КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА  ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС  ИНСТИТУТЫ

  

 

 

Компьютерлік технологиялар кафедрасы 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ НЕГІЗДЕРІ

 

0703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының

барлық оқу  түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды

 орындауына арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы 2009 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: З. Қ. Құралбаев, А.Ж.Тойғожинова.  «Ақпараттық жүйелердің негіздері» пәні бойынша 5В0703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБИ, 2009. -  32 б.

 

Јдістемелік нұсқаулар «Ақпараттық жүйелердің негіздері» пәні  бойынша компьютерлік сыныптарда зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Әрбір зертханалық жұмыс үшін қысқаша әдістемелік нұсқаулар және жеке орындауға арналған  жаттығулар берілген.   Зертханалық жұмысты орындаудан бұрын студент әдістемелік нұсқаулармен танысып, осыған байланысты материалдарды оқып және бақылау сұрақтарына жауап беруі тиіс. Зертханалық жұмысты орындағаннан кейін студент оқытушыға электронды түрде әрі жазбаша есеп беруі тиіс.


Мазмұны 

беттер

Кіріспе                                                                                                         

1 № 1 Зертханалық жұмыс. MS Access программасын ақпараттық жүйенің деректер базасын құрастыру үшін пайдалану        

2 № 2 Зертханалық жұмыс. Ақпараттық жүйенің деректер базасында сұраныстар мен есептер құрастыру       

3 № 3 Зертханалық жұмыс. Тура және ширатылған UTP кабельдерін қысу және тестілеу    

4 № 4 Зертханалық жұмыс. Деректер берілісінің ортасы           

Әдебиет тізімі         

 

КІРІСПЕ 

Типтік және жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес, «Ақпараттық жүйелердің негіздері» пәні  050703 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері үшін міндетті пән болып есептеледі. Бұл пән «Информатика», «Алгоритмдеу және программалау тілдері» және «Программалау технологиясы» пәндері оқытылғаннан кейін, екінші курста оқытылады.  

Дәрістерден алған теориялық материалдар бойынша білімін бекіту үшін, сонымен қатар практикалық сабақтарда орындалған қарапайым ақпараттық жүйелердің элементтерін  жобалау барысындағы алғашқы тәжірибесін пысықтау үшін, оларды жүзеге асыру мақсатында компьютерлік сыныптарда студенттер ақпараттық жүйенің деректер базасын құрастыру және деректердің берілісін ұйымдастыру бойынша зертханалық жұмыстарды орындайды.

Теориялық мәліметтерден ақпараттық жүйенің екі бөлімнен тұратыны белгілі: программалық жабдық пен ақпараттық (компьютерлік) желі. Осыған байланысты  студенттер ақпараттық жүйелерді жобалау мен құрастырудың негіздерін игерудің  алғашқы сатысын меңгеру үшін төрт зертханалық жұмысты орындау ұсынылады.  Екі жұмыс Microsoft Access 2007  программасының көмегімен деректер базасын құрастыруға, ал екі жұмыс компьютерлер арасында деректер берілісін ұйымдастыруға арналған.

Деректер базасын құрастыруға бірінші семестрде оқытылған Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) таңдалынған. Бұл программаны таңдау себебі – оның студенттерге информатика пәнінен таныс болғандығы. Ал басқа ДББЖ-лер кейінгі семестрлерде, «Объектіге бағдарланған программалау», «Деректер базасы» және мамандықтың оқу  жоспарына енгізілген басқа  пәндерде қарастырылады.  

Компьютерлік техниканы пайдалану, жеке есептегіш машиналармен жұмыс жүргізгеннен гөрі олардың компьютерлік желіге біріктірілгені тиімді екендігі толық дәлелденген. Мұндай желілер күрделі, кешендік есептерді шешуге, оның ішінде, деректер алмасудың күрделі мәселелерін қарастыратын ақпараттық жүйелердің мәселелерін шешуде аса пайдалы.  Осыған байланысты, ақпараттық жүйелер бойынша  дайындалатын болашақ мамандар үшін  қарапайым компьютерлік желілерді құрастыруға және олар арқылы информация берілісін ұйымдастыруға машықтану аса маңызды.

Әрбір зертханалық жұмысты орындауға байланысты қысқаша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар берілген. Зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алуы үшін студент оны орындауға қажетті теориялық материалдарды білуге міндетті. Сондықтан студент төменде көрсетілген әдебиетті, дәрістерде берілген материалдар мен осында келтірілген әдістемелік нұсқауларды оқып, бақылау сұрақтарына жауап беруі тиіс. Әрбір зертханалық жұмысты орындағаннан кейін ол бойынша студент есеп беріп, оны қорғауы тиіс.  

 

№ 1 Зертханалық жұмыс. MS ACCESS  Программасын ақпараттық жүйенің деректер базасын құрастыру үшін пайдалану

 

Жұмыс мақсаты:

 - ақпараттық жүйенің көпкестелік реляциялық деректер базасын құрастыруды үйрену;

 -  деректер базасының кестелерін құрастыру мен жаңартуға машықтану.

Жұмыс тапсырмасы:

1. Деректер базасын құрастырудың мақсатын анықтау.

2. Ақпараттары деректер базасында сақталынатын объектілердің жиынын таңдау.

3. Деректер базасында әрбір сақталынуға тиісті  маңызды атрибуттар жиынын құрастыру.

4. Деректер базасы орындауға тиіс функциялардың тізімін жасау.

Қажетті ресурстар:

1. Дербес компьютер.

2. Microsoft Access программасы.

Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1. Кесте. Деректер базасының негізін кестелер құрайды. Деректер базасының құрамында өте көп кесте болуы мүмкін. Бұл кестелер құрастырылып, тиісті деректермен толтырылуы керек. Кестелер арасында тұрақты түрде  байланыстар орнатылып, болашақта сұраныстар, формалар мен есептерді құрастыруда пайдалынатын болуы керек.

Microsoft Access программасында кестелерді құрастырудың үш түрлі тәсілі қарастырылған:

- жаңа кестені деректерді енгізу арқылы құрастыру;

- жаңа кестені үлгілерді (шаблон) пайдаланып құрастыру;

- жаңа кестені кестенің Конструкторы арқылы.

