Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Радиотехника кафедрасы 

 

 

 

Радиотарату, электрлікакустика,  дыбыс дабылдарын жазу және бейнелеу

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

(5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу бөлімінің бакалаврлары үшін)

 

 

 

 Алматы 2011

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Урусова Т.А., Накисбекова Б.Р. Радиохабартарату, электроакустика, дыбыс сигналдарын және бейнелер жазу. Барлық оқу түрінің  5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандықтарының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. — Алматы: АЭжБИ, 2010. - 31 бет.

 

Әдістемелік нұсқауларда зертханалық жұмыстарды орындауға кеңестер бар: зертханалық қондырғылардың құрылымдық схемалары, формулалар, графикалық тәуелділіктер және "Радиохабартарату, электроакустика, дыбыс сигналдарын және бейнелер жазу» курсының әртүрлі процестерді зерттеулерінің өлшеулер жүргізу принципі, студенттерге алдын ала дайындыққа, екі сағаттық зертханалық жұмыстарды орындау және қорғауға қажетті бөліктерге бөлінген тапсырмалар.

          Әдістемелік нұсқаулар РЭТ мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған

Без.10, кесте 3, әдеб.көр — 4.

Рецензент: ТКЖ кафедрасының доценты  Ползик Е.В.

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлі қоғамының 2010 жылғы қосымша жоспары бойынша баспаға шығарылады

 

©  КАҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті», 2011ж.

 

 Мазмұны

 

1 Зертханалық жұмыс №1. Естілу шегінің жиілікке тәуелдігін   анықтау

 4

2   Зертханалық жұмыс №2. Жазу каналының жиіліктік сипаттамалары

7

3 Зертханалық жұмыс №3. III класс аудиомагнито­фонының таспатартқыш механизмі параметрлерін анықтау

 

12

4   Зертханалық жұмыс №4. Микрофондар параметрлерін өлшеу

15

5 Зертханалық жұмыс №5. Дыбыстық жиіліктер фильтрлерінің параметрлерін өлшеу және олардың классификациясы

 19

6 Зертханалық жұмыс №6. Бүркемелеу (маскировка) құбылысын зерттеу  

 21

7  «BIHRINGER MX2004» микшерлік пульті жұмысын зерттеу           

24

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

28

                                                                                                                      

№1 Зертханалық жұмыс. Есту шегінің жиілікке тәуелділігін анықтау

Жұмыс мақсаты: Минималды деңгейдегі дыбыстық жиіліктер сигналдарын естуге қабылдау ерекшеліктерімен танысу.

 

          1.1 Теориялық дайындық

          Дыбысты адам дыбыстық қысымдардың (немесе интенсивтілігінің) өте кең диапазонында сезеді.  Бұл диапазонының негізгі шамаларының бірі болып стандартты есту шегі болып табылады. Бұл шама ретінде F = 1000Гц гармоникалық дыбыстық тербелістер арқылы пайда болатын, құлағы орташа сезімтал адам әрең еститін дыбыстық қысымның эффективті мәнін алады.  Есту шегіне дыбыс интенсивтілігі  Iзв.о=10 -12 Вт/м немесе дыбыстық қысым pзв.о= 210-5Па сәйкес келеді.  Жоғарғы шек  I зв =1Вт/м 2 және  pзв=20Па мәндерімен анықталады, бұл кезде дыбыс қабылдауда ауру сезу пайда болады (ауру сезудің стандартты шегі).  Стандартты есту шегінен асып кететін дыбыстық қысымдр облысында есту қабілетінің сезу шамасы Е және дыбыстық қысымның амплитудасы (немесе дыбыс интенсивтілігінің) психофизика заңы бойынша байланысқан, Фернер формуласы:

 

Е = q  log (p зв  / p зв.о )

     q – белгілі бір тұрақты.

Бұл өрнектен Е шамасы сыртқы қоздырғыштың амплитудасына емес,

pзв/pзв.о  қатынасының логарифміне пропорционал екені шығады.  Сондықтан дыбыстық қысымы мен дыбыс интенсивтілігін стандартты есту шегіне қатысты логарифмдік бірліктермен жиі анықтайды:

       а  =   20   lg   (p зв  /   p зв.о ) = 10   lg   (I зв  /   I зв.о ) ,

ал табылған Nа  мәнін абсолютті акустикалық деңгей деп атайды.

          Есту шегі жиілікке тәуелді. Есту шегі тыңдау шарттарына тәуелді: тыныштықта немесе шу фонында (немесе басқа кедергі келтіруші шу). Соңғы жағдайда есту шегі көтеріледі. Бұл кедергі керекті сигналды бүркемелейтіндігін көрсетеді. Сандық түрде кедергі келтіруші сигнал кезіндегі керекті сигналдың есту шегінің бұл көтерілуі  бүркемелеу деңгейімен анықталады.  М=Nаш-Nа , мұндағы  Nаш және Nа – шу кезіндегі немесе тыныштықтағы есту шегінің деңгейлері. Кедергі келтіруші сигнал өте жоғары деңгейге көтерілсе, керекті сигнал естілмей қалуы мүмкін.

 

          1.2 Өлшеулер жүргізу принципі

          Өлшеуге қатысушылардың бас телефондарына Г3-118 генераторынан дыбыстық жиіліктің гармоникалық кернеуі беріледі. Өлшеуге қатысушылар телефондардағы кернеуді 0 В-тан әрбір қатысушы тонды ести бастайтындай белгілі бір мәнге дейін жайлап үлкейтеді. Көрсетілген кернеу мәні кестеге енгізіледі және өлшеу жүргізілген жиіліктегі есту шегін есептеуге негіз болып табылады.

          Өлшеулер  20Гц-тен 20кГц-ке дейінгі диапазонындағы жиіліктерде қайталанады. Өлшеулер нәтижелері дыбыс қабылдаудың субъективті ережелеріне тәуелді болғандықтан, әрбір қатысушы оларды индивидуалды белгілеп отырады.  Алынған мәліметтерді салыстыру зертханалық жұмысты орындау соңында жүргізіледі.

Есту шегінің есептеулерін жүргізу процесінде телефондардың параметрлері және олардың жиіліктік сипаттамасының түзу еместігі ескеріледі: сигналдың Ртел=2мВт,94дБ қуаты кезіндегі 500Гц жиіліктегі дыбыстық қысымның деңгейі;

номиналды кедергі Rном=16 Ом;

дыбыстық қысымның типтік жиіліктік сипаттамасы 2.2-суретте көрсетілген.

 

 ГЕНЕРАТОР                 ВОЛЬТМЕТР              

     Г3-118                            В3-38                           

 

 


                  СИГНАЛ КОММУТАЦИЯЛАУ БЛОГІ

 


       

           БАСТЫ              БАСТЫ              БАСТЫ

          ТЕЛЕФОН          ТЕЛЕФОН         ТЕЛЕФОН

        

 

1.1-сурет - Есту шегінің жиілікке тәуелділігін алуға арналған қондырғылар комплексінің құрылымдық сұлбасы

ЕСКЕРТУ! Берілген жұмыстағы барлық өлшеулер зертханада тыныштық сақтау кезінде жүргізіледі.

