Pp

Телефондар

3,2

90

0,5

Дербес компьютерлер

3

300

0,9

 

ADSL абоненттерінің пәтер секторынан пайда болатын жүктеменің Эрлангпен өлшенген екпінділігін келесі формула арқылы табамыз

 

,                          (2.14)

 

мұнда  - бір шақырудың орташа ұзақтығы, с

 

.                 (2.15)

 

,                           (2.16)

 

мұнда  - бір шақырудың орташа ұзақтығы, с

 

.               (2.17)

 

(2.25, 2.26) формулаға кіретін байланысты тұрғызудағы бөлек операциялар ұзақтығын келесідей қабылдаймыз:

-  Станция жауабы сигналын тыңдау уақыты

-  Дискілі ТА-та  n нөмерлі белгіні теру уақыты 

-  Тастатурлы ТА-та n нөмерлі белгіні теру уақыты 

-  Шақырушы абонентке сөйлесу болғандағы шақыру жіберу уақыты

-  Байланысты қосу уақыты байланыс түрінен, нөмір теру тәсілінен, құрылғы түрлерінен тәуелді болып көп қателік істемей, орташа  деп қабылдаймыз.

ТА үшін коэффициент  2.1 суреттегі график арқылы анықталады, ал дербес компьютерлер үшін коэффициент  = 1,5 - деп қабылдаймыз.

ADSL абоненттерінен түсетін жалпы орташа жүктеме келесі формула арқылы есептелінеді

 

.                                 (2.18)

 

ADSL абоненттерінен түсетін қала аралық жүктеме

 

,                                (2.19)

 

мұнда NТА.КВ - ADSL абоненттерінің ТА саны.

 

ADSL абоненттерінен түсетін халықаралық жүктеме

 

.                               (2.20)

 

ADSL абоненттерінен  Internetақпарат желісіне түсетін жүктеме

 

,                              (2.21)

 

.                                (2.22)

 

ADSL абоненттерінің шығыс жүктемесі

 

.            (2.23)

Анықталған шығыс жүктемесінің нәтижесі 2.5  кестеде келтірілген.

                

                2.5 К е с т е – АҚМЖ абонентерінің шығыс жүктемесі

Абоненттер түрі

АҚМЖ абонентерінің шығыс жүктемесі

Аналогті абоненттер

 

ADSL абоненттері

 

 

 

2.5.3      АҚМЖ –нің кіріс жүктемесін есептеу

 

АҚМЖ –нің кіріс жүктемесін есептеу үшін қалалық телефон желісіндегі әрбір АТС-тің сыйымдылығын және тораб ауданының ішіндегі, станса арасындағы және тораб аудандарының арасындағы тартылу коэффициентін білу керек.

Барлық ҚТЖ  сыйымдылығынан басқа мәліметтер жоқ, сондықтан келесі  формуланы пайдаланамыз

 

,   (2.24)

 

мұнда  - ҚТЖ сыйымдылығы, АҚМЖ сыйымдылығысыз;

0,006 – ҚТЖ бір абонентінің меншікті жүктемесі

 

 

2.6  Цифрлық ағындардың санын есептеу

 

 

Курстық жұмыста  цифрлық ағындардың санын есептеу керек

АҚМЖ талшықты сақинасына кіретін және шығатын цифрлық ағындардың  (2 Мбит/с) санын есептеу үшін Эрлангтың бірінші формуласын пайдаланамыз [4, 5]

 

Vί = E (Yί, P)ί, ағындар.                                         (2.25)

 

мұнда ί- абоненттер түрі  (аналогті; ADSL);

Yiί-түрлі абоненттердің кіріс және шығыс жүктемесі ;

Р - жоғалу, оларды 1‰ – ге тең деп қабылдаймыз.

Алдымен А қосымшасындағы кесте бойынша цифрлық ағынның арналар санын табамыз.

Шығыс байланысы үшін

 

VКАН.ИСХi  = E[YИСХi ,P)I , n арналар,                            (2.6)

 

 

Сонда цифрлық ағындар саны

 

VИСХ ί  = VКАНИСХ ί / 30, ағындар                                        (2.7)

 

Кіріс байланысы үшін

 

 

VКАНВХ ί = E(YВХί, P) ί = n арналар                               (2.8)

 

Сонда цифрлық ағындар саны

 

 

VВХ ί  = VКАНВХ ί / 30, ағындар.                                      (2.9)

 

 

Анықталған шығыс жүктемесінің нәтижесі 2.6  кестеде келтірілген.