Деректер базасындағы әрбір кесте белгілі типке жататын объектілер туралы ақпараттың негізінде құрастырылады. Кестенің әрбір жатық жолы бір объект туралы деректерден тұрады.  Кестенің тік жолдары (бағаналары) атрибуттардың аттары болатын объектілердің сипаттамаларының негізінде құрастырылады.  Кестенің жатық жолдары жазулар деп аталынады, олардың құрылымы бірдей болауы тиіс. Бұл құрылым атрибуттар сақталынатын өріс (поле) деп есептелінеді.  Әрбір өріс объектінің бір сипатын көрсетеді. Өріс үшін деректердің типтері анықталған. Деректердің келесі типтері қолданылады:

- мәтіндік;

-  МЕМО өрісі (поле МЕМО);

-  сандық;

- дата/уақыт;

- ақшалық;

- есептегіш;

 

- логикалық;

-  OLE объектісінің өрісі  (поле объекта OLE);

- гиперсілтеме (гиперссылка);

- кіргізу;

- орнату мастері.

Кестелерді құрастыру кезінде оларды құрастырудың әртүрлі тәсілдерін пайдаланған дұрыс.

2. Кілттік өріс. Деректер базасын құрастырудағы маңызды түсініктердің бірі кілттік өрістерді анықтау болып есептеледі.  Кілттік өріс    дегеніміз мәндерінің комбинациясы кестедегі әрбір жазуды қатесіз анықтай алатын бірнеше өрістің бірі.  Кілттік өрістер сұраныстардың, формалардың және есептердің көмегімен әртүрлі кестелерден деректерді тез табуға және  оларды байланыстыруда қолданылады. Кілттік өрістердің үш түрі қарастырылған:

-        есептегіш;

-        қарапайым кілт;

-        құрама кілт.

Есептегіш-өріс пайдаланушы адамның қатысуынсыз автоматты түрде сандардың тізбегімен немесе кездейсоқ сандармен  толтырылады. Кілттік есептегіш-өрісті  құрастыру үшін деректер типі Счетчик болатын өрісті анықтау керек.

Қарапайым кілтті құрастыру үшін бірегей мәндер (қайталанбайтын немесе бос мәндер)  сақталынатын өрісті таңдау керек. 

Құрама кілт бірнеше өрістің комбинациясы ретінде құрастырылады. Ол бір өріс арқылы жазудың бірегей болуын қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қолданылады.  Құрама кілтті  анықтау үшін оның құрамына енетін кестенің өрістерін кілттік ету керек.

3. Индекстер.  Кез келген деректер базасын басқару жүйесінде (ДББЖ) деректерді тез табу және оларды сұрыптау үшін индекстер қолданылады.  Индекс  дегеніміз кестенің бір немесе бірнеше тік жолдарындағы (бағана-ларындағы) мәндер арқылы  деректерге тез қол жеткізуге арналған арнайы құрал. Индекс  дегеніміз мәндердің реттелінген тізімі және олар сақталынатын жазулардан, сілтемелерден тұрады.   Қажетті жазуларды табу үшін   ДББЖ алдымен керекті мәнді индекстен іздейді, содан кейін сілтемелер бойынша тиісті жазуларды жылдам таңдап алады. Индекстерді көбінесе кестенің жиі ізделінетін жазулар орналасқан  бағаналары үшін қолданған жөн.  Индекстер екі түрлі болады:

- қарапайым  индекстер – кестенің бір бағанасы арқылы құрастырылған индекстер;

- құрама  индекстер – кестені бірнеше бағаналары арқылы құрастырылған индекстер.

Кестенің әрбір өрісі  автоматты түрде индекстелінеді. Кестенің Поле МЕМО, Гиперссылка, Поле объекта OLE типтеріне жататын  өрістерден басқаларының барлығын индекстеуге болады.

4. Кестелердің байланысы. Деректер базасының барлық кестелері бір кестедей жұмыс істеуі үшін олар бір бірімен байланыста болуы тиіс. Бір деректер базасының кестелері бір сұлба бойынша байланыста болуы керек. Деректер базасындағы кестелердің байланысы өрістердегі мәндердің бірдей болуы арқылы анықталады.   Негізінен келесі түрдегі байланыстар қолданылады:

- «біреу-көпке»;

- «көп-көпке»;

- «біреу-бірге».

 «Біреу-көпке»  қатынасы дегеніміз кестенің бір жазуына онымен байланысқан кестенің бірнеше жазулары сәйкес болатын жағдай.  «Көп-көпке» қатынасы байланысқан кестелердің арасында олардың  бірнеше жазуларының арасында көпжақтық байланыс болатынын көрсетеді.   «Біреу-бірге» қатынасы тек бір ғана жағдайда қолданылады; егер үлкен бір кестені екіге бөліп қарастырсақ.  

Күрделі деректер базасымен жұмыс істеу  кезінде пайдаланушы кестелер арасындағы байланысты жиі қайта қарауы, қайта құрастыруы, алып тастауы және жаңартуы қажет болады.  Бұл амалдардың барлығын деректердің сұлбасы арқылы орындау ыңғайлы болады.  Деректер сұлбасы деректер базасының кестелерінің арасындағы байланысты автоматты түрде танып, орната алады. Бірақ бұл тек келесі жағдайда ғана мүмкін болады: егер деректер базасының кестелерінің кілттік өрістері дұрыс анықталғанда, ал кестелер арасындағы байланыс орнатылатын өрістерге бірдей ат берілсе және олардағы деректер типтері сәйкес болса. 

Жұмысты орындаудың тәртібі:

1. Жаңа деректер базасын құрастыру.

2. Кестелерді деректерді енгізу арқылы құрастыру.

3. Кестелерді үлгі арқылы құрастыру.

4. Кестелерді Конструктордың көмегімен құрастыру.

5. Кілттік өрістерді анықтау.

6. Индекстерді құрастыру.

7. Деректер базасының кестелерін байланыстыру.

8. Деректерді енгізу және оларға өзгерістер енгізу.

9. Деректерді сұрыптау және сүзу (фильтрация).

10. Кестелерді  қағазға басу және жұмыс бойынша есеп беру.

Жеке тапсырмалардың нұсқалары.  Студентке берілетін тапсырманы  оқытушы анықтайды.  Жеке тапсырмада студент деректер базасын жобалауды, сипаттауды және құрастыруды орындауы керек.

№1 нұсқа. Деректер базасында қызметкерлер туралы келесі мәліметтер сақталынуы тиіс:

а) Биографиялық мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні, туған жері, жынысы, білімі; әскери міндетке қатынасы (иә/жоқ).

б) Ағымдағы қызмет жағдайы туралы мәліметтер: бөлім, қызметі, айлығы. Қызметкер тек бір ғана бөлімде әрі бір қызмет орнында жұмыс істейді (немесе   фирма ішінде қосымша қызмет атқаруға тиым салынған).