1.3 Қондырғыны жұмысқа  дайындау

1.3.1  1.1-суреттегі схемаға сәйкес қондырғының қосылуын іске асыру.   (1.1-сурет). Ол үшін:

           -өлшеуге қатысушылардың бас телефондарын зертханалық құрылымдардың астында орналасқан бас телефондарды қосуға арналған ұяшықтарға қосу;

- Г3-118 генераторының шығысын («ВЫХОД II» ұяшығы) «Сигналдар коммутациясы блогының»  «ГЕНЕРАТОР 1» ұяшығына косу;

- В3-38 кірісін «Сигналдар коммутациясы блогы»  «ВОЛЬТМЕТР» ұяшығына қосу.

          1.3.2 Г3-118 генераторының «РЕГ.ВЫХОДА» бұрағышын солға соңына дейін бұрау. «ОСЛАБЛЕНИЕ dB» ауыстырып-қосқышын «60» түріне келтіріп қою.

1.3.3  Г3-118 генераторы мен В3-38  вольтметрінің электрқоректендіруін қосу.

          1.4 Өлшеулер жүргізу

          1.4.1  «Сигналдар коммутациясы блогы»  «ИСТОЧНИК СИГНАЛОВ» қосқышын  «ГЕН.1» түріне орнату.  Бұл кезде бас телефондар және вольтметр Г3-118 генераторының шығысына қосылады.

          1.4.2 Генератор жиілігін 20 Гц.

          1.4.3 «РЕГ.ВЫХОДА» бұрағышы және «ОСЛАБЛЕНИЕ  dB» ауыстырып-қосқышы көмегімен генератор шығысындағы кернеуді үлкейте отырып, ВЗ-38 вольтметрі бойынша өлшеуге қатысушы тоналді дыбыс еститіндей етіп  U 1 (F) телефондарында кернеу орнату қажет.

1.4.4 Г3-118 генераторының «РЕГ.ВЫХОДА» бұрағышын солға қарай соңына дейін бұрау. «ОСЛАБЛЕНИЕ dB» ауыстырып-қосқышын «60» түріне келтіру.

1.4.5 Дыбыстық диапазонның басқа жиіліктері үшін 1.4.3.-1.4.4 пункттерінде сипатталған операцияларды қайталау.

         

1.5 Өлшеулер нәтижелерін өңдеу

          1.5.1 Формула бойынша дыбыстық диапазонның әрбір жиілігі үшін Nа есту шегінің деңгейін анықтау            

                                      1  (F)

N a (F),дБ = 20 lg                     + N(F) - N(500) + 94  ,

                                  U(500)

мұндағы,  U(500)  -  500 Гц жиіліктегі тональді сигналының  жиілігі,  94 дБ  дыбыстық  қысымды шығару үшін,  осы кернеуді  телефонға  беру керек:

                          U(500) =  Ö Р тел  .   R ном   ;

N(500) - 500 Гц жиілікте  телефонда пайда болатын дыбыстық қысым (дБ),  дыбыстық қысымның  жиіліктік сипаттамасы  бойынша анықталады,  N(F) – F жиілігі үшін дәл осылай.   

 

1.5.2 Алынған нәтижелер бойынша Nа естілу шегі деңгейінің F жиілікке тәуелділік графигін құру.

1.5.3 Құрамында алынған графикалық тәуелділіктер және минималды деңгеймен алынатын жиіліктер диапазондары бар керекті қорытындылар жасау.

 

 

№2 Зертханалық жұмыс. Жазу каналының жиіліктік сипаттамалары

 

Жұмыс мақсаты: Магнитофонның жазу каналындағы жиіліктік сипаттамаларды реттеу әдістерін зерттеу

 

2.1 Өлшеулерді жүргізу принципі:

Жалпы алынған әдіске келетін болсақ, жазу каналының сипаттамаларын анықтау барысында магнитофон кірісіне дыбыстық жиілік генераторынан жиілігі 400 Гц, кернеуі магнитофон  кірісінің сезімталдығына тең сигнал беріледі. Жазу каналының реттегіші ретінде оның номиналды мәні орнатылады. Ток өшіру және  магниттелу генераторының электрқоректендіруі сөндіріледі.  Содан соң дыбыстың жиілік генераторының шығыс кернеуі 20 дБ-ге дейін (10 есе) азаяды және сипаттамалар түсіру кезінде өзгеріссіз қалады.  Жазба басындағы кернеу және жұмысшы жиіліктер диапазонының  шегіндегі генератордың әртүрлі жиіліктеріндегі жазба тогы өлшенеді.

     Берілген зертханалық жұмыста өлшеулерді оңайлату және олардың дәлдігін жоғарлату мақсатында сипаттамалар жазудың номиналды деңгейінде анықталады.  Бұл жағдайда сипаттамаларды түсіру қателігі аз. 

      Жазба тогын өлшеу үшін жазба басынан кейін кезекпен жазу арнасының параметрлеріне көрінетіндей ықпал көрсетпейтін қосымша Rдоп=10 Ом резистрі қосылған. Айнымалы токтың вольтметрі арқылы осы резистрдегі U доп кернеу түсуінің өлшеуі жүргізіледі.

= U доп  /   R доп

Жазу жылдамдығы магнитофонның рұқсат етілген қабілеттілігіне әсер етеді..

2.2 Қондырғыны жұмысқа дайындау

2.2.1 Сұлбаға сәйкес (2.1-сурет) зертханалық құрылымның элементтерін қосу. Ол үшін: Г3-118 дыбыстық генераторының шығысын («ВЫХОД II» ұяшығы)   1В3-38 вольтметрінің кірісімен және «Магнитофон ОРБИТА МПК-108С» панеліндегі «УНИВ»  ұяшығымен қосу; 2 ВЗ-З8 вольтметрінің кірісін «Магнитофона ОРБИТА МПК-108С» панеліндегі  «ГЗ-U» ұяшығымен қосу.

2.2.2 ГЗ-118 генераторының «РЕГ.ВЫХОДА» бұрағышын солға қарай соңына дейін бұрау. Генератордың «ОСЛАБЛЕНИЕ dB» ауыстырып-қосқышын 60 түріне орнату.

2.2.3 ГЗ-118 генераторының және В3-38 вольтметрлерінің электрқоректендіруін қосу.

2.2.4 Акустикалық жүйені магнитофон қуаты күшейткішінің сол жақ каналының шығысына қосу («Магнитофон ОРБИТА МПК-108С» панеліндегі  «ВЫХ.  ЛЕВ» ұяшығы).

2.2.5 «Орбита» магнитофонының таспа қозғалысы жылдамдығының ауыстырып-қосқышын «19» түріне келтіру.  «СЕТЬ» батырмасы арқылы магнитофонның электрқоректендіруін қосу. Магнитофонға жазуы жоқ таспа салу. «>O<» батырмасын басу арқылы таспа шығыны есептеуішінің  (счетчик) нөлдік көрсетулерін орнату.  «ЛЕВ» батырмасын басу арқылы магнитофонның сол жақ каналын қосу.  «ВХОД УНИВ.» қайта басу.

2.2.6 Магниттелуді сөндіру. Ол үшін: «Магнитофон ОРБИТА МПК-108С» панеліндегі «ПОДМАГН.» тумблерін «ВЫКЛ» түріне орнату.

 

2.3 Таспаның 19 см/с жылдамдығындағы жазу күшейткішінің АЖС түсіру.