 

     2.6 К е с т е  АҚМЖ цифрлық ағындар саны

 

Абоненттер түрі

Шығыс цифрлық ағындар саны, VИСХ

Кіріс цифрлық ағындар саны, VВХ

Аналогті абоненттер

 

 

ADSL абоненттері

 

 

Барлығы

 

 

2.7 АҚМЖ көліктік желісінің өткізу қабілеттілігін анықтау

АҚМЖ көліктік сақинасына түсетін цифрлық ағындардың санын есептеп алғаннан кейін сақинаның өткізу қабілеттілігін анықтау керек.  Сол үшін SDH орталығының тарату технологиясының жұмыс істеу жылдамдығын еске ала отыру керек:

STM-1  SDH – 155 Мбит/с;

STM-4  SDH – 622 Мбит/с.

Егер цифрлық ағындардың саны белгілі болса, оларды  2 Мбит/с көбейтіп, пайдалы ағынның жалпы жылдамдығын анықтаймыз.  Одан кейін оларды SDH жылдамдығымен салыстырып, STM-дің деңгейін таңдап алу керек.

3 Оптикалық қатынас жүйесінің құралдарының көлемін есептеу

 

3.1 Кең жолақты оптикалық қатынас жүйесі BroadAccess

 

Құрылым [6]:

а) CU блогыорталық терминал (стансалық блок). Қызметі - жүйені коммутаторға қосу;

б) RU блогықашықталған блок (абоненттік блок). Қызметі - интер-фейстің әртүрлі типтеріне қосу.

Жүйенің сипаттамасы:

-         модульдық жүйе;

-         RU сыйымдылығы - 240, 480, 960, 1920;

-         Тарату орталығы: мыс, оптика, радиоарна;

-         АТС-ке қосатын интерфейс: V.5.1, V5.2, 2W (екі сымды), E1, STM1-SDH (UNI);

-         Тарату орталығының технологиясы: STM1-SDH – оптика, STM4-SDH – оптика, PDH-34Мбит/с – оптика (радиоарна), Е1 (G703) – мыс, HDSL- 2Мбит/с – мыс;

-         топологиясы: нүкте-нүкте, жұлдыз, сақина (өз қалпына келетін).

Қызметтері:

-         POTS (Аналогті);

-         Таксофоны;

-         U-ISDN, 2B1Q/4B3T;

-         64 кбит/с   2W;

-         N x 64 кбит/с (V.35/36, G.703);

-         PLAR, магнето, қостыратын сызық, тысқа шығарылған УАТС;

-         2/4W+E&M;

-         LLSI бөлінген (аренаға берілген) сызық;

-         DDI, DDO;

-         10BaseT (по ADSL);

-         E1(G.703);

-         ADSL.

BroadAccess абоненттік қатынас желісі V5 хаттамасын пайдаланады және дауыс, мәлімет тарататын қызметінің аяқталған шешімі ретінде қолданылады. Абоненттік қатынас жүйесі желі ретінде ашық жүйелерге жақындауға сәйкес қатынас желісі V5.1 және V5.2 ITU интерфейсінің стандартына негізделіп жасалған. Бұл жүйені V5 интерфейсінің құралдары бар  АТС-пен интеграциялау мүмкіндігін береді. Модульдік архитектура қатынас жүйесіне сұраным өскен сайын бірте-бірте үлкейту мүмкіндігін береді және алғашқы кездегі үлкен инвестициядан құтқарады. Жүйе алғашқы кезде 16 абоненттік сызыққа қызмет атқарады және сұраным көбейген сайын сызықтар санын шексіз көбейтуге мүмкіндік береді.    

Жүйе құрылғы ішінде орнатылып, бөлек ауа райына тұрақты корпусқа орналастырылып (көшеде орнатуға болады), келесі қызметтерді атқару мүмкіндігін береді:

-         жалпы телефон желісі арқылы тарату  (PSTN);

-         интегральды қызмет ететін цифрлық  желі арқылы тарату (ISDN);

-         арендаланған аналогті арна арқылы;

-         тағы да жоғарғы жылдамдықты цифрлық мәліметтерді тарату бәрі бір базалық құрал арқылы.