в) Осы ұйымда қызмет бойынша қозғалысы жөніндегі мәліметтер: бөлім, қызметі, қай уақыттан бері қай уақытқа дейін істеді, айлығы (егер қызмет өзгермесе де айлық өзгеретін болса, ол мәлімет те деректер базасында көрсетілуі тиіс).

г) Бұрынғы жұмысы туралы мәліметтер (қызметтік тізім): жұмыс орны (ұйым), қызметі, қай уақыттан қай уақытқа дейін істеді, жұмыс орнын ауыстыру тәсілі (әрбір ұйымнан ауысуы (иә/жоқ).

2 нұсқа. Деректер базасында қызметкерлер туралы келесі мәліметтер сақталынуы тиіс:

а) Биографиялық мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні, туған жері, жынысы, білімі; әскери қызметке қатысы (иә/жоқ).

б) Жұмысқа шықпағаны туралы мәліметтер. Егер толық емес жұмыс күні болса, онда қызметкер қай уақыттан қай уақытқа дейін болмағаны  көрсетіледі. Жұмысқа шықпаудың себебі көрсетіледі  (ауру, мұрсатана, демалыс, себепсіз кешігу).

в)  Демалыс үшін оның түрі (кезекті, оқуға, өз есебімен, декретті және т.б.) көрсетілген бұйрық (№, күні) болуы тиіс. Онда демалыс қай күннен қай күнге дейін берілгені туралы мәлімет болуы тиіс. Егер бұл кезекті демалыс болса, онда қай жыл үшін берілгені көрсетіледі.

г) Ауырған жағдайда ақтаушы құжат түрі көрсетіледі (аурулық, анықтама), құжат №,  ақтаушы құжат қай уақыттан қай уақытқа дейін берілген, оны кім берген (емқана, дәрігер).

№3 нұсқа. Деректер базасында студенттер туралы келесі мәліметтер сақталынуы тиіс:

а) Биографиялық мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні, туған жері, жынысы, білімі; әскери қызметке қатысы (иә/жоқ).

б) Студент қай топта және қай мамандықта оқиды.  Студент бір мезгілде екі топта оқып, екі мамандық бойынша білім алады.

в) Институтта оқу кезіндегі сессиялардағы үлгерімі. Үлгерім студент алатын мамандықтар бойынша белгіленеді. Егер мамандықтарда бірдей пәндер болса, онда бір мамандық бойынша алған бағасы екінші мамандық үшін есепке алынады, егер оқу жоспары бойынша сағат көлемі бірінші мамандықтағы пәннен кем бомаса.  Егер бұрын емтиханда кез келген оң баға  алынған болса, ал ол «сынақ» деген баға болуы керек болса, онда оны есепке алуға болады. Бірақ студент ол пән бойынша қайта емтихан тапсыруына болады.

г) Тағайындалған стипендия туралы мәліметтер (әрбір семестрге). Стипендия студенттің оқитын негізгі мамандығы бойынша үлгерім нәтижесі негізінде тағайындалады.   Егер бұрын жоғарғы білім алған болса, онда оған стипендия тағайындалмайды.  

№4 нұсқа.  Деректер базасында студенттер туралы келесі мәліметтер сақталынуы тиіс:

а) Тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы, мекен-жайы, телефон; ата-анасының тектері, аттары, әкелерінің аттары, олардың жұмыс орындары мен қызметтік телефондары.

б) Студенттердің ақылы да, ақысыз да оқуға мүмкіндіктері бар.

в) Ақылы оқитын студенттер үшін төлем мөлшері белгілі болуы тиіс. Төлем мөлшері тұрақты әрі барлық мамандықтарға бірдей деп есептеледі. Студенттердің оқу ақысын семестр сайын төлеуіне болады.  Деректер базасында төлем туралы информация беріледі: студент, төлем мөлшері, қай семестр үшін, төленген уақыты.

г) Бюджет бойынша оқитын студенттерге әрбір семестрде тағайындалған стипендия мөлшері   көрсетілуі керек.

д) Барлық студенттер белгілі бір студенттік топқа жазылған.  Топтағы студенттердің барлығы ақылы да, ақысыз да, аралас та болуы мүмкін.  Топтар белгілі бір мамандық бойынша құрастырылады, ал мамандық факультетке қатысты болады. 

е) Әрбір студенттің барлық оқу мерзіміндегі  үлгерімі көрсетіледі (емтихандар, сынақтар, практика, курстық жобалар/жұмыстар, дипломдық жоба/бітіру жұмысы).

 

№ 5 нұсқа. Деректер базасында жоғары оқу орны туралы мәліметтер сақталынуы тиіс:

а) Барлық қызметкерлер үшін келесі мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы, мекен-жайы, телефон нөмірі (бірнеше болуы мүмкін).

б) Қызметкерлер үшін жұмыс істейтін бөлімі, қызметі, тарифтік разряды, білімі, жұмыс шарты (негізгі, қосымша жұмыс), төлем шарты (айлық, сағат бойынша төлем). Қызметкерлер екі категорияға бөлінеді: «Профессор-оқытушылар құрамы» (ППС) и «Басқалар». Оқытушылар үшін қосымша мәліметтер көрсетіледі:  ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық стажы, соңғы рет конкурстан өткен күні,  сонымен бірге барлық басылымдар тізімі.

в) Магистранттар үшін қай кафедрада оқитыны, оқуға түскен күні, оқу формасы (ғылыми-педагогикалық, профильдік),  оқу шарты (ақылы немесе бюджеттік)  және ғылыми жетекшісі.

г) Барлық қызметкерлер үшін қандай тілді әрі қандай дәрежеде білетіні туралы мәлімет берілуі тиіс.

 

№6 нұсқа.  Деректер базасында кафедра туралы информация болуы тиіс:

а) Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы туралы информация: тегі, аты, әкесінің  аты, туған жылы, ғылыми дәрежесі,  ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық стажы,  оқытушы оқыған жоғары оқу орнының аты және бітірген жылы.

б) Кафедра пәндерінің тізімі, дәрістер көлемі, әрбір пән  бойынша практикалық және зертханалық сабақтар, пән бойынша сабақ жүргізілетін семестр.  Әрбір оқытушы қандай пән бойынша дәріс оқи алады? Дәріс оқу үшін оқытушы ол пәнді білуі тиіс, ғылыми атағы немесе ғылыми дәрежесі болуы керек, ассистенттен жоғары  қызметте болуы тиіс.

г) Белгілі семестрде қандай оқытушы белгілі пән бойынша дәріс оқыды?