2.3.1 ГЗ-118 генераторының жиілігін 400 Гц-ке орнату.   «РЕГ.ВЫХОДА» бұрағышының және «ОСЛАБЛЕНИЕ  dB» ауыстырып-қосқышының көмегімен 1 ВЗ-38 вольтметрі бойынша дыбыстық генератордың шығысында (магнитофонның кірісінде) U ген = 1В кернеуін орнату.  Әрі қарай жазу күшейткішінің АЖС түсіру барысында осы кернеуді генератордың барлық жиіліктерінде тұрақты етіп ұстап отыру керек.

2.3.2 Магнитофонды жазу режиміне қосу. Ол үшін:  «ЗАПИСЬ» және «ВОСПР» батырмаларын кезекпен басу,  «ЗАПИСЬ» батырмасын соңғы етіп жіберу.  Бұл кезде «ЗАПИСЬ» батырмасының үстіндегі индикатор жарқырап, «ПАУЗА» режимі қосылады.    

2.3.3 Жазудың номиналды деңгейін орнату.  Ол үшін: «КОНТРОЛЬ ВХОД» батырмасын басу; сол жақ каналдың «УРОВЕНЬ ЗАПИСИ» реттегішін (кіші диаметрлі бұрағыш) «0dB» деңгей индикаторының сегменті жарқырап, бірақ оптималды деңгейдің көтерілуін көрсететін қызыл-сары сегменттер жанбайтындай түрге орнату.

2.3.4 Акустикалық жүйе арқылы 400 Гц жиіліктегі тонды тыңдау.   Сол жақ каналдың «ГРОМКОСТЬ» бұрағышы арқылы (кіші диаметр) басқаруға ыңғайлы дыбыс қаттылығының деңгейін орнату.

2.3.5 Вольтметра  2 көмегімен f ген  генератор жиілігін  20 Гц-тен 20  кГц-ке дейін өзгерте отырып, жиіліктің әрбір мәні жазу күшейткішінің шығысындағы («Магнитофон ОРБИТА  МПК-108С» панеліндегі «ГЗ-U» ұяшығы) U зап кернеуін өлшеу f ген жиілігі мен U зап кернеуінің мәндерін   2 -кестеге енгізу.

Ескерту: Өлшеулер жүргізілетін жиілік мәндерін U зап-тың  f ген-ге тәуелділігін дәл көрсететіндей етіп таңдап алу керек.

2.3.6 Жазба күшейткішінің АЖС мәндерін есептеу және 2.1-кестеге енгізу.

 

2.4 Таспаның 9 cм/с жылдамдығы кезіндегі АЖС мәндерін алу 

2.4.1 Магнитофон таспасының қозғалыс жылдамдығының ауыстырып-қосқышын  «9» түріне орнату.

2.4.2 9 cм/с жылдамдығы кезіндегі жазу күшейткішінің АЖС-ын өлшеу.  Алынған мәліметтерді  кестеге түсіру.

2.4.3 Кестедегі мәліметтер бойынша бір координаттар өрісінде жазу күшейткішінің 19 см/с және 9 cм/с жылдамдықтарына АЖС құру. 

 

2.5 Таспаның 9 cм/с жылдамдығындағы жазу тогының АЖС-ын алу

2.5.1 Вольтметр 2 кірісін «ГЗ-U» ұяшығынан алып тастау және «Магнитофон ОРБИТА МПК-108С» панеліндегі «ГЗ-I» ұяшығымен қосу.

2.5.2 Жазу тогының АЖС-ын алу

Ескерту: Жазу тогын өлшеу жанама тәсілмен жүргізіледі, вольтметр 2 мен  U доп  кернеуінің жазу басынан кейін кезекпен қосылған («ГЗ-I» ұяшығы)  R доп  резисторында құлауы өлшенеді.

= U доп  /   R доп

       Жазу тогының АЖС-ын құру үшін  I  тогының  қатысты мәндері қолданылғандықтан,  есептеуді оңайлату мақсатында  I  есептемей,  оның орнына U доп  кернеуінің қатысты мәндерін қолдану.  Алынған мәліметтерді кестеге енгізу.

 

2.1 кесте - Таспаның 9 cм/с қозғалыс жылдамдығы кезіндегі жазу тогының амплитуда-жиіліктік сипаттамасы

Генератор жиілігі,

f ген , Гц

20

. . .

. . . . .

20000

Кернеу,

U доп, В

 

 

 

 

 

2.6  Таспаның 19 cм/с қозғалыс жылдамдығы кезіндегі жазу тогының АЖС-ын өлшеу

2.6.1 Магнитофон таспасының қозғалыс жылдамдығының ауыстырып-қосқышын «19» түріне орнату.

2.6.2 2.4п.-те  көрсетілген әдіс бойынша 19 cм/с қозғалыс жылдамдығы кезіндегі жазу тогының АЖС-ын өлшеу.  Алынған мәліметтерді 2.2-кестеге енгізу.

2.6.3 Кестелердегі мәліметтер бойынша бір координаттар өсінде 19 см/с және 9 cм/с жылдамдықтары үшін жазу тогының АЖС-ын алу.

2.6.4 Құрамында алынған графикалық тәуелділіктері  формаларының айқындамалары бар қорытынды жасау. 

2.2 кесте - Таспаның 19 см/м қозғалыс жылдамдығы кезіндегі жазу тогының амплитуда-жиіліктік сипаттамасы.

Генератор жиілігі,  f ген, Гц

20

. . .

. . .

20000

Қосымша резистордағы

кернеу,

U доп , В

 

 

 

 

R доп-тағы кернеудің нормальді мәні

U доп /U допмакс 

 

 

 

 

АЖС мәні, дБ                

I з  = 20 lg U доп /U допмакс 

 

 

 

 

  

   

  ВОЛЬТМЕТР 1   В3-38                    ВОЛЬТМЕТР 2   В3-38 

 КІРІС                                                   КІРІС

 

 


        ОРБИТА МПК-108С МАГНИТОФОНЫНЫҢ

                  ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СХЕМАСЫ                         

    УНИВ                                                              ГЗ-U

 

 


 

ГЕНЕРАТОР Г3-118          ОРБИТА МПК-108С

                                             КАТУШКАЛЫҚ

                                             МАГНИТОФОНЫ                

    ШЫҒЫС II             

 

2.1 сурет - Жазу күшейткішінің АЖС-ын алу үшін құрылым элементтерін қосу схемасы

 

2.7 Бақылау сұрақтары:

 

2.7.1 АМЗ-да тіке өтпелі канал (сквозной канал) қалай іске асырылады?

2.7.2 Жазу каналының алынған АЖС формаларын айқындау.

2.7.3 Таспа қозғалысының әртүрлі жылдамдықтары үшін тізбектер түзетулерінің тұрақты уақыттарын табу.

2.7.4 АМЗ магнитті ұштарының конструктивті айырмашылықтарын айқындау.
         
№3 Зертханалық жұмыс. III класс аудиомагнито­фонының таспатартқыш механизмінің  параметрлерін анықтау.

 

Жұмыс мақсаты: Детонация және оның дыбыс жазу процесіне әсерін зерттеу.

 

          3.1 Теориялық дайындық

Магнитофонның таспатартқыш механизмін  сипаттайтын маңызды параметрі болып, магнитті  ұштарына қатысты магнитті таспа қозғалысының V0 жылдамдығы табылады. 

Магнитті таспаның қозғалыс жылдамдығының номиналды таспанікінен ауытқуы бір магнитофонда жазу және ойнатылу кезінде байқалмайды, немесе бұл ауытқу тұрақты.  Бұл жағдайда ол басқа магнитофонда жазу ойналған кезде,  немесе басқа магнитофонда  жазылған жазуды қолданып отырған магнитофонда ойнатқан кезде байқалуы мүмкін.  Жылдамдықтың ауытқуы субъективті түрде бағдарламаның тональділігінің жалпы өзгерісі ретінде қабылданады.