Broad Access жүйесі интерфейс қосымшаларының  келесі  түрлерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Жүйе  интерфейстердің келесі түрлерін қолдайды:

-         E1, G.703, арендаланған арнаны және ISDN PRI қолдайды;

-         Екі сымды  PSTN/таксофон;

-         Төртсымды/4-сымды E&M;

-         ISDN-BRI (2B+D);

-         Арендаланған арна IDSL, синхронды мәліметтерді қолдайтын

(64 кбит/с, 128 кбит/с) V.35 және/немесе V.24, желілік тапсырушы мекемесіндегі соңғы нүкте құрылғысымен (NTU) мультиплекстенетін төменгі жылдамдықты порт X.50;

-         E1 қолдайтын HDSL және мәліметтер V.35/V.11 (Nx64 кбит/с-тен

2 Мбит/с қа дейін) тапсырушы мекемесіндегі соңғы нүкте NTU;

-         Интернетке тез қатынас ететін ADSL және сұраным бойынша видео;

-         Бірбағытталған түйін G.703, 64 кбит/с.

3.1 суретте қосу мысалы келтірілген. BroadAccess жүйесі V5.1 және V5.2 хаттамаларын қолдайды. V5.2 интерфейсіндегі концентрация  интерфейстегі арналар саны абоненттерге қызмет көрсететін жалпы арналар санынан аз. Тек активті қосылған абоненттерге ғана интерфейске тайм – слоты (timeslot) бөлінеді. Қатынас желісінің қосымшасына трафикті концентрациялау  RU құрылғысына таратылатын жолақты одан да артық тығыздау үшін қолданылады. Трафиктің күтетін ең биік деңгейі және пайдаланатын блоктау сенімділігі жеткілікті концентрация коэффициентін анықтайды. Жалпы пайдаланылатын желілерінде  әдетте 6:1 (4:1 және 8:1) концентрация ара қатынасы пайдаланылады. RU құралын пайдаланатын  интерфейс V5.2 тарату тайм – слотына қатынасы бар абоненттер жиынтығын топтайды. Блокировкалану сенімділігі қалыпта болса, жаңа абоненттерді тарату сыйымдылығын кеңітпей-ақ қосуға болады. BroadAccess  кез келген коэффициент концентрациясын алуға болады, олар абоненттер мен қатынасты слот-тайм сандарының нақты  ара қатынасымен анықталады.

RU құрылғысы  қосалқы C – арна V5.2 және зақымданған Е1 айналып өтетін ағынды пайдаланып, істен шыққан Е1 ағынын қалпына келтіреді. Арналар динамикалық тағайындалғандықтан, әрбір Е1 арна басқа Е1 арналарды сақтандырады. Бір Е1 арнасындағы бас тарту абонентерді қызметтен тысқа шығармайды.  Жүйе істен шыққан Е1 арнасын тауып алып, жүктемені басқа жұмыс істейтін арналар арасында қайта бөледі.


3.1 Сурет –Broad Access қосудың әртүрлі нұсқалары

АТС екі сымды интерфейспен немесе V5.2. арқылы қарым-қатынасты қолдайтынына қарамастан, RU құрылғысы  V5.1 немесе V5.2 ұқсас PSTN барлық қызметтерін қолдайды. Екі сымды АТС болса, BroadAccess –тің CU құрылғы-сы екі сымды интерфейстің аяққы өңдеуін қамтамасыз етеді, аналогті-цифрлы түрлендіру және АТС жағынан  V5.2  хаттамасын моделдеу.  RU BroadAccess екі сымды АТС-ке және АТС-тің V5.2 интерфейсі үшін бірдей құрылғы, олар аппараттық құралдан және программалық қамтамасыз ету жүйесінен тұрады. Бұл сервис провайдерлерге желінің екі сымды хаттамадан V5.x өткен кезде қорғанысын қамтамасыз етеді, өйткені орнатылған RU екі түрлі АТС-ке қызмет етеді.