д) Белгілі бір оқытушының магистранттарының тізімінде оқу формасы (ғылыми-педагогикалық, профильдік) және оқу шарты (ақылы немесе бюджеттік) көрсетіледі. Магистранттардың жетекшілері ретінде тек Ғылыми Кеңестің арнайы рұқсаты бар оқытушылар ғана бола алады.  Ондай рұқсат деректер базасында көрсетілуі тиіс.   

№7 нұсқа. Деректер базасында жалпыға орта білім беретін мектеп туралы информация сақталынады:

а) Әрбір мұғалім бойынша келесі информация белгілі болуы тиіс: тегі, аты, әкесінің аты,  туған күні, жынысы, мекен-жайы, телефон, білімі, мамандығы, шет тілдерін білуі және білім дәрежесі, отбасының құрамы.

б) Әрбір мұғалім тек бір немесе бірнеше мектеп пәндерін жүргізе алады.

в) Әрбір сыныпқа сынып жетекшісі бекітілген. Мұғалім тек бір сыныпқа ғана жетекші бола алады. Мұғалім сынып жетекшісі болмауы мүмкін.

г)  Әрбір оқушының қай сыныпта оқитыны белгілі.

д)  Әрбір оқушы бойынша келесі  информация белгілі болуы керек:  тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы, мекен-жайы, телефон, ата-анасының тектері, аттары, әкелерінің аттары, олардың жұмыс орындары мен қызметтік телефондары.

е) Ағымдағы тоқсанға арналған сабақ кестесінде келесі мәліметтер берілген: қай кабинетте, қай сыныпта, қандай пәннен және қандай мұғалім сабақ жүргізеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Деректер базасы деген не?

2. «Реляциялық деректер базасы» деген түсінік нені көрсетеді?

3. Microsoft Access программасындағы деректер базасының негізгі объектілерін атаңыз.

4.  Кесте аты қалай беріледі?

5. Конструктор режимін пайдаланғанда жаңа кестелер қалай құрастырылады?

6. Кестелердің үлгісі (Шаблон) деген не?

7. Кілттер дегеніміз не және оларды құрастыру үшін қандай тәсілдер қолданылады?

8.  Бар кестенің құрылымын қалай өзгертуге болады?

9.  Мәтіндік өрістің ең үлкен ұзындығы қандай болады?

10.Индекс деген не және ол не үшін қолданылады?

11. Базаға деректер қалай енгізіледі?

12. Деректерді сұрыптау не үшін керек?

13. Деректерді сүзу (фильтрация) деген не?

14. Деректердің сұлбасы деген не?

15. Кестелер арасындағы байланыстар қандай рөл атқарады?

 

№ 2 Зертханалық жұмыс. Деректер базасында сұраныстар мен есептер құрастыру

 

Жұмыс мақсаты:  деректер базасын   қажетті информация іздеу және алу үшін пайдалануға машықтану.

Жұмыс тапсырмасы:

1.  Өткен зертханалық жұмыста  құрастырылған  деректер базасының функцияларын орындау нәтижесін шығару формаларын ойластыру керек.

2. Деректер базасы үшін пайдаланушыға ыңғайлы және түсінікті интерфейс құрастыру.

3. Таңдама жасауға сұраныстар құрастыру.

4.  Деректерді бейнелеу және есептер құрастыру.

Қажетті ресурстар:

1. Дербес компьютер.

2. Microsoft Access программасы.

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Әртүрлі тәсілдермен бірнеше формалар құрастыру.

2. Құрастырылған формаларға өзгерістер енгізу.

3. Жазуларға өзгерістер енгізу үшін формаларды пайдалану.

4. Деректер базасын құрастыруда қойылған талаптарға сай таңдама жасау үшін сұраныстар құрастыру.

5. Әртүрлі тәсілдермен есептер құрастыру.

6. Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру және оны қорғау.

 

Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1. Формалар. Пайдаланушыға ыңғайлы әрі түсінікті  интерфейс құрастыру үшін формаларды қолданады.  Формалар келтіруге болатын диалогтық терезелер түрінде болады және олар деректер базасының арнайы объектілері болып есептеледі. Формалар базаның құрамындағы деректерді енгізу және бейнелеу үшін пайдалануға болады. 

Сонымен, форма – дегеніміз деректер базасының деректерін кестелерге немесе сұраныстарға енгізуге, оларды өзгертуге және алуға пайдаланылатын объекті.  Формаға ат беріледі. Формаларды терезе ретінде қарастыруға болады. Олар арқылы пайдаланушы деректер базасын қарап шығуына және өзгертуіне болады.  

Форманы құрастыру үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Практикада ең жиі қолданылатын жаңа форма құрастыру тәсілдері ретінде келесілерді атауға болады: 

-    қарапайым форманы автоматты түрде құрастыру;

-         бөлінген форманы автоматты түрде құрастыру;

-         Мастер форм көмегімен форма құрастыру;

-         Қосымша элементтері бар форма құрастыру;

-         Бос форма құрастыру;

-         Конструктор режімінде форма құрастыру.

Алдыңғы екі тәсіл ең қарапайым деп есептелінеді: қарапайым форманы  және бөлінген форманы автоматты түрде құрастыру. Қарапайым форманы автоматты түрде құрастыру үшін Форма инструментін пайдалануға болады.  Ол үшін келесі амалдар орындалады: Имя таблицы → Создание → Формы → Форма Сохранить → Имя формы → ОК. Бұл инструментті пайдаланғанда жаңа формаға таңдалынған кестенің барлық өрістері орналасады. Бұл форманы пайдалануға болады немесе Конструктор немесе үлгі (макет) режимі арқылы өзгертуге болады. 

Бөлінген форма  кестенің деректерін бір мезгілде екі түрде көрсете алады: форма режімінде және кесте режімінде.  Бұл екі түр синхронды болады.  Бөлінген форманы құрастыру үшін келесі амалдар орындалуы тиіс: Имя таблицы → Создание → Формы→ Разделенная форма → Сохранить → Имя формы → ОК.

Жаңа форма құрастыру үшін Мастер форм пайдаланылғанда  деректерді топтау мен сұрыптаудың тәсілдерін көрсетуге, сонымен бірге, егер алдын ала кестелер мен сұраныстар арасында байланыс орнатылған жағдайда,  формаға бірнеше кестелер мен сұраныстардың өрістерін енгізуге болады. Мастера форм арқылы жаңа форма құрастыру үшін келесі амалдар орындалуы тиіс: Имя таблицы → Создание → Формы → Другие формы → Мастер форм. Осыдан кейін Мастера форм терезесінен кестені таңдап, жаңа форма үшін өрістердің жиынын таңдауға болады және   форманың сыртқы түрі мен аты таңдалынады.