Магнитофондағы магнитті таспаның қозғалыс жылдамдығы, көбінесе,  негізгі білік (вал) және оның диаметрінің айналу жылдамдығымен анықталады,  бірақ реалды жағдайда оған,  жеке алғанда өзгерістерге, әсер ететін бірнеше факторлар қатары бар:

 - қоршаған ортаның температурасы және ылғалдылығы;

 - магнитті таспаның тартылуы;

 - негізгі білікті магнитті таспаға қысу күші;

 - бүліну жағдайында ТТМ механизмінің бөлек бөліктеріндегі үйкеліс күші және т.б.

Магнитті таспаның қозғалыс жылдамдығы лездік мәнінің орта мәннен периодикалық және периодикалық емес ауытқулары ойнатылып жатқан дыбыстың детонациясына әкеліп соғады, яғни сигналдың паразитті жиіліктік модуляциясы жағдайындағы өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады.  Күнделікті магнитті жазбада бұл өзгерістердің шамасының бағалық өлшемі болып детонация коэффициенті табылады.

 

К д  =  DV / V ср,

мұндағы D V - магнитті таспаның қозғалыс жылдамдығының орташа мәннен ауытқу шамасы;

V ср  - магнитті таспаның орташа қозғалыс жылдамдығы.

 

          Төменгіжиілікті детонация дыбыс тоналділігінің периодикалық өзгерісі ретінде қабылданады,  жоғарыжиіліктісі – дыбыс дірілі (дробление) ретінде.  Дыбыс детонациясы таза тондарды тыңдау барысында ең жақсы байқалады, бұл жағдайда музыкалды қабілеті бар адам Кд0= 0,1 %  және төмен детонацияны ұстай алады. Күрделілігі жоғары магнитофондар үшін детонация коэффициентін өлшеудің 2 әдісі қарастырылған:  өлшегіш таспаны қолдану арқылы  (бұл кезде детонация коэффициенті ойнатылу режимінде өлшенеді)  және генератордағы сигнал магнитофонға жазылатын жағдайдағы өлшеулер,  ал  Кд-ны өлшеу жасалынған жазбаны ойнату кезінде жасалады.  Күнделікті қондырғыда магнитті жазбаның  детонациясы жазумен қатар,  ойнатылу кезінде  де  болатындықтан, жоғарыда келтірілен  2 әдістің де әдеттен тыс екенін ескеру керек.

          Соңғы әдіс магнитофоннның ттм механизмінің  сапасын көрсетеді,  бірақ бұл кезде,  анықтама бойынша, 20-40 %-ға жоғары,  бірінші әдіспен салыстырғанда тек электронды секундомерді  қолданған кезде  шамамен (0,3...1) %.

Жиілікті девиациялау ең ыңғайлы әдіс болып табылады.  Әдіс  f в  жүріп жатқан сигналдың жиілігі V 0  шығарылатын фонограмманың f в=f з*V 0/Vз  орын ауыстыру  жылдамдығына тура пропорционал екендігінде негізделген. Мұндағы   V з , f з  - сәйкесінше эталон магнитофон таспасының жылдамдығы және жазылған сигналдың жиілігі.

Әдістің артықшылықтарының қатарына өлшеудің сыйымдылығының аздығы,  әдісті катушкалықпен қатар,  касеталық ТТМ  үшін  қолдануға болатындығы және өте жоғары дәлдікті жатқызуға болады. 

f з  жиілік дәл берілген жағдайда  әдістің потенциалды дәлдігіне жетуге болады, fв  өлшемі және жазушы  магнитофонның болуы, оның орташа жылдамдығын  есептеуге болады, нормалдыдан  0,5%-дан аз ғана өзгерісі болады.  Егер сигналограмма ретінде детонацияны өлшеуге арналған өлшегіш таспа  ("Д" бөлігі)  қолданылатын болса, бірінші және үшінші талаптар бір уақытта орындалады.  Бұл  таспада жазу  жиілігінің (f з =3150Гц) қателігі  0,5-1,0 %  шегінде жатады.  f в  жүріп жатқан  сигналдың жиілігін зертханалық  жағдайда цифрлық жиілік өлшегіштің көмегімен өлшейді.

 

3.2 Өлшеулерді өткізу принципі

Кампакт-касеталар ойнатқышындағы  магнитті таспа  қозғалысының орташа жылдамдығын өлшеу үшін  f з = 3150 Гц  жиіліктегі тербелістер сигналлограммасы қолданылады.  Зерттеу жүргізіліп жатқан  магнитофонда берілген таспадан Vв жылдамдықпен fз жүргізілуі кезінде  жиілік өлшегіштің көмегімен  сызықтық шығысындағы  тербелістердің  f в  жиілігін  өлшеу жүргізіледі.

 

Магнитті таспаның  қозғалыс жылдамдығы

 

 

 

 Жылдамдықты анықтау кезіндегі қателік

           

DV =Ö[(Vз/fз ) Dfв]2 + [(fвVз/fз2) Dfз]2 + [(fв/fз) DVз]2  ,         

            

мұндағы Df в  -жиілікті өлшеудің абсолютті қателігі;

Df з  -сигналлограмманы жазу жүргізілген генератор жиілігінің абсолютті қателігі;

DV з  -магнитофон жылдамдығының  абсолютті қателігі.

Жиілігі  f з=3150Гц  гармоникалық  тербелістер сигналлограммасы  ойнатылу режимінде жұмыс жасайтын,  кірісіне  зерттеу жүргізіліп  жатқан магнитофон  шығысынан кернеу беріліп жатқан  жиілік өлшегішпен  детонация коэффициентін  өлшеу. 

 

3.3 Қондырғыны жұмысқа әзірлеу

 

 

 

 

 

 

 

3.3.1 Генератор және магнитофонның электрқоректендіруін қосу.  Бұл кезде сәйкес индикаторлық  шамдар (лампочки)  жарқырайды.

3.3.2 Г3-118 генраторынан  ( 50W шығ.)  жиілігі f = 3150Гц  және  Uвых£500мВ  сигналды  компакт-кассетаойнатқышының  (әрі қарай магнитофон)  сызықтық кірісіне беру.

3.3.3 Кассетаны магнитофонға енгізіп,  пленканы басына айналдырып әкелу.

3.3.4 ">0<"  батырмасын басу арқылы магнитті таспа шығынын есептеуішінің нөлдік көрсетілімдерін орнату.

3.3.5 "зап."  және  "воспр."  батырмаларын бір уақытта басу арқылы

магнитофонды жазу режиміне қосу,  бұл кезде автоматты түрде  «пауза»  режимі қосылып,  сәйкес индикаторлық  шам жарқырайды.

3.3.6 Магнитофонның сызықтық шығысындағы жиілікті өлшеу жүргізу.

3.3.7 Өлшегіш таспаны кассета жинағының ортасына (соңына)  айналдырып әкелу,  3.3.2-3.3.6  пункттерде жазылған әдіс бойынша  жинағының ортасы (соңы)  үшін жазылған  сигнал жиілігін  өлшеуді қайталау.

3.3.8 Өлшеулер нәтижелері бойынша, магнитті таспа қолданысының орташа жылдамдығын  және өлшеу  қателігін анықтау.