Жүйенің шкафы

 

Шкаф CU биіктігі 2600 немесе 2200 мм, ені  600 мм және тереңдігі 650 мм корпус ретінде істелген, оның ішінде жүйенің 6 полкасы орналасады. Ол келесі түйіндерден тұрады: жүйелердің «кәрзеңкесі», қостайтын басқару құрылғысы (MCU), электроқорегін бөлетін панел (PDP), 3.2 сурет.  

Әр шкаф тұрақты кенеуі 48 В сыртқы кернеу көзінен жұмыс істейді, ол кернеу шина бойынша барлық «кәрзәңкеге» бөлінеді. Әр кәрзеңкенің ішінде DC-DC типті конвертор бар және бір немесе екі электр қоректендіретін модуль бар (PSM), ол модулге керекті 5В кернеуді қамтамасыз етеді. Қоректендіру жүйесі ертіп жүруді жеңілдету үшін тез кірістіру және сыртқа шығару процесін қолдайды. Жоғарғы дайындық коэффициентін қамтамасыз ету үшін, PCM сымдары «кәрзеңке» арқылы N+1 жүктемені,  ең болмаса бір касетте екі  PSM орналасқан болса, бөлуді қамтамасыз етеді.

Пайдаланбаған слоттар арнайы қалқанмен жабылады, мұндай қалқандар шаңнан, жәндіктерден қорғайды және ауа салқындататын жүйе үшін керек. Одан басқа қалқандар электромагниттік бірлестік және сенімділік талабын қамтамасыз ету үшін керек.

 


3.2  Сурет  – CU  шкафының блоктық  сызбасы

 

RU шкафы

Көшедегі  RU шкафына 240, 480, 960, 1920 абоненттер сияды. Шкафтың негізіне келесі құрылғылар кіреді: кабелді қорғау блогы, электроқоректі бөлу жинақтамасы (PDP), басқару блогы қоршаған орталықтар (ECB),  Broad Accessтің бес кассеті, бір шығарып салуды басқару құрылғысы, бір энергия қамтамасыз ететін сөре, батареилер (50 немесе 100 А/сағ.), 3.3 сурет.

 
Басқару жүйесі

Broad Access жүйесін  басқару мониторингі RS – 232 портқа тікелей немесе арақашықтық модулдер арқылы қосылған әдеттегідей дербес компьютер арқылы орындалады. Автоматты бақылау және зақымдануды анықтайтын жүйе орталығы тораптың сәйкестілігін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.   

Басқару жүйесі келесі мәлімдемені шығара алады:

жүйені орнату және оның топологиясы;

орындалуын тексеру;

зақымдануды және дабылды анықтау;

тарату жылдамдығының тесттері;

абоненттік сызықты толық тексеру;

трафиктің статистикасы;

log файлды беру.

Оператор қызметіне келесілер кіреді:

 программалық қамтамасыздықты енгізу;

абоненттік сызықты сынау;

оператордың қауіпсіздігі.


3.3 Сурет RU шкафының блоктық  сызбасы

 

Байланыс операторлары Windows – интерфейсінде негізделген екі басқару жүйесінің біреуін пайдаланады:

-         (MU) басқару модулі   бір Broad Access жүйесін басқару үшін;

-         Teledata Element Manager (TEM) жүйесі жүзге дейінгі Broad Access  жүйесінен тұратын, тағы да Teledataдан басқа жүйелерін желінің толық мониторингін жасау мүмкіндігін ұсынады.

 

3.2 Құрылғылардың көлемін есептеу

 

 

АҚМЖ орнатылған Broad Access оптикалық қатынас жүйесінің құрылғыларының көлемін есептеу үшін :

-     RU түрін таңдау 240, 480, 960, 1920 және олардың әрбір шкаф ауданындағы абоненттің сыйымдылығына, санына және түріне байланысты анықталынады.

-     нормаға сәйкес CU санын анықтау: бір CU 2000 абонент қосуға болады;

-     қабылданған концентрацияға сәйкес V 5.2 хаттама санын анықтау.

 

4 Абоненттік қатынасты мультисервистік желінің құрылымдық сызбасын жасау

 

Абоненттік қатынасты мультисервистік желінің жалпыланған құрылымдық сызбасын жасаған кезде 2.2, 2.4, 2.7 және 3.2 пункттерінің қорытындысын пайдалану керек.