 Жоғарыда қарастырылған форманы құрастыру тәсілдері кестенің бір ғана жазуын (жолын) бейнелейді. Бірнеше жазулар бейнеленетін  форма құрастыру үшін Несколько элементов инструменті қолданылады. Оның көмегімен әртүрлі өзгертулерді жасауға болады.

Егер пайдаланушыны жоғарыда аталынған тәсілдер қанағаттандырмаса, онда Пустая форма  инструментін пайдалануға немесе Конструкторда құрастыруына болады.

Форма, кесте сияқты, баспаға шығаратын құжат ретінде қарастыруға болады. Сонымен, әрбір форма деректер базасының кестесі мен пайдаланушы арасындағы қосалқы звено деуге болады. 

2. Таңдау үшін сұраныстар.  Сұраныстар деректер базасының бір немесе бірнеше кестелеріндегі деректерді қарап шығуға, талдауға және өзгертуге  пайдалану үшін қолданылады. Сұранысты бір немесе бірнеше кестелерден алынатын деректерді бейнелеу және сұрыптау  үшін, жазулар тобына есептеу жұмыстарын орындау, белгілі бір шарт бойынша кестеден таңдама жасау үшін қолдануға болады.  Сұраныс формалар мен есептер үшін деректер көзі деп қарастыруға болады.

Сұраныстар әртүрлі болады:

-  сервеге сұраныс – ол деректерді серверден таңдау үшін қолданылады;

- автоматты түрде қою сұраныстары – олар автоматы түрде жаңа жазу үшін өрістерді толтырады;

- таңдауға сұраныс – деректер базасының кестелерінен  деректерді таңдауды жүзеге асырады;

- өзгертуге сұраныс – кестелердегі деректерді жаңартуға мүмкіндік береді;

- кесте құрастыруға сұраныс – базадағы барлық бір немесе бірнеше кестелердің негізінде жаңа кесте құрастыруға мүмкіндік береді.

Осы аталынған сұраныстардың ең көп пайдаланылатыны таңдауға сұраныс.

Сұраныстарды деректер базасына жүзеге асыруға кірісуден бұрын кейбір амалдарды орындау керек болады. Алдымен деректер базасының құрылымымен танысу керек; кестелердің құрамын, сонда сақталынатын деректер типтері туралы мәліметтерді білуі керек. Деректер көзі ретінде деректер базасының кестелерімен қатар, басқа сұраныстар да болуы мүмкін. Сондықтан бар сұраныстар туралы да білу қажет. Сұраныстар деректер базасын пайдаланушының ақпаратқа қажеттілігінің негізінде құрастырылады.

Жаңа сұраныс құрастыру үшін негізінен келесі төрт тәсіл қолданылады:

-         Мастер запросов режімін пайдалану;

-         Конструктор запросов режімін пайдалану;

-         SQL-редакторының режімі арқылы;

-         Бар сүзгі (фильтр) арқылы.

3.  Есептер құрастыру.  Есеп ретінде кез келген шығарылатын құжат қарастырылады: тізім, хат, адрес, басқа мәліметтер және т.б. Деректер базасының басқа объектілерден өзгеше, есеп арқылы деректер базасындағы немесе деректер базасынан таңдап алынған мәліметтерді өзгертуге болмайды.  Есеп арқылы  кестедегі немесе олардан сұраныс арқылы  таңдап алынған деректерді бейнелеуге ғана болады.

Деректер базасында жаңа есеп құрастырудың әртүрлі тәсілдері болады:

-         Отчет құралдары арқылы автоматты түрде есеп құрастыру;

-         Мастер отчетов арқылы есеп құрастыру;

-         Пустой отчет құралдары арқылы есеп құрастыру;

-         Конструктор отчетов режімінде есеп құрастыру;

-         Мастер наклеек режімі арқылы жапсырма құрастыру.

Жеке тапсырмалардың нұсқалары алдыңғы зертханалық  жұмыста  (№1) құрастырылған деректер базасы болып есептеледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Форма деген не, ол не үшін қолданылады?

2. Қандай формаларды автоматты режімде  құрастыруға болады?

3. Қосымша элементтері болатын форманың қандай ерекшеліктері болады?

4. Сұраныстар не үшін қолданылады?

5. Сұраныс үшін деректер көзі ретінде нені қарастыруға болады?

6. Параметрлік сұраныстар деген қандай болады? Олар қалай және не үшін құрастырылады?

7. Сұраныстарда қорытынды мәндерді қалай алуға болады?

8.  Сұранысты қалай сақтауға болады?  Ол не үшін жасалынады?

9. Сұраныстың орындалу нәтижесін қалайша сақтауға болады?  Ол не үшін жасалынады?

10. Нәтижеге  шығарылатын өрістердің құрамы қалайша беріледі?

11. Нәтижедегі деректерді қалай реттеуге болады?

12. Есеп құрастырудың тәртібі қандай?

13. Есепте деректерді сұрыптауды қалайша қамтамасыз етуге болады?

14. Есепті автоматты түрде құрастыру қалай жүзеге асырылады?

15. Есептердің формаларының  классификациясын көрсетіңіз.

 

 № 3 зертханалық жұмыс. «Түзу» және «қиыстырылған» UTP сымдарын қысу мен тесттен өткізу

Жұмыстың мақсаты:

 – мәліметтерді тарату ортасымен танысу;

­– Ethernet желісі үшін  UTP сымдарын қысу мен тесттен өткізу жағынан тәжірибе алу.

Жұмыс тапсырмасы:

1.            Т568В стандарты бойынша  «түзу» сымды қысып жасау.

2.            Сымды тестердің көмегімен тесттен өткізу.

3.            Т568В және Т568А стандарты бойынша «қиыстырылған» сымды қысып жасау. Сымның жұмыс істеу қабілетін тестер арқылы тексеру.

Қажетті жабдықтар:

1.            Әр жұптағы екі студентке 5 немесе 5e категориясындағы сымның екі кесіндісі.  «Түзу» сымның ұзындығы   1,5 метр, ал  «қиыстырылған» сымның ұзындығы 3 метр болуы қажет;

2.            Төрттен кем емес RJ-45 коннекторы (сымдарды дұрыс қоспаған жағдайда көбірек керек болуы мүмкін);

3.            RJ-45 қысу құрал-жабдығы;

4.            Ethernet сымдарын тексеретін тестер.

 

Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Ширатылған екі сымнан тұратын кабель осы күні кеңінен таралған кабельдер түріне жатады, оларды «ширатылған жұп» (twisted pair)   деп атайды. Ол ақпаратты 100 Мбит/с жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді, жеңіл орнатылады, бірақ бөгеуілдерге төзімділігі төмен орта болып саналады. Сымның максималды ұзындығы 100 метрден аспайды, минималды ұзындығы – 1м.