 

Есепке қажетті бастапқы берілгендер:

 

- эталон магнитофонның магнитті таспа қозғалысының номаиналды жылдамдығы  4,76 см/м;

- эталон магнитофонның магнитті таспа қозғалысы жылдамдығының  қателігі:  номиналдыдан:  0,3 %.

- жазылған эталон сигналының жиілігі: 3150 Гц ;

- эталон сигнал жиілігін орнату қателігі: 0,1 % ;

- жиілікті өлшеу қателігі:  өлшенген жиіліктен: 0,25 %. 

 

3.4 Өлшеулер нәтижелерін салыстыру және құрамында кассетадағы таспаны  тарту дәрежесінен  Кд  өзгеру тәуелділігінің  анализы бар қорытындылар жасау.

 

3.5  Бақылау сұрақтары:

3.5.1 Детонация деген не?

3.5.2 ТТМ-тың  қай типі таспа қозғалысы жылдамдығының жоғарғы  тұрақтылығымен сипатталады?  Ол көп қолданылатын  болып табыла ма?

3.5.3 Детонацияың  пайда болу себептері?  Ол  есту қабілетіне қалай байқалады?

 

№4  Зетрханалық  жұмыс. Микрафондар параметрлерін өлшеу

Жұмыс мақсаты:  Микрофондардың әртүрлі  типтерімен жұмыс істеп  үйрену, олардың параметрлерін зерттеу.

4.1 Теориялық дайындық

 

Микрофондар классификациясы

-дыбыстық  энергияны электрлікке  айналдыру принципі  бойынша  (механоэлектрлік сипаттамалар);

-дыбыстық диафрагмаға  әсер ету принципі бойынша (механоакустикалық сипаттамалар);

-шығыс сигналының  кеңістік  бағдарға  тәуелділігі  принципі бойынша  (бағдарлау сипаттамалары);

-аудио трактқа қосу принципі бойынша (коммутациялық сипаттамалар бойынша).

Қолданылуы: қолда ұстау / аспалы, музыкалық құралдарда, столға орнатылатын және т.б.

 

 

 

 

 

 

4.1–сурет. Дитнамиканың микрофон қондырғысы

                Динамикалық микрофон құрылғысы динамиклық дауысзорайтқышқа үйлесімді  (айтып кеткен құрылғыны рацияларда, сөйлесу құрылғыларында жиі қолданады, ықшамдық сападан жоғары болған кезде)

          Диафрагманың динамикалық микрафоны магнит айналасындағы саңылауында орналасқан катушкамен байланысқан (сурет 4.1). Бойлық толқындар магнит өрісіне байланысты диафрагма мен катушканы жылжытады, осының салдарынан катушка ұштарында диафрагмаға әсер ететін дыбыстың күшіне пропорционалды болатын электрлік кернеу, амплитуда және жиілік пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

4.2сурет- Конденсаторлық микрофон құрылғысы

 

          Кондесаторлық микрафонда дыбыс конденсатор қаптамасы болатын мембранаға әсер етеді. Бұл конденсатор тұрақты ток көзіне тізбектей қосылған. Дыбыс әсерінен мембрана тербеледі, бұдан сыйымдылық өзгеруіне әкеледі, осынын салдарынан тұрақты ток көзін айнымалыға өзгертеді. Конденсаторды дыбыстық преоброзователь ретінде қолданғанмен микрофон күшейткішпен жабдықталған, микрофон шығысымен кедергі кірісін келістіреді.

          Конденсаторлы микрофоның ерекше түрі электілі микрофон болып табылады , бұл құрылғының пластиналары арнайы материалдан жасалған, сондықтан әрдайым зарядталған және электр көзін қажет етпейді. Алайда бұл  электрлік микрофон корек көзін қажет етеді, бірақ плстиналарына емес күшейткішке екен.

          Казіргі уақытағы конденсаторлық микрофондар 48 В кернеуінен коректенеді ол корек көзінен немесе «фантомдық корек» деген функциясы бар микшер пультынан беріледі. Көптеген профессионалды бейне камераларында сыртқы конденсатор микрофонын қолдану үшін фонтомдық корек функциясы бар. Кеңстік сипатамма бойынша микрофон бағыталған және бағытталмаған болып бөлінеді.

          Бағытлау деп дыбыс көзін орнын ауыстырып, ал қарқынын өзгертпеген кезде микрофон сезімталдығы өзгеруін айтады.

-егер, сезгіштік аз өзгерсе, микрофон бағыталмаған болып есептеледі де, бағытталу сипатаммасы шеңбер ретінде болады

-егер, сезгіштік фронталь жартысфера аймағында аз өзгерсе, онда микрофон біржақтыбағытталмаған, ал сипатаммасы жүрекке ұқсас, оның атауы кардиоидты

-егер, кардиоидты микрофон осьтан қатты ауытқып сезгіштігі азайып, созылған кардиоид пайда болса, онда ол суперкардиоидты микрофон

-егер, осьтан ауытқыған кезде микрофон сезгіштігі азайса, онда микрофон гиперкардиоидты

-екіжақты бағытталған микрофон, графигі «сегіздік» болады

          Ескерген жөн, бағытталу сипатамысы толқын ұзындығының микрофон габариттарына қатынасына байланысты, яғни дыбыс жиелігіне.

Төменгі жиелікке қатысты микрофон бағытталуы аз байқалады, ал жоғарғы жиелікке керісінше.

           Коммутация тәсілі бойынша әдетті сымды және радиомикрофон болып бөлінеді. Радиомикрофон құрылғысы микрофон басынан(головки), таратқыш бір корпуста және қабылдағыш (ресивер) Ілмекті(петличный) микрофон екі бөліктен тұрады: киімге ілінген микрофонның өзі және жасырын  кабельмен жалғанған трансмиттерге (белбеуде).

Микрофон сипатамасынның өлшеуін  арнайы камерада өткізеді, арнайы қалың ДСП-дан, камераның үйлесімді өлшемін WinISD программасы арқылы есептеледі, динамикалық басының (головки) өлшемін ескере отырып, камера іші ковролоннан қапталған және коэфециенті 

aпогл = 0,7- 0,8.

 

 

          4.2 Жұмыстың орындалу тәсілі:

          4.2.1  4.3 суреттегі схеманы жинау

 

4.3 сурет

 

          4.2 2. әр тестіленген микрофон  үшін өлшеу керек:

- номиналды жиілік диапазондарын

- әр түрлі бағыт үшін 12 дБ шамасында сезімталдығын өлшеу

- амплитуда-жиілік сипаттамасын және оның бірқалыпссыздығын зерттеу

          4.2.3 Тестеленген микрофондарды классификациялау:

- жұмыс жасау әдісі бойынша

- кеңістік сипаттамасы бойынша

- комутация әдісі бойынша

- дыбыскүшейту сапалығын салыстыру

          4.2.4 Бұл үшін: номиналды жиілік диапазонын өлшеу.

 

          Дыбыс диапазонында генератордан берілетін  жиілігін өзгерте отырып, микрофон шығысындағы сигналды  миливольтпен өлшеп алу керек. 

          4.2.5 12 дБ  шамасындағы сезімталдығын өлшеу (4 рет)

- микрофон шуылын өлшеу, ол үшін:

-генератор  қорек көзін өшіріп, шығыс кернеуін өлшеу

- генераторды қосып, шығысына  аттенюатор қою, яғни миливольтметр көрсеткіші микрофон шуылынан 4 есе үлкен болу керек

- генератор шығысындағы кернеуін өлшеу. Алынған мән осы бағыт бойынша сезгіштігі болып табылады.