Сақина топологиясы бар АҚМЖ қосылған шлюз көрсетіледі. Шлюзге CU қосылуы көрсетіледі, сызбада CU  және V5.2 интерфейстерінің саны көрсетіледі, тағы да барлық шкаф аудандарында RU саны көрсетіліп, бейнеленеді. Әрбір шкаф ауданындағы абонент түрлерінің саны және SDH жұмыс істеу деңгейі көрсетіледі.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.   Соколов Н.А. Сети абонентского доступа. Принципы построения. – СП.: ГУТ, 2001. – 165 с

2.   Телекоммуникационные системы и сети: Учебное пособие. В 3 томах. Том 3. – Мультисервисные сети/ В.В. Величко, Е.А. Субботин, В.П.Шувалов, А.Ф. Ярославцев; под ред. профессора В.П.Шувалова. – М.: Горячая линия –Телеком, 2005. – 592 с.: ил.

3.   Ведомственные нормы технологического проектирования. Часть 2. Станции городских и сельских телефонных сетей. ВНТП 112-79 Минсвязи СССР. - М.: Связь, 1980. - 56 с.

4.   Ливщиц Б.С., Пшеничников А.П., Харкевич А.Д. Теория телетрафика. - М.: Связь, 1979. - 224 с.: ил.

5.   Башарин Г.П. Таблицы вероятностей и средних квадратических отклонений потерь на полнодоступном пучке линий. - М.: АН СССР, 1962. - 127 с.: ил.

6. BroadAccess. Tehnical Cours. Proprietary and Confidential. // Электронная версия на сайте http: // www. Adsl.com./ adsl_forum. html.

 

Мазмұны 

Негізгі нұсқаулар және нұсқаларды таңдау

1 Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасының мазмұны.........................3

2 Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

2.1 Абоненттер құрамын өңдеу..............................................................6

2.2  Әрбір шкафтық аудандағы абоненттер санын есептеу.................7

2.3 Бөлгіш шкафтың сыйымдылығын таңдау.......................................7

     2.4 Шкафтық аудандағы БШ абоненттерінің түрін және     катего-

     риясын  анықтау.......................................................................................7

                2.5 Сақина топологиялы АДМЖ жүктемесін есептеу.........................8

2.6  Цифрлық ағындардың санын есептеу..........................................13

2.7 АҚМЖ көліктік желісінің өткізу қабілеттігін анықтау...............14

3 Оптикалық қатынас жүйесінің құралдарының көлемін есептеу

                3.1 Кең жолақты оптикалық қатынас жүйесі BroadAccess................15

3.2 Құрылғылардың көлемін есептеу..................................................20

          4 Абоненттік қатынасты мултисервистік желінің құрылымдық сызбасын жасау.....................................................................................................20                           

         Әдебиеттер тізімі..........................................................................................21

         Қосымша А Эрлангтың бірінші формуласы..............................................22

Қосымша А

 

  A.1  Кестесі - Эрлангтың бірінші формуласы

 

V

P

 

V

P

 

1‰

 

 

1‰

1

0,000

 

60

40,8

2

0,046

 

65

45,0

3

0,194

 

70

49,2

4

0,439

 

75

53,5

5

0,762

 

80

57,8

6

1,15

 

85

62,1

7

1,58

 

90

66,5

8

2,05

 

95

70,9

9

2,56

 

100

75,2

10

3,09

 

110

84,1

11

3,65

 

120

93,0

12

4,23

 

130

101,9

13

4,83

 

140

110,9

14

5,45

 

150

119,9

15

6,08

 

160

129,0

16

6,72

 

170

138,1

18

8,05

 

180

147,3

20

9,41

 

190

156,4

22

10,8

 

200

165,6

24

12,2

 

210

174,8

26

13,7

 

220

184,1

28

15,2

 

230

193,3

30

16,7

 

240

202,6

32

18,2

 

250

211,9

34

19,7

 

300

258,6

36

21,3

 

350

305,7

38

22,9

 

400

353

40

24,4

 

450

400,5

42

26,0

 

500

448,2

44

27,6

 

600

543,9

46

29,3

 

700

640,1

48

30,9

 

800

736,6

50

32,5

 

900

833,3

52

34,2

 

1000

930,3

54

35,8

 

 

 

55

36,6