Коннектор ретінде сегіз түйіспелі модульді қосқыш "RJ-45" қолданылады.

1 - 8 түйіспе
2 –
коннектор фиксаторы
3 –
сым фиксаторы

1 суретКоннектордың жанынан қараған түрі

 

Контакт 1
2
3
4
5
6
7
Контакт 8

 2 суретКоннектордың түйіспелер жағынан қараған түрі

Қысқан кезде түйіспелер корпустың ішіне батырылып, сым талшықтарының оқшаулағышын (2) тесіп мыс өткізгішпен (1) түйіндеседі.

 

3 сурет Коннектордың алдынан қараған түрі

 

«Түзу» сымда, 1-ші түйіспенің сым талшығының түсі сымның екі басында да бірдей болады. Қалған жеті түйіспе үшін осы жағдай қайталанады.

Сым Ethernet желісі үшін  TIA/EIA T568A немесе T568B стандарттары негізінде жасалады, осы стандарттар әр түйіспеге келетін сым талшығының түсін анықтайды.  «Түзу» сымдар, әдетте дербес компьютерді концентраторға, коммутаторға немесе қабырғаға орнатылған арнайы ұяшыққа тікелей қосуға арналған.

«Қиыстырылған» сымда, сымның бір ұшына қарағанда келесі ұшында екінші және үшінші сым талшықтарының жұптары орындарымен ауысқан болып келеді. Осындай сымның бір ұшы T568A стандартына, ал екінші ұшы T568B стандартына сәйкес келеді. «Қиыстырылған» сымдар әдетте бір типті құрылғыларды өзара жалғау үшін қолданылады, мысалы, компьютерді компьютермен, коммутаторды коммутатормен және т.б үшін.

Зертханалық жұмысты жұппен немесе топтасып орындаған жөн. 

 

1 К е с т е –  Сым талшықтарының T568A стандарты бойынша орналасуы

Түйіспе

Жұп

Сым талшығының түсі

Қызметі

 

1

2

Ақ/жасыл

Жіберу

2

2

Жасыл

Жіберу

3

3

Ақ/тоқсары

Қабылдау

4

1

Көк

Қолданылмайды

5

1

Ақ/көк

Қолданылмайды

6

3

Тоқсары

Қабылдау

7

4

Ақ/қоңыр

Қолданылмайды

8

4

Қоңыр

Қолданылмайды

 

2 К е с т е Сым талшықтарының T568B стандарты бойынша орналасуы

Түйіспе

Жұп

Сым талшығының түсі

Қызметі

 

1

2

Ақ/тоқсары

Жіберу

2

2

Тоқсары

Жіберу

3

3

Ақ/жасыл

Қабылдау

4

1

Көк

Қолданылмайды

5

1

Ақ/көк

Қолданылмайды

6

3

Жасыл

Қабылдау

7

4

Ақ/қоңыр

Қолданылмайды

8

4

Қоңыр

Қолданылмайды

 

Жұмысты орындау тәртібі:

1 Ethernet технологиясына арналған «түзу» сымды жасау және тесттен өткізу.

1.1 Сымды алып жұмысқа даярлау.

1.1.1      Қажетті ұзындыққа сәйкес сымның бір бөлігін кесіп алыңыз.

1.1.2      Оқшаулағышты тазалайтын құрал-жабдықтың көмегімен кабельдің екі ұшын  сыртқы қабынан 5,08 см (2") тазалаңыз.

1.1.3      «Түзу» кабель үшін қолданылатын стандарт негізінде жоғарыдан керекті кестені анықтаңыз.  

1.1.4      Жұпты сымның бас жағын тарқатып, түрлі-түсті сымдарды стандартқа сәйкесті етіп орналастырыңыз. Мүмкіндігінше сымның қысқа аймағын тарқатқан жөн. Сымдардың ширатылып тұруы өте маңызды, өйткені олар бөгеуілдерді басуды қамтамасыз етеді.

1.1.5      Сымдарды бас бармақ пен балан үйрек (екінші) саусақ арасына қысу арқылы түзетіп, жазыңыз.

1.1.6      Кабельдегі сымдардың орналасу тәртібінің стандартқа сәйкестігіне көз жеткізіңіз.

1.1.7      Сымдарды орналастырып болған соң түзу бөлігінің шетінен  ұзындығы 1,25 – 1,9 см етіп  кесіңіз. Егер одан ұзын бөлігін қалдырса, онда кабель «қиыстырылған» бөгеуілдерге (көрші сымдар жасайтын бөгеуілдер) қарсы тұра алмайтын болады.

1.1.8      Сымды енгізген кезде RJ-45 коннекторының мұртшасы төмен қарай бағытталған болуы керек. Сымды  RJ-45-тің коннекторына (розъем) толық кіргізіңіз, барлық сымдар коннекторға барынша мол кіруі керек. 

1.1.9      Коннектордың шеттерін қарап шығыңыз. Сегіз сым RJ-45 –тің ажыратқышының түйіспелеріне тығыз түрде жанасуы керек. Кабельдің сыртқы қабығының кейбір бөлігі де ажыратқышқа енгізілуі керек. Егер қабық толық түрде  терең ажыратқышқа енгізілмесе, онда ол  кабельдің бұзылуына әкелуі мүмкін.

1.1.10  Егер барлығы дұрыс тегістелсе және енгізілсе, онда  RJ-45 коннекторы мен кабельді қысу инструментіне орналастыру керек. Қысу инструменті RJ-45 коннекторын екі поршенмен қысады.

1.1.11  Коннекторды қайтадан қараңыз.  Егер дұрыс орнатылмаған болса, онда бұл ұшты кесіп тастап, осы процесті қайталаңыз.

1.1.12  Жоғарыда сипатталынған амалдарды орындап, RJ-45 коннекторнын кабельдің екінші ұшына орнатыңыз. 

1.2       Кабельді тестілеу

1.2.1      Кабельді тестілеушінің көмегімен «түзу кабельдің» жұмыс  істеу қабілетін тексеріңіз. Егер кабель тестілеуден өтпесе, осы зертханалық жұмысты қайта орындауға тура келеді.