- Микрофонның остік бағытын өзгерту, динамикадан бұрып, бір бұрышқа қою.

          4.2.6 АЖС өлшеу, бірқалыпсыздығын зерттеу

- Г3-118 дыбыс диапазонында жиілігін өзгерте отырып, микрофон шығысындағы кернеуін өлшеу. Алынған мән бойынша кесте құру.

- кесте максимум және минимум айырмашылығы АЖС бірқалыпсыздығы болып табылады.

- камерада микрофонды өзгертіп, өлшеуді қайталау.

 

          4.3 Алынған мәндерді зерттеп, классификациялау

 

4.4     Бақылау сұрақтары:

4.4.1       Микрофонның түрлері?

4.4.2      Тестіленген микрофондар классификациясы?

4.4.3      Радиомикрофон құрылғысы?

4.4.4      Динамикалық микрофон қолдану тәсілі?

 

 

№5 Зертханалық жұмыс.  Дыбыс фильтрларды зерттеп, классификациялау

 

 Жұмыс мақсаты: фильтрларды қолдануды үйрену

 

5.1 Теориялық дайындық

 

Режиссерлық пульттарда, кірістерінде және шығыстарында, күшейткіштерде әр түрлі фильтрлардан құрылған жиілік коректор бар.

Радиохабарда үстіңгі жиілік көтерілу фильтры, ЖЖ(ВЧ) және КЖ(НЧ) жәй көтерілу фильтры, графикалық корректорлар (эквалайзеры) және т.б.

Жәй көтерілу фильтры  дыбысрежиссерға үлкен масштабта спектірлік сипаттаманы өзгертуге мүмкіндік береді. Көбінесе бұндай фильтрлар акустикалық дефектін, микрофонның дұрыс емес орналасуын жасырып және ±20 дБ аралығында өзгертуге болады. Белгілі бір спектр аралығын бөліп алуға немесе басып тыстауға болады, дыбысты мүлдем өзгертіп басқа характеристика беруге болады. Фильтрды субьективті  қолдану яғни, бастапқы үннің тембрін өзгерту.

           «Қасында болу» фильтры дыбыс шыққан уақытта айтушы қасында тұрғандай. Осындай фильтрлар орташа жиелік облысын бөліп алуға болады, біз білетіндей орташа жиелікке адам дауысы жатаны белгілі және адам дауысын қатты шығарып жақсы әуен алуға болады.

           «Қасында болу»  фильтрлары арқылы 10дБ-ге дейін көтерілуде 700...4000Гц жиелік диапазонында тар жолақты спектр аймағын бөліп алуға болады. «Қасында болу» фильтрі резонанс жиілігін қосқыш арқылы тағайындауға болады. Әдетте резонанстық жиелік үшін мына міндерді тағайындайды: 0,7; 1,4; 2,0; 2,8 и 4 кГц. Әншінің дауысын бөліп алу үшін әдетте 2.8кГц жиілік облысын бөліп алуға болады, біз білетіндей 2,8…3,2 кГц обласында әншінің дауысы тембрлі түрде шығатынын белгілі.

          Осы заманғы фильтрларда пульт арқылы белгілі спектр обласын бөліп алудан басқа, кесіп алуға болады.

          Графикалық коректорларда (эквалайзер) қосқыштардың орналасуы АЖС графигіне ұқсас, сондықтан оны графикалық коректор деп аталады.

         

          5.2 Жұмыстың орындалу тәртібі:

 

          5.2.1  Айтып кеткендей УРВС-94 фильтрна Г3-118  генераторынан 1В деңгейінде дыбыс сигналын кірісіне береміз. Қосқыштардың орналасуын шеткі сол жағына орналастыру керек. В3-38 вольтметр арқылы шығысындағы сигналдың деңгейін өлшей отырып, АЖС сипатамассын графигін салып, қортындыны таблицаға енгізу.

          5.2.2 Стунденттің тағайындауы бойынша қосқышты кез-келген орналасуына қойып АЖС графигін алып, мәндерді таблицаға енгізіп бастапқысымен салыстыру.

          5.2.3. 5.1. суретегі схеманы жинап қосқыштың орналасуын өзгертіп, дыбыстың шығуын салыстыру.

 

 

Г3-118         шығ II

 

В3-38

 
 


    Г3-118  вых II                 .В3-3

 

 


5.1 сурет- АЖС фильтрлардың өлшеу схемасы

 

          5.2.4  5.2 суреттегі схеманы жинау .

деңгейінде сигналды беріп, (20-20000Гц) АЖС өлшеу. Алынған сипатамма бойынша қортынды жасау.

 

 

 

 

 


5.2 сурет- АЖС фильтрлардың өлшеу схемасы

 

          5.3 80Гц және 1000Гц жиілікте қойылған режекторлық фильтрлардың өткізу жолағын зеріттеу.

          5.3.1 Г3-118 генератор шығ.II фильтр кірісімен қосу 5.3 суреттегідей.  Генератор жиілігін фильтр резонанс филтрына сәйкестіру,  сигнал деңгейі .

      5.3.2 Жиіліктің мәнін резонанстық жиілігінен өзгерте отырып, В3-38 вольтметр арқылы шығысын өлшей отырып 0,7 есе максимумынан өзгерген мәніне келтіру. Алынған мән бойынша фильтрдың өткізу жолағын зерттеу.

      5.3.3 5.3.1, 5.3.2 пунктары сияқты режектор фильторының өткізу жолағын зерттеу, резонанс жиілігі 1000Гц.

 

 

 

 

 

 

 


5.3 сурет - АЖС фильтрлардың өлшеу схемасы

 

    5.4 Алынған мәндерді  кестеге енгізіп, екі фильтрдың АЖС графигін салу, өткізу жолағын зерттеу және осыны есепке енгізу. Алынған сипатаммалардан, графиктің бірқалыпсыздығын, түсуін анықтап, қортынды жасау.

 

5.5 Бақылау сұрақтары:

 

          5.5.1 Коректорлық сипатамманың мәнін түсіндіріңіз.

          5.5.2 Компадерлік системаның жұмыс мақсатын түсіндіріңіз.

          5.5.3 Мына терминдердің мән түсіндіріңіз: сығу, сығу коэфициенті, кеңдету?

          5.5.4 «Долби» дыбысбасқыштың жұмыс принципі неде?

 

 

№6 Зертханалық жұмыс. Дыбыс бүркемелеуін зерттеу

          Жұмыс мақсаты: дыбыстың басқа дыбыстың деңгейіне байланыты бүркемелеуін зерттеу.

         

6.1 Теориялық дайындық

Бүркемелеу жағдайы керек сигналдың тосқауыл спертлар байланысынан пайда болады. Бүркемелеу қисығы адам есту қисығынан әлде қайда жоғары.

   

          Сезу деңгейі субъективті сезгіштікті дәл сипатаммайды. Дыбыс деңгейі деп аталатын термин енгізілген N гр , фонда өлшенеді. Дыбыс деңгейі (Дб)децибелмен өлшенеді. 1000 Гц  жиілігін эталон түрінде алып зерттелетін дыбыспен салыстыру үшін.  Дыбыс деңгейін өлшеу формуласы

N гр =  20lg(pзв.эт /pзв.о)

мұндағы, екі дыбыста бірдей жолы болғанын ескеру керек.