1.2.2      Әрбір тестіленетін кабель үшін келесі процедураны орындаңыз. Кабельдің бір шетін RJ-45 коннекторын маркировкасы UTP/FTP болатын тестерлеушіге енгізіңіз. Кабельдің басқа шетін  RJ-45–ті қамтитын втулкасына енгізіңіз. Кабельді тестілеуден өткізіңіз.

2 Ethernet технологиясына арналған «қиыстырылған» сымды жасау және тесттен өткізу.

2.1           Кабельді алу және дайындау

2.1.1 Кабельдің керекті ұзындықты бөлігін кесіп алыңыз  және оның оқшаулағышын (изоляциясын) алуға арналған құрал-жабдықтың көмегімен кабельдің екі ұшынан 5,08 см (2") бөлігін қабығынан тазартыңыз.

2.1.2  Осы құжаттың басындағы T568A  стандартқа арналған кестені табыңыз.  RJ-45 коннекторын кабельдің бір ұшына  орнату үшін  бұрын орындалған амалдарды  1.1.2- 1.1.10 пункттері бойынша орындаңыз (кесте мен T568А стандартын пайдаланып).

2.1.3 Коннекторды мұқиат қайта қараңыз. Дұрыс орнатылмаған жағдайда шетін кесіп тастап, процесті қайталаңыз.

          Кабельдің келесі ұшын T568B стандарты бойынша өңдеу

2.1.4 RJ-45-тың басқа шетіне коннекторды орнату үшін бұрын сипатталынған амалдарды орындаңыз  (бірақ T568B стандартына арналған кестені пайдаланып).

2.1.5 Коннекторды қайта қараңыз. Дұрыс орнатылмаған жағдайда бұл ұшты кесіп тастап, процесті қайталаңыз.

2.2 Сымды тестер көмегімен тексеру

2.2.1 Сымға арналған тестер көмегімен «қиыстырылған» сымның жұмыс істеу қабілетін тексеріңіз. Егер сым тесттен өтпесе зертханалық жұмыстың осы сымға арналған бөлігін қайтадан орындаңыз.

 

Бақылау сұрақтары

3.1            Сымның қандай түрлерін білесіз?

3.2            UTP сымының максималды ұзындығы. Неліктен сымның ұзындығы шектелген?

3.3            «Түзу» сымның «қиыстырылған» сымнан айырмашылығы қандай?

3.4            Өрілген жұп сымдарын қосу үшін қандай коннекторлар қолданылады?

3.5            UTP сымының жұмысына қандай бөгеуілдер әсер етеді?

3.6            UTP сымын қысып жасауда қолданылатын сұлбаны келтіріңіз және мәліметтерді тарату принципін түсіндіріңіз.

3.7            Өрілген жұп сымдарының негізгі электрлік және жиіліктік параметрлері.

3.8            категориясындағы UTP сымының салмақ-көлемді (массогабаритті) және эксплуатациялық параметрлері.

4 зертханалық жұмыс. Мәліметтерді тарату ортасы

Жұмыстың мақсаты:

 – екі жұмыс станциясын өзара байланыстырудың әртүрлі әдістерімен танысу;

– ақпараттарды таратуға арналған әртүрлі орталардың сипаттамаларын оқып үйрену және артықшылықтары мен кемшіліктерін танып білу.

 

Жұмыс тапсырмасы:

1 Екі компьютер арасында  мәліметтерді тасымалдауды ұйымдастыру (компьютерді компьютерге тікелей жалғау).

1     Өзара коммутатордың көмегімен байланысқан екі жұмыс станциясының арасында мәліметтерді тасымалдауды ұйымдастыру.

2     Компьютерлер арасында ену нүктесінің көмегінсіз сымсыз байланысты ұйымдастыру.

3     Осы мәліметтерді тарату әдістерін салыстырып қорытынды жазу.

Қажетті жабдықтар:

1               Әр жұптағы екі студентке 5 немесе 5e категориясындағы  «түзу» және «қиыстырылған» кабельдер (үшінші зертханалық жұмыста жасалған кабельдер жарайды);

2               2 немесе 3 коммутатор;

3               Сымсыз желі карталары бар компьютерлер,  әр жұпқа 2ден.

Әдістемелік нұсқау

Компьютерлердің желілік картасына арналған IP адрестер 1-кестеден таңдап алынады.

1 Ке с т е

Жұп

 

Бірінші компьютердің IP адресі

Екінші компьютердің IP адресі

Желі асты маскасы

1

10.0.0.1

10.0.0.2

 

 

255.0.0.0

2

10.0.0.3

10.0.0.4

3

10.0.0.5

10.0.0.6

4

10.0.0.7

10.0.0.8

5

10.0.0.9

10.0.0.10

6

10.0.0.11

10.0.0.12

 

Жұмыстың орындалу тәртібі

1          Екі компьютер арасында  мәліметтерді тасымалдауды ұйымдастыру (компьютерді компьютерге тікелей жалғау).

2          «Қиыстырылған» сымның көмегімен (алдыңғы зертханалық жұмыста жасалған сымды қолданыңыздар) екі дербес компьютерді бір-біріне жалғаңыз (1 сурет).

 

1 сурет

3          Компьютерлер бір-бірімен байланыса алуы үшін желілік карталарына IP адрес тағайындау қажет. IP адрестерді сәйкесінше 1 кестеден алыңыздар.

4           Адресті тағайындау үшін желілік ортаның «Сипаттама»  (Свойства) терезесін ашу қажет. Ашылған терезеден жергілікті желіні таңдап, соның сипаттамасын көрсететін терезені ашыңыз. Осы терезедегі  TCP/IP протоколының сипаттамасына кіріп IP адресті тағайындаңыз.

5          Осы іс қимылдарыңызды екінші компьютер үшін қайталаңыздар.

6          Ping утилитасының көмегімен компьютерлер арасындағы физикалық байланысты тексеру қажет.

7          Байланысты тексеру үшін екі компьютерде де «Пуск» кнопкасын басып «Выполнить» деген жолды таңдаңыз. Ашылған терезешеде cmd командасын теріңіз.  

8           Командалық жол ашылады. Осы жолда компьютердің IP-адресін анықтау үшін ipconfig командасын теріңіз.

9          Екі компьютердің IP-адресін жазып алыңыз.

10      Компьютер 1: _________________________

11      Компьютер 2: _________________________

12      Екі компьютердің біреуінің командалық жолында көрші компьютердің IP-адресі мен ping командасын енгізіңіз. Егер сым жұмыс істеп тұрса, байланысты тексеру қателіксіз өтуі қажет.

13      Өздеріңіз таңдаған немесе оқытушы көрсеткен папкаға (жүйелік емес) жалпылай ену қызметін ашыңыз. Осы папкадағы мәліметті көрші компьютерге көшіріңіз. Көшірілу уақытын (ақпаратты көшіруге қанша уақыт қажет болды), мәліметтің көлемін және таратылу ара-қашықтығын (сымның ұзындығы) белгілеп жазып алыңыз.

Ескерту. Тексеру дұрыс өтуі үшін компьютерлерде  Windows брандмауэрын уақытша өшіре тұру қажет.

14      Өзара коммутатордың көмегімен байланысқан екі жұмыс станциясының арасында мәліметтерді тасымалдауды ұйымдастыру.

15      «Түзу» кабельдің (алдыңғы жұмыста жасалған түзу кабельді қолданыңыз) көмегімен дербес компьютерді желіге (коммутаторға, 2 сурет) қосыңыз.

                                               2 сурет

Мұндағы n – 255 төмен кез-келген сан, желі асты маскасы ретіне 255.0.0.0 алуға болады.

16      Дербес компьютердің (ДК) желілік карталарының IP-адрестері ешбір өзгеріссіз, бұрынғы қалпында қалуы керек.

17      Ping утилитасын пайдаланып, көрші компьютерлермен қосылуының физикалық жағдайын тексеріңіз.

18      Егер тексеру сәтті болса, онда бұрын құрастырылған жалпы дестедегі информацияны (бұрынғы көлемде) көрші компьютерге жеткізу керек. Көшіру уақытын белгілеңіз (информаияларды көшіруге қанша уақыт қажет болғанын және оны алдыңғымен салыстырыңыз.

Ену нүктесінсіз компьютерлер арасында сымсыз байланыс орнатуды ұйымдастыру.

1          Компьютерлер (немесе компьютер мен ноутбук арасында) арасындағы сымсыз желіні (жеткізу нүктесіз) келтіру

3 сурет

2          Желілік орта (Сетевое окружение) қасиеті арқылы  Сымсыз желілік байланыс (Беспроводное сетевое соединение) қасиетін таңдаңыз, одан Сымсыз желілерді  (Беспроводные сети)  таңдаңыз.

3          Ашылған терезеде Қосу (Добавить)  кнопкасын басыңыз және желілік атты жазыңыз,  мысалы – home. Disable деген параметр беріп, деректерді шифрлауды тоқтатыңыз.

4          Сол терезеде Қосымша (Дополнительно) кнопкасын басыңыз. Ашылған терезеде ұсынылған нұсқалардан Компьютер-компьютер желісін (Сеть компьютер-компьютер) таңдаңыз.

5           Сымсыз желілік байланыс (Беспроводное сетевоге соединение) белгісінде тышқанның оң жақтағы клавишасын басып,  Сымсыз желілерді қарап шығу (Просмотр доступных беспроводных сетей) параметрін таңдаңыз.

6          Ашылған терезеде Рұқсат (Разрешить) деген белгі қойып, Қосу (Подключить) деген кнопканы басыңыз.

7          Егер сымсыз желілік байланыстың белгісінде қызыл крестик жоғалса, онда компьютерлер арасында сымсыз байланысты орнатылғаны.

8          Ping командасының көмегімен командалық жол арқылы жаңа желіні тестілеу керек.  Ол үшін  Пуск/Выполнить (Run) ашып, cmd командасын жазып, ОК  кнопкасын басу керек, осыдан кейін ping командасын жазу керек.

9          Ping командасынан кейін  IP адресті жазуды ұмытпаңыздар. Егер тест ойдағыдай өтсе, сымсыз желі арқылы көрші компьютерге еніп, осы жұмыста қолданылған жалпы папкадағы мәліметті (көлемі өзгермеуі тиіс) өз компьютеріңізге көшіріңіз. Тағыда көшірілу уақытын (ақпаратты көшіруге қанша уақыт қажет болды), мәліметтің көлемін және таратылу ара-қашықтығын белгілеп жазып алыңыз. Алдыңғы көрсеткіштермен салыстыра отырып қорытынды жазыңыз

 

3                   Бақылау сұрақтары

3.1          Мәліметтерді тарату ортасы деп нені атауға болады?

3.2          Ақпаратты жіберудің әртүрлі әдістерін салыстырып артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындаңыз.

3.3          Мәліметтерді таратудың физикалық ортасын тестілеу үшін қандай утилитаны қолдануға болады?

3.4          Екі хостты өзара байланыстыру үшін қандай стандартты процедуралар жүзеге асырылуы қажет?

3.5          Сымсыз мәліметтерді тарату ортасының артықшылықтары мен кемшіліктері.

Әдебиеттер тізімі 

1. Избачков Ю., Петров В. Информационные системы. – Учебник для вузов. 2-е изд. – СПб.: 2005. – 656 с.:ил.

2. Акулов О.А., Медведев Н.В. Информатика: базовый курс: учеб. пособие для студентов  вузов. 2-е изд. – М.: Омега-Л, 2005.-552 с.

3. Информационные технологии в радиотехнических системах. – Учеб. пособие. – 2-е изд. Васин В.А., Власов И.Б., Егоров Ю.М. и др.: Под ред. И.Б.Федорова. –М.:Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2004.- 708 с.

4. Киммел П. Основы  визуального анализа и проектирования=UML.Универсальный язык программирования. – М.: НТ Пресс, 2008. – 272 с.

5. Введение в теорию информационных систем. – Под ред. Юркевича Е.В.- М.: ИД Технологии, 2004.

6. Терри Кватрани, Джим Палистрант. Визуальное моделирование с помощью IBM Rational Software Architect и  UML. Пер. с англ. – М.: КУДИЦ-ПРЕСС.- 2007.- 192 с.

7.  Лемке Джуди. Microsoft Office Visio 2003.  Шаг за шагом. Прак. Пособ./ Пер. с англ. – М.: «СП ЭКОМ», 2006.- 252 с.

8. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. ­– Принципы, технологии, протоколы: Учебник для вузов. 3-изд. – СПб: «Питер», 2007. – 958 c.

9. Программа сетевой академии Cisco CCNA 1 и 2. Вспомогательное руководство. 3-е изд. с испр.: пер. с англ. – М.: Вильямс, 2005. – 1168 с.

10. Гук М. Аппаратные средства локальных сетей. ­–Энциклопедия  –  СПб: Издательство «Питер», 2000.  –  576 с.