                6.2 Жұмыстың орындалу тәртібі

 

          Өлшеу барысында екі генератор қолданылады:  біреуі бүркемелеу көзінің тоны, ал екіншісі өлшеу көзінің тоны. Басты телефондарға екі сигнал беріледі.

          Өлшеу тонын деңгейін 0 В бір минималды мәнге дейін көтеру, бүркемелеу фонында естілуге дейін, өлшеуді таблицаға енгізу. Вольтметрлер басты телефондардың кірісіне қосылғандықтан, маскалаудың кернеу деңгейін өлшеу тонының айырылған жағдайында өлшеу керек.

          20 Гц-тен 20 кГц-ке дейін өлшеу қайталанады. Өлшеу нәтижесі дыбыстың субъективті қабылдауына байланысты, сондықтан өлшеу индивидуалды бола алады.  Салыстыру жұмыстың соңында орындалады.

Өлшеу процессінде телефонның характеристикасын ескеру қажет.

6.1 суретте өлшеулерді өткізу үшін структурлық схема көрсетілген

Телефонның техникалық сипатамма ТДС-15, жұмысты орындау үшін керек материал: лабораторлық жұмыс №1-гі, 1.2 суреттегі дыбыстың типтық қысым сипатаммасы .

 


 ГЕНЕРАТОР                 ВОЛЬТМЕТР              ГЕНЕРАТОР

     Г3-118                            В3-38                           TR-0157

 

 


                  СИГНАЛ КОММУТАЦИЯЛАУ БЛОГІ

 


       

           БАСТЫ              БАСТЫ              БАСТЫ

          ТЕЛЕФОН          ТЕЛЕФОН         ТЕЛЕФОН

        

6.1 суретте өлшеулерді өткізу үшін структурлық схема көрсетілген

         

6.3 Аппаратурамен жұмыс істеуге дайындық

        6.3.1 (6.1 сурет) бойынша схеманы қосуды орындау

Ол үшін:

          -басты телефондарды ұяшыққа қосу, ол ұяшықтар лабораторлық стендтің астында орналасқан.

          - Г3-118 генератордың шығысын ( «ШЫҒЫС II»)  «ГЕНЕРАТОР 1» «Блока коммутации сигналов» ұяшықтарына қосу;

          - TR-0157 генератор шығысын «ATT.OUT» блогнің  «AUDIO  GENERA-TOR» -ды  «ГЕНЕРАТОР 2» ұяшықа қосу «СИГНАЛ КОММУТАЦИЯЛАУ БЛОГІ»;

          - В3-38 кірісін  «СИГНАЛ КОММУТАЦИЯЛАУ БЛОГІ»-ғы «ВОЛЬТМЕТР»ге қосу.

6.3.2       Г3-118 генератордың «шығыс рег.» қосқышын соңына дейін солға бұру. «ОСЛАБЛЕНИЕ dB» қосқышты «60»қа орналастыру қажет.

          6.3.3 Г3-118  генератордың және В3-38 вольтметрдің көрек көзін қосу.

          6.3.4 «AUDIO GENERATOR» блогнда  TR-0157  приборындағы барлық «FREQU.RANGE» пернелерді айыру. «MAINS» пернесін қосып TR-0157 прибордың корек көзін қосу Сол мезетте үстіңгі оң бұрышында шам жанады.

          6.4 Естілу тонын өлшеу, мұндағы жиілік F ш  = 1000 Гц және деңгей N ш  = 60 дБ.

          6.4.1  TR-0157 генератордың шығысына басты телефондарды және вольтметрді қосу, «СИГНАЛ КӨЗІ»  мен «сигнал коммутация блогі» қосқыштарын  «ГЕН.2» қалпына қою.

          6.4.2 «FREQUENCY» қосқыш және  «FREQU.RANGE» пернесі арқылы «AUDIO GE-NERATOR» TR-0157  генератордың «ATT.OUT»  шығысына F ш  = 1000 Гц  маскалау тонының жиілігін қою.

          6.4.3 В3-38 вольтметр көрсету бойынша «ATTENUATOR  dB» баспалдақ қосқыш арқылы және жәй өзгерту қосқышы арқылы (басылған күйде) телефонға U 2 кернеуін қою, N ш  = 60 дБ деңгейіне сәйкес :

U 2  =   U(500)  10    ,

мұндағы

 

К =     94 - N ш  + N(F ш ) - N(500)

                 20

 U(500) - жиілігі 500 Гц тональді сигналды кернеуі, 94 дБ дыбыстық қысым болу үшін телефонға берілетін кернеу

U(500) =  Ö Р тел  Rном   ;

N(500) – Дыбыстық қысым (дБ), 500 Гц жиілікте телефон жасайтын, дыбыстық қысымның жиілік сипатамма арқылы анықталады ТДC-15

          6.4.4 өлшеу тонның F жиілігін қою,  Г3-118 генераторынан шығатын,  20Гц-ке тең.

          6.4.5 Басты телефондар мен вольтметрларға екі генераторлардан тональді сигналды бір уақытта беруОл үшін «ИСТОЧНИК  СИГНАЛОВ» «Блока коммутации сигналов»  қосқышын «ГЕН.1 + ГЕН.2» күйіне қою.

          6.4.6 Г3-118 генераторында кернеуін жәй өзгерту  «РЕГ.ВЫХОДА» қосқышымен және «ОСЛАБЛЕНИЕ  dB» қосқышы арқылы, студент өлшеу тонын естіген кезде сол қалпында орнату керек.

          6.4.6 Г3-118 генератордың қосқыштарын орналасуын өзгертпей,  «ИСТОЧНИК СИГНАЛОВ» - тың қосқышын «ГЕН.1» қалпына қою. Осы кезде басты телефон мен вольтметр тек Г3-118 генераторына қосулы анық.

U 1 (F) вольтметрдің корсеткішін таблицаға еңгізу.

          6.4.7 «РЕГ.ВЫХОДА» қосқышын Г3-118 генератордағы сол жаққа соңына дейін қосу. «ОСЛАБЛЕНИЕ dB» қосқышын «60» мәніне қою.

 6.4.4 - 6.4.8  пунктарда айтылғанды басқа дыбыстық диапазондарында қайталау.

          6.5 Естілу тонын өлшеу (бүркемелеу тонын ескере отырып).

а) F ш  =   1000   Гц, N ш  = 80   дБ;    б) F ш  =  2000   Гц,     N ш = 60 дБ;      в)  F ш =  2000 Гц, N ш  = 80 дБ

 

          6.5 Өлшенген нәтижелерін қортындылау

          6.5.1  N аш естілу деңгейін әр дыбыстық диапазоны үшін өлшеу, мына формула арқылы:

                                         U1(F)

аш (F), дБ = 20   lg   ------- + N(F) - N(500) + 94  ,

                                     U(500)

мұндағы  N(F) – дыбыстық қысым (дБ),  телефоннан пайда болған жиелік F,  жиелік сипатамма арқылы анықталатын дыбыстық қысым ТДС-15 (1.2 сурет). Алынған нәтижені кестеге енгізу.

          6.5.2 6.5 пунктың нәтижесі бойынша естілу (порог) табу.

          6.5.3 Бір координат осьтеріне  (порог) естілу тонының маскалау мен таза тон арасындағы байланысын қисығын салу.

          6.5.4 Нәтижелерді қортындылап, графикалық анализдерді қосып нәтижелеу.

 

 

№7 Зертханалық жұмыс. «BIHRINGER MX2004» микшерлі пультпен жұмыс істеу

 

          Жұмыс мақсаты: «BIHRINGER MX2004» пультімен практикалық түрде жұмыс орындау

 

          7.1 Жұмыстың орындалу тәртібі:

 

          7.1.1 «BIHRINGER MX2004»  пультнің сипатаммасымен таңысу

           Берілген конфигурация 20-ның 4-ке қатынасында. Мұнда 8 моно канал, 4 стерео және 2 стерео AUX- кіріс. Мұнда тағы  2-тректік  кірісбасты микспен қосылған. Канал әр дайым басты микстің кірісіне қосылған, егер Alt 3-4 (16) таңдалса, онда 3 және 4 кірістеріне жіберіледі. 3 және 4 шығыс сигналы басты миксқа қосыла алады кілт арқылы.

Моно кіріс каналы:

1-8 канал моно режимінде жасап, өзі тағайындайды микрофон немесе line- кіріс.

Кіріс стерео каналы:

8 line- әрі  осы кіріс 4 стерео кіріс орындайды.  

Канал шығысы:

Жоғары сапалы логарифмдік фейдер сигналды басты миксқа немесе Alt 3-4 шинасына береді  (каналды пан).

Қосалқа шығыс (AUX- шығыс):

Бұл микшер 2 шинасы бар  AUX- шығыс.

Басты микстың шығысы:

          Шығыс деңгейін фейдермен бақылауға болады.

Оған қоса пульт құлақшындарға шығысы бар. Графикалық анализаторлар деңгейі 0 дБ жоғары дыбыстарда болады.

         

          7.1.2 Жұмыс алдында нұсқауыл:

Корек көзі (КК):

          Корек көзінен үлкен сигнал келгенде панельде шам жанады, бірақ дыбыс әлсіремейді.

Нұсқауыл:

ИП ны  MX2004A ұяшығымен қосу керек, панельдің артында «POWER» пересін қосу.

Назар аударыңыз: микшерді тізбекке қосқанға дейін, қорек көзіне қосқан дұрыс. POWER пернесін ең соңында қосу керек.    Микрофон кірісін қолданған кезде, line кірісіне ештеңе қосылмағанын тексеріңіз.

 

Кіріс сигналдың деңгейін қою:

           Кіріс деңгейі күшейту контролымен анықталады. PFL/SOLO қосқыштары сол және оң жақ анализаторға сәйкесінше беріледі. PFL/SOLO  сигналын динамиктарда естуге болпды.

          Деңгейді таңдау үшін PFL шинасын қою (Channel Mode (35) үстіңгі кілт).  Сигнал  PFL/SOLO маңызды миксті тоқтатпайды. Канал толық болғанда, каналды диод шамы жанады. Бұл жағдайда кіріс кедергісін азайту керек.

           Эквалайзер. Барлық моноканалдар 3 жолақты эквалайзермен жұмыс істейді. Барлық 3 жолақ 15дБ ге күшейту немесе бәсеңдету береді. Үстіңгі және төменгі жолақ 12кГц және 80Гц ге сәйкес. Орташа диапазон жарты параметрлі болып табылады, бір октаваға байланысты әлсірейді.

100Гц- 8кГц жиілік диапазонында аралық жиілік алынады, ал күшейткіш қосқыш арқылы күшейеді.

           AUX-шығыс:екі AUX-шығыстары да моно режимінде жасап, эквалайзердан кейін орналасқан. Сигнал AUX- шығыс 1 нүктесін фэйдерден немесе одан кейін алуға болады. AUX- шығыс 2  постфэйдермен әрқашан қосылған.

          Кез-келген эфекті жасау үшін, AUX шығысын постфэйдер ретінде қолдануға болады. 15 дБ және оданда төмен фэйдер каналы, дыбыс «ылғалды» болып естіледі.

 

          7.1.3 Қондыру. Кірісті таңдау:

-Моно канал микрофон кірісінен немесе Line сигналын қабылдайды. Егер сіз микрофон кірісін қолдансаңыз, онда Line ға еш аппаратура қосылмағанын тексеріңіз.

-стерео каналы  Line сигналдарын қабылдайды, деңгейі -10дБ/В - +4дБ/В.  Әр стерео канал моно режимде істей алады, ол үшін сол конектор қосу керек.

7.1.4 Каналдарды инициализациялау:

- (GAIN)күшейтуін минимумға қою, барлық AUX- шығыстарын айыру (қосқыштарды шеткі сол жағына дейін);

- барлық реттегіш эквалайзерлерін “12 сағат” ауыстыру;

- ЖЖФ (LOW-CUT) қосқышын ON күйне қою микрофон санын көбейту үшін немесе OFF күйіне егер ТЖ сигнал қажет болса.

-  (CHANNEL MODE) канал режимін PFL қою;.

- PFL/SOLO пернесін айыру.

Техникалық сипатамма:

Кірістер:

8 моно (XLR+Jack)

+ 4 стерео (Jack),

Қосалқы кіріс 2 track (RCA);

монокіріс микрофон күшейткішімен және фантомды көрек көзі  +48V.

Әр каналда понарама түзеткіші (баланса),  MUTE пернесі, қалып индикаторымен, сигнал немесе қайтажүктеу индикаторы,

2 + 2 тобы,

2 AUX-жіберу,

2 стерео AUX-оралу,

Моноканал эквалайзері:

ТЖ,

ОЖ,

жартыпараметрлі ОЖ

+ LOW CUT-фильтр,

Стереокала эквалайзері:

ТЖ,

АТЖ,

АЖЖ,

ЖЖ,

Сыртқы көрек көзі,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.1 сурет - Аппаратураларды қосу схемасы 

          7.2 монтаждау іске асырылады, дауыс пен музыканы араластыру ұзақтығын анықтау және мына параметрлер өзгертіледі:

- жиілік спектрі;

- дыбыс деңгейі;

- «қасында болу» эфектін енгізу­­.

Ол үшін:

          7.2.1  7.1 - суреттегідей барлық құрылғыларды қосып, корек көзін қосу.       

          7.2.2 Мұғалім тағайындау бойынша CD керек тректі таңдап, музыкалық фрагментті тыңдау.

          7.2.3 Микрофон арқылы дауыс сигналын беруге арналған

          7.2.4 Дыбыс қосқыш арқылы бір фрагменттен екінші фрагментке көшу кезінде дыбысты басу немесе үлкейту керек.

          7.2.5 ЖЖ пен ТЖ қосқыштар арқылы музыка тембр мен дауысты тағайындау, дұрыс әуен алу үшін.

          7.2.6 Пульттің белгілі ұяшығына құлаққапты қосу, берілген сигналды бақылау үшін.

 

          7.3 Музыкалық сигналды дыбыс сигналымен жазу, яғни дауыстың нақты шығуы және жәй магнит пленкасына көшуі, ол үшін:

          7.3.1 Магнитофон жазу режиміне қойып, алдынғы жазуларды өшіру.

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Радиовещание и электроакустика /Под. ред. М.В. Гитлица-М.: Радио и связь, 1989.

2. Магнитная запись сигналов / М.В. Гитлиц  - М. :Радио и связь,1990.

3 Устройства для настройки магнитофонов / Н.В. Шиянов- М.: Радио и связь, 1988.

4. Цифровая запись сигналов звука и изображения. Учебное пособие Т.А. Урусова